Алпамыс батыр; Қобыланды батыр - Нұрпейіс Байғанин
Нұрпейіс Байғаниннің 3 томдық шығармалар жинағының 2-ші томына «Алпамыс батыр» жəне «Қобыланды батыр» эпостарының ақын жырлаған нұсқалары еніп отыр.
Жинақтың соңында томға енген мəтіндерге түсініктер, мəтіндерде кездесетін тарихи жəне діни есімдер, жер-су атаулары, сөздік, шартты қысқартулар қамтылған ғылыми қосымшалар берілген.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
Б 17
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
Жинақты басуға М.О.Əуезов атындағы
Əдебиет жəне өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған
Редакция алқасы:
С.Қасқабасов, С.Қирабаев, С.Қосан, Ж.Ысмағұлов, С.Қорабай
Жауапты редактор:
Р.Жұманиязова, өнертану ғылымдарының кандидаты
Құрастырған, ғылыми қосымшаларын дайындаған:
А.Əбдірəсілқызы, филология ғылымдарының кандидаты
Байғанин Нұрпейіс
Б17Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы, «Қазығұрт» баспа- сы, 2012.
ISBN9965-22-319-Х
Т.2: Алпамыс батыр; Қобыланды батыр (Н.Байғанин нұс- қалары). – 2012. – 344 бет.
ISBN 978-9965-22-391-4
Нұрпейіс Байғаниннің 3 томдық шығармалар жинағының 2-ші томына «Алпамыс батыр» жəне «Қобыланды батыр» эпостарының ақын жырлаған нұсқалары еніп отыр.
Жинақтың соңында томға енген мəтіндерге түсініктер, мəтіндер- де кездесетін тарихи жəне діни есімдер, жер-су атаулары, сөздік, шартты қысқартулар қамтылған ғылыми қосымшалар берілген.
ISBN 978-9965-22-391-4 (Т.2) ISBN 9965-22-319-Х
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
© «Қазақстанның халық ақыны Нұрпейіс Байғанин атындағы мəдени қоры» ЖҚ, 2012
© «Қазығұрт» баспасы», 2012
АЛПАМЫС БАТЫР
Ертеде Байбөрі, Байсары деген бай болған, төрт түлік малға сай болған. Қанша дəулет бітсе де, екеуі де бір перзентке зар болған. Бір баланың зарынан қайғымен көңілі шер болған. Екеуі де қайғылы, əрі бай, əрі батыр, Үйсін, Қоңырат елінде байлық екеуінен өтпеген. Дəулетін айтсаң тəрбия, малға адамның аузы жетпеген (көптігінен). Өмірі жүрді өкпемен, дəулетінің рахатын көрген еді. Екеуі де қайырлы, нашарға жəрдем бер- ген еді. Екеуі де бір бала көре алмай аңсап, өксіп, шөлдеп еді. Екеуінің өнері асқан, екеуі де мерген еді. Аулының арасы алыс, жері шалыс, екеуі бірін-бірі көрмеген, тек атағына таныс. Байбөрі Байсарыға құмар болады. Байбөрімен жолдас болып бір жүрмекке, сыр айтысып, таныс болып жай білмекке Бай- сары да құмар болады. Байбөрімен бас қоспаққа, құшақтасып достаспаққа. Үйсін, Қоңырат елінде, Жиделі Байсын жерінде Шандархан деген ханның қарау шенінде, киік пенен құланның көп мекен етіп, Шөлмəшіл дейтін көлінде ағашты, нулы, жан бармайтын, аңнан бөтен ештеңе жоқ жер. Киік, құлан, арқар, бұлан, тау тайлақ, жолбарыс, арыстан сондай-сондай мақұлықтардың мекені.
Байбөрі Байсарыға кісі жіберді: – Ел арасы алыс еді, атағың
бізге таныс еді. Атақ болып, таныс болмаған екеуімізге де намыс еді. Байсарыға бар, сəлемін айт, – деді, – құр атың білгеннен не мəселе бар, екеуіміз дидар жүзді көрелік. Сексен жігітті қосшы алып, Шөлмəшіл көлінің бойынан аң атып келемін, – деді. Ха- бар барды Байсарыға. Байбөрінің сəлемін қабыл алды. Бəлен күнде қырық кісімен Байсары Байбөрінің үйіне баратын бол- ды. Айтқан күні барып қонақ болды. Қонаққа құрмет қылып,
... екеуі сексен кісімен Шөлмəшіл көліне жүреді. Сонан кіл мергендер жиырма күнде көлге келеді. Шөлмəшіл – қамысты, нулы ағашты көл, айналасы тау. Аңды түсте шөлдеп құлаған уақытында мергендер жолын тосып жатады. Байбөрі, Байса- ры екеуі қатар жатып атады, түтін түтініне қосып атады. Неше күндей жатты. Көп күн күтіп атты. Екеуінің де мергендігі тең түсіп, атқандары он үш-он үштен құлады. Екеуі бір күні жай
сұрасты. Байлығы бірдей екен, ерлігі де сай екен, билігі де тең екен. Жастары құрдас болды. Перзент сұрасты. Екеуінің де əйелі жүкті еді. Іштеріндегі сырын айтысып, екеуі де сəл жы- ласып алды.
– Байбөрі, ал өнер-бағымыз, дəулет-малымыз, зарымыз қатар болды. Əйелдеріміз де жүкті болды. Кел, ақыреттік дос болайық. «Сүйек тамыр сүйеніп күнелтеді» деп еді, «құр достың артығын алысады» деп еді, кел, іштегі балаға құда болалық, – дейді. Сол арада Байбөрі мал салды. Байсары мал алатын болды. Бірін-бірі жемей, сыйласып құда болды.
Байбөрінің əйелі ұл туды. Ұлының атын Алпамыс қойды. Байсарының əйелі қыз туды, оның атын Гүлбаршын қойды. Екі бала он төртке келді. Татулықта болып жүрді. Адал алысып, татулық дəурен сүрді. Шандарханның қол астындағы байдың тойы болды. Қыз əкесі Байсарының Ақбозат деген хан қол астынан озып жүрген аты еді. Байсары Ақбозатты жаратты. Байбөрі Ақжал шұбар деген айғырын жаратты. Тұқымынан бəйгі алып келе жатқан ат. Байдың ұлы тойында ат шабыс бол- ды. Ат шабыс, көкпар алып қашу.
Талай батыр елде бар, Шеттен келген ерде бар. Той базарын қыздырған Талай қайғы серіде бар. Ат жүйрігін санасқан, Кіндігінен жаратқан.
Алқымдарын үзілтіп, Басын көкке қаратқан. Сұлу, майда болсын деп,
10Жал-құйрығын таратқан. Аяқтан ұшқан тозаңын Көкке ұшырып баратқан. Аттың иесі кілең ер Асынған қару болаттан.
Ал деп шауып азамат, Көп көруге таласқан. Айқай салған ұранмен Жаңғырықты жер, аспан.
Жалғасып қолдан қол асқан,
20Көп көруге таласты, Елдің батыл данасы. Жағаласып, тартысты, Мықты менен осалдың Ашылды сонда арасы. Пара-пара болады Киген киім жағасы. Көк бөріні тартулы,
Талайдың тауы қайтулы. Осал қалып шегініп,
30Мықтысы шықты айтулы, Бір қатары торықты. Астында аты зорықты, Жүйрік ат, ердің мықтысы Халыққа мəлім болыпты. Байбөрі мен Байсары Қарсы келіп құдасы
Бір-біріне жолықты. Байбөріні көргенде Байсары көңілі тарықты.
40Айбаты шыққан батырдан Сескеніп көңілі қорықты. Көкпары тартқан бəйгіде Құдаға бір сын болыпты. Ат үстінен екеуі Көкбөріге жабысты.
Ат үстінде алысты, Екеуі де ойлады
Ар менен кек, намысты. Құдаға бəйгі кес болды,
50Алысуменен кеш болды. Бірін-бірі ала алмай,
Ер еңбегі еш болды.
Байсары сонда сөйледі:
– Байбөрі құдам сен едің, Шын досың мен едім.
Осы сапар бəйгінің Алдын алсам деп едім, Əбірайын маған бер!
Достықпен айтқан себебім, Бізге күлер ел, – деді,
60Достым едің сен, – деді. Жақсы атты маған бер, – деді, Бəйгісін ал, Байбөрі,
Менен кейін кел, – деді.
– Иə, Байсары құдам сен едің, Тату құдаң мен едім.
Жолсыз тілек тілеген, Байсары, сенің нең еді? Жөнсіз тілек тілейсің, Сен ақылға кем едің.
70Жолсыз айтпа сен, – деді, Жолсыз айтқан сөзіңе Салмаймын құлақ мен, – деді. Арын қолдан бергендей, Байбөрі сенен кем бе еді? Арға – күйеу, дауға – жиен, Жоқ деген сөз, – деді.
Сол мезгілде Байсары, Қамшыменен сермеді. Қамшыменен салысты,
80Ат үстінен алысты. Екі батыр ойлады Ауыр, жедел намысты.
Астындағы шұбарға Байбөрі қамшы ұрады.
«Көкбөріні жібер» деп, Құдасынан сұрады.
Ашуы күшті Байсары Түскен тату құдасын Қамшы дойырмен ұрады.
90Байбөрідей батырдың Ашуға іші қызады. Бір-біріне екеуі Асыра қамшы салады. Намаздыгер уақытта Қолындағы көкбөріні Байбөрі жұлып алады.
Қайғылы болып Байсары Үйіне қайтып барады.
Уақыт жетіп, күн батып,
100Халық алды-алдына тарады.
Күніке сөйлейді:
– Е, Байсары, Байсары, Қуарыңқы ажарың, Жабылыңқы қабағың, Ашу тұтқан секілді, Неден қайтты қаяуың?
Жасырмастан сырыңды айт, Кім сындырды назарың?
Тауың қайтты неліктен, Суыды қалай базарың?
110– Бəйбішесің сен, – деді, Байсары батыр мен, – деді. Құдай дескен Байбөрі Тату құдам тең, – деді.
Дос-дұшпанның ішінде, Тіледім тілек мен дедім. Бір тілегім бермеді, Таба болып дұшпанға, Ішіме толды шер, – деді.
Құдам деп тəуір көре алман,
120Көкіректі шер алған.
Сағынып көрген Баршынды, Баршын бала жарқынды Еркімменен бере алман.
Дос-дұшпанға мат қылды, Қорлығына көне алман.
Ерегіскен дұшпаннан Жеделім менің кек алған. Арам ниет залымды Құдам бар деп не етейін.
130Мақұл көрсең, Күніке, Бұл қоныстан көшейін. Ардақтаған жалғызым,
Баршынды бермей кетейін. Осы ойлаған жеделге Қалай да болса жетейін.
Қайрылмаймын жеріме, Қайрылмаймын туған деп Үйсін, Қоңырат еліне.
Өзім тірі жүргенде,
140Гүлбаршындай баламды Тауып қосам теңіне. Босағада қалмаймын, Отырармын сыйлықпен
Қалмақтың ханы Тайшық хан Ордасының төріне.
Шын досына қас қылған, Обалы, құда, өзіңе.
Жолдастығым, теңдігім
Көрінбеді көзіне.
150Осы сөзден шығамын
Қалай да болса шегіне. Ерегіскен жер болды, Ер тұрмай ма кегіне.
Күніке сонда жылады, Көзінің жасын бұлады. Байсарының сөзіне Арудың сағы сынады. Дерт алып жүрегін, Қайғы, қасірет сығады.
160Қос бүйірін таянып, Қайғыдан талып құлады. Су бүркіп бетіне,
Есін жиып тұрады.
Тұрады да сөйлейді:
– Көшем дейсің, Байсары, Бақыт, дəулет орнаған Үйсін, қоңырат еліңнен, Ата қоныс жеріңнен.
Кетсем дейсің, Байсары, Ақылыңның кемінен.
170Қоныстан көшкен ел оңбас, Мəжіліс кетер төріңнен. Ағайыннан айрылып, Жатқа кетсең егерде Қорықпаймысың өлімнен? Нағылып қиып көшесің, Орнаған дəулет жеріңді? Нағылып қиып көшесің, Үйсін, Қоңырат еліңді? Нағылып қиып көшесің,
180Жасы үлкен қарт пенен Заманы қатар теңіңнен? Кек көре ме ер жігіт Көңлің сүйген теңіңді. Қоныстан көшу жол емес, Ер тарығар болар ма, Досынан көрген жəбірден, Айырам деме Баршынды Іште жатып қосылған Алпамыс бала теңінен.
190Ағайыннан айрылсаң,
Жылау кетпес көзіңнен. Сүйенішер досы жоқ, Медеуі кетер белінен. Түгел тұрған ерлердің Дұшпан жүрмейді шенінен. Сындырма менің сағымды, Байлама, батыр, бағыңды. Қоныстан кеткен қиын іс Жалғыздың ісі жазым-ды.
200Көкбөріге таласып, Құдаға көңілің ауырды. Бопсаңды бөтен демейін, Бəйбішеңмін, жолдасың, Бер тілегін, мерейін. Айтқаныма көндіріп, Байбөрідей құдаңнан Айыбын алып берейін.
Батыр, бұл ашуың оң емес, Қатар құдаң Байбөрі
210Біреуден біреу зор емес. Кегін қолдан бергендей Байбөрі құрбың қор емес. Ашуланып арланба,
Сен ашуға алданба.
Білікпен айтқан сөзімді Аңғармай, батыр, қам қалма. Іште жатып қосылған
Кек қылмаңыз балдарға.
Байбөрі сонда сөйлейді:
– Əй, Күніке, Күніке,
220Сөйлеме, əйел, сен, – деді, Сөйлей берген нең, – деді. Бұл қорлыққа көнгендей Байсары онан кем бе еді? Ардақтап сүйген жалғызым, Гүлбаршындай баламды Бере алмаспын мен, – деді. Өзім тірі жүргенде Табармын қызға тең, – деді. Көп қайғырма сен, əйел,
230Үйді жыға бер, – деді.
Күніке сонда сөйлейді:
– Ықпалың жүрген күніңде, Жүрген жоқ дұшпан шеніңнен. Қадірің артық батырсың, Көрмеген қорлық еліңнен.
Сансыз дəулет айдаған, Көшпек болдың жеріңнен. Айрылмақ болып сөйлейсің, Қадірлес қатар теңіңнен.
Өз-өзіңнен бүліндің,
240Ақылыңның кемінен.
Алыстап кетпес пе едің, Ықпал, көңілің бұзылды. Қор етесің түбінде
Ардақтап сүйген қызыңды. Осы айтқаныңды істесең, Өзіңе ерік салғанда, Байбөріден озарсың Жаратпаймын түріңді.
Бір дұшпанның шетіне,
250Ақ үйлі болып қонарсың. Сəуелім шайтан болмаса, Қайтып елге келе алмай, Халықтың жүзін көре алмай, Қас масқара боларсың. Елден кеткен ерге сын, Азарсың да тозарсың.
Ашу ерді сығады, Ашуланып, шамданып, Қамшыменен ұрады.
260Көзден аққан қара жас Омырауды жуады. Қайғыменен сүрініп, Күніке сыртқа шығады, Əйелі үйді жығады. Ақылды əйел саналы, Алтын, күміс жасауды Нарға артып таңады. Сексен нарды жетелеп, Жаяулап тартып барады.
270Тимеген жерге табаны, Күймеген күнге қабағы, Күнікенің бар ма амалы? Отыз екі жасында Қайғының түскен заманы. Жалаңаяқ аяғы
Бұрын-соңды Күнікенің Маңдайы күнге күйген жоқ,
Табаны жерге тиген жоқ, Еш қиындық білген жоқ.
280Тарлық көрген күн еді, Қайғысы көрген шын еді. Сары атанды жетелеп, Төте жолмен төтелеп, Бейшара жаяу жүреді. Көш үстінде зарланды, Қайғыменен сандалды.
Зарланбай жазған нағылсын, Тек сексен нар болмаса, Сансыз дəулет мал қалды.
290Қара орман менен жиған зат Артында ессіз қам қалды. Сол секілді Күнікенің Ақылы ойран дал қалды. Көшті тартып Күніке Амалсыздан жөнелді. Тəрбия менен дəулеттен Кеткен күнде не көрді? Ханым басы бақырдың Бейне күңге теңелді.
300Көңілі толған құсада,
Көкірекке шер енді. Арада күндер өтеді, Жаяулап өмір өшеді. Неше күндер өткенде, Ну қамысты көк бұлақ Соған келіп жетеді.
Дем алуға Байбөрі
Он бес күн қоныс етеді.
Көк бұлақты мекен еткенсін, Үйдің иесі Байсары Қарауыл қарап кетеді.
Биік тауға жанасты, Белге буған садақты, Қару түрлі жарақты. Тау басына шықты да
Қарауыл батыр қарапты. Елсіздегі сол жерден Киік пен құлан аң атты, Сансыз аңды құлатты.
320Астындағы атына
Атқан аңды жапа артты. Күн сегіз күн болады, Бір жетіге толады, Атқан аңын сояды.
Он бес күні біткен соң Қоныстан тағы көшеді. Көшіп-қонып жүрумен Арада үш ай өтеді.
Үшінші айдың жүзінде,
330Тап сол жылы күзінде, Мұнар шалған қара тау Басына келіп жетеді. Таудан аққан бұлаққа Күнікені қондырды. Тайшық ханның еліне Өзі жалғыз кетеді. Таудан қала көрініп, Ердің көңілі өседі.
Хан шəріне келеді,
340Келе сөйлей береді. Сондағы ердің сөзі еді, Қасына келген адамға:
− Мен бір шыққан ер едім. Үйсін, Қоңырат елімнен, Жиделі Байсын жерімнен,
Атақтының өзі едім. Жүрмеген дұшпан шенімнен, Тайшық ханға келуге,
Дидар жүзін көруге,
350Ықылас көңілім бөлінген. Тайшық ханға сəлем айт, Байсары атты ер едім, Тайшықты іздеп келемін. Ұлықсат етсең егерде, Хан ажарын көремін. Өмірімде айтар сөзімді Өзіне айтып беремін.
Хан Тайшыққа айтып бар, Ұлықсат болса қонамын,
360Ханға қонақ боламын. Тек осынымды айтып бар, Ендігі сөзді қоямын.
Хабарға барған адам үйге келді, Тайшықтың тақта отырған көзін көрді.
– Бір мейман түсем дейді ат үстінде, – Деді де хан Тайшыққа хабар берді, Келгенін сонда Тайшық мақұл көрді. Айтатын көкірекке сөзін сайлап, Ішіне шарбақтың атын байлап,
370Бұрынғы өткен ашу еске түсіп, Бұрынғы ой да, кегі іште қайнап. Ордаға қол қусырып кіріп келді,
Көргесін Тайшық ханды гүл-гүл жайнап.
Байсары қол қусырып келіседі, Тайшық хан құшақ жайып көріседі. Байсары батыр кісі,
Сүйісіп екі беттен өбіседі. Көрмесе де атына сырттан қанық
Байсары Тайшық ханмен келіседі.
380Екеуі бірге отырып сөйлескенде Сияғы, жарастығы келіседі.
Кемдік жоқ Байсарыда келбет-сияқ, Көп халық аталасып көріседі.
Байсары батыр келгенсін, Тайшық ханның көңілін Қуаныш орнап жайнады. Арақ пенен шарапты
Түр-түрімен сайлады. Байсарыға бақыт орнады,
390Құрметі үшін қонақтың Ойыншылар ойнады, Толғаушы, жыршы толғады. Байсарыдай батырға Осындай бақыт орнады. Хан – халықтың қорғаны, Əрбір түрлі құрметті Байбөріге көрсетіп, Қамтемесі болмады.
Əлқисса, қонақ болады. Жатқанына бір жетіге толады. Бір жетінің соңынан батыр ұлықсат сұрады. – Не жайлы жүрсің? – деп хан бүйімін сұрады. Батыр ханға тағзым етіп тұрады.
– Ал, Тайшық хан сен едің,
400Байсары атты ер едім,
Алыстан іздеп келемін. Жүзіңді көріп қауышып, Сыр сөйлессем деп едім. Жұмысымды сұрадың, Айтайын жүрген себебім, Іздегенім сен едің.
Сізбен сыбай қонуға,
Ауыл, үйлес болуға, Асық болып келемін.
410Сен атағың шыққан данышпан, Мен атағы шыққан арыстан, Талайменен алысқан. Атағыңды естіп сыртыңнан, Ғашық болып алыстан.
Талақ салдым елімді, Қоныс еткен жерімді. Жылқыны мыңнан асырған Бетегелі белімді.
Жыныс ағаш көк шалғын,
420Айдын шалқар көлімді. Іздеп таптым алыстан Тайшық хан атты теңімді. Ықылас пенен көңілім, Досым, саған берілді. Өзімнің туған халқымнан, Айырып көштім шегімді. Сен хансың да, мен батыр, Ойлаймын намыс, кегімді. Жазғытұры жайлауға
430Қамысты нулы көл керек. Көк шалғынды сай менен Көк көделі бел керек. Іздеп келген досыңа Лайық қоныс, жер керек. Қонақты сыйлап бағуға, Ықылас пенен жөн керек. Мекен шəрді салуға, Жергілікті шын қоныс, Өзіме арнап алуға
440Ұзын өзен, су керек. Шəрдің сəні болуға Жеміс ағаш, ну керек.
Төңкерілген көдесі Орқаш бұйрат құм керек. Шалғын шөбі нұрланған Бидайықты шым керек, Осы қоныс шын керек.
Ер қадірін білетін Атақты сіздей ер керек,
450 Ерді сыйлар тең керек. Тура достық көрсеткен Ақырында сен керек.
Тайшық хан сонда сөйлейді:
– Айтулының өзі едің, Атыңды естіп алыстан, Бір көріссем деп едім. Байтақ-ұлан халықтың Аузындағы сөзі едің, Ерліктің асқан белі едің. Керегіңді айта бер,
460Қалағаның беремін. Не десең де көнемін, Досым саған сенемін. Ессіз жатқан жеріміз, Ұлан-байтақ еліміз, Ел қонбаған көліміз,
Қонысты байқап келіңіз. Сексен жолдас беремін, Шын досыңа сеніңіз.
Елге келген қонаққа,
470Сыйлық етер жеріміз.
Қарауымнан қонысты Қамтемесіз көріңіз.
Қол астымдағы жерімнен Қалағаның сенікі,
Қалғаны жердің менікі. Байсарыдай батырдың Қысқармайды өрісі.
Байсары, сізге берілсін Қоныстың миуа жемісі.
480Досының сөзін Байсары Сонда мақұл көріпті. Сексен жолдас беріпті, Жолдастар бірге еріпті. Қай қонысты алса да Батырға берген ерікті. Атқа қамшы басады, Қоныстан қоныс асады. Көрген жерінің кемі жоқ, Қай қонысты алам деп,
490Батырың сонда сасады. Қабырғаға кеңесіп, Батыр ойға салады. Шығанақты ақ дария Ақ дарияға барады. Ойға алғаны теп-тегіс Көңіліне жағады.
«Мекендеп шəрді салам» деп,
«Осы лайық маған» деп, Ер қағазға жазады.
500Ырза болып қонысқа
Тайшыққа қайтып барады.
Байсары келіп сөйлейді:
– Тегіс көрдім жеріңді, Өзен, дария көліңді.
Жылқыға жайлы кер құмың, Асу-асу беліңді.
Біріне-бірі жарасқан,
Миуа ағаш күнмен таласқан. Елге келген қонаққа Лайықтысын қарасқан.
510Салқын соққан самалдан Рахаты көп екен. Ақдарияға шəр салған, Қамтеме ерде жоқ екен. Жібергесін еркіме Миуасы көп ақ дария
Үй салуым жол екен. Іздеген ханға қауыштым, Ақ талабым оң екен.
Рахатты жер таптым,
520Несібе, бағым зор екен. Тайшық ханға барайын, Көңілімдегі арманды Баяндап, сөйлеп қарайын. Қабыл көрсе сөзімді, Дарияға үй салайын. Үйді топтан оздырып, Хан еркіме жіберсе Болыскіден салайын. Айналаның үзігін
530Шын күмістен жабайын. Кəдір, бағым басымда Айналам болсын тас қорған. Алтын сырмен сырлатып, Лағылдан болсын сарайым. Мақұл көрсе Тайшық хан Осының бəрін қалайын. Қамтемесіз тілекті
Түгел тілеп алайын.
Қасында бар көп жолдас
540Армансыз қоныс көрісіп. Желігісіп, желісіп,
Бір-біріне сенісіп,
Хан Тайшыққа келген жер, Келіп сəлем берген жер.
Байсарының көңілінде Аралап тегіс көрген жер. Миуалы жеміс дарияны Көңілі қалап келген жер. Қасында сексен жолдасы
550Бір-біріне шенішті, Хан алдына келісті. Ханға сəлем берісті, Қол алысып көрісті. Байсары сөз бастады, Көзіменен көргеннен
Өзен, су менен қалың ну, Қонысты байқап келгеннен, Жер аралап көргеннен, Батыр еді Байсары
560Көкірегі желденген. Əуелден-ақ көңіліне Шайтан кеулеп жел берген.
Істеген ісін Тайшық хан:
- Теріс емес, оң, – деді, Менің бағым зор, – деді. Сізіңменен қауыштым, Несібем артық, мол, – деді.
- Қонысыңның кемі жоқ, Ағысты, нулы ақ дария
570Қалағаным сол, – деді. Мақұл көрсең, Тайшық хан, Қалаған жерімді аламын.
Үй салдыру қонысқа Осы менің талабым. Қол астыңнан оздырып,
Жəрдем етсең қонақ деп, Болыскіден нақыштап, Жарқыратып саламын.
Үйдің сəні болуға,
580Күмістен үзік жабамын. Алтын сырдан сырлатып, Ұлықсатың шын болса, Алдымнан сарай саламын. Сізге салған кеңесім –
Ел билеген төресің. Осы айтқан талабым,
Тайшық хан, қалай көресің? Бегілеріңмен кеңесіп, Мақұл десең, тақсыр хан,
590Ақ дарияны бересің.
Тайшық хан сонда сөйлейді:
– Байбөрі, айттың ханыңа, Қоныс көрген жайыңнан. Ақылың артық кісісің, Жақсы менен жаманды Білікпенен айырған.
Іздеп келген досымсың, Не десең де қайырман. Аямаймын, шын досым, Қарауымнан барымды.
600Іздеп келген қонақсың, Ойлауым керек арымды. Қалағаныңды ала бер, Беруден тартпан қарымды. Қол астымды жияйын,
Игі жақсы адаммен Мəслихат қылайын. Ізге келген батырсың,
Жиылып келген халыққа Мəнісін баян қылайын.
610Ықыласың жүрген досымсың, Қайт болмас сенің райың, Ырзалықпенен сөйлесіп, Ізгілерді жияйын,
Азамат басын құрайын. Не десең де, ақ қабыл, Айтқаныма тұрайын.
Дүниеде керектен Қамтемесіз қылайын. Ақын жырын жолдасын,
620Бұрынғы өтіп кеткеннен Қызыл тілім жолдасын. Тайшық хан сонда шақыртты, Білімді ерлер толғасын, Ақылгөй сырлас қолдасын, Ел, бастық ерлер келед деп, Сырлатып, сəндеп ордасын. Кіл уəзірді ақылгөй
Хан шақыртып келіпті.
«Білімділер келсін» деп, 630Тайшық хан əмір беріпті.
Хан əмірі екі емес, Не айтса да ерікті.
Қашаннанғы жолдасы Бəрі сырлас серік-ті. Уəзірі ақылгөй Қашаннан да шенішті. Бастан айтып көрсетті, Байсары жүрген көп істі. Ханның айтқан мəніске
640Түсінісіп сеністі.
Ордаға келген би мен бек Бердік десіп ерікті.
Құрметтеп сыйлауды Баршасы дұрыс көріпті. Ер келгені мақтаныш Жиылып келген халықтың Көңілі жұмсап еріпті.
Келген бектер бəрісі Біршілікпен келісті.
650Уəде қылды қонақты
Сыйлықпенен бағуға, Батырдың көңілін табуға. Басы Тайшық халықтың Байсарыға жағуға.
Хан құралы кеңесті, Кеңескенде не десті: Байсарыға сыйлықтан Бой тартатын емес-ті. Оңаша шығып кеңескен
660Кілең мықты шонықтар. Кеңескенде не дескен, Қол тартпасқа сөйлесті:
– Байсарыға керектен Қалауын беру жол болар, Келгесін досым себеппен. Несі басшы басшының Қонаққа қорған болмаса. Елшілікке лайық, Жолдастарым, сол болар –
670Қонақтың қамын ойласа. Ықылас пенен сыйлықпен Жақсы бағып қорғаса.
Қорғалап бізге кім жуыр, Еш панамыз болмаса.
Ел бастаған ерлерге
Шын сынықтық сол болар, Мейманын бақпай, қорласа. Құрметтеу, үй салу, Достарым, болсын талабың.
680Мақұл болса бəріңе, Қалаған үйін саламын. Байсарыны құрметтеп, Дүнияша бағамын.
Уəзірлер шаттанды, Елге батыр келгенге Қуанысып мақтанды.
Бастығы халық Тайшық хан Мақұлдасып баршасы
Үй салуды басқарды.
690Ажарланып беглер өңделді, Дариядан қоныс жер берді. Байсары батыр досына Уəзірлік шен берді.
Бастық болып халықты Байсары қонақ меңгерді. Не десең де айтқанын
Қалмақтың халқы жөн көрді. Үй салдырып, пəт берді, Үйдің ішін көркейтіп
700Ажар беріп, сəн берді.
Қазынаның мүлкінен
Төрт түлік бөліп мал берді. Сол дарияға қонады, Шарбағы малға толады.
Қарағайдан салдырды Малға сарай қораны. Ағаштан шынар қақтырып, Алыстан аула орады.
Қақпасын сырлап салдырып, 710Мұндай сыйлық көргенсін
Ел қонағы Байсары Қуанышты болады.
Осы қонысты, қалаған жерін алып, Тайшық хан күшіме- нен үй салып, неше түрлі сарай салдырып, керегінің бəрі даяр болып, Тайшық хан сонда Байсарыға: – Не қамтемең бар, до- сым? – деген.
– Еш қамтемем жоқ. Мен іздеп келген көңілімнен шықтың. Қашан да бір тілекте достықпенен өтемін, мақсатым болды. Тəрбия берген мал-мүлкіңе көңілім толды. Достығыңа, құр- метіңе рахмет айтамын.
Үйсін, Қоңырат елінде, Жиделі Байсын жерінде, Байбөрінің баласы Алпамыс жасында балалармен ойнап жүргенде, асық ойнап, өте тентек болды. Асықты ұтса ұтып алып, ұтылса ыза- ланып тартып алатын еді. Өте бұзық, тентек болды. Содан кейін ақыл тоқтатып, он бестен он алтыға шықты. Жасынан күресіп балуанға тұрды. Бір жиында Түйе балуан дейтін əйгілі, атақты балуан жасы жиырмада екен. Күрес деп айқайлағанда беліне қыл шылбырды төрт қабаттап байлап он алты жасар Ал- памыс шықты.
Жауырыны екі кез, Алақандай екі көз. Мақтасақ сияр соған сөз, Толғап қойса мойны кез. Сауыры жалпақ жуан сан, Адамда мықты туған паң. Келбет пенен келіске Халықта жоқ мұндай жан.
720«Жығылам» жоқ ойында, Келбетінде міні жоқ, Келбетті сымбат бойында. Қоңырауы күлдірлеп,
Түйе балуан ер шықты Халықтың жиын тойында. Əуелден алып атанған, Мықтылық нəсіп сыйында. Жібек белбеу белінде, Төрт қабаттап байлаулы,
730Оттай көзі жайнаулы.
Баланы былғап ұрам деп, Күші тасып қайнаулы.
Жас Алпамыс сескеніп, Онан қорқып таймаулы. Тамашаға таңданып, Халық көзін салыпты. Жас та болса Алпамыс, Білігі артық барықты.
Қорқып, сасу ойда жоқ, 740Күркіреп тұрған балуанға
Маң-маң басып барыпты. Бурадай-ақ бұрқылдап, Түйе балуан баланың Белінен ұстай алыпты.
Сүбеден қысып көтеріп, Балуан күшін салыпты. Аудара алмай табанын
«Не болды, – деп, – күшіме», Іші оттай жаныпты.
750Кез-келген жерден ұстасып, Бірін-бірі ырғайды.
Жағаласып, алысып, Демалып тоқтап тұрмайды. Түйе балуан əр жерде
Көрген жоқ мықты мұндайды. Түйе балуан арланды, Ашуланып кəрланды, Қаһарланып шамданды.
«Не болды? – деп, – өзіме», 760Күшін жиып қамданды.
Білеудей тамыр жіктеліп, Бет-ажары түктеніп, Аямай бойда қайратын, Шығарды балуан айбарын. Алпамыспен күресте Көрмеді күштің пайдасын. Неше түрлі амалмен, Салса да түрлі айласын.
Қалайша амал етсе де
770Алпамыс бала болмады. Алпамыс алып кезекті, Олай-былай толғады.
Толғап-ырғап тұрады, Күшінен медет сұрады. Байбөрінің шырағы.
Қатты ақырып, кəрленіп, Балуанды жерге ұрады. Түбінен кескен теректей, Қоңыраулы батыр құлады.
780Асық жілік морт етіп,
Ортасынан сынады. Алпамыс бала істеген, Бұл жұмысын тындырды. Сүйіндіріп достарын, Қуанышпен күлдірді, Халыққа күшін білдірді. Халық ырза балуанға Ырза болмай не қылсын. Қоңыраулы балуанның
790Жілігін үзіп сындырды.
Балуанның мықты жетесі, Күштің артық көкесі.
Түйе балуан мықтының Келіпті жылап шешесі. Шыдамайтын балаға, Ананың, сірə, бəтесі.
Сонда шешесінің жылап тұрып сөйлегені:
– Байбөрінің оңбағыр, Оңар күнің болмағыр, Көңіліңе қайғы орнағыр.
800Балуансынып, ерсініп, Жілігін балам сындырдың, Қайғыға көңілім тұндырдың. Байбөрінің оңбағыр, Жалғызымның денесін Халық алдында бүлдірдің.
Мықты болсаң сен, – деді, Айтайын бір сөз мен, – деді. Ар-намысың ойламай,
Сен ақылға кем, – деді. 810Жесірің кетті қалмаққа,
Жігерің артық ер болсаң, Мұнда жүрген нең, – деді. Білгенімді жас бала, Саған айтып қарайын.
Жеделді туған ер болсаң, Жадыңа сөз салайын.
Батыр, намыс ойласаң, Лайықты күшіңе
Бала саған табайын.
820Бұ мəністің айтайын Тағайындап талайын. Байбөрі мен Байсары – Екі елдің қайсары.
Жасық болсаң егер де,
Алпамыс, тауың қайтады. Достарыңнан сұрасаң Мəнісін түгел айтады.
Екеуі де ер еді, Жасы құрдас тең еді.
830Елсіздегі Шөлмəшіл,
Қамысты нулы көл еді. Жағалай жыныс көп ағаш, Мəуелеп шыққан терегі. Байбөрі мен Байсары Сексен кісі жолдаспен
Аң атуға келеді. Құралменен сəні көп, Екеуі де асқан бай,
Жан жетпейтін малы көп, 840Рахат, дəулет көргені.
Үйсін, Қоңырат елінің, Екі батыр мергені.
Қырық-қырық кісіден, Аң ататын мергендер Жолдас болып ергені. Ел арасы алыс-ты, Бұрын жоқ-ты бұлардың Бірін-бірі көргені.
Аң атуға мергендер
850Осы көлдің бойына, Ұшырасып келгені. Есендесіп, көрісіп, Көл басында тұрады, Мəні-жайды сұрады. Бір-біріне танысып, Сөзін баян қылады.
Тентектікпен соқтығып, Кез-келгенге тиесің.
Намысың күшті ер болсаң,
860Қатты ашуға күйесің.
Ар-намысың бар болса, Қалмаққа кеткен жесірің Гүлбаршынды сүйесің. Жесіріңді іздеп бармасаң, Қалмақтан тартып алмасаң, Оймен ойлап аңдасаң, Қайғы шығар өзіңе.
Мат боларсың, Алпамыс, Дос-дұшпанның сөзіне.
870Бетке соғып дос-дұшпан, Ертең-ақ айтар көзіңе.
Көңілменен ойласаң Сынықтық болар өзіңе. Ер жеделді бола ма, Жүйрік таңдай мінбеген? Алмас, болат қылышты, Балдақтан белге ілмеген?
Гүлбаршынды іздеп бармасаң, Халық болмас күлмеген.
880Батыр, батыл ер болсаң, Жесіріңді іздеп барарсың, Дұшпаннан тартып аларсың. Егер іздеп бармасаң, Абыройсыз, əдепсіз Алпамыс, атақ табарсың.
Жігітке ерлік қона ма, Он алтыға келгенше, Ерлер атқа мінбей ме, Жасанып қару ілмей ме?
890Жасанып тұрған көп жауға, Жападан жалғыз тимей ме? Жауға кеткен аршын төс Жесірін алып сүймей ме?
Егер іздеп бармасаң,
Аруыңды тартып алмасаң, Сыртыңнан халық күлмей ме? Он алты жасқа толғаның,
Ата-анаң тілекші, Алпамыс сенің қорғаның.
900Гүлбаршынды іздеп бармасаң, Қолынан қалмақ алмасаң, Халыққа күлкі болғаның.
Жеделсіз жаман болмасаң, Менің айтып болғаным.
Сол Алпамыс алыптың Алып-ұшып жүрегі, Қызғын тапты сүйегі. Ашуланып, шамданып, Үйіне қарай жүреді.
910Байбөрінің боз орда Айбаттанып ашумен, Еңкеш келіп кіреді, Түрегеліп тұрады.
Оттай жайнап екі көз, Ашуланған сияғы, Кемпір-шалдың шырағы. Түсінен шошып баланың, Əкесі мен шешесі:
– Не болды? – деп сұрады.
920– Ата-анам сен едің, Жалғыз балаң мен едім, Қайғыға батып келемін. Жасында кеткен қалмаққа, Гүлбаршындай досымды Əлі айтпаған нең едің?
Ашу қысып арланып, Келіп тұрған себебім Шын айтатын жеріңіз,
Қалай кетті Байсары, 930Бағдарын айтып беріңіз.
Іште жатып қосылған Гүлбаршын досым теңіміз. Өтірік айтпа, шыныңды айт, Не де болса көніңіз.
Түсіндір, қарттар, сөзіме, Қаһарлансам, кім шыдар, Сарыжамның кезіне?
Енді тұрман елімде, Үйсін, Қоңырат жерінде,
940Қосылу керек кешікпей, Іште жатып қосылған Гүлбаршындай теңіме. Аман болсам шығамын, Асудың асқар беліне.
Тəуекел етіп жетермін, Ерлік, бақыт төріне.
– Əкеңнің дəулет малы бар, Алтын, күміс тағы бар, Тəрбие мен сəні бар.
950Үйсін, Қоңырат елінен, Жиделі Байсын жерінен, Теңіңді іздеп тауып ал. Дүйім қалың еліңнен, Жалғызың қалай табылар. Жедерленіп шамданбай, Халықтан сұлу, ару қыз Таңдап алсаң не қылар.
– Байбөрідей жан ата, Сындырма менің сағымды,
960Байлама, əке, бағымды, Қолдан бермен арымды.
Мен дұшпанға қор қылман, Іште жатып қосылған Гүлбаршындай жарымды. Гүлбаршынның жолынан Еш тартпаймын қарымды. Тұлпар мініп, ту ұстау, Əке, менің сəнім-ді.
Шешесі ақыл ойлап тұр, 970Көңілін тоқсан толғап тұр.
Тоқтамасын баланың Көңілмен сынап болжап тұр:
– Кетемін дедің, балам, амал жоқ, Сен кеткен соң қолымнан, Бұрынғы дəуір заман жоқ, Тілегімде алаң жоқ.
Сен кеткен соң не болар, Он үш жасар Қалимаш, Толықсыған толқын жас.
980Қызғалдақтай қалқамның, Қайғымен болар көңілі пəс. Сен кеткесін қиындық,
Көз салар бізге дұшпан қас. Бұлсыздар бізге бұл болар, Тілімді алсаң кетпе еш,
Қара орман жиған гүл болар. Бізге қожа кім болар,
Малай менен құл болар. Қарындасың Қалимаш,
990Жібек шашы жүн болар.
Бауырынан айрылып, Кеңшілікке мұң болар. Ата-анаңның көргені Қараңғы түнек түн болар. Көздің жасы көл болып, Көкірек қайғы кір болар.
– Не де болсам, ата-анам, Маңдайымнан көрермін. Қазам жетсе егер де,
1000Үйде отырсам да өлермін.
Қайғы шегіп қамықпа, Ажалсыз болсам келермін. Жеделім күшті, қайрат көп, Бұл жауды құртып жеңермін.
Қарындасы Қалимаш, Бірге туған бауырлас. Он үш жасар баладан Мұндай ақыл табылмас. Жас та болса со бала,
1010Айтар сөзден жаңылмас.
Қалимаш сонда жылап тұр, Жылаумен өзін бұлап тұр. Кететінін ағаның Ақылымен сынап тұр:
– Алдымда өскен қорғаным, Он үш жасқа толғаным.
Қызғалдақ едім жайнаған, Сен кеткесін, бауырым, Қызғалдақ қурап солғаным.
1020Он үш жыл саған ергенім, Бір күнгідей болмадың.
Қаршадайын күнімнен Ішімді қайғы торладың. Сенен бөтен панам жоқ, Суалып күнім болғаным. Өтірік емес, шын болар, Əлі-ақ азып-тозбағым.
Өрен жорға тағалы, Таланды қыздар ...
1030Мен келмесе игі еді.
Қайғылы күннің қараны. Қыз ардақты болмағы, Бауырының заманы.
Кеңшілікте бəрі дос,
Сен кеткен соң, бауырым, Достықтың болар түбі бос. Арықтың көңілі тарық-ты, Бізде болмас көңіл хош.
Жылқыдағы жүйрікті
1040Ұлтан құл шабар жайдақтап.
Ат жаратып өктемсіп, Бəйгіге қосар байрақтап. Əкемнің ақбоз ордаға Құлдар шығар ойнақтап. Жалтаң көз болып жүрермін, Екі көзім болып жүрерміз, Екі көзім жайнақтап.
Қорғап қоршар адам жоқ, Жанашыр кісі маған жоқ.
1050Сен кеткесін бауыр деп, Жан ашитын жаран жоқ.
– Мен қайтпас батыр нөсермін, Мақсатыма жетермін.
Ұлтан, Құлтай екі ағаң, Екі бірдей кəрімді, Қалимаш жан бауырды Тапсырып айтып кетермін. Тұлпар мініп ту ұстап, Тайшық ханның еліне,
1060Үш айшылық жеріне
Көп кешікпей жетермін. Жауыздықты жау болса, Көк найзаны төсермін.
Қарсыласқан дұшпанды Алмаспен турап кесермін. Қынға салған көк қанжар, Кездессе дұшпан есермін. Айдаған нəсіп бар шығар, Ырыздыққа нетермін.
1070Шыдамас бауыр, қарағым, Артынан өскен балаға.
Ұлтан саған немере, Тапсырамын ағама. Тумаса да тұтынған Ұлтан бөтен кісі емес, Тапсырам сені жана да. Тұлпар мініп ту алған, Ұлтан да ердің өзі еді Халыққа ісі сыналған.
1080Əуелде құл болса да,
Ерлікпен болған кəдірлі, Басына бақыт құралған. Жауға кетіп барам деп, Баршынды іздеп табам деп, Қыл жалаулы қалмақтан, Теңімді тартым алам деп. Ұлтан ерге айтармын
Атам менен анамды, Қалимаштай қалқамды,
1090Өз қолыңнан алам деп. Аттанар жауға кезімде, Екі ағаңа айтармын Көңілімдегі сөзімді.
Қайғыланба, қарағым, Ұлтан менен Құлтайға Тапсырамын өзіңді.
– Мұңымды айттым, туысқан, Алдымда өскен ағама,
Қалай болар замана.
1100Ұлтан, Құлтай екі ағаң, Қорған болса игі еді ау, Атаң менен анаңа, Жақыныңнан жау тағын Көңілі қашпаса игі еді, Ақырында қараға.
Алдымда өскен қорғаным, Аман барып, есен қайт, Жаным сенен садаға.
Алпамыстай батыр-ай, 1110Қалимашты қия алмай
Толықсиды жүрегі. Алпамыстың үстінде Бауырының тілегі.
Бауырымен қоштасып, Маңдайынан сүйеді.
Əке менен шешеге Жалыныштық қылады. Əкесінен бір тұлпар Тауып бер деп сұрады.
1120Сонда əкесі балаға
Білімін айтып тұрады:
– Менің мінген шұбарым, Жас күнімнен көп мініп, Тартқан еді құмарым.
Кəртайып қалды жануар, Тұлпардың таңда шынарын. Көп жылқыға барыңыз, Ұлтан мен Құлтайға
Барып ақыл салыңыз.
1130Өзің де сынап тұлпардан
Таңдап мініп алыңыз. Ырзалықпен ақ бата, Ал, қолыңды жайыңыз. Атаң менен анаңнан,
Ықылас еттім, шырағым, Ізгі жолға барыңыз.
Ұлтан менен Құлтайға Алпамыс ер барады.
Жылқыдағы Ұлтанды Інісі іздеп табады.
Немере Құлтай ағасын Ұлтан атты ағасы
Тез шақыртып алады.
– Құлтай ағам сен, – деді, Ұлтан, жақын кел, – деді. Сөзімді тыңдап көр, – деді,
1147Сапарға шықтым мен, – деді.
ОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қарақыпшақ деген елде Тоқтарбай деген бай болған, оның Аналық деген бəйбішесі болған. Аналық қырық тоғыз жасқа келгенше бала таппаған. Содан кейін Тоқтарбай: «Жасым бол- са жетіп келеді, жас əйел алып көрейін, бала таппас па екен» деп жас əйел алады. Одан да бала болмайды. Содан кейін тағы екі əйел алады, олардан да бала болмайды. Перзенттерінің жоқтығынан Тоқтарбай талай жиында ханнан, ханның уəзірлерінен «қубас» деген сөздерді естиді. Оған ол мықтап налиды.
Күндердің бір күнінде дəулетіне мас болған бір бай он екі ханның қол астына асқа сауын айтады. Тоқтарбай өзі бай болғанмен кішіпейілді, жарлыларға етер жақсылығы көп, ізгі адам болған. Өзін ханнан кем санамаған, ханға қарсы болған. Сондықтан хан Тоқтарбаймен өш болған. Сөйткен Тоқтарбай осы асқа барайын, салтанатымды өзім қатарлылардан арт- тырайын деп сексен нарға саба артады, сексен нарға алтын мен күміспен аптап тігілген асыл киімдер, жиһаздар артады. Тоқтарбайдың осындай сəн-салтанатпен келе жатқанын хан естіп, өзінің бір уəзірін Тоқтарбайдың алдынан шығарады, уəзіріне айтқан сөзі мынау болады: – Сен Тоқтарбайды өткір сөздермен, өлеңмен келемеж қыл, баласының жоқтығын айтып бетіне соқ, – дейді, – сонда Тоқтарбай осы асқа келмей кейін қайтар.
Тоқтарбайдың алдынан шыққан уəзірдің айтқан сөздері мы-
нау екен:
–Бұл жиынға хан келді,
Бай мен бектер паң келді. Кілең байлар саба артып, Бəйбішеменен сəн келді. Байтақ ұлан ел келді,
Бай сабасы келді енді. Салтанатты байларым, Киім киіп сəнденіп, Ажары топтың өңделді.
10Байларға мақтау жарасар, Байдың сəнін көргенде Жоқ, жұқа естен адасар. Байға паңдық миясар, Байым сəнді, сайманды, Асым асқа ұласар. Патшаның нағыз ұлындай, Өсірген сипап тұлымдай. Бай баласы мырзалар,
Бəрі сəнді, білімді-ай,
20Тəрбие, сəні сайма-сай. Ағып жатқан аппақ май, Хан мен билер қонақжай.
Бай ішінде байлар бар, Ақылға кем, санасыз, Сүйеуі жоқ панасыз.
Көп дəулетке мас болып, Хандарменен қас болып, Тоқтарбай, қайда барасың? Ақылың жоқ, миың жоқ,
30Көңіліңде білім жоқ. Көтересің кеудеңді, Тоқтарбай, саған сыйлық жоқ. Ұлсыздарға орын жоқ, Қызсыздарға қызық жоқ.
Сен кірмейсің Тоқтарбай, Бай есепке санауға.
Сексен нарға саба артып, Тоқтарбай байсың қарауға. Бір күні көзің жұмылса,
40Мал мен дүниең кімдікі, Бір күні кетеді талауға.
Осыны естіп Тоқтарбай, Іші оттай күйеді,
Күйеді де жанады. Сексен нардың сабасын Қанжарменен жарады. Төгілген қымыз сабадан, Көл суындай ағады.
Тоқтарбай қылық бастады,
50Əсем киім, əсем ат, Түсе қалып тастады, Ашу ерді қаптады. Неге де болса батырды Бір қылыққа бастады.
Тоқтарбай сонда сөйледі, Сөйлегенде бүй деді:
–Уа, Аналық, Аналық,
Көп мал менен дүниені Енді талақ салалық.
60Сəуе болса пірлерден, Жоқты іздеп қаралық. Енді еліме бармаймын,
Айтқан серттен танбаймын, Сапарымнан қалмаймын.
Жердің жүзін қыдырып, Көзімнің жасы шұбырып, Жоғымды іздеп зарлаймын. Басыма жауды қара түн, Қараңғылық басып мұң.
70Аналық, айтқан мұңым шын, Малым бар деп нетемін, Мүлік, дəулет, көп малды Бүгін талақ етемін.
Бір перзенттің зарпынан Қаңғырумен өтемін.
Ей, Аналық, Аналық, Қу таяқ қолға алалық.
Иесіз малдан пайда жоқ, Иесін іздеп қаралық.
80Жəрдем болса Алладан, Бір перзентті табалық. Аналық сонда сөйледі:
–Уа, Тоқтарбай, алғаным,
Бір баланың зарпынан Қайғы отына жанғаның. Төрт қатын еді алғаның, Одан перзент болмады, Білмеймісің, бейшара, Жасыңның жетіп қалғанын.
90Алпыстан асып мінекей, Жетпіске келдің таянып. Мен қырық тоғыз жасымда, Қалай бала табамын. Үлкейе келді Аналық, Сабырлық ет, уа, қартым, Қайтып елге баралық.
–Аналық, тіліңді алмаймын,
Ант еткен менің сертім бар, Сол сертімнен танбаймын.
100Талақ еттім мал-мүлкім, Қанша айтсаң да бармаймын. Аналық сонда сөйледі:
–Олай болса, батырым,
Мақсатың болсын іздеген, Оңға пірлер бастасын.
