ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ кітап. Авторы - Шынар Әділова
Шынар Әділова
ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ
УАҚЫТЫҢДЫ БАСҚАР
Алматы, 2019
Кітапта адам баласының теңдессіз қазынасы – уақыт жайлы сөз қозғалады. Уақыттың қол үзіп қалған жағдайда орны толтырылмайтын бірден-бір нығмет екені түсіндіріліп, осы уақытты орнымен пайдаланудың қыр-сыры көрсетіледі. Заманауи тайм-менеджмент ережелерін оқырман назарына ұсына отырып, оны асыл дініміздің шеңберінде қолдану жолдары беріледі. Сондай-ақ түрлі тұлғалардың уақытты жүйелеу әдістерімен таныстырылады.
Кітап
қауымға
уақытына бей-жай қарамайтын барша оқырман
арналады.
•АЛҒЫ СӨЗ
Батыста «уақыт – ақша» деген түсінік қалыптасқан. Ал мұсылман ойшылы Хасан Басри «Мен өздерінің уақытына ақшасынан да аса ұқыптылықпен қараған адамдарды көрдім» деп, уақыттың дәрежесін ақшадан да жоғары қойған. Құнын ақшамен есептеуге келмейтін, алтынға бергісіз иләһи жауһарды пенделік ақылмен өлшеу мүмкін емес.
Ақиқатында, Алла барлық адамға бір күнде 24 сағат уақыт берген. Артық-кемі жоқ. Байда да 24 сағат, кедейде де 24 сағат бар болғанындай, намазын уақытында оқып, діни сауаттылығын арттырып, Құранға көңіл бөле отырып, адал ризық табу жолында маңдай терін төгіп жүрген мұсылман жанның да 24 сағаты бар. Олай болса, ет пен сүйектен жаралған бір адамның қолынан келген істі екінші бір адамның да атқара алатын мүмкіндігі бар екенін мойындау керек. Барлық мәселе «уақыт жетпейдіге» келіп тірелетін болса, сол уақытты басқарып үйрену керек. Ал уақытты басқару дегеніміз тура мағынасында уақыттың билеушісіне айналу емес. Себебі уақыт – Жаратушы Иенің құзырындағы дүние, Алланың ұлы құдіретінің бірі. Біздің оны тоқтатып қоюға, ары-бері жылжытуға, ұзартып созуға, қайтарып алуға қауқарымыз жоқ. Алланың пендесінің қолынан келері – сол уақыттың ағымына үлгеру үшін өз-өзімен жұмыс істеп түзелу болмақ. Яғни, уақытты емес, өз-өзін басқаруды үйренуі қажет. Өзінің уақытын дұрыс жүйелей білген жанға уақыт жетіспеушілігі деген синдром мүлде жат. Ал адам осылай өз-өзін басқарып, уақытын тиімді пайдаланып үйренуі үшін ең алдымен сол уақыттың маңызын түсінуі шарт.
Уақыт – өмір. Уақытын тиімді өткізген, оның маңыздылығы мен құндылығының байыбына бара білген жанды шынайы өмір сүріп жатқан деп есептеуге болады.
Дүние мен ақыреттің кілті болған білімге уақыт арқылы қол жеткізіледі. Теңдессіз туындылар – уақытты тиімді
пайдаланудың нәтижесі. Мәдениет – уақытты дұрыс қабылдау мен маңызын түсінудің туындысы, уақытпен етене жақын болған адам еңбегінің жемісі. Өмір уақытқа көңіл бөлу арқылы мәңгілікке айнала алады. Адам үшін де, қоғам үшін де солай.
Уақытты дұрыс жүйелеудің тәжірибелері бар. Оны сан мыңдаған адам өз басына қолданып, кейінгілерге қазына етіп қалдырған. Оның ең озық үлгісі адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) болатын. Мына бізге, үмбетіне қадірлі уақытты қалай жұмсаудың қыр-сырын айтып қалдырған. Мысалы, таңғы уақыт берекелі, өнімді уақыт; сәресі уақытында береке бар екендігі; бір істен шаршасаң, екінші іске ауысу арқылы демалу; беймезгіл уақытта ұйықтамау; түннің бір уағында оянып, құлшылық жасау арқылы сергектікті қалыптастыру жайлы; бес уақыт намаз бір күнді бес уақытқа бөліп, реттеуге көмектесетіні; әр намаз уақыты минутына дейін өзгешелігімен әрбір адамға уақытты әрдайым есте ұстауға үйрететіні; түстен кейін бір мызғып алудың пайдасы, т.б. Бұлардың әрбірін бүгінде батыстың іскер азаматтары жеке кітап етіп халыққа ұсынуда. Қарап отырсақ, біздің қолымызда Пайғамбарымыз үйреткен алтын қазыналар бар. Бірін қалдырмай, қолдана білсек, соның үдесінен шыға алар едік.
Кейде айналамыздағы адамдардан «жұмыс істеуім керек», «сабақ оқуым керек», «намаз оқуға уақытым жоқ» дегендей немесе керісінше «құлшылықтарымды толық орындайтындықтан, басқа іске уақытым қалмайды» деген сөздерді естіп жатамыз. Негізінде, өмірде бәріне де уақыт жеткізе аламыз! Тек әсірелікке де салынбай, селқостық та танытпай, өмірде жетістікке жету үшін барлығына да жететіндей етіп берілген уақытты тиімді пайдаланып үйрену қажет. Оның көптеген құпиялары осы кітапта жазылған. Сондай-ақ бұл кітапта түрлі тұлғалардың уақытты жүйелеу әдісімен танысасыз. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп Абай айтпақшы, соларға еліктеп, сіз де уақытты пайдалы өткізетін майталманға айналасыз деп үміттенеміз.
•КІРІСПЕ
Адам баласының бар өмірі белгілі бір уақыт аясында өтетіндіктен, әрі әрбір жан уақытқа тәуелді болғандықтан, қай заманда болмасын уақыттың маңыздылығы алдыңғы орында тұруы табиғи жайт. Адамзат жаралғаннан бастап уақыт дегенді ұғынуға, оны анықтауға, дұрыс есептеуге, тиімді пайдалануға тырысып баққан. Соның жолында көптеген зерттеулер жүргізіп, ізденістер жасаған. Уақыт әрбір адамға, барлық мекенге бірдей берілгендіктен, әлемнің әрбір бұрышында сол уақыт жайлы зерттеулер қолға алынған, уақыттың маңызы мойындалған.
Уақытқа тәуелді емес һәм әуелден бар біздің жаратушымыз Алла Тағала белгілі бір уақытта «уақыт» түсінігін жаратты және басқа жаратылыстардың ғұмырын сол уақытқа байланысты етіп белгіледі. Сондықтан жер бетіне адам баласын халифа етіп жібергеннен-ақ уақыттың маңыздылығын ескерткен. Солайша Алланың жіберген әрбір пайғамбары мен түсірген әрбір діні уақыт мәселесіне жіті көңіл бөлген. Соңғы асыл дініміз Ислам да уақыт түсінігі мен оның маңызын шегелеп айтып кеткен. Алла Тағаланың сөзі Құранда, Пайғамбар (с.а.с.) өсиеті хадисте және Ислам ғұламаларының еңбектерінде уақыт тақырыбы жиі қарастырылып, оның маңызы мен орны жан-жақты түсіндіріледі. Әрі ықылым заманнан бергі мұсылмандар өз уақытына аса мән беріп, бұл тұрғыда қырағылық таныта білген.
Құран мен хадистерден нәр алған мұсылман ғалымдарының еңбектері мен соған сай кешкен ғұмырлары уақыт пен оның маңызын көптеп баяндап береді. Ғалымдарымыздан уақыт құндылығы тақырыбында көптеген келелі еңбектер қалған. «Құрғақ қасық ауыз жыртатынын» білген олар тек сөзде ғана айтып өтпей, амалдарымен дәлелдеп, істерімен үлгі бола білген. Тіпті өмірлік әдеттеріне айналдыра отырып, ілімін жалғастырған шәкірттері мен артынан ерген ұрпақтарының бойына сіңіріп кеткен. Олардың өміріне көз жүгірткен кезде
уақыт құндылығын жіті ұғына білгендігі, мәселенің маңызының парқына бара алғандығына куә бола аламыз.
Уақыт тақырыбында қалам қозғаған Ислам ғұламаларының бізге жеткен еңбектері баршылық. Алайда соңғы ғасырларда уақыттың маңыздылығы жайлы Батыс елдерінде көбірек айтылып жүргенін көрудеміз. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» демекші, діні мен ділі бөтен өзге мәдениет болғанымен, үйренетін тұсын алып, жиренер тұсында діни һәм ұлттық иммунитетіміз арқылы өзімізді сақтай білсек, тек пайдасын көрген болмақпыз.
Осы мақсатта екі әлемді ұштастыра отырып, таразының басын тең ұстауға тырысып, Құран мен хадистен бастау алған ислами дереккөздердегі уақыт құндылығы мен заманауи тайм-менеджмент тақырыбында көш ілгері алда келе жатқан батыстық туындыларды үлгі ретінде алу арқылы өз ана тіліміздегі тұңғыш еңбекті жарыққа шығаруды жөн санадық.
Бұл еңбектің жазылуы барысында ең алдымен Жаратушымыздың қасиетті Кәламы мен Оның әз Елшісінің өнегелі сөзіне жүгіндік. «Мұсылманмын» деген әрбір жан үшін Ислам атынан сөз сөйлеу не жазба жазу барысында алғашқы кезекте бет түзейтін қайнар көздер осылар екені әмбеге аян. Қасиетті Құранның уахиын жеткізу барысында «Көкжиек» баспасынан шыққан «Құран Кәрімнің қазақша түсіндірмелі аудармасы» мен түрік тіліндегі алдыңғы қатарлы Елмалылы тәпсірі (Elmalili Hamdi Yazir, «Hak Dini Kuran Dili») пайдаланылды. Ал Алла Елшісінің хадистері барша мұсылман жұртшылығына танымал әрі сенімді «Кутуб ситта» мен «Кутуб тисға» хадистер жинақтары мен соларға түсіндірме жазған кітаптардан алынды. Әз Пайғамбардың (с.а.с.) уақыттың маңыздылығын түсіндірген хадистерін алып қана қоймай, оның жүріп өткен сара жолындағы әрбір ізі мен өміріндегі уақыттың орнын көрсету мақсатында күнделікті іс-әрекеттері мен айтулы оқиғаларға да орын берілді. Бұл ретте түрік тілінде жазылған «Efendimizin bir gunu»
(Пайғамбарымыздың бір күні) атты еңбекті бағдаршам ретінде алдық.
Одан соң кезек күттірместен Ислам ғұламаларының еңбектеріне бет бұрдық. Шейх Әбдул-Фәттәх Әбу Ғуддә осы тақырыпты қамтитын «Қимәтуз-зәмән индәл-уләмә» (Ілім иелері үшін уақыттың құндылығы) деп аталатын өте пайдалы еңбекті дүниеге әкелді. Онда шейх ғұламалардың уақытты тиімді пайдалануға қатысты айтқан сөздері мен олардың өмірінен мысалдар келтіреді. Осы кітапты пайдалана отырып, тек ғалымның уақыт тақырыбындағы пікірлерін ғана емес, ертеде өткен Ислам ғұламаларының өмірлерінде уақыттың орны мен олардың өздерінің ізін жалғастырушыларға уақыт құндылығын жеткізген өсиеттерін де назарға алып, оқырман қауымға ұсындық.
Келесі кезекте араб және түрік тілді мұсылман ғалымдардың жазған еңбектерін кәдемізге жараттық. Олардың арасында арнайы уақыт тақырыбында қалам қозғағандары да бар. Сонымен қатар уақыт құндылығын тереңінен түсіндіру барысында атап өткіміз келген тақырыптарды табуға да мүмкіндік берген еңбектер баршылық. Олардың ішінде ең көп пайдаланылғаны – Ибраһим Жананның «Islam’da Zaman Tanzimi» (Исламда уақытты жоспарлау) кітабы. Кейінгі кезекте Экрем Сагыроглуның «Zaman Bilinci» (Уақыт түсінігі), Өзжан Хыдырдың «Islam Kulturunde Vakit Disiplini» (Ислам мәдениетінде уақыт тәртібі) кітаптары мен басқа да осы тілдегі еңбектер қолданылды. Ислам дініндегі ерекше құндылыққа ие уақыттарды да атап өтіп, мұсылман баласының мән беруі қажет кезеңдерді көрсету мақсатында Хусейн Алгүлдің «Mubarek Gun ve Geceler» (Мүбәрак күндер мен түндер) кітабын пайдаландық.
Ал заманауи тайм-менеджмент тақырыбын түсіндіріп, ережелерімен таныстыру мақсатында бұл тұрғыда көш ілгері оза шапқан ағылшын және орыс тілді мамандар мен сарапшыларға жүгіндік. Бұл ретте әлемге аты кеңінен танылған, ел аралап дәріс беріп жүрген, Қазақстанға да
бірнеше рет жолы түскен Брайан Трейсиден бастағанды жөн көрдік. Атақты сарапшының «Master Your Time, Master Your Life» (Уақытыңды қолға ал, өміріңді қолға ал), «Time Management» (Тайм-менеджмент), «Time Power» (Уақыт күші), «Eat That Frog!» (Құрбақаны жеп қой) секілді кітаптарын саралап, барынша пайдамызға асырып, оқырман қауымға пайдалы кеңестер мен нақты ережелерді кәдеге жарайтындай түрде жеткізуге тырыстық. Кейбір ережелердің атаулары біз үшін таңсық болып, тұрпайы естілгенімен, олардың тәжірибелік жағынан нәтижелілігі үшін тура аударып жаза отырып, барынша түсіндіруге тырыстық.
Одан соң уақытты тиімді пайдалану және өмірде жетістікке жету жолдарын үйретіп жүрген сарапшы Стивен Ковидің еңбектеріне жүгіндік. Оның атақты «The Seven Habits of Highly Effective People» (Жоғары нәтижелі адамдардың жеті әдеті) кітабы мен уақытты дұрыс істерге жұмсауды үйрететін «First Things First» (Алдыңғы кезектегі істер алдымен орындалады) кітабын пайдамызға асырдық.
Тайм-менеджментті жіті ұғынып, өмірлерінде пайдалана білген әлемге әйгілі тұлғалардың күнделікті әдеттерінен мысалдар келтіру үшін адамдарға үлгі болсын деген мақсатта арнайы жазылған Майсон Кюррейдің «Daily Rituals: How Great Minds Make Time, Find Inspiration, and Get to Work» (Күнделікті әдеттер: Ұлы адамдардың уақытын қалай пайдаланғандығы, шабытты қайдан алғандығы мен қалай жұмыс істегендігі жөнінде) кітабын басшылыққа алдық. Бұл тақырыпқа арнайы бір тарау арнап, басқа да мысалдар келтіріп өттік. Себебі уақыт атты баға жетпес құндылығымызды пайдамызға жаратып, тиімді пайдалануды үйрену үшін алдыңғы буыннан үлгі алуымыз қажетті әрі маңызды жайт.
Ислами негізде жазылған ағылшын тіліндегі еңбектерді де көзіміз шалғандықтан, оларға да жүгінуді қажет деп таптық. Америкалық мұсылман спикер әйел Зухра Саруаридің «Powerful Time Management Skills for Muslims»
(Мұсылмандарға арналған уақытты басқарудың тиімді жолдары) кітабын және Малайзиялық Халықаралық Университеттің баспасынан шыққан «Time Management from an Islamic Perspective» (Ислами тұрғыдан уақытты басқару) атты нұсқаулықты кәдемізге жараттық.
Сонымен қатар Ричард Уолштың «Time Management: Proven Techniques for Making Every Minute Count» (Тайм-менеджмент: Әрбір минутты тиімді өткізуге арналған дәлелденген тәсілдер), Джулия Морганстерннің «Time Management From The Inside Out» (Жан-жақты тайм-менеджмент ережелері), Линда Сападин мен Джэк Макуайрдың «It’s about Time» (Бұл – уақыт жайында) кітаптары және басқа да көптеген ағылшын тіліндегі еңбектерден аларымыз болды.
Одан соң орыс тілді мамандарға жүгініп, Ресейдегі алдыңғы қатарлы сарапшы Глеб Архангельскийдің кеңестеріне құлақ түрдік. Оның «Тайм-драйв: Как успевать жить и работать» және «Тайм-менеджмент. Полный курс: Учебное пособие» кітаптарын негізге алдық. Және де Хайнц Марияның «Позитивный тайм-менеджмент: Как успевать быть счастливым» кітабын негізге ала отырып, уақытты жоспарлау мен соған сәйкес өмір сүрудің адамды жалықтырмай, оның бақытты болуына жол аша алатындығын көрсетуге тырыстық. Солтүстігіміздегі көршілеріміздің еңбектерінен пайдамызға асыра алған тұстарымыз көп болды деуге болады.
Қолға қалам алып, бастап отырған бұл еңбек елімізде ана тілімізде жазылған осы тақырыптағы алғашқы кітап болатындығын жоғарыда атап өттік. Сондықтан пайдаланған әдебиеттеріміздің арасында дәл осы тақырыптарды қамтыған қазақ тіліндегі мәлімет болмағандығын айта аламыз. Дегенмен тақырыбымызды ары қарай да аша түсу барысында ана тіліміздегі діни және әдеби кітаптар мен жекелеген сайт материалдарын қолданған тұстарымыз баршылық.
Біздің халқымыздың да уақыт тақырыбынан кенде қалмағандығын көрсету мақсатында ертедегі ақын-жазушыларымыздың өлең-жырлары мен ел аузындағы мақал-мәтелдерді де тақырыпқа сәйкес келген жерлерінде келтіріп отыруды ұмытпадық.
Кітабымызды ең алдымен уақыттың құндылығы мен маңыздылығын түсіндірумен бастағанды жөн көрдік. Уақытты тиімді пайдаланудың қажеттілігін ұғыну үшін оның қаншалықты құнды сый екендігін терең түсіну қажет екендігі айқан.
Уақыттың маңызын түсінгеннен кейін ол уақытты қалайша дұрыс қолдана алуға болатыны сұрақ болып қалмас үшін кезек күттірместен, уақытты тиімді пайдалану үшін берілген кеңестер мен заманауи тайм-менеджмент тақырыбының ережелеріне орын берілді. Оның ішінде жоспар құру, уақытты қажетті нәрселерге жұмсау, істі кейінге қалдырмау, уақытты жоғалтпау әрі бос өткізбеу секілді мәселелерге тереңінен түсініктеме беріліп, бұл тұрғыда әлемдік тәжірибедегі барлық дерлік кеңестер қамтылды.
Одан соң Ислам дініндегі уақыт тақырыбы қолға алынды. Осы орайда уақыттың маңыздылығын түсіндіруді жалғастыра отырып, ол жайлы Құранда не айтылғандығына кезек бердік. Уақыт тақырыбына Алланың қасиетті кітабында көптеп орын берілгендігі оның қаншалықты маңызды екендігіне дәлел бола түседі. Осы орайда Құранда аталған уақыт түрлері мен олардың маңызы, құлшылығымыздағы уақыттың орны, уақытты кезеңдерге бөлудің сыры жайлы да анықтамалар беріп өттік.
Уақыт мәселесін Ислам діні тұрғысынан қарастырып жатқандықтан, дінімізде ерекше құнды саналған кезеңдер мен уақыттарды атап өтуге де көңіл бөлдік. Сонымен қатар мұсылман баласы уақытын бөлуі қажет болған бірден-бір құлшылық1 намаз бен оның уақыттары, түнгі намаз жайы да сөз болды.
Кейінгі кезекте адамның басты қажеттіліктерінің бірі демалысқа уақыт арнау жайында арнайы тақырып талданып, дінімізде демалыстың орны, арнайы демалыс уақыттары мен атаулы мереке күндері туралы кеңінен түсініктеме берілді.
Адам баласының өмірі де уақыттың аясында өтетіндіктен, оның өмірінің кезеңдері мен әрбір кезеңнің маңыздылығы әрі атқарылатын істері жеке-жеке жазылып, бөлек тақырып арналды. Уақытын тиімді пайдалануға итермелейтіндей әрбір жанның алға қойған мақсаты болуы керек екендігін ескертіп өттік. Адам белгілі бір уақыт ішінде өмір сүруі арқылы сынаптай сырғыған уақытқа тәуелді болғандықтан, біз мұсылман ретінде уақытымызды дүниелік істерге де, ақыреттік амалдарға да жеткізе білуіміз қажеттігі мен оның жолдары көрсетілді.
Дініміздегі уақыт құндылығы мен тайм-менеджмент ережелерімен танысып, мән-жайға қанық болғаннан кейін мұсылман баласының сол уақытын қандай істерге жұмсауы қажеттігі көрсетілді. Олардың ішінде адал ризық табу, ғибадат ету, білім алу, отбасына уақыт арнау, туыстар мен достарға көңіл бөлу және демалу секілді ең бастыларын жеке-жеке түсіндіріп өттік.
Ең соңында уақытты тиімді пайдаланудың маңызын түсіндіріп, оған арналған ережелерді келтіріп болғанда, тақырыбымыздың тәжірибелік жағын көрсету мақсатында осы мәселенің байыбына барып, өмірлерінде қолдана білген жандардың мысалдарын келтіре отырып, үлгі алу жолдарын қарастырдық.
Ислам дінінде уақыттың маңыздылығына баса мән берілгендігін тағы бір нақтылап көрсете отырып, қорытындылау арқылы кітабымызды тамамдадық. Кітапта келтірілген аят-хадистер мен басқа да мәліметтерді пайдалана отырып, өмірінің тиімділігін арттыра білген бір ғана жан болса да еңбек мақсатына жеткен деп санаймыз.
•УАҚЫТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Уақыт – аманат. Алла Тағала Құранда «Ғасырға серт!» деп уақытқа бекер ант етпесе керек.2
Алла Тағаланың ешкімді бөліп-жармай, бір-бірінен өзгешелемей барлығына бірдей етіп берген бірден-бір нығметі – уақыт. Барша адамның өмірінде күнделікті 24 сағат бар. Сондықтан да уақыт тұрғысынан «миллионерлер» болмайды.
Уақыт Алланың белгілеген заңдылығы бойынша ағып кете барады. Бұл дүниеде көп нәрсені сатып алу немесе қайтарып алу мүмкін. Алайда өткен уақыт олай емес: ол қайтып келмейді, сатылмайды, қарызға берілмейді, уақытша алынбайды...
Ақшаның құны оған не сатып алуға болатынымен есептеледі. Ал уақыттың құны сол уақытта не істей алатынымызбен тікелей байланысты.
Уақыт – өте құнды. Қайта айналып келмейді. Арнайы бөгеттерде суды жинауға болады, бірақ уақытты бұлай жинау мүмкін емес.
Уақыт тек маңызды жайттарды ғана емес, мардымсыз деген істерді де өзгертуге қауқарлы. Өмірімізде уақыттың әсерінен тыс қалатын ешбір жағдай жоқ. Уақыт күштіні әлсізге, әлсізді күштіге айналдыра алады. Уақыт міндетті түрде өзгеріс алып келеді.
Барлық іс белгілі бір уақыт аралығында орындалады. Сонда да көптеген адамдар осы бірегей, орны толмас және қажетті қорды қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Уақытқа деген
мұқияттылық – адам өмірінің сапасын белгілейтін бірден-бір өлшем.
Сол үшін де әрбір сәтімізді дұрыс пайдалануымыз керек. Өйткені уақыт ешқашан ешкімді күтіп тұрмайды. Өткен уақыт ендігәрі қайта айналып келмейді. Ал болашақ болса, бұлыңғыр. Тек қазіргі тыныс алып тұрған сәті ғана адам баласына берілген алтын мүмкіндік. Уақыт әрбір адамға мүмкіндік береді. Алайда сол мүмкіндікті дер кезінде пайдалана білгендер ғана жетістікке жете алмақ. Ал уақыттың адам баласы үшін мүмкіндік екендігінің байыбына бара алмаған жан өмірінде барлық жақсылықтан мақұрым қалады деуге болады. Сондықтан мүмкіншілік болып тұрған кезде уақытты Алла разы болатындай етіп пайдалану – ең ақылдының ісі.
Бүгінде кішкентай көзге көрінер-көрінбес алтын сынығын ешкімнің қоқысқа тастамайтыны мәлім. Бірақ миллиондаған алтын беріп сатып алуға болмайтын уақыт ысырабына көп адам мән бермейтіні қандай өкінішті!
Жастық шақтың маңыздылығы
Адам баласының уақытының ішіндегі ең маңыздысы, оған санаулы күндер түрінде сыйға тартылған баға жетпес нығмет – жастық шағы. Ақылы бар адам бұл бағалы да шектеулі мүмкіншілікті ең тиімді түрде өзінің мәңгілік пайдасына жұмсаудың жолдарын іздейді.
Алайда жастықтың қадірі көбіне кәрілікте ғана аңғарылып жатады. Тәжірибесі мол, көпті көрген ақсақалдардың бірауыздан айтар шындығы: «Байқа, жастық шағыңда алданып қалып жүрме! Өйткені ол жылдам өте шығады екен».
Имам Раббани екі ауыз сөзбен қандай тамаша жеткізген: «Уақытыңның ең бағалысы болып табылатын жастық шағыңды тиісінше ең бағалы істермен өткізуің керек».
Жастық шақты ойнап-күлу мен ойын-сауық уақыты деп ойлайтындар қатты қателеседі. Жастық шақ адамға өмірлік қажет болатын мықты сенім мен көркем тәрбиені меңгерудің ең ыңғайлы мезгілі. Жастық шағын дұрыс пайдаланбаған, жеткілікті білім алмаған жан қартайғанда сыйлы қарт бола алмайды, адамдар мезі болып жалығып, құтылуға асығатын сүйкімсіз шал болады.
Егер де өскелең ұрпақ өздерінің жастық күш-жігерін нәпсіқұмарлықтары мен қиял-әуестерін қанағаттандыру жолында ғана пайдаланатын болса, Алла Тағаланың рақымы мен кеңшілігінен мақұрым қалары сөзсіз. Мұндай бақытсыздыққа душар болған ұрпақ барлық тұрғыда артта қалады.
Қандай мамандық иесі болмасын, өмірде өз орнын табуға ұмтылған әрбір жанның жетістікке жетуіне оның «уақыт» түсінігі үлкен рөл атқарады. Олай болса, жастардың тәрбие мен білім алу кезеңінде үйретілуі қажетті негізгі мәліметтер мен қалыптастырылуы керек әдеттердің қатарында «уақытқа» қатысты мәселелер де үйретілуі тиіс. Бұл мәліметтер мен әдеттер өмірдің әрбір сәтін тиімді өткізуіне септігін тигізіп, адамның жетістікке жету жолында бірінші кезекте орын алады.
Бұл жеке адам үшін қажетті болғанындай, қоғам үшін де маңызды. «Уақыт» мәселесін жақсы түсінген, жұмысы мен қоғамдық қарым-қатынастарын сол түсініктің аясында реттей білген қоғам басқаларына қарағанда әлдеқайда дамыған әрі жайлы өмірге қол жеткізе алған. Технология дамуында алға озған мемлекеттерде «уақыт» мәселесінде дұрыс түсінік қалыптасқан.
Бұл мәселеде зерттеу жүргізген әлеуметтанушылар дамыған мемлекеттер мен артта қалған елдер арасындағы ең басты айырмашылықтардың бірі «уақыт» жайлы ой-тұжырымдары екендігіне көз жеткізген. Олардың зерттеуінше, дамыған мемлекеттерде атқарылатын істің уақытқа байланысты тәртібі бар және әрбір іс өзіне бөлінген уақыт ішінде орындалуы қажет. Артта қалған елдерде болса, өмір кездейсоқтыққа негізделген. Аталған жайт тек батыс пен шығыс арасындағы айырмашылық қана емес, барлық дамыған мемлекеттер мен артта қалған елдер арасындағы жиі кездесетін әрі өзгермес ақиқатқа айналғандай.
Әрбір өткен сәттің ақыреттік есебі
Уақытты жоспарлауды қалыптастырып, мұсылмандардың өмірлік әдетіне айналдыру үшін дініміз оның маңыздылығына назар аударып қана қоймаған. Сонымен қатар Құранда да, хадисте де адам өмірінің әрбір сәті есепке тартылатыны, өлшеп берілген өмір атты қазынаны қандай жолда, қалай жұмсағаны сұралатыны нақты айтылған.
Құранда адам баласының жаратылып, қалағанын істеуге еркіндікке жіберілмегенін3, өмір бойы істеген әрбір амалын арнайы періштелердің жіпке тізгендей жазып отыратынын4, тек іс-амалын ғана емес, адамның ойында қылаң берген жайттардың да жазылатынын5, есепке тартылатын күні адамның бұлардың ешбірін жоққа шығара алмайтынын, тіпті сол істерді атқарған тілі, көзі, құлағы, қол-аяғы секілді дене мүшелері жеке-жеке куәлік ететінін6, жасалған жақсылық не жамандық әрекеті шаңның тозаңындай көзге ілінбес мардымсыз болса да сұраусыз қалмайтынын7, ол есеп күнінің адамға баласын, отбасын, бауырын, ата-анасын, барлығын ұмыттыратынын8, жас балаларды әп-сәтте ақ шашты қарияға айналдыратын өте ауыр әрі қорқынышты күн болатынын9 ескертеді.
Адамның жеке тұлға ретінде жауапкершілігі мен ақыретте беретін есебі турасындағы аяттардың саны өте көп.
Бұл айтылғандарды төмендегі хадис жан-жақты өте жақсы баяндайды:
«Қиямет күні әрбір адам мына бес сұраққа жауап берместен
ешқайда жылжи алмайды:
Өмірінің әрбір сәтін қайда өткізгендігі; Жастық шағын қалай өткізгендігі; Дүниесін қандай жолмен тапқандығы; Дүниесін қайда жұмсағандығы; Білгендерімен амал етіп-етпегендігі».10
Ойлап қарайтын болсақ, аталған бес жайттың барлығының
азды-көпті уақытпен байланысы бар екенін аңғара аламыз. Исламның адамзатқа алып келген тәрбиесі арқылы жоғарыдағы жайттарға байланысты сенімі қалыптасқан жан уақытты жоспарлау мәселесінде немқұрайдылық танытпасы анық.
Сонымен алдымызда ақыреттің есебі күтіп тұрғанын естен шығармауымыз қажет. Алайда ақыреттен қорықпай, бұл дүниеден қорқуымыз керек. Өйткені ақыретте бұл дүниеде атқарған істеріміздің нәтижесін көреміз. Сондықтан ақыретте қандай нәтижеге қол жеткізетініміз бұл жалғанда уақытымызды қалай өткізгенімізге тікелей байланысты болмақ.
Әрбір арайлап атқан таңымызда өмір күнтізбеміздің бір парақшасы ашылады. Сол өмір парағын қалай толтырамыз? Кирамән Кәтибиндер бүгінгі ақыреттік «файлымызға» нелер жазады? Мүмін, міне, осы ақиқаттар жайын қатты ойланып, жүрегімен есебін жасап, уақытын ең пайдалы іспен өткізсе игі.
Уақыттың маңызын түсінгендер
Тарихта артында өшпестей із қалдырған Хетт патшалығы, Мысыр, Грек және Рим мәдениетінде күнтізбе қолданылуы
олардың сонау ерте заманнан уақыттың қадірін түсініп, соған сай өмір сүруге тырысқанын аңғартатындай. «Күнтізбе», «уақытты білгілеу» деген ұғымдар мемлекет пен адамдардың істері уақытқа қарай жоспарлағанын білдіреді. Күн тәртібі бойынша әрекет ету уақыттың ретке келтіріліп, адам өмірінің аса тиімді өткізілуін көрсетеді. Тарихтағы ең алып мемлекеттердің бірі болған Мысырда жылды 12 айға, күндізді 12 сағатқа, түнді 12 сағатқа бөлгендігі, әрбір сағатқа жеке-жеке атау бергендігі мәлім.
Алғашқы ғасырлардағы мұсылмандар да уақыттың қадірін жете түсіне білген. Мұның бірден-бір дәлелі бола алатын ең үлкен жаңалық – олардың сағатты ойлап табуы. Үлкен алаңдарда, кең сарайларда, орталықта, қоғамдық орындарда әрдайым сағат болатын. Бұл олардың әрбір минуттың қадірін түсінгендігін көрсетеді. Осылай уақытты қадірлей білгені үшін де Ислам мәдениеті бүкіл ортағасырлық қараңғылық кезеңді нұрға бөлей білді. Өзгелер мұсылман мәдениетінен үлгі алды, көп жайтты үйренді. Ал қазір сол мәдениет қайда қалды, неліктен мұсылман әлемі артта қалуда деген сұрақтарға бір ғана жауап айта аламыз: себебі мұсылман үмбеті уақытын бағаламайтын болды. Батыс болса, керісінше, мәңгілікке негізделген рухани құндылықтары болмағандықтан, жер бетіндегі әрбір сәтін бағалап, әр минутын есептеп пайдаланып, өзінің даму жолында үлкен жетістіктерге жетіп отыр.
XIX ғасырда алда болған мемлекет ретінде есептеуге келмеген Ресей Империясының коммунистік төңкерістен кейін қол жеткізген технологиялық дамуын да жаңа басшылардың уақыт жайлы ой-тұжырымдарды дұрыс қалыптастыруымен түсіндіруге болады. Төңкеріс уақытындағы басшылардың өздері «уақыт секілді құнды нәрсе бір қол сағаты сияқты қарапайым дүниеге аманат етіле алмайды» деген түсінікпен қысқа уақытта ауқымды істерді үлгеру үшін сан түрлі шара іздеп, «уақытты халқына бағындыруға» тырысып, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ұмтылыспен барша отандастарының уақытты
тиімді қолдануына жағдай жасауды жоспарлаған. Осылайша төңкеріс «уақыт машинасына» айналғандай болды.11
Тайм-менеджмент
•УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Пост-кеңестік көршіміз Ресейдің тайм-менеджмент сарапшысы Глеб Архангельскийдің айтуы бойынша, «Өз уақытын басқару» түсінігі адамның барша мүмкіндіктерінің ішіндегі ең құндысы «уақыт» болғандықтан ортаға шыққан. Уақыт – қайтып айналып келуі мүмкін болмаған әрі өте шектеулі қор. Сондықтан барлық басқару жүйесін уақытты есепке ала отырып реттеу қажет.
Енді осы түсініктемеге асыл дініміздің призмасынан да қарай отырып, анықтама беруге тырысатын болсақ, тайм-менеджмент дегеніміз – бұл дүниеде және ақыретте жетістікке жету үшін, өзімізге әрі өзіміз жауапты жандарға пайдалы ғұмыр кеше
білу үшін уақытты дұрыс пайдалану мен тиімді жұмсауды жоспарлау.
Өткен ғасырдың алғашқы жартысында-ақ өзін-өзі және уақытты басқару тұрғысында көптеген зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазып кеткен Америка-Австриялық кеңесші Питер Друкер ескеруіміз қажетті мынадай нұсқаулық береді: «Табысты меңгеруші бірден тапсырмаларды орындауға кіріспейді, алдымен уақытына қарайды. Олар бірден жоспарлауға кіріспейді, алдымен уақытын қандай істерге жұмсайтынын нақтылайды. Сонымен қатар олар уақытын босқа шығындайтын қажетсіз істерді барынша қысқартуға бар күшін салады».
Тайм-менеджмент
Тайм-менеджмент – тек құрал ғана емес, ол – айналаға басқа көзбен қарауды үйрететін тың көзқарас.
Бұл жаңа көзқарастың негізі мынадай қарапайым ақиқатты түсінуде жатыр:
•Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Өмірдің соңында бос өткен уақыттар үшін «ар-ождан азабына» душар болмайтындай өмір сүру қажет. Ал ақыреттегі мәңгілік өмір бұл жалғанды қалай өткізгенімізге байланысты болғандықтан, жер бетіндегі бір-ақ рет берілетін мүмкіндік саналған өмірімізге асқан мұқияттылықпен қараудың маңыздылығы арта түседі.
•Уақыт – адам өмірінің құрамдас бөліктері. Басқа қорлардың барлығы өмір барысында жоғалып, қайта табылуы мүмкін. Ал уақыт тек қана келмеске кетіп, өте бермек.
•Уақыт пен ондағы адамның әрекеті қайтарымсыз. Жасалған әрекетті ой елегінен өткізіп, кейбірін түзетуге, күнә болса тәубе етуге, адамдардың кешірімін алуға болады, алайда ешкім де болған жайтты түбегейлі жоюға қауқарлы емес.
Тайм-менеджмент – орны толмас өмірлік уақыттарды жеке құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңызға сай саналы түрде әрі
ақылмен қолдану.
Тайм-менеджмент – жай ғана күнделік пен жоспар емес. Ол – өміріңіздегі орны толмас уақыт қорын мақсат-мұратыңыз бен құндылықтарыңызға сай қолдануға жағдай жасайтын әдістер жиынтығы.
Бұл түсініктің негіздері:
Таңдау еркіндігі. Таңдау еркіндігі адамның ішкі жан дүниесі мен санасынан бастау ала отырып, өмірге деген көзқарасына өтіп, адам әрекетінің еркіндігі мен әлемді өзгерту еркіндігіне дейін мүмкіндік береді.
Жауапкершілік. Адам баласы өмірін қалай өткізгеніне, уақытын қалай жұмсағанына Алланың әрі ұжданының алдында жауапты. Ал санасыз түрде өмірдің ағысымен жүре беретін, өмірін реттеу үшін ешқандай да ерік-жігерін қолданбайтын, өз өмірі мен уақытына байланысты жауапкершілікті өз мойнына алмайтын жанды «адам» деуге келе ме?
Даму. Түрлі деңгейде әрі түрлі салада өз-өзін дамытуға көңіл бөліну қажет. Өмір – даму уақыты, кемелдену уақыты, алға ұмтылу уақыты.
Тайм-менеджмент – барлығына да керек құрал. Жұмыс барысындағы адам, үй шаруасындағы әйел, оқудағы студент пен оқушы, барлығы-барлығы да уақытқа мұқтаж. Ал уақыт болса шектеулі. Сол шектеулі уақытта барлық істерін орындап бітіру үшін уақыттың маңызын түсініп, тиімді пайдаланудың жолдарын үйреніп, ысырап етуден аулақ болу керек.
Жоспар құру
Уақытты жоспарлау – адам мен әлемнің дамуына, ең ауыр әрі күрделі болған құндылықтар мен өмірге көзқарас тұрғысынан жақсы жаққа өзгеруге мүмкіндік беретін бірегей құрал.
Тайм-менеджмент бойынша сарапшы Алан Лакейннің айтуы бойынша, жоспар құру арқылы сіз бірінші күннен уақытыңыздың 25%-ын үнемдей аласыз. Үш-төрт аптадан соң
күнделікті жоспар құру әдетіңізге айналады. Солайша сіздің жұмыс өнімділігіңіз арта түседі.
•Уақытты тиімді пайдаланудың ең басты қағидасы – күнделікті таңертең сол күні жасалатын істердің тізімін жазып жоспар құру. Ең дұрысы – жоспарды кешкі уақытта жұмыс күніңіз аяқталар кезде жасау. Ертеңгі күні қандай істер жасау керектігін тізіп жазу арқылы санаңызға белгі беріп, сіз ұйқыда жатқан уақытта санаңыздың соған сәйкес жұмыс істеуіне жағдай жасайсыз. Көбіне мұндай жағдайда таңертең жұмысыңызды сапалырақ әрі тиімдірек орындауға септігін тигізетін дайын пікірлер мен шешімдерді ойланып ояна аласыз.
•Егер жұмыс барысында қандай да бір міндет жүктелсе, оны бірден жоспарыңызға түртіп қойыңыз. Біреуге қоңырау шалу не электронды хабарламаларды тексеру секілді арбауларға алданбаңыз. Жаңа тапсырманы жоспарыңызға енгізу арқылы сіз олардың арасында қай істің маңыздылығы жоғары екенін анығырақ көре алатын боласыз.
•Жұмысқа кіріспес бұрын тізіміңізге көз жүгіртіп қарап шығып, оларды маңыздылығына қарай әріптермен не сандармен белгілеп алыңыз. Осы орайда тізімдегі жұмысты атқарғанда не атқармай қойғанда болуы мүмкін нәтижесін ойлаңыз. Олардың арасындағы кейбір істердің маңыздылығы сонша – егер атқарылмай қалыс қалып кетсе, салдары өте қатерлі болуы ықтимал. Ал кейбіреуін істемегеннен ешбір әсері болмауы мүмкін. Осылайша барлығы жұмыстың нәтижесі мен салдарына байланысты болмақ. Уақытын тиімді пайдаланатын табысты адамдар алдымен нәтижелі жұмыстарға уақыт бөледі. Ал жолы болмайтын бейбақ жандар кейде көбірек күш салып, ұзағырақ еңбек етуі мүмкін, алайда уақытын еш нәтижесіз істерге текке
шығындайды. Ондай істерді орындап-орындамағаннан еш нәрсе өзгермейді.
Өкінішке орай, көпшілік адамдар үшінші-төртінші санаттағы істермен шұғылданып, уақытының көбін жұмсап қойып жатады. Онысымен ол адамдар жұмыс істеп жатырмын деп ойлап, өз-өздерін алдап немесе алданып қалуы да ғажап емес. Бірақ анығына келгенде, олар толыққанды нәтижеге жете алмағандықтан, уақытының айтарлықтай бөлігін бос өткізген болып саналмақ.
Осындай қарапайым ережені (жұмыстың тізімін жасау, оларды маңыздылығына қарай реттеу, ең маңызды істен бастап кезек-кезегімен орындау) сақтау арқылы сіз жұмысыңыздың нәтижесін екі, тіпті үш есеге арттыра аласыз. Ал бұл – орасан зор жетістікке апарар жол.
Уақыт пен қаражат – бір-бірімен тығыз байланысты түсініктер. Оларды дұрыс пайдаланып, жетістікке жетуге болады, қате қолданып, жер сипап қалуға да болады. Пайдасыз жаратқанын қайтарып алу мүмкін емес. Ақылмен қолданылған уақыт пен қаржының нәтижесі мен пайдасын көптеген жылдар бойы көруге болады.12
Жоспар құруды ойға алғанда немесе қажеттілігін ойлағанда жекелеген дінімізді дұрыс түсіне алмаған адамдардан мынадай керітартпа пікірді де естуіміз мүмкін: мұсылман адам Аллаға тәуекел етуі қажет делінген, сондықтан да болашаққа жоспар құру Оған деген сенім мен тәуекелге қайшы болмақ. Алайда Алла Тағаланың сөзі Қасиетті Құранда бізге мұндай түсініктің дұрыс еместігі нақты көрсетіледі. Жүсіп пайғамбар (а.с.) Мысырда қазына басшысы болып тағайындалғанда алдағы жеті жылға арнап жоспар құрып, халықты аштықтан аман алып қалады.13 Осыдан жоспар құрудың дініміз бен иманымызға қайшы әрекет еместігіне көз жеткізе аламыз. Тек жоспар құрып, алдағы уақытта бір істі атқаруды ойға алғанда
мұсылман баласына жарасар «Алла қаласа» деген сөзді айтуды ұмыт қалдырмағанымыз жөн.14
Жоспар құрғанда мезгіл мен мекеннің ерекшеліктерін ескеру
Атқарылатын әрбір іс белгілі бір мезгіл мен мекен ішінде орындалатыны анық. Яғни, қандай да бір істің орындалатын уақыты мен орны болады. Олай болса, әрбір іс оның орындалатын орны мен уақытына тығыз байланысты. Сондықтан істің нәтижелі болуы үшін тек қана дұрыс жоспарлау жеткіліксіз, уақыт пен орынның ерекшеліктеріне де көңіл бөлу қажет. Мысалы, ойда-жоқта күтпеген жерден қонақтар келіп қалатын немесе басқа жұмыстар шығып қалатын уақыттар болады. Сондықтан жұмыс жоспарланғанда кенеттен жұмыс ретінің бұзылуы мүмкін екендігі ескеріліп, соған қарай алдын алу шаралары ойластырылмаса, жұмыс керекті уақытында, қажетті деңгейде бітпеуі мүмкін. Жұмыс атқарылатын мекеннің ерекшеліктері де соншалықты маңызды. Мұнда мекен дегенде тек үй, кеңсе, кітапхана секілді ғимараттарды ғана емес, өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамдық ортаны да есепке алу қажет. Тура сол секілді уақыт дегенде тек жұмыс атқарылатын белгілі бір сағаттарды ғана емес, адам өмір сүріп жатқан ғасырдың, заманның ерекшеліктерін де ескеру қажет болмақ.
Жоспар құру жолдары
Заманауи тайм-менеджмент тек «қалай уақытында үлгеруге болады?» деген сұраққа жауап беріп қана қоймайды. Ол – өз-өзіңді және өз әрекетіңді басқару.
Тайм-менеджмент жүйе ретінде төрт сатыдан құралады.
Адам өмірін жолаушылық деп алатын болсақ, шыққан жерінен көздеген мекеніне дейін жету үшін қалай баратынын (төте жол, қауіпсіз жол, ыңғайлы жол, т.б.), немен баратынын (қандай құралдар қолданатынын), қайда баратынын (көздеген мақсаты мен діттеген жерінің бір болуы) және неліктен баратынын (неге басқа жерге емес, дәл сол мекенге бару қажеттігі) анықтап алу өте маңызды. Сондықтан адам кез келген істі орындамас бұрын осы сатыларды қарастырып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп шығуы қажет.15
Жоспар құру барысында мән беру қажет қағидалар:
Жазбаша жазу. Жоспардың іске асуы үшін қажетті ең басты қағида – оның жазбаша түрде жазылуы. Бұл жоспардың шынайылығын көрсетеді. Сонымен қатар жоспарланған істердің орындалып-орындалмағандығын қадағалау үшін де қолайлы.
Тұрақтылық. Тұрақты түрде күнделікті жоспар құру дұрыс ойлануға, зейіннің шоғырлануына, өз ісі мен өміріне деген жауапкершіліктің артуына септігін тигізеді. Сондай-ақ ойды артық мәліметтерден арылтып, маңызды жайттар мен пікірлерге орын босатуға, есте сақтау қабілетінің артуына жағдай жасайды.
Басымдылық. Жоспар құру барысында ең маңызды істер мен тапсырмаларға басымдылық беру қажет.
Шынайылық. Жоспар құру сізге уақыттың мөлшерін және соған сай шынайы мүмкіндіктеріңізді көрсетеді.16
Уақыт – орны толмас қор
Уақыт – адамдардың барлығына бірдей дәрежеде берілген қор. Әрбір адамға күнделікті 24 сағат тиесілі. Айырмашылық адамдардың сол уақытын қалай пайдаланатындығында ғана.
Табысты адам – уақытын дұрыс пайдалана алатын жан. Табысты адам – барлығына уақытында үлгере алатын жан.
Адамның өмірлік жоспары жобамен осылай көрініс табады:
Бұл жүйе пирамиданың құрылысына ұқсайды. Ал оны қалайтын негізгі кірпіш – уақыт (жыл, күн, сағат).17
Уақыттың орны толмас қор екендігін естен шығармау қажет. Ұрланған ақшаны қайтаруға болғанымен, ұрланған уақытты ешкім қайтарып бере алмақ емес.
Адамда міндетті түрде күнделікті жоспар болуы қажет. Уақытты жоспарлауға қарсы пікір айтушылар қазіргі кезде барлығы тез өзгеріп сала беретіндігін алға тартады. Алайда жоспар құру дәл сол өзгеріс болуы мүмкін деген жағдайлар үшінқажет.Сізтаңертеңтұрғандатісіңізді тазалайтындығыңызды жоспарламайсыз ғой, ол сіз үшін онсыз да үйреншікті жайт. Жоспар сізді тығырыққа тіреп, айналаңызда болып жатқан өзгерістерге көз жұма қарауға мәжбүрлемейді. Жоспар – құбылмалы өмір жағдайларына бейімделудің жолы. Жоспар құруға сіздің күнделікті 5-7 минут уақытыңыз кетуі мүмкін. Ал сол арқылы сіз айтарлықтай көп уақытыңызды үнемдей аласыз.
Сіз екі түрлі жоспар жаза аласыз: апталық немесе күнделікті. Аптаңызды жоспарлау барысында сіз апта ішіндегі маңызды тапсырмаларды, кездесулерді, іс-шараларды жазып
қоясыз. Ал егжей-тегжейлі күнделікті жоспар құруды қаласаңыз, күнделікті істеріңізді сағатына дейін белгілеп жазатын күнделік түрін таңдасаңыз болады. Ең тиімдісі – жоғарыда солдан оңға қарай апта күндері жазылған, ал олардың әрқайсысында жоғарыдан төмен қарай күнделікті сағаттар жазылған күнделік арнау.
Бір күнді жоспарлау тәсілі
Күніңізді жоспарлау барысында мынадай үш түрлі іспен бетпе-бет келесіз:
•Атқарылу мерзімі қатаң белгіленген істер (жиналыс, кездесу, т.б.);
•Атқарылу мерзімі қатаң белгіленбеген істер (қай уақытта орындайтыныңызды өзіңіз шешетін істер);
•Біршама уақыт алатын ауқымды істер (атқарылу мерзімі қатаң белгіленбеген, бірақ орындауға уақытты қажет ететін істер).
Енді күніңізді жоспарлаған уақытта алдымен атқарылу мерзімі қатаң белгіленген істерді уақытына сай жазып аласыз. Одан соң араларында қалған бос сағаттарға уақыт жеткілікті болса, ауқымды істерді жазасыз. Кейіннен атқарылу мерзімі қатаң белгіленбеген істерді қалған уақыттарға түртіп қоясыз.18 Жалпы жоспарыңызды мынадай үш бөлімге бөліп жаза
аласыз:
Күндік жоспар: күнделікке жазылған бүгінгі күнгі жоспарыңыз.
Апталық жоспар: алдағы аптада не айда атқарылатын орта мерзімді істер.
Жылдық жоспар: басқа ұзақ мерзімді істер. Енді мұндағы ең басты қағида мынадай:
Күнделікті кешке ертеңгі күннің жоспарын жазатын кезде апталық жоспарды шолып өтіп, уақыты жеткен істерді бір күндік жоспарға енгізу.
Аптасына бір рет алдағы аптаны жоспарлаған уақытта жылдық жоспарға көз салып, қажетті істерді апталық
жоспарға жазып қою.19
Ескерту:әрбір адам жеке қалауы бойынша бұл жоспардың арасына айлық жоспарды да қоса жазып, төрт бөлімге бөле алады.
Асығу ма, асықпау ма?
Көпшілік адам олардың атқару керек істерінің көптігін және оған уақыттың тапшылығын айтып шағымданады. Өздеріне қажет болғанына қарамастан, олардың демалуға уақыты жоқ. Олардың ойынша, таңертең өте ерте жұмысқа барып, күні бойы барын салып жұмыс істеп, тіпті үйге де жұмысын арта келіп, кешкі сағат 8-9-ға дейін жұмыс істеу қажет. Алайда бұл оңтайлы тәсіл емес.
Адам уақытының барлығын жұмысқа жұмсамай, жұмысқа арналған уақытын тиімді пайдаланып үйренуі қажет. Берілген уақыттың ішінде барлығына үлгеретіндей өнімді іс атқаруға барын салғаны жөн. Жұмысты бітіруге асығып, барлық уақытты жұмысқа арнау дұрыс емес. Әр істің өз уақыты болады.
Ислам діні «Асығу – шайтаннан»20 екендігін айтады. Дінімізде асығу – құпталмайтын іс. Тек мына бес жерде асығу керек:
Келген қонаққа тамақ беру;
Жасаған күнәға тәубе ету; Уақыты кірген намазды оқу; Қайтыс болған адамды жерлеу; Бойжеткен қызды тұрмысқа беру.21
Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде асығыстықпен жасалған
ғибадаттың зая кетуі мүмкін екендігін ескертеді: «Уа, адамдар!
Асықпаңдар! Асығыстық жасап сауап ала алмайсыңдар».22 Бірақ мұнда ғибадат етуге асығу мен ғибадатты орындау барысында асығудың айырмашылығы бар екендігін айтып өту керек. Себебі адам баласы бұл дүниедегі дәм-тұзының қашан таусылатынын білмегендіктен, ақыреттік істерін кейінге қалдырмай, бірден орындап жүруді үйренуі қажет. Бұл
жөнінде Әз Елшінің (с.а.с.) мынадай сөзі бар: «Адам уайымдайтын болса, ол асығады, ал ол асығатын болса, мақсатына
тезірек жетеді».23 Ғалымдардың түсіндірмесі бойынша, мұндағы асығу дәл осы ақыреттік істерді орындауға асығуды меңзеп тұр. Ал дүниелік әрекеттерінде бар уақытын арнап, ондай асығыстық танытудың көп қажеті жоқ. «Асықпаған арбамен қоян алады» демекші, баппен орындаған ісінің де нәтижесі мен берекесін көре алады. Тек қана таразының басын тең ұстап, асықпау керек деп жалқаулыққа салынып кетпеуін қадағалауы керек.
Шығармашылыққа арналған уақыт
Шығармашылыққа арналған уақыт маңызы мен құндылығы тұрғысынан теңдессіз уақыт болып табылады. Бір ғана тың ой сіздің бүкіл өміріңізді өзгертіп, сіз тіпті елестете алмаған жетістікке жеткізуі мүмкін. Шығармашылық шабытқа қаншалықты дайын болсаңыз, ойдың келу ықтималдығы соншалықты басым. Ал мұндай шығармашылық үшін күнделікті тірліктен бір ауық ажырап, миыңызға тыныштық беріп, ой-
санаңыздың жоғарыға ұмтылуына жағдай жасауыңыз қажет. Шығармашылықпен айналысатын уақытта адамның ойлау қабілеті әдеттегі жұмыс уақытынан басқаша жұмыс істейтін болады.
Паркинсон заңын бұзыңыз
Адамдардың жұмысының тым көп және уақытының тым аз болуының басты себебі көптеген адамдардың жұмыс уақытының 50%-ын бос әңгіме, әлеуметтік желілерге қарау, ұзақ уақыттық түскі үзілістер сияқты тікелей міндетінен тыс артық істермен шұғылдануында. Сондықтан жетістікке жетудің ең басты қағидасының бірі: жұмыс уақытының барлығын жұмысқа арнау.
Көптеген жылдар бұрын ағылшын жазушысы Сирил Норткот Паркинсон «Паркинсон заңдары» атты кітап жазған.
Ол кітапта мынадай танымал тұжырым бар: «Жұмыс оған арналған уақыттың барлығын алады». Егер сіздің бір істі бітіруге 8 сағат уақытыңыз болса, сол уақыт толықтай пайдаланылады, тіпті соңына қарай жұмысты уақытында бітіру үшін тездетуіңіз қажет болады.
Алайда керісінше айтылған мына сөздің де жаны бар: «Өзіне арналған уақытта біту үшін жұмыстың көлемі азая алады». Бұл дегеніңіз, егер өзіңіз үшін жұмыстың атқарылу мерзімін қатаң түрде белгілейтін болсаңыз, ісіңіз тезірек әрі тиімдірек орындалатын болады. Әдетте бір күн орындалатын істі бірнеше сағатта бітіруге болады.24
Сондықтан әрбір атқаратын ісіңізге уақыт белгілеп үйреніңіз. Тапсырманың аяқталуға тиіс уақыты белгілі болған жағдайда барлық мүмкіндігіңізді салып, сол мерзімге дейін бітіруге тырысатын боласыз. Және көбіне мұндай іс өз нәтижесін береді.
Уақытты тиімді пайдалануға күш керек
Тайм-менеджмент уақытты тиімді пайдалану екені түсінікті. Уақытты тиімді пайдалану арқылы адам әдеттегіден көбірек істі тындырып үлгереді. Ал көп жұмыс жасау үшін уақытпен қоса күш те қажет екенін естен шығармау қажет. Адамның уақыты болып тұрғанымен, физикалық күші істі соңына дейін жеткізуге жетпей қалуы да ғажап емес. Біздің күш-қуатымыз азайып қалған тұста әлі де ауқымды шаруаларымыз болатын болса, олардың барлығын атқаруға шамамыз келмегендіктен көңіл-күйіміз де жақсы бола алмайды. Ал керісінше күшіміз тасып тұрып, оны жұмсайтын тірлігіміз болмаса, тағы да өзімізді жайсыз сезінетін боламыз. Сондықтан уақытты бос өткізбеу үшін осы мәселенің де шешімін табуға тырысу қажет. Ол үшін ең алдымен психологиялық тұрғыдан шаршау деген сезімді жоюдың жолын, одан соң физикалық тұрғыдан зорығудың алдын-алатын мүмкіндіктерді қарастыру керек.
Олай болса, психологиялық және физикалық саулық үшін адам ағзасы талап ететін жайттар төмендегідей: ұйқысының қанып тұруы, жеткілікті мөлшерде су ішу, күнделікті таза ауа жұтып, күннің көзін көріп тұру, бұлшық еттеріне жаттығу жасап тұру, құнарлы тағамдармен аз-аздан жиі тамақтану.
Адам баласы өз ағзасының биологиялық ырғағына сай әрекет етуге тырысса, күш-қуатын барынша тиімді пайдалана алмақ. Мысалы, күндіз жұмыс істеп, түнде ұйықтау, таңертеңгі уақытта ми жұмысын талап ететін істерді орындау, түсте бір ауық демалып алу, түстен кейін миға көп салмақ салмайтын істермен шұғылдану, жұмыстың арасында қысқа үзілістер жасап тұру, т.б. Осылайша адам өзінің психологиялық, физикалық, биологиялық ерекшеліктеріне сай әрекет ететін болса, оның жұмыс өнімділігі барынша артып, күш-қуаты толықтай жетіп, онымен бірге өзін жайлы сезіне алатын болады.
•УАҚЫТТЫ ҚАЖЕТТІ НӘРСЕГЕ ЖҰМСАУ
Уақытты тиімді пайдалану үшін уақытымыздың қандай істерге жұмсалып жатқанын анықтауымыз қажет.
Күнделікті істерді жіктеудің ең алғашқы түрлерінің бірін Ежілгі Рим философы Луций Сенека ұсынған болатын:
Жақсы өткізілген уақыт Жағымсыз өткізілген уақыт Босқа өткізілген уақыт
Ислам діні бойынша да істер осылай жіктеліп, ақыретте адамның алдынан шықпақ. Ақыретте адамның әрбір күніндегі 24 сағат 24 сандық түрінде әкелінетіні айтылады. Жақсы, пайдалы, ізгі амалдармен, құлшылық жасаумен, адамдарға жақсылық істеумен өткізілген сағаттар сандықты хош иісті жағымды нәрсеге толтырады. Күнә жасаумен, жамандық істеумен, адамдар мен басқа да жаратылыстарға зиянын тигізумен өткізілген уақыттар сандық ішін иісі адам төзгісіз жиіркенішті нәрселерге толтырады. Ал кейбір сандықтар бос келеді. Адам баласы үшін пайда беретіні тек бірінші сатыдағы сандық болмақ. Екіншісі үшін азапқа душар болуы мүмкін болса, үшінші түрдегі сандықтағы уақытын босқа кетіргені үшін сұраққа тартылмақ.
Олай болса, ақыл беріліп ерекше жаратылған адам баласы өзіне аманат етіп берілген уақытын қандай істерге жұмсағаны жөн боларын осыдан-ақ көре алады.
Уақытты үлестіру
Адам өмірінде көптеген істерді атқаруды қалайды. Алайда барлығына үлгеру мүмкін емес. Сондықтан таңдау жасау қажет болады. Адам өмірі толықтай үздіксіз таңдаудан тұрады. Ал бұл таңдау қалай болса солай емес, саналы түрде жасалғаны дұрыс.
Уақытты ең бағалы істерге жұмсау қажет. Бұл өмірде біздің таңдауымызға көптеген істер ұсынылған. Солардың ішіндегі ең негізгілерін кейінге қалдырмай, бірінші кезекте іске асыру – аса маңызды. Ал қалғандарын өз дәрежелеріне қарай кезекке қою – уақытты ең тиімді түрде қолданудың басты қағидасы болмақ.
Уақыттың қадірін ұққан адам нәтижесінде оның жемісін көреді: уақытының шектеулі екенін білген ол, оны пайдалы өткізуді ойлайды, істерін екіге: өте маңызды және екінші кезекте маңызды деп бөлу арқылы барлық істерін маңызы басымдылығына қарай бір жүйеге келтіреді. Осы арқылы аса маңызды емес істерін былай қоя тұрып, өте маңызды істеріне көбірек уақыт бөледі, ал әлі де уақытын дұрыс басқара алмай жүргендер мұны керісінше істейді.
Тайм-менеджменттің негізгі қағидаларының бірі – әр істің өзіндік орындалу тәртібін білу керектігі. Яғни, қазіргі технология мен неше түрлі нәрсенің көбейіп, адамдарды қызықтырып әрі соған бәріміз алданып жатқан заманда, ең бағалы болған қор – уақытымыздан қалай айырылып жатқанымызды байқамаймыз да.
