Қазақ әдебиеті бойынша ҰБТ-ға шпаргалка, шпор жүктеу
Скачать шпоры ЕНТ по казахской литературе
"Абай жолы" романында Тәкежанның баласы Мақұлбай қайтыс болғанда Абай жоқтау айтқызған адамның есімін көрсетіңіз. Әйгерім.
"Абай жолы" романындағы Абай жақсы көрген ойын атын белгілеңіз. Тоғызқұмалақ.
"Абай жолы" эпопеясындағы Дәркембайдың кім екендігін көрсетініз. Кедей жатақ.
"Ақ көйлек" - әнші-ақындардың қайсысының өлеңі екенін табыңыз. Ақан сері.
"Ақан сері - Ақтоқты" трагедиясының авторын табыңыз. Ғ.Мүсірепов.
"Ақын өлімі туралы аңыз" кімге арналған, дұрысын табыңыз. А.Жұмағалиев.
"Аласыз қара көзі айнадайын" деген жолдағы тіл айшығын табыңыз. Теңеу.
"Ботагөз" романындағы Амантай қандай кейіпкер екенін көрсетіңіз. Батыл, ержүрек.
"Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады", - деп бастап, тән құмары мен жан құмарын көрсететін Абайдың нешінші қара сөзі екенін табыңыз. Жетінші.
"Жүзі құбыла, сөзі құран Шұғамның, Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын, " - деген Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі үзіндінің кімнің аузынан айтылғандығын табыңыз. Әбдірахманның.
"Қамар сұлу" романындағы Бәйтік молда, Көкілбай бақсы - қандай адамдар екенін белгілеңіз. Дін иелері.
"Қансонар" деген сөздің мағынасын белгілеңіз. Жер бетіне ең алғаш қар түскен шақ.
"Қыз Жібек" жырында ғашықтарға қастандық етуші қай кейіпкер екенін анықтаңыз. Бекежан.
"Майдан етіп бүние төрін, Темір, болат қақтап отқа, Жекпе-жек кеп өмір, өлім, Соққыласып жатқан жоқ па? "- деген үзінді Қасым Аманжоловтың қай поэмасынан алынған белгілеңіз. "Ақын өлімі туралы аңыз".
"Оғыз Қаған" жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз. Ұлы Түрік.
"Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді. Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін, "-деген сездерді айтқан зерттеушіні белгілеңіз. Г.Потанин.
"Өмір сүргім келеді" деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз. Б.Бұлқышев.
"Серке" газетіне "Арғын" деген бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" атты мақала жазған жазушыны анықтаңыз. М. Дулатов.
"Толағай" ертегісіндегі Толағайдың анасын белгілеңіз Айсұлу.
"Халық поэзиясының алыбы, XX ғасырдын Гомері" деп бағаланған ақынды белгілеңіз. Ж.Жабаев.
"Ш.Уәлиханов" пьесасы (С.Мұқанов) қай жылы сахнаға қойылғанын табыңыз. 1954ж.
... Бет ажырын қарасаң, Жазғы түскен сағымдай. Ет ажарын қарасаң, Терісінен айырған, Арпа-бидай ақ ұндай, Кірпігі оқтай тізілген...- үзінді қай батырлар жырынан алынғанын анықтаңыз. «Ер Тарғын».
... Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты!...- деген өлең жолдары Мұқағали ақынның қай өлеңінен алынғанын табыңыз. «Елім барда».
... Тоқсыртып кәрі аршаны от маздатқан, Шал үйін сағынушы ек біз ерекше... (І.Жансүгіров "Күй"). Осындағы "тоқсыртып" сөзінің мағынасын табыңыз. Оттағы отынды шашыратпай, ысырып жию.
... Іздеймін тағат бар ма? Сені іздедім, маған егіз ғып жаратқан ба? ... - деп Мұқағали ақын нені іздейтінін табыңыз. Поэзияны.
„Сенің қайғыңнан өлемін", - деп, батырды сүйетінін алғашқы боп өзі мойындаған ару қызды табыңыз. Ақжүніс.
«...Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады», - дейтін Ыбырай әңгімелерінің қай кейіпкері, белгілеңіз. Атымтай Жомарт.