Елуге келді жақындап, Батыр, менің қарт жасым. Жəрдем болса пірлерден, Табар перзент жас қатын.
110Батыр, менің тілімді ал,
Осы сапар үйге бар. Ақзарбапты қасыңа ал, Қаразымның шəрінде Əулие, пірлер көп дейді, Ақзарбаппен бірге бар, Пірлерге бар да, тілек сал. Тоқтарбай сонда сөйледі:
–Уа, Аналық, Аналық,
Əуелі ант еткен соң,
120Қайтып елге бара алман, Ақзарбапты қасыма Жолдас етіп ала алман. Осы жолы жолымнан
Қанша айтсаң да қала алман. Жолдас бол да өзің жүр, Жақсылық пен жамандық Жаратқан Жаппар панамнан.
–Уа, алғаным, алғаным,
Тіліңді айтқан алмасам,
130Қиындық екен маған да, Ақыр түбі аңдасам. Амалым бар ма ерейін, Мұңыңды айтып зарласаң.
Мүсəпір болған Тоқтарбай, Кедейге көңілі кеңейді.
Əуелден ақ қалыбы Жарлыны жарлы демейді. Қайырымды қарт еді, Жарлыға да мерейлі.
140Кедейді жиып алады, Үстінде асыл киімді, Шын кедейге жабады. Асыл киімдерді де,
Қақпа шекпен, жаман тон, Тоқтарбай содан алады.
Тимеген кіршік бетіне, Жібектен бөтен кимеген Аппақ қардай етіне.
Аналық беріп киімді,
150Күң үстіне жабады. Шекпен киген күң байғұс, Жібекті киді етіне. Еңіреп, жылап, езіле, Қақпа шекпен жамылып, Аналық жылап, тарығып, Тоқтарбай мен екеуі Еңіреп, өксіп, зарығып, Екеуі де қамығып.
Енді тұрсын неғылып,
160Көзінің жасы төгіліп. Қатты қайғы зарпынан, Көйлектің бауы сөгіліп. Көп қайғыға шаталып, Қасіретке маталып. Елуге келген Аналық
Ықылас күңнен бата алып, Кетуге шықты сыбанып.
Бел байлады жүруге Жылағаннан жұбанып.
170– Мүсəпір, пақыр, нашар, – деп, Тоқтарбай айқай салады. Айқайлаған дауыспен
Алба-жұлба киімді Кілең сорлы барады.
Үстінде қымбат көп киім, Ортасына жаяды.
Киімге жарлы таласып,
Төбелесіп жөніне Пақырлар кетіп барады.
180– Ей, кедейлер, болсын мерейің, Бəріңді бірдей көрейін.
Үстімде асыл киімді
Ең сорлы пақыр, жарлыңа Қолымнан бөліп берейін. Жалаң аяқ, жалаңаш,
Бас киімсіз жалаң бас, Үстіне киген құрымды, Көрген күні байғұстың Əуелден-ақ бұрынғы
190Жасқаншақ болған бейшара Алыста тұрып жылайды. Тоқтарбай байдан пақырлар Көйлек, ыстан сұрайды. Əуелден де мейірімді,
Кісі екен сірə райлы. Киімі жоқ жалаңаш, Жарымаған алаң, аш.
Тоқтарбай өз көзімен қарады, Пақырларын табады.
200Жалаңаштың үстіне Асыл киім жабады. Талайлары кедейдің Киімденіп қалады. Батасын беріп шуласып, Бəрі қолын жаяды,
Ақ батасын қағады.
Əлқисса, пақырлардан бата алып, Тоқтарбай мен Аналық жаяулап, жалпылап перзент іздеуге сапар шегіп жүріп кетеді. Кедейлер мейірімді қарттың балалы болуын тілеп қала береді.
Қу таяғы қолында,
Көп дəулеттен не көрді. Бір баланың зарпынан
210Көкірек қайғы, шеменді. Тоқтарбайдың бай басы Аналық пен екеуі
Құл мен күңге теңелді. Ел, мүліктен безеді, Дүние жүзін кезеді.
Көзінен аққан қара жас Омырауына төгеді.
Күннің ыстық күнінде Талай-талай шөл көрді.
220Шөлдеуменен меңдеді, Екеуі жылап еңіреді. Маңғыстаудың бойында Əулиелер көп екен, Пірлерге пақыр келеді. Шетінен түнеп пірлерді, Қалта толы сары алтын Шырақшыға береді. Қанша пірге түнеді,
Еш болмады себебі.
230Қолындағы таяқтың Үш тұтамы қалады. Аяққа киген етіктің Тек тақасы қалады. Тоқтарбай мен Аналық Екі нашар, қос ғаріп, Екеуі де арыпты, Арып, жүдеп талыпты.
Тоғыз жүз тоқсан əулие, Баршасына барыпты.
240Бəрінен себеп болмады, Қайғы отына жаныпты.
Жылауменен байғұстың Көзінің нұры жойылды. Етігінде ұлтан жоқ, Табандары ойылды.
Маңғыстауда шаһарға, Көрінуге де қорынды. Қандай болған кісі еді, Осындай халге түседі.
250Табандары ойылып, Аяқтары іседі.
Көрген жолы қиын-ды, Көзден аққан қара жас Қойынына құйылды, Сонда да пірге сиынды. Тоғыз ай күні өтеді, Жылаумен өмір өшеді. Қаразымнан кетеді,
Еш ишарат көрмеді,
260Түсінде себеп бермеді. Екі пақыр зарығып, Арықтап əбден меңдеді. Күн он бір ай болады, Алба-жұлба болады, Қайғы ішіне толады. Қаран күні қараңғы, Қызыл гүлдей ажары, Қу томардай солады. Он екі айдың жүзінде
270Тап сол жылғы күзінде, Бір жер мола кездесіп, Жер молаға келіпті, Келе сөйлей беріпті. Сол молаға келгеннен
Шаршаған көңлі сергіпті.
–Ей, жер мола, жер мола,
Мен де сенімен тең мола. Мені өзіңдей көр, мола, Ықыласым құлады,
280Мен де пақыр, сен пақыр, Бір перзентті бер, мола. Басына шырақ жағады, Қос пақыр түней қалады. Қатып келген қабағы
Көз ұйқыға барады. Қатты ұйықтап қалады, Төбеден жұлдыз ағады, Таң смері жауады.
Таң мезгілі болғанда,
290Таң шабыты толғанда, Тоқтарбай байғұс арманда, Арманда болған жазғанда, Түсінде аян болады.
Көк есегі астында,
Ақ шалмасы басында, Бір адам келіп сөйлейді:
–Уа, Тоқтарбай, Тоқтарбай,
Басыңды көтер сен, – дейді. Келген пақыр сен бе едің,
300Қайғылы болған шерлі едің. Осы жасқа келгенше,
Бір перзентті көрмедің. Бір баланың зарпынан Жердің жүзін кезгенің. Дүние-мал, еліңнен, Қоныс еткен жеріңнен, Талақ етіп безгенің.
Қайырымсыз хандардан, Тоқтарбай, тарлық көргенің.
310Қаразымда əулие
Саған себеп бермеді. Ықыласпенен түнедің, Ықыласты пірің – мен, – деді. Ей, мүсəпір, болсын мерейің, Қолтығыңнан демейін.
Зарығып келген Тоқтарбай, Екі бала берейін.
Енді еліңе барыңыз, Зарығып келген Тоқтарбай
320Қонды қайта басыңа. Бақтан артық бағыңыз. Сүйдеп қолын жаяды, Бір батасын қағады. Ұйқысынан оянып, Бала іздеген Тоқтарбай Төңірекке қарады. Ешнəрсе жоқ қараса, Аналықты тұр-тұрлап, Оятып жылдам алады:
330– Ей, Аналық, Аналық, Ишарат түс мен көрдім, Бақ-дəулетті кен көрдім. Таң алдында түсімде Екі перзент мен көрдім. Осы көрген түсімде
Баланың бірін ер көрдім.
Ай менен күннен нұр көрдім, Ер қолында ту көрдім.
Ақ бидайдың дəніндей
340Алтын айдар тұлымды, Нашар да болса білімді, Қуаныш көрген күнімді, Абырой, əжет, шын көрдім. Тілектесі, сүйеуі –
Артынан науша қыз көрдім. Аналық сонда сөйлейді:
– Мен де айтайын түсімді, Түсімде көрген ісімді.
Ақбоз орда ішінде
350Келбеті келген пішінді, Жауырыны қақпақтай, Қос шекесі тоқпақтай, Алғыр бүркіт қабақты, Арыстандай айбатты, Қуанып көңлім жаратты. Ұл перзентті мен көрдім. Тар құрсағым кеңіпті, Тас емшегім жібіпті. Сəулетті, кеңдік заманды
360Бұл бəйбішең көріп жүр. Бір арыстан, ай нарша Емшегімді еміп жүр. Қуанышпен шаттанып, Арықтаған екеуі
Елге қайтып жөнелді. Ісігі қайтып аяқтың, Көңілі өсіп шат болып, Жас күніне теңелді.
Жасармай бұлар неғылсын,
370Шын ишарат көріпті. Көрген түске сеніпті, Көңілі өсіп желікті. Он екі айдың жүзінде Қайтып елге келіпті.
Малын сойып, ел жиып, Садақасын беріпті.
Қуаныш ойға толады, Елуге келген жасында
Аналық жерік болады.
380Енді бала көтеріп, Баладан кеткен түңіліп, Омыртқасы үзіліп,
Бес айдың жүзі болғанда, Іші қалды білініп.
Жеті ай күні толғанда, Салмағына шыдамай, Еңкейіп жүрді бүгіліп. Тоғыз ай, он күн толады, Туар мезгіл болады.
390Он алты күн толғатып, Ұл перзентті табады.
Аңсап жүрген қос қарттың Мерейін пірлер қандырды, Қуаныш көңлін жандырды. Кіндік кескен əйелдің
Осы туған жас бала Ұйытып қолын талдырды.
Ат шаптырып, той етіп, Халқына хабар салыпты.
400Ретті тойы парықты, Той қылғаны анық-ты. Алтын қабақ аттырып, Ат бəйгесін шаптырып,
Қуаныш көңілін шат қылып. Сапырулы сары қымыз, Келген жанды мас қылып.
Кілтін ақша ашады, Алтын менен күмісті Пақыр, міскін алсын деп,
410Қуанышқа шашады. Осындай жиын той қылды, Келген халық баршасын
Аппақ майға тойдырды. Алтыннан бесік соқтырып, Күмістен шүмек құйдырды. Мүсəпір, жарлы адамды, Тоқтарбай жиып алыпты, Есебі жоқ дəулетті
Тойға келген елдердің
420Ортасына салыпты. Аш, жалаңаш адамдар
Олжаға байып қалыпты. Ат қоюға тағы арнап, Ту бие мен қомды нар Атаққа арнап сояды.
Құрметі үшін баланың Көп дəулетті жояды. Сағынып көрген баланың Қобыланды атын қояды.
430Бірге жасы жетеді, Екіге жасы келеді, Ата менен ананың Сүйеніш бала тірегі. Тағы буаз əйелі,
Пірлерден болған себебі, Жаз ортасы болғанда, Тамыздың күні толғанда, Бір қыз бала тауыпты.
Тоқтарбай қарт жақсы адам,
440Сабыры көп, білікті. Ер тілегі қабылы, Аналық пен Тоқтарбай Жана бір қыз сүйіпті.
Ер мақсаты болған жер, Мереке тағы той етіп, Шашуына көп ақша,
Перзент үшін жойған жер. Осы туған баланың Қансұлу атын қойған жер.
450Бірге жасы жетеді, Ата менен ананың Қуаныш көңлі өседі. Екіге жасы келеді,
Сағынып көрген баласын Ардақтап баға береді.
Үшке жасы келгенде, Тілі шығып сайрады. Қуаныш көңлі жайланып, Төртке жасы келгенде,
460Балалармен ойнады, Ойынға Қобылан тоймады. Беске жасы келгенде, Парасат ақыл ойлады. Алтыға жасы барады, Ақыл, сана табады.
Жеті-сегіз жасында Ата менен ананы Құрмет етіп бағады. Тоғыз бенен он жаста,
470Көп қыпшаққа жағады. Құрметті Қобылан балаға Халық ақыл салады. Қобыланды бала сөз айтса, Халық қабыл алады.
Он бір жастан өтеді, Келбеті келген сияқты Жас теректей өседі.
Он екіге келгенде, Ала тұлпар мінеді,
480Үстіне сауыт киеді.
Алмас пенен садақты Беліне орай іледі.
Арыстандай айбатты Алып-ұшып жүреді.
Үш қырлы жебе, көк найза Ордасына сүйеді.
Қобылан атты батырдың Ел тілегін тіледі.
Жаугершілік заман деп,
490Елді қорғап, бағам деп, Он екіге жас толды.
Сүйенді халқым маған деп, Өзіне қатар баллардан Қасына жолдас алады, Қарауыл Қобылан қарады. Қарауыл қарап жүргенде, Шаң-шұң еткен көп дауыс Құлағын келіп жарады.
Дауысты естіп қызады,
500Астындағы ала аттың Санына қамшы ұрады. Сол дауысқа барам деп, Ана тауға шығады, Мына тауға шығады. Сол дауысқа жете алмай Аң-таң болып тұрады, Қайтып үйге барады.
– Тоқтарбай əкем сен едің, Жалғыз балаң мен едім.
510Алыстан естіп көп дауыс, Сол дауысқа жете алмай Арманда болып келгенім. Осы дауыс не дауыс, Айтып бер, əке, себебін.
– Жақсы айтасың, шырағым, Дауысты байқап сынадың.
Сені көрмей тұрғанда Еңіреп, өксіп жыладым. Сені көзім көрген соң,
520Болып еді мұрадым. Айтпасыма амал жоқ, Қиылып, ұлым, сұрадың. Осы дауыс себебі:
Руы қалмақ ел еді, Есепсіз, сансыз көп еді. Хабары талып келеді, Дəумаманың Аққұртқа Айдан сұлу деп еді.
Кемелге келіп сол Құртқа
530Теңін тауып халықтан, Сынап береді деп еді. Теңін тауып берем деп, Күйеуін сынап көрем деп, Бек сауытын белсенген Батыр болса берем деп, Лайығын табам деп. Ардақтаған Аққұртқа Кəдірлі жалғыз балам деп. Уəзірлерін жиып ап,
540Неше күн кеңес қылдырған. Баршасының ақылы
Ер қайратын сынауға, Шойыннан терек құйдырған. Ару, сұлу Аққұртқа Майысып тұрған балдырған, Көздің жауын алдырған.
Көрген жанның көрікпен Көргенде есін тандырған. Шойыннан құйған терекке
550Күмістен бұтақ салдырған. Хабар салған Дəумама
Он екі ханның еліне, Еліндегі еріне.
Беремін деп Құртқаны Құйған шойын құлатқан Қайраты асқан еріне.
Қобыланды сонда сөйлейді:
– Батаңды бер, ал, ата,
Мен сол Дəумаманың шəріне
560Тəуекел етіп барайын. Бұйыра қойса тұз, нəсіп, Теңімді іздеп табайын. Тегіннен тегін мал бермей, Қыз Құртқаны алайын. Құлаққа хабар тиген соң Бармай неғып қалайын? Ердің аты шыға ма, Таңдап тұлпар ат мінбей,
Ат құйрығын шарт түймей.
570Қолымдағы көк найза Қара тастан өткізбей. Өзінің тайпа халығын Тереңдеп тегін қайратпен Ару таңдап қыз сүймей. Несі батыр батырдың – Таңдап жүйрік мінбесе. Шығыршықты көк сауыт Берік сақтап кимесе, Орай садақ, қырық кез оқ
580Орай белге ілмесе. Жасанып тұрған сансыз қол, Жападан жалғыз тимесе. Күні де бір, түн де бір,
Жау ішіне кірмесе. Қыпша белді ақ қылаң Тартып алып қайратпен Теңін тауып сүймесе.
Ер мақсаты бола ма, Қайтпай жауға кірмесе.
590Жылқыдан тұлпар мінейін, Шығыршықты көк сауыт Кебінім деп киейін.
Тауға салса тас кескен, Айбаттанса бас кескен. Ханнан қайтпас ақ алмас Орай белге ілейін.
Батаңды бер, ата-анам, Тəуекел етіп жүрейін.
Мың болмастан сан болсын,
600Сан жетпейтін қол болсын, Барып жауға тиейін.
Қарт анам мен қарт атам, Сізге тілек саламын.
Мақұл көрсең екі қарт, Осы жауға барамын.
Алға басқан жас жанмын, Қайтармаңыз талабым.
Айдан ару Құртқаны Қалмақтан тартып аламын.
610Құртқадан хабар келген соң Бармай неғып қаламын?
Талапты туған жас ұлмын, Қайырмаңыз талабым.
Сонда атасы сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді, Қайғыланып қарт сасып, Не болғанын білмейді.
Əлден уақыт болғанда, Əкесі ақыл тоқтатып,
620Азар бойын билейді:
– Ей, Қобыланды шырағым, Сені көрмей тұрғанда Қайғымен өксіп жыладым. Қоныс еткен жерімде,
Ұлан байтақ елімде, Болмады менің тұрағым. Жетпіске жасым жақындап, Болмаған соң мұрадым,
Қу таяғым қолға алып,
630Пірлерден бала сұрадым.
Жалғызым, тыңда мұңымды, Сені көрмей тұрғанда, Білмеді халық бұлымды.
Жер жүзін кезіп, қыдырып, Қарт əкең мен қарт шешең, Баладан кеткен түңіліп.
Сен туған соң жалғызым, Қызық көрген күнімді, Қансұлу мен Қобыланжан,
640Өсірдік сипап тұлымды. Дəумаманың Аққұртқа Кемелге жасы толған соң, Анасы оның Дəумама Беретін күні болған соң, Он екі ханның еліне Патша хабар салыпты.
Көзімен сынап көруге. Лайықты батырдан Теңін тауып беруге.
650Не келер де, не кетпес, Басы жұмыр пендеге.
Шойыннан терек құйдырған,
Қайраты асқан ерлердің Күшін сынап көрмеге. Құртқаны берем деген соң Жиылмасын ел неге.
Құртқаға ғашық сыртынан Келмесін тойға ер неге.
Дəумама үкім етті байтақ елге, 660Дəмелі Аққұртқадан талапты ерге.
Мақсаты өзімсініп баршасы да, Айдынды айдан сұлу Құртқа серге. Талабы батырлардың Құртқаны алып, Мақсаты, бар мұраты шықпақ төрге. Батырлар кезек-кезек теректі атты, Сақ етіп атқан оғы кейін қайтты.
Үсті-үстіне желігіп алмас шапты, Шапқан қылыш өтпеді сол шойынға, Ерлердің мықтымсынған беті қайтты.
670Көрген жан қызығына батып жатыр, Батырлар кезек-кезек атып жатыр. Оқ тимей бірқатары асып жатыр, Аңсызда бірқатарлар кетті қапыл, Айқайласып қалмақтар шулап жатыр. Қалыңда, қапылыста кейбір оқтан Бірқатар жан оқ тиіп құлап жатыр.
Бір қыз үшін шулаған көп қалмақтың, Талайы аңсыз өліп қирап жатыр.
Таланды туған ер Қобылан,
680Қарауыл тағы қарады.
Ақсұр аты астында, Тау басына барады. Ер қаруы – бес қару, Айқара бойға асынып, Қарауыл тағы қарады.
Қарауыл қарап тұрғанда Үш жолаушы тап болды. Аққұртқаның тойының Хабарына Қобылан қанады.
690Қобыланды батыр желігіп, Тоқтарбай мен Аналық Екеуіне барады.
– Əкем, шешем сен едің, Жалғыз балаң мен едім. Аққұртқадай арудың Хабарын естіп қуанып, Шын желігіп келемін.
Жақсылық пен жамандық Маңдайымнан көремін.
700Анам менен қарт атам, Батаңды берсең деп едім. Ықыласпен бата бер, Батаңды берсең барамын. Егер бата бермесең, Қайырдың ердің талабын. Ықыласпен қол жайсаң, Мен Құртқаны аламын.
Ілгері басқан перзенттің Қайырма, ата, талабын.
710Хабарына ғашықпын, Бармай неғып қаламын. Сонда атасы сөйлейді:
– Балалықпен, балам, айтасың, Айтып тұрған ол жерің
Адам барар жер емес, Барам деуің жөн емес. Сан жетпейтін халықтың Ерлері сенен кем емес.
Балам, бекер бармаңыз,
720Бармаған болар пайдаңыз.
Əкең менен шешеңнің Сөзін тыңдап, аңдаңыз. Беркіндегі қалың ел, Есебі жоқ сансыз жау, Оған болмас айлаңыз. Сонда Қобылан сөйлейді:
– Жеделденген балаңмын, Бармағаным мін болар, Батырлыққа кір болар,
730Менен артық кім алар. Бармай қалсам егер де, Ерлігіме сын болар.
Сонда анасы сөйлейді, Сөйлейді де толғайды:
– Қайырылмайсың, шырағым, Жасы жеткен бабаңа.
Бермеймісің шын тілек Тоғыз ай, он күн көтерген Тілеп алған анаңа.
740Бөтен жерден теңің тап, Байтақ елден қара да.
– Көңілім, анам, желікті, Қанша айтсаң да тұра алман, Өтінгенмен тіл алман.
Беренгі сауыт белсеніп, Қайратыма сия алман. Жақсылық пен жамандық – Жазған шығар бір Аллам. Айдан сұлу Құртқаны
750Терімді төгіп алармын. Он екі ханның ерлері Берік тұрған құралдан.
– Əкеңнің тілін алмадың,
Анаңның айтқан сөзіне Құлағыңды салмадың. Қайсар туған ер Қобылан, Жеделіңнен танбадың.
Оңай болмас, шырағым, Он екі ханның қол асты
760Елін жеңіп түп-түгел, Құртқаны тартып алмағың. Сонда Қобылан сөйлейді:
– Ажалым жетсе өлгеймін, Қабыл болса сапарым, Құртқаны алып келгеймін. Қолда тізгін барында, Ерліктің қонған бағында, Қолымдағы көк қылыш Қалмаққа қарсы сермермін.
770Өтінбе, əкем, қарт шешем, Өтінгенмен көнбеймін.
Берік асындым бес қару Өзіме өзім сенгенмін.
Əкесі мен шешесі Шарасыз қолын жаяды, Екеуі бата қағады.
Ата менен анадан Батыр туған ер Қобылан Ықыласпен бата алады.
780Ақ боз атпен жарқылдап, Белінде қылыш сартылдап, Қобыланды кетіп барады. Күні бес күн болады, Алтыншы күнге толады.
Қарашоқы басынан
Қарауыл Қобыланды қарады. Шулаған халық дауысы,
Құлағын ердің жарады. Тағы бір күн жорытты,
790Астындағы ақ боз ат Ор қояндай орытты.
Қобыланды мықты шонықты, Алдынан тура батырдың
Бір қара оба жолықты. Қара обаға барады, Қарауыл Қобылан қарады. Есебі жоқ əскерді, Жиылған сансыз халықты Ердің көзі шалады.
800Күш қайратым көрсін деп, Батырлыққа сенсін деп, Айбатыма шыдамай, Күннен сұлу Құртқаны Еркімен жаулар берсін деп, Екпінінен садақтың Жолдағысы өлсін деп, Садақты толғап алады.
Алыстан көрген қалмаққа Қобыланды тартып қарады.
810Тоқтайтұғын оқ емес, Зулап кетіп барады. Жолындағы жаулардың Қабатынан келгенді Қабаттап өтіп барады. Қыл жалаулы жаулардың Талайларын қағады.
Оқ өткенде тулады, Ағып қаны зулады. Оқ екпінін көрген соң
820Он екі ханның қол асты Қойдай маңырап шулады.
Қырық қызы бар қасында, Алтын телпек басында, Кемалға келген жасында, Гауһар моншақ шашында, Қиялға келді Аққұртқа Ақылға асқан асылға.
«Мамекелеп» Дəумаманың Осындай тұрды қасында.
830– Көңілімді айтайын, Ал тыңдашы, мамам-ай. Білгенің болса тура айт, Ал, мамеке, маған-ай, Өтінем, анам, саған-ай.
Қайдан шыққан бұл садақ, Қабат келген ерлерден, Қабаттап өтіп барады-ай. Кейбір шеттеп кеткен оқ, Шойын терек бұтағын
840Қу ағаштай қағады-ай. Мынау кімнің ұлы екен, Батырлығы шын екен, Көңіліме жағады-ай.
Тұрған жерден жақындап, Қобыланды бермен келіпті. Шойыннан құйған теректі Көзбен байқап көріпті.
Садақ толы жебені Сарыжаға керіпті.
850Ырғап келіп алыпты, Тартып келіп қалыпты. Шойыннан құйған теректі Ортасынан жарыпты.
Соны көріп сасады,
Он екі ханның қол асты:
– Екі атқаны мынадай,
Үшінші атса қырады-ай. Екпінін көріп шыдамай, Самсап тұрған көп қалмақ
860Қашуға бет бұрады-ай, Атына қамшы ұрады-ай.
Енді қалмақ қашады, Атқа қамшы басады. Ерсініп тұрған қалмақтар Мұзбел деген таулардың Ар жағына асады.
Қорқып қалмақ сығынды, Сығынбай қалмақ неғылсын, Көк сауытты Қобыланның
870Мықтылығы білінді, Дұшпандар жаннан түңілді, Қалмақтар қашып тарады. Ару, сұлу ақ Құртқа Дəумаманың қарағы
Не қылса да бұл Қобылан Қыз Құртқадай арудың Сынағына жарады.
Қашып қорлық көргенше, Қасына жақын келгенше,
880Оттай іші жанады.
- Ал, мама, ақыл салайын, Ақылдасып қарайын.
Мамеке, тіліңді алайын, Сынадың ердің талайын. Кімдер мықты, кім осал, Қайсысына енді барайын?
- Жақсы айтасың, шырағым, Мақсат пен болды мұрадың, Ерлерді байқап сынадым.
890Өмірі ұзақ, ұзын жас,
Жолдаспен болар тұрағың. Дəумама анаң сынады-ай, Көңілім тоқтап тынады-ай. Алыстан тартқан садақ оқ Ғайыптан зулап шығады-ай. Құйған шойын бұтағы,
Тұс-тұсына құлады-ай. Он екі ханның ерлері Мықтылығын көрген соң, Бəрі қашты шыдамай.
900Сынауым шайтан болмаса, Таланды туған жас дейді. Қобыландыдай жас бала, Хабарыңды естіп, Құртқажан, Келген шығар шыдамай.
Əруақты ердің данасы, Тоқтарбайдың баласы. Ақылды ата-анасы, Ғайыптан келген осы ер Қобыланды шығар шамасы.
910Қызым Құртқа, бағың бар, Жолына кілем салыңдар. Қырық қыз жолдас қасыңда, Салтанат, сəнмен барыңдар. Дидар жүзін көріңдер, Табанын жерге тигізбей Көтеріп алып келіңдер.
Айбатты туған Қобыланның Дидарын, қыздар, көріңдер.
Сөзіне кемпір қандырды,
920Қызметкері, қырық құлға, Қобыланның жүрер жолына Төсетіп кілем салдырды.
Кілең жібек кигені,
Салтанат сəнмен жүргені. Табылды деп Құртқаның Халықтан таңдап сүйгені. Айдан сұлу Құртқаның Халықтан іздеп жүргені. Қырық қыз бар қасында,
930Алтыннан тон жамылып, Оттай беті қабынып, Ғашық болып Қобыланға Көргенінше сағынып.
Асық болған сұлу жар Шыдап тұрсын неғылып. Қырық қызбенен қылаңдап, Ақ қайраңдай сылаңдап, Нəзік белі бұраңдап, Кербездікпен керіліп,
940Басуға аяқ ерініп,
Ер Қобыланды көргенше, Қуанып Құртқа желігіп, Қос шашбауын тебініп, Алдынан шығып барыпты, Көрісіп қолын алыпты.
Қуанышты көңілі
Қобылан менен Құртқаның Қосылған күні анық-ты.
Қырық қыз жолдас қасында,
950Құшақтасып баршасы, Құртқаның мекен-жайына Қызықпенен барыпты.
Батыр Қобылан келген соң, Дəумама ерді көреді.
Қуаныш етіп көңілі, Ерлігін сынап сенеді. Қуанышты қызық той Мереке еткен жері еді.
Елі-жұртын Дəумама
960Басын құрап жияды, Халықтың басын құрады. Отыз күн ойын, қырық күн той Осындай қызық қылады.
Қобыландыны жақсы қарады, Қару-жарақ асынып, Қобыланның жатқан алтын үй, Қырық жігіт беркін бағады.
– Ей, Қобыланды ер, Қобыланды ер, Көңілімде айтарлық,
970Батыр, сізге сөзім бар. Қарақыпшақ елің бар, Жетпіс күн болды келгелі, Қайтатын елге жөнің бар. Жан жолдасым сен едің, Сұлу Құртқа мен едім.
Ғашық болып қосылған Сүйіскен жолдас тең едің. Көңілімдегі сөзімді Айтатын, батыр, жөнім бар.
980Келгеніңе көп болды, Қарақыпшақ елің бар, Еліңде құрбы, теңің бар. Біраз болды жатқалы, Қайтатын елге жөнің бар. Келгеніңе көп болды, Қарақыпшақ елің бар, Кеткеніңе көп болды, Ағайыннан араңыз, Ақылға салып қараңыз.
990Жалғыз ұлын сағынып, Тарыққан ата-анаңыз. Ерде болады даналық,
Өзіңе ақыл салалық. Мақұл көрсең ер Қобылан, Енді еліңе баралық.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– Алған жарым сен едің Байтақ жұрттан қалаған. Жан жолдасың мен едім
1000Өзіңмен қатар балаған.
Ұлықсат болса кетелік Дəумамадай анадан.
Дəумамадай анаға
Хат жазамын мен, – деді. Жан жолдасы Аққұртқа:
– Айтқаның тура, жөн, деді. Ер игісі доста бар,
Əуелден нақыл сөз еді. Дəумамадай анадан
1010Ұлықсат сұрап қарайын.
Ұлықсат болса анадан, Қайтуға пұрсат алайын. Қарақыпшақ халқымда Білікті талай данам бар, Сағынған ата-анам бар. Асыл ердің белгісі, Үлкеннің қақын тамамдар.
«Дəумама атты анайым, Ұлықсат берсең қайтуға,
1020Енді еліме барайын. Жасы жеткен екі қарт Сағынған ата, анайым.
Қобылан қашан келер деп, Көзі талып телміріп, Тұрған қыпшақ ағайын» – Осылайша хат жазып, Дəумамаға беріпті,
Хатын оқып көріпті. Қобыландының сөзіне
1030Шешесі əбден сеніпті.
Ақылдасып ойласқа Өзі менен жолдасқа
Келің деп хабар беріпті. Білімді би мен ер келді, Азамат ерлер тең келді. Келген сонша халыққа Дəумамадай дана адам Тура сөз айтып сөйледі:
– Мақұл көрсең елдерім,
1040Ел ішінде ерлерім, Білікті би мен бегілерім,
Аққұртқам менің ардақты, Қобыланды батыр бергенім. Келгеніне көп болды, Қайтамын деп ер Қобылан Сағынған Қыпшақ елдерін. Мереке тойын қылалық, Астана елді жиялық, Халықтың басын құралық.
1050Аққұртқаның қызығы Тойға малды қыралық. Мерекеге ел жиылып, Есепсіз жылқы, қой қырды. Келген халық баршасы Арақ пенен шарапқа, Келген жанды тойдырды. Алтын қабақ аттырып,
Ат бəйгесін шаптырып, Сапырулы сар қымыз,
1060Келген халықты мас қылып.
Ортасына ту тігіп,
Қуантып елді шат қылып. Сексен нардың үстіне Есепсіз жасау арттырып, Жібектен арқан тақтырып. Тəрбиесін өзгеден Анағұрым арттырып.
Өзге той мұндай болған жоқ, Талай патша қыз берген,
1070Мұндай дəулет жойған жоқ.
Қызмет қылды Дəумама, Жалғыз қызға қорған боп. Күміспенен күптеген, Алтынменен аптаған.
Мереке талай той болды, Мұнан еш той аспаған. Қызға берер жүктерін Кіл жібектен қаптаған.
Қазына сансыз пұл берді,
1080Мерекелі бұл тойды Дəумама дана үлгерді. Қобыланға қызмет етуге Жалшы берді, құл берді. Құртқаға қызмет етуге Салтанатқа күң берді.
Бір-біріне жарастық Алтын шашақ ту берді. Тəрбие мен қонағын Патша əйел үлгерді.
1090Сексен нарды арттырып,
Қобыланның еліне
Көшті тарттырып жүрді енді.
Əлқисса, Қобыланды батыр көшпен біраз жол жүріп кел- геннен кейін, көшті өз елінің жолына салып: «Енді ел жақын, біздің елдің жайлауына келдік. Енді көштен озып елге хабар
берейін, қалған жерге өздерің көшіп келерсіңдер, мен озып елге хабар айтайын», – деп жүріп кетеді. Құртқа көшке басшы бо- лып қалады. Қобыландының, яғни Тоқтарбайдың көп жылқысы мекен етіп жайылып жатқан бетегелі, шалғынды жердің орта- сыменен жүріп, ортасы шұқырайып жайылып жатқан көп жылқыны қақ бөліп ортасынан жүреді. Жылқы жайылып жатқан жердің бір жағы жазық, бір жағы көл еді, бір жағы дөң еді. Тоқтарбайдың бас жылқышысы Өтеміс деген ер еді. Бұл көштің алдынан шығып, ол Қобыландының тапсыруы бойын- ша, көшті тосып алады. Қобыландының тапсырып кеткен сөзі бар еді: «Ендігі қалған жерге көшті бастап елге алып барасың» деп еді. Өтеміс көшке келіп ару Құртқаны көреді, дидарла- сып сəлемдеседі. Көш үстінде келе жатқан сұлу Құртқа көп жылқыға көзін салып келе жатып, қысырақтың үйірінде желіні дертіп, қарыны жер сызып, туар мезгілі таянған керқулықты көреді. Көштен түсіп, жаяулап барып керқулықтың алды, ар- тына шығып сынап қарайды. Керқулық тұлпар табатын жануар екен, ішіндегі құлыны тұлпар екен деп сынайды.
Қулықты Құртқа сынады, Əрбір мүше, тəндері Аққұртқаға ұнады, Көрген соң көңлі тынады. Бір ауыз сөз сол жерде Өтемістен сұрады:
– Биесі болса атамның
1100Өтінем сізге мен деді. Жасы жеткен атамның Сенімді ері – сен деді. Керқұлықты атамнан Көрімдікке сұраймын, Атайға хабар бер деді. Өтінемін атамнан Баласындай көрер деп, Атакем маған сенер деп,
Дəме етемін атайдан
1110Қысырықта кер қулық Көрімдікке берер деп. Көрімдікке бермесе, Беруді мақұл көрмесе, Келініне сенбесе, Бермегенім жөн десе, Қоңсы болып қонбаймын. Көрімдікке алмасам, Қайғылымын, оңбаймын. Осы жерге қонамын,
1120Керқулықты алғанша,
Мен Қыпшаққа бармаймын, Айтқанымнан танбаймын. Атам берсе қулықты, Еншіме соны арнаймын.
Еншіме оны бермесе, Қайғылы, мұңды келінмін, Жылаймын да, зарлаймын. Сүйдеді де Аққұртқа Қонып қалды көліне.
1130Жылқышының қос тіккен
Мекендеген жеріне. Өтеміс кетті хабарға Тоқтарбай қарттың еліне. Ертең тал түс болғанда Аттан түсіп Өтеміс Сəлем берді иіліп,
Сексенге келген Тоқтарбай Даңқы күшті еріне.
Азаматтар жиылып,
1140Кеңес еткен күн еді, Тоқтарбай қарттың төріне.
Əлқисса, Өтеміс Тоқтарбайдың үйіне кіріп, төрде отырған- дардың барлығына сəлем береді. Амандасып болғаннан кейін отырған жұрт: – Алдынан қыз, келіншек кетіп еді, келіннің кө- ші жақындады ма, неғып кешігіп жатыр? – деп сұрады. Сонда Өтеміс тұрып: – Аққұртқа көп жылқының ішінен қысырақтың үйірін көрді, оның ішінен керқулықты көрді. Алды, артына шығып сынап, осы керқулықты атам маған көрімдікке берсін, енші етемін, осы хабарды атамның құлағына сал, не дер екен, айтқан сөзін алып кел деді. Соған мені жіберіп еді, кəзір келіп отырған жұмысым осы, – деді. Егер керқулықты бермесе, онда атамның мені қайғыландырғаны деді. Сонда отырған халық ду ете қалды, келіннің сұраған керқұлығын беру керек, өз балаңнан аяйтын нең бар деді. Сонда Тоқтарбай қарт: – Ердің жеті дұшпанының бірі əйелі деп еді, керқулықтың ішінде тұлпар бар, мен оны көрімдікке бере алмаймын. Қобылан мен Құртқадан бөлек жинайтын малым да жоқ, бірақ сонда да керқулықты беруге сене алмаймын. Мал-мүлкім екеуінікі, қанша сұраса да, не сұраса да басқасын сұрай берсін, тек кер- қулықты сұрамасын. Мал-мүлкімнің қожасы Қобылан мен Құртқа. Өлерімнің шағында, сақалымның ағында керқулықты өзімнің еншіме алып қаламын. Сонда Өтеміс былай дейді: – Отырған халық тыңдаңыз, Құртқаға керқулықты бермесеңіз, көп қайғы-қасірет түсетін секілді. О халық, керқулықты бер- ген мақұл ма, бермеген мақұл ма, өздерің ақылдасыңыз. Сон- да Аналық: – Ей, Тоқтарбай, Қобыландыны көрмей тұрғанда қандай едік. Тілегеніміз болған соң Қобыланды кемелге келіп, он екі жасқа толған соң жат жұртқа барып өзінің теңін тауып алды. Қобыландының жан жолдасы Құртқаның тілегін бер- мей тауын қайырғаның қалай, керқулықты сен бермесең де мен беремін, алсын, – дейді. Отырған халық осы сөзге ырза болып, Тоқтарбайдың билігін алып, керқулықты көрімдікке бермек болды. Көп жолдаспен қыз Құртқаны көшіріп, отау- ды Тоқтарбайдың қасына əкеліп қондыруға Өтеміс жүріп кетеді. Құртқаның алдынан шыққан қыз-келіншек, бозбала жарастықты сауыт-сайманымен Құртқаның қостанып жатқан
жеріне барып, көлден көшіріп елге жүре бастайды. Құртқа керқулықты өзінің еншісіне берілгендігін естігеннен кейін жылқыдан керқулықты ұстап, көшпен бірге алып жүреді. «Осы қулықты бөлек бағайын деп едім» деп, көшіп келгеннен кейін өзіне арнап отауын тіккізеді, сарай салғызады, сарайдың ішін терең етіп қаздырады. Аяғына қатты жер тимесін деп астына кілем жайылдырады, салқын тимесін деп жарға кілем ұстайды. Сөйтіп керқулықты осылай бағады. Тоқтарбай қарт баласының жат елге барып, аман-сау келгеніне, сұлу Құртқа секілді келін- нің құрметіне астана жұртын жинап үлкен той етеді.
Жер астында ардақтап, Керқулықты бағады.
Асты, үстін құрғатып, Жеті жігіт жақсы қарады.
Жібектей жал мен құйрығын Жез тарақпен тарады.
Туар күні таянды, Жұмсаққа құлын түссін деп,
1150Астына кілем жаяды. Қалың кілем үстіне Мақпалдан төсек салады. Тоғыз ай күні толыпты, Туатын күні болыпты.
Маңынан бие кетпе деп, Қыдырмаңыз шетке деп, Мақпал төсек үстіне Аяғын жерге тигізбей, Көтеріп қолмен тудырың.
1160Егер сендер үйтпесең, Мойныңда болар өкпе деп. Құлынның қалай туғанын Білдірмеңіз шетке деп, Болмасын дабыл көпке деп, Жетеуі жақсы қарады.
Бие қашан туад деп, Ұйықтамастан бағады. Төбеден жұлдыз ауғанда, Түрегеліп керқулық
1170Торы құлын табады.
Қалғып кетіп бір жігіт, Жаңа туған құлынның Жерге тиді аяғы.
Ілініп кеткен жігіттің Қалғыған ғана кезі еді. Тəрбиемен тусын деп, Жігіттерге Құртқаның Осылай айтқан өзі еді. Аяғы жерге тигеннен
1180Тобығы меңді болғаны,
Жерге тиген себебі. Жаюлы тұрған жібекке Туған шақта жас құлын, Тіке түссін деп еді.
Кемелге құлын келген соң, Үстіне қатты тигізбей, Мақпалдан жабу жаптырды. Мойнынан қатты тигізбей, Жібектен арқан тақтырды.
1190Тəрбиемен өссін деп, Сары балға тамдырып, Торышаның көңілін Шын өсіріп шат қылып, Жетеуіне қаратты, Шыны бағып қарапты. Күн-түн сайын торының Тарақпен түгін таратты.
Əлқисса, ендігі сөзді Қырымның қырық батырынан естіңіз.
Қырымдағы қырық батыр, Оза шауып əр жаудан
1200Қайрат, күшпен олжа алған.
Көрсе жауды долданған, Талай батыр паңды алған, Қарсыласып ханды алған. Алшағыр қалмақ шаһарын Шабуға ой мен жадыға алған. Қырымдағы қырық ердің Қартқожақ екен ағасы.
Қасындағы жолдастың Ақылдасар, ойласар,
1210Талайды көрген данасы.
Жау ізденіп батырлар Ақылдасқан шамасы.
- Қартқожақ, басшы сен деді, Қасыңдағы жолдастар,
Сізге ақыл саламыз. Лайықты бір жауды Өзің тауып бер деді.
- Жақсы айтасың, жолдастар, Ер қаруы – бес қару,
1220Тастан қайтпас алмас бар.
Қайратқа асқан ерлерім, Өзіме қатар жалғастар. Менің айтқан сөзімді Ақылменен аңдап қал. Тұлпар мініп ту алған, Қырық жолдас ерімсің, Жауды көрсең қуанған, Əскерді көзің көргенде,
Түріп білек сыбанған. 1230Талай кезген ерлерсің,
Айбатты қолға ту алған. Қызғынды берен басшыңмын, Білгенімді айтпай тұра алман. Талай жерде жауды алдық, Жасанған əскер құралдан.
О, қырық жолдас, қырық жолдас, Еңбегіңіз еш болмас.
Қолда қару, батылмыз, Бізге ешкім келе алмас.
1240Жау ізделік, жолдастар,
Еңбегіміз еш болмас. Есітемін алыстан, Мықты дейді данышпан. Алдырмайтын арыстан, Талайлармен алысқан, Талай жаумен қарысқан. Оның елі төменде Сырттан құмар ер едім, Алшағыр мықты дегенге.
1250Мақұл көрсең қырық жолдас, Алшағыр ханға баралық, Барып қимыл салалық, Болмасын сөзде шалалық.
Арын арлап халықтың, Кел, осы жауды шабалық. Шынарға найза саптайық, Тұлпарларды баптайық. Тасты кесер алмасты, Қынапқа ерлер қаптайық.
1260Желденген соң ер көңлі,
Айтқан серттен қайтпайық. Бейпіл жатқан халыққа Ішкі сырды айтпайық.
Басшысының бұл сөзін Жолдастар қабыл алады, Тұлпарды баптап бағады. Қырық күн баптап тұлпарды Атқа ер тоқым салады.
Бес қаруын асынып,
1270Алшағырдың еліне Ерлер кетіп барады. Үзеңгісі сартылдап,
Белінде қылыш жарқылдап, Өмілдірік омырауда,
Ат мойнында алқылдап. Жігіт кекті Нұрғожа Қартқожақ пен екеуі Батырлардың ағасы.
Шығыршықты сауыттың,
1280Дулығалы жағасы.
Алшағыр хан мен Қырымның Алыс еді арасы.
Неше күндей жол жүріп, Алшағырдың еліне Жақындап келді шамасы.
Қырымнан шыққан қырық батыр, Келген сойды желігіп, Алшағырдың жеріне
Көп қалмақтың шеніне, 1290Келді де ерлер қос тікті.
Елсіздегі көліне.
Көк шалғынды ағашты Қалың шыққан ну ағаш, Бұлтпенен таласты.
Алыстан келген ерлерге Қалың шалғын, тəтті су, Көлдің көркі жарасты. Жеті күн атын бағады,
1300
Жалғыз атқа жал бітіп, Ат тыңайып қалады.
Ерлер де дамыл алады, Қалмақтың ері ер Тəуке Қарашоқы басынан Қарауыл келіп қарады. Көлде жатқан қырық атты Тəукенің көзі шалады.
Алды-артына қарамай Көлге қарап шабады. Қанша дұшпан келсе де,
1310Тəуке жалғыз баратын,
Жалғыз ұрыс салатын, Ұрысқан жауды алатын. Атақты, мықты ер еді, Еріні қанды бөрі еді,
Қайтпайтұғын мықты сер еді. Қанша жаулар кездессе, Жалғыз шабам дер еді.
Астында торы тұлпармен Көлге қарап жөнелді.
1320Желігіп жетіп келеді, Шалғындағы қырық атты Сартылдатып сабалап, Тəукекең айдап жөнелді. Қырық батыр Тəукеге
«Тоқта» деп айқай салады. Қайтпайтұғын ер Тəуке Қырық жігітке барады.
Ұстаймын деп қырық батыр Ер Тəукені қамады.
1330Қырымнан келген қырық жігіт Найзаменен сермеді.
Батыр туған ер Тəуке
Қу қурайдай көрмеді. Қайратты Тəуке өрледі, Қырық жігітті ер Тəуке Қайрат күштен алуға Тəуке батыр меңзеді.
Таяқ тиген батырлар Талайы құлап көлбеді,
1340Талайлары еңіреді.
Жалғыз келген Тəуке ер, Батырсынған жігітті Сілтеген найза қаруын Қу қурайдай көрмеді.
Шақырып алып бір-бірлеп, Ерлердің қолын байлады, Батыр Тəуке айлалы.
Қырымнан келген қырық ердің Зығырданы қайнады.
1350Амалы жоқ, Тəукеге Мөлдіреп көзі қарады. Қолға алды найзаны, Ерлердің қолы буулы, Қалаға қарай айдады.
Қырымнан келген қырық ердің Ер Тəуке көңлін басады.
Батырсынған немені Жалғыз өзі шатады. Тəукені көзі көрген соң
1360Ерлердің құты қашады.
Байластырып шылбырмен, Қырық тұлпар, қырық ерді Қалаға қарап айдаған.
Тітіреп жылап қырық батыр Тəукеден қорқып зарлаған. Талай жауға шапқан ер
Тап осы жерде қалды пайдадан. Қайтпайтұғын ер еді, Халықтың қамын қамдаған.
1370Көңілі өсіп ер Тəуке,
Қырық батыр мен қырық ерді Қалаға айдап келіпті.
Тартуға болсын ханға деп, Қырық атты беріпті.
Айдап келген қырық ерді Алшағыр көзбен көріпті. Қуанып көңілі өседі, Дарбаза сарай қама деп, Ханы əмір етеді.
1380Қырық ердің соры қайнады, Сарбаз алып қасына
Қырық ерді Тəуке айдады. Бұрынғыдан беркітіп, Қырқының қолын байлады.
Дарбаза биік қақпаға Бұларды айдап барыпты. Биік аула қақпасын Берік етіп бекітіп,
Шынжыр мен құлып салыпты.
1390Аяйтұғын адам жоқ, Қолға түскен ғаріпті. Дарбаза аула ішінде,
Шығар күн қашан болад деп, Батырлар жылап зарықты.
Қысым беріп осындай Қамап салды кəріпті. Тап сол күні кеш болды,
Еңбектері ердің еш болды. Жүдеу кірген батырлар
1400Шыққалы елден көп болды.
Таршылықта жылайды, Кең дəурені жоқ болды. Қайғыланып батырлар Көкірек жалын, от болды. Өздері амал таппаса, Бұларға теңдік жоқ болды. Ақылдасып қарады,
Бір-біріне ақыл салады, Ойласып амал табады.
1410Тісімен шешіп қолдарын
Босанысып алады. Үзік-үзік жөке арқан Сол сарайдан табады. Олардың тапқан амалы Бірін-бірі көтеріп,
Сол сарайдың үстіне Амалдап шықты біреуі. Ендігі қалған ерлерді Арқанмен тартып алады.
1420Қамаудағы батырлар Есебін тауып құтылып, Қаладан қашып барады. Қан матаудан арылып, Қалың жыныс ағашқа Түн ішінде барады.
Ақылдасып қарады, Ойласып ақыл табады. Қартқожақ батыр сөйлейді:
- Жолдастарым, сен, – деді,
1430Ақылдасып қарайық, Қасыма жақын кел, – деді. Есітемін хабарын
Руы қыпшақ ел, – деді. Қарақыпшақ елінде
Тоқтарбайдың Қобыланды Арыстан туған ер, – деді. Кел, Қобыланға баралық, Осы көрген қорлықты Құлағына салалық.
1440Бұл не деген қиындық,
Батырға барып шағалық. Мақұл көрсе Қобыланды, Қалмақтан кекті алалық. Айдаһардай айбатты, Арыстандай қайратты, Қанша дұшпан болса да Қорқып жолдан таймас-ты. Айбатты қолға ту алған, Тап он жеті жасында,
1450Болат қылыш суарған. Дəумаманың Аққұртқа Күшпенен тартып қыз алған. Он екі ханның елінде,
Ару Құртқа сұлуды Қобыланнан бөтен кім алған. Қобыланға қарай жол шекті, Екі қонып арада,
Үшінші күн болғанда Қырық батыр тез жетті.
1460Тоқтарбайдың үйіне Көптен жүрген алаң, аш, Тоналып келген жалаңаш. Сүдіндері жүдеулі, Оларға ешкім қарамас.
Ұлықсат сұрап қоныпты, Жүдеп келген ерлер деп, Қысырдың тайын сойыпты. Жүдеп келген қырық жігіт Аппақ майға тойыпты.
1470
Сылдырлақты қасықпен Сапырып қымыз қойыпты.
Он төрт күн қонақ болады, Күн он беске толады.
Ашыққан ерлер тойынып, Қалыбына толады.
Жүдеген қырық ер еді, Жаңа талап Қобыланды ер, Қонағын қабыл көреді.
Жалаңаш келген қырық ерді Ылайықты киіммен
1480Бас-басына береді.
Қайғысы ердің жойылды, Қырық батыр тойынды. Киім киіп, түр бітіп, Дегені ердің болулы.
Он жеті күн өткен соң:
- Қартқожақ ағаң мен, – деді, Інім Қобылан сен, – деді.
Көңілімде бар бір мүддем, Мүддемді тыңдап көр, – деді.
1490Атыңа асық ағаңмын, Алшағырда кегім бар, Кегімді алып бер деді.