Осы тұрғыда күнделікті уақыт бөліп, күш салуымыз қажет істерді дұрыс таңдау үшін де Алла Елшісінің өнегесіне жүгінеміз. Оның барлық сөздері мен ақыл-кеңестері бізге аталған жайтты анықтай түсетіні секілді санамыздағы сан сауалға жауап болатын түсіндірмелері мақсатымызды алдымызға жайып салады. Хадистерден біз көтеріп отырған
тақырыптың алғашқы иләһи діндерден бастау алған күн тәртібіндегі мәселе екендігін көре аламыз:
Алла Елшісі (с.а.с.) Ибраһим пайғамбарға (а.с.) түсірілген он парақта мыналар жазылғандығын жеткізген:
«Ақылды жанның әр минуты есеппен өтуі керек:
• Уақытының бір бөлігін Раббысына дұға мен ғибадатқа, Оның Шеберлігі мен Құдіретін ойлауға;
• Бір бөлігін өмірінде жасағандарын есепке алуға және келешекте істейтіндерін жоспарлауға;
• Бір бөлігін адал жолмен күнкөріске, мал табуға арнауы керек. Бұл соңғы бөлігіндегі істері қалған міндеттерін атқаруға септігін тигізеді. Себебі әлеуметтік қажеттіліктерінің өтелуі жүректі дүниелік істерден босатып, алаңсыз ғибадат етуіне
жағдай жасайды».25
Хадистің басқа риуаятында демалысқа арналған уақыт та аталып өтілген.26
Байқағанымыздай, Алланың діні күнделікті уақытымызды төртке бөліп жоспарлауымызды бұйырған:
Ғибадат, Ризық табу,
Өмірімізді ретке келтіру, өз-өзімізге есеп беру, Демалыс.
Ал психологиялық тұрғыдан қарастырар болсақ, адамның өмірінде тепе-теңдік сақталуы үшін негізгі төрт түрлі қажеттілігі қамтамасыз етілген болуы керек екен. Олар:
Бұл қажеттіліктер өте терең әрі шынайы мағынада бір-бірімен тығыз байланысты. Аталғандардың әрқайсысы кезек күттірместей өте маңызды. Олардың барлығының тепе-теңдігі сақталғанда адам жан рақатын сезіне алады. Ал егер осы төртеуінің барлығын бір арнаға тоғыстыра білсе, онда адам баласы нағыз бақыттың шыңына қол жеткізген болады.27
Күнделікті жұмыс істейтін уақыт мөлшері
Капиталистік өлшемдер бойынша «күнделікті сегіз сағаттан артық жұмыс істеу жұмыс өнімділігін төмендетеді» деген түсінікті бірден қабылдап алмай, мұқият ой елегінен өткізу қажет-ақ. Себебі уақытты тиімді пайдаланып, барлық уақытымызды нәтижелі етіп, ешбір сәтімізді босқа өткізіп алмас үшін аталған сегіз сағаттың тысындағы уақыттарды да пайдалы істермен шұғылданып өткізген жөн. Ал одан артық жұмыс істеу «адамның жұмыс істеу өнімділігін төмендететіндігіне» келер болсақ, адам ұзақ уақыт бойы бір іспен шұғылданар болса, ми шаршап, жұмыс өнімділігі содан төмендемек. Олай болса, адам істерінің арасында үзіліс жасап, басқа жұмыстармен де кезектестіріп айналысып отырса, сегіз сағаттан кейін де жұмыс өнімділігі төмендемейтіндігін айтуға болады.
Дініміздегі намаздың орны да осындай қызмет атқара алады. Түскі намаз түске дейін жұмыс істеп шаршаған жанды сергітіп, жұмысына жаңа серпінмен қайта кірісуіне жағдай жасайды. Одан соң адамның миы мен денесі шаршады-ау деген уақытта екінті намазы тағы сергектік сыйлауға келеді. Кешке қарай адам ұзақ күннің жұмысынан қажыған кезінде ақшам намазы кешкі уақытқа ширақтық сыйламақ. Солайша
одан кейінгі уақытта да қосымша істерімен, үй шаруаларымен айналысуға күш-қуат табады.
Ал сегіз сағаттан артық жұмыс істемей, басқа уақыттарын қол қусырумен өткізу Ислам дінінің уақытты бос өткізбеу қағидасына қарама-қайшы болмақ. Сондықтан мұсылман жан уақытын барынша тиімді пайдаланып, жоспарлы өмір сүріп, уақыттың бос өтуіне жол бермеуі қажет.
Бүгінгі біздің қоғамдағы жұмыс орындарында күнделікті жұмыс уақыты көбіне сегіз сағат екені белгілі. Соған орай әрбір мұсылман баласы өзінің жұмыс істейтін мекемесіндегі тәртіпке бағына алады. Алайда осы уақытпен шектеліп қана қоймай, одан кейінгі бос уақыттарын пайдалы іспен, білім алумен, қосымша ғибадатпен, өз-өзін дамытумен, отбасына қолғабыс етумен айналысқаны нағыз мұсылмандыққа сай болмақ.
Жұмыс уақытында тек жұмыс істеңіз
Адамдардың да, құрылғылардың да жұмысы баяулауы мүмкін. Алайда бір құрылғы өз мүмкіндігінің 10-15%-ын ғана қолданып жұмыс істесе, оның өнімсіздігін айтып шағымданамыз. Ал бұл – көпшілік адамдардың орташа жұмыс өнімділігі. Мұндай өнімсіздіктің себептері көп болғанымен, ең алдыңғы қатарда келетін себебі – уақытты «иемдену» сезімі. Алайда уақыт не бізге жақ болады, не қарсы болады немесе босқа өтіп кете барады.
Жұмыс уақытын толықтай жұмысқа арнаңыз. Дәл бүгіннен бастап уақытты босқа өлтіретін, өміріңізге де, мансабыңызға да титтей де пайдасы тимейтін істерді барынша азайтуға шешім қабылдаңыз.
Өмірде жетістікке жету үшін ең басты қасиет – алаңдататын факторлардан бас тартып, бойды барынша аулақ сала білу.
Өзіңіз жауапты болған істе нәтижеге жету жолында зейін қойып еңбек ету қажет болады.
Сіздің басқа адамдармен бірге өнімді әрі сапалы түрде жұмыс істей алу қабілетіңіз жетістікке жету үшін ауадай қажет. Осыны әрдайым есте ұстаған жөн.
Күнделікті сіздің айналаңызда уақытыңызды ұрлап, жұмыс өнімділігіңізді төмендететін адамдар мен жағдайлар көптеп кездесуі мүмкін. Болаттай беріктік пен өзіндік тәртіп қана адамның өзін қорғап қалуға септігін тигізеді.
Сізді алаңдататын ықпалдардан арылу үшін өз-өзіңізге жұмыс уақытының тек жұмысқа арналғандығын еске салып отыруыңыз қажет. Жетіктікке жетудің ең басты ережесі: жұмыс уақыты толықтай жұмысқа арналуы тиіс. Жұмыс орнына жеткенде желаяқ жүгірушінің жарысты бастағанындай бірден жұмысқа кірісіп кетіңіз. Жұмыс уақыты үшін өзіңізге арнайы ережелер бекітіп қойыңыз. Күніңізді электронды хабарламаларды тексерумен бастамаңыз. Оған арнайы уақыт арнаңыз. Күнделікті екі рет белгіленген сағаттарда тексерсеңіз де жетеді. Басқа уақытта ондай электронды қосымшалардың барлығын назардан тыс, өшірулі күйде ұстаңыз. Электронды пошта, смс, Whatsаpp секілді байланыс қосымшаларын жылдам әрі тиімді пайдаланып, одан соң бірден жұмысқа оралуды үйреніңіз. Ал әлеуметтік желіге мүлде кірмеуге тырысыңыз. Хабарламалар келіп жатқан күннің өзінде оларды ескертуші дыбыстарды өшіріп қойыңыз. Сіз ол дыбысты естіген сайын қаныңызға сізді жұмыстан алаңдататын әрі өнімділігіңізді төмендететін дофамин гормоны бөлінетінін біліңіз. Жеке кездесулер мен жиналыстарды қысқа уақыттың ішінде барынша ауқымды нәтиже алатындай етіп жоспарлаңыз.
Бір уақытта бір іспен ғана айналысу
Құранда Алла Тағала «Алла бірде-бір адамның көкірек қуысында екі бірдей жүрек жаратпаған»28 деу арқылы адам баласының бір уақытта екі түрлі іске толықтай көңіл қойып, зейінін шоғырландыра алмайтындығын ескертеді. Адамды өзінен жақсы білетін Жаратушысы оны әу баста солай жаратқан.
Жұмыс уақытында әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасауға тура келген уақытта бірнеше жұмысты қатар орындауға болмайтынын есте ұстаған жөн. Әр уақытта дәл сол уақыт үшін ең маңызды болған бір іспен шұғылдану қажет.
Ереже бойынша, бір жұмыспен айналысуға шешім қабылдағанда сіз басқа істен бас тартқан болып саналасыз. Осыны дұрыс ұғыну қажет. Әйтпесе, адамдар көбіне маңызы әлдеқайда жоғары істен бас тартып, артынан сан соғып қалып жатады.
Әр уақыттың өзіне тиесілі бір ісі болады. Дәл қазір орындалу үстінде болған маңызды бір іске барлық зейініңізді шоғырландыруды, бар ойыңыз бен күшіңізді арнауды үйреніңіз. Сонда ол істің орындалуы жылдам әрі сапасы жоғары бола алады. Сондықтан бір мезетте бірнеше іс атқарып үлгеремін деп өзіңізді алдап, «екі кеменің басын ұстап суға кетіп» қалмау үшін ол жұмысты аяқтамастан басқа артық істерге алаңдамаңыз. Бұл табандылық пен күш-жігерді талап етеді. Алайда қол жеткізген жетістіктеріңіз барлық ауыртпалықтарды ұмыттыра алады.
80/20
Сіз өз істеріңізді маңыздылығына қарай рет-ретімен орналастыра аласыз. Олардың арасындағы ең маңыздысы қайсысы? Екінші кезектегі қандай іс? Осылайша жалғасын тауып кете береді.
Ал осы мақсаттар мен істерді рет-ретімен қоюға арналған Парето қағидасын да атап өткен орынды болар. Оған сәйкес, ең алдымен себептер мен нәтижелердің, шығын мен табыстың, күш салу мен жетістіктің арасында айтарлықтай қарама-қайшылықтар бар. Бұл қарама-қайшылықтардың негізінде 80/20 арақатынасы жатады. Ереже бойынша, жұмсалған қаржының 20%-ы табыстың 80%-ын алып келеді, 80% нәтиже 20% әрекеттен орын алады, 20% күш 80% жетістікке жеткізеді. Мысалы, бизнесте 80/20 қағидасы әрдайым дәлелденуде: сатылымның 20%-ы табыстың 80%-ына қол жеткізеді, тұтынушылардың 20%-ы кірістің 80%-ын алып келеді т.б. Сіз де өзіңіздің басты істеріңізді (қалауларыңыз бен мақсаттарыңызға жеткізетін істердің тізімінің арасындағы жұмыстардың 20%-ын) тауып, күнделікті 24 сағаттың 20% уақытын соған жұмсауыңыз керек. Бұл, әрине, оңай шаруа болмауы мүмкін. Алайда осылай ету арқылы ыңғайлы уақытта және күш-қуатыңыз толы болып тұрған кезде басты ісіңізге ұзақ уақыт зейініңізді шоғырландыра білу сізді таңғажайып нәтижелер мен жетістіктерге жеткізеді.
Ең басты бір әрекетіңіз 80% жетістікке жеткізіп, мақсатыңыздың жолындағы ең негізгі қадамға айналуы мүмкін. Жұмыстарыңызды маңыздылығына қарай рет-ретімен тізіп жазып, іс-әрекет жоспарыңызды жасауыңыз қажет. Егер сізде қағаз бетіне түсірілген жоспар болатын болса, сіз олай жоспар құрмайтын әлемнің 97% халқынан бір саты ілгері жылжи алған боласыз. Осылайша мақсатыңызға жылдам қадам басып, көрген жан таңданысын жасыра алмайтындай
дәрежеде жетістікке жете алмақсыз.29
Эйзенхауэр матрицасы
Басымдылықты дұрыс қоя білудің ең қарапайым жолы – әрбір істі «маңыздылығы» мен «жеделдігі» тұрғысынан бағалап шығу. Мұны Эйзенхауэр матрицасының көмегімен жасауға болады. АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрдің пайдаланған матрицасына сәйкес, әрбір істі маңыздылығы мен жеделдігіне қарай төрт топқа бөлуге болады:
А – маңызды әрі жедел (маңызды тапсырмалар, шұғыл істер, қауырт жағдайлар)
Ә – маңызды және жедел емес (ұзақ мерзімді жоспар, диплом жазу не емтиханға дайындалу)
Б – маңызды емес, жедел (телефон қоңыраулары, күтпеген қонақ, туындаған мәселелер)
В – маңызды емес, жедел емес (уақытты ұрлаушылар) «А» тобындағы істерді шұғыл түрде орындау қажет.
«Ә» тобындағы істер маңызды болғанымен, орындалу керек уақыты әлі ерте. Алайда ертеңге қалдырыла берсе, А тобындағы шұғыл істер санатына ауысуы бек мүмкін. Сондықтан диқанның егін оратын мезгілде дән екпейтіні сияқты мұндай істерді де ертерек қамдап қоюға тырысу қажет.
«Б» тобындағы істер сізге маңызды болып көрініп алдауы мүмкін. Адамдардың көбі бұл істердің жеделдігін маңыздылық деп шатастырады. Алайда бұл істерді орындамау да адамды әбігерлікке түсіреді. Сондықтан барынша қысқа уақытта бірден істеп қоюға тырысқан жөн.
«В» тобындағы істер – адамға жағымды әрі қызықты болып көрінетін пайдасыз уақыт ұрлаушылар. Адам бұл істерге алтын уақытын жұмсап, соңында уақытының қайда кеткенін білмей де қалады. Мұндай істермен айналысу алтынға бергісіз барлық уақыт қорыңызды жұтып қояды.
Қағидаға сүйеніп, жоспар құрып, маңызды әрі жедел істерді орындап болған соң көңіл көтеруге де уақыт табуға болады.
Эйзенхауэр матрицасының артықшылығы:
•Қолданылуы жеңіл;
•Маңызды емес істерді азайтуға көмектеседі;
•Қай іске басымдылық беру қажеттігін жылдам анықтайды.30
•ІСТІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРМАУ
Өткен уақытты қайтарып әкелу мүмкін емес. Сондықтан да ізгі амалдар жасаудың күні – бүгінгі осы күнің. Сол үшін де «Ертең істеймін!» дейтіндер құрыды.
Әзірет Омар (р.а.) былай деген:
«Төрт нәрсе еш уақытта қайта айналып келмейді:
Айтылған сөз, Атылған оқ, Өткен өмір,
Жіберіп алған мүмкіншілік».31
Біздің әрбір сәтіміз белгілі бір мүмкіндік алып келеді. Сол
мүмкіндікті дер кезінде игеріп қала алсақ, бізге орасан зор пайдасы болмақ. Керісінше жағдайда ол мүмкіндік қайта айналып келмейтіндіктен, одан мәңгілікке айырылған боламыз.
Сондықтан мүмкіндік болып тұрған шақта ісімізді ешқашан кейінге қалдырмауға тырысуымыз қажет. Істі кешіктіруді жақсы білгеніміздей орындауды да солай үйрену керек.
Біз әрдайым бір істерді кейінге қалдырудамыз. Алайда кейінге қалдырып жатқанымыз өз өміріміз екендігін аңғармайтынымыз өкінішті-ақ. Сондықтан ісімізді кейінге
қалдыру өзімізге зиянын тигізетінін ойлауымыз қажет. Хасан Басри бір сөзінде осыны ескертіп кеткен: «Адам бос қиялға беріліп ісін кейінге шегергенде оның зардабын көрмейтін кезі болмақ емес».
Алланың алдындағы парыз болған құлшылықтарды орындауды да ешқашан кейінге қалдыруға болмайды. Ақыл-есі дұрыс мұсылман адамға балиғат жасынан бастап белгілі бір міндеттемелер жүктеледі. Күнімізде көз көріп жүргендей кейбір жандар осы міндеттерін зейнетке шыққан уақытқа қалдыруда. Яғни, кейін зейнетке шыққанда не пәлен жасқа келгенде тәубе етіп, барлығын тастап, намаз оқып, құлшылық етемін деуде. Ал Алла Елшісі (с.а.с.) болса осылай жауапкершілігін орындамай, кейінге қалдырушыларды «өтірікші» деп атаған, ал ондай «өтірікшілер құрдымға кетті» деген.32 Сондай-ақ мына бір хадисі де осы мәселе жайында ой
саларлық: «Мақтанып, тәкаппарланып, бүлік шығарушы болмаңдар, жақсы әрі пайдалы саудадан басқа сауда жасамаңдар.
Расында, олар ізгі амалдарды кейінге қалдырушы өтірікшілер».33 Линда Сападиннің «It’s about Time» (Бұл – уақыт жайында)
кітабынан мынадай тұжырым көре аламыз: «Істі кейінге қалдыру адамның өз-өзін бағалауын төмендетеді, ол өз кезегінде өмірге деген оң көзқарас, бақытты сезіну мен шығармашылық күш-қуаттан айырады. Ісін кейінге қалдыруды әдет еткен жандар одан арылу үшін еш нәрсе істемейді, олар үшін мақсаттарына жету былай тұрсын, мақсат қоюдың өзі қиынға соғатын болады».34
Істі кейінге қалдыру кей кездері істі аяқтауды кейінге қалдыру түрінде орын алады. Ал мұның тіпті зиянды әдет екенін әйгілі Америкалық психолог Уильям Джеймс «Аяқсыз қалған істің уайымынан асқан қажытатын жайт жоқ» деп ескертіп айтып кеткен. Яғни, бұл әдет адамды сары уайымға салып, күйзеліске ұшыратады. Уайымға берілу деген адамдың денсаулығына кері әсерін тигізумен қатар, оның уақытын да босқа өткізеді. Ақылды адам уайымға беріліп, уайымның, күйзелістің алтын уақытын ұрлауына жол бермеуі қажет. Мұсылман жанның сөздік қорында «күйзеліс» (депрессия, стресс) деген сөз тіптен болмауы керек.
Сондықтан «Бұл тым күрделі», «Мүмкін барлығы өз-өзімен шешілер», «Мүмкін бұл істі басқа біреу орындар», «Менің көңіл-күйім жоқ», «Мен мұны істегім келіп тұрған жоқ» деген сияқты сұм ойлар келмей тұрып, іске кірісіп кету қажет. Себебі Бенджамин Франклин айтып кеткендей, «Сен күттіруің мүмкін, бірақ уақыт күтпейді».
Өмір – бүгінгі күн
Ақыретке иман келтірген, әрбір күнінен, әрбір сағатынан, әрбір сәтінен есеп беру уайымын жан-тәнімен сезіне білген жан үшін уақытын тиімді өткізу жолындағы ең маңызды алғышарттардың бірі – өмірдің бүгінгі күн екендігін білу.
Ақылды адам үшін әрбір күн – «жаңа күн». «Әрбір күн басталғанда адамға былай деп тіл қатады: Ей, Адам баласы! Мен жаңа бір жаратылыспын. Болашақта сенің осы күні не істегенің жөнінде куәлік етемін. Жақсылық жаса, сонда мен де сен туралы жақсы жағынан куәгер боламын. Абай бол, мен өтіп кеткеннен соң сен мені ешқашан қайта көре алмайсың. Түн де дәл солай айтады».35
Шайтан адамның алдынан, артынан, оңынан және солынан келіп шабуыл жасайтындығын айтқан.36 Оның адамның
артынан келуі – өткен күндерін есіне түсіріп бос уайымға салып қоятыны. Ал алдынан келуі – әлі келе қоймаған болашағын ойлап арман-қиялдың құшағына байлап қоюы. Солайша адам екі жағдайда да бос қиялға беріліп, кейде сабырын тауысып, көбіне түк бітірместен бар уақытын шығындайды.
Бұл – адамға титтей де пайда бермейтін, орасан зор зиянын тигізетін орынсыз іс. Сондықтан мұсылман баласы шайтанның осылай артынан және алдынан келіп азғыруына қарсы тұра білуі керек. Ол үшін адам өткен күнді келмеске кетті біліп, қажет жері болса, сабақ алып, күнә болса, тәубе етіп, ары қарай ол есікке кіре бермейтіндей етіп жауып қоюы қажет. Ал болашағының да әлі келмегеніне көндігіп, ол жайлы да қажетсіз ойларға берілуден аулақ болуы қажет.37 Олай болса, адамның құзырында қалғаны – тек өзі өмір сүріп жатқан күні ғана.
Сол күн – оның дүниесі мен ақыреті үшін еңбек етуіне берілген жалғыз мүмкіндік. Сондықтан ол мүмкіндікті жіберіп қойса, одан мәңгілікке айырылатынын есте сақтап, уақытын барынша тиімді пайдаланып үлгеруге тырысуы қажет. Өмірдің күйбеңімен «кеше – ерте, ертең – кеш, бүгін – уақыт жоқ» деп жүре беретін болса, күткен уақыты ешқашан да келмейді.
Әрдайым Алла Елшісінің жанында жүріп, одан барынша көп сабақ алған, сахабалардың арасында ғалымдығымен танылған Абдулла ибн Омар (р.а.) өз-өзіне қарата былай деген екен: «Кеш болса, таңды күтпе (қолыңнан келген амалдарды жасап, уақытыңды барынша тиімді пайдалан). Таң атса, кеш батуын күтпе (қолыңнан келген амалдарды жасап, уақытыңды барынша тиімді пайдалан). Денсаулығың мықты кезіңде ауруға ұшырайтын шағың үшін дайындал, тірі күніңде өлімің үшін қамдан. Уа, Абдулла, ертең қандай халде болатыныңды
білмейсің!»38 Бәлкім бақытсыз, бәлкім бақытты, бәлкім өлі, бәлкім тірі... Ғалымдар осы секілді кеңестерден төмендегідей қорытынды шығарған: «Ақылды әрі көреген адамдар – ертеңгі күнге жете алмауы мүмкін екендігін түсініп, қазіргі күнінің әрбір сәтін тиімді өткізіп, сол жолда күш жұмсай білгендер».39
Әзірет Әлидің (р.а.) де төмендегі сөзі қажетті ескерту болып табылады: «Дүние әрбір сәтте бізден алыстауда, ал ақырет болса бізге жақындап келеді. Бұлардың екеуінің де өз таңдаушылары бар. Сендер ақыретті таңдаушылардан болыңдар, дүниені таңдаушылардан болмаңдар. Себебі бүгін амал бар, есеп жоқ, ертең есеп бар, амал болмайды».40
Әсіресе, жастық шақта әрбір күнді барынша тиімді өткізуді үйрену үшін бұл ескертулерді дұрыс ұғынып, қажетті түсінікті қалыптастыру қажет. Себебі жастық шақ – келмеске кете баратын уақыттардың ішіндегі ең құндысы. Жастық шақта әрбір күнін өз уақытында тиісінше пайдалана білген жан фәни дүниесі үшін де, ақыреті үшін де көптеген маңызды шаруалар тындыра алады. Және әдет болып қалыптасқан бұл ісі өмірінің кейінгі кезеңдерінде де жалғасын таба бермек.
Уақыттың шектеулі екендігін ұғыну
Уақыттың ең үлкен өтірігінің бірі – сіздің әлі уақытыңыздың көп екендігін сезінуіңіз.
Адамгершілік тұрғыдан көптеген жамандықтардың қайнар көзі ретінде «тул-и амәл» деп аталған ұзақ өмір сүретіндей қамсыз жүру саналған. Адамзаттың ұзақ өмір сүретіндігін ойлап алдануы – табиғи құбылыс. Тіпті бір хадисте Алла
Елшісі (с.а.с.) «Адамның жасы ұлғайған сайын оның бойында мына екі қасиет жасара түседі: дүние-мүлікті қалау мен ұзақ өмір сүруді қалау»41, – деп айтып кеткен.
Олай болса, қалшылдаған жас шағында, тепсе темір үзер мықты кезінде адам өлімді есіне де алмақ емес. Әлі келе қоймаған болашағы үшін ұзын-сонар жоспарлар құрып, қиялға беріледі. Бос қиялдарының соңында жүргенде бір сәтке шындыққа көз жүгіртіп қарағанда өмірінің соңына таяп, жастық шақтағы күш-қуаты мен жұмысқа қабілетінің ізі де қалмағанын көреді. Кейбіреулер ойламаған жерден ауруға шалдығып, күтпеген жерден апатқа ұшырап, әп-сәтте тақырға отырып қапыда қалып жатады. Бар үміті, арман-қиялы желге ұшқандай болады.
Өмірде адамға тұтқиылдан келетін осындай жайттар оны орны толмас өкінішке ұрындырмас үшін, адамды тәтті қиялдармен алдамас үшін Алла Елшісі (с.а.с.) көптеген ескертулер жасап кеткен.
Солардың бірінде былай дейді: «Жеті түрлі бәле бастарыңа келмей тұрып ізгі амал жасауға асығыңдар! Әлде сендер естен тандырар кедейлікті, азғындыққа бастайтын байлықты, берекені қашырар ауру-сырқауды, алжытатын кәрілікті, аяқ астынан алқымнан алатын ажалды, ғайыптан келетіндердің ең жаманы – Тажалды не болмаса қиямет күнінің келуін күтудесіңдер ме? Расында, осылардың ең қорқынышты да тым ащы болғаны –
қиямет-қайым».42
Сонымен қатар рақатқа беріліп, ғапылдыққа түсіп кетуден
сақтандырған мына хадисті де ескерген жөн: «Жалған
дүниенің ләззатын ұмыттыратын өлімді жиі естеріңе алыңдар».43 Сондай-ақ, бос қиялдармен дүниеге шектен тыс берілмей,
дүниені бір жолаушының сапар барысында уақытша аялдаған аялдамасы ретінде қабылдап, оны асыра бағаламау қажеттігін
ескертеді: «Бұл дүниеде бір жерде уақытша ғана жүрген жат елдік
адам немесе жолаушы секілді бол44 және өзіңді қабірге кіргендей
көр».45
Алла Елшісі (с.а.с.) өзінің дүниеге деген көзқарасын
төмендегідей баяндайды: «Мені мен бұл дүниенің мысалы жолаушы мен ағаштың мысалына ұқсайды. Жолаушы келіп ағаштың көлеңкесінде бір сәт тынығады да, содан соң өз жолымен кете барады».46
Өлімді еске алу адамға уақытының шектеулі екендігін ұғындырады. Ал адамның өмірінің ұзақтығы – бар болғаны азан мен намаз арасы. Адам шынымен өлімге санаулы-ақ күн қалғандай елестетіп, ісін уақытында дұрыс атқаруды үйрене алады. Мұндай жағдайда өлім адам үшін мотивацияға айналады.
Осылай ойлай алған адам уақытын өмірлік маңызы бар істеріне ғана арнауды үйренеді. Жеке міндеттері мен жауапкершіліктерін дұрыс атқарып, отбасына қажетті деңгейде көңіл бөліп, жақындарымен жақсы қарым-қатынаста болуды қолға алады.
Ал өлімді еске алғандағы ең маңызды жайт – сол өлімнен кейін болатын өмірге дайындалу. Адам ешқашан қашып құтыла алмайтын өлімнен қашуға тырысады, ал құтылу мүмкін болған тозақтан қашуға олай тырыспайды. Бұл – көп адамдардың қателігіне айналған өкінішті шындық. Ал біз өлім сәті келгенде «қап!» деп сан соғып қалмай, керісінше «пах!» деп рақаттана алуымыз үшін өмірді дұрыс өткізуіміз қажет болмақ.
«Сондай-ақ ол күні (қыруар нығметке бөленіп) қуаныштан бал-бұл жанған қуанышты жүздер де болады. (Дүниеде жүріп ақырет үшін) еткен еңбектерінің жемісіне дән риза болған (жүздер)»47 деген Құран аятында сүйіншіленген адамдардың қатарында болуға біздің де мүмкіндігіміз бар. Сондықтан ол күн келмей тұрып сол күнге қамдануға барымызды салуымыз қажет.
Мұндағы өлімді еске алу дегенді дұрыс ұғына білуі өте маңызды. Керісінше жағдайда жоғарыда келтірілген ұстанымдар қате түсініліп, дүниеден, өмір сүруден толықтай бас тарту мағынасында жорамалдануы ғажап емес. Ал хадистерден ондай мағына шығару сол хадистер жеткізуге тырысқан өмірлік сабақты дұрыс түсінбеу деген сөз. Өлімді ойлау бізді қорқыныш пен үрейге бой алдырып, аяқ-қолымызды тұсаулап қоятын болымсыз жағдай күйінде емес, ісімізді кейінге қалдырмай, уақыт барда орындап үлгеруге итермелейтін шабыт сыйлаушы кейіпінде болуы қажет.
Істің ең абзалы – аз да болса, тұрақты жасалғаны
Уақытты тиімді пайдалану мәселесінде маңызды жайттардың бірі – тұрақтылық. Яғни, күнделікті белгілі бір уақытта бірдей іспен айналысуды негізге алғанда оның әдетке айнала алуы анық. Жұлдыздай жанып жоқ болатын, асқан құлшыныспен басталып, су сепкендей басылып қала беретін шешімдер мен әрекеттер хадистерде құпталмайды. Немесе уақыты келгенде тынбай ғибадат етемін, адамдарға көп жақсылық жасаймын, қыруар қаржы садақа беремін дегендей ізгі амалды кейінге қалдырып, барлығын болашақтың еншісіне жинап қою да дінімізде дұрыс саналмайды. Шамадан тыс ғибадат етуге талпынған жандардың қалауларын естігенде не солай жасап жүрген адамдардың әрекеттерін көргенде Алла Елшісі (с.а.с.)
былай деген: «Аллаға ең ұнамды амал – аз да болса, тұрақты жасалғаны».48
Осыған ұқсас риуаяттардан Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға әрдайым күші жететін, мүмкіндігі болатын істермен айналысуға кеңес бергенін көруге болады. Айша анамыздың (р.а.) әрбір ісінде осы ұстанымды қағида еткені белгілі.49
Адам құлшынысынан айырылып қалмау үшін әрдайым мақсат-мұраты мен арманын есінде ұстауы қажет. Ниетін нақтылап, қай бағытқа жол тартқанын ұғына білуі тиіс. Одан соң істерін белгілі бір бөліктерге бөліп атқарғаны жөн. Әрбір сәтті қадамының жетістігіне қуана алғанда адам санасы ол істі оң қабылдап, тағы да жасауға құлшыныс пайда болады.
Мысал:
Өзіне көбірек тапсырма беруін өтінген шәкіртін ұстазы тамақтануға алып барады. Шәкіртін өз қолымен тамақтандыруға кіріскен ұстазы оған тамақты қасықтап бере бастайды. Бірінші қасығын аузына алған шәкірт тамақтың дәмін татып, енді ләззәт ала бергені сол еді, ұстазы оның аузына тағы бір қасық тамақ салады. Оны да шайнап болмай жатып, келесісін әкеледі. Солай жалғастыра береді. Шәкірті тамақты тез шайнаймын деп, дәмін сезуден қалады. Ақыры шыдай алмай ұстазынан қайда асығып жатқанын сұрайды. Ұстазы бұл шәкірттің өз қалауы екенін айтады. Көреген ұстазын бірден түсіне қоймаған шәкіртіне мәселенің мән-жайын былай түсіндіреді: «Сен бастапқы тақырыптарды толық түсінбей жатып, жаңа тапсырмалар беруді сұрадың. Алайда алдыңғы тапсырмаларды орындамастан бұрын жаңасын үстемелеп беру онсыз да тамаққа толы ауызға үсті-үстінен тамақ сала берумен тең. Жаңа тапсырма алуға асықпа. Бұрынғы дана кісілер «Асықпай тез істе» деп айтатын. Өмірдің әрбір тапсырмасын асықпай, қуанышпен әрі ынтамен орында».50
Өмірдегі әрекет ету жылдамдығымыз біздің көңіл-күйімізге әсер етеді. Егер тым асығыстық жасап, өзімізге шамадан тыс көп жұмыс алатын болсақ, әдетте қуанышқа кенелтетін істердің өзі күйзеліске әкеліп соқтыруы ықтимал. Ал тым баяу қимылдайтын болсақ та, одан жалығып, жалқаулыққа салынып, көңіл жабырқайтын болады. Әрекет ету жылдамдығымыз біздің ахуалымызға тікелей байланысты. Мықты денсаулық (физикалық әрі психологиялық) өмірдің сапасын төмендетпестен, көбірек тапсырма орындай отырып, жылдамырақ әрекет етуге мүмкіндік береді.
Аз іс – үлкен нәтиже
Кез келген істі аз-аздан болса да тұрақты түрде атқаруды жалғастыру адамға ауқымды жұмыстарды да бітіре алуға мүмкіндік береді. Сол арқылы ісімізді кейінге қалдырмай, дер кезінде орындауды үйрене аламыз.
Тайм-менеджмент «дастарханы» деген атаумен осы құнды әдетті қалыптастыратын қағидаларды назарларыңызға ұсынамыз:
1. «Пілді кесек еттерге бөлу»
Орындау керек тапсырма ауқымды әрі маңызды болып, бірақ жедел болмаған жағдайда адамның оны орындауға өз-өзін көндіруі қиынға соғады. Мұндай істерді тайм-менеджмент тілінде «пілге» теңейді.
Піл – ауқымды, ауыр, көп тер төгуді қажет ететін, көбіне жалықтыратын әрі белгілі орындалу мерзімі болмайтын істер.
Мұндай істердің мысалы төмендегідей: •Диссертациялық жұмыс жазу;
•Үйге жөндеу жұмыстарын жасау; •Шет тілін үйрену;
•Дене бітімін қалыпқа келтіру; •Денсаулығын жақсарту; •Ғылыми жобамен айналысу; •Кітап жазу;
•Құран жаттау.
Адам баласы көбіне түймедейді түйедей қылуға бейім болғаны секілді мұндай істерді де қиындатып, «пілді» барынша үлкейтіп, орындап бітіру мүмкін еместей қылып елестетеді.
Мұндай ауқымды істерді орындауды қиындататын ең басты мәселе – нәтиженің бірден болмауы. Адам бірнеше қадам жасағаннан соң бірден нәтижесін көре алмаған кезде ол нәтиженің болатындығына сенімі де сөне бастайды. Онымен бірге қорқыныш та пайда болады. Солайша мақсатына жетуді мүмкін еместей көре бастайды.
Мұндай қорқыныш пен үмітсіздіктен арылып, ауқымды тапсырманы аяғына дейін жеткізіп, «пілді» толықтай жеп тауысудың ең дұрыс жолы – оны кішкене «кесек еттерге» бөліп, күнделікті бір бөліктен «жеп отыру». Әрбір бөлігі бір күнде орындалуы мүмкін көлемде әрі бірте-бірте бізді алға қойған мақсатқа жақындата түсетін болуы шарт. Ол үшін бұл бөліктер SMART қағидасына сай бөлінген болуы қажет:
•Specific – нақты;
•Measurable – өлшеуге болатын; •Achievable – қол жетімді; •Relevant – маңызды;
•Time bound – уақытпен шектелген.
Осылайша ауқымды істі күнделікті (апталық) орындау қажет кішкене бөліктерге бөлу арқылы оңай аяқтай аламыз. Жалпылама түрде тапсырманы орындау қажет деп қана қоймай, күнделікті белгілі бір бөліктерін орындауды мақсат тұтамыз.51
2. «Швейцариялық ірімшік»
Ауқымды істерді орындауға мүмкіндік беретін екінші бір жол – «Швейцариялық ірімшік» деп аталатын әдіс. Бұл әдіс бойынша әрекет еткенде пілді кесек еттерге бөлгендегідей
белгілі бір тәртіппен қадам баспай, ауқымды істің кез келген мүмкіндік болған тұсынан аз-аздан орындап отырады. Солайша құдды бір ірімшікке тесіктер жасағандай немесе кішкентай бөліктен тістеп-тістеп жегендей азайтып отырып, соңында барлығын жеп тауысу жеңіл болады. Күнделікті (апталық) орындалатын істің мөлшерін белгілеп, бос уақыттарда жасап қоюға болады.52
3. «Құрбақаны жеп қою»
Өмірде ауқымды тапсырмалармен қатар көлемі жағынан кішкене ғана болғанына қарамастан, орындалуы жағымсыз не жалықтырушы істер де болады. Көбіне мұндай істер көп күш пен ақыл-ойды талап етпейді. Осындай көлемі шағын ғана, орындалуы ұзақ уақыт пен көп күш алмайтын, бірақ жағымсыз көрінетін істерді «құрбақа» деп атайды.
«Құрбақа» сипатындағы істердің ең басты белгілері: •Орындау бізге жағымсыз не жалықтырушы болып көрінеді; •Ондай істі бірден орындауға құлшындыратын себеп табу
қиынға соғады;
•Ал шындығына келгенде еш қиындығы жоқ.
Әдетте, мұндай шағын істер алдымен «түске қарай», одан
соң «түстен кейін», одан кейін «кешке жақын», ақыр аяғында «ертең» деп кейінге қалдырыла береді. Осылай «Еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, күннен күнге, аптадан аптаға шегеріліп жалғаса береді. Сол шағын ғана істерді неге дәл қазір орындай алмайтынымызға көптеген сылтаулар ойлап табамыз. Уақыт өте келе біздің «құрбақамыз» «пілге» айналып кетуі де ғажап емес. Солайша ол іс енді көбірек күш пен ұзағырақ уақыт талап ететін болады.
Көбіне өзімізді қолға алып, кішкене ғана бір қадам жасайтын шақта ойымыздағы «жасау не жасамау» деген талас-тартыс үшін ең қарапайым шешімдерді де қабылдай алмай
жатамыз. Бар күшімізді алатын іштегі күрес жалғасқан сайын әрекет етіп алғашқы қадамды басуға деген қауқар қалмайды.
Испандықтарда мынадай мақал бар: «Күнделікті таңертең бір құрбақадан жеп отыр». Мұндай істерді атқарудың ең тиімді жолы – күнделікті таңертең бір шағын жағымсыз істі орындап отыру. Күнімізді шағын ғана істі тамамдаумен бастау арқылы күн ұзаққа жақсы көңіл-күйде жүруге мүмкіндік аламыз. Бір күнде «бір құрбақаны» жеңу арқылы жеңістің дәмін татып, көңілді жүреміз. Басқа «құрбақалардың» кезегі келесі күндері келетіндіктен, оларды ойлап қам жемейміз. Ал егер кейінге қалдыра беретін болсақ, әрдайым «құрбақа» көз алдымызда тұрып, бар көңіл-күйімізді бұзатын болады.
«Құрбақаға» теңелген шағын істерді уақыт оздырмай тындырып алудың пайдалары:
•Күні бойы өзіңді жеңімпаз сезінуге мүмкіндік береді; •Мазасыздық сезімінен арылтады: «құрбақаны» «жеп қойған»
соң ол көз алдымызға келіп, көңіл-күйді бұза алмайды;
•Уайым мен үрейді азайтады: жағымсыз іспен айналысып жатпағанын ұғындырады;
•Бар күшті күмәнға, уақытты уайымға шығындамай, тезірек шешім қабылдауға мүмкіндік береді;
•Шағын істердің ауқымды жұмысқа айналып кетуінің алдын-алады.53
•УАҚЫТТЫ ЖОҒАЛТПАУ
Уақытты ұрлаушылар – жүйелі түрде дұрыс ұйымдастырылмаған істер.
Уақыт ешкімге жетпейді, тіпті қарап жатқан жалқауға да, мамық төсекте жатып, күні бойы теледидар көретін адамға да.
Алайда ешкім уақытының қайда кетіп жатқанын есептемейді. Ақшасын қайда жұмсағанын соңғы тиынына дейін айтып бере алуы мүмкін. Ал уақытының қанша бөлігін шығармашылыққа, білім алуға жұмсағанын, қанша бөлігінің бос өткенін, неліктен көп уақытын теледидар мен жол «жегенін» кім айта алар екен?
Ал адамзаттың ысырапқа ең көп жол беріп жатқан мәселесі – уақытты пайдалану тұрғысында. Уақыт ысырабы деген мына үшеуінен тұрады: еш нәрсе істемеу, істеу керек нәрсені істемеу, істемеу керек нәрсені істеу.
Питер Дракер осындай уақытты жоғалтуға алып келетін жайттарды санамалап береді: уақытынан ұзаққа созылған жиналыстар, ақпарат және байланыс жүйелерінің жұмысының ақсаңдауы, қажетсіз телефон қоңыраулары, газет-журналдар оқу, шамадан тыс жұмысбастылық, жүйесіз басқару және жеткіліксіз ұйымдастыру, күтпеген қонақтар, шешім қабылдау барысында күмәндану, қателік жасаудан қорқу, жұмысты маңыздылығына қарай дұрыс реттемеу, жұмыс барысындағы қажетсіз үзілістер, ұжымдық әрі жұмыс орнындағы іс-шаралар, толыққанды ойланбай және жоспар құрмай жұмысқа кірісу, бір істі аяқтамастан басқасына ауысу, маңызы әлдеқайда төменірек істерге байлану.54
Сонымен бірге бірқатар ішкі факторлар да адамның уақытынан айырылып қалуына әкеліп соғады: бір уақытта бірнеше істі бірден атқаруға тырысу, уақытты дұрыс есептемеу, істі кейінге қалдыру, нашар ұйымдастырушылық, дұрыс тыңдамау, барлық істі жалғыз орындауға тырысу, «жоқ» деп айта алмау, кейбір істерді басқаларға бөліп бермеу, жауапкершілікті дұрыс бөле алмау, асығыс шешім қабылдау, күйзеліс, жоспар құрмай тек есте сақтау қабілетіне сену.
Осы және өзге де өмірімізде кездесетін уақытымызды «жұтып қоятын» жайттарды анықтап, олармен күресіп, тамырымен жоюға тырысып, алда өмірімізге қайта бас сұғуына жол бермеуге барымызды салуымыз қажет. Себебі уақытын басқара алған жан ғана өмірін басқара алады. Жеңіске жетушілер уақытын өз қолына алады. Ал жолы болмаған бейшаралар уақытын басқалардың талан-таражға салуына жол беріп қойып қол қусырып отыра береді. Сондықтан уақытымызды ешкімге ұрлатпауымыз қажет әрі өзіміз ешкімнің уақытын ұрламауымыз керек. Надан, ақымақ, ойсыз адамдармен бірге уақыт өткізбеуге барынша тырысу қажет, себебі одан уақытымыз ғана емес, жүрегіміз де «өледі».
Жетістікке жеткен атақты адамдардың өміріне көз салар болсаңыз, сахарада жүрген жолаушының суын үнемдегеніндей олардың өз уақытын үнемді пайдаланғанына куә боласыз.
Сіз – өз уақытыңыздың қорғаушысысыз. Ал уақытты ұрлаушылар қорғаушылармен таласқа түседі. Соңында міндетті түрде біреуі жеңіске жетеді. Не сіз ол ұрлаушыларды жүгендеп ұстап отырасыз, не олар сізді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын болады.
Уақытын жоғалтқанның өкініші
Өмір – әр адамға тек бір рет қана берілетін өте бағалы әрі шектеулі нығмет. Соған қарамастан, адам баласының ең көп алданып, бос өткізетін нығметі де – осы «уақыт».
«Ғасырға серт! Шынында, адам баласы зиян ішінде. Тек иман келтіргендердің, соған сай игілікті істер атқаратындардың,бір-бірінеақиқатты насихаттайтындардың және бірін-бірі сабырға шақыратындардың жөні бөлек».55
Уақытқа серт етумен басталған бұл сүреде иман ету, ізгі амал жасау, шындық пен сабырды үгіттеумен өткізілмеген
уақыт ысырап етілгенмен тең болып, қасіретке себеп болатындығы айтылған. Сонымен бірге, уақыт тұрғысынан
алданып
аңғаруға
жататын адамдардың көп екенін де осы сүреден
болады.
Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде осыны былай түсіндіреді: «Адам баласы туылған күнінен бастап, шашына ақ түсіп,
қартайғанға дейін Алланың разылығын табу жолында бетімен жер сүзіп, шапқылап жүрсе де, қиямет күні сол істегенін өте аз көріп,
одан да көп істеген болсам ғой дейді».56
Мүмін адам ұзақ өмір сүріп, ғибадатпен, қайырлы, ізгі амалдармен күн кешіп, соның жолында көп қиындыққа төзсе, ақыреті үшін өте үлкен қазына сауап жинаған болар еді. Бірақ ақыретте ақиқатты көргенде, парыз бен нәпіл ғибадаттарға беріліп жатқан сауаптар мен олар арқылы қолы жететін нығметтерді білгенде қайта оянып, әлгі істеген ғибадаттары мен ізгі амалдарын тым аз көре бастайды. Көбірек істемегені үшін өзін-өзі айыптайды.
Бұл жөнінде бір риуаятта былай делінеді: «Сыйы мен
сауабын арттыру үшін дүниеге қайтарылуды армандайды».57
Тағы бір хадисте қиямет күніндегі өкініш төмендегідей баяндалады:
«Жаннат халқы басқа нәрсеге емес, тек дүниеде Алланы зікір етпей өткізген сәттеріне ғана қасірет пен өкініш сезінетін
болады».58
Қиямет күні Алланың құзырына жиналған кезде біздің бұл дүниеде өмір бойы өткізген уақыттарымыздың барлығы да ол жақтағы уақытпен салыстырғанда бір күннен аз болатындығын Алла Тағала Құранда былай баяндайды:
«Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей аз ғана уақыт тұрдық. Алайда нақты айта алмаймыз, оны уақыттың есебін білетіндерден сұрасаң болар еді», – деп, жауап береді».59
Олай болса, бұл дүние тіршілігі бізге еңбектеніп, ақыреттік өмірге азық жинауымыз үшін берілген қысқа ғана мерзімнен
тұрады.
Әр секундтың қадірін біліп, оны ақыретке әзірлену жолына жұмсаудың жолдарын ойлау керек. Олай болмаған жағдайда уақыт текке кеткен болады. Ал уақыттың босқа шығындалуы – ең үлкен өкінішке душар етер жайттардың бірі.
Уақытты қалай болса солай шығындап, өмірін текке өткізгендердің ақыреттегі бейшара халін баяндайтын мына аят қандай ғибратты десеңізші:
«Тозақта олардың шыңғырған ащы дауысы шығып: «Уа, Раббымыз! Садағаң кетейік, бізді мына тозақтан шығара гөр (дүниеге қайтаршы)! Бұрын-соңды істеген теріс істерімізден бөлек игілікті істер атқарайық!» – дейді. Сонда оларға: «Сендерге ақылға салып, ойланатын адам емін-еркін ойланып, ғибрат алатындай (һәм өзінің жаратылыс мақсатына қарай әрекет етіп, біраз игілікті істі тындырып тастайтындай) жеткілікті ғұмыр бермедік пе?! Онымен қоймай, сендерге ескертуші ретінде пайғамбар да келген еді. Енді азаптың дәмін татыңдар! Залымдардың медеткері болмайды», – делінеді».60
Пайғамбар (с.а.с.) бір күні:
– Өлген соң өкінбейтін ешкім болмайды, – деді. Сонда сахабалар:
– Ол нендей нәрсеге өкінеді, уа, Алланың Расулы? – деп сұрады.
– Өлген адам жақсы мұсылман болса, амалдарын одан да арттыра түспегеніне, ал жаман адам болса, сол жамандығынан бас
тартпағанына өкінеді, – деді.61
Барлық нығметтер секілді уақыт ысырабының да басты себебі өлім атты ақиқатты тиісінше түсіне алмаудан туындайды. Өйткені нәпсінің бойында жаратылысынан бері фәнилікті мойындамау қасиеті бар. Сол себепті адам баласы өзін қашан да өлімнен алыс көреді. Алайда әрбір жан иесі үшін белгіленген ақтық дем бар. Мұны жою және дүние
өмірін белгілі бір уақыт жалғастыру мүмкін емес. Уақыт Алланың заңы бойынша белгіленген арна бойынша аға береді. Дүние өмірінде барлық нәрсені сатып алуға азды-көпті мүмкіндік бар, бірақ өткен уақытты ешқашан...
Ең маңызды уақытымыз болған ақтық демімізді беретін сәтте иман мен кәлимә-шәһәдәтпен Жаратушымыздың құзырына шыға алу үшін өміріміз бен уақытымызды ысырап етпей, тиімді пайдалану бей-жай қарамауымыз қажет ең маңызды міндеттеріміздің бірі екенін естен шығармаған жөн. Алланың құзырында өкінбейтіндей етіп бос уақыттарымызды игілікпен толтыруды мақсат тұтуымыз қажет.
Үш топ та өкінді
Зұлқарнайын әскерімен жолда келе жатып «аяқтарыңа ілінген нәрселерді жинай жүріңдер» деп әмір береді.
Әскері бұл әмірді естіген кезде іштерінен бір бөлігі «Көп жүрдік, қатты шаршадық. Түн ішіндеміз, оған қоса аяғымызға ілінген нәрселерді жинап босқа қиналамыз ба, еш нәрсе жинамаймыз» деген шешімге келіп, еш нәрсе жинамайды.
Екінші бөлігі «Қолбасшымыз бұйырған екен, әмірге бағынайық, аз ғана болса да жинайық. Өйткені қолбасшыға қашанда мойынсұну керек» деп аз ғана жинайды.
Үшінші топ болса «Қолбасшымыз еш нәрсені босқа әмір етпейді. Міндетті түрде бір нәрсені біліп айтқан болу керек, әмірін орындаймыз» деп бүкіл қаптарын бетіне дейін толтырады.
Таң атқан кезде бүкіл әскер түнде алтын қойнауынан өткендерін түсінеді. Аяқтарына тиген нәрселердің алтын екенін ешкім аңғармаған екен. Сонда әмірді тыңдамай еш нәрсе алмаған бірінші топ:
– Қап, неге алмадық! Қолбасшымыздың сөзін неге тыңдамадық? Ең болмағанда біреуін алғанымызда ғой... – деп өкініп қалады.
Екінші топ та өз-өздерін сөге бастайды:
– Қап, біраз тағы алуымыз керек еді. Қалталарымызды, қаптарымызды аузына дейін толтырып алуымыз керек еді...
Тіпті үшінші топ та өкініп:
– Керексіз, пайдасыз заттарымызды тастағанда бұдан да көбірек жинайтын едік, – дейді.
Міне, осы мысалдағы секілді ақыретте де барлық адам өкінеді. Кәпір болған адам:
– Неге иман етпедім? Сенгенімде, ең болмаса, жәһәннәмға түссем де, иманымның арқасында соңында бәрібір жаннатқа кірер едім. Мәңгілік тозақтан құтылар едім, – деп өкініштен өзегі өртенеді.
Мұсылман болғанымен сауабы аз кісі:
– Бұдан да көп сауапты істер жасауым керек еді. Бұдан да көп нығметке қауышар едім, – деп сан соғады.
Мұсылман болып, сауабы көп болған кісі болса:
– Қап, бұдан да жоғары дәрежелерге көтеретіндей көбірек ғибадат жасауым керек еді, көбірек садақа беріп, көбірек ораза ұстап, көбірек сауап жинайтын амалдар жасауым керек еді, – деп өкінеді.
«Электрондық тәуелділік»
Біз көптеген электронды құрылғылардың бізді ісімізден алаңдата беретін кезеңде өмір сүрудеміз. Егер жағдайды өз қолыңызға алып, өзіңіз басқармасаңыз, күні бойы қарша жауғанэлектрондыхабарламаларментелефон қоңырауларының астында қалу қаупіңіз бар.
Электронды поштаның жұмыс тиімділігі мен жетістікке жетуіңізге соншалықты кері әсерін тигізуінің себебі сіз қандай да бір жаңа хабарлама немесе жаңалық оқыған сайын ағзаңыздан қанға дофамин атты химиялық құрамы кокаинге ұқсас ынталандырушы гормон бөлініп отырады. Бұл сізге уақытша рақаттану сезімін сыйлайды және сіз санаңыздың түбінде оның қайталануын қалайтын боласыз. Бұл сезім электрондық пошта, смс, Whatsаpp, Messenger арқылы хабарламалар, телефон қоңырауларын алған сайын жалғасын тауып отырғандықтан, сізді қайта-қайта хабарлама қарауға немесе өзіңіз хабарлама жіберуге итермелейді және сіз бар күніңізді соған арнайтын боласыз. Осылай жалғаса берсе, жақын арада есірткіге тәуелді адамдай болып, одан бас тарта алмайтын жағдайға жетесіз.
Егер сіз теңертең бірден хабарламаларға жауап беріп, дофамин гормонының бір мөлшерін қабылдап ағзаңызды үйретіп алған болсаңыз, күні бойы келетін хабарламаларға
бірден жауап беруге деген құштарлыққа қарсы тұра алмайсыз. Күніңізді хабарламаларды тексеріп, хаттарға жауап берумен бастасаңыз, бұл іске күніңізді толықтай қалай арнағаныңызды байқамай да қаласыз.
USA Today журналында жарияланған бір мақалада үнемі компьютерден не телефоннан хабарламаларды қарай беру адам миын шаршататындығы жазылған. Нәтижесінде электронды хабарламаларға деген тәуелділік адамның IQ көрсеткішін сағатына 1%-ға төмендетіп отырады. Әрбір сағат өткен сайын адам ақымақ бола бастайды. Сонымен күннің соңында сіз 10% ақылыңызды жоғалтатын боласыз. Күн аяқталғанда адам миының шаршағаны соншалық – әдеттегі шешім қабылдау қабілетінен айырылады.
Бара-бара сіздің ақылыңыз төмендей береді. Таңертеңгімен салыстырғанда шынында да сау ақылдан айырыла бастайсыз. Жеңіл тапсырмаларды орындаудың өзі қиынға соға бастайды. Егер сіз аталған жайтқа назар аудармасаңыз, тәуелділікке тап болып, құдды нашақор адамдай жұмысыңыздан алаңдап, басқа іске көңіліңізді бөле беретін боласыз.
Бірқатар зерттеулерге қарағанда, орташа есеп бойынша, адам күнделікті электронды құрылғыларын 145 рет тексереді және оған үш жарым сағатын жұмсайды екен. Дәл осы жайт тайм-менеджмент бойынша сарапшы Джулия Морганстернді Don’t check your email in the morning (Күніңізді электрондық поштаңызды тексеруден бастамаңыз) атты кітап жазуға итермелеген. Егер сіз электронды поштаңызды қарауға тым көп уақыт жұмсайтын болсаңыз, ол сіздің мансабыңызға кері әсерін тигізіп, толыққанды жұмыс істеуіңізге мүмкіндік бермейді.62
Осыдан қазіргі замандағы технологияның дамуымен қатар келген мұндай қасірет тек біздің уақытымызды алып қана
қоймай, санамызды улап, ақылымызды кемітіп, миымызды шаршатып жатқанын ескеруіміз қажет. Бар жылдамдығымен алға ұмтылып, дамуға тырысып жатқан ғасырымыздың алдымызға қойған мүмкіндіктерін тек өзімізге пайдалы тұсынан ғана қолдануды үйреніп, жиренетін жерінде кеш болмай тұрып бас тартуға бар күшімізді салуымыз қажет. Болмаса, «батыстың цивилизациясын аламыз деп, канализациясына түсіп кетпейік».63
Технологияны дұрыс қолдану
Технология – уақытпен жарыстан туылған өнім. Аз уақытта көп істі жеңіл түрде атқаруға тырысу.
Технологияны дұрыс пайдалану адамның адамдығына байланысты. Мысалы, жүргізуші мас болса, көліктің қаншалықты мінсіз болғанына қарамастан, апатқа ұшырау ықтималы көп. Сондықтан алдымен адамды түзету керек. Мәселені адамның бойында шешу керек.
Ол технологиялардың көмегімен әп-сәтте қалаған мәліметімізді таба аламыз. Бірақ ондай мүмкіндік бар екен деп, оқуды, білім алуды бір жаққа ысырып қоюға болмайды. Олай тез қол жеткізіп, бір көз шалып шыққан мәліметтер білім бола алмайды, тез ұмытылады.
Әсіресе, балаларды бұл дерттен құтқару керек. Балалар технологияның құлына айналса не оған тәуелді болса, ата-анасынан алыстап, тіпті бөлініп кетеді. Ал ата-ана да сол технологияға байланып қалатын болса, олар бір-бірінен және балаларынан бөлініп кетеді. Солайша бір отбасы технологияның құрбанына айналады.
Осындай қасіреттің алдын алу үшін технологияларды дұрыс әрі жылдам пайдаланып үйрену қажет болмақ. Тиімді пайдалана білетін болса, технологиялар өте пайдалы әрі адамның уақыт үнемдейтін, жұмысын жылдамдататын бірден-
бір көмекші құрал бола алады. Ең бастысы, осынау заманауи құрылғыларды ақылмен қолдануды әдетке айналдырмақ керек.
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
1. Телефон, электрондық пошта, СМС
Уақытты жоғалтудың ең бірінші әрі басты себебі – телефон, электрондық пошта, смс секілді күнделікті кедергілер. Бұлардың барлығы сіздің көңіліңізді негізгі жұмысыңыздан басқа жаққа аударып, маңызды жайттарды ойлануда миыңызда іркіліс пайда болуына әкеліп соғады. Тіпті телефонды қойып, поштаны жапқаннан соң да жұмысқа қайта кірісу қиындап, бірқатар уақыт алады.
Мұндай кедергілермен күресудің жеті жолы бар:
Телефон мен пошта секілді хабарласу құралдарын тек жұмыс бабымен ғана пайдаланыңыз. Қызмет барысында қажет болған жағдайда да жұмысын барынша тезірек бітіруге тырысу керек. Жұмыс уақытында жеке мәселелерді талқыламаңыз. Жұмыс уақытында байланыс құралдары тек қана қызмет бабымен пайдаланылатындығына бойыңызды үйретіңіз. Қазіргі таңда бұл жайт әсіресе смартфондарға қатысты екені белгілі.
Электрондық хабарламаларды маңыздылығына қарай саралап қойыңыз. Телефон соққан адаммен сөйлеспес бұрын кім екенін анықтап алыңыз. Белгісіз қоңырауларға жауап берерде қызығушылығыңызды баса тұрып, қандай мақсатпен қоңырау соққанын сұрап біліңіз.
Күнделікті жоспарыңызда сізді ешкім мазаламауы қажет уақыт арнап қойыңыз. Смартфон мен байланыс құралдарының құлына айналмаңыз! Олардың дыбыстарына елеңдей бермеңіз. Дұрысы, ондай ескертпе дыбыстарды мүлде өшіріп тастаңыз.
Егер өзіңіз хабарласқан не хат жіберген болсаңыз, сізге қайта хабарласа алатын немесе жауабыңызды ала алатын уақытыңызды алдын-ала ескертіңіз.
Сөйлесу мен хат жазуға арнайы уақыт бөліп, барлығын бірден бітіріп алуға тырысыңыз. Күні бойы ол істермен айналысып отырмаңыз.
Телефон қоңырауларын алдын-ала жоспарлаңыз. Қызметтік кездесудегідей талқыланатын тақырыптарды алдын-ала белгілеп қойыңыз.
Телефонда талқыланған жайттарды қағаз бетіне түсіріп отырыңыз. Сонда қайта сұрауға қажеттілік болмай, уақыт үнемдейсіз.
2. Күтпеген қонақтар
Ең жиі кездесетін уақытты жоғалтатын себептердің екіншісі – күтпеген қонақтар. Олар сіздің айтарлықтай уақытыңызды алуы мүмкін. Бұл қонақтар сіздің әріптестеріңіз не сырттан келген таныстарыңыз болуы мүмкін. Олар қалаған уақытында келіп, сіздің көңіліңізді жұмысыңыздан басқа жаққа бұрып әкетіп, ойлау жүйеңізді бұзып, жұмыс өнімділігіңізді төмендетеді. Кейде мұндай қонақтар сағаттап үзіліссіз әңгіме айтуы да мүмкін.
Мұндай уақытты ұрлаушылардан сақтану үшін мына төмендегі бес кеңеске назар аударыңыз:
Сізді ешкім мазалай алмайтын уақыттар белгілеп қойыңыз. Ол уақыт жайлы айналаңыздағыларды хабардар етіп, төтенше жағдайлардан басқа уақытта мазаламауын ескертіңіз.
Келген қонаққа уақыттың аздығын, жұмыстың көптігін айтып жағдайыңызды түсіндіріңіз.
Бос әңгімелерді доғаруды үйреніңіз. Талқыланып жатқан жайттың нүктесін қойып, қонағыңызбен қоштасып, жұмысыңызға оралыңыз.
Қонақтарды қабылдайтын арнайы уақыт белгілеңіз. Кездесулер жайында алдын-ала келісіп алуға тырысыңыз. Әріптестеріңізге де белгілі бір уақыттарда есігіңіз ашық болатынын хабарлаңыз.
Басқалардың уақытын ұрламаңыз. Басқаларға күтпеген қонақ болып бармаңыз. Жұмыстарыңыз болатын болса, сыпайы түрде рұқсат сұраңыз. Мұнда да алдын-ала келісіп алғандарыңыз жөн.
Егер сіз өз жұмысыңыздың өнімділігін арттырғыңыз келсе, айналаңыздағы адамдар сізді басқалардың уақытын ұрлаушы ретінде санамайды ма, соны сұрап біліңіз. Шынайы жауапты естуге дайын болыңыз. Олар сізге қалай жауап бергеніне қарамастан, өзіңізді ақтамаңыз. Үнсіз тыңдап, алғысыңызды білдіріңіз. Кейін айтылғандарды қорытындылап, өзіңізбен жұмыс істеуге тырысыңыз.
3. Жиналыстар
Уақытты ұрлаушы үшінші жайт – жоспарланған не жоспарсыз жиналыстар. Дұрыс жоспарланбаған әрі сапалы түрде дайындық жасалмаған жиналыстар адамның өте көп уақытын босқа өткізеді.
