Рақымжан Қошқарбаев
Ғибратты ғұмырЛичность и время
Кәкімжан ҚАЗЫБАЕВ Жанболат Әлиханұлы (АУПБАЕВ)
РАхымжАн ҚошҚАРбАев
АЛМАТЫ
«ҚАЗАҚСТАН»
2014
УДК 821.512.122
ББК 84 (5Қаз)
Қ 21
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша жарық көрді
К. Қазыбаев, Ж.Әлиханұлы (Аупбаев)
Қ 21 Рахымжан Қошқарбаев / К.Қазыбаев, Ж.Әлиханұлы (Аупбаев). – Алматы: ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”, 2014. – 266 бет + 16 бет фотосуреттер.
ISBN 978-9965-10-125-0
1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы елге де, ерге де үлкен сын болғаны аян. Сол сұрапыл от кешуде арым жанымның садағасы деп ұлт намысын қолдан бермеген қандастарымыз көп. Солардың бірі де, бірегейі де – Рақымжан Қошқарбаев. Ол – жау ұясы Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс жалауын алғаш тіккен жан. Кейінгі өмір жолында да бойына адалдықтың асыл қасиеттерін жинақтап, соны ардақтап өткен адам. Қолдарыңыздағы кітапта, құрметті оқырман, осы және осыдан басқа да оқиғалар кешегі, бүгінгі күн рухымен үндестіріле отырып шебер әңгімеленеді.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
УДК 821.512.122
ББК 84 (5Қаз)
ISBN 978-9965-10-125-0
© Қазыбаев К., Аупбаев Ж.. 2014
© “Қазақстан” 2014
Кәкімжан ҚАЗЫБАЕВ
Ке Рнеген Ке К
Деректі хикаят
КөК ПАПКА ЖЕтЕлЕгЕн сАПАР
П Р о л о г
Біздің алдымызда әдемілеп тысталған, шебер қол- дың табы бар тамаша көк папка. Сыртындағы жазуы немісше, ішіндегі жазуы орысша. Аса бір сүйікті, қи- мас та қымбат адамға арналғандай. Бір парақ қағазға жазылған жазуларда ыстық жүректің ықыласы бар.
«Біз Сізді шын жүректен құттықтаймыз. Теңдесі жоқ ерлік көрсеткен қаһармандардың ішіндегі хас ба- тырысыз. Гитлершіл фашизмге өлтіре соққы беріп, не- міс халқын тарихтың тұңғиығынан суырып алған ер- лердің бірісіз. Сіздің қаһармандығыңыз Социалистік Германияны көркейту ісінде бүгінде бізге өнеге.
...Сіздің есіміңізбен өзіміздегі бір социалистік бри- гаданы атадық. Бұған келісіміңізді бергеніңізге өте қуаныштымыз және бақыттымыз! Сіздің ерлікке бө- ленген есіміңізге дақ түсірмеуге серт етеміз!»
Осы папка кімге, қандай жағдайда берілген еді... 1965 жылдың май айы. Берлиннің таңы бұл күні
бөлекше шұғылалы, бөлекше шуақты. Шығыс жақтағы вокзалға жиналған жұрт та таң гүліндей құлпырған. Көп кешікпей келетін поезды тағат таппай күтіп тұр. Вокзал басындағы кездесулердің бәрі де қуанышты ғой. Бірақ бұл кездесудің сыры да, сипаты да бөлек еді. Поезд терезесінен қарап тұрғандардың көңілі де
талай жерді шарлап алып кеткен. Бұдан 20 жыл бұрын бұл арадан олар өрт ішімен өткен-ді. Қан татыған ауаны жұтып, қаһарға мінген шақ еді ол. Бұлыңғыр көктен күн көзін көре алмаған бұлар. Ал бүгінгі таң қандай шуақты, қандай жұмсақ. Сонау бір жылдарғы қан исінің орнына бойды балқытқан гүл исі, бейбіт көктем исі келеді.
Бал-бұл жанған мынау сәбилер адамның көктемі. Олар соғыс дегеннің не екенін білмейді, оқулықтардан оқығаны болмаса оның ауыр қасіретін тартқан жоқ. Сәбилердің жүрегі де қолдарында ұстап тұрған анау гүлдердей нәзік. Сол гүлдерді тапсыратын ағалары кешегі сұрапылды көргендер... Сол сұрапылда ұлы мұратты дәт қылып, ұлы өмірді қорғап қалғаны үшін құрметтейді оларды. Сол себепті де нәзік жүректері ол ағаларын еске алғанда өз бауырларына езілген- дей езіледі. Бар жүректің лүпілі өз алдына бір сарын. Сол сарынға салтанатты оркестр күйі қосылған. Жан- жақтан жарқыраған прожекторлар да вокзал басын сәндендіріп жіберіпті.
Әншейінде асыр-гүсір жетіп келетін поезд кешік- кендей. Қуаныш құшағында адамға осылай көрінеді, тегі. Мынау бір топ адам қолдарына көтере ұстаған бір портретті қоршай қапты. Бәрі де тесіле қарайды, біліп алғысы, поездан түскенде жаңылып қалмас үшін әбден анықтап алғысы келгендей.
Ол портретте қою қара шашты, мұрыны имектеу, өткір көзді жас жігіт. Гимнастеркасы бойына қонып тұр. Жалпақтау келген жүзіне қарағанда шығыс ұл- тының бірі болу керек. Бірақ оның қазір поездан тап осы күйіңде, осы гимнастеркасымен түсетініне кім ке-
піл? Уақыт ұлғайтқан болар. Бірақ адамның көзінде жанының, жастығының сыры тұратынын, көзден аумай тануға болатынын білетіндер бұл арада көп.
- Біздің қонағымыз сүйкімді жігіт, ә? – дейді біреуі әзілдеп.
Жас кезінде кім сүйкімді болмады дейсің, – дейді бұл сөзді ала қашқан екінші біреу.
- Мен суретін көрген адамды елу жылдан кейін болса да айнытпай танимын, – дейді үшіншісі. Бәрі де неміс тілінде сөйлесіп тұр. Бұлар Берлиндегі кеме жа- сау верфінің бір топ жұмысшылары еді. Күтіп тұрған қонағын жүзбе-жүз олардың ешқайсысы да көрген емес. Сыртынан таныс, ерлігіне ғана қанық.
Асыға күткен поез да келді. Бұл сәттегі суретті тілмен жеткізу қиын. Қауышқан құшақтар, сүйіскен еріндер. Сүйкімді бөбектердің пәк көңілден ұсынған гүл сыйлары талай көзге жас келтірді, талай көңілдегі көп жылғы сырды қозғады.
Міне қою қара шашты дембелше келген, нығыз жігіт ақсия күліп шыға келді. Жаңа портретті қоршап тұрғандар бірден лап қойды. Сан жыл көріспей сағы- нысқан туыстарша сүйісіп жатыр. Түрлері бөлек — ті- лектері тұтасқан, тілдері бөлек — жүректері тұтасқан!
...Берлинде болу соғыс біткеннен кейінгі көп жыл- ғы арманының бірі еді. Бұдан 20 жыл бұрын от оран- ған қаланы енді өз көзімен тағы көріп жүр. Талай ажалдың аузына тосылып, талай қауіпке бетпе-бет келген көшелерді көрді. Бәрі бүгін бөлекше, бәрінде бүгін бөлек сән. Бұрынғы қираған қаланың белгісі де жоқ. Бір-ақ қана белгі қалыпты. Ол «Гиммлердің үйі». Күйреген фашизмнің ескерткішіндей болып күл қалпында жатыр екен. Сұрапыл соғыстың не бір сұм
жоспарлары жасалған бұл үйді әдейі қираған күйінде қалдырыпты.
Берлин-Копэнектегі № 5 мектеп. Кеше гүл ұсын- ғандардың ішінде осы мектептің оқушылары да бар еді. Бүгін арнайы қонаққа шақырған. Бұдан 20 жыл бұрын- ғы сұрапыл күндердің эпизодтарын құмарта тыңдай- ды. Осы әңгіме мектеп директорын тым тұнжыратып жіберіпті. Оның да сыры бар еді.
Ұзақ тұрып ол үн қатты.
- Сен, жігітім, 1924 жылы туған екенсің. Екеуміз түйедей құрдас екенбіз. Кеше екеуміз де офицер бо- лыппыз. Екеуміз рейхстагтың түбінде бір-бірімізге оқ атыппыз. Сен ұлы мұрат үшін ұрыс салыпсың. Ал мен ше? Дәл қазір мені тұнжыратып тұрған осы. Иә... Мен сол күндеріме өкінемін. Тарих ақиқатты танытты. Партия мені қайта тәрбиеледі. Мына екеуміздің алды- мыздағы бүлдіршіндер сондай күнді енді көрмей-ақ қойсын. Осы жолда бар өмірімді сарп етемін, кел бауы- рым, сүйісейік. Ерлігіңе бас идім!
Бранденбург қақпасы. Көкпен таласқан осы қақпа- ның үстіне шыққанда қала алақанда тұрғандай бола- ды. Төменде тұрған солдаттар «бұл кім дегендей» та- ңырқай қарайды. Самал жел қою қара шашын көзіне сәл түсіріпті. Сонда да болса кейпінен жан толқынын аңғару қиын емес еді. Ол алдындағы рейхстагқа — фа- шизмнің ең соңғы ұясы болған лағнет үйге қарайды. Оны қазір осы қақпаның үстінен ғана көруге болады. Бәрі, бәрі көз алдына қайта оралды. Жүрегіндегі біт- кен жараның аузы қайта ашылғандай болды. Анау жан достары қалған алаңның топырағын құшақтап барып сүйсе қайтеді?! Көңілі босап, көзі бұлдырап кетті...
Ия, бұл қақпаның үстіне екінің бірін жібере бер-
мейді. Көзіне жас алып ұзақ тұруына қарағанда сол бір күндердің куәсі болған адам екенін сезді күзетші солдаттар. Ойын бөлген жоқ, «тұрсын, мауқын бас- сын!» дегендей.
Қою қара шашты дембелше жігіт жерге түскенде күзетшілердің бәрі де оны мейірімді көзқараспен шы- ғарып салды. Бұлар іштей ұғысты. «Сен сол жеңісті әкелсең, біз сол жеңісті күзетушіміз!».
8-май. Маркс-Энгельс алаңындағы көрініске көз тоймайды. Бүгін Герман Демократиялық Республика- сының мерекесі. Осы республиканың Халық армиясы мен Совет Армиясының кейбір құрамалары салтанат- ты парадқа шықты. Құрметті қонақтардың ішінде әлгі өзімізге таныс қою қара шашты жігіт те мінбеде тұр. Оның көз алдында совет-неміс достығының мызғымас күші. Кеше өздері көтерген, өздері соғыс алаңынан алып өткен ту шұрқ-шұрқ тесік болса, мына кетіп бара жатқан тулар судай жаңа, самал желмен судырап ырға- ла тербеледі. Қаһармандықтың символындай. Көңіл толқығыш кезде көз де осал. Бірақ, сол көз аясының ұстай алмаған тамшылары қуаныш тамшылары еді. Көңіл қандай мөлдір болса, ол тамшылар да сондай мөлдір.
Енді міне өзін арнайы шақырған бригадада. Кеше вокзал басынан көрген өзінің портреті тағы алдынан шықты. Цехта үлкен салтанатты жиын. Бригаданың алған жаңа міндеттемесіне бірінші болып қол қойды.
- Жеңістің тұңғыш қарлығашын жеткізген ермен бірге болғанымыз, бригаданың оның атымен аталуы біз үшін үлкен мәртебе. Бұл кездесу сол бір тарихи оқиғаның ескерткіші болсын,— деді завод директоры.
- Мен өздеріңіз ерлігін құрмет тұтқан Советтік
Қарулы күштің қатардағы бір жауынгерімін. Маған көрсеткен бұл құрметтеріңіз барлық совет жауынгер- леріне деген құрмет деп білемін. Қазір бойымды кер- неген сезімді сіздерге жеткізуім қиын. Бірақ сөз жет- кізбегенді жүрек жеткізеді. Адал жүрегім алдарыңыз- да.
Міне манағы көк папка осы кездесудің айғағы, осы кездесудің ескерткіші еді. Сол жігітіміз кім, енді соған келейік...
* * *
Баукеңе бұл ғұмырымда аса риза болатын тағы бір жай – халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қош- қарбаевпен танысуға дәнекер болғандығы. Ол былай болып еді.
Бір күні жұмысқа аяқасты телефон соқты. Даусын бірден таныдым.
- Маған келіп кеткін, — деді.
Келсем, үйде жалғыз, бір қолы қалтасында, бір қолында шылым, арлы-берлі ыңылдап жүр екен. Жүзі сұсты. Менің сәлеміме көңіл де аударған жоқ, өзімен- өзі, әлем-тапырақ ой құшағына іліккен адам сияқты. Жүзін зәрлі етіп тұрған да сол ойлар-ау деймін.
- Неге қалшиып тұрсың, отырмайсың ба? — деп ақырды. Сұқ саусағымен орындықты нұсқады. Ақы- руында тікелей маған арналған зіл жоқ, өзін алай-түлей етіп тұрған ойдың зәрлі бір сынығы іспетті көрінді.
Мен де үнсіз отыра кеттім. Баукең үздіктіріп әлі тіл қатпай тұр. Айбарлы жолбарыстай бөлме ішінде арлы- берлі жүріп алды. Әлден уақытта:
- Мен сені неге шақырдым? — деді.
- Білмедім, Бауке!
Темекісін сорып-сорып жіберді де, отты көзін қадай қалды.
- Білмесең, жаңа осында маған сәлем бере бір жігіт келді. Аты — Рахымжан. Фамилиясы қошқар ма, ісек пе, азбан ба, әйтеуір қойдың бір түрі. Оны өзің анықтап алғайсың. Міне, сол жігіт...
Баукең сөзін аяқтамай, қайта жүріп кетті. Темекісін тартып-тартып алды да:
- Міне, сол жігіт рейхстагқа ту тіккен. Понимаешь?!
Сен ұғып тұсың ба, өзің? – деді.
- Ұғып тұрмын, Бауке.
- Өтірік айтасың! Ұққан жоқсың. Ұқсаңдар, неге жазбайсыңдар, неге жазбағансыңдар! Сен кімсің өзі? Бұл сұраққа мен таңырқап қалдым.
- Мамандығымды айтасыз ба?
- Иә, иә, мамандығым, мамандығым дейді ғой. Ма- мандығың-ақ болсын. Кім мамандығың?
Мен күлдім. Оны өзіңіз білесіз ғой дегендеймін.
- Не до смеха. Я тебя серьезно спрашиваю, кто ты такой? – деп айқай салды Баукең.
- Мен журналиспін. Дипломым бар. Баукең даусын сәл бәсеңдетті де:
- Сендер журналист емессіңдер, қайдағы журна- лист! Соғыс біткелі – он үш жыл. Ана Рахымжанды көрмей жүрген неғылған журналиссіңдер?! «Дипло- мым бар». Журналистке диплом емес, сезгіш жүрек, көргіш көз керек. Жоқ, сол сендерде жоқ!
- Знаешь ты, кто такой Рахымжан? Мен де оны бү- гін бірінші рет көрдім. Сәлем бере келіпті. Білесің бе, кімнің сәлем бере келгенін? Это исторический человек! Бұдан әрі Бәукең манадан бері кеудеге сыймай бу-
лыққан ойларын төкті дейсің.
- Мен де соғысқа қатыстым. Дивизияға дейін бас- қардым. Атақты Момышұлы болдым. Москва түбін- дегі шайқасты көрдім. Төрт жыл бойғы сұрапыл со- ғыстың небір сұмдық қияметтері көз алдымда. Бі- рақ Берлинді алардағы, рейхстагқа ту тігердегі қыр- ғын — ол нағыз жойқын қырғын! Как воин, как ко- мандир я представляю что это такое, это было не- вероятно! Рахымжан сол тозақтың ішінде болған, сол тозақтан аман шыққан! Жеңіс жалауын тіккен! Кім үшін?!
Бәукең тағы орнынан тұрып кетті. Терезенің алды- на барып, теріс қарап біраз үнсіз тұрды да, қайта бұры- лып:
- Мына сені мен мен үшін! Бүгінгі шолжаң қағып тірі жүргендердің бақыты үшін! Сол бір тозақта оның өзінің тірі қалуы — это чудо! Біздің басымызға келіп қонған Жеңіс деген бақыт — сол анау Рахымжан, Ра- хымжандар! — Баукең әрі қарай тағы сөйлеп кетті.
- Адам ерлік жасауды ешқашан жоспарламайды. Ерлікті туғызатын сәт болады. Адамның асыл қасиеті де, жасық қасиеті де соғыста, тап сондай сәтте көрінеді. Мұндай сәт адамның ғұмыр-ғұмырына, керек десең, ұрпақтан ұрпаққа кететін өмірбаян, өсиет болып қал- мақ. Рахымжан сондай сәтте асыл қырынан көрінген азамат. Ол қыры — жасаған ерлігі. Тағдыр оның нағыз өмірбаянын сол сәтте жазды. Оның өмірбаяны отпен жазылған өмірбаян. Осыдан артық сендерге, журна- листерге, атаңның басы керек пе?!
Иә, Баукеңнің тұла бойын сыздатып, ширықтырып тұрған жайды енді түсіндім. Ашына, ащы шындықты айтып тұр. Неге білмегенбіз мұндай азаматты?! Оның кеудесінде соққан дауыл менің де кеудеме ауысқандай
болды. Ойым онға, санам саққа жүгіріп, ойланып үнсіз отырып қалыппын.
- Сен оны тап!
Баукеңнің бұл сөзінен селк ете қалдым.
- Әлгі Ахметжан Қойшығұловтың қарамағында жұмыс істеймін деген. Түсіндің бе енді неге шақыр- ғанымды?
...Бұл 1958 жылдың бас кезінде болған. Әскер күні
- 23 февраль жақындап қалған еді. Соған Қошқарба- ев жөнінде бірдеңе шығар деп арғы жағым түрткілей берді. Қас қылғандай Рахымжан командировкаға ке- тіп қалыпты. Осындай адам жөнінде соғыс кезінде, одан кейін жазылмауы мүмкін емес қой, көпшілік кі- тапханасына барып, газет, журналдарды ақтарып, іздеп көрсем қайтеді деген ой туды. Рахымжан келгенше уақыт босқа өтпесін. Кітапханада сарыла отырған бір- неше күндер де артта қалды.
Борис Горбатовтың мына сөздерін оқығанда жерден жеті қоян тапқандай қуандым:
- Біздің жауынгерлерді қыранмен, бүркітпен те- ңеуді қоятын мезгіл жетті. Қазақ жігіті Қошқарбаев менің көз алдымда рейхстагқа ту тікті. Осындай ердің образын беру үшін бөлекше теңеу, бөлекше поэзия, социалистік реализм поэзиясы керек.
«Литературная газетаның» 1948 жылғы 18 декаб- рінде жарияланған. Әскери тақырып және әдебиет мә- селесіне арналған жиналыста белгілі жазушы сөй- лепті де, соның орта тұсында осылай депті. Тағы да біраз материалдар тауып, Рахымжан келгенше азды- көпті қаруланып алдым. Күнде жұмысына телефон соғып, ақыры кездестік-ау. Аңқылдаған ақ-жарқын жі-
гіт, бірінші көргендей емес, іші-бауырыма кіріп кет- ті. Тәптіштеп бәрін сұрадым. Соғыс бітісімен 150- дивизияның газеті «Воин Родины» газеті, орталық бас- пасөз де біраз жазыпты.
- Бірақ 1946 жылдың 9 майынан кейін ләм-мим деп ешкім аузын ашқан жоқ. Содан бері көріп тұрған тілшім, тіпті қазақ баспасөзінен көріп тұрған бірінші адамым өзіңсің, — деді.
Рахаңның мегзеген газет, журналдарын қайта ба- рып қарауға тура келді.
- Өзіңізде қиындылары жоқ па? — деген сұрағы-
ма:
- Онда шатағым не, жинаған емеспін, — деді. Содан 1958 жылғы 21 февральде «Лениншіл жас»
газетінде «Рейхстагқа ту тіккен қазақ» деген документ- ті очеркім шықты. Шынын айтсам, бұл жұрт назарын бірден аударды. Редакцияға хат жауып кетті. Осы жағ- дай Рахымжан жөніндегі деректерді жинауға мені одан әрі құнықтыра түсті. Жыл сайын қызықты жаңа де- ректер табылып, папка қалыңдай түсті.
1963 жылдың жазы болатын. Облыстық «Жетісу» газетінің қарбалас жұмысымен отырған едім. Респуб- лика Журналистер одағы басқармасынан телефон соқ- ты.
- Сіз бізге келіп кете аласыз ба? ГДР-дан келген бір журналист өте жолыққысы келеді.
- Жайшылық па?
- Келесіз ғой. Білесіз.
Түскі үзіліс кезі. Күн ыстық. Терлеп-тепшіп Жур- налистер одағына келсем, етженді, қызыл-сары жігіт отыр. Мені дегбірсіздене күткен адамға ұқсайды. Ор- нынан атып тұрды.
- Қошқарбаев жөнінде жазып жүрген журналист сіз бе?
- Иә, мен едім. Оны қайдан білесіз?
- Сізді маған сыртыңыздан осы арада таныстыр- ды. Мен Қошқарбаевты іздеп жүр едім. Оның Алматы- дан табылғаны қандай ғажап болды. Қазір үйінде ме екен?
Неміс мақамымен орысша әжептәуір сөйлейді.
Екеуміз тілмашсыз-ақ түсінісіп жатырмыз.
- Қошқарбаевты неге іздеп жүрсіз?
- Ол үлкен тарих. Тапқанымды айтсаңызшы! ГДР азаматы әрі қарай тағы сөйлеп кетті.
- Менің атым — Карл. Фамилиям — Кокошко. Әкемнің аты Вильгельм. Германия Коммунистік пар- тиясының мүшесі болатын. Фашистер соғыс кезінде азаптап өлтірді. 1945 жылы фашизм құрығанда мен 16 жастағы ғана бала едім. Екеуміз түйдей жасты екен- біз. Өзіңіз жақсы білесіз, біз секілді талай немістің көзі шын ашылды ғой. Германия Демократиялық респуб- ликасы дүниеге келді. Мүлде жаңа өмір бастадық. Не- міс халқының сүйегіне фашизм салған қара таңбаны тазарту, Эрнст Тельман бастаған жолмен жүргісі кел- ген немістердің көп болғанын дәлелдеу, соны тарихқа таныту — міне, басты міндет осы болды.
Кәмелетке толысымен осы міндетке өз үлесімді қо- суды арман еттім. Әкемнің өсиеті де солай болатын. Журналистік мамандықты таңдауым да бекер емес- ті. Қасымызда тағы бір Германия — ФРГ тұрғанда бұл міндетті орындаудың өте күрделі екенін түсінетін боларсыз. Идеялық көзқарас, сенім ғана емес, жұртты иландыра білу шеберлігі де таразыға түседі.
Сондай тынымсыз күндердің бірінде, елуінші жыл- дардың аяқ кезінде, 1945 жылы май айында антифа- шистердің шығарған бір листовкасы қолыма түсті. Оны оқып отырып қайран қалдым. Листовкада рейхстагты алғаш кімдердің алғаны жазылыпты. «Бұл оларға не үшін керек болды екен, фашизмнің қарғыс атқан орда- сына бірінші жеткендерді немістер де білсін деген ғой».
Сол листовканы бойтұмардай сақтап жүрдім. Онда сіздің Қошқарбаевтың аты бар.
- Қазір ол листовка бар ма,— дедім мен де дегбір- сіздене.
- Болғанда қандай!
Карл портфелінің түбінен жамау-жамау сарғыш қа- ғазды алды. Аса бір аяулы дүниедей орап салып қо- йыпты. Неміс әрпімен басылған.
- Оқыңызшы!
Ол немісшеден орыс тіліне бірден оқыды. «Ұмы- тылмас фактілер. Рейхстагқа бірінші болып лейтенант Қошқарбаев және қызыл әскер Булатов жетті, олар же- ңіс жалауын тікті. Ал рейхстагтың үстіне жеңіс туын тіккен Егоров пен Кантария. Рейхстагтың ішіне бі- ріншілердің қатарында басып кірген Сьяновтың, Гри- щенконың, Неустроевтың, Давыдовтың, Логвиненко- ның әскерлері».
Бұл тексті мен тани кеттім. Алғаш ол «Воин Ро- дины» атты дивизия газетінің 1945 жылғы 3 майдағы номерінде жарияланған. Осыны айтқанымда:
- Ендеше сол газет антифашистердің бірінің қолы- на түскен, олар неміс тіліне аударып жеке листовка етіп шығарған, — деді Карл. — Өйткені кейін зерттеу кезін- де аңғарғанымдай, антифашистер Совет Армиясының жеңісі атаулының бәрін тезірек халыққа жеткізуге
тырысыпты. Әсіресе Берлинде бұл жұмыс мейлінше қатты жүргізілген.
Басқалар секілді Қошқарбаев маған тарихи адам се- кілді көрінді, оны қайдан тапсам екен деп армандадым. Фамилиясына қарағанда орыс емес, әйтеуір шығыс ұлттарының бірі болуы керек деп топшыладым. Көріп отырсыз, листовкада ешкімнің адресі, қайдан екені жазылмаған ғой. Тек фамилиясы, сол фамилияны са- рыла іздегеніме, міне, бесінші жыл. Совет Одағына осы- мен бесінші рет келем. Түркменстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда болдым. Баратын жерім өлкетану музейлері, Журналистер одағы. Мандытып еш дерек таба алмадым. «Мұндай жан қалайша бел- гісіз?» Менің ойымша жұрт оны білуі керек сияқты. Жоқ, барған жерлерімнен еш дерек табылмады.
Содан әуелі торығайын дедім. Шынымды айтсам, Қазақстанға «тағы да еш нәрсе шықпас» деп көңілсіздеу аттанғам.
Бүгін қонақ үйден шыға тағы да өлкетану музейін сұрадым. Мені парктің ішіндегі шіркеуге жіберді. Рас, онда аса бай Орталық музей бар екен. ГДР-ден келдім деген соң, маған музей қызметкері зор ілтипат көрсетіп, түгел аралатты.
Отан соғысы жайлы экспонаттарға келгенде өз кө- зіме өзім сенбедім. Көктен іздегенім жерден табылды. Ілулі тұрған портреттің астындағы жазуды қайта-қайта оқыдым. Рахымжан Қошқарбаев. Тым дегбірсізденіп кеткенімді байқаған музей қызметкері:
- Ол кісімен жақсы таныс па едіңіз? Біздің ержү- рек жерлесіміз, — деді.
- Иә, иә! — деппін қуанғанымнан. — Ол кісі қайда тұрады?
Музей қызметкері адресін білмегеніне қысылды да, Журналистер одағына телефон соқты. Міне, содан осында келдім. Мұнда Рахымжанды білмейтін жан жоқ екен. Солай болса керек еді, не дейсіз, ақыры өзіңізді шақыртып алдық.
Мұндай қуанбаспын. Бес жыл еңбегімнің жанға- нын көрдіңіз бе? «Істеген тындырады, іздеген табады» деген рас екен. Қандай ғажап болды. Бұл — соғыстың сұрапылы сұрыптап шығарған нағыз ер ғой.
Карлдың мына сөзі 1958 жылғы Бауыржанмен бол- ған кездесуді қаз-қалпы көз алдыма әкелді. Баукеңнің айтқан сөздері есіме түсті. «Исторический человек! Оның өмірбаяны отпен жазылған. Ұрпаққа өнеге! Ер- лерді ел басына туған күн ғана тудырады». Үнсіз ой құшағында отырып қаппын. Мынау неміс журналисі де сондай сәтте асыл қырынан көрінген азаматтардың бірін іздеп тұр. Ол туралы жүрегінде үлкен жылу қал- ған. Халқына оның бүгінгі тағдыры жайлы толығырақ айтқысы келеді. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ», біз қасымызда, күнде жарқылдап, ойнап-күліп жүрген адамның жарқын бейнесін жеткізе алмай жүрміз. Осынау неміс журналисіндей құмарлық бойымыздан табылды ма?!
Жүрегім Карлге бір түрлі жылып кетті. Жинағаным- ның, тапқанымның, білгенімнің бәрін алдына жайып салғым келді.
Екеуміз екі кеш ұзақ әңгімелестік. Сонау 1958 жыл- ғы 21 февральда «Лениншіл жас» газетінде алғаш шық- қан «Рейхстагқа ту тіккен қазақ» атты мақаламнан бастап бәрін көрсеттім. Осы жолдардың эпиграфына алынып отырған жазушы Борис Горбатовтың сөздерін оқығанда Карл:
- Қандай ғажап тауып айтылған сөз! Қай бүркіт, қай қыран теңесе алады онымен, — деді.
Міне, 150-дивизияның «Воин Родины» газетінде шыққан материалдар, Василий Субботиннің жазған- дары. Субботинмен жалғастырған да Баукең екенін айттым.
«Қырым», «Советский воин», «Дружная ребята»,
«Новый мир» журналдары, ондағы В.Е.Субботиннің жазғандары, «Жұлдыз», «Простор», журналдары,
«Фрунзевец», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әде- биеті» газеттері — ондағы жазғандарым.
Мынау «Комсомольская правда» газетінің редак- циясымен алмасқан хаттар, Чикин жолдастың сұратқан материалдары, «Ту тігушілер» деп жарияланған бет.
КПСС Орталық Комитеті жанындағы марксизм- ленинизм институтының Ұлы Отан соғысы бөліміне арнап, Рахымжан жайлы жинаған материалдары өз алдына бір төбе.
Не керек, ұзын саны 100-ге тарта деректі доку- менттерді көрсеткенде, Карл:
- Маған енді архивтен еш нәрсені іздеудің қажеті жоқ, — деп қуанып кетті.
Рахымжанның өзімен болған кездесу Карлды одан да зор қуанышқа бөледі. Карлге алда келе жатқан Же- ңістің 20 жылдығына қарай Рахымжан жайлы деректі повесть жазғым келетінін айттым.
- Бірақ мені қинайтын бір жай бар. Ол — мен соғысты көзіммен көрген жоқпын. Ол кезде баламын. Берлинде болған адам емеспін. Сүйенерім Рахымжан- ның өз айтқандары мен қолдағы документтер ғана. Шіркін-ай, көзбен көргенге не жетсін! Ең болмаса жорық жолдарын бір шолып өтер ме еді...— дедім.
Бірлі-жарым кітап, мақалалар болмаса, ол кезде қа- зіргідей салиқалы мемуарлар, Ұлы Отан соғысының та- рихы жайлы том-том кітаптар әлі шығып үлгерген жоқ- ты.
да:
Карл менің ойымды түсінді. Бірақ үндемей отырды
- Мен қолымнан келген жәрдемімді аямайын,—
деді. Карлге бір ғана сырды айтқан жоқпын. Ол Баукең екеуміздің арамыздағы үлкен құпия болатын. Екі жылдың ішінде Рахымжанның насихаты біраз жерге барды да, жұрт оны жақсы білді. Баукең менің жазғандарымды жібермей оқып отырды, кездесуіміз жиіледі. Соның бірінде:
- Ал енді осынша еңбекті аяқсыз қалдыруға бол- майды. Біздің еңбегімізді емес, Рахымжанның. Оны Батырлық атаққа ұсыну керек. Ол шын батыр. Мұны істеу сені мен маған азаматтық парыз. Анау сан мыңдап қаза тапқандардың аманаты.
Біраз үнсіз отырды да:
- Мен Ілияс Омаровпен сөйлестім. Барлық жайды айттым. Ол сенің жазғандарыңмен түгел таныс екен. Между прочим, сенімен кездескісі келеді. Уақыт тауып барғын. Ол ақылды адам, мен оны қатты сыйлаймын. Ал енді сен мынаны жаса. Жазғандарыңның негізін- де орысша справка жаз. Маған көрсеткін. Ілиясқа да бір данасын ала бар. Ол республика басшыларымен сөйлеспекші, түсіндің бе сөздің төркінін, — деді.
- Түсіндім, Бауке.
- Түсінсең сол. Қимылдау керек.
Баукеңнің ойға алған нәрсесін орындамай қоймай- тынына сан көзім жеткен. Шыңдап тастаған әскери тәртіптің табы болу керек, тапсырманың дәл уақытын-
да орындалуын қалайды. Бұл талабы мені де ширата түскен. Әсіресе мына айтқанын ыбылжып, созып ал- мауым керек.
Көп кешікпей Ілияс Омаровқа жолықтым. Ол кезде Ілекең Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті председателінің бірінші орынбасары болып істейді. Өте жылы қарсы алды. Кабинетінде ұзақ әңгімелесті. Жүзінен мейірбандық, білімділік есіп тұрды. Әсіресе маған қатты әсер еткені жауынгерлерге, соғыс қаһар- мандарына, арысы жалпы адамға деген үлкен сүйіс- пеншілігі.
Мен жазған қағазбен танысып шықты да:
- Маған тастап кет. Хабарласып тұр. Үлкен жұмыс жасап жүр екенсің, қарағым, — деді.
Осы сөзге арқаланып кабинеттен шыққан маған Бауыржан мен Ілиясты тұтастырып тұрған сезім жайлы толып жатқан ойлар келді.
Көп кешікпей Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Өкімшілік бөліміне шақырылдым. Онда менімен Мәметқазин жолдас әңгімелесті. Оның алдына да Рахымжан туралы жазылған материалдардың негі- зінде анықтама және осы іске сонау Баукең шақырған күннен бастап қалай кіріскенім жайлы түсініктеме тастап кеттім. Жүрегім Рахымжан жайлы үлкен бір қаракеттің басталғалы тұрғанын сезгендей болды.
Кейіннен білдім, осы қаракетке мықтап атсалысқан адам Жұмабай Тәшенов екен. Ол кезде Жұмекең Қа- зақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының предсе- дателі болып істейтін. Бәукеңнің айтуында тиісті мате- риалдармен қаруланған Жұмекең Москвада СССР Жо- ғарғы Советі Президиумы Председателінің орынба- сары ретінде бір айлық кезекшілік қызметінде Рахым-
жан жөніндегі Бас штабтың архивіндегі материалдар- ды көтертіп, одан Рахымжанның кезінде Совет Ода- ғының Батыры атағына ұсынылғанын біліп, оның неліктен өтпегені жайлы маршал И.С.Коневті шақы- рып сұрайды. Өйткені И.С.Конев соғыстан кейін Бас штабтың бастығы болған. Тәшеновтің қатқылдау сұ- рағына маршал шамданып қалады, екеуі қатты сөзге келеді. Жүгінісуге сол кездегі СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі К.Е.Ворошиловқа бара- ды. Климент Ефремович өзінің орынбасары мен әйгілі маршалды татуластыруға күш салады. Даудың түйіні назардан тыс қалады.
- Бәрі Климент Ефремовичтің азусыздығынан болды, — депті Тәшенов Баукеңе.
Тәшеновтің барлау ретіндегі қаракеті нәтижесіз болған соң, өзіміздің Орталық Комитет те бұл мәселені қараудан бой тартса керек.
- Жұмекең де мен секілді қызба ғой. Екеуімізді құртып жүрген мінез, — деді бір әңгімесінде Баукең.
Бұл сырларды, әрине, мен Карлге айтқан жоқпын. Одан тек рейхстаг жөнінде ГДР архивіндегі материал- дармен көмектесуді сұрадым. Жазылып жатқан деректі повесть үшін ол өте қажет еді. Жарты жыл өткен соң Берлиннен үлкен пакет келді. Карл Кокошкодан екен. Пакеттің ішінде Берлиннің соғыс кезіндегі картасы. Рейхстагтың соғысқа дейінгі, қираған кездегі, соғыстан кейінгі суреттері. Ең кереметі 3-тегеурінді Армияның Берлинге кіргеннен бастап, рейхстагты алғанға дейінгі шайқас жолы тайға таңба басқандай көрсетілген. Кә- дімгі неміс баласына тән ұқыптылықпен жасалған үл- кен жұмыс. Рахымжанға жүз айтқызғаннан гөрі мына- ған бір қарау әлдеқайда түсінікті. Хатында Рахым-
жан жайлы өзінің неміс тілінде шығарған мақалаларын атапты.
1965 жыл. Ұлы Жеңістің 20 жылдығы қарсаңында деректі повесімді жазып бітіп, көңілді жүргем. «Кер- неген кек» деп атадым. Қошқарбаевтың ерлігі туралы баспасөзде көп материалдар шықты: «Правда» газетіне Василий Субботин жазды. «Литературная газета» да жақсы мақала басты. Ақындар да бұл тақырыпқа лап қойды. Ең ғажабы — осы кезде Ұлы Отан соғысы та- рихының бесінші томы шығып үлгерді. Оған еленіп- екшеленіп талай сараптан өтіп, рейхстагты алуда жап- пай ерлік көрсеткен совет жауынгерлерінің ең ерен- дерінің, бұған дейін сирек айтылып, тіпті мүлде ай- тылмай жүргендерінің есімі жазылды. Міне, солардың ішінде Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Була- товтың да аттары бар еді.
Бесінші томды оқығанда менің есіме тағы да Бау- кеңнің «Он исторический человек» деген сөзі түсті. Шынында тарих дегенің мына алдымызда жатқан қалың томдар емес пе.
Біріне-бірі қосылған қуаныштар көбейе берді. Мі- не, соның тағы бірі. ГДР-дан жеңістің 20 жылдығына байланысты Рахымжанға шақыру-телеграмма келді. Карл Кокошконың жазғандарының нәтижесі деп білдім оны.
Бұл хабарға Бәукең қатты қуанды. Өйткені Жеңістің жиырма жылдығы қарсаңында қолға алынып жатқан біраз шаруалар бар-ды. 1964 жылдың ортасында соңғы табылған деректерді қосып, мен тағы да анықтама жаздым. Ол орыс тілінде дайындалғандықтан сол кү- йінде келтірейін. Өйткені қазақша аударғанда кей же- рінің әлсіреп кетуі мүмкін. Әрі бұл ресми документ.
В ЦЕНТРАЛЬНЫЙ КОМИТЕТ КОМПАРТИИ КАЗАХСТАНА
сПРАВКА-ХОДАтАЙстВО
о подвигах, проявленных Рахимжаном Кошкарбаевым и григорием Булатовым при штурме рейхстага
Важнейшим событием завершающего этапа войны с фашистской Германией явилось падение Берлина, а вы- дающимся боевым эпизодом — штурм рейхстага. В тот незабываемый исторический день каждый воин был охвачен жаждой подвига. Поэтому взятие рейхстага и водружение над ним красных флагов и знамени Победы явилось актом массового героизма.
Каждый флаг на стене рейхстага имел свою герои- ческую историю. Они стоили жизни многих наших со- отечественников. Они были символом всенародного неукротимого порыва к победе, они, эти первые флаги, подняли на последний решающий шторм логова фашизма наших славных воинов Советской Армии.
Однако очень долго не было известно ничего о под- вигах первых знаменосцев победы. Впопыхах забыли многих особо отличившихся героев исторического сра- жения. В войне не бывает безымянных героев. Все те, кто проявил высокое мужество, настоящий героизм, имели и имеют имена.
К числу таких относятся лейтенант Рахимжан Кош- карбаев со своим боевым другом Григорием Булато- вым из 674-го полка 150-й Идрицкой стрелковой ди- визии. Они одними из первых ступили на ступеньки
главного оплота врага. Они одними из первых, не щадя жизни, водрузили флаг победы над главным входом рейхстага.
Это подтверждают исторические документы.
Газета «Воин Родины» — орган 150-й Идрицкой стрелковой дивизии, описывавшая ход событий по горячим следам, оказывается, в свое время немало пи- сала о Кошкарбаеве и Булатове. Вот статьи о их под- вигах, опубликованные на страницах газеты: «Они от- личились в бою» (от 3 мая 1945 года); «Они водрузили флаг Победы» (от 5 мая 1945 года), «Двое отважных» (от 16 сентября 1945 года).
Стоит внимания заметка «Незабываемые факты», опубликованная в этой же газете 16 сентября 1945 года. В ней рассказывается: «Первыми достигли рейхстага и водрузили флаг над ним лейтенант Кошкарбаев и красноармеец Булатов. Знамя Победы водрузили над рейхстагом Егоров и Кантария. Первыми в рейхстаг ворвались со своими войсками Сьянов, Грищенко, Неустроев, Давыдов, Логвиненко».
Восхищались героическим подвигом двух отваж- ных известный писатель Борис Горбатов, в то время военный корреспондент, и известный кинооператор Р. Кармен.
Борис Горбатов в статье, помещенной в «Литера- турной газете» от 18 декабря 1948 года, пишет: «В самом деле, пора уже перестать сравнивать воинов нашей армии с орлами и беркутами. Какой беркут может сравниться с казахом Кошкарбаевым, который на моих глазах вместе с другими товарищами водрузил знамя
победы над рейхстагом. Чтобы показать такого героя, нужен совсем иной поэтический строй, иные образы, иная поэзия — поэзия социалистического реализма».
Очень высокая оценка.
Р.Кармен в своей беседе с корреспондентом, которая была опубликована в газете «Казахстанская правда» 8 мая 1949 года, говорит: «Мы сейчас особо остановимся на трудовых делах бывших фронтовиков. С одним из них — с тов. Кошкарбаевым, мне очень бы хотелось встретиться снова. Где он сейчас? У меня сохранились кадры, отображающие доблестного воина в тот момент, когда он прикреплял Красный флаг на крыше рейхстага. Это было в памятный день 1945 года».
Василий Субботин — один из тех, кому был дорог подвиг Кошкарбаева и Булатова, будучи корреспон- дентом дивизионной газеты, в свое время неодно- кратно писал об их мужестве с большой симпатией. К этой теме тов. Субботин возвращался не однажды и в послевоенные годы. Вот перечень его материалов: «На руинах Королевской площади» (альманах «Уральский современник», №10, 1947 год); «У стен рейхстага» (альманах «Крым», №2, 1948 год); «Знамя победы» (журнал «Дружные ребята», №5, 1948 год); «У стен рейхстага» (журнал «Советский воин», №9, 1949 год).
Тов. Субботин — очевидец беспримерного героиз- ма, проявленного нашими солдатами и офицерами в сражении за рейхстаг. В 1960 году в воспоминаниях
«День тысяча четыреста десятый» «Новый мир», №5) он писал: «Если бы газетчики, одни газетчики только,
«расшифровали» свои фронтовые блокноты — сколько
имен вернулось бы из небытия... О скольких таких мы могли бы рассказать как о героях...» Дальше он под- робно описывает, как Кошкарбаев и Булатов совершили свой неповторимый подвиг.
Василий Субботин в одном из поздних воспомина- ний даже выражает такую озабоченность: «Эти пят- надцать лет я просто терзался, что тот подвиг, что был совершен молодым Рахимжаном и Булатовым, как бы забылся. Ничье имя, как бы оно ни было поднято, не должно затмевать других, проявивших столь же вы- сокое мужество».
Это — переживание очевидца, непосредственного участника, в чью память врезалась каждая черточка великой битвы.
Другой очевидец художник армейской газеты
«Фронтовик» П.Кричевский в статье «Особое задание» («Комсомольская правда», 9 мая 1962 г.) пишет: «1 мая (1945 г.) меня вызвали к редактору. Поручили привезти материалы из рейхстага. Как художнику газеты мне часто приходилось бывать на передовой и рисовать лучших людей. Но это задание было особо почетным и важным...
Я сделал портреты героев штурма рейхстага — Зинченко, Неустроева, Самсонова, Кантария, Егорова, Кошкарбаева. И при этом я переживал особое чувство. Это были радость и гордость за нашу великую совет- скую Родину, которая воспитывала таких замечатель- ных людей».
Немаловажный интерес представляет статья пол- ковника Дермана «Историческое сражение», опубли-
кованная в газете «Красная звезда» 30 апреля 1946 года. Она написана по поводу научной конференции, организованной при штабе группы советских оккупа- ционных войск в Германии. На конференции выступил с докладом Герой Советского Союза генерал-полков- ник Малинин. Среди воинов, особо отличившихся при штурме рейхстага, вместе с именами генерала Пере- верткина, генерала Шатилова, сержанта Егорова и Кан- тария, упоминаются в докладе и имена Кошкарбаева и Булатова.
В номере за 9 мая 1960 года в газете «Фрунзевец» опубликовано приветственное письмо Героев Совет- ского Союза М. Кантария и М. Егорова к бывшим вои- нам. Среди тех, кто первыми ворвался в рейхстаг, они также с уважением признают и с гордостью называют Кошкарбаева и Булатова. Это письмо опубликовано под заголовком «Мы шлем вам привет!».
Кроме указанных материалов, на страницах респуб- ликанской печати Казахстана были опубликованы материалы казахского журналиста Какимжана Казы- баева, который, ссылаясь на достоверные исторические документы, подробно рассказывает о подвигах Кошкар- баева и Булатова. Вот перечень его материалов: «Под- виг молодого казаха» (газета «Лениншил жас» от 21 февраля 1958 г.); «Джигит, водрузивший флаг над рейхстагом» (газета «Социалистик Казахстан» от 21 сентября 1960 г.); «Первый флаг над рейхстагом» (журнал «Жулдыз», №11, 1960 г.); «Знамя победы над рейхстагом» (журнал «Простор», №5, 1961 г.).
Документы, события последних лет не только под-
тверждают, но и дают право еще с большей уверен- ностью и гордостью говорить об историческом под- виге Кошкарбаева и Булатова. Самым выдающимся среди них является выход в свет (1963) пятого тома
«Истории Великой Отечественной войны 1941 — 1945 гг». В этом томе ход штурма рейхстага описан на основе тщательного изучения, анализа и сопоставления фактов, документов и личных воспоминаний. Теперь в
«Историю» внесены прежде неведомые имена участ- ников исторического штурма, в том числе Кошкарбаева и Булатова.
После выхода пятого тома центральные газеты дали ряд материалов, посвященных историческому событию
- взятию рейхстага («Правда» — «Как было водру- жено знамя Победы» — от 9 мая 1963 года; «Лите- ратурная газета» — «Повесть огненных лет» от 25 фев- раля 1964 года; «Комсомольская правда» — полоса
«Знаменосцы» от 30 апреля 1964 года). Во всех этих газетных статьях о Кошкарбаеве и Булатове пишется как о воинах, совершивших действительно героичес- кий подвиг, о котором никогда не забудет советский народ.
На совещании участников исторического штурма, созванном отделом истории Великой Отечественной войны Института марксизма-ленинизма при ЦК КПСС в декабре 1961 года, предшествовавшем выходу пятого тома, бывший командир 150-й штурмовой стрелковой дивизии, ныне генерал-лейтенант В.М.Шатилов внес такое предложение: «Прошу председателя редколлегии истории Великой Отечественной войны просить Пре-
зидиум Верховного Совета СССР о награждении то- варищей, которые были представлены, но остались не награжденными. Считаю и прошу из 150-й дивизии присвоить звание Героя Советского Союза за штурм рейхстага:
- Полковника запаса Плехаданова Алексея Дмитрие- вича;
- Лейтенанта Рахимжана Кошкарбаева;
- Рядового Григория Булатова;
- Старшего лейтенанта Береста Алексея Прокофьевича;
- Старшего лейтенанта Гусева Кузьму Владимировича;
- Сержанта Шербину Петра;
- Сержанта Пятницкого Петра (посмертно).
Я высказываю общее мнение участников совещания».
К этому следует добавить, что Кошкарбаев и Булатов в свое время были представлены к званию Героя Советского Союза. Реляция об этом до сих пор лежит в архивах Генерального штаба Советской Армии. (По всей вероятности, ходатайство военным командованием о присвоении звания Героя Советско- го Союза Р.Кошкарбаеву было отклонено по причине необоснованной репрессии его отца в 1937 году).
Таким образом, свыше 50 имеющихся достоверных документов свидетельствуют о том, что двадцать лет тому назад Р.Кошкарбаев и Г.Булатов действительно одними из первых совершили героический подвиг, водрузив красный флаг над рейхстагом... И на мирном поприще они сейчас вносят свой скромный вклад в строительство коммунизма.
Мы поддерживаем предложение участников сове- щания штурма рейхстага. Ходатайствуем в связи с двад-
цатилетием Победы Советских Вооруженных Сил во второй мировой войне о присвоении Р.Кошкарбаеву и Г.Булатову звания Героя Советского Союза.
г. МУсРЕПОВ,
член ЦК КП Казахстана, депутат Верховного Совета Казахской ССР, первый секретарь правления Союза писателей Казахстана
г. МУстАФИн,
депутат Верховного Совета СССР, писатель
И.ШУХОВ,
депутат Верховного Совета Казахской ССР, писатель
А. тАЖИБАЕВ,
член Президиума Верховного Совета Казахской ССР, писатель
Баукең соңғы абзацын былай деп өзгертті, қалған бір сөзіне тиген жоқ.
«Мы поддерживаем предложение участников сове- щания штурма рейхстага. Ходатайствуем в связи с дватцатилетием Победы Советских Вооруженных Сил во второй мировой войне присвоить Р.Кошкарбаеву и Г.Булатову звания Героя Советского Союза».
Менің бір байқағаным, Баукең ресми қағазға өте шебер болатын. Жұтындырып жібереді. Соған қара- ғанда, соғыс кезінде жауынгерлерін наградаға ұсын- ғанда документтерін ылғи өз қолынан өткізген болу керек. Өйткені өте жаттыққан қол.
— Қағазға жан бітіріп жазсаң, жерде қалмайды, —
дейтін әзіл-шыны аралас. Бұл да ол кісіден алған үлкен сабақтардың бірі еді.
Осы документтің менде қалған бір данасына Баукең былай деп жазыпты. «Бұл тақырыпта Г.М.Мүсірепов- пен әңгіме болды, оған бірінші данасын қалдырдым. 15 июль, 1964 жыл. Б.М.Момышұлы».
Ендігі үміт Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінде. Онда мәселе ұзақ қаралды. Ол заңды да. 1965 жылдың 7 апрелінде ғана Қазақстан Компартия- сы Орталық Комитетінің Президиумының (ол кезде Бюро емес, осылай аталатын) мынадай қаулысы қа- былданыпты.
О представлении т. т. Кошкарбаева Р. и Булатова г.П. к присвоению звания
героя советского союза
1. Просить ЦК КПСС рассмотреть вопрос о при- своении звания Героя Советского Союза т.т. Кошкар- баеву Р. и Булатову Г.П. за подвиг, совершенный в пе- риод Великой Отечественной войны 1941—1945 г.г.
Утвердить текст записки в ЦК КПСС по этому вопросу и характеристику на Кошкарбаева Р.
секретарь ЦК КП Казахстана
Д. КУнАЕВ.
Бұл документті ол кезде адамдардың аз ғана тобы білетін. Сеніміміз күшті болды. Өйткені алпысыншы жылдағыдай емес, еліміздегі жоғары билік басында жаңа адамдар. Жаңа көзқарас жаңа ықылас болар деп күттік. Оның үстіне мынадай ресми қаулы қабылда- нып отыр. Тап осы кезде Рахымжанның ГДР-ға шақы- рылуы, әрине, бәрімізді қуантты.
Бірақ оны жіберуге байланысты аяқасты бір мәсе- ле туды. Ол кезде Рахымжан қаланың ортасындағы моншаның директоры болып істейтін.
- Оу, қазақтар, білдей бір батырларың ертең ГДР- ға барғанда, қазір не істейді десе, не айтасыңдар, мон- шаның директоры дейсіңдер ме?! — деді Баукең.
Бұл шынында ойланатын жай болды. Соншама аты шыққан батырына қазақтардың берген жұмысының тү- рін қара демей ме! Бетке басып айтпаса да, солай деп ойлауы мүмкін ғой. Тағы да қаракет.
Обалы не, сол кездегі Алматы қалалық Совет атқару комитетінің председателі Есен Дүйсенов жағдайды бірден түсінді. Екі күннің ішінде Рахымжан Қошқар- баев монша директорлығынан қалалық коммуналдық және көркейту басқармасы бастығының орынбасары болып шыға келді.
1965 жылдың 2 майы күні, түстен кейін Рахымжан- ды Москваға шығарып салдық. Одан әрі Берлинге бармақ. Жиырма жылдан соң жеңіс тойын Берлинде өткізбек. Бұл оған деген үлкен құрмет еді.
Мен Рахымжанның рейсін айтып, Москваға Васи- лий Субботинге телефон соқтым. Ол кезде оның «Со- ғыс осылай бітеді» деген кітабы жарық көрген-ді. Со- нау бір сұрапыл күндері «Воин Родины» атты дивизия газетінің тілшісі, ендігі белгілі ақын Василий Ефи- мович рейхстагты алуды егжей-тегжейлі дәйектеуде көп еңбек сіңірді. Қалам иелерінен сол бір тарихи оқиғаға ең жақын жүрген, бәрін көзімен көрген адам- ның ақиқат жазбалары орталық газеттерде жоғары ба- ғаланды.
5-май. Василий Ефимович Москвадан телефон соқты. Көңілді екен.
- Кәкімжан, жақсы бір оқиғаны айтқым келіп тұр. Рахымжан бүгін «Голубой огонектің» мерекелік программасына қатысты. Сергей Сергеевич Смирнов менің әңгімелерімнен Рахымжанды жақсы білетін. Москвада екенін естігенде, дереу орталық телестудияға жіберуді сұрады. Тіпті өзі машина жіберіпті. Содан Покрышкин, Кожедуб, Сабуров, Маресьев секілді әйгі- лі ерлермен бірге Рахымжан «Голубой огонекте» отырды. Оның Берлинге кетіп бара жатқанын айтып, бірінші сөз берді. Көрген шығарсыздар.
Мен, өкінішке қарай, көре алмағанымды айттым. Бірақ үстінен тау жүрсе қозғала қоймайтын осынау сабырлы адамның тебіренісін жақсы түсіндім. Ол те- біреніс менің өз архивімде сақталған мынау хатында да атой салып тұр: «Қымбатты Кәкімжан Қазыбайұлы! Сіз мені дұрыс түсініңіз, мен Рахымжанды қандай ас- қан қуанышпен қарсы алдым. Жолдаған сәлеміңізге рақмет! Біз көп мәселе жөнінде сөйлестік, көп нәрсені еске алдық, өте әдемі ортақ тіл таптық. Рахымжанның сол баяғы қалпында екеніне мен қуаныштымын. Сізге көмектесуге әзірмін. Сіздің менің тындырғанымнан әл- деқайда көп нәрсені тындыруыңызға тілектеспін. Бірақ мен де ол туралы жазуға әлі қайта ораламын.
Сізбен жүздескім келеді. Мүмкін Алматыға келіп қайтармын. Оны қалай ұйымдастыруға болады?
Рахымжан Сергей Сергеевич Смирновпен само- леттен түсе сала қалай кездескенін өзі айтар. Бұл бір ұмытылмас оқиға. Ол енді Берлинде де болып қайтады. Рахымжанның ерлігін жұрт кеңірек білу үшін біз қол- дан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бұл орайда өз- деріңізде Қазақстанда көп нәрсе жасауға болады.
Сіз арқылы қымбатты Бауыржан Момышұлына сәлем жолдағым келеді. Қолыңызды қатты қыстым.
Өзіңіздің Василий Субботиніңіз.
5 май, 1965 жыл».
Сергей Сергеевич ол кезде жеңіске байланысты
«Голубой огонек» хабарларын жүргізетін-ді. Атақты
«Брест қамалы» кітабының авторы. Брест — Берлин. Соғысқа қатысқан Субботин тұрғай бұл жайға мен де тебіреніп кеттім. Мынау дүрмекті жеңіс тойы сирек тағдырлы адамдарды қалай-қалай тоғыстырып жа- тыр!..
Рахымжан Берлиннен өте көңілді оралды. 8 май- да ГДР-дің ұлттық мерекесіне байланысты үлкен сал- танатқа қатысқан. Еңбек коллективтерінде кездесу- лерде болған.
- Толғанып келдім, тебіреніп келдім,— деді Рахаң ойлы жүзбен. — Бұдан жиырма жыл бұрын соғыс бізді ерте есейтті десек те бала екенбіз ғой. Бар болғаны 21 жаста екенмін онда.
Бұдан әрі Рахаң өзінің әдемі қалжыңына басты.
- Онда не, ат деді — аттық. Тарт рейхстагқа деді — тартып отырдық. Осының бәрін енді ойласаң...
Рахаң қайтадан салиқалы әңгімеге көшті.
- Иә, енді ойласаң, түсіну, тұжырымдау биігің мүл- де басқаша. Мына бір оқиғаның куәсі болдым. Қаланың бір мектебінде кездесу өткізілді. Айтқандарымды оқу- шылар ұйып тыңдап отыр. Мұғалімдер де, ересек адамдар да бар. Мен қатарлы бір неміс тұнжырап жерге қарай береді. Ар жағында әлем-тапырақ бір дауыл бардай. Кездесу біткен соң, әлгі кісі қасыма келді де,
қолымды алды. Өзінің сөздерін аударуды сұрады. Ау- дармашы — Карл Кокошко қасымда дайын.
- Өте жақсы айттыңыз, жолдас лейтенант. Ол күн- дерді ұмытуға болмайды. Қуанышын да, опығын да ұмытпауымыз керек. Мен сол опық жеушілердің бірі- мін. «Гиммлер үйінің» қасында жатқандарыңызда сіз- дерге қарсы мына мен оқ аттым. Сол бір сарыауыз жас кезімде фашизм миымды мықтап улап тастапты. Опық жейсің бе, жоқ па?! Шүкір, соғыстан кейінгі өмір жанымызды тазартты. Жаңа өмірдің қадірін де, ұлылығын да ұқтық. Жаңа Германияның, жасампаз Германияның азаматымын. Бұл бүгін үлкен мақтаныш. Мынау жас ұрпақ, келер ұрпақ жауыздық дегенді біл- месінші! Жандары достық шуағымен нұрлансыншы! Ендігі өмірді осыған біржола арнасақ, кешегі күнәміз кешіріле ме? Арамзалықтың мен секілді алдауына түскен бейкүнәлер соғыс кезінде қаншама еді. Бүгінде олардың да мен секілді ауық-ауық ар азабына түспесіне кім кепіл?!
Әлгі адам жылап жіберді. Шын жүрек жарды сөз екеніне еш шүбә келтіргем жоқ. Аяп кеттім. Елін ғана емес, адамдардың жанын да жаңартып жатқан неміс достардың қадамына нұр тіледім. Карл айтпақшы, ол күрестің жеңіл емес екендігіне көзім жеткендей болды. Совет еліне деген ГДР-дағы бүгінгі ынта-ықылас мөлдір де тұнық. Демек, бекер қан төкпегенбіз, бекер құрбан болмағанбыз. Бейбіт елдің босағасын көріп қайттым. Бұл неміс халқының жаңа тарихының басы деп түйдім. Арада үш ай өткен соң, Берлиннен тағы жақсы хабар жетті. Кеме жасайтын верфтегі бір бригадаға Рахымжанның аты беріліпті. Бір мектептегі пионер
отряды Рахымжан Қошқарбаев атындағы отряд деп аталыпты. Бұл жаңалықтар жайлы Карл Кокошко қуа- на хабарлады. Бригада мүшелерінің тізімін жіберген. Социалистік еңбек бригадасы атағын алу жолындағы жарысқа қосылған олар. Рахымжанның үлкен пор- третін жіберуді сұрапты.
Неміс достарға, осы істің бәріне мұрындық болып жүрген әріптесім Карл Кокошкоға мың да бір рақ- метімді айттым. Рахымжанды бес жыл сарыла бекер іздемегенін ол тағы да дәлелдеді. Совет Одағына келген әр сапары бір кітап. Өзі суретке де жақсы түсіреді. Фотоиллюстрациялары сондай жанды. Совет елінің, советтік өмір салтының тынымсыз насихатшысы. Ма- засыз мамандықты қалап, маңызды іс атқарып жүрген ақ ниет азаматтың бірі. Неміс халқының соғыстан ке- йінгі ұлағатты ұрпағының өкілі деп түсіндім.
Неміс достар ондай ілтипат көрсеткенімен, өзіміз- дегі дәмеленген қаракеттен ештеңе шықпады. Дүріл- деп ұлы Жеңістің 20 жылдығы да өте шықты, бірақ Рахымжан жөнінде Москва үндемеді.
Көңіліміз күпті болғанмен Қошқарбаевқа деген халық құрметі еселеп арта түсті. Оның толып жатқан дәлелі бар. Біреуі қадірлі Ілекеңнің мынау хаты:
«Қалқам Рахымжан!
Ұлы Отан соғысының жеңісіне ширек ғасыр бол- ды. Бұл күні біз келешек үшін құрбан боп кеткен көп азаматтардың аруағы алдында басымызды иеміз, фа- шизмнің қанды ордасын талқандап, шаңырағына со- веттік алқызыл ту тіккен ерлерімізді мақтан етіп, құ- шақтап сүйеміз. Жас та болсаң, ерлікке бас болған қас батырларымыздың сапында сен тұрсың, Рахымжан.
Әңгіме атақта емес, адамзаттың бақытына қосқан үлесте ғой. Сен бізге істеген ерлігіңнің мән-мазмұны- мен қымбаттысың.
Мерекең құтты болсын, інім, көп жаса! Үй-ішіңе бақыт тілеймін.
Ағаң Ілияс Омаров. Алматы, аурухана, 6 май, 1970 жыл».
Осы бір жүрегі шуақты адам кездескен сайын:
- Рахымжаның аман ба, батырың сау ма,— деп сұрайтын менен. Ежелден таныс адамдай елжірей, жұмсақ сөйлесетін. Өзіңді рухани байытып тастай- тын. Сондай адамдардың өмірден ерте кеткені қандай өкінішті. Ілекеңнің бойында біздің халқымыздың бар мейірі жататындай көрінуші еді маған.
Жақсы адамдар ой жағынан бір-біріне ұқсай беретін болса керек. Баукең бір күні:
- Адам ер атанайын деп ерлік жасамайды. Асыл парызын орындап атаққа ілінеді. Рахымжанның жұл- дызы болмаса да, ол қазір жұлдызды батырлардан әлдеқайда әйгілі. Мен, мысалы, жұлдызым жоқ-ау деп ешқашан өкінген емеспін. Халқымның құрметі жұл- дыздан артық мен үшін. Шүкір, сол құрметке Рахым- жан да бөленіп отыр, — деді.
Қандай ұқсастық, Ілекеңнің «Әңгіме атақта емес» деген сөзі мен Баукеңнің «халықтың құрметі жұлдыз- дан да артық» деген ойлары бір-бірімен қалай кірігіп жатыр?!
Енді Жеңістің жиырма бес жылдығы жақындап қалған. Осы қарсаңдағы бір кездесуде Баукең өзіне-өзі есеп бергендей болып отыр екен.
- Момышұлы не бітірді? Мүмкін, біреулер ол
айқайлағаннан басқа түк бітірмей жүр дейтін шығар. Жоқ, қателеседі! Жазып қой, есіңде жүрсін.
а) Мен 1800 документті Қазақстанның Орталық архивіне өткіздім. Онда көп сыр бар.
б) Мен осы үстіміздегі 1968 жылы екі том болып қазақ тілінде шығайын деп жатырмын. Тиражы 180 мың.
в) Мен орыс тілінде шыққалы жатырмын. «Бауыр жан Момышұлы. Әскери әңгімелердің жинағы». Кө лемі 40 баспа табақ.
г) Мен «Наука» бапасы арқылы орыс тілінде шық пақпын. Көлемі 40 баспа табақ. Президент Есенов ол жоспарды бекітті.
д) Мен 280 мақала жазыппын. Негізгі тақырыбы әскерипатриоттық тәрбие. Ең алдымен жастар үшін.