Қырымнан шыққан қырық батыр, Қырқымыз да ер едік,
Қайтпас жүрек сер едік. Еріні қанды бөрі едік, Талайды басып жеп едік. Алшағырдың қаласын Біз шабамыз деп едік.
1500Батырсынып еріктік, Біз мықты деп желіктік. Қару-жарақ асынып,
Қалмаққа жақын келіппіз. Елсіз көлдің бойында, Көк шалғынды ойында, Тынықтырып ат бақтық, Бір жетідей біз жаттық.
Кемалға ерлер келген соң, Шабуға жауға ойластық.
1510Үлкендік бізде көкірек,
Жауға еш нəрсе қоймастық. Осы көлде жатқанда,
Атты күйлеп баққанда, Жападан жалғыз ер келді, Осы көлде кез келді, Қосқа жақын тез келді.
Шалғында жатқан қырық атты Жиып алып меңгерді.
Бізге қорлық жетті ғой,
1520
Зəбірі қатты өтті ғой, Абыройды төкті ғой. Жаяу айдап шəріне, Қас масқара етті ғой.
Қобыланды, жəрдем бермесең, Зəбіріміз кетті ғой.
Абырой бізден төгілді, Нұрлы көлде кездесіп, Бізге қорлық берді ғой. Көрген қорлық шағында, Ағаларың келді ғой.
1530Сен болмасаң, шырағым,
Ерлерім жаннан түңілді. Көзімізден аққан жас Мойнымызға құйылды. Көрген қорлық қиын-ды, Қобыланды шырақ, өзің біл, Қырымнан келген қырық ағаң,
Зəбірін айтып қиылды. Тартып алды ат пенен Қару-жарақ, киімді.
1540Қобыланды, бүйім сұрадым, Мұңымды шақтым, шырағым. Қалмақтан қорлық көрген соң, Сіз болды келген тұрағым.
Əпере алсаң кегімді, Бітеді сонда мұратым.
Сонда Қобыланды сөйледі:
- Зəбіріңді айттың, ағайын, Жастары үлкен ағайым.
Зəбірің көрген тағайын, 1550Тарлықтың көрген талайын.
Жасы үлкен ағаның Айтқан тілін алайын. Қырық ағам кез келдің, Сөзіңді қабыл алайын. Шағынған соң қорлықты, Бармай неғып қалайын. Сенің үшін, қырық батыр, Жанды ортаға салайын.
Көшіп барып қыпшақпен, 1560Мен елсіз көлге қонайын,
Ауыл үйлес болайын. Жақыннан жаулап қалмақты, Қан жылатып шабайын.
Елімді жиып алайын, Қарттарға ақыл салайын. Мақұл көрсе көп халқым, Көше-мөше барайын.
Қыпшақтың үлкен-кəрісін, Жөн білетін азамат
1570Жиып алды бəрісін.
Қырық жігіттің жүрген жайы Айтты түгел бəрісін.
– Ал, ақсақал, ақыл саламын, Ілгері басқан жас жанмын, Жоғары менің талабым.
Қайырма, халқым, тауымды, Алшағырдың жеріне, Елсіздегі көліне, Қарақыпшақ елімен
1580Түгел көшіп барамын.
Жақын жерде жайласып, Найзаға шашақ байласып, Қанға тоймас қылышты Өткірлеп шарға қайрасып, Жауға жақын барайын, Жақындап жауға шабайын. Қырымнан келген қырық ердің Сөйтіп кегін алайын.
Қобыланды деп келдің еңкейіп, 1590Бармай неғып қалайын.
Қобыландыны қайырмай, Халық ұлықсат беріпті.
Қайтпайтұғын қайратты ер Батыр Қобылан желікті:
– Замандасым, қатарым, Жастар, бермен келіңдер. Менің айтқан сөзімді, Жолдастар, мақұл көріңдер. Айтқанымның бəрі рас,
1600Шын сөзіме сеніңдер.
Тіл алғаның шын болса, Бұл қоныстан көшіңдер. Ертең жүрем мен жауға, Артымнан көшіп жетіңдер.
Артыңнан көшіп барам деп, Уағда бер, кесім бер.
Қайтпас жаудан талабым, Кəрі жирен үйірін
Өзім айдап барамын.
1610Суы тұнық, жері от, Сол қонысқа жаямын. Қоныс ету сол көлді, Болды менің талабым. Барып жауды жоямын,
Қалмақтың көзін оямын. Елсіздегі сол көлге Жирен тайды соямын, Жирен қопа қоямын.
Қырық жігіт қасында,
1620Қобыланды жүрді қалмаққа, Қалмаққа бүлгін салмаққа. Қарсы шабар ер Қобылан Тасты кескен алмасқа.
Уəде етті көп қыпшақ Бəрі көшіп қалмасқа. Он төрт күн етті уағда,
Артынан көшіп бармаққа. Қырық жігіт бар қасында, Жирен айғыр үйірін
1630Қобыланды айдап жөнелді, Рауан жолға кенелді.
Екі қонып арада, Көлге келді сол енді. Жирен тайды сояды,
Қасындағы қырық жігіт Ет пен майға тояды.
Қыпшақ елім қонсын деп, Құтты қоныс болсын деп,
Осы көлдің атағын
1640«Жирен қопа» қояды.
Халық басқарған Қобыланды ер, Бір жеті көлде тұрады.
Бір жетінің соңынан Баяғы мықты ер Тəуке Қарауылға шығады.
Жайылып жатқан жылқыны Тəуке батыр көріпті.
Кенелдім деп олжаға, Жылқыны көріп желікті.
1650Астындағы торы атпен
Шабуыл салып келіпті. Қанша жауды көрсе де, Бермеген жауға ерікті. Астындағы торыға Орай қамшы салады.
Жайылып жатқан жылқыны Дүркіретіп қасынан
Батыр қуып барады.
Арқандаулы боз атқа
1660Жайдақ мініп Қобыланды,
Қолға қару алмастан Тəукенің қуды артынан. Əне-міне дегенше-ақ, Қалмақтың ері ер Тəуке Қарсыласа қалады.
Келе келге келгенше Тəуке батыр қылышпен Қобыландыны шабады. Етіне қылыш тигізбей,
1670Батыр туған ер Қобылан
Қолынан жұлып алады. Ат үстінен алысты,
Бір-біріне жабысты. Таудай болған торы аттан Қалмақтың ері Тəукені Аударып Қобылан алыпты.
Жұлып алып Қобыланды ер Тақымына салыпты.
Мұрнынан қаны ағыпты,
1680Сонда Тəуке талыпты.
Қобыланды қайрат бастады, Сабырдың түбі сары алтын, Тəукеден қорқып саспады. Батыр Тəуке талған соң, Сылқ еткізіп тақымнан Көтеріп жерге тастады.
Мұрнынан қалмақтың Бұрқылдап қаны атады, Қан шүмектеп жатады.
1690Ерсініп жүрген Тəукенің
Қобылан емес қатары. Қобыландының қалмаққа Осы келген сапары.
Əлден уақ болғанда, Есін жинап ер Тəуке Көзін азар ашады.
– Уа, ер Тəуке, ер Тəуке, Қырық жігітті алғанда, Батыр едің сен, Тəуке.
1700Қан шүмектеп мұрныңнан, Есіңді танған нең, Тəуке? Қобыландының айбатын, Қайтпайтұғын қайратын Осы арада көр, Тəуке.
Алшағырдай ханыңа Кешікпей хабар бер, Тəуке.
Қырық батырды алыстан Көрген көзің осы деп, Оң көзін ойып алыпты.
1710Естір құлақ мынау деп,
Құлағын кесіп алыпты. Тəуке міскін ғаріпті, Қырық батырды қуалап, Ұрған қолың осы деп, Қолын кесіп алыпты.
Құлағын кесті шұнтитып, Қарын кесті құнтитып, Мұрнын кесті жымпитып. Аяқтан басқа бұдыр жоқ,
1720Қоя берді сымпитып.
– Алшағырға сəлем айт, Тоқтарбайдың баласы Батыр Қобылан ер едім, Айтатын ханға дерегім, Елсіздегі көліне
Менің келген себебім, Қырымнан келген қырық ерге, Алшағыр, неге желіктің?
Өзіңе өзің сеніпсің, 1730Қатты қорлық беріпсің.
Қырық батырдың кегі үшін, Атқа міндім желденіп, Желігіп келдім тербеніп.
Нулы көлдің бойында, Тəуке батыр кез келіп. Қарын кестім құнтитып, Мұрнын кестім жымпитып, Құлағын кестім шұнтитып. Жеделімнен танбаймын,
1740Қырық батырдың зəбірін,
Алшағыр, сенен арлаймын,
1750
Қыр соңыңнан қалмаймын. Қапы қалма, хабарла,
Қыл жалаулы еліңді. Кешікпей жый, Алшағыр, Еліңдегі еріңді.
Елшіңменен баян ет Соғысатын жеріңді. Дəмең болса ұрысқа, Қазып қой бұрын көріңді.
Сүйдеді де Қобыланды Қаны аққан Тəукені Зар жылатып қуады,
Тəукенің жанын сығады. Есін танып бір жерге Екпеттеп барып құлады. Əлден уақ болғанда, Орнынан азар тұрады.
Амалдап зорға құтылып,
1760Осы көлден шығады.
Қарға менен құзғындар Қанын көріп қуады.
Қайғы салды Қобылан ер Ер Тəукенің басына.
Қатты батты жанына Қобыланның өткір алмасы. Қанды көріп қызығып, Тыным бермей барады Көлдің құзғын қарғасы.
1770Тəлтіректеп баратыр, Тура жүрер жолы жоқ, Осы келген сапардың Ер Тəукеге оңы жоқ. Етін шұқып қарғалар Тыным бермей барады.
Қағайын десе қолы жоқ, Қобыландыға тап болған, Бұл Тəукенің соры көп. Шыбындай жаннан түңіліп,
1780Əр бұтаға сүрініп, Тұла бойдан аққан қан Аяғынан шұбырып,
Кеудеде жаны қыдырып. Күн бататын мезгілде Алшағырдың үйіне Еңіреп келді үңіліп.
– Ей, Алшағыр, Алшағыр, Қайырлы ханым сен едің, Қайтпас батыр мен едім.
1790Қанша жауды көрсем де,
Қайтпайтұғын ер едім. Патша, тыңда мұңымды, Қайғылы болып келемін. Сау жерім жоқ, ей, патшам, Бүгіннен қалмай өлемін.
Көргенімді, Алшағыр, Айтып өлсем деп едім. Сен патша да, біз нөкер, Сүйенішің мен едім.
1800Əлім кетіп шаршадым,
Таңнан қалмай өлемін. Нулы көлдің бойында, Қарақыпшақ елінен Тоқтарбайдың баласы Қобыланды атты ер келді. Жылқыны көзім көрген соң, Қайтпаған тауым ер едім, Жау келді деп желдендім.
Жау табылды маған деп,
1810Қайтпай жауға шабам деп,
Қанша дұшпан болса да, Жалғыз барып алам деп. Көлде жатқан жылқыны Мен олжаға алам деп.
Ойымда жоқ қорқыныш Еркінсініп барғанмын, Жылқыны қуып алғанмын. Батыр аңқау, ер көдек, Жеңілер көңіл ойда жоқ,
1820Батырсынып барғанмын.
Өзімнің аңсыз ісімнен Қайғы отына жанғанмын. Көп айтуға əлім кем, Ақылымнан танғанмын. Көлде жатқан жылқыны Дүркіретіп қуғанмын, Өзімді-өзім ұрғанмын.
Қобыланды қуып артымнан, Өз əліме қарамай,
1830Ерге қарсы тұрғанмын.
Қарсыласып қарыстым, Қылышпенен шабыстым. Жұлып алды қылышты, Ат үстінде алыстым.
Аударысып Қобыланмен Бір азырақ қарыстым.
Ерлігі асып өрледі, Маған ерік бермеді. Аударып алып атымнан,
1840Жеңуге Қобылан меңдеді.
Толықсып тұрған жасында, Қырымнан келген қырық ер Жолдасы екен қасында.
Қобылан екенін білмедім,
Мен ұрылдым қапылда. Аударып алып торы аттан Қатты басты тақымға.
Қобылан қатты соққанда, Жаным көзге көрінді.
1850Мұрнымнан аққан қара қан Шүмектеп жерге төгілді.
Ғайыптан маған тап қылды, Тоқтарбайдың баласы – Қобыландыдай көрімді.
Қобыланды мені ұрды ғой, Жел терістен тұрды ғой, Қас масқара қылды ғой.
Мұрнымнан аққан қара қан Етегімді жуды ғой.
1860Қобыландының көк қылыш Шыбын жанға өтті ғой, Түп-түбіме жетті ғой.
Мен емес жалғыз, көп қалмақ Кемеңіз құмға шөкті ғой, Құлақ, мұрным кесті ғой.
Құлағымды кесті шұнтитып, Мұрнымды кесті жымпитып, Қарымды кесті құнтитып.
Қанша батыр десең де,
1870Қобыландыдан кем болдым. Шыны қорқақ мен болдым, Еңіреп жылап сел болдым. Қағайын десем қарым жоқ, Қарға менен құзғынға
Орта жолда жем болдым. Көргенім айтқан себебі, Алшағырдай патшаға Осылайша айт деп еді.
Көргенін айтып баяндап,
1880Ғаріп болған ер Тəуке Жұлдыз шыға өледі.
Келгенін Қобылан хан біліп, Ер Тəукеге қайғырып, Алшағыр қатты сасады.
Қайғырмай хан не қылсын, Сүйеніші Тəукеден Қалғаннан соң айрылып.
Таянады бүйірін,
Жасыған жездей майрылып. 1890Қобыланды келген есер деп,
Халқымды əлек етер деп, Елімнің оты өшер деп, Басымнан бағым кетер деп, Көзінің жасы төгіліп, Омырауына нөсерлеп.
Жанынан үзіп күдерді, Патшаның жүзі қарайды, Қабағы ханның түнерді. Бейпіл жатқан халыққа
1900Жинал деп хабар жіберді.
Əмір жазды тағы да:
«Елінің ері келсін деп, Бір қиындық іс болды,
Көзбенен келіп көрсін деп. Қарақыпшақ жау келді, Халқым көріп сенсін деп. Сүйенішім ер Тəуке Қайтпайтын жаудан сер Тəуке, Талай жауға барғанда,
1910Жауға соғыс салғанда,
Болған жоқ тіпті кем Тəуке. Қарақыпшақ Қобыланды, Сол секілді ерімді
Қас масқара етті ғой. Елден озған ер Тəуке Арманда болып өтті ғой, Құлақ, мұрнын кесті ғой. Қалмақ деген қалың жұрт, Кемеміз құмға шөкті ғой.
1920Жау көргенде қағатын Төре менен бегілерім Осы бүгін қағыңдар. Халықтағы ерлердің Баршасын жиып алыңдар. Сансыз əскер қол болып, Есебі жоқ мол болып, Іргелес қатар қонған ел,
Қасымнан дұшпан болған ел Жауға қарсы барыңдар.
1930Шамаң келсе, батырлар,
Қарақыпшақ Қобыланнан Тəукенің қанын алыңдар».
Азамат басын құрады, Əскерін сансыз жияды, Тұлпар мініп ту алған, Жау дегенде қуанған, Талай мықты батырлар Қуанысып тұрады.
1940Көп əскердің ішінен Аталы сыншы қашаннан, Екі адам шығады.
– Патшамызсың сен, – деді, Екі сыншың біз, – деді, Қобыландыны сынауға Ұлықсат бізге бер, – деді.
Қаразым мен Сараман Адамды сынап санаған.
Сынауға ешкім асқан жоқ,
1950Бұл екеуі данадан. Екеуі ханға келіпті, Сынауға берді ерікті.
Сан жетпейтін топ əскер, Қобыландыны алуға, Қыпшақты барып шабуға, Енді қалмақ желікті.
Тұс-тұсынан ту байлап, Соғысқа шықты сансыз қол. Қаруларын, ерлерін
1960Алдына алып ыңғайлап.
Кілең батыр паң болып, Жүрген жері шаң болып, Көргендерге таң болып. Бөріктері шыпырлап, Арбалары шықырлап.
Аттылары аяулап, Бірқатар əскер жаяулап. Қызарып күн шыққанда, Ерлер туын қолға алды.
1970Қарақыпшақ еліне Баруға əскер жолданды. Батыр Тəуке өлген соң,
Қалмақтың халқы арланды. Шамырқанды, шамданды, Беркінденіп қамданды.
Ер арланып бусанды, Көкпеңбек қару құрсанды. Есепсіз дəулет, малы сай, Алшағыр ханның бағы сай,
1980Көкпеңбек қару алғаны
Батырының бəрі сай. Қапысыз болды құралы, Лалаулап шапқан ұраны,
Ортасында Алшағыр Үгітін айтып тұрады. Ұлықсат алып көп əскер Енді шəрден шығады.
Қобыланды да қамданып, Ақбоз атқа мініпті.
1990Шығыршықты көк сауыт,
Дулығасын киіпті. Тасты кескен ақ алмас Беліне құрсай іліпті. Қалмақтан бар қауіпі Қарауыл қарап жүріпті. Ұлы сəске болады,
Күн сəскеге толады. Көз жіберсе Қобыланды Бұрқыраған тозаңнан
2000Күн қараңғы болады.
Жауды болжап байқаса, Айта берсе сөз жетпес, Жау шетіне көз жетпес. Жердің жүзін қаптаған, Санағанда сан жетпес. Аттан түсіп Қобыланды Астындағы боз атты, Шап айылын бос тартты, Төс айылын қос тартты.
2010Үзеңгісін ұзартты, Шабуға жауға құмартты. Құйысқанын қысқартты, Қайтар Қобылан ер емес,
Əскерге қарап жөн тартты. Боз қырқа жардың басында, Қарсы келді көп əскер Қобылан атты батырға,
Қайтпайтын жаудан батылға. Қайтпас жүрек, берен ер,
2020Жаңа талап жас ұлға. Екі сыншы алдымен
Қобыланға жақын келеді. Анадайдан көреді,
Аталы сыншы неме еді. Көрген соң-ақ Қобыландыны Еңіреп жылай береді.
Көздің жасын төгеді, Қалмақтардың ерлері Жылайсың деп сыншыға,
2030Қатты сөгіс береді.
– Жылауың сенің нешік? – деп Ту ұстаған Алшағыр, – Себебін айт, – деп еді,
Екі сыншы сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді: Тоқтарбайдың ер Қобылан Айтулы ердің өзі екен, Керемет күші көп екен.
Қобыланды батыр дегені
2040Өтірік емес, шын екен.
Он екі мүше, таза тəн, Бəрі бірдей тең екен. Ақылға асқан кең екен, Жаннан қайтпас ер екен, Ерінбей шабар сер екен. Біздер қой да, ол қасқыр, Ойып, қырар бөрі екен. Амал ойла, падишам, Осы сынау жөн екен.
2050Желігіп тұрған батырлар
Айтқанына нанбады, Жеделінен танбады.
Оңай емес бір кісі Көп кісіні алмағы. Мақұл көрді соғысты,
Сансыз əскер қалмақпен Жалғыз өзі Қобыланды Қолына берен ту алды. Жауды көзі көрген соң
2060Жүрегі қызып, қуанып,
Қыпшақтардың да адамы. Қырық жігіті сайланып, Артында тұр құралып.
Қобыланды жас жүрек Қайтпас жаудан батыр-ды, Зерек көңіл, ақылды,
«Жекпе-жек» деп ақырды. Дəмең болса келіңдер, Жалғыз тұрып шақырды.
2070Айтулының өзі еді, Ауызға толы сөз еді. Қанша жауға барса да,
Шалдырмай қайтқан неме еді. Алшағыр хан-патшаға Немере жақын сол еді.
Қара обадай қарасы, Келбеті келген неме еді. Астында ала тұлпармен Жекпе-жекке келеді.
2080Екі жақтың адамы Алыстан байқап көреді. Жекпе-жекке шыққан ер Қарабек саспай келеді. Айнымай Қобылан тұрады, Осындай жақын келгенде, Қалмақ та болса үлкен деп, Сəлем берді иба етіп,
Тоқтарбайдың шырағы. Сəлемін құп деп алады,
2090Қарабек сөйлеп қарады:
- Сен Қобыланды батыр саналы, Халық мақтап жүрсе де, Көріндің көзге шамалы.
Ақылды туған ер болсаң, Құрмет етсең ағаны, Қарекең кезекті алады.
- Өзіңе-өзің сенесің, Батырсынған немесің. Менің атым Қарабек,
2100Қалай маған төзесің?
Мықтымсынған ерлердің Ойғанмын неше төбесін. Сан жетпейтін көп жаудың Ішкіздім қаннан кересін.
Сен кіші де, мен үлкен, Кезегімді бересің.
Сонда Қобыланды сөйлейді:
- Рас, үлкен ағасың, Келбетіңе қарасам,
2110Білгендей ақыл данасың.
Жақсы айтасың, Қареке, Менен үлкен ағасың, Бұрын туған данасың.
Өзіңнен қораш сен көрдің Қобыландының қарасын. Еркіңменен сөйлейсің, Осы жерде-ақ мені аласың. Көлденеңнен көз салған, Кім мықты да, кім осал,
2120Көрер халық шамасын.
Иə, Қареке, Қареке,
Ерге жедел шын керек. Ер қолына ту керек, Əркімге де ел керек.
Жауды көзі көргенде, Айнымай шабар ер керек, Қайтпас қайсар сер керек. Көтере бойдан пайда жоқ, Аспанменен таласқан
2130Толып жатыр бəйтерек.
Жасың үлкен ағасың, Жасы кіші ініден Кезегіңді аласың.
Кезек алып Қарекем, Байқап алсын шамасын. Кешікпей-ақ халық білер Мықты мен осал арасын. Атақты батыр даңыңыз, Қаруыңды болаттан
2140Қайрап, тасқа жаныңыз.
Сен үлкен де, мен кіші, Кезегіңді алыңыз.
Қобыланды кезек берген жер, Қайтпайтұғын Қарекем, Өзіне өзі сенген ер.
Талай жауды жаулаған, Ежелден мықты кемеңгер. Өзге жаннан өзгеше, Бөтен ерде келбеттен,
2150Мұндай біткен бойда жоқ.
Заманында адамнан Жеңілем деген ойда жоқ. Еңсесінде сексен шоқ, Садақ толған саркез оқ. Қобыландыны алам деп, Қарабек ердің көңлі тоқ.
Алмасын қайрап безеді, Өткірлеп оғын кезеді, Өзіне-өзі сенеді.
2160Қайтпас қайсар ер Қобылан Жасы үлкен қалмақ деп, Кезегін берген ер еді.
Үшке дейін кезекті Беруге Қобылан серт етті, Қарабек атты батырға.
Екі батыр кездесті, Көктөбенің басында. Темірден құйған шоқпарды, Қарабек қолға алыпты.
2170Ашуланып ақырды, Мықтылығы анық-ты. Дүрілдетіп шоқпармен Тас төбеге салыпты.
Ойына Қобылан келмеді, Тас кескен ақ алмаспен Қарабек тағы сермеді.
Шапқан алмас өтпеді. Шақпақ қылыш ер Қобылан Жасық пышақтай көрмеді.
2180Керулі тұр садағы Үш кезектің ең соңы Оқты толғап алады. Тасқа тиген нəрседей Кейін қайтып барады.
Ерге қару себепті, Саржаға Қобыланды Болат садақ кезепті. Табан тіреп қалмаққа, Тартып беріп қалады.
2190Тоқтайтұғын оқ емес,
Батырдан зулап ағады. Жолда тұрған қалмақ көп, Талайларын қағады.
Қыл жалаулы көп қалмақ Лаулап ерді қамады.
Кезекке ешкім келмеді, Қарабегі өлген соң Шулап қалмақ еңіреді. Қамап келген көп жауға
2200Қобыланды ерік бермеді.
Жауға Қобылан кірген соң, Талайы құлап көлбеді.
Ел бастығы Алшағыр Қобыланды байқап сынапты. Қарабегі кеткен соң,
Қапыда ісі өткен соң, Басынан заман кеткен соң, Еңіреп өксіп жылап тұр, Көзінің жасын бұлап тұр.
2210Ақылгөйі жолдастан, Сасып ақыл сұрап тұр.
– Ал, жолдастар, жолдастар, Уəзір жолдас қол бастар.
Кел, ақылдасып қарайық, Ойласып ақыл табайық. Түрі жаман ер екен, Сендерге ақыл салайық. Мақұл көрсең, жолдастар, Амал бар ма, көнейін,
2220Біз мықтымыз демейін.
Елшілікке ол көнсе, Қобыланға билік берейін. Ел билігін берген соң, Айтқанына көнген соң, Дос боласың Қобыланмен
Бөтен көрмес қалмақ деп, Бір-біреуге сенген соң, Амандықта, саулықта, Бүтіндікте, барлықта.
2230Осындай амал етпесек,
Түрі жаман ер екен, Қалдырар бізді тарлыққа. Не десе де көнелік
Қобыланды айтқан жарлыққа. Əміріне көнейік,
Енді пəлен демейік. Өзіне ерік берейік, Көңілі өссін мерейің.
Айтқанын ердің қылайық, 2240Осыным болар ылайық.
Амал бар ма, бегілерім, Амалсыздан шыдайық. Достасып тату болған соң, Сырын берер Қобыланды ер. Қайтпайтын жаудан батыр, шер, Айла, ақылы көп екен,
Білікке асқан кемеңгер. Ақылмен алдын орайын, Қобыланмен досты болайын.
2250Көргенмін жаудың талайын.
Артық көрдім ішіңнен, Ақыл ойлар сарайын.
Қобыландыменен дос болып, Жайғасқан соң байтақ ел, Ақырын өзім қарайын.
Қорыққан хан Алшағыр, Жанынан үзген күдерді. Қараңғылық күн түсіп, Қайғыға қалмақ түнеді.
2260Дос болам деп Қобыланға,
Алшағыр елші жіберді. Батыр аңқау, ер көдек, Алшағырға сенеді, Айтқанына көнеді.
Дос болуға ханменен Қобылан уəде береді. Құшақтасып ханменен Дос болатын жер еді.
– Ей, Алшағыр, Алшағыр,
2270Бір айтатын сөзім бар, Сөз тыңдайтын жөнің бар. Бейпіл өскен елің бар, Досты болсаң тілімді ал. Алатұғын жөнің бар.
Болмасын бізде алалық, Қалмасын ойда қаралық. Шын достықта болмасын Алшағыр патша, шалалық. Шіге тие көшейік,
2280Ірге тие қонайық.
Бір тілекте, бір дінде, Алшағыр хан, болайық.
– Не десең де көндім деп, Қобыланды, саған сендім деп, Бір діндемін, Қобыланды, Билігімді бердім, – деп.
Көңілдесіп, сенісіп, Құшақ жайып, көрісіп, Дос болдық деп сенісіп,
2290Бір-біріне сенген жер, Уағдасын берген жер. Уағдасын берген соң, Бір-біріне сенген соң, Келісімге келген соң,
Дос болысып тарады, Қалмақтар елге барады. Алшағыр патша елімен, Еліндегі ерімен Ақылдасып қарады,
2300Маслихатқа салады.
Шарасыз қалмақ сенеді, Қобыландының айтқанға, Амалсыздан көнеді.
Қыпшақ деген ауылды Достықпенен қонаққа Шақырған осы жер еді. Қалмақтардың кеңесі, Осылай болды себебі.
Қуаныш көңіл қоштыққа, 2310Алшағыр хан той қылды,
Қобыландымен болған достыққа. Ел шақыр деді Алшағыр,
Əмір етті бастыққа. Қыпшақты қонақ қылғанша, Тимеді басы жастыққа.
Байтақ қалмақ ел келді, Қалмай халық тең келді, Сəн, сайманмен тең келді. Бозбала мен қыз бала, Қалмастан бəрі тең келді.
2320Қалмақ тыныш тапқан соң, Ажарланып Алшағыр,
Хан көркейіп өңделді. Елін жиып алған соң,
Қыпшаққа хабар берді енді. Қыпшақ ауыл бəрісі,
Жасы менен кəрісі, Қуанышты сол қыпшақ,
Шақырған соң ол тойға, Баршасы атқа мінеді,
2330Қонаққа қыпшақ жөнелді.
Ер қабылы деген сөз, Шын тілегін тіледі. Бозбала мен қыз бала, Жастары жүрді сəнменен, Ащы дауыс əнменен.
Домбыра, сырнай, салтанат, Келді қыпшақ пəнменен.
Қалмаққа қонақ барады, Түсіріп қонақты алады,
2340Қонағын жақсы бағады.
Қызметі қалмақтың Келгендерге жағады. Қонаққа келген сыйлық деп, Ат мінгізіп астына, Қарттарға шапан жабады.
Көрмеген сыйлық қыпшаққа, Батыр Қобылан көргізді, Ерлігін халыққа сенгізді.
Еркек, əйел бəріне,
2350Жасы менен кəріге Сансыз сыйлық бергізді.
– Астана қалмақ елдері, Бəріңіз бермен кел, – деді. Достылығың шын болса, Айтқаныма көн, – деді.
Бір тілекте болайық, Мұсылманның дініне, Ризалықпен көн, – деді. Айтқанына Қобыланды көндірді,
2360Бір дінге қалмақты ендірді. Алдырман деген қалмақтың
Жеделін ішкі сөндірді. Қыпшақтың елін қуантып, Батыр Қобылан естірді, Қалмаққа салып дестірді. Көңіліндегі ер сөзін Халқына сонда естірді.
Сексендегі шалдардың Еркек кіндік бар жанын
2370Біреуін қоймай кестірді.
Қобыланмен дос болған соң, Қуанды қалмақ елі енді, Тыныштық тапты ер енді.
Қобыланнан аман болған соң, Қуанышқа кенелді.
Тарту алып олжамен, Ырзалықпен қыпшақтар Аулына қайтты сол енді. Қалмақ пенен қыпшақтың
2380Тілегін қосқан жер енді.
Əлқисса, Қобыланды мен Алшағыр хан дос болады. Қалмақ пен қыпшақ арасындағы жаулық бітеді. Екі ел бірімен бірі дос- тасып қонақ болады, құрмет көрсетеді. Алшағыр ханның қол астына қараған ел мұсылман дініне кіреді. Қобыландының көшіп келген елі Жиреннің көлін мекен етіп жайлайды. Осы мезгілдің ішінде бейбітшілікпен екі жыл өтеді. Құртқа мен Хансұлу еріккен уақытта əлпеншек тебу үшін Жиреннің көліне терек ектіреді. Ол теректі жақсылап күтіп тез өсіреді. Екі жыл ішінде көлеңкесіне жел үйездейтін шынардай биік терек бо- лады. Алшағырдың достығы достық болады. Достасып осы- лай өмір өте береді. Алшағыр хан Қобыландыға сездірмей өзінің би мен бегін шақырып алып ақылдасады, біз осылай Қобыландының қарамағында отыра береміз бе немесе Барса деген ханға мұңымызды шағып, Қобыландыдан кегімізді алсақ қайтеді деп кеңеседі. Ақыры осылай ұйғарады.
Ойласып амал табады, Барса келмес патшаға Астыртын қағаз жазады.
«Батыр патша сен едің, Атақты Барса ер едің. Елің алыс болса да, Сүйенішім сен едің.
Қалмақтың қорған басшысы, Паналы бақша терегім.
2390Хат жазған сізге себебім,
Тарылды менің заманым, Болмады, Барса, амалым. Тоқтарбай ұлы Қобыланнан Қатты көрген қорлық бар, Бізге қылған зорлық бар, Соны сізге шағамын.
Барса, жəрдем бермесең, Құрыды менің амалым. Қарақыпшақ қазақтан
2400Қобыланды деген ер келді, Ел шабуға келді енді.
Қалмақтың ері Тəукеге Келе өлім берді енді. Екінші батыр Қарабек, Қобыланнан бұ да өлді енді. Батыр Қобылан келген соң,
Тарлықты қалмақ көрді енді. Айламенен амалдап, Срокпен тыныстап,
2410Біз тұрамыз самалдап. Өп-өтірік дос болдық, Тапқан айла амалдап. Сен болмасаң, ер Барса, Жаққан отым өшті ғой,
Халқымнан кеңдік кетті ғой. Қорлық елге жетті ғой, Қыпшақтың көңлі өсті ғой. Қалмақты дінге кіргізіп,
Қас масқара етті ғой.
2420Сексендегі шалымды, Жасым менен кəрімді, Біреуін қоймай кесті ғой. Амалдайын, алдайын,
Ер Қобыланды арбайын. Жіберейін, ал Барса, Қалай болар жағдайың? Күтіне бер, Барса хан, Ерлердің жина маңдайын. Күтінсін, бекінсін еліңіз,
2430Даярлансын еріңіз, Ерлерге əмір беріңіз. Жылап тұрған көзім бар, Өксіп тұрған өзім бар.
Қыпшақтан көрген зəбір бар, Беркінде жатқан елің бар.
Елде талай ерің бар, Ішімде қайғы, шерім бар. Өтінемін мен сізге, Қарасатын жөнің бар».
2440Алшағырдың бұл хаты
Хан Барсаға барады. Пешатын хан бұзды да, Көзін салып қарады.
Жазған хатты түсініп, Арызын қабыл алады. Жіберемін Қобылан дегені, Патшаға əбден жағады.
Хатқа əбден түсініп,
Ерлер менен бегілерді, 2450Шақыртып Барса алады.
Ақылдасып, ойласып, Жазған хатты қоштасып, Қуанысып тұрады.
Сонда Барса сөйледі:
– Батыр батыр болар ма, Халық үшін арланбай, Көріп жауды шамданбай. Мұқата ма дұшпанды Халық үшін арланбай.
2460Жіберемін мен жазып Алшағырға хатымды. Ұрудың ары жақын-ды, Арға шабу мақұл-ды.
Қару, қапшық сайланып, Күйлеп тұр ерлер атыңды. Есітемін хабарын, Жаннан қайтпас ер дейді, Сескенбейтін сер дейді.
Хабар берді Алшағыр, 2470Батыр туған ер Қобылан
Жақында атым ерлейді. Достығына наныпты, Алшағырдың айтқаны Өтірік емес, анық-ты. Жіберем деп Қобыланды, Құпия қағаз жазыпты.
Бізге де қиын сын болар, Кəріп болған Алшағыр, Халқына жəрдем бермесек,
2480Көзінің жасын көрмесек.
Айтқанының бəрі жөн, Көңілмен аңдап серлесек. Бізге де қиын сол болар,
Тарлықта тұрған халықтың Кегін алып бермесек.
Ерлер атын баптайды, Шынарға найза саптайды, Алмас қылыш қаптайды, Шын болаттан суарып,
2490Жаңалап, қынап қаптайды.
Қобыландыға күтініп, Жігерін ішке сақтайды.
Хан Барсаның елінен, Қуаныш келді, шат келді, Күтініп қалмақ жатты енді.
Қобыландыны алдап жібер деп, Халықтың басы хан Барса Алшағырға хат берді.
Ер Барсаның жазған хат
2500Алшағырға келеді, Хатын оқып көреді. Қорыққан мен қуанған Екеуі бірдей деген сөз, Көзінен жас төгеді.
Қобыландыны жібер дегені, Қуанған осы себебі.
Отыз төре, қырық бегі Шақыртып хан алыпты. Келген бегілер анық-ты,
2510Ақылдаса қалыпты.
Құтқарам деп бейнеттен Қалмақтың ханы ер Барса Амалсыз тұрған халықты Кеңшілікке шығарып, Көрсетем деп жарықты. Сипаймын деп маңдайдан, Лажсыз тұрған ғаріпті.
Амалдың таптым қандайын, Айлаға айла жалғайын.
2520Қобыландыны алдайын,
Алдайын да арбайын. Қатты қолға алайын, Ақыл, амал табайын.
Амалсыз қорқып дос болған, Хан Барсаның еліне Қобыландыны жұмсап қарайын. Қолға қалам алады,
Айла, амал табады. Ойлағаны жамандық,
2530Алдайын деп Қобыланды
Жазып мұңын шағады:
«Шыны достым сен едің, Алшағыр досың мен едім. Басыңа қиын іс түссе, Қайрылармын деп едің.
Достылығың шын болса, Арызымды аласың.
Қиын жерге жұмсаймын, Досым десең барасың.
2540Берікте жатқан жауым бар, Құлатасың қаласын.
Бар мақсатым бітеді, Шулатсаң қатын, баласын. Көп өтінер сөзім бар, Шыны достым болған соң, Өтінуге жөнім бар.
Барсакелмес патшада Алынбай жатқан кегім бар, Қорлықпен көрген зəбір бар.
2550Достым болсаң сенесің,
Айтқан сөзге көнесің.
Хан Барсаның қатты жау, Қаннан ішкіз кересін.
Батыр батыр бола ма, Жауының оймай төбесін. Бар арманым тарқайды, Хандардың басы Барсаны, Көңілден қайғым кетуге, Қуанып көңілім өсуге,
2560Əкеліп басын бересің.
Қайғы ашуым басылмас, Əкеліп басын бермесең, Өлгенін Барса көрмесем. Көрген тарлық көп еді, Көңілге салып серлесем. Екі жақсы дос болар,
Достықпен көңіл қош болар. Шын достықтың белгісі, Досының кегін еске алар.
2570Екі жаман дос болар, Достықтың арты бос болар. Барсаның басын əкелсең, Қуанып көңілім қош болар».
Жіберген хатын Қобылан алады, Қағазды оқып қарады.
Жиды қыпшақ елдерін, Қырық батыр ерлерін. Халқына ақыл салады, Ақылдасып қарады.
2580– Өтінген Алшағыр маған деп, Қырымнан келген қырық батыр, Сендерге ақыл салам деп, Досым маған өтінген,
Достың тілін алам деп. Қарақыпшақ халқымсың,
Баршаңа ақыл салам деп. Мақұл көрсең, жолдастар, Осы жауға барам деп.
Өтінген соң Алшағыр, 2590Бармай неғып қалам деп,
Хан Алшағыр доспенен, Уəдем берік, тамам деп. Қартқожақ сонда сөйлейді:
– Алдыңда ағаң мен едім, Сүйенішім сен едің.
Сізге тізгін беремін, Не десең де көнемін. Алшағырдың қамаудан
Қырық жігіттің шыққаны
2600Қобыланды, сенің себебің.
Алшағырға барыңыз, Аузынан жауап алыңыз. Ерік өзіңде, Қобыланды, Сүйенгені жалғыз сен, Бұл қыпшағың қалай дер, Жасы менен кəріңіз.
Қобыланды Алшағырға бармақ болды, Патшадан барып жауап алмақ болды. Ерлерге уəде менен достық қымбат,
2610Сөйлесіп жауабына қанбақ болды. Сол күні Алшағырға Қобылан келді, Келді де шын досына сəлем берді.
Төресі, бегілермен қасында отыр, Амандық баршасының жүзін көрді. Қолдасты амандасып баршалары, Жиылған мəжілісте жас пен кəрі.
Құрметтеп Қобыландыны қарсы алады, Сыйлады құрмет етіп халықтың бəрі.
Қобыландының келген жер, 2620Ханға сəлем берген жер,
Құрмет еткен қалмақтың Сый, құрметін көрген жер. Ортасында отырды
Сыйлық көріп Қобыланды ер. Қалмақтың басы Алшағыр, Айла, ақылға кемеңгер.
Алшағырдың айтқан сөз, Құлақ сал, халық, тыңдай бер.
– Көңілімдегі сөзімді,
2630Айтамын, Қобылан, мен деді.
Құшақтасып дос болған, Шыны досым сен деді. Тілейтұғын тілек бар, Тілегімді бер деді.
Дос болғалы сізбенен Көңілім өсіп, өрледі. Қалмақтың басы Барсада Алынбай жатқан арым бар,
2640Жұмсаймын, досым, мен деді, Шыны досым сен болсаң, Арымды алып бер деді.
Өтінетін сөзім бар, Жалынып тұрған өзім бар. Қалмақта мықты Барсада, Алынбай жатқан кегім бар. Көрген қорлық зəбір бар, Əперетін кегімді,
Қобыланды батыр, жөнің бар. Талай батыр, хан, бегі
2650Ер Барсаға барыпты.
Барған адам қайтпаған, Мықтылығы анық-ты. Кейін қайтқан адам жоқ,
Соған барған батырлар Сол шаһарда қалыпты.
«Барса келмес» атақты Сол себепті алыпты.
Барсаға шабам деген ел, Əр мақсаты болмаған,
2660Барған адам оңбаған. Барса келмес патшаға Бақыт пен ерлік орнаған. Атса, мылтық өтпеген, Шапса, қылыш кеспеген. Өресі адам жетпеген, Ары жауға кетпеген.
Айтулының өзі еді, Талайды басып жер еді. Өзінің аты ер Барса,
2670«Келмес» деген атағы Барған адам шəріне Қайтпады бірі деп еді. Қорықпасаң, шын досым, Сіз Барсаға барыңыз, Досыңның тілін алыңыз. Сізбенен досты болған соң Жарқырап атқан таңымыз. Көрген қорлық, кегім бар, Кеткен талай арымыз.
2680Ар əперсең Барсадан Сая табад жанымыз.
– Достың түбі қиындай, Алшағыр, салдың бүйімді-ай. Достым маған қиылды-ай, Тау қайыру қиындай.
Достың тілін алмасам, Жұмсағанға бармасам,
Ерлігіме шын ұят, Зейінмен аңдап ойласам.
2690Жұмысыңа барайын, Алшағыр, тіліңді алайын. Досым үшін бір сапар Мен Барсаға барайын.
Жоғары болса талайым, Барсаның елін шабайын, Қылышты қанға малайын. Сенің үшін, жан досым, Ажалым жетсе егер де, Жау ішінде қалайын.
2700Пəлен, түген демейін, Жақсылық пен жамандық, Маңдайымнан көрейін.
Көк найзамды безейін, Сарыжамды кезейін.
Бір басымды санға теңейін. Атаңа нəлет Барсаның Қабырғасын сөгейін.
Көңіліңде арман бар болса, Барса келмес батырдың
2710Əкеліп басын берейін.
Уағдасын береді, Барса келмес патшаға
Барамын деп Қобыланның Серт байласқан жері еді. Қағаздасып қанменен Қыпшаққа қайтқан жер еді. Уəде беркін қылады, Қыпшақтың Қобылан шырағы Қыпшақ елін жияды.
2720Жауға сапар етуге Садақа тойын қылады. Жиылған ел, халқына Құрмет етіп тұрады.
2730
– Құлағың сал, кел тыңда, Қырымнан келген қырық батыр. Жолдас болған ерлерім,
Жасы үлкен аға мен Заманы бірге теңдерім. Алшағыр хан досыма Менің барып келгенім. Уəде еткен сөзім бар, Барып қайтқан өзім бар. Алшағыр хан досым бар, Барсадан көрген зəбір бар. Өзім Қобылан болған соң, Кегін жоқтау жөнім бар. Достың тілін аламын, Уəде еттім ханменен, Еліне Барса барамын.
2740Жұмсаған соң жан достым,
Бармай неғып қаламын? Қайырмаңыз, уа халқым, Қобыланның сапар талабын. Сөйледі Қобылан желігіп, Көтеріліп серігіп,
Көптен жауға бармаған, Қобыланды жүрген ерігіп. Азамат басын құрады, Барамын деп сол жауға
2750Халқынан ұлықсат сұрады.
Қарақыпшақ көп халқы Уайым етіп жылады.
Жыламай халқы не қылсын, Тоқтарбайдың ер Қобыланы Қыпшақтың қорған шырағы, Қарт, кəрісі жылады,
Көздің жасын бұлады. Елге қорған Қобыланның
Ханға уəде еткен соң, 2760Қарақыпшақ халқында
Болмайтын болды тұрағы. Қыпшақ елі жылап тұр, Көздің жасын бұлап тұр. Қайта-қайта Қобыланды, Барамын Барса ханға деп, Ұлықсат елінен сұрап тұр.
Сексенге келген Тоқтарбай,
– Қорқамын жолдан мен, – деді, Желікпе балам сен, – деді.
2770Батыр – аңқау, ер – көдек,
Ақылың сенің кем, – деді. Қарақыпшақ жылап тұр, Тілегін елдің бер, – деді. Айласы көп Алшағыр, Амалмен əдіс еткен-ді.
Барса келмес патшаға Астыртын қағаз жеткен-ді. Жан қайтпайтын ер Барса, Алдырмайтын өктем-ді.
2780Өтірік алдап, дос болып,
Көрген қорлық баршасын, Барсаға баян еткен-ді.
Атаңа нəлет ит Барса Талай жауды өткерді. Қалмақ деген көп халқын, Мақсатына жеткерді.
Айласы көп Алшағыр Өтірік сізге дос болып, Қобыланды, сені алдаған, Залымдықпен арбаған.
Тілімді алсаң, Қобыланды
2790Пайдамыз болар бармаған.
Айла, амал еткен-ді, Барсаға хабар жеткен-ді. Əр өтірік дос болған, Көрген қорлық баршасын, Барсаға баян еткен-ді.
Көңіліндегі мүддесін Күні бұрын жеткерді.
Сен кеткен соң, Қобыланды, Қайғы берер Алшағыр
2800Қарақыпшақ еліңе.
Қожа болар Алшағыр Жирен қопа көліңе. Халқыңды келтірер, Өзінің деген жеріне. Көрсетер елге зəбірді, Тілін алсаң қалмақтың Бересің қолдан кегіңді. Тыңдамай кетсең сөзімді, Досың ояр көзімді.
2810Қарақыпшақ халқыңыз,
Қысыммен көрер зəбірді. Айырсаң бізден шегіңді, Қор етер қалмақ еліңді. Сындырар бекем белімді. Алдағанға кетсеңіз, Көрерміз қысым, зəбірді.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– Жылама, ата, жылама, Көзіңнің жасын бұлама.
2820Қауырсыны қатқан соң,
Жата ма бүркіт ұяда. Белгілі берен ер жігіт, Бек сауытқа сия ма.
Қас жастықтың белгісі
Жауға жанын қия ма. Менің сапар жолымды, Осы сапар сұрама.
Шын иланып мен жүрмін Алшағырдың сөзіне.
2830Қаһарлансам кім шыдайды, Сарыжаның кезіне.
Дұшпандықпен жұмсаса, Обалы болсын өзіне.
Ақырында, уа, халқым, Жауыздық қылса егер де, Алшағыр хан қалмақтың Халқым шұқыр көзіне.
Дос болып жүріп қас болса, Обалы болар өзіне.
2840Сөйледі Аналық анасы
Қобыланды жалғыз баласы. Айрылар болды халқынан Қобыланның арасы.
Атасы əйел болса да, Білікпен артық санасы.
– Қобыланды, сені көрмей тұрғанда, Жиылған халық жиында,
Тау қайырып бетіме, Қайырсыз бетке ұрғанда.
2850Дүниені бүлдіріп, Тоқсан саба тілідіріп, Керегеге ілдіріп.
Баласыздық зарпынан Малды талақ еткенмін. Мал, мүліктің бəрінен Талақ салып кеткенмін. Көзден аққан ыстық жас Қойыныма төккенмін.
Қу таяғым қолға алып,
2860Тоқтарбаймен қыдырып,
Көзімнің жасы шұбырып, Дамылдамай жүгіріп, Перзенттен кеткен түңіліп. Елді талақ еткенмін,
Талақ салып кеткенмін. Маңғыстауды жағалап, Əулие іздеп аралап, Қаразымға жеткенмін. Тоғыз жүз тоқсан əулие,
2870Баршасын да аралап, Əулие қоймай саралап, Он екі айдың жүзінде,
Он үшінші айдың күзінде, Құлыным Қобылан, сені көргенмін. Көрген қызық баршасы,
Бір күнгідей болған жоқ, Неге, Қобылан, желдендің? Алшағырға алдандың.
Жалғызым, бүгін жерлендім, 2880Өлдім, талдым дегенде,
Өштім, жандым дегенде, Құлыным, сені көргенмін.
Тілімді алсаң, шырағым, Жөнді болар бармаған. Алшағыр хан дос болып, Қобылан, сені алдаған. Амалымен арбаған.
Айрылып сенен бұл елде Қалайша енді тұрамын?
2890Тілімді алсаң бармаңыз,
Айламенен алдаған
Бұл дұшпанға нанбаңыз, Алданып қапы болмаңыз.
Айласы көп Алшағыр Айламенен дос болды. Шырағым амал еткен-ді, Барса келмес батырға Осы хабар жеткен-ді.
Көргенінің баршасын,
2900Хан Барсаға өткерді. Алдағанға алданып, Алданып бекер сандалып. Қарақыпшақ көп халқың Қалмасын жылап зарланып. Сен кеткен соң, Қобыланды, Қарттарың қалар сандалып. Қожа болар Алшағыр Қоныс еткен жеріңе.
Қысым берер Алшағыр
2910Қарақыпшақ еліңе.
Ерік бермес еркінсіп, Жирен қопа көліңе. Қалмақтар шығар еріксіз, Еркінсіп қыпшақ төріне. Осы жауға сен кетсең, Дүние, малың тұл болар. Сексеннен асқан Тоқтарбай Ақырында құл болар.
Қарақыпшақ халқыңыз
2920Кеңшілікке мұң болар.
Менің айтқан бұл сөзім, Ақырында шын болар. Жайнаған сəулет заманым, Тұман басқан түн болар.
Тұлымынан сипаған, Қаншадай қызым қалмаққа Шарасыздан күң болар.
Ардақтаған ұлдарым
Бастарында ерік жоқ,
2930Ықтиярсыз құл болар.
Сен кеткен соң халқыңды, Қорғап бағар кім болар.
Қайрылмас бала болар ма, Ата менен анаға.
Тілек бермек болар ма Еңіреп көрген балаға. Қайғыланып жылап тұр Ағайын, халқың жана да. Атаңа нəлет Алшағыр
90Айламенен алдап тұр,
Көңіліңе салып сен қара. Сен кеткен соң, Қобыланым, Тарылар деп қорқамын Кеңдік көрген замана.
Сонда Қобылан толғайды, Толғап тұрып ойлайды, Ойламасқа болмайды.
Мұңын айтып шешесі Қайта-қайта зарлайды.
2950Уəде еткен сөзі бар, Сонда Қобылан танбайды. Сапар қылды ниеті
Елін баққан Қобыланды.
– Тоқтарбай қарт үй иесі, Достың тілін алуға, Жұмсағанға баруға, Қобыланды балаң желденген, Əруақ қызып тебренген.
Бармасыма шарам жоқ,
2960Алшағыр хан досыма Қатты уəде сөз бергем. Уəдемнен тана алман,
Сапарымнан қала алман. Жақсылық пен жамандық Жаратушы панамнан.
Батаңды берсең ұлықсат деп, Аламын ата-анамнан.
Тəуекелге мінген соң, Сөзден қайтпас Қобылан ер,
2970Жаудан таймас біздей сер.