Қате түсініп, жиналыстарды зиянды нәрсе ретінде көруге болмайды. Кез келген жұмыстың дұрыс жүруі, пікір алмасу, мәселелерді талқылап, шешім табу, жұмыс барысын қадағалау үшін жиналыстың маңызы орасан зор. Сонымен бірге жиналысты дұрыс өткізе білу қажет. Жиналыстың тиімділігін арттыратын сегіз жол бар:
Жиналыстың ұзақтығын алдан ала белгілеңіз. Алтынға бергісіз уақыттың босқа өтуінің зиянын есептеу үшін
жиналыс уақытын барлық жиналысқа қатысушылардың санына көбейтіп есептеу қажет. Сонда нағыз жоғалған уақытты көруге болады.
«Жиналыс жасауға қажеттілік бар ма?» деген сұрақ қойылу қажет. Алып бара жатқан қажеттілігі болмаса, одан бас тарту қажет. Егер қандай да бір қызметкердің қатысуы міндетті болмаса, оны жиналысқа шақырмау керек. Күн тәртібін белгілеп қойыңыз. Жиналыс жасау қажет болғанда оның мақсаты мен өткізілу ретін нақтылап алу керек. Талқыланатын сұрақтардың тізімін жазып алыңыз. Ол мәселеге байланысты жауап беретін, үн қосатын қызметкерлерді белгілеп қойыңыз. Жұмыс бабымен жеке сөйлесулерде де осылай жасаған дұрыс. Талқыланатын сұрақтар қағаз бетіне түсіріліп дайындалғанда жиналыстың қаншалықты тез әрі тиімді өтетініне өзіңіз көз жеткізе
аласыз.
Жиналыстың басталу және аяқталу уақытын қатаң белгілеңіз. Уақытында басталғанымен, аяқталмайтын ұзын-сонар жиналыстың пайдасынан зияны көп. Кешіккен адамдарды күтпеңіз. Бір адам үшін уақытында келген басқа қызметкерлерді жазалауға болмайды.
Алдымен маңызды сұрақтарды талқылаңыз.
Әрбір сұрақты талқылап болғанда қысқаша қорытынды жасап отырыңыз. Барлық көзқарастарды ортаға сала
отырып, шешім шығарыңыз. Басқа тақырыпқа өтпей тұрып, талқыланған мәселені барлығының түсініп, келіскеніне көз жеткізіңіз.
Қабылданған шешімге байланысты атқарылатын істерге жауапты адам тағайындаңыз. Жауапты адам мен атқарылу мерзімі белгіленбеген жағдайда талқылап, шешім шығарудың құрғақ сөз күйінде қалатынын естен шығармаңыз.
Жиналыстың маңызды жайттарын қағаз бетіне түсіріңіз және қатысушыларға жиналыстың қарарын таратып беріңіз. Бір тәуліктің ішінде қағазға түсіріліп, қызметкерлерге берілген жағдайда істің өнімділігі арта түспек.
4. Оқыс жағдайлар
Уақытты ұрлайтын келесі фактор – оқыс жағдайлардың орын алып, оны түзетуге тура келуі. Енді ғана жұмысқа бар ынтаңызбен кірісе бергенде кенеттен оқыс жағдайлар орын алып, сіздің бірнеше минутыңызды, не бірнеше сағатыңызды, тіпті одан да көп уақытыңызды алуы ғажап емес.
Мұндай жағдайлар орын алғанда төмендегі әрекеттерді
жасаған жөн:
Әрекет етпес бұрын ойланыңыз. Барлық сәтсіздіктің себебі – ойланбай жасалған әрекет екенін есте ұстаңыз. Салқынқандылық сақтай отырып, болған жағдайды толық анықтаңыз. Шешімін табу үшін мәселені анықтап алу қажет.
Жауапкершіліктерді бөліп беріңіз. Мүмкіндігі бар адамдарға бөліп берген кезде әр адам шамалы ғана уақыт пен аз күш жұмсай отырып, жағдайды орнына келтіре алады.
Болған жайды қағаз бетіне түсіріңіз. Осылай ету парасаттылық пен сабырлылық сақтауға көмектеседі.
Мәліметтерді жинақтаңыз. Құрғақ болжамдармен шектелмей, нақты деректерді анықтай білу – кез келген мәселенің шешімін табудың басты жолы.
Әдіс-тәсіл ойлап табыңыз. Егер қандай да бір қиындықтың орын алуы қайталана беретін болса, барлығы түсініп қолдана алатындай түрде оның шешім жолы мен әдіс-тәсілін ойлап табыңыз.
Мұндай төтенше жағдайлар әркімнің басында болуы мүмкін болғандықтан, іштей және сырттай ондайға дайын болған жөн.
5. Істі кейінге қалдыру
Бесінші уақыт ұрлаушы фактор – істі кейінгі қалдыру әдеті. Бұл әдет адамның уақытын ғана емес, өмірін де ұрлайды. Одан құтылу сіздің бүкіл өміріңіздің өзгеруіне жағдай жасайды.
Бұл әдеттің тамырына балта шабатын жеті тәсіл бар:
Қағазға жазып жоспар құрыңыз. Мұқият дайындалыңыз. Әрбір әрекетіңізді алдын-ала ойластырыңыз. Тапсырмаңызды әрбір қадамына дейін анықтап жоспарлаңыз.
Жұмысқа кіріспес бұрын барлық қажетті құрал-жабдықтарыңызды сайлап алыңыз. Кейін алаңдамас үшін алдын-ала дайындап қойған жөн.
Алғашқы қадамды бастаңыз. Көбіне алғашқы 20% әрекет жұмыстың нәтижесінің 80%-ына қол жеткізеді. Басын бастап алсаңыз, ары қарай жалғастыру жеңіл болады.
Алдағы тапсырмаңызды бөлімдерге бөліп алыңыз. Кейде ауқымды жұмысты бөлімдерге бөліп алып, аз-аздан орындап отырып алға жылжу ол тапсырманы аяқтаудың таптырмас жолы бола алады.
Жұмыс уақытыңызда бес минуттық үзілістер арнап, ол сәттерде қысқа уақытта жасалатын істеріңізді бітіріп алуға пайдаланыңыз. Солайша жалпы жұмысты жайлап бөліп-бөліп аяқтайтын боласыз.
Жұмысты кейінге қалдыруға бейімділіктен арылу үшін алдымен жеңіл әрі көлемі шағын істерден бастаңыз. Бұл алғашқы қадам жасап алып, кейіннен қиынырақ істерге кірісуге мүмкіндік береді.
Кей-кейде керісінше ең ауыр істен бастау да қажет болады. Ең көп уақыт алатын жұмысыңыздан бастап атқаруға өзіңізді көндіріңіз. Оны аяқтаған соң басқалары анағұрлым жеңіл болатындығына көзіңіз жетеді.
6. Бос әңгімелер
Бос әңгіме жайлы сөз қозғалғанда тек қана бетпе-бет сөйлесулер емес, онлайн түрде орын алатын әңгіме-дүкен де қамтылады. Бұлар адамның ұшан-теңіз уақытын алады. Бірқатар есептерге қарағанда, адамның жұмыс уақытының 75%-ы басқалармен сөйлесуге жұмсалады екен. Өкінішке орай, бұл уақыттың тең жартысы жұмысқа еш қатысы жоқ бос әңгімелермен өтеді. Осылайша мұндай әңгімелер жұмысқа арналған уақытты ұрлауда.
Мұндай әдет сіздің мансабыңызға өте зиянды болуы мүмкін. Көптеген адамдар өз уақыттарымен қоса басқа жандардың да уақыттарын босқа құртады. Олар өз мүмкіндігінен төмен дәрежеде жұмыс істегендіктен қажетсіз әңгімеге көп уақыты болады.
Бұлай уақытты бос шығындамас үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:
Адамдармен сөйлесу үшін арнайы уақыт болады. Әріптестеріңізбен жұмыс арасындағы үзілісте немесе жұмысты аяқтаған соң сөйлесе аласыз. Егер сізбен жұмысқа қатысы жоқ әңгіме бастап келе жатқанын байқасаңыз, сыпайы түрде жұмыс істеуіңіз керектігін ескертіп, әңгімені тоқтатып, жұмысыңызға оралыңыз. Көбіне мұндай сөз сұхбаттасыңызды да жұмыс істеуге итермелейді.
Нәтижеге көңіл бөліңіз. Егер сіздің қызметіңіз ақыл-ойды жұмыс істетуді қажет ететін болса, әріптестеріңізбен сұхбаттасу көп уақыт талап етуі мүмкін. Ортаға шыққан мәселелер мен олардың шешімдерін табу жайлы сөйлесуіңіз қажет болады. Алайда барлық сұхбаттардың мұраты белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталуы керек. Уақытыңызды соңғы
футбол жарысын талқылап немесе бір жыл бұрынғы демалысыңызды суреттеп бос әңгімемен шығындамауыңыз қажет. Өзіңіз секілді әріптестеріңізбен сұхбаттарыңыз бен пікірталастарыңыз сіздердің ортақ жұмыстарыңыз жайында болғаны жөн.
7. Сенімсіздік
Уақытты ұрлаушы факторлардың санатындағы ең соңғысы – сенімсіздік және соған байланысты туындаған жұмысты кейінге қалдыру әдеті. Сенімнің жоқтығы сіздің қаншалықты көп уақытыңызды ұрлауы ықтимал екенін елестете де алмауыңыз мүмкін. Шектен тыс хабарламалар мен сөйлесулер, келісімдер мен артық істердің себебі де осы. Сенімсіздік себебінен өз уақытыңызбен қоса айналаңыздағы жандардың да уақытын бос шығындайсыз.
Сенімсіздік – жұмысты кейінге қалдырудың ең басты себептерінің бірі. Ол тек уақытты ғана емес, қаражатты да шығындайды әрі жүйкеңізді жұқартады.64
Шешім қабылдаудың төрт түрі
Уақыттың дұрыс белгіленбеуі шешім қабылдау уақытына да кері әсерін тигізеді немесе керісінше дер кезінде қабылданбаған шешім көп уақытты шығындайды. Жұмыс барысында шешім қабылдаудың төмендегідей төрт түрімен ұдайы кездесетін боласыз:
Сіз өзіңіз ғана қабылдай алатын шешім. Оны сіз басқа адамға тапсыра алмайсыз, себебі оған тікелей сіз жауаптысыз. Сондықтан одан қашып құтыла алмайсыз.
Басқа адамға тапсыруға болатын шешімдер. Басқа адамдарға тапсыра алатын шешімдер де болады. Айналаңыздағы адамдарды (әріптестер, балаларыңыз) жетілдірудің тиімді жолдарының бірі – оларға жұмыс тапсыру, олардың да ойланып шешім қабылдауына жағдай жасау.
Өз мойныңызға алуға болмайтын шешімдер. Қателік кеткен жағдайда салдары өте қауіпті болуы ықтимал: адам өміріне, жұмыс орнына немесе қаржылық жағдайға зияны тиетін. Мұндай шешімдерді қабылдауға ешқашан кіріспеңіз.
Міндетті шешімдер. Олардан бас тартуға болмайды. Әрекетсіздік немесе шешім қабылдамау зиянын тигізетін жағдайда қабылданатын шешімдер болады. Ал шешім қабылдаған жағдайда оң нәтижелері де көп бола алады.
Есте сақтаңыз: егер еш нәрсе сіздің шешім қабылдауыңызға итермелемесе, мұндайдан бас тартуға болады. Қабылдауымыз қажет болатын ең маңызды шешімдердің бірі – қай уақытта әрекет етуіміз қажеттігі.
Уақыт қайда жұмсалады?
Тайм-менеджмент сарапшысы Майкл Фортиноның айтуы бойынша, адам өз өмірінде 7 жыл жуынатын бөлмеде, 6 жыл тамақ ішумен, 5 жыл кезек күтумен, 4 жыл үй тазалаумен, 3 жыл жиналыста өткізеді.
Жоғалтқан затын іздеуге бір жыл, түрлі қажетсіз хаттарды оқуға алты ай, бағдаршамда күтуге алты ай, тіс тазалауға 120 күн кетеді. Ең таңқаларлығы, отбасына уақыт бөліп, жұбайымен сөйлесу үшін күніне төрт минут, балаларының жағдайын білуге 30 секунд қана уақыт арнайды.65
Өткен қателіктерден сабақ алу
Ғапылдыққа салынып, пайдасыз істермен айналысып, асыл уақытымызды босқа шығындап қойып, сан соғып, бармақ тістеген кездер қайсымыздың болса да басымыздан өткен болуы мүмкін. Пенде болғандықтан, адамның қатесіз, күнәсіз, кемшіліксіз болмағы мүмкін емес. Алайда пендешілікті сылтау етпей, ерекше ақылды болып жаратылғанын ескеріп, адам баласы мұндай қателіктерінен сабақ ала білуі қажет. Және өзіне берілген ерік-жігерін қолданып, алған сабағына сай амал етіп, ол қателігін болашақта қайталамауға тырысуы қажет.
Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде былай дейді: «Нағыз мүмін
бір ұядағы жәндікке өзін екі рет шақтырмайды».66 Бұл хадис ақылға салып ойланудың, мұқият болудың және өткен қателіктерден сабақ алудың маңыздылығын көрсетуде. Олай болса, өткен қателіктерден сабақ алу мүміннің міндеті деуге де болады.
«Бүгінгі ақылым болғанда кешегі жіберген қателіктерімді жасамас едім, алайда кешегі қателіктерімді жасамағанда бүгінгі ақылым болмайтын еді» деген сөздің де жаны бар. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» демекші, адам «көре-көре көсем болады».
Дәл солай уақытты дұрыс пайдалануды үйрену жолында да әртүрлі кедергілер кездесіп, шалыс басатын тұстар да болуы ықтимал. Сондай сәттерден не өмірімізде өткен бұрынғы қателіктерден нағыз ақылды әрі мүмін адамға жарасардай сабақ алып, болашақта ондай қателіктерге қайта ұрынбауға нақты бекініп, жігерімізді шыңдап, алға қарай ұмтылуымыз қажет.
«Әрбір адам өз қателігінен сабақ алады, ал ақылды адам өзгенің қателігінен сабақ алатындығын» ескеріп, тек өзіміздің басымыздан өткен жайттардан ғана емес, таныстарымыздың да
қателіктерін сараптау арқылы өзімізге өмірлік сабақ алу жолдарын қарастырсақ, нұр үстіне нұр болмақ.
Ой шашыраңқылығы
Уақытты қажетсіз істерге жұмсаудан туындап, ары қарай уақытты жоғалтуға алып келетін зиянды жайттардың бірі – ой шашыраңқылығы.
Осы күні қайда қарасақ та мен мұндалап тұратын жарнама тақталары, дүкен терезелері, ілінген суреттер, түрлі-түсті кітапшалар, журналдар, теледидар, кинотеатр және интернет беттеріндегі көріністерден және құлағымызды еріксіз жаулап алған дауыстардан туындайтын ой шашыраңқылығы белең алуда.
Мұның барлығы кейде өз еркімізбен, кейде еркімізден тыс осындай жайттарға уақыт бөліп, көңіл қойып, мән беріп, өмірімізден орын алуға рұқсат бергендігіміз үшін туындауда. Асыл уақытымызды осындай қажетсіз әрі зиянды дүниелерге сарп етуіміз мидың шаршауы, зейін шашыраңқылығы мен ұмытшақтыққа алып келіп отыр.
Зейін адам баласының түсіну, қабылдау, үйрену, есте сақтау және жаттау секілді қызметтеріне жауап береді. Ал зейін шашыраңқылығы орын алатын болса, аталған қызметтер өз қалпында дұрыс жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылады. Солайша адамда ұмытшақтық, қалжырау және зейін шоғырландыру қиыншылығы туындайды. Ой шашыраңқылығы басқа ағзалардың да жұмысына кері әсерін тигізіп, есте сақтау қабілетін баяулатып, жүйені толықтай істен шығаратын компьютер вирусы іспетті әрекет етеді.
Адам теледидар көруге, радио тыңдауға, интернетке, әлеуметтік желілерге, газет-журнал қарауға қажеттен тыс көп уақытын жұмсайтын болса, тек уақытын ысырап етіп қана қоймай, миын шаршатып, өзін ой мен зейін шашыраңқылығына душар етеді. Ал мұндай жағдаймен бетпе-бет келген қызметкер жұмысын атқару барысында, тәлімгер болса білім алу жолында қажетті мәселелерге зейінін шоғырландыруда көптеген келеңсіздікке тап болады. Солайша
ол адамның қанша тырысып баққанымен, ісін өнімді атқаруы мен жаңа мәліметтер үйреніп пайдалы білім алуы өте қиынға соғады әрі көп уақыт талап ететін болады.
Аталған жайтқа көз жеткізе түсу үшін қазіргі заманның адамы мен өмірлері тарих сахнасында қалған бұрынғы өткен кісілердің білім алу, есте сақтау және жұмыс атқару сапасын салыстырып қарай аламыз. Өткеннің адамы күніміздегі адамның жұмысы мен білім алуын жеңілдете алатын технологиялар, заманауи жүйелер мен түрлі мүмкіндіктерге ие болмай-ақ замандастарымызға қарағанда анағұрлым көп жетістікке жете білген.
Мысалы, әлемге әйгілі тіл білгірі Джузеппе Гаспаро Меццофанти 38 тіл және 50 диалектте мүдірмей сөйлейтін болған.
Осындайойшашыраңқылығынанадаболған Пайғамбарымыздың сахабалары мен Ислам ғалымдары мыңдаған хадистерді және Құранды жаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе алған. Мысалы, Әбу Һурайра (р.а.) 5374 хадис, Абдулла ибн Омар (р.а.) 2630 хадис және Әнәс ибн Мәлик 2286 хадис риуаят еткен. Мұның барлығы да – сау ақыл мен дұрыс зейін қоя білудің, ой шашыраңқылығынан амал болудың жемісі.
Ал бүгінгі күні үлкендер мен жастар ғана емес, бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндердің өзі компьютер және телефон ойындары, теледидар мен интернетке шамадан тыс байланып отырғаны үшін бір шумақ өлең жаттауы қиынға соғатын болған. Балалардың жаңа технологияларды үлкендерден жақсы меңгергеніне қуанып, алданып отыра бермей, оларға зиянын тигізіп жатқан тұстарын анықтап, одан барынша алшақтатып, тек пайдалы нәрселерді ғана бере білуіміз қажет. Өткеннің адамының мұндай таңқаларлық жетістігінен үлгі алып, «болмасаң да ұқсап бақ» деп біз де соған қарай бой түзеуге тырысуымыз қажет. Ол үшін уақытымыз барында миымызды шаршататын, санамызды жаулап алатын, жадымызды толтыратын қажетсіз нәрселерге уақыт шығындамауды үйренуіміз керек. Заманауи технологиялардың тек пайдалы
тұсын қолданып, зиянды жағынан барынша аулақ болғанымыз жөн. Солайша маңызды істерімізге зейінімізді толықтай шоғырландыруды үйреніп, жұмысымызды дұрыс орындап, өнімділігімізді арттырып, қысқа уақытта да орасан зор жетістіктерге жету мүмкіндігіне ие бола алмақпыз.
Өзіңе қатысы жоқ істен аулақ болу
Тайм-менеджмент сарапшысы Стивен Ковидің The seven habits of highly effective people (Жоғары нәтижелі адамдардың жеті әдеті) атты кітабында «әсер ету шеңбері» және «уайымдау шеңбері» деген екі түсінік бар. Адамдарда көбіне уайымдау шеңбері әсер ету шеңберіне қарағандай ауқымды болып келеді. Алайда сіздің өміріңізге ешбір әсері болмаған әрі сіздің де оған әсер етуіңіз мүмкін емес жайттар жайында уайымдаудың, тіпті білудің не қажеті бар?
Өмір қазынасы өте аз. Маңызды істер өте көп. Бір-бірінің ішінде орналасқан шеңберлер тәрізді әрбір адамның жүрегі мен асқазаны шеңберінен, тәні мен үйі шеңберінен, аудан мен қала шеңберінен, отан мен мемлекет шеңберінен және Жер шары мен адамзат шеңберінен бастап күллі жаратылыс пен дүние шеңберіне дейін бір-бірінің ішінде орналасқан шеңберлер бар. Әрбір шеңберде әр адамның белгілі бір жауапкершілігі болуы мүмкін. Алайда ең кіші шеңберде ең үлкен әрі маңызды әрі үздіксіз жалғасатын міндеті мен жауапкершілігі болады. Ал ең үлкен шеңберде ең аз әрі уақытша әрі кейде ғана кездесетін міндеті болуы мүмкін. Осылайша шеңбер үлкейген сайын керісінше міндеттер азая түседі. Алайда үлкен шеңбердегі жайттардың адамды қызықтыруынан негізгі міндетін ығыстырып қойып, пайдасыз, мағынасыз әрі қажетсіз істермен уақыт өткізеді. Өмір деген құнды қазынасын босқа сарп етеді. Соншалықты құнды өмірін құны көк тиын болатын нәрселерге жұмсайды.
Жоғарыдағы түсіндірмеде адамның өміріндегі істер маңыздылығына қарай сараланып көрсетілген. Адам баласы өзі үшін маңызды болған әрі тікелей міндеті мен жауапкершілігіндегі істерді алғашқы кезекте орындап, соған көбірек уақытын жұмсап, маңызы жоқтың қасы болатын артық істерге қайран уақытын шығындамауы қажет.
Адам тіпті дүние тіршілігі үшін деп ғибадатқа уақыт таба алмадым деген күннің өзінде көбіне өзіне қатысы жоқ артық істермен айналысады. Ең қажетті істерін тастап, мың жылдап өмір сүретіндей ешбір қажеті жоқ мәліметтерді білумен уақыт өткізеді.
Танымал әртістің өмірінен хабардар болу мен шет елдегі дауылдың қаншалықты шығынға ұшыратқанын білу сияқты артық мәліметтерден бас тарту оңайға соқпаған кезде әлемде мағлұматтардың аса үлкен жылдамдықпен артып жатқанын және бәрін біліп үлгере алмайтыныңызды ескеріп, өзіңізді жұбатыңыз.
Осы тақырыпта мына мысалды да ой саларлық көріп отырмыз: бір еліне танымал дана кісі өз елінің әдеті бойынша неке жүзігін оң қолына тағып жүріп, кенеттен сол қолына тағуды бастайды. Оны көрген таныстары, сыйлайтын адамдары мұның мәнісін сұраумен болады. Бір жолы солардың біреуі бұл ісінің қандай да бір хикметі бар-жоғын білгісі келгенде әлгі дана кісі «Адамдардың арасындағы бос істермен айналысушыларды анықтағым келді» деп жауап берген екен. Иә, расында да адамдардың осындай қажетсіз, өзіне қатысы жоқ бос істермен шұғылданып уақыт кетіретін кездері аз емес.
Жалқаулық та уақытты өлтіруші
Уақытты босқа өткізетін, уақыттан ұтылдыратын себептердің бірі – жалқаулық. Жалқаулық – адамның алға ұмтылып, биік шыңдарды бағындыруына кедергі жасайтын кесел. Жалқаулық – тәнге рақат сыйлап, жанға жара салатын дерт.
Сонымен қатар жалқаулық пен еріншектік – арлылық деген асыл қасиеттен жұрдай қылатын жаман әдет. Арлы адам – ешкімнен қол жайып ештеңені сұрамайтын, өзге біреудің көлеңкесінде өмір сүруді қаламайтын жан. Сонда бұл – жалқау адамда ұяттың, намыстың болмайтындығын аңғартса, хакім Абайдың 38-ші қара сөзі де: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады»67 деу арқылы осыны дәлелдеп тұр. «Диқаншы нанын жейді, еріншек арын жейді» деген нақыл да дәл айтылғандай.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бұрынғылардың сөзін келтіре отырып айтқан мына түсіндірмесінде жалқаулықтың зияны мен
одан арылу жолдарын көре аламыз: «Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы. Кежірліктің тамыры желкеде болады. Кежір кісінің желкесінен тартып, қаңтарып қойған қырық қаңтаруы болады. Бірі жіберсе де, бірі жібермей, ішетұғын астан, алатұғын олжадан құр қалдырады. Жалқаулықтың тамыры жерге отырарлық дүнбенің алақан аясындай айналасында болады. Орнынан қозғалып тұрғысы келмейді, шайқалып отыра береді. Ұйқының тамыры шынтақта болады. Ұйқышы болатұғын қу шынтағын жерге тіреп жата береді. Тілалғыш, елгезек болып үйрен, кежірліктен құтыласың. Тіпті дәнеме қылмасаң да, жаяу аяңдап, олай-былай жүріп үйрен, жалқаулықтан құтыласың! Дүние-ақыреттің бірі болмаса, бірінің уайымын ойлап: «Қалай қыламын, қайтіп есебін табамын?!» – деген ойға түс, ұйқышылықтан құтыласың. Бұл үшеуінен құтылсаң, әр нәрсеге жетеді. Бұл үшеуі: бірі желкеңнен тартып, біреуі дүнбе құйрығының жерге қарай жабыстырып, бірі шынтағыңнан қисайта құлатып жібермей, табандап жатқан соң,
қолың қайда жетсін?! Өзіңнен-өзің құйрығыңнан кейін қарай
кетіп, қор боласың».68
Осылайша жалқаулық атты кесел адамды жұмысынан тежеп, істен алшақтатып, қол қусырып отырғызып, қарап жатқызып, қайран уақытын бос өткізеді. Сондықтан уақытты өлтіруші болған мұндай дерт пен дұшпаннан арылуға тырысу қажет.
Жарым Кердең-кердең жүресің сен, не таптың?
Мен айтайын – айнымайтын жар таптым. Күндіз-түні жар қойнында жатамын, Естімеймін уын-шуын жан-жақтың.
Қанша құшсам-дағы сусын қанбаған, Жан жарым бар, неге керек мал маған!
Жұрттың бәрі-ақ: «Оңбаған жан!» – дей берсін, Жан жарым бар, неге керек ар маған?!
Жарым күншіл, көз салдырмайд жан-жаққа, Жібермейді жұмысқа да мансапқа.
Сондай ерке, оны құшып, керіліп, Күндіз-түні күңірене бер тек жат та.
Әкем маған: «Сауда қылып, мал тап!» – дейд, Жарым маған: «Мал деген не, тек жат!» – дейд. Елім маған: «Елге еңбек қыл!» – дегенде,
Жарым маған: «Жатқан адам бекзат!» – дейд. Жар айтқан соң, жаннан жақын көрген жар, Жардың тілін алмауға не дәтім бар?!
Тілін алдым – үйден, елден айырылдым, Бірі де жоқ – мал да, ел де, намыс, ар. Жар жат дейді, жатамын да жатамын, Mac адамдай бос ойға ылғи батамын. Ашылғанда ұйқыдан көз, бар ісім -Қылжалаңдап, жоқты-барды шатамын. Әрине, енді мені мақтар пенде жоқ,
«Жап-жақсы еді, жар аздырды-ау!» – дейді көп. Жұрт сөзі не? Жан жарымның қойнында
Жата берем: «Жаным, жаным, жарым!» – деп.
Бұл жарым кім? Тапшы қәне. – «Денсаулық?» Сен дейсің ғой: «Алма бетті, ақ жаулық...» Жоқ, жолдасым, адасасың, айтайын:
Жарым менің – аты шулы жалқаулық!
Мағжан Жұмабаев
Жалқаулық зынданына түсуіміздің себебі не?
Адам өмірі іс-әрекеттен тұрады. Ынта-жігері мен талпынысы – адамның сенімді көлігі. Бар талпынысымен ынталанып өмір майданына шыққанда ең қауіпті дұшпаны үмітсіздік кесе-көлденең алдынан шығады. Сөйтіп, оның күш-қуаты әлсірейді. Алайда адам баласы үмітсіздің тек шайтан екенін біліп, Алладан үміт үзбеу керектігін есінде ұстап, бұл жауға қарсы тұра білуі қажет.
Одан кейін әділдіктің орнын оңай тартып алатын мансапқорлық бас көтеріп, талпынысты тоқтатып тастайды. Ал Алланың құлы болған адам баласы барлық ісін мансап-атақ үшін емес, Ұлы Жаратушысы үшін атқаруы тиіс.
Содан соң асығыстық атты жау шығып, қаз-қатар байланысып жатқан реттіліктен секіртіп, талпыныстың аяғын тайдырады. Алайда асығыстықтың да шайтаннан екендігін ұмытпай, сабырлы қалыптан таймай, іс-әрекетін байыпты түрде әрі тұрақты орындауға тырысқан жөн болмақ.
Келесі кезекте өз құқын қорғайтын және басқалардың да құқын сақтауға міндетті, жаратылысынан ибалы пенденің арманын сан-саққа жүгіртіп басқалардан өзгешелену және өзімшілдік сезімі қарсы шығады. Мұндай дұшпанға қарсы адамдардың ең абзалының басқаларға ең көп жәрдемі тиетіні екендігін біле отырып, қарақан бастың қамын ойлап өзімшілдікке салынбай, айналасындағыларға көмек қолын созған дұрыс екендігін алға тарту қажет.
Одан соң басқаның еріншектігі мен жалқаулығын пайдалану әдеті шабуылға шығады. Алайда адам өз ісін атқаратын тұста
басқалардың жұмысын жасаған-жасамағанына қарамастан, тек Аллаға тәуекел ете отырып, өз жауапкершілігіндегі істерді барынша толыққанды орындауы тиіс.
Содан кейін әлсіздік пен өзіне сенімсіздіктен пайда болатын және істі атқаруды бір-біріне сілтеу деп аталатын салғырттық дұшпаны кезігеді. Бірақ мұсылман жан керісінше өзінің ісін дұрыс атқарып, басқаларға сілтеп қоюдан аулақ болуы тиіс. Себебі адам өзі тура жолда болса, адасқандар оған кесірін тигізе алмақ емес.
Ендігі кезекте Алланың ісіне араласу дейтін дінсіз, имансыз дұшпан шығып, талпынысты көр етеді. Мұндай дінсіздік пен имансыздыққа қарсы тұру үшін Алла Тағала бұйырғандай тура болып, Оған қарсы шықпау қажет болмақ.
Мұнан кейін бүкіл машақаттың қайнар көзі, күллі азғындықтың ұясы рақатқұмарлық келеді. Адамның талпынысын тұсаулап, пақырлық зынданына құлатады. Алайда адам баласы керісінше рақатқа еңбек ету арқылы қол жеткізілетінін ескеруі қажет. Себебі адамға өз еңбегінің ғана қарымтасы беріледі. Адамның жан рақаты машақаттың ішінде. Табиғаты тынымсыз адам баласының рақаты тек еңбек пен бейнетте.
•БОС УАҚЫТТЫ БОС ӨТКІЗБЕУ
Адам баласының немқұрайлылығы мен ұмытшақтығы себепті көп жасайтын қателіктерінің бірі – уақытты ысырап ету. Өмір – Алла Тағаланың әрбір жаратылыс иесіне тек бір рет қолдану үшін ғана берген және белгілі бір уақытпен шектеген
өте құнды нығметі. Сондықтан уақытты оның құнына сай амалдарға жұмсау шарт.
Технологияның өмірімізде ойып орын алған заманында бос уақытымыздың артуы себепті Исламның бұл мәселедегі ақыл-кеңестері мен бағыт-бағдарларының маңызы арта түскеніне сенеміз. Жалған дүниенің ләззатына берілген адамзаттың жан тыныштығынан айырылуы бос уақыттарын қалай өткізгеніне байланысты туындап отырғанында дау жоқ. Себебі қолы бос адам бірден өзіне пайдалы іс таба қоймаса, уайымға салынып, күйзеліске ұшырайды және одан арылу үшін зиянды істермен айналысып, ойып-сауыққа беріледі. Ойын-сауық болса, адамды бірте-бірте азғындыққа жетелейді. Сондықтан уайым-қайғы азғындыққа жол ашушы болып табылады. Олай болса, дініміздің бұл мәселе төңірегінде де адамзатқа айтары бар екендігі талассыз.
Бос уақыт түсінігі
Исламда «уақытты бос өткізу» деген түсінік жоқ. Құран аяттарында да, Пайғамбар (с.а.с.) хадистерінде де уақытты бос өткізбеу керектігі бұйырылған. «Инширах» сүресінде «Әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар»69 екендігі баяндалады, артынша «Ендеше, бір істі бітіріп босаған соң, бірден басқа іске кіріс»70 деп әмір етіледі. Яғни, бір міндеттен, бір құлшылықтан, бір жұмыстан босап, қиындықтан соң жеңілдікке қол жеткізгенде «іс тынды» деген оймен рақатқа беріліп кетпей, қайтадан тер төгіп еңбек етіп, басқа құлшылыққа, басқа іске кіріс, қызмет ет, парыз амалды орындасаң, нәпіл құлшылыққа көңіл бөл, намазды аяқтасаң, дұға етуді баста, солайша қиындықтың артынан еретін жеңілдіктер арта түссін және әрдайым көптеп шүкір етушілерден боласың.
Аятта бізге бір істен басқа іске ауысу арқылы демалу керектігі көрсетілген. Мұны «жұмыс істеу арқылы демалу» деп атауға болады.
Алла Елшісі (с.а.с.) мүміннің аптадағы мейрам күні ретінде сипаттап кеткен Жұма күні жайлы айтылған аятта бос уақыттың қалай өткізілуі қажет екендігі турасында маңызды жайт тілге тиек етіледі: «Уа, иман еткендер! Жұма күні азан айтылып намазға шақырылғанда, дереу (құтба тыңдап, намаз оқу арқылы) Алланы зікір етуге асығыңдар, шаруаларың мен сауда-саттықты доғара тұрыңдар. Біле білсеңдер, бұл өздерің үшін әлдеқайда қайырлы болмақ. Намаз өтелген соң жер бетіне тараңдар және (адал кәсіп қылып) Алланың шексіз шарапатынан ризық-несібелеріңді іздеңдер».71
Бұл аятқа назар аударар болсақ, мейрам күнге қатысты екі
маңызды жайттың айтылғанын көре аламыз:
Жұмыстан толықтай бір күн бойы алыстап кету емес, тек намаз уақытында уақытша тоқтатып қою.
Намаздан соң жер бетіне тарап, Алланың шексіз шарапатынан ризық-несібелерді іздеуді жалғастыру.
Яғни, сатушы саудасына, ғалым ілім ізденуіне, шәкірт дәрісіне қайтып, мақсатына жету жолында тер төгіп, Алладан ісінің нәтижелі болуын сұрайды. Тек бос уақыт өткізбеуі керек. Аятта Алла Тағала Өзі білдіргендей, жұма күні болғанына қарамастан, адал еңбекпен ризық табу жолына түсуге рұқсат етілген. Тіпті мешітте қалып ғибадат етумен уақыт өткізетін сахабалардың өздері де Алла Елшісінің сүннетін орындау үшін жұма намазынан соң базарға бет алып, онда біраз уақыт болғаннан соң қайтадан мешітке оралатын болған.72
Адамзаттың ардақты ұстазы – Пайғамбарымыз (с.а.с.) ешқашан қолы бос отырмаған. Айша анамыз (р.а.) бұл жайлы
«Үй ішінде қолы бос отырғанын ешқашан көрмедім» деген.73
Олай болса, мұсылман баласы яһудилер мен христиандар секілді толықтай бос уақыт өткізетін апталық демалыс не мейрам күнінен аулақ болуы қажет.74 Олардың қасиетті кітаптарында сенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынғандығы белгілі. Себебі олардың сенімі бойынша, Алла Тағала көктер мен жерді алты күнде жаратқаннан соң шаршап (біз Алланы мұндай нұқсандықтан пәктейміз), жетінші, яғни сенбі күні демалған.75 Сондықтан ол күні жұмыс істеуді харам санаған.
Алла Елшісі (с.а.с.) көптеген хадистерінде адамдарды бос уақыты мен денсаулығының қадірін білуге үндейді. Имам Бұхари риуаят еткен бір хадисте былай делінген:
«Адамдардың көбі қадірін білмейтін екі нығмет бар: денсаулық пен бос уақыт».76
Басқа бір хадисте былай делінеді: «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: өлмей тұрып өмірдің, ауырмай тұрып денсаулықтың, қартаймай тұрып жастықтың, кедейленбей тұрып байлықтың, көп жұмысқа тап болмай тұрып бос уақыттың қадірін
біл!»77
Бұл кеңестердің барлығы уақытты бос өткізбей, барынша тиімді пайдалану үшін айтылғанын көре аламыз. Осындай ескертулерден сабақ алған ғалымдардың бірі Алла Тағаланың адамды жақсы көрмеуінің бір белгісі оның уақытын босқа өткізуіне жол беруі деп атаған. Алла ондай адамдарды ең құнды нығметтен мақұрым қалдырған.
Адам баласы әрдайым қайырлы іспен айналысып, бос уақыт қалдырмай, сол арқылы нәпсі мен шайтанға еш мүмкіндік бермеуі керек.
Бос отырған адам қажетсіз сандырақтарға кіре бастайды. Сөйтіп, бос мылжыңымен өзіне де, өзгелерге де зиянын тигізеді. Сол себепті әзірет Омар (р.а.) ұлдарына мынадай ескерту жасайтын:
«Таңды атырған соң бәрің сан-саққа тараңдар, әркім өзіне бір іс тапсын. Бір жерде үймелеп отырмаңдар. Өйткені бір жерге жиналып отырсаңдар, бір-біріңмен келіспей қалып, араларыңда реніш шыға ма деп қорқамын».78
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деп Абай атамыз айтпақшы, адамның бос отыруы – шайтан үшін таптырмайтын мүмкіндік. Ол дереу бос отырған адамның ойына түрлі жамандық салып, азғыра бастайды. Күнәға итермелейді. Сол себепті мұсылманның өмірінде бос уақыт болмауы тиіс.
Шайтан адам баласындағы бостықтың орнын толтырады. Ал адам бір жұмыспен айналысқан уақытында бос болмағандықтан, шайтанның оған жол табуы қиындайды. Солайша жұмысы көп адамның жамандық ойлауға да мұршасы келмейді. Жамандық ойламағандықтан, жамандық жасаудан да
аулақ бола алады.
Бiр хадисте уақытты бос өткізудің немесе ешбір пайдасы жоқ істермен шұғылданудың шайтанның адам тәубе етпесі үшін тапқан айласы екендігін баяндайды:
«Алла Тағала Адамды (а.с.) жаратып, перiштелерге және әзәзiлге оған сәжде етудi бұйырғанда, әзәзiл тәкаппарлық жасап пейiштен қуылған уақытта:
– Әй, Раббым! Сенiң құдiретiңе ант етiп айтамын. Адам баласының кеудесiнде жаны бар екен, азғырғаным азғырған, – дедi.
Алла Тағала:
– Ей, малғұн! Құдіретім мен ұлықтығыма ант етемін. Егер пенделерім тәубе етіп истиғфар айтса, күнәларын кешіремін, – деді.
Алла Тағала Құранда «Күнәларды Алладан басқа кiм жарылқайды?! Сондай-ақ олар (мүмiндер) iстеген iстерiне бiле тұра қасарыспайды»79 деген.
Осы аят түскенде Iбiлiс (қарғыс атқыр) әскерлерiн бар даусымен айқайлап шақырған екен. Сонда алай-дүлей болып, басына топырақ құйылып кетедi. Шөлдегi, көлдегi барлық жердегi қызметкерлерi келiп:
– Әй, жетекшi ұлығымыз, саған не болды? – деп сұрайды. Шайтан-малғұн:
– Құранның мына бiр аяты түстi. Ендi адам баласының бiрде-бiрiне кесiрiмiз тимейтiн болды, – деп мұңаяды. Қызметшілерi:
– Ол қайсы аят? – деп сұрағанда, жоғарыдағы аятты оқып бердi.
– Яғни, бұл аяттың мағынасы – мүмiндер iстеген iсiн мойындап, Аллаға әрдайым истиғфар айтып, тәубесiне келiп, тәкаппарлық көрсетпей өзiн төмен санап, ғибадаттарының қабыл болуын Алладан сұрап жүредi деген, – деп түсiндiредi. Қызметшiлерi:
– Олай болса, бiз оларға пайдасы жоқ, сауапсыз iстердi көрсетемiз. Сонда олар өздерiн «тура жолдамыз» деп ойлап тәубе етпей, истиғфар айтпай жүре бередi, – дедi. Шайтан (қарғыс атқыр):
– Ондай болса, дұрыс екен, – деп көңiлi жай тауып, қуанып қалады».80
Арадағы бос уақыттарды тиімді өткізу Ғалымдардың «Аср» сүресіне байланысты түсініктемелерінен
уақытты жоспарлауда ең пайдалы істі таңдау қажеттігін, әрдайым аса пайдалысын іздеуге тырысудың маңыздылығын көре аламыз. Бұл бос уақытымызды жоспарлауда маңызды қағидамызға айналуы тиіс. Көлік не кезек күтіп тұрғанда, жолда кетіп бара жатқанда, дастархан дайындалып жатқанда, серуенге шығып демалып отырғанда немесе бір адамды күтіп тұрғанда күнделікті бес-он минут бос уақыттарымыз болары анық. Олардың барлығын қосқанда бір күннің өзінде біршама уақытқа жетіп қалады. Өміріміздің әрбір сәтінен есеп беретіндіктен, уақытты жоспарлағанда осындай арадағы бос
уақыттарды да барынша тиімді пайдалануды ойластыруымыз қажет. Әрдайым жанымыздан табылатын кішкене кітаптарды оқу, жатқа оқылатын дұғалар, зікірлер айту, Алланың құдіреті мен жаратылыстың хикметі жайлы ой жүгірту секілді пайдалы істермен айналысуға дайындығымыз алдын-ала жасалуы қажет. Бұл бос уақыттарда нақты қандай іспен шұғылдану қажеттігін әр адам өзі таңдайды. Бастысы, сол арадағы бос уақыттарды да жоспарлап, тиімді пайдаланудың маңыздылығын ұғынып, дайындығымызды жасауымыз.
Арадағы бос уақыттарды жоспарлаудың маңыздылығы мен нәтижесіне көз жеткізе түсуге төмендегі мысал септігін
тигізбек:
Бір күні ұстаз сыныпқа кіріп, оқушыларын ойлы көзқарасымен шолып өткен соң «Бүгін біз уақытты жоспарлау тақырыбына тәжірибе жүргізетін боламыз» деді.
Үстеліне жақындап барып, астынан үлкен бос банка алып, үстелдің үстіне қойды. Содан соң үлкендігі жұдырықтай тастарды алып, сыйғанынша банкаға салды.
Салып біткен соң оқушыларына қарап: – Банка толды ма? – деп сұрады.
– Иә! – деп жауап берді оқушылары бірауыздан.
– Тексеріп көрелік, – деген ұстазы үстелдің астынан ұсақтау тастарды алып, банкаға салды. Банканы қозғалта отырып, ұсақ тастардың үлкен тастардың арасынан өтуін қадағалады.
– Ал енді банка толды ма? – деп қайта сұрады.
– Меніңше, әлі толмаған сияқты, – деп бір оқушы сенімсіздеу жауап қатты.
– Дұрыс айтасың! – деп ұстазы үстелдің астынан бір шелек құм алып, банкаға сала бастады. Банканың аузына дейін құм салып толтырды. Тіпті тастар көрінбей де қалды.
– Қалай ойлайсыңдар? Мына банкаға тағы бір нәрсе сия ма? – деп шәкірттеріне тағы сұрақ қойды. Түрлі болжамдар мен ұсыныстар айтылып жатты.
– Жақсы, – деп күлімсіреген күйі ұстазы банкаға су құя бастады. Банканың аузынан асып аққанша су толтырды.
– Енді толғаны анық, – деді оқушылар.
– Бұл жасаған тәжірибенің мағынасы нені меңзейді?! – шәкірттеріне көз жүгіртіп шығып, ұстазы түсіндіре бастады, – егер дұрыс жоспар құруды үйренсек, істерді маңыздылығына қарай кезегімен орындасақ, қысқа уақыттың ішінде көптеген іс атқарып үлгеруге болады. Үлкен тастар – ең алдымен мән беріліп, уақыт бөлінуі қажет маңызды істер. Керісінше жағдайда, банканы алдымен құммен толтырар болсақ, басқа тастар сыймай қалатыны секілді, маңызды істерге уақыт тапшылығы туындауы ықтимал.
Адам баласының өмірі осыған саяды. Дәл осы
мысалдағыдай, алдымен орындауымыз қажет істеріміздің арасында бос уақыттар болып тұрады: бір істі бітіріп екіншісін бастамастан бұрын, күту, демалу уақыттары. Ақылды адам уақытын мұқият жоспарлау арқылы әрбір сәтін тиімді пайдалана алады. Мысалдағы толғандай көрінген банканың ішіне толықтай жайылған суды ниет ретінде есептейік. Уақытты тиімді пайдалануда алдымен асыл ниет пен одан соңғы дұрыс әрекет біздің бір күн ішіндегі әрбір сәтіміздің пайдалы өтуіне жағдай жасайды. Осындай ізгі ниетін ту еткен жан жұмыс үстелінен тұрып, үзіліске бет алғанда тілімен зікір айтып жүре алады, аяқ-киімін киерде, жолда кетіп бара жатқанда, көлік күтіп тұрғанда, көлікте жол жүріп бара жатқанда, т.б. сәттердің барлығында уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік таба алады. Осылайша әрбір сәтімізді, мейлі ол тас мысалындай ұзақ уақыт болсын, құм мысалындай қысқа ғана сәт болсын, жоспарлау арқылы тиімді өткізе алмақпыз. Бастысы, уақытты жоспарлауда осы жайтты назарда ұстап, күнделікті әдетімізге айналдырып, бос уақыт өзкізбеуге тырысуымыз қажет.
Жолдағы бос уақыттар
Ұзақ жолға шыққанда немесе қаланың ішінде кептелісте тұрғанда босқа сабырсызданып, шағымданып, өзгерту мүмкін болмаған жайтқа шамданғанша, сол уақытты ақылмен тиімді өткізуге тырысыңыз. Аудиокітаптар, әртүрлі сабақтардың жазбасын, Құран мен уағыз тыңдап, кітап не журнал оқып,
адамның еркінен тыс өтіп кетіп жатқан уақытты тиімді пайдалануға болады.
Жолда атқарып тастауға болатын шаруалар:
Кітап оқыңыз немесе аудиокітап тыңдаңыз. Жолда көлікте кетіп бара жатқанда оқитын шағын кітап алып жүріңіз (немесе қазіргі уақытта кітаптың электрондық нұсқасын телефоннан оқуға да болады).
Қажетті адамдарға қоңырау шалып, «құрбақа жеп алыңыз». Тіл үйреніңіз. Кішкене қағаздарға жаңа сөздерді жазып
алып, жолда жаттаңыз.
Қағазға не кітапқа қарауға мүмкіндік болмайтын жүріп бара жатқан уақыттарда тіліңіз зікірде болсын.
Мардымсыз көрінген уақыттың өзі маңызды
Біле білгенге уақыт – зор мүмкіндік. Адам әрбір мүмкіндікті дер кезінде пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермері» анық. Себебі бізге мардымсыз көрінген уақыттың өзі аса маңызды әрі көп нәрсеге әсер ететіндей бола алады. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды» деп түйген халық нақылын мына бір ой да аша түседі:
•Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта қалған оқушыдан сұра.
•Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған келіншектен сұра.
•Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра.
•Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұра.
•Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра.
•Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра.
•Бір милисекундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жүгірушіден сұра!81
Бір минут деп өте шықпа!
Бір минут ішінде:
•«Фатиха» сүресін 5 мәрте қайталап оқи аласың, әрі осы үшін саған 7000 жақсылық жазылады.
•«Ықылас» сүресін 15 мәрте оқи аласың, онымен Құранды бес рет оқып шыққандай сауап аласың.
•«Субханаллаһи уә бихамдиһи» зікірін 100 мәрте айта аласың, әрі күнделікті күнәларың кешіріледі.
•«Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ» зікірін 40-тан аса қайталай аласың, ал бұл жаннаттың байлықтарының бірі.
•«Астағфируллаһ» деп 100 мәрте айта аласың. Яғни, Алладан күнәларыңның кешірілуін сұрайсың. Истиғфар айту – күнәлардың кешірілуіне, дұғаның қабыл болуына, жаннатқа кіруге, қуатты болуға, бәленің алдын алуға, өміріңнің жақсаруына себепкер болады.
•Алла Елшісіне (с.а.с.) 20 мәрте салауат айтуға болады. Бір салауат айтқанға он жақсылық беріліп, он күнәсі кешіріліп, дәрежесі онға көтеріледі.
•«Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллаһил-азим» зікірін 50 мәрте айтуға болады. Бұл екі сөз тілге жеңіл, Аллаға ұнамды, ақыретте таразыда ауыр тартады.
•«Лә иләһә иллаллаһ» деп 100 мәрте айтуға болады. Ал бұл – сөздердің ең ұлысы.
•«Субханаллаһи уәлхамду лилләһи уә лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр» деп 25 мәрте айтуға болады. Бұлар – Алланың алдындағы ең ұлық болған төрт зікір.
•Бір минут ішінде екі алақаныңды жайып, Алладан керегіңді сұрап, дұға ете аласың.
Ислам және уақыт
•ИСЛАМ ЖӘНЕ УАҚЫТ
Бүгінгі мұсылмандар көбіне уақыт мәселесіне салғырт қарайтындығын көруге болады. Алайда алғашқы мұсылмандар дініміздің негізгі қайнар көздерінде келген уақыттың маңыздылығынкөрсететінмәліметтердітолықтай ұғынғандықтан, уақыт мәселесіне асқан жауапкершілікпен қараған. Ислам әлемінің алғашқы тарихшыларының бірі Табаридің «Тарихул умәм уәл-мулук» атты танымал кітабында «Әл-Қаулу физ-заман мә һууә» (Уақыттың не екендігіне түсініктеме) тақырыбында сексен беттік бір бөлім арналып, уақытқа қатысты зерттеулер жүргізілгені назар аудартатын жайт.82
Құран Кәрімде уақыт мәселесіне назарымызды аудару үшін уақытты түсіндіретін әрі еске салатын жайттар алғашқы беттерінен соңғы беттеріне дейін жиі кездеседі, арасында әртүрлі уақытқа серт етілген аяттарды да көруге болады. Осы
тақырыптағы аяттар мен хадистерді қатар қарастырғанда мына мәселеге көз жеткізе аламыз:
Дініміздің негізгі екі қайнар көзі жылдық, айлық, апталық, тіпті күндік өмірімізді жоспарлауға байланысты көптеген егжей-тегжейлі жайттарды шебер баяндауда. Күніне оқылуы бұйырылған бес уақыт намаздың өзі уақытымызды жоспарлауды мақсат тұтуда. Олай болса, діннің әмірлерінің көбі адам баласына уақытын барынша тиімді пайдалануды үйретуде, тіпті негізгі мақсаты да сол деуге болатындай.
Құран Кәрімде уақыт
Құран Кәрімде уақыт түсінігі әртүрлі сөздер мен сөз тіркестері арқылы келеді. Қазақ тіліндегі «уақыт» сөзінің өзі араб тілінен енгені белгілі.83 Ал сол «уақыт» сөзінің араб тіліндегі мағынасы «бір іс үшін белгіленген мерзімнің соңы» дегенге саяды.84 Яғни, белгілі және шектеулі мерзімді білдіреді. Құранда бұл сөзді қолдану арқылы адамның белсенді өмір тіршілігінде сөздің тәжірибелік жағы мен күнделікті қолданыстағы мағынасы маңызды екендігін көрсетуде. Адамның күнделікті тіршілігінде уақыттың маңызы артқан сайын уақытқа байланысты қолданылатын басқа да сөздердің саны арта түседі.
Басқа да мағыналарымен қатар уақыт мағынасына да саятын «ғасыр» сөзі Құранда 1 рет, әлемнің бастауынан соңына дейінгі кезеңді қамтитын «дәһр» сөзі 2 рет, белгісіз әрі ұзақ уақыт мағынасындағы «хуқуб», «ахқаб» сөздері 2 рет, бір-біріне жақын кезеңді білдіретін «қарн», «қурун» сөздері 20 рет кездеседі. Бұл аталған соңғы сөз тек қана өткен дәуірлерді сипаттау үшін қолданылған.
Шектеулі мерзімді білдіретін «уақыт» түбірінен 13 түрлі сөз келеді. Уақыт сөзінен соң «сағат» сөзіне көп орын берілген. 48 рет кездесетін бұл сөз «уақыттың бір бөлігі» мағынасына саяды. 40 жерде қияметті білдіреді, 8 жерде уақыт және шектеулі мерзім мағыналарында қолданылған. Уақыттың одан да аз ғана сәтін білдіретін «ән» сөзі көпше түрде «әнә» болып 3 жерде кездеседі. Одан да қысқа уақытты білдіретін
«ләмһул-бәсар» (көзді ашып жұмғанша) тіркесі 2 жерде өтеді. 35 рет кездесетін «хин» сөзі бір нәрсенің пайда болған уақыты дегенді білдіреді.
«Әбәдият» (мәңгілік) мағынасындағы сөздер («әбәд» түбірінен 28 рет, «хулд» түбірінен 87 рет және «сәрмәд» түбірінен 2 рет) 117 рет кездеседі. Мұның көп кездесуі адам үшін маңыздылығынан екендігін көре аламыз. Себебі Құран Кәрімнің негізгі тақырыптарының бірі ақыреттегі мәңгілік өмір екені белгілі. Мәңгілікті еске салатын сөздердің жиі кездесуі табиғи жайт, тіпті қажеттілік десе де болады.
Уақыт сөзінің синонимдері деуге келетін және кейде белгілі, кейде белгісіз мерзімді білдіретін сөздермен қатар, саны жағынан олардан әлдеқайда көп жыл, ай, күн, түн, күндіз секілді әр алуан ұзақтықтағы шектеулі, басы мен соңы бар және адам өмірімен тығыз байланысты түрлі уақыт кезеңдерін білдіретін сөздер кездеседі.
Олардың қайсысы адам баласы үшін маңызды болса, сол сөз көп қолданылғанын көруге болады. Байқағанымыздай, Құранда ең көп «йәум» (күн) сөзі кездеседі.
Құран Кәрімде уақытты еске салатын сөздер өте көп. Мұндай сөздерді Құранның әрбір парасынан кездестіруге болады. Және әр парада кездесетін сөздердің арасында сан жағынан айтарлықтай айырмашылық жоқ дей аламыз.
Құранда айтылған уақыттар
Құранда аталған уақыт түрлері
Жоғарыда айтылғандай, Құранда ең көп «күн» сөзі кездеседі және уақыт ұғымынан пәк болған Алла Тағаланың құзырында да «күннің» бар екендігі айтылып өтіледі: «Раббыларыңның
құзырындағы бір күн сендердің есептерің бойынша мың жыл сияқты».85
Осылайша сипаты мен ұзақтығында өте үлкен айырмашылық болса да, Алланың құзырында да «иләһи күннің» бар екендігіне назарымызды аударуда. Иләһи күннің бар екендігінің нақты айтылуы «иләһи жыл» және «иләһи күнтізбе» де болатындығын ұғындырып тұрғандай.
Құрандағы бұл ишара бізге күнтізбе мәселесінің маңыздылығын түсінуге септігін тигізбек. Ол жайында аяттар көптеп кездеседі және анық жазылған. Жоғарыда да атап өткендей, өткен дәуірлерді білдіретін «қарн», «қурун» (ғасыр, ғасырлар) сөздері 20 жерде кездесуімен қатар, 21 жерде «ай» (шәһр) сөзі, 30 жерде «жыл» сөзі (сәнә, ам, хижәж және хауләйн сөздері арқылы) өтеді.
Төмендегі аятта бір жылда 12 айдың болатындығы айтылып, қамари (ай бойынша) жыл санауы негізге алыну қажеттілігі ескертілуде: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны – он екі, олардың төртеуі – харам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе (есеп) – осы. Ендеше, бұл айларда (яғни, қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар».86
Ал мына бір аятта күнтізбеде қамари санауды қолдану керектігімізді нақты бұйыруда: «(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Сұраушыларға: «Олар адамдарға уақытты, сондай-ақ қажылықтың уақытын көрсетеді», – деп айт».87
Діни жоралғыларда Құрандағы күнтізбе өзгертілмеуі қажет
Жоғарыда аталған аятты қамари жыл санауға негізделген күнтізбе қолдану керектігін көрсетуші мағынасында ғана емес, басқа түрлі күнтізбе пайдалануға салынған тыйым ретінде де түсінуге болады. Аяттағы «бұл айларда өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар» сөйлемін астарлы мағынада «қасиетті айлар жөнінде, оларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар» деп түсінуге де болады. Осылайша аяттың мағынасынан ең кемінде діни мәселелерде басқа күнтізбе қолдануға тыйым салынғандығын ұғына аламыз. Тіпті олай өзгерту адамның өз-өзіне жасалған зұлымдық ретінде сипатталған. Тағы бір келтіре кететін аятта «нәсий» деп аталған қамари жыл санауын мазаққа айналдырып, діни мәселелерде күн санауын қолдануды негізге алған надандық дәуіріне тиесілі әдетті «күпірлікте шектен шығу» деп суреттеген: ««Нәсий» (яғни, қасиетті айларды кейінге шегеру) әдеті – күпірлікте шектен шығу, одан басқа түкте емес. Күпірлік қылғандар солай істеу арқылы адасқан үстіне адасуда. Сөйтіп, олар Алланың (дау-дамайды, соғысуды харам еткен) қасиетті айларының санын толтырып, Алланың харам қылғанын өздеріне адал етіп алу үшін қасиетті айлардың бірін бір жылы жай айға жатқызса, келесі жылы қайтадан қасиетті айға жатқызады. Олардың мұндай сорақы қылықтары (шайтан тарапынан) «безендіріліп» өздеріне сондай керемет істей көрсетілді. Алла (ондай күпірлікте табандаған) кәпір қауымды әсте тура жолға салмайды».88
Сондықтан діннің әмірлерін орындауда басқа күнтізбе қолдануға Құранда тыйым салынған.
Бір айдың кезеңдерге бөлінуі
Уақыт түсінігінің қалыптасуы мен өмірлік маңызы бар істерді өз уақытында дұрыс атқара алу үшін жылдың айларға бөлінуі
жеткіліксіз болмақ. Олай болса, ай да бірнеше кезеңдерге бөлінуі қажет.
Құран Кәрімде «апта» сөзін білдіретін арабша «усбуғ» сөзі кездеспейді. Тек қана сенбі мағынасындағы «сәбт» сөзі жеті рет өтеді. Бұл сөз барлық жерде яһудилерді сипаттайтын асхабус-сәбт (сенбі күнінің халқы) тіркесімен жазылған.89 «Сәбт» сөзі араб тіліне ибрани тілінен енгендігі және жеті күндік уақыт, яғни бір апта мағынасына келетіндігін ғалымдар атап өткен.90 Мұсылмандар надандық дәуіріндегі «арубә» сөзінің баламасы ретінде енгізген және «апта» мағынасында да қолданылатын «жұма» сөзі Құранда аптада бір рет оқылуы парыз намазды бұйырған аятта бір рет кездеседі.91 Осылайша Құран Кәрімнің тарихта өткен барлық мәдениеттерде орын алған жеті күндік апта жүйесін де атап өткендігін көре аламыз. Себебі жұма күні сол кезеңнің тұрақты күнтізбесінде де жеті күнде бір рет келетін.
Бір күндік уақытты кезеңдерге бөлу
Құран Кәрімде уақытқа назарымызды аударғанда ең көп мән берілгені – күндізгі уақыт. Мұның екі түрлі жолын көре аламыз:
«Күн» мағынасына келетін «йәум» сөзі ең көп қайталанған. Бұл сөз әр алуан түрлерінде (жекеше, екілік, көпше, белгілі, белгісіз) 475 рет кездеседі.92
Бір күннің өзі түн және күндіз болып екі бөлікке, одан соң олардың әрбірі бірнеше бөліктерге бөлініп, егжей-тегжейлі атап өтіледі. Бұл бөлімдер көптеп қайталанып, бір күннің әртүрлі кезеңдері мен олардың маңызы тұрғысында түсінік қалыптастырып, назарымызды аударады.
Араб тілінде «ләйл» (түн) сөзі күннің батуынан бастап таң алдындағы екінші шапақ атқан сәтке дейінгі кезеңді
сипаттайды. Ал басқа уақыттың барлығы «нәһәр» (күндіз) деп аталады.
Күндіз бен оның кезеңдері
Күннің жартысы саналған «күндіз» (нәһәр) сөзі 57, екінші жартысы болған «түн» (ләйл) сөзі 92 рет айтылады.
Күндіз бен түн сөздерінің қайталану санына қарағанда, айырмашылық көп болып көрінгенімен, күндіздің кезеңдерін сипаттайтын сөздерді қоса есептегенде арадағы айырмашылық азая түседі. Оларды да жеке-жеке атап өтейік:
Күндіздің алғашқы кезеңі саналған таң уақытын білдіретін «субх» сөзі 7 рет, «ғудуу» 15 рет, «букра» сөзі 9 рет және «фәжр» сөзі 6 рет кездеседі. Күндіздің басқа да кезеңдерін білдіретін «духа» (сәске) сөзі 6 рет, «тулу уш-шәмс» (күннің шығуы) тіркесі 2 рет, «захира» (тал түс) сөзі 1 рет, «фәләқ» (таң) сөзі 1 рет, «тарафәйн-нәһәр» (күндіздің екі шегі) тіркесі 1 рет, «әтрафун-нәһәр» (күндізгі уақыттың тараптары) тіркесі 1 рет, «дулукуш-шәмс» (күннің батуға таяуы) тіркесі 1 рет өтеді. Бұлардың барлығын қосқанда 50-ді құрайды. 57 рет кездескен «нәһәр» сөзіне қоса есептегенде күндізгі уақытқа байланысты сөздердің саны барлығы 107 болмақ.
