Қадір түні
Құрдастарым, құлқың болса, құлақ түр:
Қадір түні он түн емес, бір-ақ түн!
Сол бір түннен қалмау үшін көз жазып,
Он түн бойы күту керек шыдап бір.
Сол бір түні Жебірейіл басқарған,
Періштелер ағылады аспаннан.
Олар сонша көп болады, жердегі
Жатқан барлық ірілі-ұсақ тастардан!
Соның бәрі әсте сені жатсынбай,
Әр сөзіңді жазып жатар хатшыңдай.
Қажетіңді сұра Алладан, еркіңді
Қу нәпсінің билігіне тапсырмай...
Қажетіңді сұра ұялмай, сұрап қал!
Алтын шатыр үй керек пе жұмақтан?
Сол үйіңде бәйбіше боп отырар,
Сұлуың ба жастық шақта ұнатқан?
Бәлкім саған бала деген көп керек.
Беріледі Жаратқаннан боп көмек!
Нық сеніммен дұға жаса, бекерге
Әйеліңе жүре бермей өкпелеп.
Саулап жатқан мейірімнен құр қалма!
Берекелі мұндай басқа түн бар ма?
Бар күнәңнан тазарып ал тәубе етіп,
Раббың Өзі кешірем деп тұрғанда!
Жарылқайтын түні Алла пендесін,
Мол несібе, ырзық сұра көл-көсір,
Жомарт Құдай қолыңды бос қайтармас,
Қазір ап қал, кеш болады өлгесін...
Сұра, Тәңірің қуанады сұрасаң!
Аямайды дұға етуде ұнасаң.
Бәрі-бәрі болғалы тұр сенікі,
Таңға дейін талмай тілеп шыдасаң...
Кімде қандай мұқтаждық бар, сұрастыр.
Шын тілесең берілуі рас бұл.
Иман сұра жақындардың бәріне,
Жайнамазға жапырласып құлассын!
Бауырларың, жекжаттарың, достарың,
Атқара алмай жатыр қандай жоспарын?
Сен де сұра, тілеп қалсын олар да,
Жаратқаннан көкке созып қос қолын.
Атаң, анаң... саған қымбат ол есім.
Тіршілікте тәрбиешің, төрешің...
Дұғаңа қос, кешірімді көп тіле,
Алла оларды мейіріміне бөлесін.
Жаппар Құдай... жағың тынбай ұлықта!
Оны есіңе ал отырып та, тұрып та!
Қасиетті Кітап түскен бұл түні,
Құран оқу керектігін ұмытпа!
Жылы төсек қызықтырып, жантайма.
Теледидар, интернетке аңқайма.
Бағалай біл Қадір түнін бауырлар,
Тең келетін сексен үш жыл, төрт айға!
Сексен үш жыл, төрт айға өзі барабар,
Мұндай түнді кімдер қайдан таба алар?
Жалғыз шарт бар – осы түннің пайдасын
Тек күмәнсіз сенушілер ала алар!
Қадір түні он түн емес, бір-ақ түн!
Сол бір түннен қалмау үшін көз жазып,
Он түн бойы күту керек шыдап бір.
Сол бір түні Жебірейіл басқарған,
Періштелер ағылады аспаннан.
Олар сонша көп болады, жердегі
Жатқан барлық ірілі-ұсақ тастардан!
Соның бәрі әсте сені жатсынбай,
Әр сөзіңді жазып жатар хатшыңдай.
Қажетіңді сұра Алладан, еркіңді
Қу нәпсінің билігіне тапсырмай...
Қажетіңді сұра ұялмай, сұрап қал!
Алтын шатыр үй керек пе жұмақтан?
Сол үйіңде бәйбіше боп отырар,
Сұлуың ба жастық шақта ұнатқан?
Бәлкім саған бала деген көп керек.
Беріледі Жаратқаннан боп көмек!
Нық сеніммен дұға жаса, бекерге
Әйеліңе жүре бермей өкпелеп.