«Адамнан адам озар немен артып, Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып ...» - деген тармақтардың авторын табыңыз. Ш.Құдайбердиев.
«Адамнан есті жануар» деп ардақталатын, мыстанның арам пиғылын батырдан бұрын сезетін тұлпарды табыңыз. Шұбат ат.
«Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын сұлуды зорлық етіп, алмақшы болған батырды табыңыз. Қараман.
«Арғымақтар», «Қыз қуу» өлеңдерінің авторын табыңыз. О.Сүлейменов.
«Ауылдан абақты жақсы», - дейтін М.Әуезовтің бала кейіпкерін табыңыз. Сейіт.
«Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген арнаулы мақаланы жазған кім екенін анықтаңыз. Сәкен Сейфуллин.
«Би бол, би болмасаң да, би түсетіндей үй бол» дегенде түсінік беріңіз. Әйелің жақсы болсын дегені.
«Боран», «Шырағың сөнбесін» романдарының авторын табыңыз. Т.Ахтанов.
«Гәкку», «Мақпал», «Маңмаңгер» өлендерінің авторын белгілеңіз. Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы.
«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінің авторын табыңыз. Жамбыл Жабаев.
«Индия очерктері» мен «Америка әсерлері» қай қаламгердің туындысы екенін белгілеңіз. М.Әуезов.
«Кедей қызы, дер шағында оқуға түскен. Тұлғасында, мінезінде кісі боларлық белгілер бар. Олай болса, түбінде бұдан әлеуметтік адам шығуында сөз жоқ», - деген сөздердің қай кейіпкерге арналғанын табыңыз. Ботагөзге.
«Көктем таңы», «Жаңа дәптер», «Ескерткіш» жыр кітаптарының авторын табыңыз. Т.Молдағалиев.
«Күлмеген адам», «Құлаған құз» әңімелерінің авторын табыңыз. Ғ.Мұстафин.
«Күлтегін» жыры қашалып жазылған тас табылған өзенді анықтаңыз. Орхон өзені.
«Күн-күйеу, жер-қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сонбай күшті», - деген Абайдың өлең жолдарындағы бейнелеу құралын көрсетіңіз. Метафория.
«Қазақ солдаты» романының кейіпкерін табыңыз. Самед.
«Қараш-Қараш оқиғасы» атты туындының авторын табыңыз. М.Әуезов.
«Қартқожа» романында (Ж.Аймауытов) бейнеленген тарихқа белгілі адамды табыңыз. С.Торайғыров.
«Қобыланды батыр» жырындағы Ноғайлының жерін, Сырлы, Қырлы қалаларын тартып алған батырды көрсетіңіз. Қазан.
«Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз. Ш.Мұртаза.
«Қыранымын сары сайран даланың, Қос қанатым - алтын Алтай, Оралым». М.Жұмабаев өлеңінен алынған үзіндіде қандай бейнелеуіш құрал бар екенін табыңыз. Метафора.
«Мен-казақпын» поэмасының авторын табыңыз. Ж.Молдағалиев.
«Миллионер» повесінің авторын атаңыз. Ғ.Мұстафин.
«Оқыған» деген атпен берілетін толғау сөздерінің Ж.Аймауытовтың қай шығармасында кездесетіндігін табыңыз. «Ел қорғаны».
«Отаның болсын жантақтан, Қатының болсын қалмақтан, Қонысың болсын қазақтан,» - деген жолдардың авторын табыңыз. Бұқар.
«Раушан - ел ішіндегі күң әйелдердің арасынан шыққан көсем» деген пікірдің иесін табыңыз. Мәриям.
«Суреттер және көрдім жүзі жарқын, Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын!» тармақтарының астарында ненің негізделгендігін анықтаңыз. Зілді кекесін.
«Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» деген аңыз әңгіменің кейіпкерін табыңыз. Жиренше.
«Сыр сандық» өлеңінің авторын белгілеңіз. С.Сейфуллин.
«Түркі Шахнамасы» атаған орта ғасырдағы түркі әдебиетінің үлгісін белгілеңіз. Ж.Баласағұни «Құтты білік».
«Түркістан» өлеңінің автрорын табыңыз. М.Жұмабаев.