Түн және оның кезеңдері
Түн дегеніміз күннің батуынан бастап таң алдындағы екінші шапақ атқан сәтке дейінгі кезең екендігін жоғарыда атап өттік. Жалпы бір жыл бойынша есептегенде түннің уақыты күннің жартысына тең болады. Сондықтан түнгі уақытқа да бей-жай қарамай, барынша тиімді өткізу үшін оның да маңызын ұғынуға тырысып, оқып-біліп, зерттеулер жүргізіп, ретке келтіру қажет.
Құран Кәрімде күндіз секілді түнді де бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырған. Олардың әрбірі аяттарда бірнеше реттен аталып өтіледі:
«Ишә» (қараңғы болған уақыт) түбірінен 13 сөз, «асил» (кеш) сөзі 7 рет, «анәул-ләйл» (түнгі сәттер) тіркесі 3 рет, «ғурубуш-шәмс» (күннің батуы) тіркесі 2 рет, «ғасиқ» (қатты қараңғылық)
тіркесі 1 рет, «ғасиқул-ләйл» (түннің алғашқы қараңғылығы) тіркесі 1 рет, «хинә тумсун» (кеш болғанда) тіркесі 1 рет, бұлардың барлығын қосқанда түннің кезеңдерін сипаттайтын сөздердің саны 28 болады. Мұны 92 рет кездескен «ләйл» сөзіне қоса есептегенде барлығы 120 болмақ.
Күндізгі уақыттардың да, түнгі уақыттардың да мұндай кезеңдерге бөлініп Құранда аталуы көбіне-көп намаз уақыттарын анықтап, түсіндіруді мақсат тұтқан. Тіпті күннің белгілі бір уақыттары күнделікті бес уақыт парыз намаздың уақыттарын білдіру арқылы сол намаздардың атаулары да оқылатын уақытының атауымен аталып кеткен.
•ЕРЕКШЕ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ИЕ УАҚЫТТАР
Адам атаның Жерге түсуімен басталған адамзат тарихының алғашқы кезеңдеріндегі адамдардың мың жылдап ұзақ өмір сүргендігін білеміз. Ең бірінші адамның пайғамбарлығымен Жаратушыға құлшылықты бастап кеткен сол жандардың мыңдаған жылдар бойы ғибадат жасап, мол сауапқа кенелуге мүмкіндіктері болған. Ал кейінгі уақыттарда адам баласының өмір сүру ұзақтығы әлдеқайда қысқарғанын көрудеміз. Тіпті ең соңғы Пайғамбар Әз Мұхаммедтің (с.а.с.) кезеңінде де адамдардың ғұмыр жасы ұзақ дегені жүз жылдың шамасында болған. Соны ойлаған Алланың Әз Елшісі (с.а.с.) бұрынғы үмбеттермен салыстырғанда өз үмбетінің өмір сүру ұзақтығы қысқа болғандықтан, құлшылық ету уақыты да азырақ, соған сәйкес сауабы да кемшін болатынын уайымдап қам жеген. Сүйікті Елшісінің уайымы мен тілегін білген Раббысы
ақырзаман үмбетіне аз уақыттың ішінде көп сауапқа ие болатын мүмкіндіктер сыйлаған.
«Қадір түні мың айдан да артық»93 деген «Қадір» сүресінің аяты осыны сүйіншілеп, осынау бір қасиетті түнде құлшылық жасау арқылы, 83 жыл 4 айлық ғибадаттың сауабына кенеле алатынымыз жайлы қуанышты хабарды жеткізген.
Соңғы үмбет болғанымызбен қатар ерекше үмбет етіп, Алла Тағала бізге Қадір түнімен қоса басқа да қасиетті түндер мен күндерді сыйлаған, осынау дамыған заманға жеткізіп, бұған дейінгі ешбір уақытта болмаған мүмкіндіктер тарту еткен. Сондай уақыттардың барлығы – біз үшін қысқа уақытта көбірек сауап жинап үлгеретін, дұғаларымыз қабыл болатын зор мүмкіндіктер.
Құран аяттары мен хадистерде бір уақыттың басқа уақытқа қарағанда артықшылығы бар екені айтылады. Осы арқылы адамдар өмір атты қазыналарын ең тиімді жолмен қолдануға және уақыт тұрғысынан көп нәрсені ұғынуға шақырылады.
Кейбір айлар мен кейбір күндер, тіпті кей сағаттар басқа уақыттарға қарағанда ерекше болады. Аз уақытта көбірек пайда тауып, өмірді табысты қылу үшін сол құнды уақыттардағы мүмкіншіліктерді пайдалану керек.
Уақыт құндылығы: жылдың кейбір айлары мен күндерінің және күннің кейбір уақыттарының ерекшеліктері
Адам баласы өмірін сезіне білуі үшін ғұмырының әр күнін бір сарында өткізбеуі тиіс. Исламда кейбір айлар мен кейбір күндерге, тіпті кей сағаттарға басқаларына қарағанда ерекшелік берілген. Ал бұл ол уақыттардың басқаларына қарағанда дәрежесі тұрғысынан айырмашылығы бар екендігіне ар-ожданымызда қалыптастыратын сенімімізге байланысты. Міне, осындай сенім мен түсініктің қалыптасуына Құран Кәрім мен хадистерде айтарлықтай көңіл бөлінгенін көре аламыз.
Құран Кәрімде Алла Тағала жылдың әр күнін, күннің әр сағатын біркелкі қылмаған, олардың кейбірінің қадірі жоғары екендігін білдірген. Бұл хабарлар кейде анық айтылса, кей жерде астарлы түрде білдірілген. Кей жағдайда ол уақыттарға ант етіліп, барынша назарымызды аударады. Құранда уақытқа қатысты астарлы түрде айтылған жайттар хадистер арқылы айқындала түседі. Бұл тұрғыда тақырыбымызға дәлме-дәл сай келетін мысалдардың бірі – «Фәжр» сүресі. Бұл сүреде анық айтылғанын да, астарлы жеткізілгенін де, ант ете отырып келтірілгенін де көре аламыз. Сүренің бастапқы аяттары келесідей:
«Таң шапағына серт! Және (мүбәрак) он түнге (серт), Жұпқа және таққа (серт), Соңына қарай ағып бара жатқан түнге (серт! Қиямет сөзсіз, орнайды!). Міне, осынау анттарда сау ақыл иесі үшін, мықты дәйек бар емес пе?!»94
Бір тәуліктің таңертеңгі уақытынан бастап беретін «фәжр» сөзінің мағынасы белгілі. Ал одан ары ант етілген астарлы мағынадағы аяттарды Алла Елшісі (с.а.с.) былай түсіндірген:
«Он түн дегені – зулхижжә айының алғашқы он күні. Жұп дегені –
Құрбан айт күні, тақ дегені – Арафа күні».95
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Буруж» сүресіндегі Алла Тағаланың ант еткен уақыттарының белгілі бір күндер екендігін атап
өткен: «әл-йәумәл-мәшһуд – Арафа күні, әш-шәһид – Жұма
күні...»96
Уақытқа қатысты тағы бір анық айтылған хабар «Қадір» сүресінде кездеседі. Ол сүреде Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екендігі баяндалады.97
Олай болса, уақыттың әрбір күні, әрбір сағаты бірдей емес. Кейбір сәттердің қадір-қасиеті басқаларынан көш ілгері тұрады. Аз уақытта көптеген пайдаға кенеліп, сапалы ғұмыр кеше алу үшін осындай құнды уақыттарды тиімді өткізуді үйрену қажет. Құран мен хадисте мақталып айтылған уақыттар – осы қадірлі де қасиетті сәттер.
Құран тек қана Қадір түнінің не жылдың санаулы күндерінің маңызына назарымызды аударып қана қоймай, Рамазан айын да ерекшелеп атап өтеді: адамдарға тура жол көрсетуші, ақиқат пен жалғанды ажыратушы теңдессіз жолбасшы болған Құран Кәрім сол айда түскендігін баяндайды.98 Рамазанның басқа айлардан артықшылығы мен үстемдігі хадистерде жиі айтылып өтеді. Хадис кітаптарында кездесетін оразаға байланысты тақырыптарда осы жайтты көптеп кездестіруге болады.
Сонымен қатар хадистерде «үш айлар» деп аталып кеткен ережеп, шағбан, рамазанның қасиеті, рамазаннан соң келетін шәууәл айының алты күні, зулхижжаның алғашқы он күні, оның ішінде Құрбан айт күні, мухаррам айы және ондағы Ашура күні әдеттегі күндер мен айлардан ерекшеленіп көрсетілген, бұл уақыттарды барынша тиімді пайдалану қажеттігі, кейбір уақыттарда ораза ұстаудың артықшылығы атап өтіледі.
Қамари айларда әр айдың алғашқы күні, әййәмул-бид (жарық күндер) деп аталған 13, 14, 15-інші күндері ерекшеленіп, ол күндері ораза ұстау сүннет саналған.
Одан да ары нақтылап қарайтын болсақ, аптаның да маңыздылығын көруге болады. Аптаның барлық күні бірдей дәрежеде емес. Кейбір күндер басқаларына қарағанда ерекше саналады. Әсіресе, жұма күні – ең қадірлі күн. Дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау – сүннет әрі басқа күндері ұсталған оразадан сауабы артық.
Ал бір күнді қарастыратын болсақ, күннің сәресі уақыты басқа уақыттарынан маңыздырақ.
Маңызды уақыттардың анық айтылмауы
Уақытын тиімді пайдалану қажеттігін толықтай түсініп, тәжірибе жүзіне өткізе білген жандарды одан ары құлшындыра түсу үшін әрі сол уақыт тұрғысында үнемі ояу жүруіміз үшін дініміз қадір-қасиеті мен маңыздылығы жоғары екендігін баяндаған күндер мен уақыттарды белгілі бір шектеулер қойып нақты білдірмеген, яғни сол өте құнды мезгілдердің уақытын жасырып қойған. Мысалы, мың айдан да қайырлы екендігі білдірілген Қадір түнінің жылдың қай түніне сәйкес келетіндігі нақты айтылмаған. Рамазанның соңғы он күнінің ішінде болуы мүмкін екендігі білдірілген. Дегенмен шариғи дәлелдердің әркелкілігінен ғалымдардың да бұл жөнінде әртүрлі көзқарастары кездескен.99
Бұлай белгісіз болған тек Қадір түнінің уақыты ғана емес.
«Жұмада бір сағат бар. Мұсылмандардан кімде-кім сол сағат ішінде намаз оқып, Алладан қажетін сұрайтын болса, Алла оған
міндетті түрде береді»100 хадисінде айтылған уақыт та нақты білдірілмеген. «Сағат» деп былайғы жұрт алпыс минуттық уақытты түсінеді, ал хадисте келген «сағат» сөзі «аз уақыт» деген ұғымды білдіреді. Бұл уақыт аз болғандықтан, оны дұрыс әрі ұтымды пайдалану керек. Дүние тіршілігі үшін өтетін күндер мен жылдар осы аз ғана сағатқа арзымайды.
Өйткені Алла Тағала пенденің осы уақытта жасаған дұғасы мен ғибадатын қабыл ететіндігі және тілеген тілегі мен сұраған қажетін өтейтіндігі айтылып тұр. Ғалымдар бұл уақытқа байланысты көптеген жорамалдар айтқан. Бір хадисте сол сағат жұма күнінің ішінде деп айтылса, басқа хадисте имам мінберге шығып құтба оқитын уақыттан бастап жұма намазын оқып бітіргенше деп айтылады. Үшіншісінде намазға тәкбір айтылғаннан бастап намазды оқып бітіргенше делінген болса, төртіншісінде екінті уақытынан күн батқанға дейін делінеді.101 Әрбірінде мағлұмат түрліше берілген.
Бұл уақыттардың нақты белгісіз болуының мақсаты – сол уақыттарға сәйкес келу үшін толықтай бір ай немесе жұмада бір күн бойы сергектік танытып, көбірек ғибадат жасауға мүміндерді ынталандыру. Сол уақыттарды білмеген соң, оны табу үшін мұсылман адам рамазанда бір ай бойы және жұмада күні бойы ғибадатқа құштарлы болып өтеді. Егер Алла Тағала Қадір түні мен жұма күндегі сағатты анық айтса, пенделер сол уақыттарда ғана ғибадат етіп, қалған уақытта ықылас көрсетпес еді. Алайда шариғаттың мақсаты бұл емес.
Бірсарындылықтан арылу
«Жылдың айларға, айдың апталарға, күннің парыз намаз уақыттарына бөлінуі адам санасында «уақыт түсінігінің» қалыптасуы үшін жеткілікті ме?» деген сұрақ туындауы мүмкін.
Бұл сұраққа сенімді түрде «Иә» деп жауап беру мүмкін болмас. Себебі Абайдың «Пендеде бір іс бар жалығу деген» дегеніндей, адам баласы біршама уақыттан соң бірсарынды өмір салтына үйреніп, тіпті жалығып, ғапылдыққа түсуі ықтимал. Сондықтан басқа да алғышарттар арқылы мұндай жайттың алдын алу қажет болады.
Дініміз мұны алуан түрлі жолдармен жыл, ай мен апта, тіпті күн ішінде белгілеген басқа да ғибадаттар арқылы жүзеге асыруда. Нәпіл ғибадаттардың сан қырларының бірі осыған қатысты. Аптасына бір рет оқылатын жұма намазы, намаздың алдында тыңдалатын құтбалар, жылда екі рет оқылатын айт намаздары, айт құтбалары, үш айлардың ерекшеліктері, бір ай
бойы үзбей ұсталатын Рамазан оразасы, әр айдың ортасында, дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсталуы сүннет оразалармен қатар, ай мен күн тұтылғанда, құрғақшылық, жұт және басқа да қолайсыздықтар туындағанда оқылатын намаздар – бәрі-бәрі мүмінге ескерту, оны бірсарындылықтан құтқарып, «уақыт» жайлы түсінігі мен жауапкершілігінің дұрыс болуы үшін жасалған алғышарттар. Тақуа мүмін бұл мүмкіндіктердің әрбірін нәпсісін есепке тартып, иманын шыңдап, бір серпіліп қалу үшін пайдаланады.
Сондықтан да айналамызда көптеген адамдардың қасиетті айлар мен күндердің себебінен ғапылдықтан арылып, тәубесіне келгендігін, иманға, Исламның тура жолына бет бұрып, өмірін өзгерткендігін көре аламыз. Әсіресе, мұнда Рамазан айының орны ерекше.
Мүбәрак күндер мен түндер Жұма күні
Аптаның ең қадірлі күні. Құран Кәрім әмірі бойынша аптасына бір рет оқылуы парыз етілген намаз осы күнге сәйкес келеді. Сонымен қатар көптеген хадистерде жұма күнінің ерекшелігі тілге тиек етіліп, мақталып айтылады. Алла Елшісінің бірқатар хадистерін келтіре кетсек:
«Расында, жұма күні – күндердің төресі және Алла Тағаланың қасында ең ұлығы. Жұма күні – Алла Тағала үшін Ораза айты мен Құрбан айтынан ұлығырақ. Жұманың бес қасиеті бар: Жұма күні Алла Тағала Адамды (а.с.) жаратты, осы күні Адамды (а.с.) жаннатқа кіргізді, осы күні Адам (а.с.) жерге түсірілді, осы күні Адам (а.с.) қайтыс болды, қиямет жұма күні болады. Сондықтан періштелер, аспан, жер, жел, тау, теңіздер – барлығы да жұма күнінен қорқады... Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы... Жұмада бір сағат бар. Мұсылмандардан кімде-кім сол сағат ішінде намаз оқып, Алладан харамнан басқа не тілесе, қандай қажетін сұрайтын болса, Алла оған береді. Қандай да бір
жамандықтан сақтауын тілесе, Алла оны сол жамандықтан
сақтайды».102
Жұманың маңызы мен қадір-қасиеті жөнінде тоқталған мұндай хадистер көптеп кездеседі. Бірқатар хадис кітаптарында «Китәбул-Жума» атты бөлімдер де бар. Жұма жайындағы бірқатар хадистерде жұманың мүміндердің мерекесі екендігі баяндалады. Сондықтан бұл күні ғұсыл алып тазалану, хош иісті әтірлер себіну, ең жақсы киімдерін кию, жаңадан алған киімін арнайы кию, ақ түсті киім киюге тырысу қажеттілігі айтылған. Жұма күні ораза ұстау құпталмаған.
Айт күндері
Алла Тағаланың мұсылмандар үшін мейрам етіп берген екі айт күндері бар. Бұл күндер – мейрам болумен қатар, ізгілік пен сауапты амал жасауға арналған құнды уақыттар.
Алла Елшісі (с.а.с.) хадисте былай дейді: «Алла үшін күндердің ішіндегі ең абзалы – Құрбан айттың бірінші және екінші
күні».103
Сонымен қатар бұл айт күндерінің түнінің де қасиеттілігін ерекшелеп атап өткен төмендегідей хадис бар:
«Бестүнбар.Олтүндердегіоқылғандұғаларкері қайтарылмайды, (яғни қабыл болады). Олар: ережептің алғашқы жұма түні, шағбанның он бесінші түні, Жұма түні, Рамазан
айтының түні, Құрбан айтының түні».104
Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Өйткені бұл күндер – күнәлар кешірілетін, бірлік пен ынтымақтастық сезімдері ұштасқан, қуаныш пен шаттық күндері.
Мухаррам айы және Ашура күні
Ислам күнтізбесі бойынша алғашқы ай – мухаррам айы. Жаңа жыл осы аймен басталады. Мухаррам айы – Құран Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Бір хадисте былай
делінеді: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – мухаррам айында ұсталған ораза болып табылады».105
Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады. Алла Тағала көп дұғаларды Ашура күні қабыл еткен. Әзірет Адамның тәубесінің қабыл болуы, әзірет Нұхтың топаннан құтылуы, әзірет Юнустың балықтың қарнынан шығуы, әзірет Ибраһимнің отта жанбауы, әзірет Идристің тірідей көкке көтерілуі, әзірет Яқубтың ұлы әзірет Юсуфқа қауышуы, әзірет Юсуфтың құдықтан шығуы, әзірет Әйюбтың аурудан құтылуы, әзірет Мұсаның қызыл теңізден өтуі, әзірет Исаның туылуы және өлімнен құтылып тірідей көкке көтерілуі Ашура күні болған.106
Алла Елшісі (с.а.с.) осы Ашура күнінің ерекшелігін ескеріп, ораза ұстауды әмір еткен. Және көп дұғалар қабыл болып, күнәлар кешірілетін күн екендігін атап өткен.107
Мәуліт
Адамзатты қараңғылықтан құтқару үшін жіберілген соңғы пайғамбар – біздің Пайғамбарымыз әзірет Мұхаммед (с.а.с.) 571 жылы рәбиул-әууәл айының 12-түні туған. Бұл қасиетті түн «Мәуліт түні» деп аталады. Мәуліт – «туылған уақыт» дегенді білдіреді.
Ол дүниеге келген шақта жер-жаһанды надандық, зұлымдық пен арсыздық жайлап, Аллаға деген сенім ұмытылып, адамзат қорқыныш пен қараңғы түнекке қамалып, өмір сүре алмайтындай дәрежеге түскен еді.
Пайғамбарымыздың дүниеге келуімен әлем нұрға бөленіп, халықтың жүрегіне Аллаға деген сенім ұялады. Теңдік, әділет және бауырмалдық пайда болды. Аллаға сенген халықтар шын мәнінде қуанышқа кенеледі. Пайғамбар (с.а.с.) туған түн – адамзаттың қараңғылықтан құтылуы үшін өте қайырлы әрі берекелі бастама болды.
Пайғамбарымыздың туған күнінде айтылатын мәуліт жырларын құрметпен тыңдау, оның қасиетіне, рухына салауат
айту – халқымыздың Пайғамбарға деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең құрметінің көрсеткіші.
Рағайып түні
Рухани жағынан алғанда ережеп, шағбан, рамазан айлары басқа айларға қарағанда бір төбе жоғары, берекелі айлар болып табылады. Ережеп айы келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.)
былай деп дұға ететін: «Уа, Алла! ережеп пен шағбан айларын
бізге мүбәрак қылып, рамазан айына аман-есен жеткізе гөр».108 Ережеп айының алғашқы жұма түні «Рағайып түні» деп
аталады. Бұл түн – Алла Тағаланың мейірімі түскен, кешіретін және дұғаларды қабыл ететін түн. Жоғарыда келтірілген бес түн жайлы айтылған хадисте де осы түн ерекшеленіп аталып өтіледі.
Бұл түні Алла Елшісінің кейбір берекетке ие болып, шүкір қылып, намаз оқығаны туралы хабарлар бар.109
Миғраж түні
Алланың шақыруы бойынша Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні түнде Меккедегі Харам мешітінен Құдыстағы Ақса мешітіне сапар шегіп, ол жерден Жәбірейілмен бірге көкке көтеріліп, «Сидратул-мунтәһа» деп аталатын жерге дейін көтеріледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жерден ары қарай өзі барып, арада ешқандай дәнекерсіз және бізге беймәлім түрде Алламен кездесіп тілдескен.
Бұл қасиетті сапардың Меккеден Құдысқа дейінгі бөлігі Исра, Құдыстан басталатын қалған бөлігі Миғраж деп аталады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бес уақыт намазды үмбетіне Миғраж тартуы ретінде әкелген.
Миғраж оқиғасы – Пайғамбарымыздың ең үлкен мұғжизаларының бірі. Һижреттен бір жарым жыл бұрын ережеп айының 27-түнінде болған.
Бұл түн осынау ерекше тарихымен қасиетті саналады. Бұл түнді құлшылықпен өткізіп, ертесі күні ораза ұстаған сауапты іс болып табылады.110
Бәраат түні
Алла Елшісі (с.а.с.) ережеп пен рамазанның ортасында елеусіз өткізіп алмауымызды ескертіп, өзі көбіне оразамен өткізген шағбан айының 15-түні «Бәраат түні» деп аталады. Қарыздан, күнә мен жазадан құтылу деген мағынаны білдіретін Бәраат – күнәлардан құтылу (тазару) кеші.
Бұл түн – Алланың өзінен кешірім сұраған мүміндерді кешіріп, күнәдан арылу түні. Бұл түні ұйықтамай Алла Тағаладан кешірім сұрауымызды қалаған Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:
«Шағбан айының он бесінші түні болғанда тек қана ғибадатпен өткізіңдер, ал күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені Алла Тағала сол түні күн шыққанға дейін әлемге мейірімін төге тұрып, былай дейді:
– Кешіруімді қалайтын адам бар ма, кешейін? – Ризық талап етушілер бар ма, берейін?
– Дертке шалдыққандар бар ма, шипа берейін?
– Тағы кім не тілесе тілесін, берейін!»111
Ендеше, Раббымыздың сүйінші хабарына құлақ асып, берілген мүмкіндіктерден пайдаланып қалуымыз керек.
Бұл түні адамның бір жылдағы ризығы, бай немесе кедей, жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайлы хабарларды Алланың әмірімен періштелердің дайындайтындығы білдірілген. Бәраат түнінің ерекшелігінің бірі – сол күні құбыланың Қудус мешітінен Қағбаға қарай өзгеруі. Бұл түні «жақсылық намазы» оқылады112.
Қадір түні
Рамазан айының 27-түні «Қадір түні» деп аталады. Адамдарға дүниеде және ақыретте бақытты болудың жолын көрсететін дініміздің қасиетті кітабы – Құран Кәрім Пайғамбарымызға рамазан айындағы Қадір түнінде түсе бастаған. Қадір түнінде әзірет Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық міндет жүктеліп, Ислам таңы осы түні атқан. Міне, осындай маңызды оқиғалар Қадір түнін нұрға бөлеп,
қасиетін арттырған. Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екендігі Құран Кәрімде ашық айтылған.
Қадір түні – мүміндерге Алла Тағаланың берген шексіз мейірімділік белгісі мен үлкен ілтипаты. Бұл түнді Алла разылығы үшін намаз оқып, Құран оқып, дұға етіп, ғибадатпен өткізуіміз керек.
Әзірет Айша (р.а.) бір күні Пайғамбарымыздан:
– Уа, Алланың Елшісі! Қадір түнінде қайтіп дұға етейін? – деп сұрады.
Сонда мынадай жауап естіді:
– Былай де: «Раббым, сен өте кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің, мені де кешіре гөр».113
Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйреткен бұл дұғаны біз де Қадір түнінде қайталайық.
Қасиетті түндерді намаз оқу, Құран оқу, Пайғамбарға салауат айту, күнәларымызға кешірім тілеу, дүние және ақыретке байланысты тілектерімізбен дұға қылып, қолымыздан келгенше қайырымдылық іс-шараларын атқарып, кедейлерді қуанту сияқты ізгі істермен өткізуіміз керек.
Арафа және Тәурия күндері
Құрбан айттан бір күн бұрынғы күн «Арафа күні», ал оның алдындағы күн «Тәурия күні» деп аталады.
Қажылық жасаушылардан басқалар үшін Тәурия және Арафа күндері ораза ұстау ұнамды амал болып саналады. Жалпы Алла Елшісі (с.а.с.) зулхижжа айының алғашқы он күнін114 толықтай оразамен өткізетін болған.115
Арафа күні таң намазынан бастап Құрбан айттың төртінші күні екінті намазына дейінгі 23 намазда еркек-әйел барлық адам парыз намаздардан кейін сәлем бере салып уәжіп
болған тәшриқ тәкбірін оқуы керек: «Аллаһу әкбәр, Аллаһу
әкбәр. Лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр. Аллаһу әкбәр уә
лилләһил-хамд».
Арафа күні қажылық жасаушылардың Арафатта тұрып дұға ететін күні болғандықтан, одан тыс барша мұсылмандар үшін де дұға қабыл болатын ерекше күн болып саналады. Бір
хадисте Алла Елшісі (с.а.с.) осыны жеткізеді: «Дұғаның
қадірлісі – Арафа күні жасалған дұға».116
Сондай-ақ, кешірім тілеген адамдардың кешірімге ие болып,
азаптан құтылатын күні ретінде де ерекшелене түседі: «Арафа күні тозақтан көп құл құтылатыны соншалықты – басқа күндерде мұншама құл құтыла алмайды».117
•НАМАЗ УАҚЫТТАРЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ОРНЫ
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті уақытын жоспарлап,реткекелтіруәдетінқалыптастыру. Пайғамбарымыздың іс-әрекеттері мен бұйрықтарынан көретініміздей, бұл уақыттар ұйықтау, тұру, үйде болу, тамақтану, демалу, сыртқа шығу, зиярат ету, адамдармен қарым-қатынас секілді күнделікті орындауымыз қажетті істердің мерзімін белгілеуде.
Әр намаз уақытты жоспарлауды білдіреді деп есептесек, Құранда намаз жайлы айтылған барлық аяттарды да «уақыт
түсінігін» қамтитын аяттардың қатарына қоса аламыз. Құранда намаз көбіне «саләт» сөзі арқылы айтылып, 100-ге жуық рет қайталанады. Рукуғ, сәжде, қиям секілді басқа да намазды суреттейтін сөздер де бар.
Мұсылман адамға намаз оқу жайлы сөз қозғалғанда бірінші кезекте оның тым көп екендігі мен соған байланысты ауырлығына шағымданғандарын байқап жатамыз. Алайда намаз біз ойлағандай және қорқатындай көп емес. Ең алдымен, күнделікті бес уақыт намаз дәретімен қосқанда адамның бір сағат уақытын алады. Екіншіден, адам бірден тұрып бір сағат намаз оқымайды, сондықтан шаршайтындай ұзақ уақыт болмайды. Үшіншіден, адамға әр уақытта сол уақыттың намазы ғана парыз болады. Яғни, дәл қазір бесін намазының уақыты болатын болса, екінті намазының уақыты әлі келмегендіктен, тек сол бесін намазы парыз, басқа уақыттың намаздары парыз болмайды. Ол намаздар өз уақыты келгенде ғана жеке-жеке парыз болады. Олай болса, намаз көптеген адамдар ойлағандай ауыр, ұзақ әрі шаршататын жүк емес екендігін көруге болады. Осылайша Алланың адамға көтере алмайтын жүк беріп, шамасы келмейтін міндет жүктемейтініне118 көз жеткізе аламыз.
Мұсылман баласына күнделікті бес уақыт намаз оқу парыз екені белгілі. Сонымен қатар қалаған жан қосып оқи алатын нәпіл намаздар да бар. Нәпіл намаздарды да қоса санағанда, түнде бес намаз бар екендігін көре аламыз. Парыздар ақшам мен құптан намаздары, құптан намазынан кейін оқылатын уәжіп болған үтір намазы, нәпіл намаздардан ақшамнан кейін оқылатын әуәбин намазы мен таң уақытының алдында оқылатын тәһәжжуд намазы бар. Ал күндіз сәске уақытында оқылатын духа намазы қосылады.
Дініміз бойынша тәулік ақшам уақытында күннің батуымен басталатынын есепке ала отырып, осы бір күннің ішінде оқылатын намаздардың сызбасын төмендегідей етіп көрсете аламыз.
Намаздың маңызы
Намаз арқылы түн мен күндіз сырлы тәртіпке орнығады. Өмір ғибадатқа негізделген уақыт түсінігіне сәйкес реттеледі. Сол арқылы әрекеттеріміз Алланың бақылауында көркем түрде тәртіпке келтіріліп, ғибадаттан тыс істеріміз де ғибадат бояуымен боялып, құлпырып сала береді.
Алла Тағала құдси хадисте былай бұйырады: «Сенің үмбетіңе бес уақыт намазды парыз қылдым. Өз-өзіме берген сөзім бар: Кім сол намаздарды дәл уақытында оқитын болса, оны міндетті түрде жаннатқа кіргіземін. Ал кім ол намаздарды сақтай алмаса, оған берілген ешқандай сөзім жоқ».119 Ал Оның Елшісі (с.а.с.) өз кезегінде мынаны айтып өтеді: «Намаздың алғашқы уақыты – Алланың разылығын, ортаңғы уақыты – Алланың мейірімін, соңғы
уақыты – Алланың кешірімін алуға себеп болады».120
Намаздарды алғашқы уақытында оқу – мүміннің назарында жүруі тиіс аса маңызды мәселелердің бірі. Аяғын әрең басып, намазды соңғы уақытына дейін кешіктіру және көңілсіз түрде оқып тастап, тезірек құтылуға тырысу – мүмінді мұнафықтыққа апаруы мүмкін қауіпті жағдай.
«Құптанды жамағатпен оқыған түннің алғашқы жартысын және таң намазын жамағатпен оқыған адам түннің екінші жартысын
ғибадатпен өткізгенмен тең болады».121 Олай болса, намаздарды уақытында оқу ғана емес, мешітте яки үйде жамағатпен оқудың да маңызын есте ұстағанымыз жөн екен. Әсіресе,
адам баласы ұйқының құшағына берілгісі-ақ келетін осы екі уақыттағы намазға аса мән берілген.
Намазды тастап кетуге келер болсақ, оның ешқандай ақылға сияр сылтауы мен себебі бола алмайды. Соңғы демімізді беретін сәтке дейін намаз тұрғысында көкірегіміз үнемі ояу болуы керек.
Амал дәптерін ізгі амалдарға толтырып, жаннаттағы жоғары дәрежеге ие болғысы келетін мүмін асығып, уақытын тиімді пайдалануы керек. Мүмкіншілігін толық пайдаланып, күші жететін ізгі амалдардың бәрін мүлт жібермеуге тырысуы қажет. Бірақ жақсылықта жарысамын деп жүріп, кем-кетік, шала-шарпы істей салу дұрыс емес. Өйткені Алла Тағала істелген әрбір істің дұрыс және тиянақты орындалғанын қалайды.
Атақты
түсініктеме
ғалым Алийул-Қари бұл жайында мынадай
береді:
«Алланың әмірлеріне бет бұру тұрғысында асығу мен оларды орындау барысында асығыстық жасау – екеуі екі түрлі нәрсе.
Бұлардың
датталған
біріншісі – жақсы, мақталған іс, ал екіншісі –
іс»122.
Яғни, намазға асығу керек, ал намазда асығуға болмайды. Сонымен қатар айналамызда жүрген кейбір кісілердің
«Намаздың шығуына қанша уақыт қалды?» деген бір сұрағы олардың намазға қарым-қатынасын көрсетіп беретіндей. Намаздың уақыты өтіп кетпесе болды, әйтеуір бір оқырмын деген көзқарас адамның намазға деген жауапкершілігінің жеткілікті болмай жатқанын меңзейді. Мүмін
адам «Намаздың кіруіне қанша уақыт қалды?» деп намазға алдын-ала дайындалып, қырағылық танытқаны жөн. Жалпы сұрақ қою тәсілін осылай өзгертудің өзі адамның ең абзал
ғибадатына
тигізетініне
деген қарым-қатынасын өзгертуге септігін
сенеміз.
Намаз уақыттарының сыры
Адам жаратылысынан-ақ өте әлсіз, қауқары жоқ әлжуаз. Оның әлсіздігі сол – тым секемшіл, не нәрсеге болсын үрке қарайды, айналадағы көп нәрседен өзіне қауіп төнеді. Бір жағынан, ол тым дәрменсіз. Қастығы мен қысастығы дайын дұшпаны көп, қайғы-қасіреті де бір басына жетерлік. Әрі өте кедей. Қажеттілігі мен зәрулігі бір бітпейді. Адам сондай-ақ еріншек, күш-қуаты төмен. Ал өмір болса керісінше тым қиын, күрделі, жүгі ауыр. Адам болғандықтан әлеммен тығыз араласпай тұра алмайды. Алайда кімді көңілі ұнатып, құлай сүйсе де түбінде содан қол үзіп, көз жазып қалатындығы, нені жанына жақын көріп қимаса да бәрібір еріксіз айырылатындығы оның жүрегіне ауыр тиіп, жанына батады. Ақыл-ойы оны биік мақсаттарға, ұшқыр қиялдарға жетелесе де айналып келгенде тағы сол қысқа жіп күрмеуге келмейді, адамның бәрібір қолы қысқа, өмірі шолақ, күші аз, шыдамы жетпейді.
Міне, дәл осындай кейіптегі рухтың таң намазы кезінде құдіреті мен мейірімі шексіз Хақ Тағаланың салтанатты сарайына тілек-дұғасы, намазы арқылы өтініш білдіріп, өзіне табыс пен медет тілеуі қаншалықты орынды. Өзін күні бойы күтіп тұрған күндізгі әлемнің қат-қабат қиыншылығы мен сан алуан ауыртпалығына көндігуде, иығына түсер зіл батпан салмақты еңсеруде, өзіне берілген міндетін мүлтіксіз атқара алуында нық арқа сүйер сүйенішін еске алып дәтке қуат бекітуі қаншалықты қисынды екені құптарлық.
Бесін уақыты болса, күндіздің толықсып кемелденіп, енді бір сәтке біртіндеп күннің екінші жартысына ауа бастаған кез. Оған қоса, күндік толассыз, қыруар шаруаның ең бір қым-қуыт сапырылыс шағында, жұмыстың барлық қысым-ауыртпалығынан бір сәтке арылып, уақытша болса да сәл-пәл тынығатын кез. Әрі өткінші, фәни дүниенің ауыр жұмыстарынан бір бас алмаудан пайда болған бейғамдық пен сіресуден бой мен сананы бірдей арылтып, рухтың тыныс алуына жол ашатын кез. Иләһи нығметтердің бой көрсетер тұсы. Адам жаны әлгіндей қысым, ауыртпалық, бейғамдықтан,
мән-мағынасыз, фәни тірліктен арылып, ешкімге мұқтаж емес әрі мәңгілік қасиеттерге ие нығмет-несібелердің шынайы егесі Алла Тағаланың алдында құлшылық жасауға ниет етіп қол байлап, өзіне нәсіп етілген бүкіл ризық-несібе атаулыға шүкір етіп Жаратушыға мақтау айтады. Оның ұлылығының алдында иіліп тағзым етеді, рукуғқа барады. Оның теңдессіз кемелдігі мен жамалына таңырқап, әсемдігін дәріптеп сәждеге бас қояды. Өз сүйіспеншілігі мен таңданысын бесін намазын оқу арқылы білдірудің қаншалықты ұнамды, қаншалықты орынды, қаншалықты керекті екенін ұғына алмау, сірә, адамдыққа
жатпаса
Екінті
керек?!
уақыты ажары қашқан сүреңсіз күз мезгілін,
қалжыраған қарттықты, ақырзаманның жан түншіктірер сәттерін еске түсіреді. Сондай-ақ бір күнгі қауырт жұмыстың аяқталуға бет алған шағы болғандықтан күні бойғы өзіндегі сау-саламаттық, жақсы жұмыс істеуі үшін берілген денсаулық, қажыр-қайрат, күш секілді бір төбе болып жиналып қалған Жаратушының нәсіп еткен жақсылықтарын еске алар сәт. Күнбатысты ал қызыл түске бөлеп күннің бата бастауы да адамға ой салып, көп нәрсені ұқтыра түседі. Адам өзінің жай ғана қонақ екенін сезініп, барлық нәрсенің өткінші екеніне көз жеткізеді. Дәл осы сәт, мәңгілікті аңсайтын о баста да сол үшін жаратылған, жақсылыққа бас иіп, айырылысудан азап шегетін адамның рухы тазалықты қалап, екінті намазын оқуға ниет етеді. Алла Тағаланың иләһи құзырына шығып, ішкі тілеуін тілеп, дұғасын қайтарады. Алланың шексіз рақымдылығын пана көріп, есепсіз нәсіп еткен ризық-несібелері үшін шүкіршілік білдіріп, мақтау айтады. Жаратушының асқақ абыройы мен айбарының алдында асқан кішіпейілділікпен басын иіп рукуғқа барады. Оның құдайылығын жоғары санап, өзінің құл екенін еске алып тағы да барынша кішірейіп, қарапайымдылықпен сәждеге бас қояды. Сәждеге бас қоя отырып, адамның жаны шексіз рақатқа бөленеді. Екінті намазы иләһи құзырда берілер әмірге дайын, өзінің құл екендігін мойындаған адам кейпін
елестетеді. Дәл осы уақытта екінті намазының атқарылуы қаншалықты орынды, қаншалықты керекті, қаншалықты жарасымды екені даусыз. Ол – жаратылыс міндеті. Аз ғана құлшылықпен үлкен бақытқа қол жеткізудің артықшылығын өзін адам санаған әркімнің-ақ ұғынары сөзсіз.
Ақшам уақыты қылымсыған жаз кетіп, күреңіткен күз сырғып, орнын қақаған қыстың басқанын елестетеді. Сол секілді адамның да қайтыс болуын, өзіне жақын бүкіл туыс-туған, ағайын-жегжат, дос-жарандарымен қош айтысып, қабірге сапар шеккен сәтін еске түсіреді.
Сондай-ақ дүр сілкінген үлкен зілзаламен жер бетін мекендеген күллі жаратылыс атаулының о дүниеге үдере көшуін, сынақ әлемі болып саналатын мына дүниенің үлкен шырағы – Күннің сөндірілу уақытын елестетеді. Бұған қоса, ақшам мезгілі мәңгіліктен ада, соңы бір тұтам, өтпелі нәрселерге бас ұрып табынған пенделердің оңбай қателесетіндіктерін қатаң ескертетін уақыт.
Міне, дәл осындай уақытта жаратылыс тұрғысынан мәңгілік көркемдік иесі – Хақ Тағалаға құштар адам рухы мына кең дүниені жаратып, оны басқарып тұрған болмысы ежелден әрі мәңгілік Жаратушыны еске алып, ақшам намазын өтеуге ниет етеді. «Аллаһу Әкбәр» деген күйі күллі өткінші нәрселерден бойын аулақ салып, бар ықылас-пейілін өткінші емес, жалған емес тұрақты әрі мәңгілікке Ие – бір ғана Жаратушыға бұрады. Алланың құзырында намазға тұру арқылы «Әлхамду лиллаһ» деп оның кемшіліктен пәк кемелдігіне, теңдессіз көркемдігіне, шексіз мейірімділігіне шүкіршілік пен мақтау айтып, «Саған ғана құлшылық жасап, Сенен ғана жәрдем тілейміз» деп дұға оқиды. Осылайша намаз кезінде іштей тынбастан күбірлеп дұға оқу арқылы серіктесі жоқ, жаратушылықта өзіне қосарланар ешбір ортақтасы жоқ Алла Тағаланың жалғыздығын, құдайылығын паш етіп, оның уәзірге мұқтаж емес сән салтанатты патшалығына тән өзінің де құлы екенін білдіріп, жалбарына медет тілейді. Сондай-ақ Жаратушының ұлылығы мен асқақтығына, шексіз құдіреттілігі
мен кемшіліктен пәк абыройына бас иіп, рукуғқа барады. Бас иген күйі өзінің де, ғаламның да тым қауқарсыз, әлсіз, әлжуаз, дәрменсіз, бейшара, пақырлығын мойындап, «Уа, Ұлы Раббым! Сен неткен пәксің!» деп ұлы Жаратушыны пәктеп, оған мадақ айтады.
Бір жағы, өткінші емес, жалған-фәниліктен пәк Жаратушының жамалы мен көркемдігіне, еш өзгермейтін қасиетті сипаттарына, бұзылуға ұшырамайтын сонау ежелден келе жатқан басталуы жоқ әзали кемелдігінің алдында сәждеге жығылады. Сәждеге бас қоя отырып, таңданысы мен бой ұсынушылығы шеңберінде Алладан басқаның бәрін тәрк етіп, сүйіспеншілігі мен құлшылығын паш етеді. Артынша тізе бүгіп тізерлей отырған күйі күллі жаратылысқа тән таза, табиғи, пәк, көркем ғибадат, дұға-тілек атаулыны (Миғраж кезінде Мұхаммед пайғамбарымыздың жасағанындай) Алла Тағалаға сый ретінде тарту етеді. Пайғамбарымызға сәлем жолдау арқылы оған деген сертін жаңалайды, артынан ерген үмбеті ретінде барша үкімдер мен әмірлерге бойсұнғандығын білдіреді. Иманын нұрға малып, тағы бір рет жаңалау үшін мына ғалам сарайының сырлы жүйесін тамашалап, Алла Тағаланың жалғыз екендігіне куәлік етеді. Иләһи салтанаттың хабаршысы, иләһи талап-тілекті жеткізуші қызметкер, ғалам кітабындағы аяттардың тілмашы Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлығына куәлік етеді. Осылайша кешкі намазын тамамдайды.
Дәл осындай терең хал-ахуалды бастан кеше отырып ақшам намазын оқу қандай ұнамды, қандай кіршіксіз міндет, қаншалықты абыройлы, ләззатты қызмет, не деген көркем құлшылық, неткен шынайы ақиқат?! Бұл фәни керуенсарайдағы қандай ғажап мәңгілік сұхбат әрі не деген қол жетпес бақыт десеңізші?! Бұны түсінбеген жан қалайша өзін адаммын деп айта алмақ?!
Құптан уақытында аспан көкжиегінде қалып қойған күндіздің белгілері сол күйі жым-жылас өшіп, жер бетінде түннің тас-түнек қараңғылығы орнайды. Бұл күндіз бен түнді
ауыстырып тұратын Алла Тағаланың әлгі ақ парақты – мына қара параққа алмастыруындағы иләһи билігін, сондай-ақ жасыл желекке көмкерілген жазға тән жасыл парақты – қыстың суық ызғарлы ақ парағына айналдыруда Күн мен Айды өз әміріне бағындырып уысында ұстаған Хақ Тағаланың пәрменді иләһи ісін еске салады. Оған қоса, уақыты жетіп қабірге қойылып, ақыретке сапар шеккен пенделердің артында қалған еңбектерінің де мына дүниеде үзілуімен олардың толықтай басқа әлемге өтуі өмірді де, өлімді де жаратқан Алланың құдайылық ісін паш етеді. Тар дүниенің көбесі сөгіліп, мезгілі жеткенде жалғандығын білдіріп шаңырағы шайқалып ортасына түсуімен лезде кең әрі шексіз, мәңгілік ақырет әлемінің айқара ашылуы көктер мен жерді жоқтан бар еткен Жаратушының құдіретті ісі мен көркем көріністерін еске салар уақыт. Сондай-ақ күн мен түнді, қыс пен жазды, дүние мен ақыретті бір кітаптың беттері секілді оп-оңай парақтап, оларды қалауынша жазып-сызып, бұзып-өзгерте алатын күш қана мына ғаламның шынайы егесі, негізгі қожайыны бола алмақ. Нағыз сүйіспеншілік пен құлшылыққа да сол лайық. Бұл мезгіл осылардың барлығына үкімі тең жүретін шексіз құдіретті күш иесінің бар екенін дәлелдейтін сәт болып табылады.
Міне, осы кезде барынша әлсіз, әлжуаз, дәрменсіз, мейлінше кедей, пақыр, келешектің түпсіз қараңғылығына көміліп әрі күнделікті оқиғалардың ықпалымен әрі-сәрі күй кешіп, сансыраған адам рухы құптан намазын оқуға ниет етеді. Ол түн қараңғысының шөккенін көргенде құдды Ай, жұлдыз, Күнді меңзеп «Батып кететіндерді жаным сүймейді»123 деп соңында батпайтын, жоғалмайтын бір ғана жаратушыны тапқан Ибраһим пайғамбар секілді ғұмыр бойы құлшылық пен сүйіспеншілікке лайық Алла Тағаланы өзінің намазы арқылы пана тұтады. Намаз арқылы мына фәни тіршілік пен жалған өмірде, қараңғы дүние мен бұлдыр болашақта мәңгі әрі соңы жоқ Алла Тағалаға жалбарынып тілеу тілейді. Жалбарына отырып аз ғана бір тұңғиық сұхбат арқылы, бірнеше
минуттық тұңғиық уақыт ішінде дүниелік тіршілігіне нұр себер, болашағын қараңғылықтан арашалайтын, жақын туыс, жақсы көрген жандардан қапыда көз жазып қалған сәтте жүрекке түскен жараға ем дарытатын Алла Тағалаға тән рақымның ілтипаты мен тура жолға салар нұрын көріп сұрау салады.
Әрі көзді ашып-жұмғанша өтпелі, өзін тез ұмытатын көзден таса дүниені өзі де бір сәтке ұмытып, жүрегі қан жылаған күйі ішкі мұң-қайғысын иләһи мейірім құзырына төгеді. Сондай-ақ өлімді еске салар ұйқыға бас қоймай тұрып, бәлкім олай-бұлай боп кетсем деген күдікпен соңғы құлшылығын да адал атқарып, күндік амал дәптерін игі іспен тиянақтау ниетімен намазға тұрады. Яғни, бұл дүниедегі барша фәни сүйіктілер жиналса да орнын толтыра алмайтын мәңгілік құлшылық пен махаббат иесі Алла Тағалаға ғибадат жасайды. Не сұраса да дәрменсіздерге емес, бәріне күші толық жететін әрі жомарт Жаратушыға қол жаяды. Не нәрсенің зиянынан қорғанса да тағы сол қорғаушы-Хафизға арқа сүйеп, мейірбандығы мол Рахим Тағаланың құзырына шығады. «Фатиха» сүресімен бастау арқылы іске алғысыз бір орында тұрмайтын кемшілігі мен нұқсандығы көп бейшара жаратылыстарға қарыздар болып мақтау айтқаннан гөрі шексіз кемелдік әрі мол байлық иесі, әлем атаулының Раббысы Алла Тағалаға мадақ айтып, мақтау білдіреді.
«Саған ғана құлшылық жасаймыз» дей алу деңгейіне көтеріледі, яғни өзінің тіптен жоққа тән, елеусіз, ешкімі жоқ әлсіздігін бетке алып бастауы да, соңы да жоқ Сұлтан, Қиямет күнінің иесі Алла Тағалаға арқа сүйеуі арқылы мына ғаламат ғаламның сыйлы мейманына айналады. Жер бетіндегі маңызды қызметкер мәртебесін иеленіп «Саған ғана құлшылық жасап, сенен ғана медет тілейміз» деу арқылы күллі жаратылыс атынан ғаламдағы үлкен жамағаттың әрі мынау үлкен қоғамда атқарылған ғибадаттар мен көмек сұраған тілектерді Алла Тағалаға жеткізуші рөлін атқарады.
«Бізге тура жол көрсетіп, сол тура жолда жүруді нәсіп ет» деу арқылы бұлдыр болашағына нұр сеуіп, мәңгілік бақытқа жетелейтін шуақты жолға түсіруді сұрайды. Іле-шала түннің
келуімен ұйқыға мүлгіген өсімдік, жан-жануар атаулыны, әрі әскер тәрізді бұйрығын екі етпестен әміріне бас иіп жасырынған күнді, Жаратушының қызметкерлері ретінде ғалам қонақүйіндегі шырақ қызметін мүлтіксіз атқарып түнгі аспанды жарыққа бөлеген ояу жұлдыздарды еске алып, Алла Тағаланың ұлылығына ой жіберіп «Аллаһу Әкбәр» деген күйі тағзым етіп, рукуғқа иіледі.
Сондай-ақ күллі жаратылысты күтіп тұрған үлкен сәждені еске алады, яғни бүгінгі түні ұйқыда жатқан тіршілік иелері болсын, бұған дейін де дәуір санап, жыл санап өмірден озған сан мыңдаған жаратылыс атаулы болсын, тіпті тұтастай мына дүниенің өзі жасақталған үлкен әскер тәрізді Жаратушының «Бол» әмірін естіген сәтте бұ дүниедегі құлшылық міндетін сол сәтте-ақ доғарып, арғы әлемге аттанарда «Аллаһу Әкбәр» деп ғайып сәждесіне бас қоя жығылған күйі құлдырап жоқ болады. Бұнымен ғана шектелмей Жаратушының тағы да «Бол» әмірімен дәл бір көктемдегідей қайта жан алып, ескертуші қатты айғаймен Махшар күні дәл сол қалпында немесе әуелгі қалпына ұқсас кейіпте қайта тіріліп, Жаратушының әмірін тосып қалт тұра қалады. Намаз оқыған адам да бейнебір соларға ұқсап таңғала таңырқаған махаббатымен, кішіпейілділігімен «Аллаһу Әкбәр» деген күйі сәждеге жығылады. Рухы барынша биіктеп Миғражға көтерілгендей шалқыған күй кешеді. Осыншалықты терең мағына, мән-мазмұнды қамтитын құптан намазын дәл осы уақытта оқу қаншалықты жарасымды, неткен ұнамды, не деген орынды, не деген ләззаты мол, ақылға сыйымды, қисынға қонымды құлшылық міндет, шынайы ақиқат десеңізші?!124
Намаз уақыттары нені білдіреді?
Күнделікті бес уақыт намаздың әрбірінің уақыты өте маңызды жаңарудың бастауы болғаны іспеттес, Алланың ұлы билігінің айнасы. Сол билікке мойынсұнған күйде адамдардың баршасы белгілі бір уақыттарда әдеттегіден көбірек тәсбих айтып, тағзым етіп, шүкіршілігін білдірулері әмір етілген.
Апталық сағат бар деп елестетсек, оның секунд, минут, сағат және күндерді көрсететін тілдері бір-бірімен байланысты болатын болса, дәл солай Алла Тағаланың үлкен сағаты іспеттес бұл дүниенің секунды үкімінде болған түн менен күндіз, минуттары секілденген жылдар, сағаттарын сырғытқан адам өмірінің кезеңдері және күндерді санаған әлемнің өмірі – барлығы бір-бірімен етене байланысты болып келеді.
Бес уақыт намаздың уақыты да осылай:
Таң намазының уақыты. Бейне бір көктем дерсің. Сондай-ақ адамның ана құрсағына түскен сәтін және алты күнде жаратылған Жер мен Көктің жаратылыс кезеңінің алғашқы күнін еске түсіреді. Осы кезеңдерде Алланың атқарған істерін еске салады.
Бесін намазының уақыты. Жаз ортасына және жастық шаққа әрі адамның дүниедегі жаратылу кезеңіне ұқсайды. Ондағы мейірімі кең Алланың шексіз жақсылығын әрі ырысының молдығын еске салады.
Екінті намазының уақыты. Күз мезгілі тәрізді әрі кәрілік шаққа және ақырзаман пайғамбары Мұхаммедтің (с.а.с.) дәуіріндегі бақытты ғасырға ұқсайды. Алланың сол кезеңдердегі істері мен жарылқауларын еске түсіреді.
Ақшам намазының уақыты. Күз мезгілінің аяқ шеніндегі көптеген мақұлықтардың көзден таса болуын, сондай-ақ адамның қайтыс болатынын әрі қиямет орнап, дүниенің қирайтынын еске салып, Алланың құдіретінің асқан алыптығы аңғартып, адамзатты бейқамдық ұйқысынан оятып, қатаң ескерту жасайды.
Құптан намазының уақыты. Түнгі әлем, күндіз көзге көрінген зат атаулының жаппай қара кебінге оранғанын, һәм қыс мезгілінің өліп қалған жер бетін өзінің ақ кебініне ораған сәтін, һәм өлген адамның қалдырған ізінің де бірте-бірте көмескіленіп, өшіріліп қалатынын, әрі сынақ алаңы болған дүниенің тамамдалуын ескерте отырып, Алланың өте жойқын билігінен хабар береді. Түн қыс мезгілін және қабір мен бәрзәх әлемін білдіріп, адамзат рухының Рахманның мейіріміне қаншалықты мұқтаж екенін пенденің есіне салады.
Түн ортасындағы тәһәжжуд намазы бәрзәх әлемінде қараңғы қабірдің ішінде жарық сәуле беретін бірден-бір құлшылық екендігін білдіріп, ескерту жасайды. Сондай-ақ осы аталған барлық кезеңдердегі Алланың шексіз ырысын ойға сала отырып, Оның мадақтауға қаншалықты лайық екендігін жариялайды.
Ал келесі таңғы уақыт хашыр таңын, яғни қайта тірілуді еске салады. Таңның бозарып атуы мен қыстың аяқталып, көктемнің келуі қаншалықты қажет әрі өте анық болса, хашыр125 таңының атуы мен бәрзәх көктемінің келуі де дәл сондай күмәнсіз.
Демек, бес уақыттың қай-қайсысы болмасын, маңызды кезеңдердің бастамасы әрі ірі өзгерістерді еске салатыны сияқты, Алланың құдіретінің бір жылда, бір ғасырда, бір дәуірде атқарған таңғажайып істерін, мейірімділігін, ұлылығының кереметтігін, баға жетпес сыйлықтарын көңілге ұялатады. Демек, адам баласының ең басты міндеті, негізгі құлшылығы әрі борышы болған парыз намаздардың осы уақыттарда оқылуы орынды әрі лайықты.
Намаздың мұстахап уақыттары
Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе абзал екендігі Пайғамбарымыздың тікелей іс жүзінде орындауы мен хадистерінде белгіленген.
Олар:
Таң намазын төңірекке жарық түсіп, айнала көрінген уақытта оқу жөнінде ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай
дейді: «Таң намазын жарықта оқыңдар. Өйткені мұның сауабы
өте үлкен».126
Бесін намазын жазда кешіктіріп, салқын уақытта оқу – мұстахап. Қыста болса, бесін намазын уақыты кіре сала
оқу – мұстахап. Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі қатты суықта бесін намазын ерте оқитын, жазда салқын түскенге дейін кешіктіретін».127
Екінті намазының парызын төрт мезгілде де күннің көзді алмайтындай сарғыш тартқанға дейін кешіктіру – мұстахап.
Ақшам намазын уақыты кірісімен оқу – мұстахап. Азан мен қаматы арасында тек қана үш аят оқылатындай уақыт бөлінеді. Өйткені ақшам намазын кешіктіру – мәкрүһ.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Ақшам намазын жұлдыздар көрінгенге дейін кешіктірмесе, үмбетім
берекетте».128
Құптан намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін кешіктіру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«Үмбетіме қиын болмағанда, құптан намазын түннің үштен
біріне дейін кешіктіруді әмір етер едім».129
Үтір намазын түнде ояна алатынына сенген адам түннің ақырына дейін кешіктіруі – мұстахап. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) былай дейді: «Түнніңақырынадейінояна алмайтындығынан қорыққан адам, үтір намазын түннің алғашқы уақытында оқысын. Түннің ақырында ояна алатынына көзі жеткен адам болса, үтірді түннің соңында оқысын. Себебі түнгі намаз – періштелер қатысатын намаз».130
Намаздың мәкрүһ уақыттары
Парыз намаздар үшін мұстахап уақыттар болғанындай, жалпы намаз оқудың мәкрүһ уақыттары да бар. Бұлар екіге бөлінеді. Біреуінде ешқандай намаз оқуға болмайды. Екіншісі – нәпіл намаз оқуға болмайтын, бірақ қаза намаз оқуға болатын уақыт.131
Ешбір намаз оқылмайтын үш уақыт бар:
Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40-45 минуттай уақыт.
Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, күннің ең биікте болған кезеңі. Бұл уақыт бесін уақыты кіргенге дейін созылады. Шамамен жарты сағат уақыт.
Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі. Шамамен бұл да күн батуға 40-45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта тек сол күннің екінті намазын мәкрүһ түрде оқуға болады.
Бұл үш уақытта ешқандай қаза намазы да, жаназа намазы да оқылмайды. Бұл уақыттарда тиләуат сәждесі де жасалмайды. Тиләуат сәждесін жасай қалған қүнде де, оны кейіннен қайтадан өтеу қажет. Нәпіл намаз оқылса, оны кейіннен өтеуге тиіс емес. Ол мәкрүһ ретінде іске асады. Бірақ кейіннен қазасын өтеу – абзал. Бұл уақытта намаз оқуға салынған тыйым күнге табынғандарға ұқсамау үшін айтылған. Бұл үш уақыт жайлы Уқба ибн Амир әл-Жуһәни (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі үш уақытта бізге намаз оқу мен өлілерімізді жерлеуімізге тыйым салды: Күн шығып көтерілгенге дейін, күн дәл тас төбеге шығып, төмен түсе бастағанға дейін және күн батуға бет алған уақытта».
Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты
•Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: «Таң намазынан бұрын және таң намазы кірген кезде, таң
намазының екі рәкат сүннетінен басқа намаз жоқ»132 делінген. •Таң намазын оқығаннан кейін күн шыққанға дейін; •Екінті намазын оқығаннан кейін күн батқанға дейін; •Ақшам намазының парызынан бұрын;
•Айт намаздарынан бұрын үйде де, мешітте де; •Айт намазынан кейін мешітте;
•Арафат пен Муздәлифәда қосып оқыған екі намаздың арасында;
•Парыз намазының уақыты бітуге шақ қалғанда;
•Парызға тұрып, тәкбір (қамат) айтылып жатқанда оқуға болмайды. Ал таң намазының сүннеті бұлардан тыс. Яғни,
басқа сүннеттерге қарағанда бұл сүннет әлдеқайда маңызды болғаны үшін оқылуы тиіс. Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді:
«Таң намазының екі рәкат сүннеті дүние мен оның ішіндегі
барлық нәрседен артық».133
•Жұма күні имам мінберге шығып құтба оқып, жұма намазы біткенге дейін нәпіл намаз оқуға болмайды. Хадисте:
«Жұма күні имам құтба оқып жатқанда, мұсылман адам
жанындағы адамға тіпті «тыныш» дегенінің өзі қателік»134 делінген.135
•ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
Түнгі уақытты тиімді пайдалану кезіндегі маңызды жайттардың бірі түнгі құлшылық жөнінде арнайы айтып өткенді жөн көрдік. Себебі дініміздің бұл әмірі бүгінде ұмытылып бара жатқан жайы бар. Алайда Ислам мәдениетінің асқақтаған кезеңдерінің өкілдерінің өмірлерінде түнгі құлшылық ойып тұрып орын алған әрі олардың жетістікке жетуіне септігін тигізген жайттардың бірі ретінде тарихта қалған. Бүгінде негізгі түнгі құлшылық тәһәжжуд намазы «Пайғамбарымызға парыз болды, үмбетіне нәпіл» деген желеумен оқылмайтын болды. Иә, фиқыһтық тұрғыдан қарағанда таласы жоқ. Алайда бұл нәпіл намазды «орындаса – сауап, орындамаса – күнә жоқ» деп сипатталатын басқа діни әдептер мен сүннеттермен бір қатарға қою аса дұрыс болмайтынын төмендегі жайттарға назар аударғанда түсіне аламыз.