Саулап жатқан мейірімнен құр қалма!
Берекелі мұндай басқа түн бар ма?
Бар күнәңнан тазарып ал тәубе етіп,
Раббың Өзі кешірем деп тұрғанда!
Жарылқайтын түні Алла пендесін,
Мол несібе, ырзық сұра көл-көсір,
Жомарт Құдай қолыңды бос қайтармас,
Қазір ап қал, кеш болады өлгесін...
Сұра, Тәңірің қуанады сұрасаң!
Аямайды дұға етуде ұнасаң.
Бәрі-бәрі болғалы тұр сенікі,
Таңға дейін талмай тілеп шыдасаң...
Кімде қандай мұқтаждық бар, сұрастыр.
Шын тілесең берілуі рас бұл.
Иман сұра жақындардың бәріне,
Жайнамазға жапырласып құлассын!
Бауырларың, жекжаттарың, достарың,
Атқара алмай жатыр қандай жоспарын?
Сен де сұра, тілеп қалсын олар да,
Жаратқаннан көкке созып қос қолын.
Атаң, анаң... саған қымбат ол есім.
Тіршілікте тәрбиешің, төрешің...
Дұғаңа қос, кешірімді көп тіле,
Алла оларды мейіріміне бөлесін.
Жаппар Құдай... жағың тынбай ұлықта!
Оны есіңе ал отырып та, тұрып та!
Қасиетті Кітап түскен бұл түні,
Құран оқу керектігін ұмытпа!
Жылы төсек қызықтырып, жантайма.
Теледидар, интернетке аңқайма.
Бағалай біл Қадір түнін бауырлар,
Тең келетін сексен үш жыл, төрт айға!
Сексен үш жыл, төрт айға өзі барабар,
Мұндай түнді кімдер қайдан таба алар?
Жалғыз шарт бар – осы түннің пайдасын
Тек күмәнсіз сенушілер ала алар!
Пайдалы сілтемелер:
Алыс-алыс елдер де,
Асу-асу белдер де,
Тілек тілер Тәңірден,
Қадір түні келгенде.
Қадір түні ардақты мың айдан да,
Шаттық нұры шашылсын мұңайғанға,
Дәулет беріп немесе нәубет беріп,
Өзі жаратқан құлдарын сынайды Алла.
Салып қойған тағдырға терең өрнек,
Бір Тәңірден білгір де көреген жоқ,
Тілейікші адамзат баласына,
Иман менен игілік бере көр деп.
Татулығын тілейік ел мен елдің,
Көлеңкесін түсірмей көлденең мұң,
Мейірімін оят деп жүректердің,
Пейілдерін кеңейт деп пенделердің.
Ала-құла ойлардан арылса көп,
Қуаныштан жүректер жарылса тек,
Жамағат боп тілейік Жаратқаннан,
Жақсылықпен жер бетін жарылқа деп.
Ақиқаттан адаспай мың сан арман,
Жайнаң қағып жұлдыздай тұрса да алдан,
Кірпік ілмей шығар ед таң атқанша,
Қадір түннің қадірін білсе адамдар.
Асу-асу белдер де,
Тілек тілер Тәңірден,
Қадір түні келгенде.
Қадір түні ардақты мың айдан да,
Шаттық нұры шашылсын мұңайғанға,
Дәулет беріп немесе нәубет беріп,
Өзі жаратқан құлдарын сынайды Алла.
Салып қойған тағдырға терең өрнек,
Бір Тәңірден білгір де көреген жоқ,
Тілейікші адамзат баласына,
Иман менен игілік бере көр деп.
Татулығын тілейік ел мен елдің,
Көлеңкесін түсірмей көлденең мұң,
Мейірімін оят деп жүректердің,
Пейілдерін кеңейт деп пенделердің.
Ала-құла ойлардан арылса көп,
Қуаныштан жүректер жарылса тек,
Жамағат боп тілейік Жаратқаннан,
Жақсылықпен жер бетін жарылқа деп.