е) 1970 жылы В. И. Лениннің туғанына 100 жыл, Қазақ ССРіне 50 жыл, Ұлы Жеңістің 25 жылдығы. Б.Момышұлына — 60 жыл. Бұл айтулы датаға екіақ жыл қалды. Әдебиет пен өнерде дайындық жұмысын жүргізу үшін тіпті «Шабан үйрек бұрын ұшады», қимылдау керек.
и) Осы тұрғыдан солдат фольклорын жинап бас тыру жөнінде Есет Әукебаевқа айттым. Бұл біздің тарихымыз. Мұны «Солдат естеліктері» деп атаса да болар.
к) Қазақстан интернационализмнің ордасы. Кітап шығару керек. Әзірге атын «Халықтар достығының шуағы» десе де болар. Бұл тақырыпты мен Дмитрий Снегинге сене аламын. Құрығанда 1 том.
л) Мен 100 процент қазақпын. Бірақ орыс тілінде
жазамын. Қазақтардың «тышқан тірлігінде» шаруам жоқ. Ол тірлік — творчествоның жауы.
- Мынауыңыз жатқан бір үлкен программа ғой, Бауке, — дедім.
- Мен дивизияны басқарған адаммын. Қорғаныста жата берсең — құрисың. Шабуылды күні бұрын жос- парлау керек.
Сөз орайы келіп қалған соң ірке алмадым.
- Рахымжанды қайтеміз, Бауке?
- Ол батырың мынау «Алматы» қонақ үйінде жаңа қырынан ашылған сияқты. Жұрт мақтап жүр ғой. Яғни біз қателеспегенбіз. Тегін адам таз болмайды.
Баукеңе Рахымжанды коллективінің өте жақсы көретінін айттым.
- Самое трудное искусство — это работа с людьми. Солдат жүрегіне жол таппаған командирдің өмірі қыс- қа. Яғни Рахымжан өзінің шынайы орнын тапқан. Бұл істе сенің де үлесің бар.
- Жеңістің 25 жылдығы. Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстаг... — деп Баукең естірте біраз ыңылдап отырды да, — бұл батырымызға Ғабит Мүсіреповтің ықыла- сы әбден ауыпты. Ол кісі бір сөздің өзін жазайын ба, жазбайын да деп он сағат ойланады. Ал адам жөніндегі оның талғамы тіптен жоғары. Ғабиттің көңілінен шы- ғу пайғамбардың көңілінен шығумен тең. Сол кісімен сен ақылдасқайсың. Бұл шаруаны бастаушының бірі өзі ғой. Менің пікірім, если хочешь знать, Рахымжан жөнінде орта жолда қалуға болмайды. Ұқтың ба?
Осы кездесуден, Ғабеңмен ақылдасқаннан кейін жоғары жаққа Жеңістің 25 жылдығына байланысты Рахымжанның ерлігін, уақыт өтсе де, әділ бағалау жө-
нінде тағы бір тілек кетті. Оған Қазақстан Жазушылар одағының секретары, СССР Жоғарғы Советінің Ұлт- тар Советі председателінің орынбасары, партизан от- рядының бұрынғы командирі Ә.Шәріпов, Совет Ода- ғының Батыры, панфиловшы гвардия полковнигі, фи- лология ғылымының докторы, профессор, СССР Педа- гогика ғылымдары академиясының Президиум мүше- сі, академик М. Ғабдуллин, Азамат соғысына қатысушы, 28 батыр шыққан полктің бұрынғы комсоргі, отставка- дағы гвардия майоры Б.Жетпісбаев, запастағы гвардия полковнигі, Панфилов дивизиясындағы артиллерия полкінің бұрынғы командирі, ғалым-агроном, жазушы Д.Снегин, отставкадағы гвардия майоры, панфиловшы, тарих ғылымының кандидаты, доцент А.Кузнецов, отставкадағы қатардағы гвардияшы (28 батырдың бі- рі), Совет Одағының Батыры А.Шемякин, медицина қызметінің гвардия аға лейтенанты В.И.Панфилова, бұрынғы сержант, рейхстаг шабуылына қатысушы, Со- вет Одағының Батыры И.Сьянов, генерал-майор, Совет Одағының Батыры С.Нұрмағанбетов, запастағы лей- тенант, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты Ж.Молдағалиев, запастағы гвардия полковнигі, Пан- филов дивизиясындағы 19-полктың бұрынғы коман- дирі, әскери академияда жоғары тактика және опера- тивті өнер жөнінде аға оқытушы болған, жазушы Б.Мо- мышұлы, атақты партизан, ковпакшы Қ.Қайсенов, екі мәрте Совет Одағының Батыры С.Луганский қол қой- ды. Бұл 1969 жылдың 29 январы болатын. Сөйтіп бұл документ Жеңістің 25 жылдығынан бір жарым жыл бұрын, өмірге келді. Оған да жауап болмады.
Майдандас жерлестерінің ерлігін ерекше құрметте- ген аға-інілерінің бұл әрекетін Рахымжан, әрине, білген жоқ. Нәтижесі әлі белгісіз дүниені жария етіп керегі не?! Оңға баспай қалса, адам жанын жаралау оп-оңай ғой. Ол қонақ үйде директор болып жұмысын істей берді. Айналасындағыларды бір кездегі ерлігімен ғана емес, ақжарқын мінезімен, адамдарға деген ерекше қайырымдылығымен, күлкіге көміп жіберетін көңілді қалжыңбастығымен баурай берді. Республиканың об- лыс-облыстарында әскери бөлімшелерде көптеген кез- десулер өтті. Соғыс ардагерлерінің арасында жарып шығып, жарқырап сөйлеп жүрді., Өзінде келбет десе келбет те бар ғой. Жастарға патриоттық тәрбие беру- ге аянбай атсалысты. Сөйте жүре кітап жазды. Оны- сы орысша, қазақша шықты. Рахымжан туралы сүйіс- пеншілікке, жылы ықыласқа толы аңыздар туды. 30 апрель және Жеңіс күндері оған еліміздің тұс-тұсынан келетін құттықтауларды санап болмайтын. Достары 30 апрельді — рейхстагқа ту тіккен күнді Рахымжанның қайта туған күні деп атап жүрді.
Рахаңның талай той басқарып, үлкен дастарқандар- ды жүргізгенін көрдік. Онымен бірге болған күні ра- қаттанып, демалып қайтасың. Күлкіден тамағың құр- ғап, ішегің қатады. Жас әншілер, күйшілер қашан да Рахаңның төңірегінен табылатын, қонақ шақырса, мін- детті түрде үйінде не әнші, не күйші отыра-ды. Жақсы әндердің, жаңа әндердің жазылып алынған лентасы өз алдына үлкен бір жәшік. Әлиясының музыка мектебін- де оқығаны да бекер болмаса керек.
Тағы бір ерен қасиеті — сирек кездесетін тазалығы. Үстіне қыл жуытпай жүретін нағыз кербездің өзі еді. Қонақта болғанда:
- Кісі шақырғанда ғана үйін жинайтын келін емес пе екенсің?! Әйел ұсынақты болса ғана тамағы дәмді. Мен коммунальникпін, ол жер, бұл жерді көріп алайын,— деп күлдіріп жүретін.
Оның үстіне сәлем бергенге сандығын ашып тас- тайтын шүленнің өзі. Жақсылық жасасам, жәрдем ет- сем деп тұрады. Мейірлілігі, үлкенді де, кішіні де үйі- ріп әкететін құдіретті қарапайымдылығы қашан да қайран ететін.
1969 жылы біздің кіші ұлымыз туғанда, сүйінші сұрап Рахаңа өзім бардым. Құшақтап, бетімнен сүйіп, көзіне жас алды.
- Батыр туды деші. Бақытты болсын! Соғыстың емес, бейбіт өмірдің батыры болсын!
Содан ол «Батыр» атанып кетті. Кіндік әкесі Рахаң. Перзентханадан өзі көтеріп алып шыққан. Есі кіргелі кіндік баласы Рахаңды 30 апрель күні ылғи құттықтап тұрады. Өйткені бұл бәрімізге ыстық Рахаңның секунд сайын ажал төніп тұрғанда аман қалған, отпен өрілген өмірбаянының жазылған күні.
Батырдың даусын естіген сайын Рахаң айналып- үйіріліп жатады. Бір жаққа шықса, кіндік баласына сар- қытын, ойыншығын сүйрей жүргені. Ауырып қалса, бәйек болып әке-көкелеп ат ізін құрғатпайды.
Батыр да Рахаңның ақ жүрегін біліп алған. Ашу- ланса, «өз үйіме кетемін» деп бізді қорқытады. Мұны естігенде Рахаңда ес қалмайды, рақаттанып мәз бола- ды.
Ал Бәукең болса, 1969 жылдың 29 январында өзі- нің үлкен суретінің сыртына «Батыр ұлыма Батыр ата- сынан» деп жазып берді.
Қос батырдың сол баласын күтпеген жерден бір әре-
кет үстінен көрдім. Сонау 1961 жылы Польшаға барған сапарымда Освенцим концлагері жайлы біраз материал жинап келгем-ді. Кезінде ол сапар жайлы жолжазба да шыққан. Бір нәрсе іздеп, ескі қолжазбаларымды ақ- тара қалдым. Қағаздардың арасынан Освенцимдегі азапты өмірдің фотодокуметтері шықты. Балалық әуес- тікпен Батыр әлгілерді сұрап алды. Мен бәрін қолына ұстата салдым да, басқа бір нәрсеге алаңдап шығып кеттім. Қайтып келсем, бір суретті еденге қойып, ба- лам тепкілеп жатыр. Аңырып қарап қалыппын. Жерде жатқан Освенцим лагері қақпасының алдында шіре- ніп тұрған Гиммлер мен атышулы Гесстің суреті. Ба- тыр ызаланып тұрып дәл беттерінен, тұмсықтарынан тепкілейді.
Мына көріністі ас үйден ертіп келіп мамасына көр- сеттім.
- Рахаңның баласының істеп жатқанын көрдің бе?! Екеуміз қарап тұрып қалдық. Бала бізді әлі байқаған жоқ. Кішкентай жүрегінің әмірімен өзінше әлек болып
жатыр...
Соғыстың не екенін кинодан, телевизордан ғана білетін ұрпақ өкілінің істегені әлгі. Сурет екеш суреттің өзі жиіркенішті көрініп кетсе керек...
Көңілім бір түрлі алабұртып, ойлар бірін-бірі қуа- лап жүріп берді. Жаңағы болымсыз ғана көріністің өзінде қаншама сыр жатыр! Алдымен Рахаңа жеткізгім келді.
Сол Рахаңа байланысты мына бір кездесуді ұмыту мүмкін емес. 1973 жылдың сентябрі. Алматыға Азия және Африка елдерінің жазушылары жиналып жатқан. Қонақтарды негізінен қабылдайтын «Алматы» қонақ үйі. Оның директоры Қошқарбаевтың танауына су жет-
пей жүр. Конференция қонақтарына байланысты бір шаруамен келе қалғам. Сөйлесіп отыр едік, Рахаңның кабинетіне ұзын бойлы арықтау келген орыстың мос- қал азаматы кірді. Үстіндегі киімі өте қарапайым. Мен қонақ үйден орын сұрап жүргендердің бірі екен деп қалдым. Рахаң көрді де, орнынан атып тұрды.
- Сергей Сергеевич!
- Мой дорогой Рахимжан!
Енді білдім. Бұл келген кісі кәдімгі өзіміздің Смир- нов екен. Екеуі құшақтасып бір-бірінің арқасынан қа- ғып ұзақ тұрды. Рахаң менімен таныстырды.
- Сыртынан білемін бұл кісіні. Василий Субботин айтқан. Екеуміз тағдырлас сияқтымыз,— деп жымиып күлді.
Шүйіркелесіп ұзақ отырдық.
- Қала қандай тамаша! Бірінші рет болуым еді. Алматы шынында да сұлу екен. Мынадай қонақ үйді батырына басқартқан республикаға рақмет!
Бұдан сегіз жыл бұрынғы Москвадағы «Голубой огонекті» еске алдық.
- Сенің сол күнгі келуің хабарымызға бөлек маз- мұн берді. Ғажап болды., Өзің және Берлинге бара жа- тыр екенсің. Ондай кездесу сирек болады. Орталық те- лестудия ол күнгі хабарды алтын қорына өткізіп, өте дұрыс жасады. Видеозаписті әлі талай ұрпақ көретін болады. — Осы сөздерді айтқанда Смирнов көзі кү- лімдеп қуанышын жасыра алмады.
Біз әңгімені 8 сентябрьде, Рахымжанның үйінде, дастарқан үстінде жалғастырдық. Рахаңның жұбайы Рақиланың былқытып асқан етін, қою шайын Сергей Сергеевич шын көңілден мақтап отырды.
- «Бесбармақ» жөнінде көп естуші едім. Бірақ
көріп отырғаным осы. Ғажап екен! Бас-сирақ, қазы- қартаға қарағанда барлық ереже сақталып асылған болуы керек.
- Ережеден асып түсіп жатқан жері де бар,— деп біз күлдік.— Ет асуда Алматыдағы асқан шеберлердің бірі осы Рахаңның бәйбішесі. Батыр адам анау-мынау әйелді ала ма?!
Сергей Сергеевич еттің әр түрін, әр жіліктің жон- жосығын сұрап отырды. Қазақта қонаққа қандай жі- ліктің асылатынын айттық. Ықылас қоя тыңдап, анда- санда блокнотына әр нені түртіп отырды.
Рахымжан бұл кездесуге «Брест қамалының» Қа- зақстандағы бір кейіпкері Нұрым Сыдықовты әйелі- мен, қанды көйлек досы Жанша Жанасовты әйелімен шақырыпты.
- Бұл күнді көре аламыз дедік пе?— Нұрым көзіне жас алып, қайта-қайта Сергей Сергеевичті құшақтай берді.
Майдангерлер. Сұрапыл соғыстың ең қиын кезін бастан кешкендер. Майдан сыры, ерлік жыры тоғыс- тырған тағдырлар. Кешегі күрестің, бүгінгі бақыттың мәніне тереңірек үңілдіре түсетін өмірбаяндар. Бәріміз де толқып отырмыз.
Сергей Сергеевичтің сөзі тіпті тебірентіп жіберді.
- Мына Нұрым бұл күнді көре аламыз дедік пе дей береді. Иә, бәріміз де бір кезде солай ойлағанбыз. Бірақ, міне, көріп отырмыз. Көңілді отырмыз, шаттық құшағында шалқып отырмыз. Әлі де шалқи бергіміз келеді.
Бұл үшін біз, ең алдымен, анау қаза болғандарға, бүгінгі күнді көре алмай кеткендерге, қабірінің қай жерде екені де белгісіз қаһармандарға қарыздармыз.
Шын мәнінде олар белгісіз емес. Есімі де, ерлігі де біз- дің есімізде. Елжіресек, мұңайсақ, жасығандығымыз емес, соларды қиматандығымыз. Қайраттансақ, құл- шынсақ — олардың аруағының алдындағы парызы- мызды түсінгендігіміз, олар бізге өмір сүруді өсиет етті.
Бүгінгі бақытты күн үшін мынау отырған тірі қал- ғандарға, сұрапыл шайқастың өтінде болып, аман орал- ғандарға, Нұрымдар мен Рахымжандарға қарыздар- мыз. Осылардың бойынан кешегі қаза тапқандардың қасиеттерін тұтас көргендей боламыз. Бұлар — өлген- дердің ерлігінің, тірілердің үмітінің бейнесі.
Рахымжан, қызының атын Әлия деп әдемі қой- ғансың. Әлия тарихта ғана қалмапты, бүгінгі ұрпақтың арасында да жүр екен. Ерлік өмірдің өлмейтіндігі осы! Біз бүгінгі ұрпақтың алдында қарыздармыз. Олар- дың ертең қалай күресе алатыны бұларға кешегі ерлік дәстүрді біздің қалай жеткізе білуімізге байланысты. Бұл жалғаса беретін жалықтырмайтын еңбек. Елімізді, оның бүгінгі азаматын ерлік дәстүрге баулудан қадірлі
қандай парыз болмақ?!
Мына Рахымжандар, Нұрымдар арамызда қанша жүреді? Бірінің жүрегі, бірінің басы ауырады. Кешегі сұрапыл соғыс, өлгендер өз алдына, тірі қалғандардың да жасын қысқартты емес пе?! Ол майдангерлер ден- саулығынан енді-енді көріне бастады. Үлы Отан соғы- сының ардагерлері барған сайын азайып барады. Жыл өткен сайын олардың сирей беретіні ақиқат. Бұл өмір заңы. Ендеше «қап» деп санымызды соғып жүрмейік. Асығайық. Бұлар жөнінде айтып қалуға шартымыздың келмегені, шабандығымыз үшін мына бүгінгі Әлиялар жазғырып жүрмесін.
Мен Рахымжанның үйінде отырғаныма толқып тұрмын. Айналама қарап қоям. Жинаған жиһаздарына емес, анау суреттерге қараймын. Әне, Алексей Маре- сьевпен бірге түсіпсің, Иван Кожедуб екеуің жарқырап және тұрсың. Атақты ұшқыш Талғат Бигелдинов, Қа- сым Қайсенов — Қазақстанның даңқты партизаны, Сағадат Нұрмағамбетов — кешегі Үлы Отан соғысы- ның Батыры, бүгін генерал-лейтенант. Шын тарихи сурет ана — рейхстагтың қасындағы Степан Неустро- ев, Рахымжан Қошқарбаев, Михаил Егоров, Мелитон Кантария. 1946 жылы Жеңістің бір жылдығында түскен екенсіңдер. Дұрысын айтсақ, баспасөзге керек бо- лып, сендерді солай түсірген ғой. Сирек тағдырлар, әр жылғы сирек кездесулер. Мынау жазушылар конфе- ренциясының Алматыда өткені қандай жақсы бол- ды! Рахымжан, сені тағы көріп, сенің, міне, үйіңде отырмын. Кәне, осындай кездесулер үшін! Бір-бірімізді құшырлана іздеп жүру үшін! — деп тебірене тост көтерді Смирнов.
Осы тостан кейін Сергей Сергеевич Рахымжанға сол жылы шыққан таңдамалы шығармаларының үш томдығын сыйға тартты. Оған былай деп жазды:
«Қымбатты Рахымжан Қошқарбайұлына, Рейхстаг шабуылының батырына, оның сүйкімді семьясына шын достық ықыласпен ұсынушы С.С.Смирнов.
8 сентябръ, 1973 жыл».
Бұл таңдамалылардың бір-бір данасы сол жерде отырған бәрімізге де тиді. Сол күні бәріміз бірге Көк- төбеге бардық. Суретке түстік. Сергей Сергеевич өте көңілді болды...
Осындай адам үш-ақ жылдан соң арамыздан мүлде кетеді деп кім ойлаған. Газеттен көріп, Рахымжан екеуіміз қатты қайғырдық. Үйге келіп, сонау 1973 жы- лы магнитофонға жазылып алынған сөзін тыңдадық. Сергей Сергеевичтің даусын естігенде, көзімізге жас келді. Сөздері қандай! Тура өлерін біліп айтқан адам- ның өсиеті секілді.
«Бір-бірімізді құшырлана іздейікші! Сиреп бара жатқан ардагерлер жайлы, адамдар жайлы айтуға асы- ғайықшы» деген сөздері құлағымнан кетпей қойды.
Майдангерлер туралы жарғақ құлағы жастыққа тимей жазып жүрген үлкен бір дарынның арамыздан кеткені қандай аянышты. Орны толмас қаза. Рахым- жанға байланысты Сергей Сергеевич әрекетке белсене араласуға уәде еткен еді. Тағдыр оған жазбады.
Жеңістің 30 жылдығына байланысты ауырлық үл- кендер ішінен енді Ғабит Мүсіреповке түсті. Бауыр- жан мен Рахымжанға қатар атақ сұрау жөніндегі ұсы- нысты бар жанымен құп алды. Ол туралы Әзілхан Нұршайықов 1989 жылы «Мәдениет және тұрмыс» журналының №2, 3 номерлерінде «Ескірмеген естелік немесе Л.И.Брежневке хат қалай жазылды» деген ма- қаласын жариялады. Онда бұл істің қалай басталғаны, кімдердің қол қойғаны жөнінде тәптіштеп көрсетілген. Жазушы бұл іске үлкен ықыласпен кіріскенін, ха- лықтың өзінің екі ардағын қалай құрметтейтінін, олар десе ішкен асын жерге қоятынын тебірене жазған. Бірақ осы мақалада бір жаңсақтық бар. Республиканың бұрынғы басшылығы Бауыржан мен Рахымжан тура- лы ұсыныстарға ешқашан қарсы болған емес. Қайта оларды қолдауға тырысты. Оған жоғарыда келтірілген кейбір документтер куә.
Гәптің неде екені 1980 жылғы республика мен оның Компартиясының 60 жылдығын тойлау үстінде айқын болды. Осы салтанатқа келген Леонид Ильич Брежнев тағы да көтерілген мәселеге:
- Тарихты қайта қарап қайтеміз,— деп жауап бер- ген. Ақын сөзіне салғанда «бір ауыз сөз бәрін сап қып тыйғызған, бір ауыз сөз ауызға құм құйғызған» болды да шықты. Бұл жайды, әрине, Ғабит Мүсірепов білген жоқ.
Мен осы шаруаның ұдайы басы-қасында жүрген- діктен ақиқатқа қиянат болмасын деп әдейі айтып отырмын.
Ал шын мәнінде ол тарихты қайта қарау емес, ке- рісінше, тарихта, сонау соғыстың аласапыран кезінде жіберілген әділетсіздікті түзеу еді. Секунд сайын жан- дарын шүберекке түйген ерлердің қайталанбас қаһар- мандығына әділ баға беру еді.
Жеңістің 40 жылдық, 45 жылдық тойларын көруді тағдыр Бауыржанға да, Рахымжанға да жазбады. Ба- уыржан Момышұлы 1982 жылғы 10 июньде, жетпіс екіге қараған шағында, ал Рахымжан Қошқарбаев 1988 жылғы 10 августа не бәрі алпыс төрт жасында дүние салды.
Сырқаты дендеп, қайраты қаша бастаған кезде Рахымжан:
- Мені Бәукең жатқан төбеге, қасына қоярсыңдар,
- деді. Мен шыдай алмай жылап жібердім.
- Ол дүниеде де саясында болайын,— деп Рахаң одан әрі егілтті.
Бауыржанды қоярда бәйек болып, жаны қан жы- лаған адамның бірі Рахымжан еді. «Кеңсай» зиратын-
дағы бір төбенің басында енді екі батыр қатар жа- тыр. Күнде бастарынан арылмайтын гүлдерге, үзіл- мейтін адамдарға қарағанда бұларды «атақсыз» ба- тыр деп айтуға аузың бармайды. Ілекеңнің тілімен сөйлесек, әңгіме атақта емес, адамзат бақыты үшін сіңірген еңбектің мән-мағынасында. Сонау сұрапыл соғыс жылдары бұлар ерлігімен, сирек ұшырайтын парасатымен халқының маңдайына жарық жұлдыз боп жанды. Ондай жұлдыздардың сөнуі мүмкін емес.
Баукең папағымен, шинелімен, найзалы мылты- ғымен биік тұғырда күні бүгінге дейін халқының ба- қыты жолындағы күзетте тұрған секілді. Осы бейнені сомдаған Шәкен Ниязбековке жұрт дән риза. Ағалар тұлғасына ғашық, оны жүрегінің түкпіріне мәңгі сақ- тауды арман еткен ұрпақ өкілінің Баукеңе деген алғы- сының аяулы қолтаңбасы бұл.
Амал не, ол тірі Бауыржан емес қой. Ескерткіштің аты — ескерткіш. Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар, қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан Момышұлы енді ортамызда жоқ. Қандай олқылық!
Мен осы екі азаматпен аралас, пікірлес болғаным үшін өз тағдырыма өте ризамын. Бәукеңмен табысуға себепкер болған сонау пәтерсіз күндерге, қаланы ара- лап тарыққан шақтарға мың мәрте тағзым етем. Бәукең тұтатып кеткен от, ең алдымен, азамат болу арманы, адамдық қасиет алауы бір ғана менің жүрегімде лаулап жанбайтын болса керек.
БАРАР ЖЕР,
БАсАР тАУЫ ҚАлМАғАнДА
...Бұл жақта күн августың екінші жартысында-ақ суытады. Түсі суық сұрғылт бұлт жиі көріне бастады. Жолдың шаңы басылмай астық тасудың қауырт жүріп жатқан кезі. Милиция бөліміндегілердің көбі де сол науқанның қарбаласында.
Телефон дамылсыз шырылдайды. Мейірмановтың манадан бері трубканы тыңдаудан қолы тимей отыр. Есік алдында мөлиіп қарап тұрған жадау балаға назар аударуға да мұршасы жоқ. Бала да өздігінен бірдеңе деуге батпай тұр. Бірді-екілі милиционер «кімсің ей», дегендей одырая қарап өтіп кетті.
- Балақай, кімге келдің?
- Мен тура өзіңізге келдім. Панасыз жетіммін.
Барар жер, басар тауым жоқ.
- Милиция саған пана тауып береді деп кім айтты?
Жетімдер толып жатыр.
Ең соңғы үміт кесілді. Рахымжан еңіреп жылап қоя берді.
- Айдасаңыз да кетпеймін.
Тұрған жерінде солқылдап отыра кетті.
- Жолдас сержант, мынау баланы шығарып жібер- ші. Өтірік жылап, көз жасымен алмақ қудың бірі шығар.
Тапалтақ келген қысық көз біреу білегінен алды да дырылдатып сүйрей жөнелді.
- Өшір үніңді. Жоғал бұл маңнан.
Бұрышта тығылып тұрған Кәртайдың көзі бадыра- йып кетті. Қайырым күтіп келгендегі алған сыйының түрін қара. Бұл күйге мен де тап болармын деген кісіше өзі де бұғына түсті. Рахымжанның желкесінен бір нұқыды да, керзі етігін күрп-күрп еткізіп әлгі кете берді. Кәртай жүгіріп қасына келді, Рахымжан өксігін баса алмай әлі жылап тұр.
- Жүр, Күлшендікіне барайық. Жәрдемдесер.
- Жоқ, бармаймын. Осы милицияның босағасында өлем. Азар болса әкемнің барған жеріне жіберер. Артық па жаным?
- Мә, сүт ішесің бе? Жылаймын деп шаршадың ғой.
Рахымжан қағаз тығынды лақтырып жіберді де, бір бөтелке сүтті қылқ-қылқ еткізіп, жұта салды. Ас ашуы айраннан, ет ашуы — сорпадан. Өксігі әлі тарқамаған, шиық-шиық етеді. Не істерін білмей екеуі дел-сал. Бірін-бірі жетектеп, осы милицияның жанындағы селеу ағаштың арасында мәңгіріп жүрді де қойды. Кешке қарай күн желдетейін деді.
- Ал, Кәртай, сен үйге қайта бер. Мен осында қонам. Сүйремек тұрғай, атам десе де шықпаймын...
Милицияда екі күн қонды. Үшінші күні таңертең Мейірманов мұны қасына шақырып алды.
- Қазір соңғы рет бір жерге телефон соғамын. Ба- қытың болса, орналастың. Сор маңдай болсаң... Өзің- нен көр.
Алғашқы күндей қатыгез емес, қайырымды, сөзі жұмсақ. Сабасына түскен секілді. Өзін бастан-аяқ шо- лып шықты.
- Сендерде не жазық бар!
Оқыс күрсініп жіберді де, алақ-жұлақ төңірегіне қарады. Ешкім жоқ еді. Бір қолы телефонда, көзі Ра- хымжанда. Ойлы жүзбен ұзақ отырды. Әлден уақыттан кейін барып телефон құлағын бұрай бастады.
- Жолдас Корякина. Бұл Мейірманов қой. Бізде бір тұлдыр жетім отыр... Ия, ересек... Өзінің оты бар бала секілді... Тегі дейсіз бе?.. Өзіңіз білетін... Сіз түсінесіз ғой... Шамамыз келген жақсылықты аямайық та! Бұларда не жазық бар... Рахымжан... Айтайын, түсіндірем, түсіндірем...
Мейірмановтың жүзіне қуаныш толқыны үйіріле қалды. Трубканы салмағымен іле салды да, ұмытып қалмайын дегендей алдындағы бір жапырақ қағазға асығыс жазып жатты. Көк бояу қарындаш баттиып тұрып түсті. Рахымжан көзінің қиығымен оқып тұр.
...Тайтөбе детдомы. Сәдуов.
Ішінен әкесі қайтып келгендей қуанды. Арманы сол ғой. Бала қуанышын Мейірманов та айтпай-ақ оқып тұр, шып-шып терлегенін мұрнының ұшынан көріп тұр. Жаны сая тапқандағы рахат тері секілді. «Ашар- шылықта жеген құйқаның дәмі кетпес». Бала да болса, алдындағы адамның қайырым жасауға жұмсаған қай- ратын байқағандай. Мейірмановтың бетіне күлімдеп қарай береді.
- Өз дегеніңнен қайтпайтын өлермен бала екен- сің, — деп күлді ол.— Бағың ашылды. Қазір осында детдомның директоры ат-арбасымен өзі келеді. Сені алып кетеді. Мә, тамақ ішіп ал.
Бұл Рахымжанның күтпеген қайырымы. Мейірма-
нов қалтасынан бір сом алып ұсынды. Бала қысылып қалды.
- Мә, мә, ұялма!— деп қолына ұстатты.
Бұған дейін Рахымжанның ұғымында милиция атау- лыда оңған адам жоқ-ты. Бәрі дөрекі, мейірімсіз, қол бұрауды, мылтық кезеуді ғана білетін бітеу жандар. Бі- реу жылап келе жатса, милициядан келе жатыр, ол ақырып, зекіріп айғайлаған, жанына тиіп қорлаған шығар деп ұғатын. Жоқ, мұнда да асынған қаруы сұсты болғанмен, іші жылы, адам жанына сәуле шаша алатындар бар екен. Бір сәт тәтті қиял «әкем осындайлардың қолына түссе құтылып келер ме еді, мендей тірі жетімін тезірек көрер ме еді» деп ойды- қырды аралап кетті. Дәл осы адам әкесін өзімен табыстыратындай көрінді.
* * *
Балалар үйі бүгін бөлекше қарбаласта. Таңертең тұрысымен төсектерді жақсылап жинаңдар деген бұй- рық алды. Тәрбиеші Айтжан күнде бүйтіп дығарлап тұрмайтын. Бүгін қадалып қастарынан шықпайды.
«Ана бұрышын жөнде», «мына жері томпайып қалды, әнеу жері дүрдиіп кетті» деп тықылдатып тұр. Бұлар жатқан кең бөлменің еденін екі бала жуып жүр. Ба- лақтарын түрініп алған. Бода-бода боп терлепті. Бірақ ықыласты істейді. Әдеттегі қыржың-тыржың ешкімде жоқ, бәрі де белсенді, бәрі де асығыс. Бір тобы мана асхананың ішін реттеуге кеткен. Ауланы да айнадай ғып біреулері тазартып үлгіріпті.
Мұның бәрі кімнің, ненің құрметіне екенін Рахым-
жан түсінген жоқ. Көппен бірге ол да қызыл танау. Тәрбиеші жедеқабыл жұмыстардың бәрін дәл қазір Рахымжанға жүктеп қойыпты. Детдомға келген кезін- де қаланың әккі бұзықтарының бірі ме деп сескенген еді. Олай болмай шықты. Айтқанды екі етпейді. Та- за тұрады, таза жүреді. Жуырда ғана берген киімді бірқатар балалар түте-түтесін шығарса, Рахымжанның үсті мұнтаздай.
- Мамамыз бізге киім әкеле жатыр. Бәрібір жаңа- сын аламыз,— деп ақталады әлгі салақ немелер. Мынау тозып бара жатыр-ау деген кәперлеріне кіретін емес.
- Кім ол мамамыз?
- Корякинаны, Любовь Ивановнаны білмеуші ме едің. Қызық екенсің.
Рахымжаннын құлағына бұл фамилия сондай жылы естілді. Есіне түсіре алмай тұр. Қайдан естіді осын- дай есімді? Ия, ия, тапты, тапты. Мейірмановтың те- лефонмен сөйлескен адамы. Өзін осы детдомға жі- берген сол кісі емес пе. Сол бір милицияда жылап тұрған күні естімеп пе еді бұл есімді?! Көзінің жасын құрғатпап па еді осы адам! Іші бір түрлі жылып кетті. Мынау ауладай кең, мынау едендей таза, мынау жаңа жиналған төсектей кіршіксіз ақпейіл адам келе жатқан секілді көрінді.
Фамилиясы таныс, бірақ көрмеген кісісі. Ең жақсы бейнені, ең көрікті, ең мейірлі адамды елестеткісі ке- леді көз алдына. «Мамамыз екен ғой» деп қалды өзі де осындай тәтті қиял үстінде.
Қасында Сағат «ағалары», кеңсе жақтан бір әйел көрінді. Тура жатақханаға қарай келе жатыр. Шыдам-
сыздана күтіп, есіктен дамылсыз жылтыңдап жүрген- дер:
- Келе жатыр,— деп жұртты дүр еткізді. Жақын- дап қалды. Бір кішкентай қара домалақ бала алдынан жүгіріп барып Корякинаны бас салды, детдомның «кен- жесін» ол басынан сипап, маңдайынан иіскеді. Қолы- нан ұстап өзімен қатар ертіп келеді. Анау «мені көрдің- дер ме» дегендей аяғын алшаң басып, кердең-кердең етеді. Бұл бала шіркіннің мінезін қойсаңшы. Өзінше жұрттан бұрын «мамасының» алдынан шыққанға қоқи- ланғандай.
Шүпір-шүпір болып тұрғандар жамырай амандас- ты. Келген кісі бірінің басынан сипап, бірінің танауы- нан шымшып еркелетіп жатыр. Барлық баланы бауы- рына қысуға құшағы жетпегенмен, мейірімі жеткендей. Сол екі ортада қыздарға «шашың неге олай тұр», ұлдарға «түймеңді кім үзді» деген зілсіз ескертулерді де айтып үлгірді.
Айтжан бір-екеуіне дұрысталып кел дегендей қаба- ғын шытып еді, байқап қалды. Үнсіз, бірақ баланы өй- тіп көп алдында жасытпас болар деген ойды қабағымен ұқтырды.
- Кәне, бөлмелеріңді көрейік. — Ішке кірді, бар- лық бөлмелерді аралап шықты. Сол күні бірқатар клас- та да, сабақта да болды.
Түстен кейін Сатыбалды өнерпаздарды кешкі кон- цертке әзірлеп жатқан болатын. Өзі домбыраны жақсы тартады. Жаңа үйренген күйді енді қоса бергенде:
- Пәле! Қызық мұнда ғой, — деп Сәдуов пен Корякина енді осында кірді. Күмбірлеп көтеріле бер-
ген күй кілт үзіліп басыла қалды. Жас музыканттар орындарынан ұшып-ұшып тұрып сәлемдесті.
- Өнерпаздарымыз осы. Мына Сатыбалдының ең- бегі, — деп директор мұғалімді көрсетті. Ал ол болса шетінен балаларды таныстырып жатыр.
Кезек ортада отырған Рахымжанға келді. Оның қо- лында мандолин. Қасындағы бір балада балалайка. Қалғандарының бәрінде домбыра. Рахымжанды толы- ғырақ таныстырды. Бұл арада сөзге директор араласты.
- Өзіңіздің тапсыруыңызбен қаладан әкелінген соңғы бала... Жақсы бала... Сабақты үздік оқиды.. Тәр- тіпті... Қоғам жұмысына белсене қатысады...
Көзін бақырайтып қойып мақтағанға ұялғаннан Рахымжанның құлағына дейін қызарып кетті. Ұзын кірпіктерін жыпылықтатып, төмен қарайды.
- Онда нағыз атасының баласы екен, молодец!
Рахымжанның денесі дір ете қалды. Атасының атына алғыс сөзін айтып тұрған тұңғыш адам.
- Кәне, ойнаңдар! Көрейік.
Сатыбалды да бар өнерін салды. Облыстан келген адамның алдында ұят болмасын деген ойын жас дос- тары ұққандай. Оң жақ шетте өзі отыр. Қарлығаштың балапандарындай тізілген шәкірттеріне ым қаққаны сол, өзінің қолы да, балалардың қолы да домбыраның шанағында безілдей жөнелді. Бірнеше аспаптың іше- нен шыққан үн күмбірлеп күй боп шалқыды. Рахым- жаның қолы әдеттегіден жүрдек. Қысқа мойын мандо- линнің жез перделерінде саусақтары майысқанда бір- біріне жұқпайды. Дәл қазір шабыты шалқып, абырой болғанда мына ардақты адамының алдында тіпті жақ-
сы ойнап отыр. Көңіл күйі мен домбыра күйі дөп келсе керек. Балаң көңіл бөлекше бір желпіністің құшағында. Барын салып тартады. Рахымжанның күй ырғақтарын қайырысына ұстазы Сатыбалды разы. Көзінің қиығы- мен қатар отырған жас достарына қарап қояды. Ал құлағы қай тұста қай ырғақтың мүлт кеткенін, қай саусақтың жаңсақ басып қалғанын жібермей қағып алады.
Рахымжан Ақмолада жүргенде музыкаға осы жұрт неге әуес деп қарайтын. Ал оның сан қилы әуенінде сиқырлы сезім күші жатқанын осында келгесін ұқты. Оның көзін ашқан Сатыбалды. Домбыра мен мандолин өзімен мұңдас секілді көрінді. Әсіресе, көп ішекті ман- долин мүмкіндігі тіпті кең. Сол себепті де ол осыған ауған. Бірақ, дәл қазіргідей шабытты ойнауына ненің түрткі болғанын өзі де білмеді.
Балалардың айтқандары тура келді. Любовь Ива- новна келген күннің ертеңіне детдомдағылар бастан- аяқ шыттай киініп шыға келді. Колхоздың балалары сабақта отырғанда детдом балаларының үстіндегі киім- ге қызыға қарайды. Бәрінікі бір түсті, мына отыры- сында бәрі бір қалыптан шыққандай. Алайда облыстық оқу бөлімі бастығының балалар үйі жөніндегі орын- басарының келіп кеткенін, бұларды жарылқаған сол екенін олардың бірі білді, бірі білмеді. Әйтеуір, детдом бір күнде түлеп шыға келді. Анасы базардан келгендей, шынында балалар қарық болып қалды.
Балалардың Корякинаны неге «мамалайтынын» Ра- хымжан енді түсінді. Осы бір сөздің өз жүрегіндегі асыл ұғымы да сол кісіге арналды. Бір жолғы сапары-
ның өзінде қанша мейірім төгіп, қаншама жылу тастап кетті. Өзінің, достарының бүгінгі хал-күйіне бір сәт көз жібереді. Мына колхоздағы әке-шешесі барлардың өзі бұлардай тұра ма?
Сабақ біткен. Жатақханадағы бөлмеде жалғыз. Ал- дындағы кітапқа тесіле қарап отыр, бірақ ойы бір жақ- та. Кешегі бір кең пейіл мейірімді адам көз алдына орала береді, орала береді. Ал ол «мамасы» болсын, сонда бұлардың «папасы» кім? Балалық ұшқыр қиял мұны да іздейді, тапқысы келеді. Жұрт секілді біздің де мамамыз, папамыз бар дегісі келеді. Ия, тапты, тапты. Ол — Сағат Сәдуов, өздерінің директоры. Өзі де сымбатты ғой, ақ сары жүзі, ашуланбайтын мінезі, қашан болса да сабырлы да салмақты сөзі әкеміз деп айтуға тұрарлықтай. Ұялмайсың.
«Менен балалы ешкім жоқ» деп осы бір жетімек- терді өзіне теліп, ет жүрегі елжірей айтқан сан әңгімесі құлағында.
Анада бір бөлмеге келді. Бәрі қаумалап ортаға ал- ды. Бәрінің де еркелегісі келеді. Балапандай шүпір- леп төңірегіне ұйлыға түседі. Сонда:
- Ертең-ақ бәрің ержетіп, бірің ғалым, бірің ұш- қыш, бірің инженер, бірің дәрігер боп отырсаң... Мен қайда барарымды білмей сасып қалсам, көлік жоқ боп тұрғанда, «Төрегелді самолетіңмен жет» деп хабар бер- сем...— деді әзілдеп.
Екі сөзінің бірінде мен ұшқыш боламын деп қой- майтын Төрегелді Сауқынбековтың төбесі көкке жет- кендей болды.
- Сағат аға, мен ешқайда бұрылмай, тура үйге тартам. Мыналардың көзі бақырайып қалсын.
- Мәссаған. Бақырайып отырады деген. Сенің са- молетің Тайтөбеге қона алмайды. — Сөзге ожарлау Ыбырайым киіп кетті.— Мен машинамен ызғытып ке- лем де, «папамды» жаңа жылға қарсы бәріңнен бұрын қағып әкетем.
Балалар дуылдасып, дауласты да кетті. Бірін-бірі кимелеп сөз бермейді. Сағат бұл көрініске рахаттана қарап отыр. Кейбіреуі тіпті қызарақтауға айналды. Көп үндей қоймайтын Жаманқұл да қызынып шыға келді.
- Тайтөбеге келем дейсің. Сағат аға осы Тайтөбеде ғұмыр бойы тұрады ғой дейсің бе? Ой, сөзім-ау. Мен Мәскеуге апарып ең биік үйді алып берем. Жоғарыдан қалаға қарап отырады.
Жұрттың бәрі ду күлді. Сағаттың да шек-сілесі қат- ты. Мынау қызық болды. Балалардың дауын тағы да тыңдағысы келді. Қанша жерге барар екен.
- Бәсе, бәсе, осы Жаманқұлымнан бірдеңе шық- паса!
Сағат басқалар қайтер екен деп дауға май құя түсті.
- Ой, аға, осы Жаманқұлдан не шығады дейсіз. Жа- манқұл жаман құл болып қалады да.
Рахымжан Жаманқұлға көптен кетіп жүрген есе- сін осы орайда қайырғандай болды. Адамға аттың дұрыс қойылмауы да қиын екен. Детдомға алғаш кел- генде Қошқарбаев деген фамилиясын естісімен, екі жұ- дырығын шекесіне қойып алып:
- Қошқар, қошқар мүйіз! Сүзеген қошқар, ә, — деп мазақ қылған осы үндемес болатын.
Дәл директордың алдында құдайдың бергенін көр- дің бе? Жаманқұл ызаға булығып, түтеп кетті. Сағаттың
көзін ала беріп, «бәрі бір қошқарсың» дегендей қос жұдырығын шекесіне қоя қойды. Рахымжан да ту сыртын ала бүйірінен нұқып қалды. Екеуі бір-біріне көзін алартты.
Кезек тимей өңештеп тұрғандар әлі көп. Араның ұя- сындай шуылдап кетті.
- Сендер бүйтіп таласатын болсаңдар, мен ешқай- сыңа да бармаймын. Көрмейсіңдер ме, Рахымжан мен Жаманқұл төбелесудің аз ақ алдында тұр.
Папалары байқап қойыпты. Әбес қылықтарына еке- уі де ұялып қалды.
- Сендерді ала көз ғып қыдырғанша, тыныш жа- тайын. Келмей-ақ қойыңдар.
Бұл сөз өршіп келе жатқан даудың өртін су сепкен- дей басты. Төрегелді ғана:
- Кәне, онда кезектесейік. Сағат аға әрқайсымыз- дың үйімізде бір-бір айдан болсын. Ал кезек қазіргі класс журналындағы алфавит ретімен,— деді.
Балалар тағы ду күлді. Әйтсе де мына сөздің жаны бар-ау дегендей бір-біріне, Сағатқа аңтарыла қарасты.
- Онда Жаманқұл ұтты. Оның фамилиясы Асқа- ров. Журналда бірінші боп тұр, — деді Рахымжан.
Жаманқұлдың жаңағы булығып, тығылып тұрға- ны лезде жоқ болды. Қабағы ашылған күндей жай- нап шыға келді. «Әйтеуір сенің алдыңа түстім бе» де- гендей Рахымжанға ыржия қарады. Ол да бұған қарап күлді.
- Бір де бір. Ничья.
- Самолеті бар Сауқынбеков қалды онда кейін.
- Қайтейін, қайтейін. «А» дан басталатын ат ал-
маған әкемнен көрмесем. «Түйе бойына сенем деп жылдан құр қалыпты» дейді ғой қазақтар. — Ойда ешбір жабырқау жоқ Төрегелді қалбалаң-қалбалаң ете- ді.— Менікі әділ ғой, ә. Айтыңдаршы өздерің.
Сағат көзінен жас аққанша күлді. Рахаттанып күл- ді. Алфавитте осынша әділеттік бар деп ойламайтын. Сасқан кезде тапқан жолдарын көрдің бе. Шіркін, кіршіксіз балалық көңіл-ай.
Тіпті күні ертең ешқайсысы шақырмаса да осы ықы- ластарына, осы таластарына разы. Иненің жасуындай таты жоқ көңілдер.
- Иә, сенің атыңды тауып қойған екен. Әділ тө- релігін айттың. Журналды жоғалтпайын. Алфавит бо- йынша аралайын.
Көңілдене орнынан тұрды. Сымбатты дене көз тар- тады. Жаңағы күлкінің құйрығы әлі үзіле қоймаған. Жүзінде түр.
Неге екені белгісіз Рахымжан Сағатты ылғи дәл осы кейіпте көргісі келеді. Оның сондағы тұрысы, күлкісі, жүрісі қатты ұнады. Кейде тіпті өзі де еліктеп солай болғысы келеді.
Сол күнгі әңгімені Сәдуов мұғалімдерге, жұрттың көбіне таратыпты. Төрегелдінің «алфавиті» мәтел боп кетті. Асханада кезекте тұрып қалса да, балалар бір- біріне әзілдеп:
- Әй, алфавитпен, алфавитпен,— дейтін болды. Бірақ, осы «алфавиттен» таяқ та жеді. Ертеңіне са-
бақта сол әңгімені еске алғанда қай қудың шығарға- нын кім білсін, әлдебіреудің «ей, осы кеше қыздар не- ге үндемей қалды» дегені. Жаманқұлдың түйеден түс- кендей:
- Е, олар ертең күйеуге шығып кетеміз деген шы- ғар,— дегені.
Сол-ақ екен, Әсия мен Балдыбала жылап тұра жө- нелді. Олардың тіке директорға тартқанын балалар білді. Жаманқұлға бәрі дүрсе қоя берді.
- Екі елі аузыңа екі бірдей қақпақ жаппайсың ба?
- Масқара болдық-ау енді.
Балалардың өзі-ақ Жаманқұлды жүндей түтіп жеп қоя жаздады. Дүңк-дүңк етіп, мұрнының астынан бір- деңені айтқан болады. Далбасасы. Өзі де кірерге жер- дің тесігін таба алмады. Сабақ жайына қалды. Зытып отырды. Директор шақырады деп қорықты. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді. Жаманқұлдың кесірі бә- рімізге де тиеді-ау, басқалары да ұялып жүр. Қыздарға жәмпеңдеп, олардың алдында құрдай жорғалап қа- лыпты.
- Сабақтан кейін Сағат аға өзі келеді, бәлем көре- сіңдер! — деп екі қыз бода-бода боп қайтып оралды.
Сағат балалардың шынында сазайын берді. Қашып кеткен Жаманқұлды класком Рахымжанға таптыртып алды. Ешкім ештеңе деместен-ақ ол жылап кірді.
- Мен байқамай айтып ем.
- Неғылған байқамаған. Қара мұның қаршада- йынан қағынуын. Кім үйретті саған. Бесіктен белің шықпай жатып... тілінің қыршаңқысын. Сендерді тәл- піштікке үйреткенмін ғой мен.
Ең ауыр сөз осы болды. Әкелеріңдей болған адамды жоқ жерде жабырқатқан Жаманқұлдың қылығына бәрі де күйзеліп тұр. Бастары салбырап, мұрындары бырс-
бырс етеді. Кешке дейін түгел осылай тұрғызып қойса да, айыптарын өтей алмайтындай.
- Бар, кешірім сұра. Бірінен емес бәрінен сұра.
Ендігәрі аузыңа келгенді айтпаймын деп уәде бер.
Осымен екі арада бітім болса да, балалар көпке дейін басыңқы жүрді. Алтыншы класта сабақ арасында бұрынғы дуыл-думан жоқ. Мектептің де, детдомның да ересектері осылар. Ондықтан ғана емес, сол бір Жа- манқұлдың жаман сөзінен кейін қыздар мен ер балалар бір түрлі суып кетті.
Осы суықтықты Рахымжан Райханның да бойынан аңғарғандай. Ол колхозда бір үйде пәтерде тұрып оқи- тын. Қыздардың ішіндегі зерегі. Детдомға жиі келе- тін. Сабаққа көбінесе осындағы балалармен бірге әзір- ленуші еді. Манағы Әсиямен бір партада отырады. Әсияның бойы тырбықтау да, Райханның бойы сұңғақ- тау. Аққұба, өңді де. Еліктің лағындай көзі мөлдіреп тұрады. Шашын екі жарып өріп, артына жібереді. Өзге қыздардан өзгешелігі осы шашының аш беліне дейін түсетін ұзындығында.
Сол сүйкімді Райхан да бұртиып қапты. Әншейінде алысып ойнай беретін Рахымжанға ала көзімен қарай- ды. Кітап, дәптер сұрап келгенді де қойды. Мандолинге қосылып ән де айтушы еді. Ол да жоқ. Рахымжан бір жетіден бері сол қылықтарын сағынып кетті. Мұның жазығы не? Дүниені бүлдірген Жаманқұл. Неге бұр- тиып жүрсің деп сұрағысы да келді. Одан сайын ашу- ландырып алып жүре ме? Тұрған пәтері жаққа барғысы да келді. Бірақ оны қалай түсінеді? Және анада бір барғанында үйдің кемпірі жақтырмаған. Детдомнан
деген соң, кетер-кеткенше жыланның көзіндей сығы- райған көзін айырмай қойған. Дүниелерін әлсін-әлсін түгендейді. Кеткенше асықты. Қысылғаннан тіпті тер- леп те кетті.
Сол пәле оқты көзін тағы қадаса барған құрлы маза- сы болмас. Оның үстіне Райханның өзі де суықтау жүр. Рахымжан қаладан келгендіктен орыс тілі оған жеңіл. Басқаларға қарағанда тілге жүйрік. Үй сыпырушы ше- шеймен шүлдірлеп сөйлесіп кетеді. Кейбіреу бұған қызыға қарайды. Ертең орыс тілі. Үйге мазмұндама жа- зып келуді тапсырған. Тақпақ, грамматиканы балалар жаттап алады. Бірақ, шығарма жазуға шорқақ. Тіпті көбі жаза алмайды. Рахымжанның да мәз таптыратыны шамалы. Әйтсе де өзгелер мұны білгіш, жазғыш са- найды. Райхан осы тұста да бір келіп қалмас па екен, күтті. Жоқ. Келмеді.
Күн кешкіріп қалды. Енді тіпті келмейді. Кітап, дәптерлерін жинай бастады. Мұның бойына бөлек біт- кен бір қасиет — кітаптарын әрқашан жаңа газетпен қаптап қояды. Дәптерлері де таза тұрады. Тәптіштеп, бәрін текшелеп жинамай көңілі көншімейді. Міне, орын-орнына бәрін қойды. Шашылып жатқан кітап- тарды көрсе, ішкен асы бойына батпайды. Біреудікі болса да жинап тастағысы келіп тұрады. Бұл тазалық, жинақтылық Қымыран қарттың үйіндегі Абзал ше- шейден жұққан болу керек. Ол кісі де бипаздап, бәрін баппен ұстаушы еді.
- Рахымжан, Рахымжан, шық далаға. Сені біреу іздеп келіп тұр.
«Осындай апақ-сапақта кім екен?» Далаға шықса
қараңғы түсіп кетіпті. Жұлдыздар да біртіндеп көріне бастаған. Көк күмбезінде әр жерден жылт-жылт етеді. Кешкі малдың келуімен көтерілген қою шаң шөгейін депті. Күзгі ауыр тұмандай білеуленіп-білеуленіп шира- тылған. Ауылдың дағдылы мұндай кешінің өзі жатқан бір сурет.
Күн ұясына кіре сонау шеттен мал келеді. Кемпір- шал, қатын-қалаш улап-шулап ол малдың алдынан шы- ғады. Әркім өз қойын, өз сиырын бөліп алып айдап бара жатады. Бұл сәт, әсіресе, балалар үшіп қызық-ақ. Мал айдап келуді сылтау ғып, тіпті екіндіден келіп асыр салатын екінің бірі. Не керек, күнде бір жасап қалатын мезгіл.
Айдайтын малы жоқ детдомның балалары ғана бұл қызыққа топ-топ болып қарап тұрады. Кейде қызығып кетіп, олар да киіп кетеді. Бірақ, мұндайда міндетті түрде төбелес шығады. Ауылдың балалары бір жақ, детдомның балалары бір жақ боп сан шайқасқан кездер болған. Талай «майдан» алаңдары естерінде. «Мұрын қанаған қайқаң», «Ерліктің түбегі», «Рахымжан атой салған құдық», міне, тағы осылай кете береді. Сәдуов содан мал алдынан шығуға бұларға тыйым салған. Енді қақпа сыртында топ-топ болып ауыл балаларына қызыға қарап тұрғаны.
Рахымжан бүгінгі осы бір суретті көре алмай, үйде отырып қалған еді.
Қақпаның алдына келсе, мойнына қоржын салған бір әйел тұр. Шапанының сыртынан буынған белдігі бар. Қойнында тағы бірдеңе томпаяды. Алакеуімде кім екенін ажырата алмай жақындай беріп еді:
- Рахымжанбысың? О, айналайын, келші, келші жаным,— деп қолын соза берді. Қоржыны иығынан сыпырылып түсіп қалды. Бас салып бетінен, маңда- йынан сүйіп жатыр.
Жаңа дауысынан-ақ таныған. Шешесі — Үндемес. Құшағына барып қойып кетті. Өгей болса да сағынып қапты. Іші бір түрлі жылып кетті. Үндеместің аузынан
«жаным» деген сөзді естіп тұрғаны осы. Сірә, ол да сағынған болу керек. «Айналайынды» жаудырып көпке дейін құшағын жазбады.
- Өзің тіпті үлкен жігіт боп кетіпсің ғой. Шаш қоя беріпсің. Жалбыраған кекіліңнен...
Ана мен бала алакеуімде сөйлесіп отыр. Көп отыр- ды. Ауылдағы бір танысынікіне барайық деп еді, Ра- хымжан түнде ешқайда жібермейтінін айтты. Ол үшін директордан рұқсат алу керек. Ал қазір кеш.
Ауыл жайы, ағайын-туған, бәрі сөз болды. Бәрін сұрады.
- Елдің халі қазір жақсы. Тамақ тоқ, киім бүтін. Не ішем, не кием демейсің. Жұрт жаппай үй сала бастады. Еркегі барларға түк емес, бір жазда-ақ тұрғызып ала- ды. Сорлап отырған біз секілді жесірлер. Бала да болса, ес екен. Мұхтар Ақмолада оқуда. Сен болсаң қаңғып детдомға кеттің. Соқа басым сопайып, сорлап отырған мен ғана. Жан кеудеде болған соң ел қатарлы тырбаңдап, бір-екі қараның, он шақты қой-ешкінің ба- сын құрадым. Қошқарбайдың отын осы Үндемес мүлде өшірді демесін деп, түтін түтетіп отырмын. Жалғыз адамға үйдің өзі де азынап тұрады екен. Алғашқыда сенің қайда кеткеніңді білмей, оның өзі бір қайғы
болды. «Үмітсіз шайтан» деген. Ертең әкең келіп, баланы қайда қаңғыртып жібергесің десе, не бетімді айтам деп састым. Ол сорлыдан да хабар-ошар жоқ. Кейбіреулерден хат келеді дейді. Біздің адамның хатын да жібермей ме білмеймін. Абырой болғанда алысқа кетпей, жақыннан табылғаныңды көрдің бе!
Рахымжан шешесін аяп кетті. «Түтінін түтетіп» деген сөздері жүрегін суырып алғандай болды. Осы адамға деген көңілдегі белгісіз бір сыз жіби бастады. Көңілі қалған ауылына жүрегі қайта бұрды. Мына ха- бар ауыл жөніндегі мұзды еріткендей.
Үнсіз тыңдап отыр. Үндемес те шерін тарқатып ал- ғысы келді білем. Кеудесін әбден кернеп, арнасынан асқан ойы болса керек. Сөйлеп отыр, төгіп отыр. Бұрын мұндай ділмарлығы жоқ еді. Әлде өмірдің тая- ғы адамның тілін де шығара ма! Кей жерінде даусы зілденіп, кей жерінде жылағысы келгендей үні тарғыл- данып кетеді.
Алыстан орағытуына қарағанда ауылға қайт дейтін сыйқы бар. Үндемес, міне, сол пікіріне тура көшті. Дет- домды жұрт жақсы атамайды ғой өзі. Оннан қашқан, мұннан қашқан жиналады екен дейді. Кисе киімге, іш- се асқа жарымайды, сосын ұрлық жасайды екен дейді жұрт. Қайдам, біліп айта ма, білмей айта ма? Бірақ жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды ғой.
Шешесінің бұл тұстағы әңгімесі Рахымжанның көкейіне қона қойған жоқ. Өйткені айтып отырғаны өзінің көріп жүргендеріне мүлде қарама-қайшы. Бі- рақ үндемеді. Ләм деместен тыңдап отыр. Оның бұл сыңайын өзімен келістіге есептеп, Үндемес бастыр-
малата сөйлей түседі. «Есің барда еліңді тап» дейді қазақ. Мұхтар екеуіңді тезек теріп жүрсем де, асырар- мын. Шүкір құдайға, әзір тоқшылық қой. Өздерің де аманшылық болса, ержетіп қалдыңдар. Екінің бірі «өз баласы қолында, өгей баласын детдомға жіберді» деп көзіме шұқып болды. Қарағым, әкеңнің түтіні түзу шықсын десең, қол-аяғыңның сауында ауылға қайт... Окуды бірдеңе қыларсың...
Сөзінің арасына қыл сыймайды. Бәрінің жөні бар. Есі кіріп қалған балаға түсінікті-ақ секілді. Көптен кө- ңілі бірленіп, алаңсыз жүрген Рахымжанның тұнығына тас түсіп, лайлап жіберді. Шешенің жаңағы сөздері ойының ойран-ботқасын бір шығаруын шығарды.
- Апа, мен ойланайын. «Аузы күйген үріп іше- ді» дейді ғой. Осында әкеміздей болған адам бар. Ақылдасып көрейін.
Мынау есейген баланың есті сөзі. Рахымжан жа- тақханасына, Үндемес түскен үйіне бет алғанда жұл- дыздардың бәрі жымыңдап, аспан жылтыр моншақта- рын тағынған екен. Сол моншақтар Рахымжанға тек осы Тайтөбенің үстіне ғана ілінген сияқты көрінді. Анау мектебі, қатар тұрған жатақханалар да бір түрлі әдемі секілді. Неге екені белгісіз, ыстық көрінді әй- теуір. Қызыл темір қаңылтырмен жабылған бұл ауылда мектептен басқа үй жоқ. Түнде де күндіздей паң кө- рінеді. Қызығып біраз қарап тұрды.
Бұл түн қиын түн болды. Көзі жұмулы, көкірегі ояу. Ертең Үндемеске айтылар жауапты іздейді. «Түтіні түзу шықсын» десең... Осы сөз елеңдетеді, қайт деп қамшылайды. Бірақ, сол түтінді түзетем деп барғанда
ше? Алды қалың тұман, түк көрінбейді. Оқу ше, оқуы! Барған кезде «Е, алтынның жұрнағы-ай, аман келдің бе»,— деп ағайын жарбаңдар, тіпті басына да көтерер. Күн өтер, ай өтер. Алыстан келгені ескірер. Одан ке- йін не болады, кезі жетпейді. Кім оқытады мұны, та- ғы да біреудің үйінде қас-қабағына қарап тұра ма? О құрысын, кісінің үйі, кісінің қабағына қараған күн. Қаршадайынан-ақ көрді ғой. Біреу ине сұғып алғандай денесі шымыр етті. Қайдан, қайдан оқимын? Оқуды тастасам онда бітті. Шыңырау құдыққа құладым. Еш- кім де тартып ала алмайді. Бар үміт, қазіргі бар бақыт оқуында ғана секілді.
Оқу жөніндегі ой детдомға әкеп тықпалайды. Шық- па, шырағың жанса, осында жанады деп сыбырлайді. Су шықты ма астыңнан? Кімнен кемсің, жетім деп қорлап жүрген біреу бар ма? Алақанында ұстайды қырандай түлетіп, қызғыштай қорып өсіріп отырғаны мынау. Екі жылдың ішінде кім болдың, қарашы өзі- ңе. Белгісіз біреу, көрінбейтін біреу сыбырлайды. Мы- на детдомның бүкіл өмірі алақанында тұрғандай сай- райды. Неге толқисың? Қадірін білмесең міне көр, байқа қайтадан деп бүкіл суретті көз алдына әкеледі.
Үндеместің жапқан шымылдығын жұлып тастап, бәрін, бәрін жарқ еткізді ар жағынан. Жайнаған доста- ры «кетпе, Рахымжан» деп күлімдейді.
Ұзақ уақыт ұйқтай алмай, ақыры ертең Сағат аға- сымен ақылдаспақшы болды.
Ертеңіне директорға бәрін айтты. Сағат ағасы: «ба- лалық ұшпа көңіл-ай, құларыңды білмейсің» деп жы- миды. Әнеу күні ғана келіспеп пе-ек, сендер дәу азамат
боласыңдар, мен аралап, ер жеткендеріңе сүйінем, қы- зығам. Айлап үйлеріңде жатам. Сен де сонда таласпап па ең, енді қайда барасың. Қарашы өзіңе, кандай өз- гердің. Оқуың жақсы, өнерің асып келеді. Тіпті пьесада ойнайтын артис те болдың. «Сақал саудасындағы» сен ойнаған Жақайдың рөлін аузымыздан тастамай жүр- міз ғой. Жазда лагерьде жүргенде де құрбыларың «Жа- қай болшы, Жақай болшы» дейді. Әлде сені сол ла- герьде істеген жұмыс жерітті ме? Күліп-ойнап жү- ріп, өздеріңе керек егінді саласыңдар. Өздерің жейтін малды бағасыңдар, шөп шабасыңдар. Осылай шынық- қанымыз жақсы демеп пе едіңдер. Сағынып күзде мектепке келесіңдер. Әй, балалық-ай, шешеңнің бір ауыз сөзі үшін ауылға кетсең, осының бәрі қалады ғой. Түтіннің түзулігі сені мен Үндемес ойлағандай емес. Ертең білімді, ақылды азамат боп, жұрт «шіркін Қошқарбайдың баласы жақсы ержеткен» десе — мі- не, түтіннің түзулігі осы. Мұндай тәрбиені қайдан ала- сың. Қараңғы Үндемес шешеңнен бе?.. Мынау жаның- да жүрген достарың алабұртқан көңіліңді білсе ғой, тек кетем деп ойлағаның үшін «жүндеп» алар еді».
- «Түтінді түзу етем» деп, қабағын кейіс кеулеген
өгей шешеңнің қасында отырмақсың ғой. Бал жесең де батар саған онда. Онан да таласып жеген қара наның артық емес пе? Неден қорлық көріп жүрсің. Асың аузыңда, киімің үстіңде.
Тура түндегі өзінің ойымен бәрі дөп келді.
- Бәрін қиып тастап, көзді жұмып жүре бермексің бе? Оқумен онда қоштас!
Рахымжанды бір ащы сезім осып-осып жіберді. Ке- шеден бері айналған басы тазарып шыға келді.
- Жоқ, жоқ, жоқ!
Жаңа киімін Рахымжан әдейі киінді. Жолағы бар коңыр костюм. Аяғында жаңа қара ботинка. Ертеңіне қайта жолығуға келген Үндемес қасына келгенше та- нымады. Бойы өзінен биік, бірақ талдырмаш бала жі- гітке қараса өзінің баласы.
- Түнде байқамаппын-ау, жарығым. Өзің тіпті шы- нында жігіт боп кетіпсің ғой.
Бұл келісін, киініп өзіне еруге бел байлап келгені деп ұқты. Үстінде бір қабат жаңа киімнің болғанын іші жек те көрген жоқ.
- Апа, мен ауылға бармайтын болдым. Қалдым осында, не де болса маңдайымнан көрдім.
Үндемес қоштасқанда мұның бетінен сүймеді. «Тас бауыр болды деген осы», — деп жорыды ішінен.
Тайтөбені тастап, жолшыбай кездескен бір өгіз арбамен ауылға кете барды. Мимырттаған өгіз жүрісі мен көңіл жүрісі бір-біріне селбесіп кете барды.
ЖАңА ҚАлАДАғЫ
ЖАңА тіРліК
Түн іші. Поездың тоқтар алдындағы жұлқынуынан ұйқтап жатқандар түгел оянды. «Келдік, келдік» деп жұрттың біразы жүктерін көтеріп кетіп барады. Бала- лар ұйқыларын аша алмай көздерін уқалайды. Бәрі аң-таң. Шамалауларынша түннің біраз уақыты болған секілді. Бірақ, құлақтарына оркестр үні келеді. Кәдім- гі қарсы алудың құрметті маршы. Ұйқылары шайдай ашылып кетті. Күлімдеп өздерімен бірге келген тәр- биешілері Айтжанға қарайды. Оркестр үні жаңа жер- дегі жақсы достардың пейіліндей көтеріңкі. Бәрі де вагон есігіне қарай бет алды. Жаңағы салтанатты музыка түнді түріп, тап осы есіктің алдынан естіледі.
Детдомның салтанатпен шығарып салғаны да есте- рінде. Аса бір қымбат, қимас минуттар еді. Бәрі тізіліп сапқа тұрды. Кететіндер — жетінші класты бітіргендер. Бұл жерде одан әрі оқуға мүмкіндік жоқ. Жіптен жаңа шыққан судай жаңа киімдермен киіндірген. Детдом директоры Сағат «ағалары» бәрін көзбен бір шолып шықты.
Жүзінде толқу бар. Қайта-қайта тамағын қырынып, жөткіріне береді.
- Шынымды айтсам, түлектерім, мен сендерді қи- май тұрмын. Көңілім босап, көзіме жас келіп тұр. Не- бір тәтті қылықтарың тізбектеліп сөйлетпей тұр. Бір
әкенің, бір шешенің баласындай болып өстіңдер. Тіпті кейбір тентектіктеріңнің өзі де қазір ыстық көрініп тұр. Қыздар шыдай алмай, орамалдарымен көздерін сүртті. Сағат та көлдей ақ орамалын қолына алды. Бет
жағына бір-екі рет апарды да.
- Бірақ, сол толқыған, босаған көңілге тоқ бір жай бар. Ол — сендердің ержеткендерің. Енді ФЗУ-дың оқушысы боласыңдар. Ол да жас жеткіншектер тәрбие алатын сүйікті Отандарыңның бір отауы. Балқаш деген қалада тұрасыңдар. Ақмолаға дейін өзім шығарып са- лам. «Болған қыз төркінін танымас» дегендей, ержет- кен соң ұшқан ұяларың детдомды ұмтып кетпеңдер. Тайтөбе деген жер бар екені естеріңде болсын. Хат жа- зып тұрыңдар. Ал мына ескерткіш сыйды қабыл алың- дар.
Сәдуов сөзінің аяқ жағын көңілдене айтты. Бала- лардың жүзіне де жылы күлкі оралды. Бірақ, бәрінің атынан жауап сөз сөйлеген Рахымжан оларды қайта жылатты.
- Біз жетім едік. Бәріміз де қорғансыз қалып едік. Бірақ сол жетімдікті білдірмеген осы детдом. Осында тұрған ұстаздар, сіздер. Осы тұрған баршаңыз — Сәду
«ағадан» бастап, күнде ертемен жатқан бөлмемізді жайнатып қоятын «Тетя Шураға» дейін әке орнына әке, шеше орнына шеше болдыңыздар. Қазір біз туған әке-шешемізден айрылардай болып тұрмыз. Тірі бол- ғанда олар да мұндай тәрбие бере алмаған болар еді. Былтыр осында мені іздеп шешем келді. Рас, өгей шешем еді. Елге қайт, жүр деді. Мен бармадым. Неге? Мына сіздердің ыстық құшақтарыңызды, қылаусыз ақ пейілдеріңізді, мына тұрған жаудыраған достарымды
қимадым. Туған үйімнен де ыстық детдомымды қи- мадым. Міне, енді кеткелі тұрмыз.
Дәл осы арада кейбір қыздар тіпті бырсылдап қоя берді. Ғазизаның қатты босағанын Рахымжан өз көзі- мен көрді. Өзінің де тамағы кермектене берді. Бірақ жігерлене сөйлей берді.
- Біз барған жерде детдомның атына кір келтір- мейміз. Оның дәм-тұзы анамыздың ақ сүтіндей. Кеу- демізге жаққан шырағын сөндірмеуге тырысамыз.
Қошқарбай ұлының бұндай ділмарлығын Сәдуов білмейтін. Сөзге доғалдау секілді еді. Тіпті, сай-сүйекті сырқыратқанын көрдің бе? Таза сезім осындай тұнық, таза ойларды тудыратын болса керек.
Ең қимас сәт машинаға мінерде болды. Музыка да зарлана ойнағандай. Детдомның өз оркестрі. «Тетя Маша», «Тетя Даша», «Тетя Мариялардың», мұғалім- дердің бәрі жылады. Кезек-кезек беттерінен сүйді. Төменгі кластардағы «кішкентай бауырлары» маши- наның біресе оң жағына, біресе сол жағына шығады. Ығы-жығы ретсіздік тіпті көбейіп кеткендей болды. Бірақ Сәдуов бетінен қақпады. Қоштасып, құмарла- рынан шықсын. Өзінің де көңілі жүдеп тұр.
...Ақмоладағы поезд басындағы абыр-сабыр да ыстық еді. Бұрын поезды көрмеген балалар көп бо- латын. Рахымжанның өзі де сырттай көргені болмаса, мініп көрген жоқ-ты. Міне, осы поезға келіп жүк тие- генде балалар кететінін шын сезгендей болды. Шы- ғарып салуға Корякина мен Сәдуов келген. Любовь Ивановна жағалай беттерінен сүйіп жүр. Көзінен жас тамып-тамып кетеді. Қимастық жасы. «Ескерткіш, Бал- қаштың мұзында сырғанаңдар», — деп бас-басына бір- бір коньки берді. Осы жерде Сәдуов та шыдап тұра ал-
мады. Беттерінен сүйді. Тауықтың балапандарындай жапырлай келіп балалар екеуін де тарпа бас салды, вокзал басы бұл көрініске таңырқай қарайды. Кей- біреулер тіпті үдірейіп тұр. Оны елеген бұлар жоқ. Әкесіндей, шешесіндей болған адамдармен армансыз қоштасқысы келеді. Рахымжан поездан қалып қоя жаздады. «Тентегім, аман бол, хат жазып тұр» — деді Сәдуов, бауырынан сытыла шығып жүгіре-жөнелген Рахымжанға. Жүгіріп бара жатып жалтақ-жалтақ қа- райды, қолын бұлғайды. Сүрініп құлай жаздады. Поезд ұзап кеткенше терезеден, тамбурдан жыпыр-жыпыр еткен танаулар. Жылт-жылт еткен көздері қандай сүй- кімді. Корякинаның қолында орамал, көзінде жас. Сә- дуов те сүзіліп қарап қапты. Поезд ұзап кетті. Бірақ вокзал алдында тұрып қалған осынау екеудің ыстық- ықыласы мен татсыз көңілі сол жетімектермен бірге кеткен еді. Әр бала бұлардың ақ пейіл, жылы көңілін жүректерінде әкеле жатыр. Осы жылумен жол-жөнекей ән салған, көңілденген. Осы жылудың әлдиімен тәтті ұйқыға да кеткен.
Міне, жаңа келген жерінен де жылы құшақ лебі еседі. Сол леп күн суықтығын да ұмыттырғандай. Ва- гон алдында сапқа тұрды. Ең баста өздерін алып келген Айтжан. Форма киген бір топ бұларға бір-бір тал гүл ұсынды. Қыстың күні гүл? Иә, ыстық көңіл қыста да гүл табады екен. Қарсы ала келгендердің де басшысы бар. Мария Ивановна Ращева. Қөңілді қыз. Қонақтарды үйіріп әкетті. Әңгімені соғып келеді. Балқаш қаласын мақтап жатыр. Жаңа қала, заводы бар, мыс қорытады. Жері қандай, желі қандай, көлі қандай! Мақтайын деген адамға суық жел мен ащы судан да көп қасиет табуға болады екен.
Брезент жапқан машинаның қараңғыда қайда келе жатқаны белгісіз. Анда-санда сілкіп-сілкіп балаларды сүзістіріп қояды.
- Біздің Балқаштың көшесінің осындай қалжы- ңы бар. Қалай, бір жерлерің ауырып қалған жоқ па?
Түн ішінде тамақты ойлауға ешкімнің мұршасы болған жоқ еді. Үлкен асханадан бір-ақ шығарды. Са- маладай жанған электр жарығы. Қабырғаларды неше түрлі етіп, оюлап бояп қойған. Аппақ столдар қаз-қатар тұр. Үстіндегі ыстық тамақтың иісі мұрынды жарады. Тоңып келген балалардың араны ашылып кетті. Мына иіс аштырмай да қоятын емес. Марияның нұсқаған столдарына отыра қалып соғып жатыр. Қыздар ғана әдеттегісінше биязы, жай сыпайы ғана ішеді. Ал ұл- дардың кейбіреуі тіпті сорп-сорп еткізеді. Арты ішіп үлгергенше алды ұйқысы келіп есіней бастады.
Біреу қор ете түсті. Жалт қараған жұрт ду күліп жі- берді. Келдібеков Маңқаның көзі жыпылық-жыпылық етеді. Малақайының бір құлағынан су тамшылайды. Сөйтсе, қалғып кеткенде, төбесіне шоқита киген бас киімі қасындағы тарелкаға түсіп кетіпті. Ду күлкіден шошып оянған батырың жалма-жан басына жабыстыра салыпты. Су сорғалап тұрғаны содан. Борщтың суы.
Рахымжанның намысы келіп кетті. Жаңа жерде мына иттің «өнерімен» көзге түскені-ай дейді ішінен. Басындағыны жұлып алды да, сілкіп-сілкіп тазартып берді. Маңқа көзі сығырайып ыржияды. Ұялғанына көрінсін. Түрінің жаманын-ай, иттің. Аузы қасқырдың аузындай кере қарыс екен. Ыржиғанда екі езуі құла- ғына жетті. Біреулер кекетуге кірісті. Рахымжан жақ- тырмай түйіп тастады:
- Жаман жанындағыны қарақтайды деп. Мұны
кекеткенде мүйіздерің шыға ма?
Балалар бұл сөзден сыртта ым-жымың бір болсын, бір бас, бір тас бол дегенді ұқты. Жаны бар сөз. Қалалы жер. Бет-бетіңе тайраңдайтын Тайтөбе емес. Біріңе- бірің бауырсың, мұқатқаннан шығатын мүйіз жоқ. Жа- маныңды жасырып, жақсың болса асыр. Тайтөбедегі класкомдығы ұстап кетті ме, әлде іштей бір сезім түрт- ті ме, әйтеуір, солай деп қалды. Балалар жымдай бол- ды. Айтқанына көнбесе мұның салып жіберетін де жы- ны бар. Маңқа сол қалпы, бұл сөзге де ыржың-ыржың етеді.
Үйректің балапанындай бәрі Марияның артынан шұбап келеді. Қонар жерге келе жатыр.
ФЗУ детдомдай болмады, есейгендерін аңғартты. Тәртіп те қатты, талап та күшті. Әрі жұмыс істейді, әрі оқиды. Киімдері біркелкі. Бірақ детдомдағыдан басқа. Ұлдары — белдігімен қара шалбар, гимнастер- ка, шинель, маңдайы биік делегей. Қыздарға юбка, гимнастерка, шинель, телпек. Бәрінің де білегінде, бас киімінің маңдайында «ФЗУ» деген жазу жүреді. Ен салынды, енші берілді. Енді ешкім ешқайда қыңқ дей алмайды.
Ең қиыны барлық сабақ орыс тілінде. Кейбіреу ер батқан тайдай қайқақтай бастады. Кейбіреу қисынын тауып кеткісі де келді. Детдомды аңсады. Жоқ, тізгін мықты қолда. Бұлталақтай алмайсың. Осы училищеде мұрнына су жетпей жүретін адамның бірі — Таня Кудрина. Комсомол ұйымының секретары. Устав тауып береді. Жаттатады. Комсомолға өтіңдер деп шетінен дайындап жүр. Былайынша, өзіне қызығасың да. Екі иығын жұлып жеген пысық қыз. Еліктегің келеді.
Кімді де болса салған жерден үйіріп әкетеді. Міне, Тай- төбеден келгендердің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген Мария Ращева екеуі. Балалар кейде училищені бітіргенде тап осы екеуіндей елгезек, зерек болып шы- ғамыз деп ойлайды.
Қалалық өнерпаздар байқауына қызу әзірлік жүріп жатыр. Таня бұлардың қасынан шықпайды. Ғазизаны бас қылып, қыздарға «Қазақ биін» тапсырды. Қайдан тапқанын кім білсін, бір күні қазақша камзол, көйлек- тің үлгісін әкелді. Бас-басына киім тіккізді. Оны киген- де қыздар жұтынып шыға келді. Кәдімгідей бой жет- кен дерсің. Оркестр өздерінікі. Шекті аспаптар оркес- трі Тайтөбедегідей емес қырық-елу адам ойнайды. Күмбірлеткенде жер солқылдайды. Рахымжан мұнда да мандолинші. Бірақ детдомдағыдан үйрету басқа. Бұ- лар бәрін сүйемелдейді. Нешеме халықтың ән-күйін тартады. Таня Рахымжанды музыканттардың старос- тасы етіп қойды. Қоғамдық жұмысқа ауыздандырғаны. Комсомол басшысына мұның ширақтығы, пысық- тығы ұнайды. Әрі балалар мұны сыйлайды. Бұзықтығы
жоқ. Басқалардан зерек секілді.
Әнеу күнгі демалыста оның тағы жаңа қыры аң- ғарылды. Мұзда ұршықша үйріледі. Тайтөбеліктердің өзді-өз конькиімен келгені Таняға шу дегеннен ұнаған- ды. Және бәрі де аса бір ардақты бұйымдай қастерлей- ді онысын. Училищеде коньки тебу «ауруға» айналды. Кімде-кім тебу білмесе, ол осындағы адамның ең коры секілді. Коньки «індетінің» жайылғанына Таня өте қуанышты. Өйткені, өзі конькиші. Бір кезде зорлап, қолқалап тепкізе алмаушы еді. Енді... Бәтеңкеге бала- лардың өзі-ақ шегелейді. Оған өнерлері жетеді.
Рахымжанды бір апта болды, мәнерлеп тебуге үй- ретіп жүр. Ұлдардың ішіндегі тәуір тебетіні осы. Бірақ өзімен айдынға шыққанда қысылады. Секретарьлығы- нан сескене ме, болмаса қыз болған соң қысыла ма, ол жағы беймәлім өзіне де. Әйтсе де үйренісіп келеді.
- Жігітім, сен серік болуға жарап кетсең, қалалық жарысқа түсеміз.
Рахымжанның «жігіт» деген сөзді тұңғыш естуі. Бір жағынан көңілдене масаттану да бар, бір жағынан ұялғандай да. Оны Таня сезе қойды. Дереу тақырыпты өзгертіп, сөзді басқа жаққа бұрып кетті.
Бетінде бір түйір қылау жоқ айнадай жалтыр мұз. Әйтсе де тұтқырлау. Көл суының тұздылығынан бол- са керек. Айдынды бүгін онша баптамапты. Сонда да бұлар мұздан кетпеді. Ай сүттей жарық. Бет шымшы- ған жұқа аяз ғана бар. Қатты суық жоқ. Нағыз коньки тебетін түн. Онсыз да нұрлы жүзі суық сорып ажарла- на түсіпті. Жайдарлылық, мейірімділік үзілмейтін кө- зі бұрылған сайын ай жарығымен жалт-жұлт етеді. Төңкерілген тұнық әдемі көк көздің өзі. Мойны жұп- жұмыр. Жылы телпегінен желке жағында қиылған ақ сары шашының ұшы ғана көрінеді. Қолында тоқыма қолғап. Рахымжан екеуі үйіріліп үйіріліп келіп жалғыз аяқтап тұра қалады. Сол күйі бір ілгері, бір кейін қара- ма-қарсы ұстасып желсіз күнгі су толқынындай қал- қиды. Біресе шағаланың қанатындай майысады. Кейде Таняның өзі оңаша кетіп, бір аяғын бауырына жиғанда көл шетіндегі сес көрсеткен кербез аққудай елестейді.
Бұл екеуінің айдын үстіндегі жаттығуын үлкен өнер санап, таңырқай қарап тұрғандар көп. Міне, осылай тебу керек деседі. Бірақ Таняның көңілі әлі олқы. Өзі біледі, қалада небір мықтылар бар. Училище солармен
үзеңгі қағыстыруға жарай ма? Шіркін жас көңіл жүй- ріксің-ау. Бір күнде майталман боп шыққысы келеді. Көңіл асығады, бірақ көп жаттығу керек. Шеберліктің ауылы әлі алыс. Сыздықтап шыққан түтіні ғана көрі- неді. Асығады, жүрек шіркін, алып ұшады. Рахымжан- ның есіл дерті Таня мұз үстінде қалай құбылса, солай құбылу. Барлық мәнерлі қимылды аудырмай салғысы келеді. Көз алмайды, көңіліне тоқиды. Мұз үстіндегі сәнді жүрістің, шатты көңілдің шарабына мас боп кетіп еді бұлар. Оқыс шыққан ащы дауыс селт еткізді.
- Ойбай, кетті, кетті!
Осы бір үн күшті құйындай айдында жүргендерді түгел өзіне үйірді. Рахымжан мен Таня да ағызып жетіп келді. Жиналғандардың бәрі де ошарылып қарап тұр. Үй орнындай мұз ойылып кеткен. Екі көзі алақтап бір қыз бала қылқ-қылқ етеді. Жан далбаса, сынған мұз- дарға кезек-кезек жармасады. Жармасқан күйі бірге батады. Шашы жайылып кеткен. Үстіндегі киімі де ауырлап бара жатқан секілді. Тұрғандардың шулаған- нан басқа дәрмені жоқ, «Мам...», «мам...» деп әлгі қыз екі рет су жұтып жіберді, екі рет батып кетті. Енді батса, қайтып көтерілуі екі талай. Көгеріп барады, көзі шарасынан шығып кеткен.
Суға біреу күп ете түсті. Киімшең.
- Рахымжан! Өлдің, ойбай!
Ғазизаның ащы даусы. Рахымжанның қолы қыздың шашына да тиді. Шашынан тартып көтеріп қалғанда Рахымжанның өзін тарпа бас салды. Екеуі қоса батты.
- Аттан, аттан, кетті, кетті.
Тайтөбеліктердің бәрі дауыс сап ұлардай шулап тұр екен. Құлағына шалынған бұл үн зәресін алып жіберді.
Осы сәтте Таня шулап тұрғандарға ақырып қалды.
Өзгеден гөрі ол өз бойын тез жиғандай.
- Кәне ұлдар шешіңдер белдіктеріңді, жалғаңдар.
Сытырлап белдіктер шешіле бастады. Рахымжан да бойын жиып, мұзды екі жаққа ығыстырып, жол сала бастады. Абиыр болғанда әлгі жерден бері қарай екі адым ауған соң оның аяғы су түбіне тиді. Ағын су емес, көлдің суы. Аяғы тиген соң қызды белінен құшақтап көтеріп алды. Жылжыған сайын су тайыздап келеді. Әйтсе де әлі кеудесінен жоғары. Белдікті жалғап, іл- мектеп Таня лақтыратын ыңғай білдірді. Рахымжан алдымен қызды тартыңдар деп ымдады. Екі қолтықтың астынан белін ала белдік түсті. Ең қиыны енді жар қабақта. Ұстайтын бұдыр жоқ. Жап-жалтыр мұз. Қыз бақаша тырбаңдайды. Бірақ мұз тіреп жібермейді. Екі қолы сыртта, денесі суда. Кішкентай қыз аяғы жетпей асылды да қалды. Бір бұлқынам деген кезде иегін со- ғып, аузы даладай қан болды. Енді қайтпек. Рахымжан бір қолымен мұздан тіреп тұрды да бір қолымен ая- ғынан көтерді. Осы кезде жағадағылар дырылдатып сүйрей жөнелді. Енді көмек өзіне келді. Су мұның кіндігінен сәл ғана жоғары. Бірақ, сырттағылар қолын бере алмайды. Сырғанап суға өздері түседі. Аяғын жар қабаққа асқанымен конькишең шыға алатын түрі жоқ. Таня белдіктерді ілмектеп қайта тастады. Рахымжан белінен мықтап байлады да «Мен екі қолымды жағаға тіреп ырғыған кезде жұлқа тартыңдар» деді. Сырт- тағылар солай етті де. Сопаң етіп шыға келді. Құт- қарғаны сегіз-тоғыздағы қаланың бір жас қызы екен. Еңіреп жылап тұр.
Ат-шана да жетті. Малмандай болған екеуді ала жө-
нелді. Шанаға мініп Таняның өзі кетті. Қала балаларын үйді-үйіне қуды. Училищеден келгендерге сапқа тұ- рып дереу қайтуға бұйырды. Сөйтіп айдындағы бүгінгі серуеннің арты осындай дүрбелеңмен тынды.
Рахымжанның тоңғаны сонша, сөйлеуге шамасы жоқ. Айналасында ақ халат кигендер. Екі адам үстін ысқылап жатыр. Сірә, спиртпен ысқылап жатса керек.
- Мә, мынаны ішіп жібер.
Су секілді жарты стакан мөлдіреген бірдеңе, қағып салды. Өзегін өртеп жіберді. Өңеші түгел сылынып күйіп қалғандай болды. Дем ала алмай қалды. Мынау дәрі ме, у ма деп ойлады. Әлден уақытта ішін де, сыртын да дуылдатып, күйдіріп ала жөнелді. Денесі отша жанып кетті. Біреу шоқтың алдына әкеп ұстап тұрғандай албырайды. Мұз бетінде киіктей ойнақтаған, құрақша майысқан Таня, жылап тұрған Ғазиза, Тайтө- бедегі детдом, «папасы» — Сәдуов, «мамасы» — Коря- кина бәрі өтті көз алдынан. Апыр-ау, бұлар қайдан ке- ліп қалды қасыма? Өңі ме, түсі ме, ажырата алмайды. Денесі балбырап әкетіп барады. Бәрі араласып мұнар- тып кетті. «Райхан... Мынау Райхан ғой. Сен қалай таптың мені... Шынымен іздедің бе? Өзің келдің бе? Әдемі боп кетіпсің ғой».
Кеудесіндегі көрпені лақтырып тастады. Денесі лапылдап күйіп-жанып барады. Сөйлеп жатыр...
* * *
«Райхан! Бұл хатты мүмкін күтпеген де шығарсың. Мен сенің адресіңді Тайтөбедегі балалардан алдым. Өзіңмен тілдескісі кеп отырған да қаланың адамы деп білерсің. Біз сендер секілді Ақмолада тұрмаймыз. Кә- дімгі жүз жасаған Жамбылдың жырына арқау болған
«Қарағанды, Қарсақпай, Жезқазған, Балқаш кеніміз...» деген жолдардың Балқашында өмір сүреміз.
Бір кезде «маңқа» деп мұрныңды шүйіруші ең. Енді көрсең Келдібектің баласын. Сенің көкеңдей қыздар бар бұл қалада. Талай-талай сұлулар сыртымыздан сы- ғалап, діңкесі құрып жүр. Әлі-ақ құрыш білекті құры- лысшы боп шығамыз. Қорғасыныңды қопаратын, мы- сыңды қорытатын, кірпішіңді қалап, құрылысыңды салатын қаны жерге тимес жұмысшы табың мына біз боламыз. ФЗУ-ға кеткенді ит жеккенге айдағандай көр- гендер әлі-ақ алдымызда бас иеді. Сені де сол бір кезде кездестірсем, шіркін.
Сен таққан тұмардан мұнда да құтыла алмай қой- дым. Кімнің аузына қақпақ боласың. Детдом бір сәрі еді-ау, училищеде де сен қойған атпен жүрмін. Өзгесін қайтейін, кейбір тізім, документтерге де солай жазып қойыпты. Бізге паспорт берді.
Е, қойшы тәйірі. Атта тұрған ештеңе жоқ. Қойған атыңның берік болғанын саған жеткізіп, сүйінші сұ- рап жатқаным ғой. Бұл жолдарды оқығанда мүмкін күлерсің. Бірақ, жылайтын да жерің бар. Күні бұрын ескертейін, бекем бол.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Тумақ бар да өлмек бар. Бәріміздің де баратын жеріміз сол дүние.
Біреу ерте, біреу кеш кетеді. Осы жолдарды жазған- да қаламымнан сия емес, жас тамып бара жатқандай. Өзімнің де өзегім өртеніп отыр.
Құлын-тайдай тебіскен, жемегенді бөліскен қайран құрбы. Қыршын еді. Сен дегенде, Райхан, ол ішкен асын жерге қоятын. Анада детдомнан кетерде сенің болмағаның алдымен соның қабырғасына батты. Көр-
сетпей-көрсетпей «Рәшім-ай» деп жылады. Достық па- рыздан құтылайын деп, қайғылы болса да хабарды өзім естірткелі отырмын. Сенен басқа естіртетін оның кімі бар?
Өзін де осы Балқашқа ажал айдап келсе керек. Бірақ
«қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер» демекші біз де жүрміз ғой. Құланның қасуына мылтықтың ба- суы дөп кепті. Дәл сол түні әншейінде аман тұрған айдынның жарылуын көрмейсің бе?
Иә, Райхан! Атын атауға менің әлі дәтім бармай отыр. Әттең ақын емеспін. Әйтпесе, бұл хатты өлеңмен жазса да болар еді. Мейірімсіз ажал, алып кеттің-ау арамыздан. «От пен су тілсіз жау» деген рас екен. Кө- зіміз бақырайып тұрып қалдық. Су түбінен екі-ақ рет караң етті. Кісі бойы қатқан мұз жіберсін бе? Қайран Рахымжан балықтарға жем болып кете барды. Егіліп жыладық, еңіредік. Меңіреу мұз бізге қайтып берген жоқ.
Оның өлімі осылай қайғылы болды. Аяғында Лю- бовь Ивановна апамыз берген конькидің кеткенін айт- саңшы.
Райхан! «Болған іске болаттай берік бол» деген. Өзіңе арнайы естіртуші құрбың
Келдібеков Жарқын».
Бұл хатты оқыған сәтте Маңқа көз алдында болған- да Райхан оны түтіп жеуге бар еді. Жыртып-жыртып отқа тастады. Үш күн бойы ызаға булығып, Маңқаның қорлығынан жарыла жаздап жүрді. Бірақ ол бір ақи- қатқа сенді. Неше бір делқұлы болса да тірі адамды өл- ді деп жаза қоймас. Рахымжанның мұз астына кеткені рас шығар. Оған деген аяныш сезімін Маңқаға деген ашу-ыза басып кете берді.
Сонымен Рахымжан суға кетіпті деген лақап тарап кетті. Ақмолада тұратын қашық-жақынның бәрі естіді, Бәрі де бата ғып беттерін сипасты. Естімеген жалғыз-ақ адам бар. Ол — Үндемес. Өгей де болса естірту керек.
...Шөкештің үйінен қонақ арылмайтынын Үндемес біледі. Мұхтарға келген сайын мұнда соқпай кетпейді. Бірақ бұл жолы елден ерек шалдар жиналыпты. Қобыз тартып Сәби ақын отыр. Атын естігені болмаса, қо- быздың үнін тыңдап көрген емес. Тіпті, зарлы екен шіркін. Неге екенін түсінбейді, өзіне деген құрмет бүгін бөлекше. «Жоғары шық та, жоғары шық». Бәрі бәйек боп қапты. Анда-санда алыстан орағытып, буалдыр бірдеңелерді астарлап айтады. Шалдардың үйреншікті сөзі ғой деп Үндемес үндемей отыра берді. Мән берген жоқ.
Шәй ішілді. Еттің наны жайылып жатыр.
- Сәке! Әлгі «Ақсақ киікті» қобызыңызға қосып жіберіңізші.
Бұл аңыз осы өңірге кең тараған. Қатыгез ханға аң аулап жүріп мерт болған баласын естіртуге ешкім батпағанда, осы күйді тартып қобызшы естірткен екен. Оны Үндемес те біледі.
Тартыңыз да тартыңыз деп үй толы жұрт шулап кетті. Зарлы үн сорғалай жөнелді. Сәби ақын қобыз ырғағына елтіп өзінше мың құбылады. Базбіреу осы шалдың бірде быржиып, бірде тыржиып құбылған бет- аузын қызық көріп қапты. Әсіресе, балалар шал көзді шарт жұмып жіберіп, шайқақтағанда сықылықтай кү- леді. Ол мұны жақтырмай алара қалса, жым болыса- ды. «Ақсақ киікті» өзі шығарғандай шалқиды Шалың. Сарнатып-сарнатып келіп бітірді де, Үндемеске тесіле қалды.
- Үндемес, біз ел білетін күй тарттық. Сізге айтар ауыр хабарымыздың тиегі болсын деп тарттық. Жырақ жүріп Рахымжан балаң дүние салыпты. Ажалға ара тұра алған кім бар. Қаза қайырлы болсын.
Өзін жұрттың бүгін неғып қолпаштап кеткенін Үн- демес енді түсінді. Дауыс салып қоя берді. Әйелдер
«сабыр, сабыр» деп жатыр.
- Біреу итеріп жіберген ғой. Әйтпесе мұз ойылушы ма еді.
- Қошқарбай байғұстың түтіні енді өшті.
Осындай сыпсың сөздер жалындай лапылдап жүре берді. Үндемес екі бүйірін таянып, солқылдап отыр.
- Жүр деп едім, жүрмеді. Қу детдом түбіне жетті ақыры, ойбай. Жалғызым-ау, жас кеттің-ау, — деп тар- ғылданған даусын созып-созып қояды.
- Иә... опасыз шіркін дүние!
Шалдардың ауық-ауық күрсініп айтып қоятыны осы. Сабыр айтып, басу айтып Үндеместің бет-қолын жуғызды. Ет келді. Құран оқығысы кеп қобызшы шал қыбыжықтап еді, оны дереу сезе қойған біреуі:
- Оқыңыз, оқыңыз, о не дегеніңіз. Азамат болған бала емес пе!— деді.
- Үндемес шырағым, нешеде еді өзі?
- Жаңылмасам он жетіге келді-ау деймін.
- Көрейін деген жарығы сол-ақ болған шығар. Суға кеткен мен оққа ұшқанды шәйт өлім дейді ғой.
Сонымен Үндемес Қошқарбайдан қалған соңғы іл- гішектен де айрылды.
* * *
Тайтөбедегілер де естіді. Бүкіл детдом аза тұтты. Сәдуов өз баласы өлгендей қайғырды. Милицияға хат
жазды. Қалай қаза болғанын дәлдеп жазуды сұрады. Балқашқа да барғысы келді. Вокзал басында артына жалтақ-жалтақ қарап жүгіргені, кейбір ойнақы мінезі, ренжуді білмейтін жарқындығы — бәрі, бәрі есіне түсті. Кетерде бәрі бірге түскен сурет мынау. Шашы жалбырап, көзі күліп тұр. Кимелеп келіп қасына тұр- ғаны есінде. Сол шәкірті енді көз жүмған... Денесі біртүрлі мұздап кетті.
Бөлмеге почтальон қыз кірді. Қарны тоқ сөмкесі- нен хат ұсынды. Сағат сыртына қарап состиып тұ- рып қалды. Өз көзіне өзі сенбеді. Кірпіктерін жыпы- лықтатып қайта үңілді. Жоқ, сол жаңағы оқығаны. Хат Рахымжаннан. Жалма-жан ашып жіберіп аяғына қа- раса, осыдан бес күн бұрын жазылған. Өлді деген, бәрі болып аза тұтқан Рахымжаннан. Жүрегі лүпіл қақты; сабырлы адамның сасып қалғаны қызық екен, бала сияқты жүгіре береді. Столының біресе оң жағына, бі- ресе сол жағына шығады. Екі көзі хатта.
«Құрметті әкеміз Сәкеңе! Өзіңізден, қатар-құрбы- ларымнан үзбей хат алып тұратыныма өте қуанышты- мын. Азырақ сырқаттанып осы хатты кешірек жаздым. Халім жақсы. Бәріміз де жақсымыз. Сіз берген тәрбие- ге қыл жуытпау үшін намысқа тырысып жатырмыз. Бір кезде мен жақсы адамдар дүниеде аз шығар деп ойлаушы ем. Сол бір күңгірт ойды талқандаған алды- мен өзіңіз. Мұнда да сіз секілді дархан жандар бар. Өз тағдырымның осындай қалыптасқанына мен қуанам. Менің кеудеме от жағып, көзімді ашқан Сіздер. Менің емшек сүтін емген анам — детдом. Енді есейтіп келе жатқан училище. Көпке дейін кеудем күңгірт, көзім бұ- лыңғыр еді. Қазір сарайым ашық. Айналамды айқын аңғардым. Асқарлар алдымда қол бұлғайды. Кеуде кө-
зімнің ерте оянғанына қуанам. Ащыны білмей — тәт- тіні, қараны білмей — ақты айыра аларсың ба!
Өз ойымша училище нағыз өнер ордасы. Бәрін де үйретеді. Жұмысқа да, өнерге де баулиды. Қала өмірге үйрендік. Мыс қорыту заводы, кен байыту фабрикасы өз үйіміздей. Жиі апарады. Адам ойы, адам қолы жеткен керемет. Топырақтан темір жасайды. Ғажайып машиналарға жан бітіреді. Ертең осыны сендер мең- гересіңдер дегенде бойымызды шабыт кернейді. Ішер ас, киер киім — тегін. Бәрі бар. Соның өзіне ренжитін кейбіреулер бар-ау. Жыным келеді. Артық құрмет кей- де мас қыла ма деймін. Жақсылықты да нормаласа. Әйтпесе кейбіреу тәубәсін ұмытатын секілді.
Көңілімде бір ғана қаяу бар. Ол өзіңіз білетін екі жара. Комсомолға өткім келіп еді. Алмады. Таня Кудрина соны маған айта алмай үш күн қиналыпты. Өзі бір тамаша қыз. Барлық адамның жаны сондай кіршіксіз болса... Бастауыш ұйымнан өткенмін. Қала- лық комсомол комитеті қайырып тастапты анкетамды. Өзіңізге аян әкем жайлы ғой.
Бірақ, бұл жолы мен аса ренжімедім. Пісіп қаппын. Жастайымнан өз әкем өзіме сор боп келеді ғой. Кінәсі болса, обалы өзіне. Бірақ, менің арым таза, жаным кіршіксіз. Қалтамда билет болмаса да мен өзімді ком- сомол мүшесімін деп санаймын. Арманым — Отаныма ғұмырыммен қызмет ету. Сіздер секілді аяулы аза- маттардың сенімін ақтау.
Жуырда қалалық байқауда біздің училище өнерпаз- дары бірінші орын алды. Мәнерлі конькиден үшінші орынға ие болдым. Бірақ бұл Таня Қудринаның еңбегі. Мен оған тұсау болсам керек. Папа! Коньки өнері маған ете ұнайды. Орындық, столдарды плотникше жасай-
мыз. Сізге арнап кресло қиюластырсам деп жүрмін. Бәрін, бәрін жасаймыз біз, папа!
Осы жазғандарымды Любовь Ивановнаға да жазсам ба деп едім. Орысша бұл қалпында шыға алатын емес. Дегенмен амандығымды айтып хат жазып жібердім. Ол кісінің жазған хаттарын оқысаңыз... Өмір сүру шежі- ресі дерсіз. Неткен мейірлі жүрек. Жолықсаңыз арна- йы сәлем айтыңыз. Біз сіздерді әке-шешеміз деп біле- міз. Комсомолға анкета толтырарда әке, шешең деген графаларға сіздерді жазғым да келді. Бұл имандай шын сырым. Егер біреу сұраса, бұл ғұмырында кімдерге қарызсың деп, іркілместен Тайтөбе мен Балқаштағы абзал адамдарды атар ем. Солар арқылы елді сүйдік. Солардан өмірге ғашық болуды үйрендік. Сіздер саялы бәйтерек, біз соның бұтағы болуға жарасақ — арман жоқ.
Өзіңізді аса құрметтеуші балаңыз Рахымжан».
Сәдуов Сағат көзіне жас алды. Хатты оқып бітуін күткен тәрбиеші Айтжан жазуды танып бір бозарып, бір қызарып отырған. Жаман хабар оған да аян-ды.
- Мынау Рахымжаннан ба? Қашан жазғаны, тірі ме екен?
- Мә, қалай тірілгенін өзің оқып көр.
Үнінде мақтаныш. Жасаураған көздің өзінен де шаттық сыртқа айқын теуіп тұрды.
«ҚОсШЫнЫң» ШөБі,
«ВОРОШИлОВтЫң АРБАсЫ
Шөп биыл белуардан өскен. Жер астында ештеңе қалмаған болар. Машинаның екі айналған жері бір мая. «Қосшы» колхозының сонау ойпаңдағы пішені шөмеледе жатып шіруге айналды. Әнеукүнгі қалың жауыннан кейін көгере бастапты. Соны бүгін бүкіл ауыл болып, тайлы-таяғымен жиып алмаса кешігеді. Кеше жиналып баруға әу дескен. Мұғалімдердің де демалысқа шыққан кезі. Қолдары алдына симай жүр. Ауыл активтерін сөзге келместен қолдап еді.
Бұл күнде жұрт думаншыл. Тұрмыстың жақсылы- ғынан да болар. Бас қосуға сынықтан сылтау іздеп тұрады. Мынау жайт соған дәл кеп қалды-ау деймін. Саба-саба қымыз, шелек-шелек көже артып, ат-арбамен
«Өлеңге» қарай қаптап барады. Арба сайын аяқтарын буған бір-бір қой. Жұмысқа деп шыққандардың түрі жөпшенді тойға бара жатқандай. Әсіресе, әйелдер жа- ғы тіпті түрленіп шығыпты. Әзіл-қалжың, ән-әуен.
Сыңғырлаған күлкі. Сылқым жігіт, кербез келін- шектер де баршылық.
Күн көтеріле аттанғандар шық кебе межелі жерге жетті. Батыс жақта жұқа ала шабыр бұлт бар. Күн ыс- тық болады-ау деп жорысты кейбіреулер. Ыстық түс- пей еңсеріп тастағанды мақұл көрді бәрі де. Жаңа ғана шоқталып келе жатқан адамдар шашқан құмалақтай кең алқапқа жайылды да кетті. Қызу жұмыс басталды.
Құмырсқаның илеуіндей, шоқиып-шоқиып шөмеле- лер тұрып та қалды. Әп-сәтте-ақ жапырлап шыға берді. Сонау дөңестеу жерден жаңа маяның орны салынуда.
Шөмеле басына мінген балалар аударыспақ ойнап алданып қалса, мая жақтан айқай шығады. Бәрін бел- гісіз бір күш асықтырғандай. Тез бітіріп, думанға бас- қысы келе ме екен? Әйтеуір жұмыс жүріп берді. Әзіл- оспақ, айқай-қалжың да тына қалыпты. Жапырып бара жатқан жастар жағы.
Жаңағы алашабыр бұлт біртіндеп тұтасып келеді. Күн батар жақты шымылдықтап, қоюланып жөңкіле шығысқа қарай ойысты. Төбеге тақалып қалған күн де бұлт артына жасырынды.
- Е, жақсы болды-ау. Құдайдың болысқанын көр- мейсің бе? Салқында іс өнімді ғой.
Еркектер жағы бырш-бырш терлеген. Көбі көйлегін сыпырып тастапты. Кеудесінен жоғары жағы жалаңаш. Бастарына шарт түйген орамалдары термен, топырақ- пен қап-қара боп кетіпті. Әйелдердің де жоталары суланған. Көйлектері жабысып тұр. Егделеу әйелдер етектерінің бір жағын түрініп ышқырланып алыпты. Жас келіншектер ғана келген беттегі қалпында. Олар- дың пысынап терлегені нарттай жанған жүздерінен көрініп тұр.
Салқын жел көтерілді. Шөмелелердің шоқиған төбелері селкілдей бастады. Маяшылардың жұмысы ауырлады. Тік көтерген ашаны қалбалақтап, бұрып ала жөнеледі. Оның үстіне барлық мая да биіктеп кеткен. Шөп тастап тұрғандар тек қарулы жігіттер ғана. Соның өзінде мына жел басылмаса төбесін шығару қиын. Шығарған маяның бәрін бітіріп тыныстауға келісті жұрт. Желдің күшейгеніне қарамастан бір-біріне жәр-
дем беруде. Әйтсе де «көзім-ай» деушілер көбейіп кет- ті. Біреуіне шөп, біреуіне топырақ түсіп әбігер етті. Көзді емдеушілердін бір-ақ тәсілі бар. Тілді салып жібереді де, жалап жатады.
- Қойды ма, койды ма түйілгенін.
Сұр бұлт аспанды тұтас жапты. Жаздың бұлтындай емес, күздің бұлтындай зәрлі. Дегенмен, жел баяула- йын деді. Шөпшілерге керегі де осы. Барлык маяның төбесі шықты. Үстіндегілер арқаннан ұстап төмен қа- рай түсіп жатыр. Жиналатын жер алғашқы үлкен мая- ның түбі. Бар әкелгендері сонда. Қой сойылып, қазан бұрқырап тұр. Қазіргі қарбаластық енді осы жұмыстың төңірегінде. Тек желден именіп отты басып тастаған екен. Қазан астына қайтадан от қойылды. Кербездік мұндай жерде де қалмайды екен ғой. Нұрғали деген мұғалім қисық жаға ак жібек кейлегін бипаздап киіп жатыр. Шешіп тастаса керек, көйлегі сол қалпы, кір- шіксіз судырап тұр. Рахымжан да мұғалім. Бірақ бұл сауатсыздарды оқытады, ересектердің «молдасы».
Балқаштағы ФЗУ жабылып, ауылына келгелі көп болмаған-ды. Шешесі Үндемес күйеуге тиіп кетіпті. Оған өкпелеген Мұхтар биыл жазда демалысқа кел- мепті. Өзі білетін ескі көздерден жалғыз әжесі Әлиман қалған. Ол да қартайған. Жүнісбектің үйіне кеп тұра- ды. Жеңгесі Зейнекүл асты-үстіне түседі. Ер жеткен қайнысын ес тұтқандай. Баяғыда анасы Жамал өлгенде кұртақандай бала еді. Қабыр басында шырылдағаны әлі көз алдында. Енді міне, жігіт болыпты. Бет-пішіні, жарқылдақ, ашықтығы анасына тартыпты. Көп жыл қара үзіп, ел көрмей жат бауыр боп кетті ме десе, олай да емес. Осы ауылдың көзге түсер жас жігітінің бірі болды. Келген соң кешіктірмей көрші «Қосшы»
колхозына сауатсыздарды оқытуға жіберген. Орта бі- лімі барлардың ол кезде қаны жерге тимейді. Міне, бүгінгі бірлескен думанға ол да іліккен.
Бір топ жас сақ-сақ күледі. Орталарында нән табақ нансыз ет.
- Молда қайным, тура.
Рахымжанды келіншектер көбірек қағытады. Ол да есесін жібермейді.
- Сазайларыңды оқуда берермін,— дейді.
Күні бойғы жұмыстан жүздерінде шаршағандық- тың ізі де жоқ. Жуынып-шайынып, бәрі құлпырып шыға келіпті. Күлкі көбейді. Әкелген көк мойындар да бұл тұста әжетке жараса керек. Далада, салқында отырып ішкен ас қандай сіңімді. Әсіресе, бүгінгідей қызу жұмыстан кейін. Бір тамаша жарастық бар. Осы бір даланы сәнге бөлеп тұрған жарастық. Сүреңсіз сұрғылт бұлт мына жайнаған жүздерден тайқып, күн көзін ашып жіберетін-ақ жөні бар. Бірақ, зәрлене түседі. Суық жел қайта көтерілді. Жігіттердің шашы жалбырап, әйелдердің орамалы ұша бастады.
Ауыл жақтан келе жатқан аттыға бәрі жалт қарады.
Құйғытып келеді. Тани кетті. Төлеубай деген шал.
- Бірдеңеден құр қалғандай мына шалдың сонша желіккені несі екен.
- Біреуден сүйінші сұрайын деп келе жатқан шы- ғар.
- Нұрғали берік бол қалпағыңа. Сенің келіншегің ай-күніне жетіп отырмап па еді?
Бәрі аңтарыла орындарынан тұрысты. Тесіліп қарап қапты.
- Әне, әне,— деп шу ете түсті. Бірақ қарияның тү- сі өрт сөндіргендей суық. Тұнжырап кеткен. Жақындай
бере атының басын тежеді. Ұзақ шапса керек, екі бүйірін соғып ілгерілі-кейін кетіп тұр.
- Оу, жамағат, соғыс, соғыс!
- Не дейді? Қайдағы?
- Германия тарпа бас сапты, талай жерді алып қойыпты. Осындағы көбіңе пәуеске бар. Қайтыңдар ауылға!
Аңтарылып тұрғандар түгел күрсінді. Жер де, күні бойы өңі қашып тұрған мынау сұрғылт көк те күрсінді. Ат-арбаға үрпиісіп-үрпиісіп отырып жатыр. Жаңағы бір шаттық жер жұтқандай жоқ болды. Масаңдар да дереу есін жиды. Әзіл-қалжың адыра қалды. Араздас- қан адамдарша үнсіз. Әркім өзімен өзі, іштері мынау көтеріліп келе жатқан желден де суық. Төлеубай қарт та өлік естірткендей тұнжырайды. Арбалардың тізгі- нін бос жіберіп ілбіп келеді. Басы салбырап кетіпті.
Шөпшілер ауылға бет алысымен жел өршелене соқты. Дауыл көтерілді. Жер мен көктің арасы жын ойнағына ұқсап кетті. Айнала мұнартады, мынау дар- хан дала екі иығынан дем алады. Жаңа салынған жас маялардың бір-екеуі желмен құлап түсті. Бірақ оған қараған ешкім жоқ.
* * *
Рахымжан соғыс туралы суық хабарды естісімен Ворошилов атындағы колхозға — өз ауылына келген- ді. Мұнда да бір айдың ішінде азамат атаулы апа- сапа болды. Тоқтап тұрған трактор, жүрмей қалған комбайн. Ие жоқ. Күлкі кетіп күңіренген халық. Ақмо- ламен екі орта шұбырындыға айналды. Қайғы-мұң шұбырындысы.
Ауылдағы қайрат көрсетер басты күш малдан —
өгіз, адамнан — әйел ғана. Бала атаулы — жетім, әйел атаулы — жесір қалды. Ішкен су да, жұтқан шаң да қан татиды. Құдайдың құтты күні мұңмен атып, мұңмен батады. Енді мұғалім боп шікірейіп жүрудің жөні келмеді.
Алты-жеті әйелге бастық. Арба айдап, астық тар- тады. Қап көтермек тұр ғой, отының басын сыруға ерінетін небір кербез келіншектердің ерні тілім-тілім, қолы жара-жара болды. Бірақ қыңқ демейді. Бүкіл жұмыс солардың мойнында. Күн мен түннен айырма- шылық кетті.
Қайраттысы Қалиман шешей. Бурыл тартқан са- майынан жоса-жоса тер ағып тыным көрмей жүргені. Астық та қаптайды, қап та арқалайды, арба да айдай- ды. Оның қасындағы жас әйелдердің бәрі шалдықты. Қараға ілесіп жүрген жалғыз Зұлқия еді. Оның да бүгін белі кетіп ауырып қалыпты. Алты арбаға ие Қалиман шешей мен Рахымжан ғана. Жігіт аты бар, намысына тырысады. Бірақ таңның атысы, күннің батысы ты- нымсыз жұмыс мұны да бұрлықтырайын деді.
Жұрттың бәрі де жұқарған. Сіркесі су көтермейді. Бірдеңе десең тек сынып түседі. Арбаларды қырманға әкеп, сабан түбіне қисайғаны сол болатын. Бригадир Мәліш Омар дығырланып жетіп келіпті.
- Неге жатырсың, оңбаған!
- Өзін оңбаған, өл деймісің.
- Соғыста өліп жатқандардан әулиемісің. Қара, айбат шегеді-ей өзі.
Қалиман шешей түтеп кетті. Ол араға түспегенде Рахымжан енді жағадан алмақшы еді.
- Сен секілдіні төре ғып құдай да алжасты. «Ит жоқта шошқа үреді қораға...» деп. Сонша зікінгенің
е? Үш апта ұдайы жеті арбаны өзің тиеп, өзің түсіріп көр. Бір күн істеші осының орнына. Көрейін өнеріңді. Рахымжанға рахмет айт, оңбаған. Колхоздың бүкіл бір жағын еңсеріп жүрген жоқ па!
Мәліш Омардың аузы көпіріп кетті. Енді Қалиман- ның самайына тіл тигізді. Ауаткомның председателі Клешня дәл осы жанжалдың үстінен шықты. Толық денелі қызыл сары кісі екен. Мәліш Омар қыпылықтай қалды. Жаңа ғана арсылдап тұр еді. Енді күмілжіп, шыбжың-шыбжың етті. Клешня жолдас аужайды бір- ден түйді.
- Кел, бригадир. Екеуміз мына үйіндіні аударып тастайық. Арбашылар дем алсын.
Мәліш Омар жәлпең қағып қолына күрек алды. Рай- исполком кительді шешті, жеңді түрінді. Ал, аудар! Өзі де қарулы екен. Әзірге сыр берер түрі жоқ. Бригадир белін жиі-жиі ұстай береді. Ентігіп күрегіне сүйене- ді. Сыртынан қарап «шоқ-шоқ» десіп тұрған әйелдер. Омардың Рахымжанды атарға оғы жоқ. Қалиман ше- шей келіп қолындағы күректі жұлып алды. Намыста- нып кетсе керек. Клешня күректі Мәліш Омарға қайта берді.
- Бәйбіше, сіз дем алыңыз. Бригадир екеуміз ау- дарамыз.
Қазақша судай. Оның ойын тұрғандардың бәрі де түсінді. Сол сынақ екі сағатқа созылды. Мәліш Омар- дың сілесі қатып, әбден жүйкеледі. «Ой өркенің өскір, мақтамен бауыздадың-ау, мына әңгүдікті». Қырманда- ғының бәрі де ішінен тап осыны айтып тұр. Үйінді біт- ті. Клешня терін сүртіп демалуға отырды. Мәліш Омарды қасына шақырды.
- Қораздану әтешке жарасқан. Онда ақыл жоқ. Таң
алдында шақырып күні бойы қоқиланады. Сен адамсың ғой.
- Ақсақал, жаның күйіп кетеді. Тіл сосын шығады екен.
- Кімнің шекесі қызып жүр. Азаматтар болса, ана ақ самай ана қап көтеріп жүрер ме еді.
- Жігітім, сен қай жылғысың? Бұл сөзді Рахымжанға айтты.
— 1924.
- Әне, күні ертең бұдан да айрыласың. Онсыз да өртеніп жүрген жандарды күйдіре бермес болар. Ақылмен, ақылмен істе, бауырым. Ашумен емес.
- Ақсақал, жүрегім нашар. Қаным басыма шапшып шыға келеді.
- Жүрегі сау ешкім жоқ қазір.
...Қалиман шешейді бүгін бір топ кемпір қолқалап сұрап алды. Ысқақтың Айтбайын естірту керек. Күні кеше орден алыпты, ерлік көрсетіпті деген Айтбай. Ауыл балалары «Айтбай ағамыздай батыр боламыз» деп те шуласқан-ды. Жерлестерінің ерлігімен ауданнан да құтықтаған. Хасен мен Айтыштан қатарынан қара қағаз келгенде, Айтбайдың тірлігі бұл үйге медеу еді. Ең болмаса біреуі бар...
Рахымжан дәл бүгін ауылда болғысы келмей, тезі- рек арбасын тиеп Ақмолаға жүріп кетуге асықты. Бір үйден үш бірдей азамат кетіп, үшеуі де жоқ болды. Мұн- дай қайғыны қандай жүрек көтере алар. Әке-шешесі тұрған сырт адамның өзін есінен тандырғандай. Шы- дай алатын түрі жоқ, кеткісі келеді. Барлық арбаны жалғыз түсіруге бар. Кемпір-шалдың, бала-шағаның құлындағы даусын, ендігі зарлы үнін естуге төзімі жоқ.
Бұл қасіретке кеудесін тосып қайратты ана Қалиман ғана кетті.
Мынау қара жер, анау ақ самайлы ана ғана төзімді, шыдайды. Жердің берген бар дәулетін, ана атаулының бар үмітін сұрапыл соғыс жұтып жатыр, жұтып жатыр. Осы ойлар келгенде біреу жүрегін шеңгелдеп сы-
ғып-сығып жібергендей болады
Қырман түбі сарқылды. Халықта бір түйір астық жоқ. Бірақ қыңқ демейді. Өйткені, соғыс!
Жесір қалды, жетім баласы бар. Арқа еті арша, бор- бай еті борша. Бір күн жұмыстан қалмайды. Өйткені, соғыс!
Ән орнына зар. Күлкі орнына мұң. Күнде біреу жоқтау айтады. Осы ауылдың өзінен күн де бір жұлдыз сөнеді. Сол боздақтармен бірге сен де күніне бір өлесің. Өйткені, соғыс!
Жұрттың бәрі ас ішеді, бірақ ол сірне татиды, жұрт- тың бәрі ауа жұтады — бірақ ол удай ащы. Өйткені, соғыс!
Осының бәрін көріп азап отына күніне мың қақ- талады. Бұл азаптан да көптің бірі болып майданда өлгеннің өзі артық. Ащы ойлардың жегідей жегеніне талай боп еді. Міне, бүгін арба үстінде қолына қалам ұстатты. Рахымжан военкомға арыз жазды. Әскерге сұранды. Бүгінгі Ақмолаға асықтырған да сол белгісіз күш еді. Ыңыршағы шыққан өгіздер әйтеуір ілбиді. Ауыл жаққа қарауға беттемейді. Қазір Ысқақтың үйі у-шу. Шашын жұлып, бетін жыртып жатқан әйелін елестетеді. Сорлы шешесі алдыңғы баласын естігенде екі көзден айрылып еді. Әкесі де ине жұтқандай имиіп кеткен-ді. Енді, міне мейірімсіз тағдыр тағы да соқты аяусыз.
Шіркін-ай, көктемгі қызғалдақтай халық дүр көте- ріліп келе жатыр еді-ау. Сол гүлді жайдары жаздың қақ ортасында қапелімде үсік ұрғанын қарашы. Дала жұ- тап қалды, жүдеп қалды. Мүлгіп тұрған түн де өз кеудесіндей көңілсіз күңіренетін секілді. Ащы айқайға басып зарлы ән салғысы келеді. Түргісі келеді сол түнекті. Бірақ, ол қанша жұбаныш болар дейсің. Мынау қыбырлап келе жатқан өгіздерге қарайды. Сүйектері арбиып, бұлардың да ұсқыны кетіп қапты. Қамшы ти- гізбейтін қара шолақ кирең-кирең етеді. Оның қасын- да пар жегілген «Айтбай қасқа». Қазасы бүгін бүкіл ауылды қапаландырып жатқан ердің үйінен шыққан мал. Көптен бері сілекейі шұбырып жүр. Бірақ, тоқта- майтын, тұрып қалмайтын. Осындағы ең тартқыш күшті өгіз. Ұйқтап қалғанда да қырманға өздері әке- леді. Қалған арбаларды тіркеп солардың соңынан са- лып қоятын. Әне, «Айтбай қасқа» тізерлеп барып жата кетті. Бүкіл керуен тоқтап қалды. Артындағы екі әйел мұны білген жоқ. Арба үстінде ұйқтап жатыр. Бұл екеуін Рахымжан бүгін ғана көрді. Біреуі уыздай жас бала. Қалиман шешейдің қызы. Мана өз орнына қара боп арба айдап барсын деген-ді. Қырман басында-ақ аяп кеткен бұл баланы. Мейірімсіз соғыс тырнақты енді осы уыздарға да салды. Ауылдан шыға өгіздің изегі- мен қалғи бастаған. Құлап қалар ма екен деп қорқып келе жатқан. Өгіздер тоқтап тұр. Оянар емес. Соңғы арбадағы әйел де әбден қалжыраса керек.
Рахымжан түсе қалып «Айтбай қасқаны» ұзын би- шікпен тартып жіберді. Ойына осы өгіздің иесі сақ ете түсті. Алдында өгіз емес, Айтбай сорлының өлі денесі жатқандай көрінді. Ток ұрғандай әз денесі шымыр етті. Хайуан да болса, аяп кетті. Тұмсығының желімен
жолдың шаңын бұрқыратып, танауы шу-шу етеді. «Ая- саңшы» дегендей басын шайқап-шайқап жіберді. Тұр- ған жоқ. Осы екі ортада ортаңғы арбалардың өгіздері де жата-жата қалысты. Тек қара шолақ қана қамшы- ның қайта көтерілуінен қорқып шыжбың-шыжбың ете- ді. Рахымжан сылқ етіп жолдың жиегіне отыра кетті. Қалпағы алдына ұшып түсті. Қолы басына тиіп еді, шаң бұрқ-бұрқ етеді. Шашы киіздей боп ұйысып қапты.
Өгіздердің бұл қирай жатысына қарағанда түннің едәуір уақыты болса керек. Шалдырып алмаса болмай- ды. Бірақ, әбден болдырғанда өгіз оттамайды екен. Оны әлденеше көргені бар. Мана іңірде сөйтпегені-ай? Бі- рақ ауылдан бүгін әзірейлі қуғандай болған жоқ па. Сол әзрейіл мына өгіздерді де жусатып жатқан секілді.
...Жаз бойы дәл бүгінгідей бұрлыққан жоқ-ты. Алты арбаны түгел өзі түсірді. Ұзақ түсірді. «Бол, болдың» астына алып, оның үстіне заготзерноның қабылдау- шылары да есін шығарды. Екі арбаны түсіріскеннен кейін-ақ қасындағы әйел түкке жарамай қалды. Қар- шадай қыздың аяғын мана өгіз басып, қан қақсап ол қалған. Күн шыға келген керуен түс ауа қабылдау пунктінен әрең шықты.
Өз арбаларын артқа салып біраз мызғып алмақ-ты. Денесі қалақай басқандай ду-ду етеді. Өне бойы сыздап қозғалтпайды. Он екі жілігі бөлек-бөлек салдырап бос қалғандай. Мына қалпымен бұның да ертеңгі сапарға жарау-жарамауы неғайбыл.
Қаладан шыға берісте біреу жол шетінде қараяды. Келе жатқан арбаларды тосып тұр. Ауылға баратын көп жаяудың бірі болса керек. Жақындай келе әйел екені айқын көрінді. Денесі тіп-тік, тілерсегіне түскен бұрымы көздің жауын алғандай. Қолында бумасы бар.
Рахымжан ауыр тартқан денесін түзеңкіреп, жөнде- ліңкіреп отырды. Бозбаланың қыз көргенде жасайтын ширақтығы кәдімгі. Манадан бетін ары беріп тұрған әлгі бойжеткен жалт бұрылғанда Рахымжан арбаның үстінен ұшып түсе жаздады.
Райхан! Ол да таныса керек. Бір бозарып, бір қы- зарды. Жымиып күледі. Рахымжан да жымиды. Жолын әдейі тосып тұрғандай, бойын бір асқақ сезім билеп кетті. Салдырап келе жатқан денесіне қан жүгіріп, қуат кірді. Қызда мұндай сиқырлы күш болады деп ойламайтын.
Рахымжанмен елге келгелі екі-үш рет жолыққаны бар. Тоғызыншы кластан кейін оқуды тастап, жұмысқа кіріпті. Сиыр фермасында учетчик. Маңқаның қалай естірткенін айтып ішегін қатырғаны бар. Сол түн мәңгі ұмытылмас түн еді. Екеуі қол ұстасып ұзақ жүрді. Ай да жарық, жұпар самал беттерінен өбіп, белгісіз бір тәтті сезім қытықтайды. Мінезі ашық, әңгімешіл, сыр- шыл боп өсіпті. Бірақ Рахымжан қанша оқталса да, кеудесін кернеген бір ойды айта алмаған-ды. Сөзінің берекесі кетіп, тілі байланады да қалады. «Өмір»,
«болашақ» деп бірдеңені көңірсіткені есінде. Ондай кезде Райхан тайқып шығып, әңгімені басқаға оп-оңай бұрып кете берді.
Соғыс араласты. Тұрымтай тұсына, балапан басына, әркім өз басымен қайғы боп кеткен. Фермадағылар, жайылым қуалап, ауылдан жырақ жүреді. Орақ бастал- ғалы қызды ойлауға мұрша да болған жоқ. Мына кездесу оқыс, күтпеген кездесу. Жүзі сәл тотығыпты. Әйтпесе, бұрынғысынан да ажарлы көрінді. Орамал- дың астында күнге тимеген тамағы ақ мойнақ үйрек- тің ұлпа тамақ жүніндей үлбірейді. Бетінің оң жақ
ұшындағы меңі үлкейе түскен. Күлгенде шұқырайып кететін езу тұсындағы ойшығы дәл сол қалпы. Жаңа жымиғанда тағы шұқырайды. Осынысының өзі жүзі- не бір жылылық үйіріп, сүйкімді етіп жібереді. Сұқ саусағын тісіне тіреп тағы да жымиды.
- Ауылға дейін арбаның майын жалдайын деп тұрмын.
- Өзімді жалдасаң да әзірмін. Рахымжан:
- Дыр... Дыр...— деп өгіздерін тоқтатты. Жалма- жан босаған қаптардан қалыңдап орын дайындап жатты. Нәзік, сүйкіммен ғана ырғып мінді де, Райхан арбаны қозғалта бер дегендей белгі берді. Тізесінің үстінде бумалары. Кітап секілді.
- Қайдан келесің?
- Сендер секілді қалың ел ортасында емеспіз. Жы- рақ жүреміз. Ермек болсын деп кітапқа келіп ем. Қала- да тағы бір шаруа боп...
- Ел ішінде де шекенің қызғаны шамалы. Көр- мейсің бе, адам секілді пішін жоқ. Күндіз-түні ұйқы көрмейміз. Бұдан әскерге кеткеннің өзі артық. Сұмы- рай жаудың ең болмаса бір-екеуін жастана жататын. Дүниені осынша астаң-кестең қылған...
Жүзіне айбат үйірілді. Тістері шақырлап кетті.
Шықшыттары білеуленіп шыға келді.
- Асықпасаң саған да кезек келер.
- Бүгін военкоматқа арыз жазып кеттім.
- Не деп? Мені тезірек ал деп пе?
Бұл сөздерді Райхан шошына айтты. Даусының қапелімде қатты шығып кеткенінен өзі сасып қалды.
- Қимайсың ба? Кімнен артықпын. Біреу әкем деп алаңдар, біреу шешем деп, болмаса жарым деп алаң- дар. Менің алаңдайтын кімім бар.
Осы сәт көкірек сандығы ала-құйын боп кеткен Рахымжанға Райхан көзін төңкере тастады. Молырақ көрінген аласында жаңағы сөзін жақтырмау да, аяу да бар. Бірақ үндеген жоқ. Мән бермеген адамша шаң көмген далаға сүзіле қалды.
Екеуі үндеспей ұзақ отырды. Бірін ашу, бірін назды өкпе екі айырып, екі жаққа жетектеп алып кетті. Си- рек ұшырасатын осындай оңаша кездесуде ашпай ма кеуде сандығын. Әншейінде ұйқыдан түртіп оятатын ойлар неге төгілмейді? Басқа тақырыпқа түсіп кетке- ні қалай? Соғыс көпке бірдей, ешкімді де аяп жатқан жоқ. Өйткені ол — мейірімсіз. Әзілі жарасар асыл ар- манды жастарды арба үстінде арбастырып қойған да сол сұмырай. Көнермес, қартаймас, әр ұрпақпен әмсе жасап келе жатқан қайтып келмес қайран он жеті мен он сегіз осылардың басында. Ал бұлар — үнсіз.
Рахымжанды Райхан жастайынан біледі. Бала кезі- нің өзінде-ақ отты болатын, өжет болатын. Балқаштан келген кезінде қыз біткен «менің жарым болса екен» дегендей әдемі еді. Қара костюмін, шықырлаған қара ботинкасын, маңдайы биік делегейін киіп шыққанда қызыққаны да бар. Ұрланып екі-үш рет жолыққанда да осының адам тартар бір оты бар секілді еді.
Қазіргі кейпін тірі пенде аяғандай. Шаң-тозаң бат- тасқан терідей сұр көйлек. Жамау-жамау сырма шал- бардың әр жерінен мақтасы бұрқырап тұр. Шашы да өсіп кетіпті. Жаңа тебіндеп келе жатқан сақал әр жер- ден бір қылтияды. Жұмыс киімі шығар. Дегенмен, мы- нандай күйінде көргісі келмеген-ді. Сұрапыл соғыс жі- гіт жігерін де жүндей түтіпті-ау. Бала кезінен байқап жүрген бір қасиеті жасымайтын жарқылдақтығы еді. Одан із де қалмапты. «Жігіт болса — от болсын, от болмаса — жоқ болсын». Жеңгелерінің осы сөзі есіне
түскенде өзінше Рахымжанды ес тұтатын. Оның да ұнататынын іші сезеді. Бірақ бұл күнге дейін екеуінің арасында ашылған сыр жоқ...
Бас арбадағы кішкене қыз манадан жалтақ-жалтақ қарап келе жатқан. Оны Рахымжан да, Райхан да елеген жоқ. Бір кезде арбасын тоқтатып, жүгіріп жетіп келді.
- Тәте, мен сіздің қасыңызға отырайыншы!
Рахымжан да, Райхан да отырма деуге шарасы жоқ. Кішкене қыз келген соң онан әрі тұйықтала үн- сіз қалды. Рахымжан ыңылдап ән салды. Бұл өңірге белгілі, еңкейген кәрі де, еңбектеген бала да білетін ән
- «Сағындым-ау».
Сағындымау!
Ел уанар шаттық күн болар ма екен. Қайғы басқан көңілім толар ма екен. Сүйгенімнің көре алмай енді жүзін,
Қос жанарым жылаумен солар ма екен. Сағындымау!
Сағындымау, сарғайдым күтіп сені, Сен секілді қадірлер кім бар мені, Сағындымау!
Гитлер иттің тұқымын тұздай кұртып, Арман бар ма амансау келсең жеңіп!
Сағындымау!
Райхан да қосылды. Екеуінің үні бір жерден шық- ты. Ән екпіндеп барады. Еріктерінен тыс бір күш ас- қақтатып әкетіп барады. Әлден уақта алдыңғы арбада- ғы әйелдің де өздеріне қосылып отырғанын сезді. Өнер емес, оны да қосқан мұң. Кішкене қыз бұларға аузын ашып қапты. Соған қарағанда ән жаман айтылмаса ке- рек. Баяғыда детдомда мандолинге қосылатын Райхан- ның әдемі үні тіпті шынылана түскен сияқты. Содан бері қосылып айтқандары осы шығар. Бір-біріне қиыла
қарады. Жүздерінде іште тулаған сезім дауылының та- бы бар. Көздері көздеріне түсіп кетті. Ешқайсысы да тайқымады. Кішкене жанарларында кітапқа сыймас жыр тұрды. Соны үнсіз, қадала, құмарта оқысты. Бір- біріне жымиып күлді, екеуінің де беттері алаулап шыға келді. Бұлар жымиғанға кішкене қыз да жымиды. Бірақ ол не түсінді... Алыстан қарауытып ауыл көрінді...
1942 жылдың август айында осы ауылдың ұстасы Нұрым Өтегенов пен Рахымжанға шақыру қағаз қатар келді. Нұрым ересектердің соңы да, Рахымжан жиырма төртінші жылы туғандардың алды. Дүкен иесіз қалды. Колхоздың қабырғасына қатты батқаны сол болды. Өз- генің бәрін әйел шіркіндер алмастырып жатыр. Шал- ғышының да, арбашының да орны бар. Тракторға да отырды, комбайнды да жүргізді. Ал енді темірді кім соғады? Қай әйел ұста болмақшы? Мұнсыз колхоздың күні жоқ.
Колхоз берген бір таба нан, бір килограмм майды қадақтай ғып, Рахымжан арқасына таңып алған. Топай торы жегілгенше: «Солдат былай жүреді; айт, два, три», «Айт, два три»,— деп соғып жүр. Бұлардың тө- ңірегінде үрпиісе жиылған жұрт жымиып күлген бо- лады. Нұрымның әйелі аңырап жылап жүр. Ұстаның да көзінде жас. Тек көңілді Рахымжан ғана. Онсыз да жылаудан шаршаған жұртты өзінше көңілдендіргісі ке- ле ме екен? Жоқ әлде құдайдың берген жарқындығы ма? Мұны шығарып салып тұрған ешкім жоқ. Әжесі Әлиман «соңғы қара тұяқ сенен де айрылдым», деп мана аңырап-аңырап үйде қалған. Үлкен әкесі Мұса қарттың шаңырағы болған соң, кіріп шығып ақ тілеу әжесінің батасын алды.
Топай торы өнімсіз бүлкілге басты. Артта Нұрым әйелі екеуі. Атты Рахымжан айдап келеді. Нұрым ар-
баның дөңгелегінен көз алмайды. Осының бәрі өз қолынан шыққан еді. Қимай келе жатқан секілді. Мы- нау дала, оның аңызақ желі — бәрі қазір ыстық. Әт- тең, құшағына сыймайды. Әйтпесе, кең даланы өпкісі келеді. Жолдың май топырағы да қимастай жабысып, иықтарына, бастарына қонып алыпты. Рахымжан қо- ңырлатып ән салады. Нұрымның әйелі «уһ» деп көкі- регі қарс айырылады. Бір арбада — үшеу, үшеуі — үш жақта. Ауыл қарасын үзіп қалды. Рахымжан мен Нұ- рым бүкіл денесімен бұрылып тұрып артқа бір қарады. Қараңдаған атты көрінді. ІІІауып келеді. Бірдеңесі ұмытылып қалып, соны бермекке қуып келе жатқан секілді. Кім дегендей көз алмады.
Рахымжан бурыл дөненді таныды. Райхан мінетін дөнен. Шынымен сол ма екен? Жүрегі тулап қоя берді. Аузына тығылды. Жотасынан тер шығып көйлегі жа- бысқандай болды. Бұлардың арт жаққа ауған көңілін білгендей топай торы желісті қойып, жалқау аяңға басты. Божы титтей тежелсе бітті, тұра қалуға дайын. Рахымжан да қузаған жоқ.
Әлгі атты шынымен Райхан екен. Жақындай бере тізгінін тежеді. Бурыл дөнен шұлғып тартып, шұлғып тартып ауыздығымен алысады. Дәл қазір Райхан Ра- хымжанға Тайбурылдың үстіндегі қыз Құртқадай кө- рінді.
Топай торы да тұра қалды. Арбадағылар қарғып- қарғып жерге түсті.
- Нағашы, сізбен қоштаса алмай қала жаздадым ғой.
Райхан сөйлей алмай демігеді. Екі туып бір қалған нағашысы жоқ бұл жерде, шешесі әйтеуір Нұрымның елінен. Ұста болған соң осылай жақын тартып сан іс соқтырып алғаны бар-ды. Өзі жырынды, кісінің іші-
бауырына кіріп кетеді деп жүретін Нұрым. Алаңсыз, өзімді іздеп қуып келді деп ұқты. «Жиенжан-ай, сен- дерді енді қайтып көрер ме екенбіз», деп көңілі бо- сағанын сездіріп алды. Райханды бауырына қысып жылап тұр. Әйелі қоса жылады. Нұрымның құшағынан шығысымен Рахымжан жаққа жалт қарады. Жанарын- дағы жас айнадай жарқырайды. Оның ар жағындағы от сені іздеп келдім дегендей. Мұны Рахымжан бурыл дөненді көргенде-ақ түсінген. Бойын бір шаттық билеп кетті. Бар тапқаны өзі ұстап тұрған бурыл дөненнің кекілін сипай береді.
- Рахым, хош! Аман барып, сау қайт! Жалғызбын деп жабықпа!
Рахымжанның есіне сол бір арба үстінде, шаршап жаны күйзеліп келе жатқанда мұңданып айтқан сөздері түсті. Сол сөздерінен қазір өзі жиіркеніп тұр. Неткен доғалдық. Сол күні шешіліп сөйлеспегеніне бармағын шайнайды. Райханға жаутаңдай, жалбарына қарайды. Олақтығымды кешір дегендей.
Топай торы бүлкілге қайта басты. Мұның желісіне бурыл дөнен қатарласа аяңдап-ақ еріп келеді. Екі жас- тың көздерімен көздері жиі кездеседі. Тұйғындай боп әдемі отыр ат үстінде Райхан. Ілесіп ұзақ жүрді. Рахым- жанға бүкіл ауыл өзімен бірге келе жатқандай көрінді. Қазір бәрін ұмытты. Екі көзі Райханда. Топай торыны анда-санда көңілдене бір ұрып қояды. Жанармен сөй- лесіп, жанымен ұғысып келеді.
Райхан атының басын тежеді.
- Хош, қарағым жиенжан! Хош! Апаңа, әкеңе сә- лем айт.
Нұрым байғұс осылай құрақ ұшып қалбалақтап жатыр. Рахымжан кетпесе екен дейді. Қимайды. Ет жү- рек елжіреп тұрса да ебін тауып сүйе алмайды. Дала
кең болғанмен жер тар. Райхан да қолын ұзақ бұл- ғады. Астындағы бурыл дөнен ілгері жібер дегендей ауыздығымен алысады. Аралары қашықтап барады. Ұзаған сайын Рахымжан ішегін біреу суырып алып қа- лып жатқандай қиналады. Бірақ ар жағында бір тоқтық бар. Сол көңіліне қуаныш әкеледі. Сол қазір өзін ма- саттандырып та келеді.
Осы масаттық вокзал басындағы жалғыздықты да білдірген жоқ. Бұларды екі күннен кейін-ақ поезға салды. Ақмола вокзалының басы қайнаған халық.
Әскер тиеген состав дегеніңіз сыймайды. Ұлардай шулаған жұрт. Шақырылғандардың көбі қап-қап азы- ғымен мініп жатыр. Екі күннен бері иіріп жіберме- гендерге, міне, поезд басында қоштасуға бостандық болды. Солқылдап жылаған әйелдер. Жігіттердің де көңілі босаған.
Рахымжанның қасында қалтиған Кәртай ғана. Осындағы жама-ағайынының баласы. Жаудырап Ра- хымжанға қарайды. Елдің күңіренуі жас жанын те- біренткендей. Өз тұқымдарынан еркек кіндіктіден қал- ғаны осы Кәртай мен ауылдағы Жүнісбектің Рахымы. Жас жағынан екеуі шамалас. Бірақ Рахымды колхоз жұмысқа баяғыда жеккен. Шөпке қуып кетіпті. Қош- таса алмады. Мынау болса да ес. Жалғыз тұрғаннан жақсы. Жаудыраған көзінен бір сүйді.
Әр нәрсе еске түскендей. Көңіл бір сәт құлазып кетті. Вокзал басындағы жалғыздығы құлазытты. Анау жігіттер құсап мұны анталап сүйіп жатқандар жоқ. Бі- рақ, мұны да артынан біреу қуып жетті емес пе. Бәрінің орнын сол толтырды. Көңіліне тоқ сол ғана...
Поезд ішін тартып бақырып қалды. Жұрт ию-қию, жапа тармағай мінді. Бұл сәтте Рахымжан іште еді. Кәртайға қолын бұлғады.
АРПАлЫсҚА АттАнғАн АлЫс сАПАР
Фрунзеден шыққалы бірнеше күн. Көзге оттай ба- сылып асқар Алатау да қалды. Жолдағы станцияларға поезд көп аялдамайды, жүріс асығыс. Жігіттер үйле- ріне «беталыс — майдан» деген хаттарын жазып үлгер- ді. Таң атса болды, қарлығаштың балапандарындай терезе көзінде тізіліп тұрғаны. Мынау сар далаға ын- тыға, қимастықпен қарайды. Сахара қолын бұлғап қоштасқандай. Жолдың ұзап кеткені сонша, өзара әзіл- қалжыңды да айтып тауысты. «Майдан» деген ой қор- ғасындай ауыр, бойды жаншиды. Терезе алдында күні бойы сарылып тұрудан да жалықты. Енді не істеу керек? Жаншамен екеуі Фрунзеге келгелі бір кісінің бала- сындай болып кеткен-ді. Ымы да бір, жымы да бір, ай- татын сыры да бар. Бірақ Рахымжанның соның өзінде Жанша білмейтін бір құпиясы бар-ды. Ол Фрунзеге келгелі жазып жүрген күнделігі. Мұны досына әлі бір де көрсеткен емес. Ұялады. Өйткені, әрнемені жазып жүр. Бәрі бірдей жатық емес. Сол себептен де өзінен
басқа ешкім білмесе екен дейді.
Ұзақ жолдағы мына зерігу сол «құпияны да» аш- қызардай. Жаншаға «менің күнделігімді оқиық па» де- гісі кеп әлденеше рет оқталды. Бірақ бой тартты. Кү- лер, ертең мазақ етіп жүрер. Алдымен өзі бір шолып шыққысы келді. Жанша көрші вагонға кетіп қалған. Ра- хымжан «сыр дәптерін» қолына алды. Қарап отыр, қа- лыңдап қапты. Қызық екен. Кей жері өзін де күлдіреді.
- Ей, неге мәз боп отырсың. Мынауың не?
Көктен түскендей Жанша шаңқ ете қалды. Рахым- жан селк ете түсті. Жалма-жан қолындағы дәптерді астына баса қойды. Анау да алтын көргендей бас сал- ды. Екеуі поезд үстінде алысып жатыр. Бір жағы қал- жың, еріккеннен кейінгі егес, бір жағы шын талас. Жан- шаның қоятын түрі жоқ. Басқалар бұл екеуінің алы- сып жатқанын қызық көріп тұр... Зерігіп келе жатқан- дар цирк көргендей үймелей қапты.
- Жарайды енді, өзім оқиын. Сен де бір өңештесең болмайсың.
- Е, манадан бері сөйтіп тәубеңе түспейсің бе? Мемлекеттік құпия бардай, сонша тықпаладың кеп. Көп болса, қыздарға жазған хатың шығар. Оқиық, ер- мек болсын. Езіп ішесің бе?
Екеуі түйдей құрдас. Екеуі де 1924 жылы туған, екеуі де училищені бітірген қылшылдаған жас офицер. Жанша Рахымжаннан гөрі сұңғақтау, аққұба, өңді жі- гіт. Рахымжан тығыршықтай, шымыр. Шындаса жаңа- ғы жерде сытылып шығып кетуге де шамасы келеді. Дегенмен, оңай берілуіне қарағанда өзінің де бірге оқуға қарсылығы болмаса керек.
Күнделіктің алғашқы бетін ашты.
«1944 жыл. Июль. Әскер қатарындағы екі жыл әне- міне дегенше өте шықты. Көкшетаудан бастап, міне, тартып Фрунзеге келдік. Тамбов қаласындағы жаяу әс- кер училищесі осында орналасқан екен. Бітірген соң офицер болмақпыз. Тәртіп қатты. Таңның атысы, күн- нің батысы — тыным жоқ. Жаттығу да жаттығу. Аттай жарадық. Жанша Жанасов деген жігітпен таныстым. Бір кіндіктен бірнеше ұл екен. Біреуінен басқасы түгел әскерде.
Майдан хабары көңілге қуаныш құяды. Бір кезде құтырған жау енді құты қашып, келген ізімен кейін шегініп барады. Радионың күнде айтатыны да жаудың шегінуі, біздің жеңіс. Политруктер де бұл әңгімені шабытпен шертеді. Бірақ, бір жай белгісіз. Сол сұм жау қашан құриды? Көріне тығып, улы тісін суырғанша талай жайсаңды жалмайтын түрі бар. Бұл ақиқат май- дан шебінен қашық жатсақ та бізге аян.
Осынау көкке оранған шағын қаланың өзінен де оқ атылмағаны болмаса, соғыс иісі аңқып тұр. Көшеде мүгедектер көбейіп кетті. Әнеукүні екі аяғы түбінен жоқ өрімдей жас жігітті көрдік. Кескен томардай боп қалыпты сорлы. Құйрығын жаңа басып келе жатқан балаша жорғалайды. Арықтан өте бергенде бізге қа- раймын деп ауып құлап қалды. Бір жас әйел балаша көтеріп алып кетті. Мұны сапта кетіп бара жатып көрдік. Қандай аянышты.
Біздің барағымыз қаланың дәл ортасында. Аулада көлденең бұта жоқ, тап-таза. Бәрін курсанттардың өз- дері жасайды: Офицерлер түгел соғыста болып келген- дер. Училище бастығының орынбасары подполковник Савченко бір қолы жоқ адам. Соның өзінде бізді үйрету, оқыту ауырлығы осы кісінің мойнында секілді. Ерте- лі-кеш арамыздан шықпайды. Өзінің де болмаған май- даны жоқ көрінеді. Москва түбіндегі шайқас, Сталин- градта болған қантөгіс ұрыстарды тура көз алдыңа кел- тіреді. Ерлер туралы әңгіме айтуға шебер-ақ, майын тамызады. Батальон командирі майор Антонов соғыста болған кісі. Взвод командирі лейтенант Батурин мей- лінше мерген. Пистолетті оң қолымен де, сол қолымен де атады және мүлт жібермей дәл тигізеді. Училищеге осындай өнерлілерді жіберетін болса керек.
Иә, үйренетін де, үйрететін де адамдар көп. Ал оларды үйреткен соғыс. Бәріміздің ұстазымыз — со- ғыс. Отандастардың ерлігі — өлімнен қорықпаудың мектебі. Менің ешкім туа ер болмайтынына көзім жет- ті. Ерлік анасы — майдан, атасы — ар ма дедім. Соғыс
- қырғынның қырманы, бірақ, ерліктің дүкені. Адам бойындағы бар қасиет қиын шақта шығатын болса керек».
- Қара, қара! Сен тіпті алысқа кетіпсің ғой. Мы- науың кітап сөзі, ей!
Жанша Рахымжанның иығынан бір салды. Поезд станцияға келіп тоқтады. Терезеден қараса, шағын станция екен. Көп тұрмауы мүмкін.
- Кәне, кәне, ары қарай заула!
«1944 жыл. Август. Бұл өзім әскерде болғалы көрген ең ауыр жаттығу. Күн ыстық. 40 шақырым жорыққа алып шықты. Бізбен бірге училище бастығы полковник Дементьев те бар. Бірақ ол көлікпен келе жатыр. Қару- жарағымыздан басқа арқамызда 20 килограмнан құм. Көп ұзамай-ақ быршып терледік. Терлемей жүрген жоқпыз ғой. Бірақ, мына жорық кәдімгі үлкен бәйге алдында суытатын аттай ащы терімізді сыпырып ал- ды. Гимнастеркалардың сырты аппақ сортаң болып кетті. Сорымызға көп ұзамай алдымыздан суық жел соқты. Қарлы таудың ішіне қарай кіріп барамыз. Әрі жаз, әрі қысты бір жорықта бірдей көрдік. Тау ішінде бұрын жасамаған қиын жаттығуларды жасап, үш тәулік жаттық. Және ыстық тамақ жоқ, құрғақ паекпен қат- тық. Соғыста осындай жағдай кездессе, соған о бастан үйрене берсін дегені болу керек. Солдат байғұс қыңқ дей ала ма?!
Ең қиыны, осы жорықтан қайтар жолда бір өзеннен
өттік. Ағынды тау суы көбік шашып, бұрқырап жатыр. Кейбіреу суға кетіп қала жаздады. Бірақ, әйтеуір көп- шілік аман қалды. Асты тас, бір құлатып алып, соққы- лап ала жөнелетін түрі бар. Жалғыз-жарым адам өте алатын емес. Өзен суы өте ашулы. Титықтап болды- рып келдік. «Бүйтіп офицер болғаны құрысын» — деп Жанша құлай кетті. Дәл сол күні кешке екеуміздің де
«бір адамдарға» жолығуымыз керек еді. Ол жайына қалды. Денеміз салдырап, мұрттай ұштық».
Бұл жолдарды оқығанда екеуі де мәз болды.
- Фрунзедегі күлім көздер күнделігіңе түскен екен, арманы жоқ. Тырнақшадағы «бір адамдарың» солар ғой.
- Күлімкөздер емес, соларға уәде беріп тұрып, ба- ра алмай қалған әлжуаз сенсің де бұған түскен. Бола- шақ келіншегіңе оқып беруге әдейі жазып қойдым. Адалдығыңа дәлел ғой.
- Оқы, оқы ары қарай. Жаза берсе, өткеннің өзі ермек екен ғой. Ермек емес, мынауың кәдімгі өзіміздің өмір ғой.
«1944 жыл. Сентябрь. Бұл күн менің есімнен мәңгі кетпейді. Бала жасымнан кеудемде жүрген бітеу жара жазылғандай болды. Және ол жараны білдіртпей сы- лып тастады. Әділ жүрек, батыл жүрек емдеді. Мен комсомолға өттім. Әкемнің отыз жетінші жылы ұстал- ғаны үрейлі көлеңкедей қалмай жүретін. Балқашта сол үшін комсомолға алмаған. Маған енді бұл ұйымның есігі жабылған сияқты көрінетін. Жоқ, қателесіппін.
...Мұнтаздай таза аула. Оның дәл ортасында үлкен қызыл ту. Жанында салтанатты қарауыл тұр. Міне, осы тудың алдында маған комсомол билетін тапсырды. Мен ол билетті достарымның көзінше алдым. Бұған
анау еңселі ақ бас Алатау да куә. Қасиетті ту алдында алғаным — еліме адал болуға ант еткенім деп ұқтым. Бұл салтанат сол үшін жасалған болу керек. Менің енді өз құрбыларыммен еңсем бірдей. Басқаны білмеймін, бұл оқиға маған ерекше мәнді. Өйткені, мен комсомол табалдырығының алдына сан келіп, сан қайтқанмын. Жанымның, арымның тазалығының куәсі енді қалтам- да. Соғыс, сен әділеттісің!
Жасырған жоқпын бәрін айттым. Бұрын комсомол- ға алмағанын да айттым. Сондағы комсорг Безруковтың сөзі әлі есімде:
- Біз комсомолға сенің әкеңді емес, өзіңді аламыз.
Ал, өзіңнің қандай екеніңді білеміз, — деді.
«Аузы күйген үріп ішеді», қайдан білейін, айтпасам кесірім жазықсыз біреуге тиер деп ойлағанмын.
...Бәрі ұмыт болды. Өткен күнде белгі жоқ. Мына мені бұл оқиға бір сілкіндірді, жүдеп жүрген көңілді нұрландырды.
1944 жыл. Ноябрь. Аягөзде екі ай стажировкада болдық. Командир болдық. Взвод берді. Бәрі жақсы, мақтаулы мінездеме алып қайттым. Келсем, мені күтіп хат жатыр екен. Райханнан! Сыртындағы жазуын бір- ден таныдым. Қуанып кеттім. Бірақ, іші қуантпады. Қайғылы хат. Артымда қалған жалғыз Рахымның қа- засы жөніндегі хат.
- Мә, сен мына хаттың өзін оқы. Немере ағамыз Жүнісбек дегеннің жалғыз баласы бар еді. Бір атадан ендігі қалған сол екеуміз болатынбыз.
Жаншаға күнделік арасында сол күйі сақталғаи хатты берді. Өз көңілі тағы бұзылып, орнынан тұрып сыртқа шықты. Жанша хатты оқыды.
«Рахымжан! Саған дұғай-дұғай сағыныш сәлемін
жолдаушы Райхан. Бірақ, менің бұл хатым сені қуант- пайды. Дегенмен болары болып, бояуы сіңген істі айт- пай болмас. Бәрібір естисің ғой. Одан да өзім естірте- йін. Бұл күнде ауылда шал құтырды. Жесір келіншек- терді, тіпті қыздардың өзін тоқалдыққа алып жатыр. Ол да болса, уақыттың ауырлығы ғой. «Біреу жібі үшін, біреу күні үшін» дегендей. Сондай жылаулы тойдың біріне бригадир Садық шақырылыпты. Шет жағасын өзің де көрдің, ауылда жұмыс істейтін әйел мен баладан басқа кім қалды? Рахым мен Сәлімжанды Садық шөп әкелуге екі өгіз шанамен ертіп барады. ІІІөпті тиеп қайтқанда боран ұйтқып күн кешкіреді. Есіл дерті тойда болған Тобайдың Садығы «жолға түстіңдер, ал енді өздерің келесіңдер», деп балаларды тастап кете барыпты. Иттік қой, әйтпесе, бірі — он төртте, бірі — он бірдегі балаларды түнде далаға тастап адам кете ме? Сол боран демін алмастан жеті күн бойы соқты. Рахым мен Сәлімжанды, төрт өгізді 10 күннен кейін қардың астынан әрең таптық. Адасып кетіп, ұшып өліпті. Биыл бұл жақтың қысы тіпті құтырынып кетті. Бораннан көз аша алмаймыз. Сөйтіп, ол той біреуге қызық, біреуге сор болды. Бауырына кімнің қабырғасы қайыспайды. Бұл хатты жазу маған да оңай болған жоқ. Осы оқиға жаныма қатты батқан соң жазып отырмын. Сүйінші сұрағандай болғаны несі деп сөкпе. Тағдырдың бораны бізді де Рахым секілді тырнағына іліп кетпесіне кім кепіл. Қатын алғыштардың қаһары жаман. Мейлі, біз- дің құрбандығымыз ештеңе емес, қу соғыс тезірек бі- тіп, азаматтар аман оралса екен.
Жылап отырып жаздым. Сөкпе. Сөзімнің қисық же- рін өзің түзеп оқырсың. Райхан».
Рахымжан хаттың соңындағы жұмбақты түсінбей жүретін. Бірақ, сонда да Жаншаға көрсетпеген еді.
Жаншаны да бұл хат талай жерге алып кетті. Ра- хымжан қайта айналып келгенде ол мелшиіп, үндемей ой үстінде отыр екен. Екеуі үндемей ұзақ отырды. Бірақ іштей тілдесіп отыр, бірін-бірі түсініп отыр. Поезд дөңгелегінің сартылын да естіп отырған жоқ. Әлде не- нің себебін іздейді, бұлыңғыр сұрғылт ой бұлтының ішінде қалқиды. Қаршадай баланы табиғаттың мыл- қау күшінің қызыл өңешіне тосқан, он екіде бір гүлі ашылмаған қызды сонша жасытқан, жаншыған, то- рықтырған, өздерін де дәл қазір ой тұңғиығына осыншама батырған ненің зілі?
- Москва енді жақын екен?
Өкпе тұстан шыққан осы әңгіме бұларды да селт еткізді. Екеуі бірдей солай қарай бұрылды. Жанша жа- ңағы хатты күнделіктің арасына ұқыптап салды да, Рахымжанға ұсынды. Жүзінде алғашқы әзілдің еш- қандай да ізі жок. Тығып қой дегенді салмақты көз қарасымен сездірді. Рахымжанға қолындағы дәптер шойыннан да ауыр секілді көрінді.
(Автор Рахымжанның досын кең таныстырмапты. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін белгілі журна- лист, ақын Қорғанбек Аманжолдың «Егемен Қазақ- стан» газетінде жарияланған «Бел-белестер» атты очер- кін оқырманға ұсына кетуді жөн санадық).
«Алматыда тұратын Жанша Жанасов ақсақалмен үйіне әдейілеп барып сұхбаттасудың орайы келді. Тоқсанның торына түспей, әлде де тұғырында тұр ған ардагер бойын тік ұстайды. Аққұба жүзінің сәл көнерген әжімді ажары, қаршыға көздің байсал қаба ғы байыптағанға көмбелі сырды да, сақталған сынды
да аңғартып баққандай. Мұндай адамдарды «сүйегі асыл» десек керек. Сөйлесе келе ағаның сүйегі ғана емес, тілегі, жанжүрегі, өмір бойғы мақсатмұраты да асыл болғанын шамашарқымызша шамалағандай мыз.
Алдын ала алған ақпаратымызға қарағанда бұл ақсақал Рейхстагқа ту тіккен батырымыз Рақымжан Қошқарбаевпен майданда бірге болыпты. Одан кейін- гі бейбіт уақытта металлургия, мұнай-газ, химия са- ласындағы ірі құрылыстарды жүргізген, өндіріске жаңа техника мен технологияларды енгізудің алғы шебінде болған өз заманының жаңашыл тұлғасы, үл- кен лауазымды қызметтер атқарған қайраткер ұйым- дастырушы. Соған қарамастан, қарт қыранның жүзінен титтей де мақтан табы білінбейді, болғанды болғандай ғана айтып, артық қоспай, шынайы сөйлейді. Алдыңғы толқын ағаларға айрықша тән қасиет осындай шы- найылық қой деймін. Сөйтіп, жақын таныса, жітірек үңіле келе Жанша Жанасұлының жүріп өткен өмір жо- лын кейінгіге ғибрат, ұрпаққа өнеге боларлық өзінше бір баяндылық белестері деп бағамдап едік.
Кейіпкеріміз атақты ғалым Қаныш Сәтбаевтың қай- рат-жігерінің арқасында көтеріліп жатқан Қарсақпай- дың жанында, Балажезді деген жерде дүниеге келіпті. Қарсақпайдағы қарбалас тіршілік, зауыт, көше мен мектепте орыс жұмысшыларының балаларымен де бірге ойнап өсуі жас Жаншаның ой-өресіне, еті тірілі- гіне ықпал етіпті. «Он сегізде солдатпын, Волховта келемін», деп Сырбай ақын жырлағандай, бұл ұрпақ- тың маңдайына он сегізінде от кешу жазылыпты. Жанша да осы жазмышынан құр қалмады. 1942 жы- лы Көкшетауда жасақталып жатқан полк сапына ке-
ліп қосылды. Кейін Рақымжан Қошқарбаевпен таны- сып, дәм-тұзы араласқан достардың жұбы өмір бойы жазылмады. Майданға кірмес бұрын Бішкектегі әске- ри училищеге іріктеліп, одан кіші лейтенант атағын алып шыққан-ды. Бірінші Белорус майданында, Вар- шава бағытында ауыр ұрыстарды бастан өткерді. Жау ордасына 30 шақырым қалғанда Альт-Одерде жара- ланды. Оқ денесін тесіп өткен екен. Осы күн, 1945 жылдың 17 сәуірі әлі есінде.
Қырық шақты жауынгердің тағдырына жауапты вз- вод командирі, лейтенант Жанасов керемет ерлік жа- сады, әйтті-бүйтті деген жылтырақ арзан сөздердің жетегінде кетпейік. Алайда, сол бір сойкан соғыс ке- зінде «Бірінші дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Жұл- дыз» ордендерімен, «Варшаваны азат еткені үшін»,
«Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталуы жайдан-жай емес болар. Сонымен бірге, Жоғарғы Бас қолбасшы Сталиннің үш бірдей Алғыс хатын алыпты. Десек те, Жанша ағаның өзі соғысқа қатысқанын мақ- тан көретін, сонда ерлік, қайрат жасағанын айтыңқы- райтын ақсақалдарды онша құптай қоймайды. «Соғыс деген қасірет пен қайғы ғой. Құрбан болған жастық өмір. Қанша азаматтар қыршын кетті, қайтпай қалды. Ауылдан келіп жүріп-тұруға да үйренбеген, мылтықты ұстап та көрмеген, атуға икемделмеген қанша қазақ жастары босқа қырылды. Екі баласын соғысқа аттан- дырған менің шешем, еңгезердей қазақ әйелі жылай- жылай бүкірейіп шөгіп қалыпты», дейді.
Ананың көз жасына иді ме, ағайынды Жәңгір мен Жанша сұрапылдан аман оралды. Сол амандықтың ар- қасында тынымсыз тырбанып кешкі мектепте оқып аттестат алды. 1958 жылы Қарағанды тау-кен институ-
тының электромеханикалық факультетін бітіріп, сирек саланың жоғары білімді маманы болып шықты. Сол кездегі ректор академик Әбілқас Сағыновтың ақылгөй дәрістері әлі күнге есінде.
Ол кезде Қазақстан экономикасының тірегі сана- латын тау-кен өндірісінде қол жұмысы басым еді. Не- гізгі құралдар қайла, күрек, бұрғы болатын. Руда ваго- неткамен шығарылатын. Шетелден әкелінген жаңа техника 50-60-жылдардың тоғысында кіре бастады. Қ.Сәтбаев атындағы Жезқазған металлургия комби- натының құю-механикалық зауытында еңбек жолын бастаған инженер Жанасовтың еншісіне осы жаңа- шылдықты өндіріске енгізу бұйырыпты. Ол осы жыл- дарда шетелдік «Джой», «Катерпиллер», «Клаймакс» фирмаларынан әкелінген өздігінен жүретін, руда тиейтін, бұрғылайтын жоғары өнімді импорттық тех- никаны игерудің тізгінін ұстады. Әлбетте, жаңа тех- никаны жезқазғандық шахтерлердің бірден игеруі оңайға түскен жоқ. Оны қолданудың көптеген тамаша шешімдерін Жанша Жанасов тауып, іске қосып отыр- ды. Келген техника әуелі жәшіктерден шығарылып, құ- растырылады. Одан соң қайта бөлшектеліп, жер астын- дағы шахтаға түсіріледі. Сол арада қайтадан құрас- тырылып жүргізіледі. Жанасов жасампаздығы осы қиын да күрделі істе танылды. Осындай бесаспап та жауапты маманның көп ұзамай құю-механикалық зауы- тының директоры болып тағайындалуын кеншілер қауымы құп көргені де рас-тын. Жаңа техника мен технологияны енгізудегі абыройлы жұмысы үкімет та- рапынан «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен атальш өтілді.
Алпысыншы жылдардағы Жезқазған Жанша аға-
ның жан-жүрегіне соншалықгы қымбат. Ойласа-ақ ой көзіне оттай басылады. Алғаншқы қазақ инженерлері- нің жұлдызды шоғыры осында еңбек етіп, өндірісті қайта жарақтауға үлес қосты. Күллі қазаққа мағлұм Шахмардан Есенов, Кәкімбек Салықов, рудник дирек- торы, кейіннен Балқаш мыс қорыту комбинатының ди- ректоры дәрежесіне көтерілген Далабай Ешпанов, Мәскеуде Дінмұхамед Қонаевпен бірге оқыған рудник директоры, кейіннен республика түсті металлургия министрінің бірінші орынбасарлығына жоғарылаған Мұхит Бөпежанов. Осы шоғырдың ішінде Жаншаның өзі де, оның туған ағасы, Жезқазған қалалық кеңесінің төрағасы Жәңгір Жанасов та жарқырап жүргенін айт- қан ләзім. Осындай азаматтар Жезқазғанның өмірін көркейтті, оқыған келіншектерімен бірге тамаша тұр- мыстық мәдениет әкелді. Жастар солардай болуға ұқ- сап бақты.
Тұлғаланып өсіп келе жатқан ірі ұйымдастырушы, өндіріс сардарын жоғары жақтан байқамай қалмады. 1966 жылы Одақтық Түсті металлургия министрлігінің бұйрығы бойынша Ж.Жанасов Алматыдағы «Каз- цветметремонт» тресінің бас инженері болып ауыс- тырылды. Бұл мекеме қарауында 7 мыңға жуық адам жұмыс істейтін. Бүкіл Қазақстандағы түсті металлур- гия саласының барлық кеніштері, зауыттары мен фаб- рикаларындағы техниканы жаңартып, ескісін жөндеп, жаңасын жүргізу, жаңа технологияларды іске қосу мін- детін осылар арқалады. Әлбетте, осы орайдағы негізгі басшылық тізгінін бас инженер бекем ұстады. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының бас инженері Сауық Тәкежанов, Зырян тау-кен комбинатының директоры, Социалистік Еңбек Ері Нәби Жақсыбаев сияқты қа-
рым-қажыры мол басшылармен жұмыс барысында бі- лісіп, өнеге алды, тәжірибесін молайта түсті. Осы тұс- тағы еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасын еншіледі.
Осында жинақталған тәжірибе одан кейінгі кезен- де «Казмеханомонтаж», «Казхиммонтаж», «Казмед- строй» трестерінде тізгін ұстап, күрделі құрылыс са- ласын көтерген жылдарда кәдеге асты. Ж.Жанасов басқарған осынау трестер Қазақстанның ауыр иңдус- трия кәсіпорындарында, әсіресе, қара және түсті ме- таллургия, мұнай-химия саласы нысандарының құры- лысыңда жаңа технологиялық жабдықтардың орнаты- луы мен құрастырылуын білгірлікпен жүзеге асырды.
Иә, кең-байтақ Қазақстанды шарлаған қилы жол- дар. Естен кетпес жылдар. Қарағанды металлургия комбинатының 4-ші толағай домнасы мен 2-ші агло- мерациялық фабрикасын салуға қарауындағы үш бас- қарма, мың адам қатарынан қатысқан еді. Сол кездерде Теміртауда партиялық қызметте жүрген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен де жұмыс бабында жиірек кездесудің сәті түсіп, ол кісі құрылыстың екпінді әрі нәтижелі жүргізілуіне үлкен ықпалын тигізген бола- тын.
Істелген басқа да жұмыстар неше сан. Шымкентте- гі мұнай өңдеу зауытын салу бастан-аяқ Жанша Жа- насұлының қолынан өтті. Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарының реконструкциясын, басқа да көп жұмыстарын атқарып берді. Бұл өрт пен жары- лыс қаупі жоғары, ерекше жұмыстар болатын. Жұмыс техникалық жағынан сенімді, талапқа сай болуы ке- рек-тін. Сол үдеден табылды. Бұған қоса, осы уақытта Қазақстанда химия өнеркәсібін өркендетуге бет бұр-
ғанда Жамбыл және Шымкент фосфор зауыттарын Жанасов басқарған трест салып шықты. Одан әрі Жез- қазғандағы №3 кен байыту фабрикасы, мыс қорыту зауытының екінші кезегі де Жанасовтың перзенттері. Оның басшылығындағы ұжымдардың қолтаңбасы
«Медеу» мұз айдынында, Алматыдағы зәулім «Қазақ- стан» қонақ үйінде, Республика алаңындағы ғимарат- тар кешенінде айшықталып қалды. Медеу шатқалын- дағы селге қарсы негізгі гидротехникалық жұмыс- тарды да ойдағыдай атқарып, апаттың алдын алған Жанасовтың жігіттері еді. Сол абыройлы жұмыстары үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
«Қазақстанның құрметгі құрылысшысы» атағын алды. Қазірде Жанша Жанасұлы қазыналы қарттарымыз- дың бірі, үлкен әулеттің терең тамырлы бәйтерегін- дей атасы. Егемен елінің игіліктеріне қуанады. Интег- рацияға, жаңа техника мен технологияға бетбұрыс жа- салып жатқанын құп көреді. Маркұм досы Рақымжан Қошқарбаевтың Халық Қаһарманы атағын отбасына тапсыру рәсімі кезінде Елбасымен тағы да жүздескен болатын. Жетпіс жылға жуық бірге өмір кешіп келе жатқан Хадиша апай екеуін баянды бақыт нұры, қауым
қүрметі, ұрпақ махаббаты аялайды”.
ШЫңДАЙ түсКЕн ШЫн МАЙДАн
Варшаваға жақын қалың орман арасынан келіп бір- ақ шықты. 150-ші дивизияға жаңа күш қосылды. Ылғи өрімдей жастар. Шамасы 24-25 жылдары туғандар бол- са керек. Аз күн ішінде олар дивизия тарихымен та- нысып үлгерді. Қазақстанда құрылған екен. Зеңбірек даусын осы жерде естіді. Оқ исі, қан исі мұрындарына осы жерде келді. Соғыс жөніндегі ұғым зілдене түсті. Жер солқ еткенде асау тайдай жаңа келгендер елең ете қалады, Ал майданға сан кіріп, сан шыққандар айылын да жыймайды. Бәрі олардың алақанында сайрап тұр. Ұрыс шебінің ілгеріде, алыста екенін сезетін болса керек. Жаңағы жер солқылдатқан ілгері жақтағы бом- баның, иә ауыр снарядтың жарылуы.
Жаңа келген офицерлерге әлі ен салып енші бере қойған жоқ. Бірақ жаттығу үстінде үлкен бір шабуыл исі аңқиды. Орман жанындағы өзеннен сан қилы әдіс- пен өткізеді. Судан өту тәсіліне ерекше ден қояды. Жерде қар жұқа. Шытымыр ғана аяз бар. Бірақ қалың қолдың бір күн болған жері дуадақтың ойнағындай болып қалады.
Мұндағы жаттығу Фрунзедегі жаттығудың көке- сіндей. Көз алдында майдан шебі. Бүгін бе, ертең бе, қып-қызыл оттың ішіне кіресің. Зеңбіректің дүрсілі, самолеттің гүрілі күнде естіп жүрген пластинкадай боп барады.
Москваға келгенде:
- Біз әуелі ауылға оқ көрмей қайтармыз, — деп қалжыңдасқан болатын жігіттердің көбі. Жау алысқа, алысқа қуылған секілді көрінген. Отан шекарасынан ары. Осының құрметіне берілген салютті де көрді. Жол- жөнекей қираған қала, жүдеген орман. Ерсілі-қарсы- лы ағылған эшелондар. Сұрапыл соғыстың ауыр табы сайрап жатыр. Бірақ үлкен бір желпініс, серпіліс бар. Жақындап қалған жеңіс желпінісі. Мұны қарсы келе жатқан эшелондардағы адамдардың жүзінен де көруге болады. Олар — жаралылар, тұтқыннан босағандар. Жүдеу жүздерінің өзінде қуаныш нышаны. Соғыстың осы бір тірі ғаріптері майданға бара жатқандарға сәт сапар тілейді.
Асығыстық, болат серіппедей ширығу барлығынан көрінеді. Эшелон қозғалыстарынан да, әскерлердің сұсты жүрістерінен де, осы бір ғаламат ағынға жол таршылық еткендей. Темір жолға да, тас жолға да сый- майды. Қаншама адам, техника. Мұның бәрін төксе, немістің не жаны шыдайды. Алып-ұшпа көңіл жеңісті жақындатып-ақ келеді.
Жолдағы көрсеткіш тақталарға да, эшелондардың сыртына да «Берлинге дейін!» деп жазылған. Бұл жа- зудың бойға құяр қуаты керемет! Жаны қиналған жа- ралылардың, адам айтқысыз азаптан шығып келе жат- қан тұтқындардың жүрегіне нұр құйып, бір сәт бар қиындықты ұмыттырып күлкі үйіретін де осы жазу болса керек. Майданға бара жатқандарға бұл жазу жол бойы серік.
Жүзі қараларды да көріп келеді. Ол — неміс тұт- қындары. Бір кезде Москваны темір өкшесімен жа- нышпақ болды. Елірді, есірді. Ойына келгенін істеп,
орта жолдың бәрінде ойран салды. Міне, сол «жеңім- паздардың» түрін енді көр. Иықтары салбырап, енсесі түсіп кеткен. Сол кездегі «жеңімпаз» — енді тұтқын. Үйір-үйір боп сүмірейіп тұр. Бастарын көтермейді. Тарих алдында қара бет болғанын сезгендей. Жире- нішті. Оларға қаһарман ұлдардың қаны төгілген мынау қасиетті жерді бастыруға қимайсың.
Осы ой алдыңғы шепке кетіп бара жатқанның бә- рінде бар. Бұлардың ағалары, бауырлары 1941 жылы құтырған, желіккен, екі иығынан дем алған немістерді көрсе, өздері мойнына су кетіп сүмірейген, сұрықсыз немістерді көріп келеді.
Осының бәрі жол бойғы көрініс, жол бойғы әсер. Жол бойғы аласапыран. Бірақ бәрін реттеп, бәрін кол- мен қойғандай басқарып көрінбей тұрған бір ғаламат күш бар. Соғыс тізгіні сол күштің қолында. Ол күштің алдында неміс енді бишара секілді. Оқ көрмеген, от көрмеген ұшпа көңілдер жауды барамыз да ізіне түсіп қуамыз деп келе жатыр.
Жоқ, алдыңғы шепті көрген соң, мұның бәрі өзгерді. Кеудесі кесілсе де, басы қалған айдаһар әлі айбатты секілді. Улы тілін аяусыз жалақтатады. Қорқау өңеші тағы да талайды жұтпақшы.
Мынау жасалып жатқан үлкен шабуыл әзірлігі сол тажалды есінен тандыра тағы бір ұруды көздейтін бол- са керек. Бірақ оның көлемі, күні жұрттың бәріне бір- дей белгілі емес. Ол — әскери құпия. Үш майданның жүз елуге жуық дивизиясы, оның ішінде атқыштар, танктер дивизиясы да бар, шабуылға белгі күтіп жатыр. Қақ маңдайдан — Варшава — Лодзь — Познань — Одердегі Франкфурт бағытында Бірінші Белорус май- даны, сол жақтан — Силезия өнеркәсіп ауданы арқылы
Бреслауға дейін Бірінші Украина майданы, оң жақтан Шығыс Пруссияны тазарта отырып, Балтық теңізіне дейін Екінші Беларус майданы соққы беруі қажет.
Әскери бөлімшелер бұл күні жаттығудан ерте оралды. Екі взвод бір блиндажда. 674 полктың бірінші батальонының командирі капитан Твердохлебов жас офицерлерді өзіне шақырып алды. Штаб бастығы — Шепелев, политрук Васильченко, батальонның партор- гі өзбек жігіті Искаков, бірінші ротаның командирі тә- жік жігіті Атаев, үшінші ротаның командирі Батраков, бәрі осында.
Комбат еңкіштеу келген егде адам. Ойлы жүзі әр- қашан салмақты. Солдаттар өзін «біздің батька» дейді екен. Соғыста көптен келе жатса керек. Әскери киім денесіне қоныңқырамай тұр. Бірақ қысқа да нық сө- зінде әскери мол білім жатыр. Жас офицерлердің бә- рімен жеке-жеке танысты.
- Майданға тұңғыш кіргелі тұрсың ғой?
- Иә, солай, жолдас комбат!
Рахымжан өзінше тақ-тақ еткізіп жауап бергісі ке- леді. Өйткені, әскер тілі қысқа, әскер тілі тұжырымды.
- Семьяң бар ма?
- Жоқ, салтпын.
Комбат үнсіз отырып қалды. Ой құшағында. «Он екіде бір гүлі ашылмаған қыршын. Міне, от аузында» деген ой келді ме, кім білсін.
- Жаттығуда жақсысың. Соғыста...
Өздерінің барлық іс-әрекеті бұл кісінің көз алдын- да екен, Иә, әрбір взводты аралап өзі көрген. Судан да бірге өткен. Бәрін байқап жүріпті. Рахымжан да өз ойын «соғыста» деген сөзде ұстады. Комбат ары қарай сөйлеп кетті.
- Сендер әлі ұрыс көрген жоқсыңдар. Біздің ті- лімізде «необстреленный» дейді. Ұрыс — жауынгерге бір сын, командирге — мың сын. Міне, сендерді, жас офицерлерді тек осыны айту үшін ғана шақырдым. Алдымызда үлкен айқас.
Түннің бір уағында тревога болды. Қалың қол қап- тап орман ішінен шықты. Алда қатты ұрыс. Варшава- ның қолдан қолға өтіп жатқанын кеше естіген. Бірақ, біздің ілгері бөлімшелердің тегеуріні қатты. Жауды ық- тырып жіберген. Міне, екінші эшелондағылар өз көз- дерімен көріп келеді. Қала от болып жанып жатыр. Алаулаған өрт жалыны түн түндігін түріп жіберген. Қарғаша қаптаған самолеттер де көрінді. Түйенің құ- малағынша бомбалар түсіп жатыр, түсіп жатыр.
Үлкен ағынды өзеннің бойына келді. Бұл Висла. Совет әскері бұдан ары өте алмайды деп Гитлер жар салған Висла осы. Аспалы көпірдің аузынан солдаттар дивизия командирі генерал Шатиловтың өзін көрді. Көпірмен, қайықпен қалың қол өтіп жатыр. Су беті қара құрым адам. Манадан бері бұл төңіректі ұрып тұрған жау жаңағы соққыға қақалса керек. Қолайлы сәт. Есеңгіреген кезеңді пайдаланып өзеннің арғы бетіне тез өту керек. Жау есін жиып қайта шүйіліп жүрмесін. Командирлердің есіл дерті осы. Сол себептен де жүз- дері сұсты, бұйрықтары қатаң. Болат серіппедей жиы- рылып тұр. Титтей шашау шыққанды, кідіруді жақ- тырмайды.
Жайшылықта да мінезі қатқыл 674-полктың ко- мандирі подполковник Плеходанов әбден ширыққан. Көпір аузынан комдивті көрген соң полк тізгінін тіптен қатаң ұстады. Соғыста қаталдық керек. Қатал болсаң — тәртіп бар. Тәртіп барда — жеңіс бар. Плеходанов осы
бір сын сағатта өз бөлімшелерінің екі аяғын бір етікке тықты. Твердохлебовтың батальоны бірінші боп өтті. Жауынгер, қару-мүлік бәрі дін аман.
Жау екі күн бойғы апат соққыдан есін жия алмай қалса керек. Қаланы тастап қашты. Екінші эшелонда- ғылар шайқас күткен еді. Жоқ, 150-інші дивизия Вар- шаваның көшесімен жүріп өтті. Таң біліне Вислаға ілінген әскери бөлімше қас қарая қаланың шетінен шықты.
Қала деп айту қиын. Үй орнында — үйінді, көше орнында — қазан шұңқыр, қазылған ор, ауа орнында — түтін, әлі басылмаған өрт жалыны кеудені қырнайды. Бар аймағы от құшағында. Биік үйлердің сойдиған қа- бырғалары сұрапыл соғыстың ескерткішіндей. Соғыс қандай жиіркенішті болса, ол да сондай жиіркенішті. Бір кезде адамға пана болса, енді — мола. Анау үйін- ділер пәк жанды талай тұрғынның қабірі секілді. Көбі- нің жаңа салынған топырақтай шаңы да басылмаған. Қираған балконда асылып қалған жас нәрестенің кіш- кентай арбасы. Мұны көргенде солдаттардың бойлары дір етті. Әркімнің есіне өз сәбилері түсті. Сұм соғыс...
Қаланы аралауға болмайды. Аяр жау ақырғы зұлым- дығын жасап, елеусіз жерлердің өзіне миналар көміп кетіпті. Бір-екі жерде оның осы қақпанына аяғын шап- қызып алған бөлімшелер де болды. Сондықтан бір жа- ғы сақтық, бір жағы онсыз да жау тастап қашқан қа- ланы сүзіп шығудың қандай қажеттігі бар.
Одан да көбесі сөгілген жаудың ізіне түсіп, өкшелей қуып есін жиғызбау керек. Сол себептен де жүріс суыт. Жол бойы көп қарсылық жоқ. Тоз-тоз болған неміс әскерлері әр тоғайдың арасынан кездесіп қалады. Бірақ қарсылығы қарсақтың қақпанындай ғана.
Суыт жүрістің өзі шалдықтырайын деді. Бірнеше күнгі жаяу жорықты көтере алмай аяғы ойылып, ар- қасы талған солдаттар ұшырай бастады. Ұйқы мүлде шала, жүріп келе жатып қалғиды. Кейбіреу тіпті, сап- тан шығып лағып кетеді. Командирлер осыған сақ. Бөлімшелерді шашау шығармай жинақы ұстайды.
18 январьда 150-ші дивизия бірінші эшелонға шық- ты. Бұлардың алдында тек жау ғана бар. Варшава 100- 150 километр кейінде қалды. Ұсақ-түйек атыстан басқа елеулі қарсылық әлі ұшырай қойған жоқ.
- Тап осылай артына қарамай Берлинге дейін қаш- са, жақсы болар еді-ау.
Жау не ойлайды? Ол екінің біріне белгілі емес-ті. Осынша түріле қашқандай оның қауқары шынымен-ақ таусылғаны ма? Әлде амал ма? Әскери қолбасшылар бұл жұмбақтың сырына талайдан үңілген. Иә, бұл амал еді. Батыс жақтан түріле қашқанда солтүстікке күшті төгіп жатқан-ды. Бекіністі мықтап құрды. Қаш- қан болып ілгеріге, ішке біздің әскерлерді терең жібе- ріп алмақшы. Сосын бүйірден тиіп қиып тастамақ. Кейінгіні жібермей, ілгері кеткенді жентектемек. Міне, оның алды-артына қарамай қашқансымақ болғанының сыры қайда!
Бірінші эшелондағылардың өзі бағытты солтүстікке бұрды. Болжау тура. Арындап келе жатқан қол тоқтап қалды. Қарыс жер мұң. Қатты шайқас.
...Бұл Шнейдемюль қаласы. Полк командирі Плехо- данов штабта отыр, көңілсіз. Үшінші батальон селдіреп қалды, шабуыл сәтсіз болды. Екі күнде бір батальон- ды бүйтіп жайпай берсе, немістің түрі жаман. Екінші батальонның да шығыны көп. Кешеден бері шептен әлі бір көше де жылжыған жоқ. Көрші полктардың да
шығыны көп. Бірақ, бұл полкқа өте-мөте ауыр тиді осы қамал. Әзірше аманы бірінші батальон — Твердо- хлебовтың батальоны. Әккі комбат ақылды жасады, Логинов пен Давыдовтай барлаусыз қойып кеткен жоқ. Қаланың аты — қала. Оның қорғаныссыз болуы мүм- кін емес. Командирдің жүрегі үлкен бекіністің барын сезгендей еді. Плеходанов оны әскери алғырлығы үшін құрметтейтін. Міне, өзіне тағы да шақырып отыр.
- Жолдас капитан! 2-3 батальондар ес жыйсын.
Бүгінгі ауырлық сенің мойныңда. Солдаттар тың ба?
- Жолдас подполковник, тың болуды кім берсін. Ұзақ жол шалдықтырды. Мұндай қамалдың алдында да болса дамылдату керек еді. Шегінді екен деп немісті ақымақ санауға болмайды. Әлі тартар талай табақ сыйы бар. Міне, Шнейдемюль соның алды.
- Иә, сізбен 100 процент келісемін. Өздері тамағы жыртылғанша айғайлап жүрген «эластикалық» қор- ғанысы осы ғой. Шегініп-шегініп күтпеген жерден соқ- қы беру. Аңшы болып көрдіңіз бе? Қасқыр болдырған кезінде ырылдап, айбат шегіп жатып алады. Қарап жатпайды, аңдып жатады. Жалт етсеңіз бітті, тура ша- бады. Оңтайына келсеңіз, жарып та тастайды. Ондық бойында күші болады. Міне, неміс те тура сол секілді. Оңтайына келдік, екі батальонды күйретіп алдық. Сізге бұл сабақ болсын деп отырмын. Өзім де бармағымды шайнаулымын.
Твердохлебов үшінші ротаны ең ауыр оң қанатқа қойды. Неміс осы жерге қатты шүйлігуде. Оның мә- нісі де бар. Бұл арадан жарып өтсе, қалаға сұғынып кеуделеп келе жатқан бөлімшелердің ту сыртынан ұрып абыржытпақшы. Сөйтіп шегіндірмек, қаланың қақ- пасын қайта жаппақ. Түні бойы үш дүркін соқтықты.
Бірақ ешнәрсе шығара алған жоқ. Қошқарбаевтың взводы сыбағасын берді, өткізбеді. Екі жақ та аңдысып- аңдысып, ақыры сәл тыным тапты. Жағы сембеген пулеметтер де үнсіз. Таң білініп келеді. Майдандағы түннің ең бір ауыр уақыты. Шаршау мен ұйқының жауға көмектесетін мезгілі бұл.
Рахымжан үш бөлімшенің үшеуін де аралап шық- ты. Гончаров, Серебряков, Панталеев үшеуі де ояу екен. Попов Гончаровтың тап қасында. Бүгін жауды зар илеткен пулемет осынікі. Қараңғы болса да өңкиген денесіне қарап бірден таниды. Өзі де қайратты-ақ. Әнеу күндері ұзақ жорықта шалдыққан солдаттардың көбі- нің жүгін көтеріп, жанын сақтаған осы.
- Неміс!
Бұзылған үйді қалқалап баспалап келе жатқан үш автоматшы көрінді. Попов пулеметіне жармаса кетті. Қағып түсіретін жерде.
- Атпа!
Рахымжан Гончаровқа, Поповқа, тағы екі солдатқа артымнан жүр деп ымдады.
- Пулеметті осы жерде қалдыр. Мына жырамен ай- налып артынан шығайық. Күні бойғы даусыңды естіп, өзіңмен таң алдында оңашада таныспақшы ғой олар.
Сыбырлап қана сөйлеседі. Рахымжан Поповтың мұндай қалжыңды сүйетінін біледі. Жасында тентек болған екен. Ақырып-зекірсе қыржиып қалады. Қыбын тауып сөйлесең, тау қопарады. Әр солдаттың мұндай қыры Рахымжанға аян бола бастаған.
Немістер оң жақпен айналғанда, бұлар сол жақпен артына шықты. Олар үшеу, бұлар төртеу. Сығалап қарап жатыр. Бәрі де Попов секілді өңкиген-өңкиген
дәу екен. Кездесетін қылта анау бақтың айналмасы. Тура желкеден шықпақшы.
- Хальт!
Бұл дауыс қатты да шыққан жоқ. Тап желкелерінен кезеніп тұрған төртеуді көрді. Автоматтарын тастап- тастап қолдарын көтерді. Айдап комбатқа әкелді. Тұт- қындарды Рахымжан Поповпен бірге өзі әкелді,
- Иә, лейтенант, алғашқы олжаң ба? Қайырлы бол- сын.
Комбат тұтқындармен аудармашы арқылы тілдесу- ге кіріскенде қаланың үстінде найзағай ойнады. Ор- талықты біздің зеңбіректер соға бастаған екен. Неміс- тер тажалдай қорқатын «катюшалар да» ойнап берді. Су-су етіп өткенде сондай сұсты шайтан. Әлем-та- пырық айқас қайта жанданды. Кезекті жентектеуден кейін жаяу әскер шабуылға көтерілді. Неміс әдетте қа- лаға кірер жерде қатты шайқасады. Бекініс шебі бұ- зылған соң бір жібі кетсе, тарқатыла жөнелетін тордай ыдырайды. Бірақ, бұл қаланы бір аптадан артық ұстады.
* * *
Полк солтүстікке қарай кеулеп келеді. Осы жолда Шнейдемюльден кейінгі қатты шайқас болған Поме- рания жері. Февральдың 10-нан 20-ына дейін жатып қалуға тура келді. Біздің әскер қорғанысқа шығуға мәжбүр болды. Атақты Померания бекінісі. Бірінші ба- тальон тағы да алдыңғы шепте. Шнейдемюльдегі бұл батальонның ерлігі дивизияға дейін аян болды. Жұрт
«қайсарлар» батальоны деп ат қойды. Сөйтіп екінші, үшінші батальонның сәтсіздігін біраз жуып-шайды.
Померанияда көзсіз кимелеу болған жоқ. Барлау қорғаныстың күшті екенін жеткізді. Арасы миналанған
бірнеше шеп. Алғашқы шепті тез берді. Бұл қулығы осы жолы бұрынғыдай мәнді болған жоқ. Біздің бөлім- шелер екінші шептегі қорғаныстың күшті екенін сезді. Сөзді артиллерияға берді. Сосын танк кетті. Танктың артынан жаяу әскерлер келеді. Бұл шабуылдың шешуші күні. Екінші взводтың алдындағы танкке снаряд дөп тиді. Жана бастады. Соның артынша іле тағы бір снаряд келіп жарылды. Міне, солдат Исажанов, пулеметші Зотов осы арада оққа ұшты. Екеуі де ер жүрек жігіттер еді. Шнейдемюльде Поповтан кейінгі көзге түскен осылар болатын. Зотовтың бір жақ иығымен қоса басын жұлып әкетті. Жан түршігерлік көрініс. Кейбір солдаттар асып-сасып минадан тазармаған аумақтан шығып, өз-өзінен арандап қала жаздады. Дереу шешім қабылдау керек. Шегінуге болмайды. Тек алға. Мұндай сәтте солдаттарды ширататын да, састыратын да ко- мандирдің шешімі.
Рахымжан: — Ура!— деп өзі алға ұмтылды. Қараса, пулеметін кезенген Попов өкшелес келеді. Ол тіпті ет қызуымен алға түсті. Бүкіл взвод жұдырықтай түйіліп ілгері ұмтылды. Көңілі разы боп қалды. Танктердің артында басқа бөлімшелер де қаптап барады.
Траншеядан шығып үлгірмеген немістердің үстіне біздің солдаттар топ-тобымен түсті. Рахымжан Попов- тың қаруын осы арада көрді. Пулеметімен оңды-солды сілтеп жүр. Пантелеевке үш неміс келіп қапты. Екеу- ін өзі жайратты. Үшіншісін автоматын кезене бергенде Гичко деген елеусіз солдат талма білектен қағып түсір- ді. Мылтықтың дүбімен ұрды. Көзді ашып-жұмғанша найзасы кеуде тұсынан қорс етті. Түсі сұрланып, көзі қанталап кетіпті. Ылғи күлетін де жүретін. Шаршаса
да күлетін, ұрыссаң да күлетін. Мына кейпі ол Гичкоға тіптен ұқсамайды. Жүзі өрт сөндіргендей түтеген.
Траншея қолға көшті. Бұдан ары тағы жылжу керек. Бірақ, танктердің бірнешеуі келесі траншеямен екі ортадағы минаның үстінен шығып жана бастады. Бұл жаяу әскерді сескендірді. Осы шепте біраз бекініп алу керек, етек-жеңді жию керек.
- Комбат Твердохлебов шақырады,— деген хабар алды Рахымжан. Траншеяның ішімен жүгіріп жетті.