Ең алдымен, аталмыш сүннет – тікелей Құранның әмірі. Және Құран Кәрімде бұл әмір әртүрлі сүрелер мен аяттарда қайта-қайта айтылып өткен. Бірнеше мысал бере кетсек:
«Сондай-ақ түннің бір бөлігінде Оған сәжде ет һәм түнде ұзақ уақыт Оны («Сен – мінсізсің, кемшіліктен адасың» деп) ұлықта».136
«Ендеше, олардың айтқандарына барынша сабыр ет! Күн шықпай әрі ұясына батпай тұрып Раббыңның кемел әрі мінсіз екенін айтып, жар сал, Оған мақтау айт(ып намаз оқы)! Сондай-ақ түннің кей уақыттарында және күндіздің алғашқы әрі соңғы жартысында Раббыңның кемшілік атаулыдан пәк әрі мінсіз екенін жар сал(ып, құлшылық ет)! Сонда
(Алланың өзіңді разы ететін нығметтеріне бөленіп) көңілің хош болып, жаның жай табады».137
Төмендегі аятта түнде тұрғандардың тұрмағандардан абзалдығы анық айтылады: «(Мұндай бейбақ) түн ішінде Аллаға бас иіп, сәждеге жығылып һәм тікесінен тік тұрып құлшылық еткен, ақыреттен қорқатын және Раббысының шексіз рақымынан үміт ететін (мүмін) адамдай бола ма?!»138
«Сәжде» сүресінде шынайы иман келтіргендердің сипаттары аталғанда «Олар түн ішінде төсектерін тәрк етіп, бір жағынан (Алланың) қаһарынан қорқып, екінші жағынан шексіз мейірімінен үміт еткен күйде Раббыларына жалынып-жалбарынып дұға етеді»139 деп суреттеледі.
Мына бір аятта кітап иелерінің арасындағы түнде құлшылық етушілері мақталады: «Әйтсе де, олардың бәрі бірдей емес. Кітап иелерінің арасында да (өздерің секілді иман етіп) тура жолға түскен қауым бар. Олар түнімен Алланың аяттарын оқып, сәждеге жығылады. Олар Аллаға һәм ақырет күніне кәміл сенеді һәм (ел-жұртты) жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға тырысады. Сондай-ақ қайырлы, игілікті істерде бір-бірімен жарысады. Міне, солар ізгі жандардың қатарында».140
Келесі аятта Алланың уәде еткен сыйларына, азаптан құтылуға және жоғары дәрежеге ие болатын шынайы мүмінді кемелдікке жеткізетін сипаттардың бірі ретінде түнгі құлшылыққа назарымызды аударады: «Раббыларының өздеріне берген сый-сыяпатын қуана-қуана алумен болады. Өйткені олар кезінде (дүниеде) игілікті істер істейтін ізгілікке құштар жандар болатын. Сондай-ақ олар түнде аз ұйықтайтын (және Раббыларына көп құлшылық ететін). Сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтін».141
Екіншіден, Құран Кәрім жоғарыда келтірілгендей түнгі құлшылыққа үндейтін аяттармен шектелмей, оның әдебі жайлы да сөз қозғайды. «Муззәммил» сүресінде бұл мәселе әртүрлі уақытта екі бөлек түскен аяттар арқылы жеткізіледі. Олардың әрқайсысында түнгі құлшылықтың маңызы мен уақыты жайлы сөз қозғалады.
Бірінші уахида түнде құлшылық ету үшін тұруды әмір етеді және «парыз» ретінде тұжырымдалатындай анық айтылады. Екіншісінде түнгі құлшылық деп ақшам мен құптан намаздарын астарлап жеткізгендей болып, мүмкіндігі жоқ жандар үшін жеңілдік ретінде түсінуге жол ашады.
Бұл екі бөлек түскен аяттар мыналар: «Уа, жамылғыға бүркенген (елшім)! Қане, тұр да (ұйықтап тынығуға арналған) аздаған бөлігінен басқа бүкіл түнді құлшылықпен өткіз. Түннің тең жарымын (құлшылықпен өткіз), не болмаса одан аздап қысқартуыңа болады. Яки жарымынан асырып құлшылық етсең де болады. Сондай-ақ мәнеріне келтіріп һәм мағынасына терең үңіле отырып байыппен Құран оқы! Шүбәсіз, Біз саған өте ауыр әрі қасиетті сөз (яғни уахи) түсіреміз. Шүбәсіз, түнгі құлшылықтың (адамның зейініне, жүрегі мен рухына) әсері әлдеқайда күшті, сондай-ақ (түн) оқу, оқылғанды тыңдау һәм түйсініп, көңілге тоқу тұрғысынан өте берекелі (өте тиімді). Ал күндіз атқаратын шаруаң шаш етектен».142
Бірқатар аяттарда білдірілгендей, түнгі құлшылықты Алла Елшісі (с.а.с.) парыз ретінде қабылдаған. Алланың әмірін тура бұйырылғандайорындаған.Көптегенмұсылмандар Пайғамбарының (с.а.с.) ізінен ерген. Тіпті аятта айтылған уақытқа сәйкес келмей қалу қаупінен түнді толықтай құлшылықпен өткізетіндер де кездескен. Бұдан олардың көбінің аяқтары ісіп кететін болған.
Сүренің басында келген бұл әмірді Алла Елшісі (с.а.с.) мен басқа мұсылмандар қалай түсінгенін және қалай орындағанын
баяндайтын әрі мәселені жан-жақты түсіндіретін келесі бір аятқа назар аударайық:
«Раббың кейде түннің үштен екісіне жуығын, кейде тең жарымын, кей кездері үштен бір бөлігін құлшылықпен өткізетініңді, сондай-ақ қасыңдағы кейбір мүміндердің де солай істейтінін, сөзсіз, біледі. Түн мен күнді жаратып, екеуінің мерзімін белгілейтін бір Алла. (Уа, мүміндер!) Алла, сендердің түнгі құлшылықты қаза қылмастан өтей алмайтындарыңды білгендіктен, сендерге шарапаты мен мейірімін төгіп, кеңшілік һәм жеңілдік жасады. Ендігі жерде, түнгі құлшылықты Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқып өтеңдер. Араларыңда науқастардың болатынын, кейбіреулеріңнің Алланың шексіз шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтынын, ендібіреулердің Алла жолында жаугершілікке шығып, бел шешпей жортуылдап жүретінін Алла біледі. Ендеше, Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқыңдар. Алайда қандай жағдайда болмасын, намазды кемеліне келтіріп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар. Зекетті толық беріңдер, сонымен қатар, (мал-дүнилеріңнің бір бөлігін Алла разылығы үшін дін жолында және мұқтаждарға жұмсау арқылы) Аллаға көркем қарыз беріңдер».143
Риуаяттарға қарағанда, мына ең соңғы келтірілген аят сүренің басындағы түнгі құлшылықты әмір еткен аяттардан кейін 8 айдан 10 жылға дейінгі аралықтағы біршама уақыт өткен соң түскен. Мұнда түнгі құлшылық мәселесінде бірқатар жеңілдіктер берілген. Әсіресе, аурулар, адал ризық-несібе іздеп жұмыс істейтіндер, жиһадқа шыққандар секілді себепті жандар түнгі құлшылықтан (тәһәжжуд намазы) босатылуда. Ғалымдардың аятқа қатысты түсіндірмелеріне қысқаша тоқтала
кетпекпіз:
Түнгі құлшылық алғашқыда Пайғамбарымызға нақты әмір етілген. Бір топ мұсылмандар да Алла Елшісінің ізінен
еріп, әмір ретінде қабылдап, орындаған.
Бұл әмір кейіннен толығымен үкімін жоймағанымен, бірқатар жеңілдіктер берілген. Нәпіл намаз саналып, мүмкіндігі болмаған жандар босатылған.
Түнгі құлшылықтың төмендегідей пайдаларын айтуға болады:
•Түнде құлшылық жасаған әлдеқайда әсерлі болады.
•Түнде тұрып құлшылық жасау ертеңгі күнгі ауыр жұмыстарды ойдағыдай орындауға дайындық іспетті
болады.
Құран Кәрім қияметке дейін келетін барлық адамдарға түсірілгендіктен, қазіргі күннің мұсылмандары да бұл түнгі құлшылықты орындауды жалғастырғаны абзал.
Пайғамбарымыздың сүннетін орындау дінде жоғары мәртебе саналғандықтан, бұл мәртебеге қол жеткізгісі келген мүміндер үшін түнгі құлшылық аса маңызды. Әрбір көкірегі ояу мүмін үшін ең биік мәртебе саналған «Алланың махаббаты мен разылығына қол жеткізу» мақсатына жету жолын Алла Тағала Құранда сүннетті орындауменбайланыстырған:«(Уа,Мұхаммед!
Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла Тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», –
деп айт».144
Ауыр әрі жауапкершілігі мол міндет саналған дінді жаю ісіне өзін арнаған жандар үшін түнгі құлшылықтың орны тіпті ерекше болуы қажет. Аяттан көргеніміздей, Алла Елшісі (с.а.с.) «алып жүруі ауыр уахиге», діни міндетіне дайындық мақсатында түнгі құлшылыққа бұйырылған. Дін жолында жүруді мақсат тұтқан жандар дәл Пайғамбарымыз (с.а.с.) секілді бұл шартты орындап, өзін тәртіпке салып, міндетіне дайындалуы қажет.
Түнгі құлшылық тәһәжжуд намазы мен Құран оқуды білдіргенімен, ол уақытта Аллаға жақындата түсетін басқа да амалдарды орындауға, әсіресе ғылыми зерттеулермен
айналысуға әбден болады. Кейінгі тарауларда да айта кететініміздей, артынан көптеген еңбектер қалдырған үлкен ғалымдарымыз түнде құлшылық етумен бірге білім алып, зерттеулер жасап өткізгенін көруге болады.
Түнгі құлшылықтың уақыты
Құран аяттарының түсіндіру жолынан ғалымдар түнгі құлшылықтың уақытын төмендегідей бөліп қарастырған:
Түннің жартысы, Төрттен үші, Үштен екісі, Төрттен бірі.
Бұл уақыт мөлшеріндегі ең үлкен айырмашылық көбіне жыл
мезгілдеріне немесе географиялық жағдайларға қарай әрдайым өзгеріп отыратын күндіз бен түннің арасындағы ұзақтыққа байланысты болмақ. Адамның өмір сүру шарттарының өзгеруі де назарға алынуы қажет жайттардың бірі саналады.
Жалпы түсінік қалыптастыру үшін белгілі бір мекенде жылдың ең ұзақ түні мен ең қысқа түнін алып, есептеп көрсетуге болады. Ең ұзақ ояу болу уақытын ең ұзақ түнмен, ең қысқа ояу болу уақытын ең қысқа түнмен алып қарастырайық:
Жылдың ең ұзақ түні (Алматы қаласы бойынша) желтоқсан айының 22-жұлдызында 13 сағат 32 минутты құрайды. Оның төрттен үші – 10 сағат 9 минут. Олай болса, демалыс пен ұйқыға 3 сағат 23 минут қалады.
Жылдың ең қысқа түні маусым айының 22-жұлдызында 6 сағат 44 минутқа созылады. Мұның төрттен бірі – 1 сағат 41 минут. Бұл жағдайда ұйқыға бөлінген уақыт – 5 сағат 3 минут.
Бұл есептеулер түн ең ұзақ болған мезгілдегі ең азы қанша уақыт демалысқа бөліп, ең көбі қанша уақыт түнгі құлшылықпен айналыса алатынымызды көрсетуде. Мұнда есептелген құлшылыққа арналған уақытты түннің үштен екі немесе төрттен бір бөлігіне дейін қысқартуға болады. Мұнда
уақыт күн батқаннан бастап есептелгендіктен парыз болған ақшам мен құптан намаздары да осы уақыттың ішіне кіреді. Одан кейін әрбір адамның жеке қалауы мен мүмкіндігі бойынша, түнде тұрып оқылатын тәһәжжуд намазы мен басқа да түнгі құлшылықтарды атқаруға болады.
Түнде тұрудағы мақсат
Түнде ең алдымен құлшылық ету үшін тұру қажет. Яғни, намаз бен Құран оқу үшін. Түнде тұруды араб тілінде «қиямул-ләйл» тіркесімен атайды. «Қиям» сөзі Құранда кейбір жерде намазды білдіру үшін қолданылған.145 Олай болса, мағынасы түнгі намаз дегенге саяды.
Алайда бұл сөзде тек қана ғибадат мағынасымен шектеуге де болмайды. Мына төмендегі аятта сәжде мен қиям бірге айтылады:
«Сондай-ақ, олар түннің бір бөлігін Раббыларына сәжде етумен әрі қиямда тік тұрып өткізетін жандар».146 Мұндағы «сәжде» сөзі намазды білдірсе, «қиям» сөзі «ояу болу» сияқты одан басқа да мағынаға келетінін айтқан ғалымдар бар. Олай болса, түнде тұрған адам намаз бен Құран оқумен қатар ғылыми зерттеулермен де айналыса алады. Бұхари осы мәселеге дәлел болатын риуаяттарды жинақтап, түнде іліммен айналысу тақырыбына екі бөлім арнаған.147
Әзірет Омардан (р.а.) келген бір риуаяттан оның түнде іліммен шұғылдануды намазға теңестіріп, оған көп көңіл бөлгендігін көреміз.148
Бірқатар ғалымдар бұл риуаяттан «Ілім алу үшін түнде ояу болу нәпіл намаз оқу үшін оянғанмен тең бола алады» деген үкім шығарған.149
Тек Алла Елшісі (с.а.с.) мен оның асхабы ғана емес, артынан қалдырған еңбектері арқылы тарихта аттары мәңгі қалған белді Ислам ғалымдары түндерін үшке бөлген:
Демалыс, Ғибадат, Ілім алу.
Ілім алу бөліміне көбірек уақыт бөлген бұл ұстанымды
түсіндіру үшін белгілі хадис ғалымы табиғин Мухаммед ибн Шихабиз-Зухри жайында айта кетуге болады. Ол күнделікті ұстазынан жаңадан үйренген мәліметтерді кейінге қалдырмай есте сақтап қалу үшін қалайда сол түні қайталап шығатын болған. Бұл әрекеті жаңадан алған білімін барынша дұрыс әрі толық үйреніп алуына септігін тигізетін.
Әз-Зухри (124/741 ж.қ.б.) күндіз ұстазынан жаңадан естіген хадистерін түнде үйіне барғанда әйеліне айтып беріп, қайталайтын. Бір күні үйіне әдеттегіден кеш оралғандықтан, әйелі ұйықтап қалған болады. Сонда да әйелін оятып: «Маған пәленше риуаят етті, оған түгенше риуаят еткен, ал оның Пайғамбардан естуі бойынша былай деген» деп хадисті енді жатқа айта бастағанында көзін әрең ашып, уқалап отырған әйелі «Бұл риуаяттан маған не пайда?» деп наразылығын білдіреді. Сонда Әз-Зухри былай деп жауап берді: «Білемін, бұл сенің қажетіңе жарай қоймас, алайда бұл хадисті бүгін бірінші рет естідім, біреуге айтып беріп, қайталауым қажет».150 Ілім алу уақытын түннің соңғы бөлігіне, яғни сәресі уақытына сәйкестендіру кеңес етіледі. Себебі былай делінген: «Түннің соңғы бөлігінде адамның ұйқысы ашылады. Себебі ол уақыт – міндеттер мен жақсылықтардың бөлінетін уақыты. Бір топтың нәсібі аз, бір топтікі көп болады, ал бір топ тіптен
мақұрым қалады».151
Түнгі құлшылық және отбасы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) уақыт мәселесінде адамға тағы бір жауапкершілік жүктейді: мүмін адам уақыт мәселесінде жеке басының істерін ғана жоспарлауы жеткіліксіз. Бұл мәселені
отбасына да түсіндіруі қажет, уақытқа қатысты пайдалы әдеттерді олардың да бойына сіңіруіне жағдай жасауы керек. Бұл жөнінде Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде түнде құлшылық үшін тұруға байланысты Дәуіт пайғамбардың (а.с.) мысалын келтіреді: «Алланың пайғамбары Дәуіттің түнде отбасын оятатын уақыты бар болатын. Ол уақытта отбасын оятып, былай дейтін: Уа, Дәуіттің отбасы, тұрыңдар да, намаз оқыңдар. Себебі бұл уақытта Алла сиқыршы мен үшір алушыдан басқаның барлығының дұғасын қабыл алады».152
Пайғамбардың (с.а.с.) Рамазанның соңғы он күнінде отбасын түнгі құлшылыққа тұрғызғанын Айша анамыз (р.а.) риуаят еткен.153
Алла Елшісі (с.а.с.) отбасында әйелі не ерінің бірі тұрған кезінде екіншісін де түнгі құлшылыққа оятуына да
талпындырған: «Түнде ұйқысынан тұрып намаз оқыған және әйелін оятқан, егер де, ол тұрмаса бетіне су сепкен адамға Алла рақым етсін! Түнде ұйқысынан тұрып намаз оқыған және күйеуін оятқан, егер де ол тұрмаса бетіне су сепкен әйелге Алла рақым
етсін!»154
Риуаяттардан түнде құлшылыққа тек ері мен әйелі бір-бірін оятумен ғана шектелмеу керектігін көреміз. Себебі Алла Елшісі (с.а.с.) күйеу баласы болған Әлидің үйіне барып, есігін қағып, оны және қызы Фатиманы оятып, намаз оқуларын бұйыратын.155
Бұл әрекеті тұрақты түрде қайталанбағанымен, Алла Елшісі (с.а.с.) мұнысымен түнгі құлшылықтың орны мен оған басқаларды да құлшындырудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп кеткен.
Неліктен түнгі құлшылыққа мән берілген?
Жоғарыда келтірілген аяттар мен хадистерден екі жайтқа назар аудара аламыз:
Түнгі уақытқа қатысты аяттар күндізгі уақытқа қатысты аяттардан саны жағынан әлдеқайда көп: «ләйл», яғни түн сөзі 92 рет, «нәһәр», яғни күндіз сөзі 57 рет келеді.
Түнде тұрып құлшылық етуге байланысты әмір Пайғамбарымызға пайғамбарлықтың алғашқы кезеңдерінде түскен. Яғни, түнгі уақытты жоспарлауға байланысты және түннің төрттен үш бөлігіне дейінгі ұзақ уақытын ояу өткізуді әмір еткен «Муззәммил» сүресі түсу реті бойынша 3-сүре болып табылады. Демек, алғашқы иләһи әмірлердің бірі түнгі уақытты жоспарлау мен тиімді пайдалану болған. Ал күндізгі уақытты жоспарлау мәселесін мұншалықты айтып өткен аят түспеген.
Бұл жайтты түннің адам өміріндегі маңызымен түсіндіруге болады. Жетістікке жету жолында да, жеңіліс тапқанда да адамға өмір бойы әсер ететін жайттардың бірі – түнгі уақыты. Түн адам өмірінің жартысына тең болғандықтан, оған бей-жай қарап, ғапылдыққа түсу қаупі бар.
Сонымен қатар Алла Тағала Құранда анық білдіргендей, түнде іліммен шұғылдану, пікірлеу, ғибадат жасау анағұрлым сауапты әрі әсерлі болмақ.
Иләһи әмірмен түнгі уақытын жоспарлап, дұрыс өткізген жан күндізгі уақытын да барынша тиімді пайдаланады деген сөз. Себебі түнгі уақытты тиімді өткізу асқан ерік-жігер мен күшті талап етеді. Құдды бір қиын істі бағындырған адамға жеңілін атқару қаншалықты оңай болатын болса, түнгі уақытын дұрыс пайдаланған жан күндізгі уақытынан құр қалмасы анық.
Осы хикметке сай былай деуге болады: пайғамбарлықтың бастапқы кезеңінде-ақ Алла Тағала Пайғамбарға уақытын тиімді пайдалануды үйрету үшін қиямул-ләйлді әмір еткен.
Пайғамбарымыздың адам нанғысыз жетістігінде түнгі уақытын жоспарлы қолданып, құлшылықпен өткізуінің пайдасын көрмеу мүмкін бе?!
Сондықтан ақыретте жетістікке жетуді қалаған немесе Исламның қайта жандануы үшін тер төгуге бел буған жандар
Алла Тағаланың құзырында соншалықты әсерлі болған түнгі құлшылыққа құлшына бет бұруы керек емес пе?!
•ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
Жылдық және апталық демалыс күндері болғаны секілді күнделікті тынығу уақыты да болатыны белгілі. Құран Кәрімде күндізгі уақыт толықтай жұмыс істеп ризық табуға арналғандығы айтылған аяттардың болғанына қарамастан, басқа бір аятта түскі уақытты тынығу уақыты ретінде сипаттайды.156 Олай болса, күнделікті тынығу уақыты дініміздің басты қайнар көзі Құранда да орын алғанын көре аламыз.
Демалыс пен тынығуға қажеттілік
Алдымен дініміздің мереке мен демалыс түсінігі қате ұғынылмауы үшін Исламда адамның шаршайтындығын ескеріп, тынығуға қажеттілігін қабылдайтынын айта кету қажет. Алла
Елшісі (с.а.с.) «Жүректі ара-арасында тынықтырып тұрыңдар»157 деген болатын.
Бір мәртесінде саңлақ сахабалардан Ханзала мен Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Ханзала мұнафық болды. Сенің жаныңда сезінгенімді сырт жүргенде сезе алмаймын, дүниелік істерге араласқанда сенің қасыңдағы толайым күшті сақтап қала алмаймын», – деп өкінішпен мұңын
шағады. «Бірде бұлай, бірде олай... – деп, пендеге тән құбылма мінезге түсіністікпен қараған Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сөзін жалғап былай дейді: – Егер үнемі менің жанымдағыдай және ғибадат үстіндегідей қалыптарыңды сақтай алсаңдар,
періштелер жолдарыңа қанаттарын төсеп, тіпті сендермен қол
алысып амандасар еді».158
Бұл хадис адам баласының пайдалы іс болған күннің өзінде, ешқашан бір жұмыспен үздіксіз айналыса алмайтындығын, қалайда шаршап-шалдығатындығын ескертіп отыр. Әзірет Әлидің де «Жүректеріңді демалдырыңдар, ол да тәндерің секілді шаршайды»159 дегені бар.
Жан тыныштығына арналған уақыт
Мүлгіген тыныштықта жалғыз өзіңіз өткізетін уақыт сіздің өміріңізде маңызды орын алады. Бұл ерекше кезеңді рухани дамуға, Жаратқан мен жаратылыс жайлы ой жүгіртуге арнау қажет. Мұндай кезеңдердің тұрақты түрде өміріңізде орын алуының көмегімен сіз өз өміріңізді түбегейлі өзгерте аласыз.
Қай заманда болмасын, адам баласының ең үлкен мұраты жан тыныштығына қол жеткізу болатын. Барлық діндердің басты мақсаты адамдарға жол көрсету арқылы рухани тыныштық пен бақыттың шыңына шығуға жағдай жасауға келіп тіреледі. Дәл сол секілді саф алтындай таза болған ата дініміз де адам рухының осы қажеттілігіне баса мән береді. Тіпті құлшылықтар соған негізделген десе де болады. Құлшылық ету арқылы Алламен оңаша қалып, оған жақындай түсіп, рух өз қалауына жетіп, жүрек орнығып, көңіл жай тауып, жан тынышталмақ.
Пайғамбарымыздың тек қана Алламен байланысқа арнаған уақыты болатын. Пайғамбарлыққа дейін де Хира үңгіріне барып, оңашаланып, Жаратқанмен байланыс құратын болған. Пайғамбарлықтан кейін өзіне міндет болған түнгі ғибадат уақытында барлығы ұйқыда болған мүлгіген тыныштық кезеңде
Алла Тағалаға құлшылығын жасап, дұғасын айтып жалбарынып, байланыстың жібін мықтай түскен.
Тақуа әрі ғалым әйелдерден болған Рабия Адауия түнгі құлшылыққа тұрып, Жаратқанға былай деп тіл қататын: «Барлық жан баласы өзінің сүйіктісінің жанында тәтті ұйқыда жатыр. Ал мен өзімнің сүйіктім болған Саған келдім, Сенімен оңаша болуды қаладым». Осылайша Алламен байланысқа уақытын арнап, жан тыныштығына кенелетін.
Демалу мен тынығудың жолы, уақыты мен орны
«Ислам уақытты бос өткізуді құптамайды» дегенді демалуға толықтай қарсылық ретінде түсінбеу қажет. Қасиетті Құран Кәрімде демалу мен тынығу тақырыбы арнайы тілге тиек етілген. Тіпті ең абзал демалыстың қайда, қай уақытта, қалай болатындығы да баяндалған.
Құран Кәрімде де айтылғандай, демалудың ең тиімді жолы – ұйқы. Ұйқының демалу мен тынығу жолы екендігін төмендегі аят былай баяндайды: «Ол Алла сендер үшін түнді жамылғы, ұйқыны тынығу, ал күндізді ұйқыдан оянатын әрі жан-жаққа тарап, тіршілік ететін уақыт қылды».160 Құран Кәрімде де көрсетілгендей, адам денесінің тынығуы үшін басқа көңіл көтеру, демалу жолдарынан гөрі ұйқының әсерлірек әрі пайдалырақ екендігін көре аламыз.
Алла Тағала Құранның көптеген аяттарында демалатын уақыттың түнгі мезгіл екендігін көрсеткен. Солардың мысалы ретінде төмендегі екі аятқа назар аудара аламыз: «Тынығып дамылдауларың үшін түнді, айналаны еркін көріп,
тіршілік
жаратқан
етулерің үшін
Алла».161 «Ол
күндізді жарық қылып
сендерге деген шексіз
рақымымен бірінде дамылдап, тынығуларың, енді бірінде тіршілік етіп, Өзінің кеңшілігінен несібелеріңді
табуларың үшін һәм Өзіне әрдайым шүкіршілік етерсіңдер деп түн мен күндізді жаратты».162
Сонымен қатар Құранды адамзатқа барлық тұсынан жол көрсетуші етіп түсірген Ұлы Жаратушымыз демалудың орнын да атап көрсеткен: «Алла сендерге (өздерің әрі малдарың үшін) тұратын әрі тынығып дамылдайтын үйлер (қора-жайлар) салуды нәсіп етті».163
Олай болса, толыққанды демалудың орны – үй, уақыты – түн, жолы – ұйқы арқылы болмақ.
Түнгі және күндізгі ұйқылар
Жоғарыда келтірілген аятта демалудың жолы ұйқы екендігі көрсетілгенімен, ұйқының уақыты айтылмайды. Адам болмысына және әдетіне қарай түнгі мезгіл ұйқының уақыты ретінде қалыптасқан. Ал Құранда олай «күндізді тіршілік ететін уақыт» ретінде сипаттағанымен, «түн – ұйқы уақыты» деп айтылмаған. Тіпті бір аятта «Түнгі және күндізгі ұйқыларың әрі Оның кеңшілігінен ризық-несібелеріңді табуларың да Оның айқын дәлелдердің бірі»164 делінген.
Бұл аяттан күндіз ұйықтауға болатындығы көрінгеніндей, түнде де тіршілік етіп ризық-несібе табуға болатындығы айқын айтылады.
Бүгінгі күні ауысыммен жұмыс істеушілердің жұмыс тәртібіне назар аударатын болсақ, осы жайттың іс жүзінде көрініс тапқанына куә боламыз. Құран Кәрімде жоғарыда аталған жайтқа қаншалықты мән берілгенін түскі ұйқы жайлы сөз қозғалған аят арқылы көз жеткізе түсеміз. «Нұр» сүресінде келген бұл аятта демалу мезгілі ретінде әрі ұйқы үшін күндіз бір ауық уақыт бөлудің маңыздылығы баяндалады: «Уа, иман еткендер!Қоластыларыңдағықұлдарыңмен қызметшілерің һәм араларыңдағы балиғатқа толмаған жас балалар мына үш мезгілде жеке бөлмелеріңе кіру үшін рұқсат сұрасын: Таң намазының алдында, түскі уақытта тынығып алу үшін киімдеріңді шешкендеріңде және құптан намазынан кейін. Міне, осы үш мезгіл
сендердің ұятты (яғни, абиырларыңның ашылып қалуы әбден мүмкін болған) шақтарың. Ал бұдан өзге уақыттарда сендер үшін де, олар үшін де бір-біріңе рұқсатсыз кіріп-шығудың айыбы жоқ».
Аятта түскі уақыт тынығып алу үшін ұйықтауға арналған мезгіл екендігі ишарат етілген. Мұны «қайлулә» деп атайды. Алла Елшісі (с.а.с.) түнгі құлшылыққа тұруды жеңілдететіндіктен, бұл ұйқыға аса мән берген. Риуаяттарға назар аударар болсақ, Алла Елшісі (с.а.с.) көбіне бесін намазынан соң, жаздың ыстық күндерінде бесін намазының алдында,165 жұма күндері жұма намазынан кейін166 ұйықтағандығы белгілі болады.
Бұл тақырыпта кездесетін Құран мен хадистен алынған мәліметтер мен Алла Елшісінің сүннеті бізге бірқатар жайттың басын ашып береді.
Түнде түнгі құлшылық арқылы түнгі уақытты тиімді пайдалану қажет болғанындай, күндіз қайлулә ұйқысы арқылы тынығуға да уақыт бөлген жөн. Қайлулә әсіресе ауа райы ыстық болатын мезгілдерде аса маңызды. Өмірдің барынша пайдалы өтуіне септігін тигізе алады.
Аталған жайттың Құранда да сөз етілгеніне қарағанда, күндізгі ұйқының жан-жақты (денсаулық, жұмысқа қабілеттілік, уақытты тиімді пайдалану, отбасымен қарым-қатынас, тәрбие, т.б.) пайдалары бар екендігі айқындала түседі.
Түнгі ұйқы
Пайғамбар (с.а.с.) түннің бірінші бөлігінде құптан намазынан кейін ұйықтаушы еді. Құптаннан бұрын ұйықтағанды ұнатпайтын. Сосын түннің екінші бөлігінде тұрып намаз оқитын, одан кейін қайта жататын. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
«Алла Тағалаға ең ұнамды намаз – Дәуіт пайғамбардың намазы. Алла Тағалаға ең ұнамды ораза – Дәуіт пайғамбардың оразасы. Ол (Дәуіт пайғамбар) түннің жартысына дейін ұйықтап, үштен бірінде құлшылық жасайтын да сосын алтыдан бірінде қайта ұйықтайтын. Және бір күн ораза ұстаса, бір күн ұстамайтын»167 деген.
Хадисте айтылған Пайғамбарымыздың ұйықтауы мен ұйқыдан тұру әдетіне зер салсақ, дененің демалуына, ағзаның тыныстауына және күш-қуат жинауға ең тиімді әдіс екенін аңғарамыз. Сондықтан біз де сүннетті үлгі ете отырып, құптан намазын оқып бірден ерте жатуға дағдыланғанымыз абзал. Бұл сергектікпен қатар мол сауапқа кенелтеді.
Қайлулә ұйқысы
Күндіз Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұйықтап алатындығын жоғарыда айтып өттік. Қайлулә – күн тал түстен ауысқан шақ. Қайлулә ұйқысының пайдасы мен мөлшері жайында төмендегі тұжырым бірқатар мәлімет береді:
«Бұл ұйқы (қайлулә) әрі өмірді, әрі ризықты берекелі етуге себеп болады. Себебі жарты сағат қайлулә ұйқысы екі сағаттық түнгі ұйқыға пара-пар. Демек, адам өміріне күн сайын бір жарым сағат уақыт қосып отыр. Әрі өлімнің кіші бауыры атанған ұйқыдан бір жарым сағат ұрлап алып, ризық-несібе табу үшін жұмыс істейтін уақытына қосып беріп отыр».168
Алла Елшісінің мына бір хадисінен бұл ұйқының тағы бір
маңызы мен қажеттілігін байқаймыз:«Ораза ұстау үшін сәресіден қуат алыңдар. Ал тәһәжжуд намазына тұру үшін түскі ұйқыдан күш
алыңдар (қайлулә)».169
Сонымен қатар ғалымдар басқа да аяттарға назар аудара отырып, қайлуләны тек қана ұйқы ретінде түсінбеу керектігін де атап өткен: «адам ұйықтамаса да, күндізгі ыстық шегіне жеткен уақытта, күннің тас төбеден ауған шағында бір ауық тынығу қайлулә болып саналады».170
Ұнамсыз ұйқы
Таң атқан соң күн найза бойы көтерілгенше ұйықтаудың сергектікке, ас қорыту, жүрек пен жүйке жұмысына және басқа да денсаулыққа кері әсерлері бар. Бұл – дүние және ақырет ісінен шалғытатын ұйқы. Сонымен қатар күнмен таласып ұйықтаудың зияны жайлы да ескертілген. Ғалым
сахаба Абдулла бин Аббастың (р.а.) баласының таңертең ұйықтап жатқанын көріп «Тұр, ризық-несібе бөліп беріліп
жатқан уақытта ұйықтағаның не?!» деуі Алла Елшісінің таңғы уақыттың берекеге себеп болатынын айтып, дұға еткендігін білгеніне орай ескертуі екенін көре аламыз.171
«Екінтіден кейін ұйықтап, мазасыздық сезген адам өзінен
көрсін»172 деген хадиске қарағанда екінтінің соңғы уақытынан ақшам намазына дейін күн батуға бет алған шақта ұйықтаудың да ұнамсыз екендігін байқаймыз. Бұл уақытта ұйықтаған жан оянған кезінде не болып жатқанын, күннің қай уақыты екенін ұғына алмай, дел-сал болып тұрады. Қазақ халқы да осындай хадистерден тәлім ала отырып, «бейуақта ұйықтама» деп бұл уақытта ұйықтаудан тыйған.
Сонымен, күн шығып жатқанда және батып жатқанда ұйықтау – зиянды әрі адам табиғатына жат, ұйықтап тұрған адамды мең-зең қылатын жағымсыз құпталмаған ұйқының түрі.
Аз ұйқы
Тақырыбымызға қатысты мәселелердің бірі – аз ұйықтаудың кеңес етілуі. Алла Елшісі (с.а.с.) бірқатар хадистерінде аз
ұйықтау керектігін ескертіп өтеді: «Адам ұйықтағанда шайтан оның желкесіне үш түйін байлап: «Түн ұзақ, ұйықта», – дейді. Егер адам ұйқыдан оянып Алланы есіне алса, бір түйіні шешіледі. Тұрып дәрет алғанда екіншісі, намаз оқығанда үшіншісі шешіліп, адам таңертең сергек тұрады әрі жақсылыққа қол жеткізеді. Керісінше жағдайда адамның еңсесі түсіп, солғын жүреді және
жақсылықтан мақұрым қалады».173
Алла Елшісі (с.а.с.) таңға дейін ұйықтап жатқан бір адам
туралы айтылғанда «Шайтан оның құлағына дәрет сындырып
кеткен»174 деген. Сонымен қатар әзірет Сүлейменге (а.с.) анасының мынадай насихат айтқаны жеткізіледі: «Балам, түнде көп ұйықтама, себебі көп ұйқы қиямет күні адамды кедей қылады».175
Дініміздің ұстанымы мен өсиеті саналатын төмендегі үш жайтқа әрдайым да назар аударуымыз қажет болмақ: аз тамақтану, аз ұйықтау, аз сөйлеу. Бізден бұрын өткен ізгі жандар тіпті халал шеңберінде болса да, осыларды барынша азайтуға тырысатын болған.
Осыншалық білімге қалай қол жеткіздіңіз?
Өз дәуірінің ең үлкен имамы болғандықтан, Нұғман ибн Сәбитті халық «Имам Ағзам» деп атап кеткен. Ол ақылды, парасатты, кемел ойдың иесі еді. Терең білімі мен тақуалығы жан дүниесін байытып, айналасына сәуле шашқан шамшырақтай болатын. Жан-жақтан шәкірттер ағылып келіп, ұлы ғалымнан сабақ алуға тырысатын. Атағы мен абыройы мұсылман елдердің бәріне тарап, сол кезеңнің үлкен ғалымдары да оның білімін мойындап жатты. Бір күні халық «Осыншалық білімге қалай қол жеткіздіңіз?» – деп сұрағанда, Имам Ағзам былай деп жауап берген екен: «Төрт нәрсе арқылы: әуелі кездескен қиындықтарға есекше шыдамдылық таныттым, ғалымдардың артынан бір елі қалмай итше ерумен болдым, мысықтар секілді білім табалдырығының айналасынан шықпадым, соңғысы таңға дейін қарғаларша көз ілмедім». Атақты имам жауабында бір жағынан терең білімге қалай қол жеткізгенін айтса, екінші жағынан өзін осы жануарларға теңеп, қарапайымдылығын көрсеткен еді. Иә, білімге қол жеткізу үшін өте маңызды төрт қасиет керек-ақ: сабыр, білімділерге үйірсектік, табандылық және аз ұйықтау.
Дұрыс емес ұйқы адам денсаулығына зиянды
Әлеуметтік жағдайы орташа және кедейлікте ғұмыр кешіп жүрген жандар өз-өздеріне қиянат жасауда. Олар ұзақ уақыт жұмыс істегенімен қоймай, кешқұрым үйіне оралғанда 5-7 сағаттап теледидардың алдында телміріп отырады. Көздері көк жәшікке қараудан шаршағанда ғана ұйқыға жатып, 5-6 сағат қана демалады, одан кейін тұра салып қайтадан теледидар қосады.
Толыққанды демалмағандықтан, олар жұмыста уақытын босқа өткізеді және ұйықтап қалмау үшін құрамы кофеинге толы кофе мен энергетикалық сусындарға жүгінеді. Ағзасына қосымша қуат қажет болғандықтан, адамдар шамадан тыс тамақтанатын болады.
Орта сыныптағы адамдар бар күшін салып сирек жұмыс атқарады және өз мүмкіндіктерін толық пайдаланбайды. Себебі олар оған жетпей шаршап қала береді.176
Ұйқының тиімділігі үшін:
•Ұйқының бір қалыптылығы. Күнділікті бір уақытта ұйқыға жатып, бір уақытта ояну. Адам ағзасы осылай бір қалыпты әрекет етуге дағдыланып, ұйқыға кету мен ояну оңай болады.
•Ұйқының ұзақтығының оңтайлылығы. Өзіңіз үшін ең дұрыс ұйқы ұзақтығын белгілеп алыңыз.
•Ұйықтауға ыңғайлану. Тезірек ұйқыға кететін жолдарды қарастырыңыз.
•Дұрыс ояну. Ұйқыдан ояну үдерісін жүйелеу қажет: мысалы, әртүрлі қоңыраулар қою арқылы.
Қанша уақыт ұйықтау керек?
Бұл сұраққа Құран Кәрімде де, хадисте де нақты әмірлер мен кеңестер табу мүмкін емес.
Бүгінгі күнгі медицина ғылымдары ең азы бес сағат, ең көбі сегіз сағат арасында ұйықтаған жөн екендігін айтады. Алайда нақты мөлшерін белгілеп беруден тартынады. Себебі бұл адамның жасына, денсаулығына, қызметіне және әлеуметтік жағдайына байланысты. Бірқатар зерттеулердің нәтижесінде адамның тамақтану тәртібі мен ұйқы мөлшері арасында тікелей байланыс бар екендігін алға тартады. Көп тамақ жеген көп ұйықтау қажеттілігін сезінеді. Алайда екеуі де адамға айтарлықтай зиянын тигізері сөзсіз. Күннің ыстық болуы мен ауа райының өзгеруі ұйқы мөлшеріне әсер ететіндігі секілді, адамның қалыптасқан әдеті мен ерік-жігері
демалуға арналған уақыттың азайып-көбеюіне өз әсерін тигізеді.
Қай уақытта ояну қажет?
Жаратылыста біздің тағдырымыз бен әл-ауқатымызға, қуатымызға қатысты заңдылықтар бар, бұл адамның ұйқыдан тұру уақытына тікелей тәуелді. Ақыл мен біздің ағзамыздың өмірлік тонусы біздің ұйқыдан тұру уақытымызбен жүйелі байланысты құрайды. Сондықтан біз аталмыш қарым-қатынас мәселелерін егжей-тегжейлі талқылаймыз.
Түнгі сағат 2-3 кезі
Егер адамның дені сау болып, психикалық тұрғыдан ешқандай қиындығы болмаса, әрі түнгі сағат 2-3 кезінде тұра алса, ол өзін-өзі тану жолында көп қабілеттілік танытады. Осы уақытта күн белсенділігі әлі де өте әлсіз, ал ай біздің санамызға жұмыс жалғастыруда жеткілікті күшке ие болады. Нәтижесінде ақыл бейбітшілік пен тыныштық күйге енеді. Мұндай таңертеңгі уақыт Алла Тағаланы еске алып, құлшылық жасауға өте тиімді рухани сәт болып саналады (тәһәжжуд намазының уақыты).
Таңғы сағат 3-4 кезі
Таңғы сағат 3-4 кезінде тұрған адам өзінің рухани табиғатын дамыту мен түсіну үшін қажетті күш-қуатты жинақтай алады. Бұл уақытта тұрған кезде рухани тәжірибемен айналысу ұсынылады. Аталмыш таңғы уақыт тек осы мақсаттарға арналған. Осы кестені ұстанған адамдар мен күн сайын таңертеңгі намазды оқитын адамдарды үлкен тосын сый күтіп тұрады, бұл кезеңде адам жан дүниесінің терең құпиялары ашылады.
Айтылған сырдың жалғыз шарты – олар рухани адамдармен көбірек қарым-қатынас жасауға тырысуы керек және ар-ұждандары күнәмен ластанған адамдармен қатынасты мүлдем азайтуы шарт.
Таңғы сағат 4 пен 5 кезі
Егер адам әрбір күнін таңғы сағат 4 пен 5-тен бастаса, оптимист болуға өте қабілетті келеді. Дәл осы уақытта жер әлемі оптимистік күйге енеді. Барлық әнші құстар тыныштық әлемінде тербеліп, түрлі дауыспен құбылтып, ән салуды бастайды. Мұндай уақытта белсенділік танытып, оянған адамдардан жақсы ақындар, дарынды адамдар, сондай-ақ жай ғана оптимист адамдар шығуы мүмкін.
Таңертең ерте тұру адам жанына әрқашан қуаныш сезімін сыйлайды. Айтылған уақыт сондай-ақ әлі де белсенді қызмет үшін арналмаған. Алайда осындай рухани сәттердегі уақыт аралығында тұрып, діни кітап оқып, ғибадат етуге әрі барша адамзат үшін дұға тілеуге болады.
Таңғы сағат 5 пен 6 кезі
Таңғы сағат 5 пен 6 кезінде ұйқыдан тұратын адамдар өте сергек болып, һәм өмір бойы батыл болуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар кез келген ауруды жеңуге жеткілікті күшке ие болады. Сіз таңғы сәтте рухани тәжірибемен айналысуды жалғастыра аласыз. Ең маңыздысы – Құран, хадистер мен дұғаларды жаттауға немесе кейбір тиісті ақпаратты есте сақтауға мүмкіндік туады. Осы уақытта күн мен ай да әлі белсенді емес, сондықтан ақыл кез келген ақпаратты қабылдауға өте сезімтал және жадында сақтауға бейім келеді.
Таңғы сағат 6 мен 7 кезі
Егер кімде-кім 6-дан 7-ге дейінгі уақытта оянса, күннің шығуынан кейін тұрған болып саналады. Бұл дегеніміз – олар уақыт заңдылығын мойындамайды, алайда көп ұйықтамауға да тырысады. Олардың тонустары өздері қалағаннан біршама төмен болады, ал жасаған істері нашар болмаса да, айқын болмайды.
Осы кезде төсектен тұрған адам физикалық және психикалық тұрғыдан қосымша күш-қуатқа қол жеткізбейді. Адам Жер оянудан бұрын ерте тұрып, өзінің ақыл-ойын ретке келтіруі тиіс (күн уақыты бойынша 6-ға дейін). Тек осы жағдайда ғана ауа райы бізге магниттік дауылдармен байланысты барлық мазасыздық түрлерін тудыра алмайды.
Осылай ету арқылы адам Жердің бүгінгі көңіл-күйіне бейімделеді. Ол таңғы сағат 6-да әлі ұйықтап жататын болса, мұндай бейімділікті сезінбейді.
Сондықтан кімде-кім сағат 6-дан кейін тұратын болса, нағыз оптимист болуы мүмкін емес, өйткені оның қуанышы табиғи әрі шынайы емес, жасанды болады.
Сағат 7 мен 8-дің арасы
Егер адам сағат 7 мен 8 арасында оянса, оның психикалық және физикалық тонусы төмен болатындығына кепілдік беріледі. Мұндай күйде өз уақытын бекерге өткізеді. Сондықтан ол адамның бүкіл күні қарбаласқа толы болып, табысты болуы үшін жеткілікті энергиясы жетпейтіндей сезінеді. Кім осы уақытта тұрса, басы ауырып, тәбеті жоғалады, иммунитеті төмендейді, пассивтік өмірлік позицияны ұстанады, асқазанның қышқылдығы азаяды және бауыр ферменттерінің тапшылығына душар болады.
Сағат 8 бен 9-дың арасы
Егер энергия жеткіліксіздігін жеңу үшін әр күн сайын әрекет ететін болса, онда сол адамда шамадан тыс тәбеттің артуы, жүйкесінің шаршауы, жоғары қан қысымы, абыржу, қышқылдың артуы, ағзадағы қабыну процестері байқалады. Егер адам сағат 8-9-дың арасында төсектен оянса, сол сәтте өзінің мінезінің кемшілігін жеңе алмайды, түрлі зиянды әдеттерге бой ұрады. Сондай-ақ осы уақытта тұру адам өміріне үлкен қиындықтар әкеліп, созылмалы және ауыр аурулар, көңіл қалдыратын түрлі сәтсіздіктерге тап келеді. Аталған топтағы адамдар болған жағдайларды дұрыс бағалауға әрі тиімді шешім қабылдауда қиындық көреді. Олар өмірде дұрыс таңдау жасай алмайды және олардың өміріндегі ештеңені өзгертуге күші жетпейді.
Сағат 9 бен 10-ның арасы
Адам сағат 9 бен 10-ның арасында оянса, өмірінде депрессияға душар болып, өмір сүруге деген қызығушылығы болмайды. Оның көңілі жиі қорқыныш пен сенімсіздікке, ашу-ызаға лық толады. Ал бақылаусыз әдеттер, бақытсыз
жағдайлар, тез үдемелі ауыр ауруларға, ерте мүгедектiкке немесе ерте қартаюға душар етеді.
Біз өзіңізбен бірге көріп отырғандай, бүгінгі ғылым бізді тәһәжжуд намазына, түнде ғибадат етуге әрі таңғы намазды оқуға бұйырған Алла Тағаланың шексіз даналығын көрсететіндігін дәлелдей түсті. Сондай-ақ біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) бізге әрбір күнді қалай өнімді бастау керектігін және уақытты тиімді өткізу қажеттілігін, сонымен бірге күшті иммунитетке ие болып, әрбір ісімізде берекетті болудың тамаша жолдарын көрсеткен. Бұл Ұлы Жаратушының нұрлы тәрбиесін алған Әзиз Пайғамбарымыздың жай адам болмағандығын тағы да дәлелдей түседі. Себебі қарапайым адам бұл табиғаттағы заңдылықтар туралы және біздің биоырғағымыздың ерекшеліктері жайындағы терең мағлұматтарды қайдан білсін?
Дұрыс оянуға арналған қосымша кеңестер
Адамдардың көпшілігі таңғы ұйқының тәтті шырынын бұзғысы келмей жата тұрғанды жөн көреді. «Тағы бір бес минут, тағы бір он минут» деп ұйқысын соза береді. Ақыры, мең-зең боп, бәрібір ұйқысы қанбай, ұйысып тұрады. Сөйтсе, көп адам осылайша денсаулығына дерт жамап алатын көрінеді.
Сенесіз бе, адам өз еркімен, табиғи түрде оянар кезде ағзасы бір сағат бұрын дайындала бастайды екен: дене қызуы көтеріліп, қалың ұйқының құшағынан ажырай бастайды. Бұған қоса, күні бойы сергек жүруіңізге көмектесетін ағзаңыздағы дофамин белсенділік танытып, «іске қосылады».
Оятқышын қайта-қайта кейінге ысыра берген адамда бұл процесс үзіліп-үзіліп, табиғи ырғақ бұзылатын көрінеді. Ұйқыдан кеш тұрған адамның мең-зең болып, ашушаң келетіні
осыдан. Мұның сыры – қайта жастыққа бас қойған адам ағзасы қалың ұйқының құшағына шым батуға тырысады екен. Сол себепті, ғалымдар ерте тұрудың пайдалы екенін айтып отыр. Бір оянып, бір ұйықтап, өң мен түстің арасында жатқан адам төсектен тұрғанда тез шаршап, тез шалдығатын көрінеді. Таңғы ұйқыдан оятқыштың уақыт аралығын 10 минутқа қойып, үш мәрте оянып, қайта ұйқыға кеткеннің орнына тастай қатып, жарты сағат ұйықтағаныңыз денсаулығыңызға пайдалы.
Ғалымдар бұдан құтылу үшін кестеден ауытқымай, уақытында жатып, уақытында ұйқыдан тұруға кеңес береді. Бір уақытта жастыққа бас қойып, бір уақытта оянған адам өзін әлдеқайда сергек сезінеді. Тек ерік-жігеріңізді жанып, өз-өзіңізді қолға алып, ынта танытсаңыз болды: ағзаңыз сонда ғана белгілі бір уақытқа бейімделіп, әдетінен жаңылмайтын болады. Уақыт жағынан ұтып қана қоймай, күш-қуатыңыз артады.
Таңғы намазын ұдайы оқып, құлшылығын қаза қылмаған мұсылмандар жүрек ауруынан аман болады әрі ұмытшақтық секілді дертке де бой алдырмайтын көрінеді. Ғалымдардың тұжырымы осындай.
Иорданиядағы Кардиологтар қауымдастығы қан-тамыр ауруларының басты себептерінің біріне ұзақ ұйқыны (сегіз сағаттан көп) жатқызып отыр. Ұзақ ұйықтаған адамның жүрек қағысының жиілігі минутына 50 қағысқа дейін төмендейді екен. Ал бұл өз кезегінде қан айналымына кедергі келтіріп, жүрек бұлшық етінің әлсіреуіне алып келеді. Нәтижесінде адамның инфаркт немесе инсульт алу қатері жоғарылайды.
Бұған жол бермес үшін, ғалымдардың пікірі бойынша адам аз уақытқа ұйқысын қиып, жиі оянғаны жөн. Төрт сағаттық ұйқыдан кейін кем дегенде 15 минутқа ұйқыдан тұрып, лажы болса, қандай да бір дене қозғалысын жасағаныңыз дұрыс. Алла Елшісінің сүннеті бойынша түнгі тәһәжжуд намазы немесе парыз болған таң намазына тұруымыз Иорданиялық ғалымдардың осы кеңесіне дәлме-дәл сәйкес келеді. Алла Тағала бізге өмірде ауру мен бақытсыздықты болдырмаудың жолдарын көрсетіп, пендесіне тиімді мүмкіндіктер берген.
Бірде бір ғалым кісі ерте жастан ұлына Құран Кәрімді оқып үйретіп, бір күні ұлынан: «Құрандағы «Кәһф» сүресінің құпиясын білгің келе ме?» – деп сұрайды. Бұл сүренің 107-110-аяттарының мәнін түсінуің қажет, сонда күн сайын таңертең азан үнін естіп, сергек оянатын боласың. Бұл үшін бір шартты орындауың қажет. Ол – ұйықтар алдында көзіңді жұмып, аталған аяттарды жадыңа сақтап, қайталауың шарт». Жас жігіт әкесінің өсиеті бойынша күнделікті қоңыраудың дауысын естігенде тез арада таңғы намазға оянатын болады.
Сонымен қатар көптеген ғалымдардың өмірлерінде қолданып, «оқыған кезде қаншалықты кеш ұйықтасам да, түнгі намазға сергек ояна алуыма көмектесетін» деген төмендегідей дұға бар: «Аллаһуммә әйқизни фи әхаббил әуқат, уәстә’милни би әхсәнил амәл» (Уа, Алла, мені өзіңе ең ұнамды уақытта оят, Саған ең ұнамды амалдарды жасауымды нәсіп ет.)
Бұл ретте ұйқы алдында Ұлы Жаратушыны еске алып, дұға, зікірлерді қайталаудың маңызы орасан зор екендігін ескеруіміз қажет. Себебі Алла Елшісі (с.а.с.) «Алланы еске алмай ұйықтаған адамды Алла жазалауы мүмкін» деген болатын. Осы себепті түннің бір уағына дейін компьютерде не телефонда отырып, болмаса кітап оқып, яки бос әңгімемен уақыт өткізуге болмайтынын есте ұстағанымыз жөн. Күнделікті ерте жатуға дағдыланбасаңыз, ағзаңыз шаршап, қалпына келе алмай, келесі күнге жеткілікті күш-қуатты жинай алмайтыныңыз анық.178
Мұсылман және уақыт
•АДАМНЫҢ УАҚЫТ ІШІНДЕГІ ЖОЛАУШЫЛЫҒЫ
Құран Кәрім адам өмірін басты бес кезеңге бөліп қарастырған: балалық шақ, жастық шақ, кемелдену, егделік, кәрілік. Мұндай кезеңдерге бөлу әр дәуірдің адамдарына тән болғанын көре аламыз. Ал дініміз болса, осылай бөліп қарастыру арқылы белгілі бір мақсатты көздеуде: өмірдің әрбір кезеңіне тиісті міндеттер белгіленген. Адам баласы қай кезеңде өмір сүріп жатқан болса, сол кезеңде атқаруы тиіс міндеттерін орындап, сол кезеңнің ерекшеліктеріне сай өз нәпсісін тәрбиелеп, өмір сүру тәртібі мен жағдайын ретке келтіруі қажет. Құран тілімен айтар болсақ, мүмін боялуы керек «бояудың» (аятта «сибғатуллаһ» сөзімен берілген179) адамның өмірінің әр кезеңіне байланысты азды-көпті ерекшеліктері болады. Адамның өмір жолында табиғи түрде сырт көрінісінің өзгеріп отыратыны секілді рухани жағынан мінез-құлқы мен жан-дүниесінің жақсы жаққа өзгеруін қадағалауы қажет. Өмірі ғапылдықта бір сарынды өте шықпасы үшін мұқият болып, қырағылық танытып, толыққанды дайындықпен әрбір кезеңді дұрыс өткізуі қажет. Әйтпесе, 50-60, тіпті 70-80 жасқа келгеніне қарамастан, бүгінгінің
адамдарының көбі өзін жастай көріп, нәпсі қалауларының соңына түсуден әлі де арыла алмай жүрген жайы бар. Ал Алла Елшісі (с.а.с.) егде тартқан жандардың әлі де жас секілді нәпсісіне беріліп жүруін құптамай, оларды «адамдардың жаманы» ретінде сипаттаған.180
Адамның жас ерекшеліктері мен өмірінің кезеңдері
Құран Кәрімде көптеген жерде әл-мисақтан (әлімсақ, рухтар әлемі) бастап ана құрсағындағы түрлі сатылар, балалық, жастық, егделік, кәрілік, қабір әлемі мен ақыретке дейінгі әр алуан кезеңдерді атап өтеді.181 Күнделікті өмірдегі құқықтық (фиқһ) және тәрбиелік тұрғыдан маңыздылығы мен қажеттілігі себебінен аяттарды негізге ала отырып, діни қайнар көздерде адам өмірін бес кезеңге бөледі:
балалық шақ (туфулият, сабәуәт) – 0-15 жас арасы; жастық шақ (шәбәбәт) – 15-30 жас арасы; кемелдену (куһуләт) – 30-60 жас арасы;
егделік (шәйхухат) – 60-80 жас арасы; кәрілік (һәрам, әрзәлул-умр) – 80-нен кейін.182
Балалық шақтан басқа кезеңдерді анықтау барысында
ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар болған. Дегенмен олардың арасындағы айырмашылықтар айтарлықтай көп емес және көпшілік ғалымдардың көзқарасы жоғарыдағы белгіленген жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Балалық шақты маңыздылығына байланысты өз ішінде әртүрлі кезеңдерге бөліп қарастырады: 0-2 жас – сәби (сүт ему кезеңі), 2-7 жас – ғуләм (бүлдіршін кезең), 7-10 жас – тәмииз жасы (оңы мен солын ажырата бастаған кезең), 10-15 жас – мураһиқ жасы (жасөспірім, өтпелі кезең).183
Тек балалық шақты ғана емес осылай одан кейінгі кезеңдерді де ары қарай нақтылап бөліп қарастыруға болады.
Жастық шақтың кезеңдерін екіге бөлуге болады: 16-20 жас – бозбала-бойжеткен, 20-30 жас аралығы – жас. Кемелдену жастарын бөлетін болсақ: 30-40 жас – орда бұзар, 40-50 жас – қамал алар, 50-60 жас – ел ағасы.184
Бұл кезеңдердің әрбірінің адам өмірінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан да адам баласы мәнді де мағыналы өмір сүруді қаласа, осы кезеңдерге тиісінше көңіл бөліп, уақытын жоспарлап, барынша тиімді өткізуге тырысқаны жөн. Осы орайда аталған әрбір кезеңде адамның уақытын қалай жоспарлау қажеттігі жөнінде тоқталып өтпекпіз.
Әл-мисақ атты рухтар әлемінде жаратылған адам жаны бұл дүниеге жіберілу сәтін күтеді. Алла Елшісі (с.а.с.) хадисте
былай дейді: «Шын мәнінде, әрбірің ана құрсағында қырық күн бойы ұрық тамшысы түрінде қалыптасады, сонан соң ол сонша уақыт ұйыған қан түрінде және сонша уақыт бір кесек ет тәрізді болады. Содан кейін періште жіберіледі де оған үрлеп жан ендіреді. Және ол төрт нәрсені: оның ризық-несібесін, ажалын, амалдарын және оның бақытты не бақытсыз болатынын жазуға
бұйрық алады».185
Осыған орай, ана құрсағында титтей ғана ұрық тамшысы ретінде пайда болғанынан бастап ана болашақ сәбиінің жаны үрленіп, тағдыры жазылғанша барынша көп дұға етіп, тағдырының оңынан, ісінің ізгісінен болуын тілегені дұрыс. Ана құрсағына біткен балаға төрт айдан соң жан берілгеннен кейін оның бұл дүниедегі тіршілігі басталып-ақ кетеді. Бұл кезде ол әлі жарық дүниені көре қоймағанымен, анасы арқылы дүниеде болып жатқан жайттар, оның ішінде уақыт та оған өз әсерін тигізбек. Осы тұста әлі дүние есігін ашпаған балалары үшін болашақ ата-ананың жауапкершілігі басталып кеттіге саналады. Болашақ әке баласын көтеріп жүрген анасына баланың дұрыс жетілуі үшін қажетті жағдай жасауға міндетті болса, ана өзіне асқан жауапкершілікпен қарап, екі жүректі тасып жүргенінің байыбына бара білуі қажет. Сырттағы анасының не істеп жүргені іштегі балаға да әсер ететіндіктен болашақ ана құрсағында бала болған тоғыз ай он күндік кезеңін дұрыс өткізуі тиіс. Уақытын барынша жоспарлы қолданып, баланың дұрыс жетілуіне, сырттан
зиянды әсер алмауына, толыққанды демалып, құнарлы тағамдардан қажетті қорегін ала алуына жағдай жасауы қажет.
Сәби дүниеге келгеннен кейінгі уақытта да жануарлар мен құстар сияқты басқа жаратылыстардай бірден өзін-өзі алып кете алуы мүмкін болмағандықтан, оның өмірінің алғашқы кезеңдеріне ата-ана жауапты. Әкесі көбіне түздің адамы болғандықтан, баланың күнделікті күтімін анасы атқаратыны анық. Анасы баласының дүниедегі алғашқы күндерінен бастап сәбиінің өмірінің әрбір сәтін дұрыс өткізуі үшін уақытын жоспарлы түрде тиімді пайдалануға міндетті.
Осы тұста бала дүниеге келгенде уақытқа байланысты арқарылатын шараларға да тоқталып өткенді жөн көрдік.
Адам баласының ең алғашқы асы ана сүті берілмей тұрып, Пайғамбар (с.а.с.) сүннеті бойынша, өмірге іңгәлап келген сәбиге тахник жасалады, яғни құрманы ауызда жұмсартып, оның сөлін сәбидің таңдайына жағып дәм таттырады. Ал сәбидің ана сүтін емуі Құранның көрсетуі бойынша екі жылға созылады. Құранда осылай уақыттың белгіленуінің өзі сәби үшін ана сүтінің қажеттілігімен қоса, оған бөлінген уақыттың да маңыздылығын көрсетуде.
Ары қарай сәбидің дүниеге келгеніне жеті күн толғанда
Алла Елшісінің «Әрбір сәби ақиқасымен тұсауланған. Жетінші күні оның атынан ақиқа құрбаны шалынып, шашы алынады және
аты қойылады»186 деген мына бір хадисіне орай шаралар жасалады. Баланың атын қойғанда нәрестеге ат қоятын адам баланың оң құлағына – азан, сол құлағына – қамат айтады, содан соң есімін үш рет қайталайды. Жаңа туылған сәбидің
үлпілдек
перзент
шашының
сыйлағаны
атымен «ақиқа» деп
үшін Аллаға шүкір
аталған
ретінде
құрбанды
шалады.
Сәбидің шашын алып, алынған шаштың салмағына тең мөлшерде алтын не күміс садақа етіледі. Алла Елшісінің Хасан мен Хусейн туылғаннан кейін жетінші күні немерелерін сүндетке отырғызғанын ескеріп, баланы сүндетке отырғызудың да ең абзал уақыты туылғанына жеті күн болған кезең
екендігін көре аламыз. Абдуллаһ ибн Аббастың риуаяты бойынша, жетінші күні қыз баланың құлағын тесудің де сүннет екенін білуге болады.187
Орайы келгенде жетінші күні баланың шашын алуға байланысты бірнеше жыл бұрын Германияда болған оқиғаны айта кетейік.