Ниеті болсын жолдасы, Алшағыр патша қас болса, Ақырын байқап күтіп көр. Тоқтарбай мен Аналық Қолыңды жай да, бата бер. Ата менен анасы
Екеуі қолын жаяды, Қарттардан бата алады. Қайырлы болсын сапар деп,
2980Кемпір-шал бата қағады.
Қарындасы Қансұлу
«Ер көкем» деп жылады. Көзден аққан қара жас Омырауын жуады.
Алдындағы ағасы Қорған сүйеу панасы.
– Сапарың қи, – деп сұрайды. Алдымда панам сен едің, Артында нашар мен едім.
2990Ардақты менің болғаным,
Көкем, сенің себебің. Атамның тілін алмадың, Анаңның айтқан сөзіне, Көкем, құлақ салмадың. Алшағырдай залымға Қатты уəде еткен соң,
Жеделіңнен танбадың. Қобылан көкем, саналым, Өзіңе ерік саламын.
3000Тілекті бізге бермесең,
Нешік болар амалым? Атаңа нəлет Алшағыр, Айламенен дос болған, Тарылтар деп қорқамын, Қыпшағыңның заманын. Тілімді алсаң бармағын, Көңілі бөтен алдаған, Алшағыр дұшпан қалмағың. Сен кеткен соң түсірер,
3010Халқыңа ауыр салмағын.
Сен кеткен соң батырар, Аналық пен Тоқтарбай Қартыңа да бармағын.
Қиындық көрмесем игі едім, Қолаң шашым жүн болып, Көрген күнім тұл болып.
Қайғы шекпесем игі едім, Бірге туған көкемді
Бір көруге мұң болып.
3020Тоқтарбайдың көп дəулеті
Иесіз қалмаса игі еді
Ақырында тұл қалып. Алдымда панам қорғаным, Сенің арқаң, ер көке, Халыққа ханша болғаным. Алыс сапар жол шексең, Азғаным да тозғаным.
Көркі кетер ақ боз үй, Еңкейе кірген орданың.
3030Сенің арқаң, ер көкем,
Берекетті ел болдық,
Дəулет пен баққа кен болдық. Артыңнан өскен Қансұлу Ханшаменен тең болдық.
Уайым салып қайғымен Енді жылап сел болдық. Сенен бөтен ағам жоқ, Тілек, жаным сен үшін, Көңілімде алаң жоқ,
3040Артыңнан туған нашармын, Еруіме шарам жоқ, Жүретұғын амал жоқ.
– Қансұлужан, жылама, Көзіңнің жасын бұлама. Атама тілек бермедім, Анамның еткен тілегін Алуды мақұл көрмедім. Жылай берме, бауырым, Бір уəде еткен соң,
3050Сөзімнен қайтар ер ме едім. Өзім Қобылан болған соң, Сескенер жаудан сер ме едім? Тұлпар мініп, ту алып,
Жауға аттанар күнімде, Бірге туған бауырым Өсірдім сипап тұлымды. Тілегімді тілей бер, Ұмытпа, қалқам Қансұлу, Өсиет еткен мұңымды.
3060Достығын айтып Алшағыр, Ала берді тынымды.
Алыс емес жақында, Белгіледім, шырағым, Жауға аттанар күнімді.
Қарындасы Қансұлу Мұңын айтып жылап тұр, Көкелеп тілек салып тұр.
Сөзінен қайтпас Қобыланды ер Жыласа да шыдап тұр.
3070Енді Құртқа жырлады,
Жырламай көңілі тынбады. Қарақыпшақ елдері Баршасы жылап шулады. Қобылан мықты есер деп, Айтқанына жетер деп, Ортамыздан кетер деп, Бармай қалсақ нетер деп, Қыпшақ жұрты келеді.
Арыздасып, қоштасып, 3080Қобыланның кетер жері еді.
Сонда тұрып Аққұртқа Қобыланға қарап толғайды:
– Əкеңнің тілін алмадың, Анаңның айтқан сөзіне Құлағыңды салмадың.
Алшағырдай залымға Уəде еткен сөзіңнен, Тіпті, Қобылан, танбадың. Қиын болар, Қобыланды,
3090Ер Барсаны алмағың. Алшағырға нанасың, Атаң менен анаңның
Құрттың, Қобылан, шарасын. Пəлен айлық жер дейді,
Ер Барсаның хандығы, Қай заманда барасың? Осы сапар қиын жол, Тозағында азасың.
Айласы көп Алшағыр,
3100Білігі асқан көрім-ді, Атаңа нəлет жауыздың Алдағаны көрінді.
Ерлігі асқан Барсаға Астыртын хабар берулі. Арамдығы ішінде, Көргенін жазып терулі.
Сен кеткен соң, Қобыланды ер, Еріксіз алар жеріңді.
Шабар қыпшақ еліңді,
3110Сындырар қалмақ беліңді.
Күні бұрын түс көрдім, Болашақ іс көрінді.
Қарттарың мен жастардың Көзінің жасы төгілді, Қыпшақ жылап егілді.
Болашақ іс бар шығар, Айырдың халықтан шегіңді. Алдағанға алданып,
Кеттің, батыр, бейхабар. 3120Сен кеткен соң намысын
Халықтың жоқтап кім алар? Алшағыр хан «жан досың» Еріксіз басып ел шабар, Кекті жау бізді қолға алар. Есіне түсіп өткен іс,
Ашу тұтып долданар. Қарақыпшақ халқыңды Досың шауып олжа алар. Сексенге келген қарт атаң
3130Қу таяғын қолға алып, Санасыз сарық қой бағар. Қысым болар көргені,
Тарлық болар атамның Қалмақтан қорлық көргені. Бүйтіп тірі жүргенше Артық еді өлгені.
Қызығының үстінде Əкеңе өлім келмеді. Аналықтай анаңның
3140Тезек теріп, жүн есіп, Көрген қорлығы үдесіп, Еріңіз берер қысымды. Ата-анаңды жүдетіп, Кемпір-шалың қаңғырып, Қоймасын досың жүдетіп. Көргенім зауал болмаса, Қыпшақ деген халқыңды, Қысымменен айдайды,
Халқымның соры қайнайды.
3150
Ардақтаған жайсаңды, Еріксіз қорлыққа айдайды. Сен кеткен соң қыпшаққа, Досың бермес тынымды. Тарылтар кеңіс күніңді, Айтайын көрген шынымды. Артыңнан өскен сүйеуің, Ардақтаулы бикешжан.
Сөндірер деп қорқамын, Отыз төре, қырық бегі,
3160Билер тартқан шылымды.
Қалмақ құртпаса игі еді, Қайғы беріп сыйымды.
Сен кеткен соң Барсаға, Алшағыр шабар еліңді. Тартып алар жеріңді, Бердің қолдан кегіңді.
Өтірік емес, шын болар, Бұл дұшпаннан зəбірді.
Ей, батыр Қобылан, алғаным, 3170Қағып төсек салғаным.
Осы жүрер жолыңа Көңілімде көп арманым. Тілек бермей халқыңа, Сапарыңнан танбадың. Оңай болмас, Қобыланды, Бір Барсаны алмағың.
Батыр Қобылан, барарсың, Қанша мықты десе де, Барсаны шауып аларсың.
3180Дегеніңе келтіріп,
Көп қалмақты шабарсың. Қайғылы болып еліңіз, Алшағырхан залымға Қоныс болып жеріңіз.
Өзің онда, ел мұнда, Кетпесін жауда кегіңіз. Асық болған Құртқаңа Алшағыр көзін салмасын, Алшағыр ойлар пайдасын.
3190Лайықсың маған деп, Құртқа, сені алам деп, Басыма қайғы салмасын. Азырақ рұқсат алармын, Рұқсат алып Аққұртқаң Қалмаққа салар айласын. Өлшеулі күнде келмесең, Халқыңды келіп көрмесең, Кешікпей кел өлмесең.
Қиындық түсер Құртқаға
3200Ақырында көрерсің, Батыр Қобылан өлмесең.
Айла, амал табармын, Ақылға салып қарармын. Алшағыр хан патшадан Он екі ай рұқсат алармын. Он екі айда келмесең, Дидар жүзді көрмесең, Мен табар амал жоқ, Амал ойлар заман жоқ,
3210Досың Құртқа саған жоқ.
Арыстан туған ер досым, Қобыланды батыр маған жоқ. Хабарыңды білгенше, Көңілімде бөтен алаң жоқ.
Ақыл ойлап қарайын, Ақыл ойлап табайын. Алдымды кеңге салайын, Асық болған ер досым Уəдем саған тағайын.
3220Қобыланды, саған серт айтып, Сақтаулы адал сарайым.
Батыр қайтып келгенше, Қолы жетпес адамның Ақ мұнара басынан Ұзаққа рұқсат алайын. Қол жетпейтін жер еді, Амал тапқан адамзат Мақсатқа жетет деп еді. Ақыл ойлап қалмаққа,
3230Елде қалған Аққұртқаң
Кеңінен уəде береді. Болса тілек мерейім, Жауға кетті демейін, Келеді деп сенейін.
Амалым бар ма, Қобыланды, Ырзалықпен көнейін.
Шамам келсе келгенше, Өзімді бағып көрейін.
Айдан сұлу, сүттен ақ
3240Ақылға асқан көңілі шат.
Қобыландыға айтқан жауабы, Бəрі үлгі насихат.
Сонда Қобылан сөйлейді:
–Мен əкенің тілін алмадым,
Анам тілек салғанда, Сертімнен мүлде танбадым. Бірге туған Қансұлу Ардақтаған бауырым, Бауырым тілін алмадым.
3250Сапарымды тіледі, Жалынып айтқан сөзіне Тіпті құлақ салмадым. Атаға тілек бермедім, Аналық шешем жылады, Көзінің жасын көрмедім. Қансұлу менің бауырым, Ер көкелеп жылады, Сапарымды сұрады, Көзінің жасын көрмедім.
3260Қанша жолдас болсаң да,
Қансұлуменен тең бе едің? Əйелдің тілін алғаным, Сапарымнан танғаным, Барам деп бармай қалғаным, Сынықтық болар өзіме.
Қатынның тілін алды деп, Мат болармын халықтың Күлістік еткен сөзіне.
Жедел етіп мен тұрмын,
3270Ақ сапардың кезіне.
Мені жолдан тоқтатар – Құртқа сұлу сен емес. Тіліңді алып тоқтайтын – Қобыланды батыр мен емес. Жеті дұшпан біреуі –
Қатын тілін алатын, Біздей ерге жөн емес.
Бұл жолымнан қалмаймын, Дос-дұшпаным бар шығар,
3280Біреуге біреу ел емес. Ару, сұлу Аққұртқам,
Тілегіңді қабыл алмаймын.
Əлқисса, сонда Қырымнан келген қырық батырдың ағасы Қартқожа тұрып, Қобыландының осы жауға аттанбауын сұ- райды:
– Батыр туған Қобыланды ер, Көңілімде айтар сөзім бар.
Көргенімді айтайын, Осы жолдың қиынын Баяндар сізге жөнім бар. Рас сөзге сенім бар, Кешегі Орақ, Мамайға
3290Он төрт жасар күнімде
Қосшы болғам өзім дəл. Орақ пенен Мамай хан Талай жауға шапқан ер, Халықты жақсы баққан ер. Талай жауға барған ер, Ұрысқан жауын алған ер. Жауды көзі көргенде, Айбаты асқан кемеңгер.
Барса мықты дегенге, 3300Еліне Барса барам деп,
3310
Барып қырғын салам деп, Сол Барсаны алам деп, Ат қойып елін шақырды. Елінен жиып батырды, Ердің ісі қапыл-ды.
Айбатты Орақ, хан Мамай Білігі асқан ақылды, Тентек емес мақұл-ды.
Солай деп айта келсек те, Елдің ісі қапыл-ды.
Шақырған соң ел келді, Ел ішінде ер келді.
Қайтпайтын жаудан сер келді, Көңілді жігіт тең келді.
Еліне Барса баруға, Барсаның елін шабуға, Қызғындап ерлер жөнелді. Ат жаратып баптандық, Баруға жауға шаттандық.
3320Сол Барсаны шабам деп,
Ер менен бектер мақтандық. Жиып алып халықты,
Əскер санап басқардық. Алты мың əскер қол болып, Біз Барсаға аттандық.
Қайтпайтын жаудан ер де бар, Сескенбейтін сер де бар.
Жау сағынып желіккен, Қорықпайтын сер де бар.
3330Бұрын жауға бармаған,
Ат ізін шетке салмаған. Үйде отырған шаруа, Жол шекпеген кем де бар. Ат жаратып баптандық,
Қуанысып шаттандық. Алам деп жауды мақтандық, Қолды санап басқардық.
Барсаға қарап қасқардық, Тұс-тұсынан ту байлап,
3340Жүріске шықтық ыңғайлап.
Қару-қапшық ат сайлап, Күндіз-түні жол шектік. Алты айшылық ауыр жол, Болдыртып атты мендеттік. Неше ай қонып ортада, Егіз бұлақ бойына
Шалығып-шаршап біз жеттік. Егіз бұлақ көлдерге
Атты бағып, тынығып, 3350Тоғыз күндей біз жаттық,
Мінген атқа күй таптық. Оныншы күн болғанда, Барсаға қарап жөн тарттық.
Құм дөң деген дөң көрдік, Айдынды шалқар көл көрдік. Осы көлге кез келдік,
Ар жағынан сол көлдің Боз дөң деген дөң көрдік. Аттанған ерлер баптанып,
3360Кілең батыр мақтанып,
Ат суарып түгендеп, Адамды санап басқарып. Жүре бердік біз жөнге Алдымызға қасқарып.
Боз дөң таудың басынан Құлатпен шықты төрт атты. Найзағай ойнап аспаннан, Көп əскерді өрт атты.
Алыстан қарап топ болды, 3370Өрт жанып шоқ болды.
Бізге қарай лап қойды,
Лап қойған əскер жоқ болды. Əскер қирап құлады,
Талайы тулап сұлады. Кім екенін біле алмай, Қалғаны жылап тұрады. Тек аман кетті бес кісі, Осы жауға шаталмай,
Көңілді қайғы дат алды-ай. 3380Жолдан қайтқан хан Мамай
Осы таудан аса алмай, Жүруге қорқып бата алмай, Қалай жүрсің хан Мамай, Əлеметке тап болып, Қырғынға халқы шаталды-ай. Орақ пенен Мамай сер
Қайтпайтын жаудан батыл, ер, Көкірек толып қайғы шер.
Орақ пенен Мамайдың
3390Қайғылы болып қайтқан жер.
Ахмет, Алау, Қартқожақ Үшеуміз шықтық сауалға. Орақ пенен хан Мамай, Бесеуміз қайттық аманда. Қасымызда көп əскер, Душар болды ажалға.
Осы арадан кер кеттік, Арытып атты меңдеттік. Көп əскерден айрылып,
3400Уайым етіп еңірестік.
Аттанған қолға сор болды, Теріс сапар жол болды.
Орақ пенен Мамай хан Қайғыменен қор болды. Тілімді алсаң, ер Қобылан, Бұл жауға бару жөн емес, Барса деген қатты жау Алдыратын ел емес.
Айбатты Орақ, хан Мамай, 3410Қобыланды, сенен кем емес.
Талай жерге барған хан, Талайға бүлігін салған хан, Əскерден Мамай айрылып, Осы жолда сандалған.
Мүдə болып еңіреп, Көңілі кетпей арманнан. Қайтпас Мамай ер еді, Осылай еді себебі.
Көп əскерден айрылып,
3420Қапа шеккен жері еді.
Бір тоғыспай қалмақпен Арманда болған Мамайдың Мен қапамын деп еді.
Кеңшілікте тұрғанда, Кім де кім де ер болар,
Мен батырмын дер болар. Ойлағаны əркімнің Көкірегі кен болар.
Алдыратын жау емес,
3430Хан Барсаның еліне Бармағаның жөн болар.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– Қайғы айтпа, батыр, сен, – деді, Қайғы айтқаның нең деді.
Тек хандығы болмаса, Менімен Мамай тең бе еді.
3440
Мен мұзбалақ бүркітпін, Қарға, құзғын, жапалақ, Соларға болман жем деді. Қырымнан ерген қырық жігіт Қызығымды көр деді, Қасыма менің ер деді.
Шеңгелім болат сұңқармын, Баруға жауға іңкəрмін.
Тұлпар мініп, ту ұстап, Жау ұясын құртармын. Кешегі Орақ, Мамайдай Қайтатын батыр мен емес, Бұл айтқаның жөн емес.
3450Орақ пенен Мамай хан
Менімен қатар тең емес. Сапар шеккен батырға Ер уайым айтар ма.
Қаса жасық болмаса, Шын жеделге мінген соң, Ер сапардан қайтар ма.
Қайтар Қобылан мен бе едім, Жаудан қайтып қорыққандай, Батыр емес, кем бе едім?
3460Қорқып қайтып бұл жолдан, Мен ноғайлымен тең бе едім?
Əлқисса, Аққұртқа Қобыландыға келіп қосылғаннан кейін атасының көп жылқысын аралауға, ішінде Қобыланға жарай- тын ат бар ма екен деп сынауға құмар болады. Күндердің бір күнінде Қобыландыға: – Жылқыны аралап қайтсақ қайтеді? – дейді. Қобыланды оның сөзін мақұл көріп, екеуі жылқыны ара- лайды. Жылқының ішінен жабағы жүні түспеген бурыл тайды көреді. Осы тұлпар болады деп сынайды Аққұртқа.
Құртқаның түскен жылында, Қобыландымен екеуі
Əзіл ойнап отырып, Сол күні екеуі ерікті.
Жылқы аралап келем деп, Сан жетпейтін атамның Көп жылқысын көрем деп, Ақылы артық Аққұртқа
3470Қобыландыға айтады:
«Сен жылқыңды бастап жүр, Батыр, сізге ерем деп, Қылайық тұлпар ат болса, Құлын да болса тап болса, Өзім бағып берем деп.
Сан жетпейтін көп жылқы Сізбенен Қобылан барам деп. Тай, құлын науша жастарға Көзімнің қырын салам деп.
3480Торыға таяу бір тұлпар
Көп жылқыдан табам деп. Аралалық жылқыны, Қобыланды, ердім саған» деп.
Алтын шыбық алады, Жібектен бау тағады. Талма тал түс шамада, Қобылан менен Аққұртқа Көп жылқыға барады, Жылқы аралап қарады.
3490Жабағыдан тай шыққан,
Тарлан бие соңында Бурылтай кетіп барады.
Алды-артынан Құртқа шығады, Бурыл тайды сынады,
Қуанып көңлі тынады.
Қайшыланған құлағы Не қылса да Бурылтай Аққұртқаға ұнады.
Екі көзін сынаса,
3500Шамдалдың жаққан шырағы, Өзгеден артық сияғы.
От орнындай жануар Шашадан төмен тұяғы. Тайбурылы Құртқаның Көңіліне ұнады.
Кем болмас деп торыдан Келбет пенен сияғы.
Торыға серік болар деп, Осылайша сынады.
3510– Ей, Қобыланды, Қобыланды, Сынап тұрмын бурылды, Барталыңа жарар деп.
Қаншама алыс алыс жер болса, Ə дегенше барар деп,
Сенің үшін бағам деп, Жұмсақтан жабу жабам деп, Торыменен тең етіп, Алтыннан қазық қағам деп, Жібектен арқан тағам деп.
3520Жануар бурыл сияқты,
Ей, Қобыланды ер, Қобыланды ер, Көрген соң көңілім ұнатты, Торыға серік болар деп.
Ықыласым құлап тұр, Əр мүшесі бурылдың Көңіліме ұнап тұр.
Жібек баулы құрықпен Тайбурылды тез ұста. Əр мүшесін сынасаң,
3530Торымен қатар сияқты.
Алтын құрық Қобылан алады, Сағағынан қағады.
Сол секілді Қобыланды Тоқтатпай сүйреп барады. Екпініне батырдың Сырғанады аяғы.
Бір терекке төнеді, Аяғын жерге тоқтатпай, Бурыл сүйреп жөнеді.
3540Сол терекке таянып, Қобылан аяқ тіреді. Құрықпен бұрап шығады, Басына жүген сұғады.
Тастан қайтпас шын болат, Жануардың тұяғы.
Құртқа өзіндік сарайға Бурылды алып барады. Торыша менен екеуін Жігіттер жақсы қарады.
3550Əр уақытта Аққұртқа Екі бірдей тұлпардың Майдалап түгін тарады. Тобығы меңді торымен Бірдей етіп бағады.
Екеуін бірдей тең көрді, Бірдей етіп жем берді. Жал-құйрығын таратып, Тұлпарға ажар, өң берді.
Құртқа бағып, баптады, 3560Үкілі құйрық, майда жал
Аттың күйін тапқаны. Жер тепкілеп желігіп, Түнде тұлпар жатпады. Жігіттер қарап күні-түн,
Тұлпарды күтіп сақтады. Екі тұлпар ерігіп,
Өзі өзінен жарап тұр. Əр уақытта Аққұртқа Аттың күйін қарап тұр.
3570Құйрық-жалын Аққұртқа
Мезгіл-мезгіл тарап тұр. Атасы айуан болса да, Ер жолдасы тұлпар деп,
Қобыланды ерге балап тұр. Ат болады қашан деп, Өткен күнді санап тұр.
Əлқисса, Аққұртқа Қобыландыны Барса ханның еліне өз қолынан аттандыру үшін неше жылдан бері ел көзіне түспей бағуда тұрған қос тұлпарға алып келіп, тұлпарларды батырға көрсетеді. Қобыланды қос тұлпарды көргенде, көңілі то- лып, ырза болады. Құртқаның аттың сыншысы екенін, дана, ақылды екенін біледі. Құртқа өзінің ер досына, жан жарына:
«Жорытқан сайын жолың болсын, мерейің үстем болсын, міне, саған шешемнің берген жай бұлтын аманат етіп тағы беремін. Бұл саған қысылған жерде жəрдем берер, шөлдеген жерде бұлт құрастырып жауын жаудырады» – деп, жай бұлтын береді. Сонда Құртқаның толғағаны мынау екен:
Жақсы болса əйелі, Ерге жолдас, серік-ті. Алған жары Аққұртқа
3580Адамда сұлу, көрікті. Кетерінде Қобыланға Дəумама берген жай бұлтын Қолынан Құртқа беріпті:
– Сен Барсаға барарсың, Елі шалғай, жері алыс, Арып, шөлдеп азарсың.
Мамамның берген жай бұлтын Шөліркеген күніңде
Ашық күні жаярсың.
3590Жаңбыр жауып, қақ тұрар, Шөлдегенде қанарсың.
Қырық батыр жолдасың, Ат суарып аларсың.
Шөлдеген атты суарып, Батырлар, кеңдік табарсың. Мамам берген бұлтты Көргенде Қобылан нанарсың, –
деп жай бұлтын Қобыланның қолына ұстап береді.
Мағлұм болған тұлпары Алты жасар бурыл ат,
3600– Қоштастым, Құртқа, жүрем, – деп, Тайбурылға мінем, – деп, Шығыршықты бек сауыт,
Бекініп үске кием, – деп. Тасты кесер ақ алмас Беліме орай ілем, – деп. Ұлықсат бер, Аққұртқа, Тез кешікпей жүрем, – деп.
– Жауға аттанған жігітке Ерлік пенен бақ керек.
3610Ренжіме, Қобыланды ер,
Қуаныш керек, шат керек, Барталыңа, батырым, Тағы да тұлпар ат керек. Жолдас досым сен едің,
Əйел де болсам шын досың Құртқа алғаның мен едім. Таңдап алған Құртқаның Тисін сізге себебім.
Ат жемшіктен шығарып,
3620Тобығы меңді торыны Барталыңа беремін.
Дəумамадан ұзатып, Батыр мені алғанда,
Шалғынды көлге барғанда, Үйірінен қулықтың
Кер биені көрдім де, Болып едім арманда,
Арманда болдым жалғанда, Атама қағаз жазғанда,
3630Көрімдікке атамнан Кер биені алғанда.
Не қылса да кер қулық Сынауыма жақты деп, Мінуіне Қобыланның Жануар тұлпар жағар деп. Кер қулықты атамнан Тілеп, сұрап алғанда.
Бағуға болдым арманда, Арманда болдым жалғанда.
3640Жүрем десең, Қобыланды,
Сайлана бер қамдан да. Ер мақсаты тезденді, Енді бекер алданба.
Тұлпар табам мен деді, Қобыланды маған ер деді. Алтын астау алдында, Қос тұлпарды көр деді.
Сауырлығы кең деді, Он екі мүше тəндері,
3650Бəрі бірдей тең деді.
Тайбурылға қос артып, Торыны міну жөн деді.
Алты жасқа келтірмей, Тобығы меңді торыны Мінетін болдың, ер, деді. Ат азуы толған жоқ,
Əлі алты жас болған жоқ, Тұлпарлық бақыт қонған жоқ. Алыста қалмақ ел деді,
3660Жеткізбейтін жер деді.
Бір жасы аттың кем деді, Сапарың болсын оң деді, Қайырлы болсын жол деді. Кемдігінен жасының
Бір жерлерге барғанда, Тарықтырар сол деді. Тарықтым деп шамданба, Тұлпарыңа қас ойлап, Арманда болып қам болма.
3670Адал ниет жүрекпен, Батыр, шықтың ақ жолға. Ұшқырлы жебе көк найза, Тəуекел ет те, ал қолға.
Мақсатқа торы жеткізер, Тайғақ кешу тар жолда.
Қолымнан бердім жем деді, Батыр, маған ер деді.
Жүрісі жорға торыны Көзіңменен көр деді.
3680Торышаны, Қобыланды ер, Өзіңменен тең көрдім.
Ардақтап аптап жем бердім, Керегін тауып ет бердім.
Арпа менен сүт беріп, Ажар бердім, өң бердім.
Алтыннан қазық қақтырдым,
Жеті құлға бақтырдым. Үстіне жұмсақ тисін деп, Мақпалдан жабу жаптырдым.
3690Батпасын деп мойнына
Жібектен арқан тақтырдым. Сусынына бал беріп, Түрліше тəтті дəн беріп, Торының күйін таптырдым. Осы биыл жаздықта
Бестіге келген ат қылдым. Сауырлығы салынған, Мінген атың табылған, Торышам шықты бағымнан.
3700Торыны мін де, жау жаула, Барған жауың табылған.
Неше түрлі қиындық, Қайтарсың аман жазымнан. Орайына көзің сал,
Иіріліп жатқан түбектей. Танауыңа қарасаң,
Түбі түскен шелектей. Жалын қара торының Келептеген жібектей.
3710Қабырғасы уықтай, Төрт аяғын қарашы,
Алыс жер бұған жуықтай. Қуантар торы, қуантар, Көңіліңді батыр суытпай. Бірақ, ат азуы толған жоқ, Əлі алты жас болған жоқ. Осынымда жалған жоқ,
Торыға міндің, Қобыланды ер, Аққұртқаңда арман жоқ.
Қобыланды Құртқаменен қоштасып, хан Барсаның еліне сапар шегуге бет алады. Сонда Қырымнан келген, қасына ере- тін қырық жолдасына айтқан сөзі:
3720– Қырымнан келген қырық жолдас, Қамданып атқа мініңіз.
Хан Барсаның еліне Бүгіннен қалмай жүріңіз. Аттанар бүгін күніміз, Ер бастығы Қартқожақ, Артыңнан жетеді ініңіз. Тайбурылға қос артып, Ер Барсаның еліне,
Жүріңдер ерлер жөн тартып.
3730Тұлпар таңдап, ат мініп,
Ат құйрығын шарт түйіп, Жетермін мен де қасқартып. Жау іздеген есермін, Қайратыма мас болған, Қайтпайтұғын нөсермін.
Тайбурылға қос артып, Қырық жігітім жүріңдер, Артыңнан қуып жетермін.
Қырымнан келген қырық жігіт, 3740Тайбурылға қос артты,
Жол шегіп, жауға жөн тартты. Қару артып азық пен,
Хан Барсаның еліне Қырық батыр жол тартты. Сол күні Қобылан қонады, Құртқаға қонақ болады.
Сəскеге күн толады, Тұманды күн мұнарды, Тобығы меңді торыны
3750Көргенше Қобылан құмарды.
Жемшік сарай ішінен Торышаны жетелеп, Сұлу Құртқа шығарды. Торышаны көрген соң Батыр Қобылан қуанды. Алды-артына қараған, Кіндігінен жараған,
Қызықпай Қобылан неғылсын, Ақылға асқан Аққұртқа
3760Тобығы меңді торының
Жал-құйрығын тараған. Батыр Қобылан сынаса, Тұлпар екен озаған, Жібекпен белін ораған. Қобыланды батыр сынаса, Көңілден шықты жобадан.
Қобыланды сонда сөйледі:
– Лайықты торыша, Маған тұлпар сен деді,
3770Сені мінем мен деді.
Торша, сені мінген соң, Уайым кетті өзімнен.
Тəуекел етіп мен шықтым, Қарақыпшақ елімнен, Жирен қопа көлімнен.
Сені мініп алған соң, Шабуға жауға ерінбен. Жібектей жалың төгілген, Бағымымен Құртқаның
3780Тəтті жемге семірген. Үстіңе тоқым салайын, Еріңді ерттеп алайын. Қанша алыс болса да,
Хан Барсаның еліне Жақын күнде барайын. Астыма торы мінген соң, Бек сауытым киген соң, Дұшпанға қимыл салайын, Тіпті жоқ менде уайым.
3790Алдырмайтын Барсаның
Қаласын талқан қылайын. Қолыңнан бердің торыны Аққұртқа жолдас жұбайым. Қырық жолдасым жол шекті, Жүрмей неғып тұрайын?
Ат үстіне ер салды, Жүруге Қобылан оңдалды,
Толғаулы найза қолға алды. Айбаттанып шаттықпен
3800Баруға жауға жолданды.
Амандасып, қоштасып, Ризаласып, қолдасып, Торыға мініп жөнелді. Қырық батырдың артынан Қобылан кетті сол енді.
Жабықпай көңілім өссін деп, Айқайлап айтты өлеңді.
Кешегі кеткен ерлердің Əн салғанда дауысы,
3810Құлағын келіп жарады.
Бұл дауыс қайдан шықты деп, Қырымнан шыққан қырық батыр Аң-таң болып қалады.
Ұлы сəске болыпты, Күн түстікке толыпты.
Қырық батырға шаң, тозаң, Қараңғылық болыпты.
Қырымнан шыққан қырық ер Бұл тозаңнан қорықты.
3820Қобыландының торыша ат
Ақ киіктей орғытты, Ақ бөкендей жорытты. Артынан келіп алыстан
Қобыланды күшті ақырды. Айбатымды көрсін деп, Қасымдағы қырық жолдас Келгеніме сенсін деп, Жануар торы елірді.
Майда жалы елпілдеп,
3830Қара тері мөлтілдеп, Белестен-белес бел асты, Бес қаруы жарасты.
Əруақты Қобыланның Қатты ақырған айбаттан Қырық жолдасы дал болып, Ақылынан адасты.
Қырық батыр сасады, Атына қамшы басады.
Артынан келген Қобыланның
3840Əруағы басады.
Қобылан екенін біле алмай, Қырық ер де қашады, Қырқы қашып барады.
Бір жабынды астымен Амалы көп Қобылан ер Алдынан тосып қалады.
Қырымнан шыққан қырық батыр Алдынан көріп сасады,
Кейін қарап қашады.
3850Қобыланды шауып келіпті, Жан жолдасы қырық жігіт
Батырға жолдас, серік-ті.
– Қырық жолдасым сен едің, Қобылан атты ер мен едім. Мені көріп, қырық жігіт, Мұнша қашқан нелерің?
Жасық туған кіл жаман Жолдасқа жоқ керегің. Бастарыңды қағайын,
3860Қырқыңа қырғын салайын, Басыма бейнет қылғанша, Ер Барсаның еліне Беріктегі беліне,
Жалғыз өзім барайын. Сонда тұрып Нұрғожа Қобыланға қарап сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді:
– Белестен белес бел асқан, Орай садақ, саркез оқ
3870Белге бусаң жарасқан.
Əруақ қонған батырсың, Екпініңді көргенде, Ақылдан біздер адасқан. Еңсеңе ерлік орнаған, Əруақ, бақыт торлаған. Келбетті туған ерімсің, Жау шайқайтын серімсің. Көзімізге озат көріндің, Қабағыңнан қар жауып,
3880Мұртыңа мұз тоңып, Темір қару құрсанып, Ат құйрығы салынған, Қабағы қарыс жабылған. Əруағын көрген соң,
Ақылдан ерлер жаңылған.
Бір-біріне жүр десіп, Жүр дегенде гулесіп,
Тұлпардың бойын билетіп, Басып кеткен тастарды,
3890Саз балшықтай илетіп,
Өлең айтып, əн салып, Батырлар жүрді гүрлетіп. Əруақты ер Қобыланды Сапар шектік ақ жолдан. Əруағын көргенде,
Қырық ер сасып зар болған. Кел, тұлпарменен желелік, Ат жүйрігін сынауға,
Кел жарысып көрейік.
3900Тайбурыл менен торыны
Өзгеге тайлас демейік. Ат шабысып тыналық, Тайбурыл мен торыны Тұлпарларың сыналық. Еріккен ерлер жарысып, Азырақ қызық қылалық.
Бес жігіт қоста қалады, Бесеуі атқа қос артып, Жаяулап кетіп барады.
3910Отыз бірі кейінде Ат шабуға қалыпты.
Екі күн күйлеп тұлпарды Енді ерлер жарысты.
Тайбурыл тұлпарға Нұрғожа мініп алыпты. Шу, жануар, шу дейді, Тұлпар бойын билейді, Жал құйрығы гулейді. Торыша мен бурылдың
3920Табаны жерге тимейді.
Басып кеткен тастарды Балшықтай-ақ илейді. Өзгеден озып қос тұлпар Сүйегі қызып желікті.
Шапқан сайын тыңайып, Бурыл, торы серікті, Екеуі атқа сеніпті.
Қасындағы жолдастар Шабысын аттың көріпті.
3930Кезектесіп қос тұлпар Бір-бірінен озады.
Ауыздықпен қарысып, Үстіне мінген ерлердің Алақаны тозады.
Шапқан сайын желігіп, Ат шабысы қозады.
Ауыздығын басады, Ақ көбігін шашады. Биік-биік тауларды
3940Алты-ақ аттап асады, Тозаңын көкке шашады. Құйысқаны сартылдап, Үзеңгісі жарқылдап, Өмілдірігі алқылдап, Шаңды шаңға қосады. Киік пенен құланның
Ə дегенше болмай-ақ Алдын орап тосады. Қаздарменен қағысты,
3950Құба үйрекпен жарысты.
Қара терге боялып, Сүйегі қызып оянып,
Көрсетті тұлпар шабысты. Ердің қарын талдырып,
Ауыздықпен қарысты. Екі тұлпар жануар Жақын қылды алысты. Ор қояндай орғытты, Ақ бөкендей жорытты.
3960Ұлы сəске болғанда, Алдынан бір тау жолықты, Шабысы аттың толықты. Нұрқожа менен ер Қобылан,
Қайтпайтын жаудан шонық-ты. Екеуі атын кідіртіп,
Қосын күтіп сол тауда, Ат суытып, дем алып,
Су тауып, үш күн қоныпты. Үш күн күтіп көріпті,
3970Төртінші күн болғанда,
Артында қалған жолдастар Қоспенен бірге келіпті.
Екі күндей дем алып, Жүретін күні болады. Тайбурылға қос артып, Ерлер кетіп барады.
Шөлейт-шөлейт жер келіп, Түсуіне ерлердің Болмағанға ұсайды амалы.
3980Таңдайы қатып, ер шөлдеп, Аттары жүдеп барады.
Шөлдеген соң қырық жігіт, Ақылға асқан ер Қобылан Құртқаның берген жай бұлтын Бұлтсыз күні жаяды.
Бұлт шығып аспаннан Сарқырап жаңбыр жауады. Тақыр жерге қақ тұрып,
Ат суарып алады,
3990Ерлері суға қанады.
Екі айдың жүзі болғанда, Жетуге жауға арманда, Арманда болған жалғанда. Бұл жүргені шөл жер-ді, Белес-белес бел өтіп, Жарқыраған көл көрді, Құмдөң деген дөң көрді. Мамайдың қайтқан жеріне Қобыланды батыр келді енді.
4000Ар жағынан Құмдөңнің
Бозбел деген бел көрді. Қолаттан шықты төрт атты, Төртеуі де бөрте атты.
Найзағай шашып, өрт атты, Қобыланға өрт келмей, Қасындағы қырық батыр Қуанышпен сөйледі.
Қартқожақтың айтқан сөзі:
– Бұрын келгем осында, Қобылан батыр, мен деді.
4010Ноғайлының көп батыр
Қырғын тауып бұл жерде Мамай менен Ораққа Қайғымен толған шер деді. Боз белестен тағы да
Бір бөлек қара топ болды, Жалын жанып, шоқ болды. Бұларға қарап лап қойып, Өз-өзінен жоқ болды.
Сиқырмен амал еткен-ді,
4020Қырғын тауып жолдасы
Орақ пенен Мамайдың
Кейін қайтып кеткен жері еді. Артықтығын Қобылан білдірді, Кереметі асқан өктем ер,
Осы жолда білінді. Бейнетсіз Қобылан өткерді, Бұл Барсаның елінің
Айла, амалы көп екен, Қияттан шыққан төрт атты,
4030Қолдың басшы ері екен.
Шеттен жаулар келер деп, Амал етіп айламен
Берік сақтаған жер екен. Барсадан шыққан ауыр қол, Сайланып атқа мініпті.
Алшағырдан астыртын Барсаға хабар келген соң, Тамам батыр сайланып, Жолын тосып жүріпті.
4040Қобыланның келер жолына, Мамайға еткен айласын Тағы да жау қылыпты.
От шашатын сұмдығын Жолынан ердің құрыпты. Есебі жоқ сансыз жау Түтін болып тұрыпты.
Қобыландыны көргенде, Қалмақтар састы, шəрменде. Зəресі ұшып жау қашты,
4050Қырық батыр Қобыланның Көтерген туын көргенде, Алыстан келген Қобыланды Бұларды көріп қызбады, Қашқан жауды қумады, Қырық жолдасқа жырлайды:
– Қырық жолдасым сен едің, Талап қылған қалмаққа Қобыланды ерің мен едім.
Тіл кетер деп қалмаққа
4060Қумаған жауды себебім.
Қалмаққа хабар барар деп, Барса хабар алар деп, Мықтылықты көрген соң, Жау бекініп қалар деп.
Қалмақтың ханы ер Барса Амал ойлап табар деп.
Алыс сапар жол жүріп, Шабуылмен тез жеттік. Жауға мінер тұлпарды
4070Арықтатып меңдеттік. Жауға шабар жол емес, Қоңсыз, арық атпенен Сыр білдіру болмайды. Атасы дұшпан жатпенен, Кекті дұшпан қаспенен. Сыр айтысса қаспенен, Халықта үлгі, нақыл бар, Ақыры болар мат деген.
Кел қырық жігіт, қырық жігіт,
4080Жолға жүріп қарайық.
Тыңаятын қос тігіп, Шөлдеген адам, арық ат, Енді қоныс табайық.
Шөлдеген атқа су тауып, Жынысты көл, ну тауып, Бір азырақ тыншығып, Сонан соң жауға шабайық.
Гулесіп ерлер жүрісті, Қобыланды асқан білікті,
4090Боз белестен асқанда, Қуаныш етіп Қобыланды Езу тартып күліпті.
Қобыландының күліп жүрген себебі, Қара адырдың бауырынан
Аққан бұлақ көл еді. Мінген аты шөлдеді.
«Бермен жүр, – деп, – қырық жігіт» Қобыланды бастап жөнелді.
Басы аққан тас бұлақ,
4100Аяғы шалқар көл еді.
Жағалай шыққан қалың ну, Ел қонбаған жері су, Судың бетін шайқаған,
Ақ сарыбас қаз бен қу. Көңілденіп батырлар Көлге қонып алады.
Қосын тігіп бұл көлге Аттарға жабу жабады. Күн төрт күн болғанда,
4110Ат тыншығып қалады.
Сонда Қобылан сөйлейді:
– О, қырық жігіт, қырық жігіт, Сендер атты бағыңыз,
Атты бағып қалыңыз, Айтқан тілімді алыңыз. Елін Барса көргенше, Қарауыл қарап келгенше, Төзе алмай тұр жанымыз. Батыр атақ болған соң,
4120Тұлпар мініп, ту алып,
Жауға шабу сəніміз.
Мен келгенше қырық батыр, Аттарыңды бағыңыз.
Шығыршықты көк сауыт, Беркін сақтап киейін.
Тастан қайтпас ақ семсер Беліме орап ілейін.
Ұлықсат бер, жолдастар, Мен қарауылға жүрейін.
4130Жақсылық пен жамандық
Маңдайымнан көрейін. Ерге керек сабырлық, Ақыр болар мерейім. Құр жатудан пайда жоқ, Көк Зеңгінің тауынан Қарауыл қарап келейін.
Деп Қобыланды оңдалды, Тобығы меңді торыға Мінейін деп ер салды.
4140Жеделденді жүрмекке,
Бармасына не қалды. Ойлағаны Қобыланның Жеделменен қаралды. Қалған жері қырық жігіт Шалқар көл бойы арал-ды. Тап сол күні кеш болды, Таң асырған торы ат та, Кіндігінен жарайды.
Жал-құйрығын майдалап, 4150Батыр Қобылан тарайды.
Күйіне түсіп жануар, Шекесінен қарайды. Мініп алып жөнелді, Тұяқтан ұшқан тозаңы Жауған қардай борайды. Өзгеге алыс болса да, Тобығы меңді торының
Көк Зеңгінің биік тауы Жетуіне оңай-ды.
4160Жүрген сайын торы серікті, Құлағынан тер шығып, Танауынан жел шығып, Жүрген сайын желікті.
Ертең сəске болғанда, Көк Зеңгінің тауына Төтесінен келіпті.
Асыратын тау емес, Көзбенен байқап көріпті. Тау көбелеп желеді,
4170Өрлеп тауды келеді. Жалғыз аяқ қиын жол Қобыландының көзі көреді. Торышаны шұлғытты, Жалғыз аяқ жолменен Атқан оқтай сырғытты.
Аса алмайтын жерінен Ор киіктей ырғытты.
Жүрген сайын торы қызады, Құртқаның баққан торы аты
4180Ардақты тұлпар шығады.
Жылқыдан туды демесең, Қобыландының пырағы. Тайғақ тастан таймайды Жануардың тұяғы.
Қайшыланып құлағы, Көк Зеңгінің тауына Тапа-тал түсте шығады. Қарауыл қарап тұрады, Алыс емес, болжады,
4190Барсаның берік қаласын,
Байқады жердің шамасын. Көк Зеңгінің тауымен
Жақын деп білді Қобылан ер Барсаның берік қаласын.
Тоқтарбайдың шырағы Қарауыл қарап тұрады. Қарауыл қарап тұрғанда, Бір топ адам шығады.
Алыстан байқап сынады, 4200Болжап көңілі тынады.
Бұл беркін қалмақ елі еді, Барсаның елі ежелден Мекен қылған жері еді.
Батырдың басы Қаршыға Қалмақтың қорған ері еді. Қырық батыры бар қасында, Қарауылға Қаршыға Қобыланмен кездесіп, Қарсы алдынан келеді.
4210Елді шауып, олжа алып,
Еркінсінген неме еді, Ерлігіне лайық, Талайды шауып жеп еді.
Жауды көрсе қайтпайтын, Қас мықтының өзі еді.
Алшағырдан күн бұрын Жіберген Қобылан дегенмен, Кездессем соған деп еді.
Көрген соң ерді желігіп, 4220Қобыландыны көрген соң,
Көңілі өсіп, серігіп, Неғылсам да алам деп, Мықтысынып желігіп, Қабағынан қар жауған, Мұртына мұз тоңған, Бес қаруын асынып,
Болат қару құрсанған. Қобыландыны көрген соң, Буырқанып бұрсанған.
4230Көк сүңгісін қолға алды,
Қобыланды көріп долданды. Душарласты маған деп, Неғылса да Қобыланды
Осы арада алам деп. Екі тұлпар, қаруы Қасындағы қырық жігіт Ортаңызға салам деп, Өзіме өзім сенем деп,
Қайтпаған жаудан денем деп,
4240Қару менен киімді
Өз қолымнан бөлем деп. Сендерге бөліп берем деп, Күні бұрын мақтанды, Қуанып батыр шаттанды. Ойында жоқ уайым, Қобыланға қарап қасқарды. Қырық батыр бар қасында, Қаршыға жетіп келіпті.
Қобыланды батыр қалмақтың
4250Дидар жүзін көріпті.
Қаршыға үлкен ер екен, Қобыланды сəлем беріпті.
– Қаршыға батыр мен, – дейді, Қобыландымысың сен, – дейді. Жөн сұрауым жөн, – дейді, Қай сапарға барасың,
Сапарың айтып бер, – дейді. Біз есіттік хабарды,
Қатты бүлгін салыпсың
4260Алшағырдың еліне.
Еріксіз басып қоныпсың Жылқы жатқан көліне. Қатты қайғы беріпсің Алшағырдың өзіне.
Шын уайым беріпсің Еліндегі еріне.
Қатты тəртіп салыпсың Ханы менен бегіне.
Қарақыпшақ халыққа
4270Шұқытыпсың көзіне. Оныменен қоймадың, Шабуға бізге ойладың. Қаза айдаған Қобыланды, Обалың болар өзіңе.
Айбаттансам төзбессің, Атқан оқтың кезіне.
Өзіңнің халың біле алмай, Шабам деп, Қобылан, келдің бе, Біздің елге ұялмай.
4280Батырсынып, ерсініп, Бек сауытқа сия алмай. Қарсылассақ жан төзбес
Біздің сайман-құралға-ай. Талайға кеткен ұраным, Қару мен сай құралым.
Қаза айдаған Қобыланым, Бұл жер болмас тұрағың. Қызыл қанға боярмын, Алмастың өткір қияғын.
4290Халықтың батыр дегені
Бекер айтқан сөз екен, Көрген соң сізді сынадым. Біздің шенге жау келмес, Жау іздеген Қобыланды, Бұл сапарың жөнделмес.
Елің алыс, жер шалыс, Алыстан келдің көз көрмес. Өзіңе өзің сендің бе,
Бұл Барсаның құралын
4300Алшағырдай көрдің бе?!
Олжа болар маған деп, Барсаның елін шабам деп, Алым көріп келдің бе.
Өзіңе өзің сенесің, Батырсынған немесің. Қасымдағы қырық жігіт Қолға алған өткір жебесін. Қарсы келген ерлерден Осы арада өлесің.
4310Талай батыр ерлердің Ішкізгенбіз кересін.
Өзің айтшы, Қобыланды, Қалай жауап бересің?!
Қаршығаның бұл сөзін Қобыланды естіп, тыңдады, Ақылын ойға жинады.
Ыңғайына сөз айтып, Еш қарсылық қылмады, Ойлады амал, айланы.
4320Өзін ойлар кім де кім Əр не болса пайданы. Қаршығаның жауабын
Ақылмен Қобылан аңдады. Екі батыр сөйлесіп,
Бір-бірін байқап барлады:
– Қарақыпшақ тұқымы, Асылым қазақ затым бар. Алыс сапар жол шегіп, Арықтай келген атым бар.
4330Менің жолдас құралым,
Қасымда қырық батыр бар. О, Қаршыға, Қаршыға, Ақылдасып алалық, Уағдада болмасын
Ешбір бөтен шалалық. Татулықпен сізбенен Біз сынасып қаралық.
Сенде де бар қырық жігіт, Менде де бар қырық жігіт.
4340Осы таудың басына Ат жарысты салалық. Ат жүйрігі кімде бар,
Тұлпарды сынап қаралық. Уəдеге сенелік,
Бір-біреуге көнелік. Уəдені берік сақтап, Пəлен-түген демелік. Атқа мықты кім болар, Аударысып көрелік.
4350Сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт. Сексен батыр тұлпармен Кел жарысты салалық, Тұлпарды сынап қаралық. Екеуміздің айтқан сөз Жолдасқа болсын төрелік, Айтқан сертке көнелік.
Бір уағда еткен соң Енді бөтен демелік.
4360Сенде де бар қырық жігіт,
Менде де бар қырық жігіт. Ең күштісі кімде бар, Күрестіріп көрелік.
Сынайық ердің шамасын,
Білу керек атқыштың Тағы байқап арасын. Садақ атар батырдың Сексен жігіттен кім атқыш Байқау керек данасын,
4370Садақ тартып көрелік.
– Бұл сөзіңе көнейін, Елге келген қонақсың, Бұл айтқанға жүгініп, Тілегіңді берейін.
Қамдандырар қырық жігіт, Ат шабатын жер болса, Қобыланменен уəдем бар Ер Қобыланға сенейін.
Шама өткен жерлерге
4380Сексен жігіт барыңдар,
Сексенің жарыс салыңдар. Ат жүйрігі кімде бар, Жүйрікті сынап алыңдар. Айтқан жерге сексені Батырлардың барады.
Жүрерінде қырық ерге Көңіліндегі жауабын Қобыланды айтып қалады:
– Қасымдағы қырық жігіт
4390Айтқан тілімді алыңдар,
Сөзіме құлақ салыңдар. Ептеп тартып тұлпарды Қалмақтан кейін қалыңдар. Аты озған соң мақтансын, Ақылсыз, шіркін жарымдар. Бүгін озып келсе де,
Ертең жауға тарым бар. Уəде еткен жеріне
Сексен жігіт барады,
4400Қатарласып баршасы, Тізгін қосып шабады.
Қырымнан келген қырық батыр Тізгінді тартып қалады.
Қаршығаның қырық ері Ат бəйгісін алады.
- Қалай болды, Қобыланды, – деп, Қаршыға батыр барады.
- Е, Қаршыға, Қаршыға, Шығып едік алыстан.
4410Қасымдағы қырық жігіт
Тұлпарменен жарысқан, Ауыздықпен алысқан. Қара тері шыққан соң Жүрген сайын қарысқан. Алыс сапар жол шегіп,
Арықтап тұлпар шалыққан. Табанына жер соққан, Маңдайына күн соққан, Таңдайы қатып шөл соққан.
4420Арықтық, аштық тұлпарды Бəрі қатар тең соққан.
Осындай жауап беріпті, Қалмақтың ері Қаршыға Жауабына сеніпті.
Серт байласқан сөзіне Екі батыр көніпті.
- Уа, қырық жолдас, қырық жолдас, Шапқанысып қызыңдар,
Мереке қызық қылыңдар.
4430Əдісіңді жиыңдар, Аударысқа шығыңдар. Қырық жігіт қызады,
Белге шынжыр буады. Белдемесін белденіп, Аударысқа шығады. Тұлпарларын қыздырып, Санға қамшы ұрады.
Қасындағы қырық жігіт Қобыланды ерді шақырды.
4440Шақырып алды қасына
Өзіне жолдас батырды. Ерлерге айтты ақылды, Айтуы ақыл мақұл-ды.
- О, қырық жолдас, қырық жолдас, Аударысқа барыңдар,
Менің тілімді алыңдар. Біразырақ тіресте Аударылып қалыңдар. Менің айтқан мұңымды
4450Көңілге тоқып бағыңдар.
Қуанысып мақтансын, Ақылсыз қалмақ, жарымдар. Көңілдерін өсіріп,
Ақыр бір күн болғанда Қиратар жауды əлім бар. Уəде еткен күреске Шеттен келіп қосылып, Алысумен жұлқысып, Шықты ерлер тіреске.
4460Жанын сығып бір-бірі Батырды қолын сүйекке.
Шаңдақ болды алысқан, Бірін-бірі көтеріп,
Бүйірден сығып жанышқан, Сексені де данышпан, Кілең мықты арыстан.
Ер алысқан жерлерін Жер ошақтай қазысқан. Мықындары, белдері,
4470Қанталасып қалысқан. Алысып ерлер анталап, Тұла бойы қанталап, Бірін-бірі көтеріп, Айқайласып арқалап, Қобыландының айласы Айтып еді қырық ерге. Жанын сығып алыс деп, Белін қысып жаныш деп. Күш көрсетіп қырық ерге
4480Ақырында қырқың да Жығылысып қалыс деп. Айқайлап қалмақ қызынды Қырымнан келген қырық ердің Қалмақтар белін сығулы.
Қалмақтардың батырдан Қырық жігіт жығылды. Байқадық деді шаманы, Мақтанып тұрған Қаршыға
− Қалай болды Қобыланды ер, −
4490Қобыланды ерге барады.
- Шыққалы елден көп болды, Əлі ұйықтаған қабақ жоқ, Рақат ішкен тамақ жоқ, Біздер аш та, сендер тоқ,
Сол себепті ерлерде Бұрынғы қалып, дəрмен жоқ. Сарыжадан алған оқ, Толғағанда кез болды, Мықты уəде сөз болды.
4500Сексен жігіт бірігіп, Садақ атар жер болды.
Садақты ерлер алады, Қаршығаның қырық жігіт Қатты тартқан садағы Жұлдыздай зулап ағады. Сексеуіл мен тобылғы Кездескеннен қағады.
Томарларды қопарып, Кездессе де қара тас,
4510Жолдағысын қағады.
Қобыландының қырық жігіт Артта қалып садағы Қалмақтың басы Қаршыға Қалай болды Қобылан деп, Қобыландыға барады.
- О, Қаршыға, Қаршыға, Сіз бəйгі алған жер болсын, Қатты уəде сөз болсын.
Сіз мықты да, біз осал, 4520Осалсынсаң, Қаршыға,
Тап үш күннің соңынан Сенде де бар қырық жігіт, Менде де бар қырық жігіт. Көк Зеңгінің басынан Сексен жігіт кез болсын.
Қобыланның айтқан бұл сөзін Қаршыға мақұл көріпті,
Бір-біріне сеніпті. Үшінші күн келуге
4530Көк Зеңгі таудың басынан
Сексен жігіт жолдаспен Серт уəде берісті.
Ойлағаны Қобыланның Алыстан ойлап өрісті. Ақыл, айла, қайраты
Бəрі бірдей келісті. Уəдеге дəм татып, Бір табақтан жесісті Сексен жігіт жемісті.
4540Уəдесін берісті, Осылай десіп келісті. Қаршыға кетті еліне, Қобылан кетті өзінің Жатқан қоныс жеріне,
Тынығып жатқан көліне. Сексен батыр тарасты, Үш күннен соң келмекке, Уəде етіп жөніне.
Қуанышты Қаршыға
4550Тақта отырған Барсаға
Келіп сəлем беріпті, Мықты Барса серіне. Қуанып келген Қаршыға Сөз сөйлейді желіге, Көңілі өсіп семіре:
- Барса патша сен едің, Қаршыға ерің мен едім. Қуаныш етіп келемін, Қуаныш еткен себебім:
4560Өзіме-өзім сенемін.
Қарақыпшақ Қобыланға Көк Зеңгінің тауында, Кездессем душар деп едім. Қырық жігіт қасымда, Қарауылға барғанмын.
Уəде етіп Қобыланмен Ат жүйрігін сынауға
Онда да бар қырық тұлпар, Бізде де бар қырық тұлпар.
4570Ат жарысты салғанбыз,
Озып бəйгі алғанбыз. Уəде етіп Қобыланмен Аударысты салғанбыз, Аударып аттан алғанбыз. Бір-біреуге сенісіп, Уəдеге нанғанбыз.
Ықпалы жүрген ерлерміз, Алдан алға барғанбыз, Белге шынжыр буғанбыз.
4580Сынасуға Қобыланмен
Берік уəде қылғанбыз. Күресіскен шағында Қырқын бұлғап ұрғанбыз. Уəдеге барғанбыз,
Бір-біреуге нанғанбыз, Аударып аттан алғанбыз.
Қобыланды батыр дегені Бекер жұрттың сөзі екен. Онша мықты ер емес,
4590Ерлігі бізден кем екен.
Құр атаққа мəз болып, Алданып жүрген неме екен. Алдағанға алданып, Ақылсыз Қобылан сандалып, Шабам деп бізді қамданып, Алшағыр хан амалмен Алдағанға келіпті.
Бізді көрген шағында, Мықтымсынып желікті.
4600Кім мықты да, кім осал,
Біздің күшті көріпті. Оған тиген ерлік жоқ, Бəйгіні бізге беріпті.
Барса патша сен едің, Қарауыл салып, жау күткен Қаршыға батыр мен едім. Қару-қапшық, тұлпарын Олжаға сізге беремін.
Екі күннің соңынан
4610Қару түрлі, мінген ат, Тартуға сізге беремін.
Сонда Барса сөйлейді:
- Ақылың жоқ, Қаршыға, Мақтанба маған сен деді. Мақтанғаның нең деді.
Сынап қалдым Қобыланды, Амалы көп ер деді.
Алдағанға алданған Ақылың сенің кем деді.
4620Қазақтан шыққан Қобыланның Айла, амалы көп екен,
Ақылға асқан ер екен. Қобылан келсе бұл жерде Бұзылар, қалмақ, мерекең. Біліктің асқан көзі екен, Айлакердің өзі екен.
Айлакер Қобылан амалы Алдағанға алданған Ақылың сенің шамалы.
4630Əдіс ойлап баққан-ды, Ақыл мен айла тапқан-ды. Күшімді көрсе қалмақтар Амал, əдіс табар деп, Бекінісіп қалар деп,
Ат жарысты салған-ды. Басын тартып сендерден, Қыпшақтар кейін қалған-ды.
Айламенен, амалмен Шын əдіске салған-ды.
4640Басын тартып тұлпардың
Көңілі өссін қалмақ деп, Амалменен қалған-ды. Білікке артық өктем-ді, Амал, айла еткен-ді.
Сендерді алдап жығылған, Жықтым деп, қалмақ, мақтанба. Тоқтарбайдың Қобыланды ер Есітуім осылай,
Қиыншылық жауларды
4650Қолдан талай өткерді.
Қарақыпшақ көп халқын Мұратына жеткерді.
Əдіс, айла салған-ды, Құртқан екен айлаңды. Мақтансын деп Қаршыға Аударылып қалған-ды. Бəрі де əдіс, амалкер, Жеңілгені жалған-ды.
Көрсеткен екен амалын,
4660Қобылан келсе еліме Тарылды менің заманым. Сасатұғын жер келді, Айланы қайдан табамын? Көңілі өссін қалмақ деп, Жай тартқан екен садағын.
Қобыланды келді дегенше Бəле келді десейші.
Көп қалмақтың еліне Талау келді десейші.
4670Қатты қырғын халқыңа
Сала келді десейші.
Қызыл қанға қылышын Мала келді десейші.
Ойсыратып қалмақты Шаба келді десейші. Қобылан келді дегенше, Көрім келді десейші.
Көп қалмақтың еліне Зəбір келді десейші.
4680Қалмақ, қара қаныңды
Төгу келді десейші. Қабыртқаңды қаусатып, Сөгу келді десейші.
Жарқыраған жарық шам, Сөну келді десейші.
Қатты тарлық халқыңа Төну келді десейші.
Қиыншылық заманды Көру келді десейші.
4690Ер азамат адамды Көму келді десейші.
Қобыланға ерлік миясар, Мұнан артық кім асар.
Қалмаққа қырғын ұласар. Ардақтаған еріңді Ұзынынан сұлатар,
Хан-төремді құлатар. Қатын менен баланы Қала ішінде шулатар.
4700Қаланың ішін шаңдатар,
Халқымды түгел зарлатар. Қапыл елді шулатар,
Əр оғының ұшымен Ерлерімді тулатар. Қатын менен баланы Қыруға қыру ұласар.
Халқымнан кеңдік күн асар, Жарық сəуле бізге жоқ, Қараңғылық түн басар.
4710Шаһардың іші шаң болар,
Тас көшелер қан болар, Кең дүнием тар болар. Қобылан келсе қалама, Кеңдікке елім зар болар. Тарлық пенен еліме Қысым келер жеріме,
Кім түспес дейсің Қобыланның Бізге қазған көріне.
Болмаңыз халқым бейхабар, 4720Ақылды Қобылан ой табар.
Көп кешікпей көшеден, Сарқырап қызыл қан ағар. Елімдегі ерімді
Сынап қолдан шамалар. Жана сөзім жана бар.
Енді қайтып күнелтер Қатын менен балалар? Кеңдік бізден жоғалды, Не қылса да Қобыланның
4730Істеген ісі оңалар.
Қор қылмаса игі еді, Адамнан тауым қайтпаған Күшті менің денемді.
Қобылан оймаса игі еді, Осы менің төбемді.
Қиратар деп қорқамын, Болат қайтпас жебемді. Ішкізер деп қорқамын, Қара қаннан керемді.
4740Қор етер деп қорқамын
Жеті мүше денемді.
Қайраты көп Қобыланның Мықтылығы берен-ді.
Қобылан келді деген соң, Көкірек қайғы, шемен-ді. Сендер түгіл менің де Ояды Қобылан төбемді. Екі көзім жылауда, Көңілде қайғым көп енді.
4750О, Қаршыға, Қаршыға,
Еш нəрсені білмейсің, Көңілмен сына сен дейді, Сенде зейін кем дейді.
Атаңа нəлет Қобыланды, Қайраты көп ер дейді.
Алдағанға алданып,
Сол секілді Қобыландыны Жеңдім деуің нең деді.
Көп кешікпей жақын-ақ, 4760Сыналар ерлер жер болар.
Алыстан сынап байқасам, Айлаға артық ер болар.
Ол ақ сұңқар, біз қарға, Сұңқарға қарға жем болар. Қобыланды бүркіт, біз қарға, Түсірер бізді күн тарға.
Арыстан туған Қобыланға Етуге бізде лаж бар ма?
Қайғымен көңілім күл болды, 4770Жарық күнім түн болды,
Бұл не деген түр болды?
Қаршыға сонда сөйлейді:
- Жоқ нəрсеге, хан Барса, Қайғы шеккен нең дейді.
Көріп келдім көзіммен
Сол Қобыландыны мен дейді. Сонша мақтап айтсаң да, Ұлықсат маған бер дейді.
Қырық жолдас қасқа алып,
4780Екі күнде барамын, Қызықты сонда көр дейді. Ер серікпей болмайды, Босқа қорқу жөн емес, Қорыққан адам оңбайды. Батыл жүрек ер керек, Жасыққа болат қонбайды. Қорыққан жаудан оңа ма, Қыпшақтан келген қу бастан Мұнша қорқу болар ма?
4790Құралың сай, елің сай,
Еліңдегі ерің сай, Батырдың басы Қаршығаң Сынауым келер жобаға.
Ол қырық та, біздер көп, Аз кісі көпті оба ма?
Елім мықты, ерім сай, Өзі келіп ұрынған
Қобыланды шіркін оңа ма? Өзіме-өзім сенемін,
4800Қайғы берме, хан Барса,
Маңдайымнан көремін. Кесілмесем қарымнан, Айрылмасам барымнан, Арыңды алып беремін. Ұлықсат бер, барамын, Қалай да болсын Қобыланды Бұл барғанда аламын.
Қалмақ деген халқымсың, Ортаңа олжа саламын.
4810Жаудан қайтпас ер жігіт,
Тоқтатпайды талабын. Қырық жолдасым, еріңіз, Уəде еттік Қобыланмен, Іркілмей жүру жөніміз. Қалмақ, сасып қорықпа, Екі күннің артынан Сыналатын жеріміз.
Маңдайынан қайтпаса, Тəуекел еткен ер болар.
4820Ұлықсат бер, ер Барса,
Уəдеге Қобыланға Тоқталмай бару жөн болар.
Жауабын Барса естіп көрген екен, Сөзіне Қаршығаның сенген екен.
Əр уақыт барған жауын алып қайтқан, Қаршыға қашаннан-ақ ер неме екен.
Қашаннан жолды атанған батыр еді, Қайраты қанша жаудан басым еді. Жылатқан барған жауын əр жерде де,
4830Аяққа жауын таптап басып еді. Немере бұл Барсаның тума інісі, Қаршыға ер Барсаға жақын еді.
Қаршыға Қобыландыға шықты жайнап, Жолдасы қырық батыр құрал сайлап.
Тас кескен ақ алмастан қылыш белде, Жігері батылдардың іште қайнап.
Мінген ат қырық батырдың бəрі тұлпар, Құралды батырлардың бəрі де сай, Жөнелді жарыстырып тұлпарды айдап.
4840Қуанып қырық батыр желікті енді, Тауына Көк Зеңгінің келіпті енді. Өлтіріп ер Қобыландыны қайтамыз деп,
Батырлар ажарланып, көріктенді. Қобыландыны өздерінен төмен көріп, Өзіне-өзі ерлер сеніпті енді.
Қылтылдап қырық ердің найзалары, Жеріне уəде еткен төніпті енді.
Қобылан айла, амалын бастады енді, Көліне қырық жігітті тастады енді.
4850Өзіне өзі сенген арыстан ер,
Жаулардан жалғызбын деп саспады енді. Торыға тобығы меңді қамшы басты, Түйдектеп төрт аяғын тастады енді.
Тұяғы қара тасты күл-күл қылып, Аспанға топырақ, тозаң шашқан енді. Қалмақтар қырық батыр бəрі мықты, Қобыланды қырық ерден саспады енді. Жападан қырық кісіге жалғыз келді, Қобыландыны қырық батыр көреді енді.
4860Қасына айбаттанып жақын төнді, Сайланған қырық батырға жалғыз келді. Əдісқой қырық батырды бұл да көрді, Əдісқой қырық батыр кемеңгер-ді, Келген жерден батырды қамай берді, Қылышпен келген жерден жауды шапты, Бастарын домалатып шөптей қақты.
Қобыланның ерлігіне кім шыдасын, Қырылдап талайлары тулап жатты.
Сонда Қобылан ойлады,
4870Тіл барсын деп еліне, Барса мықты серіне. Дəмесі болса көп қалмақ Меніменен кездессін Соғысатын жерінде.
Қаршығаның атынан Аударып Қобылан алады.
Бастырып атқа өкшесін, Қанталатып бөксесін, Қобыланды ерің шабады.
4880Қамшы ұрған шағында,
Етінен қаны ағады. Қобыландының бешесі, Əуелден қалып көшесі, Тасқа салса қайтпаған Алмастың өткір жетесі. Құлағың шұнақ болсын деп, Қайғыға халқың толсын деп, Қаран күнің солсын деп, Құлағын кесіп алады.
4890Қаршыға едің досым деп,
Бетің тегіс болсын деп, Мұрнын кесіп алады. Бет аузынан, басынан Қара қан сулап ағады.
Қаршыға батыр досым деп, Қолыңда тегіс болсын деп, Маған көп еткен күнəң деп, Сымпитып тегіс қылам деп, Дегенімді істесең,
4900Ашуымнан тынам деп.
Ант сертімнен шығам деп, Құлағын кесті шұнтитып, Мұрнын кесті жымпитып, Қарын кесті құнтитып, Қоя берді сымпитып.
Тұла бойы қызыл қан, Тəлтіректеп Қаршыға Шарасыз кетіп барады. Əр мүшеден қызыл қан
4910Судай сулап ағады.
Жасқауына қары жоқ,
Құлақ, мұрны тағы жоқ, Қара құс, қарға талады. Қаны аққан жерінен Етін жұлып алады.
Қаршыға атты батырың Тарылғанға ұқсайды Кешегі кеңдік заманы.
Қырық жолдастан айрылып, 4920Тұла бойдың сауы жоқ,
Ер Барсаға барады. Қаршыға батыр мыңқылдап, Көргенін айтып шағады:
- Жел терістен тұрды ғой, Мені Құдай ұрды ғой.
Қазақтан келген Қобыланды ер, Қас масқара қылды ғой.
Қасымдағы қырық жігіт Біреуін қоймай қырды ғой.
4930Айналайын хан ием, Айтқаның келді, əулием. Батырсынған, ерсінген, Басыма жетті сөз кием. Батырсындым, баптандым, Қобыландыны жеңем деп Сізге келіп мақтандым.
Қобыландыны аттан аударып, Бек қуанып шаттандым.
Айтқаның қылмай хан Барса
4940Қобыландыға барам деп,
Тарту берем саған деп, Əлімді білмей аттандым, Қаршығаның жоқ болды Қобыландыға амалы.
Айласы көп ер екен,
Жеңілгені біздерден Арам иттің амалы. Айтқаныңның бəрі рас, Патшам едің саналы.
4950Көріп келдім көзіммен
Халқыңның Қобылан ажалы. Ертең келер қалмаққа
Маған салған зауалы. Болмайды деп қорқамын, Халқымның тыныш сауалы. Білігің асқан, ей патшам, Ақылды, сыншы сен едің.
Батыр аңқау, ер көдек, Қаршыға ерің мен едім.
4960Батыр атақ алғаным, Патша, сенің себебің. Бұрынғыдай сəнім жоқ, Кесілді, екі қарым жоқ, Көп сөйлейтін əлім жоқ. Қатты жүдеп отырмын, Бүгіннен қалар жаным жоқ.
Қаршығаңнан əл кетті, Ажар, көрік, сəн кетті, Тұла бойдан қан кетті.
4970Қорықпайтын жүректен
Қайтпас батыл, əл кетті. Залым Қобылан меңдетті, Ықпалым жүрген ер едім, Бұл сапар ісім кер кетті. Қанатымнан қайырып, Əр мүшемнен айырып, Қобылан мені жүдетті.
Қаршыға ерің азған күн, Көзімнің жасы төгіліп,
4980Қойныма тамған күн, Қайғыға ішім жанған күн. Қарақыпшақ Қобыланды ер Мойныма бұғау салған күн. Қайратым бастан кеткен күн, Масқара мені еткен күн.
Екі қарым кескен күн, Шұбыртып қаным төккен күн, Түп-түбіне жеткен күн.
Қайырлы ханым сен едің, 4990Қаршыға ерің мен едім.
Алдымдағы асқар тау –
Сүйенішім, тірегім. Осы көрген қорлықты Айтып өлсем деп едім. Арыстан алғыр қабақты Орай белге байлаған, Алмас қылыш садақты. Көңілі өскен ер екен, Таудан үлкен талапты.
5000Астындағы торша ат Бауырынан жарапты. Сере маңдай, жазық бет, Қобыландыда айбат көп. Əуелінде мас болып, Айтқан екем алам деп.
Қарақыпшақ мінген ат, Тартуға берем саған деп. Алдағанға алданып, Айтыппын бекер алам деп.
5010Келбетті туған берен ер
Айлаға асқан терең ер. Мұндай болдым Қобыланнан Ендігі ерлер не көрер.
Ханшаларың күң болар, Бегілерің құлға теңелер. Барса, өзің болмасаң, Өңгеге ерік бермейді.
Сан жетпейтін қол болсын, Бір кісідей көрмейді.
5020Күші күшке ұласып, Қуаты асып өрлейді. Айтулының өзі екен, Көрсе жауды шаттанар. Жау жақындап келгенде, Айбаттанып баптанар.
Барса, өзің бармасаң, Қобыландының маңына Бара алмас өзге қасқалар. Көрсетті Қобылан күшті ғой,
5030Тұла бойда бар тəнім, Тұлып болып істі ғой. Сынауым шайтан болмаса, Халқымды жерге тықты ғой. Қатты қайтқан қажырым, Түспен кеткен ажарым.
Суытар деп қорқамын, Халқыңның қызық базарын. Сөйлеуге əлім келмейді, Əлсіреп, талып барамын.
5040Сонда Барса сөйлейді:
- Айтып едім мен, – дейді, Қобыландыны жеңдім деп, Мақтанып келдің сен дейді, Ақылың сенің кем дейді.
Аламын деп қоймадың, Амалы көп Қобыланды Өлтірем деп ойладың.
Ақырында мінекей, Өзіңді-өзің жойғаның.
5050Алшағыр залым жұмсаған
Қарақыпшақ Қобыланды, Өзі де көрер Барсаның Қобыланды ханды сойғанын.
Қайғылы тұрмын заманда, Зауал болар күн жетті, Қалмақтағы адамға.
Шықпай қалмас Қобыланды Құрулы тұрған аранға.
Саған келген бұл зауал
5060Ертең келер маған да. Төрелерім, бегілерім, Салайық айла-амалға.
Мен қорқамын Қобыланнан, Түбімізге жетер деп,
Қас масқара етер деп. Біз көпсініп, еркіндеп,
Жалғыз Қобылан нетер деп. Мақтанбайық бегілерім, Күтінелік, ерлерім.
5070Халыққа келген бұл зауал
Қиындық болар көргенің. Атаңа нəлет Қаршыға, Мықтымсынған неме едің, Ақылға, сірə, кем едің.
Қобыландының тұлпарын Тартуға берем деп едің.
Саған келген қиындық Ертең келеді өзіме.
Ақылың жоқ, Қаршыға,
5080Обалың болсын өзіңе.
Үйіріп шоқпарды алады,
Тас төбеге салады. Талқандалып ми, басы, Сүйегі ұшып тарады. Қаршыға сынды батырдың Табанда жетті ажалы.
Жау көргендегі ұраны Барабанын қағады, Халық жиналып қалады.
5090Қалмақтың басы Барса хан Ер азамат елімен Ақылдасып қалады.
Шақыртқан соң ер Барса Сансыз қалмақ ел келді. Ел ішінде ер келді,
Қайтпайтын жаудан сер келді. Желігіп халқы желденді,
Жау тілеген тілегі, Қайтпайтын жаудан жүрегі.
5100Ер менен би қамалды, Ойлап жатыр амалды. Кіл темірші ұстаға Түрлі қару соқтырып, Айналаға шаһарының Жебеден құрды арнаны. Ұсталарын жиғызды, Берік етіп қаласын
Қорған шойын құйғызды. Зеңбірек жайып алдына,
5110Түрлі амал қылғызды. Əрбір түрлі амалмен Бекітті шаһардың ордасын. Шойынменен қоршатты Тастан салған қаласын.
Ашық шаһар бар еді, Бекітті қосып арасын. Даярланып болған соң, Жау көргенде желігіп, Барабанын қағатын
5120Жиылар қалмақ жер болды.
Сан жетпейтін батырлар Даярланып тез болды, Неше түрлі сөз болды. Ақылдасып тұрады, Барсадан ақыл сұрады. Сонда Барса жылады, Жылауы қалай болды деп, Келген халық тынады.
Қара ормандай хан Барса
5130Ортасында тұрады:
- Халық, амал табыңдар, Барсаңа ақыл салыңдар. Аңғырттанба жас, кəрің, Менің тілімді алыңдар. Ер олжасы – жан сақтау, Бас-басыңды бағыңдар.
Көбің шық Қобылан алдынан, Артыңды шаһарға салыңдар. Жаратпаймын жау түрін,
5140Бəріңе де жазым бар.
Шығып кетсең қаладан, Сескенем талқан қылар деп. Шығып алып ел жаққа,
Бет ашыққа шығарып, Үріккен қойдай қуар деп. Ол бөрі де, сендер қой, Қайғым күшті қырар деп. Астымдағы тұлпармен
Тосып алып жолымды
5150Қас масқара қылар деп.
Артықша деп ойлаймын, Сол Қобыланның амалын. Аудартпас деп жылаймын, Барған ердің табанын.
Тарылтар деп ойлаймын Көп қалмақтың заманын. Сендер түгіл, менің де Жете ме деп қорқамын Көп кешікпей ажалым.
5160Көрсетер деп сескенем,
Қобыланды бізге қаһарын. Есіткелі қайғым көп, Қобыландының хабарын. Аңсыз болма, аңдаңыз, Аңдаған болар пайдаңыз. Қалмасын амал, айлаңыз. Тасты кесер көк алмас, Өткірлеп шарға қайраңыз. Қайтпайтұғын көк сүңгі
5170Өткір болсын найзаңыз.
Қаладан ұзап кетпеңдер, Сонда болар пайдаңыз. Мен көппін деп мерейіп, Еркінсіп барма мақтанып. Жүзге бірің бас болып, Реттеңіз басқарып.
Қобылан жалғыз кісі деп, Барып қалма қасқарып.
Қаруды сайла түрменен,
5180Еркек кіндік адамнан Жан қалмасын жүрмеген. Шашақтаған ту алып,
Сəнденіп шық гүлменен. Қару-сайман даярлап, Əзірленіп түнменен.
Таң мезгілі болғанда, Жасақ салып барыңыз. Аңсыз болып кетпесін Қобыландыға арыңыз.
5190Ұзап кетпей қаладан, Артыңды кейін салыңыз. Төгілмесе игі еді,
Қалың жатқан байтақ ел, Сарқырап судай қаныңыз. Кетпесе игі еді қалмағым, Бұл қыпшаққа арыңыз.
Кесілер деп қаупім бар, Қалмақ халық қарымыз. Таң шабыты толғанда,
5200Сансыз əскер барыңыз.
Батырлар əбден баптанды, Қаруын сайлап саптанды, Таң шабыты толғанда, Таң атар мезгіл болғанда, Сан жетпейтін сансыз қол Қобыланға қарсы аттанды. Батырлардың мінген ат, Тебініп жерді паң басты, Жердің жүзін шаң басты.
5210Қылыштарын қайрасты,
Қынапқа салды алмасты. Көк найзасын өңгеріп, Бірінен-бірі қалмас-ты. Қатты уəде байласты,
Ер сөзінен танбас-ты.
Тобыңды жазба халық деп, Барсаның айтқан өсиет Өтірік емес, анық деп, Шашау шықса егер де,
5220Көрсетпесе Қобылан жарық деп, Арамызға жік түссе,
Бізді қылар кəріп деп. Сан жетпейтін ауыр қол Ат құйрығын сүзеді.
Тұс-тұсынан батырлар Ала туын тігеді.
Тоқтарбайдың Қобыланға Əзірленіп қалмақтар Соғысуға жүреді.
5230Шықты жаулар ту алып,
Жауды көзі көрген соң, Тоқтарбайдың Қобыланы Атын алды суарып.
Жау көрінген шағында Қобыланды тұрды қуанып. Белге буған ақ семсер Сары ала туды қолға алды, Көк найзасы жалтылдап, Əскерді көріп долданды.
5240Бес қарудың бəрі сай, Əуелі алмас қолға алды.
Қалмақтан шығып Шоңғара,
«Жекпе-жек» деп ақырды, Ер Қобыландыны шақырды. Қалмақтағы белгілі, Қайтпаған жаудан батыл-ды. Əр жерден жауға барғанда, Талайды шауып жапырды.
Шүрегі Қобылан қайтсын деп,
5250Шоңғара батыр ақырды.
Жау көргенде қуанып, Батыр Қобылан күледі. Алып-ұшып жүрегі, Ежелден-ақ Қобыланның Соғысу жаумен тілегі.
Қобыландыны ашу қаптады, Сан жетпейтін қалың жау Көңілі жасып саспады.
Мен көңілмен аңдасам, 5260Жекпе-жекке бармасам,
Алмасты қанға малмасам. Бір қимылдап қарайын, Күш-қайраттан танбасам, Жекпе-жекке барайын.
Барып басын қағайын. Бірі түгіл құртайын, Осы жаудың талайын. Кесілмесем қарымнан, Айрылмасам барымнан,
5270Жауым келді сағынған.
Өзім Қобылан болған соң, Сірə жауға бағынбан, Қорқып жаудан табынбан. Ердің бағы ашылмас, Серт қып атқа мінбесе.
Шығыршықты көк сауыт Күні бұрын кимесе.
Несі батыр батырдың Санамай жауға кірмесе.
5280Сансыз жауға бір өзі Уайым етпей тимесе. Көрсетейін қайратты, Шығарайын айбатты. Атаңа нəлет көп қалмақ
Білдірейін білмесе. Ерге қуат, əл керек, Тəуекел етер дұшпанға,
Біздей қайтпас паң керек. Шашақты туды қолға алған,
5290Ерлерге де сəн керек. Қалай болар заманым, Кім де кімге жау керек, Жанды ортаға салайын,
Қорықпай жауға шабайын. Айрылмасам əлімнен, Жаулардың басын қағайын. Уəде еткен Алшағыр Белгімді алып барайын.
Келекелеп Қобыланға
5300Шоңғара шықты ақырып,
Айбатын судай сапырып. Ердің күні қапылыс, Сасар Қобылан ер емес,
Қобылан мен қалмақ тең емес. Шақырған соң Шоңқара Бармағаны жөн емес.
Есебі жоқ дұшпаннан Жүрегі қайтар ер емес. Ат құйрығын үзеді,
5310Жекпе-жекке Қобыланды
Енді қарсы жүреді.
Шоңқараның келбеті, Қобыландыдан ірі еді. Шоңқара батыр алар деп, Қару-қапшық мінген ат, Олжамызға қалар деп, Қалмақтар шулап күледі. Жекпе-жекке келісті,
Келе кел деп келісті.
5320Көңіліндегі жауабын Бір-біріне берісті.
Қалмақтың ері сөйлейді:
- Қобылан құрбым, замандас,
Хан Барсаның құралын Ешкім бұзып ала алмас. Бізге келген батырлар Еліне қайтып бара алмас. Сен Қобылансың адасқан, Біздерменен таласқан.
5330Алыс сапар жол жүріп,
Бізді алам деп мол жүріп, Сіз ақылдан адасқан.
Батырсынған немесің, Алыс жерден келесің. Қор еткенмін талайдың Он екі мүше денесін.
Батырсынып, ерсініп, Өзіңе-өзің сенесің.
Күнің жақын таянып,
5340Қаһарлансам өлесің. Жасың кіші жас жігіт, Кезекті маған бересің.
- Үлкенсің, сізге батыр сендім дейді, Айтқан жолды сөзіңе көндім дейді. Болған соң жасы үлкен жолды жерге, Ей, батыр, кезегіңді бердім дейді.
Қобыланды айтқан сөзге сеніп қалды, Батырдың айтқанына көніп қалды.
Жүрегі ер Қобыланның сескенсін бе, 5350Кезекті Шоңғараға беріп қалды.
Бұл қалмақ салтанатты, батыр сəнді, Қолына екі батпан шоқпар алды.
Шамданып, айбаттанып жетіп барды.
- Берік бол, батыр Қобыланжаным, деді, Ашумен қатты келді арым деді.
Шоқпармен қаһарланып бір ұрғанда, Тəніңнен көтерілер жаның деді.
Қайтпайтын сонда Қобылан барып қалды, Көтеріп төбесіне қалқан алды.
5360Шоңғара қақ басына салып қалды, Шоқпарды қолымен тез қағып алды. Мінекей ер сыналар жерге келді, Кезекті қалмақ Қобылан ерге берді. Қалмақтан алған шоқпар қолда тұрды, Қарады олай-бұлай мойнын бұрды.
Толғанып қарсы алдында тұрған ерді Ер Қобылан қаһарланып төбеге ұрды. Қалмаққа ұрған қару тиді қатты, Құлатты Шоңғарамен бірге атты.
5370Айбатты көрсететін ер Шоңғара, Жан кетіп ұзынынан сұлап жатты.
Сансыз жау Қобыландыға қойды атты, Шуласып бірі қалмай, бəрі шапты.
Қоршалап Қобыландының айналасын Қалмақтар еркінсініп қамап апты.
Ақ семсер беліндегі суырып ап, Таймады, қарсыласып жауға шапты. Қобыланды келген жерден кескілесіп, Бастарын талайының шөптей қақты.
5380Бес қаруын белсеніп, Батыр жолын ашады. Араласқан шағында, Береке жаудан қашады. Қиядан келген қалмақты Қиырдан болжап атады. Тоқтайтұғын садақ жоқ,
Қабатынан батады. Əр оғының ұшымен Əр жауларды шатады,
5390Қанын судай шашады.
Қабат-қабат келгенін Қабатынан атады.
Енді жаулар сасады, Шаһарға қарап қашады. Көзді ашып-жұмғанша, Тобығы меңді торымен Қала жағын тосады.
Ақырғанда дауысы Жүрегін жаудың жарыпты,
5400Жер өмірге барыпты. Тобығы меңді торымен Қала жағын алыпты, Жолын тосып қалыпты.
Қалмақтар сасып, зар жылап, Қайғыға жаны жаныпты.
Бет ашыққа шығарып, Қобыланды қимыл салыпты. Алмаспенен талайын Жақын келсе қағыпты.
5410Шашау шыққан жауларды
Найзаменен шанышты. Қаласынан шығарып, Кеңге бетін салыпты. Күн көретін жері жоқ Шулап қалмақ зарықты. Жылға-жылға сайлардан Қан сарқырап ағыпты.
Қалаға қашар күні жоқ, Қарсы келер Қобыланға
5420Осы жаудың бірі жоқ. Тура келген қалмақтың
5430
Қарсыласар бірі жоқ. Қашқан жауға қатын ер, Қаруының міні жоқ.
Суырып алды алмасты Күшке күші жалғасты. Жанын сақтап қашып жүр, Біреуі қарсы бармас-ты.
Кездескен жаулары Сірə, тірі қалмас-ты.
Қалмақтар шулап жылайды, Сарыжадан шыққан оқ Ұшқан құстай парлайды.
Қалмақтардың ерлері Оқ ұшында тулайды. Күні-түні бəрібір
Қырудан жауды тынбайды. Қашып жүрген қалмаққа, Садақ тартып қарады.
5440Алыстағы жауларды, Қабаттап атып барады. Талайдың жетті ажалы, Тапты жаулар қазаны. Олар қой да, бұл бөрі, Бөріктіріп барады.
Қобыланды күшін жияды. Тоқтарбайдың шырағы Пірлерден медет сұрады, Жау қыру − мақсат-мұрады.
5450Қия келген қалмақты Алмаспен шауып қияды. Ұрысқан сайын көркейіп, Ажары артты, сияғы.
Қызыл қанға боялды Алмастың өткір қияғы.
Қара қанға шылқылдап, Боялды тұлпар тұяғы. Қабағынан қар жауды, Мұртына мұз тоңды,
5460Мұздай темір құрсанды.
Қаһарланып, долданды, Қылыш, болат қолға алды. Өткізбейтін сайлардан Адамнан бөгет жол салды, Суырып садақ қолға алды, Сапары ердің оңдалды.
Қиратып жауды еңсерді. Сансыз жауды төңкерді, Ерлігіне ел сенді,
5470Ашуланып, тербенді, Тербенсе, жаулар жерге енді. Қобыландыда өнер көп, Көздеп атқан мерген-ді.
Батыр болсаң сондай бол, Жауға қайғы, шер берді.
Толғап оғын ырғайды, Кездессе де қара тас Оғы тоқтап тұрмайды.
Бесті асаудай шыңғырып,
5480Талайлары тулайды.
Тірілері еңіреп,
Əскер жылап, шулайды. Тебінгіден тесе атты, Үзеңгіден кесе атты.
Бір атқанда бес атты, Үсті-үстіне жеті атты. Қабаттасып келгенін Қабатынан матапты. Əр оғының ұшымен
5490Батырларын шатапты. Ұршықтайын үйіріп, Қынаптан алмас суырып, Жүрегі қайтпас айбатты ер, Пірлеріне сиынып.
Сайлардан аққан қандардан Сай тасады құйылып.
Қарауыл қарап ер Барса Қайратын болжап сынап тұр, Көзінің жасын бұлап тұр.
5500Мына Қобылан есер деп,
Халқымды əлек етер деп, Еңіреп, өксіп жылап тұр, Құртарын Қобылан біліп тұр. Барса білмей не қылсын, Ықпалы ердің жүріп тұр.
Қайғыменен қан жұтып, Батыр Барса күйіп тұр. Ақылы көп антұрған Қобыландының құртарын
5510Көңілмен аңдап түйіп тұр.
Торыға қамшы ұрады-ай, Салды жауға ылаң-ай.
Талайлары құлады-ай, Талайы жүр жылап-ай. Айбатына Қобыланның Қалғаны қашты шыдамай. Тобығы меңді торымен
Ə дегенше Қобыланды ер Алдын орап шығады-ай,
5520Жаудың жанын сығады-ай.
Қашуға жоқ амалы
Ар жағы аспас биік тау, Бір түкпірге тығады-ай.
Апта толық күн болды, Соғысқанның арасы Жеті күн болды шамасы. Тоқтарбайдың баласы, Ерлердің күшті данасы, Құрыды жаудың шарасы.
5530Алыс кеткен халқынан
Көп қалмақтың арасы. Ықыласпен тыңдаңдар Жырдың рас тазасы.
Ер қайраты асқан жер, Торыға қамшы басқан жер.
Жаулардың қырғын тапқан жер, Дұшпанды қайғы басқан жер, Қандарын судай шашқан жер.
Қобыландыға кездесіп,
5540Қалмақты қайғы басқан жер.
Қырын келген жауларды, Қайдан көздеп шанышқан жер. Батыр Қобылан білікті,
Мінезі кең, сүйікті. Жауға салған бүлікті, Қайғыға дұшпан күйіпті. Тап сегіз күн дегенде, Төңірекке көз салып,
Қобыланды байқап тұрыпты.
5550Жан-жағына қараса, Қырғын тапқан жан көрді. Келте-келте сайлардан Ағып жатқан қан көрді.
Өз қырғанын Қобыланды ер Ойлап тұрып таң көрді.
Құлағын салса шаһарға, Еңіреген зар болды.
Құлағына шулаған Мұңын айтқан əн көрді.
5560Қобыланды ер көресінді салтанатты, Ер жүрек бір басына қонған бақты. Қараса шөптің түрі қызыл ала, Жердегі жатқан нəрсе қанға батты. Көз түспес жердің жүзі өлімтіктен, Қалмақтар қиындасып құлап жатты. Қобыланды алам деген қалың жау бар, Қырғынның тап осындай дəмін татты. Айрылып құралынан, əскерінен,
Ер Барса қасiретпен қайғы тартты. 5570Зауал күн өз халқыма төнді ғой деп,
Көзінен зар еңіреп жастар ақты. Шыққанына тоғыз күн,
Батыр тамақ татпаған, Ұйықтамай кірпік қақпаған, Айбатын ішке сақтаған.
Батыр болсаң сондай бол, Дұшпанды жерге таптаған. Шығыршықты көк найза Қарағайға саптаған.
5580Сансыз қолды жоқ қылды,
Тоғыз күнде қаптаған. Кішіпейіл ер еді, Мықтымын деп саспаған. Тəуекелі тағы артық, Жалғыз жүріп саспаған. Алшағырдың намысын Сол досының ары үшін, Ежелден кекті жау үшін, Əперем деп намысын,
5590Қобыланды мықты арланған, Қаһарланып шамданған.
Қаптаған сансыз қалың жау, Қырғын тауып зарлаған.
Қаладан шыққан көп жауды
Қаласына жібермей, Қамап қырып, жандаған. Қаласына тығылып,
Қалғаны жаудың сау қалған.
Көптен бері тыным жоқ, 5600Ұйқыдан қатқан қабағы,
Он күн болды шамасы. Он күнде ердің жегені Бес жалпақ нан тамағы. Қатқаннан соң қабағы Көлде қалған жолдасқа,
Қобыланды қайтып барады. Аты да арып терлеген, Батыр еді еңіреген,
Көптен ұйқы көрмеген, 5610Ұйқыдан шаршап меңдеген,
Таңдайы қатып шөлдеген. Күндіз-түні соғыспен Батыр тыным көрмеген.
- О қырық жолдас, қырық жолдас, Қатып келді қабағым,
Қарным ашып жүдедім, Даярлаңдар тамағым.
Қарсы шыққан қалың жау, Тарылтып шыққан қалың жау,
5620Тарылтып қайттым заманын.
Осы күндіз түнімен Ертең тыным аламын. Екі күннің соңынан Тағы да жауға барамын. Қолда тізгін бар болса,
Кеудеде жаным сау болса, Тағы жауға шабамын.
Уəде еткен досыма Басын кесіп Барсаның
5630Тартуға алып барамын.
Ердің бағы ашылмас, Тəуекел етіп жол жүрмей. Ердің жолы болмайды, Шын тілекпен оң жүрмей. Ер мақсаты бола ма
Дұшпанның отын сөндірмей. Болмайды ердің мақсаты Қарсыласқан дұшпанның Жарық күнін өшірмей.
5640Сендерге жолдас мен болдым, Қырық жолдасым сен едің.
Алшағыр досқа Барсаның Əкелем басын деп едім. Апарып басын бермесем, Ер басыма қиын-ды.
Алшағыр маған қиылды, Досым салды бүйімді,
«Қобыланды, бар» деп бұйырды, Тайбурыл мен торша ат,
5650Досым үшін мінгенмін.
Бадана көзді бек сауыт Алшағыр үшін кигенмін. Уəде еткен досымның Жұмсауымен сансыз жау Соның үшін тигенмін.
Атқа мініп шыққаннан Алдарымды білгенмін. Айбат шаштым ақырып, Жауға шаптым жапырып,
5660Қанын судай сапырып.
Көп өтінді Алшағыр
Барсаға кеткен ар үшін, Аяғыма бас ұрып.
Бапқа түскен мен Қобылан, Мұнан да күшпен асармын, Барсаның көңілін басармын. Садақ толы сар жебе
Ертең жауға атармын. Өктемсінген Барсаның
5670Екпінді көңілін басармын.
Қанға қолым тиген соң, Жау ішіне енген соң, Бармай неғып жатармын. Көңілімде айтар мүддемді Қартқожақ пен Нұрғожа Құлағына саламын.
Ертең жауға барамын, Тағы бару талабым.
Жақсылық пен жамандық
5680Əркімге ортақ деп еді, Ескіден нақыл сөз еді. Қалмақтың басы хан Барса Адамда мықты деп еді.
Айтулы ердің өзі еді, Мақтауға толық сөз еді. Ерден ердің қаупі бар, Маңдайында екі көз, Бақыраштай деп еді.
Ажал жетсе қалармын, 5690Жоғары болса бақытым,
Мен Барсаны алармын. Тəуекел еткен батырмын, Ажалды күнім таянды, Қайда да қаза табармын.
Қартқожақ сонда сөйлейді:
- Жалғыз кеттің, Қобыланды, Көмекке бізді алмадың.
Қасындағы қырық ердің Қайтесің деп Қобыланды,
5700Құлағына салмадың.
Сізбенен бірге бармадым, Бітірмейсің, Қобыланды ер, Қырық батырдың арманын.
- Қасымдағы қырық ерім, Арманда болма сен деді, Өкпе айтқаның нең деді. Тар жол, тайғақ кешуде Жүректерің кем деді.
Жазым болса біреуің
5710Көңілі өсіп қуанар, Арсыз қалмақ елі деді.
Сендерге нұсқап айтқаным, Жалғыз кеткен бұл жауға Қобыландының жобасын. Осы қалмақ қиын жау Барсаңдар азып, тозасың.
Қасыңдағы Қобыланға Жолыма бейнет боласың. Өкпелеме, қырық жігіт,
5720Сендер мұнда қаласың.
Тобығы меңді торыны
Бұл сапар мінбей тастаймын, Батырлар, күйлеп бағасың.
Жауға ететін зəрім бар, Дұшпанға жетер əлім бар, Мен келгенше торыны Жақсылап күйлеп бағыңдар. Тоғыз күнде келмесем,
Қанша мықты десең де, 5730Қобыландыға жазым бар.
Жəрдем берсе панамыз, Қорғаншы болса бабамыз, Тоғыз күннің ішінде-ақ, Барса ханды аламыз.
Тоғыз күнде келмесем,
Он төрт күн бағып қараңыз. Ұмытып қалып сөзімді, Жолдастар болма бейхабар, Он төрт күннің ішінде
5740Ер Қобыланың жауды алар, Барса келмес ханды алар.
Балдағы алтын ақ қылыш, Жақсылық болса сапарым, Балдағынан бал тамар.
Қиыншылық жер болса, Қылышымнан қан тамар. Балдағынан бал тамса, Қобыландыны келді біл. Қылышымнан қан тамса,
5750Қобыландыны өлді біл.
Көк қылышты бағыңдар, Қан тамса менде жазым бар. Балдағымнан бал тамса,
Ер Қобыланың сау болар, Мені күтіп алыңдар.
Тайбурыл атпен тайпалтып, Жүрейін күннің оңына, Беліме алмас буынып, Алайын қару қолыма.
5760Талай жауды қираттым,
Қабыл болса сапарым, Мен Барсаның сорына. Болжауым қайып болмаса,
Қалмақтың түспес қолына. Уəдем сізге осылай, Қырық жолдас досым-ай.
Торы атты күйлеп бағыңдар, Мен келгенше аман бол, Күтіп ал мені, тосып ал,
5770Қасымдағы қырық батыр,
Қобыланды жалғыз кетті деп, Бізді тастап нетті деп,
Аталы жау бұл қалмақ Қазақпенен кекті деп. Қасымдағы жолдастар, Ойлаймыз ба болмасақ Қызғаныш бізден өтті деп. Сансыз қалмақ нөсерлеп, Қасымдағы қырық жолдас
5780Ойлады ма болмаса, Аяушылық еткені.
Қаптаған жаудың ішінде, Арманда болып кетер деп, Нұрқожа батыр жырлайды. Қасындағы жолдастар Айтқан сөзін тыңдайды.
Қартқожақпен екеуі Ақылдас, сырлас ыңғайлы.
- Қобыландының мұнысы, 5790Ақылдың тура дұрысы.
Қасындағы қырық жігіт Шыны жолдас білісі.
Бізді жолдас етпеген Осы ақылдың дұрысы. Қалың соғыс ішінде Қырық жігіт нетті деп, Алаң болып Қобыланды
Кетер еді тынышы. Қобыланмен күш қосып,
5800О қырық жігіт, қырық жігіт, Ұрысуға шараң жоқ, Қобыланмен қатар адам жоқ. Аяушылық еткені – Көңілінде алаң жоқ.
Арықтаған торыға Мақпалдан жабу жабайық, Торыны жақсы қарайық, Жал-құйрығын тарайық.
Бір тілекте тілесіп,
5810Қобыландыны күтіп алайық.
Сүйтті де қырық батыр ақылдасты, Бұл сөзін Нұрқожа ердің мақұлдасты. Қобыландыны келгенше күтпек болып, Уəде байлап өңшең ер шапылдасты.
Батырдың торшасы күйленсін деп, Қобыланды ердің торыша атын бақты. Тайбурылы мінгені,
Үстіне сауыт кигені, Беліне семсер ілгені.
5820Тайбурыл атты күйледі,
Жануар бойын биледі. Ойлау жерден ырғытып, Қырлау жерден сырғытып, Құйындайын құйғытып, Қайшылатып құлағын, Тайбурылды шұлғытып, Бір құлағын тігілтіп,
Бір құлағын жығылтып, Аққан жұлдыз секілді
5830Қобыланды жүрді сырғытып, Көріп қойған Көк Зеңгі
Тау қабақтап желіпті, Қарауыл қарап жеріне, Батыр Қобылан келіпті. Əйел, еркек жиылған, Көп халықты көріпті.
Тау басына барыпты, Қарауыл қарап Қобыланды ер Алысқа көзін салыпты.
5840Кеше көрген бір оба, Екеу болып қалыпты. Ар жағында обаның Əйел, еркек көп əскер Бекініп олар тұр екен.
Қалғанын жиып халықтың Барсаның шыққан күні екен.
Əлі де жаулар көп екен, Жиыл деген халқына, Барсаның əмір сөзі екен.
5850Екі обаның біреуі
Нəн Барсаның өзі екен.
Батыр Қобылан көреді, Қара обаның бауырынан Жылтырайды қос нəрсе, Ол Барсаның көзі екен. Будақтап түтін шығады,
Мұрнының тыныс лебі екен. Қобыланды елін шапқан соң, Барсаның кеткен тынымы.
5860Ақылынан айрылған, Ойында жоқ білімі. Сырғауылдан кем емес, Батырдың тартқан шылымы. Қобыланды болжап тұрады,
Қыпшақтың батыр шырағы. Шылым тартса ер Барса Моржадан шыққан секілді Будақтап түтін шығады.
Қобыланды жақын барыпты, 5870Жақындап келіп қалыпты.
Айбатына батырдың Қобылан көзін салыпты. Əжептəуір ажары, Қобылан аң-таң қалыпты. Қотыр-қотыр ажары,
Көз салып Қобылан қарады. Көрген шақта Барсаны Қобыланның қайтты қажары. Батыр Барса қарады,
5880Қобыландыны көрді де,
Қатты айғайға салады. Ақырғанда дауыспен Қара тасты жарады.
Екпінінен дауыстың Тастар ұшып барады.
«Қобыланды» деп ақырды-ай, Қорқар Қобылан ер емес, Қасына келді жақындай.
Бет ажарын қараса,
5890Таудың қотыр тасындай.
Кеудесіне көз салса, Келбетті туған нəн екен,
Мұрны Құсмұрын таудың басындай. Өктем туған өзі бар,
Мақтауына сиятын. Келбетті келген жөні бар, Бақыраштың аузындай, Маңдайында екі көзі бар.
Айбатты Барса келбетті, 5900Сескенбейтін сербетті,
Ажары жаман көр бетті. Қобыландыны көргенде,
«Бермен жақын кел» депті. Жаныңды алар ер Барсаң Осы тұрған ер депті, Отырған жерім отаудай, Тұрайын, бəлем, көр депті. Келбеті күшке жарасқан, Барса тұрған шағында,
5910Қанша мықты десек те,
Ақылдан Қобылан адасқан. Бұл Барсаның бойы бар, Биікпенен таласқан.
Адамның мықты алыбы, Шыны дəудің өзі екен, Ауызға толы сөз екен.
Сияғын Барса көргенде, Қобыландының сасқан жері екен.
Қобыландыны көріп ақырды, 5920«Бермен кел» деп шақырды.
Ақырғаннан Қобыланды ер Қайтемін деп сасулы.
Ақырғанда лебінен Ұсақ тастар шашылды.
Қалай да болса бір жұмыс, Кездесті ғой маған деп, Тəуекел керек батырға, Қалай да болса барам деп, Болжаулы іс өтпес пендеден,
5930Мына дүние заман деп.