- Жігіттерің жарады, ер екен, жолдас Қошқарбаев. Өз атымнан бәріне де алғыс айтамын. Мұндай жолба- рыстармен қандай қамалға болса да шабуға болады.
- Служу Советскому Союзу! Бұдан басқа аузына сөз түскен жоқ.
Твердохлебов қолын қысты. Кетуге рұхсат етті.
- Ерлеріңнің аты-жөнін жазып бер. Наградаға тап- сырамын.
- Құп, жолдас комбат!
Траншеяның ішімен бұға жүгіріп кетті. Жау есін жиып, бұл шепті снарядпен қайта атқылай бастады.
Померания бекінісіндегі ұрыстың бір көрінісі осын- дай. Бұл жерден немістер марттың басына дейін кетпей, табандап жатып алды. 1 март күні бұл бекінісі де күл- талқан болды.
Цыцау деревнясы. Теңіздің жағасында. Бұйра тол- қын соғыс алаңындай тулап жатыр. Бекініп алған мат- ростар. Үш күн болды, маңайлатпайды. Жері де төбелі- жоталы. Қорғанысқа қолайлы-ақ. Алты жүз жетпіс төртінші полктың бірінші батальонының алдына осы деревняны алу міндеті қойылды. Өздері бұған дейін көрмеген әскер түрімен — теңізшілермен шайқасуға тура келді. Бәрі жап-жас, қып-қызыл неміс. Осы арада
өздерінің құрбандыққа қалғанын білетін секілді. Қи- мылдары солай, бәрібір өлім.
Твердохлебов үш ротаны үш жақтан — шығыстан, түстіктен, батыстан салды. Солтүстік — теңіз. Жаннан безгендер шын мәнінде қоршауда. Батальонда артил- лерия батареясы бар. Командирі капитан Романов- ский. Негізгі бекініс пункттерін атуға бұйрық берді. Артиллериялық атыстан кейін үш рота үш жақтан қысты. Батыстағы, шығыстағы бірінші, екінші ротаны жылжытпай қойды. Азды-көпті ілгері басқан 3-рота, Батраковтың ротасы. Комбат Твердохлебов та осы ро- тамен бірге. Бұл ротаны ілгері жылжыта беру керек. Қоршауда тұрған дұшпанды бұлай бөлуге тиімді. Ком- баттың ендігі ойы осылай. Ол Батраковқа алға Қош- қарбаевтың взводын салуды тапсырды. Бұл ротаға Твердохлебовтың өзі тікелей басшылық етті десе де болғандай. Қас қарая екінші взвод деревняның шетін- дегі тас дуалға ілікті. Дуалдың биіктігі үш метрдей. Теңіз суы деревняны басып кетпес үшін салынған екен. Жау еріксіз қақ жарылды. Енді осы шепті ұстау керек. Артиллерияның бір взводы — лейтенант Байсуровтың взводы да осында.
Зеңбіректер тура ашық көшеде. Қалқалайтын еш- нәрсе жоқ. Жанында шеп үйіндісі. Снарядты салады да, солдаттар осы жерге кеп тығылады. Түнде ештеңе емес, ертең күндіз қайтеді. Әлдеқалай шегінетін жағ- дай болса, көлік әкеп алып кету мүмкін емес. Ең абза- лы ондай жағдайға душар болмау.
Бұл түн — қауіпті түн. Сақ болу керек. Офицерлер- ден кезекші қою керек. Твердохлебов Қошқарбаевты кезекшілікке койды.
- Бүгінгі түннен өліп шығуымыз да, аман шығуы-
мыз да сенің қолыңда. Жау қайткен күнде де бізді бұл арадан ығыстыруға тырысады. Шегінсек қайта кіру қиын.
Түні бойы дүркін-дүркін шабуыл жасауға келісілді. Жаудың мазасын ала беру керек. Алдынан да, артынан да қысқан соң қайтер екен «батырың!» Бұл арада тағы бір үлкен қауіп бар. Ар жағындағы өз әскерімізді атып алмау. Сондықтан қимыл мейлінше дәл, мейлінше есеппен жүргізілуі керек. Созалаң атыстан гөрі қоян- қолтық айқас тиімді. Өйткені, біздің әскер әйтеуір же- ңетініне сенімді. Ал немістердікі бас қорғау, жан сақ- тау, жан далбаса. Бірақ мұндай кезде адам ешнәрседен тайынбайды. Төніп тұрған өлімнің ашындыруы, аяр- лыққа салуы заңды. Сондықтан кеудесінен жан кет- кенше олар аянбайды. Осының бәрін Твердохлебов салмақтап, саралады. Соғыс құрбандықсыз болмай- ды. Бірақ оның да шегі бар. Құнды жеңіс — аз құр- бандықпен жеткен жеңіс. Майдан заңы бұл ниетке әмсе ырық бере бермейді-ау.
Рахымжанға шабуыл кезінде осыны ескер деген. Албырт жастықтың көз жұмбайынан сақтандырған. Адам тағдырымен ойнауға болмайды. Біз өмір сүру үшін соғысып жүрміз. Кім өлу үшін соғысады. Соғыс жұмбағының қиындығы да сонда. Ол бір айнаның екі беті сияқты.
Бір жағы — қырғын, өлім. Екінші жағы — өмір үшін, тіршілік үшін күрес.
Гончаровтың бөлімі он екі немісті айдап келді. Тұтқындарды взвод командирі Қошқарбаевтың өзі қабылдады.
- Қаншасыңдар, неге берілмейсіңдер?
- Хайл Гитлер!
Хормен айтады, бұдан басқа жауап жоқ. Немістерді тағы қысты. Мелшиіп тұр. Міз бақпайды.
- Теңізшілерге бұл арада не бар? Қайдан келдің- дер.
- Хайль Гитлер!
Бұдан басқа жауап жоқ. Рахымжан фашистерді тү- гел атып тастауға бұйрық берді.
Сыр ете түскен автомат даусы ғана естілді. Оның не істегенін түн жасырды. Ертеңіне жұрт дуалдың жа- нында теңкиіп-теңкиіп жатқан «хайлшілдерді» көрді. Мұнысы жөнінде Рахымжан комбатқа өзі айтты. Твер- дохлебов жымиып күлді де:
- Жауды аяған жаралы дей ме? Жаннан безгендер- ге сол керек,— деді.
Таң ата екі рота сырттан, бір рота іштен шабуылға көтерілді. Қарсылық қатты. Мұндай қоршауда әдетте берілгеннен басқа амал болмайды. Бірақ, қаруын тас- тап, қолын көтерген біреу жоқ. Жанталаса шайқасуда. Жаннан безгендер десе жаннан безгендер екен. Бәрі қырылды. Батальон бөлімшелері бір-бірімен тоғысты.
Тек он шақты неміс қорғаннан қарғып, суда тұрған катермен теңізге кетпек болды. Оларға артиллерияның оғы жалынды. Үш орудиенің үлесіне қашқындар мін- ген үш катер тиді. Дөп тиген оқтан кейін үш жерде жанып, су түбіне кете барды. Асау толқын ызалана, айбаттана жұтып қойды.
Бұл бекіністі алуда қаза болғандарды комбат жинап бір жерге жерлетті. Азалы жиын ұзақ болған жоқ. Мы- нау теңіз жағасындағы биік дуал осыларға қойылған жеті адам.
Әне сүйкімді Гичко, күлегеш Гичко, ер Гичкомен де осы арада мәңгі қоштасты. Жігіттердің бірі тас дуалға:
«Жаудың бұл шетін теңізге әкеп тіредік. Сендердің кектеріңді енді Берлинде аламыз. Бақыл болыңдар, бауырлар!» — деп жазды.
Артиллерия теңізге қарай үш дүркін оқ атты. Ба- тальон жорық қамына қайта кірісті.
150-інші дивизия түстікке қайта бет бұрды. Ев- ропаның орманы. Ойдым-ойдым тоғай. Талайға пана болған, талайға тажал болған тоғай. Әр бөлімшенің ұс- таған бағыты бар. Енді жүріс жылдамдады. Ірі бекініс жоқ. Дегенмен де барлық жерді сүзіп, барлық тоғайды түгендеп келеді. Күні бұрын картадан көрсетіліп, әр батальонның еншісіне бөлінген тоғай бар.
Міне, мынау тоғай қонақжай болмай шықты. Бірін- ші батальонның алдынан сатырлап оқ атылды. Пуле- меттің де, мылтықтың да үні шығады, граната жары- лады. Батальон дереу жауынгерлік жасаққа енді. Сол- даттар жата-жата қалысты, тоғайға сіңіп кетті,
Оқ ортадағы алаңқайдан атылып жатыр. Мынау бұрын-соңды көрмеген бекініс. Блиндаж жоқ, окоп жоқ. Үсті брезентпен жабылған арбалармен айналаны қоршап тастапты. Бекіністері, паналары сол. Сырт қа- рағанда цыгандардың көшін елестетеді. Аттары да қас- тарында. Тарсыл-гүрсілден кейін шыңғырып, кісінеп, тізгін-шылбырын үзіп ойнақ салып шығып жатыр. Екі арада әжептәуір атыс боп қалды.
Солдаттар өз көздеріне өздері сенбейді. Бір-бірі- не, командирлеріне қарайды. Оқ атып жатқанның бәрі қатын. Қөйлектері шұбатылып жүр. Жылаған балалар- дың даусы естіледі. Бірақ қарсылығы, мылтық атуы мықты. Батальондағылар Гитлерге адал берілген әйел- дер екен деп күлісті. Бірақ, мына арбалары не? Со- ғысқысы келсе, арбамен неге жүр? Сасқанынан қар-
сылық көрсеткендер дейін десе, әр-түрлі қаруы бар, әзірлігі мол топ секілді. Өздері және көп-ақ. Бас-аяғы бір километрге созылып жатыр. Артиллерияға сөз берсе, көзді ашып-жұмғанша апа-сапа қылар еді. Бала- ларды аяйды.
Өздері ашық алаңда оқ аузында тұрғандар тыр- баңдағанмен түк бітіре алған жоқ. Жасақты қол жан- жағынан шықты да бүріп жіберді, қырылып кетуден қорыққан қатындар тізе бүгуге мәжбүр болды. Екін- ші взводтың солдаттары талайын қарусыздандырып үлгерді.
- Жолдас комбат, мыналардың мұрты бар! Рахымжан өңкиген біреуінің көкпеңбек болып тұр-
ған бет-аузын көрді. Қасына жетіп келіп «шешін» деді. Еркек, кәдімгі ұзын тұра, сопиған неміс.
Міне, қызық. Қоршауға алынған қолды шетінен шешіндірді. Үштен екі бөлігі еркек боп шықты. Тоғай ішіндегі күтпеген жерден койылған мына спектакль солдаттардың, офицерлердің ішек-сілесін қатырды. Тұтқындар сөлбірейіп сапта тұр. Үнжырғасы түскен.
Бұлар кезінде түу деген түкірігі жерге түспей, күш- пен ұстаған елдердің қалаларын, селоларын билеп-төс- теген немістің шонжарлары екен. Енді өз бастарына күн туды. Байтал түгіл бас қайғы. Қолынан келгені бала-шағаларын алып, келмегені соқа басын қорғап қашып шығыпты. Ойларынша неміс шекарасына жет- пек, аман қалмақ. Құдай ол тілегін бермеді. Қуғыншы әскер желкелеп келіп қалды. Не істеу керек? Жан тәтті. Табылған айла осы болды. Ең сенгендері әйел көйле- гінің етегі. Тоғай ішінде шағын бөлімше болса, жайпап кете бермек екен. Пасық ойларын көрдің бе? Бір шетін сонау теңізге дейін түріп келе жатқан алғы шептегі әк-
кі жасақ екенін қайдан білсін. Жағын сындырған жаң- ғақ боп шықты.
Сасқан үйрек артымен сүңгиді. Әлемді аузына қа- ратпақ болған неміс басқыншыларының мына күйкі тіршілігі күлкіні келтірді. Кеше ғана бір тоғайда сам- бырлаған неміс радиосын естігені бар-ды. «Совет әс- кері неміс жерін баса алмайды. Соққы жейтін күні алда. Қандай қарумен болса да бұза алмайтын қамал бар. Немістер! Еңселерің төмен түспесін, бұл уақытша шегініс»,— деп соққан болатын. Онымен де қоймай листовкалар тастап кетіпті. Совет солдатын қолға тү- сіріңдер, бекер құрбан болмаңдар деп үгіттейді онда. Листовканың бір жағында «пропуск».
- Осыны көрсетсеңдер, бөгетсіз өтесіңдер,— дей-
ді.
Әрине, бұл әрекет мысқыл күлкіні ғана шақырған
еді. Арасы жер мен көктей екі көрініс. Бірінде Геб- бельстің өрекпі өтірік насихаты, бірінде — міне, соғыс ақиқаты. Амалы таусылғаннан арбаны бекініс қылған, әйел боп аман қалмақ болған күйкі тіршілік.
Осы ақиқат ой салды, осы ақиқат жеңіске деген үміт отын тұтата түсті. Осынау жаман тоғайдың ашық алаңынан әр солдат соғыс философиясын оқыды. Ты- нымсыз жорықтарының жақсы жоралғысын көрді.
Қырып кетсе болар еді. Бұлар да аяған жоқ еді ғой. Украинаның, Белоруссияның, Молдавияның қанға бөк- кен далалары, төрт жыл бойы қираған қала, төгілген қан осылардың мойнында емес пе. «Өмірлік кеңістік- ті» кеңейту жөніндегі зұлымдық жоспарды құтырына қолдағандардың ішінде бұлар да бар шығар-ау. Әйтпе- се бөтен елде несі бар? Варшаваға, басқа қалаларға не іздеп барды? Мына Польша жері де, елі де бұлардың
қанды тырнағынан не көрмеді! Қазір ғана, қолға түскеннен кейін ғана сөлбірейіп тұр ғой.
Ана ұзын мойындары талайға кекірейіп, талайдан теріс айналмады дейсің бе? Көл түбінде жатқандай шүңірек көздер талайдың зәресін алған шығар.
Рахымжан оңаша отырып қапты. Талай ойға кет- ті. Шаршап жүрген солдаттардың көбі қор етіп ұйқы- ға кетті. Тынықсын. Күзет бар. Елі, кең сахара даласы есіне түсті. Артында қалған жалғыз Рахымды да долы табиғаттың аузына тыққан, боранға жемтік қылған осылар секілді. Соғыс болмаса аман болар ма еді? Ауылдағы барлық ауыр хал де осы иттердің ылаңынан болған жоқ па. Мұхиттай арнасынан асқан мұң төгіл- ген қан, төрт жыл бойғы еңсені басқан зіл кімнің мойнында. Өлілердің аруағы, тірілердің ызасы кімді қарғайды? Кек боп қатқан жесірдің зарын, жетімнің мұңын кімнен алады?
Міне, тап осылардан емес пе? Аяушылық неге ке- рек. Олар бізді аяды ма? Ұйқыдағы бар солдатты та- бан астында тұрғызып, шетінен атуға бұйрық бергісі келді. Дивизияның штабына дейін айдап әуре болған- ша!
Он жасар бала совет солдаттарынан көз алмайды. Арбада келеді. Қасына барса, шар ете түседі. Бұғына- ды, тығылады. Миына «совет солдаты атады, шабады», деп құйып тастаса керек. Оқ апатын мана көзімен кер- ді. Соғыс сыры оған әлі беймәлім. Кімнің пиғылы қан- дай болғанын қайдан білсін. Өскен соң түсінер. Осы- лардың түсінуі үшін ғана атпау керек деген ой кескес- тей береді. Оның үстіне дивизияға түгел аман апар деген тапсырма бар.
ОДЕР үстінДЕгі От ОЙнАғЫ
Қараңғы түскен. Қалың ағаш іші. 674-полк дереу сапқа тұрды. Бірнеше күнгі тынымсыз әзірліктің тағы бір жалғасы. Қаптаған генералдар. Олардың бүйтіп топталып жүретінін солдаттар да, офицерлер де өте сирек көретін. Саптағылар қақиып қатып қалды.
- Жолдас генерал-полковник, сапта тұрған 674- полк. Қандай жауынгерлік тапсырманы болса да орын- дауға әзір.
Плеходанов айтып болды. Оның рапорт бергені Үшінші Шабуылшы армияның командирі В.Кузнецов. Оң жағында 79-корпустың командирі генерал С.Пе- реверткин, сол жағында 150-дивизияның командирі В.Шатилов.
Армия командирінің полкқа дейін келуі майдан жағ- дайында сирек кездеседі. Офицерлердің ойы сан саққа шарлады. Генералдардың бұл жүрісін түрліше жорыды. Бәрінің де тірелген жері әйтеуір тегін емес.
Кузнецов қысқа сөйледі.
- Жолдастар, солдаттар, офицерлер! Халқымыз- дың титығына жеткен бұл соғысты бітіру керек. Бер- лин жақын.
Әскер тілі қысқа, әскер тілі айқын.
Солдаттар, офицерлер блиндажға оралғанда көктем- гі жер исі мұрынға ұрды. Майдан өтінен жырақ күндер
осымен тәмам болса керек. Генерал-полковниктің жа- ңағы сөзі екі апта бойғы тынымсыз әзірліктің соңына нүкте қойды.
...Одер! Асау Одер, ағынды Одер, қанды Одер. Арнасынан асып жатыр, тасып жатыр. Беті жыл-
миып жай аққанмен, асты ағынды, тулайды. Қойнында тығып жатқан зұлымдық сыры бар. Неміс ақындары- ның талайы жырлаған жағалы Одер, жайсаң Одер жоқ, ағынды Одер, арам Одер. Қап-қара боп лайланған суы да өте сұсты.
Немістердің шулатып жүрген үлкен бекінісінің шеті осы. Гитлердің талайдан дайындап жатқан сыбағасы осыдан әрі. Совет әскері қарыс аттай алмас қамал бар, деп соққан-ды. Олардың айтуынша енді бұдан ары ілгері жылжу мүмкін емес.
Берлинді қорғау осы Одерден басталмақ. Одерден ары үш қуатты аймақ бар. Одан басқа қаланың өзі керемет бекіністермен қоршалған. Барлық шепте кө- мілген мина, танкілер. Немістің ең таңдаулы 85-диви- зиясы күні бұрын бекініп күтіп жатыр. Одерден ары не көп, өзен көп, канал көп. Одер, Шпрее, Неисе, Даме... Жыландай шұбатылған тас жол, темір жол. Қорғаныс- қа өте қолайлы-ақ бұл маң. Оның үстіне өрмекшінің ұясындай жиі орналасқан бекіністер. Олардың бәрі бетондалған. Шынында нағыз тозақ оты күтіп тұр. Те- реңдігі 90 километрге созылған бекіністің осындай шебін енді бұзып көр.
Түн. Өткел бермес Одердің шығыс жағалауында жер қайысады. Қаптаған адам, бүргедей өрген техни- кадан таяқ тастар жер жоқ. Соның өзінде ызың еткен шыбын дауысы естілмейді. Бүкіл тіршілік демін іші- нен алып тұрғандай.
Бір уақытта аспан қақ айрылды. От сабаулары тар- сылдап ойнап кетті. Жерге ине түссе көрінгендей. Жаңа ғана тылсып жатқан Одер қайнап кетті. Жарықта өзен үстінен әр жерден ұзын белдеулер көрінді. Бұл біздің әскерлердің салып үлгерген понтон көпірлері екен. Кө- пір емес, енді адамнан, техникадан өрілген белдеулер сияқты. Жау да осы белдеулерге шүйлікті. Бір-екеуін үзіп те үлгерді. Су бетінде адам жаңқадай қалқиды. Бүлінген көпірді қайта салып, қайта жаңғыртып жа- тыр. Біздің артиллерия да батыс жағалауды үсті-үстіне ұрғылауда. Шын тозақ, қиямет енді басталды. Бәрі көрініп, бәрі сайрап тұр. Қайықпен де, салмен де жүзіп, қаптап бара жатқан адам.
Қанды Одер сылқ-сылқ күліп талайды тамағына тығып жіберді, үстінде ойнаған от сәулесінен бе, әлде адам қанынан ба, әйтеуір суы күреңітіп кетті. Жарыл- ған снарядтан, быжылдаған оқтан өн бойы бұрқ-бұрқ қайнайды.
Тосылып қалды. Көпірлердің көбі кесіліп қалды. Тауы шағылып кейін шегінді. Залым Одер өткел бер- меді. Батыс жағалауға ілінгендердің саны шамалы. Олардың өзін де жентектеп жатыр. Бірақ, арғы жағаға совет солдаттарының аяғы тиді. Әзіргі амал бас сауға- лау ғана.
Твердохлебовтың батальоны тегіс өтті. Одердің қан- шаны жалмап, қаншаны жұтқанын түгендеуге шама жоқ. Дереу бекініс жасауға бұйрық берілді. Оқ атуға тыйым салды. «Мен мұндалап» өзіңді-өзің әшкерелеп аласың. Бұлардан бұрын да батыс жағалауға жеткен- дер бар екен. Қырып салыпты Тірі калғандары келген батальонмен жылап көрісті. Қастарына бүкіл ел келіп қонғандай қуанды.
Түні бойы Одердің үсті от ойнағына айналды. Біз- дің артиллерия Одерді атқылаған жау шебін бірнеше рет нысанаға алды. Артиллерия ойнаған сайын жағада жатқан жасақ өзеннен өтуге лап қояды. Өстіп үзіп- жұлқып жүріп таң ата батыс жағалауға талай әскер жиналды. Құрбан да, үлкен шабуылды бастайтын құр- мет те осылардікі.
Күннің ашық, иә бұлтты екенін де білмейсің. Бұ- лыңғыр бірдеңе. Алдында 150 метрдей жерде жаудың алғашқы траншеясы. Басын көтеріп қылтыңдаған неміс солдаттары көрініп қалады. Олар да жағада жан бар екенін сезгендей. Анда-санда пулеметтен азынатып- азынатып алады. Бірақ, біздің әскер тіс жарған жоқ, тырп етпей жатыр. Бейне бір бәрі бірдей өлік секілді.
Сәске көтерілгенде Твердохлебовтың батальонына шабуыл жасай отырып барлау жүргізуге бұйрық болды. Капитан барлық ротаның жатқан жерін өзі аралап көріп шықты. Үшінші рота ортада, бірінші рота оң жақта, екінші рота сол жақта орналасқан. Шабуылға алдымен көтерілетін үшінші рота. Мақсат — траншеяны алу. Ал екі қанаттағы роталар бұларды оқпен қолдайды. Үшін- ші рота траншеяға жетісімен бұлардың қолдауымен аналар алға ұмтылуы керек. Кошқарбаевтың взводы шабуыл жасай отырып барлау жүргізуді тұңғыш кө- ріп тұрған жоқ. Әккі болған, әбден машықтанған. Ша- буылға өрттей ду көтерілу керек. Бұларға қай жерден оқ жауды, қай жерден снаряд атылады, кейінде оны аңдып отырғандар бар. Жау өзінен ондай хабар берісімен, тиісті сыбағасын алмақ та.
Взвод жинақы жатыр. Рахымжан жігіттерге қарады. Панталеев өте алғыр-ды. Атылатын мысықша бір уыс боп жиырылыпты. Жатқан жерлері ойпаң, қазған окоп-
тары суға толып кетіпті. Жігіттердің бәрі де малман- дай. Манадан, таңсәріден олар осы «жайлы қоныста» тапжылмастан жатыр. Көктемнің таңғы салқыны мен шылқылдаған судан тоңғаны ма, әлде шабуыл алдында қанын ішіне тартқаны ма, жүздері сұрланған.
Серебряков өзінен көз алмай жатыр екен. Тек белгі- ні күтуде. Бұлардың орны сәл құламалау. Сонда да сыз өзінің табын қалдырыпты, жамбастары салтақ-салтақ. Жотасы окоптан шыға жаздап жатқан Попов жымиып күледі. Алға қарап жұдырығын түйіп қояды. Қабағынан кейістік көрмейсің-ау, шіркін. Бір ғана белгісі көрін- бейді. Маңдайынан бұрқырап басылмайтын тері жоқ. Таңғы шық мұны да тоңазытса керек. Оқ атпай, атой салмай іші пысып қалған секілді. Жотасы қозып тұр. Бұның көңіл-күйі Рахымжанның алақанында. Алдын нұсқап, көзін қысты.
Гончаровтың қашанғы жинақылығы. Үсті мұнтаз- дай. Осы жатқандардың бәрінен бөлек төсеніш үстін- де болғандай. Отделениенің жігіттері де тас-түйін. Кө- ріп жатыр, тосып жатыр.
Сол қанатта Гриченковтың взводы. Ол да шабуылға көтерілмек. Батальонның парторгы аға лейтенант Исқа- ков, старшина Штельмах сол взводта екен.
Одердің арғы жағынан жаудың тылына біздің ар- тиллерия оқ атты. Өзіміздің катюшаның «нәзік» даусы бүлардың үстінде «ән» салды, Арыға, алысқа барып снарядтар шаңқ-шаңқ етті.
Рахымжан біреу құлағынан тартып жұлып алғандай орнынан атып тұрды. Автоматын көтеріп:
- Алға! Берлинге! Отан үшін!
Бүкіл рота ұшқын түскен қудай ду ете қалды. Жау бір сәтке тап иектерінің астынан мүншама адамның
шыға келуін күтпей сасып қалса керек. Бірақ, тез есін жиды. Әр тұстан азынаған пулемет, бытырлаған авто- мат.
Күтпеген оқиға. Гриченковтың взводы тары қуыр- ған қазанның үстінен шыққандай болды. Бытыр-бытыр миналар жарылып жатыр. Жұрттың зәресін алды. Кейін қарай боса жөнелді. Рахымжан жалт қарады. Кәдімгі қашу. Берекетсіз жан сауғалап қашу. Сәл кідірсе бітті, өз взводында ешкімді ұстай алмайды. Мыналардың артынан үріккен үйірдей қайыру бермей ыға жөнелуі мүмкін. Искаков, Штельмах екеуі де сасулы. Абыр- жып қалған. Дұшпанға керегі де сол. Минаны траншея алдына осылайша зәре алу үшін көмген. Қашқандарды артынан ату оңай.
- Тоқта, қайт кейін!
Рахымжан осылай айқай салды. Өзінің де неге бүйткенін білмейді. Түтеп автоматты кезеп көлденең тұра қалды. Ала-сапыранда саңқ еткен дауыс қашқан- дардың жүрегін найзадай тілді. Аяқ астынан мас қыл- ған қорқыныш сезім жел қуған бұлттай ыдырады. Ел есін жиды. Қайта лап қойды.
Бақылау пунктінде Твердохлебовтың бәрі көз ал- дында. Бәрін көріп отыр. Жаңа жұрт жапа тармағай қашқанда өзінің де жаны мұрнының ұшына келді. «Ша- буыл сәтсіз, қаштық!» Осы сезім жүрегін осып-осып жіберді. Жау біліп қойды. Берік бекініс жоқ. Кешке дейін бұлардың тұқымын тұздай құртады. Өз көзіне өзі сенбейді. Қаһарлы күш жауға бетті қайта түзеді. Шабуыл, кәдімгі апшыны қуырған шабуыл.
- Кім, кім анау? Жұртты қайырған?
- Қошқарбаев!
- Молодец.
Рахымжандар траншеяға іліккенде немістің алды қаша бастады. Бірақ қолма-қол айқасқа түскені көп. Рахымжанның үш жағынан еңгезердей үш неміс келіп қалыпты. Екеуін автоматпен жусатты. Үшіншісін дүбі- мен қақ маңдайдан қонжитты. Егделеу келген қасқа бас неміс екен. Көзі аларып барып серең етті. Оң жақта көп неміс шоғырланып қалған. Біздің бір солдат ұшып түсті, екіншісі, үшіншісі...
Серебряков бөлімімен лап қойды. Поповтың пилот- касы шалқалап кетіпті. Маңдайынан бу мұржаның тү- тініндей бұрқ-бұрқ етеді. Шіркіннің жүрегінің түгі. Әт- тең сойылдың соғысы боп, бір өзін бір қолға жіберсе, жусатып салатынның тап өзі.
Траншея кеңейе берді. Бұлар іліккенде артқы екі ро- та да көтерілген-ді. Міне, бүкіл батальон жетті. Бекініс берік. Немістің өздері жақсылап жасап кеткен траншея. Іші құрғақ. Біздің солдаттар жұмаққа келгендей болды.
- Дереу барлық қаруды жауға қаратыңдар! Бізді бұл шептен сығып шығаруға енді жандарын салады.
Комбаттың бұйрығы осылай болды. Неміс артилле- риясы үнсіз. Екінші траншеядан пулемет, автомат бұ- ларды енді ала алмайды. Қауіпті снаряд, миналар. Не- містің өз траншеясына шүйлігуі енді сөзсіз. Жауға бе- кініс қып тастауға іші қимас. Біздің кейінгі жақтағы бақылау пункттерінен де осыны асыға күтіп, армандап тұрғандар көп. Жау артиллериялары қандай жерден тіл қатар екен.
Мұның да мәні бар екен. Әдетте ұрыс салып, барлау жасаған соң екі-үш сағаттан кейін біздің әскердің жаппай шабуылға шығатыны бар-ды. Мұның неміс жү- регіне талай тигені де бар. Бұл жолы да олар дәл соны күтті. Жоқ, кеш батты. Жаудың алғашқы шебіне жеткен бір-ақ батальон. Бұл не жұмбақ. Қайда? Артиллерия,
міне, осы кезде от төкпек еді. Сөйтіп, Одердің шыға берісінде қырғын жасамақ-ты. Алғашқы траншеяны аса көп қасарыспай тастап кеткені де сондықтан.
Осы бір батальонның бүгінгі ұрыспен барлауы жау жөнінде бірқатар деректер берді. Траншеялар бекініс- тің көкесіндей. Бір күнде, екі күнде салынған құры- лыс емес. Үлкен шептің, қорғаныстың барлық ереже- сіне сай. Траншеялардың аралары миналанған. Баға- нағы қуырдақ соны аңғартты. Мұның өзі, әсіресе, танк- ке өте қауіпті.
Күні бойы үнсіз артиллерияның кешке қарай шы- дамы жетпеді. Арттан оңай жем болатын қол көтеріле қойған жоқ. Сор түртіп келген жалғыз батальонды таптап тастамақ болды. Түні бойы артиллерияның қол- дауымен екінші траншеядан үш дүркін шабуыл жа- салды. Қалайда шепті бермеу керек. Батальон таң ат- қанша арпалысып шықты.
Твердохлебов бұл тәуекелге бір жағынан сенеді, бір жағынан қатты қорқады. Қошқарбаевтың взводы екінші траншеяның сол жақ қанатынан өтіп, жаудың ту сыртында жатырмыз деп хабар берген. «Жау бізді тү- гел қырдық деп есептейді. Үнсіз жатырмыз. Нұсқауы- ңызды күтеміз» депті. Таңның атуы олар үшін қауіпті. Онда бүкіл бір взводты өз қолынан көпе-көрінеу жауға берді деген сөз. Екінші траншеяға шабуыл жасау керек. Бұл түні арттан танктер де, зеңбіректер де қаптап келіп жатқан. Дивизияның штабы да бергі бетке өткен. Мұның өзі үлкен медеу. Плеходанов екінші траншеяға шабуыл жасауды мақұлдады. Батальонның бұл арада бар екенін жау бәрібір біледі. Әрине, өте қауіпті тәуе- кел. Үміт оты — взводтың желкеден оқыс атой салуы.
Есеп жаудың абыржуына құрылған. Егер оның сәті түссе, батальон екінші траншеяға жетті дей бер.
Таң алдындағы шаршаған шақ. Твердохлебов бата- льонды ширақ ұстады.
- Алға, шабуылға!
Жау да кірпік ілмей жатыр екен. Дүрсе қоя берді. Осы сәтте ту сыртынан «уралаған» оқыс үн шықты. Бұл — Қошқарбаевтың взводы. Дұшпан абыржыды. Желкесінен шыққандар зәресін алып жіберді. Тәуе- келдің арқасында таң алдындағы бұл олжаға баталь- ондағылар шексіз қуанды.
Полкқа «екінші траншея алынды!» — деген хабар кетті.
Күндіз атыс қатты болды. Біздің әскердің артынан жаңа бөлімшелер құйылып келіп жатты. Бұған іші күйген дұшпан жанталасуда. Танкілер де от бүркіп шабуылға шықты.
Үшінші траншеяның қарсылығы тіптен қатты.
Совет танкілері алға шықты. Түнде саперлердің минаны аршыған жолы бар. Төрт танк жыландай ирелеңдеп кетіп барады, атып барады. Батальон арты- нан көтерілуі керек. Сол жақта бір кірпіш үйден пу- лемет сарнап қоя берді. Тура құлақтың түбінен жер- ден шыққандай болды. Жаяу әскерді танктерден бөліп тастады. Бас көтертер емес. Танктер ұзап барады. 100 метрдей кетіп қалды. Айналдыра атып келеді. Әлгі пулеметке бірінің де көзі түспей-ақ қойды. Бір-ақ снаряд жалынатын.
Твердохлебов байланысшыны танкіге жіберді.
- Ананы көрсет. Көзін құртсын!
- Құп болады, жолдас капитан.
Байланысшы танкке жете бергенде қарсы алдынан мина жарылып, ойбайлады да қалды. Өлмеген, жаралы. Қозғалуға шара жоқ.
Бәрін көріп жатыр. Твердохлебов аяп кетті. Жібе- руге адам іздегендей. Ешкімді де көпе-көрінеу оққа ұстағысы келмейді. Ана бишара безек-безек етеді. Ра- хымжанның взводы комбатқа таяу еді. Комбаттың жан толқуын Рахымжан сезді. Байланысшыны калай да от ішінде қалдырғысы келмейді.
Лейтенант айналасына қарады. Қатар жатқанның бәрі қартаң солдаттар. Оларды жұмсауға дәті бармады. Атып тұрып ұша жөнелді. Бұлдырықтай домалап лез- де жетті. Қозы алып қашқан қасқырдай кейін қарай қайтадан зытты. Жаңағы пулемет те шүйлікті. Бұлар да келіп траншеяға құлады, бір снаряд арттарынан гүрс етті. Әйтеуір аман...
Жаралы байланысшы Рахымжанның бетінен үш қайтара сүйді. Твердохлебов жымиып күлді. Артынша қабағын сәл шытып:
- Құтыла алмай жүрген офицерім жоқ, жолдас Қошқарбаев. Сізді мен жұмсадым ба?
- Менің өз жүрегім жұмсады.
- Жүрегім... Білем сенің жүрегіңді...
Взвод көп кешікпей ауыспақ. Бұлардың орнына жа- ңа күш келмек. Жау оғы да саябырлап сәл бір тылсым кезең туа қалды. Попов траншеяның үстіне түрегел- ген күйі қайта-қайта шыға берді. Рахымжанға оның зор денесі тіпті ірі боп көрінді. Нағыз батыр тұлғалы азаматтың өзі екен.
- Түс! Шықпа! — деп бір-екі рет ескертті. Үшінші ретте аузын жиып алғанша болған жоқ, мұрттай түсті. Мергеннің жалғыз оғы тура екі көздің арасынан келіп қадалыпты.
Взвод демалыс алды. Алдыңғы шепке басқа бөлім- дер шықты. Рахымжанның көпке дейін көзі ілінбей
қойды. Поповтың өлімі көз алдынан кетпеді. «Есіл ер-ай, өлімің өкінішті болды-ау». Осы ойлар түннің бір уағына дейін маза бермеді. Көңілі құлазып, үлкен бір тірегінен айырылғандай сезінеді. Қой бастаған серкедей шабуылда тек алда жүруші еді. Іші удай ашиды. Қайтеді, соғыс заңы сондай, қатал! Бүгін тірі, ертең өлісің. Поповтың адресін алып хат жазайын де- се, «өлді» деуге аузы бармайды, қолы жүрмейді. Ертең өзіне-өзі келген соң жазбақшы боп бәрін жиып қойды. Ой арпалысында жатқанда көзі ілініп кетіпті.
Бірнеше күнгі дамылсыз шабуылдың шаршатқанын енді сезді. Түрегеп отырса да мамық төсектегідей тәтті ұйқыға кетіпті. Сағынғаннан ба, ауылы түсіне кірді. Әжесі Әлиман бір таба нанды қолына беріп, хош айтып жылап тұр. Тура әскерге кетердегі көрген жайы.
- Жетімегім, шеше деп шеше қызығын көрмедің. Жеті жасыңда жетім қалдың. Әке деп, әке қызығын көрген жоқсың. Мә, дәм татшы қолымнан.
Оянып кетті. Әже сөзі ескі жараның аузын тырнап, көп нәрсені еске түсірді. Бойы бір түрлі салдырап, көңілсіздік басты. Айналасына қараса, солдаттар қирай ұйқтап жатыр. Әбден шаршаса керек. Шаңқылдаған, гүмпілдеген, гүрсілдеген майдан музыкасын маса ызы- ңындай да көрмейді. Адам қызық қой, бәріне де көнеді екен. Ет өліп, құлақ үйреніп кеткендік емес пе, әйтпесе, майдан шебіндегі ұйқы қайбір ұйқы дейсің.
Бұдан арғысы бұлдырап кетті. Меңдеген ұйқы уы- сына қайта алды. Қанша ұйқтағанын білмейді. Шошып оянды. Есінен айырылғандай. Өңі ме, түсі ме? Айналасы қып-қызыл. Жер де от, көк те от. Көк күмбезіне қуатты оттан қатар-қатар уық ұстаған секілді. Көз аштырмас жарық саусақтың саласындай самсап көкке қадалын
қалған. Жер шайқалып тұрғандай көрінді. Шошып кетті, иегі өз-өзінен сақ-сақ етеді. Сасқанынан қос қолдап ұстай алды. Болар емес, кәдімгі атуға қойған пулеметтей сақылдайды. Мұндай сұмдықты кім көрген. Орнынан атып тұрды. Сел қаптап бара жатыр. Адам селі. Ешбір қамал тоқтата алмас күш қозғалыпты. Жол- дағының бәрін тып-типыл етер сеңдей жылжып ба- рады. Взводқа да шабуылға көтерілуге бұйрық болды.
Әлгі сел бұларды да ала кетті.
Осынау маңда, сірә, қорық болса керек. Қаптаған солдаттардың арасында есі шыққан аңдар жүр. Басы ауған жаққа ләйліп сенделеді. Әншейінде мөлдіреп тұ- ратын еліктің көзінен жас парлайды. Шыбын жанын қоярға жер таппай хайуан шіркін әбден сасқан. Бұл со- ғыс аңды да жылатты. Дала тағысы қасқырдың есі шыққан. Құйрығын қысып ұлиды. Жылмаң түлкі сол- даттардың аяғына оралып жүр. Тоң мойын тағы қа- банның талайы ашу үстінде автомат оғына тап бол- ды. Жыртқыштар тәңірісі жолбарыс та бишара болып қалыпты. Қайрат жоқ, айбат жоқ, құр дәрменсіз ырыл. Дүниені қанды тырнағында ұстамақ болған неміс бас- қыншыларының қазіргі халін елестеткендей.
Сел қаптап барады, жолдағының бәрін жайпап, тап- тап барады. Айбат селінің алдын бөгер күші енді жоқ- тай.
Бұл 1945 жылғы 16 апрельдегі таңғы сағат 5-кезі еді.
Бұл тарихи Берлин операциясының басталған күні.
Тұнжыраған түн, жарқыраған таң болды. Жер қоз- ғалып, көк шайқалды. Аспанда самолеттер қаптаса, жерді танкілер таптады.
Рахымжанның таң алдында көргені осы ұлы ша- буылдың басы еді.
тАБАн тИДі БЕРлИннің КөШЕсінЕ
21-апрель. Берлин көшесіне совет солдатының та- баны тиді. Алғаш кірген генерал С.Переверткин бас- қарған 79-шы корпустың әскерлері. 150-дивизия осы корпуста. Аяр жаудың жанталаса қарсыласуына қара- мастан қаһарман армия жай алқымнан алып, оның ты- нысын тарылта түсті. Әрбір үй, әрбір этаж, терезенің әрбір көзі от бүркеді. Кескілескен айқас болмаған кө- ше, алаң жоқ. Бәрібір совет солдатының ендігі екпінін тоқтату қиын еді.
...Газ заводы, вокзал, водокачка алынды. Аурухана, трамвай паркі біздің әскерлердің қолына өтті. Осындай игі хабарлар үсті-үстіне түсе бастады. Берлин өрт құ- шағында. Қою түтін мұнартқан талай күн. Біздің са- молеттер әскери заводтарды бомбалады. Жау ұясы жан алқымда.
1941 жыл еске түседі. Немістер Москваны бомба- лады. Ауруханалар, театрлар, музейлер өрт құшағында болмап па еді. Енді, міне, сол күн өз бастарына туды.
Бірақ, неміс танкісі Москва көшесін баса алған жоқ. Ал біздің болат сауыт танктер Берлинді табанымен иле- ді. Әне жылжып қаланың ортасына қарай қаптап бара- ды. Сондай сұсты. Жер астындағы бекініс — Берлиннің метросынан шыққан адамдар мынадай ғаламат күшке үрпиісе, үрке қарайды. Үрейлі жүздері құп-қу. Қайда, қайда немістің жеңілмес армиясы? Мына селге, айбат ағынына кім төтеп бере алар. Ендігі қарсылық аярлық
қана, інге тығылған жыртқыштың соңғы қабуы. Гит- лердің күші, күні кешегі бос мақтанның күлі көкке ұшқандай.
- Бізге бүкіл әлемді сыйға бермек болып еді. Бұ- йырғаны мынау, — деп өздері жаңа ғана жан сауғалап шыққан үңгірді көрсетеді.
Жүздерінде өткір мысқыл. Көзі енді ашылып, кө- кірегі енді оянғандай! Ассыз, жарықсыз, жағдайсыз апталап сол бір үңгірде жату жалықтырды. От ішінде, өрт ішінде болса да жарық дүниені көріп тұр. Өздерінің тағдырларына налығандай.
Иә, фашистер жарылқаймын деп соғыс өртін тұ- татты. Сол өрт енді өздерін тұншықтыруда. Қарапайым халыққа ендігі керегі сұрапылдың тезірек тыншуы. Оқ тыйылып, ор ошақта оттың жануы. Әр терезеден, әр бұрыштан қылтиған ақ жалаулар соның сұрауы, соның белгісі. Ақ мата болса болды, қолына түскендерін іліп- ті.
Алдыңғы шептегі әскерлер алып жүрген үлкен ды- быс қондырғысының алдына егде тартқан неміс әйелі келді. Өзін сөйлетуді өтінді.
- Тоқтатыңдар атысты. Мен анамын, ақ сүтіммен айтарым, ендігі қарсылық тек өз бастарыңды жұтады. Менің күйеуім, балам бар болсаң, таста қаруды. Мен совет әскерлерінің бейбіт халыққа тимейтініне көзім жетті. Өмір сүрейік, жарандар, өмір сүрейік! Гитлердің апиынымен уланған бастарыңды тазартыңдар! Жиың- дар естеріңді!
Рахымжан бәрін көріп келеді. Соғыс оны едәуір есейтті. Ендігі арманы жеңіс сағатының соққанын өз көзімен көру. Бұл арман осы ұлы шабуылдағы әр сол- даттың жүрегіне ұялағалы қашан! Берлинге кіргелі сол арман бәрін де асықтырғандай.
Күні кеше бөлімше командирі Хаби Фазиатуллин- нің жараланғаны есінде. Дамылсыз жарылған фауст- патрон әлден уақытта дөп тиіп, тізесінен төмен екі аяғын бірдей қырқып түсті. Сонда оның жүзінде күлкі. Қозғала алмай шоңқиып отырса да күледі.
- Ничего, жолдас лейтенант. Берлинде үзілген аяқ- тың арманы жоқ.
Сонда бөлініп түскен екі аяғы өзінің көз алдында жатыр. Төңірегі шылқылдаған қан. Неткен сұлу қайрат. Осындай адамдардың арасында жүру, олармен қарулас дос болу қандай бақыт! Қалай ғана торығып, қалай ғана жасыр адам.
Ендігі қарсылықтың есердің ғана ісі екенін манағы ана айтпап па еді. Бірақ оның бәрін неміс атаулы түсін- се, фашизм қайдан шықпақшы. Ондай ананың ақ сү- тінен садаға кетсін құзғын жау.
Сол құзғынның бірін, міне, өз көзімен көріп тұр. Қа- сындағы күйген кірпіштей қып-қызыл. Осы кірпіштің арасынан оқыста оқ атып, әне алты бірдей аяулы до- сынан айырды. Жаудан тазарды, енді алаңсыз деген аудан еді. Мына сұмырай қайдан шықты.
- Сұраңдар, кәне өзінен!
- Кімсің, неге аттың оқты?
- Хайль Гитлер!
- Мына кірпішпен мылжалап өлтірейікші, — деп Гончаров тап берді.
- Тоқта, тағы сұраңдар!
- Кімсің, қайдан шықтың?
- Хайль Гитлер!
Қолға түсіп тұрып, бұлайша қасарысуы жігіттерді күйдіріп жіберді. Әттең, рұхсат жоқ. Әйтпесе, үйітіп өлтірер еді. Мұндай құзғынды ату жеңіл. Азаптап, әкесін
танытса. Жоқ, оған рұхсат жоқ. Хайлшіл «батырға» жалғыз оқ жалынды.
Міне, осындай құзғындар әлі құрып біткен жоқ. Осындай құзғындар жеңіс табалдырығында талайдың тағдырына тажал болғалы тұр. Жан-жақтан құрсаудай қысса да, әлі де арпалысып, жан таласушы солар. Сақ болу керек.
...Твердохлебов батальонды жаңа ғана алынған ау- рухананың подвалына орналастырды да, өзі тура есік алдында күзетші отыратын жерге отырды. Көз ілген жоқ. Күні бойғы қатты қарсылық осы темір жол жақ- тан. Үлкен бір бекініс бар секілді. Таң алды, адам ба- ласының ұйқы тырнағына ілінетін шағы. Осы кезде епті жігіттерге барлатып алса. Ертеңгі күні бойғы ұрыс сол бекіністің қандай екеніне байланысты.
Кімді жіберу керек. Комбат Қошқарбаевқа тоқта- ды. Айлакер, шапшаң. Қиыннан қисын тауып кетеді. Жігіттері де командирі қандай болса, сондай. Жаралан- ғандарының өздері анау-мынауды елемей майдан ше- бінде әлі жүр. Әне, соның бірі Гончаров. Кеше оқ бір құлағын жұлып әкетіпті. Таңып алып, кет дегенге бол- май әлі жүр. Рахымжан жөнінде комбаттың да, полит- рук Васильченконың да, парторг Искаковтыңда пікірі бір жерден шықты.
Көзі ілініп кеткен екен. Комбаттың байланысшысы түртіп оятады.
- Сізді майор шақырады. — Твердохлебовтың әс- кери дәрежесі Берлинде жоғарылаған. Ол енді майор.
- Жолдас майор... — деп қолын шекесіне қоя беріп еді. Твердохлебов:
- Тыш... ш... ш, — деп ыммен тоқтата койды.
- Солдаттар ұйқтасын. Неше күнгі дамылсыз ша- буыл шаршатты ғой.
Рахымжанның көз алдында әскери басшы емес, қамқор әке тұрғандай болды. Гимнастеркасының жаға- сы кірлеп, сақал-мұрты өсіп кетіпті. Көзі шүңірейіп, талаураған. Сонда да өзінен гөрі өзгенің қамын жеп тұрғаны осы адамға деген жылылық сезімін ұлғайта түсті. Бүкіл батальонның «Біздің батька» дейтіні есіне келді. Тап осы жерде «жолдас майор» демей, «батька» деп жібергісі келді.
- Саған тапсырма, Қошқарбаев, мынау. — Алдын- дағы картаға қарады да, салынған белгіні шұқып көр- сетті. — Темір жолдың ар жағын шолып келу. Өзің таңдаған бір отделениені ал.
- Құп болады, — дей беріп еді, қайтадан ыммен тоқтатты.
- Құп болатынын білем.
Ақырындап бір-бірлеп оятып жүріп, бірінші отде- лениені ертті де, Рахымжан сыртқа шықты. Бәрінде автомат. Басы таңулы, құлағы жоқ Гончаров та келеді. Қала үйреншікті өрт құшағында. Соғыс гимні дамыл- сыз ойнап тұр. Таң алдындағы тас қараңғы от жары- ғымен ауық-ауық түріліп-түріліп кетеді. Жарық түс- кенде бұғып келе жатқандар жата қалады. Жолдан өтіп едәуір жерге кетті. Барлаушылар үшке бөлінген. Ең түпке Рахымжан өзі бастап кетті. Тым-тырыс. Қүні бойы бет бақтырмай қарсыласқан жауды жер жұтып кеткен бе? Әлде бұлардың жақындай түсуін күтіп, бұғып жатыр ма екен. Жан жоқ.
Бір мезгілде бір үшеу қараң ете қалды.
- Жат!
Демдерін ішінен алады. Тура қарсы келеді. Неміс- тер. Алдарынан шықса атыс боп кетуі мүмкін. Жолды босатып, тура өкпе тұсынан бұғына қалды.
- Үшеуіміз үшеуіне жармасайық. Біреуіміз запаста болайық. Кім жеңіліп бара жатса соған жәрдем береді. Тірідей ұстау керек.
Тура қастарынан өте бергенде үшеуі біреу кнопканы басып қалғандай бір мезгілде мысықша атылды. Оқыс шабуылдан әлгілер тырп ете алған жоқ. Қолдары ар- тына байланып, ауыздарына орамал тығылды. Гонча- ровтың құлағының сыртынан қан білінеді.
Бұл тұтқындар көп дерек берді. Кешегі осы жерде от шашқандар қаланың орталығын қорғауға бұйрық алыпты.
Тынысы тарылған жаудың соңғы тұяқ серпері қал- ғандай көрінді. Бірақ ол қандай серпу, қанша құрбан- дық күтіп тұр әлі? Мұны болжау қиын еді.
Генерал-полковник В.Кузнецовтың басқаруындағы Үшінші Екпінді армия жау астанасына соққыны сол- түстік жақтан берген еді. Блюмберг қалашығы, Бух маңы, Фербиндунгс каналы артта қалды.
Осы каналдан өту, әсіресе, 150-ші дивизияға оңай- ға соққан жоқ. Каналдың оңтүстік жағалауына мықтап бекініп алған немістер өткел бермеуге жанталасты. Бірнеше қатты шабуылдың беті қайтты. Каналдағы кө- пірлер қиратылған. Ернеуінен түбіне дейін гранит құр- санған. Танктер, орудиялар өте алмайды. Тіпті, жаяу- лардың өзіне өту мүмкін емес. Оң жақтан нөсерше пулемет пен автоматтан оқ төгілсе, сол жақтан тура маңдайдан орудиялар азынап тұр. Жағаға совет әскер- лері жақындаса болды, биік үйлерге орналасып алған немістер оқты, отты төгіп береді. Қай жерден атып жатқанын да аңғару қиын. Қарсы жағалау түгел ажал отын шашып тұр.
Және осы маңға жаңа күш үсті-үстіне төгіліп жат-
қан секілді. Жау бұл тұстағы совет әскерінің алдына қойылған міндетті сезгендей. Осы каналдан өтісімен шабуылшы дивизия бетті кенет оңтүстік-шығысқа бұр- мақ еді. Сөйтіп, Берлиннің орталығына баратын жолды аршымақ. Атақты Моабит ауданы осы жолда. Қалада- ғы үлкен бекіністің бірі.
Совет әскерлері Висладан өтісімен-ақ Гитлер Бер- линді бекініске айналдырды. Қаланың барлық тұрғы- нын қорғаныс ісіне жапты. Күніне 100 мыңдаған адам- дарды айдап шығып бетондар құйғызды. Метро, канал, көпір атаулының бәрі бекіністерден көрінбеді. Қала бірнеше секторға бөлінді. Әр секторға арнаулы гар- низондар қойылды. Қаланың орталығындағы әрбір үй қамалға айналды. Әсіресе, рейхстаг, ішкі іскер ми- нистрлігі — «Гиммлер үйі» тұрған аудан қатты жа- сақталды. Тек осы төңіректе араның ұясындай құжы- наған от ұялары бар 400-ден астам темірбетон құры- лыстары салынды.
Қаланың орталығына барар жолдағы Фербиндунгс каналы мен Моабиттегі қарсылықтың өзі сұмдық. Әсіресе, көресіні 756-шы полк пен 674-полк көрді. Бұл полктар сонау Одерден бастап көш басында келе жатқан. Маңдайы тасқа тигендей болды осы арада. Моабит ауданының бір жағын Фербиндунгс каналы айналып өтеді де, екінші жағынан Шпрее өзені өтеді. Ауданның оңтүстік қанаты Шпреедегі Мольтке көпірі- не барып тіреледі. Көпірден рейхстаг онша қашық емес. Жау бұл маңның бекінісіне сенімді. Және солтүс- тіктегі совет әскерінің бет алысы тура тарту сияқты еді. Рейхстагтың өкпе тұсынан бұрылатын жерден ор- талығына лап қойды. Дұшпан нағыз жаннан безгендер- ді төкті, бұл маңға. Фербиндунгс каналына маңайлат-
пай жатқан солар.
Не істеу керек? Түтін, ендігі жәрдем түтіннен ға- на. Жау көзін байлаудың бір жолы. Лезде бүкіл канал бойына түтіннен шымылдық ұстағандай болды. Жау- ынгерлер лап қойды. Біреу тақтай салып, біреу рельс салып, біреу, тіпті жүзіп өтіп жатыр. Арғы жағаға шыққандар үйлердің төменгі этаждарын бекініс етуде. Адам көруге шыдамайтын көрініс. Біздің жауынгерлер де жаннан безіпті.
Каналдан өте бергенде Рахымжан оң қолынан жа- раланған Панталеевті көрді. Автоматты сау қолына ала сап тарта берді ол. Жауынгер Киреевтің ішінен оқ тиді. Қолымен басып алып, кетіп барады. Сол жаралы күйі бес немісті табанда жайратты. Қан сорғалап, жүрген жерін жоса қылды. Есіл ер әлден уақытта шайқалып- шайқалып барып сұлап түсті.
Жағаға өткендер көбейе берді, көбейе берді. Бірақ дұшпан 200 метрдей шегінді де, тағы да табандап жа- тып алды. Каналдан артиллерия мен танктер өте ала- тын емес. Көпір жоқ. Іске саперлер кірісті. Бораған оқтың астында жанталасып жүр. Күн кешкірді. Қараң- ғы түсті. Соғыста түнді күндіз қылу қиын ба? Сорғала- ған ракеталар жап-жарық қып жібереді. Бітіп қалған көпірді жау қайта бұзады, саперлер қайта жамайды.
Осы бір қарғыс атқыр каналдың үсті сан боздақтың басын жұтты. Минут қымбат. Каналдан танк пен артил- лерия өте алмаса, жаңағы жаяуларды қырып салады.
Әне, танктің алды көпір үстіне ілікті. Жосып келеді. Артиллерия да ағылды-ау. Жібермей тұрған тығын жұлып алынғандай. Ызаның, кектің айбаты от болып ағылды дейсің. Рахымжан Василий Кривоносовты та- ни кетті. Жағаға шыға салып сүйікті 45 миллиметрлік орудиясын оқтап жатыр. Бұл сержанттың расчеті сонау
Одерден бергі көп шайқаста сан көзге түсті. Батальонға берілген батареядағы ең ержүрек расчет.
Солдаттар қалжыңдаса да ол расчетқа «Гитлердің тажалы» деп ат қойған-ды.
Каналдың ар жағында тұрып-ақ көзі түскен жау ұясы болса керек. Биік үйдің шатырына кезенген ору- дия отты құсып-құсып жіберді. Расчеттағы жігіттердің қимылына көз ілеспейді. Көзді ашып-жұмғанша жауға ажал снарядтарын жосылтқан орудиялар қаптап кетті.
- Василий, төпе!
Рахымжанды Кривоносов күлкісінен ғана таныды. Ақсиған тек тістері көрінеді. Шаң ба, батпақ па бет- аузы қап-қарала. Самайдан аққан тер жосалары бетіне андыз-андыз жол салыпты. Оқ бүріккен биік үйдің сынған есігінде бір топ солдатпен тығылып, әлдебір нысананы аңдып тұр.
Жау бірнеше қатты әрекет жасады. Бірақ жолдағы- ның бәрін жайпап келе жатқан шабуыл сеңін бұза алған жоқ. Каналдан өтіп, біздің әскер берік бекінді. Фербиндунгс немістің қолынан енді кетті.
...Осы ауданда концлагерьдің кақпасы бұзылып, жылдар бойы қапа болған тұтқындар босатылды. Жақ- тары суалып, сүйектері арбиып-арбиып кетіпті. Құр сүлдері қалған. Шамалары келгендері азат етушілердің мойнына асылып құшақтап жатыр. Жылайды, қуаныш жасы. Ішінде орыс та, поляк та, чех та, венгр де бар. Бір-ақ тілде сөйлейді олар. Жүрек тілімен, ыммен. Қару сұрайды, шабуылға шықпақшы. Кекті қазандай қайнатқан жауға оқ атпақшы.
О, Моабит! Мынау мелшиген тас қабырғаларың қанша зұлымдықты бүгіп тұр десеңші. Тырнағыңа түс- кеннің бәрін жыртқыштай таладың. Сенің атың тарихқа
қасіретпен, қастандықпен егіз боп кірді. Моабит десе жүрек соқпай тоқтады, жылаған бала уанды. Зұлым- дықтың зәрі сіңген топырағың неткен ащы еді. Неміске қорған болмай, қорлау болдың! Тельмандай тектіні де жұтқан сен емес пе! Тыңдасаң нетті, жасырсаң нетті сондай азаматыңды! Арысыңның азасынан аунап кет- пей неғып тұрсың. Мелшиесің неліктен? Қасіреттің зілінен қақ айырылып кетпейсің бе!
Тұтқын да тұтқын. Немістердің енді өзі тұтқын. Сүмірейген, солбырайған. Моабит түрмесін қорғауды Геббельстің өзі қолға алыпты деген хабар бар-ды. Әр лектің, әр топтың ішінен офицерлер сол сұмырайды іздейді. Әттең шіркін, тірідей қолға түссе... Жүз, екі жүз, бес жүз, сегіз жүз адам өтті. Жоқ! Жасырынып үлгерген ғой, лағнет...
Моабит ауданындағы үйлер араның ұясындай жиі салынған екен. Тар көшелер тастан қаланған терең траншея секілді. Төменгі этаждар біздікі, жоғарғы этаждар немістікі.
Майор Твердохлебов батальонның бөлімшелеріне әрбір үйді ақырына дейін тазартуға аялдамай астын алып, үстін қалдырып жүре беруге бұйырды. Осылай- ша көшеден көше, кварталдан квартал совет әскерле- рінің қолына үлкен құрбандықпен, асқан ерлікпен өте берді. Төбеңе шығып алған жаудың қай жағыңнан қа- ғып түсерін қайдан білесің. Әр үйдің терезесі атыс ұясы.
Абайсыз аттадың — бітті! Абайлау дегеннің өзі де мүмкін емес. Маңдайдағы қос жанарға анталап тұрған жаудың бәрі бірдей сыймайды. Бірі болмаса бірі көзден таса. Сенің түбіңе жететін де сол.
Екі Берлин бар. Бірі от құшағындағы Берлин. Бі-
рі жер астындағы Берлин — тұрғындардың жан сау- ғалаған панасы. Аршылған аудандарда олар жер бе- тінде көріне бастады. Неше күннен бері дәм сызбай ашыққандар. Әйел, бала үрейлі, үнсіз. Көшеде өліп жатқан артиллерия аттарын тарпа бас салады. Шикідей жеп қоятындай. Жұлмалап санынан, жалынан кесіп жа- тыр. Қайтсін. Қаланың от құшағына оранғанына қанша болды. Магазин жоқ, от жоқ, ошақ жоқ, жарық жоқ.
Аршылған көшелердің әр жерінде жылжымалы әс- кер кухнясы. Солдат шөміші көсіп тұрып, ашыққандар- ға көже құйып береді. Телмірген, жүзі сынық әйелдер. Тағат таппай, тамақ аузына тигенше тыпыршыған ба- лалар. Өңдері шүберектей құп-қу. Тілдерінің келгені:
- Русь гут, Гитлер капут!
- Русь гут, Гитлер капут!
Қу құлқын не істетпейді. Жоқ, бұлттай тұнжыраған бұл өмірден түкті айырып білмей тұрған сәби жүрек- тің шын соғысы солай шығар?! Оларға соғыс үйреткен әліппе осы болар!
Екпінді шабуылшы батальондар көше біткенді сү- йемдеп алып кетіп барады, жылжып барады. Моабит бекінісінің де арқауы сетінеген сияқты. Бірақ, аяр жау- дың аянатын түрі жоқ. Жандарын шүберекке түйген бірдеңелер. Жалғыз оғы қалғанша жанталасады.
Екпінді шабуылшы батальондар көше біткенді сү- йемдеп алып кетіп барады, жылжып барады. Моабит бекінісінің де арқауы сетінеген сияқты. Бірақ, аяр жау- дың аянатын түрі жоқ. Жандарын шүберекке түйген бірдеңелер. Жалғыз оғы қалғанша жанталасады.
Рахымжанның взводы тұтқын ғып әкелген неміс офицері соңғы жаңалықты айтты.
- Күні кешеге дейін солдаттардың арасында неміс
әскеріне тосыннан керемет бір күш келмек деген сы- быс жүрді. Сол күш соғыстың тағдырын шешпек еді. Геббельстің радиосы миымызға осыны құйды. Ме- деуіміз сол еді. Міне, сол күшті көріп отырмыз...
Сұп-сұр өңінен мысқыл күлкінің ізі көрінді.
Жау астанасы табанда. Улы жыланды совет қарулы күші қылқа мойыннан басып тұр. Басын қозғалта алмай бұлқынады, құр тілін ғана дәрменсіз ысылдатады. Бі- рақ, сол тілді жұлу — әлі оңайға түсетін емес. Өйткені, бұл фашизмнің улы тілі ғой. Соңғы тұяқ серперінде ештеңеден аянатын түрі жоқ.
Әр үйдің қабырғасы қабір болып қалды. Қоштасты, талай тарланмен. Жаңа жарылған фаустпатрон бөлім- ше командирі Серебряковты қалпақтай ұшырды. Ра- хымжанның жүрегін біреу жұлып алғандай болды. Ал- дырмай келе жатқан шар болаттың өзі еді. Поповтай, күлегеш Гичкодай ерлердің ұстазы. Солардың көзі, ескерткіші секілді еді. Қасына жүгіріп келді. Басын сүйеді. Көзі шүңірейіп кетіпті.
- Жол... дас... лейтенант... впер...ед!
Қолын ілгері нұсқайды, кемсеңдейді. Кете беріңдер, соғыңдар жауды дегені. Бір уақта бұлқынып қалды да, бойын жиды. Ұйып жатқан қанды көрді. Сұқ саусағын малып жіберіп, қабырғаға жаза бастады. Қаны — сия, саусағы — қалам! Қолы әлсіз, ырқына көнбейді. Тісін қайрап, қайраттанады. «Я в Берлине. Сереб...» Осы араға келгенде үзіліп кетті, жан тапсырды. Қабырғада қанмен жазылған жазу. Алдыңда арыстай боп жатқан майдандас дос. Өз қабірінің басына ескерткіш жазуды өзі жазды. Мұндай ерлік өлімді Рахымжан көрген жоқ- ты. Тас та балқып ерігендей. Қызыл жазу күреңденді. Көзі бұлдырап кетті ме, солай көрінді. Досының аты
толық тұрсын. Саусағының әлі кеппеген қанға қалай тигенін де білмейді. «ряков» деп жалғады. «Серебря- ков» болып шықты. Қабырғада досының қаны, көз ал- дында досының тәні. Бойында — досының кегі...