Бір мұсылман отбасында кішкентай сәби дүниеге келеді. Ата-анасы шамасы келгенше мұсылманша жөн-жоралғысын жасайды. Жеті күннен кейін баланың шашын алып, соның көлеміндей етіп садақа таратады. Содан бірнеше күн өткеннен кейін анасы баланың денсаулығын дәрігерге тексертуге алып барады. Баланы қарап жатқан дәрігер: «Баланың шашын өздеріңіз алдыңыздар ма? Әлде осылай туылды ма?» деп сұрайды таңқала. Сонда анасы: «Өзіміз алдық» деп жауап береді. Дәрігер өзінің таңқалуының себебін былай деп түсіндіреді: «Жақында дәрігерлер жаңадан туылған баланың шашын 40 күннің ішінде алатын болса, онда көру қабілеті жақсарып, шашы қатайып, ой-санасы кеңейетіндігін және басқа да пайдаларын анықтады. Ал шаш алуды жеті күн толғанда жасаса, онда әлгінде айтқан көрсеткіштер ең жоғары нәтижелерін береді. Бірақ бұл жаңалықтың ашылғанына 50 күндей болды. Әрі ешкімнің әлі хабары жоқ. Сіздер қайдан білесіздер?» деп сұрайды тағы да таңқалған күйде. Баланың анасы: «Бұны бізге Пайғамбарымыз Мұхаммед бұйырып кеткен. Мұсылмандарда бұл бала туылғанда жасалатын кәдімгі дәстүрлі әдеттердің бірі» дейді. Дәрігер әлі таңқалған түрін өзгертпей: «Ал сіздердің пайғамбарларыңыз қайдан білген?!» деп қайта сұрақ қояды. «Пайғамбарымыз осыдан 14 ғасыр бұрын өмір сүрген. Сол кезде айтқан сөзі бізге жетіп, біз оны күнделікті өмірімізде салт-дәстүр ретінде қалыптастырып, орындап жүреміз» дейді сәбидің анасы. Сонда дәрігер басын шайқап, аң-таң қалған екен.
Міне, бұл оқиғадан осы секілді сүннет бойынша келген жоралғыларды дәл сүннетте айтылғандай түрде және уақытылы орындаудың қаншалықты маңызды екендігін аңғаруға болады. Әрбір іс-шараның ең абзал уақытын білдіріп кеткеніне қарап, адамның туылған сәтінен бастап уақытты жоспарлы қолданудың маңыздылығына көз жеткізе түсеміз.
Баланың сәби кезінде атқарылатын істерді сүннет бойынша атап өттік. Анасы баланың сәби кезеңінің соңына дейін толық емізуге тырысуы керек. Осы кезінен бастап балаға байланысты күн тәртібін белгілеп үйренген жөн. Баланың ұйқысын қадағалауға, тұрақты түрде бірдей уақытта ұйықтатуға және емізуге тырысқан жақсы.
Бала сәби кезеңінің соңына дейін жүруді үйренеді, жайлап сөйлей бастайды. Осылардың уақытына сай баланың өз еркімен отыруын, еңбектеуін, тәй-тәй басып жүруін қадағалауға тырысу керек. Және алғашқы сөздерін қадағалап, ең бірінші сөзі дініміз бойынша құпталғандай «Лә иләһә иллаллаһ» болуына көңіл бөлген жөн.
Екі жастан асып бүлдіршін кезеңге аяқ басқанда да сол кезеңнің ерекшеліктеріне сай ата-ана баланың тәртібі мен уақытына көңіл бөлуі қажет. Айналасын танып білуге құмартқан баланың сұрақтарына байыппен сабырлы түрде жауап беріп, ненің не екенін үйреткен абзал. Сөздерді дұрыс қолданып, сөйлемдер құрап, өз ойын айтып үйренген шағында қысқа сүрелер мен дұғаларды жаттата бастаған жөн. Одан біраз есейгенде діни түсініктер мен терминдерді үйретіп, баланың санасына сіңіре беруге болады. Бұл кезеңде баланың санасы мен есте сақтау қабілеті ақ парақтай таза болғандықтан, Құран, хадис жаттататын болса, бірден қабылдап, тез арада есіне сақтап ала алады. Қарап отырсақ, Ислам әлеміне танымал көптеген ғұламалардың балалық шақтағы уақыттарын бос өткізбей, кішкене жасынан бастап діни білімге ден қойғандарына, Құран жаттағандарына куә боламыз. Оқу, есеп, грамматика, логика секілді ойлануды қажет ететін ілімдерді сәл есейгенде қолға алу керек. Бұл тұрғыда баланың уақытын жоспарлауға әлі де ата-анасы көмектесіп, бағыт-бағдар беріп отыруы тиіс. Баланың уақытын босқа пайдасыз дүниелермен өткізуіне жол бермей, рухани жан дүниесін әрі ақыл-ой, зеректігін дамытатын істермен шұғылдандырып, қажет кезінде сергіп ойнауына да жағдай жасап күнін жоспарлап бергені жөн.
Оңы мен солын ажырата бастаған тәмииз жасына келген бала көп нәрсені үйреніп, түсініп, қабылдай алатын болады.
Соны ескерген Алла Елшісі (с.а.с.) «Жеті жасына келгенде
балаға намаз оқуды бұйырыңдар»188 деген. Сонда жеті жас – балаға намаз оқуды үйрете бастау қажет уақыт. Бала балиғат жасқа толғаннан бастап намаз оқып кету үшін оған ертерек осы жеті жастан бастап үйрете беру керектігін ескерткен. Әйтпесе, оған дейін еш нәрсе үйренбеген не қабылдамаған бала балиғат жасына толған күні парыз болған ғибадатын бірден бастап кетуі қиянға соғады, тіпті мүмкін емес деуге болады. Сондықтан ата-ана бұл мәселеде қырағылық танытып, бұдан былай баланың күн тәртібі мен уақыт жоспарына бес уақыт намазды қосып үйретуге тырысуы қажет. Рамазан айы келгенде немесе аптаның ішіндегі күндері ішінара балаға ауыр тимесе, ораза ұстауға баули берген дұрыс. Бұл жаста бала жақсылық пен жамандықты ажырата бастайтындықтан, діни тұрғыдан жақсылық, ізгілік саналған нәрселер мен жамандық, зұлымдық есебіндегі жайттарды ұғындырған абзал. Адамдағы ең абзал қасиеттердің бірі саналатын ұят сезімі де осы жастан бастап қалыптаса алады. Осының барлығына ата-ана барынша көңіл бөліп, үйрету мен түсіндіруді баланың күн тәртібіне енгізіп қойғаны жөн.
Мураһиқ жасы – балиғатқа толғанға дейінгі кезең. Балиғатқа толу жасы (қыз балада 9 жастан басталса, ұл балада 12 жастан басталады) адамға байланысты әртүрлі болатындықтан, ең кеш уақыты саналған 15 жас есепке алынған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Балаларыңыз жеті жасқа келген шақта намаз оқуға бұйырыңдар. Олар он жасқа келгенде намаз оқымаса,
ұрыңдар. Төсекте олардың жатын орнын бөлек жатқызыңдар»189 деген. Бұл хадистегі «ұру» деген сөз он жастан ары қарай намазды толық оқытуға барынша көңіл бөліп, маңыздылығын
түсіндіріп жеткізу қажеттіген ұғындырса керек. Және осы жастан бастап балалардың жыныстық ерекшеліктеріне көңіл бөліп, тәртібі мен уақытын соған сай қадағалау қажеттігі туындайды.
Бұл жас аралығы көбіне өтпелі кезең ретінде танылған. Ата-ана осы кезеңде баланың тәрбиесі мен күн тәртібіне аса мұқият көңіл бөлуі қажет. Бір жағынан күн тәртібін өз бетінше жасауына, уақытын өзі жоспарлауына мүмкіндік беріп, екінші жағынан сырттай қадағалап отырғаны жөн. Өтпелі кезеңде әртүрлі жағымсыз әдеттер мен қылықтар байқалуы мүмкін болғандықтан, баланың сол өтпелі кезеңнен дұрыс шығуына жіті мән беруі қажет. Осы кезеңде бала өз күшімен уақытын дұрыс жоспарлауды үйрене алса, оның мойнына жауапкершілік жүктелетін алдағы өмірінде де уақытын тиімді өткізу әдеті қалыптаспақ.
Жастық шақтың алғашқы кезеңі бозбала мен бойжеткеннің балиғатқа толған жасымен тұспа-тұс келеді. Ал балиғат жасына жеткен жеткіншекке бес уақыт намазын үздіксіз оқуы, Рамазанда ораза ұстауы, қаражаты жеткен жағдайда зекетін беріп, қажылыққа баруы парыз болып саналады. Сондықтан бұл жастағылар уақытын жоспарлағанда осы міндеттеріне қарай икемделуі қажет. Бір күндік уақытын жоспарлау барысында күнделікті оқылатын бес уақыт намаздың уақыттарын назарға алуы тиіс. Басқа істерін соған қарай реттеп үйренгені жөн. Бір жылдық уақытын жоспарлау кезінде Рамазан айының парыз оразасын есепке алуы қажет болады. Осылайша балиғат жасқа толғаннан бастап адам баласының уақытын жоспарлауы ең алдымен діни міндеттеріне байланысты болғаны абзал.
Жастық шақтың бастапқы бірнеше жылдарымен адамның мектептегі кезеңі аяқталмақ. Жалпы мектеп партасында отырған жылдарында алдымен ата-ананың көмегімен, кейіннен өз күшімен уақытты жоспарлауды әрі соған сай тиімді пайдалануды үйренуі қажет. Бұл адамның өмірінің кейінгі кезеңдерінде аса қажет болады. Мектеп кезінен күн тәртібіне үйреніп, сабаққа дайындалатын, кітап оқитын, ата-анаға
қолғабыс ететін, демалатын, достармен бірге болатын уақыттарын жеке-жеке белгілеп, реттеп қоюға дағдыланғаны жөн. Осы арқылы бала оқуда озат, ата-анаға көмекші, достардың арасында сыйлы болып өсіп жетіле алады.
Ал жастық шақтың одан кейінгі кезеңі адамның жоғары білім алуға ден қойған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде уақытты жоспарлауды маңызы бұрынғыдан да арта түспек. Жоғарғы оқу орнының қабырғасында берілген жылдардың ішінде барынша жан-жақты білім алып, үлкен өмірге жалғыз аяқ баса алатындай дәрежеде рухани және ғылыми түрде дайындалуы қажет. Бұл кезең арнайы осы қажеттіліктерін үйренуге мүмкіндік пен уақыт берілген шақ болып саналады. Бұл кезең өтіп кеткен соң тиімді пайдаланбағанына өкініп, сан соғып қалмас үшін уақытын жоспарлы қолдана білуі аса маңызды. Өзінің таңдаған ісінің білікті маманы болып шығу үшін толыққанды білім алумен қатар, барынша қосымша ізденіп білімін шыңдай түсуі қажет. Одан кейінгі жұмыс пен үлкен өмірге рухани тұрғыдан әрі адамдық жағынан бейімделу үшін діни әрі танымдық, жан-жақты жетілуіне септігін тигізетін кітаптар оқып, ой-өрісін кеңейте түсуі маңызды. Бұлардың барлығына шектеулі уақыттың ішінде үлгере алу үшін уақытты жоспарлаудың қажеттілігі бұлтартпас жайт.
Жастық шақтың бел ортасынан кейінгі кезеңі – адам баласының өз бойын өзі алып жүре алатын, бір істің маманы болған, бір отбасының іргесін қалаған жан атанатын шағы. Бұл кезеңде адам үшін уақыт бұрынғыдан да қысқа, ал орындау керек іс бұрынғыдан да көп болып көрінеді. Расында да солай, жас ұлғайып, жауапкершілік артқан сайын атқару керек істер де көбейе бермек. Және мұның бәрін де үлгеру үшін уақытты жоспарлы қолданудың қажеттілігі мен маңызы артқан үстіне арта түседі.
Кемелдену жасындағы адамның жастық шақтың соңғы кезеңдерінде басталған жұмыс және отбасылық міндеті жалғасын таба бермек. Тек жас үлкейген сайын өмірде өз орнын қалыптастырған жан болуға талпынғаны дұрыс болады. Қазақтың «Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды» деген сөзі осы жастағы жандарға қарата айтылғанын көре аламыз. Отыз жасында кемелденуге аяқ басып, қырқында белгілі бір нәтижелер мен жетістіктерге жетуі, одан кейін елуге келгенде ел ағасы ретінде беделге ие бола алуы тағы да уақытын дұрыс пайдалануына байланысты болмақ.
Ал жасы алпысқа жетіп, «Пайғамбар жасына» келдім деген жандардың балиғат жасына толғаннан бастап атқарып жүрген ғибадатын еселей түсіп, «ертеңгі күнге» қамданғаны абзал.
Себебі Алла Елшісі (с.а.с.) «Алла Тағала алпыс жыл ғұмыр
берген пендесінің ешбір сылтауын қабыл алмайды»190 деген. Сонымен қатар бұл жас «балам – балым, баламның баласы – жаным» демекші, жанындай болатын немере сүйіп, оған да Пайғамбардай (с.а.с.) мейірімділік танытып, қызығына тоймай отыратын шағы деуге болады.
Кәрілік кезеңіне жеткен жанның сол жасқа жеткізген Раббысына шүкір етіп, құлшылығына барынша көңіл бөліп, өскелең ұрпаққа дуалы аузымен асыл өсиетін айта отырғаны өзіне жарасар іс.
Аманат болған жанын Иесіне тапсырып, о дүниелік болған уақытта жуындырылып, кебінделіп, жаназасы оқылып, жерленуі артында қалған ұрпағына міндет болмақ.
Осыдан соң адам үшін қабір өмірі басталмақ. Қияметке дейін бәрзах әлемінде күткен соң, қиямет күні Алланың құзырына жиналып, есеп беріп, соңғы тұрағы болатын жаннат не тозаққа кірумен адам жанының өмір сүру кезеңдері
ақырғы нүктесіне барып тоқтайды. Ал бұл соңғы кезең мәңгілікке жалғасын таппақ.
•ӨМІРЛІК МАҚСАТ ҚОЮ
Мұсылманмын деген жанның алға қойған үлкен мақсаттары болып, ол сол жолда тер төгуі тиіс. Мақсатына жете алмаса да, еңбегінің сыйын Алла Тағала міндетті түрде береді.
Қаншама жандар өмір садағының алтынға бергісіз құнды уақыт атты оқтарын бостан босқа ауаға атып, ысырап етуде. Дәл кішкентай балалардың ойыншыққа алданып, уақытын өткізуі секілді. Сондықтан да негізгі нәрсені шетке ысырып қойып, қиялдың соңынан қуалау – өмірді босқа кетіріп, құр алақан қалдырады және жүректі қараңғылық астына көміп тастайды.
Америкалық танымал тайм-менеджмент сарапшысы Стивен Кови өмірге деген екі түрлі көзқарасты атап өтеді:
Реактивті – айналада болып жатқан жайттарға тәуелді болып өмір сүру, былайша айтқанда «ағыспен жүре беру».
Проактивті – өзінің қалауынша өмір сүру, болып жатқан оқиғаларға белсенді түрде атсалысу. Мұндай көзқараспен адам өз өмірін өзі ретке келтіре алумен қатар, әрбір әрекетіне жауапкершілікті өз мойнына алады.
Адамның мақсаты мен міндетінің арасында төмендегідей айырмашылық бар:
Мақсат – адамның өмірден алары, жетістікке жетіп бағындырар шыңы.
Міндет – адамның өмірге берері, артынан қалдырар ізі.
Стивен Ковидің The seven habits of highly effective people (Жоғары нәтижелі адамдардың жеті әдеті) кітабындағы екінші әдет – ең соңғы нүктеден бастап ойлану. Яғни, автор өзіңнің жаназаңды елестетіп көруге кеңес береді. Сен туралы адамдардың қандай ойда болғанын, артыңнан қандай пікірлер айтқанын қалайсың? Осы сен үшін өмірдегі ең маңызды жайт болып табылады. Осы арқылы күнделікті әрекетіңді жоспарлап, шешім қабылдағанда да осы жайтты негізге алып отыруың қажет. Солайша өзің үшін өмірлік мәні бар мақсатыңа қарай жол тартқан боласың.
Мақсатсыз өмір – адам баласы үшін ең ауыр қасірет
Өмірлік мақсатын анықтаған, қандай шыңдарды бағындырғысы келетінін анық білетін адамдардың саны өте аз. Бұл ащы шындық нақты мақсатын белгілемеген адамның жанын жегідей жейді, құтын қашырып, ынтасынан айырып, өмірдің қызығынан құр қалдырады. Ондай жанға өмірде еш нәрсе септігін тигізе алмайды. Мақсатсыз өмір адамды күйзеліске ұшыратады.
Мотивациясыз адам тіпті уақытын қалай және неге өткізіп жатқаны туралы ойланбайды да, бұрын қалай өмір сүріп келсе, солай жалғастыра береді. Адамдардың көбіне өмірдің ағысымен ғана өздері ешбір күш жұмсамай өмір сүре беру тән, осылайша өзгеру сәті келіп, саналары соны сезген кезге
дейін жалғасады.
«Ол ешқашан өз өмірін өз қолына алуды қаламаған адамдардың бірі болатын. Оның өз-өзіне соқтығысып, жай ғана ағыспен жүре беретіндігі, өзінің сәтсіздіктеріне әрдайым түрлі сылтаулар тауып, жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартатындығы өкінішті шындық еді...
Көптеген адамдар дәл осылай өмір сүреді. Құдды бір өзі өмір сүрмей, жай ғана өмірдің жанынан өтіп бара жатқандай. Бір
күннен екінші күнге ауысып кете барады. Олардың жетістікке жетсем деген өмірлік армандары жоқ деуге де келмейді. Бірақ ол армандары өздерінің жалқаулығы мен әрекетсіздігін ақтап алуға тырысқан сылтауларының құрсауынан шыға алмауда. Солайша армандарына қол жеткізудің мүмкін екендігін енді ойлай бергенде өздерін сендіріп алатын сылтаулары жолдарына кесе-көлденең тұра қалады.
Мұндай жандардың алдында әрдайым кедергілер тұрады да қояды: жыл мезгілі сәйкес келмейді, шұғыл түрде көлігін жөндеу қажет болады немесе алдыңғы күні қатты шаршаған еді. Олар осылай деуде, алайда бар шындық олардың жолында тұрған жалғыз кедергінің өздері екендігіне келіп тіреледі».
Чак Норрис
Жолы болмаған бейшара ағыспен өмір сүріп, қолайсыз жағдайларды айтып өзін ақтаумен болады, ал табысты жан саналы түрде армандарын жүзеге асырады. Тайм-менеджмент барша мүмкіндіктерімен сондай жан үшін әмбебап құрал болып табылады. Себебі өмірдің өлшемі ұзақтығында емес, оны сіздің қалай өткізгеніңізде.
Барлығы ойдан басталады
Әмбебап қағида: сіз уақытыңыздың көп бөлігінде не ойласаңыз, соған айналасыз.
Жолы болмайтын жандар не жайлы ойланады? Соңынан қалмайтын қиындықтар жайлы ойланады. Және оған кінәлілерді іздеумен болады.
Ал табысты жандар мақсатына жету жолындағы әрекеттері мен туындаған мәселелердің шешімі жайлы ой жүргізеді. Олар әрдайым «не ойласаң, сол болады» деген қағиданы естерінен шығармайды.
Адамның уақыт бөлетін істерінің бірі ойлану болғандықтан, не ойлайтынына аса мән беруі қажет. Ойлану арқылы адам баласы көп жайттың басын ашып алуына болады. Ең алдымен, ақиқатқа, Жаратқанның ұлылығына, жаратылысқа ой жүгіртіп, тәфәккур ету (терең ойлану) адамды Аллаға жақындата түсіп, мол сауапқа кенелтеді. Одан соң ойы мен біліктілігін шыңдай түсіп, өз ісінде жетістікке жетуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар «жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, жақсы ой да адамды жақсылыққа жетелей түседі. Себебі Алла Тағала құлы Өзі жайлы қалай ойласа, сондай болып қарым-қатынас жасайтынын айтқан болатын. Адам баласы ойымен не тілімен шүкір етіп жүретін болса, Алла жақсылығын арттыра түсіп, керісінше шағымданудан шаршамайтын жанға азабының қаттылығын көрсетіп, бар жақсылықтан мақұрым қалдыратынын да Құранда айтып өтеді.191
Ибн Қайюм ең ізгі әрі пайдалы ойдың Алла және ақырет үшін екендігін айтады. Сондай ойлардың да түрінің көп екендігін айта келе, бесінші түрін былай баяндайды: «Уақытты дұрыс пайдалану, уақыт өрісі мен алдымыздағы міндетке бар зейінімізді шоғырландыруға күш салу жайында ойлану қажет. Себебі ақылды адам – әрдайым уақыттың маңызын есте ұстаған жан. Егер ол ойдан ауытқитын болса, барлық қызығушылығынан айырылады. Өйткені қызығушылықтар уақыт арқылы ортаға шығады. Ал уақытты жоғалтатын болса, оның орнын толтыру мүмкін емес».
Күнделікті бітпейтін тірліктер, алаңдатушы жайттар, теледидар мен байланыс құралдары, адамдармен сұхбат біздің санамызды жаулап алғаны соншалық – бір сәтке тоқтап, не
істеп жүргеніміз бен айналамызда не болып жатқаны жайлы ойлануға мүмкіндік бермеуде.
Ойлану мен пікірлеуге қаншалықты көп уақыт бөлсеңіз, соншалықты біліміңіз тереңдеп, ақылыңыз арта түседі. Солайша сіз барынша саналы түрде шешім қабылдап, жиі қателікке ұрынбайтын боласыз.
Ал адам баласы әрбір ісін ой елегінен өткізіп, әрдайым өз-өзіне есеп беріп отыруы қажет. Мұсылман адам ақыретте есепке тартылатынын есте ұстап, әрдайым өзін есепке тартып жүруі қажет. Күнделікті ұйқыға кетер алдында бір ауық осылай есеп беруге өзіне уақыт арнағаны дұрыс.
•МҰСЫЛМАННЫҢ УАҚЫТЫ БАРЛЫҒЫНА ЖЕТЕДІ
Барлығына үлгеру үшін уақыт іздеуді қойыңыз. Сіз оны бәрібір таба алмайсыз. Себебі сіз уақытты жоғалтып алған жоқсыз. Сіздің құзырыңызда күнделікті Алла берген 24 сағат қана бар. Сол уақытты қажетті, маңызды, өмірлік мәні бар, сізді мақсатыңызға жақындата алатын істерге арнап, басқа нәрсеге уақыт шығындамауыңыз қажет.
Уақытты тиімді пайдалану үшін басты назар аударуымыз қажет болған мәселе бар. Өмірдің қай кезеңінде болмасын, ерік-жігері бар әрбір жанның ісі нәтижелі, өмірі берекелі болу үшін маңызы аса зор жайтқа көңіл бөлінуі тиіс: қажетті істерді уақытында атқаруды үйрену, күнделікті істерді рет-ретімен күн тәртібіне енгізу. Жоғарыда да атап өткендей, бос уақыт өткізбеу, әрбір сәтте пайдалы істермен шұғылдану қажет. Ал бұл істерге қандай нәрселер кіретінін қалай
анықтау қажет? Тек қана мамандық бойынша жұмыс істеу ме? Әрдайым білім алу ма? Әлде отбасына көңіл бөлу ме? Не ғибадат ету ме? Немесе құлқынның қамы мен құмарлықтардың құлы болу ма?
Тарихта ешбір ажал аузында жатқан жанның соңғы сөзі «Жұмыстағы кеңсемде көбірек уақыт өткізгенімде ғой!» деген өкініш болған емес.
Бір ауық осы соңғы сөздер көбіне қандай кейіпте болатындығын ойланып көрейік. Кітабымыз Ислам діні тұрғысынан болғандықтан, мұсылман жанның көзімен қарайық. «Көбірек ғибадат жасай алғанымда ғой». «Құлшылыққа ерте құлшынғанымда ғой». «Отбасыма көбірек уақыт бөлгенімде ғой». «Ата-анамды ренжітпегенімде ғой». «Ата-анама көбірек жақсылық жасағанымда ғой». «Балаларыммен көбірек уақыт өткізгенімде ғой». «Туған-туыстармен араздаспағанымда ғой». Жалпы осы секілді көрініс шығатынын көре аламыз.
Енді өзіңіз үшін ең қадірлі нәрселердің тізімін жазып қарап көріңіз. Тізімнің басында не жазылғанына көңіл бөліңіз. Отбасы? Ата-ана? Жұбайыңыз? Бала-шағаңыз? Алла Тағала? Денсаулық? Дүние? Жұмыс? Достар? Дін? Рухани өмір? Үй? Көлік? Рақат? Демалыс?
Ал сіз уақытыңыздың көп бөлігін не нәрсеге жұмсап жүрсіз? Тізімнің басында жазылғандарға аптасына қанша уақыттан бөліп жүргеніңізді саралап көріңіз. Тізімді бастап тұрған жайттар мен сіздің уақытыңыздың көп бөлігін жұмсап жүрген істер сәйкес келмеуі мүмкін. Мұның ең басты түсініктемесі – сіз өзіңіз үшін шынайы маңызды нәрселерге уақытыңызды дұрыс бөле алмай жүргеніңіз.
Мұның мынадай себептері болуы мүмкін.
Отбасының нәпақасын табу жолында жұмыс істеген уақыт отбасы үшін жұмсалған уақыт болып табылады. Иә, адам
отбасын асырау үшін жұмыс істегені дұрыс. Тіпті ол – Алланың ер адамның мойнына жүктеген міндеті. «Ер адамның қолына қарап отырған әйелі мен бала-шағасын аш-жалаңаш етіп нәпақасыз қалдыруы күнә ретінде оның бір
басына жеткілікті болып табылады».192 Алайда күн ұзаққа жұмыста болып, үйге келгенде теледидар, компьютер, телефон, газет-журнал қараудан бас алмайтын кісінің әрекеті «отбасым үшін тер төгіп жүрмін» деген сөзімен толық ұштаспайды.
Жұмыстағы істерді атқару отбасында «жұмыс істеуден» жеңілірек болуы мүмкін. Жұмыс барысында атқарылатын тапсырмалар нақты әрі түсінікті болады. Және ол тапсырмаларды толық бітіріп, нүкте қоюға мүмкіндік бар. Ал үй ішінде олай емес. Атқарылатын істер бітпейді, оларды толықтай басқару мүмкін емес және әрдайым өзгеріс үстінде. Бірақ адам бұл жауапкершілігін де есінен шығармай, дұрыс атқаруға міндетті.
Жұмыс жайлы қоғамда қалыптасып қалған қате түсінік. Жұмыс барысындағы міндеттемелер астынан бас көтере алмайтындай дәрежеде болуы мүмкін. Жұмысқа тиесілі уақыттан бір минут та алмай, отбасына бөлуге уақыт табуыңыз күтіледі. Бірақ мұның мүмкін еместей өте қиын екендігін түсіну керек.
Осылай уақытын жұмыстан асыра алмай жүрген жанды «адамдардың жаманы» ретінде сипаттаудан аулақпыз. Ол – тек қана жан-жақтан үстемелеген жауапкершіліктеріне уақыт жеткізе алмай қыспақта қалған пенде. Бұл түсіндірме мәселенің басын ашып береді, бірақ адамды ақтап алуға келмейді.
Олай болса, отбасына, жақындарға, рухани өмір мен денсаулыққа уақыт бөлудің жолын қарастырып көрелік:
Ең алдымен өмірлік мақсатыңызды белгілеп алуыңыз қажет болмақ. Ол үшін мынадай бірқатар сұрақтарға жауап беру керек: Өмірдегі мақсатыңыз қандай? Не үшін өмір сүріп жатырсыз? Қандай тұлға болып қалыптасқыңыз келеді? Мақсатыңызды белгілеген басты құндылықтарыңыз қандай? Бұл сұрақтарға жауабыңыз дайын болған соң екінші кезектегі сұрақтар тізімі алдыңыздан шығады: Сеніміңізге негізделген әрекетіңіз қандай болмақ? Құндылықтарыңыз өміріңізде қалай көрініс таба алады? Мақсатыңызға жету үшін қалай өмір сүруіңізге болады?
Құндылықтарыңызға сай қандай істер атқаратыныңызды белгілеңіз. Бірқатар істер қосуыңыз қажет болады. Мүмкін кейбір әрекеттерден бас тартуыңызға тура келеді.
Құндылықтарыңызды күн тәртібіне енгізіңіз және соған сай
әрекет Жаңа
етіңіз.
өмірге аяқ басу жолында табандылық танытыңыз.193
Енді берілген осы формуланы қолдана отырып, мұсылмандық жауапкершіліктің шеңберіндегі мынадай жайттарға уақыт арнауды үйренуіміз қажет болады:
Рухани: құлшылық, Исламды түсіндіру, Алла Тағаланы еске алу, өзімізге есеп беру.
Қоғамдық: отбасы, туған-туыстар, достар, жалпы адамзат. Әлеуметтік: тіршілік, жұмыс істеу, адал ризық табу. Ақылдық: білім алу, дінді үйрену, мамандық иесі болу. Тәндік: демалыс, денсаулыққа мән беру, көңіл көтеру.
Дүние мен ақыреттің арақатынасы
Адамзатты жоқтан бар еткен Раббымыз бізді бұл дүниеге белгілі бір мақсатпен жібергені анық. Ол мақсаттың ең ұлысы – Оған иман келтіріп, жаратқандығы үшін алғысымызды білдіріп, өзімізді және әлемді тани отырып, Алланы барынша
тани түсіп, басымызды иіп құлшылық ету. Сонымен бірге біз бұл жалғанда азды-көпті мөлшерленген ғұмырымызды кешетін болғандықтан, Жаратушымыз бізге дүниенің қызылды-жасылды қызықтарын да көруге мүмкіндік берген. Ең бастысы – құстың қос қанатындай етіп тепе-теңдікті сақтай білу. Қалайша құс атаулы бір қанаты жоқ не кем болса ұша алмайтыны секілді бұл дүниедегі адамның да тек бір жақты өмір сүріп, толыққанды бақытқа жетуі неғайбыл. Сондықтан дінді ұстандым деп әсірелікке салынып, дүниеден баз кешіп кеткен де дұрыс болмайды. Ал дүниеге беріліп, ғибадат атаулыны ысырып қою тіпті қасірет болмақ.
«Алланың өзіңе нәсіп еткен осынау байлықпен ақыреттегі мәңгілік бақыт мекеніне жетуге тырыс. Бұл дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алланың өзіңе шексіз шарапатын тигізіп, жақсылық жасағанындай, сен де өзгелерге жақсылық жаса. Бұл жерде лаң салып, бүліншілік жасауды көксеме! Шүбәсіз, Алла бұзақыларды әсте жақсы көрмейді»194 деген Алла Тағаланың сөзінде айтылғандай да, мұсылман жан өзіне берілген қолындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, ақырет қамын жасауы тиіс. Сонымен бірге дүниедегі несібесін де ұмытпай, адал ризық тауып, кеудесін тік көтеріп өмір сүруіне жағдай жасағаны жөн. Және осы екі жол арқылы да айналасындағыларға жақсылық жасауға тырысқаны дұрыс. Дініне берік мұсылман өзге адамдарға қолымен де, тілімен де зиянын тигізбей, керісінше, бауырына күлімсіреп қараудың өзін садақа біліп, жан-жағына мейірім шуағын шашып жүретін болады. Мұндай мүмін бай-бақуатты болар болса, мұқтаж жандарға қол ұшын созуды қасиетті борышы ретінде санап, көмек керек болған жерден көмегін аямайды.
Ақырет үшін амал
Абайдың «Ақылдыға иман – парыз, имандыға ғибадат – парыз» дегеніндей бұл дүниеге адам баласы Алласын танып, оған құлшылық ету үшін жіберілген. Расында да, адам баласының тек қана осы мақсатпен жаратылғандығы Құран аятынан да белгілі. Алла Тағала адамды жаратқанда екі нәрсе беріп, қайтарымына тек бір нәрсе сұрайды. Яғни, алғашқы сыйы ретінде бізді жоқтан бар етіп, бұл дүниеге жіберіп, бұл дүниеде де бар қажеттілігімізді өтеп берген Раббымыз біздің бұл дүниеде Өзіне құл болуымызды талап етеді және екінші берері ретінде осы құлшылығымыз үшін ақыретте мәңгілік жаннатын тарту ететіндігін уәде етеді. Асылында, Жаратушысы адамға күнделікті санап берген 24 сағатының барлығын тек қана құлшылықпен өткізуді бұйыра алар еді. Алайда Алла теңдессіз мейірімімен бізге күнделікті бір сағат намаз оқуды, жылына бір ай ораза ұстауды, мүмкіндік болғанда жылына бір рет зекет төлеп, өмірде бір рет қажылыққа баруды ғана міндеттеді.
Енді әрбір мұсылманға міндетті болған осынау амалдарды орындау үшін ең алдымен Алланы танып, діни білім алу, одан соң парыздардың жанына қосымша ғибадаттар орындау және әрдайым «мұсылман» деген атқа сәйкес әрекет ету қажет болады.
Мұсылманға парыз етілген амалдардың барлығы белгілі бір уақыт аралығын ғана алады. Жағдайы жеткен адамға өмірінде бір рет атқару парыз болған қажылыққа бар болғаны екі аптаға жуық уақыт кетеді. Қаражаты нисап мөлшеріне жеткен мұсылман беруі міндеттелген зекетті өтеу айтарлықтай уақыт алмайды. Жылына бір ай Рамазанда ұсталатын парыз ораза бар. Алайда ораза ұстағанда адам оған арнайы уақыт бөлмейді де, яғни аузы берік адам ол үшін уақытын арнап еш нәрсе істеуі міндетті емес. Ал күнделікті бес уақыт намаз
дәретімен қоса алғанда бір сағат уақыт алады. Сонда адамның қалған 23 сағаты өзге тірліктеріне жетіп артылады. Ал мұсылман жан өмірінің әрбір сәтінде «мұсылман» болып қалуға тиісті. Қалған осы 23 сағатында адамның мұсылмандығын көрсететін – оның көркем мінезі. Адамдармен қарым-қатынасы, қоғамда өзін ұстауы, жұмыста жауапкершілігі, әріптестерімен арақатынасы, отбасындағы ұстанымы – бәрі-бәрі мұсылманның көркем мінезінің көрсеткіші болады. Сондықтан да ақыретте таразыда ең ауыр басатын осы көркем мінез екендігі айтылса керек.195
Адамға берілген күнделікті 24 сағатты 24 алтынға балауға болады. Бізге біреу күнделікті тегіннен-тегін 24 алтын сыйға тартып, оның 1 алтынын сол беруші үшін жұмсауымызды талап етсе, қалған 23 алтынын өз қалауымызша жаратуға берсе, сол бір алтынды оның бастапқы иесі үшін жұмсамай сараңдық етуіміз қаншалықты адамгершілікке жат екенін түсінуге болады.
Дәл сол сияқты 23 сағатын мына жалған дүниеге жұмсап, ал сонау мәңгілік дүниеге бір сағатын қимаған адамның қаншалықты адамгершіліктен безгендігін аңғаруға болады. Сондай-ақ мың кісі қатысатын, мыңнан бір ғана ұтыс мүмкіндігі бар лотерея ойынына табысының жартысын салуды жөн санап, ал ұтары жүзден тоқсан тоғыз ықтимал «мәңгілік қазына» атты ұтысқа табысының жиырма төрттен бірін бермеу соншалықты ақымақтық екенін түсіну қиын ба? Сондай-ақ намазда рух, жүрек, ақыл-ой сияқты сезімдер тынығады, әрі шаршататындай ауыр жұмыс емес. Намаз оқыған кісінің бейкүнә істері құлшылық болып есептеледі. Осылайша бүкіл өмірін ақыретке пайдаланып, баянсыз күндерін мәңгілік өмірге айналдырады. Яғни, бес күндік қысқа ғана фәни дүниеде өмірін мәңгілікке арналған істермен өткізіп, сол арқылы мәңгілік өмірге ие бола алады.
Ал енді жұмыстан не оқудан босай алмайтынын желеу етіп, сол бір сағатының өзін өзіне парыз етілген намазына қимаған жан үшін айтарымыз – қалаған адам қажетті уақытын әрдайым таба алады. Мысалы, бір жолы басқа адамдарды
күттіріп қойып темекі тартып отырған кісінің «15 минут темекі тартып болайық, күте тұрса еш нәрсе болмайды» дегенін естіп, адамдардың намазға қарым-қатынасы мен жауапкершілігі дұрыс болса, осылай 10-15 минут уақыт табылары сөзсіз екендігі ойға келді.
Ақырет күніне иманы бар мұсылман амал дәптерін жақсылықтарға толтырып апару үшін өмір атты салымын ең тиімді саудаға салуы керек. Алдынан шығатын ізгі амалдардың барлығын дұрыс бағытта пайдаланып, оларды Алла жіберген мүмкіндік ретінде көруі тиіс. Адамдардың дін мен қайырымды амалдарға мойын бұрып қарамайтын болып бара жатқанына алданбау қажет. Сонымен бірге, тәкаппарлық пен менмендіктен барынша сақтану керек. Өйткені нәпсі мен шайтан әрдайым «Сен тым көп ізгілік жасап жібердің, бәрі сен сияқты мәрт болса ғой, шіркін!» деп құлағыңа сыбырлайды.
Егер біреу ешқандай себепсіз қайырымдылық амалдардан қол үзіп кетсе, жаннатқа кірген күннің өзінде қоржынында сауабы аз болатындықтан, төменгі мәртебелерде орын алады.196
Алла Елшісінің хадистерінен де «Өмірдің өткінші әрі бос қиялдары, ләззаттары мен қызықтарына, уақыттың орынсыз өтуіне себеп болатын нәрселерге алданбаңдар, Алланың разылығы жолында ауыр, қиындыққа толы, шаршататын болса да, ертеңгі күніңе және адамзатқа пайдалы істер атқарумен өмір сүріңдер!» деп айтқысы келгендігін аңғара аламыз.
Америкалық қара нәсілділердің көшбасшысы Букер Вашингтонның мына бір сөзі бізге көп жайтты
ұғындыратындай-ақ: «Мен жетістіктің бағындырған шыңдармен емес, соның жолында кездескен кедергілермен өлшенетінін білдім». Мұсылман адамның ақыретте жетістікке жетуі де осылайша есептеледі. Адамның әрбір амалының сауабы оның қиындығына қарай өлшенеді. Қиындығы артқан сайын сауабы да арта түседі. Ізгі амал жасау жолында тер төгуі, жанын салып тырысып бағуы мен алтын уақытын соның жолында сарп ету арқылы жетістікке жете білмек.
Алла Тағала әркімге әртүрлі қабілет пен мүмкіндік бергендіктен, көбіне оның жеткен жетістігіне қарай емес, сол мүмкіндіктерін қалай пайдаланғанына, қаншалықты тырысып бағып, тер төккеніне қарай сауап жазады. Сондықтан ақыреттік амал үшін адамның барын салып тырысуы мен оған көбірек уақытын арнауы маңызды.
Исламда адал ризық табу үшін тер төгудің маңызы
Алдыңғы бөлімдердегі ғибадаттың маңыздылығын көрсеткен түсіндірмелерден Ислам діні тек қана құлшылық етуді әмір еткендей көрініп, қате түсінік қалыптаспауы қажет. Себебі дініміз жұмыс істеп, еңбек етуді, кәсіп үйреніп, мамандыққа ие болуды және халал жолмен ризық табуды ғибадат санатына жатқызып, бұған ерекше мән береді. Адал ризық табу жолында жұмыс істеуге байланысты аят-хадистерді көптеп кездестіре аламыз.
Төмендегі бірнеше хадис бұл мәселеге назарымызды аударары анық:
«Адамдардың ең абзалы – дүниелік істерге де, ақыреттік амалдарға да уақыт бөлген мүмін».197
«Сенімді әрі турашыл мұсылман саудагер қиямет күні шейіттермен бірге болады».198
«Дүние табуда шектен шықпай әрі селқостық танытпай орта жолды ұстаныңдар. Себебі әрбір жан өзіне тиесілі болғанға
қол жеткізеді».199
«Алладан қорқатын тақуа адам үшін байлықтың ешбір зияны жоқ. Тек тақуа жанға денсаулық байлықтан да артық».200
«Беруші қол алушы қолдан жоғары».201
Ислам ғалымдары «Муззәммил» сүресін адал ризық табу үшін жасалған сауда іссапарының жиһад жасау дәрежесінде маңызды екендігіне дәлел ретінде келтіреді. Құран аятында түнгі құлшылыққа тұра алмайтын кешірімді себептерді төмендегіше санамалап өтеді: «Араларыңда науқастардың болатынын, кейбіреулеріңнің Алланың шексіз шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтынын, енді біреулердің Алла жолында соғысқа шығып, бел шешпей жортуылдап жүретінін Алла біледі. Ендеше, Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқыңдар».202
Әзірет Омар (р.а.) жиһадтан кейінгі абзал амалдың адал ризық табу жолында табан тоздыру екендігін аятқа қарай отырып былай түсіндіреді: «Маған өлім келетін жағдайлардың арасында Алла жолындағы соғыстан кейінгі ең ұнамдысы – мен бір таудың екі төбесінің арасында Алланың ризық-несібесін іздеп жүрген сәтімде ажалдың жетуі. Себебі Құранда «Алланың шексіз шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтындар» деп ерекшелеп атап өткен».203
Бұл аятты түсіндіру барысында ғалымдар Пайғамбарымыздың
мына бір хадисін де келтіре кетеді: «Кімде-кім мұсылман өлкелерінің біріне азық-түлік апарып, оны сол жердің бағасында сататын болса, бұл ісі Алланың алдында жоғары дәрежеге жетуіне себеп бола алады. Себебі Алла Тағала «Алланың шексіз
шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтындар» деген болатын».204
Адал ризық табудың «адамның өз еңбегіне»205 байланысты екендігі жазылған Құран Кәрімде дүниелік істермен де шұғылдануға назарымызды аударатын жайттар көптеп кездеседі. Бір аятта «Бұл дүниедегі несібеңді де
ұмытпа»206 делінген. Басқа бірінде «Дүниеде де, ақыретте де жақсылық бер»207 деп сұрағандар мақталады. Келесі аятта жер бетінде тіршілік бастау алғаннан бері барша пайғамбарларға адал ризық табу үшін жұмыс істеу бұйырылғандығы анық айтылады: «Уа, пайғамбарлар қауымы! Адал, таза һәм пайдалы ас-судан жеп-ішіңдер, әркез игі істер істеңдер. Мен еш шүбәсіз, сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңді білемін».208
Еңбек етіп, маңдай терімен адал ризық табудың маңыздылығын көрсету үшін тағы бір хадисте Алла Елшісі
(с.а.с.) былай деген: «Ешкім өз еңбегімен тапқан нәсібінен асқан қайырлы ризыққа кенелген емес. Алланың пайғамбары Дәуіт (а.с.)
өз қолымен еңбектеніп тапқан ризығын жейтін».209 Яғни, жоғарыдағы Құран аятымен де астасып жатқан бұл хадисте пайғамбарлардың да ризық-несібесін табу үшін еңбек еткендігін көрсетіп, «Алланың жолында болдым екен» деп, дүниеден баз кешіп, қол қусырып қарап жатуды дініміз құптамайтындығын жеткізеді.
Тіпті Алла Елшісінің «Ертең қиямет болатынын білсеңдер де,
қолдарыңда тұрған бұтақты егіп кетіңдер»210 деген сөзі қандай
жағдай
көрсетіп
болмасын еңбек етудің маңыздылығын нақтылап
кеткендей.
Сонымен қатар дініміз адамға өз ісіне жауапкершілікпен қарауды үйретеді. Жұмысын адал атқарып, дұрыс жасауын
міндеттейді. Тағы бір хадисте былай делінген: «Ең жақсы табыс – берілген жұмысты жан-тәнімен орындап, жұмыс берушіні құрметтей отырып, қол жеткізген табыс. Жұмыс берушінің заңды талаптарын адал орындаған жұмысшы қиямет күнінде садақа берушілермен тең болады».211
Ислам діні мұсылман жанның кедей болып, мүсәпір халде өмір сүруін талап етпейді. Ешқашанда ондай түсінікте болған емес. Әзірет Омар (р.а.) пақырлық пен жалқаулықты, уақытты босқа жүрумен өткізуді жек көретін. Тек дініміз жүрегі Алла деген мұсылманның сол жүрегіне дүние атаулы кіріп кетпеуін қадағалайды. Дүние мұсылман адамның жүрегінде емес, қолында болу керек. Адам мен байлықтың арақатынасы кеме мен судың мысалындай. Кеменің сыртында болған су (теңіз, мұхит) оған пайдалы әрі маңызды. Себебі ол кемені діттеген жеріне алып баратын бірден-бір қажетті нәрсе. Ал сол су кеменің ішіне кірсе, оны құрдымға ұшыратып, су түбіне батырады. Сол секілді дүние адамның қолында болса, оның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайды, басқаларға көмек қолын созуына мүмкіндік береді, екі дүниелік мақсатына жеткізе алады, алайда ішіне, яғни жүрегіне кірсе, оның түбіне жетеді.
Дініміз кедейліктің ауыртпалығынан айырыла алмай, қайыр тілеп күн көргенше өзінің маңдай тер, адал еңбегімен ризық табуын құптайды. Бір хадисте осы жайт нақты баяндалады:
«Араларыңнан кімде-кімнің арқасына бір құшақ отынды арқалап жүріп сатуы және осылайша ар-намысын сақтап қалуы Қиямет күні жүзінде қара дақ болып көрініп тұратын жұртқа алақан жайып қайыр тілегеннен әлдеқайда жақсы».212
Сондықтан мұсылман баласы адал еңбек етіп, өмірде жетістікке және мол табысқа жетуге тырысқаны жөн. Ең бастысы, жетістігі мен табысына масаттанбай, әрдайым оған жеткізген Алла екендігін есінен шығармай, шүкірін ұмытпауы қажет. Сонымен бірге жағдайы мен мүмкіндігі болғанда зекет-садақасын беріп, басқаларға қол ұшын созып, қолғабыс етуге
тырысқаны дұрыс. Өйткені хадисте «Адамдардың ең қайырлысы
– өзгелерге ең көп пайдасы тиетіні»213 делінген. Ал адамдарға ең көп пайда тигізе алу дүние-мүлкі өзінен артылған болуын қажет етеді. Хадисте бай-бақуатты болып, дүние-мүлкін Алла жолында жұмсаған жанға қызығушылықпен қарауға рұқсат етілгендігі және оның жаннатқа алғашқы кірушілерден болатындығы айтылған.214
Мұсылман жан өзге дін өкілінің қол астында болмауы керек. Сондықтан қызметте де мұсылман емес біреудің қарамағында жұмыс істемегені абзал. Сол үшін мұсылмандар дүниелік істерде де табысты болып, жетістікке жетіп, үмбетті алға сүйреуге талпынғаны жөн.
Ақиқатында, адам өз өмірінде талай белестер мен асуларды бағындыра алады. Сол мақсатына жетіп, толағай табысқа, үлкен жетістікке қол жеткізу үшін мұсылман баласы уақытын ысырап етпей ұтымды әрі тиімді пайдалана білуі қажет. Ғибадат-құлшылықтарда уақыттың мөлшері мен төтеп берген қиындыққа қарай сауапқа кенеліп, жетістікке қол жеткізілетін болса, дүниелік табысқа қол жеткізу барысында адамның жұмсаған уақыты емес, қол жеткізген нәтижесі маңыздырақ. Сондықтан көп уақыт жұмсаудың орнына, уақытты тиімді пайдаланып, аз уақыттың ішінде көп нәтижеге қол жеткізетіндей өнімді еңбек етудің жолын қарастыру қажет. Міне, осы үшін де Ислам белгілеген шекаралармен қатар, заманауи тайм-менеджмент ережелері таптырмас құрал болып көмекке келеді.
Ең алдымен, хадистерде айтылған табысты болудың кілттерінің бірі таңғы уақыт екендігін көре аламыз. Алла
Елшісі (с.а.с.) былай дұға ететін болған: «Уа, Алла! Үмбетімнің ішінде таң атар-атпас адал еңбекке кіріскендердің істерін берекелі ете гөр!»215 Пайғамбар (с.а.с.) дұғасы қабыл болатынын
ескеріп, күнделікті тірлігімізді таңертең ерте бастауды әдетке айналдырғанымыз жөн. Сонымен қатар Алла Елшісі (с.а.с.) бірқатар хадистерінде де бұл жайтты тілге тиік етіп өткен:
«Ризық іздеуге ертерек шығыңдар, себебі істі ерте бастау – берекет әрі үлкен табыс әкеледі».216 «Таң атқаннан кейін ұйықтап жату – ризықтың келуіне кедергі».217
Олай болса, Құран Кәрімде де, хадисте де мүміндердің тек ақыретін уайымдап қана қоймай, осы дүниесінің де қамын ойлап, адал ризық табу жолында тер төгуі талап етілген. Тек қана адамның өмірінің мақсаты мал табуға айналып кетпеуі қажет. Себебі адам «тамақ үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін тамақтанатындығын» есінен шығармауы тиіс.
Дүниенің өткіншілігіне байланысты хадистердегі ескертулер тарихта кездескендей қате түсінікке ұрындырмасы үшін соңғы кезеңнің ғалымдары «Дүниені қолмен емес, жүрекпен тәрк ету» керектігін айқындап, ақыретке пайдасы жоқ, тек нәпсі қалауларының соңына түскен істермен ғана айналысудың зияндылығына назарымызды аударуға тырысқан. Ал жалпы алғанда, Алла разылығы үшін жасалған әрбір іс маңызды, қажетті болып табылады, уақытты босқа өткізуге жатпайды.
Адамның жұмысы үш нәрсені қамтыса адамға нағыз бақыт алып келеді: жалақы, сүйікті ісі және қайырымдылық. Осылардың барлығын ұштастыратын жанына жақын жұмысын тауып, адал жолмен еңбек етуге жұмсаған уақытының әрбір сәті адам баласына екі дүниелік толағай табыс алып келмек.
Білім алуға уақыт арнау
Ислам діні ер кісіге де, әйел адамға да білім алуды міндеттейтіні белгілі.218 Құранның ең алғашқы түскен әмірінің өзі «Оқы» делінгендіктен, білім алу мұсылман жанның ең басты міндеті болып саналады. Мұнда да Алла Тағала нақты нені оқу керектігін айтып белгілеп бермегендіктен, дініміз пайдалы әрі қажетті білімнің барлық түрін құптайды деуге болады.
Алла Елшісі (с.а.с.) Құраннан үйренген тәлімімен әрдайым «Раббым, ілімімді арттыра көр»219 деп дұға ететін болған. Мұның өзі білім алудың дінімізде қаншалықты маңызды орын алатынын көрсете алады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тек дұға етумен шектелмей, әрқашан амалын да жасай білген. Ең алдымен уахи арқылы сусындай отырып, Жәбірейіл періштеден (а.с.) де көптеген жайттарға қанық болған. Сонымен қатар сахабаларымен және айналасындағы жандармен сұхбаттасып, ақыл-ойын пайдалы мәліметтермен толтырып отырған.
Алла Елшісінің «Кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған
жұмаққа барар жолды жеңілдетеді»220 деген сөзі білім алудың маңыздылығын көрсетіп, ілім жолындағы жанды сүйіншілеуде.
Имам Ағзам Әбу Ханифаның мына бір өсиетінен білім алудың кезек күттірмей ең алдымен атқарылуы қажет іс екенін ұғына аламыз: «Ең алдымен білім ізденуге тырыс. Кейін дүниелік несібеңді алу үшін жұмыс жаса. Содан кейін ғана өмірлік жар табуға әрекет жаса. Ал егер бірінші дүниелік несібеңді, байлықты көздесең, білім алуға уақыт таппай қаласың және білімсіз тапқан байлық сені сараңдыққа жетелеп, көзіңді шел басады».
Күн сайын өз-өзін жетілдіріп отыру қажет
Бос уақытты тиімді өткізуге жетелейтін, адамның санасында қалыптасуы қажет қағидалардың бірі – адамның жеке
дамуына байланысты. Алла Елшісі (с.а.с.) мүміннің білім деңгейін, рухани байлығын күн сайын арттырып отыруға тырысуы қажеттігін ескерткен. Айша анамыз (р.а.) жеткізген
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Мені Аллаға жақындататын ілімімді арттырмай бір күн өмір сүрсем, ол күнді
жақсылықпен өткізбедім деп есептеймін».221 Мәғрифәтуллаһтың (Алланы тану) шыңына шыға алған Пайғамбарымыздың күн сайын Аллаға деген жақындығын арттыратын ілім алуға мүмкіндігі болса, басқа адамдар үшін бұл мүмкіндіктің аясы тіпті кең болмақ. Себебі Алланы тану тұрғысынан біздердің олқылықтарымыз бен пайғамбарлардың кішігірім кемшіліктерін салыстыруға мүлдем келмейді.
Мағынасы осыған ұқсас тағы бір хадиске назар аударсақ:
«Тақуалыққа жетудің жолдарының бірі – білмеген мәселелеріңді де
үйренгенше білім алуды жалғастыру».222
Басқа бір риуаятта аталған жайт төмендегідей қысқа да
нұсқа жеткізіледі: «Екі күні бірдей болған – зиянда... күн сайын
дамып отырмаған кері кетеді».223 Өмірдің әрбір кезеңдерінде адамның әрдайым тұрақты түрде білімін жетілдіріп отыруының қажеттілігін ағысқа қарсы жүзген адаммен салыстыруға болады. Ағысқа қарсы жүзген адам жүзуін жалғастырмай тоқтап қалатын болса, кері кететіні белгілі. Сол секілді адам баласы білім алуын тоқтатып қойса, оның бұған дейін жеткен дәрежесіндетұрақтап тұра алмайды, міндетті түрде кері кетеді, себебі алдыңғы мәліметтер бара-бара ұмытыла бастайды.
Нағыз пайдалы білім материалдық білімдер мен рухани білімдерді бірлестіре отырып меңгеріледі. Ілімнің бұл екіжақтылығы қос қанат сияқты. Сіз өмірде бір қанатпен ұшқан құс көрдіңіз бе?..
Алдымен білуіміз міндетті мәселелерді үйрену
Пайғамбарымыздың хадистерінде әрбір мұсылманның білуі парыз саналатын мәселелер аталып өтіледі. Оларды түсіндіру барысында ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар кездескенімен, көпшілігі иман, ғибадат, көркем мінез, қарым-қатынас әдебі, белгілі бір мамандық, үйленетін жандар үшін отбасылық мәселелер мен бала тәрбиесінің қыр-сырлары жайлы мағлұматтарды білу парыз екендігін құптаған.
Алла Елшісі (с.а.с.) дұрыс әрі пайдалы білім алудың маңыздылығын білдіріп кеткен. Әрдайым пайдасыз білімнен Аллаға сиынып, дұға ететін болған. Алайда «мына білім пайдасыз» деп нақты айтқан емес. Демек, білуіміз парыз болған білімді толыққанды үйреніп болмай, «қажетті білімімді толықтыруға кедергі жасайтын барлық білімнен Аллаға сиыну керек» деген түсінік қалыптастыруымыз қажет деген сөз. Себебі ешбір пайдасы жоқ артық мағлұмат адамның санасына шоғырланып, жадын толтырып, зейінін қажетті дүниеге арнауына кедергі жасайды.
Алла Тағала білім алуды әрбір ер мен әйел мұсылманға парыз еткенін хадистен білеміз. Ал бұл парыз өз кезегінде парыз-айн (әркімге жеке парыз) және парыз-кифәя (жамағатқа жалпы парыз) болып екіге бөлінеді. Өзін мұсылман санаған әрбір жан өзі үйренуі керек жайттарға діни білім жатады. Мұсылманның мойнында діни міндеттемелері бар болғандықтан, соларды атқаруды үйрену үшін білім алу парыздан да маңызды парыз болып саналады. Ал діни білім өз алдына «қорғаушы» және «толтырушы» болып екіге бөлінеді. Қорғаушы білім – мұсылман баласын әртүрлі жат жолдар мен адасушылықтан сақтап, өзгелердің жетегінде кетуден қорғап қалатын мағлұматтар. Толтырушы білім – адамның жанын рухани байытатын, жүрегін мейірімділікпен толтыратын, дін жолындатабандылыққабаулитынтағылымды-өнегелі мәліметтер. Мұсылман адам ең алдымен өзіне жеке парыз
болған осы екі түрлі біліммен сусындауға тиіс. Ал парыз-кифая аталған, жалпыға міндеттеліп, жамағаттың ішінен бір не бірнеше адам білсе жеткілікті болатын мәліметтерді адам өз табиғаты мен қажеттіліктеріне қарай үйреніп біле алады.
Алла Тағаланың адамдарға берген зейін қабілеті мен бейімділігі әр алуан болып келеді. Адамдардың осындай қабілеті мен талаптарының нәтижесінде түрлі мамандықтар пайда болған. Қоғам тәртібінің жалғасуы үшін түрлі мамандықтар мен оның мамандары, әлбетте, қажет. Мамандық таңдау барысында назар аударылатын басты мәселе – халал мен харам шегіне абай болу.
Әрбір мұсылман Алла Тағаланың өзіне берген мүмкіншіліктерін ең жақсы түрде пайдалануы тиіс. Кімнің қай салаға қабілеті болса, өзін сол бағытта дамытуға жігер жұмсауы керек. Мысалы, ілімге қабілеті бар адам пайдалы іліммен айналысып, сол салада жоғары дәрежелерге жетуге талпынғаны абзал. Басқару қабілеті бар адам соның іліміне бейімделумен қатар, өз жауапкершіліктерін де үйренуі керек.
Тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздену
Әлемдегі ең көп жалақы алатындардың 20%-ы өмір бойы білім алуға уақыт арнайды. Олар әрдайым білім қорларын толтырып, біліктіліктерін шыңдай түседі: кітап оқиды, жаңа білім алады және онысын тәжірибе жүзінде іске асырады. Олар кемелдену жолында өз-өздерін аяп қалмайды.
Fortune 500 тізіміне кірген бір компанияның басшысының төмендегідей сөзі бар: «Бәсекеге қабілеттілігімізді сақтап қалудың бірден-бір шынайы жолы – үйренуге деген қабілеттілік және сол үйренген нәрсемізді бәсекелестерімізден бұрын тәжірибе жүзінде іске асыруымыз».
Шведтік психолог профессор Андерс Эриксон жетістікке жеткен қызметкерлердің жаңа білім алуға күнделікті екі сағаттан, аптасына бес күн уақыттарын арнайтындығын анықтаған. Бір аптада 168 сағат бар. Білім алуға тек қана он сағат уақыт арнау арқылы жаңадан жұмыс бастаған қызметкерлер де үлкен жетістікке жетіп, мансап баспалдағымен жылдам жоғарылай түскен. Жаңа білім мен біліктілікке қол жеткізу арқылы олар нәтижеге жету қабілетін арттыра түскен.
Жолдастары әртүрлі кештерде, спорттық шараларда, үйде теледидар алдында көңіл көтеріп жүрген уақытта олар күнделікті екі сағаттан уақыт тауып, ұдайы білім алып, өздерін жетілдірумен болған.
А.Эйнштейннің мынадай сөзі бар: «Артық қордың әлемде теңдесі жоқ күші бар». Артық білім қоры да дәл осылай.
Адамның істеген ісінің ғана емес, істемеген нәрсесінің де салдары болуы мүмкін екенін айтып өттік. Және кейде әрекетсіздіктің салдары біз ойлағаннан да қатерлі болуы ықтимал. Өз ісіне жауапкершілікпен қарамайтын, уақытын жолдастарымен әңгіме-дүкен құрумен, көңіл көтерумен өткізетін, бар мүмкіндікті пайдаланып жұмыстан сытылып кетуге тырысатын, шамадан тыс демалысқа көңіл бөлетін жан бұл ісінің жағымсыз салдарымен жақын арада бетпе-бет келуге дайындала бергені дұрыс. Егер ол білімі мен біліктілігін жетілдірмесе, уақытын тиімді пайдалануды білмесе, тапсырылған жұмысты уақытында атқармаса, мұндай әрекетсіздік пен уақытты бос өткізудің салдары оның мансабына кері әсер ететінін білуі керек.
Табиғи заңдылық: «Егер үлкен нәтижеге қол жеткізгің келсе, үлкен күш жұмсап тер төгуің керек».
Неміс философы Гетенің мына бір сөзі ой саларлық: «Табиғат әзілді қабылдамайды: ол әрдайым шындықтың жағында, әрдайым шынайы, әрдайым қатал, оныкі әрдайым дұрыс, ал қателіктер мен адасушылықтар адамдардан. Оны бағалай білмеген адамды ол ұнатпайды. Тек қана таза жүректі, шыншыл, алғыр жанға жеңілдік беріп, өз құпияларын ашады».224
Иә, тым философиялық әрі материалистік түсінік қалыптастыруы мүмкін. Алайда асыл дініміздің призмасымен
қарап, көп жайтты ұғына аламыз.
Алла Елшісінің «Екі күні бірдей болған адам зиянда»225 дегеніндей, адам баласы өзін жетілдіріп, білім алып, біліктілігін арттыруға тырысумен болмаса, бұл дүниеде де, ақыретте де зиян шегу қаупі бар. Сондықтан қазірден бастап күнделікті, апта сайын, ай сайын білім алуға уақыт бөлуге бекініңіз. Күн тәртібін реттеп, жоспар құрып, білім алуға уақыт бөліңіз, ол үшін арнайы орын да дайындап қойыңыз.