Ақиқаттан адаспай мың сан арман,
Жайнаң қағып жұлдыздай тұрса да алдан,
Кірпік ілмей шығар ед таң атқанша,
Қадір түннің қадірін білсе адамдар.
Сылаңдаған сылқымымын бір үйдің.
Бірақ жүрмін құшағында үрейдің.
Маған қарай, көзің салшы, ғашығым,
Қалдырмашы, қоржынында дүлейдің.
Саған бақыт қажыр – қайрат тілеймін,
Қолыңды ұстап, сен күлгенде күлейін.
Бірге тағып бір отанның түтінін,
Өзіңменен бақытты өмір сүрейін.
Жанымды ұғар жайың бар ма өзіңнің,
Шыдамның да шегі бар ғой төзімнің.
Саған қарай көзім талды сыртыңнан,
Ұстат маған алтын жібін сезімнің.
Әттең, қызбын айта алмаймын, қиналам,
Міне, айтам деп батылдана жиналам.
Көрген кезде күлімдеген көзіңді,
Уақыт тоқтап, тына қалар тіпі жоқтай бұл ғалам.
Нәзік жүрек айтар сенің атыңды,
Қолын созып саған қарай аһ ұрды.
Үнсіз жүрек үнін өзің түсінші,
Сезім бізді өз бағына шақырды.
Баяндай сұлу қыз болам,
Қазақтың салтын бұзбаған.
Ұнатып сені тұрсам да,
Қабағым түйіп сызданам.
Қарама менің бетіме,
Жүрекке үңіл, жарқыным.
Әдеті қыздың осылай,
Ішімде жатыр бар шыным.
Асқар тауым, пана деп сені білемін,
Қорғашы мені ығыңа салып желдерден.
Қиналған сәтте демеушім болар, тірегім,
Бәйтерек болшы саяңды бере тербелген.
Сыртыңнан мақтап, сырымды айта жүремін,
Қыранға теңеп, қанатын көңіл тіледім.
Арғымақ аттай асуды бір ақ аттап өт,
Сыртыңнан сүйіп, лүпілдер менің жүрегім.
Бірақ жүрмін құшағында үрейдің.
Маған қарай, көзің салшы, ғашығым,
Қалдырмашы, қоржынында дүлейдің.
Саған бақыт қажыр – қайрат тілеймін,
Қолыңды ұстап, сен күлгенде күлейін.
Бірге тағып бір отанның түтінін,
Өзіңменен бақытты өмір сүрейін.
Жанымды ұғар жайың бар ма өзіңнің,
Шыдамның да шегі бар ғой төзімнің.
Саған қарай көзім талды сыртыңнан,
Ұстат маған алтын жібін сезімнің.
Әттең, қызбын айта алмаймын, қиналам,
Міне, айтам деп батылдана жиналам.
Көрген кезде күлімдеген көзіңді,
Уақыт тоқтап, тына қалар тіпі жоқтай бұл ғалам.
Нәзік жүрек айтар сенің атыңды,
Қолын созып саған қарай аһ ұрды.
Үнсіз жүрек үнін өзің түсінші,
Сезім бізді өз бағына шақырды.
Баяндай сұлу қыз болам,
Қазақтың салтын бұзбаған.
Ұнатып сені тұрсам да,
Қабағым түйіп сызданам.
Қарама менің бетіме,
Жүрекке үңіл, жарқыным.
Әдеті қыздың осылай,
Ішімде жатыр бар шыным.
Асқар тауым, пана деп сені білемін,
Қорғашы мені ығыңа салып желдерден.
Қиналған сәтте демеушім болар, тірегім,
Бәйтерек болшы саяңды бере тербелген.
Сыртыңнан мақтап, сырымды айта жүремін,
Қыранға теңеп, қанатын көңіл тіледім.
Арғымақ аттай асуды бір ақ аттап өт,
Сыртыңнан сүйіп, лүпілдер менің жүрегім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?