Досыма туған күнге тілек. Достарға тілек
Азамат сайлауының ең мөлдір көзі – достық болса, адал достығымыз жаныңды шаршатпайтын нәр болсын.
Өмірде мұңайма, жасыма, тек қуанып, жадырап, аман-есен жүре бер.
Туған күніңмен, досым! Саған өнімді жұмыс күндері, демалыс күндері, қызықты істер, жақын адамдарды жақсы көретіндер, керемет идеялар, керемет күштер, үлкен мүмкіндіктер, оптимистік көңіл-күй толқыны және сәттілікке сәтті жол тілеймін.
Пайдалы сілтемелер:
Күннен күнге құлпырып, күмбезіңе нұр тұнып, асқарларға ұмтылып, армандарыңа сыр тұнып, мына өмірде аман-есен жүре бер.
Достарға тілектер жинағы
Достар!
Жастық шақ - өсіп тұрған гүл емес пе,
Сол гүлдің нағыз өзі – біз емес пе!
- дегендей жан жағыма көз салсам, бүгінгі кешке әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай қыздар мен жігіттер жиналып отыр екен. Жүздеріңе қарасам, қып – қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын көремін.
Ендеше достар, лайым, әрқашан осылай құлпырып жүре беріңдер. Өмірдің ең сұлу, керемет мезгілі – Жастық шақ үшін!
Достар!
Бүгін бәріміз жиылып бас қосып отырғанымызға өте қуаныштымын!
Міне, қуанышымызды да, қайғымызды да бөлісіп, жұбымыз жазылмай бір-бірімізге сүйеу болып қатар жүргенімізге қанша жыл болды. Мен сендердей адал достарым болғаны үшін мақтанамын!
Ешқашан қатарымыз ажырамасын, бір-бірімізге деген ақ, адал сенімімізге көлеңке түспесін. Достығымыз мәңгі болсын! Аман болыңдар! Дүниедегі ең ізгі сезімдердің бірі – ДОСТЫҚ ҮШІН!
Достарға тілек
Бір өте бақуатты қария дүниеден өтіп бара жатып құдайдан «Құдай маған кішкене өмір берші» деп жалынып сұрапты. Сонда Құдіреті күшті Алла тағала әлгі қарияның көзіне көрініп:
- Пендем қанша өмір сұрайсың? – десе, әлгі қарт:
- Ағаштың жапырақтарымен тең өмір – депті, сонда Құдай:
- Адамға берілген өмірдің өзі жетпейді жапыраққа – депті.
- Онда қанша бұтақ бар, соншама – десе,
- Ол да жарамайды, тым көп, - депті Алла тағала, сонда әлгі қария:
- Онда қанша өмір бере аласыз? – деп сұраған көрінеді, сөйтсе:
- Өмірде қанша досың бар, соншама өмір беремін – депті Құдай. Сонда қария көзіне жас алып о дүниеге жүріп кетіпті. Өйткені ол өмірін дос жинаумен емес, дүние жинаумен өткізген екен еді.
Біздің халықта «жүз теңгең болғанша, бір досың болсын» деген мақал сөз бар.
Қадірлі достар, өмірде досың жоқ болғанша, өмір сүрмеген жақсы, дүние артта қалар, ал досың бар болса, сен мәңгі бақи өмір сүресің.
Досқа тілек жақсы гой
Дос дегенін асыл гой
Досым дедкен озіне
Кулкі тілейм жүзіне
Айта берсем тілек мол
Алдыңы тек ақ жол
Тілегім шексіз дос десе
Бір тілегім достығымыз ошпесе
Сонау бақыт жерінде
Қол жеткізбес өзгеге
Бар екен бір биік тау
Шыңын жапқан аппақ қар
Боктерінде ну орман
Нарін алған бұлақтан
Сол орманның маңында
Сырқырап аққан өзен бар
Мөлдір суын татқандар
Жүзін көрер шуақтан
Шыңындай таудың белесті
Бағындырып журсең екен әр істі
Шыңындағы аппақ қардай көңілің
Мұздамасын, шаттықтан ақ жүрегің
Нәрлеген сол,ну орманы секілді
Болса деймін досың адал коп ізгі
Сырқырап аққан өзеніндей өмірің
Бола берсін ұзағынан ғұмырың
Мөлдір суын татып жүріп өмірдің
Бақытты бол мәнгі досым бір өзің.
Автор: Арай Бағыбай
Қымбатты досым, туған күніңмен құттықтаймын! Осы күні қандай жағдай болмасын, ешқашан бас тартпауыңды, ал арманыңды іске асыру үшін өз мақсатыңа табанды түрде баруыңды тілегім келеді. Әрине, мен көп денсаулық, сәттілік, шыдамдылық, өркендеу мен махаббат тілеймін.
Менің досым, Туған күніңмен құттықтаймын! Бақытты бол, қымбаттым. Өмірде әрқашан адал, сенімді достар болсын.
Қымбатты досым, сені туған күнінмен құттықтаймын! Саған тек жағымды және әдемі оқиғалар болғанын тілеймін! Саған молшылық, табыс, жақсы адамдар, үлкен перспективалар және миллион мүмкіндіктер көп болсын! Бақытты бол!
Туған күніңмен! Мен саған өз жолында тек шынайы адамдармен кездесуді, әр күнде дамудың жаңа мүмкіндіктерін көруді, пайда болған әрбір керемет идеяны жүзеге асыруды және өміріннің әр сәтінде бақытты болуды тілеймін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?