Өміріміздің маңызды кезеңдерінің бірі – біз әдет бойынша
«бос уақыт» деп атайтын өз құзырымыздағы уақыттарымыз. Бір аптада 168 сағат бар. Орташа есеппен алғанда адам күніне 8 сағаттан аптасына 5 күн жұмыс істейді (40 сағат), 8 сағатын (ең көбі) ұйқыға жұмсайды (56 сағат), 5 сағат уақыты жуынып, киінуге, тамақ ішуге, жолға кетеді (35 сағат). Осының барлығын қосып есептегенде 131 сағатты құрайды. Арғы жағында әлі де 37 сағат «бос уақыты» қалады. Мұсылман баласының күнделікті бес уақыт намазына тиесілі бір сағатын тағы қосыңыз. Соңында 30 сағат қалады.
Өкінішке орай, адамдардың көбі бұл уақыттарды теледидар қараумен, көңіл көтерумен, жолдастарымен әңгіме-дүкен құрумен өткізеді. Алайда адамның жетістікке жетуі немесе көштің соңында жүруі дәл осы өз құзырындағы уақытын қалай өткізгендігіне байланысты өлшенеді. Сіз ол уақытыңызды көңіл көтерумен өткізе аласыз немесе болашағыңыз үшін маңызды істерге жұмсай аласыз.
Бос уақыт адам өміріндегі қосымша мүмкіндігі ретінде саналады. Оны ақылмен пайдаланатын болса, жеке басының құндылықтарын айтарлықтай дәрежеде арттыра алады.
Егер сіздің жұмыс тәртібіңіз қазіргі қоғамда қалыптасқан әдетке сай болса, сіздің құзырыңызда күнделікті төрт сағат бос уақыт болады. Бұл уақыттарды сіз өз қалауыңыз бойынша пайдалана аласыз. Ал демалыс күндері бұл уақыт 16 сағатқа дейін артады.
Осы уақыттарыңызды қалай пайдаланғаныңызға байланысты сіздің келешек өміріңіз бен болашақтағы жетістіктеріңіз анықталады, жалпы көп жайт соған байланысты өзгере алады. Егер сіз осы қосымша мүмкіндігіңізді ақыл-ой мен білім-біліктілігіңізді арттыруға пайдаланатын болсаңыз, оған дейін жинақтаған қорыңызды жетілдіре түсіп, таңқаларлық
жетістіктерге қол жеткізуге жол ашасыз.
Әлемдегі ең көп жалақы төленетін мамандардың 20%-ының қатарына кіретін адамдар өздерінің бос уақыттарын тиімді түрде пайдаланады. Олар өмір бойы білімін жетілдіруге жіті мән береді. Солайша білімі мен біліктілігін арттырған сайын жалақысы да өсіп отырады.226
Сіз де аптасына 10 сағат бос уақытыңызды білім алуға арнауға қазірден бастап шешім қабылдаңыз.
Жетістікке жеткен жандар бос уақыттарын қалай өткізетінін біліп, солардан үлгі алыңыз.
Оқығанды көңілге тоқып, білімді жетік меңгере алудың тағы бір жолы ретінде ғалымдар мынадай кеңес береді: «Көп кітап оқыма, бір кітапты көп оқы». Кітапты жақсы түсіну үшін мұның берер пайдасы мол екенін ақылды адам жоққа шығармасы анық. Отырардың тумасы Әл-Фараби бабамыз Аристотельдің кітаптарын 100 реттен аса оқыған деседі. Нәтижеде Батыс Аристотельді түсіну үшін Әл-Фарабиге жүгінді. Әрине, көп оқумен барлық адам Әл-Фараби сияқты
ғалым болып кетпес. Бірақ ғалым болғандардың барлығы – кітапты көп оқығандар.
Жақындарға уақыт бөлу
Өз уақытыңызды кіммен және қалай өткізетініңіз сіздің бақытыңыз бен жетістігіңіздің 85%-ына әсер етеді. Әңгіме-дүкен құруға арналған уақыт пен жұмысқа, шығармашылыққа не білім алуға арналған кезеңдердің арасында айырмашылық болары сөзсіз. Жетістікке жетуге және мансапта жоғарылауға қажетті істер отбасы бақытына қауышу мен жақындармен жақсы қарым-қатынаста болуға керекті әрекеттерден түбегейлі өзгеше болады.
Отбасында болсын, достардың ортасында болсын ынтымақ пен татулықтың орын алуы оған да арнайы уақыт бөлуді қажет етеді. Жақындарыңызға уақытында оларға қажетті уақытты бөліп үйреніңіз. Себебі бұл кейінге қалдырылатын уақыт емес.
Құранда Алла Тағала «Ата-аналарыңа жақсылық жасаңдар. Сондай-ақ жақын туыстарыңа, жетімдерге, кедей-кепшікке, жақын көршілеріңе, алыс көршілеріңе, (сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, (елінен жырақта жүрген) мұқтаж жолаушыға және қоластыларыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық жасаңдар»227 деп мұсылман баласының қоғам алдындағы жауапкершілігін тізбектеп береді. Дін мұсылман баласы мүмкіндігінше осы аталған жандарға уақыт бөліп, міндетін орындауы тиіс.
Отбасына арналған уақыт
Үй ішіндегі сіздің бақытқа толы ғұмыр кеше білуіңіз сіздің жақсы көретін әрі сізді жақсы көретін жандарға байланысты болмақ. Сіздің өміріңіздің қаншалықты мәнді әрі бақытқа толы
болуы өмірлік жарыңызды, досыңызды не жолдасыңызды дұрыс таңдауыңызға тікелей байланысты.
Адамдармен қарым-қатынасыңыздың сапасын арттырудың бірден-бір жолы оларға көбірек уақыт бөлуге келіп тіреледі. Адамдармен қарым-қатынастағы көзбе-көз тілдесуге бөлінген уақыттың орнын еш нәрсе баса алмақ емес.
Дініміздің белгілеген ережелері бойынша отбасы мүшелерінің әрқайсысыныңбір-бірініңалдындабелгілібір жауапкершіліктері бар. Ең алдымен, өмір сыйлаған ата-ананың алдындағы ешқашан өтелмес парызымыз бен қарызымыз бар. Оны Алла Тағала Құранда да атап өткенін білеміз.228 Соған сай осы міндетімізді орындау үшін оларға уақыт арнап, көңіл бөлу қажет болмақ. Аятта ата-анаға жақсылық жасаудан кейін туған-туыстарға кезек береді. Сондықтан жақын туыстардың алдындағы жауапкершілікті өтеуге де уақыт бөлу маңызды. Алла Тағала жұп етіп жаратқан ерлі-зайыптылардың арасындағы жауапкершіліктер мен міндеттердің жөні мүлдем бөлек. Әйеліне «аманатым» деп қараған ері оның алдындағы міндеттерін орындауға уақытын дұрыс бөле білуі тиіс. Ерін «жаннатым» деп бағалаған әйелі де жарының алдындағы жауапкершіліктеріне мұқият болып, оны разы етуге барша мүмкіндіктерін пайдаланып, жеткілікті уақытын арнауы қажет. «Адамның бір қызығы бала деген» демекші, балалы болуды кімнің болса да қалайтыны ақиқат. Алайда оның өзіндік жауапкершілігі де жоқ емес. Ол жауапкершілік – балаға тәрбие беру. Ал бала тәрбиелеу бір күндік іс емес. Жалпы адамды тәрбиелеу көп уақыт алатыны белгілі. Құран Кәрімде Мұса пайғамбардың (а.с.) өз қауымын Алла Тағаланың әміріне бағынбаған соң, Сина сахарасында ары-бері 40 жыл бойы жүргізгені айтылады.229 Бұл оқиға қазақтың «елу жылда ел жаңа» деген тамаша сөзін еске түсіреді. Яғни, Алла Тағала
әлгі күнәһар қауымды тәрбиелеуді мақсат тұтты. Ақыры шөлдің шыжғырған ыстығынан қайраттанған қауым тарихқа Дәуіт пайғамбардай (а.с.) қайратты ұл сыйлады. Ол өз қауымы жіберген қателікті жөндеді. Міне, бұл – тәрбиенің жемісі. Сіз де балаңыздың тәрбиелі болғанын қаласаңыз, оның тәрбиесіне көңіл бөліңіз. Кімде-кім өз уақытын баласының тәрбиесі үшін жұмсаған болса, онда ол ертеңгі күні тәрбиесіз баланың келтірер зардабынан аман болады.
Осылардың барлығына көңіл бөлу мен уақыт арнау мәселесінде адам тепе-теңдікті сақтауға мұқият болуы керек. Ешкімнің ақысын ешкімге жегізбеу керек. Барлығына қажетті уақытын бөле білу керек.
Адам жұмысы үшін отбасына уақыт бөле алмай немесе отбасы үшін жұмысына уақыт бөле алмай жүрген жоқ. Уақытын дұрыс пайдаланбай, ысырап еткені үшін уақыт бөле алмай жүр.
Шынайы бақытқа қол жеткізу үшін отбасы мен жұмысқа арналған уақытта таразының басын тең ұстай білу өте маңызды. Жұмыс барысында жұмсалған уақыттың сапасы маңызды болса, барлық бақытты әрі есте қаларлық сәттерді бастан кешіретін отбасы ошақ қасындағы жақын жандарыңызға арнаған уақытыңыздың мөлшері маңыздырақ.
Сіздің түздегі жұмысыңыз ішкі жан дүниеңіздегі құндылықтарыңызбен сәйкес болғанда ғана шынайы бақытты бола алмақсыз.
Көптеген адамдар, әсіресе, ер кісілер, олар үшін отбасы ең басты құндылық әрі барлығынан қымбат екендігін айтады. Олар тек қана отбасына жайлы өмір сыйлау үшін тер төгіп жүргенін қайталаумен болады. Алайда күн ұзаққа жұмыста болып, кешке үйіне оралғанда теледидар көрумен, демалыс күндері достарымен ойынға жиналумен уақыт өткізеді. Жақында жасалған зерттеулердің нәтижесі бойынша, отағасы әр баласымен орташа алғанда күніне сегіз минут уақыт өткізеді екен.
Жұмыс пен отбасына бөлінген уақыттың арасындағы мұндай теңсіздік адамды күйзеліске ұшыратады. Дөңгелектерінің бірінің
тепе-теңдігі бұзылғанда қатты теңселе бастайтын автокөлік секілді өмірде осындай тепе-теңдікті сақтай алмау адамды қуаныш пен үйлесімділіктен айырады.
Кез келген қарым-қатынаста әрбір істің өз уақытында атқарылуы мен әрбір сөздің өз уақытында айтылуы аса маңызды.
Айналаңыздағы жандармен қарым-қатынасыңызды реттеу – жеке істеріңізге уақыт арнаудың ең жақсы жолдарының бірі. Отбасымен және жақындармен қарым-қатынасыңызды жақсартудың тиімді жолдарының бірі өзіңізге «Алты ай ғана өмірім қалған болса не істер едім әрі уақытымды қалай өткізер едім?» деген сұрақ қойып көру.
Бұл өте жақсы сұрақ. Өз әрекетіңізді қалай өзгертер едіңіз? Нені қосып, нені алып тастар едіңіз? Өміріңіздің соңғы алты айын қалай өткізер едіңіз? Мұндай жағдайда жауаптардың барлығы дерлік жақын жандарыңызға қатысты болады. Ренжіскен адамдармен татуласуға, өзіңізге қымбат жандармен көбірек уақыт өткізуге тырысасыз.
Мұндағы маңызды ереже: сұраққа жауап іздегенде не істеймін деп шешсеңіз соны орындауға бірден кірісіңіз. Уақыт оздырмастан жақсылық жасап, ізгілікке бет бұруға тырысыңыз. Барлығы да кеш болуы мүмкін уақытты күтпеңіз. Себебі өміріңіз алты айдан да аз қалған болуы мүмкін. Біле алмайсыз!
Бақытты өмірдің сыры отбасымен көбірек уақыт өткізуде жатыр. Бұл қалай болмақ? Үйде болған кезіңізде уақытыңыздың 100%-ын отбасыңызға арнаңыз. Теледидар мен компьютерді өшіріңіз. Смартфоныңызды алыстау жерге қойыңыз. Кітапты жауып, газетті бүктеп қойыңыз.
Сізді алаңдататын барлық артық нәрседен құтылыңыз. Назарыңызды толықтай өз өміріңіздегі ең маңызды жандарға аударыңыз. Олардың жанында отырып, жүрек қағысын
сезінуді ғана шынайы қарым-қатынас деп атауға болады. Өзіңізді толықтай жақындарыңызға арнап, олармен сөйлесіңіз, сөздерін мұқият тыңдаңыз, уайымдарын түсінуге тырысыңыз.
Сізбен сөйлескісі келген жанды тыңдағанда басқа істерді доғарып, тек қана оның сөзіне құлақ салыңыз. Сол сәтте сіз үшін әлемдегі ең маңызды жанның сол екенін көрсетіңіз.
Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға қажетті ең негізгі сипат – адамдарда сенім мен құрметті оята білу. Айналаңыздағы жандар сізге сеніп, құрметтей алса, олармен қарым-қатынаста ешқандай мәселе туындамайды. Ал егер сенім мен құрметтен айырылып қалсаңыз, қарым-қатынасыңыз да құрдымға кетті дей беріңіз. Бұл бар болғаны уақыттың еншісіндегі жайт.
Назар аударуымыз қажетті қағида: сіз адамды тыңдай білсеңіз, сізге сенім артатын болады. Сұхбаттасыңызды тыңдай білуіңіз бен араңызда жақын әрі сенімді қарым-қатынас орнауының арасында тікелей байланыс бар.
Өзінің «Достардың көңілін жаулау және адамдарға әсер ете білу» атты кітабында Дейл Карнеги былай жазады: «Адамның табиғи қажеттіліктері мен қалауларының бірі – өзінің маңыздылығын сезіну».230
Әйеліне берген уәдесі...
ӘлемгеәйгіліБрайанТрейсидіңсеминарларыныңбірінде қатысушылардың бірі өзінің қызықты оқиғасымен бөліскен. Үйленгенде әйеліне күнделікті кешкі сағат 6-да үйге келетіндігіне және онымен бірге кемінде екі сағат уақыт өткізетіндігіне уәде берген. Кейіннен балалары болған кезде отбасына арналған уақыты үш сағатқа дейін артқан. Демалыс күндері одан да көп уақытын бөлген. Табысты кәсіпкер қызмет бабымен басқа жақтарға кетуге тура келгенде күнделікті уақытты санап, сағат сандарын қосып, үйіне оралған кезінде сол уақытын отбасына арнап отырған.
Қызмет баспалдағының бастапқа кезеңдерінде берілген бұл уәдесі оның бүкіл өмірін өзгертеді. Сөзінде тұру үшін кәсіпкер барынша тиімді жұмыс атқарып әрі ең маңызды істермен шұғылдануды үйренеді. Жұмыс орнына біраз ертерек келіп, бар күш-жігерін салып жұмыс істеп, тірлігін
уақытында бітіріп, тура сағат 18:00-де үйінде болатын. Бұл кәсіпкер өз саласының білікті маманы әрі табысты жетекшісіне айналады. Ерен еңбегі үшін жалақысын арттырып, мансабын өсіре түседі. Уақыт өте келе бай адамдардың қатарынан табылады. Осылайша оның әйеліне берген уәдесі өміріндегі маңызды шешімдерінің біріне айналады.231
Сіз де солай жетістікке жете отырып, жан жарыңызға да
тиісті уақыт бөле аласыз. Жұмыста өткізген сағат саны емес, уақытында атқарылған істің көлемі маңызды екендігін естен шығармаңыз. Ал өмірлік серігіңізге арнайтын уақыттың мөлшері қымбатырақ.
Әйеліңізге көңіл бөліп, дұрыс уақыт арнай біліңіз. Сонда әйеліңіз сіз оны үлде мен бүлдеге орамасаңыз да, сіздің жаныңызда өзін бақытты сезініп, сіздің де разы болуыңыз үшін аянбайтын болады.
Ана мен бала
Бір күні жолдасы жан жарын мейрамханаға кешкі асқа шақырады. Бірақ әйелі ұсыныстан бас тартып:
– Мен сенің басқа бір әйелді шақырғаныңды қалаймын, – дейді. Түк түсінбеген күйеуі:
– Сен менің жар дегенде жалғыз некелі жарымсың. Мен сені мейрамханада бірге тамақтанайық деп шақырып жатырмын. Ал сен басқа әйел шақыр дейсің. Мен ондай еркектерден емеспін. Қалай басқа әйелді шақыр дейсің? Кімді айтып тұрсың сонда? – дейді. Сонда әйелі:
– Мен сенің өз анаңды шақырғаныңды қалаймын. Сендер бірге тамақтанбағалы, қыдырып, бірге уақыт өткізбегелі көп болды ғой, – деп сүйікті жұбайымен бірге қыдыру үшін өзінен гөрі енесін жоғары қойып, парасаттылық танытты. Мұны естігенде күйеуі қатты таңырқады әрі әйеліне разы болды.
Бірден анасына қоңырау шалып, мейрамханаға кешкі асқа шақырды. Анасы алғашқыда өз құлағына өзі сенбеді. Шақыруды қуана-қуана қабыл алды.
Жұмыс аптасы аяқталғанда жұманың кешінде анасын алып кетуге үйіне барды. Бойында біраз толқу бар. Анасы сыртта күтіп тұр екен. Оның да толқып тұрғаны байқалады.
Екеуі әңгімелерін айтып, сыр бөлісіп ұзақ отырды. Ана мен бала болып сөйлесуді екеуі де сағынып қалған екен. Әсіресе, ана көңілі жадырап, мәз-мейрам. Ол үшін ең керемет күн болғандай. Тіпті мұндай үлкен мейрамханада болмаса да, жерде отырып ұлымен бірге тамақтанғанның өзі оған зор бақыт сыйлайтын еді.
Анасын үйіне апарып салып тұрып:
– Анашым, тағы да міндетті түрде осылай бірге тамаққа барамыз, – деді.
– Тек бір шартым бар. Келесі жолы мен шақырамын, – деді шексіз қуанышта тұрған ана.
Үйіне барғанда кездесулерінің қалай өткенін сұраған әйеліне «Тамаша! Өзім ойлағаннан да керемет өтті» деп жауап қатты.
Көп ұзамай анасы жүрек талмасынан қайтыс болды. Мұның кенеттен болғаны соншалық – анасы үшін еш нәрсе істей алмады. Ұлы қатты қайғырды.
Арада біраз уақыт өткенде анасы екеуі барған мейрамханаға шақырту алады. Тамақ толықтай төленіп қойған екен. Шақырудың жанында бір хат бар еді: «Мұның ақысын алдын-ала төлеп қойғанмын. Алайда бара алатыныма сенімді болмадым. Дегенмен екі адамға арнап төледім. Біреуі – саған, екіншісі – әйеліңе. Сол кеш маған қаншалықты қуаныш сыйлағанын саған айтып жеткізе алмаймын. Сені қатты жақсы көремін, ұлым».
Теледидар болғым келеді
Бірде мұғалім мектеп оқушыларына мынадай тақырыпта шығарма жазуды тапсырды: «Құдай тілектеріңді орындап жатса, кім болғыларың келер еді? Неге айналар едіңдер?» Үйге келіп, кешкісін шығармаларды қарауға кірісті.
Барлық шығармаларды алаңсыз қараумен болар ма еді, кенет қолына көңіл-күйін бұзған бір шығарма іліне кетпегенде. Көңіл-күйі нілдей бұзылды да, жылап отырып қалды.
Артынша күйеуі келіп кірді, әйелі ебіл-дебілі шығып жылауда екен. – Не болды? – деп сұрады күйеуі.
– Оқышы, – деді ол, бір баланың шығармасына қол созып.
«Құдай Тағалам, мен Сенен бүгін ерекше тілекті өтініп көрмекпін: теледидарға айналдыршы. Мен оның орнына барып тұрсам деймін. Біздің
үйдегі теледидардың ғұмырындай өмір сүргім келеді. Ерекше орынды иемденіп, отбасымды айнала жинап алғым келеді. Мен сөйлеген тұста сөзімді бөлместен және сұрақ қоймастан тыңдаулары үшін. Үнемі басты назарда болу үшін. Ол (теледидар) бұзылғанда қалай жұмыс жасаса, менімен де дәл солай жұмыс жасағанын қалаймын. Үйге кештетіп келген, тіпті, шаршап келгеніне қарамастан, әкеммен бір ортада болғанды тіледім. Менің шешем көңілін орнықтыру үшін алдыма келіп, мұңайған сәтінде менімен оңаша қалсын. Ара-тұра ата-анам барлығын бір шетке ысырып қойып, аз уақытқа болса да менімен бірге болсын дедім. Құдайым, көп нәрсені сұрамай-ақ қойдым... Маған тек кез келген теледидардың ғұмырындай өмір сыйлашы».
– Сұмдық-ай! Байғұс бала! – деп күйеуі қатты дауыстап жіберді. – Қандай ғана ата-ана болды екен?!
Ал әйелі болса, әлі де жылау үстінде былай деді: – Бұл шығарма біздің ұлдікі болатын...
Бір сағат уақытыңды сатып алсам...
Әкесі жұмыстан келгенде есік алдынан 5 жасар ұлы қарсы алды. Дереу: – Әке, сағатына қанша ақша табасыз? – деп сұрайды. Өзі де шаршап
келген әкесі ұлының сұрағына ашуланып:
– Онда шаруаң болмасын! – деп жауап қайтарады. Ұлы берілмей:
– Айтыңызшы, білгім келеді, – деп қайта сұрағанда, әкесі ызаланып: – Екі мың теңге! Ал не істейін деп едің!? – дейді. Сонда ұлы:
– Маған бір мың теңге қарыз ақша бере тұрасыз ба? – деп сұрайды. Әкесі одан әрі ашуланып:
– Сенің онсыз да толып жатқан ойыншықтарыңа беретін ақшам жоқ. Мазамды ала бермей, бөлмеңе бар, – дейді. Ұлы еш жауап қайтармай көзі жасаурап бөлмесіне кетеді.
Әке ашуы басылар емес, «Бес-ақ жаста бола тұрып ақша сұрауға қалайша дәті барады?!» деп қояды.
Бір сағат өтіп, ашуы басылғанда, ұлын босқа ренжіткенін, баланың ақшаны не үшін сұрағанын да білмейтінін ойлап, «Мүмкін шынында қажет болып тұрған шығар?» деп ұлының бөлмесіне кіреді. Төсекте жатқан ұлына жақындап:
– Ұйықтап жатырсың ба? – деп сұрайды. Баланың: – Жоқ, – дегенін естіп:
– Сұраған мың теңгеңді ала ғой. Саған ұрсып тастағаным үшін ренжіме. Жұмыстан шаршап келген едім, – дейді. Ұлы төсегінен ұшып тұрып:
– Әке, рахмет! – деп, әкесінің қолынан мың теңгені алып, жастықтың астынан мыжылған ақшаларды шығарады. Әкесіне жәутеңдеп қарап қойып, ақшаларды санай бастайды. Мұны көрген әкесі қайта ашуланады:
– Ақшаң бола тұрып неге менен сұрадың? Сенің балалық ойындарыңа уақытым жоқ! – деп ұрыса бастайды. Сонда баласы:
– Иә, айдың басынан жинаған ақшам болды, бірақ олар жеткіліксіз еді, – дейді де, ақшалардың бәрін уыстап жинап әкесіне созады, – Міне, екі мың теңге... Әке, менімен әңгімелесуге бір сағат уақытыңызды сатып алсам бола ма?..
Әйел адамның уақыты
Уақыт мәселесі адамның жас мөлшеріне, әлеуметтік жағдайына, жынысына, түр-түсіне қарамастан, барлығына бірдей маңызды. Қай кезеңнің қандай адамы болмасын, осы маңыздылықты түсіне алған жағдайда ғана жетістікке жете алған.
Дегенмен бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйел заты осынау жауһардан да құнды уақыт мәселесіне ерекше көңіл бөлуі тиіс. Неге десеңіз, ер адам жұмыстағы уақыты мен бос сәттерін ғана жоспарлауы керек болса, нәзік жандыларға үй тірлігіне арналған уақытын егжей-тегжейлі жоспарлап, барлық ісіне үлгеруі қажет болады.
Әрине, жоғарыда түсіндірілген тайм-менеджмент ережелері әйел затының да уақытын жоспарлап, тиімді пайдалануына септігін тигізетін құралдар болып саналады. Алайда үйінің отынымен кіріп, күлімен шығатын, қазан-ошақ басында тірлігі басынан асатын отанасының уақытын барынша өнімді пайдалана алуы үшін бірқатар қосымша жайттарға да көңіл бөлгені жөн.
Ең алдымен, әйел кісі бір ісі артық болуы қажеттігін ұғына отырып, ерте тұруды айнымас әдетіне айналдырғаны абзал. Ендігі кезекте іс жүзінде бір ісін артық орындай алуы үшін алаңдатушы факторлардан бойын аулақ салуы қажет. Мұндай факторларға бастапқы тарауларда атап өткен уақытты ұрлаушыларды жатқызуға болады. Әсіресе, әйел адамның уақытын көп ұрлайтын артық әңгімелер, қажетсіз телефон қоңыраулары, шамадан тыс хат алмасулар, әлеуметтік желіде отыру, бітпейтін телехикаяларды көру секілді пайдасыз әдеттерді мүмкіндігінше қысқартуды үйрену керек.
Сонымен қатар төмендегідей кеңестерді де тізбектеп өтпекпіз:
«2 минут аксиомасы» – орындалуы екі минуттан көп уақыт ала қоймайтын жылдам атқарылатын істерді бірден орындап тастауды әдетке айналдырыңыз. «Ең жақсы іс – уақытында жасалған іс».
«5 секунд ережесі» – атқарылуы қажетті ісіңізге бес секунд ішінде бірден кірісіп кетіңіз, әйтпесе ол іс кейінге қалдырыла беретін болады. Ал жұмыс өз-өзін атқармайтынын есіңізде ұстаңыз.
Уақыт үнемдеуге қолайлысын таңдаңыз: үй шаруасында, тамақ әзірлегенде өзіңізге ауырлық салмайтын, уақытыңызды тым көп шығындамайтын жолдарды қарастырыңыз. Әзірленуі жеңіл әрі жылдам тағам түрлерін таңдаңыз. Оларды да дәмді етіп ұсынуға тырысыңыз. Ал демалыс және мереке күндері көбірек уақыт бөліп арнайы тағам түрлерін жасап үй ішіңізді қуантыңыз.
Қарапайымдылықты ұстаныңыз. Перфекционист болудың қажеті жоқ: ісіңізді мүмкіндігінше қажетті дәрежесінде орындасаңыз жеткілікті, мінсіз болуы міндетті емес.
Үй шаруасында көмекке келетін заманауи технологияларды тиімді пайдалануды әдетке айналдырыңыз.
«Жоқ» деп айтуды және жұмысты үлестіріп беруді үйреніңіз.
Қажетсіз жүріс-тұрыстарды азайтыңыз. Ағылшындар «тегін тамақ деген нәрсе жоқ» дейді. Яғни, олардың айтуы бойынша, ең азы уақытыңызбен болса да, барлығының құнын төлеуге тура келеді.232
Бірнеше істі қатар атқаруды үйреніңіз. Мүмкіндік болған жағдайда және бір-біріне кедергі келтірмейтін болса, бірнеше істі қатар орындау уақытты үнемдеудің ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.
«Бүгін істер ісіңді ертеңге қалдырма». Ісіңізді соңғы сәтіне қалдырмаңыз. Істі кейінге қалдыру уақытты ұрлаумен қатар, ол істі бұрынғысынан да қиындата түседі әрі орындауға деген құлшынысты өлтіреді.
Дініміздің тәлімі бойынша, ер адам үшін ең маңызды жан – анасы, әйел адам үшін – күйеуі болу керек. Сондықтан тұрмыстағы әйел адам өмірлік жарының разылығын алу жолында аянбай тер төгіп, уақытын арнап, барлық ісіне үлгеруге тырысуы қажет. Осы тұрғыдан да маңызы зор болғандықтын, өзіне көңіл бөлуге де уақыт арнағаны жөн.
Дос таңдау
Уақыттытиімдіпайдалануғақатыстымаңызды алғышарттардың бірі – жақсы дос таңдау. Достың адам өмірінде атаулы орны бар және әсері орасан зор. Құран мен хадистерде бұл туралы көптеген ескертулерді таба аламыз. Адам өмірінің Алланың алдында есеп беруді ауырлататындай зиянды өтуіне және мәңгілік азапқа душар болып өкініштен сан соғып қалуына достардың себеп болатындығы төмендегі аяттарда суреттелген: «Сол күні залым: «Әттең, дүниеде әлгі пайғамбармен бірге бір жолға түскенімде ғой! Қап, әттеген-ай, өзіме де обал жоқ! Пәленшені дос тұтпай-ақ қойсамшы! Маған жеткен тағылым-насихатқа толы Кітаптан мені алыстатып, адастырған сол», – деп, аһ ұрып, бармағын шайнайды».233
Сонымен қатар Алла Тағала мұсылман баласына кімдермен дос болу қажеттігін де көрсетіп берген: «Мүміндер мүмін бауырларын былай қалдырып, кәпірлерді дос
тұтпасын. Кімде-кім солай істесе, Алламен (һәм Оның хақ дінімен) байланысын үзген болады».234
Құранның тәлімінен тағы да ұғынуымыз қажетті жайт бақай есеппен дос болмай, адалдық пен шынайылықты ту етуіміз: «Ол (қиямет) күні дүниедегі барлық достар (яғни, бір-бірін тек дүниелік мақсатта дос тұтқандар) біріне-бірі қас дұшпан болады. Ал тақуалардың жөні бөлек, (олар қай кезде де бір-біріне шын жанашыр дос болады)». Сондықтан жанымызға дұрыс жолдас таңдауымыз қажет болғанындай, өзіміз де турашыл дос болуымыз керектігін ескеруге тиіспіз.
Адамның досы мен жолдасының оның діні мен ақыретіне маңызды әсері бар екенін жоғарыдағы аят-хадистерден көре аламыз. Сонымен қатар дүниелік істерінде жетістікке жетуіне, уақытын тиімді пайдалануына жанындағы достарының тигізер әсері де орасан зор. Адамның досы жетістікке жетуге талпынатын жан болса, ол да өздігінен соған қарай бой түзей алмақ. Және дос-жарандары уақытын қандай іспен шұғылданып өткізер болса, ол да солармен бірге болары сөзсіз.
Оқи отырып демалу, жұмыс істей отырып тынығу
Исламда бос уақыт және ештеңе істемей өткізетін демалыс деген түсінік жоқ. Сондықтан дініміз адам жанының да шаршайтындығын қабылдаған соң тынығу мен демалудың ерекше бір түрін ортаға қойған. Ол – жұмысты ауыстыру арқылы тынығу. Жұмыс істеп шаршаған адамның өзі басқа іспен шұғылдана отырып демалуы керек. Бұл мәселедегі басты қағида «Бір істі бітіріп босаған соң, бірден басқа іске кіріс»235 аятына негізделгендігін жоғарыда атап өттік. Олай болса, қазіргі кезеңде мұсылмандарға осы жайтқа мән беріп, міндеттідей көргені абзал болмақ. Құран Кәрім рухынан, мұсылмандар тарихынан үлгі ала отырып, «оқи отырып дем
алу», «жұмыс істей отырып тынығу» қағидасы шеңберінде уақытын жоспарлауды үйрену аса маңызды. Құдды бір батыстықтардың «көңіл көтере отырып үйрену» жолын жаппай қағидаға айналдыруға тырысуын да үлгі етуімізге болады.
Соңғы кездерде жасалған ғылыми зерттеулерге қарағанда, мида әртүрлі істер үшін әртүрлі бөлімдер жұмыс істеп шаршайды және басқа бір іс мидың басқа бір бөлігінің қызметіне байланысты. Сонда басқа бір іске ауысқан уақытта мидың алдыңғы бөлімі тынығатын болады. Осылайша Алланың Кітабы мен Оның Елшісінің келуінен он бес ғасырдай уақыт өткеннен соң тағы бір мұғжизаға көз жеткізіліп отыр.
Аталған жайт бүгінгі күні қалыптасып үлгерген демалу мен
тынығу әдетіне қарама-қайшы әрі өзгеше көрінуі орынды. Алайда мәселені дұрыс түсініп, қабылдай алуымыз үшін тарихта тек Ислам ғұламаларының ғана емес, Батыстық ғалымдардың да осы қағиданы ұстанғандығын айта кеткен жөн. Ислам ғалымдарының хадистерден сабақ ала отырып, істі ауыстыру арқылы тынығуды қағида еткендігіндей, ғылыми жаңалықтарымен танылған Ньютонның жұмыс істеу әдеті шығыстық әріптестерін еске түсіреді. Оның бір мысалына көз жүгіртейік: «Басқа танымал ғалымдар секілді Ньютон да қол жеткізген атағына еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында жеткен. Оның еңбекқорлығы соншалық – шаршағанда демалу үшін бір істен басқа іске ауысатын болған».236 Тынығу барысында осы қағиданы ұстанғандар көп болған. Американың атақты заңгері Хейл жайлы төмендегідей мәлімет бар: «Бірнеше жыл күніне он алты сағаттан жұмыс істеген. Заң тақырыбынан шаршағанда пәлсапа мен математикамен айналысып өзін тынықтыратын».237
Бір сарындағы жұмыспен үзіліссіз ұзақ уақыт айналысудың зиянды жақтары да болуы мүмкін. Бұлай жұмыс істеу әдетке айналар болса, мидың шаршауынан туындайтын ауруларға
әкеліп соғуы ықтимал. Сондықтан жұмыс түрлерін ауыстыру арқылы тынығуды елеусіз қалдырмаған жөн. Мұнда жұмысты ауыстыру дегенде толықтай басқа іспен шұғылдануға ауысу емес, уақытша миды демалдыру үшін күнделікті айналысатын істерде кезек-кезек түрлі жұмыстарды жасап отыру меңзеледі.
Өткеннен – өнеге, ұлыдан
– ұлағат
•ПАЙҒАМБАР ӨМІРІНДЕ УАҚЫТ
«Мұсылманмын, Мұхаммедтің үмбетімін» деген әрбір жанға «Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін әрі Аллаға және ақырет күніне бар үмітін артқан (Алланы және ақырет күнін жан-тәнімен қалайтын) һәм Алланы көп еске алып, Оған көп құлшылық ететіндер үшін қай жағынан алсақ та, теңдессіз үлгі-өнеге бар»238 деген Алла Тағаланың сөзіне сәйкес Пайғамбарымыздың бойында барлық жағынан өнеге бар екені айқын.
Исламның уақытқа қатысты көзқарасы арқылы оны лайықты түрде пайдалана отырып, адам өмірінің ең жоғары дәрежеде берекелі өтуіне жағдай жасау үшін түрлі ережелер мен тәжірибелік жайттарды көрсеткен соң ардақты Пайғамбар (с.а.с.) өмірінен уақытқа байланысты қағидалар мен тәртіптерді келтіруді жөн көрдік. Осылайша жоғарыда аталған қағидалар тек қана сөз жүзінде қалмай, тәжірибе жүзінде қолдануға болатынын сүннеттен көре алмақпыз.
Пайғамбарымыздың өміріне қарасақ, оның өз уақытын өте тиімді пайдаланғанын көреміз. Өйткені ол барлық істеріне үлгерген. Парыздарды былай қойғанда, нәпіл құлшылықтардың өзі өмірінің соңына дейін өз уақытында орындалған, әрі еш үзілмеген. Бұған қоса, ертелі-кеш жасаған дұғалары, мешітте уағыз айтуы, сахабаларымен кеңесуі, өзіне келушілерге уақыт бөлуі, өзінің зиярат етіп барған кісілері (науқастар, қабірлер т.б.), халықпен жүздесуі, ел ішіндегі діни рәсімдерді атқаруы (балаға ат қою, сүндеттеу, неке қию, жаназа т.б.), барлығы да оның жоспарына сыйып отырған. Бұл істердің барлығына уақыт табылған. Бұл нені көрсетеді? Бұл күндік жұмыстарын қаншалықты жүйелей білгенін, уақытты қаншалықты тиімді қолданғанын көрсетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) күндізгі уақыттарды ғана емес, түнгі уақыттарды да мүмкіндігінше пайдалы өткізуге тырысқан.239
Үш қағида
Алла Елшісінің уақытты пайдалану тұрғысында қатаң
ұстанған үш қағидасы бар:
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүмкіндігіне қарай істерін күндерге бөле отырып, апталық уақыттарға бөле отырып күндік жоспар құратын. Барынша сол жоспарға сәйкес әрекет етуге тырысатын.
Әрбір ісінің өзіне арналған белгілі бір уақыты болатын. Оған қарама-қайшы әрекет етпейтін.
Уақытты бос өткізу деген нәрсе тіпті ойға да алынбайтын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) күнделікті және апталық істерін осы
үш қағидаға сүйеніп ретке келтіріп, соған сәйкес әрекет ететін.
Апталық уақыт
Ибн Аббас (р.а.) жеткізген бір риуаятта аптаның әр күнінде атқарылатын істер тізімі айтылады: «Жексенбі – егін егу және құрылыс бастау күні, дүйсенбі – жолаушылық күні, сейсенбі – қан алдыру күні, сәрсенбі – сыйлық қабыл ету және сыйлық
сыйлау күні, бейсенбі – басшының құзырына бару күні, жұма күні – неке қию және отбасы күні, сенбі – аңшылық күні».240
Бұл риуаят әйгілі сахабаның сөзі болғанымен, әлсіз деп те баға берілгендіктен, ешқандай әмір ретінде рөл атқармайды. Сондықтан бұл риуаятты тура орындау қажет, аптаның әр күнінде сол істерді атқару керек деген үкім шығару қажет емес. Тек қана мүмкіндігінше істерімізді аптаның күндеріне байланысты белгілі бір жоспарға сәйкестендіріп орындау қажеттігі қағидасын ұғынуға келеді. Себебі бұл қағиданың дұрыстығы жөнінде Пайғамбардан (с.а.с.) жеткен сенімді
риуаяттар кездестіре аламыз. Мысалы, Алла Елшісінің «Әр
дүйсенбі күнін білім алуға арнаңдар»241 дегені бар. Алла Елшісі (с.а.с.) жұма күнінің мейрам ретінде өткізу керектігін айтумен қоса, мұртты қысқарту, тырнақ алу, ғұсыл құйыну секілді тазалық істерін тұрақты түрде жұма күні орындап, мұсылмандарға да сол күнде атқаруды кеңес ететін.242
Қан алдырып хижама жасатқысы келгендерге дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері жасауын кеңес етіп, басқа күні жасаудан тыйған. Сонымен қатар, қамари айдың 17, 19, 21-жұлдыздарында хижама жасауға кеңес бергені де бар.243
Мұндағы ең маңызды жайт – осы хадистердің аясында әркім өз жағдайына қарай зиярат, сауда-саттық және жұмыс барысына байланысты істерін белгілі бір күндерге байланысты жоспарлап, ойына келгенде жұмыс істеп, қалаған уақытында қыдырып, жалқаулық танытудан бойын аулақ салып, уақытын барынша тиімді пайдалануға тырысу қажеттігі.
Күнделікті тұрақты және кенеттен ортаға шығатын істер Пайғамбарымыздың өмірінде уақыт тәртібіне байланысты
мәселенің ең көбі бір күннің жоспарына қатысты болған. Бұл жайтқа көзімізді жеткізе түсетін Алла Елшісінің күнделікті тұрақты түрде қайталанып отыратын істерін жеткізген риуаяттар баршылық.
Күнделікті істері екі түрлі негізде болған: аКенеттен ортаға шығатын шұғыл істер; ә) Тұрақты түрде қайталанатын істер.
Кенеттен ортаға шығатын шұғыл істер. Бұл түрдегі істерге алдын-ала жоспарланбай, ортаға шығатын жағдайлар жатады: кенеттен келген адамдарды қабылдау, жат жұрттық қонақтардың зияраты, қажеттілігі болғандардың қажеттілігін өтеу.
Мұндай істердің нақты жоспарлануы қиын болғанымен, мүмкіндігінше күн тәртібіне енгізуге тырысқан. Ол үшін мұндай кенеттен ортаға шығатын істерді тұрақты түрде қайталанатын істерге арналған уақыттардан бөлек уақыттарға белгілеген. Әсіресе, Мәдинаға шеттен келетін топтарды уақытында қабылдауға тырысқанымен, тұрақты түрде қайталанатын істері болған кезде белгілі бір уақыт қонақтап қалуларына жағдай жасайтын. Мүмкіндігі болған уақытта оларды зиярат етіп не жанына шақырып, оларға көңіл бөліп, қажеттіліктерін өтеп, сұрақтарына жауап беретін. Солайша өзінің жоспарындағы тұрақты істерімен бірге кенеттен ортаға шыққан жайдайларды да бірге алып жүретін.244
Күнделікті тұрақты түрде қайталанатын істер. Күнделікті істер ретінде негізге алынатыны – осы тұрақты түрде қайталанатын істер. Бұлар – күнделікті орындалуы міндетті, салғырттық танытуға болмайтын өмірлік маңызды істер және олар жоспарға тәуелді болып келеді. Бұлардың жоспарлануында намаз уақыттары ең басты назарға алынады. Алла Елшісі (с.а.с.) бұл түрдегі істерін екі қағидаға байланысты жоспарлаған:
Күнделікті белгілі бір уақытта тұрақты түрде орындалатын істер;
Әрбір іске арналған уақыттың өз мөлшері бар. Ол іс күнделікті белгілі бір уақыт ішінде тамамдалуы тиіс, үйреншікті уақыт мөлшерінен асып кетпеуі қажет.
Риуаяттар Алла Елшісінің бұл істердің жоспар бойынша орындалуында кемшіліктер болмауына мұқият болғанын көрсетеді. Кейбір жағдайларға байланысты мәжбүрліктен орын алған ауытқушылықтардың сирек кездесетіні сонша – бірден айналасындағылардың назарын аударатын болған.245
Күндізгі және түнгі жоспарына кіретін тұрақты істері осындай сипатта болатын.
Түнгі уақыттың жоспары
Риуаяттар Алла Елшісінің түнгі уақытын үшке бөлгендігін көрсетеді: бір бөлігі – Аллаға, бір бөлігі – отбасына, бір бөлігі – өзіне арналады. Өзіне арнаған бөлімін халыққа арнап, олармен кездесетін болған.246
Күн батқан соң Алла Елшісі (с.а.с.) сол күнгі бітпеген істерін тоқтатып қоятын болған.247 Алайда бұл оның толықтай демалуға кетіп қалатындығын білдірмейді. Себебі кейбір кездесулері ақшам намазынан кейін де орын алатын болған. Қағида бойынша, құптан намазынан бұрын ұйықтауды, құптан намазынан кейін әңгімені ұнатпайтын.248 Айша анамыз (р.а.) Алла Елшісінің түннің алғашқы бөлігінде ұйықтап, соңғы бөлігінде тұрып ғибадат ететіндігін жеткізеді.249 Тек кейбір уақыттарда жоспардан тыс жағдайлар орын алғанда түннің ортасына дейін ояу болып, кеңес құрып, мәселелерді ақылдасатын кездері де кездескен.250
Жоғарыда да айтып өткеніміздей, Алла Елшісі (с.а.с.) түнгі ғибадатты өз өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған. Күнделікті түннің таңға жақын бөлігінде, яғни екінші жартысынан кейін оянып, ғибадатын атқаратын. Дәл сол
уақытты неліктен таңдайтынын «Алла Тағала түннің үштен бірінде дүние аспанына түсіп: «Тәубе еткен бар ма? Тәубесін қабыл алайын. Кешірім тілеген бар ма? Кешірейін. Дұға етуші бар
ма? Дұғасын қабыл алайын» деп таң шапағы атқанша күтеді»251 дегенімен түсіндіретін.
Күндізгі уақыттың жоспары
Барлық мұсылмандарды таң намазынан соң ұйықтаудан тыйған Алла Елшісі (с.а.с.) өзі күн көтерілгенше мешітте қалып, сахабаларымен сұхбаттасатын. Арада діни тақырыптан өзге де әңгімелер қозғап, сахабаларының көңілін аулап, жүздеріне күлкі үйіріп, қуантып отыратын.252 Бұл әңгіме барысында Алла Елшісі де, сахабалар да көрген түстерін
айтап беріп, сол түстерді жоритын болған.253 Пайғамбар (с.а.с.) бұл сұхбаттардың маңызын былайша жеткізетін: «Таң намазын оқып болған соң бір топ адамдармен отырып күн көтерілгенше Алланы еске алу мен үшін Алла жолында дұшпанға қарсы соғыстан да ұнамды. Екінті намазынан соң күн батқанға
дейін де солай».254
Сахабаларымен болған таңғы сұхбаттан соң Алла Елшісі (с.а.с.) әйелдерін зиярат етіп, олармен отбасылық сұхбат құратын.255 Ораза болмаған кездерінде осы уақытта таңғы асын ішетін.
Түскі уақыт намаз бен одан соңғы қайлулә ұйқысына арналатын. Қайлулә Алла Елшісінің тұрақты түрде орындайтын істерінің бірі еді.
Екінті намазынан кейін де әйелдерін зиярат етуі күнделікті тұрақты түрде орындайтын ісі болатын.256
Пайғамбар (с.а.с.) уақытты пайдалану тұрғысынан жоспарлы және жоспарына мұқият болмағанында, жетістікке жету жолында түрлі кедергілерге кездесіп, күтпеген жағымсыз жайттарға тап болуы мүмкін еді деп айтуға болады.
Сүннетті ұстану барысында Алла Елшісінің осы қасиетін де назарға алуымыз қажет-ақ.
•САХАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ
Алла Расулының (с.а.с.) сөздерін ең жоғары деңгейде түсіне білген – оның «әрбірі көктегі бірер жұлдыз іспетті» деп
сипаттап кеткен сахабалары еді. Сахабалар бір-бірімен кездесіп, қайта айырылысатын кезде «Аср» сүресін оқитын болған.257 Бұл олардың осы сүренің әкелген ескертуін әрдайым есте ұстап жүру үшін жасаған әрекеті деп түсіне аламыз. Оның ішіндегі ең маңызды ескертудің бірі уақыт жайында екендігін білеміз.
Сахабалардың арасында ерекше тұратындарының бірі Муаз ибн Жәбәлдің өлім сәтінде айтқан мына сөзінде терең мағына жатыр:
«Уа, Раббым! Менің бұл дүниеде ұзақ өмір сүруді қалауымның себебі дүниенің қызылды-жасылды байлығы мен тау-тау алтыны емес. Мен ұзақ өмір сүруді ұзақ түндердегі ғибадаттың ауырлығына төзіп, ыстық маусымдардың ұзақ күндерінде ауызды құрғатар шөлге шыдап, ғалымдардың дәрістерінде ұзақ уақыт өткізу үшін қаладым».258
«Мен қай уақытта ұйықтайын, ей, Омар?! Егер түнде ұйықтасам, Алланың алдындағы міндетімді орындаудан құр қаламын. Егер күндіз ұйықтайтын болсам, халқымның алдындағы жауапкершілігімді дұрыс орындай алмай қаламын» деп асыл уақытын ұйқыға қимайтын әзірет Омар (р.а.)
Алладан
амалдар
уақытына
атқарумен
береке
өткізуді
сұрайтын және сол уақытын ізгі
тілейтін.259
Ең көп хадис риуаят еткен сахаба Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің өнегесімен түнді үшке бөліп, бір бөлігінде дем алған, екінші бөлігінде ғибадат жасаған, үшінші бөлігінде жинақтаған ілімін қорытқан. Күндіз Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естіген хадистерін түнге қарай асықпай зерделейтін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болардан төрт жыл бұрын ғана Исламды қабылдағанына қарамастан, басқа барлық сахабалардан оза шауып, ең көп хадис риуаят ете білгені оның әрдайым Алла Елшісінің жанында жүріп, білім алып, хадис жаттап, уақытын барынша тиімді пайдалана алғандығының айқын дәлелі бола алады.260
Абдулла ибн Масғудтың (р.а.) «Не дүниеге, не ақыретке пайдалы ісі жоқ адамды көргім келмейді» деген сөзінен атақты ғалым сахабаның уақытқа қаншалықты мән бергенін
және уақытын бос өткізуді ұнатпағанын көруге болады. Сонымен қатар сахабаның ой саларлық мынадай сөзі тағы бар: «Мен үшін өмірімді қысқарта тұра ізгі амалдарымды көбейтпей өткен күннен асқан өкінішті жайт жоқ». Пайғамбарымызға ең алғашқы иман келтіргендердің қатарында болған сахаба әрдайым оның жанынан табылып, білім алып, уақытын тиімді пайдалану арқылы Ислам тарихында ойып орын алған, дін білімін жеткізуде орасан зор рөлі бар ғалымдардың бірі де бірегейі атанған.261
Пайғамбарымыздың көкесінің ұлы Абдулла ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салған кезде әлі он төрт-он бестердегі жасөспірім еді. Меккеде туылып, әкесімен бірге сонда қалған ол Пайғамбарымыздың жанына Меккені жеңіп алғаннан кейін ғана барып, екі жылдан аса уақыт қана болады. Осындай қысқа ғана уақыттың ішінде барынша көп білім ала білген ол ең көп хадис риуаят еткен сахабалардың қатарына кірген. Сонымен қатар Ислам құқығында алдыңғы қатарлы ғалымдардың бірі, сахабалар алқасының ең жас мүшесі және ең көп пәтуа берген сахаба болған.262
Сағд ибн Муаз (р.а.) 30 жасында Исламды қабылдайды. Ал қайтыс болған кезінде оның жасы 37-де болды. Ол дүниеден
озғанда Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Расында, Сағд ибн
Муаз қайтыс болғаны үшін Алланың Аршы орнынан қозғалды». Мұндай мәртебеге жету үшін Сағд ибн Муаз (р.а.) не істеген болуы мүмкін? Алланың Аршы орнынан қозғалатындай жеті жылдай қысқа ғана мерзімде уақытын қаншалықты тиімді қолданған болуы мүмкін? Оның денесін қабірге көтеріп апара жатқан сахабалар неге соншалықты жеңіл екендігін түсіне алмай таңырқаған кезінде Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді:
«Расында, оның денесін періштелер көтеріп бара жатты,
сондықтан сендер оның ауырлығын сезінбедіңдер». Және сахабаның денесі жатқан бөлмеде періштелердің толы болғаны соншалық – Пайғамбарымыз (с.а.с.) кіргенде отыратын орын таппаған.263
Ислам тарихында жас болғанына қарамастан бас бола білген әрі көптеген шыңдарды бағындырған жандар көп болған. Мысалы, Алла Елшісі (с.а.с.) сахаба Усәмә ибн Зәйдті (р.а.) 16 жасында көптеген белді сахабалардан тұрған әскерге қолбасшы етіп тағайындаған және оның мемлекет басшысы болуға да лайық екендігін айтқан.264
•ИСЛАМ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ІЗІМЕН
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, кешегі өткен ғұламаларымыз өз уақыттарын тиімді пайдалана білгеніне куә бола аламыз. Олар Құран және намаз оқумен, зікір етумен, ілім үйретумен және ілімдерін арттырумен айналысып, көптеген баға жетпес пайдалы еңбектер қалдырып кеткен.
Уақытты бағалау мен оны орынды жұмсауға ерекше мән беруімен ғұламалар арасында ең танымал болғаны – имам Ибнул-Жәузи (һижри 508-597 жж.). Ол 89 жыл өмір сүрді, бес жүзге жуық ғылыми еңбек жазып қалдырды. Өзінің «Сайд әл-хатыр» атты кітабында имам былай дейді:
«Өзім туралы айтар болсам: мен бала кезімнен ғылымға қызығып өстім, содан өсе келе ғылыммен айналыса бастадым. Және бір ғана ғылым саласын емес, барлық ғылымды бірдей ұнаттым. Әрі ғылымның бір бөлігін ғана емес, оны толығымен зерттеп шығуға асығатынмын. Себебі уақыт көп емес, қашанда аз ғой».
«Уақыттың зор құндылық екенін және оны ізгі істерге арнау қажеттігін түсінгеннен кейін, мен ол нәрсені (адамдардың пайдасыз кездесулерін) ұнатпайтын болдым. Сонда да өзімді екі нәрсенің ортасында қалғандай сезіндім: егер адамдармен мүлде жолықпайтын болып, маған келулеріне тыйым салсам, онда қоғамдағы салтты бұзғаным үшін жалғыздықта қалар ма едім, ал егер адамдармен бас қосатын болсам, бар уақытым солармен өткелі тұр. Соңында, шамам келгенше адамдармен жолығудан ұзақтайтын болам деп шештім. Ал олай болмаған жағдайда, кездесу уақытын созып алмау үшін, көп сөзден қашып, ойымды қысқа жеткізетін болдым. Әңгімеге кедергі болмаса, сол аралықта, өз ісіммен де айналысып үлгеретінмін, өйткені бос отыруға мүлде болмайды. Сол кездесулер үстінде қағаз қиып, қалам ұштап, кітапшаларды түптеп отыратын едім: бұлай істеу ол іске ойыңды жинақтауды қажет етпейді. Осы секілді кейбір істерді арнайы кездесу уақытына қалдыратынмын, есесіне, уақытым зая кетпейтін».
Сонымен қатар имамның кітабындағы мына сөздерге аса мән бергеніміз жөн: «Менің түйгенім, Алла Тағала уақыт пен денсаулықтың құндылығын түсінуді тек Өзі жәрдем беріп, нығметтерді қалай пайдалы жұмсау керектігін ұғындырған пенделеріне ғана береді».
Ғалым бұл сөзінде Құранның мына аятын меңзеген: «Әрі бұған тек ұлы үлеске ие болғандар ғана жетеді».265 Бұл сүренің тәпсірлерінде айтылғандай, Алла Тағала Исламның барлық игіліктерін сабырлы, өз нәпсісінің қалауларымен күресе білген әрі қиындықтарға төтеп бере алатын иман еткен құлдарына сыйлайды, сонымен бірге, Алла бақыттың бұл ұлы үлесін пендесіне екі дүниеде де нәсіп етеді.
Сонымен қатар ғалымның мына бір өсиеті де құлақ асуға тұрарлық:
«Адам бірде-бір сәтін құлшылықтан өзге бос нәрсемен өткізіп алмауы үшін, уақыттың қадірі мен оның мәнін түсінуі тиіс. Ісі мен сөзінің ішінен алдымен ең маңыздысын орындауы қажет. Мүмкіндігі келгенше, әрдайым ізгі амалдарды орындауда
белсенді ниет білдіргені жөн, себебі хадисте де «Мұсылманның ниеті – амалынан хайырлы» делінген».266
«Адамға жарасатын нәрсе – уақыттың қадірін біліп, оның әр сәтін ұтымды пайдалана білу. Мен адамдардың уақыттарын сұмдық өлтіретіндіктерін байқадым. Ондай адамдарды батып бара жатқан кемеде алаңсыз әңгіме-дүкен құрып отырған жолаушыларға ұқсатамын» дейді имам. Оның өміріне көз жібергенімізде, расында да, уақытты өте үнемді пайдаланғанын байқаймыз. Ол бүкіл ғұмырын ғылым-білім, жазу, пәтуамен өткізген. Ғылымның түрлі саласында еңбек жазып қалдырған. Кейбіреуі 20 томға жететін 340-тан астам еңбек қалдырған. Күн сайын төрт қалың дәптерлік жазу жазған. Бір жылда жазғаны 50-60 томға жеткенін байқаймыз. Ибнул-Жәузидің кітап жазу кезінде ұштаған қалам жаңқалары ол қайтыс болғанда мәйітін жуатын суды ысытуға жеткен екен.267
Имам Хасан ибн Рушәйк былай дейді:
«Тәфәккур дариясының құлпыларын ашу үшін таңсәріде ұйқыдан тұрып, іске кірісуден асқан жақсы кілт жоқ. Өйткені адам сол уақытта сыртқы қатынастардан, дүниенің уайымдары мен құмарлықтарынан алыс болады. Раббысымен бірге болуға дайын, денесі тың, ақыл-ойын, есін жинап, жаңарып, тыныққан болады. Сондықтан да ауасы кең, самал желдер жағымды есетін, күндіз бен түннің арасындағы ең ыңғайлы уақыт – таңсәрі мезгілі. Өйткені таңсәріде жарық нұр қараңғының үстін басып келе жатады. Ал ақшам уақыты мұның керісінше бейнесі, қараңғылық жарықтың үстін басып келе жатады».
Алла жолында жүрген Рабиғ ибн Хайсәмнің мына халі уақытты ең пайдалы түрде өткізу тұрғысында өзін есепке тартып отырудың жақсы мысалы бола алады:
Рабиғ ибн Хайсәм өз бақшасына қабір қазып қойған екен. Жүрегі қатайып бара жатқанын сезген уақытында сол қабірге кіріп, соның ішінде біраз жатады. Кейде дүниемен қош айтысып, мазарға кіретін және сол кезде бір истиғфар мен садақаға зар болатынын ойлап, ақыретін уайымдап, өзін-өзі есепке тартады екен. Содан соң «Егер олардың біреуіне ажал жетсе: «Уа, Раббым, мені дүниеге кері қайтара гөр! Игі істер істеп, зая болған ғұмырымның орнын толтырайын», – деп жалбарынады. Жоқ, ол мүмкін емес, бұл оның айтқан құр сөзі ғана, енді олардың артында қайта тірілетін күнге дейін өткел бермес бөгет (қабір әлемі) бар»268 аятын оқып, мазардан шыққаннан кейін өз-өзіне:
«Ей, Рабиғ! Қара, бүгін кері қайтарылдың. Бұл талабың қабылданбайтын, дүниеге кері қайтарылмайтын уақытың да келеді. Қазірден қамданып, ізгі амалдарыңды Алла жолындағы талпынысыңды және ақыретке әзірлігіңді арттыр!» – дейді екен.
Имам Шафиғи былай дейді:
«Сопылармен жолдас болып көрдім және олардан екі
маңызды қағида үйрендім:
Уақыт қылыш секілді, сен оны бөлшектемесең, ол сені бөлшектейді.
Нәпсіңді Хаққа қарата алсаң, жарадың, әйтпесе ол сені жалғанға қаратады».269
Қады Шұрәйһ бос сандалып жүрген кейбір көршілерін көргенде, «Не істеп жүрсіңдер?» деп сұрайды. Олар «Бүгін боспыз» дегенде, «Бос болсаңдар, осылай жүру керек пе екен?!» деп ренжіген екен.
Қырық бес жасында қайтыс болған Ислам ғұламасы Имам Нәуәуидің артқа тастап кеткен еңбектерін есептесеңіз, 45 жылға қайта сыйғызу қиын. Өйткені ол уақытын қалай үнемдеуді жақсы білген. Ғылым-білім алуға, құлшылықтарын атқаруға уақыт жеткізу үшін ол кісі тек сәске уақыттарында ғана бір-ақ рет тамақтанған екен.
Шейх Фахраддин «Аллаға ант етейін, тамақ жеген уақыттарымда ғылыммен айналыса алмағаныма қатты өкінемін. Өйткені уақыт қашан да қымбат қой» деген.
Имам Әбул Уәфә Али Ибн Ақил былай деген: «Мен тамақ уақыттарын қысқарту үшін қолымнан келгенді жасаймын. Тіпті көп шайналатын тамақтан гөрі тез жұтылатынын таңдаймын. Неге десеңіз, шайнауға да уақыт кетіп қалады. Содан жазуға, оқуға көп уақыт таба алам». Ибн Ақил ешқандай бос уақыт жібермейтін. Тыныққан уақыттарын ол былай деп суреттейді: «Қолым қалт етіп демалған кездерімде мен аяқты созып құры жатқаннан гөрі терең ойға беріліп, ойша шешілетін біраз мәселелерді шешумен айналысамын. Жазатындай бірдеңе есіме түсе қалса, дереу тұрамын да жазамын. Сексен жасымда ғылымға деген менің ынтам жиырма жасымдағы кезіме қарағанда әлдеқайда жоғары болатын». Айтқанындай осыншалықты ынтасының арқасында Ибн Ақил ғылымның 20 шақты әртүрлі саласында өте құнды еңбектер қалдырған.
Имам Малик болса, көбірек ғылым-біліммен айналысу үшін үш күнде бір-ақ рет әжетханаға баратындай тамақ жеуді қысқартқан.
Фәхраддин Рази дастархан басында да бір жағынан тамақ жеп, екінші жағынан шұқшия кітап оқитын.