«Шығыстан сызылып таң келеді. Мен немісті өлтіруге жөнелдім», - деп жазған Шығыс ұлы кім екенін табыңыз. Б.Бұлқышев.
«Шыңырау» повесіндегі бас кейіпкерді табыңыз Еңсеп.
1881 жылы Жамбыл қай ақынмен айтысып, жеңіске жеткенін белгілеңіз. Құлмамбет.
1910 жылы жарық көрген тұңғыш қазақ романның авторын белгілеңіз. М.Дулатов.
1912 жылы Сұлтанмахмұт Троицкіге не мақсатпен келетінін белгілеңіз. Оқуға.
1916 жылғы көтеріліске арнап Жамбыл қандай өлең жазғанын белгілеңіз. "Зілді бұйрық".
1936, 1938, 1939 жылдары қатарынан үш ірі орденмен наградталған ақынды белгелеңіз. Ж.Жабаев.
VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйшіні белгілеңіз. Қорқыт ата.
А.Байтұрсынұлының Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің үлгісінде жазған өлеңін табыңыз. «Жиған -терген».
Абай арабтың классикалық шығармасы «Мың бір түн» ертегісінен жазған поэмасын анықтаңыз. «Әзім әңгімесі».
Абай дастанын белгілеңіз. «Масғұт».
Абай дүние өткенде Мұхтар Әуезов неше жаста екенін табыңыз. 7 жаста.
Абай қара сөздерінің жалпы санын көрсетіңіз. 45.
Абай Құнанбайұлының Крыловтан аударған мысалын белгілеңіз. «Шегіртке мен құмырсқа».
Абай Құнанбайұлының поэмасын белгілеңіз. «Ескендір».
Абай Құнанбайұлының туған жерін белгілеңіз. Семей облысы.
Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі негізінен қандай ұйқас түрінде жазылғандығын табыңыз. Қар өлең ұйқасы.
Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің жазылу түрін анықтаңыз. Суреттеу турінде.
Абайдың әйелмен достықты қадір тұтатын поэмасын атаңыз. «Масғұт».
Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған өлеңдері қандай туынды екенін белгілеңіз. Жоқтау өлең.
Абайдың қайын атасы, Ділдәнің әкесінің атын белгілеңіз. Алшынбай.
Абайдың қара сөздерді қандай шығарма екенін табыңыз. Даналық сөз, философиялық шолу.
Абайдың поэмасын анықтаңыз. «Масғұт».
Абайдың поэмасын табыңыз. "Ескендір".
Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңін табыңыз. «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай».
Абайдың табиғатты тірілту негізінде жазылған өлеңдерін табыңыз. «Қыс», «Теректің сыйы».
Абылай ханның тұсында өмір сүрген жырауды табыңыз. Бұқар жырау.
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт, - деп Жамбыл кімге айтқанын анықтаңыз. Құлмамбетке.
Азат еңбекке бастайтын күнді уағыздайтын С.Мұқановтың өлеңін көрсетіңіз. «Майға сәлем».
Ақан сері туралы шығарма жазған авторларды табыңыз. Ғ.Мүсірепов, С.Жүнісов.
Ақан серінің атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігін белгілеңіз Құлагер.
Ақан серінің қай өлеңінің әні жоқ, табыңыз. "Жақсы мен жаман".
Ақан серінің лирикалық-психологиялық жоқтау әнін табыңыз. «Құлагер».
Ақан серінің махаббат лирикасына жататын өлеңін табыңыз. «Ак көйлек», «Жайықтың ақ түлкісі».
Ақмола облысының Көкшетау уезіне қарасты 5-ауылда дүниеге келген «әнші ақындар» деп аталатын үлкен бір өнерпаз топтың көрнекті өкілін көрсетіңіз. Ыбырай Сандыбайұлы.
Ақын сері оқыған қаланы атаңыз. Қызылжар.
Алатау аясындағы Жетімкөл туралы М.Мақатаев қай шығармасында бейнелегенін табыңыз. «Аққулар ұйықтағанда».
Алпамыс батырдың әкесінің атын табыңыз. Байбөрі.