Кемшілік болар басыма, Барсадан қорқып сасқаным.
Ерлігіме мін болар, Жанымды қорғап қашқаным. Өлім келсе өтермін, Қайырлы болса сапарым, Мақсатыма жетермін.
Қара обадай Барсаның Оңдаса басын кесермін.
5940Қазам жетер күн болса,
Мен ажалға не етермін. Ажалға бар ма амалым, Жекпе-жекке Барсаға Қалай да болса барамын. Кесілмесем қарымнан Айрылмасам барымнан, Қара обадай Барсаның Кəзір-ақ басын қағамын. Айбатын шашып ақырды,
5950Барсаға Қобылан келеді,
Екеуінің кездесіп, Ұрыс салған жері еді. Жасы үлкен Барса хан Кезегімді бер деген,
Қобыланды кезек береді.
Сонда Барса сөйлейді:
- Белге арқан салалық, Екеумізге тең ортақ Аударысып қаралық.
5960Берік болса уағда, Болмасын бізде шалалық. Ат үстінен алысты, Құшақтасып екеуі Аударысты салысты.
Белге арқан шалыпты, Тартысысып қалысты.
Үзеңгісін шіреді, Табанын ерлер тіреді. Шашасынан жоғары
5970Астындағы аттардың Тұяғы жерге кіреді. Алыстары үдеді, Тартысқанда белбеуін Екеуі де үзеді.
Көргендерге таң болды, Алысқан жері ерлердің Бұрқыраған шаң болды. Бірін-бірі ала алмай, Екеуіне де ар болды.
5980Не қыларға біле алмай,
Екі батыр дал болды. Белге буды шідерді, Бірін бірі сынасып, Жаннан үзді күдерді. Екі батыр ақырып, Жауатұғын бұлттай Қабақтары түнерді. Аттан түсе қалысты, Бір-біріне жабысты.
5990Бермейміз деп намысты,
Екеуі күрес салысты. Бірін-бірі ала алмай Шаршап ерлер шалықты, Шаршағаны анық-ты.
Барса сонда сөйледі:
- Қобыланды батыр сен едің, Өзімнен төмен деп едім.
Мен сынадым Қобыланды, Артық күшке беренім.
6000Мақұлдасаң Қобыланды,
Қаруменен жұмсанып, Кезектесіп көремін.
Жасың кіші болса да, Халқыма келген қонақсың, Саған кезек беремін.
- Жолсыз жерге бармаймын, Жолсыз кезек алмаймын, Жасың үлкен, ер Барса, Кезекті сізге арнаймын.
6010Жасың үлкен сен едің,
Жасы кіші мен едім. Бұрын туған ер едің, Кезекті сізге беремін. Аман қалса бір жаның, Артын күтіп көремін.
- Сөз айтайын, Қобыланым, Шоңғара мен Қаршыға, Халқымның ері қорғаным. Ерімді қойдай сойғаның.
6020Сан жетпейтін халқымның Талайын қырып жойғаның. Қара ниет қыпшақсың, Қан ішуге тоймадың.
Қалмақтың ханы Барсаны Аламын деп ойладың.
Дендеген Қобылан есерсің, Ақылың жоқ бекерсің.
Қара таудай Барсаға Нешік қайрат етерсің?
6030Жанған оттай жас жансың, Кешікпей бəлем өшерсің. Əлек еттің елімді,
Еліме бердің зəбірді.
Елге қорған өлтірдің, Қаршыға мен Шоңғара Екі бірдей ерімді, Еріні қанды бөрімді.
Азаматымды өлтіріп, Жылаттың қыз бен келінді.
6040Өзіңе де зауалды, Өлерің жақын абайла, Кешікпей-ақ алармын, Сенен түгел кегімді.
Талай жайсаң, жақсымнан, Қатын, бала арылды.
Мейірімсіз Қобылансың Мың да болса құртармын, Кеудедегі жаныңды.
Дүниемнің бəрі болды əлек, 6050Кетірдің Қобылан сəнімді.
Азаматым арылған, Жетім бала, жесір көп,
Халқымның күні тарылған. Кек алмайды деп пе едің Қара ниет залымнан?
Неше күндей ұрысып, Мелшемізден батысқан, Екеумізге көп болды, Аттан түспей алысқан.
6060Мен Барса едім қашаннан,
Талайды таптап жанышқан. Екеумізге жол болар, Қылышпен кезек шабысқан, Кел қызыққа батайық, Кезектеп садақ атайық.
Ай балтаны алайық, Кезектесіп қарайық.
Болаттан соққан ақ балта, Кезек-кезек шабайық.
6070Қызық көрдік алысып,
Жеңдірмеске қарысып. Аударысып күрестік, Жеңіспедік қарысып. Кел қызыққа баталық, Найзаменен шанышып, Айтқанына Барсаның Ер Қобыланды көнеді. Кезегіңді ал деп еді, Барсаға кезек береді.
6080Қылышын қайрап безеді,
Кезегіңді ал деп қарысып, Қарсы алдына келеді.
Тасты кескен алмасты, Мойнынан шауып сермеді. Жасық пышақтай көрмеді, Ер арыстан Қобыланға Барсаның кезек бергені.
Бұ да алмасын алады, Қара обадай батырды
6090Иықтан тартып қарады,
Айбатын шапшып санады. Тасқа тиген немедей Жылжып қайтып көк алмас Сағақтан сынып қалады.
Айдаһардың тіліндей Шабыса кеткен білінбей, Ақ найзаны сермеді,
Қу қурайдай көрмеді.
Екі батыр соғысып,
6100Қуаты асып өрледі. Найзаменен салады,
Жасыған жездей майрылып, Ортасынан қайрылып, Қармақ болып қалады.
Бірін-бірі кезектеп, Балтаменен шабады. Қатты сермеп ұрады, Ұңғыдан балта сынады. Қарудан қару қалмады,
6110Шегінісіп тұрады.
Садағын ерлер кезеді, Сарыжаға безеді.
Сарыжаның көбесін Толғағанда сөгеді. Шіренісіп тартысты, Тасқа тиген немедей, Шақ етіп кейін қайтысты. Ер қызыққа батысты.
Қой боғындай қорғасын
6120Жалғыз оқты мылтықпен
Екі батыр атысты. Өздерін-өзі өктеді, Қарудан қару қалған жоқ, Біріне-бірі қос жайсаң Біріне залал етпеді.
Аянып жүрген күші жоқ, Бір-біріне əлі жетпеді.
Екеуі де батырдың
Бір-бірін аңдап бағады. 6130Қолдарындағы алмастың
Тұтамдай сабы қалады. Біреуінің біреуі Қаруын жұлып алады. Тағы екеуі алысты, Тағы күрес салысты.
Алысумен шалысты,
Шаршағаны анық-ты. Хан Барса ердің данасы, Алысқанға екеуі
6140Жеті күн болды шамасы.
Кім мықты да, кім осал Айрылған жоқ арасы.
- Бір сөз айтам мен, Қобылан, Сөзімді тыңда сен, Қобылан, Айтқаныма көн, Қобылан.
Тоғыз күн болды соғысқа Барсаға ұлықсат бер, Қобылан. Тоғыз күннен бері қарай
Əлі ұйықтаған қабақ жоқ,
6150Əлі ішкен тамақ жоқ.
Баруға пұрсат заман жоқ. Екеуіміз де таралық, Тамаққа Қобылан баралық, Тамақтанып алалық.
Суық көлден су ішіп, Екеуіміз де қаналық. Жеңемін деп қуанып,
Тұрмысың, Қобылан, мерейіп. Тамақ ішіп, Қобыланды ер,
6160Қуаттанып келейік. Екеуміздің пайдамыз Бір-біреуге көнейік.
Ұлықсат берсең, Қобыланды, Бүгін соғыс қоямын,
Ашуды бүгін жоямын. Қарным ашқан Барсамын, Екі өгіз соямын.
Мешкей еді тамағым, Мен тамаққа барамын.
6170Екі батпан наным жеп,
Екі көлдің суынан Шөлдеп ішсем қанамын. Көптен бері ұйқы жоқ,
Қатып тұр, Қобылан, қабағым. Жау да болсаң жолдассың, Тілегімді бер, қарағым.
- Сенде де, Барса, тамақ жоқ, Менде де ішкен тамақ жоқ.
Кел ұрысқа кетейік,
6180Тексеріп тұрған адам жоқ,
Есеп алған санақ жоқ. Кел ұрысқа кетейік, Біраздан бері алыстық, Қайсысымыз жеңсек те, Бір мақсатқа жетейік.
Ақылдың Қобылан данасы, Тоқтарбай қарттың баласы. Барсаның айтқан сөзінен Білінді ердің шамасы.
6190Кім мықты да, кім осал,
Мағлұм болды арасы. Тамақ ішіп келем деп, Барса батыр жалынған, Өтінішін қарашы.
Тамақтанып келуге Қобыланды рұқсат берген жоқ, Айтқанына көнген жоқ.
Жіберуім бекер деп, Барса қашып кетер деп,
6200Ер Барсаға сенген жоқ.
Барсаға рұқсат бермейді, Айтқанына көнбейді.
Қашып кетер батыр деп, Хан Барсаға сенбейді.
«Мықты Барса сен болсаң, Меніменен тең болсаң, Алысайық кел» дейді.
Екі батыр алысты, Жібермен деп намысты.
6210Қара тастар күл болып,
Талқан болып қалысты. Он екі күн болыпты, Күн тал түске толыпты. Бірін-бірі ала алмай, Екеуі де торықты.
Бірінен-бірі қауіп етіп, Ерлердің көзі қорықты. Күндіз-түні тыным жоқ, Алысумен зорықты.
6220Есіне түсіп Тайбурыл, Қобыланды атқа қарады, Атына көзін салады.
Тұла бойы қызыл қан, Тұяғынан ағады.
Басына көзін салыпты, Басында аттың тері жоқ, Хан Барсаның аласы, Терісін жұлып алыпты, Ерін тері қалыпты.
6230Аяғына көз салса, Сирағында тері жоқ, Төрт тұяғы қалыпты. Ер Барсаның аласы, Сауырға ауыз салыпты. Арқа тері бəрісін
Ала ат жұлып алыпты. Тұла бойдың сауы жоқ, Жал-құйрығы қалыпты.
Атын көріп Қобыланды
6240Мынау қалай болды деп,
Батырдың көңілі тарықты. Хан Барсаның ала аты Талағаны анық-ты.
Алаға көзін салады, Көзін салып қарады. Шүмектеп қаны ағады, Басына көзін салады, Ақсиып тісі қалады.
Ерін тері, бас тері
6250Қобыландының Тайбурыл
Баршасын жұлып алады, Ақсиып тісі қалады.
Мойнына тағы көз салса, Бас мойнында тері жоқ, Тері қалған жері жоқ.
Тайбурылы тұлпардың Ат сияғы жөні жоқ.
Қираған ала жағы жоқ, Сан терісін сыпырған,
6260Төрт тұяғы тағы жоқ. Талағаны Тайбурыл Бұл аланы анық-ты.
Жалы менен құйрық жоқ, Тек сүйегі қалыпты.
Қалмақтың ханы ер Барса, Алаға көзін салыпты.
Ала атты көзі көрген соң, Іші өрттей жаныпты.
Тұлпарын ала көріпті,
6270Ала тұлпар өледі деп, Əбден сынап, зар жылап, Көзінен жасын төгіпті.
Таудай ала ат сен деді, Батыр Барса мен деді. Бурылдан болдың кем деді, Таланған мұнша нең деді. Таланыпсың жаман деп, Саған келген қара түн Ертең келер маған деп,
6280Жақын шығар тамам деп,
Алыс емес ажал деп, Атаңа нəлет Қобыланды
Тарттырмаса игі еді жазам деп, Жетпесе игі еді қазам деп, Еңіреп Барса жылап тұр, Көзінің жасын бұлап тұр.
Өзі өлерін хан Барса, Көңілмен байқап сынап тұр. Есін танып Тайбурыл
6290Жақындап келді Қобыланның Оқыранып қасына.
Жануарым бурыл деп, Сипап қойды басына. Сипаған соң Тайбурыл Ортаға келіп желулі.
Ер Барсаның ала атын Қос аяқтап тебулі.
Сандалып жүрген жануар Тепкі тиіп өлулі.
6300Жығылғанын ала аттың
Барсаның көзі көреді. Қолдаған тұлпар алам деп, Ажал жетті саған деп, Саған жеткен бұл қаза Ертең келер маған деп, Алыс емес жақында, Таянды маған ажал деп,
Өкірді де, жылады, Маңдайға өзін ұрады.
6310Көзден аққан ыстық жас,
Көкірегін жуады. Ала тұлпар өлген соң
Барсаның бағы сынады.
Əуре болдым бекер деп, Ойлап едім əуелде-ақ, Масқара Қобылан етер деп, Халқым түгіл өзімнің Қобыланды басым кесер деп. Өмірім қараң өшер деп.
6320Əуелден қаупім көп еді,
Мақсатына жетер деп. Қайғыменен көзінен Жас төгілді нөсерлеп. Он үш күндей алысқан, Қырық беске келгенде Маған пəле жабысқан. Өзіне-өзі сенбесе,
Келе ме іздеп алыстан. Сескеніп едім əуелде-ақ,
6330Қобыланды деген дабыстан.
Қайғылы көңілім қуанып, Маған кеңдік болар ма, Қисайған ісім оңар ма.
Бұл секілді Қобыланды ер Мені еркіме қояр ма?
Қолындағы көк найза Жан шығармай болар ма. Ала ма деп қорқамын, Қобылан менің жанымды.
6340Қор қылар деп қорқамын
Кешікпей қызыл қанымды.
Алыстан келген Қобыланды Кетірді менің сəнімді.
О, дариға заман-ай, Дəуренім бастан арылды. Амалым жоқ көнбеске, Ұсындым басым өлмекке.
Шапшаң бермен кел, Қобылан, Ер Барсаны еңіретпе.
6350Он үш күн болды арасы,
Осы бүгін тапа-тал түс, Мықты менен осалдың Айрылар күн арасы.
Жүгіріп келіп Барсамен Ер Қобыланың алысты, Бір-біріне жабысты.
Қаһарланған ер Барса, Көтеріп Қобыланды алыпты. Үйіріп алып батырды
6360Қара тасқа салыпты.
Жығылатын Қобылан ба, Тіке түсіп қалыпты.
Екпінімен аяқтың Қазандайын қара тасты Ортасынан жарыпты. Күндіз-түні екеуі Жағаласты салады, Қатты жүдеп азады.
Қанша мықты дегенмен
6370Қобыланды ер де талады.
Қуат қашып ер Қобылан Қатты жүдеп барады.
Жүдегенін Барса біледі, Қуаныш етіп Қобыланды Көкіректен тіреді.
Қалмақтың күші үдеді, Сонда Қобылан жылайды, Көздің жасын бұлайды, Пірлерден тілек сұрайды:
6380– Əуелі жəрдем тілейін
Жан жаратқан панадан. Екінші жəрдем тілейін Жəрдемші ата-бабадан. Сендер жəрдем қылмасаң, Таршылық болды заманам. Перзентіңнен хал кетті, Күш-қуат пен əл кетті.
Ақша беттен қан кетті, Ажар мен көрік, сəн кетті.
6390Қобыландыңнан əл кетті,
Пірлерім жəрдем болмасаң, Мына Барса меңдетті.
Əл-қуатым кері кетті, Таршылық жерде ер бабам, Балаңа жəрдем бер депті.
Қиядан шықты төрт бүркіт Оң жағынан шығады.
Ақ шалғылы көк бүркіт Еңсесінен төнеді.
6400Бүйірлеп бүркіт келеді,
Қарысып жүрген Барсаны Жауырына тебеді.
Бүркіттің болған себебі, Сыйынған жердің бабасы Тар жерде тиді себебі.
Ер тарыққан күнінде Қуат берген жер еді. Қуатқа келіп күйленді, Ажарға келіп түрленді.
6410Ашаң жүзі көркейіп, Қуатын байқап білді енді. Көңілі өсіп ер Қобылан Миығын тартып күлді енді. Мықты Барса келің деп, Енді өлетін жерің деп, Теңім бе едің менің деп, Жүгірісіп алысты.
Алдырман деп хан Барса Қарсыласып қарысты,
6420Жібермен деп намысты.
Қатуланған Қобыланды Көтеріп Барса қарады, Жылжымады табаны.
Мəлім болып Қобыланның Қайрат пенен қажары, Барсаның кетті ажары.
Қобыланның жүзі нұрланып, Алмадай беті қызарды.
Найзаның сабы шынар-ды,
6430Бұрынғыдан өзгеше Қайратты Қобылан шығарды.
Қуат бердің маған деп, Жетті, Барса, қазаң деп, Кекті дұшпан сен едің, Қалмақ сенің сазаң деп. Тəніңде мың жан болса да, Жетеді бүгін қазаң деп.
Шалқаңнан Барса салайын, Жеңуім болды тағайын.
6440Көтеріп ырғап алады, Əп дегенде Барсаның Жоғары шықты аяғы. Қаңбақ құрлы көрмеді,
Үйіріп кетіп барады. Барсаны жеңбей не қылсын, Қорушы сүйеу бес бүркіт Жəрдемшісі еді манағы.
Айналдырып басынан Шалқасынан салады.
6450Былғап жерге ұрғанда,
Жер солқылдап барады. Сонда Барса жылады, Аз ғана мұрсат сұрады. Сөйлегенше Барсаға Мұрсат беріп тұрады:
- Қиындық беріп өлтірме, Өтініш етем өзіңе.
Ұлықсат ет, Қобыланжан, Барсаның айтқан сөзіне.
6460Қаһарлансаң кім шыдар
Ашуланған кезіңе. Үстімдегі бек сауыт Шешпесең қару өтпеген. Батыр едім мен Барса Ешкімнің əлі жетпеген. Қалмақтағы арлы едім, Елімнің арын кектеген. Алшағырдай залымның Əперем деп намысын.
6470Енді өттім өктемен. Құрмет етіп Барсаға Досым Қобылан сыйла да, Қорлықпен жаным қинама, Кекті дұшпан қалмақ деп, Ендігі жерде қорлама.
Үстімдегі бек сауыт, Қобыланды, шешіп тастайын.
Сын айтатын жерім жоқ, Неге сұмдық сақтайын.
6480Қаруым қалды далада, Сауытты шештім жана да. Ерік бердім, Қобыланды, Білікті батыр данаға.
Жалаңаштап алмаспен Мені өлімнен аяма.
Аянар жерім қалған жоқ, Бұл сөзімде жалған жоқ. Тезірек өлсем арман жоқ.
Қобыланды сөзін естіп көрген жері, 6490Тілегін нəн Барсаның берген жері.
Екеуі серт байласып, жауаптасып, Байласып уағдаға сенген жері.
Өлімнен Барса қорқып саспады енді, Ажалдан тұра төнген қашпады енді. Кигені үстіндегі кілең сауыт, Сыпырып батыр патша тастады енді.
- Қобыланды, сізге қонды бақ,– деп айтты, Мен болдым бұл дүниеден жат, – деп айт- ты.
Жыланға анам жеріп тапқан екен,
6500Тəнімде мықты жерім бас, – деп айтты.
Биліктің еркіменен бəрі өзіңде, Жеріңнен сіз қалаған шап, – деп айтты. Ашуланып долданды,
Семсер қылыш қолға алды. Шабайын деп оңдалды, Біразырақ толғанды.
Батырға да жан керек, Барса да жылап зарланды. Тұла бойы дірілдеп,
6510Олай-бұлай сандалды.
Алмасты жанып алады, Мойынынан шабады. Тасты кескен ақ алмас Бұл Барсаның тəніне Төрт-ақ елі барады.
Айдаһардың тіліндей Шанышса кеткен білінбей. Қара тасты шанышса, Өтуші еді кідірмей.
6520Салған жерден таяды, Қармақ болып қалады, Балтаменен ұрады.
Сағақтықтан шарт етіп, Балтаның сабы сынады. Мықты Барса əлсіреп, Дір-дір етіп тұрады.
Барсаның шойын шоқпармен Көтеріп алып Қобыланды Тас төбеге ұрады.
6530Бас айналып құлады, Мініп алып кеудеге Аузына құм құяды. Он алты күн дегенде, Тынысынан тынады.
Жұлдыз шыға батырдың Азар жаны шығады.
Барса менен Қобыланды
Он төрт күн соғыс салғанда, Қобыланды шаршап əлсіреп,
6540Ақылынан танғанда, Қайғымен болып арманда, Қылышынан қан тамады. Көлдегі жолдас қырық жігіт
Қатты сасып сандалды. Қобыланды өліп кетті-ау деп, Қырқы жылап зарланды.
Қобыланның айтқан сөзі бар, Жылауы бөтен емес-ті.
Бұл іс қалай болды деп,
6550Қырық батыр кеңесті. Қартқожақ ер сөйлейді:
- Төрт-бес күн күтіп қаралық, Қылышты тағы бағалық.
Қалайынша іс болар, Кеңесіп ойды табалық. Қылышты бес күн бағады, Алтыншы күн болғанда, Балдақтан бал тамады.
Қайғылы болған қырық жігіт
6560Қуанысып қалады.
Өлтірген соң Барсаны Қобыланның көңілі өсіпті. Қара обадай Барсаның Кеудесінен кесіпті.
Ат көтіне сүйретіп, Қалаға келіп жетіпті. Тірі қалған қалмақтар Алдынан шулап шығады. Қол қусырып шуласып,
6570Жан сауғалап тұрады. Не айтқанын қылады, Айтқанына көнеді.
Не десең де көндік деп, Уағдасын береді.
Қобыландыны бағады, Құрмет етіп қарады.
Қызметі қалмақтың
Қобыландыға жағады. Ынтымақты ел болды,
6580Жақсы менен жаманның
Əйел, еркек адамның Тілегің бірге тең бол деп, Ынтымақты болың деп, Жамандықтан, қалмақтар, Басыңды бағып, қорың деп, Барсада тұрған тұрмыстан Ендігі жерде озың деп.
Мен еліме барармын, Барып қағаз жазармын,
6590Хат пенен хабар алармын.
Тентек болсаң, қалмақтар, Ақырында қарармын.
Айтқан тілімді алыңдар, Жадыңа алып қалыңдар. Ел бастаған азамат, Жетім-жесір, нашарға Назар көңіл салыңдар. Халықты дұрыс бақпасаң, Нашарларға жақпасаң,
6600Тағы айналып келермін,
Халықты келіп көрермін. Жауыздықты ел болсаң, Қандарыңды төгермін.
Сазаңды сөйтіп берермін. Бек сауытты белсенген Ұрысса жауды еңсерген, Қобыланды ерің мен дейді,
Жақсы бол, қалмақ ел, – дейді. Менің айтқан мұныма
6610Ризалықпен көн дейді.
Азаматы қалмақтың Қобыландының сөзіне Ықыласпен көніпті.
Бəрі уəде беріпті, Біріне-бірі сеніпті. Осылайша келісті, Ұлықсат беріп халқына Өрісін елдің кеңейтті. Достыларым, сен дейді,
6620Шын көңілменен көн дейді. Қасымда жолдас қырық жігіт, Жіберемін тез барып.
Қызмет етіп көр дейді. Керегі болса бер дейді. Басшылары қалмақтың Жасы менен кəріміз Құрмет етеміз бəріміз. Біздің осы шаһардан, Керегің болса алыңыз.
6630Қасымдағы қырық жолдасты, Ертеңгі күн көрерсіз, Айтқанына көнерсіз.
Не десе де сенерсіз, Білімді болса бересіз.
Өсиет бұл халыққа айтып кетті, Осылайша еліне тəртіп етті.
Кеудесін ер Барсаның жоғары іліп, Жолдас жатқан көліне қайтып кетті. Жолдасқа көлде жатқан Қобылан келді,
6640Қауышып жолдастарын аман көрді.
Қартқожақ, Нұрғожа мен жасы үлкендер Еңкейіп батырларға сəлем берді.
Қалмақтан аты арып аман барды, Есендесіп жолдастың қолын алды. Қобыланды аман-есен келгеннен соң,
Көрініп, қуанысып, айқай салды. Қобыланды кеш болған соң келіп қонды, Өзінің қостасына қонақ болды.
Таң атып, сəске мезгіл болған шақта, 6650Сөйледі жолын айтып көрген жолды:
- Қасымдағы жолдастар, Тілегі бірге құрдастар, Киюіңе бек сауыт, Белдерінде алмас бар.
Біріңнен-бірің қалмастан, Қырқыңда жалғас бар.
Патша Барса өлген соң, Бағынды бізге қалмақтар. Үш күн мұнда қалайын,
6660Тамақтанып, күйленіп,
Мен тыңайып алайын. Сендер бар да қонақ бол, Тап бес күн дегенде,
Мен де артыңнан барайын. Қырық ерім, бағың бар, Қонақ болып қалмаққа Құрмет көріп қалыңдар.
Алтын, күміс олжадан Керегінше алыңдар.
6670Қырық батыр қуанып, Күлісіп атқа мінеді.
Ер қаруы бес қару, Қаруларын іледі. Көк Зеңгінің тауына
Жүруге жолды түзеді. Ертең сəске болғанда, Тау басына барады,
Батырлар шаһарға қарады. Дарбазаның аузында
6680Қалқан киген батыр тұр.
Жүрмей тұрып қалады.
Қартқожақ сонда сөйлейді:
- Байқаңдар жолдас сен дейді, Уайым еттім мен дейді.
Дарбазаның аузында Қалқан киген батырды Көзбен байқап көр дейді. Кеудесіне қарасам, Келбетті туған ер дейді.
6690Алданбайық, жолдастар,
Ақылдасып көр дейді. Сынауым бөтен болмаса, Өлмеген Барса тірі екен, Есігінде қақпаның Қарауыл қарап тұр екен. Өлтірдім деп келгені Қобыландының кім екен? Сонда айтты жолдастар:
- Қобыланға қайтып баралық, 6700Қарауыл қарап тұрғанын
Құлағына салалық. Біз баратын жер емес,
Мақұл көрсе Қобыланды Жолдас қылып алалық. Қобыландыға бармасақ, Жолдас қылып алмасқ, Бізге қиын осы жау
Тірі тұрған Барсаны Алыстан болжап аңдасақ,
6710Кел, Қобыланға жетелік.
Тірі екенін Барсаның Батырға баян етелік. Құр тұрудан пайда жоқ,
Бұл арадан кетейік. Осы көрген мəністі Батырға баян етелік.
Қобыландыға егер бармасақ, Қиындық болар, жолдастар. Көтеріп тұр бір қолын
6720Атаңа нəлет ер Барса, Көзбенен байқап аңдап қал, Оң қолында алмас бар.
Қарауыл салған күні екен, Өлмегені шын екен, Көтеріп қылыш тұр екен. Батырсынып жүрсек те, Бізге қиын сын екен.
Оған бару қиындық, Сірə, бізге мін екен.
6730Кел амандықта кетелік,
Қобыландыға жетелік, Ішке кіршік сақтамай Көргенді мəлім етелік. Тірілігін Барсаның Батырға айтып көрелік. Басшы қылып Қобыланды Қайта айналып келейік.
Қобыланды онда, біз мұнда, Қобыланды қалып кейінде,
6740Біз батырмыз демейік. Алда қандай заман бар, Бақыттан ерлер көрелік.
Мақұлдасып баршасы Қобыландыға қайтып жөнелді. Кеңшілікте жүргенде,
Бəрі батыр ер еді.
Шаһарға келген қырық ердің
Кейін қайтқан жері енді. Алмастары белінде,
6750Кигені сауыт беренгі.
Жатқан жері Қобыланның Елсіздегі көл енді.
Қырық ерлер кем емес, Айлалы батыр өнерлі. Құр кеудеден қорқып, Қайтқан жері сол еді. Бедеу атпен желісті, Көлге қайтып келісті. Қартқожақ пен Нұрғожа
6760Қоста қалған Қобыланға
Көргенін айтып берісті. Қайтпас батыр ер Қобылан Қырғаны жауды шын екен. Жердің жүзі қызыл қан, Судай қалқып тұр екен.
Дарбазаның аузында, Атаңа нəлет ер Барса, Көтеріп қылыш тұр екен. Барса тұр аман елінде,
6770Өлтіргенің кім екен? Барса тірі тұрған соң, Бізге бару сын екен, Қырық еріңе мін екен. Шын көзбенен көргенбіз,
Жақындап келіп төнгенбіз. Қарауыл қарап тірі тұр, Болжап көріп сенгенбіз.
Бізге бару жөн емес, Қасыңдағы қырық жолдас
6780Сенімен біздер тең емес.
Өзің бастап жүрмесең, Баруымыз жөн емес.
- О, қырық жігіт, досым-ай, Бітірген ісің осы ма-ай?
Жақсының ісі жария, Жаманның ісі жасық-ай. Құр кеудеден қорқып, Келіпсің сендер қашып-ай, Батыр емес, жасық-ай.
6790Тірі тұр деп Барсаны Келіпсің қорқып басын-ай. Қорыққаннан аңдамай, Келіпсің қате қапыл-ай.
Сендердей жаман жолдастан Артық шығар, сірə да, Елдегі қалған қатын-ай.
Дірілдеп қашып келіпсің, Дарбазаның аузында Барсаның кеуде, басынан.
6800Атты күйлеп мінелік, Сендерге олжа, мал керек, Тезірек жауға жүрелік.
Не бар, не жоқ шаһарда, Аралап байқап білелік. Өзім-ақ бастап барайын, Сендерменен бір жүріп, Шаһарды аралап қарайын. Алшағырдай досыма
Уəде еткен сөзім бар.
6810Қалмақтың ері Барсаның
Басын алып барайын. Басын алып бармасам, Сын тағылар сөзіме, Мін болады өзіме.
Уəдем, Қобылан, қайда деп, Айтар досым көзіме.
Лайықпен барайын,
Шын досымның еліне, –
Деді де Қобылан шаттанды,
6820Қырық жігіт жолдасы Ер Барсаның еліне, Тағы да ерлер аттанды.
Қобыланды бастап жөнелді, Енді шаһарға келеді.
Ілулі тұрған Барсаның Қасындағы қырық жігіт Кеудесін өлген көреді. Қасындағы қырық ердің Осы ұялған жері еді.
6830Азаматын шаһардың Батыр Қобылан жияды. Ортасында халықтың Үгіт айтып тұрады.
Қол қусырып Қобыланға Көп қалмақтың халқы Қызмет етіп тұрады.
Үгіттейді халықты Рұқсат елден алыпты. Бұрынғы жатқан көліне,
6840Батырлар қайта барыпты.
Алтын менен күмістен Қасындағы қырық жолдас Көтергенше алыпты.
Амалы бар ма, қалмақтар Ырзалықпен көніпті.
Қырық батырдың керегін Сұрағанда беріпті.
Алтын, күміс олжамен Мекен еткен көліне
6850Батырлар аман келіпті.
Əлқисса, Қобыланды батыр қырық жолдасын қасына шақырып алып: «Елге қайтатын уақыт болды, енді тезірек жетудің жабдығын істелік» – дейді.
Алшағырға Қобыланның Уəде еткен сөзі еді.
Аман болсам алты айда, Мен келермін деп еді.
Алшағырдай досыма Уəде еткен серт еді.
Мен алты айда келмесем, Заманым қайып деп еді.
Əлқисса, Алшағыр өзінің досы Қобыландыға берген уəдесі бойынша Қарақыпшақ елін алты айға дейін бағады. Дəулетіне қызықпайды. Батырдың тапсыруы бойынша елді қорғап оты- рады. Жеті ай өтеді, сегіз айдың жүзіне ауады. Қобыландыдан да, Барсадан да хабар болмайды. Енді Алшағыр ойлайды:
«Қобыланды өлген екен, – дейді, – Барсаға барған адам келме- ген соң, оның атын Барса келмес деп қойып еді. Бұл сапардан Қобыланды аман қайтпайды. Осыншама кешігуіне қарағанда Қобыланды өлген шығар, Барсаның қолынан қаза тапқан бо- лар», – деп ойлайды.
Осы оймен Алшағыр Қарақыпшақ елін шабады. Тоқтарбайды құл, Аналықты күң етеді. Қобыланның қарындасын отыз төре, қырық бегінің тартқан шылымын өшіретін етіп қояды. Сұлу Аққұртқаны өзі алмақ болады.
Ақылдасып ойласып,
6860Отыз төре, қырық бегі Бірге сырлас жолдасын, Тілегі бірге қолдасын, Хан шақыртып жияды, Жолдастары келген соң, Əңгімесін құрады.
«Не жөнменен шақырттың?» –
Деп төрелер сұрады.
- Əркімге де жолдастар Ақылдас, сырлас, тең керек.
6870Азамат басы құралып, Ақыл табар ер кезек. Уəдені байласып, Бағдар менен жөн керек. Қарақыпшақ елінен
Шыққан Қобылан ер еді, Қайтпайтын қайсар сер еді, Көрсеткен зəбірі көп еді.
Бүлік салған халқыма Сол Қобыланның өзі еді.
6880Біздің халық қалмақтың
Зəбірі көрген көп еді. Дұшпан ерге бір кесел, Душарласар деп еді,
Айламенен арбадым, Қобыландыны алдадым. Баршаңыз да білесіз,
Ер Барсаның еліне Алдауменен барғанын. Айтпаймын сөздің жалғанын.
6890Ақылменен байқаймын,
Елінде Барса қалғанын. Өздерің де білесің,
Алты айда қайтып келем деп, Қысқа срок алғанын.
Алты ай деп кесті срокті, Алты ай түгіл жыл өтті. Жібергенге Барсаға Тілеп едік тілекті.
Қорлығы естен қала ма,
6900Халқымызды жүдетті, Кеткеніне Қобыланның Сегіз ай бүгін шын өтті. Батырсынып желігіп, Ерлігіне сенген-ді.
Дос деп маған алданып, Айтқаныма көнген-ді. Қобыланның күні өткен-ді, Қалмақтың басы ер Барса Мақсатына жеткен-ді.
6910Барған адам қайтпаған
Барса батыр өктем-ді. Қанша батыр болса да, Барсакелмес берен ер Қасықтап қанын төккен-ді. Мақұл көрсең би мен бек Отырмайық қарап тек.
Қобыланнан көрген қорлық көп, Елін шауып Қобыланның
Енді алалық жаудан кек. 6920Кел қыпшақты шабалық,
Шауып кекті алалық. Сексеннен асқан əкесін Қой соңына салалық.
Қобыланды келер деймісің, Алпыстан асқан шешесі Бұған да қорлық берелік.
Атаңа нəлет қыпшақтың Құлатайық қаласын.
Жылатайық баласын,
6930Тарттырайық сазасын. Кеткеніне көп болды, Жеткізген шығар хан Барса Қобыландының қазасын.
Алшағырдың сөзіне Аламан жұрты көніпті, Ханға беріп ерікті, Азаматы желікті.
Алшағырдың айтқан əмірін Халқы жақсы тыңдады,
6940Əмірін екі қылмады.
Құралды əскер шəрінде, Сарбаздарын жинады. Шабамыз деп қыпшақты Қол көтеріп шулады.
Батырлары, ерлері, Түрлі қару қолға алып,
Құралды əскер қыпшаққа Шабуға шықты долданып. Ашу тұтып шамданып,
6950Əскерлер шықты арланып.
Ту көтеріп шабуға Шыққан екен қамданып. Күн шыққанда көп əскер Түгел атқа міністі.
Қауып ететін адам жоқ, Қуанысып жүрісті,
Бес қарудан ілісті. Жарқылдатып қылышты Жирен Қопа көліне
6960Тоқтарбай қарттың еліне
Жаушылықпен жүрісті. Ұлы сəске болмай-ақ, Жүрген жерін шаңдатты. Аталы дұшпан қалмақтар
Қыпшақты шауып алмақ-ты. Келе елді қиратты,
Қатын менен баланы Еңіретіп, зарлатты.
Қарсы тұрар адам жоқ, 6970Қобыланның елін шабады.
Əне-міне дегенше, Айпап-жайпап алады.
Қыпшақтың бар ма амалы, Қалмақтан келген батырлар
«Көшің» деп үкім салады. Қарақыпшақ ауылын Көшіріп кетіп барады.
Аққұртқа мен Хансұлу Жасырып қағаз жазады.
6980Көрген қорлық баршасын
Ақ қағазға сызады. Иесіз қалды көлің деп, Бүлікке түсті елің деп,
Көрген қорлық баршасын Жазған хатқа салады.
Жасырынып Аққұртқа Терегіне барады, Бұтағына таңады.
Амал бар ма қыпшақтар
6990Қорыққаннан көніпті. Алшағырдың əскерлер Қыпшақты айдап келіпті. Отыз төре, бегіне Алшағыр ханның өзіне, Шабылған елді беріпті. Əскерлері сүлік-ті, Алшағыр хан білікті.
Аналық пен Тоқтарбай Жылағанын көргенде
7000Алшағыр залым күліпті.
Тəртібін патша тағы етті, Хансұлуға тағы да
Үкім салып көрсетті. Баршасына қыпшақтың Əмір салып, зар етті.
Кең дүниесін халықтың Алшағыр хан тар етті. Кетірді қыпшақ тынымын, Қыпшаққа салып бүлігін.
7010Тəртіп етті тағы да, Хансұлу нашар балаға. Отыз төре, қырық бегі Сөндірсін деп шылымын, Кетірді қыздан тынымды. Қыпшақ жаннан түңілді, Амалы бар ма халқының. Кəріп болып дүниесі Қыпшақтың елі бүлінді. Хансұлу нашар жас бала,
7020Ұйқы да жоқ, күлу жоқ,
Сөндіріп жүр шылымды. Кеш болғанда Хансұлу Сүрініп, шаршап құлады. Қарындасы Қобыланның Ардақтап баққан шырағы. Сөнбей қалса бір шылым Штраф деп сол қызға
Он шыбықтап ұрады. Заманның қиын қараны,
7030Көзінің жасы егіліп, Омырауға ағады.
Сөнбей қалса шылымы, Он шыбық айып салады. Жас шыбықпен ұрғанда, Бишара естен танады.
Қатты жүдеп қамығып, Мезгіл-мезгіл талады.
«Сұлу Құртқа жарар» деп, Сені сұлу бағам деп,
7040Сенің көңлің табам деп,
Менен болма алаң деп, Лайықсың маған деп, Алшағыр хан мен едім, Ару Құртқа сен едің, Сірə маған тең едің, Саған теңдік беремін. Қосылуды сізбенен Мен лайық көремін.
Шыдамайды жүрегім
7050Сұлу Құртқа сен десе.
Көңілімді ақта, Аққұртқа, Алшағыр маған тең десең.
Қатты қалар көңілім, Айтқан сөзге көнбесең. Қиын болар ханға да, Ықылас көңілің бермесең. Қуанышты замана Көңілімдегі мүддемді Сізге айтып қарадым.
7060Қабыл көрсең мұнымды,
Құртқа, сені аламын. Бұл сөзімді қош десең, Төрелер мен бегіме
Келсін деп хабар саламын. Қабыл көрсең мұнымды, Айтқанмын шыным сырымды. Білсең Құртқа мұңымды,
Ел шақыртып той етіп, Қызық етер күнімді.
7070Айтып болдым, Құртқажан, Ғашықтық көңіл сырымды.
Қосылғанша мен қашан Күйіп ішім қызынды.
Сəулетті, нұрлы сен едің, Халықтың ханы мен едім. Менімен Құртқа тең едің, Ғашық болған патшамын, Тез қосылсам деп едім.
Халықты жақсы бағуға,
7080Төресі əділ хан керек.
Елге қорған болуға Қайтпас батыр паң керек. Біздей сұлтан патшаға Сіздей ару жар керек.
Шыны жедел еткен соң, Кім-кімге де ар керек. Көңілдегі мүдде сөз,
Сырменен айттым барымды, Кімдер əуес көрмейді,
7090Сіздей сұлу ханымды.
Сені алғаным, Аққұртқа, Көрік пенен сəнім-ді.
Ықыласым құлады Төкпейсіз бе арымды? Ару Құртқа сұлу жар, Айтқан сөзді жадыңа ал. Ғашық болып мен сізге Басымнан кетті ықтияр. Мені ұятқа қалдырма,
7100Отыңа ғашық жандырма.
Қауышайық тезірек, Ақылымнан тандырма. Қатты ғашық зарпынан, Қайғы отына жандырма.
- Бөтен емес, Алшағыр, Айтқаныңның бəрі жөн. Қабыл етем сөзіңді, Заманы қатар, құрбы тең. Патшасын өзің алдың кең.
7110Көңілімдегі сөзімді Макұл көрсең айтам мен. Осы айтқан сөзімді, Қабыл етсең айтам мен. Бөтен емес Алшағыр Болар мақсат, тілегің, Патшам, сені сүйемін.
Егер Қобылан келмесе Халық бастаған басшымсың, Қатар көріп жүр едім.
7120Алты ай болды кеткелі,
Ұзақ болмас срогім. Алты ай күтіп тағы да, Он екі айдың жүзінде, Қобылан батыр келмесе, Патшам, саған тиемін.
Көңіліммен сүйемін, Тілеген сізден тілегім. Егер Қобылан келмесе, Өзімсініп жүр едім.
7130Білікті дана төресің, Айтқаныма көнесің, Шын жауапқа сенесің. Тілейтұғын шын тілек Төрт ай срок бересің. Төрт айдың соңынан Өзіндік көр, Алшағыр, Аққұртқаның денесін. Төрт ай срок салғанын Уəдемен айтпаймын,
7140Сізге өтірік жалғанын.
Төрт ай берсең ұлықсат Бітеді менің арманым. Ойымдағы сөзімді Құлағыңа салғаным.
Ері өлген əйелдің
Он екі айдың соңынан Байға тиер срогі.
Байы өлген соң əйелдің Қайғыда болар жүрегі.
7150Сол себепті сұраған Құртқаның сізден тілегі.
Алшағыр, сені сүйемін, Патшам, саған тиемін. Бұл тілекті бермесең, Жанамын да, күйемін.
Мəулетті күнім біткен соң, Не десең де Алшағыр, Айтқаныңмен жүремін.
Мен де қалмақ қызымын,
7160Тума бірге сүйегім.
Кем көрмеймін Қобыланнан Қабыл етсең сөзімді.
Лайық деп ойлаймын, Алшағыр менің теңімді. Тек төрт-ақ ай мəулетім, Төрт айым түгел біткен соң Бағыштаймын, Алшағыр, Тап өзіңе өзімді.
Алшағыр, білсең бұлымды,
7170Тек төрт ай срогың Көңілімде айтқан күнімді, Енді төрт ай өткенше, Сізге айтатын өтініш
Бөлек сал менің үйімді. Срокты күнім біткенше Ешбір еркек көрмеймін, Ешкімге жауап бермеймін. Сенен бөтен адамды
Қатар көріп сенбеймін.
7180Қосылғанша сізбенен Ешкімге көңілім бермеймін. Бөлек салсаң сарайым, Сүйгенім сізді тағайын.
Қыпшақтардың қызынан Қасыма жолдас алайын. Жауап бермей ешкімге, Өзімді-өзім бағайын.
Қыздар болсын жолдасым, Көңілі өсіп Аққұртқаң
7190Қыздарменен ойнасын.
Осы айтқаным бəрі рас, Уəдем екі болмасын.
Срокты күнім біткен соң Мені алатын тойыңды,
Қыпшақ пен қалмақ тойласын.
Алшағыр, білдім бұлыңды, Айттым сізге сырымды.
Тəрбиелеп бөлек бер, Менің жатар үйімді.
7200Уағдамды сізбенен Берік байлап, жалғадым. Көңілімдегі сөзімді Жадыңызға салғаным.
Айтқан сөзге тұрсаңыз, Тіпті жоқ менің арманым. Мені алуға ойладың, Лайық мені көрер деп,
Мен де ақылмен болжадым. Көкіректе арманды
7210Айтып сізге болғанмын.
Əрі жолдас, əрі дос,
Сіз панам едің қорғаным. Тілекті берсең егер де, Менің болып толғаным. Төрт ай күнім өткен соң, Срогыма жеткен соң, Айтқаныңа көнемін, Ықыласым беремін.
Арызымды қош көрсең, 7220Ақылға асқан беренім.
Срокты күнім біткен соң, Саған бағыш мен болып, Қызығым көрсең деп едім.
Айтқаныма тұрайын, Уəде еткен мен дағы, Айтқан сөзді əбден күт, Патша ерім сен дағы.
Болжаулы күн біткен соң, Əуселемді көр тағы.
7230Сөздің артын бағыңыз,
Айтқаныма наныңыз.
Сіз едің сүйген ханымыз. Айтқан срок біткен соң, Сонсын мені алыңыз.
Төрт ай болды срогың, Сұраған менің срогым. Төрт айдың күзінде,
Көңілімді қосып сені сүйемін, Сізге, патша, тиемін.
7240Бер жағында асығып, Шошытпа менің жүрегім.
Берген уəдем сенікі, Осылай болар келісі, Тиюіме шарт еттім, Жоқ уəденің кемісі. Төрт айдың жүзінде, Аққұртқа сұлу сенікі.
- Ей, Аққұртқа, Аққұртқа, Шын уəде ететін,
7250Байқадым, сұлу, түрің бар,
Ақыл мен сенде білім бар, Айдан сұлу нұрың бар.
Алтынменен қаптаған Жібектей шаш пен тұлым бар. Өтініш еткен ханыңа,
Төрт ай срок күнің бар. Қатты уəде байладым, Мен сəндікке салдырған Алтын орда үйім бар.
7260Құрмет, сəндік халқыма
Асыл тастан салдырған Алтын сырмен сырлатып,
Көздің жауын алдырған, Манар шамын жандырған, Исі қошты дəрі жақтырып, Исі мейір қандырған.
Аяйтұғын нəрсем жоқ,
Сіз бір майысып тұрған балдырған. Ғашық болған Құртқасың,
7270Ішімді оттай жандырған.
Қосылғанша, Құртқажан, Сіз ақылымнан тандырған. Аямаймын барымды, Үйіме қосып дүниеден
Барымды сізге бұлдаман. Нақыштаған үйім бар, Алтын сырмен сырлаған. Бір уағда еткен соң, Асығыс етіп қинаман.
7280Хан басыма сын болар,
Уағдамда тұрмаған.
Үш қатар салған асыл үй, Сізге Құртқа беремін.
Уағдаға сенемін, Айтқаныңа көнемін. Қасыңда жолдас қызбенен Ойнап күл де, жата бер.
Не десең де, керегің Əзірлеп бəрін беремін.
7290Ақыл, ойға сіз терең, Керегің даяр сұрасаң, Сұрағаның беремін. Қызмет етіп тұруға Құлдар менен күң берем. Əуелінде сұрадың, Қарақыпшақ елінен Нешеу керек, қыз берем.
Мұнара салған биік үй, Құртқа сұлу, сенікі.
7300Ақырында шын досым,
Уəдең сенің менікі. Бағудың болмас кемісі, Алтын үйдің ішінде Əзірлеулі алдыңнан Неше түрлі жемісі.
Құртқа сұлу, сенікі, Дүниемнің кеңісі. Құрбы құрбы бола ма,
Айтқан сырын сақтамай. 7310Адамда шаттық бола ма,
Жақсы бағып баптамай. Құртқа, сені сыйладым, Арызың жерге тастамай. Түрлі рахат түр бердім, Керегіңді шын бердім. Асыл тастан салдырған, Тəрбие сəнді үй бердім. Уəде етіп маған да, Ажар беріп, түр бердің.
7320Құртқа, маған риза бол,
Төрт ай мəулет күн бердім.
Сонда Құртқа сөйлейді:
- Құрмет еттің маған деп, Қатты ризамын саған деп. Енді жоқ менде алаң деп, Құрмет етсең, Алшағыр, Енді үйіңе барам деп.
Ойнап-күліп жатуға Ермек болар маған деп.
7330Қыпшақтардың қызынан
Таңдаулы қызды алам деп. Уəде еттім сізбенен Алшағыр досым жаран деп. Уəде сізбен өткен соң, Болды сөзім тамам деп.
- Барам десең, Аққұртқа, Билерге хабар салайын, Бектерді жиып алайын. Құрмет етіп мен сізге,
7340Көңіліңді табайын.
Тəрбиеңменен, сəнменен, Сізді жақсы бағайын.
Сəнді үйдің ішіне Жібектен кілем салдырып,
Баршадан көрпе жайдырып, Иіс майлап орданы, Мейіріңді қандырып, Алтын шашақ шамдалды.
Ішіне үйдің жандырып,
7350Əрбір тəтті дəм беріп, Сары балға қандырып, Рахат болсын көргенің. Сенің үшін тəрк етіп, Қазыналық мүліктен Керегіңді бергенім.
Сенің үшін, Аққұртқа, Айтқаныңды əзірлеп, Сый-құрметке көмгенім.
Уəде етіп қоштасып, 7360Қол алысып, достасып,
Сүйісіп беттен құшақтасып, Сөзге сөзі ұштасып.
Уəзір менен билерге Алшағыр хан барады. Уəде еткен бұл сөзін Баяндап, сөйлеп қарады. Жолдастары қоштанып, Бəрі қабыл алады.
Əдемі үйдің ішіне
7370Жібек кілем жайдырды,
Мақпалдан көрпе салдырды. Мəулімнен жастық салдырып, Неше түрлі асылды
Үйге жайып салдырды. Көрген жанды тəрбие Таң-тамаша қалдырды.
Бейне жұмақ секілді, Нақыштаған үйі бар. Үйдің ішін қарасаң,
7380Жарқыраған сары алтын,
Алтын заңдас түрі бар. Тəрбиемен жайнатқан, Неше түрлі гүлі бар.
Керектің бəрі жайнап тұр, Алшағыр бəрін сайлап тұр. Бақша ішінде бұлбұл құс Неше түрлі сайрап тұр.
Құрмет үшін келтірген Қалмақтың сұлу қыздары
7390Неше түрлі ойнап тұр.
Əнші, өлеңші, жыршысы Ішінде гүлдің толғап тұр. Сəнді, сұлу қыз келді, Ойынның сəнін келтірген Көрікті, сұлу ұл келді.
Есігін қорғап, бағуға Жиырма төрт құл келді. Құртқаға тəрбие етуге Тап он екі күң берді.
7400Керегінің баршасын Даярлап патша пұл берді. Айтқанынша Құртқаның Керегін даяр үлгерді.
Құртқаның жатар үйіне Көрік берді, түр берді, Құртқаға хабар жіберді:
- Уəдеге келсін деп, Тəрбиелі үйін көрсін деп, Қыпшақтардың қызынан
7410Өзіне керек сəндісі
Артында кейін қалмасын. Аққұртқам мұнымды аңдасын, Сұлу қыздар қалмасын.
Тоқтарбайдың жалғыз қыз –
Қансұлуды алмасын. Ертсін қыздың өңгесін, Құрметті, сұлу Құртқажан Тастамасын теңдесін.
Қыпшақтардың қыздары
7420Басы қылсын Құртқадай
Қадірлес қатар жеңгесін. Тоқтарбайдың Қансұлу Қасына еріп келмесін.
Құртқа досым жаран деп, Сəлем айттым саған деп, Не десең де сөзіңді, Аққұртқа, қабыл алам деп. Өтінбеңіз, Құртқа, сен Қайын сіңлің Қансұлу
7430Жолдастыққа алам деп.
Амалсыз Құртқа тұрады, Тұрады да жылады.
Қансұлудай шырақты Ерітпесін біледі.
Сырласы да, жолдасы, Ақылдасы, шырағы Көңілі суып тынады. Сыр білдірмей қалмаққа, Үй ішіне қоштасып,
7440Өп-өтірік күлімдеп, Ажарланып шығады. Қызмет қылған Қансұлу Қайғылы еді бұрын да. Сұрайын десе амал жоқ,
Сөндіріп жүр дамылсыз Күні-түні шылымды.
Ақылды Құртқа айлалы, Ажарланып, жайнады, Жүрегі қорқып таймады,
7450Саспай ақыл ойлады.
Қыздан алып жолдасты Барарын біліп, болжады. Асыл киім киінді, Дестелеп шашын түюлі, Кететінін білулі.
Төрт ай рұқсат алған соң Қуанышпенен күлулі.
Қыпшақтың қызы қасында, Алшағырдың үйіне
7460Сұлу Құртқа жүрулі.
Ырғала басып, теңселіп, Үйі ішіне кірулі.
Үй алдында көп қалмақ Қыз Құртқаны көруге, Таң қалысып тұрулы.
Алтынменен қаптаған, Жібектей шаш бұрымды. Үй ішіне көз салса, Тəрбиесі жайнап тұр.
7470Бір жағында бақшасы, Бұлбұл, тоты сайрап тұр. Қалмақтың сұлу қыздары Тап алдында ойнап тұр. Əншісі мен сəншісі, Жыршылары толғап тұр. Есік алдын құл бағып, Бөтен жанды кіргізбей, Қатты бағып қорғап тұр.
Жолдас қызы қасында,
7480Айдан ару Құртқаға Осындай құрмет қылады. Тəрбиенің ішінде Бағында Құртқа тұрады. Ойын, күлкі кемі жоқ, Қызметі Алшағыр Көңілінен шығады.
Алшағырдың баққаны Аққұртқаға жағады, Құртқаның ойын табады.
7490Күнде қызық, мереке Сұлудың көрген заманы. Төрт ай еді алғаны, Алыс емес жақында
Сол төрт айдың аяғы. Мерекенің ішінде,
Тек осы тапқан амалы. Ойында Құртқа қалады, Ақылға асқан кең еді, Төрт айдың ішінде,
7500Шын тілегім мақсатқа Бір жетермін деп еді.
Кеңінен ойлап Құртқаның Пұрсат алған себебі.
Ойын-күлкі ішінде, Құртқаның қалған жері еді.
Əлқисса, Алшағыр хан Қарақыпшақ елін шауып, Тоқтар- байды қой соңына, Аналықты тезекке, жүн түтуге, Қансұлуды отыз төре, қырық бегінің тартқан шылымын сөндіруге қояды. Құртқаны енді төрт айдан кейін алмақ болып, оны басқа бір жайда бөлек тəрбиелейді, қыпшаққа қатты қысым көрсетеді. Сұлу Құртқа өзімен бірге қыпшақтың тəуір қыздарын Қобланды келгенше қорғап бағайын деген мақсатпен қасына жолдас етіп
алады. Күн осылай өте береді. Санаулы күн бітпейді, күн сайын Алшағырдың қара қыпшақ еліне көрсеткен зəбірі ұлғая түседі. Ендігі сөзді Қобыланды батырдан есітіңіз.
Қобыланды батыр хан Барсаның елін өзіне қаратып, еліне қайтуға бет алады. Барсаның еліне бастық сайлап кетеді. Халыққа кетерінде жақсы, тату тұрыңдар деп үгіт айтады. Қобыланды ертең елге жүремін деген түні түс көреді:
Ұйықтап жатып түс көрді, Сол күні көрген түсінде Құлазып жатқан жер көрді. Ылайланған көл көрді,
7510Шаңы шыққан бел көрді.
Қайғылы болған шер көрді. Жаман түсті көрді енді, Иесіз қалған секілді
Қоныс еткен жерлері. Еңіреулі көрінді, Қарақыпшақ елдері. Құлазып жатыр елінің Биік, жалас белдері.
Сол түн көрген түсінде
7520Еңсесі биік боз орда Еңсеріліп құлап тұр. Халықты көріп жылаған, Жылқысын көрді түсінде Əркім мініп бұлаған.
Еңсесі биік боз орда Еңсеріліп құлап тұр. Халықты көрді жылаған, Жылқысын көрді түсінде Əркім мініп байлаған.
7530Еңсесі биік боз орда Еңкейе барып құлаған. Лайытып жатыр көлдері,
Шаңы ұшып жатыр жерлері. Құлазып жатыр Қобыланның Байтақ жер, жалас белдері.
Осы көрген түсінде, Қиындық болды көргені. Еңіреген зар көрді, Халқының күнін тар көрді.
7540Қарақыпшақ елінде, Жирен Қопа көлінде, Қалың жауған қар көрді. Шауып алған қыпшақты Сансыз əскер жау көрді. Сол күні көрген түсінде
Қыпшақтың соры қайнап жүр. Тоқтарбайдай əкесі,
Қу таяғы қолында,
Мың сарықты айдап жүр. 7550Қайғыға іші қайнап жүр,
Мұңын айтып толғап жүр. Былтыр кеткен Қобыланды Келер ме деп ойлап жүр.
Ажары кетіп жүдеген, Қасірет шалға орнап жүр. Ақ таяқты қолға алып, Мың сарығын бағып жүр. Жиынға басы қалып жүр, Қайғы отына жанып жүр.
7560Тор етінен айрылып, Тек сүйегі қалып жүр.
Қиындық шалдың басында, Өлмей тірі неғып жүр?
Алпысқа келген Аналық, Қорлығын айтып қаралық. Тоқтарбай тұрсын сонымен, Аналыққа баралық.
Алшағырдың көңілінде Аяйын деп ойламас,
7570Көкірегі қаралық.
Екі қабы иінде, Дамылсыз тезек тереді. Термесіне амал жоқ, Бақташы жүр соңында. Қартайған байғұс отырса, Аяқпенен тебеді, Осындай қорлық көреді. Атаңа нəлет Алшағыр Мейірімсіз неме еді.
7580Кешке келсе үйіне Арқан есіп, жүн тұт деп, Қолына жұмыс береді. Күндіз тезек тергізіп, Қатты қорлық беріп жүр.
Термеске тезек амал жоқ, Соқпалары қолында,
Екі шал азап беріп жүр. Арқан есіп, жүн түтіп, Өлуіне таянып,
7590Ажал жақын төніп жүр.
Түсінде көрді білімді, Таң мезгілі уақытта Қобыландыға білінді. Ардақтаған Қансұлу Қалың жаудың ішінде Сөндіріп жүр шылымды. Түстен қорқып түңілді, Қайтам деген Қобыланға Бұл ишарат білінді.
7600Аққұртқадай алғаны, Жайлап төсек салғаны, Бұл жырдың жоқ жалғаны.
Қобыланды қашан келер деп, Көңілде мүдде, арманы.
Сол түні көрген түсінде, Аққұртқа сұлу зарлады. Зарлағанда дауысы
Ұйықтап жатқан Қобыланның Құлағына барғаны.
7610Ұйқыдан шошып оянып:
- Қартқожақ! – деп ақырды,
- Нұрғожа! – деп шақырды. Шақырды қырық батырды. Сескеніп түстен сасулы, Қобыланның көңілі жасулы, Батырдың өңі қашулы.
- Нұрғожа мен Қартқожақ, Бүгінгі көрген түсімде, Түсінде Қобылан қысылды,
7620Қатты көрдім қысымды.
Алтын Қобылан мен едім, Шығармаса игі еді, Елімді шауып мысымды.
Көргенім шайтан болмаса, Қобыланды жаудан өлді деп, Берді-ау елге қысымды.
Құртқа тіккен боз ордам, Құлауыңқы көрінді.
Қансұлудай қарағым
7630Жылауыңқы көрінді. Жылқыдағы жүйрігім, Бұлауыңқы көрінді.
Жирен Қопа көлдерін Балшығы шығып, сор басып, Лайыңқы көрінді.
Бұл не болар, қырық жігіт,
Құлауыңқы қаламыз, Еңіреулі ата-анамыз. Қыпшақ деген елімде,
7640Жылайды шулап баламыз.
Ойға салып қараңыз, Осы көрген қиын түс Қалайша деп табамыз. Халқыма зəбір беріп жүр, Түсім шайтан болмаса,
Қыпшақ қорлық көріп жүр. Көп сарықтың соңында, Əкем сорлы еріп жүр.
Алпыстан асқан Аналық,
7650Екі қабы иығында, Сорлы тезек теріп жүр.
Бейшара болған кемпір-шал Балам қашан келер деп, Ыстық жасын төгіп жүр.
Бұл не болар, қырық жігіт, Қансұлудай қарағым
Жау қоршалап қамап жүр, Зар еңіретіп сабап жүр.
Қаншадай менің халқымды
7660Кілең иттер талап жүр.
Жамандықтан қорыңдар, Жақсылыққа жорыңдар. Жамандық болса егер де, Маңдайда қалың сорым бар. Бұл не болар, қырық жігіт, Мен түс көрдім қиядан.
Аққұртқа менің алғаным Ақ мұнара басында,
Ер Қобылан деп жылаған. 7670Мен түстің түрін байқасам,
Қалмаққа елім шабылып,
Ақылы көп Аққұртқа Қалмақтан пұрсат сұраған. Елімді шауып ұрғанды, Қас масқара қылғанды.
Мəулет алып Аққұртқа Басын бағып тұрған-ды.
Қартқожа батыр айтады:
- Нұрғожа қосшым – сен, – дейді, 7680Қартқожақ басшың – мен, – дейді.
Қобыланның көрген бұл түсін, Нұрқожам, жорып бер, – дейді. Жақсылыққа жорыңыз, Жамандықтан қорыңыз.
Түс түлкінің боғы еді, Жақсылық айту жол, – дейді. Елін Барса шапқан соң, Сапарымыз оң, – дейді.
Нұрқожа сонда жырлайды, 7690Қарт екеңнің айтқанын
Көңілін салып тыңдайды. Тілегі бір бəрінің,
Тату досы ыңғайлы.
- Түсіңді айттың сен, – дейді, Жоримын түсті мен дейді.
Түске жасыр болар ма, Сіз секілді ер дейді.
Жақсылыққа жоримын, Қобыланды, тыңдап көр дейді.
7700Бүгін көрген түсіңде, Еңсесі биік боз ордаң Құлауыңқы көрінсе, Сен кеткелі көп болды, Бұрынғыдай келетін
Қатар, құрбы адам жоқ. Қарақыпшақ елінде Бұрынғы дəуір заман жоқ. Еңсеріліп тұрғанда, Құрметтейтін ешкім жоқ,
7710Үйге келген мейманды.
Батыр Қобылан ерімсің, Бұл түсің соған көрінсін. Қайғылы болса елдерің, Қарақыпшақ халқымның Қысым болса көргенің Таршылықпен зарығып, Сағынған шығар елдерің. Қобыланды атты ерімсің, Бұл түсің соған көрінсін.
7720Еңсесі биік боз ордаң Құлауыңқы көрінсе, Жылқыдағы жүйрігің Бұлауыңқы көрінсе, Кеткеніңе көп болды, Көптен сізден шет болды. Кемпір, шалдың көңілі Сағынғаннан өрт болды, Сағыныш қайғы дерт болды. Қорғайтұғын сен кетіп,
7730Қайғыңмен халқың мерт болды.
Қобыланды атты ерімсің, Бұл түсің соған көрінсін. Жылқы жатқан Жирен көл Лайыңқы көрінсе, Жылқыдағы жүйрігің Бұлауыңқы көрінсе,
Жасы жеткен кемпір, шал Жылауыңқы көрінсе.
Жылқышы жылқы баққан-ды,
7740Күннің ыстық күнінде,
Көлге айдап жапқан-ды. Шөлдеп жылқы су ішіп, Қайсысы аунап жылқының Көлге түсіп жатқан-ды.
Қобыланды атты ерімсің, Бұл түсім соған көрінсін.
Атаңа нəлет Алшағыр, Тура жорып берейін, Халыққа бүлік салған-ды,
7750Біз кеткелі көп болды, Алты ай срок біткен соң, Алдап жүрген Алшағыр
Қыпшақты шауып алған-ды. Еркіндегі халықтың
Қайғыға басын салған-ды. Еңсесі биік боз орда Құлауыңқы көрінсе,
Боз орданы құлатып, Білгенін елге қылған-ды.
7760Қыпшақ деген халықты
Шауып алып ұрған-ды. Ойлаған кекті Алшағыр Қас масқара қылған-ды. Жаратпадым бұл түсті, Қобыланды, көрдің бұл істі. Біз кеткен соң Алшағыр, Салған екен бүлікті.
Жаратпадым түсіңді, Қайғылы халқың күйікті,
7770Құлазып жатса жеріңіз
Лайланса көліңіз, Шабылған қыпшақ еліңіз.
Шапқан соң иесіз қалған-ды,
Жылқы жайған беліңіз. Қайғыланба, Қобыланды, Қалмаққа кетер деймісің. Көрген зəбір, кегіңіз.
Сабыр ет, батыр, өзіңіз, Сексеннен асқан Тоқтарбай
7780Жасы жеткен бабаңыз,
Ақ таяғын қолға алса, Қой соңында сорлы шал Жалғызым деп зарланса, Елін қалмақ шапқаны.
Қу таяқты қолға алып, Əкең сарық баққаны. Өзіміз аман қайтқан соң, Уайым етіп саспалы.
Бұл арадан аман-сау
7790Жатырмыз елге қайтқалы.
Өз еркінде болған соң, Қаны қара Алшағыр Мақсатына жеткені.
Кемпір менен шалыңа Қатты қысым еткені, Қорлығы жаудың өткені. Қатты қысым тəртіппен, Тезек теріп, жүн түтіп, Бейнет шығар шеккені.
7800Бұл қорлыққа шыдамай
Көзінің жасын төккені.
Бір жыл болды, Қобыланды, Біз халықтан кеткелі.
Шулап қыпшақ жыласа, Қайрылмай кеткен халқыңа, Қыпшағың сізге өкпелі.
Қол жеткенге əл жеткен, Халқыңа жаудың өктемі.
Қобыланды атты ерімсің, 7810Бұл түсің соған көрінсін.
Қансұлудай баланы Жетпіс қалмақ қамаса, Он шыбық ұрып сабаса, Қалмақ биік, көп халық, Қыпшақ жаудан аласа. Өзің сына, шырағым,
Қобыланды батыр мұнымды. Қансұлудай баланың Өсірдің сипап тұлымын.
7820Көрген түсің шын болса,
Қарақыпшақ бүлінді. Қобыланды жаудан өлді деп, Ата менен анаңыз
Құртқа менен Қансұлу Отыз төре, қырық бегі Сөндірген болар шылымын. Сөнбей қалса бір шылым, Шыбық соғып айыпқа, Алған шығар тынымын.
7830Осы түстен сынаймын,
Жаудың салған бүлігін. Отыз төре, қырық бегі Қансұлуды қамаған.
Алтын тарақ қолында, Жібектей шашын тараған. Салтанатты Қансұлу, Алған болар бұл қалмақ Зəбірін көрген баладан.
Түсіңнің түрі тым жаман,
7840Дəлеліменен нашарға Айыптап шыбық сабаған. Қобыланды атты ерімсің,
7850
Түс жорыған жерімсің. Ауызға толы сөзімсің, Кегің кетер деймісің, Кек алатын өзіңсің.
Қисық жауды түзетер, Жауға құрған тезімсің. Қобыланды атты ерімсің, Бұл түсің соған көрінсін.
Қыз жолдасы қасында, Қобыланды арнап түс көрсең Аққұртқадай асылға.
Алғаным деп жыласа, Алтын сырлы орданы, Ақ мұнара басынан, Ойлап амал тапқан-ды. Ұлықсат алып патшадан, Өзін таза баққан-ды.
7860Қыпшақтың қызы жолдасы Досым аман келер деп, Сауықпенен жатқан-ды.
Келеріңді білген-ді, Ишарат көріп түйген-ді. Кеткеніңе көп болды, Сағынып Құртқа жүрген-ді. Ару Құртқа айлалы,
Амал, тəсіл сайлады. Көрген түстен меңзеймін,
7870Төрт айға деп қалмақтан
Алдап рұқсат алған-ды. Жорудың жоқ жалғаны, Ақылы артық Аққұртқаң Алшағырды арбады, Амалға ақыл жалғады.
Сен келгенше Құртқаның
Көңілінде көп арманы. Ақылды Құртқа ойлады, Көрген түстен сынасам,
7880Өзі түгіл Құртқажан Қыпшақтың қызын қорғады. Өзің аман қайтқан соң, Қосылар күнің болғаны.
Халқыңның болмас арманы, Жорудың жоқ жалғаны.
Қысым беріп халқыңа, Ханның тəртіп салғаны. Қобыланды, өзің ойлап көр, Жорудың бар ма жалғаны.
7890Жорып бердім түсіңді,
Енді жолдан қалмалы.
Сонда Қобылан сөйлейді:
- Жоруыңның бəрі жөн, Мінейін атқа енді мен. Қасымдағы қырық жолдас, Шыны достым, құрбы тең. Бір тəуекел етейін,
Артым тар да, алдым кең. Аттарыңды күйлеп бақ,
7900Жаратып аттың күйін тап,
Осы көлде бес күн жат. Күйлендіріп тұлпарың, Жолдастар болсын көңілі шат. Тайбурыл күйінде
Арықтады-ай торы ат. Қолтығында қос қанат, Орта жолда болдырып, Торыға келер жаман ат. Тəуекел етіп жүрейін,
7910Екі атпен өзім саламат.
Ал, жолдастар, жүрейін, Бек сауытым киейін.
Тас кесетін алмасты Балдағынан ілейін. Аман жүріп, сау барсам,
Жаушылық қылса хан досым, Осы бойда-ақ тілейін.
Бек сауыт киіп белсенген, Жау көргенде еңсеген.
7920Ақылың болса айтыңдар,
Қобыланың сасып теңселген.
Сүйдеді де Қобыланды:
- Достарым, аман бол, – деді, Болсын сапар оң дейді.
Қайырлы болсын жол деді. Болмасын жауға қор деді. Дұшпандық қылса Алшағыр, Өзіне құрған тор деді.
Тайбурылға бөктеріп,
7930Азығын артып алады.
Қырық жігіт те сол жерде Қош айтысып қалады.
Ат сыншысы ер Қармыс Қырық аттың жақсылап, Кешікпей күйін табады, Күндіз-түні шабады.
Тайбурыл атты жетектеп, Батыр туған ер Қобылан Тобығы меңді торымен
7940Жалғыз кетіп барады. Ұйықтайтұғын ер емес, Ұйықтауы ердің жөн емес. Қос тұлпардың екпіні Ұшқан құстан кем емес.
Қос тұлпармен сырлатып, Қобыланды шауып жөнелді, Шабысты тұлпар перенді, Жалықпайтын ер енді.
Ұйқы келіп қалғыса, 7950Айғайлап айтты өлеңді,
Батыр еді өнерлі. Тұлпарменен күні-түн Шаршамастан жорытты, Күні бес күн болыпты. Намаздыгер шамаға Күн шамасы толыпты. Шабуымен тыным жоқ, Арқытаған торы аттың
Болдырар күні болыпты. 7960Борбайында қоңы жоқ,
Мойынында жалы жоқ. Енді шабар əлі жоқ, Жүруге аттың халі жоқ. Қалта қарап тұрады, Ашуланып Қобыланды Қамшыменен ұрады.
Бауырдан аққан қара қан Төрт тұяғын жуады.
Ұрғаны қатты Қобыланның
7970Жануар торы ат құлады.
Тұлпар деп сені нетейін, Торы ат басың кесейін. Енді қалған жеріме, Қарақыпшақ еліме Тайбурылмен жетейін.
Осы жерде Аққұртқаның: «Торының бір жасы кем, сол бір жерлерге келгенде сені ашуландырар, бірақ осымен басын кесіп тастап жүрме» деген сөзі есіне түсіп, ұсынған қылышын қынабына қайта салады.
Ағытып айыл қарады, Бауырының терісі Айылмен кетіп барады. Ағытқанда тарпасын
7980Төс терісі торының Айылмен кетіп барады. Құйысқанын ағытты, Сауырының терісі Құйысқанмен барады. Өмілдірік ағытса, Омыраудың терісі Өмілдірікпен барады. Сағалдырық алады, Сағағының терісі
7990Бірге кетіп барады.
Сыпырып жүген алады, Тұла бойы қызыл қан Жануардан ағады.
Қызыл жолақ ат болды, Шыбын қуып барады, Қалың сона талады.
Бір балшық көл табады, Аунап жатып қалады.
Сонадан қалың жануар, 8000Торы ат тыным табады.
Үсті-басы көк балшық, Кеш салқыны түскен соң, Оттауға кетіп барады.
Қабағы қатқан Қобыланды ер, Үш күн ұйықтап қалыпты.
Күні-түні алты күн, Ат тыңайып қалыпты. Мойынына жал бітіп, Борбайына қоң бітіп,
8010Оңалғаны анық-ты.
Жауыр жерге ақ жарғақ Тері бітіп қалыпты.
Тайбурылдың қасына Тобығы меңді торыша Оқыранып барыпты. Күйіне түскен қос тұлпар Қобыланды ерді айналып, Екі ат ойын салыпты.
Құлындай ойнап жануар
8020Екі тұлпар қағысты. Дүбірінің күшімен
Ұйықтап жатқан Қобыланды Көтеріп басын алыпты.
Ұйқысынан оянып, Қос тұлпарға барады, Үстіне тоқым салады. Ерді ерттеп, тұлпардың Үстіне мініп алады.
Торышаның үстіне
8030Қоржын жүгін таңады.
Торы тұлпар жетекте, Тайбурыл мен Қобыланды Енді жүріп барады.
Күйіне үскен жануар Құлаштап бауырын жазады. Тимеді жерге аяғы, Қазандай жатқан қара тас Екпінімен тұяқтың
Басып кетсе жарады.
8040Шапқан сайын ашылды,
Үстінен аққан қара тер Тау суындай шашылды. Екі көзі жарқылдап, Ауыздығын басулы.
Ырғып, жұлқып жөнелді, Тайбурыл мен торша ат Шын шабуға ашынды.
Қобыландының қонысы Тайбурыл мен торыға
8050Алыс та болса жақын-ды.
Созылғанда жануар Құйындай шаңы шашылды. Қос тұлпармен жолданған, Өткір найза қолға алған, Торы тұлпар тыңайып,
Ер сапарын оңғарған. Елін аман бір көрсе, Тарқар еді арманнан. Қалың қыпшақ тұтқында
8060Ағайынды зарлаған. Күндіз-түні шабуыл, Дамыл алмай жүреді. Тұман басқан бір күні Қараңғы түнек түн еді. Ел шамасы жетерге Жақындаған күн еді.
Бір жерлерге келгенде, Екі тұлпар тұрады.
Ашуланып Қобыланды
8070Қамшыменен ұрады. Дыбыстанып адамдай, Екі ат бірдей жылады. Шу деп еді жүрмеді, Не болғанын білмеді. Түсе қалып атынан, Қос тұлпарды сүйреді. Тұяғын жерге ұрады, Өз-өзінен жығылды,
Екеуі де құлады.
8080Адамдай-ақ дыбыстап,
Екеуі бірдей жылады. Сипалап жерді қарады, Қолмен білді Қобыланды Құлап жатқан қаланы.
Тағы қайта сипаса, Алтын қазық табады. Алтын қазық табылды, Жібектен арқан тағулы. Мынау нешік болды деп,
8090Қобыланды таң қалады.
Таң ата тұман ашылып, Жан-жаққа көзін салулы. Жирен қопа көлдерін, Елсіз қалған жерлерін, Қобыланды байқап танулы. Өзіне қоныс келгенде,
Екі тұлпар таныған, Аққұртқадай сұлудың Елік сүтін берген жер.
8100Сусынына бал беріп, Əрбір түрлі дəм беріп, Баласындай көрген жер.
Ардақтап тұлпар баққан жер, Үстіне жұмсақ тисін деп, Мақпалдан жабу жапқан жер. Мойнына қатты тиер деп, Жібектен арқан таққан жер. Қобылан мен атты тең көрген, Рахатты кең көрген,
8110Баққан тұлпар жер екен,
Жирен қопа көлі екен. Бұзылған тоғай, иесіз көл, Шабылған қыпшақ елі екен.
Иесіз қалған көл көрді, Құлазып қалған жер көрді. Қыр басында қара жоқ,
Қу дала, иесіз бел көрді. Шабылғанын елдің білген соң, Хансұлу, Құртқа арудың
8120Терегін іздеп тез келді.
Бұтаққа таңған қағазды Қобыланды батыр көрді енді. Қағазды жұлып алыпты, Хатқа көзін салыпты.
Көрген тарлық баршасын Сұлу Құртқа жазыпты.
Хатындағы сөзіне Қобыланды оқып қаныпты.
Хатын оқып біледі,
8130Шыдамады жүрегі. Осы жауға шабуға Қызғындады сүйегі. Халқы көрген қорлыққа Ашуланып күйеді.
Құртқаның берген жай бұлтын Қоржынынан алады.
Жай бұлтын енді жаяды, Бұлт қаптап барады.
Бірге туған Қансұлу, 8140Қорлықта жүрген қарағы
Бұлтқа көзін салады. Бұлты деп көкемнің, Езу тартып Қансұлу, Қуаныш етіп қалады. Не себепті күлдің деп, Отыз төре, қырық бегі Ортасына қамады,
Қыздан жауап алады.
«Не нəрсені білдің» деп, 8150«Қансұлу, неге күлдің» деп,
«Нені байқап түйдің» деп, Қарсылық деп күлгенің Шыбық ұрып сабады.
Жылаған қыздың дауысы Аналық пен Сарбаптың Құлағына барады.
Кемпірлер де жылайды, Көзінің жасын бұлайды. Жылаған соң Қансұлу,
8160Анасы қайтып шыдайды.
Екі кемпір жыласа, Қыпшақтар жылап шулапты.
Тап сол күні батты күн, Алшағырдың Ақсары Ұйықтап жатып түс көрді, Түсінде көрді төрт бөрі: Қабағы қалың қас бөрі, Шолақ құйрық ақ бөрі, Азуы шыққан жас бөрі,
8170Салаң құйрық көк бөрі.
Ел шетіне келді ғой, Есебі жоқ көп қойға Келе қырғын берді ғой. Ойда жатқан отыз қой, Ойды шауып жойды ғой.
Қырда тұрған қырық қой, Қына қырғын берді ғой. Қой ішінде бес қошқар, Бес қошқардың ішінде
8180Шығыршық мүйіз көк қошқар, Таңнан тартып жойды ғой,
Шикі майға тойды ғой. Алты бірдей ақ қозы, Алтауы да жас қозы, Жас сырбазды жеді ғой, Тісіне жұмсақ тиді ғой. Қой ішінде көп саулық, Көп саулықтың ішінде Ең көсемі көк саулық
8190Қарынынан жарды ғой.
- Ақсары атты бəйбішең Осы түсті көрген соң Ақылынан танды ғой. Патшам, есім ауды ғой, Осы түстің бəрі рас, Төбеден жасыл жауды ғой. Сонда Алшағыр сөйлейді:
- Қобыланды келер деймісің, Уайым айтқан нең, – дейді.
8200Атаң əйел, нашарсың, Ақылың сенің кем, – дейді. Өлгеніне Қобыланның Осы биыл жыл толды,
Өлгені Қобылан шын болды. Хан Барсаның елінде
Сүйегі Қобылан күл болды. Лайықты Аққұртқа
Алатын күнім таянды. Күндестікпен айтқасын
8210Ниетің сенің арам-ды.
Ақсары сонда сөйлейді:
- Ей, бейшара Алшағыр, Сөзіме құлақ сал, Шағыр. Айтқаныма нан, Шағыр. Көрген түстің бəрі рас,
Ертең тарлық бар, Шағыр. Қобыланды сізге келмесін, Шаһарыңды сырттан көрмесін. Ер Қобыланның білгенмін
8220Хан Барсадан өлмесін.
Бұзған шығар Барсаның Берік салған ордасын. Қуаныш шығар көңілі, Ер Барсаны жойған соң. Көргенім бекер болмаса, Жау кеңсеңе төніп тұр. Ақсары атты бəйбішең Түспен көріп, біліп тұр.
Жолда жатқан сансыз қой
8230Көп қалмағың болмасын.
Ойда тұрған отыз қой Отыз төрең болмасын. Қырда тұрған қырық қой Қырық бегің болмасын. Бəрін қырып, жоймасын, Бегілеріңді соймасын, Ерлердің көзін оймасын. Қобылан келмей тұрғанда, Неге өлмедім сор басым.
8240Қой ішінде бес қошқар
Бес тумаңыз болмасын. Шығыршық мүйіз көк қошқар Тап өзіңіз болмасын.
Қой ішінде көп саулық Қой бастаған көк саулық, Біз пақырың болмасын.
Алтауын қырып-жоймасын, Жас сырбазға тоймасын.
Түстің түрі тым жаман, 8250Бұл айтқаным болмасын.
Қорқынышпен айтамын, Бұл жоруым болмасын.
Ұйқы қанып, тынығып, Тыңайып əбден алады. Құртқа сұлу көрсін деп, Жай бұлтын тағы жаяды.
Қобыланды жайған жай бұлт Жайлап қаптап барады.
Құртқа бұлтын көрген соң,
8260Келген екен ерім деп, Ақыл ойлап қарады. Сұлу Құртқа ақылды, Ойлауы ақыл мақұл-ды. Күзетшінің тəуірін
Бері кел деп шақырды. Келгенін Қобылан білген соң Құртқажан қайта ашылды.
Қолына қалам алады, Алшағырға қағаз жазады.
8270«Алшағыр досым сен едің, Сұлу Құртқа мен едім, Қадірлес қатар тең едің.
Əр уақытта тілеген Тілек берсең, Алшағыр, Саяға шығып қыдырып, Көтеріп көңіл келемін. Тілекті қабыл көріңіз, Бір тілегім беріңіз.
Көптен бері сəнді үйден
8280Саяға шығып жүрмедім.
Тəрбиемен жатырмын, Қасымда жолдас қыздарым, Самалға шығып күлмедім. Не бар, не жоқ кеңдікте,
Еш нəрсені білмедім. Арызымды тыңдасаң, Кең дүниені көрейін. Ермек қылып жолдаспен Даладан тезек терейін.
8290Көп айналмай, кешікпей,
Тезірек қайтып келейін».
Хан айтты: «Ару Құртқа, сендім, – деді, Сөзіңе не десең де көндім, – деді.
Қасыңа күң мен құлдан жолдас ертіп, Ұлықсат саған, Құртқа, бердім», – деді. Алшағыр ғашық көңілі сеніп қалды, Ұлықсат Аққұртқаға беріп салды.
Құртқаны өзімсінген Алшағыр хан Көңілі жан Құртқаға еріп қалды.
8300Өзімсінген Құртқаға
Көңілі ханның шыдамай, Көңіліндегі мақсатын Аққұртқаның қылады-ай. Ойлаған Құртқа көңілінен Алшағыр хан шығады-ай. Қапияда ой тапқан Ақылды Құртқа шырақ-ай. Алшағыр хан батырға Арызын айтқан жер еді.
8310Құртқаның айтқан сөзіне
Көңілім сенді деп еді. Өзімсініп Құртқаны, Не десе де көнеді.
Жеті қыз қосшы береді, Алты күң мен алты құл Бақташыға ереді.
Қапқа салып тезекті, Ермек қылып тереді.
Ұлы сəске болмай-ақ,
8320Құртқа тозаң көреді.
Алыстан шыққан бұл тозаң, Қобыландының өзі еді.
Тозаңды болжап сынап тұр, Сұлу Құртқа жылап тұр, Көзінің жасын бұлап тұр.
Қобыланнан шыққан тозаңдар, Келгенінше қасына Амалсыздан шыдап тұр.
Алыстан шыққан тозаңың, 8330Тозаңға көзім саламын.
Ашылар деп ойлаймын Жабылыңқы қабағым. Түзелер деп ойлаймын Қайғылы болған заманым. Жай бұлтын көрген соң, Ойлап едім келер деп, Қобыланды досым, қарағым. Қарағым менің келгенше, Сағынғаннан жарадым.
8340Қобыланды, сені сағындым, Сағынғанмен не қылдым.
Сен кеткен соң еліңнен Қайғы отына жағылдым. Амалым бар ма қайтейін, Амалсыз жауға бағындым. Бұрынғы кеңдік күнімнен Бұл заманда тарылдым.
Қысымда тұрған күнімде,
Жан досым Қобылан, табылдың.
8350Сөзін айтып болғанша,
Қос тұлпармен желіпті,
Желігіп Қобылан келіпті, Дидарларын көріпті.
Қайғыда жүрген Аққұртқа Көзінің жасын еңіреп, Өксіп, жылап төгіпті:
- Сен кеткен соң, жан досым, Заманның көрдім қаранын.
Алшағырдай досыңның
8360Айтып едім арамын.
Тарылтқан жоқ па халқыңның Көрген теңдік заманын.
Тілін алмай сен кеттің, Ата менен ананың.
Қабартып кеттің көңілін Бірге туған Еркежан, Шырағың нашар баланың. Дүниең терең тар болды, Сексеннен асқан қарт атаң
8370Қойды бағып құл болды.
Алпысқа келген анаңыз Тезек теріп, жүн түтіп, Арқан есіп, күң болды. Қыпшақ деген халқыңа Қиыншылық түр болды. Қайғысыз елде адам жоқ, Еліңе қатты кір болды.
Ағайының көп қыпшақ Кең заманға мұң болды.
8380Қасымдағы қыз баллар,
Қыпшақтың қызы жолдасы, Ақылдың сырлас ойласы, Заманы қатар бойласы, Қобыланды көзі көрген соң Қыз пақырлар жылайды.
Қуанып тұр көңілі,
Ажарланған шырайлы. Азаматын халқының
«Бар ма?» деп Қобылан сұрайды.
8390Атаңа нəлет Алшағыр Қайтарған ердің назарын, Қайырған халықтың қажарын. Құртқа айтты Қобыланға Естіп көрген хабарын.
Кемітті деп халқыңның Бұрынғы қызық базарын. Құлдар менен күңдерді Бермен кел деп Қобыланды Шақырып қасқа алады,
8400Қасына жақын барады.
Бейшаралар зар жылап, Көзден жасы ағады.
Біреуің шашау шықпа деп, Қалың ағаш ішіне
Құл мен күңді қамады. Тайбурыл тұлпарға Қобыланды мініп алады. Қыздар менен Аққұртқа Сол арада қалады.
8410Күңдер менен құлдарды,
Торы атты Құртқа бағады. Оқыранып торша ат, Құртқаны танып жануар Екі бетін жалады.
Қойда жүрген атасын, Тезектегі анасын
Ер Қобылан іздеп барады. Тезек терген Аналық Қуанышты түс көрген,
8420Түсінде сұңқар құс көрген, Қуанышты іс көрген, Шаһарға жақын құс төнген. Қырқадан қырқа қараған, Қырық шалғысын тараған. Аналықтың түсінде
Сан жетпейтін көп əскер Қалмақтың шаһарын ораған. Білікті кемпір озаған, Кетпейтін түсі жобадан.
8430Тезек терген бейшара, Кетпейтін көзі даладан. Тозаң көрді, шаң көрді,
Қобыланым болар бұл шаң деп, Шаңға қарап жүгірді.
Сасқалақтап, қуанып, Етегіне сүрінді.
Маңдайдан аққан қара тер Қойынынан құйылды.
Қобыланды көрді анасын,
8440Анасы көрді баласын. Аттан түсіп жүргізіп, Құрмет етті анасын. Қуанғаннан шығарды Кемпір кепкен мамасын. Тұла бойы шымырлап, Емшегі иіп ағады.
- Жалғызым, келдің сен деді, Қайғы көрген Аналық,
Сенің анаң мен деді.
8450Сен кеткен соң шырағым,
Көрген күнім кем деді. Тұла бойым еріді,
Тас емшегім иіді,
Шырағым Қобылан, ем, деді.
- Аналықтай анам-ай, Өтінем, анам, саған-ай. Ауыр болар ақ сүтің,
Ем деме, анам, маған-ай. Көрген зəбір баршасын,
8460Шешесі айтып тұрады.
Жай, мəністі Қобыланды Анасынан сұрады.
Көрген қорлық баршасын Айтып баян қылады.
Халқының қиыр шетінен Қабақтың күнгей бетінен, Мың сарық сақтап шығады. Мың сарықты көреді, Көрген соң айтқан сөзі еді:
8470– Сексеннен асқан қарт атам, Ақсақал қайда? – деп еді.
- Атаң киген шарық деп, Қорлығы көрген анық деп, Беткейден шыққан осы қой, Атаң баққан сарық деп.
Сен кеткелі бейшара
Еш көрген жоқ жарық деп. Қойды баққан қарт атаң Тоқтарбай атты кəріп деп.
8480– Қорлықтың көрген талайын, Қарт атама барайын.
Дидарласып көрісіп, Əкемнің қолын алайын. Сəлем беріп бабамның Енді көңілін табайын. Ақылы қашқан ақымақты Сонан соң барып шабайын.
Деп қойға қарап жолданды, Ашу тұтып долданды.
8490Дидарын қарттың көруге
Батыр Қобылан ойланды. Тоқтарбай да баласын Анадайдан көрді енді.
Жалғызынан айрылған Қайғыменен шерленді. Тайбурылы астында, Жақындап Қобылан келді енді. Анадайдан аталап,
Қартқа сəлем берді енді.
8500Қу таяғы қолында,
Беті-аузын шаң басқан, Көзден аққан жасынан Қарттың бетін қан басқан. Өзі кəрі, қайғылы, Ақылынан алжасқан.
Сексеннен жасы асқанда, Қой бақтырып зарлатқан. Көрген қорлық есепсіз Кекті дұшпан қалмақтан.
8510Бурылдан түсе қалады,
Аталап қолын алады, Қобыландыға қарады. Танымады бейшара, Қобыланды қайтып танысын, Алшағыр берген қорлықтан Ақылынан ауады.
- Тоқтарбай əкем сен деді, Жалғызыңмын мен деді.
Танымаған нең дейді, 8520Тоқтарбай жылап еңіреді.
Кеткелі Қобылан көп болды,
Келуден Қобылан шет болды. Қобылан деп атын атасам, Ішім толы дерт болды, Көкірегім өрт болды.
Барса қалмақ жауынан, Шырағым Қобылан мерт болды, Қобылан деген бұл сөзің, Өкпемнен өткен оқ болды.
8530Қайдан болсын Қобыланды, Барса келмес жауында, Шырағым менің жоқ болды. Жеткен екен Аналық
Бүкең-бүкең жүгіріп, Буыны кетіп бұтаға Сүрінгенде жығылып. Қуанғаннан жөнінен Кемпірдің жаны қыдырып, Қобыландыны көрген соң,
8540Тұрмаған байғұс кідіріп.
Көтеріліп, тыңайып, Келген екен сыдырып.
- О, Тоқтарбай, Тоқтарбай, Қамауда қыпшақ халық тұр. Аққұртқадай шырақты Алшағыр хан бағып тұр.
Қансұлудай қалқамның Зауалға басы қалып тұр. Қобылан келді, Тоқтарбай,
8550Жаның шықпай неғып тұр?
- Қой, Аналық, Аналық, Құлыным Қобылан келген жоқ, Қобыланды көзім көрген жоқ. Қобылан келсе егер де
Қайта жасар Тоқтарбай Бұл қартыңа өлмек жоқ.
Танымаған бұл қарттың Анығын кемпір сынады. Сасып тұрған Қобыланнан
8560Белгіңді бер деп сұрады.
Ортасында жауырынның Алақандай меңі бар.
Арқасын Қобылан ашқан соң Қарт қуанып тынады.
Баласын енді таныды, Қуанғаннан бейшара Естен ауып құлады.
Суық бұлақ суымен Қобыланды мен Аналық
8570Шалдың үстін жуады.
Ет салқындап, ес кіріп, Жатқан жерден тұрады. Қобыландыны көрген соң Аналық пен Тоқтарбай Біткен жері мұрады.
Кемпір менен шалынан Ұлықсат деп сұрады.
Ұлықсат берді Қобыланға Атасы мен анасы.
8580Тайбурылдай тұлпарға
Мінгенге ұқсайды шамасы. Алыс емес қасында, Алшағырдың қаласы.
Қалаға жақын төнеді, Ер жақындап келеді. Қарындасы Қансұлу
Сөндіріп жүр шылымды. Сөнбей қалып бір шылым Отыз төре, қырық бегі
8590Шыбық соққан жер еді.
Шырылдап, жылап қыз бақыр Өксіп жасын төгеді.
Шырылдаған дауысы Жақындаған Қобыланның Құлағына келеді.
Бурылға қамшы басады, Даусын танып шырақтың, Отыз төре, қырық бектің Ордасына шабады.
8600Қылышты қанға малады,
Келе ойран салады. Əне-міне дегенше-ақ, Бəрінің басын қағады.
Əбігер болып қалмақтар Алшағырға барады.
Қобыланды келді дегенде, Қалмақтың ханы Алшағыр Өзін-өзі жарады.
Көше аралап барады, 8610Кездескенін қалмақтың
Қылышпенен шабады. Алшағырмен бір туған Бес інісін табады.
Қарсыласар адам жоқ, Бұлардың басын қағады. Ақсарыдай сұлуды Қанжарменен жарады.
Бұлар тапты қазаны, Алты бірдей ақ қозы,
8620Алтауы да жас қозы, Алты ұлы еді патшаның, Оған да берді қазаны.
Қалмақтардың талайы Жеткен күні ажалы.
Əйелдер менен жас бала Тек солар аман қалады.
Қапаста жүрген қыпшақтар Кеңдік көрген жер еді.
Қорлықтағы халқының
8630Теңдік көрген жері еді.
Қыпшақтың көрген тарлығы Қараңғы түнек түн еді.
Қалмақтардың қыпшаққа Берген қорлық шын еді. Күңдік пенен құлдықта Күн өткізіп жүр еді.
Мойнынан бұғау түсірмей, Жоқ еді кескен срогі.
Қабыл болған бейшара, 8640Бұл қыпшақтың тілегі.
Қобыланды батыр келмесе, Жаудан қорғап алатын
Бұл қыпшақты кім еді? Қатты көрген қорлықтан Зар еңіреп жүр еді.
Қабыл болып көз жасы, Қараңғылық түн кетті, Қыпшақтан қайғы шын кетті. Жарқырап жарық таң атып,
8650Халқына тегіс нұр жетті.
Қобыланды есен келген соң Мұратқа елі шын жетті.
Халқыңа түгел мал бітіп, Ажарсыз бетке қан бітіп, Тəрбиеменен сəн бітіп, Естен ауған халқына Ақыл мен ой һəм бітіп, Ел қалыпқа келеді.
Қайғылы болған қыпшақтар, 8660Мақсатқа жеттік деп еді.
Халық үшін ар-арлап,
Барса келмес, Алшағыр, Жауын шапты деп еді. Мақсатқа елін жеткізіп, Ерегіскен дұшпанын Тамам қылған жері еді.
Əлқисса, Қобыланды батыр егескен жауын алады. Айнала торлаған көп қалмақты, жаулықпен қазақ елінің жерін басып алған жауларды өзінің жеріне көшірмек болады. Қобыланды осы ойға алғанын істейді. Сөйтіп, əрбір жерге өзінше ат қояды. Қобыландының ат қоюы:
Алған жауы көп еді, Алмаған дауы жоқ еді. Жолдастары қасында,
8670Талай жерді кезеді. Алалайды анда алып, Бұлалайды мұнда алып. Хан, бектерді өлтіріп, Бостырды жауды деп еді. Алшағыр ханды өлтіріп,
Қашырып жауды жойған деп, Талайын бітеу сойған деп, Көздерін жаудың ойған деп. Қыпшақ келіп қонған деп,
8680Ойып қоныс алған жер,
«Ойыл» аты болсын деп, Мұны қойған Қобыланды ер.
Тұлпарменен желген жер, Жерді кезген Қобыланды ер, Ұйқысы келіп түн қатып, Тұлпарға жем берген жер.
Ұйқысынан оянып, Маңын байқап көрген жер.
Теңізге құйған ұлы су, 8690«Жем» болсын деп су аты,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Орғып атқа мінген жер, Қару-қапшық ілген жер. Аң қаққандай Қобыланды,
Қалмақты іздеп жүрген жер. Аттың басын бұрған жер, Ат тізгінін жиған жер.
Қарашоқы басынан Қарауыл қарап тұрған жер.
8700Қара адырдан жау көріп,
Атқа қамшы ұрған жер.
«Қарауыл келді» болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер.
Көз алысқа жеткен жер, Қайтпайтын терең өктемдер. Алыс жерден сағыздай Созылып жауға жеткен жер. Жауды əлек еткен жер,
Мұны да Қобылан қойған жер.
8710Жау іңірде қашқан жер,
Ымырт татып асқан жер. Қырылғаны қырылып, Тірісі жаудың сасқан жер. Елең-алаң таңертең Ербең-елес еткен жер.
Қашып кеткен көп жауды Тура қуып жеткен жер.
«Ебейті» аты болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер.
8720Қасындағы қырық ноғай,
Шаттанып демін алған жер. Тыным алып Қобыланды, Аты көде шалған жер.
«Ноғайлы» аты болсын деп, Мұны да қойған Қобыланды ер.
Қалмақтардың тірісі, Жаны қорқып қашқан жер.
Тітіреп жаудың сасқан жер, Жауды қайғы басқан жер.
8730Құтылдым деп Қобыланнан Аяғында Ойылдың,
Тыным алып жатқанда, Қан жылатып шапқан жер. Тамағына тай сойып, Қобыланды ер асқан жер. Бір жолаушы тап болып, Сансыз жатқан көп жаудың Хабарын келіп айтқан жер. Ет пісуге шыдамай,
8740Бауыр менен бүйрек жеп,
Қолына найза алады, Беліне қылыш салады. Ат үстінде Қобыланды Айналып тұра қалады. Жолдастарым, барайын, Барып жауға шабайын. Шабыттанып тұрғанда,
Қылышпен басын қағайын. Бүгіннен қалмай келемін,
8750Алуым жауды тағайын.
Қобыланды бара шабады, Есепсіз жауды алады.
Бірқатары құтылып,
Жаулар босып барады. Аман келіп жолдасқа
Сөйлейді сонда Қобыланды ер, Жаудан қайтпас батыр, сер.
Қасындағы ерлерге, Жердің атын қоям дер.
8760Мұның аты «Тайсойған»,
Қазаннан жедім бүйректі. Қобылан атты жан досың, Қобыланды досың зерек-ті. Қашып кеткен қалмақты, Найзамен досың түйрепті. Талайларын қылышпен Қабырғасын күйретті.
Қалған етке тояды, Қобыланды жауды жояды.
8770«Тайсойған» мен «Бүйректі» Мұның аты болсын деп, Қобыланды батыр қояды.
Орта жолды аралап,
Бар ма деп жауды шамалап, Тірі кеткен жаулардың Басын бағып паналап, Өздері тыным алуға,
Атты азырақ бағуға, Батырлар қайтты ауылға,
8780Елге келді дамылға.
Тыныққанша тұлпарлар Елде тыным алуға.
Ойыл судың бойында Ауылына келеді.
Күні-түні он төрт күн, Тыным алды деп еді, Тоқтарбайдың Қобыланы
Атын баққан жер еді. Он төрт күні өткен соң,
8790Тағы да атқа мінеді, Сауыттарын киеді, Садақтарын іледі.
Ала көбен жаулар көп, Жауларды іздеп жүреді. Жау сағынып желікті,
Он төрт күн жатып зерікті. Түнде жүріп келеді,
Тамақ асқан сансыз қол Көп қалмақты көріпті.
8800Қасындағы жолдастар,
Түнде-ақ жауға баралық, Осы түнде шабалық.
Таң атуға қарамай, Бірқатарын алалық. Суға жүзген үйректей Қылаңдаған немені Кəзір басын қағалық. Жалсыз атқа жал бітіп, Қоңсыз атқа қоң бітіп,
8810Беттеріне қан бітіп, Жедел ойлап, ар күтіп, Жайған аты семірді, Аттары ойнап елірді. Батырлар да желденіп, Атқа мініп көрінді.
Қасымдағы қырық жігіт,
Көп болды шықтық ауылдан. Уақыт өтті бірталай,
Талай жаулар шабылған.
8820Əлі естіген хабар жоқ, Қарақыпшақ ауылдан. Біле алмадық еш хабар Кемпір менен шалымнан.
Қансұлудай тумамды, Көрдім қатты сағынған. Енді елге жөнейік, Амандықты білейік.
Ала көбең аласа ат, Кешікпей жауға жүрелік,
8830Үлкенге сəлем берейік.
Біз кеткелі көп болды, Сағынған елді көрелік. Көп жатамыз демелік, Менің айтқан бұл сөзім
Қырық жолдасым жол шығар. Жауға аттансақ, батырлар, Сапарымыз оң шығар.
Сайланып атқа мінген соң, Қалмақ деген қалың жау,
8840Алдымыздан қол шығар.
Лайықты əркімнің Басына қонған бағы бар. Бүліншілік заманда, Іздесе жау табылар.
Жата бермей, жолдастар, Енді жүрсек не қылар.
Күйімен аттың жүрелік,
Кел, жабдықтап атқа мінелік. Қамданып сауыт киелік,
8850Бес қаруды ілелік. Аттануға ат қойып, Кел, жігіттер, жүрелік.
Табылар бізге талай жау, Айналамыз солай жау.
Тор сауыт киген талай жау, Бізге алуға оңай жау.
Мінерге баптап тұлпарға Өкпе, бауыр, жал керек. Алысқа шабар əл керек,
8860Ықпалды ерге ар керек.
Қайтпайтын жаудан шын батыл, Жүрекке біткен зəр керек.
Батыр батыр болар ма, Тыныққан соң серікпей. Тұлпары тұлпар болар ма, Топ көргенде желікпей.
Елде жату не керек, Жау сағынып серікпей. Елдің жолы ашылмас,
8870Тұлпар мініп желіспей.
Талай жауға аттандық, Қайттық аман беріспей. Жердің жүзін кезелік, Алыстан іздеп өрістей. Қаруды сайлап жөнделдік, Алмасты қайрап өңделдік. Ер қаруы – бес қару, Баршасын баптап өңделік. Тағы жүру бастайық,
8880Тас кесетін алмасты, Суырып əбден таптайық, Жаңартып қылыш саптайық. Жау іздейтін əдетті, Батырлар, енді бастайық.
