Туған күнге арналған тілектер: ағама, әкеме, атама, анама, әжеме


Құрметті оқырмандар! Барлығымыз туған күнге баратын кезде не айтарымызды білмей қалатын кездер болады, сол үшін осы құттықтау тілектерді жаттап алуға кеңес береміз!

Ата туған күніңізбен!

Отбасымыздың көшбасшысы, үйіміздің бата берер ақсақалды қариясы, біздің сүйікті атамызды бүгінгі туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Атамызға зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!
Ата, келіп жеткен жаңа жасыңыз құтты болсын! Біздің Көшбасшымыз болып күліп-ойнап ортамызда жүре беріңіз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын! Жүз жасаңыз ата!


Аташым туған күніңмен!

Шаңырағымыздың шаттығы, ақ батасымен біздерге дем беріп жүретін Аташым туған күніңмен құттықтаймын! Сізге бар жақсылықты тілей отырып, деніңіз сау болып, жүзіңізден күлкі кетпесін дегім келеді. Жаратқан иеміз жар болып, сізге ұзақ ғұмыр берсін! Әр туған күніңізде, мерейтойларыңызда қасыңыздан табылып, ақ тілегімізді арнай берейік! Жүз жасаңыз ата! Немерелердің қызығына тоймай, шөберенің қылықтарына мәз болып, қолынан май жалап жүре беріңіз! Тағы да туған күніңізбен, аташым!

 Ардақты әжетайым менің!

Ардақты Әжетайым менің! Бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жаратқан ием жар болып, саулығыңыз мықты болып, ортамызда гүл жайнап жүре беріңіз Әже! Сізді жақсы көреміз! Жүзіңіз жарық, аспаныңыз ашық болсын! Ғұмырыңыз ұзақ болып, жүз жасаңыз, Әжетайым! Әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Әр атқан таң шағатына бөлеп, әрбір күндеріңіз сәттілікке толы бола берсін! Туған күніңізбен тағы да құттықтаймын, Әжетай!

 Әже туған күніңізбен!

Әже, бүгінгі келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймыз! Ащысы мен тәттісі бірге жүретін өмірдің тәтті тұстарын көп сезіне беріңіз! Балаларыңыз аман болып, немерелеріңіздің қызығына тоймай, шөберенің тәтті қылықтарына тоймай жүзіңіз бал-бұл жанып жүре беріңіз Әжетай! Көзіңіздегі жас тек қуаныштың жасы болсын! Саулығыңыз мықты болып, жүз жасаңыз! Аспаныңыз ашық болып, жаздай жайнап жаныңыз, көктемдей гүл жайнап құлпыра беріңіз! Сізге бар жақсылықты тілейміз, Әжетай, аман болыңыз!

Әкетайым, туған күніңмен құттықтаймын!

Асыл әке, жан әке, аман болып жүр әке! Әкетайым сізді бүгінгі туылған күніңізбен құттықтаймын! Жүзіңізден күлкі кетпей, жастан жасқа аман-есен жете беріңіз! Қыстай мықты денсаулық, көктемдей құлпырған әлемді, жаздай жайма шуақ күнді, алтын күздей күннің ғажайыбын тілеймін! Әрбір күніңіз әдемі естеліктерімен есіңізде қала берсін! Қуаныш пен шаттықты күндеріңіз жаныңызды жадырата берсін! Әр туған күніңізді бірге тойлап, ақ тілегімізді арнаса берейік! Тағы да туған күніңізбен, Әкешім! Жаратқаным өзіңізге жар болып, әр күн сайын шаттана, нұрлана беріңіз!

Туылған күніңізбен, Әкешім!

Бүгінгі күні жаңа жасқа аяқ басып отырған туылған күніңіз құтты болсын Әкешім! Сізге әлемдегі бар жақсылықты тілейміз! Денсаулығыңыз мықты болып, ауырмаңыз! Арайлап атар әр ақ таң шапағаты мен нұрына бөлей берсін! Әр жыл сайын туған күнді жоғары деңгейде өткізіп, отбасы мен жаныңызға жақын жандармен бірге өткізе беріңіз! Жаныңыз жадырап, ғұмырыңыз ұзақ болсын Әкешім!

 Анашым туған күніңізбен!

Әрқашанда баласын ойлап, бар жақсысын арнап жүретін жан Анашым, асылым! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен құттықтаймыз! Көңіліңіз шаттана, әрбір күннен бақ таба жүріңіз! Жүзіңізден күлкі кетпей, жаныңыз жадырасын! Анашым, өмірдегі барлық жақсылықтарды өзіңізге тілейміз! Тек қана аман болыңызшы! Сіздің амандығыңыз бен сіздің қуанышты, бақытты жүзіңіз бізге бақыт сыйлайды. Сондықтан да, ортамызда гүл жайнап, ғұмырыңыз ұзақ болып, аман болып жүре беріңіз! Жүз жасаңыз, Анашым!

 Аяулы да ардақты жан Анашым!

Аяулы да ардақты жан Анашым! Сізді келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймын! Жаныңыз жадырап, көңіліңіз көтеріңкі күйде болып ортамызда гүл жайнап аман жүріңіз, Анашым! Күндіз күндей жылу сыйлап, түнде айдай жарқырап ортамызда күліп ойнап жүре беріңіз, Анашым!
Әрбір атқан таңыңыз қуанышы мен сәттілігін, шапағаты пен махаббатын сыйлай берсін! Тағы да туған күніңізбен, Анашым!

Асыл ағам, туған күніңізбен!

 Асыл ағам, жан бауырым! Сізді бүгінгі келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймын! Асқақ армандарыңыз орындалып, алға қойылған мақсаттарыңызға жол ашыла берсін! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! Жаздай жайдарлы өмір, көктемдей көтеріңкі көңіл тілеймін аға! Жүзіңізді мұң шалмасын! Жаратқаным өзіңізге жар болып, бар жақсылығын арнай берсін! Ғұмырыңыз ұзақ болсын аға!

Туған күніңмен ағатай!

Жаныңызды жадыратып, көңіліңізге көтеріңкі күй сыйлайтын туған күніңмен құттықтаймын аға! Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін! Арайлап атқан әрбір таңыңыз жақсылықтың жаршысы болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін! Жаңа жасыңыз шаттығы мен қуанышын сыйлай берсін! Жүзіңізден күлкі кетпей, гүлді бағыңыз тамырын терең жая берсін! Шаңырағыңыз берік, керегесі кең, терезесі тең болсын! Жастан жасқа аман-есен жете беріңіз аға!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу