Барлық туысқандарға туған күнге арналған құттықтау сөз тілектер
Құрметті оқырмандар! Сіздерге арнап туған күнге байланысты құттықтау тілектер жарияланды. Арасында туған күнге құттықтау тілектермен жазылған өлеңдерде бар. Туған күндеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі бұл кеп жеткен,
Құтты болсын туған күн.
Қуанышқа жалғассын,
Шаттық берер думан бұл.
Арайлы таң қуантып,
Төге түссін шуағын.
Жастан жасқа жете бер,
Тербеп сені жыр әнің.
Әрбір күнің сәтті боп,
Көтерілсін көңілің.
Жандана бер жарқырап,
Гүлдей жайнап өмірің.
Құтты болсын мерекең,
Қуанышты күн бүгін.
Есікті ашты жаңа жас,
Көтеріп бұл түндігін.
Мықты болып саулығың,
Ғұмырлы бол, тілерім.
Арманыңа жете бер,
Орындалып тілегің.
Күлім қағып жүзің бұл,
Жадырай түс, жайнай түс.
Гүлді бағың жанданып,
Бұлбұл құстай сайрай түс.
Құтты болсын қарағым,
Туған күнің кеп жеткен.
Бақ әкелсін жаңа жас,
Әр күніңді нұрлы еткен.
Қуанышың көп болсын,
Бақытты бол лайым.
Мықты болсын саулығың,
Жар боп саған Құдайым!
Шаттық орнап жүзіңде,
Қанаттарың талмасын.
Сәтті күндер көп болып,
Таба берсін жалғасын.
Бүгін сенің туған күнің,
Құтты болсын, тілерім.
Шын жүректен өзіңе,
Бар жақсыны тіледім.
Орындалсын арманың,
Мақсатыңа жол тартып.
Күн күлімдеп сен үшін,
Жылу төксін, арнатып.
Атар таңның шуағын,
Тілеймін шын жүректен.
Батар күннің сәттісін,
Шаттығымен тербеткен.
Құттықтаймын өзіңді,
Бүгін туған күніңмен.
Бар жақсыны тілеймін,
Жүректегі үніммен.
Арайлы таң қуантып,
Төксін саған шуағын.
Жақсылыққа бастайтын,
Таусылмасын құмарың.
Көтерілсін лайым,
Жайма шуақ көңілің.
Жарқырасын жұлдыздай,
Гүлдей жайнап өмірің.
Ұлым тұған күніңмен
Құттықтаймын бүгінгі,
Ұлың туған күніңмен.
Бар жақсыны тілеймін,
Шын жүректен бүгін мен.
Жастан жасқа жете бер,
Қуанышың көп болып.
Асулардан өте бер,
Қайғы-мұңың жоқ болып.
Мықты болып саулығың,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Үстем болып мерейің,
Биік болсын тұғырың!
Қызым туған күніңмен!
Құттықтаймын кеп жеткен,
Қызым туған күніңмен!
Қуана түс, шаттана,
Күлкі кетпей жүзіңнен.
Ұзақ болып өмірің,
Бақытты бол жан қызым.
Жарқырай түс күн сайын,
Жарық болып жұлдызың.
Тілеймін мен өзіңе,
Шаттығы көп тек бақыт.
Шуағымен тербесін,
Әрбір сәтті таң атып.
Анашым туған күніңмен
Гүл жайнаған анашым,
Біздің гүлді бағымыз.
Құтты болсын туған күн,
Сәтті атып таңыңыз.
Саулығыңыз мықты боп,
Жастан жасқа жетіңіз.
Жапатқаным жар болып,
Асулардан өтіңіз.
Өміріңіз жанданып,
Бақ сыйласын жаңа күн.
Амандықта болыңыз,
Күлім қағып, Анашым!
Асқар таудай Әкешім
Бүгін туған күніңмен,
Құттықтаймын Әкешім.
Бар жақсыны тілеймін,
Өзіңізге Әкешім!
Мықты болып денсаулық,
Көңіліңіз жандансын.
Ұзақ болып ғұмырың,
Шаттығың көп, бар болсын!
Арайлы таң қуантып,
Шуағымен тербесін.
Бақытты күн көп болып,
Қиындықтар келмесін!
Ата туған күніңмен!
Келіп жеткен бүгінгі,
Ата туған күніңмен!
Қуана түс, шаттана,
Күлкі кетпей жүзіңнен.
Жүз жасаңыз аташым,
Бата беріп біздерге.
Біз жүрейік қуантып,
Еріп ата, сіздерге.
Қабыл болып батаңыз,
Көңіліңіз жандансын.
Әуелетіп бағыңда,
Бұлбұл құстар ән салсын!
Құтты болсын туған күнің ақ әжем!
Құтты болсын туған күнің ақ әжем,
Жаңа жасың сыйласын бар жақсысын.
Саулығыңыз мықты болсын ақ әжем,
Беріп Алла өмірдің ең тәттісін.
Күлімдесін аппақ жүзің ақ әжем,
Қуанышты күндеріңіз көп болып.
Әр күніңіз бақыт берсін ақ әжем,
Уайым-қайғы сізде әже жоқ болып.
Жастан-жасқа жетіңіз сіз ақ әжем,
Арайлы таң шуағымен тербелеп.
Амандықта жүрші әркез ақ әжем,
Біз жүрейік өзіңізге еркелеп...
Құтты болсын жан құрбым,
Туған күнің кеп жеткен.
Көп болсыншы күндерің,
Шаттығымен тербеткен.
Бақыт саған тілеймін,
Шын жүректен жан құрбым.
Қуанышпен тербесін,
Әрбір сәтің, әр күнің.
Мықты болып саулығың,
Жастан жасқа жете бер.
Асулардан құрбыжан,
Қиындықсыз өте бер!
Досым туған күніңмен
Құттықтаймын бүгінгі,
Досым туған күніңмен.
Ортамызда жүрші аман,
Күлкі кетпей жүзіңнен.
Көп боп досым шаттығың,
Орындалсын арманың.
Мақсатыңа қол жеткіз,
Биік болып талғамың!
Мықты болсын саулығың,
Досым тағы тілерім.
Әр күн сайын тоқтамай,
Соға түссін жүрегің.
Құда туған күніңмен
Құда туған күніңмен,
Құттықтаймын өзіңді.
Күлімдей түс, шаттана,
Қырау шалмай жүзіңді.
Жастан жасқа жете бер,
Құдам менің алтыным.
Болсын дәйім қызықты,
Сәтті болып әр күнің!
Аман болып отбасың,
Бақ-береке орнасын.
Ырыс пенен ынтымақ,
Таба берсін жалғасын!
Құтты болсын Құдағи
Құтты болсын Құдағи,
Туған күнің бүгінгі.
Қуанышты етіп сен,
Өткіз әрбір күніңді.
Бала-шаға аман боп,
Ортасында жүр аман.
Орындалсын тілегің,
Жаратқаннан сұраған.
Құдағиым өзіңсің,
Жақсылыққа бастайтын.
Жарқырай түс Құдағи,
Шаттығыңды растайтын!
Құтты болсын Құдаша
Құтты болсын Құдаша,
Туған күнің кеп жеткен.
Көптеп болсын күндерің,
Қуанышты, нұрлы еткен.
Бар жақсыны сыйласын,
Жаңа жасың Құдаша.
Биікке өрле, самғай түс,
Асулар мен қыр аса.
Түспесін еш көңілің,
Жарқырай түс жұлдыздай.
Бақытты бол Құдаша,
Жалт-жұлт етіп құндыздай.
Бүгін туған күніңде,
Бар жақсыны тілеймін.
Ортамызда әрқашан,
Күліп-ойнап жүр деймін.
Орындалсын арманың,
Көтеріліп көңілің.
Жастан жасқа жете бер,
Ұзақ болып ғұмырың.
Арайлы таң қуантсын,
Шуағымен тербелеп.
Ортамызда жүр аман,
Біздерге әркез еркелеп.
Құтты болсын нағашы
Құтты болсын нағашы,
Туған күнің бүгінгі.
Армаймын мен өзіңе,
Шын жүректен жырымды.
Саулығыңыз мықты боп,
Жастан жасқа жете бер.
Асулардан қиынсыз,
Нағашым сен өте бер.
Әуезді ән тербелеп,
Көтерілсін көңілің.
Алтын, әйбат нағашым,
Ұзақ болсын ғұмырың!
Құттықтаймын жиенжан!
Құттықтаймын жиенжан,
Бүгін туған күніңмен.
Бақытты бол әрқашан,
Нұр төгіліп жүзіңнен.
Жарқырай түс жиенжан,
Алтын, күміс, лағылдай.
Сарқырай түс тоқтамай,
Өзендегі ағындай.
Бақ әкелсін жиенжан,
Жаңа жасың қуантып.
Барша адам таң болсын,
Бір өзіңе құмартып.
Құттықтаймын мен сізді,
Туған күнмен, Ұстазым.
Қуанышын сыйлап тек,
Өте берсін қыс, жазың.
Түспесінші көңілің,
Жарқырай түс күн сайын.
Білім берер ұстазым,
Аман болшы әрдайым.
Шәкірттерің қуантып,
Биіктерге жетсін тек.
Аман болып отбасы,
Сіз жүріңіз күлімдеп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?