28 апрель күні Моабит ауданы түгел тазарды. Гит- лершілердің қырғын жасап, қия бастырғысы келмеген жоспары күл-талқан болды. Қырғын жасауын жасады. Бірақ... Ін түбіне тығыла түсті. Тықсырыла түсті.
...Батальон сәл тылсым алды. Твердохлебов Қош- қарбаевты шақырды.
- Сен парткомиссияға бар. Дәл қазір мәжіліс жүріп жатыр.
Рахымжан түсіне қойды. Партияға өтуге берген арызы бар. Сол қаралмақ, бүгін. Мәжіліс залы қираған бөлмеде, астан-кестеңі шығып жатқан еден. Қомиссия мүшелері де өзі секілді от ішінде жүргендер. Жүде- ген, көздері талаурап шаршаған. Бірақ, әр адамды қа- былдаған сайын жүздерінде нұр ойнайды.
Ал, өздері келгендердің бойына қаншама нұр, қай- рат құйып жатыр. Солдаттар, офицерлер от ішінде, мі- не, жаудың ең соңғы ұясында да сүйікті партия өздері- мен бірге жүргендей сезімге бөленіп жатыр.
Кепілдеме беруші комбат Твердохлебов, политрук Васильченко, батальонның парторгі Искаков.
- Қошқарбаев! Сен енді коммуниссің!
Жүрегі аузына тығылды. Неге өйтеді? Жиі-жиі соғып барады...
РЕЙХстАгтА ЖЕлБіРЕгЕн ЖАлАУ
Алдында гранит құрсанған Шпрее өзені. Одан өте- тін Мольтке көпірін жау бұзып үлгермеген. Бірақ осы көпірге совет әскерін жуытпауға барын салары сөзсіз. Картада бәрі сайрап тұр. 674-ші Плеходановтың полкі рейхстагқа шешуші шабуыл жасауға әзірленуде. Ол шабуыл осы өзеннен өтісімен басталмақ. Шпреенің оң жағындағы бекініс керемет күштің апаны. Эсэсшіл батальондар, арнайы әзірленген «фаустниктер», зенит, авиация бөлімшелерінің ең таңдаулы бөлімдері осын- да төгілген. Әр үй емес, әр метр жер үшін қиян-кескі ұрыс болмақ.
Бірінші батальон бір кварталды тұтас алып жатқан көп қабаты биік үйдің ауласына келіп бекінген еді.
Таңертең ертемен батальондағы барлық командир- лер комбат шақырады деген хабар алды. Штабқа кіре берістегі төменгі қабаттың бір бөлмесіне орналасқан екен. Твердохлебов мұнтаздай боп киінген. Жағасын ауыстырып, түймесінің бәрін жарқыратып тазарттыр- ған. Сақал-мұрты да жып-жылтыр боп алынған. Офи- церлердің алды кіргенде кішкене флаконнан иіс су жа- ғып тұрған-ды. «Батьканың» мұндай жасанғанын офи- церлер көрген емес-ті. Өзі де көңілді, жақсы тыныққан болу керек. Еңкіштеу денесіне ебедейсіздеу қонса да, гимнастеркасын жаңалап киіпті. Қарлығып шығатын
дауысында көңілділік бар. Офицерлерге күлімдеп қа- рады.
- Жеңіс жақын. Біз ең алдыңғы шептеміз. Мені полк командирі шақырыпты. Шешуші шабуылдың жа- йы болса керек. Жиын-терін тұрыңдар!
- Кұп, жолдас майор! — деп офицерлер тік тұрды. Жұрт өзді-өзіне кетті. Күткендері комбаттың ендігі бұйрығы. Бәрі де елегізіп отыр. Қандай міндет, қандай қамал тұр алда.
- Комбат оққа ұшыпты!
Калай, қайтіп? Жаңа ғана мұнтаздай боп тұр еді ғой. Өлімі емес, бұйрығы еді күткендері. Жаңылыс айтылған лақап болса жарар еді, бұл хабар.
Жоқ, жаңылыс болмады, шын болды. Полк коман- диріне бара жатқан жолда жау оғы іліп түсіпті.
Рота, взвод командирлерінің бәрі де жүгіріп-жү- гіріп жеткен екен. Бас киімдерін алып мелшиіп тұр. Рахымжан соңын ала келді. Жаңа ғана жарқырап тұр- ған «Батькасы» серейіп жатыр. Мана мұрын жарған одеколонның исі әлі кетпеген. Бірақ, онда тірі адам- ның үстінен аңқыса, енді өлі адамның үстінен мүңкіп тұр. Батальонның парторгі Искаковтың, политрук Ва- сильченконың, 1-рота командирі, тәжік жігіті Атаевтың көзінде мөлтілдеген жас. Аяныш жасы, қарапайым да кішіпейіл командиріне деген қимастық жас. Жеңіс табалдырығында аяулы ақылшыларына ажал оғын ке- зеген мейрімсіз жауға деген ашу-ыза жасы.
Комбат оққа ұшысымен бір топ жауынгерлер бұққан жаудың сазайын беру үшін үстіңгі этаждарды тазарту- ға кеткен екен. Қолдарына арамза дұшпанның тап өзі түскен-түспегенін кім білсін, әйтеуір, бір топ немісті
айдап келді. Бірақ, әкелген адамдары қарусыз. Айдасып келгендердің ішіндегі батальон штабының бастығы Николай Шепелев өліп жатқан комбатына көзі түскенде әлгі немістердің үш-төртеуін иектің астынан қонжи- тып-қонжитып жіберді. Көзінен ыстық жас ыршып- ыршып кетті. Қалғандарына тағы ұмтыла беріп еді:
- Немістің бәрі жау емес! Тоқтат! — деген Василь- ченконың зілді үні шықты.
Шепелев оп-оңай жуаси қойған жоқ. Тығылып, ішін белгісіз бір дүлей күш кернеп тұр. Еркіне жібер- се, көз алдындағылардың бәрін табан астында қырып тастайтын түрі бар.
Оның орнында кім де болса, солай етер еді. Төрт жыл бойы соғыста бірге болды. Осы батальонды өз қолымен шыңдап, өз баласындай мәпелеген командир болатын.
Әр солдаттың өлімі оны бір жасқа қартайтушы еді. Адьютанты оққа ұшқанда ағыл-тегіл болып жылағаны жұрттың бәрінің көз алдында. Сұм ажалдың жеткен жерін көрдің бе? Рахымжанның да денесі дір етті. Әлдене тамағына түйіліп тұрып қалғандай болды. Бу- лығып, таңдайы кермектеніп кетті.
Өлді деуге қимай тұр. Әкесінен де мұндай тәрбие көрген жоқ. Өмірдің шытырман шимайын оқи білуді үйреткен осы адам еді. Қан майданда кім кімнің қабағына қарағандай.
Бірақ бұл барлық командирлердің көңіл-күйін тап басып оқып тұратын. Бойында адамға деген үлкен ме- йірім бар-ды. Сол мейірім қан майданның небір қиын минуттарында оның бүкіл командирлік тұлғасына нұр құйып тұратын.
Күні кеше өзі бас боп кепілдеме берді, партияға өткізді. Кепілдеме берерде айтқан сөзі әлі құлағында:
- Сен бірінші кепілдікті Одерде, одан кейін Бер- линде алдың. Саған басты кепілдік беруші мына қан- төгіс шайқас. Сендей жүректі ұлдарды партияның на- ғыз адал перзенті деу керек.
Сол адамның арыстай боп жатқаны-ай! Сұм-ажал неткен мейірімсіз ең. Кеше, кеше ғана «құтықтаймын» деп қолын қысқаны қайда?! Сол бір тарамыс қолдың табы алақанында емес, жүрегінде қалғандай. Өлді деуге сене ме, сенбей ме? Ажал шіркінде титтей болса да ақыл болсашы. Сұм дұшпан неткен қара жүрек ең. Қанға әлі тоймапсың...
Осы кекті сөздерді Рахымжан қасындағылардың да жүзінен оқығандай болды. Олар да өзі секілді зы- ғырданы қайнап, өшпенділік отымен өртеніп тұр екен.
Қарсы алдындағы енді қайтып оралмас сапарға кеткен комбаттың да көзі жұмулы болғанымен, жұ- дырығы түюлі жатыр екен.
* * *
30 апрельге қараған түннің жарымында Шпрее өзені артта қалды. Шабуылшы батальондар жауды қыса бер- ді, қыса берді. Өзеннен қайта өткізіп тастамақ әреке- тінен ештеңе шықпады. Алдыңғылар бес этажды үлкен үйге жақын келді. Король алаңына, рейхстагқа бара- тын жолдағы ішкі істер министрлігінің үйі. «Гиммлер үйі» деп те атайды. Фашизмнің бас штабы да осында жұмыс істеген-ді. Әрине, бұл жұрттың бәріне аян емес. Шабуылшылар алдындағы түксиген, терезе, есігінің бәрі бітелген биік үйді ғана біледі.
Бұл күні ауа райының қандай екеніне жауынгерлер
назар аударған жоқ. Күн ашық па, бұлт па? Әйтеуір, тү- нерді де тұрды. Шынында, аспанда оймақтай да бұлт болмаған. Түнерген сұрапыл соғыстың түтіні еді және ол Берлиннің үстінде ғана үйіріліп тұрды.
Бүкіл дүниені бір тарының қауызына сыйғызбақ болған «батырың», сол қауызға енді өзі кірердей жан- таласты. Бұл үйдің әрбір кірпіші оққа айналып, қарсы- лық көрсеткендей. Рейхстагқа барар жолды ұстап тұр. Осы бір қарғыс атқан қанды ұя — рейхстаг қалса, бүкіл Германия аман қалатындай жанталасады.
Гитлер де жаннан безгендерінің миына солай деп құйыпты. Бұл маңға Ростоу қаласынан баскесерлердің жаңа тобын парашютпен әкеп түсіріпті. Бұл құпияны жаңа ғана қолға түскен тұтқын айтты.
- Біз империя канцеляриясының ішінде сапқа тұрдық. Гитлердің өзі келіп, «өлсеңдер өліңдер, бірақ рейхстагты бермеңдер!» — деді.
Мына айбат, арпалыс сол өсиеттің іс жүзіне асуы болу керек. «Гиммлер үйіне» үдемелі күшпен екі дүр- кін лап қойғанда, екеуінде де қатты қарсылықтан біз- дің әскерлердің беті қайтып қалды. Әсіресе, Тиргартен паркі тұсынан бас көтертпей ұрып тұр. Артиллерияның жақынға ататын орудияларынан от төгеді. Ал «Гимм- лер үйі» қабаған иттей маңайлатпайды.
Шпрее өзенінен өтерде сәл тылсым тауып, бойын жиған, шешуші шабуылға әдейі әзірленген 674-ші полк — Плеходановтың полкі таң біліне лап қойды. Қан жоса төрт сағат шайқас. Танктер де жақын келді. Олардан атылған қуатты снаряд бітеу тас үйдің бүйі- рінен дем шығарып тесті. Бұл манағы жасқанудан кейінгі қайта жасалған қаһарлы шабуыл еді. Қандары қарайған солдаттар қандай қырғынға болса да қарар
емес. Ет қызуымен танктердің үстіне шығып кетіпті. Жалаң бас, көмірдей қара шашы жалбырап, танктің үстінде Рахымжан да келе жатыр. Өрт сөндіргендей түтіккен. Алдыңғы танктен қарғып түскен солдаттар жаңа тесіктен өлген-тірілгендеріне қарамай уралап кі- ріп жатыр. Бұл полктің келуі осы бір қиын қамал боп тұрған үйдің тағдырын шешкендей болды.
Әне, осы үйдің терезесінен қарғыс атқан рейхстаг көрінді. Алды ашық алаң, төбесінде күмбезі бар секіл- ді. Алдыңғы жағынан биікте атты адамның, кісінің мүсіні еміс-еміс көрінеді. Барлық терезесін кірпішпен бітеп тастаған, мола секілді. Сол моланың әр жерінен, әр тесігінен шайтан отындай пулемет оттары жылт- жылт етеді.
Бір кезде бұл үй паң-ақ көрінуші еді. Алдында Бисмарктың ескерткіші тұратын. Қолында қылыш. Әйнектен дөңгелене келтірілген биік күмбез өзге үй- лерден ерекше етіп көрсететін. Күмбезден төменірек фронтон, атты адамның құйылған мүсіні. Салтанатты жағында зілдей-зілдей үйдің тіке биігіне дейін созыл- ған мрамор діңгектер. Ол діңгектер айрықша ажар беруші еді бұл үйге. Оның алдында шыбын тайып жығылғандай жалтыр асфальт, сорғалаған фонтан- дар. «Гиммлер үйі» мен екі орта дөңгелене-дөңгелене салынған алаңдар, онда гүлдер өсетін. Көгеріп тұратын жапырақты ағаштар болатын.
Бұл көріктен қазір дым жоқ. Қаланың басқа жері сияқты бұл маңның да ойран ботқасы шыққан. Ағаш- тардың, алаңдардың орнында жентегі шыққан жер рейхстагқа дейін жап-жалаңаш, сұрықсыз боп жатыр. Бисмарк ескерткішінің орны да көрінбейді. Гүл орнын- да төгілген қан, ысқырған снаряд. Рейхстагтың бір
кездегі самаладай терезелерінің орнында өрт шалған кірпіш. Мрамор діңгектердің жұлма-жұлмасы шығып- ты. Соғыстың жегі қотыры сұрқын алып жіберген. Неміс басқыншылары қандай жиіркенішті болса, оның соңғы қанды ұясы да сондай. Тозығы жеткен моладай үңірейіп-үңірейіп көрінеді.
Бір кездегі әсем алаңдардан сау тамтық жоқ. Кесіп өткен үлкен ор. Рейхстаг айнала осындай ормен қор- шалған. Танкке қарсы қазылған орлар. Сөйтіп, король алаңы енді король көрі, фашизмнің көрі секілді. Соғыс соқасы бей-берекет жыртыпты. Себіліп жатқан дән — өлім дәні.
Осы айналдырған 500 метр жердің өзі қанша адамның басын жұтарын кім білсін. Рейхстагқа жету үшін осы отпен, өртпен тыныстап, демігіп жатқан алаңнан өту керек.
Бірақ, осынау алаңның бір кездегі атақты Король алаңы, анау үйдің рейхстаг екенін ешкім білмейді. Мүмкін осы алаңда Гитлер жеңіс тойын жасамақ та болған шығар. Шабуылшылар әлі ешнәрсе білмейді. Қырғынына көз үйренген Берлиндегі көп үйлердің бірі екен деп жүр. Жаңағы «Гиммлер үйінің» әр баспалдағы үшін айқас. Бөлмеден бөлмеге, этаждан этажға көшудің өзі жөбішенді шепті бұзудан кем соққан жоқ.
Қан майданның қақ ортасында Давыдовтың бата- льоны мен Неустроевтың батальоны. Твердохлебов өлген соң 674-полктің бірінші батальонын басқару ка- питан Давыдовқа тапсырылған. Ал Неустроев көрші 756-шы полктен. Жауынгерлер жоғарғы этажға тіпті зеңбіректі де алып шығып барады. Бөлме сайын үйіліп- үйіліп қалған немістердің өз фаус-патрондары. Жігіт-
тер оны атуды да игеріп алыпты. Жаңағы сұрғылт биік үй жақты жаудың өз снарядымен соғып жатыр.
Осы кезде генерал В.Чуйков бастаған Екпінді 8-ар- мия Бранденбург қақпасына таяп, ал генерал Н.Бер- зарин бастаған Екпінді 5-армия қаланың шығыс жағы- нан келіп қоршаған еді. Бәрі де рейхстагтың жан- жағынан анталап келіп қалған. Мұндай халге душар болғанын дұшпан да сезгендей. Сондықтан да, олар үшін бір-ақ жол бар. Ол — өлімге басты тігу. Міне, мынау өлер кездегі өшпенді қарсылық. Әсіресе, сол- түстік-батыстан келген 150-ші дивизияның шабуыл бағытындағы жау аптығы күшейген үстіне күшейіп барады.
Рақымжанның взводы «Гиммлер үйінің» төртінші этажына жеткен еді. Әр терезе сұрғылт-сүреңсіз биік үй жақтан секунд сайын от букетін қабылдайды.
- Сізді подвалда комбат шақырады, — деген хабар алды.
Төменге, батальонның штабы орналасқан бөлмеге келсе, адам көп екен. Бәрі қабырғаға жабысып тұр. Бұл бөлменің терезесінен де нөсерше сауылдаған оқ. Политрук Васильченко қолымен қабырғаға жабыс де- гендей белгі берді. Рахымжан да серейіп тұра қалды. Сәл толастайды да, от бұршағы қайтадан төпей жөне- леді. Жұрттың бәрінің көзі сұрғылт биік үйде. Сол үйдің әр кірпішін әркім анықтап көргісі келгендей.
Давыдов Рахымжанға қасына жақындауды сұрады. Еппен басып келді. Жаңағы елдің бәрі телмірген үй жақты саусағымен нұсқады да:
- Көрдің бе, рейхстаг! — деді.
Рахымжан біресе үйге, біресе комбатқа карады. Жү-
зінен өмірі күлкі кетпейтін Васильченко күлімдеген күйі қайтер екен дегендей өзіне қадала қалған екен.
- Арман ғып жүрген рейхстагымыз осы ма?
- Иә, иә. Ендеше сол рейхстагқа апарып ту тігу керек. Соны сізге тапсырамыз, жолдас лейтенант Қош- қарбаев!
- Құп болады!
- Міне полктен келген барлаушылар тобы. Бұлар да сізбен бірге аттанады. Яғни сізді, сіздегі туды қорғаушылар.
Рахымжан ту тігудің өз еншісіне неге тигенін сұрауға мұршасы болған жоқ. Әскери жағдайда айтты бітті, орындау қажет.
Бұл сыр Васильченко мен Давыдовқа ғана аян. Давыдов, әрине, жаңа келген адам. Полктен тапсырма алысымен ол политрукпен ақылдасты. «Кімді жіберу керек, кім лайық? Батылдың батылы, ептінің ептісі ғана». Сонда Васильченко Қошқарбаевты ұсынды. Оның Одердегі, Берлинге кіргеннен бергі, тіпті, күні бүгінгі «Гиммлер үйіне» жасаған шабуылдағы ерлік- терін көз алдынан өткізді. «Жүрегінің түгі бар!». Марқұм Твердохлебовтың осы бір сөзі де ойына сап ете түсті. «Тек кана Қошқарбаевты жіберу керек!».
Ту да дайын болған екен. Васильченко Рахымжан- ның қолына туды берді де:
- Жолың болсын, Рахым! — деп бетінен сүйді.
Рахымжанның бойын суық тер басып кетті. «Тура ажал аузына». Сәл босап, осы тұрғандардың бәрімен қоштасқандай болды. Жоғарыда өз орнында Гонча- ровты қалдырған взвод жігіттерімен де қоштаса алма- ды-ау. Көз алдынан туған жер, өскен өлке өтті. Қазақ-
тың кең сахарасы да қара баласын қапсыра құшақ- тағандай болды. Бұл сапардан аман оралуы екі талай!
Небір жүрек жанышқан ауыр ойлар қазір келіп, қазір жоқ боп сейіліп жатты. Қойнында сабына ораулы ту, аттануға әзір. Мұнымен бірге шықпақшы жауын- герлердің бәрі де ыңғайланды. Бірін-бірі үнсіз, іштей ұққандай. Біріне-бірі сәт сапар тілеп тұрғандай.
Сыртқа шығатын жалғыз ғана тесік бар, ол осы үйдің терезесі. Бұл терезені де дамылсыз өршелене атқылап жатыр.
От бұршағы бөлмені тағы бір соғып, басыла қалған сәтте Рахымжан сыртқа қарай мысықша атылды. Ұмар-жұмар болып бір шұңқырға топ ете түсті. Абиыр болғанда аман секілді. Өзінің артынан тағы біреу келіп жығылғандай болды. Бірақ кейін қарауға мұрша жоқ. Адамның сыртқа шыққанын сезгендей өзі секірген бөлменің терезесіне дұшпан пулемет оғымен қатты шүйлікті.
Басын бауырына тығып бұққан күйі қолтығының астынан ақырын сығаласа, екі адым жерде бір уыс болып біреу жатыр.
- Оқтан амансыз ба, жолдас лейтенант?
- Аманмын. Өзің ше?
- Мен де сау секілдімін. Бірақ басқалары шыға алмай қалды.
Бұл арада көп күтіп жатуға болмады. Не де болса ілгері жылжу керек. Бұлардан бұрын шыққан талай жайсаңдар жансыз жатыр. Жүректері зу ете қалды.
Рахымжан өз көзіне өзі сенген жоқ. Қап-қара, бұйра әдемі шашынан ғана таныды. Мынау жатқан бірінші ротаның командирі, тәжік жігіті Атаев.
Жүрегі соғып, алқымына тығылды. Өзі де дәл осы бір жайсаңдар секілді жайрап жатардай сезінді. Осы ой келгенде селк етті. Сол қолымен қойнында жатқан туды сипап еді, төс қалтасына қолы тиді. Партбилет. Күні кеше алған билет. Майданда, ұрыстың алғы шебінде тапсырды оған. Ту, партбилет. Сол екеуінің тұсында лүпілдеп жүрегі соғады. Өз жүрегінің соғысы осы бір дүлей кезеңде өзіне айқын естіліп тұр. Жүрек тұсын- да билет, оның тұсында жаудың соңғы ұясына тік деп тапсырған ту. Ол — коммунист. Жүрегінің тынымсыз соғысы осыны сыбырлағандай болды.
Бойын дереу жиып алды. Артындағы жігітті қасы- на шақырды. Тұйғындай кіп-кішкене солдат. Жалғыз- дан гөрі бұл да ес. Терезеден екеуінің шыға алғанына шүкірлік етті. Бір-біріне серік қой. Алдыңғы 30 метр- дей жерде үйінді жатыр. Снаряд қопарған асфальт алаңның үйіндісі, аса үлкен емес. Одан басқа жан сая- лар жер жоқ. Бұтаны қалқан қылған мысықтай беті- мен жер сүзіп, қыбырлап жылжып келеді. Бұларды тірі жан деп ойлау қиын. Әлгі жер отыз шақырымнан қашық болды. Жеңіл шықса да, қан сорпаға түсті. Маң- дайларынан аққан тер қанды алаңға тамып келеді.
Өліп-талып, қара тұтып жеткен үйіндісі пана болмай шықты. Бұл арадан қазір қағып түседі. Ауызды ашып- жұмғанша, тап жандарынан снаряд гүрс ете қалды. Үй орнында жер көтеріліп көкке ұшты. Саудамыз біткен шығар деді екеуі де. Қорғайтындары басы. Әлден уа- қытта көздері бадырайып бір-біріне қарады. Аман екен. Ал енді бұл арада титтей де аялдауға болмайды.
Осы тозақ алаңында қалай сау қалғанын кім білсін, бір трансформатор будкасы тұр. Рейхстагтың төңірегін
қоршап бекініс салып жүргенде құрылысшылардан қал- ды ма екен?! Анандай жерде, ұзыннан-ұзақ қазылған ордың жағасында қалқиып тұр. Оның сол жағында үш жерден қазандай ойығы бар үй орнындай темір-бетон плитасы жатыр. Бірақ ол жермен-жексен. Ес тұтқанда- ры будка болды. Мына өліктер осы будкаға жетеміз деп жетесінен үзілгендер ғой. Есіл ерлер-ай. Бәрінің де үнсіз жатқанын көрдің бе. Әйтпесе, осы жерге дейін келулерінің өзінде қандай ерлік жатыр. Танымайды, танымаса да бәрінің ерлігіне бас иді. Құрбан болған құрбылар. Мүмкін, көп кешікпей өздерінің де ақырғы демі осы арада үзілер.
Оқ нөсері кілт тына қалды. Будка қайдасың. Шы- бын-шіркей боп ұша жөнелгендерін біледі. Қасқырдан қашқан еліктей ағып келіп қойып кетті. Мал-жан аман болсын, мынадан жаңағы жер қамалдай берік еді. Кар- кас будканың оқ бөгер бұдыры жоқ. Әрі бұлардың кіргенін көзі шалып қалса, қорғаның емес, молаң болады дей бер.
Ендігі көңілге демеу 50 метр жердегі канал секілді танкіге қарсы қазылған ор, оның үстінде қолдан жа- салған жаяу көпір. Тәуекел. Тағы бір толаста ілгері қа- рай ыта жөнелді. Жанындағы серігі бұлдырықтай лы- пып тұр. Бұлардың шыққаны-ақ мұң екен, әлгі будканы бір-ақ төңкерді. Арт жақ әлем-тапырық болып кетті. Ордың іші тізеден су екен. Күп-күрең боп жатыр. Қан аралас секілді. Екеуі де қаталап кеткен. Жұтып-жұтып жіберді.
Жеткен бойы суға қойып кетті. Біріне-бірі тығылып бергі жағаға отыра қалды. Көпірдің де құр тамтығы. Қаңқайған қадалары. Көлденең жалғыз рельс қана жа-
тыр. Судың түсі адам шошығандай лайлы. Бергі жаға- да қалу қауіпті. Немістерге нысана болуы мүмкін. Не де болса, арғы жағаға өту керек. Қададан қадаға жабысып әрең жетті. Бір қуыс тапты. Әкелерінің үйіне келген- дей қуанды. Дереу сынық темір тауып алып, әлгі жерді үңгісін кеп. Әбден терге малшынғаннан ба, болмаса жаңа каналға кеп құлағаннан ба, әйтеуір, оймақтай сау жер жоқ, малмандай су.
Қарғыс атқыр рейхстаг қашық емес. Бәрі айқын көрінді. Алдындағы зілдей-зілдей, биік-биік діңгектері, бітелген терезелері, шұрқ-шұрқ қабырғалар. Бірақ бұ- дан әрі жылжу мүмкін емес. Рейхстагқа дейін жап-жа- лаңаш. Жан саялар түк жоқ, бұдыр-бұдыр ашық алаң. Оның үстіне енді өз әскерлеріңнің оғына ұшырауың да мүмкін. Өйткені, біздің жақтың рейхстагты атуы күшейе түсті.
Амал таба алмай екеуі дал болды. Ұзақ отырды. Айнала от боп жанып, жер балқып кеткенге ұқсайды. Шыбын жаныңа сая болар ештеңе қалмағандай. Мәң- гіріп бас та ауырды. Ойыңа нелер келіп, нелер кетеді. Ауыл... Тайтөбе, бірге өскен кұрбылар, ұстаздары. Соғыс еңсесін езген жерлестер. Олар Рахымжанның өлім мен өмір ортасындағы қыл үстінде тұрғанын біле ме?.. Қиялында Райхан кеп мұны құшады... Ту тікке- нін айтқысы келеді... Өзі де естіпті... Қалай естиді... Өмір шіркін тәттісің-ау, от ішінде «өлемін» деген ой- дан аулақ болғың келеді. Ал, мына азынаған айнала сені қанды тырнағынан шығара қояр ма екен.
Жауынгер достары Попов, Гичко, Серебряков, Ки- реев, Панталеев... Комбаты, сүйікті ұстазы Твердохле- бов! Солардың тоқтаған жүрегі... Солардың кегі...
Жоқ, әлде өзі де солардың жанына бара ма... Жоқ! Жоқ! Өкінішті-ау, осы бір тозақ алаңында өліп кетсе... Ертең жеңіс қой. Рейхстагты берген соң немістің несі қалады. Мұның алынатыны сөзсіз. Міне бұлар келе жатыр... Неге тоқтап қалды?
Сандырақ түс секілді бірдеңе. Осы ойлар әуені бір сәт жер қозғалтып мына атысты да естіртпейді. Бір оянып, бір ұйқтап, бір сандырақтап, бір есі кірген секілді бірдеңе. Басы мәңгіріп кетті. Бүкіл қаны басына шапқандай болды.
Солдаттың арқа сүйеп, медет тұтары Рахымжан. Офицер ғой, амал табар, айла істер. Рахымжан кімді медет тұтпақ. Ауық-ауық қойнындағы туды ғана қы- сып-қысып қояды. Көпірдің астындағы осы бір қуыс құт мекен болар ма екенсің, қу мекен болар ма екен.
Ауырмай сандырақтап отырған сәтте бір ой най- зағайдай жарқ етті. Қойнындағы туды жұлып алды да, бұрышына: «674-полк, лейтенант Қошқарбаев, қызыл әскер Булатов» деп жазды.
- Дұрыс істедіңіз, жолдас лейтенант. Өлсек, ең болмаса қай жерге жеткенімізді білсін.
- Өлгенің не? Өлу үшін шықтық па? Ту тігу үшін емес пе?
Рахымжанның өз көңілі де алай-түлей. Жаңағы айт- қаны, әйтеуір, офицерлік қыр көрсеткен болғаны.
«Ту» деген сөз зілдей басқан ауыр ойды сейілтіп жіберді. «Апыр-ау, біз шыққалы көп болды, ту қашан көрінеді деп күтіп отыр-ау». Осы ой келгенде бетінен біреу осып жібергендей болды. Намыс оты тоңазыған денесін күйдіріп өтті. Дүниеде адамның өз ойымен алысқаннан, өзін-өзі айыпқа бұйырғаннан қиын нәрсе жоқ қой.
Әрине, олар осы кезде батальонда, полкте, диви- зияда, корпуста не болып жатқанын білген жоқ.
Корпус командирі, генерал С.Переверткинде де маза жоқ, дамыл-дамыл дивизияға телефон соғады.
- Жолдас Шатилов, жай қалай?
- Плеходановтың полкі қайда?
Ал полк ту ілгеріде деп есептейді. Офицер Қошқар- баевтың аттанғанын біледі. Бірақ ол өлі ме, тіре ме? Өліге қарай ой тезірек бұрылар. Өйткені, мына апат тірідей ілгері жылжыта қоймас.
Жоқ, олар тірі. Олар ажалдың әрбір метрінен ат- тап өтті, ерлікпен өтті. Ажал әзір батырларға бата ал- май тұр. Сүйемдеп, қарыстап ілгері жылжып келеді. Тек ілгері... Өлім жөніндегі қауіпті жеңген олардың бойында бір күш бар. Сол күш ілгері сүйреп келеді. Анау қойнындағы ту сол күшке оралғандай. Көздерінен от шашқан кекті оқисың. Мәнсіз өлім емес, дәл қазір жеңіс керек. Жеңіс туын тігу керек. Сондықтан да, олар сақ. Сондықтан да, олар сәтті кезеңді күтіп отыр.
Осы ерлікті мынау бұлыңғыр түтін жасырғысы, жанышқысы келеді. Көлегейлеп көзден таса етеді. Бір шұңқырда қос жүректің тулап жатқанын ешкімге сез- діргісі келмегендей. Олар қорқып жатқан жоқ. Қазір, міне, қазір алға ұмтылмақ.
Сабыр ет ғаламат! Сабыр етіңдер, тынымсыз күткен жауынгер достар. Төгілген қан жетер. Сол қанға ма- лынған мына туды сенген достарың нысанаға тірі апар- сын! Шәйт, болса, қабірінде бас иерсіңдер. Бірі — 21- де, бірі — 18-де. Екеуі де он екіде бір гүлі ашылмаған өрендерің. Біріңнің артында балаң бар, біріңнің ар- тында анаң бар. Бұлардың артында кімі бар? Екеуі де
детдомнан. Жоқ, мүсіркемеңдер, жарандар! Бұлардың да артында Анасы бар. Соның жасы тыйылсын деп жетті емес пе осы жерге! Соның сүтін ақтаймын деп сан майданнан ерлікпен өтті емес пе!
Қатыгез соғыс, мына қара түтін соның бәрін жа- сырғысы келеді... Қан сасыған қуыстан шығармауға құмартып тұр. Жатар ма екен қуыста жалыны бар жүректер... Және олар екеу ғой.
...Түтін түнегіне күн қараңғылығы келіп араласты. Мана сағат 12-лер шамасында шыққандар қоян қашты жерде ғана отыр. Шын сұрапыл осы екен.
«Біздің тудың көрінуін күткеніне көп болды-ау».
Осы ой екеуіне де біз тығып алғандай болды.
- Жоқ, енді аттану керек!
Аспан айырылғандай үн естілді. Жаңағы қараңғы- лық жұтып қойғандай жоқ болды. Айнала жап-жарық боп кетті. Міне ғаламат! Артиллерия рейхстагты мыл- жалап жатыр. Ине түссе табылғандай жарық.
Бұл жаңа үлкен шабуылдың алғы сөзі еді.
- Григорий, қолайлы сәт, кеттік!
Қол ұстасып ұшып келеді. Көздеріне түк көрінбейді. Құлақтары да тарс бітелгендей, жаңағы бір артиллерия үнін естімей қалды. Бәрін ұмытты. Осы сәт бұл дүние- де өздерінің бар екенін де ұмытты. Әлден уақытта аяқтары баспалдаққа тиді. Жүгіріп келеді, өрлеп келеді. Шын ба, өтірік пе? Үйдің қабырғасы, үлкен де зілдей діңгектер. Жау ұясы. Соңғы ұясы... Қолдары қабырғаға тағы тиді.
«Тірісің, тірісің!».
Жүректері осылай деп соғады. Бірақ одан да қатты тулатып тұрған бір жай бар.
Сәл естерін жиды.
- Шық иығыма! Ал мына туды.
Осы сөздің естілуі-ақ мұң екен, Григорий ыршып Рахымжанның иығына шықты.
- Жолдас лейтенант, қадайтын жер жоқ!
- Суыр кірпішін. Міне, мына тұсың терезе. Әлден уақытта Григорийдің:
- Все! — деген дауысы естілді. Жерге қарғып түс- ті. Рахымжан екеуі құшағының қалай айқаса кеткенін білген жоқ. Бірін-бірі сүйіп жатыр.
Тықыр естілді. Шошып кетті. Қаруларын кезене қалса, өзіміздің офицер екен.
- Кімсіңдер, қай батальоннан?
- Давыдовтың!
- Молодцы!
Осы сәтте уралаған үннен жер тітіркенді. Манағы өздері өте алмаған алаң үсті ине шаншар жер жоқ, қайысқан адам. Каптап келеді...
Бұл 1945 жылдың 30 апрель күні кешкі сағат жетіге жуық кез еді.
Нақ осы оқиғаны жазушы, Идрицк дивизиялық газе- тінің сол кездегі тілшісі Василий Субботин былай жазады:
Василий Субботин, жазушы, Идрицк дивизиялық газетінің сол кездегі тілшісі
«Күмбез төбесіне жеңіс туын тіккен Егоров пен Кантария.
Дегенмен, басқа да жалаулар мен тулар болған-ды. Бұл туралы сол кездің өзінде жазсам да, енді мен жау- жүрек екі жігіт туралы, бірақ олар барлаушылар Кан-
тария мен Егоров қарекет еткен Неустроев батальо- нынан емес, Василий Давыдов батальонынан, — олар- дың қолына тиген әрі олар рейхстагқа бекіткен жалау туралы айтып бергім келеді.
Олар екеуі ғана қалған еді, төпеген оқ басқаларды адым аттатпады. Оман арықтың биіктеу жағасын са- ғалай жылжып, олар көпірдің астына паналады. Рейхс- таг тиіп тұр — осы тұстан оларға шомбал діңгектер мен салтанатты есікке жетелейтін баспалдақтар көрі- ніп-ақ тұр, бірақ жақындай түсуге қия бастырмайды. Қошқыл түсті қағазға оралған (терезені көлегейлей- тін қағаз жұлып алынған) Қызыл ту Қошқарбаевтың күпәйкесінің ішінде, кеуде тұсында жасырулы. Бас кө- теру мүмкін емес. Немістер рейхстагтың жоғары қа- баттарынан оқ жаудырып, болар-болмас жыралар мен қопарылып түскен асфальт қабаттарын қалқалаған сол- даттарымызды көздеп атады. Снарядтар алаңның тас- тарын сызғылайды. Арттағы үйлерді жалын жалмап жатыр. Гимнастеркасы олпы-солпылау, ұзындау, пилот- касы да кеңдеу, аздап үрей билеген, әлі бала есеп- ті бозбала, жұдырықтай ғана Булатов Қошқарбаевтың қолтығының астынан пана іздегендей тыпыршиды.
- Не істейміз енді? — дейді Булатов оның көзіне үмітпен жаутаңдап.
(Қошқарбаев — взвод командирі. Рақымжан Қош- қарбаев — лейтенант. Булатов — жай ғана қатардағы жауынгер. Қошқарбаев — қазақ, Булатов — орыс, вят- калық).
Қошқарбаевтың айтқаны:
- Біле білсең, сәті түссе, туымызды ең болмағанда рейхстагтың баспалдағына бекітеміз.
Қолындағы жай ғана «төте шабуыл» жалауы болса да, олар «Ту» деуден танбайтын, әрі ол Кантария — Егоров тіккен жалау секілді әзірге тығыз тоқылған қалыңдау матаның бір бөлігі, жай ғана кездеме еді.
Олар сол кездемеге таңба түсіруді ұйғарды. Суға бір малып алған химиялық қарындашпен асығыс-үсі- гіс жазып тастап, төменірек полк нөмірі «674» санын, оның үстіне бөлімше нөмірін таңбалады.
Күн кешкіре түсіп, қас қарая бастасымен жаңа ша- буыл бастаудың сәті соқты, алға ілгерілей алған Сьянов тобына басқа екі батальон роталары да қосылды (Пят- ницкий басқарған алғашқы шабуыл сәтсіз болып, ол топ түп-түгел жусаған). Қошқарбаев Булатовпен бір- ге жатқан жерінен атып тұрып, баспалдақтарға қарай жанұшыра ұмтылды... Қабырғаңыз, кірпішпен бекітіл- ген терезе орындары мынау...
Булатов пен Қошқарбаев өз жалауын әуелі ортадағы діңгекке бекіткен, ал ғимараттың сол жақ бөлігі тазар- тылған соң, олар жалауын екінші қабаттың терезесінен шығарып тікті.
...Олардың туы кейін төбеге көтерілді, бірақ ол Егоров пен Кантария тіккен ту секілді күмбезде емес, бұғат астында, мұнаралардың бірінің қасында желбіреп тұрды».
* * *
2 май жылы болғанмен, бұлтты еді. Күн анда-санда ғана жылтың етіп, қайта жасырынады. Фашизмнің жен- деттерін көруге жиренгендей. Олар лек-легімен келіп қаруларын өткізіп жатыр. Еңселері түсіп, естері кетіп мәңгірген. Әншейіндегі сұсты, тәкәппар офицерлерінің
де сұры қашыпты, сүмірейіп мойындарына су кеткен. Тура қарауға жүздері шыдамайды. Тарих алдындағы айыбын енді ұққандай. Кешегі немістің «жеңілмес ар- миясы» бүгін тұтқын. Жан-жақтан айдаумен ағылып келіп жатыр, келіп жатыр.
Бір полкі, бір батальонына біздің бір солдат қана ие. Оның жалғыз мылтығының қаһары жаңағының бәріне сұсты.
Осы масқараны Гитлердің өзі көрген де еді ғой? Жоқ, ол 30 апрель күні сағат 15-те өлерден 40 сағат бұ- рын үйленген «жары» Ева Браунмен (бұрынғы өзінің хатшысы) бірге уланып өлді. Адыра қалған герман үкі- метін Геббельс пен Борманға мұраға қалдырған-ды.
Геббельс Гитлер өлгеннен кейін де ойраны шыққан неміс қолбасшыларын шақырып алып, қарсылық көр- сетуді талап етті. Құрыған мемлекеттің құрдым премь- ері эфирден үкімет үндеуін оқытты. Онда:
- Немістер, саспаңдар! Батыс майдандағы бүкіл әскер шығысқа төгіледі, — деді. Бұл оның ең соңғы алдауы еді. Сол күні әйелі Магдамен бірге у ішіп ол да өлді.
Иә, осы бір екі-үш күннің ішінде қаншама тарихи оқиға болды. 30 апрель күні кешкі сағат 7-ге жуық рейхстагтан алғашқы Жеңіс жалауы желбіресе, сол күні түнде биіктігі 70 метрлік рейхстагтың күмбезі үс- тіне Жеңіс туы шықты. 1 май күні ертемен оны бүкіл Берлин көрді. Бұл 150-ші дивизияға тапсырылған ту болатын.
2 май күні таңғы сағат 6-да немістің танк корпу- сының командирі және Берлиннің коменданты, гене- рал Вейдлинг өзі келіп қолға түсті. Неміс әскеріне қар-
сылықты қойып, тізе бүгу жөнінде бұйрық берді. Дәл осындай бұйрықты сол күні үкімет атынан бір жарым тәулік канцлер болған Геббельстің орынбасары Фриче де оқыды.
Қару-жарақты өткізу, тұтқындарды қабылдау ұзақ- ты күнге біткен жоқ. Империя канцеляриясының бағы- нан немістің небір чиновниктерінің, генералдарының өлігі табылды. Бәрі де өзін-өзі атқан. Солдаттар «мас- қара өлім бағы» деп орынды атады бұл жерді.
Анда-санда дырылдаған пулемет үні естіледі. Бұл әлі де болса жеңілуді ар көрген есерлер еді. Көп ке- шікпей олардың да үні өшті.
Әр жерден ән, жеңіс әні, орыс әні естілді. Рейхстаг- тың алдын, Тиргартен паркін, Бранденбург қақпасын куаныш күйі кернеді. Қызыл Армияның солдаттары жеңіс биіне басты.
Әлемді аузына қаратпақ болған қанқұмар неміс фа- шизмінің күні осылай батты.
Апрель, 1965 жыл.
Жанболат ӘлИХАнұлЫ (АУПБАЕВ)
ел тАныды өзінің хАс б Аты Рын
Кейіпкер. 1984 жылғы октябрь айы еді. «Ле ниншіл жас» газетінде жұмыс істейтін кезім. Бас редакторымыз Сейдахмет аға Бердіқұлов таңер теңгілік лездемеде атақты Рейхстаг қаһарманы Ра хымжан Қошқарбаевтың 60 жылдық мерейтойының жақындап келе жатқанын айтты. «Түсінікті», — де дім ішімнен. Бұл ол кісінің газетке Рахаң туралы сұх бат немесе мақала әзірлеу керек деген ишара меңзеуі еді. Жиналыстан шыға сала кейіпкеріміз директор бо лып қызмет істейтін «Алматы» қонақ үйіне телефон соқтым. Қабылдау бөлмесіндегі қыздың: «Кешкі 5ке таман келіңіз», — деген уәдесін алған соң, бірден сұ рақтар әзірлеп, оларды машбюроға бастырумен шұ ғылдандым. Содан түс қайта көкбазар түбіндегі ре дакция корпусынан «Аққу» кафесін маңайлап баратын 18ші автобус аялдамасына қарай тарттым.
Белгіленген уақытта келіп, Рахаңның кабинетінің есігін ашсам, ол кісі бөлмесінде жалғыз емес екен. АтақтыпартизанҚасымҚайсеновекеуіқарқ қарқ күліп, қызу әңгімедүкен құрып отыр. «Кел, ба ла! Төрлет, — деді мені көріп, сағатына қараған кейіпкеріміз. — «Лениншіл жастансың» ғой, ә?». «Иә, аға». Аа, ол жақсы газет, — деді осы сәтте сәлем беріп жатқан маған басын изеп, орнынан көтерілген Қасекең де гүр ете түсіп. — Ағаларыңның 60 жылды ғын елге айтайық деген ақ ниеттеріңнен айналдық! Қысылма, отыр, қалқам. Ал сендер әңгімелесіп бол ғанша мен анау жерге барып телевизор көре тұрайын. Осы сөздерді айтқан Қасым аға қонақ үй дирек торының кең кабинетінің бір бұрышындағы креслоға барып отырды да көгілдір экранға көз тікті. Содан соң журнал столындағы тақтада тігулі тұрған шах
мат фигураларын орнынан қозғалтып, әлдебір ком бинациялар арқылы өзімен өзі ойнай бастады. Ал біз болсақ бірден ауызекі сұрақжауаппен ұзақ әңгімеге қызу кірісіп кеттік.
— Әңгіменің әлқиссасын туған жер, өскен ор- тадан бастасақ, аға...
- Мен Ақмола өңіріндегі Тельман елді мекенінде өмірге келіппін. Бұрын оны Қырыққұдық деп атаған. Қазір мұнда «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозының бригадасы бар. Балалық, жастық шағым осы аймақта өткендіктен бе, менің көзіме оның әр бұтасы бүгінге дейін ыстық. Шешемнен төрт жасымда жетім қалып- пын. Анамды жоқтатпайын деп ойласа керек, әкем бетімнен қақпай өсірді. Ол көп сөйлемейтін кісі еді. Бірақ көңіл қошы келгенде, кең көсіліп кететіні бар- тын. Сондай бір әңгіме күні бүгінге дейін жадымда.
- Балам, мынау дала — сенің туған жерің, — деген болатын әкем. — «Жекен — жерінде көгерер, ер — елінде көгерер», — деген екен аталарымыз. Осы сөздің жаны бар. Бұл жер мына аптап ыстықтан шөбі қуаң тартып, көзге көркем көрінбей жатқанымен құт-бере- ке. Ертең сен де ержетесің. Сонда осынау еліңнің басы болмасаң да, сайының тасы болуға тырыс, балам.
Алайда мен балалық бал дәуренмен ерте қоштас- тым. Төрт жасымда шешемнен айрылғаныммен, әкем- нің мейірбан көңілі арқасында жетімдік көрмей өсіп келе жатыр едім. 1937 жылдың қараңғы бір түнінде есікті сартылдата ұрып, қара киімді үш адам үйге кірді. Содан соң әкемді тез киіндіріп алып кетті. Бұдан басқа ештеңе есімде қалмапты. Менің балалық шағымды сол бір сұрқай түн қоса ұрлап әкеткендей, көңілім құлазып сала берді. Сөзімнің басында жас кезімдегі бейкүнә
көңілді сәттерімді айтып өттім ғой, ал сондағы ең бір қорқынышты, жүрегімнің қан жылаған кезі әлгі көңіл- сіз сурет еді, шырағым. Бұл оқиға қалай болды, әкемнен не үшін айрылып қалдым, оған сол кезде нақты жауап таба алмадым. Ол тек кейін ғана белгілі болды.
...Әкемді «халық жауы» деп ұстап әкеткен соң Тай- төбедегі балалар үйіне баруға тура келді. Сондағы бастан кешкен оқиғаны еске алу қазір маған өте қиын. Егер біреулер мұны білмей, кездейсоқ сұрай қалса:
«Оған жету мен орналасудың өзі қиямет-қайым іс болды», — деген бір сөйлеммен ғана түйіндер едім. Екі жарым жылдық өмірім міне, өзім әзер қабылданған осы мектеп-интернат үйінде өтті. Содан соң Балқаш қаласындағы ФЗУ-ға аттандық. Бұл сол кездегі фабри- казавод училищесі деген ұғымды білдіретін қысқарған сөз түрі еді.
Он бес жастағы кезім ғой. Байқағаным, қыс мұнда қатты екен. Теңіз беттен соққан ызғырық жел бет қа- ратпайды. Оқу да қиын. Тәртіп тіпті қатал. Сабақты таңертең мектеп бағдарламасы бойынша оқимыз да, түстен кейін шеберханада жұмыс істейміз. Жұмыс деген аты болмаса, ол да бас қатыратын оқудың бір түрі. Ал кешке... Иә, кешке өндіріс құралдарының тү- рімен танысамыз. Кейбіреуін өзіміз жасап көреміз. Әлі есімде, менің сондағы ең алғашқы жасаған дүнием кішкентай балға еді. Оған үйретуші ұстазым жақсы деген баға қойды.
Тайтөбе балалар үйінде жүргенде қатарластарым- ның бәрі сабақтан кейінгі бос уақыттарында көркем- өнерпаздар үйірмесіне қатысуға құмар еді. Ал Балқаш- қа келгелі бері ФЗУ-дың кітапханасынан шықпайтын болдық. Тізілген сөрелердегі мол кітабы бар кең де
жарық ғимаратты тұңғыш көруіміз ғой, демалыс күн- дері әрі қызығып, әрі таңданып сол жерден кетпейміз. Өстіп жүріп бұл кітапханадан тұңғыш рет Этель Ли- лиан Войничтің «Бөгелек», Николай Островскийдің
«Құрыш қалай шынықты» шығармалары мен Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» туындысын оқы- ғаным есімнен кетпейді. Осы үш кітаптан алған әсерім керемет еді. Кураторымыз Таня Кудринаның талап етуі- мен өз арамызда ұйымдастырылған кітап оқушылар конференциясында «Құрыш қалай шынықты» шығар- масы бойынша баяндамашы болғаным да күні бүгін- гідей көз алдымда.
Уақыт осылайша зымырап өтіп жатты. Мен ФЗУ қабырғасында жүріп он жеті жасқа қарай қадам бас- тым. Белімнің бекіп, буынымның қатайғанын және едәуір ержетіп қалғанымды жанымдағы балаларға, Тайтөбеден еріп Балқашқа келген құрдастарыма қарап сезетін болдым. Өстіп жүргенде училищедегі оқу да аяқталды. Осыдан бір жарым жыл бұрын Балқашқа жан-жақтан тосырқай жиналған біздер енді қайтарда ұзын-ұзын мұржалары көкке шаншылып, түтіндері ас- панға шудалана өрлеп жататын қаланы қимайтындай әсерде қалдық. Бірақ қолымызға аттестат беріліп, үс- тімізге ФЗУ-дың ине-жіптен жаңа шыққан әдемі фор- масын кигіздіріп сәт сапар тілеген ұстаздар ұжымының ықыласынан кейін бұл жерде енді аялдаудың ешқандай жөні жоқ екенін сезініп, Ақмолаға қарай аттандық.
— өзіңіздің өміріңізде үлкен сын болған ұлы Отан соғысын, оның басталғанын қалай, қашан ес- тідіңіз? сол күн, сол сәт есіңізде ме?
- Неге есімде болмасын, бәрі де көз алдымда ғой. Соғыс басталған күні — жексенбі болатын. Сол күні
біздің «Қосшы» колхозының адамдары ерте тұрып, шабындыққа аттанды. Шөп қалың, тура белуардан екен. Ат шалғының екі айналған жері бір мая. Түске таяй бергенде, ауыл жақтағы қара жолдан шаң көрінді. Бізбен бірге жексенбілікке шыққан Нұрғали деген мұ- ғалімнің әйелі ай-күні жетіп отыр еді. Дәу де болса сүйінші сұрағалы келе жатқан сол шығар, деп ойлады пішеншілер. Салт атты Төлеубай қарт екен, өңі боп-боз боп кетіпті.
- Ақсақал, не болды, жайшылық па? — деді жі- гіттердің бірі.
- Оу, жарандар, соғыс басталды.
Сөйтті де ол кісі тақиясымен тершіген маңдайын сүртті. Мына сөзді естігенде ел де, жер де ауыр күр- сінгендей болды. Бәрі де ат-арбасына үрпиісе мініп, ауылға қарай бет алды. Содан айналасы бір аптаның ішінде ер-азаматтың көбі майданға аттанды. Ал күзге қарай, иә, күзге қарай біздің колхозға алғашқы «қара қағаздар» келе бастады.
Ауылда өңкей кемпір-шал, қатын-қалаш, бала-ша- ға қалды. Бәрі де қиын жұмыстан титықтап, уайым- қайғыдан егіліп жылай береді. Он алты-он жетіге толған мен сияқты қыз-жігіттердің міндеті — бидай баулап, тұлықтаспен дән бастыру. Содан соң оларды қаптап, арбамен Ақмоладағы қамбаға тапсыру. Қатты қиналып, шаршайсың. «Бұдан да немістермен соғысқан жақсы-ау», — деп ойлайсың. 1941 жылдың жазы және күз айлары менің есімде міне, осындай көңілсіз, ауыр көріністер арқылы сақталып қалды.
Бұдан соң ауылға 1942 жылдың қысы мен көктемі де келгені жадымда. Одан колхоз адамдары да, малы да әрең-мәрең ілініп зорға шықты. Жұрт үшін осы қатал
қыс пен көкөзек көктемнен де ауыр нәрсе бар-ды. Ол
- соғыс хабары мен зардабы болатын. Егер майдан жақтан жылт еткен жылы лебіз естілсе-ақ, оны біздер үй-үйді жағалап айтып жүріп жеткіземіз. Сөйтіп елдің еңсесін көтергіміз, жеңіске деген сенімін арттырғымыз келеді.
Иә, сол кезде жұрт сәл-пәл тәуір хабар естісе, кә- дімгідей қуаттанып қалатын. Мәселен, 1941 жылдың декабрінде жауға Мәскеу түбінде тойтарыс берілген- дігі, 1942 жылдың февралінде Солтүстік-Батыс майда- ны әскерлерінің Демьяновск аумағында жаудың ірі тобын қоршап алып, талқандауы жөніндегі хабарлар біздің ауылдың адамдарына бір тың күш қосып, іске жігерлендіргендей болғаны хақ.
Колхозшылар 1942 жылдың көктемгі егісін де уақ- тылы салып, төл алу науқанын да жақсы аяқтады. Сол кездегі ата-аналар мен жеңгелеріміздің күш-қай- ратына мен әлі күнге таңғаламын. Шаруашылық жұмы- сындағы бұрынғы жүздің орнына — он, ал мыңның орнына — жүз адам ғана еңбек етті ғой. Соғыстың екінші жылындағы июнь айының аяқ кезінде жұрт көңілі тағы да аздап көтерілейін деді. Осы тұста пан- филовшы 28 батырдың ерлігі, оларға Совет Одағы- ның Батыры атағын беру туралы Указ болғаны жөнінде хабар алдық. «Бәрі дерлік қазақстандықтар екен! Міне, Отан үшін ерлікпен шайқасқан біздің жігіттер қан- дай!» — деп қуанды жұрт. Осыдан кейін көп кешікпей газеттен 1942 жылы Европада екінші майдан ашу жө- нінде келіскен совет-ағылшын мазмұндамасын оқы- дық. Бұл — ел үшін үлкен қуанышты хабар еді. Әрине, ол кезде екінші майданның 42-ші жыл түгілі, одан кейінгі жылда да ашылмайтынын біздің жақта ешкім
сезген де, білген де жоқ. Ал, ауылдағы он жеті — он сегіз жасқа кеп қалған біздің ойымыз — майданға ат- тану. «Соғысқа кетсек, шайқас шебіне жетсек», — дей- міз іштей. Себебі, «қара қағазды» көру, естірту азаптың азабы-тын.
Мен осындай пікірдің жетегімен майданға жіберуді өтініп, әскери комиссариатқа екі рет арыз бердім. Бірақ олардан ешқандай жауап болмады. Тек келесі жылдың тамыз айында ғана ауылдағы темір ұстасы Өтегеннің Нұрымы мен маған шақыру қағаз қатар келді. Жолға тез жиналдым. Тез жиналмайтын нем бар, артымда қа- райлайтын әкем де, шешем де жоқ. Туысымыз Мұса қарттың үйіне бас сұғып, Әлиман әжемнің батасын алдым. «Соңғы қарға тұяқ сенен де айырылдым-ау», — деп зар еңіреді ол кісі. Жарықтық-ай, десеңізші, «қы- рық жыл қырғын болса да ажалды өледі» демекші, қарт ана менің майданнан аман-есен келетінімді, бүгінгі- дей бақытты өмір сүретінімді қайдан білсін...
— Кешіріңіз, сөз арасында енді мынадай сұрақ- қа да жауап бере кетсеңіз. сіздің өміріңізде ең бір қуанышты деген сәттер болды ма? Болса, ол қандай оқиғаларға байланысты еді?
— Мен өмірімде екі рет қатты қуандым, шырағым. Әскерге алынғаннан кейін оншақты адамды Қырғыз- станның астанасы — Фрунзе қаласындағы әскери учи- лищеге оқуға жіберді. Солардың ішінде мен де бар едім. Осы жерде бір жыл оқыдық. Сонда үлгілі тәрті- біммен, бұйрықты екі етпей орындайтын елгезекті- гіммен көзге түстім. Міне, осыны бағалаған командир- лерім маған партия мүшелігіне кандидаттыққа өтуге кепілдеме берді. Сондағы жалпы жиналыста өмірбая- нымды бүге-шігесіне дейін, тіпті әкемнің жағдайына
дейін жасырмай толық айтып шықтым. Сонда батальон парторгы Нұғман Ғалымжанов: «Біз партияға сенің әкеңді емес, өзіңді аламыз. Ал өзіңнің қандай екеніңді жақсы білеміз», — деді салмақпен. Нақ осындай сөзді осының алдында, комсомол мүшелігіне қабылданар кезде ұйым хатшысы Безруковтан да естіп едім. Осы сөз ұзақ жыл бойы жадымда сақталып қалды. Канди- даттық карточкамды алғанымда, ерекше толқыдым, өмірімде ең бірінші қуанғаным сол шығар, сірә. Өйт- кені, ол заманда «халық жауы» баласының партияға қабылдануы деген сирек оқиға-тын.
Сол жылғы октябрь айында тағы да қатты қуандым. Бұл тіпті ерекше еді. Майданға аттанатын күн тақау қалды деп жүргенімде, хабарсыз кеткен әкем мені іздеп Фрунзеге келді. Сонау жылдары Тайтөбе балалар үйіне қабылдану кезінде көп қиындық көріп жылағаным бар. Содан кейін көз жасымды енді ешкімге көрсетпесін деп бекінген едім. Әкемді көргенімде өзімді-өзім тоқ- тата алмадым. Екеуміз қалай құшақтасып көрістік десеңізші! «Құлыным, жалғыз тұяғым!» — дейді ол кісі еңкілдей жылап. «Әке, әкетайым!» — деймін мен де ішіме шемен боп қатқан запыранымды ақтарып. Біз- дің жағдайымызды көрген училище бастығы шыдай алмады-ау деймін, мені оқудан бір күнге босатты. Сол жолы әкелі-балалы біз көп сырластық. Сөйтсем, ол кісі әлдекімнің көрсетуі бойынша, жаламен ұсталып кет- кен екен. Ақырында бәрі анықталып, кінәсі жоқ болған соң, «халық жауы» деген аттан құтылып, біржола ақ- талып шығыпты. Шерімізді тарқатып әңгімелесіп, ер- тесінде әкемді поезға шығарып салдым. Ол жүрер алдында мені мейірлене сүйіп: «Жортқанда жолың болсын, балам! «Ер — елдің ық жағының қалқасы,
жел жағының панасы», — деуші еді бұрынғылар. Сол еліңнің үмітін ақтар ұлы бол, қарғашым!» — деп батасын берді. Өмірдегі екінші бір қуанған сәтім, жан толқынысын бастан кешкен кезім сол 1943 жыл- дың күзіндегі әкеммен қайта қауышуым дер едім.
— Майданға қашан аттандыңыз? Алғашқы шайқас есіңізде ме?
— 1944 жылдың сентябрь айында командиріміз біз- ді қызыл вагонға тиеп, Фрунзеден Батысқа қарай алып жүрді. Содан Мәскеу, Киев, Минскіні артқа тастап, 42 күн дегенде Варшава қаласының маңайындағы орман- ға келіп тоқтадық. Бұл 3-ші армияның 79-шы атқыштар корпусына қарайтын 150-ші Идрицк дивизиясы орна- ласқан жер болып шықты. Тылдан келіп жеткен біз- дің топ осы әскери құраманы адам күші жағынан то- лықтыратын жаңа жауынгерлік резерв екен. Аз күннің ішінде ІІ дәрежелі Кутузов орденді дивизиямыздың тарихымен және ерлік жолымен танысып үлгердік те, әскери міндет бөлінісінен хабардар болдық. Ол бо- йынша мен енді осындағы 674-ші полктың 1-ші ба- тальонына қарайтын 4-ші ротадағы 2-ші взводтың ко- мандирі болып тағайындалдым.
Арада бір ай өтіп, 1945 жылғы жаңа жыл да келді. 17 қаңтарда 150-ші Идрицк дивизиясы алғы шепке қа- рай қозғалды. Бұл кезде майдандағы ұрыстар Польша астанасынан бірнеше шақырым жерде ғана жүріп жат- қан болатын. Міне, осы маңда мен тұңғыш рет соғыс қимылдарына қатыстым. Ал содан тура бір ай өткен соң Шнайдемюль үшін қантөгіс ұрыста біздің взвод, жараланғандарды есепке алмағанның өзінде, 11 ада- мынан айырылды. Содан кейінгі Ветшвин-зее көлі маңайындағы теңіз жаяу әскерлері әрең ұстап тұрған
жолдан өту де бізге тым қымбатқа түсті. Мұнда көп адам қаза тапты. Солардың арасында қырғыз жігіті, тумысынан ағып тұрған ақын Мұсылманқұлов та бар еді. Амал қанша, Берлинге жете алмай, өзі армандаған Жеңіс күнін көруге тағдыр жазбай, опат болды.
Шнайдемюль мен Ветшвин-зеедегі ұрыстарда ерек- ше көзге түскен сарбаздар мен офицерлер арасынан мен І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапаттал- дым. Мұнан кейін құрамында біздің взводымыз бар капитан Алексей Твердохлебтің батальоны алғашқы- лардың қатарында Одерге лап қойды. Осы жерде менің жігіттерімнің өзеннің сол жағалауына басқалардан бұрынырақ жетуге жанұшыра қимылдағанын ерекше атап айтуға тиіспін. Біз сөйтіп дене мұздатқан суық суға кеудені төсей жүзіп, су түбіне табанымызды ті- реген күйі бірте-бірте жарқабаққа көтеріле бердік. Жо- лай кезіккен шұңқырдағы суға да күмп беріп, белше- мізден бата, алға жылжумен болдық. Осылайша ит сілікпеміз шыға жүріп, келесі күннің кешіне таман бекініс ішіндегі жауды түріп шығудың сәті түсті. Сол от кешуде қатарымыздағы 38 жауынгерден шайқастан кейін небәрі 8 ғана қаруласымыз қалды.
— Бұл 1945 жылдың қыс, көктем айларындағы оқиғалар ғой.
— Иә! 16 сәуірдегі түнгі сағат 3-4-тер шамасында мен зеңбіректердің жер-көкті дірілдеткен қуатты дау- сынан ояндым. Табанымыздан жер көшіп бара жат- қандай болды. Бүкіл майдан қызыл-жасыл ұшқынды жалынға орана өртеніп тұрғандай. Төңірек у-шу болып, дүние екі иінінен демалуда. Осыны көріп, бұл не сұра- пыл дегенімше болған жоқ, жақыннан жарылған снаряд екпіні мені бруствердегі бөренеге апарып жапсырып
тастады. Траншея ішінде тұрып, қарсы жаққа қарай бет алған самолеттер үні мен зеңбірек гүрсілінен басқа ештеңені естіп-көрудің өзі мүмкін емес еді.
Бұрын мен дәл осындай сұмдық алапатты басым- нан кешіріп көрмеген болатынмын. Қарап тұрсам ажал аранын от қып шашқан мынау ауыр жарылыстармен бірге біздің 1941 жылдан бергі бүкіл жанайқайымыз бен ашу-ызамыз гитлершілердің үстіне зауал боп төн- гендей. Таң алдындағы осы сындарлы сағаттарда 7 миллион снаряд пен мина, ракеталар жауға қарсы атылды. Мұндай кезде бірдеме деп айтудың өзі қи- сынсыз секілді. Қуаттанып, рухтанғандықтан бір-бірі- мізге қарап Берлин жақты нұсқай беріппіз. Болып жат- қан мына сұрапыл оқиғадан бойымыздың ширығып, денеміздің дүр сілкінгенін сезіндік. Себебі, бұл — 1-ші Белорус майданының шабуылға шығуының басы еді. Біз сонда Берлиннен небәрі 70 шақырым жерде ғана тұрдық.
Кейіннен білгеніміздей, жоғарыдағы екі сағаттық артиллериялық дайындыққа 22 мың зеңбірек пен ми- номет қатысқан екен. Жүздеген қуатты зенитка про- жекторлары ұрыс даласын айқыш-ұйқыш кезген жа- рыққа бөлеп тұрды. Сол күні түсте қолға түскен фа- шист тұтқындары мойындағанындай, оларды таң ал- дындағы канонадаға орыстар жаңа құпия қару түрін қолданып жатыр деген қорқыныш билеп алыпты. Оның үстіне, бізді әуеден қорғаған бомбардировщиктер эс- кадрильялары бір-бірін үздіксіз алмастыра отырып, жау шебін төбеден төпеп, талқандаумен болды.
Дегенмен, жау жағы да қатты қарсылық көрсетті. Фашистер әрбір сүйем жерге жабысып қалғандай жандарын сала бекініп, біздің үстімізден от боранын
орнатты. Фауст патрондарын үздіксіз жаудырып, өліс- пей беріспейтінін көрсетті. Біз елеулі шығынға ұшырай отырып, қарсыластар қорғанысының түкпіріне қарай бар болғаны 7 шақырымға ғана алға жылжи алдық. Ұрыстың осындай қайнаған шағында батальонымызға Гросс-Барним елді мекенін қуатты соққымен жедел- детіп басып алу жөнінде бұйрық берілді. Бұл поселкені шағындау неміс гарнизоны қорғап тұрған еді.
Жағдайды байқап-бағамдау үшін аға лейтенант Бат- раковтың ротасы жау тылын барлауға жіберілді. Гросс- Барним тас-түйін боп бекінгендігін айта кету керек. Өз айналасын түгел бақылауға алған жау дзоттары дүрбі арқылы жақсы көрініп тұр. Мұндай жағдайда бірден тіке шабуылға шығу мүмкін емес еді. Құрамында біздің взвод бар 4-ші рота қанатын кеңге жайып жіберді де, фашистердің негізгі күшінің назарын жан-жаққа қарай аудару тәсіліне көшті. Осы әдісімізді тез ұға қойған өзге роталар шабуылға көтерілді. Оған сәл абдырап қалған немістер, біздің жаққа қарай бағытталған оқ жаңбырын азайтып, назарын жаңағыларға аударды. Сол кезде біз шабуылға шықтық.
Қоршауға түсуден қорыққан немістер поселкені тастап шықты. Біз осында келіп түнедік. Ұзақ уақыт- тан бері бірінші рет дұрыс жағдайда демалдық деп айтуымызға болады. Дегенмен, айналамызға күзет қоюды да ұмытпадық. Ал таңертең мен Берлин және оның айналасындағы елді мекендер көрсетілген карта- ны қайтадан алдыма жайдым. Бұл карта бізге, яғни офицерлік құрамға Одерден жүзіп өтер алдында беріл- ген еді. Оны мен әлі күнге дейін ерекше бір бағалы қасиетті заттай сақтап келемін. Картада менің соқ- қан белгілерім де бар.
Біздің дивизия Кунерсдорф аталатын шағын қаланы жиектей ағатын Фриндландштром каналына жетіп, оны бойлай орналасты. Каналды эсэстің таңдаулы бө- лімшелері қорғап тұрған еді. Одерден кейінгі Берлин- нің алғашқы қорғаныс шебі осы қала арқылы өтетін- діктен бұл жер стратегиялық тұрғыдан маңызды са- налады деп түсіндірді басшыларымыз. Содан болар, біз немістердің қатты алаңдау үстінде екендігін сезіндік. Олар әрбір 10-15 минут сайын канал үстінен жарқы- рауық ракеталар жіберіп, өз шептерін қырағылықпен күзетуге тырысып жатты. Дегенмен, соған қарамастан біздің батальон каналды тездетіп кесіп өтті де бірден ұрысқа кірісіп кетті. Жаяу әскерлерді қолдау үшін қаланы жарты сағаттай атқылауға артиллериямен бір- ге «Катюша» батареясы да аянбады. Гитлершілердің жанұшыра қарсылық көрсеткеніне қарамастан түнгі сағат 11-лерге таман Кунерсдорф та біздің қолымызға өтті.
— Ал Берлинге... иә, соғыстың соңғы сағаты со- ғар жау ордасына тікелей шабуыл қашан басталды. Енді осы жөнінде айтсаңыз.
- 1945 жылдың 20 сәуірі менің есімде мәңгілікке қалып қойды. Бұл күн соғыс тарихына Берлинді алғаш рет артиллериялық атқылауға алған күн ретінде енді. Мен осы оқиғаның қалай болғандығын өз көзіммен көрдім. Біздің дивизиямыз қалың өскен қайыңды орман ішінде тұрған болатын. Түс кезінде артиллерист жі- гіттер ашық алаңқайға алыс қашықтыққа арналып аты- латын гаубицалардың бүтіндей бір батареясын орна- ластырды да қаһарлы қарулардың ұңғысын үшінші Рейхтің астанасына қарай бұрды. Он минуттық да-
йындық уақыты өткен соң батарея командирінің жа- рықшақтана шыққан сұсты дауысы естілді.
- Біздің қаза тапқан әкелеріміз бен ағаларымыз, бауырларымыз, аналарымыз бен апа-қарындастарымыз үшін, тұтқында қасіретпен көз жұмған совет адам- дарының ыза-кегі үшін фашизмнің ұясына үдемелете оқ жаудырыңдар! — деп команда берді ол. Бұл кезде циферблат тілі Мәскеу уақыты бойынша 15 сағат 50 минутты көрсетіп тұрған еді. Дүрбіден бірте-бірте пай- да болған қызғылтым түтін шудалары жақсы көрініп тұрды. Қала сөйтіп өртке орана бастады.
Сол күні бөлімдерге қысқа мерзімдік демалыс бе- рілді. Біз міне, екінші эшелонда снарядтар қазып тас- таған жолмен алға жылжып келеміз. Барлық сілтеме белгілері «Берлин» деген сөзді көрсетіп тұрды. Сон- шама ұзақ күткен және енді міне, барынша таяу қалған арман еді бұл. Бізді әскери техника: машиналар, трак- торлар, танктер басып озып бара жатты. Аттар артил- лериялық зеңбіректер мен зениттік қаруларды сүйреп келеді.
Осы қимыл-көріністен бәріміз де Берлин айна- ласындағы қоршау шеңбері барынша қаусырыла түс- кенін білдік. Маршал Жуков басқаратын біздің І-ші Белорус майданымен бірге маршал Рокоссовский- дің қарамағындағы ІІ-ші Белорус және маршал Ко- нев жетекшілік ететін І-ші Украин майданы да осын- да шоғырландырылған-тын. Кейіннен Г.К.Жуковтың атап көрсеткеніндей: «Берлин үшін ұрыс — ерекше, еш нәрсемен салыстыруға келмейтін операция бол- ды». Өйткені жау астанасына бағытталар шабуыл қа- рсаңында біздің әскерлеріміздің алдында тұтастай эшелондандырылған қабат-қабат қуатты қорғаныс ше-
бі жатты. Бұл дегеніңіз неміс фашист әскерлерінің ба- сынан бақайшағына дейін қаруланған аса ірі топтары еді.
Сонымен біздің алдымызда тек бір ғана жол — Берлинге баратын жол тұрды. Біз ұзақ соғыстың ең соңғы сәтіндегі осы жерде көптеген адамдардың өмірі қиылатындығын жақсы түсіндік. Сонымен қатар, біз осы жерде адамзат үшін ең қорқынышты жау — неміс фашизмімен ұрыстың аяқталатындығын да жақсы білдік.
Біздің батальонымыз жау қорғанысына алғашқы болып шабуылдайтын топқа айналдырылды. Оған бірнеше жеңіл зеңбірек пен танктер бекітіліп берілді. Оның командиріне, енді майор атағын алып үлгерген Алексей Твердохлебқа саперлер взводы да қызмет ететін болды. Батальон атқыштар ротасын қорғайтын екі шабуылшы топқа бөлінді. Оларға Берлиндегі көше шайқастарын жүргізу міндеті жүктелген еді. Мұны естігенде қаладағы әрбір үй, әрбір метр жер үшін жан алып, жан берісетін ұрыс қимылдарының өзімізге же- ңіл тимейтіндігін жақсы түсіндік.
Жолымызда Бланкенбург қалашығы тұрған еді. Ұрыс барлық жақтан жүріп жатты. Батальон әрбір үйді шабуылмен ала отырып, өзіне бөлінген учаске- лер арқылы қала аумағына тереңдеп ене түсті. Біз бұ- рын бастан кешірмеген көше ұрыстарының тәжіри- бесіне әрбір сәт сайынғы қауіп-қатер, кездейсоқ оқи- ғалар арқылы қаныға бастадық. Рота мен взвод коман- дирлері мұндай жағдайда өз бетінше шешім қабылдау дербестігіне ие болды. Кез-келген жеке ұрыс қоры- тындысы солардың белсенділігі мен шеберлігіне бай- ланысты шешілетіндігі анық еді.
Көп уақыт өтпей біздің бағытымыз өзгертілді. Ди- визиямыз Рейникендорфтың оңтүстігін ала Берлин каналының шығыс жағына қарай шығуға тиіс болды. Сөйтіп, алдымызда фашистік жыртқыштардың ең қауіпті апандары тұрды. Берлин үшін ұрыстың қиын сәттері де міне, нақ осы жерлерде қыза түсті. Ақыры өзімізге белгіленген бағыт бойынша оңтүстікке қарай сәл бұрылыс жасадық та, картадағы межелі шепке келіп шықтық. Сөйтіп, біздің 674-ші полкымыз темір- жолға бойлай орналаса бастады. Осы жерде Берлинді совет жауынгерлері толықтай қоршауға алды деген қуанышты хабар да келіп жетті.
Аз да болса тынықтырып алу үшін бізді ауық- ауық екінші эшелонға ауыстырып отырды. Зеңбірек дүрсілі мен бомба жарылысының астында ұйқтауды осында үйрендік. Келесі бір алға жылжыған кезі- мізде солтүстіктегі Шпрее өзеніне жеттік те, алдың- ғы екпінді топтардың жаудан босатып кеткен көп қабатты үй подъездеріне келіп орналастық. Іргеде өзеннің бір иіні көзге шалынады. Бұл біздің жолымыз- дағы соңғы су кедергісі еді. Картада оның оң жағына таман түзу сызық тартылған. Ол «105» деген санға барып тіреледі. Бұл цифрдың Рейхстаг екенін білдік. Басшыларымыздың айтуынша біздің ұрыс алаңымыз- дан оның қабырғасына дейін бар болғаны 550 метрдей ғана жер қалыпты.
Календарьда — 1945 жылдың 28-сәуірі. Бұл күн менің өмірімдегі, иә, біздің батальонның өміріндегі ең бір қайғылы күн болды. Қымбатты комбатымыз майор Алексей Твердохлеб қаза тапты. Ол шайқас кезінде бұзылған үйдің ішінде беліне дейін көміліп қалған эсэс офицерінің қолынан мерт болды. Үнсіз тығылып
жатқан жау жендеті енді бұл жерден өзіне аман шығу- дың жолы кесілгендігін түсініп, терезе қасынан өте берген комбатқа қарай граната лақтырды да, өзі атылып өлді. Сөйтіп өзін өзі шағып өлтіретін сары шаян секілді жан тәсілім етті. Қаза тапқан командирдің қабірі- нің басында үш рет қоштасу салютін бердік те, алға жылжыдық.
Ертеңінде біздің дивизияға орталық қорғаныс сек- торындағы әскери ұрыс әрекеттерін күшейте түсу жө- нінде бұйрық берілді. Бөлімдер адам және техника күштерімен толық жарақтандырылғаннан кейін шабу- ылды қайта бастауға тиіс болдық. Иә, ұрыстың соңғы екі күнінде біз ауыр шығындарды бастан кешірген едік. Әрбір ротада осының алдында ғана взводта болатын адам санына жетер-жетпестей жауынгерлер қалған- тын. Тың күштер келгенде Мольтке көпірі үшін қызу шайқас жүріп жатқан болатын. Соны бақылап тұрған мен үлкен ақ үйге — Швейцарияның елшілігі орналас- қан ғимаратқа көзім түсті. Көпірден тіке басталып кететін көшенің оң жақ шығыс бөлігінде орналасқан әлгі нысанның қарама-қарсы жағында түтінге оран- ған «Гиммлер үйі» де жақсы көрініп тұрды. Герма- ния ішкі істер министрлігінің бұл ғимаратын фашис- тердің өздері осылай деп атайды екен.
Таң атысымен «Гиммлер үйін» атқылау басталып кетті. Жарты сағаттық артиллериялық дайындықтан кейін біздің батальонның жауынгерлері дөкейдің қы- зыл кірпіш үйіне қарай шабуылға шықты. Менің взво- дым шабуылдаушылардың бірінші қатарында келе жатқан еді. Соның нәтижесінде біз бірінші болып үй- дің тас-талқаны шыққан есігінен кірдік те фашис- терді екінші қабатқа қашуға мәжбүр еттік. Иә, бұл
Висла ауданындағы мен қатысқан ең бір қантөгіс шайқастардың бірі болды. Фашистер ажалға бас тік- кендіктен ештемеден қаймықпай қатты қорғанып жат- ты. Бірақ біздің жауынгерлерді тоқтатудың өзі мүмкін емес еді.
Көптеген қаруластар осы ұрыста мерт болды. Менің взводымдағы жауынгерлердің жартысы оққа ұшып, жартысы ғана қалды. Өзімді сол күндері әйтеуір ажал оғы айналып өтіп жүрді. Бірде бетімнен аққан қанның ыстық лебін сезіндім. Сөйтсем, есіктен атойлап кірген кезімде оның оқ шашыратқан жаңқасы маңдайымды осып кеткен екен. Сол күндердегі басқа жағдайлармен салыстырғанда әрине бұл жара түкке тұрғысыз-тын. Осының алдында қаза тапқан комбатымыз мені «оқ дарымас» деп тегін айтпаған екен. Айтпақшы, майор Твердохлебтің бұл сөзіне сол оқиғаның алдындағы ысқырған оқтың менің басымды жанай өтіп, терімді сыпырып қана кеткендігі себеп болған еді. Иә, «қырық күн қырғын болса да ажалды өледі» деп бабаларымыз тегін айтпаса керек.
Мұнан кейін басқа полктардың жауынгерлерімен бірлесе отырып, біз енді екінші қабатты да жаудан та- зарттық. Тірі қалған фашистер шатырдың бір жағына барып бекінді. Үйдің әр жерінен шығып жатқан өрт пен түтіннен көз ашиды. Қараңғылық түсісімен кез келген сәтте оққа ұшудың қаупі де арта түсті. Төртінші қабат үш рет қолдан қолға өтті. Осы кезде әскери операцияны басқарған құпия топтың бізді фонарьлармен жарақ- тандырғандығының пайдасы көп тиді. Тиімділік мы- нада еді. Біздің жауынгерлер қараңғыдағы жау бетіне өздері шеткері тұрып қуатты жарық түсірген кезде екінші біреулері автоматты іске қосып жатты.
Сөйтіп, 30-сәуірдің таңында «Гиммлер үйі» то- лықтай біздің қолға көшті. Жыртқыштар мекеніне айналған ғимаратты түгелдей тексеріп өткенімізде, он- дағы бөлмелерде фашистердің өлі денелері үйіліп жат- қандығын көрдік. Гиммлердің өз кабинетінен гит- лерлік баскесерлерді марапаттау үшін әзірленген бір- неше жәшік швейцариялық сағаттарды тауып алдық. Біздің офицерлер оларды жауынгерлерге тарату жөнін- де шешім қабылдады. Мен өзіме берілген сағатты куә болған сол бір тарихи оқиғаның ескерткіші ретінде ұзақ уақыт бойы үйімде сақтап келдім. Қазір ол республи- ка комсомолы Орталық Комитеті мұражайының жәді- гері ретінде экспонат болып сонда тұр.
— Жаңа сіз: «30-сәуір күні «гиммлер үйі» то- лықтай біздің қолға көшті», — деп айтып қалды- ңыз. Бұл совет жауынгерлерінің Рейхстагқа өте жақын, тым таяу қалғанынан хабар береді. Және сол күні кешке осы жау ордасының қабырғасына алғашқы жеңіс жалауы да тігілгені мәлім. теңдесі жоқ бұл ерліктің иесі сіз бен қызыл әскер григорий Булатов екеуіңіз екеніңізді біз жақсы білеміз және мақтанышпен еске алып жүреміз. Асықпай, бүге- шігесіне дейін қалдырмай айтыңызшы, аға! сол оқиға қалай болды? Осы тарихи жағдайды бетпе- бет отырып өз аузыңыздан естісек, өз құлағымыз- бен тыңдасақ дейміз.
- «Гиммлер үйінің» екінші қабатында артилле- ристер Рейхстагты сол жерден көздеп ату үшін 76 мил- лиметрлік зеңбіректерді орнатып жатты. Осы сәтте мені батальон парторгы Кәрібжан Ысқақовтың шақыр- ғанын естідім. Үйдің бірінші қабатында полк коман- дирі майор Зинченконың төрағалығымен парткомиссия
отырысы жүріп жатты. Онда Висла мен Одердегі ұрыстарда партия қатарына өткендерге партия билет- тері тапсырылды. Лениндік барельефпен өрнектелген қызыл кітапшаның бірі маған да салтанатты жағдайда берілді. Содан соң полк командирі біздерді, жас ком- мунистерді, қызу құттықтап, Рейхстагқа қызыл туды жеткізетін арнаулы топтың жасақталғандығын хабар- лады.
- Бұл — өте жоғары құрмет. Жеңілген жаудың ең үлкен апанына қызыл туды тігу біздің жеңісіміздің символы болады, — деді ол. — Бірақ қауіп-қатер өте күшті. Король алаңы барлық жағынан атқылануда. Сон- дықтан тапсырма ерікті түрде орындалуы керек. Қызыл әскерлер оған өз тілек, жеке өтініштерімен ғана бара алады.
Жауынгерлер құрамы анықталғаннан кейін бата- льон командирі былай деді:
- Топқа басшылық жасауды лейтенант Қошқар- баевқа тапсыру жөнінде ұсыныс бар. Ол «Гиммлер үйіне» бірінші болып кірді... Демек, бұл тапсырманы да лейтенант абыроймен орындайды деп сенемін...
Сөйтті де командир жақтауы жұлынған терезеге қа- рай жақындады. Өзіне ымдап шақырып алғы жақты нұсқады. Мен қозғалмалы дүрбі арқылы комбат көр- сеткен нүктеге ұзақ қарадым. Снаряд жарылыстары ойдым-ойдым етіп қазып кеткен алаң беті жоғарыда тұрған бізге жақсы көрініп тұрды. Оның арғы шетінде- гі сұп-сұр ғимарат — Рейхстагтың өзі. Төбесіне күмбез орнатылған алып кешеннің жан-жағында неше түрлі мұнаралар менмұндалайды.
Маған туды батальон командирінің орынбасары капитан Васильченко тапсырды. Бұл шағындау кел-
ген рейка таяқшасының ұшына бір жағы мықтап ше- геленген қызыл мата екен. Түсін жасыру үшін сыртын қоңыр қағазбен орап тастапты. Оны қолыма алған соң сыртымдағы мақталы кеудешемді шештім де, ту- ды шолақ сабымен гимнастеркамның ішіне жіберіп, қозғалмас үшін белдігімді қатты қылып тартып тас- тадым. Сөйттім де сағатыма қарадым. Ол тура күндізгі 11-ді көрсетіп тұрды.
Өзіміз тұрған «Гиммлер үйінің» терезе саңылауы- нан бұқпантайлап сыртқа қарадым. Оқ нөсері сәл сая- бырлапты. Осыны пайдаланып далаға секіріп кеттім. Іле-шала артымнан үстіме келіп біреу құлады. «Кім- сің?» дедім оған қарамастан. «Қызыл әскер Григорий Булатовпын». «Басқа жауынгерлер қайда?» «Бораған оқтан сыртқа шыға алмай қалды».
Жер бауырлап алға жылжып келеміз. Алдымыздан снаряд қазған шұңқыр көрінді. Соған қарай тұра жүгір- дік те, ондағы іркілген шалшық суды елемей қойып кеттік. Бірақ мұнда ұзақ бөгелудің өзі мүмкін болмай шықты. Аман қалам десең қимылдау керек. Осы оймен әр төмпешікті бір сағалап тағы алға жылжыдық.
«Гиммлер үйін» Рейхстагтан бірнеше жүздеген метрлер ғана бөліп тұрды. Бірақ жаудың үздіксіз жау- дырған оғының астында оған жер бауырлап жетудің өзі өте қиын еді. Сәл ғана алға қозғаламыз. Сөйтеміз де қайтадан қимылсыз қата қаламыз. Өстіп отырып біз өзімізге қауіпсіздеу жерге дейін неше түрлі амалдарды қолдандық-ау. Азап жүріс. Бірақ соған көніп, тірі келе жатқанымызға тәубе дедік. Міне, енді бір сәтте төңкеріліп қалған зеңбірек біз үшін мықты қорғаныс құралына айналды. Оның стволынан сығалай қараға- нымда, біз жатқан Король алаңы жан-жақтан тынымсыз
жауған пулеметтер мен автоматтар оғының астында екендігін байқап үлгердім.
Бір мезетте бізден бірнеше метр жерде қираған өзіміздің танкіні көзім шалды. Григорий екеуміз енді соған қарай ұмтылдық. Бораған оқ қайтадан жерге жабысуымызға мәжбүр етті. Қасымнан Булатовтың ауыр дем алған үні естіледі. Шамасы жараланған-ау, тізе тұсы қанға шыланыпты. Гимнастеркасы да суға малмандай болған екен. Әрине, сол жерде менің жағда- йымның да одан артық емес екені түсінікті еді.
Осылайша үш сағаттың ішінде бар болғаны 50 метр жер ғана алға жылжи алдық. Рас, жерді мұрны- мызбен сыза отырып бағындырған бұл метрлер біз- дің Рейхстагқа жолымыздың адам айтқысыз қауіп-қа- терге толы ең ауыр сәттері еді. Өйткені, әрбір бейқам қозғалыстың кім-кімді болса ажал құштыратыны анық болатын.
Ақырында көздеген танкімізге де келіп жеттік-ау әйтеуір. Оның ығында ұзағырақ жатқың-ақ келеді. Бі- рақ бізге қалай да алға жылжу керек. Бір уақытта өзі- мізге қалқа болып келе жатқан қираған қарулар мен танктер тізбесі де аяқталды. Бірнеше метр жерде транс- форматор будкасына ұқсас бірдеңе байқалады. Жау кезекті оқ нөсерін бүркіп үлгергенше, соған қарай жай оғындай жарқ еткен жылдамдықпен ызғып отырып жетуіміз керек. Осылай істедік те. Григорий екеуміз дедектеген күйі будкаға барып, топ етіп құлап түстік. Бірақ мұнда бөгелудің өзі тым қауіпті екен. Оқтардан шұрқ тесілген жұқа фанер тақтай қабырғаның бізге қорған бола алмайтындығы бірден белгілі болды.
Осы сәтте алдымыздан танктерден қорғанатын «те- мір кірпі» арандар қарауытып көрінді. Оның үстінен
жаяу әскерлерге арналып салынған баспалдақ іспетті саты қирандыларын көзіміз шалып қалды. Бұл, әрине, будкаға қарағанда неғұрлым сенімдірек қалқа еді. Бі- рақ оған жету үшін жан-жақтан жауған оқ астынан өту керек. Осы мезетте Рейхстагты қою түтінмен бірге көк- ке көтерілген қызыл кірпіштердің алапат шаң-тозаңы басып кетті. Бұл сәтті біз де құр жібермедік. Санаулы секундтар ішінде «темір кірпі» арандарға құстай ұшып жеттік те, белімізден суға күмп ете түстік. Ол лас, әрі мұздай суық екен. Оны елең қылмастан судың өзек секілді жүлгесімен каналға қарай қозғалдық. Осы ме- зетте оның жағасындағы қазылған ор бізді жау оғынан қорғап тұрды. Жүрісімізді жылдамдата отырып, те- мір көпірге жеттік. Енді Рейхстагқа бар болғаны 100 метрдей ғана жер қалды. Алып та, сұрғылт ғимарат бізге өзінің бар болмысымен зорая көрініп қарап тұр. Осы сәтте екі жақтан атылған артиллериялық шабуыл да күшейе түскен еді. Бірнеше снаряд дәл қасымызға келіп тарс-тұрс жарылды. Енді біздің өз адамдарымыз атқан оқтан да қаза табуымыз әбден мүмкін еді. Соны ойлап, дереу көпір астына барып жасырындық.
Біздің жауынгерлер Рейхстагты барынша бораған оқ астына алған тұста күн де алакөлеңкелене бастады. Ғимарат бірнеше жерден отқа оранып, жанып жатты. Иә, сәт! Бір жағыма аунап түстім де, белімдегі туды босатып алдым. Сыртындағы қағазын жыртып жіберіп, алқызыл матаға сия қарындашпен «674-ші СП.Булатов, Қошқарбаев» деп жаздым. Бұл өзімше, егер қаза тапқан жағдайда соңымызда әйтеуір бір белгі қалсын деп жасаған әрекетім еді. Өйткені, өлім мен өмір айқасқан сол бір тұста ішімізге жұтып жатқан ауаның өзіне де ажал сіңіп алғандай сезіліп еді маған.
Рейхстагты тағы да түтін басты. Осынау бұлдыр көрініс біз үшін үлкен сәттілік еді. Бұдан әрі тосуға болмайтын. Сондықтан осы соңғы ышқынысымызға барымызды салдық. Булатов менен 2 метрдей алға тү- сіп кетті. Бір мезетте Король алаңының өрнектелген тас плиталарының күрт аяқталып, етігіміздің табаны алып ғимарат кіре берісінің мәрмәр табалдырық бас- қыштарына ілінгенін сезіндік. Міне, Рейхстаг қабыр- ғасы! Осы сәтте бірдеңе менің аяғымды тыз еткізді. Назар аудармадым. Себебі, ауадан жақыннан атылған миномет оғының қорқынышты ызыңы естілген бола- тын. Бұл жақсылық емес. Өз жобам бойынша ол біз- ге қарай беттеп келеді. Бақытыма қарай тіреуіш ко- лонналар жақын еді. Соның тасасына тығылдым. Зілмауыр діңгек бағана 5 метрдей қашықтыққа келіп жарылған снаряд жарықшақтарынан қорғап қалды. Қасымнан Булатовтың алқына дем алғаны естіледі.
Ту! Ту қайда? Ол менің қолымда. Оны бекіту керек, бірақ қай жерге? Ол көрінетіндей болып тұруы, алаулап желбіреуі керек. Қабырғаның бір жерінде терезелерді бітеген кірпіштер бар екен. Гриша дереу етігін шешіп тастады да, жалаң аяғымен менің иығыма лып етіп қарғып шықты. Шамасы, оның оқыс қимылынан болу керек, осы сәтте жоғарыдан кірпіштер құлап, біреуі тура менің төбеме түсті. Мен оған: «Байқасаңшы сен!.. Ақырын!..» деп ашулана айқайлап жібердім.
Жоғары жаққа қарадым. Қызыл туымыз кешкі шай- қас өртімен дәл бір от алауындай жарқырап, жанып тұр екен. Ол ғимараттың кіре берісіне ілініпті. Бұл қызыл ту біздің жауынгерлерді шабуылға шақырды. Отанымыздың символы — алқызыл жалауша фашис- тік жыртқыштар апанының кіре берісі ашық деп жа-
риялап, жар салғандай болды. Рейхстагқа ілінген бі- рінші қызыл ту еді бұл!
Біз түстен бергі тозақ жүрістен қатты шаршаппыз. Тапсырманы орындаған соң бір-бірімізге үн қатпас- тан баспалдаққа отыра кеттік. Сағат тілі 18 сағат 30 минутты көрсетіп тұрды. Осы сәтте мен аяғымның қатты ауырғандығын байқадым. Булатов қалтасынан бинт алып шықты да, балтырымды таңып тастады. Байқаймын, сүйегім сау секілді. Міне, осы кезде барып мен болып өткен оқиғаның мән-маңызын ойлауға сәл де болса мүмкіндік алғандай болдым.
Кейіннен 7 сағаттың ішінде 360 метр жол жүргені- мізді білдік. Жас адамға ол е дегенше екі-ақ аттап жете- тін жер секілді. Бірақ, Григорий Булатов екеуміз үшін екі аттағаннан гөрі еске алудың өзі өте қорқынышты тар жол, тайғақ кешу дерлік ажал көпірі еді бұл. Одан аман-есен өтіппіз. Азаппен болса да. Сөйтіп, ажалдың үстінен аттап кетіппіз!..
Рейхстаг кіре берісіндегі ілінген алқызыл жалауды бірінші болып 756-шы атқыштар полкы командирінің орынбасары майор Соколовский көрді. Оның қасында кабель катушкасын сүйреткен телефонист бар еді. Майор аты-жөніміз бен әскери бөлімімізді сұрап алды да, рация арқылы штабқа біздің Рейхстагқа бірінші болып жеткенімізді және оның қабырғасына қызыл туды ілгендігімізді қуанышпен хабарлады.
Бірнеше минут өткен соң біздің төбемізге, Рейхстаг кіре берісінің үстіне қарай қызыл ракета жарқ етіп атылды да алаңнан: «Ура!» деген қуатты үн естілді. Бұл рота командирі Илья Сьяновтың өз жауынгерлерін шабуылға көтерген дауысы еді. Рейхстагқа қарай тол- қын-толқын болып қызыл әскерлер жөңкіле жүгіріп
келе жатты. Осы кезде мен біздің взводқа таяуда ға- на келіп қосылған 18 жасар башқұрт жігіті Рашид Рахматуллиннің минаға қалай тап болып ұшып түс- кендігін көрдім. Рейхстагқа 20 метр қалған жерде жау снарядының жарқыншағынан рота старшинасы Ни- колай Гончаренко жан тапсырды. Оны өзі көтеріп келе жатқан оқ жәшігі үстінен басып қалды.
Қабырғаға сүйеніп отырып бәрін де көріп отырмын. Ұрыс Рейхстаг баспалдақтарындағы кіре берісте, онан кейін оның залдарында жалғасты. Сьянов ротасынан соң капитан Яруновтың ротасы да келіп жетті. Содан сәл уақыт өткен соң Степан Неустроевтің, Константин Самсоновтың, Василий Давыдовтың батальондары Рейхстаг ішінде фашистермен жан алып, жан берісе шайқасты. Осылайша жау ордасына кіру және шығу жолдарының барлығын генерал В.М.Шатиловтың 150- ші Идрицк атқыштар дивизиясының жауынгерлері толықтай бекітіп алды.
Ымырт үйіріле бере ғимараттың үстіңгі қабатта- рында өрт басталды. Гитлершілер бөлмелеріндегі кі- таптары бар шкафтар мен қағаз толы столдарды жинас- тырып, оларға от қойған екен. Мақсаттары шабуыл жасап жатқан біздің жауынгерлерімізге «түтін салу» арқылы Рейхстагтан қуып шықпақ сияқты. Бірақ бұл жандалбаса әрекет фашистерге көмектесе алмады. Қосымша күш келмей, көмек болмағандықтан, жау жағының атысы азайып, қарсылық біртіндеп әлсірей берді. Сөйтіп, түнге қарай 150-ші Идрицк атқыштар дивизиясына берілген әскери советтің №5 туының Рейхстаг күмбезіне тігілгенін естідік. Жау ордасының ұшар басына оны тіккендер М.Кантария мен М.Егоров болып шықты.
— Бұдан кейін не болды? Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен сіз бен қатардағы жауын- гер григорий Булатовтың ғажайып ерлігі өздері- ңіз қызмет еткен дивизия, корпус, армия басшы- лығы тарапынан қалай бағаланды? сөз арасында Жеңіс күнінен кейінгі Берлин қаласына аз-кем тоқталып кетсеңіз.
— 1 майға қараған түні немістердің дауыс кү- шейткіш репродукторлары сөйлеп қоя берді. Олар:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Оқ атуды тоқтатуды өті- неміз! Берлин уақыты бойынша 24 сағатта Потсдам кө- піріне парламентерлер жібереміз. Белгі — ақ жалау»,
- деген сөздерді орысша және немісше оқтын-оқтын қайталап жатты. Бұдан біз гитлерлік командованиенің берілуге бой ұсынып, тізе бүгуге келіссөз жүргізе бас- тағанын білдік. Расында да солай болды. 2 мамыр күні таң ата оянып, орнымыздан тұрсақ, төңірек тып- тыныш. Күндегі тарсыл-гүрсіл сап тыйылған. Тек қи- раған үйінділер арасынан қолдарын көтеріп қыбыр- лай қозғалған жау әскерлері көрінеді. Оларды ерекше тапсырмалар жөніндегі біздің арнаулы бөлім жауын- герлері әр жерге топтастыра жиып, Король алаңынан жайымен айдап өтуде. Міне, Рейхстаг іргесінен сондай бір колонна қозғалып барады. Олар: үнжырғасы түс- кен унтер офицерлер, фельдфебельдер мен гаупт- мандар, оберстер және эсэс баскесерлері мен капрал- дар. Араларында генералдар да бар. Бәрінің баста- ры салбырап, қолдары жансыз ағаш секілді сұлқ тө- мен түсіп кеткен. Бұлардың күні кешегі нацизм мақ- танышы болып саналатын әскери киімдеріндегі оқа- лы погондар мен фуражка кокардалары және жең- деріндегі айшықты свастикалар бүгін сұсты да сесті
түрінен айырылып, бәрінің көк тиын құны қалмаған. Осындай бейшара халге «Гиммлер үйі» мен Ратуша ғимараты жанындағы баяғы ғасырлардан бері мызғы- май тұрған неміс корольдері мен қолбасшыларының мәрмар, қола мүсіндері үнсіз куәгер болып, іштей күр- сінгендей. Тіпті алаңдағы фашизм символы саналатын анау алып ескерткіш, сұрғылт свастика үстінде одырая қонақтап отырған самұрық та қанаттарын төмен тү- сіріп, үшінші Рейхтің масқара жеңілісіне жабыға қа- рағандай.
Ал керісінше... иә, керісінше Бранденбург қақпасы мен Трептев паркі төңірегінде көптен күткен жеңіс күніне біздің әскерлеріміз шат-шадыман болып жатыр еді. Көріп, тамашалап келеміз, аккердеон клавиштері мен балалайка пернелерінде тыным болмай, музыкаға үн қосқан солдат етіктерінің дыбысы эстрада биші- лерінің түсіне де кірмейтін көз ілеспес қозғалыспен асфальт үстін ғажап қимылға бөлеуде. Осы жерде біз тұңғыш рет ақын Евгений Долматовскийді көрдік. Ол өзін қоршап алған медсанбат бөлімшесінің адамдары алдында өлең оқып тұрды. Май айының самал желі оның: «Гвардияшылар Берлинді аралай жүріп, Сталин- градты да есіне алуда», — деген сөздерін әуеге қа- лықтатып әкетіп жатты.
Бұл күнгі қызықтың ең үлкені түске таман Рейхстаг алаңында: «Гитлер армиясы тізе бүкті», — деген ха- барды естіген көршілес армиялардың жауынгерлері Тиргартен мен Унтер ден Линденді, Александр плацты көруге жан-жақтан ағылып келе бастағандығы болды. Сол күнгі Берлиндегі шұғыл шақырылған әскери жиынға қатысу үшін Бухарестен, София мен Белград- тан, Венадан көптеген генералдар да самолетпен ұшып
жетті. Олардың бәрі де алдымен Рейхстагты келіп көрумен, ескерткішке суретке түсумен болды. Содан кейін жиылған жұрт кеше ғана кірпішпен бітелген анау сұсты терезелерден оқ атқыланып, готтар мен пруссактар табынатын әлдебір құдай мүсіндерінің ша- тырлардан ұшып түсіп құлап, әсем вестюбильдер мен балкондар өрнектерінің күлпаршасы шыққанын өз көздерімен көрген 150-ші Идрицк дивизиясы жауын- герлерінің әңгімелерінен естіп білді. Мұнымен бірге олар өртеніп, қаңқасы ғана қалған Рейхстагты айнала қарап жүріп, атылған оқтар мен снарядтардан аттары аяқсыз, бабалары бассыз қалған баральефтерге туған жерлері мен фамилияларын жаза бастады. Сөйтіп, офицерлер мен жауынгерлер осы жерге өздерінің жо- ғарыдағыдай мыңдаған «автографтары» мен «визит карточкаларын» қалдырды. Өз кезегінде біз — Григо- рий Булатов екеуміз де баспалдақтағы автомат оқтары шұрқ тесілген колоннаға «қолтаңбамызды» қоюға тұ- ра келді. Өйткені, сол күндері кім-кімнің де бұлай істемеуіне мүлде болмайтын еді. Ол жазылмаған заң, ішкі интуициялық бұйрық-тын.
Ал енді: «Сіз бен Григорий Булатов екеуіңіздің Рейхстаг қабырғасына ту тіккен ерлігіңіз басшылық та- рапынан қалай бағаланды?» — деген сұрағыңа келер болсақ, мәселе былай. Сол күні де, одан кейінгі аптада да бұл оқиға бүкіл дивизия, армияға белгілі болып, мұны жазбаған газет, жоғары жаққа хабарламаған адам қалған жоқ. Қайта-қайта комиссия келіп, әлденеше беттік баянхат та дайындалды. Суретке түсіріп, жеке анкетамыз да толтырылды. Тіпті, 6 мамыр күні ерекше тапсырмалар жөніндегі әскери бөлімнің қызметкерлері Григорий екеумізді ертіп жүріп, біздің 30 апрель күні
«Гиммлер үйінің» бірінші қабатындағы қай терезеден қалай секіріп түскенімізді, сөйтіп Рейхстагқа қандай жолдармен қанша уақытта жеткенімізді схема түрінде сызып алғаны да бар. Осы арада айта кететін бір жәйт, сол кездері 30 апрель күнгі жау ордасына шабуылда оның екінші бір жағынан да біздікі сияқты қызыл жалау ілініпті. Оны қабырғаға тіккен сержанттар Г.Савченко мен М.Еремин деген әңгімелер жүріп жатты. Тексеру мен анықтау міне, осындай жағдайларға байланысты болса керек. Содан ақыры не керек, 27 мамыр күні Берлиндегі 79-шы корпустан келген арнайы өкіл со- вет әскерлері контингентінің штабына Рейхстагқа ша- буыл жасаушы әскери бөлімдер арасында ерекше көзге түскен ерлік иелері деп бір топ адамды жинады да жауынгерлік Қызыл Ту орденін тапсырды. Бұл награда сол жерде Григорий Булатов пен маған да берілді. Сонымен барлығы тәмам болды.
Енді мына мәселенің басын ашып айтып, соған өзімше былай деп жауап бергім келеді. Ол осы күні елдің бәрі ерліктің өз дәрежесінде бағаланбауы деген ұғымға қатысты жәйт. Бекер обалы қане, сол кезде бұл жағдай дұрыс бағаланған. Басшылар бізді Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынған. Бірақ Григорий екеуміздің әкелеріміздің 1937 жылы «халық жауы» деп ұсталып, істі болуы себепті шешім кейінге шегерілген. Сол реляция қазір СССР Қарулы Күштері Бас штабы- ның архивінде жатыр.
Мен ол кезде оны ойлағаным жоқ. Атақ, даңқ емес, сол жолы, яғни 30 апрель күні қияметтің қылкөпірінен аман өтіп, тозақ отынан тірі қалғаныма қуандым. Бұған біреу сенер, біреу сенбес, ертеңіне, 1 майдың таңында
оянғанымда, көкжиектен шығып келе жатқан күн шұ- ғыласын көріп: «Тәубе!» — дедім күбірлеп. Өйткені, бұл дүниеде қара табаныңмен қара жерді басып, тір- шілік белгісі — ақ таңды қос жанарыңмен көріп, оны аман-есен қарсы алғаныңнан артық ештеңенің кере- гі жоқ екен. Мұндай өмірлік ұстанымымның тууына мына жағдай себеп болды. Жоғарыда мен 6 мамыр күні ерекше тапсырмалар жөніндегі әскери бөлімнің қыз- меткерлері Григорий Булатов екеуміздің «Гиммлер үйі» мен Рейхстагтың арасындағы жүріп өткен жолы- мыздың бүге-шігесіне дейін тексеріп өтті дедім ғой. Міне, сонда: «Мынадай ажал аузынан осыдан 7 күн бұ- рын қалай аман қалғанбыз?» — деп жағамды ұстаған едім. Себебі, жау ордасының жан-жағы баррикада тә- різдес құм қаптармен қоршалыпты. Ені 600, ұзындығы 1200 метр болатын Король алаңына 15 дот салынған. Бұған қосымша өзіміз сөз етіп отырған осы алаңға көлденең, Рейхстагтан 120 метр жерде су жіберілген бөгет ор бар болып шықты. Ол ешбір әскери картада көрсетілмеген. Оған жау ордасына жақын жердегі үй- лердің шатырларына орнатылған түрлі калибрдегі зе- нит зеңбіректері мен пулеметтерін, Тиргартен маңа- йындағы жерге көміліп қойылған артиллериялық қа- руларды қосыңыз. Міне, кейін осы шағын ғана жер
- Рейхстаг ауданын өліспей беріспеуге бел байлаған 6
мың эсэс баскесерлері қорғағанын айтты бізге ерекше бөлім қызметкерлері. Ал енді осындай жерден аман шығу... Бұл енді Алланың маған тартқан сыйы қарағым. Сондықтан осы күніме шүкіршілік етемін.
— Елге қашан қайттыңыз?
— Біздің 674-ші полк совет әскерлерінің Берлинде-
гі шектеулі контингенті құрамында 1947 жылға дейін тұрды. Содан соң елге қайтуға рұқсат берілді. Варшава, Киев, Мәскеу, Челябіні көктей өтіп, Ақмолаға келдім. Жүдеу өмір, көңілі қаяу жұрт. Жағдай сұрап жайбара- қат жүретін заман емес. Жан бағу үшін жұмысқа тұр- дым. Педучилищеде оқитын Гүлжиһан атты бойжет- кенмен таныстым. Бір-бірімізді ұнатқан соң, үй болып, отау құруға сөз байластық. Ата-анасы қарапайым адам- дар екен. Ақмоладан онша қашық емес, Бүксін өзенінің жағасындағы «Жаңа тұрмыс» колхозында тұратын бо- лып шықты. Гүлжиһан бес ағайынды еді. Олар: өзі және Үмітжан, содан соң Жантас, Сабыр, Қадыр. Әкесі Сәрсенбай Қасенов сол кездегі замандастары секілді алдымен колхозда жұмыс істеген шаруа адамы, содан соң соғысқа барған майдангер-тін. Отағасының ал- дынан өтіп, батасын алған соң ол кісімен жақынырақ танысып, талай әңгімеге қанықтым. Соның бірі мына оқиға. Ақсақал Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың күзінде алыныпты. Ленинград бағытындағы майданда болған. 1942 жылғы жаз айларының бірінде ауыр кон- тузия алып, опырылған траншея топырағының астын- да қалыпты. Бұл жағдайды Степан Лазаренко деген қа- руласы кездейсоқ көріп қалады да, басқа жауынгерлер- ге айтып жүріп Сәрсекеңді окоптан қаздыртып алады. Сөйтеді де санчастьқа тапсыртып, есі жиналған соң елге қайтартады.
Гүлжиһан екеуміз үйленіп, отбасын құраған соң, сол
кездегі аты жиі естіліп, жастарды жұмысқа шақырып жатқан «Мойынты — Шу» теміржол құрылысына ат- тандық. Сарышаған станциясындамыз. Үй берді. Кәсіп бар. Өмір жақсы. Бірақ ауа райы қатал. Күн ыссы. Жер
сортаң. Су ащы. Мұның бәріне көндігіп кетер ме едік қайтер едік, егер бір бақытсыз оқиға болмағанда...
Зайыбымның аяғы ауыр, екіқабат-тын. Әне-міне босанады деп сәби күтіп жүргенбіз. Көршілеріміз де жандары қалмай, Гүлжиһан мектептен кітап, дәптер бумаларын әкеле жатса, оларды көтертпей, алдынан шығып өздері үйге әкеп тастайтын. Сөйтіп жүргенде бір күні толғақ қысып, ауруханаға түсті. Содан ол сол жерден қайтып тірі шықпады. Өз аяғымен барып, өлі күйінде үйге оралды. Шешесін жұтқан шақалақ ұл бала еді. Алты айдан кейін ол да шетінен кетті. Сонымен басқа ұрған танадай мең-зең болып, не істерімді біл- мей қалдым. Көрші-көлем, жора-жолдастарымның қол- дарынан басу айтқаннан басқа не келеді. Жылы сөздері мен жәрдемдерін аямайды-ақ. Бірақ менің еңсем кө- терілер емес. Өстіп жүргенде еңбек демалысымның да уақыты келді. «Алматыға барайын», — деп ойладым іштей. Осы шешіммен Алатау баурайына қарай тарт- тым. Содан Сарышағанға қайта оралғаным жоқ.
Алматыда, ол кезде, айтпақшы қазір де бар, «Гор- комхоз» деген мекеме болды. Сонда әртүрлі жұмыстар істеп жүрдім. 1953 жылғы желтоқсан айының аяғында қалалық әскери комиссариат Ұлы Отан соғысына қа- тысқан запастағы офицерлерді жинап, Қазақстан Ком- партиясы Орталық комитетінің Әкімшілік бөліміне алып келді. Бұл басқосудан ұққанымыз: таяуда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен 1918-1920 жылдар- дағы азамат соғысы және 1928-1932 жылдарғы кол- лективтендіру кезінде Қытайға ауып кеткен қандас- тарымызды Қазақстанға қайта оралту жұмысы баста- лады екен. Мақсат — соғыстан кейін әлсіреп кеткен
жұмыс ресурсын жандандыру. Соған байланысты Се- мей өңірінен Бақты, Мақаншы, Алматы облысынан Қорғас, Нарынқол шекара пункттері ашылып, оған жауапты адамдар 1954 жылдың 1 мартынан бастап арғы беттен бері өткен ағайындарды лайықты дәрежеде қарсы алулары керек. Бұл жұмысқа кешегі Ұлы Отан соғысындағы темірдей тәртіп тезінен өткен, ресми іс қағаздарын толтыруда тәжірибелері бар біз сияқты за- пастағы офицерлер тартылатын болыпты.
«Бәрекелді! — дедік мына сөзді естігенде бәріміз.
- Жақсы хабар, дұрыс іс екен. Құдай енді елге елді қостыратын осы көштің сәтін берсін!». Сөйттік те жарты ай шамасында буынып-түйініп, осыдан 10 жыл бұрынғы майдан даласындағы взвод, ротаға жетекшілік еткен лейтенанттар, батальонға басшы болған капи- тандар мен майорлар, осы құрылымдардағы саяси жұ- мыстар жүргізген политруктер Орталық Комитеттің жіберген жерлеріне тарттық та кеттік. Құрамында мен бар 12 адамдық топ Жаркент қаласына келіп түстік. Осындағы Красноармейская көшесінде бізге арналған кеңсе үйі бар екен. Оған «Қоныстандыру пункті» деген жазуы бар тақтайша іліп қойыпты. Жұмысымыз өте қауырт. Жүктелген тапсырма түрлері: шекарадан өтіп келген қандастарымызды отбасы бойынша тізімге алу, әрқайсысының қолдарына паспорт алғанша деп уақытша куәлік ретінде жүретін сурет жапсырмасы бар анықтама-справка беру, 3 күндік карантинде ұстап, дәрігерлік-санитарлық бақылаудан өткізу, содан соң оларды Қазақстанның солтүстігіндегі тың көтеріліп жатқан өңірлерге жұмыс күші ретінде жіберу еді. Бі- рақ уақыт өте келе мынадай қиындыққа кезіктік. Ол
бір кездері Қытайға ауғандардың дені осы өңірлерден болғандықтан, көбінің енді 30-40 жылдан кейін әрең көрген атамекенінен алысқа ұзап кеткісі келмегендігі еді. Және жұмыс күші жалғыз тың көтеріліп жатқан солтүстік облыстарға ғана емес, соғыстан еркек кіндік азайып кеткен мұнда да өте қажет болып шықты. Осындай проблемаларға кезіккен соң Үкіметке хат жазып, телеграмма салдық. Жоғарғы жақ бұған тез жауап қатты. Олардың ұйғарымы бойынша бізге, егер шекарадан бері өткен азаматтың Алматы не Семей өңірінде туысқаны табылып, ол Қытайдан келген жа- қынын бір жылға дейін бағып-қағып, қатарға қосуға шамам келеді деп қолхат берсе, мұндай отбасыларды тың жерге жібермей-ақ, сол ауыл, ауданда жұмыс күші ретінде қалдыруға өкілеттік беріпті. Міне, осыдан ке- йін ісіміз ілгері басып жүре берді. Шеттен келген аға- йындармен арада жақсы бір сыйластыққа толы түсі- ністік орнады. Бұған сол кездері өзім куә болған мына өмірлік мысалды айтсам, сол көп жайдан хабар береді ғой деп ойлаймын.
1955 жылдың күзі болуы керек, біздің Красноар-
мейская көшесіндегі қоныстандыру жасы 25-26 шама- сындағы жігіт келіп кірді. Амансаулықтан кейін ол өзі- нің бір бұрын арғы беттен бері өткенін, содан осы Пан- филов ауданындағы Жаркен педагогикалық училище- сін бітіріп, қала іргесіндегі Кішішыған ауылында мұ- ғалім болып орналасқанын айтты да әңгіме арнасын басқа тақырыпқа бұрды. Оның сөзіне қарағанда осында 2-3 күн бұрын Қытайда қалған Бексұлтан Жәбіков деген жалғызбасты немере інісі Қорғас заставасынан бері өтіпті. Сыбай-салтаң, аяққа оралғы балашағасы
жоқ жас адам болғандықтан, бақылау пунктіндегілер оны тың игеріліп жатқан солтүстік өңірдегі Қостанай облысының Боровской ауданына жіберуге шешім қа- былдапты.
– Өзі момын, сауаты да шамалы, оның үстіне орыс тілінен мүлде мақұрым еді бауырым. Ағайын-туғаны- нан алысқа барып қалай күнелтеді? – деген уайымын айтты әңгіме иесі.
- Аты-жөнің кім? – деп сұрақ қойдым осы арада мен оған.
- Тоқбай Исабеков.
- Жарайды, інішек... Енді мәселе былай, – дедім. – Немере інің өз-өзіне келіп, мына ортаға бейімделген- ше, оны бағып-қаға алатын шамаң бар ма?
- Ойбай, о не дегеніңіз?... Өзім ештеңе ішіп-жеме- сем де, ештеңе кимесем де барымды соған беремін ғой.
- Жеке басы мен жүріс-тұрысы деген сияқты тәртіп жағына да жауап бересің ғой?
- Иә,
- Онда осылай деп өтініш – қолхат жаз да ініңді мына ауладан тауып алып, ауылыңа қайт.
- Ой, рахмет ағасы! Бұл жақсылығыңызды өле-өл- генше ұмытпаспын. Көсегеңіз көгерсін! – деп ол қатты қуанды.
...Сөйткен Тоқбай, иә, сөйтіп танысқан Тоқбай Иса- беков кейін Жаркент өңіріне сыйлы ұстаз атанды. Мұға- лімдік қызметті қаламгерлікпен жалғастырып, бірне- ше кітаптың авторы атанған соң Қазақстан Жазушы- лар одағының мүшелігіне қабылданды. Ал әлгі жал- ғызбасты жігіт – Бексұлтан Жәбіков колхозда жан ая- май жұмыс істеп, озат сушы – мұрап болды. 5 ұл,
2 қызды өмірге әкеліп, әйелі арқыт екеуі бақытты өмір сүруде. Тоқбай да, Жәбік те қазір сол Жаркент өңіріндегі өздерінің ата-бабалары туып-өскен жер- де. Барыс-келесіміз жақсы. Үнемі хабарласып, хал- жағдайымызды сұрасып тұрамыз.
— Дұрыс екен. Ал енді мынаны айтыңызшы, аға! Ол жақтағы, яғни, шекарадағы жұмыстан қа- лай босап, Алматыға қашан қайттыңыз? содан соң одан кейінгі және қазіргі өмір жолыңыз туралы да қысқаша айта кетсеңіз. себебі, бұлар бүгін жай, қалыпты нәрсе ретінде көрінгенімен, болашақта қажетті деректер болары анық.
— Қорғас шекарасынан Алматыға бізді 1956 жы- лы қайтарды. Келген бойда сол баяғы қалалық комму- налдық шаруашылық жұмысына қайта кірісіп кет- тім. Кейін Октябрь және Чайковский көшесінің қиы- лысындағы моншаның меңгерушісі болдым. Сөйтіп, жүргенде 1965 жылғы Жеңістің 20 жылдығы мерекесі қарсаңында мені Мәскеу мен ГДР-дан түрлі делега- ция өкілдері жиі іздеп келе бастады. Сұрайтындары
- Берлиндегі баяғы Рейхстаг оқиғасы. Міне, сондай кездесулерде сырт көз адамдардың біреуі болмаса бі- реуі Ұлы Отан соғысының әйдік батырына көрсеткен құрметтерінің түрі осы ма деген сияқты ескерту ай- тып қала ма деп қауіптенді-ау деймін, Алматы қала- лық советі атқару комитетінің төрағасы Есен Дүйсе- нов менің қызметімді өсірді де жіберді. Сөйтіп ойда- жоқта монша меңгерушісінен қалалық коммуналдық және көркейту басқармасы бастығының орынбасары болып шыға келдім. Ал содан екі жыл өткен соң Қазақстан астанасының ең сұлу әрі әсем архитекту- ралық туындыларының тұңғышы — «Алматы» қонақ
үйі өмірге келді. 1967 жылы сөз етіп отырған ғима- раттың лентасы қиылып, салтанатты жағдайда ашыл- ғаннан бері мен міне, осында директор болып қыз- мет атқарып келемін. Коллектив мүшелері — өз ісінің мамандары. Ұйымшыл, тәртіпті, саналы, мәдениетті жандар. Үлкендерге ізетпен, кішілерге қамқорлық- пен қарайтын осындай адамдармен жұмыс істеп келе жатқаныма тәубе деп өзімді бақытты сезінемін.
Әңгіме аяқталды. Сағатыма қарадым. Циферблат тілі кешкі 8ге таяп қалған екен. «3 сағатқа жуық әңгімелесіппіз ғой», — деді осы кезде секретарьша қыз ға шай әкелуге тапсырма беріп жатып Рахаң да ме нің қимылымды байқап қалып. «Иә, көп сөйлестіңдер. Біраз нәрсе айтылды. Өзіңмен 30 жылдан бері аралас құралас болып келе жатсам да сен туралы кейбір жәйттерді мына мен де жөнді білмейді екенмін. Бұл бір жақсы әңгіме болды», — деп орнынан тұрды бөл менің бір бұрышында біресе теледидар көріп, біресе газет оқып отырған Қасым аға Қайсенов те.
Үшеуміз шайға отырдық. «Қазақ, — деп бір әңгіме бастады осы кезде сәл қуақылана жымиған Рахаң, — қонағын қой сойып қарсы алған ғой. Біз саған қой ғана емес қалқам, мына жерге бүкіл жанжануарды тізіп әкеп отырмыз. Ұялма, қалағаныңды алып, ішіпжеп отыр». Бұл сөзге Қасекең мәз болды. Ал мен әңгіме не туралы болып отырғанын түсінбей қалдым. Сосын барып дастарқандағы аю, әтеш, құлын, торғай, балық бейнеленген ұсақ печеньелерді көріп күліп жібердім. Рахаң міне, соларды айтып қалжыңдап отыр екен.
Қайтарымда мағыналы да мәнді әңгімесі үшін ба тыр ағаға рахметімді айтып, дипломат сөмкемнен ол кісінің 1978 жылы «Жалын» баспасынан шыққан
«Жеңіс жалауы» кітабын алып, автограф жазып беруін өтіндім. Рахаң бұған ризашылықпен келісіп:
«Жанболатқа. Зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Ағаң Рахымжан Қошқарбаев. 9 май, 1984 жыл. Алматы»,
- деген сөздерді жазып ұсынып жатты да: «Бүгін 9 октябрь екенін білемін. Бірақ мен елжұртқа бер ген қолтаңбаларыма 9 май күнін жазуды әдетке ай налдырғанмын. Ол қандай мереке екенін білесің ғой»,
- деді. Сөйтті де столының тартпасынан шағын қатырма қағазды суырып алып, оған өзінің қолын қой ды да: «Мынау менің 60 жылдығыма арналған ша қыру билеті. Келін екеуің келіп қатыс. Жарай ма?»
- деп шығарып салды. Сыртқа шығып, қолымдағы қағазға үңілсем, онда орыс тілінде: «... Сізді Рейхстаг шайқасының қаһарманы, соғыс ардагерлері комитеті Алматы секциясының президиум мүшесі Рахымжан Қошқарбаевтың 60 жылдығына арналған салтанат ты кешке қатысуға шақырамыз. Кеш 1984 жылдың 19 октярінде кешкі сағат 17де Қазақстан Жазушы лары одағының конференцзалында өтеді (Алматы қаласы, Коммунистік проспект 105ші үй). Мерейтой лық комиссия», — деп жазылыпты.
* * *
Факт. 1987 жылдың февраль айы еді. Теориялық саяси басылым — «Қазақстан коммунисі» журналына келгеніме бір жылдай уақыт болған. Бір күні жауапты хатшы Әбиболла Ахметов ағамыз мені кезекті нөмір гранкаларының жағдайын біліп келу үшін баспаханаға жұмсады. Тапсырманы орындап, редакцияға қайта оралсам, Әбекең: «Бас редакторға амандасуға Рахым жан Қошқарбав келді. Сенің кабинетіңнің есігі жабық
тұрғанын көріп: «Мені күтсін. Кәкеңнен шыққан соң соғамын», — деп кетті деді.
Жауапты хатшының Кәкең деп отырған кісісі осы редакцияның басшысы Кәкімжан Қазыбаев. Рейхстаг қаһарманы Рахымжан Қошқарбав туралы алғаш қа лам тартып, деректі повесть жазған журналист. Сондықтан Рахаңның мұнда келуі түсінікті. Бірбі рінде тығыз шаруасы болғаны ғой шамасы.
Осылай деп ойлап отырғанымда қабылдау бөл месінен сырт киімін киіп, бері қарай бұрылған Ра хымжан ағаның өзі де көрінді. Алдынан шығып аман дастым. Халжағдай сұрасып бөлмеге кірген соң ол кісі бас редактордың өзін менімен әңгімелесуге жіберге нін айтты. «Кейін 3 жылдан соң, Ұлы Жеңістің 45 жылдығында керек болады. Ойында бұрын біз айт паған, біз сөз етпеген тақырыптарға байланысты сауалдар жүрген болса, осы жолы сұрап алсын», — деп айтты деді Рахаң маған қарап. Содан әңгіме баста лып кетті. Ол төмендегі деректер мен мәліметтерге көз жеткізіп, соларды тірнектеп жинауға деген тал пыныс еді, құрметті оқырман.
— сіз Рейхстаг үшін шайқаста оның қабырға- сына тұңғыш рет ту тіккен адамсыз. Оны жұртқа жеткізуде, сол тарихи сәтті ресми документтерде дерек ретінде дәйектеуде баспасөзде жарияланған материалдардың рөлі зор екені анық. сұрайын дегеніміз, сіздің жоғарыдағы ерлігіңіз туралы сол 1945 жылғы Жеңіс күндері қарсаңында іле-шала қалам тартқан адамдар болды ма? Болса олар кімдер еді?
— Ең алдымен 2-май күні Рейхстаг түбінде дем-
алып жатқан бізге өзіміздің 150-ші Идрицк дивизия- лық газетінің тілшісі Василий Субботин келді. Ол командирден болған жайды тәптіштеп сұрап алып, со- дан кейін менімен, Григорий Булатовпен сөйлесті. Ол осылай келіп кеткен соң, ертесіне, яғни, 3-май күні біз- дер сол дивизиялық «Воин Родины» газетіне ірі әріп- термен жазылған листок іспеттес хабардың шыққанын көрдік. Онда былай деп жазылыпты: «Отан өз ерлері- нің есімін құрметпен атайды. Совет қаһармандары — халықтың адал ұлдары. Олардың теңдессіз ерлігі ту- ралы кітаптар жазылады, әндер шығарылады. Бұл жау- жүрек жігіттер гитлеризм ордасына басып кіріп, Рей- хстагқа жеңіс туын қадады. Батырлар есімін жадымыз- да сақтайық: лейтенант Рахымжан Қошқарбаев, қызыл әскер Григорий Булатов. Бұлармен тізе қоса шайқасқан басқа даңқты жауынгерлердің есімдері: Провоторов, Лысенко, Орешко, Бреховецкий, Сорокин. Батырлар- дың даңқы арта берсін!».
Ал 5 мамыр күні осы газетке соның алдында біз- бен жолығып, әңгімелескен журналист Василий Суб- ботиннің «Олар жеңіс тұғырын көтерді» деген тақы- рыппен өз аты-жөнін қойған көлемді мақаласы шық- ты. Мұнда болған оқиға төмендегідей мазмұнда жан- жақты ашып көрсетіліп, толық баяндалған.
«Командирлер лейтенант Рақымжан Қошқарбаевты нағыз ержүрек жігіт ретінде білетін. Оны капитан Да- выдов міне, сол себепті де өз штабына шақыртқан еді. Ол Қошқарбаевқа жалау ұсынды. Алқызыл ту Берлин қамалына дейінгі қиын жолды бұзып-жарып өткен, осылайша, өз қандарын аямай төккен жандардың алға қарай ұмтылыстары мен арман-мүдделерінің симво- лы секілді болатын.
— Мұны Рейхстаг ғимаратына тік, — деді офицер. Давыдов лейтенантты терезенің жанына шақырып,
алаңнан ары қарайғы жерді нұсқады. Ол жер Рейхстаг
- гитлершілердің мекені еді.
Қошқарбаев, қызыл әскер Григорий Булатов, сон- дай-ақ олардың соңынан ерген басқа да батыл жеті жауынгер сыртқа бірінші қабаттың терезесінен секіріп түсті. Рейхстагқа дейінгі жол от кешу жолы, төзімге толы ерік-жігер мен жүйкені ширықтырған өте қиын жол болды. Үйлер өртеніп, отқа оранған болатын. Ал снарядтар көшедегі бетон плиталарды тас-талқан етіп, ысқырған оқтар болса үй қабырғаларын шұрқ тесік етіп жатты. Сыртқа шыққан жігіттер алға қарай адымдап, кішкене жүгіргеннен кейін оқ нөсерінен бас көтере алмай бұғып қалды. Жан-жағына қараған Бу- латов:
- Біз екеуміз ғана қалдық. Бораған оқ оларды біз- ден бөліп тастады, — деді.
Осылайша, жауынгерлер әрі қарай жүре берді. Қара қоңыр қағазға оралған жалау Қошқарбаевтың дәл жүрек тұсында жатқан болатын. Біртіндеп, ара- қашықтық қысқарғандай болды. Офицер мен жауын- гер көпірге канал арқылы жетті. Рейхстаг қол созым жерде ғана еді. Алайда, бораған оқ үдей түсті. Дәл осы жерде, көпірдің астында, офицер сия қарындашпен жа- лаушаға үлкен әріптермен: «Лейтенант Қошқарбаев, жауынгер Булатов» деп өз аты-жөндерін жазды. Ал төменгі тұсына өз бөлімдері мен бөлімшелерін белгі- леп қойды.
Аз-кем уақыттан кейін оларға Виктор Провоторов, Иван Лысенко, Михаил Габидуллин, Степан Орешко, Павел Бреховецкий, Михаил Почковский сынды се-
ріктері, олармен қоса, лейтенант Семен Сорокин де ке- ліп қосылды. Олар жаңа серпінмен оқыс қимылдап, алға ұмтылды. Міне, қою қара түтінге оранған Рейхстаг қақпасы. Снаряд жарықшақтарымен зақымдалған алып бағандар, автомат оқтары осып өткен адам, ат мүсін- дері, кірпішпен жабылып, бітелген биік те ұзын те- резелер. Олар осыларды көріп, ішкі түйсіктерімен се- зіп келеді, діттеген жерге де жақын қалған сияқты. Лейтенант Сорокин өзге сарбаздармен бірге кіре беріс жолдарды қалқалап, қалып қойды. Тап осы кезде Қош- қарбаев Булатовты терезенің жақтауына дейін шыға- рып, көтеріп тұрып: «Туды тік, Булатов! Қабырғаға қада!», — деді. Осылайша, олар бірігіп, Рейхстагтың кіре берісіне алқызыл жалауды ілді.
Дәл осы минутта маңайда бейнебір тыныштық ор- нағандай болды. Сарбаздар, сержанттар, офицерлер — Берлинге жеткен барлық әскерлер Жеңістің жалауын көрді. Рейхстагқа тігілген бұл туда күл мен өртке оранған селоларымыз, дұшпанның қиянатын басынан кешірген қасиеттеріміз арқылы бізді өшпенділіктің ошағы — Берлинге дейін жеткізген соғыстың ұлы жә- не қиын жолы бейнеленіп тұрғандай болып көрінді. В.Субботин».
Ұмытып барады екенмін, 2 мамыр күні осы Ва- силий Субботиннен кейін іле-шала 3-ші армияның
«Фронтовик» газетінен суретші-график Илья Кричев- ский мен фототілші Владимир Гребневтің келгені бар. Бұлар да бізбен жеке-жеке әңгімелесіп, содан соң батальон командирі Сергей Неустроевтен газетке кім- дердің суреттерін берген дұрыс деп сұрады. Ол фо- тоға түсіруге мені, ал автопортрет секілді суретке ро- та командирі Илья Сьяновты лайықты деп шешті.
Сөйтіп, Владимир Гребневтің сондағы түсірген фо- тосы армиялық «Фронтовик» газетінің 17 майдағы нө- мірінде «Берлин шабуылының батырлары» деген атпен жарық көріп еді. Осы екі аралықта өзіміздің 150-ші Идрицк дивизиясының командирі, генерал-лейтенант Василий Митрофанович Шатиловтың, «Правда» газе- тінің тілшісі Мартын Мержанов пен «Красная звез- да» басылымының қызметкері Лев Деманның, «Лите- ратурная газетаның» майдандық тілшісі болып жүрген атақты жазушы Борис Горбатовтың да келіп сөйлеске- ні әлі күнге дейін көз алдымда. Сондағы жүздесуден алған әсері болуы керек, көрнекті қаламгер СССР Жазушылары одағының 1948 жылғы 18 декабрьде пат- риотизм тақырыбы туралы Мәскеуде өткелі жатқан пленумы қарсаңында: «...Расында да, біздің армия- мыздың жауынгерлерін қырандарға теңеуді доғара- тын кез жетті. Менің көзімше... Рейхстагқа жеңіс жалауын тіккен қазақ Қошқарбаевпен қандай бүркіт теңесе алады? Мұндай батырды көрсету үшін, тіпті де басқаша поэтикалық құрылым, басқа поэзия — социалистік реализм поэзиясы керек...» — деп жазды.
Енді сөз ретіне қарай 1949 жылы көктемде Мәскеу- ден Алматыға атақты кинорежиссер, Социалистік Ең- бек Ері Роман Карменнің келгенін айтайын. Бұл кі- сінің Қазақстанға ат басын бұруының себебі сол кез- дері одақ экрандарында әрбір маусым сайын бір шы- ғып тұратын «Советтік Қазақстан» киножурналын тү- сіріп қайту екен. Сонда Роман Лазаревич мені көп із- деп, көп сұрастырып, таба алмапты. Ақыры тиісті жұмыстарын бітіріп болып, Мәскеуге қайтарында «Ка- захстанская правда» газетіне сұхбат беріпті. Осы ба- сылым тілшісінің 1949 жылғы 8 майдағы Роман
Карменмен интервьюін тауып алып, оқитын болсаң- дар, онда мынадай сөйлемдер бар: «...Біз бұрынғы май- дангерлердің еңбектегі істеріне кеңірек тоқталдық. Солардың бірі Қошқарбаев жолдаспен менің өте-мө- те қайта кездескім келеді. Қазір ол қайда? Менде қаһарман жауынгерлердің Рейхстагқа қызыл жалау ті- гіп жатқан сәтін бейнелейтін кинокадрлар сақтал- ған. Бұл 1945 жылдың сол бір естен кетпес күні болған еді».
— Ал енді аға, өзіміздің қазақ қаламгерлері мен қазақ газет-журналдары туралы әңгімеге көшейік. Олардан сол кездері сіз, сіздің ерлігіңіз туралы жазған біреу болды ма? Болса, қиянат жасама- йық, сөз ретіне қарай айтып, есімдерін ел есіне салайық.
— Осыдан бұрынғы бір әңгімемде мен өзіңе 1947 жылы әскерден босап, елге келдім деп айттым ғой. Тиісті жұмысымды істеп жүріп жаттым. Сондағы таңғалғаным, өзіміздің қалам иелері арасынан: «Ор- талық газеттер осы жігіт туралы 1945 жылдан бері жазып жатыр ғой. Сол оқиға қалай болды екен? Біз де білейік те», — деп сұраған бірде-бір жанды кез- дестірмедім. Сөйтіп, арада он жылға жуық уақыт өтті. 1956 жылы атақты Баукең, Бауыржан Момышұлы әс- кери қызметінен босап, Алматыға келіпті деп естідім. Жұмыстан қолым босамай, әне-міне деп жүріп, 1957 жылдың аяғында ғой деймін, сәлем беруге бардым. Жақсы қабылдады. Дастарқан басында айтылмаған әң- гіме, шертілмеген сыр қалмады. Кетерімде қайда, кім- нің қарауында, нендей қызмет істейтінімді жазып алып қалды. Көп кешікпей мынадай әңгімені құлағым шалды. Өзім іздеп барған сол Баукең, аруағыңнан ай-
налайын Бауыржан ағам Қазақстан Жазушылары ода- ғындағы үлкен жиынға барғанда сөз алыпты да: «Бізде осындай адам бар. Оны білмейсіңдер, көрмейсіңдер. Ол «исторический человек», — деп әлдекімдерге қат- ты кейіпті. Содан бір күні мені журналист, республи- калық «Лениншіл жас» газетінің жауапты хатшысы Кәкімжан Қазыбаев іздеп келіп сөйлесті. Кейін оның газеттің 1958 жылғы 20 февраль күнгі санында «Рейхс- тагқа ту тіккен қазақ» деген көлемді очеркі басылды. Бұл республика баспасөзінде мен жайында шыққан тұңғыш мақала еді. Кәкең, Кәкімжан ағаларыңды мі- не, содан бері өте жақсы білемін, қарағым. Ол менің жолдасым, досым, бауырым десем де болады. Құдай көп көрмесін, 29 жылдан бері бір-бірімізге сүйеу, демеу болып келе жатырмыз. Алда да осылай бола бергей деп тілеймін жаратқаннан.
— лайым солай болсын. тілегіңізге жетіңіз, аға- сы! Дұрыс екен. Енді манағы үзіліп қалған әңгі- меміздің жалғасы — сіз туралы жазуды жалғас- тырған орталық газеттер материалдарына қайта оралсақ. Кейінгі зерттеушілердің іздеп тауып, та- нысуына жеңіл болсын, 60-70-ші жылдары Мәс- кеуден шығатын белді басылымдарда кімдердің қандай дүниелері, қашан, қай уақытта жарық көрді? Оларды мүмкіндігінше нақты, олай болма- ған жағдайда шамамен болжап айта аласыз ба?
— Көп қой олар. Ерекше есімде қалғаны деп бі- рінші кезекте мысалы сол баяғы ескі танысым, соғыс кезіндегі дивизиялық газеттің тілшісі, ал кейін деректі прозаның көрнекті өкілі болған Василий Субботиннің 1960 жылғы «Новый мир» журналының №5 санында жарияланған «Мың төрт жүз оныншы күн» атты ма-
қаласын айтуға болады. Онда ол мәселеге жаңаша қырынан келіп, материалын біраз тың деректермен байытып жазған. Содан кейін соғыс кезінде біздің 3-ші армиялық газеттің суретшісі болған, бейбіт кезеңде қаламы ұшқыр журналист атанған Илья Кричевский- дің 1962 жылғы 9 майда «Комсомольская правда» газетінде «Ерекше тапсырма» атты естелігі жарық көр- ді. Онда ол: «Зеңбірек расчетінің командирі, сержант Хабибуллин Рейхстагқа тура наводкамен бірінші бо- лып оқ жаудырса, лейтенант Қошқарбаевтың взводы осы жау ордасының ғимаратына басқалардан бұрын жетіп, оның кіре берістегі қабырғасына қызыл жалау- ды қадады», — деп болған оқиғаны нақты айтқан. Осындай жарияланымдар «Жеңіс туы қалай тігіліп еді» деген тақырыппен 1963 жылы 9 майда «Правда- да», «Отты жылдар хикаясы» деп 1964 жылы 25 фев- ральда «Литературная газетада», «Ту ұстаушылар» тақырыбымен 1964 жылы 30 апрельде «Комсомоль- ская правдада» шықты. Бұлардың бәрінде де Григо- рий Булатов пен менің Рейхстаг қабырғасына 674-ші полк командирлерінің берген қызыл жалауын қалай апарып тіккеніміз туралы егжей-тегжейлі жазылған.
Осы арада өзім үшін ерекше оқиға деп бағалай- тын мынадай екі-үш жағдайды да айта кеткенді жөн көріп отырмын. Біріншісі — 1965 жылы 6 майда Мәс- кеуге арнайы шақырылып, Орталық телевизиядағы
«Көгілдір от» хабарына қатысуым. Жеңістің 20 жыл- дығы қарсаңында ұйымдастырылған сол кездегі бұл қызықты бағдарламада мен Совет Одағының үш мәр- те Батырлары, әйгілі ұшқыштар Александр Иванович Покрышкин мен Иван Никитович Кожедуб, Украина мен Белоруссиядағы партизан құрамасының жаужүрек
командирі генерал-майор Александр Николаевич Са- буров пен жазушы Борис Плевойдың «Адам туралы аңыз» повесінің прототипі Алексей Маресьев секілді танымал тұлғалармен қатар отырып, өзіме сөз тигінде 1945 жылдың 30 апрелі күнгі тарихи оқиғаны толық айтып бердім.
Содан сол жылы... иә, сол 1965 жылдың жазға са- лым кезі ғой деймін, мені Алматыға Герман Демок- ратиялық Республикасынан Карл Кокошко деген неміс журналисі іздеп келді. Ол соғыс аяқталғанда 15-16 жастағы бала екен. 1953 жылы Берлинде жоғары оқу орнын бітіреді. 1960 жылы қалалық газетте жұмыс іс- теп жүргенде, қолына уақыт табынан сарғайған бір парақ қағаз түседі. Бұл документ баспаханадан неміс тілінде басылыпты. Карл оны оқып, зерттей келе мұ- ның совет әскерлері Берлинді алған 1945 жылғы май күндерінде шығарылған листовка екеніне көз жеткі- зеді.
— Бұл сол кездегі антифашистердің тірлігі еді, — деді осы жерге келгенде шетелдік қонақ. — Гитлер режиміне қарсы күрескен неміс коммунистері халық- қа соғыстың соңғы күндеріндегі болып жатқан жаңа- лықтарды мүмкіндігінше тез жеткізіп отыруға тырыс- қан ғой.
Карл осылай деді де, өзі алып келген мына листов- када Қошқарбаев деген менің фамилиямның бар екенін айтты. Бұл сөзді естігенде таңғалып, үн-түнсіз отырып қалдым. «Не деп жазды екен? деймін іштей. — Олар мені қайдан біледі?». Осындай ойлардың қамауын- да отырып: «Листовкадағы сөйлемдерді немісшеден орысшаға аударып, мазмұнын айтып бере аласыз ба?» — дедім қонаққа. Ол менің бұл өтінішіме ынты-
шынтымен келісіп, сарғайып, әбден тозығы жеткен қағаздан: «Ұмытылмас фактілер. Рейхстагқа бірінші болып лейтенант Қошқарбаев және қызыл әскер Бу- латов жетті. Сөйтіп олар жеңіс жалауын тікті, — деген сөздерді орыс тілінде өте түсінікті етіп жеткізді. Сөйтті де аудармасының соңын: «Ал Рейхстагтың үстіне же- ңіс туын тіккен Егоров пен Кантария. Рейхстагтың ішіне алғашқылардың бірі болып басып кірген Сья- новтың, Грищенконың, Неустроевтың, Давыдовтың, Логвиненконың жауынгерлері», — деп бітірді.
Мен соғыстың соңғы күндеріндегі Берлин тұрғын- дарына таратылған осы листовканың бір данасын 20 жылдан кейін тауып алып, оны көрсетіп, оқып беру үшін сонау ГДР-дан Қазақстанға келген Карл Кокош- каға қатты риза болдым. Біраз күнге дейін оны жібер- мей, Алматының әдемі жерлерімен таныстырдым. Ме- деуде суретке түсіріп, үйімде қонақ еттім. Сөйтіп, оны еліне риза қылып аттандырдым.
Айта берсем, жоғарыдағыдай фактілер менің өмір жолымда өте көп қарағым. Соның бәрі Рейхстагқа шабуыл кезіндегі әр сағат, әр минутқа қатысты оқиға деректерін нақтылап, байыта түседі дер едім. Соғыс бітіп, жеңіс жаңғырығы алыстаған сайын Берлинді алып, жауды тізе бүктіру тақырыбын, оның белгісіз, беймәлім беттерін зерттеп, жазатындар көбейе түсуде. Оған мысал, осы 70-ші жылдардың өзінде, нақтылап айтсам, 1973 жылы сентябрьде мені Алматыға «Брест қорғаны» атты атақты кітаптың авторы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Сергей Сергеевич Смирнов іздеп келіп, «Юность» журналына жақсы дүние жазды. 1975 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде «Правда» газетінің майдандағы тілшісі болған Мартын Мержановтың
Мәскеудегі «Саяси әдебиет» баспасынан «Бұл осылай болған» деген деректі кітабы шықса, ал 1980 жылы Жеңістің 35 жылдығы қарсаңында баяғы 150-ші Ид- рицк дивизиясының командирі, генерал-лейтенант Ва- силий Митрофанович Шатиловтың «Рейхстаг үстін- дегі ту» атты мемуары жарық көрді. Сондағы бұлар- дың бәрінің де айтатыны, жазатыны — Берлинге шабуыл, жеңіс жалауының тігілу оқиғасы. Осы еңбек- терде де менің есімім ұмытылмай аталып өтілген. Бұл маған деген құрмет, берілген баға деп есептеймін. Бір арманым — жазу-сызумен айналысып жүрген кейінгі ұрпақ өкілдері осыларды жинаса, жүйелесе дұрыс болар еді. Сонда ел есінде қалып, жұрт жадында жүрер едік деймін де.
— Жоғарыдағы өзіңіз айтқан газет-журналдар мен кітаптарға қарап отырсақ, сізге көптеген көр- некті қаламгерлердің назары ауыпты. Олар жа- саған ерлігіңізді әр кездері қадери-халінше жазып, насихаттапты, баға беріп, мәселелер көтеріпті. Де- генмен де дейміз де... Айтыңызшы, аға, архивіңізде, жеке қағаздар сақтайтын папкаңызда өз жүрегіңіз- ге жақын, өзіңіз етене жақсы көретін документтер мен хаттар, суреттер бар ма? Бар болса ол қандай дүниелер? Бұлар сізге несімен ерекше, несімен ыстық деп ойлайсыз?
— Иә, ондай жәдігерлер бар. Бірақ көп емес. Үшеу. Соның біріншісі деп 1963 жылы Мәскеуден шыққан
«Ұлы Отан соғысы тарихының» бесінші томын айтуға болады. Бұл академиялық, редколлегия мүшелері кә- сіби білігі өте жоғары мамандардан тұратын салмақты кітап. Міне, осы фундаментальды еңбектің 7-ші та- рауындағы 283-ші бетте «...674-ші атқыштар полкынан
шыққан Р.Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г.П.Булатовтың жалаулары желбіреп тұрды», — деп жазылған. Осы сөйлемдер мен үшін аса қымбат. Себебі бұл тарихта қалатын тарихи сөз шырағым. Ал жеке архивімдегі өзіме етене жақын екінші доку- мент — белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, мар- құм Ілияс Омаровтың мені 1970 жылы Ұлы Жеңістің
25 жылдығымен құттықтап жазған хаты. «Қалқам, Рахымжан!» — делінген онда. — Ұлы Отан соғысы- ның жеңісіне ширек ғасыр толды. Бұл күні біз ке- лешек үшін құрбан боп кеткен көп азаматтар- дың аруағының алдында басымызды иеміз, фашизм- нің қанды ордасын талқандап, шаңырағына советтік алқызыл ту тіккен ерлерімізді мақтан етіп, құшақтап сүйеміз. Жас та болса ерлікке бас болған қас батыр- ларымыздың алдыңғы сапында сен тұрсаң, Рахым- жан!
Әңгіме атақта емес, адамзаттың бақытына қосқан үлесте ғой. Сен бізге істеген ерлігіңнің адам баласы тарихынан орын алған мән-мазмұнымен қымбатты- сың. Мерекең құтты болсын, інім. Көп жаса. Үй ішіңе бақыт тілеймін. Ағаң — Ілияс Омаров, Алматы, аурухана, 6 май, 1970 жыл».
Енді үшінші документті айтайын. Ол Баукең, Ба- уыржан Момышұлының мен туралы Дінмұхаммед Ах- метұлы Қонаевқа жазған қолдау хаты. Мәселе былай. Жеңістің 25 жылдығы жақындап келе жатқанда Диме- кең Баукеңді жеке қабылдамақ болады. Бірақ белгілен- ген уақытта ағамыз аурып қаладыда: «Ең басты өтіні- шім мына мәселе еді» деп республика басшына тө- мендегі хатты жазды.
Уважаемый Динмухамед Ахметович! По состоянию
здоровья я, к сожалению, не смог возпользоваться Вашей любезностью принят меня. У меня никаких лич- ных просьб и других дел к Вам нет. Я хотел бы доло- жить об одном обстоятельстве. С тех пор прошло 25 лет, т.е о подвиге Рахимжана Кошкарбаева и Григория Булатова которые первыми подняли красный флаг над рейхстагом.
В результате долгих поисков в архивных материа- лах я написал справку для Вас. Надеюсь, Вы найдете время прочесть ее. Я обратился к некоторым товари- щам с просьбою подписать ее, но некоторые из них подписать отказались. Из каких соображений, для меня не известно.
«Ерлік елеусіз қалмасын» – это мой афоризм. Кош- карбаев и Булатов живы. Их героическому подвигу ис- полнилась четверть века.
Я как гражданин и как воин обращаюсь к Вам с просьбою объективно разобраться в этом вопросе. Мне 60 лет – у меня есть воинское самолюбие. Очень надеюсь, что Вы меня правильно поймете. Гвардии полковник, писатель Баурджан Момышулы, 13.02.70 г. Алма-Ата».
Міне, мен үшін ең қымбат хат, өзіме етене жақын нәрсе осы, шырағым.
— ұлы Отан соғысынан кейін Берлинге, өзіңіз ту тіккен Рейхстагқа барудың сәті түсті ме?
— Мен онда үш рет болдым. 1965 жылдың 8-ма- йы күні совет-герман достық қоғамының шақыруымен Берлинге бардым. Ондағы Рейхстагты, Бранденбург қақпасын асықпай, жаяу аралап көрдім. Сол сапарда мені Берлин — Кепенинг кеме жасау заводына ша- қырды. Кәсіпорында жиын өтіп, онда цех бригадирі
Вилл Ротер өздерінде совет-герман достығы бригада- сы құрылғанын салтанатты түрде жария етті. Бұл бри- гаданы совет жауынгері Рахымжан Қошқарбаевтың есімімен атау жөніндегі шешімді жиналғандар қол соғып, қызу қарсы алды. Содан кейін 1970 жылғы 6-майда менің Берлинге екінші рет жолым түсті. Ол да бір әсерлі кездесулерге толы сапар болды. ГДР-дің Ұлттық Қорғаныс министрлігінде қызмет істейтін ге- нерал-лейтенант Оттомар Пехпен, біздің еліміздің үл- кен досы, 1965 жылы мені Алматыға іздеп келетін жазушы Карл Кокошкомен жүздесіп, әңгімелескенімді ешқашан ұмытпаймын. Ал 1975 жылы 24-апрельде неміс жеріне тағы да жолым түсті. Онда мен Кельн, Потсдам қалаларында болып, совет әскерлерінің сон- дағы шектеулі контингенті жауынгерлерімен кездес- тім.
— Қанды көйлек досыңыз григорий Булатов- тың жағдайы қалай? Онымен хат алысып, ха- барласып тұрасыз ба?
— Ол бір ақкөңіл, үнемі күліп жүретін қабағы ашық ғажап жігіт еді. Вятканың орысы болатын. 18 жас деген немене? Міне, көкөрім, сондай жас шағында менімен отқа да, суға да түсіп жүріп үлкен ерлік жа- сады ғой. Кеудесіне Жауынгерлік Қызыл Ту орденін қадап еліне оралғанда бәрі таңғалыпты. Бірақ айтқан әңгімесіне сенбеген. Содан ол Мәскеудің ар жағында- ғы Кировск қаласына барып жұмыс істеген. 1960 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқандардың майдандағы ерліктері жүйелі түрде айтылып, жазы- ла бастады ғой. Міне, сонда ол өзімен бірге еңбек етіп жүрген әріптестеріне Рейхстаг оқиғасын айтса, оны олар жеңіл-желпі әңгімеге балап, онша назар ау-
дармаған. Содан ол шамданып, заводтағы партком секретарына барады да жоғары жақтан сөз болып отыр- ған фактіні дәлелдейтін анықтама әперуді талап етеді. Басшылық бұған мән бермей, ескерусіз қалдырады. Осыдан кейін ол ішімдікке бой алдырады. Кочегар болып жүріп, өзіне өзі қол салғалы жатқанда, біреулер көріп қалып, құтқарып қалады. Осының бәрін маған мамандығы геолог кластас досы хат жазып, хабарла- ған еді. «Екі жылға Моңғолияға жұмыс істеуге ке- тіп бара жатырмын. Мен келгенше ақылыңызды ай- тып, сабырлыққа шақырсаңыз жақсы болар еді», — деп қаруласымның үй адресі мен қалалық соғыс арда- герлері кеңесінің телефонын жазып жіберіпті. Ұмыт- пасам бұл 70-ші жылдардың ортасы немесе аяқ кезі. Содан біраз уақыт ойланып-толғанып жүріп, Киров- ск қалалық партия комитетіне хат жібердім. Онда Гри- горий Булатовтың соғыс кезінде көрсеткен ерлігін толық баяндаған едім. Көп кешікпей ол жақтан ха- бар келді. Қайран дос қайтыс болыпты. Қай кезде, қандай жағдайда?.. Ол жағы жіберілген жауап хатта айтылмаған. Оқ пен оттан аман өткен бейбақтың бей- біт күндегі жағдайы міне, осындай болды.
Осылай деп әңгімесін аяқтаған Рахаң: «Тағы қан дай сұрағың бар?» — дегендей бетіме қарады. Мен ағамыздан өзінің отбасы мен туған жері — Ақмола өңірі, ондағы туғантуыстарымен байланысы туралы қысқаша айта кетуін өтіндім. Бұған ол кісі зайыбы Рахила Сейдахметқызы Яхинаның Қазақ ауылша руашылық институтында оқытушы екенін, екеуі Сәуле атты қыз тәрбиелеп отырғандарын сөз етті де, ағайындарына келгенде немере бауыры Кәртай Мұсабеков туралы айтты. «Қошқарбайдың әкесі Мұ
са болса, Мұсабек сол кісінің інісі. Ал Кәртай сол Мұсабектің баласы, — деді Рахаң. — Мен соғысқа кеткенде Кәртай броньмен Ақмолада қалды. Ол сол кездері Мелитопольден көшіп келген снаряд зауы тында жұмысшы еді. Сол кәсіпорын кейін Целиноград насос зауыты болды. Кәртай осы жерде табан ау дармай 45 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Ленин орденінің иегері. 1980 жылы ол екеумізге Целиноград қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Әкем Қошқарбайдың екінші әйелі Жұмақыздан туған қарын дасым Кенже де сол облыс орталығында тұрады. Немере қарындасым Рымжан Целиноград коопера тив техникумында оқытушы. Тағы бір туыс апайым Гүлшен Жұмағожина — зейнеткер. Күйеуі Мұзафар Жұмағожин — қалалық әскери комиссар, Ұлы Отан со ғысына қатысқан майдангер», — деді.
* * *
Автор. 1989 жылдың 4марты. Талдықорған облы сының Ақсу ауданында «Қазақстан коммунисі» жур налының «Партиялық жұмыс: іскерлік, жаңашылдық, ізденіс» деген тақырыпта дөңгелек стол басындағы сұхбаты өтетін болды. Оған редакциядан екі адам баруға шешім қабылданды. Олар: бас редактор Кәкең және бөлім меңгерушісі мен.
Алматыдан ертелетіп аттандық. Қапшағайдан өтіп, Шеңгелдіге иек артқанда: «Сөйле, батыр, — де ді қаладан шыққалы бері ауыр ойда отырған ағамыз кенеттен. — Мынадай ұзақ жолда бірбірімізге әңгіме айтып отырмасақ болмас, сірә».
Мен қысылдым. Өйткені, барып келшауып келге шамдағай, жұмысқа әбжіл болғаныммен, үлкендер
мен арадағы былайғы қарымқатынаста тәжірибем аз, әлі ашыла қоймаған ұяң кезім. Сондықтан бәрі мізді үнемі мысы басып тұратын басшымыздың алдында атыжөні жоқ қандай әңгіме айтуға бо лады?
Осыны сезді ғой деймін, мәшине терезесінен сырт- қа барлай қараған Кәкең: «Рахаң... Рахымжанды ай- тамын да... Сол кісінің көзі тірісінде біздің редакцияға бас сұққан соңғы келісі есіңде ме? — деді. — Бұл 1987 жылдың февралі еді ғой. Мен онда батыр ағаңды өзім- де көп ұстамай, саған әңгімелесуге жіберген бола- тынмын. Содан бір жыл алты айдан соң қайран ер қайтыс болды емес пе?..».
- Иә, — дедім мен. — Ол кісі екеуміздің арамыз- дағы сұрақ-жауап әңгіменің магнитофон таспасы сейфте сақтаулы тұр. Қажет десеңіз мына сапардан қайтып оралған соң, сізге берейін. Бірақ, екі нәрсеге түсінбедім. Ол өзіңіздің осыдан 31 жыл бұрын очер- кіңіздің де, содан сәл кейінірек жарық көрген кіта- быңыздың да кейіпкерін маған жібергеніңіз және Ра- хаңның кейбір мәселелер туралы тәптіштеп тұрып сұ- раған сауалдарыма: «Баукең мен Кәкең біледі. Өйт- кені, ол шаруалардың басы-қасыңда сол кісілер жүр- ді ғой», — деп көп нәрсеге мардымды жауап бермегені.
- Мәселе міне, осында, бауырым. Саған қазір со- ны айтқалы отырмын, — деді ағамыз мына ұзақ жол үстінде үлкен бір әңгіме тиегін ағытуға ыңғайланған- дай болып. — Алдымен сөзді сенің бірінші сұрағыңа емес, екіншісіне жауап беруден бастайын. Рейхстаг қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевты маған тауып бер- ген Баукең. Бауыржан Момышұлы! Бұл кісінің бәй-
бішесі Жамал 50-ші жылдардың бас кезінде өзіміз жұмыс істеп жүрген “Лениншіл жаста” машинистка еді. 1956 жылдың көктемінде апамыз Баукеңнің Мәс- кеудегі әскери қызметтен біржолата босап, Алматыға келгенін айтты да, біздерді батыр ағамызбен танысты- ру үшін үйіне шақырды. Содан бастап ол кісінің наза- ры маған мықтап ауғанын жасырмаймын. Кейін тіпті батырдың үлкен баласындай болып кетіп, Орынша апаңа үйленуге сөз байласқан кезімде оны сол үйге келін етіп түсіріп, батасын алған да жайым бар.
Сол Баукең, аруағыңнан айналайын асыл ағам бір күні үйіне шақырды. Айтқан әңгімесі: өзіне соғысқа қатысқан бейтаныс жас жігіт сәлем беруге келіпті. Ал тапсырған шаруасы: менің соған міндетті түрде жо- лығып, оны газетке жазуымның керек екендігі.
- Білесің бе? — деді көзі ұшқын шашып, ширық- қан Баукең. — Мен де соғысқа қатыстым. Дивизияға дейін басқардым. Төрт жыл бойғы сұрапылдың небір сұмдықтары көз алдымда. Бірақ, Берлинді алардағы, Рейхстагқа ту тігердегі қырғын — ол нағыз ақырзаман- ның өзі. Жаңағы жігіт сол тозақ отының ішінде болған. Сол алапаттан аруақ қолдап, аман шыққан. Жеңіс жалауын тіккен! Тағдыр оның тарихи адам ретіндегі өмірбаянын сол сәтте жазған!!! Сендердің міндеттерің енді соны елге айтып, жалпақ жұртқа жеткізу.
Баукең осы сөздерді айтты да, қолыма тілдей қағаз- ды ұстатты. Онда: «Рахымжан. Рейхстаг қаһарманы! Странно... Соғыс біткелі 13 жыл. Ешкім іздемеген. Ах- метжан Қойшығұловтың қарамағында жұмыс істей- ді», — деп жазылыпты. Мұны оқи сала болашақ ке- йіпкерімді ал кеп іздейін. Көп кешікпей оны таптым да.
Аңқылдаған ақжарқын жігіт екен. Оңай тіл табыстық. Қайта-қайта барып, бес күндей әңгімелестім. Содан соң жазуға отырдым. Нәтижесінде 1958 жылдың 21 фев- ралі күні «Лениншіл жас» газетінде «Рейхстагқа ту тік- кен қазақ» деген деректі очеркім шықты. Ол респуб- лика жұртшылығын дүр сілкіндірді. Ал редакцияға келген хатта есеп жоқ-тын.
- Осыдан кейін Үкіметке де ой түсіп, билік тара- пынан қозғалыс болған шығар.
- Жоқ, бауырым... Оған тағы да араласып, мұрын- дық болған Баукең. «Қалай?» дейсің ғой. Айтайын. 1960 жылы февральда ағамыз мені шақырып жатыр деген хабар келді. Бардым. Ол кісі сәл ойланып отырды да: «Сенің очеркің арқылы Рахымжанның есімін ел білді. Енді оны батырлық атаққа ұсыну керек. Мен Ілияс Омаровпен сөйлестім. Өзіңмен кездескісі келеді. Құрқол барма. Жақсылап орысша справка-анықтама жазып апар. Ілекең сондағы деректерді тілге тиек етіп, республика басшыларымен сөйлеспекші», — деді.
...Көп кешікпей Ілияс Омаров ағамызға да жолық- тым. Ол уақытта бұл кісі Қазақ ССР Мемлекеттік жос- парлау комитеті председателінің бірінші орынбасары- тын. Өте жылы қарсы алды. Жазып апарған қағазым- ды асықпай оқып шықты да: «Мұны маған тастап кет. Үлкен жұмыс жасапсың, қарағым», деді риза кейіп- пен.
Содан біраз уақыт өткен соң Қазақстан Компартия- сы Орталық Комитетінің Әкімшілік бөліміне шақы- рылдым. Онда менімен Мәметқазин жолдас әңгімелес- ті. Сұраған сауалдарының бәріне нақты дәлелмен жауап бердім. Кейіннен білдік қой, Жеңістің 15 жылдығы
қарсаңындағы осы қарекетке мықтап атсалысқан адам Жұмабек Тәшенов екен. Ол кезде бұл кісі Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі болып істейтін. Баукеңнің айтуында тиісті материалдармен қаруланған Жұмекең Мәскеудегі СССР Жоғарғы Советі Президиумы Председателінің орынбасары ретіндегі бір айлық кезекшілік қызметінде Р.Қошқарбаев жөнінде Бас штабтың архивіндегі материалдарды көтертеді. Одан Рахымжанның кезінде Совет Одағының Батыры атағына ұсынылғанын біледі. Сөйтеді де оның неліктен өтпегені жайлы маршал И.С.Коневті шақыртып сұ- райды. Өйткені, бұл адам соғыстан кейін Бас штабтың бастығы болған. Ж.Тәшеновтің қатқылдау сұрағына маршал шамданып қалады. Екеуі қатты сөзге келеді. Бұл жайсыз хабар сол кездегі СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі К.Е.Ворошиловқа же- теді. Климент Ефремович мәселені ушықтырмас үшін өзінің орынбасары мен әйгілі маршалды татуластыру- ға күш салады. Сөйтіп жүргенде даудың түйіні назар- дан тыс қалады.
- Бәрі Климент Ефремовичтің азусыздығынан бол-
ды, — депті Жұмабек Тәшенов күйіне отырып Баукеңе.
- Жұмекең де мен секілді қызба ғой. Екеумізді құртып жүрген сол мінез, — деді маған айтқан әңгі- месінде Баукең.
Сөйтіп, алғашқы талпынысымыз сәтсіз аяқталды.
Осы жерге келгенде әңгіме кілт үзілді. Оған себеп болған жүргізуші Серіктің мәшинені жайлап қана тоқ- татып, капотты аша бастағаны еді. Оны көрген біз де сыртқа шықтық. Күн ала бұлт болып көрінгенмен, тө- ңірек манаураған жаймашуақ кейіпте. Жылы жел —
алтынкүректің лебімен жол жиегіндегі қар ағыл-тегіл еріп жатыр. Табиғаттың осы көрінісіне сәл назар аудара қараған Кәкең бір мезетте алдымыздағы Арқарлы асу- ына, оның шығысқа қарай иіндеп барып, түу сонау Қоянкөз жайлауына қосылатын тұсына көз тікті. Оған жапсарласа атақты Алтынемел мұнартады. Байқап әрі біліп тұрмын, бұл өңірдің бәрі де ағамызға баяғыдан таныс, ыстық жерлер. Олай болатыны, сонау 50-ші жылдардың ортасында мына Қоянкөзде ол кездері есі- мі елге әлі таныла қоймаған, кейін Социалистік Еңбек Ері атанатын Зылиха Тамшыбаеваның комсомол-жас- тар бригадасы отыратын. Оны Алматыдан «Лениншіл жастың» тілшісі Кәкімжан Қазыбаев іздеп келіп, бір- де репортаж, енді бірде суреттеме, очерк жазып қай- татын. Газеттегі сол материалдар кейін ақын Қуандық Шаңғытбаевтың ойын оятып, одан Қанабек Байсейі- товпен бірге жазған «Беу, қыздар-ай!..» пьесасы туды емес пе?! Ал ағамыздың Алтынемелге аңсары ауа қа- рап тұрғаны да түсінікті. Ол даланың дара жұлдызы, ұлы Шоқанның мәңгілікке дамылдап жатқан жері ғой. 1982-1985 жылдары Орталық Комитеттің хатшысы бо- лып тұрған кезінде Кәкең сол жерге Димекеңнің тап- сырмасымен әр алты ай сайын бір келетін. Сөйтіп жүріп ұлы ғалымның 150 жылдық юбилейін ЮНЕСКО деңгейінде өткізуге мұрындық болып, Шанханайдағы Ш.Уәлиханов мемориалдық музей комплексін өз уа- қытында пайдалануға беріп үлгерді емес пе.
- Арада төрт жыл уақыт өтті, — деді бәріміз мә-
шинедегі орнымызға отырып, көлік Арқарлының асуы- на бет алғаннан кейін Кәкең. — Алда Жеңістің 20 жылдығы жақындап келе жатты. Баукең: “Рахымжан
туралы жоғары жаққа хат жазсақ, оған өкілеттіктері зор төрт адам қол қоятын болды, — деп тағы бір әңгіменің шетін шығарды бір күні. Сол кісінің түртпектеуімен мен енді Р.Қошқарбаев туралы табылған соңғы тың деректерді қосып, тағы да анықтама жазуға отырдым. Қазір сол документтің бір данасы әлі күнге архивімде сақтаулы. Оған Баукең былай деп жазыпты: «Бұл та- қырыпта .Ғ.Мүсіреповпен әңгіме болды. Оған алғаш- қы данасын қалдырдым. 15 июль. 1964 жыл. Б.Мо- мышұлы».
Күзге тарта хат қайта-қайта жөнделіп, әбден то- лықтырылып барып дайын болды-ау, әйтеуір. Оған өкі- метке сөздері өтетін, қолдарында мандаты бар төрт атақты ағамыз қол қойды. Олар: Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, республика Жазушылар одағы бас- қармасының бірінші хатшысы. Мүсірепов, СССР Жо- ғарғы Советінің депутаты, жазушы Мұстафин, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, жазушы И.Шухов, республика Жоғарғы Советі Президиумының мүшесі, ақын Ә.Тәжібаев еді.
Бұл бастаманы билік қолдады. Сөйтіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросында арна- йы қаулы қабылданып, алты жыл бойы жинақталған бүкіл документ Мәскеуге жіберілді. Ол кезде оны адамдардың аз ғана тобы білетін. Сеніміміз күшті бол- ды. Өйткені, 1964 жылдың күзінен бастап еліміздегі жоғары басшылыққа басқа адамдар келді ғой. Жақын- дап келе жатқан Жеңістің 20 жылдығында олардан жаңа көзқарас, жаңа ықылас болар деп күттік. Дүрілдеп 9 мамыр мейрамы да өте шықты. Бірақ Рахымжан Қош- қарбаев туралы орталық үндемеді. Қандай өкінішті...
Кәкімжан аға сөйлеп отыр. Мен жоғарыдағы бірі- нен-бірі өткен тың да соны деректерге толы толғаныс- ты тыпыр етпей үнсіз тыңдаудамын. Себебі, бұл бұрын мүлде естімеген жаңа әңгіме. Ағамыздың Рейхстаг қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін 50-ші жылдардың соңында газетке бірінші болып жазған қа- ламгер екенін білетінбіз. Кейін, яғни 1966 жылы басты кейіпкері Рахаң болып табылатын «Кернеген кек» атты деректі повестің де авторы атанғанынан хабарымыз мол еді. Бірақ... иә, бірақ мынадай жанкешті тірлікке ынты-шынтымен араласуы... Қайта-қайта құшырлана кірісуі... Бұл енді нағыз керемет, ғажап іс!
- Баукең менімен әңгімелесерде немесе бір жұмыс тапсырарда үнемі шақыртып алушы еді, — деп сө- зін жалғады Кәкімжан аға Мұқырға жетіп, Көксу өзенінен өте бергенде. — Бұл жолы, яғни 1969 жыл- дың январында ақсақал маған телефон арқылы өзі ха- барласып, былай деді: «Рахымжан десе Ғабит Мүсі- репов ішкен асын жерге қояды. Пікірі әлі жоғары. Сол кісімен ақылдасқайсың. Бастаған істі орта жолда қалдыруға болмайды».
Батыр ағаның айтқаны біз үшін бұйрық. Ал ол сөзбұйдаға салынбайды, орындалады. Осылай деген ішкі ойым көп кешікпей мені Ғабеңмен жүздестірді. Ақылдастырды. Содан кейін жоғары жаққа тағы бір хат кетті. Ол Жеңістің 25 жылдығы қарсаңында Р.Қош- қарбаевтың ерлігін әділ бағалау жөніндегі тілек-ұсы- ныс еді. Оған атақты Баукең, Бауыржан Момышұлы өзі бастап, екі мәрте Совет Одағының Батыры Сергей Луганский мен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депу- таты, ақын Жұбан Молдағалиев қостап, 12 адам қол
қойды. Бұл 1969 жылдың 29-январы болатын. Мәсе- лені қарауға уақыт жеткілікті болсын, ертең ешкімде де өкініш қалмасын деп аталмыш документ Мәскеуге Жеңістің 25 жылдығынан бір жыл алты ай бұрын әдейі ерте жіберілді. Тағы да үнсіздік. Орталық бұл хатқа да ләм-мим деп жақ ашпады.
Сөзімді аяқтарда әділеттілікке қиянат болмас үшін, мына бір жайды да анықтап айта кетейін. Жоғары- дағыдай мазмұндағы ең соңғы хаттың Ғабең, Ғабит Мүсірепов бастаған бір топ адамның қол қоюымен Л.И.Брежнев атына 1975 жылы да жазылғаны бар. Мұ- ны қолға алып, оның басы-қасында болған жазушы Әзілхан Нұршайықов ағаң. Айтпақшы, осыдан бір ап- та шамасы бұрын сол кісінің «Мәдениет және тұр- мыс» журналында «Ескірмеген естелік» атты мақала- сы шықты. Оқыдың ба?
- Иә, — деп жауап қаттым мен. — Февральдағы номер ғой. Жалғасы № 3 санда жарияланатыны айты- лыпты, — дедім сөзім дәлелді әрі әсерлі болсын де- гендей нықтап.
- Дұрыс, — деді Кәкімжан аға. Сөйтті де: — Мі- не, Талдықорғанға да келдік. Мұнда обкомға кіріп шы- ғуым керек. Онда мені идеология жөніндегі хатшы Гүлша Тәңірбергенова тосып отыр. Ал сендер қаланы аралаңдар. 40-45 минут көлемінде бой көрсетіп қалар- мын, — деді жүргізуші Серік екеумізге.
Қаланы аралағанда қайда барамыз. Уақыт шектеу- лі. Оның үстінде мұнда көре қоярлық жер де аз. Екі кітап дүкеніне кіріп шығып, орталық алаңның шығыс жағындағы сұр үйге қайтып келсек, Кәкең де баспалдақпен жайлап түсіп, бізге қарай беттеп келеді екен.
- Сонда атақты адамдардың ақыл-кеңесімен сіз дайындап, ол кісілер қол қойған жоғарыдағы үш хат- тың тағдырынан ешқандай хабар болмағаны ма? — дедім мен көлігіміз Ақсуға бет алған соң, ағамызды қайтадан сөзге тартып. — Өзіңіз кейін Орталық Ко- митеттің хатшысы қызметін атқарған кезіңізде сол мүмкіндікті пайдаланып, Мәскеудің үнсіздігінің сы- рын білудің сәті түсті ме?
- Ол жұмбақтың жауабы мен үлкен үйге бармас- тан көп уақыт бұрын-ақ белгілі болған, — деді аға- мыз жоғарыдағы сауалға күні бойы дайындалып отыр- ған адамдай іле жауап қатып. — 1980 жылы августа республикамыздың 60 жылдығы тойланатын болды. Онда мен, өздерің білесіңдер, ҚазТАГ-тың директоры- мын. Той салтанатына Бас хатшы Л.И.Брежневтің өзі келіп қатысты. Сондағы аз ғана билік иелері арасын- дағы әңгімеде Леонид Ильичке алдымен Рахымжан Қошқарбаев, содан соң Бауыржан Момышұлы мәселесі құлаққағыс етілді. Оған Кремль қожайыны: «Тарихты қайта қарап қайтеміз», деп өте қысқа жауап берді. Бұл:
«Болды, бітті. Бәрі осымен тәмам. Ондай тақырыпты енді қайтіп қозғамаңдар», деген сөз еді. Ал: “Орталық Комитеттің хатшысы кезіңізде жоғарыдағы жайттың ізіне түсіп көрдіңіз бе?» деген сұрағыңа келетін болсақ былай. Иә, осы лауазым арқасында Мәскеу архивтері- нің басшыларын біраз ақ тер-көк терге түсіргенім бар. Соның нәтижесінде көптеген документтерге қолым жетті. Олардан ой түйетін бір нәрсе: республиканың бұрынғы басшылары: атап айтқанда, өзіміздің Орталық Комитет пе, Жоғарғы Совет немесе Совмин бе, Баукең мен Рахаң туралы ұсыныстарға олардың ешқайсысы
қарсы болмаған. Қайта қолдап отырған. Орталықтағы қолыма түскен деректерден өз басым осыған анық көз жеткіздім. Бұл болашаққа өте керек нәрсе.
- Мен мұның бәрін саған неге айтып отырмын?
- деді осы арада сәл үнсіз қалып барып әңгімесін қайта жалғаған Кәкімжан аға. — Біз қартайдық. Бір жылдан соң Баукең айтқандай “дерпен”, яғни дер- бес пенсионер боламыз. Сөйтіп, қоғамның қыз-қыз қайнап жатқан өмірінен алыстаймыз. Ал бұл деген тіліңді біреу алып, біреуі алмай, пұшайман күй кеше- сің деген сөз. Сонда Рейхстаг қаһарманы туралы жиып-терген дүние не болады? Жеңістің 15, 20, 25, 30 жылдығындағы бастамалар жағдайы қайда қалмақ? Оны келешекте кім жалғастырады? Осыны ойлай келе мен мынадай шешім қабылдадым. Ол — қалаға орал- ған соң Рахаң туралы 30 жыл бойы жинаған архив деректерімнің көшірмесін саған беру. Жассың. Бола- шағың алда. Қайда, қандай жағдайда жүрсең де осы мәселе әйтеуір жүрек түкпіріңде жатсын деген ниет қой менікі. Батыр ағаңмен өзіңді осыдан екі жыл бұ- рын неге кездестіріп, әңгімелестірдім деп ойлайсың? Оның мәнісі міне, осында, қарағым. Үмітсіз шайтан деген... Алда Жеңістің 45 жылдығы келе жатыр. Одан кейін 50 жылдық та бой көрсетпек. Сондай кезде үнсіз қалмасаңдар болғаны да.
Әңгіме аяқталды. Мен үндемедім. Тек иығымды көтердім де қойдым. Өйткені, бұл елп етіп, бірден бас изей салатын жеңіл-желпі шаруа емес еді. Салмағы ауыр, жолы қиын жүк болатын. Сондықтан оны бірден қабылдай алмадым. «Жауабы жиырма жылдан бері та- былмай келе жатқан жұмбаққа жолап нем бар?» деген екіұдай сезім жетегінде қамалдым да қалдым.
...Ақсудан Алматыға 7-мартта кештетіп жеттік. 10-ы күні жұмысқа шықтық. Түске таман: «Бас редактор шақырып жатыр», деді хатшы қыз. Есікті ашып кіре бергенімде: «Міне, бауырым! Саған айтқан документ- тер мынау», деді Кәкімжан аға сейф кілтін нығарлай жауып жатып. — «Жейтін наным бар еді деп жүргенше, жеп тынайын», депті ғой баяғы ашаршылықта біреу. Сол айтқандай мына папканы саған беріп, көңілімді жайландырайын. Айтарым: асықпа. Бүгін-ертең қолға алатын шаруа емес. Жағдайға қарап қимылда. Өмір ұзақ жол ғой, қалқам. Бір реті келіп қалар. Ал болмаса... Қайтесің. Әйтеуір, осы іс саған аманат», деді.
Мына сөзді естігенде жүрегім дір ете түсті. Не істерімді білмей бетіне қарадым ағамыздың. Әлі күнге дейін көз алдымда: жайдары да жайбарақат, салмақты да сырбаз кейіпте тұрған еді сол сәтте ол кісі. Қиналу мен ренжу немесе мұңаю атымен жоқ-тын өңінде. Ке- рісінше, дегдар, бекзат қалпымен қарап тұрды маған.
...Содан тура жеті ай өткен соң Кәкімжан аға кенет- тен қайтыс болды. Мен сонда барып бәрін бір-ақ тү- сіндім. Түсіндім де: «Өмір бар жерде, қаза бар деген... Көп нәрсені ерте ойластырған екен-ау жарықтық», дедім ішімнен. Сөйте отырып, 1990 жылдың басында ұзынқұлақтан: «Орталық Комитеттегі Мемлекеттік наградалар бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары Көрік Дүйсеев Баукеңнің 80 жылдығы қарсаңында кейбір мәселелерді анықтау үшін Мәскеуге барады екен» деген хабарды естіп, сол кісіге жолығуға бел будым. Ойым — Кәкеңнің қалдырып кеткен көшірме қағаздарындағы дерек көздерді ағамыздың қолына ұс- татып, сол арқылы орталықтан олардың куәландырған
даналарын алдырту жөнінде өтініш жасау. Көрік Құн- дызбайұлы 1987-1989 жылдары «Социалистік Қазақ- стан» газетінің бас редакторы болған адам. Барлық редакция бір ғимаратта орналасқандықтан, Кәкімжан ағаға үнемі келіп-кетіп әңгімелесіп жүретін. Бізді содан жақсы танитын. Соны бетке ұстап келеміз ғой, баяғы.
- Жарайды, — деді ағамыз қашанғы елпілдеген кішіпейіл мінезімен. — Әкел тізіміңді. Ала кетейін. Уақыт өте келе мүмкін Рахаң мәселесімен де айналы- сып қалармыз. Сонда қажетке жарары анық. Бірақ, есіңде болсын, қазіргі басты тапсырма — Баукең.
Халық батырының 80 жылдығына байланысты ол ниет пен тілектің бәріміздің ойлағанымыздай болып, абыроймен орындалғанын қазір бүкіл жұрт біледі. 1990 жылғы 12 декабрьде республиканың жаңа басшысы Н.Ә.Назарбаевтың орталықты мойын бұрғызбас дәлел- дер арқылы көндіруімен Бауыржан Момышұлына Со- вет Одағының Батыры атағы берілді. “Тәубе! — дестік бұл ақжолтай хабарға. — Рахымжан Қошқарбаевқа да осындай ақжарылқап күн туса екен...».
Өстіп жүргенде арада төрт жыл өтті. Бұл кезде мен
«Халық кеңесі» газеті бас редакторының орынбасары едім. Алда Жеңістің 50 жылдығы жақындап келе жат- ты. Осының қарсаңында Рахаңды жоғарғы жақ есіне тағы бір салып қойсақ қайтеді деген оймен басшымыз Сарбас Ақтаевқа кіргенім есімде. «Қажетті деректің бәрі Көрік ағамызда. Ол кісі оны Кәкеңнің қалдыр- ған дереккөз тізімі арқылы Мәскеуден анықтап қайт- қан», — дедім Сәкеңе, барлық оқиғаның бүге-шегесін қалдырмай баяндап. Сарбас аға: «Көрейік» деді де жоғарғы жаққа барлау жасауға кетті. Бір ай шамасы
уақыт өткеннен кейін ол кісі кабинетіне шақырып ал- ды да: “Қазір қоғамдық пікірдің бәрі Қасекең, Қасым Қайсенов жағына ауып тұр», — деді. — Бұл заңды да. Себебі, халық көңілінің түкпірінде баяғыдан бері келе жатқан үш ардақтымыз бар еді десек, солардан көзі тірі қалғаны — осы партизан ағамыз ғой. Ал енді Баукең мен Рахаң қазір мына өмірде жоқ. Сондықтан билік- тің бұл кісіге бүйрегінің бұруын: «Қарияның кеуде- сінде өкініш кетпей, ерлігінің еленуін көзі тірі кезінде көрсін» деген тұрғыда түсінуіміз керек. Әңгіменің тоқ етері, қалай, не десек те енді жарты жылдан соң бү- кіл ақпарат құралдарының назары Қасекеңе қарай ауа- ды. Одан біз де тыс қалмауымыз керек. Тапсырма со- лай».
Айтқандай-ақ, 1995 жылдың басынан бастап газет- журнал мен телерадиода Қасекең туралы қуатты қо- ғамдық пікір дүмпіп кеп берді дейсіз. Сәкең ескерткен- дей, бұдан «Халық кеңесі» де шет қалмай, басшы- лықтың тапсыруымен менің де аңыз адам туралы «Ке- йіпкер» атты көлемді мақала жазғаным бар. Ақыры Жеңістің 50 жылдығы аталып өтілуіне екі жеті қал- ғанда, яғни, 24 сәуір күні Қасым Қайсенов Елбасы Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағына ие болды. Әрине, ол кезде Кеңес Одағының Батыры мәртебесі болса да жоқ. Ал тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы наградасы партизан ағамызға нағыз лайық марапат еді. Арада тағы да біраз уақыт өтті. 1998 жылдың ая- ғында мен бес редактордың орынбасары болып «Еге- мен Қазақстанның» табалдырығын аттадым. Бұл жаңа жылға бір апта қалған кез болатын. Келе сала газеттің жылашар нөмірін шығаратын топқа жетекшілік етуге
жегілдім. Редакция алқасының талабы: ол нөмір тар- тымды, тың тақырыптарға толы болуы керек. «Тіпті жыл бойына жүргізіп, көптің көңілін аударатын, сол арқылы басылымға бедел әкелетін ірі идеялар мен жобалар болса, тіпті ғажап болар еді», дейді бас редак- торымыз Ержұман Смайыл жұмыстың ара-арасында.
Күні бойы ойландық. Көз алдымызға келер жылдың келбетін әкелеміз. 1999 жыл... Қаңтар — Президент сайлауы; сәуір — Қаныш Сәтбаевтың ғасырлық ме- рейтойы; желтоқсан — «Егемен Қазақстанның» 80 жылдығы... Тағы не бар дегендей, күнтізбені қайта па- рақтауға көштік. Тоқта... Тоқта! «Рахымжан Қошқар- баев. 1924 жылы 19 қазанда туған». Сонда ағамыз келер жылы қаншаға келеді? Дереу 99-дан 24-ті алып тас- тап, санай бастадық. 75! О-о, бұл Рейхстаг қаһарма- нының мерейтойы ғой. Болды! Бітті! Осы датаны алға тартып, он ай бойы қоғамдық пікір көрігін гуілдету керек. Құдай қаласа, бұл бір керемет идея болайын деп тұр!
Содан отыра қалып, Рахаң туралы мақала жазайын. Бісмілләсі Кәкімжан аға атынан басталып, тіні 1987 жылғы магнитофон таспасындағы сұрақ-жауаптан өрілген бұл дүниенің тақырыбы “Халық ала алмаған қамал” деп аталды. Неге? Оның жауабын аталмыш ма- териалдың «Сөз соңы» тарауындағы сөйлемдер анық ашып берді ғой деп ойлаймын. «Халқымыз кезінде еш пәрмен, жарлықсыз «Батыр» деп өз жүрек қалауымен ат берген үш қаһарманның бар екенін жақсы білесіз- дер, құрметті оқырман!» — делінген болатын онда.
- Жариялылық пен демократия, тәуелсіздік тұсында солардың екеуі — Бауыржан Момышұлы мен Қасым
Қайсенов кеш те болса, сол атаққа қол жеткізді емес пе? Ал Рахымжан Қошқарбаев ағамыз ұмыт қалды. Неге? Бізді міне осы сұрақ мазалайды. “Халық алмайтын қа- мал жоқ», дейді қазақ даналығы. Әділеттілік қалпына келсін десек, ел екенімізді білдіргіміз келсе, Рахаң туралы 60-70-ші жылдардағы қоғамдық пікір негізінде бір дүмпіп барып басылған ұмтылысты тағы да қай- талап көрсек қайтеді? Сөйтейік, жарандар! Пікір біл- дірейік. Ұсыныс айтайық. Халық ала алмай келе жат- қан қамалға тағы бір рет шабуыл жасап көрейік. Нә- тижесі болып қалар...».
Аталмыш мақала 1999 жылдың 1 қаңтарында «Еге- мен Қазақстанның» 5-ші бетінде жарық көрді. Сол-ақ екен, жер-жерден редакцияға қолдау хаттар қаптады-ай дейсіз. Олардың ішінде атақты Қ.Қайсенов пен Қос- танай облысындағы Социалистік Еңбек Ері М.Яровой- дың, Талдықорған облысындағы Жаркент өңірінің тұр- ғыны Т.Исабеков пен кезінде Рахаң директор болып тұрған «Алматы» қонақ үйінің әкімшісі қызметін ат- қарған зейнеткер С.Дәуренбекқызының лебіздері жү- рек толқытарлық дүниелер еді. Міне, осындай пікір- лерді әуелі Кәкімжан ағаның бізге қалдырып кеткен папкасындағы хаттарын айшықтай орналастырып ба- рып, содан соң жұртшылық ұсыныстарын «Иә, Қош- қарбаев қандай атаққа болса да әбден лайық», «Қашан- ғы атаусыз қалады?», «Рахымжанға «Халық қаһар- маны» атағын беру керек» деген ортақ тақырыптарға бағындыра топтап, айына арнайы кесте бойынша екі реттен бердік те отырдық.
Әлі есімде, сол жылғы 4-сәуір күні Мемлекеттік хатшы Әбекең, Әбіш Кекілбаевтың көмекшісі Тілек-
қабыл Боранғалиұлы редакцияға телефон соғып, «Еге- мен Қазақстандағы» Рахаң туралы соңғы үш ай ішін- де шыққан материалдарды жинақтап жеткізіп беруді өтінді. «Иә, сәт», дедік іштей. 5-мамыр күні Тілекқабыл тағы бір рет хабарласып: «Қошқарбаевтың жанында- ғы Григорий Булатов Ресейдің қай жерінен еді? Сондай бір мәлімет керек болып тұр», — деді. «Вятканың орысы ғой», — дедік сақ еткізіп. — Соғыстан оралған соң Кировск қалашығында тұрып, еңбек еткен». Ал 7-мамыр күні түскі сағат 12-лер шамасында редакцияға тағы да тілеуіңді бергір Тілекқабыл алақайлай телефон соғып, бізді Мемлекеттік хатшыға қосты. Әбекең аман- саулықтан соң осы жаңа ғана Елбасының кабинетінен шыққанын, Президент Рахымжан Қошқарбаевқа «Ха- лық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойғанын толқи тұрып айтты. Содан соң Рахаңның ел- ордада тұратын туыстарын іздеп табуды, оларға «Қа- зақстан» телеарнасының кешкі қорытынды жаңалық- тарында оқылатын Жарлықтан жарты сағат бұрын осы қуанышты хабарды жеткізуді тапсырып, газет- тің 9 мамыр — Жеңіс күнгі мейрамынан кейінгі нөмі- ріне арнайы мақаланың қажет екенін ескертті.
Кешкі сағат 19-да курьер «Егемен Қазақстан» редак-
циясына Елбасы Жарлығын жеткізді. Бұл құжат Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаевтың «Ұлы Жеңіс- тің ерекше оқиғасы» деген түсініктеме мақаласымен бірге газеттің ертеңге шығып бара жатқан 8 мамыр күнгі нөміріне салынды. Ал оған дейін біз тілші Нұрхан Мыңбай екеуміз телефон арқылы Рахаңның Астанада тұратын немере інісі Кәртай Мұсабеков пен туысы Гүлшен Жұмағожинаны тауып, әңгімелесіп үлгерген
едік. Ол сұхбат 11 мамыр күні аға газетте «Халық ал- ған қамал» деген тақырыппен жарық көрді.
Содан көп кешікпей редакцияға бейтаныс апай- дың келіп, біздің бөлменің есігін имене ашқаны бар.
«Атым — Рымжан, қарағым, — деді ол кісі даусы ді- рілдей. — Рахымжан ағаларыңның немере қарындасы болып келемін. Көп жыл осы Ақмоладағы кооператив техникумында сабақ бердім. Қазір зейнеткермін. Жақ- сы іс, үлкен азаматтық тірлік жасапсыңдар, айнала- йын. Үнсіз қалмайық деп туған-туысқандар атынан
«Егемен Қазақстанға» рахмет айтқалы келдім», деді. Сөйтті де көзі мөлтілдеп, егіліп қоя берді. «Жал- ғыз еді, — деді. — Бас көтерер іздеушісі жоқ еді», — деді. Мұны көріп отырып енді менің көңілім босады.
- Олай деп айтпаңыз, — дедім апайды жұбатып. — Артында қазақ деген халқы, Кәкімжан Қазыбаев секіл- ді өмір бойғы жоқтаушысы боп өткен інісі тұрғанда Рахаң қалай жалғыз болады? Рахмет айтсаңыз алды- мен батыр ағамызды алғаш рет газетке жазып, 31 жыл насихаттаған Кәкеңе айтыңыз.
Осылай дедім де мен Рымжан апайға Кәкімжан аға туралы әйда кеп әңгіме соғайын. Қолына Кәкең туралы өзім құрастырып, 1996 жылы «Қазақстан» бас- пасынан Нұрмахан Оразбек ағамыз шығарып берген
«Көзден кетсе де көңілде қалған” естеліктер жина- ғын берейін. Сөйтіп, редакцияның кезекшілік атқа- рып жүрген көлігіне мінгізіп, Рымжан апайды үйі- не шығарып салайын. Содан соң Алматы жақтан по- йыз келетін шығысқа қарап тұрып: «Аманатыңыз орындалды, Кәкімжан аға!» деп күбірлей тіл қатып, көңілімді бір демдейін.
Әңгімемнің соңында мынаны айтқым келеді. Ке йінгі кезде: «Қошқарбаевты тапқан анау зерттеуші еді», «Біз болмасақ, ұмытылып қалатын адам бола тын ол», — деген сияқты әңгіме көбейіп кетті. Со ның салдарынан Рахаңды ең алғаш жазған, ширек ға сырдан астам уақыт бойы насихаттап, қоғамдық пікір қалыптастырған және мойындатқан адам — Кәкімжан Қазыбаев есімі ұмытылуға айналды. Мұ ның бәрі әдеп деген нәрсені білмегендік. Мәселенің мәнісіне терең бойламай, обалсауапқа қарамаған дық. Ондайлардың ойы жалған жарнама арқылы бедел жинап, тарихта қалуға тырысу. Тарихтың сахнасы тар. Оған көп ешкім сыя бермейді де. Қатарына кімді алып, кімді қоюды қария тарихтың өзі ғана біледі. Осыны ұмытпайық.
МАЗМұнЫ
Кәкімжан ҚАЗЫБАЕВ
КЕРнЕгЕн КЕК
Деректі хикаят
Кәкімжан ҚАЗЫБАЕВ Жанболат Әлиханұлы АУПБАЕВ
РАХЫМЖАн ҚОШҚАРБАЕВ
Редакторы Н. Оразбек
Суретшісі Б. Серікбаев
Компьютерлік дизайны Р. Жарипова
ИБ № 178.
Басуға 14.07.2014 қол қойылды. Пішімі 84х108 1/ Офсеттік қағаз. Шартты баспа табағы 14,76. Есептік баспа табағы 17,6. Таралымы 2200.
Мемлекеттік тапсырыс есебінен 2000 дана + баспа есебінен 300 дана. Тапсырыс № 727.
ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
050046, Алматы қаласы, Прокофьев көшесі, 226/1.
Тел./факс: (8-727) 392-94-18.
E-mail: idkz@mail.ru
ЖШС РПБК “Дәуір”, 050009, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 93. Тел.: 394-39-22, 394-39-24. E-mail: rpik-dauir81@mail.ru, rpik-dauir2@mail.ru
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?