Медицина саласында өте мықты еңбектер қалдырған, қан айналымын тұңғыш рет ойлап тапқан ғалым Ибн Нәфс жазу кезінде қолындағы қаламның сиясы бітіп қалғанда, оны ашып уақыт шығындамау үшін қасына бірнеше қалам алып қойып, солардың кез келгенімен жалғастыра беретін.270
Ислам ғұламаларының әрбір сәтті оның алдындағы уақытпен салыстырғанда тиімдірек пайдалануға тырысқандығын Разидің
«Аср» сүресінің тәпсірінде келтірген мына сөздерінен жақсырақ ұғына түсеміз:
«Уақытты тиімді пайдалану тұрғысынан адамдар зиян шегуде, өздерін бұл залалдан сақтап қала алмайды. Залал – қазынаны уыстан шығарып алу. Адам баласының қазынасы – өмірі. Адамның өмірін бос өткізіп алмауы – қиян іс. Себебі адам әрбір сәт өткен сайын өмірінің бір бөлігімен қош айтысуда. Адам уақытын жағымсыз істермен өткізіп жатса, залалы анық. Не пайдасы, не зияны жоқ мүбәһ істермен өткізсе де залалы бар, себебі мүбәһ істен артына ешбір пайдалы із қалмақ емес. Сонымен қатар сол мүбәһ істермен айналысқан уақытты артынан із қалдыратын пайдалы іспен шұғылданып өткізуге болар еді. Тіпті құлшылықпен әрі сауапты амал етумен өткізсе, әлі де залалы бар. Себебі әрбір құлшылықтың одан да асқан сауапты түрін жасауға мүмкіндік бар еді. Алла Тағаланың алдындағы ғибадат пен мойынсұнушылықтың дәрежесі шексіз-шеткіз. Әрі Алланың қаһары мен азабы да ауыр. Адам бұл жайттарды білген сайын Алладан қорқу сезімі күшейе түседі. Солайша Аллаға арнаған құлшылығы мен тағзымы кемелдене түспек. Сондықтан абзалы бола тұра оны тәрк етіп, дәрежесі төменімен қанағаттану өкінішті әрі зарарлы нәрсе. Осылайша адам баласы қандай жағдайда да зиянда болып қала бермек».271
Әбу Абдурахман Әс-Суләми уақытты зая кетірудің және дүниеден басқа уайымдары болмаған адамдармен қоян-қолтық болудың нәпсінің ең үлкен айыбы екендігін айтып, оның дауасын былай түсіндіреді: «Уақытты өмірдегі ең құнды нәрсе деп білу және аса құнды болған уақытты тағы сондай құнды істермен, яғни Алланы зікір ету, тұрақты құлшылық ету және ықыласты нәпсіге орнықтыруға тырысумен өткізу керек».
1848 жылы туылған Ханафи мәзһәбының Абдулхай әл-Ләкнәуи атты ғалымы 1886 жылы 38 жасында дүниеден өтті. Ғұлама өзінің 38 жылдық өміріне 120-ға жуық ғылыми еңбек сыйғызыпты. Бұлай ету уақытын ұтымды пайдаланған жанның ғана қолынан келеді.
Уақытты жоғалтуға себеп болатын жайттардың бірі адамдармен қарым-қатынас екендігін жақсы білген Ислам ғұламалары бұл мәселеде де қырағылық танытқан. Алдыңғы қатарлы табиғин Амр ибн Абдул-Қайс өзіне келіп, сұхбаттасуды ұсынған адамдарға «Күнді тоқтат» деп айтатын болған. «Яғни, күннің қозғалысын тоқтата алсаң, сенімен сөйлесейін. Анығында, уақыт әрдайым қозғалыс үстінде. Өтіп кеткеннен соң қайта айналып келмесі анық. Оны жоғалтатын болсақ, ешқашан қайтарып алу мүмкін болмайды». Алғашқы буын мұсылман ғалымдар шәкірттеріне жеке қалуды кеңес етіп: «Дәріс біткен соң менің жанымнан кетіп, үйлеріңе бет алғанда топтанып бірге емес, жеке-жеке қайтыңдар. Себебі бірге қайтсаңдар, жолда әңгімелесіп, уақыттарыңды босқа кетіресіңдер. Жалғыз болсаңдар, Құран оқып, ой жүгіртіп, жолдағы уақыттарыңды да тиімді пайдалана аласыңдар» дейтін.
Сүлеймен Әр-Рази уақытына өте мұқият қараған және бұл тұрғыда өзін әрдайым сұраққа тартып, есеп алып жүретін болған. Ол жөнінде былай делінген: «Бір сәтінің де пайдасыз өтуіне жол бермейтін. Кітап жазатын, сабақ беретін не кітап оқитын. Қандай да бір себеппен негізгі шаруасы болған кітап жазудан қолы қалт еткенде бірден еріндерін жыбырлатып, ешбір сәтін бос жібермеу үшін зікір айтуға кірісетін. Ешқашан уақытының ізгі амалсыз не ғибадатсыз өтуіне жол бермейтін».272
•БАТЫСТАН ДА БІРЕР ҮЛГІ
Әйгілі адамдардың өмірлері бізге өз өмірімізді қалай қолға алу керектігі және күнімізді қалай жоспарлау қажеттігі
жөнінде қызықты кеңестер бере алады. Олардың барлығы да өткен күннің қадіріне бара білген және әрбір күнін мұқият жоспарлайтын болған. Олар бұл әдетінің өмірде өздері қалағандай тұлға болып қалыптасу жолының ажырамас бөлігі екендігін ұғына білген.
Бенджамин Франклиннің белгілі «Франклин жоспары» бойынша оның «жақсылық жасау күнделігінде» оның күнделікті таңертең сағат 5-те тұратындығы жазылады. Ең алдымен Жаратушыға бет бұрып, өз-өзіне «Бүгін қандай ізгі істер жасаймын?» деген сұрақ қойып, күні бойы атқарылатын істерді ойластыратын болған. Күн ұзаққа атқарылған шаруалар аяқталып, ұйқыға жататын уақыт таяғанда өз-өзіне «Бүгін қандай ізгі істер жасадым?» деген сауалын қойып, күнін қорытындылайтын. Таңертең ерте тұруды жөн көретін Франклин ұйқыға да ерте жататын.273
Кез келген сәтсіздікте мойымайтын Авраам Линкольн бала кезінде бір шаруаның көмекшісі болып жұмыс істейді. Жайып жүрген малдарын тынықтырар уақытты ұтымды пайдаланған ол кітап оқып жүріп, біраз оқу орындарын сырттай оқып бітірген екен. Кейінірек ол бір асханада жұмыс істеп жүріп, қолы босай қалғанда кітабын парақтап оқи жөнелетін. Ол сөйтіп жүріп, алғашында лицейді, содан кейін Құқық факультетін тамамдап, Баро сынағынан сүрінбей өтіп, адвокаттық қызметке кіреді. Міне, осындай ерен еңбегінің арқасында Авраам Линкольн АҚШ-тың 16-президенті болып сайланды.
Адам уақытының баға жетпес қазына екендігін білген Томас Эдисон ғылыми жаңалық ашу барысында жиырма сағаттан жұмыс істеген күндерінің бірінде қатты шаршағандықтан ұйқыға бет алып, көмекшісіне жарты сағаттан соң оятуын тапсырады. Көмекшісі Эдисонның тәтті әрі терең ұйқыда жатқанын көріп, қимай бір сағаттан соң ғана оятады. Эдисон ояна сала сағат қанша екендігін сұрап біліп, көмекшісіне қатты ұрсып, «Менің жарты сағатымды ұрлауға қандай ақың бар еді?» дейді.
Англияның әйгілі басшыларының бірі Уинстон Черчилль шетелдік іссапарға шығатын уақыттарында алдын-ала оқитын кітаптарын дайындатып қоятын болған. Осы әдетінің арқасында алты томдық екінші дүниежүзілік соғыс тарихын жазып, сол арқылы Нобель сыйлығын алғаны белгілі. Оның мынадай ой саларлық сөзі де бар: «Өткен шақты талқылауды ұнатпаймын, себебі ондай пікір-таластармен уақыт өткізетін болсам, болашақтан құр қаламын».
Атақты жазушы Агата Кристи үй шаруасындағы әйел болғанына әрі арнайы бөлмесі мен жұмыс үстелінің жоқтығына қарамастан, шығармашылығын шыңдап, көптеген кітаптар жазып қалдыра алған. Күнделікті үй тірліктерінен уақыт тапқанда оңаша қалып, бірден жазуға кірісетін болған.274
Доктор Бурней музыка пәнінен дәріс беру үшін бір оқушысының үйінен екінші оқушысының үйіне барар жолдағы уақыттың өзін пайдаға асырып, атының үстінде француз тілі мен итальян тілін меңгеріпті.275
Джон Мейсон Гуд Лондонда науқастарын зиярат етіп жүріп, жолда көлік ішінде Лукрецийді аударған.
Генри Керк Уайт бір адвокаттың кеңсесіне барып-келіп жүріп, жолда грек тілін меңгерген.
Францияның танымал басшыларының бірі Анри Франсуа д’Агессо уақытты дұрыс пайдалана білгені үшін тамақтың дайын болғанын күткен кездерінде көптеген бөлімнен тұратын қалың кітап жазып шыққан.
Франциялық жазушы Графиня де Жанлис өзі сабақ беретін әрбір ханшайымды күткен уақыттарында бірнеше том
кітаптарын жазып бітірген.
Элиу Буррит өзін жетілдіру жолында қол жеткізген алғашқы жетістіктерін ешқандай да кемеңгерліктің себебінен емес, «бос уақыт» деп аталған маңызды сәттерді дұрыс қолдана алуының пайдасы екендігін айтады.276
•ҚОРЫТЫНДЫ
Уақыт – шартты түсінік, оның нақты пішіні жоқ. Уақытқа қадір-қасиет, жан мен рух беретін нәрсе – сол уақыт ішінде атқарылған істер. Мысалы, біз «аср сағадат»277 (бақыт ғасыры) деп белгілі бір кезеңді қошеметтеген кезде негізінде қандай да бір уақытты емес, сол уақыт ішінде өмір сүрген жандар мен ол кісілердің атқарған істерін назарға ала отырып «бақыт ғасыры» деп атаудамыз. Уақыт тек қана сол кезеңде атқарылған істер арқылы белгілі бір бояуға еніп, құлпырып сала береді. Солайша толыққанды өткізілген уақыттың әрбір сәті басқаларының жүздеген жылына татитындай бола алады.
Сонымен, уақытқа шынайы пішін беріп, оны қадір-қасиетке ие қылу адамдардың ол уақыт ішінде атқаратын істеріне тура пропорционал.
Біздің 24 сағаттық қазынамыз бар. Сол 24 сағатты соңғы күніміз болуы мүмкін деген түсінікпен қолға алып, оны намазға байланысты реттеп, әрбір бөлігін толы өткізуге тырыссақ, сонда шынайы құндылыққа ие болған болады. Сол
кезде бүкіл өміріміз нұрға бөленіп, нағыз мәңгілікке лайықты түрде өтетін болады.
Егер адам уақытын осылай тиімді өткізе білсе, бір жағынан уақыт құндылығын түсініп, оның қадірін білгенін шынайы дәлелдейді. Солайша бір күн қалай ізгілікке толы өтетін болса, апта бойы да сондай жақсылықтарға кенелетін болады. Артынан нұрланған ай және сондай айлардан құралған нұрлы жыл келеді. Сонда адамның бар ғұмыры бір күнді қалай өткізгеніне байланысты болмақ.
Тайм-менеджмент табиғатымыздың бір бөлігіне айналған уақытта біз де соған қарай бейімделіп, оның әрбір бөлігін тиімді өткізуге бар жанымызды салып, бір сәттің де жансыз өтуіне рұқсат бермейтін боламыз.
Өткені бар, бүгінгісі бар, ақылды жандар қысқа ғана уақыт
бөліктерін
нұрландыра
тиімді пайдалана отырып, бүкіл өмірлерін
білген.
Күнімізде осы таптырмас құралды мұсылмандарға қарағанда батыстықтардың көбірек қолданып, уақыт мәселесінде қырағылық танытып отырғанын жоққа шығара алмаймыз. Алайда өткен кезеңдердегі мұсылман атаулы уақыт жайын дұрыс ұғынып, мұқият болғанын тарих беттері дәлелдеп отыр. Соны қорытындылайтын бір мысал келтіре кетуді жөн көріп отырмыз.
Ислам үйреткен уақыт тиянақтылығы Германияға тіл үйренуге барған бір кісі әңгімелейді:
«Неміс тілінен сабақ беретін мұғалім уақыт мәселесіне келгенде өте тиянақты болатын, ешкімге жеңіл қарамайтын. Кімнің қанша минут кеш келгенін белгілеп отырып, дәрістен соң оларды сонша минут оқытып жіберетін. Әрине, оның бұл ісі бізге онша ұнай қоймайтын.
Бір күні он сегіз минут сыныпта қалып дәріс оқу жазасын алған бір жолдасымыз ұстазға қарсы шығып ашуланды. Ұстаз оған былай деді:
– Жолдастар! Сендер уақытты дұрыс пайдаланбайсыңдар. Онымен қоймай маған ренжисіңдер. Бірақ мен дұрыс істеп жатқаныма сенемін.
Содан соң сөмкесінен пойыз кестесін шығарды.
– Өтінемін, мынаған назар аударыңдар! – деді.
Пойыздардың жүру және жету уақыттары 7:17, 11:43, 15:19, 19:31 секілді минут-секундына дейін есептелген болатын. Бұл уақыттардың неге бұлай жарым-жарты қылып белгіленгенін сұрап едік, ұстаз былай деді:
– Пойыздың жүру кестесі Исламның уақыт түсінігіне байланысты түзілген. Біз уақытты пайдалануды мұсылмандардан үйренгенбіз. Сендердің құлшылықтарыңда орын онша маңызды емес. Таза болса болғаны, дүниенің кез келген бұрышында құлшылық жасауға болады. Бірақ уақыт өте маңызды. Өйткені әр ғибадаттың өзіне арналған белгілі уақыты бар. Тіпті уақыт ғибадаттың шарты болып саналады. Яғни, уақытсыз, бейуақта ғибадат жасасаңыз, ол қабыл болмайды. Ғибадаттардың уақыты да пойыздың кестесі секілді ылғи 18:17, 13:11 дегендей минут-секундына дейін белгіленген сандар болып келеді.
Адам баласы өзінің қолындағы бүкіл дүниесін бодау қылып берсе де, ажал келісімшартының мерзімін бір секундқа да ұзарта алмайды, оны кері жылжыта да алмайды.
Оның үстіне бұл сағаттар үнемі ауысып отырады. Бүгін таң намазын 6:22-ге дейін оқуыңызға болады. Бірақ ертең 6:21-ге дейін ғана оқи аласыз. 23 минут өткенде оқи алмайсыз. Тек намаз ғана бұлай емес. Оразаның басталуы мен аяқталу сағаттары да осы секілді.
Ал енді бұл неге осылай? Мұның қандай пайдасы бар? Осының арқасында мұсылман күн сайын ауысып отырған уақытқа көңілі ояу болып жүреді. Осы арқылы уақыттың қадірін біліп, оны тиімді етіп пайдалануға әзірленеді. Ғибадаттарын үнемі тәртібімен орындап жүрген әр мұсылман күнделікті ауысып отыратын уақытпен бірге жүріп, өмір сүруге мәжбүр. Міне, біздің уақытқа деген көзқарасымыздың қайнар көзі – Исламның осындай сезімталдығынан бастау алған».
Міне, күн намаз уақыттарына бөлініп, әрбір азан арқылы
бір уақыттың келмеске кетіп, екінші бір уақыттың есік қаққаны еске салынып, уақыттың қадірін білу жолы көрсетілуде, қараңғылық біткен жойылып, нұрға бөленген жолға, пайғамбарлар жүріп өткен даңғылға бағыттауда.
Уақытты жоспарлау мен қатаң тәртіппен өмір сүру адамды жалықтырып, шаршатып, өмірдің қызығынан айыратындай болып көрінуі мүмкін. Ереже бойынша, адамға ұнамсыз болса да, алдымен барлық мәселелерді шешіп, тапсырмаларды орындап, мақсатқа жету қажет болмақ. Мұның жолы адамды
жалықтыратындай, ешқашан бақытқа қол жеткізбейтіндей болып көрінуі мүмкін. Алайда мұсылман жан «Жаннат адамның нәпсісіне ауыр көрінген нәрселермен, тозақ адамға жағымды
көрінген нәрселермен көмкерілген»278 екендігін білуі қажет. Сонымен қатар Алла Тағаланың «Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселерің түбінде өздерің үшін зиянды болып шығуы бек мүмкін. Ақиқатын Алла біледі, сендер білмейсіңдер»279 деген ескертуін есте ұстап, бастапқыда жағымсыз әрі қажытатын ауыр тапсырма болып көрінгеніне қарамастан, бұл әдетті үйренудің соңында тек жақсылыққа жеткізетінін әу бастан санасына құйып алып, алға ұмтылғаны жөн.
Негізі, мұсылман адам үшін нағыз бақыт ақыретте болмақ. Дегенмен бұл жалғанда бақытты өмір сүруге болмайды деген тыйым жоқ. Адам уақытын тиімді пайдаланатын болса, «уақытты босқа өлтіріп жатырмын» деген ұждан азабынан арылып, бақытқа жетуі жеңілдей түседі.
Біз болып жатқан жайттарға оң көзқараспен қарағанда ғана өмірдің рақатын сезіне аламыз. Алайда адам баласы ең алдымен қауіпті әрі жағымсыз дүниелерге назар аударады. Құдды бір қара нүкте қойылған ақ парақтан бірінші қара нүктесін көретіні тәрізді. Ертеректе адамзаттың өмірін сақтап қалуы үшін мұндай қорғаныштың көмегі тигені рас. Дегенмен қазір бұл айналамызға оң көзқарас танытуға және бақытты болуға кедергі жасауда. Сондықтан ақырындап болса да, оң көзқарас қалыптастыруды үйренген жөн.
Уақытты адам өмірі деп білген Имам Ғазали былай дейді: «Балам! Бүгін өлдім деп ойла. Өміріңді ғапылдықпен өткізген
сәттеріңе қаншалықты өкінесің. «Шіркін-ай, қайран өмірім-ай!» дейсің, бірақ амалың қанша?!»
Әр мүмін таң намазын оқыған соң өзіне мынаны ескертуі керек:
«Менің бар қазынам – өмірім. Өмірім таусылса, қазынам да таусылады, оны қайта табуға мүмкіншілік те қалмайды. Бүгін
жаңа бір күн басталып келе жатыр. Алла Тағала бүгін де маған өмір сыйлады. Егер жанымды алғанында, әлбетте, бір күнге болса да бұл дүниеге қайтарылып, ізгі амалдар істеуді өтінер едім ғой. Олай болса, қазір өлдім, сосын дүниеге қайтуыма бір күн мұрсат берілді деп ойла. Бүгін күнәлі істердің маңына жуыма, уақытыңның бір сәтін де босқа өткізбе. Өйткені әр алып-шығарған тынысың – баға жетпес нығмет!»280
Өмір бір дем алумен басталып, келесі бір дем шығарумен аяқталмақ. Жаратушымызға қауышу үшін алғаш алған демімізді қайта ақтық деміміз ретінде шығарудың кезегін күтудеміз.
Бұл дүние – еңбектенудің, ақырет – жемісін көрудің мекені. Ақыретте бір нәрсе табу немесе жоғалту деген болмайды. Осы тұрғыдан бұл дүниедегі уақыттың құны тым жоғары. Ол – бес күндік жалғандағы шектеулі уақытта шексіз рақатқа қол жеткізудің мүмкіндігі.
Ақыреттік іс, дүниелік іс деп бөліп жармай, әрбір ісімізде ақыреттік табысты көздеуге тырысайық. Барлығын Алла разылығы үшін, сүннетке сай жасауға тырыссақ, мал табу ісі, демалу мен тамақтануға дейін сауапты амалға айнала алады.
Ақыретке иманы жоқ тек бұл дүниеде шектеулі уақыт өмір сүретінін ойлайтын батыстықтар сол уақытын барынша тиімді пайдаланып, өмірде көптеген жетістіктерге жетіп қалуға ұмтылып жатқанда осы дүниедегі әрбір сәтіміз ақыреттегі мәңгі өміріміздің сапасын белгілейтінін білетін біз, мұсылмандар, уақыт мәселесінде олардан да мұқият болуымыз қажет емес пе?
Алла Тағаланың әділдігімен олар уақытты дұрыс пайдалана отырып, бағындыруға тырысқан шыңдарына жетіп, жетістік пен жеңістің дәмін татып отыр. Ал мұсылман баласы уақытын тиімді пайдаланса, екі дүниеде де орасан зор жетістікке жете алмақ. Осы жолда әрекетін жасап тырысып бағу мен ісінің жеңілдігін тілеп Алладан дұға етуді қатар алып жүретін болса, әрбір мұсылман жан мұрат еткен шыңдарын бағындыра алады.
Жетістікке жету үшін өз уақытыңыз бен қабілетіңізді басқаша қолдануыңызға тура келеді. Уақытыңызды сондай дәрежеде тиімді пайдаланыңыз. Тіпті «Ертең өлесің!» деген хабар жетсе де, күнделікті іс-амалдарыңызға ештеңе алып-қосудың қажеттілігі сезілмейтіндей болсын!
Уақытты барынша тиімді өткізу үшін, ең алдымен, «ерік-жігер» қуатын ең жақсы түрде қолдана білу керек. Өйткені адамның бойындағы ерік-жігер өзге рухани қуаттардан жоғары болады. Ерік-жігер қуатының әрекетке көшуі үшін өз білгендерін амалға асыратындай «тірі» иман керек. Сонымен қатар уақыттың ең лайықты түрде пайдаға асуы көңілдерде орныққан Алланы тану мен жауапкершілік сезіміне байланысты.
«Нағыз ақылды – әрдайым өз-өзін есепке тарта отырып, ізгі амалдар жасап, өлімнен кейінгі өмірге қамданған адам. Ал нағыз бейшара – тойымсыз нәпсінің қалауына ерік беріп, соған қарамастан (о дүниеде ізгілермен бірге болармын деп) Алланың
мейірімінен үміт еткен адам»281 деген хадисте сипатталған ақылды адамның ісіне сай әрекет етуге ұмтылу керек. Нәпсінің өткінші қалауы үшін асыл мұратымыз бен мақсатымызды пида етпеу қажет.
Барлығы да адамның өзіне байланысты. Өз уақытын тиімді түрде қолданып-қолданбауды шешетін оның өзі ғана.
«Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп өз-өзімізге тосқауыл қоймай, 21 күнде жаңа әдет қалыптастыруға болатындығын білуіміз қажет. Абайдың «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дегеніндей, түзелуге тырысу керек. Ал әдетті өзгерту – мінезді өзгертуге қарағанда анағұрлым жеңіл тапсырма.
Сондықтан өзгеріңіз, дамыңыз, алға ұмтылыңыз, ешқашан тоқтап қалмаңыз. Әлемді өзгертуге болады, тек алғашқы қадамды бүгін жасаңыз. Бәрі де мүмкін. Себебі «қалауын тапса – қар жанар».
Сағат қолданыңыз. Сағатты тек қолыңызда жүретін әшекей ретінде қолданбаңыз. Сағат сізге уақытыңыздың жылжып, өміріңіздің өтіп, өлімнің жақындап келе жатқанын еске салатын әрбір секунд сайын есігіңізді қағатын хабаршы ретінде болсын.
Уақыт – кез келген жетістіктің ажырамас бөлігі. Қандай іс атқарсаңыз да оған уақыт қажет болады. Өмірдің қандай да бір рақатын сезіну үшін де уақыт керек.
Сізге де Пайғамбарымызға, сахабаларға, ұлы ғұламаларға, әйгілі адамдарға берілгендей бірдей мөлшерде уақыт сыйға тартылды.
Ары қарай ерік-жігер атты құралымызды қолдану арқылы өзіміздің өміріміз бен уақытымызды қолға алу – өз мойнымыздағы жауапкершілік.
•ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. – 10 томдық.
Abdulhakim Yüce, Efendimizin bir günü. İstanbul, 2009. – 176 s.
Andhra Pradesh, Handbook on Time Management Skills. Centre for Good Governance, India. – 60 pg.
Brian Tracy, Eat That Frog! ReadHowYouWant.com, 2008. – 172 pg.
Brian Tracy, Master Your Time, Master Your Life. A Tarcher Perigee Book, 2016. – 240 pg. Brian Tracy, Mastering Your Time. Jaico Publishing House, 1998. – 80 pg.
Brian Tracy, Time Management. AMACOM Div American Mgmt Assn, 2014. – 130 pg. Brian Tracy, Time Power. AMACOM Div American Mgmt Assn, 2007. – 296 pg.
Charles Dahigg, Smarter Faster Better: The Secrets of Being Productive. The Wylie Agency (UK) Ltd. 2017. – 476 pg.
Dan Kennedy, No B.S. Time Management for Entrepreneurs. Entrepreneur Press. – 189 pg. David Allen, Getting Things Done: The Art of Stress-Free Productivity. Penguin Books, 2001. –
267 pg.
Dirk Zeller, Successful Time Management for Dummies. Wiley Publishing, 2009. – 364 pg. Effective Time Management Strategies, From Lavender Coaching, 2011. – 101 pg. Ekrem Sağıroğlu, Zaman Bilinci. Düşün yayınları, 1997. – 152 s.
El-İsfahani Nuaym, Hayatul-evliya./İbnul Cevzi, Sıfatus-Safua, Türk diline tercüme eden: (Aykey S., Günenç U., Atak Y.v.b.), Sahabeden günümüze Allah dostları. İstanbul: Şüle, 1996. – 423 s.
Elmalılı, Hamdi Yazır, Hak Dini Kuran Dili. İstanbul, 1960.
Erik Bertrand Larssen, Hell Week: Seven Days to Be Your Best Self. Simon and Schuster, 2016. – 224 pg.
Gerald I. Nierenberg, You’re The Expert: How You Can Solve Your Problems in Business and in Life. Berkley Book Publishing, New York, 1991. – 221 pg.
Halit Ertuğrul, Üniversite Sınavını Nasıl Kazandım? Nesil yayınları, 2005. – 116 s. Hüseyin Algül, Mübarek Gün ve Geceler, Işık Yayınları, İstanbul, 2004. – 123 s. İbrahim Canan, İslam’da Zaman Tanzimi. İstanbul, 2010. – 200 s.
İbrahim Canan, Kütübü Sitte Muhtasarı Tercüme ve Şerhi. Akçağ Yayınevi, 1998. – 1-18 cilt. İmam Gazzali, Ebu Hamid Muhammed bin Muhammed (h. 450-505), İhya-u Ulumid-Din, I-
IV./Tercüman Ahmet Serdaroğlu. Bedir Yayınları, İstanbul, 1974. islam.kz сайт материалдары
John Hoover, Time Management: Set Priorities to Get the Right Things Done. Harper Collins Publishers, 2007. – 151 pg.
Julie Morganstern, Time Management From The Inside Out. An Owl Book Henry Holt and Company, New York, 2000. – 241 pg.
Kelly McGonigal, The Willpower Instinct. AVERY a member of Penguin Group (USA) Inc. New York, 2012. – 274 pg.
Kerry Gleeson, The Personal Efficiency Program. Wiley, 2008. – 272 pg. Linda Sapadin, Jack Maguire, It’s about Time! Penguin Books, 1997. – 258 pg.
Lyndon Jones, Paul Loftus, Time Well Spent: Getting Things Done Through Effective Time Management. Kogan Page Publishers, 2009. – 256 pg.
Marc Mancini, Time Management. McGraw-Hill Companies, 2003. – 162 pg.
Mason Currey, Daily Rituals: How Great Minds Make Time, Find Inspiration, and Get to Work. Pan Macmillan, 2014. – 278 pg.
Mehmet Ali Şengül, Bir günlük hayat. İstanbul, Işık Yayınları, 2012. – 256 s. Osman Nuri Topbaş, Hakka Adanmış Gençlik. Erkam Yayınları, 2010. – 400 s. Özcan Hıdır, İslam Kültüründe Vakit Disiplini. Erkam Yayınları, 2006. – 190 s.
Peter Burwash, The Key to Great Leadership. Torchlight Publishing, USA, 1995. – 214 pg. Peter F. Drucker, Managing Oneself: The Key to Success. Harvard Business Review Press, 2017.
– 128 pg.
Rafikul Islam, Ali Mohamed Wahra, Selim Ahmed, Time Management from an Islamic Perspective: A Qualitative Study. Kulliyyah of Economic and Management Sciences International University Malaysia, 2015. – 17 pg.
Richard Walsh, Time Management: Proven Techniques for Making Every Minute Count. F+W Publications Company, 2008. – 262 pg.
Samuel Smiles, Self-Help – Memphis, Tennessee: General Books LLC, 2012. – 397 pg. Stephen R. Covey, A. Roger Merrill, Rebecca R. Merrill, First Things First. Simon and Schuster,
1995. – 373 pg.
Stephen R. Covey, The Seven Habits of Highly Effective People. Free Press, USA, 1989. – 381 pg.
Tony Schwartz, Catherine McCarthy, Manage Your Energy, Not Your Time. Harvard Business Review, October, 2007. – 10 pg.
Zohra Sarwari, Powerful Time Management Skills for Muslims. Eman Publishing, 2009. – 83 pg. Абай Құнанбайұлы. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. –
Алматы: Раритет, 2008. – 384 бет.
Абай. Қара сөздер. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2015. – 124 бет.
Абдулмәлик Ибн Хишам (213 х.қ.б.), Сира Нәбәуия, 2 том. Халәби, Мысыр, 1955. Алау Әділбаев, Саңлақ сахабалар. – Алматы, 2010. – 336 бет.
Арабша-қазақша сөздік / Түзушілер: Палтөре Ы., Жүсіпбеков Ж., Мухитдинов Р., Қыдырбаев Қ. т.б. – Алматы: Нұр-Мүбарак, 2016. – 918 бет.
Архангельский Г.А., Бехтерев С.В., Лукашенко М.А., Телегина Т.В., Тайм-менеджмент. Полный курс: Учебное пособие. Москва: Альпина Паблишер, 2017. – 311 с.
Архангельский Глеб, Тайм-драйв: Как успевать жить и работать. Москва: Манн, Иванов и Фербер, 2017. – 256 с.
Асбахани, Әбу Нуғайым (430 х.қ.б.), Хилияту Әулия, Дәрул Кутуб Илмия, Бәйрут, х. 1409. Ахмад ибн Ханбал, Әбу Абдиллаһ әш-Шәйбани (164-241 һижри); әл-Муснәд, I-VIII, Дару-
Садәр, Бәйрут-1976.
Әбдул-Фәттәх Әбу Ғуддә, Уақыт құндылығы. Сауд Арабиясы: Рияд, 1982./ Араб тілінен ағылшын тіліне аударған: Yusra al-Ghannouchi, The Value of Time. Awakening Publications, 2004. – 86 p.
Әбу Алә Әл-Мубәракфури, Тухфәтул-Ахуәзи, 10 том. Дәрул Кутуб Илмия, Бәйрут.
Әбу Дәуіт, Сулейман ибн Әшас әс-Сижистани (202-275 һижри); әс-Сунән, Дару ихият-турасил-Араби, Бәйрут, 1998.
Әбу Ләйс Сәмәрқанди (373 х.қ.б.), Тәнбиһул Ғафилин, Дәр ибн Кәсир, Дамаск-Бәйрут, 2-баспа, 2000.
Әжлуни, Исмаил ибн Мұхаммед (1162 ж. қ. б.); Кәшфул-хафа уә музилул-илбәс, I-II, Дару Ихият Турасил Араби, Каир.
Бабадан қалған байлығым. Қазақ мақал-мәтелдері. (Құрастырған Кәдірбек Сегізбайұлы). – Алматы: «Атамұра», 2014. – 408 бет.
Бәйхақи, Әбу Бәкір Ахмед ибн әл-Хусәйн (384-458 һижри); Шуабул-иман, Мумбай 1989. Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-
жырауларының шығармалары, Үш томдық. /Жауапты шығарушы М. Байділдаев. – Алматы: Жазушы, 1985. – 352 бет.
Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық. /Жауапты шығарушы М. Байділдаев. – Алматы: Жазушы, 1984. – 256 бет.
Бұхари, Әбу Абдиллаһ Мұхаммед ибн Исмаил (256 һижри ж. қ. б.); әл-Жамиус-Сахих, Стамбул 1981.
Бұхари, Әбу Абдиллаһ Мұхаммед ибн Исмаил (256 һижри ж. қ. б.); Сахихул-Бұхари, I-VIII, әл-Мәктәбәтул-Исламия, Стамбул, 1979.
Дамира Өмірзаққызы Ибрагим, Адамзаттың асыл тәжі. Мұхаммед пайғамбардың өмірі. Мекке – Мәдина кезеңдері. – «Алтын қалам» баспасы, 2007. – 600 бет.
Дәрими, Абдуллаһ ибн Абдиррахман (181-255 һижри); әс-Сунән, I-II, Дарул-китабил-Араби, Бәйрут, 1407/1987.
Жұма мінбері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Алматы, 2012. – 720 б. Ибн Абидин, Мухаммад Әмин, Радд Әл-Мухтар, 10 том. Каир 2012.
Ибн Мәжә, Мұхаммед ибн Йәзид әл-Казуини (207-275 һижри); әс-Сунән, I-II, Дарул-фикр, Бәйрут, 1975.
Ибн Хажар, Әбул-Фазл Шәхабәддин Ахмәд әл-Асқалани, (852/1449 қ.б.); Фатхул-бәри би шархи сахихул-Бұхари, Каир 1978.
Ибн Хажар, Әбул-Фазл Шәхабәддин Ахмәд әл-Асқалани, (852/1449 қ.б.); Әл-Мәталиб Әл-Әлия, 19 том. Дәрул Асымә, Сауд Арабиясы.
Иззуддин ибн Әсир, Усдул-Ғабә. Бәйрут 1989.
Имам Нәуәуи, Риядус-Салихин (Хадистер жинағы), (қазақ тіліне аударған: А.Б.Әкімханов). – Алматы: «Көкжиек» баспасы, 2017. – 656 бет.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd». ЖШС, 2010. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және
денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. Қайрат Жолдыбайұлы, Дін мен діл. – Алматы, 2010. – 288 бет.
Құдайберді Бағашар, Исламдағы бала тәрбиесі – Алматы: «Көкжиек-Б» баспасы, 2011. – 228 бет.
Құран Кәрім. Қазақша түсіндірмелі аударма. Аударғандар: Әкімханов А. Б., Анарбаев Н. С. «Көкжиек» баспасы, Алматы, 2015. – 632 бет.
Мадина Жумадиллаева, Жанар Теңлібаева. Пайғамбарымыздың аяулы қызы – Фатима. – Алматы: «Көкжиек» баспасы, 2017. – 176 бет.
Мәлик ибн Әнәс, Әбу Абдуллаһ әл-Әсбахи (93-179 һижри); әл-Мууатта I-II, Дару ихияит-турасил-Араби, Бәйрут, 1985.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. – Павлодар қ.: «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – 436 бет.
Мунауи, Мұхаммед Абдуррауф ибн Али (1031/1622 қ.б.); Фәйзул-Қадир шәрху Жамиус-сағир, I-VI, әл-Мәктәбәтут-тижәриятил-кубра, Мысыр, 1356 һижри.
Мунзири, Әбу Мұхаммед Зәйнуддин Абдулазим ибн Абдулқауи (656/1258 қ.б.); әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб, Дарут-Тураз, Каир.
Муслим, Әбул-Хусәйн әл-Хажжаж ән-Нәйсабури (206-261 һижри); әл-Жамиус-Сахих, I-V, Дару ихияит-турасил-Араби, Бәйрут, 1999.
Муслим, Әбул-Хусәйн әл-Хажжаж ән-Нәйсабури (206-261 һижри); Сахихи муслим тержумеси ве шерхи, Сөнмез Нешриат, Стамбул, 1974.
Мұхаммед Юсуф Кандахлауи, Сахабалар салған сара жол – 2. – Алматы: «Көкжиек-Б» баспасы, 2011. – 560 бет.
Мұхитдин Исаұлы, Қайрат Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, – Алматы: «Нұр-Мүбарак» баспасы, 2010 ж. – 520 бет.
Мұхтасар Сахих Муслим, Ибнул-Хажжаж Әл-Қушәйри Ән-Нәйсабури. / Арабшадан аударған: Қ. Спатай. – Алматы: «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013. 1 том – 599 бет.
Мұхтасар Сахих Муслим, Ибнул-Хажжаж Әл-Қушәйри Ән-Нәйсабури. / Арабшадан аударған: Қ. Спатай. – Алматы: «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013. 2 том – 573 бет.
Нәсәи, Әбу Абдиррахман Ахмәд ибн Шуайб (215-303 һижри); әс-Сунән, Дарул-Марифә, Бәйрут, 1992.
Он ғасыр жырлайды. Алматы, 2006. – 408 бет.
Рази, Әбу Абдуллаһ Фахруддин Мухаммад ибн Омар, Әт-Тәфсирул Кәбир, 17 том. Дарул Кутубил Илмия, Бәйрут 2013.
Сарахси, Мухаммад ибн Ахмад, Шарху Сиярул-Кәбир, 5 том. Шәрикә Шәрқия 1971. Сафвет Сених, Құлшылық құпиясы. (ауд: Құдайберді Бағашар). Алматы, 2006.
Сахих Әл-Бұхари, Әбу Албулла Мұхаммед ибн Исмайл ибн Ибраһим ибн Әл-Муғира Әл-Бұхари (араб тіліндегі түпнұсқасымен салыстыра отырып өзбек тілінен аударған Доскелді Қожатайұлы). Алматы, 2005. I том. – 447 бет.
Сахих Әл-Бұхари, Әбу Албулла Мұхаммед ибн Исмайл ибн Ибраһим ибн Әл-Муғира Әл-Бұхари (араб тіліндегі түпнұсқасымен салыстыра отырып өзбек тілінен аударған Доскелді Қожатайұлы). Алматы, 2005. II том. – 444 бет.
Суюти, Жәләләддин (911/1505 қ.б.), әл-Дуррул-Мәнсур, Бәйрут 1993. Суюти, Жәләләддин (911/1505 қ.б.), Жәмиус-Сағир, Бәйрут 1972.
Табарани, Сулейман ибн Ахмад ибн Айюб ибн Мутаййир, Әл-Муджам ас-Сағир. Бәйрут 1985.
Табәри, Әбу Жәфәр ибн Жәрир Мухаммед ибн Жәрир ибн Язид (310/923), Жамиул-Баян, 24 том. Муәссәсәтур Рисәлә, 2000.
Тирмизи, Әбу Иса Мұхаммед ибн Иса (209-279 һижри); әл-Жамиус-Сахих I-V, Дару ихияит-турасил-Араби, Бәйрут.
Тирмизи, Әбу Иса Мұхаммед ибн Иса (209-279 һижри); Сунәнут-Тирмизи, Хумус 1966. Фәтәуә Хиндия, 6 том. Дәрул Фикр, х.1310.
Хайнц Мария, Позитивный тайм-менеджмент: Как успевать быть счастливым. Москва: Альпина Паблишер, 2016. – 128 с.
Хайсәми, Нуруддин Әли ибн Әбу Бәкір (807/1404 қ.б.), Мәжмәуз-Зәуәид, Каир 1987. Хаким, Әбу Абдуллаһ әл-Нисабури (405/1014 қ.б.), әл-Мустадрак ал әс-Сахихайн, Бәйрут,
1957.
Шамиль Аляутдинов, Ежедневник. Расписание Триллионера. Сосредоточиться на главном. Москва – Санкт-Петербург: Диля, 2015. – 480 с.
1 Бұл жөнінде арнайы тарауларда кеңірек мәлімет алуға болады. 2 «Аср» сүресі, 1-аят.
3 Қараңыз: Қиямет, 36; Әнкәбут, 2; Муминун, 115; Ибраһим, 42. 4 Қараңыз: Инфитар, 10-12.
5 Қараңыз: Бақара, 284.
6 Қараңыз: Нұр, 24; Иәсин, 65. 7 Қараңыз: Зилзәлә, 6-8.
8 Қараңыз: Мәариж, 11-14 9 Қараңыз: Муззәммил, 13 10 Тирмизи, Қиямет, 1/2416
11 Islam’da Zaman Tanzimi, 18-19-бб.
12 Тайм-драйв: Как успевать жить и работать, 59-75-бб. 13 Қараңыз: Юсуф, 43-49
14 Қараңыз: Кәһф, 23-24
15 Тайм-менеджмент. Полный курс: Учебное пособие, 14-15-бб. 16 Тайм-менеджмент. Полный курс: Учебное пособие, 111-б.
17 Тайм-менеджмент. Полный курс: Учебное пособие, 61-б. 18 Тайм-драйв: Как успевать жить и работать, 65-66-бб.
19 Тайм-драйв: Как успевать жить и работать, 83-85-бб. 20 Тирмизи, Бирр 66
21 Тирмизи, Бирр 66
22 Бұхари, Хаж 94; Мүслим, Хаж 268 23 Хаким, Мустәдрак 4/7851
24 Master Your Time, Master Your Life, 193-194-бб.
25 Әбу Нуғайым, Хилия 1/167 26 Әд-Дуррул Мәнсур 6/341 27 First Things First, 46-47-бб. 28 «Ахзаб» сүресі, 4-аят
29 Ежедневник. Расписание Триллионера, 14-15-бб.
30 Тайм-менеджмент. Полный курс: Учебное пособие, 175-177-бб. 31 Hakka Adanmış Gençlik, 344-б.
32 Тәнбиһул Ғафилин, 126
33 Ахмад ибн Ханбал, Муснәд 1/129
34 Linda Sapadin, Jack Maguire, It’s about Time! 147-б. 35 Әбу Нуғайым, Хилия, 2501/2
36 Қараңыз: «Ағраф» сүресі, 17-аят
37 Жоспар құру секілді болашақ үшін жасалатын пайдалы істер бұдан тыс. 38 Бұхари, Риқақ 3.
39 Фәтхул-Бәри 14/9 40 Бұхари, Риқақ 4
41 Бұхари, Риқақ 10; Мүслим, Зәкәт 116, 117, 119; Тирмизи, Зуһд 270; Ибн Мәжә, Зуһд 27
42 Тирмизи, Зуһд 3
43 Тирмизи, Зуһд 4, Қиямет 26; Нәсәи, Жәнәиз 3; Ибн Мәжә, Зуһд 31 44 Бұхари, Риқақ 3
45 Тирмизи, Зуһд 25 46 Ибн Мәжә, Зуһд 3
47 «Ғашия» сүресі, 8–9-аяттар
48 Бұхари, Иман 32, Риқақ 18; Мүслим, Мусафирин 215-218; Нәсәи, Қыбла 13; Ибн Мәжә, Зуһд 28
49 Мүслим, Мусафирин 218
50 Позитивный тайм-менеджмент: Как успевать быть счастливым, 71-72-бб. 51 Тайм-драйв: Как успевать жить и работать, 33-35-бб.
52 Тайм-менеджмент. Полный курс: Учебное пособие, 235-236-бб. 53 Eat That Frog, 23-24-бб.
54 Managing Oneself: The Key to Success, 46-б. 55 «Аср» сүресі, 1–3-аяттар.
56 Ахмад Ибн Ханбал 4/185; Байхақи, Шуәб 1/479 57 Ахмад Ибн Ханбал 4/185; Хайсәми 1/51, 10/225 58 Хайсәми 10/73-74
59 «Муминун» сүресі, 113-аят. 60 «Фатыр» сүресі, 37-аят.
61 Тирмизи, Зуһд 59
62 Master Your Time, Master Your Life, 96-99-бб. 63 Мұхтар Шаханов
64 Master Your Time, Master Your Life, 102-110-бб. 65 Time Management, 41-б.
66 Бұхари 83/6133; Мүслим 12/2998
67 Өкінішті көп өмір кеткен өтіп, 351-б. 68 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 69 «Инширах» сүресі, 6-аят.
70 «Инширах» сүресі, 7-аят. 71 «Жұма» сүресі, 10-аят. 72 Хайсәми 2/194
73 Жұма мінбері, 498-б.
74 Алайда бұл сөзден мұсылманға ешқашан демалуға болмайды деп түсінген дұрыс емес. Демалыс пен мерекелер жайлы алдағы тарауларда жан-жақты қарастыратын боламыз.
75 «Тәкуин» сүресі, 31-аят.
76 Бұхари, Риқақ 1; Тирмизи, Зуһд 1; Ибн Мәжә, Зуһд 15
77 Нәсәи, Китабул-Мәуәиж 11832; Бәйхақи, Әдәб 809; Хаким, Мустадрак 7846; Фәтхул-Бәри 14/9
78 Бұхари, Әл-әдәбул-муфрад 415 79 «Әли Имран» сүресі, 135-аят. 80 Жұма мінбері, 420-421-бб.
81 Жұма мінбері, 501-502-бб. 82 Islam’da Zaman Tanzimi, 23-б. 83 Қазақ тілі. Энциклопедия. 84 Арабша-қазақша сөздік.
87 «Бақара» сүресі, 189-аят. 88 «Тәубе» сүресі, 37-аят.
89 «Бақара», 65; «Ниса», 47,154; «Ағраф», 163 (үш рет); «Нахл», 124 90 Фатхул-Бәри 3/157
91 Қараңыз: «Жұма», 9
92 Құранда «күн» сөзі 365 рет кездесіп, тура бір жылдағы күн санына тең деген сөздер айтылады. «Күн» сөзі жекеше түрде 365 рет кездесетіні рас. Біз бұл жерде тек жекеше түрде кездескенін ғана емес, барлығын қарастырдық.
93 «Қадір» сүресі, 3-аят.
94 «Фәжр» сүресі, 1–5-аяттар.
95 Ахмад ибн Ханбал, Муснәд 3/327
96 Тирмизи, Тәфсир, Сура-и Буруж 3336-хадис. 97 Қараңыз: «Қадір» сүресі, 3-аят.
98 Қараңыз: «Бақара» сүресі, 185-аят. 99 Қараңыз: Фәтхул-Бәри 5/164-172 100 Бұхари, Жума 36
101 Islam’da Zaman Tanzimi, 52-б.
102 Ибн Мәжә, Иқамәтус-Саләт 79; Тирмизи, Тәфсиру Сура-и Буруж 3336-хадис. 103 Тирмизи, Құрбан 1492
104 Жамиус-сағир 5/454 105 Ибн Мәжә, Сиям 43
106 Қараңыз: Мүслим 6/140
107 Қараңыз: Ибн Мәжә, Сиям 31; Бұхари, Сәум 69; Тирмизи, Сәум 40 108 Жамиус-сағир 5/131
109 Ислам ғылымхалы, 237-б.
110 Қараңыз: Жұма мінбері, 51-68-бб. 111 Ибн Мәжә, Иқамә 191
112 Ислам ғылымхалы, 238-б.
113 Тирмизи, Даауат 84; Ибн Мәжә, Дуа 5
114 Оныншы күн – Құрбан айт күні. Айт күні ораза ұсталмайды. Тек Алла Елшісінің сүннеті бойынша, сәресіде ауыз бекітіп, айт намазынан соң тамақ жейді.
115 Тирмизи, Сәум 52; Ибн Мәжә, Сиям 39
116 Мууатта, Хаж 246 117 Мүслим, Хаж 436
118 Қараңыз: «Бақара» сүресі, 286-аят. 119 Ибн Мәжә, Иқамәтус-саләт 194 120 Тирмизи, Саләт 13/172
121 Мүслим, Мәсәжид 260
122 Hakka Adanmış Gençlik, 311-б. 123 «Әнғам» сүресі, 26-аят.
124 «Құлшылық құпиясы» кітабынан 125 Ақыретте қайта тірілу
126 Тирмизи, Саләт 3; Дәрими, Саләт 21 127 Бұхари, Жума 17
128 Әбу Дәуіт, Саләт 6; Ибн Мәжә, Саләт 7 129 Тирмизи, Мәуәқит 10
130 Мүслим, Мусафирин 162, 163; Тирмизи, Уитр 3; Ибн Мәжә, Иқамәт 121 131 Мүслим, Мусафирин 293; Әбу Дәуіт, Жәнәиз 51; Тирмизи, Жәнәиз 41 132 Ахмад ибн Ханбал, Муснәд II, 104
133 Мүслим, Мусафирин 96-97
134 Бұхари, Жума 36; Мүслим, Жума 12 135 Ислам ғылымхалы, 127-130-бб.
136 «Инсан» сүресі, 26-аят. 137 «Таһа» сүресі, 130-аят. 138 «Зумәр» сүресі, 9-аят. 139 «Сәжде» сүресі, 16-аят.
140 «Әли Имран» сүресі, 113-114-аяттар. 141 «Зарият» сүресі, 16-18-аяттар.
142 «Муззәммил» сүресі, 1–7-аяттар. 143 «Муззәммил» сүресі, 20-аят.
144 «Әли Имран» сүресі, 31-аят.
145 Қараңыз: «Бақара» сүресі, 238-аят 146 «Фурқан» сүресі, 64-аят.
147 Бұхари, Илм 40/41 148 Фәтхул-Бәри 1/224 149 Фәтхул-Бәри 1/224
150 Islam’da Zaman Tanzimi, 41-б.
151 Islam’da Zaman Tanzimi, 42-б. 152 Әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб 1/567
153 Мүслим, Итиқат 7; Нәсәи, Қиямул-Ләйл 17 154 Әбу Дәуіт, Татаууғ 18
155 Нәсәи, Қиямул-Ләйл 5
156 Қараңыз: «Нұр» сүресі, 58-аят. 157 Кәшфул-Хафа 1/435
158 Мүслим, Тәубә 13 159 Кәшфул-Хафа 1/435
160 «Фурқан» сүресі, 47-аят.
161 «Юнус» сүресі, 67-аят; «Мумин» сүресі, 61-аят. 162 «Қасас» сүресі, 73-аят.
163 «Нахл» сүресі, 80-аят. 164 «Рум» сүресі, 23-аят. 165 Фәтхул-Бәри 3/39, 80
166 Бұхари, Жума 16/41
167 Бұхари, Саум 56; Мүслим, Сиям 189 168 Islam’da Zaman Tanzimi, 135-б.
169 Ибн Мәжә, Сиям 22
170 Рази, Әт-Тәфсирул Кәбир 14/21
171 Қараңыз: Ахмад ибн Ханбал, Муснәд 1/73; Тирмизи, Буюғ 6 172 Хайсәми, Китәбут-Тыб №8471
173 Бұхари, Тәһәжжуд 12; Мүслим, Мусафирин 207 174 Ибн Мәжә, Иқамәтус-Саләт 174
175 Ибн Мәжә, Иқамәтус-Саләт 174
176 Master Your Time, Master Your Life, 205-б.
177 islam.kz сайтының «Ұйқының фазаларын білесіз бе?» атты мақаласынан мәліметтер алынды
178 islam.kz сайтының «Ұйқы мен ғибадаттың арақатынасы» атты мақаласынан мәліметтер алынды
179 Қараңыз: «Бақара» сүресі, 138-аят. 180 Жәмиус-сағир 3/487
181 Қараңыз: «Ағраф», 172; «Хаж», 5; «Муминун», 14; «Ғафир», 67; «Ахқаф», 15; «Нахл», 70
182 Islam’da Zaman Tanzimi, 67-б.
183 Исламдағы бала тәрбиесі, 54-130-бб. 184 «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия.
185 Бұхари, Қадар 1; Мүслим, Қадар 1 186 Нәсаи, Ақиқа 5
187 Исламдағы бала тәрбиесі, 37-43-бб.
188 Әбу Дәуіт, Саләт 26; Тирмизи, Саләт 299 189 Әбу Дәуіт, Саләт 26; Тирмизи, Саләт 299
190 Бұхари, Риқақ 4; Тирмизи, Дағуат 113; Ибн Мәжә, Зуһд 27 191 Қараңыз: «Ибраһим» сүресі, 7-аят.
192 Әбу Дәуіт, Зәкәт 45
193 Time Management: Proven Techniques for Making Every Minute Count, 253-260-бб.
194 «Қасас» сүресі, 77-аят.
195 Қараңыз: Тирмизи, Бирр 61
196 Қараңыз: Әбу Дәуіт, Саләт 232/1108, 97/680; Мүслим, Саләт 130 197 Ибн Мәжә, Тижәрат 2
198 Ибн Мәжә, Тижәрат 1 199 Ибн Мәжә, Тижәрат 2 200 Ибн Мәжә, Тижәрат 1
201 Бұхари, Уәсәя 9; Мүслим, Зәкәт 94-97 202 «Муззәммил» сүресі, 20-аят.
203 Hak Dini Kuran Dili, 8/5444 204 Hak Dini Kuran Dili, 8/5444
205 Қараңыз: «Нәжм» сүресі, 39-аят. 206 «Қасас» сүресі, 77-аят.
207 «Бақара» сүресі, 200–202-аяттар. 208 «Муминун» сүресі, 51-аят.
209 Бұхари, Әнбия 37
210 Бұхари, әл-Әдәбул-Муфрад, 168-б.; Мәжмәуз-Зәуәид 4/63; Мунәуи, Фәйзул-Қадир 3/30
211 Бұхари, Ижәра 115
212 Ибн Мәжә, Сауда 25; Әбу Дәуіт, Зәкәт 26/1641 213 Бәйхақи, Шуәб 6/117
214 Қараңыз: Бұхари, Илм 15, Зәкәт 5, Ахкәм 3; Мүслим, Саләтул-Мусафирин 268
215 Әбу Дәуіт, Жиһад 78; Тирмизи, Буюғ 6 216 Ахмад ибн Ханбал, Муснәд 1/73
217 Мунәуи, Фәйзул-Қадир 2/366 218 Ибн Мәжә, Муқаддимә 17 219 «Таһа» сүресі, 114-аят.
220 Мүслим, Зикр 39
221 Кәшфул-Хафа 1/75; Хайсәми 1/136 222 Хайсәми 1/136
223 Кәшфул-Хафа 2/232
224 Master Your Time, Master Your Life, 124-128-бб. 225 Кәшфул-Хафа 2/232
226 Mastering Your Time, 57-59-бб. 227 «Ниса» сүресі, 36-аят.
228 Қараңыз: «Бақара» сүресі, 83-аят, «Ниса» сүресі, 36-аят. 229 Қараңыз: «Мәида» сүресі, 26-аят.
230 Master Your Time, Master Your Life, 162-165-бб. 231 Master Your Time, Master Your Life, 201-202-бб.
232 Мұнда біз қонаққа шақырған жерге бармау керек дегеннен аулақпыз. Мұсылманның бауырының алдындағы міндеттерінің бірі шақырғанда бару болып табылады. Тек қажетсіз, уақытты босқа өлтіретін істерді азайтуға кеңес берудеміз.
233 «Фурқан» сүресі, 27–29-аяттар. 234 «Әли Имран» сүресі, 28-аят. 235 «Инширах» сүресі, 7-аят.
236 Self-Help, 71-б. 237 Self-Help, 99-б.
238 «Ахзаб» сүресі, 21-аят. 239 Жұма мінбері 496-б. 240 Әл-Мәталиб 3/265
241 Фәйзул-Қадир 1/543
242 Мүслим, Жума 7-10; Мууатта, Жума 1 243 Әбу Дәуіт, Тыб 5; Ибн Мәжә, Тыб 22 244 Усдул-Ғабә 1/168
245 Ибн Мәжә, Фитән 33 246 Усдул-Ғабә 1/32
247 Хаким, Мустәдрак 3/461 248 Бұхари, Мәуәқит 13/23 249 Ибн Мәжә, Иқамә 182 250 Хаким, Мустәдрак 2/227 251 Ибн Мәжә, Иқамә 182 252 Нәсәи, Сәһу 98
253 Мүслим, Руя 23 254 Усдул-Ғабә 2/466
255 Фәтхул-Бәри 11/229 256 Мүслим 10/73-76
257 Бәйхақи, Шуәб 4676 258 Жамиул-Баян 62
259 Ахмад Ибн Ханбал, Зуһд 5 260 Саңлақ сахабалар, 259-б.
261 Саңлақ сахабалар, 274-276-бб. 262 Саңлақ сахабалар, 262-264-бб.
263 Сахабалар салған сара жол – 2, 485-486-бб.
264 Адамзаттың асыл тәжі. Мұхаммед пайғамбардың өмірі, 578-б. 265 «Фуссилат» сүресі, 35-аят.
266 The Value of Time, 32-34-бб. 267 Жұма мінбері, 500-б.
268 «Муминун» сүресі, 99–100-аяттар. 269 Hakka Adanmış Gençlik, 323-324-бб. 270 Жұма мінбері, 499-500-бб.
271 Рази, Әт-Тәфсирул Кәбир 22/87-88 272 Islam’da Zaman Tanzimi, 165-166-бб.
273 Time Management: Proven Techniques for Making Every Minute Count, 204-б. 274 Daily Rituals: How Great Minds Make Time, Find Inspiration, and Get to Work,
128-129-бб.
275 Islam’da Zaman Tanzimi, 168-б. 276 Self-Help, 98-99-бб.
277 Пайғамбарымыз бен сахабалар өмір сүрген кезеңге берілген атау. 278 Тирмизи, Жаннат 31
279 «Бақара» сүресі, 216-аят.
280 Hakka Adanmış Gençlik, 367-б. 281 Тирмизи, Қиямә 25
Table of Contents
2. Әрбір өткен сәттің ақыреттік есебі 3. Уақыттың маңызын түсінгендер
1. •Уақытты тиімді пайдалану 1. Тайм-менеджмент
2. Жоспар құру
3. Жоспар құрғанда мезгіл мен мекеннің ерекшеліктерін ескеру
5. Уақыт – орны толмас қор 6. Бір күнді жоспарлау тәсілі 7. Асығу ма, асықпау ма?
8. Шығармашылыққа арналған уақыт 9. Паркинсон заңын бұзыңыз
10. Уақытты тиімді пайдалануға күш керек 2. •Уақытты қажетті нәрсеге жұмсау
2. Күнделікті жұмыс істейтін уақыт мөлшері 3. Жұмыс уақытында тек жұмыс істеңіз
4. Бір уақытта бір іспен ғана айналысу 5. 80/20
6. Эйзенхауэр матрицасы 3. •Істі кейінге қалдырмау
2. Уақыттың шектеулі екендігін ұғыну
3. Істің ең абзалы – аз да болса, тұрақты жасалғаны 4. Аз іс – үлкен нәтиже
1. 1. «Пілді кесек еттерге бөлу»
2. 2. «Швейцариялық ірімшік» 3. 3. «Құрбақаны жеп қою»
1. Уақытын жоғалтқанның өкініші 2. «Электрондық тәуелділік»
4. Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
1. 1. Телефон, электрондық пошта, СМС 2. 2. Күтпеген қонақтар
5. 5. Істі кейінге қалдыру 6. 6. Бос әңгімелер
5. Шешім қабылдаудың төрт түрі 6. Уақыт қайда жұмсалады?
7. Өткен қателіктерден сабақ алу 8. Ой шашыраңқылығы
9. Өзіңе қатысы жоқ істен аулақ болу 10. Жалқаулық та уақытты өлтіруші
1. Жалқаулық зынданына түсуіміздің себебі не? 5. •Бос уақытты бос өткізбеу
2. Арадағы бос уақыттарды тиімді өткізу 3. Жолдағы бос уақыттар
4. Мардымсыз көрінген уақыттың өзі маңызды 1. Бір минут деп өте шықпа!
2. Құранда аталған уақыт түрлері
3. Діни жоралғыларда Құрандағы күнтізбе өзгертілмеуі қажет
4. Бір айдың кезеңдерге бөлінуі
5. Бір күндік уақытты кезеңдерге бөлу
6. Күндіз бен оның кезеңдері 7. Түн және оның кезеңдері
2. •Ерекше құндылыққа ие уақыттар
1. Уақыт құндылығы: жылдың кейбір айлары мен күндерінің және күннің кейбір уақыттарының ерекшеліктері
2. Маңызды уақыттардың анық айтылмауы 3. Бірсарындылықтан арылу
4. Мүбәрак күндер мен түндер 1. Жұма күні
2. Айт күндері
3. Мухаррам айы және Ашура күні 4. Мәуліт
5. Рағайып түні 6. Миғраж түні 7. Бәраат түні 8. Қадір түні
3. •Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны 1. Намаздың маңызы
3. Намаз уақыттары нені білдіреді? 4. Намаздың мұстахап уақыттары 5. Намаздың мәкрүһ уақыттары
6. Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты 4. •Түнгі құлшылық
1. Түнгі құлшылықтың уақыты 2. Түнде тұрудағы мақсат
4. Неліктен түнгі құлшылыққа мән берілген? 5. •Демалыс уақыты
1. Демалыс пен тынығуға қажеттілік 2. Жан тыныштығына арналған уақыт
3. Демалу мен тынығудың жолы, уақыты мен орны 4. Түнгі және күндізгі ұйқылар
5. Түнгі ұйқы
6. Қайлулә ұйқысы 7. Ұнамсыз ұйқы
8. Аз ұйқы
9. Дұрыс емес ұйқы адам денсаулығына зиянды 10. Қанша уақыт ұйықтау керек?
12. Дұрыс оянуға арналған қосымша кеңестер 6. Мұсылман және уақыт
1. •Адамның уақыт ішіндегі жолаушылығы
1. Адамның жас ерекшеліктері мен өмірінің кезеңдері 2. •Өмірлік мақсат қою
1. Мақсатсыз өмір – адам баласы үшін ең ауыр қасірет 2. Барлығы ойдан басталады
3. •Мұсылманның уақыты барлығына жетеді 1. Дүние мен ақыреттің арақатынасы
3. Исламда адал ризық табу үшін тер төгудің маңызы 4. Білім алуға уақыт арнау
1. Күн сайын өз-өзін жетілдіріп отыру қажет
2. Алдымен білуіміз міндетті мәселелерді үйрену 3. Тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздену
1. Отбасына арналған уақыт 2. Әйел адамның уақыты
3. Дос таңдау
6. Оқи отырып демалу, жұмыс істей отырып тынығу 7. Өткеннен – өнеге, ұлыдан – ұлағат
1. •Пайғамбар өмірінде уақыт 1. Үш қағида
3. Күнделікті тұрақты және кенеттен ортаға шығатын істер
5. Күндізгі уақыттың жоспары 2. •Сахабалар салған сара жол
3. •Ислам ғұламаларының ізімен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?