Араб графикасына негізделген қазақ әліппесін жасаған тұңғыш ғалымды белгілеңіз. А.Байтұрсынов.
Асан: "Еділ бол да, Жайық бол, Ешкіммен ұрыспа'' - деп, неге шақырғанын белгілеңіз. Бірлікке.
Ахмет Байтұрсынов 1913-1918 жылдар арасында қай газетте редактор болғанын белгілеңіз. «Қазақ».
Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінде кездесетін кейіпкерлерді көрсетіңіз. Еңсеп, Байсал.
Ә.Найманбаевтың шығармалар жинағы 1968 жылы кімдердің құрастыруымен басылып шыққандығын анықтаңыз. С.Ордалиев, Б.Адамбаев.
Әдебиеттану ғылымының негізін салушыны белгілеңіз. А. Байтұрсынов.
Әкелері Елтеріс қаған қайтыс болған кездегі балалары Күлтегін мен Білгенің жастарын анықтаңыз. Білге 7 жаста, Күлтегін 5 жаста.
Әкесі он үш жасында ұсталып кетіп, ол туралы өлең жазған қаламгерді табыңыз. А.Байтұрсынов.
Әсет Найманбаевтың туған жерін көрсетіңіз. Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданы, Бақты ауылы.
Б.Майлин дәріс алған татар мұғалімінің есімін анықтаңыз. Әбдірахман Сатыбалдин.
Б.Майлиннің «Айранбайы» қандай әңгіме екенін белгілеңіз. Терең психологиялық.
Б.Майлиннің 1916 жыл оқиғасына арналып жазылған поэмасын көрсетіңіз. «Кемпірдің ертегісі».
Б.Майлиннің өлеңін табыңыз. «Мұсылмандық белгісі».
Б.Майлиннің шығармаларындағы ұнамды қаһарманды көрсетіңіз. Қақ-соқпен ісі жоқ, момын, еңбекші, адал да аңқау жан.
Б.Майлинің «Шұғаның белгісі» повесіндегі оқиғаның куәгері, әңгімелеп айтушы адамды табыңыз. Қасымжан.
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі: «Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ» деген жолдарды айтқан адамды табыңыз. Ана.
Бақтығұл мен Тектіғұл Әуезовтің қай шығармасының кейіпкерлері екенін анықтаңыз. "Қараш-қараш оқиғасы".
Бала туған күні айтылатын өлеңдер қалай аталатынын белгілеңіз. Шілдехана өлеңдері.
Балдағы алтын кұрыш болат, Ашылып шапсам дем тартар, Сусыным қанға қанар деп. Үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін табыңыз. (Қазтуған жырау) Эпитет.
Балуан Шолақтың шын атын анықтаңыз. Нұрмағамбет.
Басты қаһарманы Ораз-Мұхаммед тағдырымен байланыстырыла, XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың бас кезіндегі оқиғалар қай романда суреттелгенін табыңыз. М.Мағауин "Аласапыран".
Батыр Кебекке алғаш рет бал ашқан адамды атаңыз. Нысан абыз.
Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған. Үзіндідегі асты сызылған сөздердің көркемдегіш құралдың қай түріне жататынын анықтаңыз. Теңеу.
Бөрідей жұрт ұсылып, Айқаймен жаға жыртысып, Өкірген үнін өшіртіп, жылаған көзден жас өрер, - деген үзінді алынған жырды белгілеңіз. «Алып-Ер Тұңғаны жоқтау».
Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңіндегі ой қорытындысын табыңыз. Ел бірлігі.
Гогольдің "Ревизор", Шекспирдің "Отелло", "Асауға тұсау" пьесаларын аударған жазушыны белгілеңіз. М.Әуезов.
Ғ.Мұстафин сомдаған жағымсыз кейіпкерлерді табыңыз. Әлібек, Шәкен.
Ғ.Мұстафин стиліне тән қасиетті белгілеңіз. Қаһарманның көңіл-күйін қимыл-әрекет, мінез-құлқы арқылы көрсетеді.
Ғ.Мұстафиннің ауылшаруашылығына арналған шығармасын анықтаңыз. «Шығанақ».
Ғ.Мұстафиннің ғұмырнамалық романын анықтаңыз. "Көз көрген".
Ғ.Мұстафиннің кай шығармасында Аман, Шәкен, Таймас, Жақып, Мақаш деген кейіпкерлер кездесетінін анықтаңыз. "Дауылдан кейін".
Ғ.Мұстафиннің өзі жақсы білетін ауыл өмірін баяндаған тұңғыш кітабын табыңыз. «Ер Шойын».
Ғ.Мұстафиннің тұңғыш кітабын табыңыз. "Ер Шойын".
Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз. «Жат қолында».
Ғ.Мүсіреповтың 1932 жылғы ауыр шындықты астарлап жеткізген шығармасын табыңыз. "Шұғыла".
Ғ.Мүсіреповтың екі түрлі өмірді, екі түрлі сезімді басынан кешіргенін тебірене баяндайтын шығармасын белгіленіз. "Қос Шалқар".
Ғ.Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз. Наталья.
Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейнесінің» бас кейіпкерінің прототипін белгілеңіз. С.Сейфуллин.
Ғ.Мүсіреповтің «Тулаған толқынында» бейнеленетін бір оқиғаны көрсетіңіз. 1916 ж. дүрбелең кезіндегі ауыл тірлігі.
Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш көлемді шығармасын табыңыз. "Тулаған толқында"
Ғалымдардың көне түрік жазуларына берген атауын анықтаңыз. Руна жазуы.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп әлек салды (Абай), - деген өлең жолдарынан метафораны табыңыз. Кәрі құдаң.
Драматург Дулат Исабековтің пьесасын анықтаңыз. «Әпке».
Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасындағы Қамажайдың сіңлісінің есімін есіңізге түсіріңіз. Нәзила.
Дулат Исабековтің «Дермене» повесіндегі "дермене" сөзінің мағынасын табыңыз. Жусанның түрі.
Екі арыстан жау шапса, Оқ қылқандай шаншылса... Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес! Қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз. Доспамбет.
Ел шетіне жау келсе, Алдына, сірә, дay келсе. Батырсынған жігіттің Күшін сонда сынаса! - деп, Ақтамберді жырау қандай мәселені айтқандығын табыңыз. Ерлік, батырлық.
Есендікте малыңды бер де батыр жый, Басыңа қыстау іс түссе. Дұшпанның қолы жете алмас! - деп Шалкиіз жырау қандай мәселені айтқандығын табыңыз. Бірлік-ынтымақ.
Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы әсем суреттелген қазақ өлкесін табыңыз. Алтай, Марқакөл.
Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы Картқожаның ағасын табыңыз. Тұңғышбай.
Ж.Жабаевтың өлендерін көресетіңіз. «Кәдірбайдың тәбеті».
Ж.Молдағалиевтің «Жыр туралы жыр» поэмасының кейіпкері кім екенін белгілеңіз. Жас ақын Мұса Жәлел.
Ж.Молдағалиевтің өлеңін көрсетіңіз. «Қанат туралы толғау».
Ж.Молдағалиевтің поэмасын белгілеңіз. «Байқоңыр баспалдақтары».
Ж.Нәжімедовтің өлеңін көрсетіңіз. «Менің Қазақстаным».
Жамбылдың бір болысты әжуалап жазған сатиралық өлеңін табыңыз. "Мәңке туралы".
Зат, құбылысты басқа зат, құбылыспен салыстыра суреттеу, көркемдеу құралдарының қайсысы екендігін анықтаңыз. Teңey.
Ирония дегеніміз: Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында колдану.
Кейіптеудің анықтамасын табыңыз. Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адам бейнесінде бейнелеу.
Күлтегін батырдың ақылшы, кеңесшісінің атын белгілеңіз. Тоныкөк.
Кімнің сөзі екенін белгілеңіз. Ағайының аразы, Елдің сәнін кетірер. Абысынның аразы, Ауыл сәнін кетірер. Бұқар.
Қ.Аманжоловтың поэмасын табыңыз. «Ақын өлімі туралы аңыз».
Қ.Аманжоловтың шығармасын анықтаңыз. «Дариға, сол қыз».
Қазақ әдебиетінде сырбаз, сұлу әйелдер галереясын жасаған қаламгерді табыңыз. М.Әуезов.
Қазақ әдебиетіндегі балалықтан арыла қоймаған, азаматтыққа жете қоймаған арманды жастар әлемін суреттеген шығарманы көрсетіңіз. Б.Соқпақбаев "Менің атым-Қожа".
Қазақтың тұңғыш мемуарлық романын қай жазушы жазғанын табыңыз. С.Сейфуллин.
Қазанның Сырлы қаласын Қобыландының неше күнде алғандығын көрсетіңіз. 12.
Қазтуған: "Азамат ердің баласы, Жабыққанын білдірмес. Жамандар мазақ қылар деп " - деген өлең шумағында қандай мәселені айтқанын анықтаңыз. Ерлік, елдік.
Қалижан Бекхожиннің өрен ұрпақты отансүйгіштікке баулитын поэмасын табыңыз. «Жусан»
Қара өлең ұйқасының үлгісін белгілеңіз. ааба.
Қасым Аманжоловтың өзі «Сыр» деп те атап, жас ұрпақпен ашық сөйлесіп, мақсат-мүддесін, қуаныш-сүйінішін, сенімі мен дүдәмәлін ортаға салып сырласқан өлеңін анықтаңыз. «Өзім туралы».
Қасым Аманжоловтың туған елдің өсу жолын, жаңаруын шабытпен жырлаған өлеңін белгелеңіз. «Жиырма бес».
Қасымның өзі туралы жазған өлеңін белгілеңіз. "Өзім туралы".
Қиял-ғажайып ертегілерді анықтаңыз. «Үш өнерпаз».
М.Әуезов қазақ ертегілерін неше топқа бөлгенін анықтаңыз. Үш.
М.Әуезовтің "Абай жолы" романында Абайдың беделін биіктеткен ас беру рәсімі кімдікі екенін белгілеңіз. Бөжей.
М.Әуезовтің "Қарагөз" трагедиясы кезінде "аты шулы" шығармаға айналып, тұрпайы социализмнің сынына ұшырау себебін көрсетіңіз. Көнені дәріптеу, болашақтан түңілу идеясы барлығы айтылды.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында Бөжей үйіне берілген Абайдың қарындасының есімін атаңыз. Кәмшат.
М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің негізгі идеясын көрсетіңіз. Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет.
М.Әуезовтің қай шығармасында Жарасбай, Сәлмен, Қатша деген кейіпкерлер кездесетінін белгілеңіз. "Қараш-Қараш оқиғасы".
М.Әуезовтің Ленинград университетін бітірген жылын табыңыз. 1928 ж.
М.Әуезовтің Н.В.Гогольден аудармасын белгілеңіз. "Ревизор".
М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз. «Бәйбіше-тоқал».
М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романындағы Жамалдың сүйген жігітін табыңыз. Ғали.
М.Дулатовтың өлеңін табыңыз. «Шешенің балаларын сүюі».
М.Жұмабаев оқыған Мәскеудегі В.Брюсов басқарған институт қандай оқу орны екенін белгілеңіз. Әдебиет-көркемөнер институты.
М.Жұмабаевтың өлеңін табыңыз. «Шолпы».
М.Қашқаридың «Түркі сөздерінің жинағы» кітабында аталатын түркі тайпасының санын белгілейміз. 29.
Малайсары: ''Есіңе сақтайтын 3 сөз бар: обал, сауап, борыш'' - деп, кімге айтқанын табыңыз. Сырымға.
Мейрам (Ғ.Мұстафин) қай романның кейіпкері екенін табыңыз. «Қарағанды».
Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің негізгі кейіпкерін табыңыз. Ғазиза
Мұхтар Әуезовтің туған күнін белгілеңіз. 28 кыркүйек.
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Сәрсенбайдың бәйбішесінің атын белгілеңіз. Қалампыр.
Өлең жүйесінің негізгі құралымына енбейтін қатарды керсетіңіз. Эссе.
Өлең шумағы қай туындыдан алынғанын табыңыз. - Дүниеге бір бала келді, Отыз күндік мерекені, Естен кетпес берекені, Сол ауылға ала келді. "Толағай".
Өлеңнің жалғасын табыңыз. "Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып... " Өлген өкінбес.
Өтегең, Сұраншы батыр туралы жазған ақынды белгілеңіз. Ж.Жабаев.
Рабғузидың прозалық туындысы қалай аталатынын табыңыз. "Қисca-cул әнбия".
С. Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағын табыңыз. "Өткен күндер".
С.Көбеевтің «Калың мал» романындағы Ғайшаның әкесінің атын табыңыз. Итбай.
С.Мұқановтың "Ботагөз" романына арқау болған оқиғаларды белгілеңіз. 1916-17 ж. тарихи жағдай.
С.Мұқановтың «Өмір мектебі», «Менің мектептерім» романдарының түрін көрсетіңіз. Өмірбаяндық.
С.Мұқановтың «Сырдария» романында әңгіме болатын шаруашылық түрін табыңыз. Канал қазып, күріш егу мәселесі.
С.Мұқановтың повесін табыңыз. «Балуан Шолақ».
С.Мұқановтың соғыстан кейінгі дәуірді қамтитын туындысын анықтаңыз. «Сырдария».
С.Сейфуллиннің зерттеу еңбегін көрсетіңіз. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары».
С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романында суреттелетін оқиғаны белгілеңіз. Тасболат байдың үш буын ұрпағының тағдыры.
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы ұнамды кейіпкерлерді белгілеңіз. Ахмет, Омар, Қасен.
Сара Біржанмен айтысқанда кімнің үйінде болғанын анықтаңыз. Тұрысбек.
Сәкен Сейфуллиннің поэмасын табыңыз. "Қызыл ат".
Сәкеннің халықты өнер-білім үйретуге шақырған өлеңін анықтаңыз. «Қазақ сабағы».
Соқыр Абыздың Жәнібек батырға айтқан батасы шешендіктің қай түріне жататындығын анықтаңыз. Шешендік арнауға.
Сом тұяқ тасты жарар сермегенде, Жүйріктің жаны кірер терлегенде. Өлеңнен тоят іздеп түлеп ұшқан Қыранмын қанат қақпас өрлегенде, - деген шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылғанын көрсетіңіз. (Шашубай Қошқарбайұлы айтысы). Метафора.
Сонда Бурыл гуледі, Табаны жерге тимеді, Көлденең жатқан көк тасты, Тіктеп тиген тұяғы Саз балшықтай иледі. («Қобыланды батыр») Үзіндідегі көркемдік тәсілді табыңыз. Әсірелеу (гипербола).
Сұлтанмахмұдтың Шорман балаларының дүниеқоңыздығын, шен-шекпенге құмартушылығын сынаған өлеңін белгілеңіз. "Бір адамға".
Сүйінбай туралы естелігінде: "Өлеңді тыңдаушының көкейінен кетпестей етіп айт. Сенің өлеңдерің жеке адамдардың емес, бүкіл халқымыздың игілігіне айналатын болсын. Әбіл сөйле, адал бол!... "-деп айтқан адамды белгілеңіз. Ж.Жабаев.
Т.Айбергеновтың өлеңін табыңыз. «Аруана-бауыр дүние».
Т.Ахтановтың қай шығармасында қарапайым еңбек иесі Қоспан тағдыры бейнеленгенін белгілеңіз. "Боран".
Т.Молдағалиевтің туындысын табыңыз. «Өмір, қымбаттым менің»
Т.Рысқұлов өмірінің бір кезеңіне қатысты жазылған М.Әуезов шығармасын анықтаңыз. "Қараш-Қараш оқиғасы".
Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілі қалай аталатынын табыңыз. Кейіптеу.
Табиғат лирикасында натюрморт, этюд, эскиз сипатындағы туындылары бар ақынды табыңыз. І.Жансүгіров.
Тағы да жылжып, Құшы Тұтықпен айқасты, Ерінің бәрін жайқапты, Үйін, мүлкін Қалдырмай түгел әкепті («Күлтегін»), - деген жыр жолдарының анықтамасын табыңыз. Аралас буынды, 2, 1 бунақты еркін ұйқас.
Тахауи Ахтанов романының атын есіңізге түсіріңіз. "Шырағың сөнбесін".
Теңеуді табыңыз. Шұғыла шалғын кешкі бұлттай, Толқын шашты оттар ойнар. Бұлттай.
Төлеген Айбергеновтің «Аруана - бауыа дүние» өлеңінін мақсатын ашуда қолданылған аңызды анықтаңыз. Аруана туралы белгілі аңыз.
Төлеген Айбергеновтің болашақ өмірінің мақсаты мен арманын көрсетілген өлеңін белгілеңіз. «Бір тойым бар»
Туған жері - түп қазығы, айбыны, Туған тілі - сатылмайтын байлығы, Туған дәстүр, салт-санасы - тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Және туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болса да, - деген үзінді алынған Мұхтар Шахановтың өлеңін табыңыз. «Төрт ана»
Түңлігімнің mөpm бауы мақта ата, Meн кеткен соң балаңды жоқта, ата. Жыл айналып сағынып мен келермін, Боз інгеннің ботасын сақта, ата («Қайым айту»), - өлең тармақтарының буын санын анықтаңыз. 11 буынды.
Ұйқастың түрін табыңыз. Жазса Тарас Днепрді, Жазса Пушкин Еділді, Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді. Қара өлең ұйқасы.
Үкілі Ыбырайдың туған жерін белгілеңіз. Ақмола облысы, Көкшетау уезіне қарасты №5 ауыл, Сандыбай бұлағы.
Ш.Құдайбердиевтың «Қалқаман-Мамыр» дастанында аты аталатын бабаны табыңыз. Әнет баба.
Ш.Құдайбердиевтің дүниеге келген жылын көрсетіңіз. 1858 жыл.
Ш.Құдайбердиевтің қай поэмасында Нысан абыз бейнесі кездесетінін белгілеңіз. "Еңлік-Кебек".
Ш.Құдайбердіұлының еңбегін белгілеңіз. «Еңлік-Кебек» дастаны.
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында: «Мен өзім қылмыскер болсам, менің өтінішіме құлақ асушы ма еді», -деген жолдар кімнің сөзі екенін табыңыз. Рысқұл
Шәкәрім өз өлеңінде ұстазым деп көрсеткен адамды табыңыз. Л.Н.Толстой.
Шәкәрімнің шығыс ақындарының шығармаларынан қазақша жырлаған дастанының атын белгілеңіз. «Ләйлі - Мәжнүн».
Шешендік толғаудың ерекше түрін көрсетіңіз. Қанатты сөздер.
Шоқанның казақ өлеңдерін нешеге бөлгендігін анықтаңыз. 5.
Шумақтағы ұйқастың түрін табыңыз. Гималайда қуат бар, Қозғалды оны құрауға. Гималайда ұлы от бар, Таянып тұр тұтауға. Шалыс.
Шығайбай қандай образ екенін белгілеңіз. Сараң.
Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданындағы «Бақты» аулында дүниеге келген әнші, сазгер, ақынды көрсетіңіз. Әсет Найманбаев.
Ыбырай Алтынсариннің еңбегіне сай келетін жауапты анықтаңыз. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы.
І.Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазылған трилогиясын көрсетіңіз. "Көшпенділер".
І.Жансүгіровтің "Дала" поэмасындағы оқиғалар кімнің көзімен берілетіндігін көрсетіңіз. Тарихшы шал.
І.Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмаларының тақырыбын белгілеңіз. Өнер мұраты, өнерпаз тағдыры.
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында кімге арналып ас берілгенін табыңыз. Сағынай.
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынайдың асында Құлагермен бірге жарысқа түскен аттың санын табыңыз. 1300.
І.Жансүгіровтің «Сұрақ», «Жауап» деген бөлімнен тұратын өлеңін көрсетіңіз. «Гималай».
І.Жансүгіровтің сықақ әңгімелері мен фельетондары топталған жинақты табыңыз. "Құқ".
І.Жансүгіровтің табиғат лирикасына тән ең негізгі көркемдік принципін белгілеңіз. Өлеңнің бастапкы сөздерін ұйқастыру.
І.Жансүгіровтің табиғат лирикасының ішіндегі ең үздік өлеңін табыңыз. "Жетісу суреттері".
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?