Мидас патша мен алтын жанасу ертегісі
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»
бағдарламасы бойынша шығарылды
Ìèäàñ ïàòøà ìåí àëòûí æàíàñó
Баяғы өткен заманда Мидас деген ерекше бай бір патша өмір сүріпті. Ол патша мәртебесіне сай келер нәрсенің бәріне ие болатын. Мидас патша тұратын зәулім әрі әдемі сарайдай сарайды жер шарын төрт айналсаң да көре алмассың. Осы аты шулы патшамыз өмірін Мэриголд атты қызымен бірге молшылықта өткізіп жатады. Бар қызығы – өте қатты жақсы көре- тін қызы Мэриголд болса, бар арманы – байлықтың үстіне байлық, алтынның үстіне алтын қосу еді. Ол ең
үлкен бақыт «өмірде алтынмен апталып, күміспен қапталуда» деп ойлайтын.
2
Алтынға әбден құныққан пат ша өзінің бар уақытын алтын тиын- дар мен басқа да алтын бұйым-
дар ды санауға жұмсайтын. Кейде оты рып алып, алтын киім киіп, ал- тын суға шомылуды армандай тын. Тоқетерін айтсақ, Мидас патша, кішкентай қызын санамағанда, дүниенің бар қызығынан алтынды артық көретін.
3
4
Бірде ол, әдетінше, қолы босасымен алтын сақтайтын қоймасына қарай аттанады. Алтын ның буына балқып отырған шағында, кенет, қайдан екені белгісіз бір жігіт пайда болып, былай дейді:
- Мидас патша, сіз бай адамсыз, осы бөлмедегі бар алтынның иесісіз. Дүние жүзінде мұндай алтын басқа ешкімде жоқ шығар?
- Иә, ешкімде жоқ, – деп жауап береді Мидас патша.
– Бұдан артық байлықты қаламайтын боларсыз?
– Жоқ, әлі де бір тілегім бар. Қолым тиген нәрсенің барлығы алтынға айналса деп армандаймын.
5
Бейтаныс жігіт:
- Яғни, сіз жанап кеткен нәрсенің бәрі алтынға айналып жатса ғана бақытқа кенелемін деп ойлайсыз ба?
- Әрине, сонда ғана нағыз бақытқа ие боламын, – деп жауап береді Мидас патша.
Патша өзінің сиқыршымен сөй- лесіп тұрғанын білмеді. Жігіт пат- шадан тағы да:
- Егер сондай қасиетке ие бол са- ңыз, осы шешіміңіз үшін ешқа шан өкінбейсіз бе?
6
- Ешқашан өкінбеймін. Құдай қа лап, мен осы қасиетті иемденсем ең ба қытты адам болар едім.
- Онда қалағаныңыз болсын, –дейді жігіт. – Ертең таң атқанда қолыңыз тиген барлық нәрсе алтынға айналады.
Осылай деп сиқыршы жігіт Мидас пат- шамен қоштасып, ғайып болады. Түкке түсінбеген патша «Бұл кім? Өңім бе, түсім бе?» деген оймен күні бойы дел-сал болып жүреді. Кеш батады. Түн болады. Патша тынығу үшін бөлмесіне кіреді.
7
8
Таңертең патша ұйқысынан тұрып жан-жағына қарайды. Міне, ғажап, жатқан төсегі алтынға айналып кетіпті. Мұны көрген Ми дас патша қатты қуанады. Ол төсегінен секіріп түсіп, айналасында ғы бар заттарды ұстай бастайды. Қолына кітап алып, барлық бетте рін парақтап шығады. Әр бетке патшаның қолы тиген сайын қа ғаз парақтар алтын парақтарға айналып жатады. Осыдан кейін кі тап ты ашып оқу мүмкін емес болады.
Өз киімдерін кие бастап еді, киімдерінің барлығы алтынға айналып, ауырлап кетеді. Қолына бет орамалын ұстағанда, ол да алтынға айналып сала береді.
9
Мидас патша серуендеп келмек болып сарайдың алдындағы баққа шығады. Бақта алқызыл раушан гүлдері жайқалып өсіп тұр екен. Патша олардың арасындағы біреуін ұстап көреді.
Сол сәтте әдемі раушан гүлі қатқан алтынға айналады. Жа- ңадан пайда болған қасиетіне қызыққан Мидас патша
бір гүл шоғынан екіншісіне, одан ары қарай келесісіне өтіп барлық раушан гүлдерін алтынға айналдырғанша сипап шыға-
ды. Бақыттан басы айналған патша енді са- райға таңғы ас ішуге кіреді.
10
Кең бөлмеде дастарқан жаюлы тұр екен. Ми дас патша орындыққа барып отырады. Кішкен тай қызы Мэриголд әлі келе қоймапты. Көңілі көте- ріңкі патша қызын күтеді. Көп ұзамай Мэриголд
бөлмеге жылап кіреді.
– Кішкентай ханшам менің, қойыңыз, сіз ге не болды? Таңғы ас ішерде неге жылап отыр-
сыз?– дейді әкесі қызын жұбата сөйлеп.
Мэриголд қолындағы алтын гүлді көрсетеді. Бұл –
Мидас патша сипап өткен раушан гүлдердің бірі еді.
11
Мэриголд:
– Қымбатты әке, әкетайым менің, бір түннің ішінде осылай
болуы мүмкін емес. Әлде бұл біреудің
дөрекі әзілі ме? Мен бақ- тың ішіне сізге арнап
раушан гүлін алу үшін кіргенмін. Бірақ ол жерде жай қала
өсіп тұр ған әдемі раушан гүл дер болмады.
Олардың ор нын да түстері өзгеріп кет кен, иісі жоқ мына гүлдер тұр, – дейді өзінің тәтті дауысымен.
– Құлыным-ау, соған бола жылап келдің бе? Қой, сен кішкентай жылауық қыз
емессің ғой. Менің әлемдегі ең сүйікті, әдемі, ақылды
12
ханшамсың. Ондай қызыл түсті, иісі бар раушан гүлдерін әлі-ақ өсіріп аламыз. Шыдамды бол, еш уайымдамай, отырып таңғы асыңды іш, – деп қызын саябырландырады патша.
Содан кейін ол кофе ішейін деп саптаяқты көтереді. Қас қағым сәтте шыны ыдыс алтын ыдысқа айналады. Ерніне көфе тигені сол еді, ол да алтынға айналып қатып қалады. Бұл жайтқа патшаның өзі де таң қалады. Сонан соң ол ақырындап кішкентай балықты өзінің табақшасына салып, балықты ұстай беріп еді, ол да алтынға айналып шыға келеді.
13
14
«Мынау дегенің масқара ғой. Мен таңғы асым- ды қалай ішемін?» деген ой келеді патшаға. Енді ол
ыстық тоқаш пен жұмыртқаны жеп көруге тырыса ды.
Бірақ ыстық тоқаш та, жұмыртқа да алтынға айналып кетеді. Мидас патша шапшаң қимылдап, ыстық картопты
аузына салып жібереді. Алайда ол оны да жұтып үлгермейді.
Картоп алтын кесекке айналады. Сөйтіп құрсағына еш ас бармаған патша аузындағы кесек алтынды түкіріп тастауға мәжбүр болады.
Бойын үрей билеген Мидас патша аузын қолымен басып, үстелден ұшып түрегеледі. Әкесінің осы қылықтарын сырттай бақылап отыр-
ған Мэриголд:
– Әке, қымбатты әкем! Сізге не болды? – деп сұрайды жылам- сырап.
Мидас патша:
– Қызым, о, менің сүйікті қызым! Саған қалай түсіндірсем екен. Мен бір бәлеге душар болдым. Соны ойлап мазам кетті. Табан астынан уайым-қайғыға тап болғанымды қарашы.
Бұл дегенің сұмдық қой! – дейді нали жауап беріп.
Сүйкімді Мэриголд әкесінің қиналғанын көріп жаны ашып кетеді. Ол отырған орындығынан секіріп түсіп, патшаны барып құшақтай алады.
15
Мидас патша да қызының бетінен сүйіп тұрып:
– Менің сүйкімді Мэриголдым, – дейді аялап.
Бірақ қызы үн қатпайды. Оның әдемі, алқызыл беті біртіндеп сарғайып, лезде кішкентай Мэриголд енді бала емес, жай ғана алтын мүсінге айналып кетеді.
16
Мидас патша үшін бұдан асқан қа сі- рет жоқ болатын. Оның бір сөз ай ту ға шамасы келмей еңіреп жылай бастайды.
– Менің ботам, қымбатты қызым! Мен не істеп қойдым? Не бүлдірдім? Бәріне тек өзім
кінәлімін!
Патшаның түрі өте аянышты еді. Сол кезде бөлмеде баяғы сиқыршы жігіт пайда болады.
17
- Иә, Мидас патша, хал- жағ дайыңыз қалай? Арманы- ңыз орындалды. Енді сіз дү ние жүзіндегі ең бақытты адамның бірі боларсыз? – деп сұрайды.
- Жоқ, мен дүние жүзіндегі ең бейшара адаммын, – дейді патша жы ла-
уын тоқтатпай. – Мен үшін ең қыбатты, ең сүйікті жан – жалғыз қызымнан айырылдым!
- Иә, солай деңіз. Осылайша өмір сізге жақсы
са бақ берді ме?! – деп сөге сөйлейді сиқыршы жігіт.
Содан соң ол біраз ойланып тұрып, былай дейді:
- Менің сұрақтарыма жауап беріңіз. Жауап- тарыңыз ұнаса, мүмкін мен сізге көмектесе алармын.
Мидас патша сөзге келмей келіседі.
- Алдымен мына екі нәрсенің сізге қайсысы жақын, соны айтыңызшы? Алтын ба, әлде бір
саптаяқ таза су ма?
- Әрине, бір саптаяқ таза су, – дейді Мидас патша.
- Келесісінің қайсысы жа қын?
- Әрине, бір саптаяқ таза су, – дейді Мидас патша.
Алтын ба, әлде бір үзім нан ба?
