Туған күнге арналған тілек: апама, бауырыма, сіңліме, әпкеме, ініме, қарындасыма


Құрметті оқырмандар! Барлығымыз туған күнге баратын кезде не айтарымызды білмей қалатын кездер болады, сол үшін осы құттықтауларды жаттап алуға кеңес береміз!

Туған күніңізбен, Әпке!

Әрқашанда жанашыр болып, қасымнан табылатын жан әпкем, асыл әпкем бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Гүл жайнаған өміріңіз шаттыққа толып, бар адамға жақсылық тілеп тұратын көңіліңіз көтеріңкі күйде болып, жарқырай түсіңіз! Әр туған күніңіз қуанышқа бөлеп, жастан жасқа аман-есен жете беріңіз!

Әпке, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын!

Әпке, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Саулығыңыз мықты болып, жүзіңізден күлкі кетпесін! Отбасыңыз аман болсын! Асқақ армандарыңыз орындалып, ұлы мақсаттарыңызға жол ашыла берсін! Гүл көктемдей құлпырып, жаздай жайнап жүре беріңіз әпке! Ғұмырлы болыңыз!

Туған күніңмен, сіңілім!

Жанымның бір бөлшегі, жан сіңілім сол! Бүгінгі туылған күнің құтты болсын! Жасыңа жас қосылып жылдан жылға, жастан жасқа аман болып жете бер! Күлімдеген жүзіңді ешқашанда мұң шалмасын! Атар таң мен батар кұн қуанышын сыйлай берсін! Көңілің көктемдей, жаның жаздай құлпыра берсін! Бақытты бол!

Туған күніңмен құттықтаймын сіңілім!

Жаным сіңілім, әнім сіңілім! Жана берсін бағың сіңілім! Сені бүгінгі келіп жеткен туған күніңмен құттықтаймын! Бақыттың базарында, қызырдың назарында бол! Жаратқан иеміз жар болып бір өзіңе бар жақсылығын сыйлай берсін! Шаттықты да қуанышты күндерің көп болсын! Баға жетпес байлығымыз отбасы, бауырларымыз аман болсын! Аппақ қардай көңіліңді кір шалмасын!

Құтты болсын туған күнің жан інім!

Жан бауырым, жан інім! Бүгінгі туылған күнің құтты болсын! Арайлап атқан ақ таңың қуанышы мен шаттығын сыйлай берсін! Өмір атты кемедегі сапарың сәтті болып, әр қадамың оң болсын! Әр туған күнің бар жақсылығын сыйлай берсін. Бақытты күндерің көп болып, жүзіңнен күлкі кетпесін! Жаратқан иеміз жар болып көңілің көтеріңкі күйде болсын! Бақытты бол!

 Жан бауырым, туылған күніңмен!

Жан бауырым бүгінгі туған күніңмен құттықтаймын! Алар асуың көп болып, жаныңды жақсылықтар мен қуаныштар тербелей түссін! Саған әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Жүзіңнен күлкі кетпей, әрбір ісің оң болсын! Қайда жүрсең де жол болсын! Отбасың, бала-шағаң аман болып, шаттығың көбейе берсін! Жаның жадырасын! Әрбір жастың тек қуанышы мен бақытын сезіне бер! Ғұмырың ұзақ болсын!

 Туылған күніңмен, қарындасым!

Қарындасым, қарлығашым! Бүгінгі туылған күніңмен құттықтаймын! Гүлдей жайнап, бұлбұлдай сайрап ортамызда аман болып, бақытты болып жүре бергейсің! Қуанышың мен бақытың көп болсып, уайым қайғың жоқ болсын! Көңіл-күйің көтеріңкі болып, еш алаңсыз тоқ болсын! Жаздай жайнап құлпырып, жаның жадырай түссін! Жасың ұзақ болып, жастан жасқа жете беруіңді Алла нәсіп етсін! Биіктей түс, өрлей түс! Бақытты бол, қарындасым!

Қарындасым, туған күніңмен!

Қарындасым, бүгінгі есік ашқан туған күнің құтты болсын! Әр қадамың оң болып, жүзіңнен күлкі кетпесін! Өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Жүзің жайнап, көңіліңді мұң шалмасын! Әрбір ісің оң болып, алға қадам басып өрлей бер, қанаттарың талмасын! Биік самға! Бақытты бол, бақыттың баяндысын тілеймін!

Туған күніңізбен, апа!

Апа, сізді бүгінгі туылған күніңізбен құттықтаймын! Жізіңіз жайнап, көңіліңіз көтеріңкі күйде болып, жастан жасқа жете беріңіз! Өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін апа! Ауырмаңыз, деніңіз сау болсын! Отбасыңыз аман болып, немеренің қызығына тоймай, шөбере сүйіңіз! Жаратқан иеміз жар болып, бастарыңыздан бақ кетпесін! Ғұмырлы болыңыз! Әрбір ісіңізге сәттілік тілеймін!

 Апа туылған күніңізбен құттықтаймын!

Апа, бүгінгі келіп жеткен туылған күніңіз құтты болсын! Аспаныңыз ашық болып, қиындықтар өзіңізден қашық болсын! Саулығыңыз мықты болып, жастан жасқа аман есен жете беріңіз! Балаларыңыз аман болып, немерелер мен шөберелердің қылығына тоймай, қуаныштарын тойлай жүріңіз. Алла амандық берсін!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу