Стилистика негіздері
Стилистика және тіл мәдениеті
Стилистика – тіл ғылымдарының барлық саласын біріктіре отырып, соның нәтижесінде бөлініп шықты, сондықтан күрделі ғылыми сала болып табылады. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын реттейді.
Ахмет Байтұрсынов «тіл-адам белгісінің зоры, жұмсалатын қаруының бірі» - деді. Тіл –сөз адамның ақылы, көңілі, көңілінен туған қиялы үлкен әлемдік сөз таңба – ой бірлігі –ұғым –сезім әрекеті арқылы берілетін қазақ ғалымдары өз еңбектерінде жан-жақты мәнін ашты, олар тілдік категориялардың бүгінгі прагматика және стилистика мәселесімен қатысты екендігін анық байқады.
Осы уақытқа дейінгі қазақ тіл ғылымында стилистикаға қатысты жазылған еңбектерде жеке сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің стилистикалық мағынаға ие болуы тұрғысынан ғана қарастырылып келді. Мәтіндегі немесе сөз авторының қолданысындағы стилистикалық амал-тәсілдерінің «өн бойында» бөлінбес «бөлшегі» ретінде жүретін прагматика мәселесі туралы сөз бола қойған жоқ.
Мектеп қабырғасындағы тіл білімі бағдарламасы аясында стилистика мәселесін алып қарастыратын болсақ, оның түрлері мен сипаты ажырата айтылған. Мәселен, ауызекі сөйлеу стилі мен кітаби стильді айтқан кезде, оның өзара бөлінетін түрлеріне тоқталып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы рөліне баса назар аударған. Бір жүйеге түскен, стильдік нормалары мен тармақтары бар кітаби стильдің бөлімдеріне тоқтала келе, стилистика саласының айтары мол екенін түсінеміз.
Стилистика тармағы бізге қаншалықты маңызды? Мектеп қабырғасынан бөлек, адам баласының қалған өмірінде де стилистиканың рөлі басым. Себебі стилистика - ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль сөйлеп отырған жанның өз лебізін коммуникативтік талапқа сәйкес, қарым-қатынас мақсатына сай құра білуі, яғни белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдерді дұрыс қолдану білу. Адам баласы өмірінде осы саланы дұрыс меңгере білсе, оның тілдік мәдениеті, сөйлеу мәнері, ой өрісі де бір –бірімен тығыз байланыста болады.
Ауызекі сөйлеу стилін алып қарастыратын болсақ, ол яғни өзара тілдесу. Бұл жерде адамдар күнделікті ауызекі тілде қарым-қатынасқа түсіп, әңгімелеседі. Оларға ортақ тіл жасалады. Ал одан бөлек, тіл мен сөз әрқашан диалектикалық бірлікте қарастырылады. Сондай-ақ тілдік элементтерге де көңіл аударған жөн. Мысалы, сөз, сөз тіркесі, сөйлем... Бұл тіл жүйесі арқылы адамдар пікір алмасады, яғни ауызекі сөйлеу стилі пайда болады.
Қоғамдағы жаңалықтар, хабарламалар, құжаттар мен ресми іс қағаздар, ғылыми шығармалар, көркем шығармалардың барлығын жазба стилінің бір бөлшегі екенін бәріміз білеміз. Олардың өзіндік жазу стилі болады. Мысалы, құжат толтырып отырып, «өтінемін, сұраймын, талап етемін, бұйрық етемін...» сынды ресми іс қағаздарының бірізділік жүйесі бар. Яғни, осындай тілдік стилистикалық жүйеге сүйене отырып, құжаттар толтырылады. Немесе көркем әдебиеттегі тілдік құралдар. Кейіптеу, метафора, литота, эпитет сынды әдеби элементтер де ақынның жазу шеберлігін, өзіндік стилистикалық қабілетін байқатады.
Мектеп қабырғасындағы стилистика бағдарламасы оқушыларды ең алдымен тіл мәдениетін түсініп, дұрыс сөйлеуге үйретеді. Жоғарыда аталған әр сала бойынша бала ауызекі тілде сөйлеп, жазба стилінде шеберлігін шыңдай түседі. Стилистикада тіл деңгейлерінің барлық салаларындағы құралдар бөлігі жұмсалады. Стилистиканың қарастыратын мәселелері әр түрлі деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, сондай-ақ қарым-қатынастың сан алуан аялары мен жағдайларындағы сөздердің қолданылу заңдылықтары, әр аяға байланысты қолданыс тілін пайдалану, ең бастысы-тілдің қолданылуының коммуникативтік заңдылығы мәселелері болып табылады.
Тіл – халықтың рухы, байлығы, тарихы. Әрбір адам баласы өз тілінде еркін әрі тілдік мәдениетті сақтай біліп, сөздік қорын байытып сөйлей білсе, бұл оның өзіне деген құрметі. Дәл сол сияқты тілдік стильдік шеберлікті дамытып, ауызекі әрі жазбаша тұрғыда дұрыс жазып, сөйлей білу – бұл тілге деген құрметің. Сондықтан тіл тазалығын сақтап, мәдениетті болуға үлес қосайық.
Алматы қаласы, Алатау ауданы
№178 мамандандырылған лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Етекбаева Жанар Мусаевна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?