18
- Бір үзім нан, – деп жауап береді Мидас, – ол дүние жүзіндегі барлық алтыннан да қымбат.
- Соңғы сауалым, сізге заттарды алтынға айналдыру қасиетіңіз қымбат па, әлде кіш- кентай қызыңыз Мэриголд па?
– О не дегеніңіз. Ешқандай қасиеттің қажеті жоқ, алтынға да рақмет. Мен үшін ең қымбатты жан – әрине, қызым!
– деп өксиді Мидас патша.
- Тағы да ойланыңыз. Шынымен заттарды алтынға айналдыра білу қасиетіңізді маған қайтарып бересіз бе? – деп нақтылай сұрайды
жігіт.
– Әрине, әрине, тек қызымды бұрынғы қалпына келтірсеңіз болды, – дейді патша.
19
- Дұрыс-ақ. Жүрегіңіз тек алтынды ғана қалай ма десем, сіз алтыннан жоғары қоятын басқа жан бар екен ғой. Бұл
сіз үшін бір үлкен сынақ болды. Бұдан былай еш ақымақтық жасамай-
тын шығарсыз, – дейді сиқыршы. – Ал енді бақты айнала ағып жатқан өзенге барып, қолыңызды батырыңыз. Сол судан алып, алтынға айналдырған барлық нәрселерге бүркеп шығыңыз. Су оларға тіршілік береді.
Патша: «Осы мені алдап тұрған жоқ па?» – деп күдіктене ді. Жігіттің сөзіне сене қоймағанымен, ойлануына уақыт жоқ еді. Үміт оты ұялаған патша қуанышын жасыра
20
алмай, сиқыршы жігітке жүре алғысын біл- діріп, өзенге қарай тұра жүгіреді. Жол-жө- не кей кездескен құмыраны өзімен бірге іле ке те ді. Жүгірген қалпы тоқтамай өзенге же-
те ді. Қолын суға малып алып, құмыраны тол- тырады. Су толы құмыраны көтеріп са рай ға оралады.
Сарайға кіре салысымен кішкентай Мэри- голд тың мүсініне су бүркеді. Су тиген ал тын мүсін біраз уақыттан соң өзінің бұ рын ғы қалпына келеді.
21
Мэриголд үстіндегі су-су болған көйлегіне қарап:
- Әкетайым, не істеп жатырсың? – дейді таңдана. –
Мен бұл әдемі көйлекті бүгін таңертең ғана кигенмін.
Мидас патша қызын құшақтай алып:
- Ештеңе етпейді, алтыным. Су болса кеуіп кетеді, –
дейді.
22
Мэриголд жаңа ғана өзінің алтын мүсін болғанын білген жоқ. Әке- сі де қызына қандай ақымақтық жасағанын айта алмады. Қызы ның тірі денесін қайта құшып, бетінен сүйе алғанына қатты қуанды. Ал Мэриголд әкесінің неге бұлай өзгергенін түсінбеді.
Мидас патша қызын ертіп, бақшадағы алтынға айналған раушан гүлдеріне су бүркейді. Алтын гүлдер тіріліп, қайтадан әдемі алқы- зыл раушан гүлдерге айналады.
23
Жаны жайланған Мидас патша сарайға кіреді. Қызымен бірге сарайды аралап жүріп өзі жанап кетіп алтынға айнал- дыр ған барлық бұйымдарды қалпына келтіреді. Сол кезде ол өзі нің қаншалықты бақытты екенін сезінеді. Алтынның аса қымбат емес екенін түсінеді. Халқымен бар байлығын бөлі су- ді жөн көреді.
Осы оқиғадан кейін Мидас патша жақ сы адам- ға айналады. Бұрынғыға қа ра ған да жомарт жә- не мәртебелі болады. Мэри голд тұрмыс құра-
ды. Сүйікті әкесіне немерелер сыйлайды. Мидас патша қартайған шағында не ме релерінің қызы ғын көреді. Басынан өткен«алтын жанасу» туралы әңгімесін немерелерінің алтын шаш тарын сипап отырып айтып береді. Ол дүние нің бар байлығы
осы екенін түсінеді.
24
ызыл және алтын раушан г лдерін санап шы .
25
й ыдан т р ан патшаны алтын төсекте жат анын көргендегі т р-келбетін көрсет.
26
27
А | Л | Т | Ы | Н | Ə | Қ | Ө | Ү | Р |
Е | Д | Й | Ғ | А | Л | Т | Ы | Н | П |
А | У | І | Б | Э | І | Ф | АO | Һ | |
Л | Я | А | Л | Т | Ы | Н | Л | Ң | А |
Т | П | Л | Д | Ы | Ц | У | Т | Ғ | Л |
Ы | Ь | Т | Б | З | Ъ | К | Ы | Ү | Т |
Н | Ю | Ы | Ж | Р | Й | Е | Н | Г | Ы |
Ө | Қ | Н | Х | И | А | Л | Т | Ы | Н |
естеде «алтын» сөзі неш рет айталанан ан?
ауабын берілген шаршы а жаз.
28
29
30
Сәйкес көле келерін тап.
12345
аəбвг
31
32
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?