Сүйдеді де Қобыланды ер Шақыртып алды ерлерін. Жасы кіші іні мен
Құрбы, қатар теңдерін. Шақыртып алды тағы да
8890Елдің кедей-кемдерін.
Жақындатып алды тағы да Ақсақалды шалдарын, Жиды Қобылан бар жанын. Көңіліндегі мүдə сөз Айтайын деп арманын.
Жиылып халқы келген соң Бəрін көзі көрген соң, Қобыланнан естіп сөз көрсін. Көңіліндегі мүддесін
8900Айтпай неге өзгерсін.
- О, қыпшақтар, қыпшақтар, Ерлерің алар найзасын, Буады белге алмасын.
Көңілді жігіт бар болса, Бұл сапар бізден қалмасын. Қарақыпшақ халқымның Кетемін айтып пайдасын. Жүрем деген жігіттер Мінер атын сайласын.
8910Жасы жеткен кəріңіз, Осы тұрған бəріңіз, Тілектес болып қалыңыз. Елде кедей, пақырды Халың барың бағыңыз. Ел ішінде кем болса, Назарыңды салыңыз.
Қамданыңыз жігіттер, Мезгілсіз шықпас жаныңыз. Қарақыпшақ елінен
8920Сексен жігіт аттанды, Жүреміз деп шаттанды, Мінер аты бапталды.
Жолдас алып қыпшақтан Қобылан ерді басқарды. Жігіттікті Нұрғожа, Қартқожа батыр бастаулы. Ерлер атқа мініскен,
Қару, сайман іліскен. Қырық жігіттің үстіне
8930Сексен жолдас біріккен.
Тұңғыш жауға аттанған, Қуанып жастар күліскен. Күрлеп ерлер жүріскен. Ойылдан бермен жағалап, Жау іздеп Қобылан аралап, Қарауыл қарап паналап, Биік-биік жерлермен, Қарауыл қарап шамалап, Жүйрік атын зулатты,
8940Бір жерлерде күн батты,
Қараңғылық түн басты. Тұра қалып Қобыланды Дыбысты байқап тыңдапты. Бекініп жатқан жау екен, Сақылдасып күлісіп, Ойнасып қалмақ шулапты. Құлаққа дауыс келеді, Қасындағы жолдасқа Батырдың айтқан сөзі еді:
8950– Дауысты естіп желдендім, Түнде жауға кез келдім.
Осы түнде-ақ шабуға Шабайын деп тербендім. Сендерге ақыл салайын, Ертеңге несін қарайын. Жау сағынған Қобыланым, Осы түнде-ақ шабайын.
Сүйдеді де қамданды, Суырып алмас қолға алды,
8960Шабуға Қобылан оңдалды.
- Сендер мұнда қалыңдар, Өзіңді-өзің бағыңдар.
Осы түнде-ақ шабамын, Жалықпай шабар шағым бар.
Қалай тоқтап тұрамын, Батыр деген даңым бар. Атыңменен өзіңді Жолдастарым, бағыңдар. Түнде жауға кіреді,
8970Аңсыз тұрған қалмақты
Үріккен қойдай сүреді. Қараңғылық ішінде Найзаменен іледі.
Талайдың бітті срогі, Қобыланға қарсы келетін, Қалмақтан тайлас кім еді? Түн ішінде-ақ қырады, Жауды əлек қылады.
Ағытқан қойдай шулатып,
8980Бөріктіріп қуады.
Түнде-ақ əлек етеді, Қараңғыға талайы Амалдап қашып кетеді. Жасырынып тірісі Түнделетіп кешеді.
Қайратты туған Қобыланды ер Түнде шауып қалмаққа, Талайларын жойған жер.
«Қара қобда» болсын деп,
8990Мұны да Қобылан қойған жер.
Сан жетпейтін қалмақтың Тірісі қашып кеткен жер, Амалдап қашып көшкен жер. Сан жетпейтін қалмаққа, Сарғайып таң атқанда, Артынан қуып жеткен жер.
«Сары Қобда» болсын деп, Мұны да қойған Қобылан ер. Қойдай жауды қуған жер,
9000Бүлгін салып қырған жер.
Бөлек таудың басында, Қарауыл қарап тұрған жер. Кеудесі тақыр қыр екен,
«Тасқаралы» болсын деп, Мұны да қойған Қобылан ер.
Сапарым жүрген оңсын деп, Дұшпанның көңілі солсын деп. Қайырлы жүріс болсын деп, Ағып жатқан ұлы өзен,
9010«Ұлы Қобда» болсын деп,
Жүрегі қайтпас Қобылан ер Осылай деп атын қойған жер.
Сонан төмен асқан жер, Көп қалмақтың сасқан жер. Қашқан жауды есітіп, Айбатты туған ер Қобылан Атқа қамшы басқан жер.
Күздің қатқақ күнінде Берік тоң боп қатқан жер.
9020Арбалары дүңгірлеп, Шулап қалмақ асқан жер. Қуып жетіп артынан, Садақпенен атқан жер, Жаудың қирап жатқан жер.
«Дүңгірлекті» болсын деп, Мұны да қойған Қобылан ер. Жауды қағып барған жер, Талма-тал түс болғанда, Балалар ойын салған жер.
9030«Бала Қобда» болсын деп,
Мұны да Қобылан қойған жер.
Бейпіл жатқан көп жауға Тағы Қобылан барған жер,
Барып бүлгін салған жер, Ұрысқан жауын алған жер. Жердің жүзін қызыл қан, Кілкітіп қаптап алған жер.
«Қарағанды» болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер.
9040Беркіндегі көп жаудың
Қобыландыны естіп көшкен жер. Шыңғырлатып арбасын,
Сансыз қалмақ жеккен жер. Тоқтарбайдың Қобыланы Артынан қуып жеткен жер. Қайтпайтұғын өктемді ер, Қырып жауды өткерді ер.
«Шыңғырлау» аты болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер.
9050Ойнап жүріп балалар, Мың ешкіні жиған жер. Суға қарап қуған жер, Кесекпен қамап ұрған жер. Қара суға тоғытып,
Шығар жері тар болып, Айналасы жар болып, Көп ешкіні қырған жер.
«Ешкі қырған» болсын деп, Мұны да қойған Қобыланды ер.
9060Көп қалмақтың көшкен жер, Тұмандатып өткен жер, Жауды əлек еткен жер.
«Тұманшы» аты болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер.
Қару-қапшық заты сай, Күйлеген тұлпар аты сай,
Асығыссыз жүрдік-ай, Қалмақтың бұ да қонысы Жайғастырып жауларды,
9070Қобыланды батыр етті жай. Жайластырып жойған жер, Қалмақты қойдай сойған жер. Ойлағаны болған жер,
«Жақсыбай» аты болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер.
Еңкілдеп жаудың кеткен жер, Атының жалы желпілдеп, Қобыланды қуып жеткен жер. Жек, дуадақ қонысы
9080Шиен шыққан көктем жер.
«Жекенді» аты болсын деп, Қобылан қойып өткен жер.
Қаршығадай шүйлігіп, Қара обаға барған жер, Жауды көзі шалған жер. Барған жауын алған жер.
«Қаратөбе» болсын деп, Мұны да қойған Қобылан ер.
Қалмақтың босып көшкен жер, 9090Жау іздеген Қобыланды ер,
Артынан қуып жеткен жер. Тауысып, шауып өткерді ер. Жауды қырып қоштанып, Өлең айтып өткен жер.
«Өлеңді» аты болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер.
Атқа шідер салған жер, Қобыланды дамыл алған жер.
Қонып сол күн кеш болып, 9100Ұйқысы ердің қанған жер.
«Шідерті» аты болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер.
Таң сарғайып атқан жер, Қалмақтың тулап қашқан жер, Бұлдырап белден асқан жер. Артынан жетіп Қобыланды Бұлдыратып шанышқан жер.
«Бұлдырты» аты болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер.
9110Қараңғыда келген жер, Айдын көлді көрген жер, Атына жем берген жер.
«Қаракөл» аты болсын деп, Қобылан атақ берген жер.
Күннің ыссы күнінде, Көлдің суын ішкен жер. Жауды көріп қуанып, Соңына жаудың түскен жер.
Қалмақтар баудай түскен жер.
9120«Қарабау» аты болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер. Ат құйрығы бұлаңдап,
Алыс жерде жүрген жер, Қару-қапшық ілген жер. Ойда жатқан қалмаққа Ойсыратып тиген жер, Сансыз жаудың бүлген жер. Қасындағы жолдасы Қызығына күлген жер.
9130Бұлаулай салып, жау шауып,
«Бұлау» деп атын қойған жер. Мұны да қойған Қобылан ер.
Жер жүзін Қобылан кезген жер, Өзіне-өзі сенген жер.
Жауды көрсе шүйіліп, Бүркіт құсша төнген жер. Тобығы меңді торы атты Ит пен құстан қызғанып, Шоқы тауға көмген жер.
9140Тобығы меңді торының
Жамандатып өлген жер.
«Торы ат басы» болсын деп, Мұны да Қобылан қойған жер.
Ерлердің артық данасы, Артықша Қобылан ағасы, Халықтың қорған панасы.
«Ешкі қырған» сағасы,
«Ұлы Қобда» жағасы, Адамнан жоқ жаласы,
9150Тоқсанға жасы келгенде,
Судан болды жаласы, Қартайып жетті қазасы. Діңкиіп тұрған Қара оба Тоқтарбай қарттың баласы – Ер Қобыланның моласы.
Сол күнде ел бүлінген заман болды, Заманда əрбір түрлі адам болды.
Бүлінген халық ішінде қырғын соғыс, Қиындық елдің күні қараң болды.
Хан, төре ел бүлдіріп, туралық жоқ, Залымдар қара жүрек арам болды. Жауларға кілең жауыз қан жаудырған
9163Қобыланды осыменен тамам болды.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫНЫҢ ЖЕЛІСІ
Тыңда, халқым, бастайын Батыр батыр болғаннан, Ер жеделге толғаннан, Тұлпар таңдап мінгеннен, Берік сауыт кигеннен, Жасанған жауға тигеннен, Жауды көрсе желігіп, Шаттық дəурен сүргеннен.
Жауды көрсе тербенген, Тербенсе, қалмақ жерге енген, Үш күн жауды көрмесе, Көкірегі шерленген,
Біреуін бастап айтайын Бұрынғы өткен ерлерден.
Тартайын жырдың желісін, Келтірейін келісін.
Сөз білмейтін олақтай Қысқартпас бабаң өрісін. Балдан тəтті жырымның Халқым татсын жемісін.
Өткен заман шағында, Батырлардың бағында, Қайырымсыз хандардың Ел бастаған шағында Елге тыным болмаған, Хан мен бегі оңбаған, Оңбаған демей не дейін: Бүлініп жатқан халыққа Тура көзін салмаған.
Қайырымсыз хан залым, Мейірімсіз би залым, Халықты жеп, жалмаған.
Бұрынғының ерлері Береңгі сауыт кигені, Беліне садақ ілгені, Жасанған жауға тигені, Ерлікпен дəурен сүргені.
Тұлпардан таңдап ат мінген, Ат құйрығын шарт түйген, Жасанған жауға кеп тиген. Қолындағы көк жебе
Қара тастан өткізген, Жауыздықты жаулардың Кемесін құмға шөккізген. Алмасын тасқа қайраған, Жауды көрсе жайлаған, Маңдайы жаудан таймаған, Халықтың қамын ойлаған. Байтақ елін қорғаған, Басына ерлік орнаған, Қайраты асқан өңді адам.
Тебінгі терге шіріткен, Терлігін сүттей іріткен, Айғайласқан шағында Басын қосып біріккен, Беттеген жауы үріккен. Алты малта ас еткен, Қатын-бала жат еткен, Қуантып халқын шат еткен, Ұрысқан жауын мат еткен.
Тұлпар мініп, «шу» деген, Жүрегі қызып гулеген.
Астындағы тұлпардың Табаны жерге тимеген. Қарсы келген жау болса, Балшықтай басып илеген.
Жау дегенде айбатты, Айбаты асқан қайратты, Астына мінген тұлпардың Ауыздығын шайнатты, Мінген атын ойнатты, Халқына бақыт орнатты. Арыстан, шер батырлар Халықтың қамын ойлапты, Байтақ елін қорғапты.
Береңгі сауыт кигені Белгілі жауға тигені,
Ұшқырлы найза қолға алып, Беліне садақ ілгені, Жасанған жауға тигені.
Салтанатпен самғады, Халқының арын арлады. Арлау – ердің арманы, Күшін күшке жалғады, Ер қайраттан танбады.
«Ə» дегенде «мə» деген, Азын көпке теңеген, Қолындағы жебесін Өткізген сауыт көбеден. Қолына жасыл ту алған, Туды қанға суарған, Ерлігі елге сыналған, Бастары ердің құралған.
Тартайын жырдың желісін, Келтірейін келісін.
Сөз білмейтін жыршыдай Қысқартпайын өрісін.
Батыр батыр болғаннан Сапарын ерлер оңғарған, Жауды көрсе, долданған, Қияқты найза қолға алған.
Баба Түкті Шашты Əзиз, Едіге сұлтан, Нұрадын Халықтың еткен мұрадын. Қызыл қанға бояған
Көк алмастың қияғын. Ешкім осал деген жоқ Мұның тұқым-тұяғын. Едігедей ер еді,
Елге тиген себебі. Қалмақ деген халыққа Ішкізген қаннан керені. Астана елдің сүйеніші – Едіге батыр керегі.
Арыстан батыр Едіге, Батырлығы білінген Мұсылман, кəпір шегіне. Басып қонған ер еді Тоқтамыс ханның көліне. Қырғын берген ер еді Көп қалмақтың еліне.
Ел қондырған Едіге Қалмақтың нулы көліне. Құлағың салып, халық, тыңда, Менің тартқан желіме.
Жырым менің қара...............
Қартың жырды таппаса, Кəрі тарлан шаппаса, Обалы болсын өзіне.
Жырдың міні бар болса, Балаларым, айт көзіме. Сонан туған Нұрадын, Еткізген елдің мұрадын. Халқының жаққан со күнде Манар шам мен шырағын. Он екі баулы халықтың Жеткізген мақсат-мұрадын.
Қартының айтқан жырына Балаларым салсын құлағын.
Нұрадыннан хан Мұса, Ойлағаны ар Мұса.
Еріккен күнде ер Мұса, Ерінген күнде би Мұса. Отыз ұлды сол Мұса, Дəулет пен баққа зор Мұса, Берекеті мол Мұса.
Үлкен тоқал баласы Он екі екен шамасы, Əліби екен ағасы.
Бəрі батыр, бəрі би, Білік пен артық санасы. Ортаншы тоқал баласы Он бір туған шамасы. Біліктің асқан данасы Тобаяқ екен ағасы.
Кіші тоқал баласы Күніке менен би Сидақ, Ең үлкені кер Шойнақ, Мұның жайы солай-ақ. Бəрі қатар бір туған Əліби, Смайыл, Тобаяқ. Айтайын деп жырласам Сөз желісі оңай-ақ, Мұның жайы солай-ақ. Бəйбішеден Алшағыр Халық билеп, хан болған, Қараңғыға шам болған.
Батыр болған, паң болған, Ойлағаны ар болған.
Көңіліне жедел зар толған, Жауға алды тар болған.
Онан туған хан Мамай, Хан Мамай атты жазған-ай. Талай жерге барған-ай, Талайға ойран салған-ай, Қылышын қанға малған-ай. Шежіреден сұрасаң,
Мұнымның жоқ жалғаны-ай. Қанша патша болса да,
Бір перзенттің зарынан Көп болыпты арманы-ай.
Інісі туған қанды Орақ, Қарт бурадай қарлы Орақ, Айдаһардай зəрлі Орақ, Салтанатты, сəнді Орақ. Жауға бүлгін салды Орақ,
Қылышын қанға малды Орақ, Орақтайын орды Орақ, Ұрысқан жауын жойды Орақ, Терісін бітеу сойды Орақ.
Қалмақтың басы Хан Жөке Екі көзін ойды Орақ.
Орақтайын орған ер, Қарсыласқан жау болса Қарасын құртып, жойған ер.
Орақтан туған Қарасай, Ер Қазимен екеуі Айбатты Орақ баласы-ай. Алты мен жеті жасында Жауға шапқан таласа-ай. Артық болған тұқымның
Ерлік пен билік санасы-ай. Сансыз айта келсек те Осыған қояр санасы-ай.
Тыңдауыңа бұ қалай,
Əр сүреге түсейін.
Құлақ сал, халқым, жағалай Желіктіріп жырлайын, Жеріне қашқан маядай.
Мұным пəлен болмаса, Бұған көңілің толмаса, Жылжытайын шіркінді Тұяғы тайпаң жорғаша. Үлкендіктен танбасам, Аз ойымды шалмасам, Сары жорға базармын, Бұлбұл құстай сайрасам. Өкпелерсің, балаларым, Бір желіге бармасам.
Орақ, Мамай өткен соң, Дүниеден бұлар көшкен соң, Қарасай, Қази қос жетім
Бұл атадан жас қалды-ай, Əрі ақылдан бос қалды-ай. Баба Түкті тегінен
Осы жерде бақыт тоқталды. Дəулет бітіп, бай қылған, Халықты риза, жай қылған Шаруаның тұқымы –
Он екі баулы көп ноғай Шынтемірді хан қылған. Дəулет малды айдаған, Шағанға бие байлаған, Самардың бойын жайлаған Кең шаруа болған хан еді. Орақ, Мамай өткен соң, Хан дүниеден көшкен соң, Халық хансыз болмас деп, Хансыз халық оңбас деп, Өткен Орақ, Мамайдың Өксісек орны толмас деп,
Бұ тұқымның қашаннан Өткірлігі алмас деп, Жақсы тұқым нəсібі Кем орынға қалмас деп, Енді ноғай кеңесті, Кеңескенде не десті:
Хандықтың жайын сөйлесті, Ноғайлының кəрісі, Ақсақалдың бəрісі Шынтемір жай адам деп, Соны хан қоюға меңдесті.
Жастар үлкенге ақыл салмады, Жастың арын арлады:
«Қарасай мен ер Қази Аталы тұқым ер еді, Екі жағы тең еді, Шынтемірдің атасы Қимайысын байлаған Қойды баққан неме еді. Кем атаның баласы Байтақ елді баға алмас,
Елдің көңілін таба алмас. Атасында ерлік жоқ,
Ел шетіне жау келсе, Қарсы жауға бара алмас. Қарасай мен ер Қази Асыл несеп тұқымы Кем орынға қала алмас.
Ақсақал, тіліңді алмаймыз, Қаулыңа құлақ салмаймыз. Қарасайды хан қойып, Атасының алтын тақ
Өз жолына арнаймыз».
Ақсақалдар бас қосып, Жастарға ақыл салмады,
Қаулысын қабыл алмады. Иесіз тұрған алтын тақ Шынтемірге арнады.
Алпысқа келген шағында, Тұрғанда хан тағында
Бір перзент көреді. Бала атаның керегі, Сүйеніш перзент тірегі. Бір ер бала көреді,
Оның атын Əділ деп еді. Тоғыз жасқа келгенде Əділ патша хан болды,
Хандығы халыққа таң болды. Батыр болды, паң болды, Ойлағаны ар болды, Жүрегіне зар толды.
Сыпырадай қартына:
- Халықтың ханы мен, деді, Көпті көрген қартым сен, деді, Ерігіп тұрған ханыңа
Бір жау тауып бер, деді. Сүйдеп патша желікті,
«Балам толсын мерейің, Сөзіңді қабыл көрейін. Лайықты жауыңды Ханым, тауып берейін. Адам аттың ізін салмаған, Бұрын ерлер бармаған, Он екі айлық жері бар, Үш айшылық жолы бар, Торпақ көл деген көлі бар, Қиғаштың қара белі бар. Батырлардың бағы бар, Керекті жауың табылар, Əскер алып, жол шегіп,
Сол жауға барсаң неғылар?
Білгенін айтар кəріңіз, Қартыңның тілін алыңыз, Қиғаштың қара тауында Қызылбастың қанды жау, Салтанатты сəн мекен Ханым, соған барыңыз».
Ерлерді жиды саралай, Тоқсанға келген қарт кемпір Қараүлекке ақыл салады-ай. Барған жауы Қиғаш тау, Қызылбас деген қанды жау, Қызылбасқа барған ер, Барып уығын салған ер,
Он жеті қатар зынданға Қапияда түсіп қалған ер, Арманда болған жазған ер.
Тарттым сөздің желісін, Ерлердің айттым тегісін, Тыңдауыңа бұ қалай?
Мұным бəлен болмаса, Бұған көңілің толмаса, Нұрекең ақын сөз табар, Тереңнен қиял ойласа. Жəне кім бар десеңдер, Асылы күннен жараған, Төре тұқым тараған, Арғы атасын айтайын, Руы баян Шыңғысхан,
Шыңғысханнан Шынтас хан, Шынтас ханнан Бектас хан. Қаһарлы болған батыр хан Аяғы ақсақ Темір хан.
Бəйбішеден туыпты
Жалқы туған Төрехан. Тоқалдан туған Егізбай, Егізбай мен Сегізбай.
Бəйбішенің жаңғызға Көп беріпті жəбір-ай. Қасиетсіз дейді жұрт Екі жарым көрімді-ай. Екі қатын баласы
Екі орда ел деп еді, Ескілік үлгі сөздері. Бəйбішенің жалғызы Егізбай қорлық береді, Бұ да керек сөздері.
Егізбай мен Сегізбай Жаңғызға жəбір береді-ай, Тумадан қорлық көреді.
Бұ сөзім тұрсын мұнымен, Жыр жырлайын сынымен, Бұрынғы өткен ерлердің Көрсетейін төрінен.
Он екі баулы халықтың Көтерейін түбінен.
Астана байтақ елдерім, Елге қоныс жерлерім, Туырлықтай ту алып, Тұлпар мінген ерлерім. Жау дегенде кəрленіп, Қалмаққа шапқан ерлерім. Жау шайқаған серлерім.
Ұзын өзен суларым, Қалың ағаш нуларым,
Қайыршақ торбақ құмдарым. Бай дəулетін асырған Көлденең қара шыңдарым.
Балдырғанды, балқашты Шалғын шыққан шымдарым.
Есілдерім, елдерім, Ел бастаған ерлерім,
Көк алмасын қолға алып, Жау жаулаған ерлерім.
Хандарменен қарысқан, Дұшпанменен алысқан, Арыстандай ерлерім.
Дəулет, бағы бірдей тең, Бақытты тұрмыс елдерім. Ел дəулеті кен еді, Берекет елде көп еді, Азын көпке теңеді.
Қаһарлы туған ерлердің Халыққа тиген көмегі.
Бұлап-талап ел мүлкін Біреуді біреу жеп еді. Хандарменен қарысқан, Жауларменен алысқан, Батырларым данышпан. Қарсыласқан дұшпанды Жерге таптап жанышқан. Тітіреген жау дұшпан Айқайлаған дауыстан.
Қарасы менен ханы тең, Құлыны мен тайы тең, Батыры менен паңы тең, Қыры менен сайы тең, Мекен қоныс жері тең, Жерге лайық елі тең, Елге лайық ері тең.
Кебеже қарын, кең құрсақ, Ойдық желке, кекшіл бас Ерлердің мінген кері тең. Ақылы асқан пірі тең, Жүйрік шешен биі тең.
Би кеңескен үйі тең, Үйге ұстаған шиі тең. Қойды мыңнан өткерген
Нарынның қара құмдары-ай, Жылқыны санға жеткізген Еділдің иір сулары-ай.
Арқаның алпыс саласы Қалың ағаш нулары-ай. Бұлбұл құстай сайраған Ақындардың жырлары-ай. Түйені қомды көрсеткен Атыраудың ащы сулары-ай. Жылқыны санға жеткізген Арқаның тарау боздары-ай. Ер халықтың қорғаны-ай, Арыстан туған ерлерім
Көк найзасын толғады-ай.
Батырларым бас қосып, Жасанған жауға тиген ер, Береңгі сауыт киген ер, Беліне алмас ілген ер.
Жау дегенде шаттанып, Қуаныш етіп күлген ер. Қарына садақ ілдірген Əскерге сауыт кидірген, Көрсе жауды бүлдірген, Қыз-келіншек, байларды Қуанышпенен күлдірген. Дəулет пен бақты ел көрген, Ел тілегін ап берген,
Кемді басқа теңгерген, Алдына сауыт өңгерген.
ЫЛЫМИ
ОСЫМШАЛАР
ТОМҒА ЕНГЕН МƏТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕР
Алпамыс батыр
«Алпамыс батыр» жыры – түркі халықтары арасына кеңінен тараған ертеден келе жатқан эпостардың бірі. Дастанның ертеректегі нұсқаларының бірі түркі халықтарына ортақ əдеби мұра – «Қорқыт ата кітабында» жырланған Алып Бамсы – Бамсы Бəйрек туралы жыр болып табылады. Өзбек халқында
«Алпамыш», қырғыз елінде «Алп Манаш», башқұрттарда
«Алпамыша» атымен жырланатын дастанның қазақ жерінде А.Нысанов, С.Жаңбыршин, Н.Байғанин, Рахат жырау сынды ақын-жыраулар жырлаған нұсқалары кездеседі. Ə.Оспанов, Е.Ақынбеков сынды авторлар «Алпамыс батыр» жырының қарасөзбен айтылатын нұсқаларын сақтап жеткізген. Жырдың сонымен қатар 1922 жылы Ə.Диваев жариялаған ертегілік нұсқасы мен 1939 жылы С.Мұқанов құрастырған «Батырлар жыры» кітабында жарияланған нұсқасы сақталған.
Белгілі ақын əрі жыршы, жыраулық поэзияның соңғы өкілдерінің бірі Нұрпейіс Байғанин жырлаған «Алпамыс» эпо- сын 1946 жылы Ақтөбе облысында жүргізілген экспедиция ба- рысында Шамшатова Айнаш ел аузынан жазып алып, Орталық Ғылыми кітапхананың сирек қорына өткізген. Жинаушының Қызылорда педагогикалық институтында аға оқытушы қызметін атқарғаны, 1964 жылы Сыр өңіріне жүргізілген фольклорлық- этнографиялық экспедицияға белсене қатысып, көптеген жыр, дастан, айтыс үлгілерін жинақтағаны жөнінде мəліметтер бар.
1964 жылы жарық көрген «Қазақ əдебиетінің тари- хы» кітабының І томында, 1975 жылы жарияланған «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасының» І томында «Ал- памыс батыр» жырының Н.Байғанин жырлаған нұсқасы ту- ралы жазылған. Аталмыш нұсқа туралы мəліметтер əдебиет тарихына қатысты басқа да зерттеулерде, Нұрпейіс ақын жай- лы естеліктерде ішінара айтылып келді. Дегенмен «Алпамыс»
эпосының Н.Байғанин жырлаған нұсқасы ақын жинақтарының ешбіріне енгізілген жоқ. ОҒК Қолжазба қорында сақталып келген (Ш 705) жыр алғаш рет ғылыми айналымға М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты дайындаған «Баба- лар сөзі» жүз томдығының 33-томы арқылы енді. Қолжазба мəтінінен өзгеріссіз дайындалып, ғылыми қосымшаларымен берілген аталмыш академиялық басылым байғаниндік нұсқаның бүгінге дейінгі бірден-бір жарияланымы болып та- былады.
Толық нұсқасы қағазға түсірілмегеніне қарамастан, «Алпа- мыс батырды» Нұрпейіс ақынның шығармашылық шеберлігін даралай түсетін туынды деуге негіз бар. «Алпамыс батыр» жырының Нұрпейіс нұсқасы аяқталмағанымен көркемдік деңгейі жоғары, бейнелеу, сипаттауларға бай эпос үлгілерінің бірі. Жыршы əрбір сюжетке жаңа эпизодтар мен көріністер қосып, шығарма шырайын шыңдай түскен. Шығармада фоль- клорлық дəстүрге сай баласыздық мотиві, жат жерге көшу, бас кейіпкердің алып бейнесі т.б. мотивтер пайдаланылған. Жырдағы образдар кейіпкерлердің мінез-құлқы, көңіл-күйі аса шебер суреттелген» деп жазады зерттеуші Т.Əкімова1.
Нұрпейіс Байғанин шығармаларының 5 томдық жинағының 3 томына енгізіліп отырған «Алпамыс» дастанын дайындауда Əдебиет жəне өнер институты дайындаған академиялық басы- лым негізге алынды. Мəтін ішінара редакцияланып, ғылыми қосымшалары қайта жасалды.
Қобыланды батыр
Қазақ арасына кеңінен мəлім батырлық дастандардың бі- рі – «Қобыланды батыр» жыры. Қолжазба қорларында жырдың хатқа түсіріліп сақталған жиырма алты нұсқасы бар. Дастанның
1 Бабалар сөзі: Жүз томдық. Т. 33: Батырлар жыры. Құрастырғандар жəне ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Қосан С., Салтақова Ж., Əкімова Т. (жауапты шығарушы). –Астана: «Фолиант», 2006. –364 бет.
əсіресе Марабай жырау (Құлжабайұлы), Айса, Көшелек, Е.Еші- мов, А.Толымбаев, Н.Байғанин жырлаған нұсқалары мен Ə.Диваев, М.Тұяқбаевтар жазып алып, бастырған мəтіндері көбірек танымал. «Қобыланды батыр» жырларының ең көлемді нұсқасы – Нұрпейіс Байғанин жырлаған 9300 жолдан тұратын нұсқа.
Эпостың барлық нұсқаларының сюжеттік желісінің дамуы ұқсас болып келеді, жекелеген нұсқаларда едəуір өзгеріс- тер, жырлаушының өзі дамытқан жаңа желілер кездеседі. Н.Байғанин жырлаған нұсқада керісінше, өзге нұсқаларда кездесетін бірқатар оқиғалар қамтылмаған. «Қобыланды ба- тыр» жырының Н.Байғанин нұсқасына ғылыми түсінік жазған зерттеуші Т.Əкімова былай деп атап көрсетеді: «Нұрпейіс ақынның репертуарындағы «Қобыланды батыр» жырының өзге нұсқалардан біршама айырмашылықтары бар: бұл нұсқада Қобыландының Қазан хан мен Көбіктіге қарсы аттануы, Шо- шай ханмен соғысы жайлы эпизодтар, Қараман мен Қарлыға образдары жоқ»1.
Дегенмен бұл өзгерістерді Нұрпейіс ақынның шығарма-
шылық өңдеуінен туындаған дей қою қиын. Ақынның айтуын- ша, ол өзі естіп-үйренген нұсқаны өзгеріссіз жырлаған: «Мен он жеті жасымнан жырладым. Сол кезде тұқымды жырау Ма- хует деген жыраудан осы Қобыландыны үйрендім. Махуеттің əкесі Ділмағамбет, Ділмағамбеттің əкесі Бітеген, Бітегеннің əкесі Терлікбай, Терлікбайдың əкесі Бақы, Бақының əкесі Жаскелең, Жаскелеңнің əкесі Бекберген деген атақты жыр- шылар өтіпті. Атадан балаға Қобыландының осы мен айтатын желісі қалған екен. Мен мазмұнын бұзбай, ертегісін сол күйінде беріп отырмын. Ожырай деген елден ақсақ Қонақберген деген айтқыш ақын да Қобыландыны осылай жырлады. Ожырай руы- нан Кенжеқара жыршы да Қобыландыны осылай жырлады. Қобыландының осы желісі бұрынғы басылып жүрген варианты-
1 Бабалар сөзі: Жүз томдық. Т. 36: Батырлар жыры. Құрастырғандар жəне ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Қосан С., Салтақова Ж. (жауапты шығарушы), Əкімова Т. –Астана: «Фолиант», 2006. –480 бет.
нан көп өзгешелігі болғандықтан жəне шындыққа жанасымды болғандықтан, бағалы болар деп ойлаймын»1. Н.Байғаниннің өз аузынан жазып алынған осы мəлімет ақын жырлаған «Қобыланды батыр» жырының Орталық Ғылыми кітапханада сақтаулы қол- жазбасының кіріспесінде берілген. Əрине, «мазмұнын бұзбай беріп отырмын» деген ақын сөзі шығарманың негізгі сюжеттік желісінің өзгеріссіз сақталғандығын аңдатады. Ал оқиғаларды тарата, тереңдете, көркемдік тұрғыдан кемелдендіре жырлаудағы ақынның дара қолтаңбасын айшықтай танытатын тұстар жырда молынан кездеседі. Нұрпейіс ақын репертуарындағы «Қобылан- ды батыр» өте көлемді, кең өрісті, көркем жыр. Жыршы оқи- ғаларды баяндауда, кейіпкерлерді мінездеуде əрбір детальға мəн береді, оларды егжей-тегжейлі баяндап, айшықты, кестелі тілмен бейнелеп отырады.
«Қобыланды батыр» жырын ақынның айтуынан оның əдеби
хатшысы, ақын Ахмет Ескендіров 1940 жылы жазып алған. Осы тұста жоғарыда сілтеме жасалған Т.Əкімованың: «Ұлы Отан соғысында қаза болған А.Ескендіровтың өз қолымен жазған түпнұсқасы сақталмаған. Жырдың латын əрпінде машинкаға басылған нұсқасы Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы тұр» деген мəліметінде жаңылыстық бар екенін айта кеткен жөн. Орталық Ғылыми кітапхананың Қолжазба қорында Н.Байғанин жырлаған «Қобыланды батыр» жырының үш бірдей нұсқасы сақталған (Ш 121 д, Ш 62 д, Ш 887, 1-тізім). Алғашқы екі нұсқаның бірі –латын, екіншісі кирилл əріптерімен машинкаға басылған, бұлар жырдың өзара сəйкес келетін толық нұсқалары болып табылады. «Ш 887, 1-тізім» деп нөмірленген қолжазба – А.Ескендіровтың ла- тын əріптерімен жазылған, қолмен көшірген нұсқасы. Бұл нұсқа мəтіні машинкаға терілген нұсқалардың 37-бетіндегі
«Қайтуға рұқсат алайын, Қарақыпшақ елімде» деген жолдар-
дан басталған. Соған қарағанда аталмыш тізімнің алғашқы дəптері жоғалған немесе басқа қолжазбаларға араласып кеткен болуы ықтимал.
1 Н.Байғанин. Қобыланды батыр. ОҒК, Ш.62 Д.
Н.Байғанин жырлаған «Қобыланды батыр» дастанының үзіндісі ақынның 1940 жылы жарық көрген «Ақын шабыты» атты жинағында жарияланды. Жырдың толық мəтіні алғаш рет 2006 жылы М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер инсти- туты дайындаған «Бабалар сөзі» жүз томдығының 36-томында жарық көрді. Томға «Қобыланды батыр» жырының жоғарыда аталған нұсқаларының ішіндегі «Ш 62 д» нөмірлі қолжазбасы ғылыми қосымшалармен енгізілген.
Нұрпейіс Байғанин шығармаларының 5 томдық жинағы- ның 3 томына енгізіліп отырған «Қобыланды батыр» даста- нын дайындауда Əдебиет жəне өнер институты дайындаған академиялық басылым негізге алынды. Мəтін ішінара редак- цияланып, ғылыми қосымшалары қайта жасалды.
Батырлар жырының желісі
Нұрпейіс ақынның батырлар жырын бастар алдында тар- татын атақты желісі. 1940 жылы ақынның айтуынан Ахмет Ескендіров жазып алған. Желі ақын жырлайтын дастандардың қысқаша мазмұнымен таныстырып, халықты қызықтыра оты- рып, тыңдалатын жырды таңдату үшін айтылған. «Ақын шабыты» жинағына жазған кіріспе мақаласында көрнекті əдебиеттанушы Е.Ысмайылов Нұрпейіс ақын жырлаған «Ба- тырлар жырының желісіне» тоқталып, одан 21 жол үзінді келтірген. «Батырлар жырының желісін» 1943 жылы ақынның өз аузынан естігені жайлы өзінің «Жылдар, ойлар» атты кітабында белгілі ақын Ə.Тəжібаев жазады. «Желі» тартудың жырауларға тəн дəстүр екенін, желіде əрбір үлкен дастанның қысқаша, сығымдалған мазмұны жырланатынын айта келіп, Ə.Тəжібаев Нұрпейіс ақынның «Желісі» туралы біршама кең мəлімет берген. «Бұдан кейін ол білетін жырларының атта- рын атап, мазмұнын баяндады. Нұрекең қырық күн бойында
«Қырымның қырық батырын» жырлайтынын бірінші рет сон-
да есіттік. Ақын осы жырларының мазмұнын өлеңмен айтуды
«желі» дейді екен. «Желінің» өзі толық айтылғанда екі сағат бойы жырланатынын кейін тыңдағанда білдік» деп жазады Ə.Тəжібаев1.
«Желінің» мазмұнына қатысты Е.Ашықбаев, Ж.Асанов сынды авторлар ішінара пікір білдіргенімен, жырдың толық мəтіні бұған дейін еш жерде жарияланған жоқ. Осы жинақта ОҒК қорындағы араб əріпті қолжазбадан (Ш 843) транскрип- цияланып, алғаш рет баспаға ұсынылып отыр. Мазмұнынан
«Желінің» толық аяқталмағаны аңғарылады. «Желінің» бір- қатар жыраулардың шығармашылығында кездесетін көп нұсқалы, дəстүрлі туынды болуына байланысты батырлық дастандардың байғаниндік нұсқалары қамтылған осы томға енгізіліп отыр. Батырлар жырының кіріспесі іспетті «Желі» Нұрпейіс ақын жырлаған «Құбығұл», «Төрехан», «Қарасай- Қази» дастандарынан бұрын берілді.
Мəтіндерде кездесетін тарихи жəне діни есімдер
Алла (Аллаһ) – ислам діні бойынша бүкіл ғарышты, тір- шілік дүниесін жəне қиямет-қайымды жаратушы, жалғыз жəне құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кəрімнің «Ықылас» сүресінде (112-сүре) айтылғандай: «Ол Алла жалғыз, Алла мұңсыз (əр нəрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Əрі Оған ешкім тең емес».
Алла Тағала əлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды жəне адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры – жазмыш- ты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пəнидегі істерін таразылап, біреулерін – жұмаққа, енді біреулерін – тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала əрбір қауымға пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)2 – Алланың адамдарға жіберген соң-
1 Мына дереккөзінен алынды: Ашықбаев Е. Сексеннен асқан сергектік. //
Ақтөбе, 1995, 22 сəуір
2 «Салла Аллаһу алəйһи уа саллəм» – «Оған Алланың рахымы мен берекеті жаусын» деген сөз, Мұхаммед пайғамбардың есімі аталғанда үнемі бірге айтылады.
ғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жəбірейіл періштенің дə- некерлігімен жиырма үш жылда толық түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ жəне ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сəждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті білдіруге болады. Мұсылман жұртының намаз парызын өтегенде жүзін бұратын құбыласы – Меккедегі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, əділеттілігін, қайырымды- лығын, т.с.с. өзіне ғана тəн қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі сипаттайды. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кəрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шəріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мəңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді), т.б. Бұл есімдер «Əсма- ул хусна» – «Көркем есімдер» деп аталады.
Алланың атын зікір ету рəсімі «Аллаһу акбар», Əлхам- дулилаһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз үш реттен айтып, тасбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады.
Пір – парсы тілінен аударғандағы негізгі мағынасы «ұстаз»,
«қария, шал» деген ұғымдарды береді. Жалпыхалықтық ұғымда, фольклорлық мəтіндерде қолдап-қорғаушы, желеп- жебеуші қасиетті күш иесі ретінде танылады. Əдетте əулие адамдар осындай күшке ие деп саналады. Əулиелік дəрежеге тек Алла жолынан өзгені мақсат етпеген, дүние сөзін сөйлеп, дүниелік істермен айналыспайтын, шариғат бұйырған істерді толық орындап, тариқат мақамына ұласқан рухани дəрежесі биік, Алланың таңдаулы құлдары ғана жете алады. Олар қарапайым адамдарға екі дүниеде де шарапатын тигізе алатын күшке ие болады.
Қазақ фольклорында баласыздық мотивіне орай жиі кезде- сетін пір бейнесі – Баба Түкті Шашты Əзіз. Осы əулиенің басы- на түнеп, батасын алған баласыз жандар Алланың құдіретімен перзентті болып жатады. Ол туралы аңыздардың бірінде Баба Түкті Шашты Əзіздің өз есімі Баба Туклас, əкесінің есімі Баба Құмар деп көрсетіледі. Кей деректерде əкесінің аты Керемет
Əзіз делінеді. Баба Түкті Шашты Əзіз ислам діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген, исламның түркі халықтары арасында кеңінен тарауына атсалысқан делінеді.
Баба Түкті Шашты Əзіздің кесенесі Қаратаудың күнгей бетінде, ежелгі Саудакент қаласына жақын Қызылкөл маңында. Кезінде əулиенің кереметімен пайда болып, өңірді қуаңшылықтан сақтап қалған Жылыбұлақтың орны да кесене маңында сақталған.
Қырымның қырық батыры – ХІV–ХVІІ ғасырлардағы Ноғайлы дəуірінің қаһармандары, қазақтың белгілі «Қырымның қырық батыры» эпостық жырының кейіпкерлері. Жырда қы- рыққа жуық батырдың ерлігі тізбектеле тұтас алынып жырлана- ды. Олардың ішінде Орақ – Мамай, Қарасай – Қази, Едіге батыр, Қосай батыр, Ер Бегіс, Төрехан батыр, Еділ (Əділ) хан, Телағыс, Ахмет, Алау, Қартқожақ, Нұрғожа, т.б. айтулы батырлар бар.
«Қырымның қырық батыры» деген ортақ атпен танылған бұл ерлердің көпшілігі туралы жекелеген көлемді де көп нұсқалы жыр-дастандар бар. Фольклордағы көпқабаттылық əдісімен бір кезеңде өмір сүрмеген кейіпкерлердің де бір жорыққа қаты- сушылар ретінде бейнеленетін мысалдары кездеседі.
Жер-су, ру-тайпа атаулары
Бөкей – Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы аудан.
Бөрлі – Бөкей ордасы орналасқан өңірдегі өзен.
Бұқар – Өзбекстандағы көне қалалардың бірі. Қызылқұм шөлінің оңтүстігінде орналасқан.
Бұлдырты – Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан об- лысының Сырым ауданындағы Ақсуат ауылынан солтүстік- батысқа қарай бір шақырым жерде. Былқылдаған жəне Жо- салы бұлақтарының қосылған жерінен Бұлдырты аталады, оңтүстігінде Жалтыркөл көліне құяды.
Ебейті – Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы ауыл.
Ешкіқырған (Итқырған) – Ақтөбе облысының Қобда ауда- нындағы өзен. Жайық алабында орналасқан.
Жақсыбай – Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданының жерімен ағып өтеді. Ақтөбе облысы жеріндегі Теректітөбе тауынан басталып, Қарағанды құмын жағалап, Сулыкөлге құяды. Батыс Қазақстан облысының Жəнібек ауданында Жақсыбай ауылы бар.
Жем (Ембі) – Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе жəне Аты- рау облыстарымен ағып өтеді.
Жиделі Байсын – қазақ фольклорында жиі аталатын берекелі, қасиетті, құтты мекен. Самарқаннан оңтүстікке жəне Бұхарадан оңтүстік-батысқа қарайғы Гиссар жотасының оңтүстік-батыс шеті. ХVІ ғасырда Мұхаммед Шəйбани бастаған Дешті Қыпшақтың көшпелі түркі рулары Орта Азия жерін басып алғанда Жиделі Байсын қазақ, қарақалпақ халықтарының үлесіне тиген. Тарихи жағдайларға байланысты бұл өлке уақыт өте аңызға, қазақ хал- қының аңсарлы мекені – Жерұйықтың үлгісіне айналды.
Жирен қопа – қазіргі Ақтөбе облысының Қобда ауданында орналасқан ауыл. Аудан орталығы – Қобда.
Қарабау – Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы ауыл. Қарабау өзенінің сол жағасындағы шөлейт белдемде ор- наласқан.
Қаракөл – Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы ауыл. Ойыл өзенінің оң жағасында орналасқан.
Қаратау – Маңғыстау түбегіндегі аласа тау жоталары.
Қаратөбе – ауыл, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауда- нының орталығы.
Қобда – Елек алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға, Қобда аудан жерлерімен ағады. Орынбор облысының Покров- ка (Ресей) ауданының тұсында Жайықтың саласы Елек өзеніне құяды. Қобда атында аудан бар.
Қоңырат – орта жүз құрамындағы тайпа. Түркі халықта- рының, соның ішінде қазақтардың этникалық тарихында қо- ңырат тайпасының өзіндік орны бар. Тарихи тамыры түркі қағанаттары кезеңіне тіреледі.
Қулыкөл – Солтүстік Қазақстан, Ақжар ауданындағы ауыл, Талшық ауылдық округінің орталығы. Ащысу өзенінің оң жағасында.
Қызылбас – Иран, Сирия, т.б. Кіші Азия елдерінде негізінен шииттерден тұратын тайпалар бірлестігін құрған елдің жəне ұлыстың аты.
Қыпшақ – Орта жүз құрамына кіретін ірі тайпалардың бірі. Қазақ халқының қалыптасуында маңызды орынға ие.
«Қыпшақ» этнонимінің шығуы түркі қағанаттары тарихының алғашқы кезеңдеріне тəн. Тарихи дəуірлерде қазақ жерінде оғыз-қыпшақ ұлысы, қыпшақ-қимақтар бірлестігі секілді ірі бірлестіктер өмір сүрген. Дамыған орта ғасырларда тарихи де- ректерде қазақ даласы «Дешті Қыпшақ» – «Қыпшақ даласы» атанған. Қыпшақ руы тоқсан екі атаға бөлінеді, «тоқсан екі бау- лы қыпшақ» деген атау фольклор мəтіндерінде де кездеседі.
Маңғыстау – Қазақстанның оңтүстік-батысында орналас- қан. Ел аузындағы аңыз бойынша Маңғыстау өңірінде 360 əу- лие өткен.
Мұзбел – Сарыарқаның орта тұсындағы, Қарағанды облы- сындағы Нұра ауданының солтүстік-шығысындағы аласа бел. Батысында Құланөтпес өзенінің аңғарына, шығысында Нұра өзенінің аңғарына ұласады.
Ноғайты – Сағыз алабындағы өзен. Атырау обысының Қызылқоға ауданы жерімен ағып өтеді. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы осы аттас ауыл бар.
Ойыл – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағады. Өзен бойында осы аттас елді мекен де бар.
Өлеңті – Жайық алабындағы өзен. Батыс Қазақстан облы- сының Сырым жəне Ақжайық жерлерімен ағады.
Самарқан – Өзбекстанның Самарқанд облысының орталы- ғы, қала. ІV ғасырда Марақанд деген атпен белгілі болған, Заравшан өзенінің аңғарында орналасқан. 1924 – 1930 жыл- дары Өзбек ССР-ның астанасы болған, 1938 жылдан – облыс орталығы. Тарихи ескерткіштерге бай қала.
Сарықобда – Ақтөбе облысының Алға ауданындағы өзен.
Жайық алабында орналасқан.
Тайсойған – Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы құм. Ойыл өзенінің төменгі бөлігінің сол жағалауынан жарып шыққан өзенді бойлай созылып жатыр.
Шыңғырлау – Жайық өзенінің сол жақ саласы.
Шідерті – Батыс Қазақстанның Сырым ауданындағы өзен, Өлеңті алабында орналасқан.
Үйсін – Ұлы жүз құрамына кіретін ірі тайпа. Үйсін тайпа- сының тарихы сақ дəуірінен бастау алады. Ұлы жүздің аға ру- ларының бірінен саналады.
СӨЗДІК
Амалкерамалшыл, айлакер
Асықғашық
Байрақту, жалау
Баялышшөлді, құмды жерде тырбиып өсетін бозғыл түсті тікенді өсімдік, бұта
Беренгі /к/болаттан жасалған батырлар киетін
сауыт
Беркінберік
Бүйім /ж/бұйымтай
Ғапыл /а/қапы, қамсыз
Ғаріп /а/мүсəпір, бейшара
Даң /ж/даңқ, атақ
Дарбазабиік қақпа
Жаджады, ес
Жана /ж/жəне
Жаппар /а/құдіретті, алып; Алла Тағаланың
99 есімінің бірі
Жақ /к/садақ
Жар /ж/қабырға
Жеделқайрат; қимыл-қарекет
Зарпы /п/қайғы, дерт
Кемал /а/кемел, толық
Күрзі /к/басына қорғасын құйып жасалған сабы қысқа шоқпар
Қажаркүш-қуат, қайрат-жігер; қажыр
Қайт болубеті қайту, тауы шағылу
Қамтемесіз /ж/қамтамасыз
Қар тартуқол тарту; бой тарту
Қорамсақ /к/жебе салып жүруге арналған қалта
Қосынəскер, жауынгерлер тобы тұратын жер
Қулықбірінші рет құлындаған жас бие
Қызғынқызулы
Мат болуұятқа қалу, жер болу
Мəулет /а/уақыт, мерзім
Медет /а/демеу, сүйеніш
Миясар /а/лайықты, жарасымды
Міскін /а/бейшара, мүсəпір
Озағанжүйрік
Пешат /о/мөр
Пұрсат /а/мұрсат
Саржасүйекпен əшекейленген əдемі садақ, садақтың оғы
Сарықұзын құйрықты мəліш қой
Сияқтүр, келбет
Срок /о/уақыт, мерзім
Сүдін /ж/сыртқы бейне, кескін, ұсқын
Сығынуқысылу, қиналу
Тағайын/а/айқын, анық
Тамам /а/толық
Тербенутебірену
Шарайна /к/сауыт
Шəр /п/шаһар, қала
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ƏӨИ – М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты
ОҒК – Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ – Қолжазба қоры
Ш – шифр
дəп – дəптер
/а/ – араб
/о/ – орыс
/п/ – парсы
/т/ – түркі
/ж/ – жергілікті
/к/ – көнерген сөз
МАЗМҰНЫ
Кітапты шығаруға жауапты –
«Қазығұрт» баспасының директоры
Темірғали КӨПБАЕВ
НҰРПЕЙІС БАЙҒАНИН
Үш томдық шығармалар жинағы
ІІ ТОМ
РедакторыƏділхан КҮЛІМБЕТОВ
СуретшісіЖəмила АЙДОС
Техникалық редакторыДарико ОМАРҒАЛИЕВА
БеттегенНиязбай ОРАЗЫМБЕТОВ
ИБ № 334
Басуға 20.08.2012 ж. қол қойылды. Қалыбы 84×1081/ . Офсеттік басылым.
Қарiп түрi Times New Roman. Шартты баспа табағы 18,0.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Қазығұрт» баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелдi.
«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы 143, 522-офис.
Телефон (факс): 8(727) 394-42-86 e-mail: kazygurt@list.ru http://www.kazygurt.kz
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
«Атамұра корпорациясы» ЖШС-нің Полиграфкомбинатында басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?