Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл – халықтың мұрасы» атты мерекелік іс-шараның ӘЗІРЛЕМЕСІ


Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған

«Тілхалықтың мұрасы»

атты мерекелік іс-шараның

ӘЗІРЛЕМЕСІ

Өткізілетін жері: мәжіліс залы

Өткізілетін күні: 06 қыркүйек

Сыныбы: 7

Мақсаты: білім алушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету; тіл тазалығын сақтау, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту, білім алушылар арасында толеранттықты қалыптастыру.

Көрнекілігі: тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Мемлекеттік тіл туралы слайдтар.

Сценарий барысы:

І жүргізуші:

Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!

ІІ жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сіздерді Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз!

1-жүргізуші:

Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает важный день – это День языков народов Казахстана. Знание языков — это наше богатство! Каждый язык – это целый мир. Нет такого языка, который бы не заслуживал уважения. Из поколения в поколение передается язык, культура, обычаи и традиции.

2-жүргізуші:

Елді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр

Бірімен – бірі туысқан.

Қол ұстасқан ел жатыр

Қырғыз, қазақ, өзбектер

Армян, татар, ұйғырлар.

Орыс пенен Украин

Терезесі тең жатыр,

Бақыттың әні асқақтап,

Құлаққа даусы кеп жатыр

ӘН

«Туған жер»

І жүргізуші:

Тарихы бар дастанындай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.

Қазақстан – алтын бесік Отаным,

Ұлы ордасы татулықтың пен теңдіктің.

ІІ жүргізуші:

Тілмен ғана қызық менің тірлігім

Тату еткен ел мен елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,

Туған тілде алып жүрміз біз білім, дей отырып

«Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір» тақырыбында қысқаша білім сайысын өткізейік.

Бірінші болып, әрі дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлығымыз бар.

1. «Ана тілің- арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте», өлеңнің авторын табыңыз.

(Жауабы: Қадыр Мырза Әли)

2. Республикамызда Тіл туралы Заң қашан қабылданды?

(Жауабы: Республикамызда Тіл туралы Заң 1997 жылы қабылданды.)

3. Елімізде Тілдер мерекесі қашаннан бері тойланып келеді?

(Жауабы: Тілдер мерекесі елімізде 1998 жылдан бері тойлануда.)

4. Елімізде қанша ұлт өкілдері мекендейді?

(Жауабы: Қазақстанда 130-дан аса ұлт өкілдері тұрады.)

5. Берілген мақалдың жалғасын табыңыз.

«Жеті жұрттың тілін біл, ... ... ... »

(Жауабы: Жеті түрлі ілім біл.)

6. Қазақстан Республикасы Тілдер күні қай күні тойланады? (Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – 5 қыркүйекте тойланады)

7. Тілге құрмет- мақалдың жалғасын тап- (Тілге құрмет-елге құрмет)

1-жүргізуші:

Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

2- жүргізуші:

Ана тілім- арайлы шапағатым,

Ана тілім - сәніммен салтанатым.

Ана тілім -таудағы таза бұлақ,

Ана тілім -Мәңгілік махаббатым.

Ана тілім - қазағым, қазақ тілім, - дей отырып әдеби монтажды тамашалайық.

Музыкалық фон қойылады.

Қазақ:

Мен қазақпын, иесімін кең даланың,

Талай Жаудан бұл даланы қорғаған.

Өзгелердің басына күн туғанда,

Жат көрместен құшақ жайып қарсы алғанмын.

Орыс: Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,

Қастерлеймін тарихын,салт-дәстүрін.

Өйткені мен өркендеп осы жерде,

Топырағын қазақтың басып өстім.

Өзбек: Мен өзбекпін, сүйемін қазақ жерін,

Қазақ жері-ол менің туған жерім.

«Жолдас болсаң қазақпен адаспассың»

Деген өзбектің мақалын жаттап өстім.

Неміс: мен неміспін, сүйемін қазақ тілін,

Қаймағы бұзылмаған таза тілдін.

Қазақ тілі лайық деп білем мен,

Болуға да ортақ тіл немістердің.

Түрік: Корей, украин, немістен Көп ұлтты шаңырақ біріккен, Бәрінің жүрегін жібіткен Ынтымақ ұраны мекенім!

1-жүргізуші: Біз - бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие , үштілділікпен қатар, ақпараттық технологияны меңгеріп келе жатқан жас ұрпақпыз!

1– бала

Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

2– бала

Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!

3бала

Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!

4бала

Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!

5- бала

Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

6 бала

Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ.

7 бала

Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

8 бала

Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!

2 жүргізуші:

Осымен Қазақстан Республикасы халықтарның Тілдер күніне арналған іс-шарамыз аяқталды.

Баршаңызға аманшылық тілейміз! Отанымыз аман, еліміз тыныш болсын!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу