35 жас: туған күнге тілектер, өлеңдер, құттықтау жинағы


Құрметті оқырмандар! Сіздерге арнап 35 жас туған күніне тілектер мен құттықтаулар жарияланды. Туған күндеріңіз құтты болсын!


Жаңа күнің, жаңа жасың кеп жетті,
Қуанышын мына саған жеткізіп.
Отыз бес жас ән-жырымен тербетті,
Бұл жаныңды қуанышты еткізіп.

Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Шаттандырар жеке меншік мерекең.
Бар жақсыны тілеймін саған ендеше,
Арта берсін нұрын шашып берекең.

Денсаулығың мықты болсын қарағым,
Отыз бес жас бақыт сыйлап тек қана.
Өз ортаңа сыйлы болып жүр аман,
Әрбір істі сәттілікпен атқара.




Келді міне отыз бес,
Нұрландырып жаныңды.
Келді міне отыз бес,
Тамырлатып бағыңды.

Құтты болсын отыз бес,
Қуандырып кеп жеткен.
Жан дүниеңді шаттықта,
Ән-жырымен тербеткен.

Жаратқаным жар болып,
Бар жақсыны сыйласын.
Жеке меншік мерекең,
Бар бақытын жинасын.




Бүгін туған күніңмен,
Құттықтаймын қарағым.
Отыз бестің төрінде,
Құтты болсын қадамың.

Жыл жалғасып келетін,
Отыз бесің бақ берсін.
Жаратқаным жар болып,
Сәтті күнін ап келсін.

Мықты болып саулығың,
Қиындықтар болмасын.
Адал болып достарың,
Қуанышын арнасын.




Келді туған күнім бұл,
Отыз бесті арқалап.
Көңіл жайнап тұр бүгін,
Сіздерге арнап ән салад.

Рахмет ата-анама,
Аялаған өсірген.
Қате бассам егерде,
Шын жүректен кешірген.

Рахмет туған-туыстар,
Отыз беспен үн қатам,
Достарым-ау аман бол,
Арайлы атып құба таң.




Келді міне отыз бес

Келді міне отыз бес,
Жаныңызға дем беріп.
Жайнасын көңіл-күйіңіз,
Отыз бес жас ем беріп.

Сыйласын жаңа жасыңыз,
Таңның шуақ арайын.
Күндей жылу беретін,
Нұрландырып маңайын.

Саулығыңыз мықты боп,
Жастан жасқа жетіңіз.
Қанат қағып лайым,
Асулардан өтіңіз.



Айым, күнім, жұлдызым баға жетпес,
Бағым өзің, жаным өзің ешкім жетпес.
Ақ жаулықты отанасы отбасымның,
Сенсіз минут, секунтта қызықты өтпес.

Құтты болсын асыл жарым туған күнің,
Отыз бес жас есіктен еніп келген.
Көктемдейін құлпыртып айналаны,
Бұл жаныма әсерлі лебін берген.

Отыз бес жас қуантып жаным келді бүгін,
Отыз бес жас бар бақытын сыйлай берсін.
Асыд жарым, сүйіктім, ғашық жаным,
Отыз бес жас бар жақұтын жинай берсін.




Келді міне бауырым отыз бесің,
Жасай бергін төрт-бесеуін отыз бестің.
Арман менен мақсаттарың орындалсын,
Жан бауырым алда болып өмір көшің.

Бар жақсыны тілеймін достым саған,
Тәнті болсын деп өзіңе барлық адам.
Алла жар боп амандықта жасай бергін,
Өз ортаңда бауырым артып бағаң.

Көңіліңнің базары тарқамасын,
Денсаулығың жан досым мықты болып.
Сәттіліктер жалғасын таба берсін,
Әрбір ісің, жұмысың оңды болып...





Отыз бес жас бүгінгі,
Құтты болсын, тілерім.
Оттай болып жалындап,
Соға түссін жүрегің.

Көңіліңде мұң болмай,
Бар жақсылық орнасын.
Отыз бестің әр күні,
Сәтті күнін жалғасын.

Орындалып арманың,
Қанат қағып биік ұш.
Отбасыңмен той тойлап,
Аман болып бақыт құш.




Құтты болсын кеп жеткен,
Бүгін туған күніңіз.
Қуанышта, шаттықта,
Шыға берсін үніңіз.

Бар жақсыны тілеймін,
Аппақ тілек, жүрекпен.
Отыз бес жас қуантсын,
Көңліңізге гүл еккен.

Қанатыңыз талмасын,
Биіктеңіз, өрлеңіз.
Өмір теңіз айдыны,
Тоқтамасын кемеңіз.




Есік ашып келіп қалды отыз бес жас,
Құтты болсын сүйіктім, асыл жарым.
Бар бақытты тілеймін жаным саған,
Шуағын шашып жаным деп атсын таңың.

Ұл-қызымның әкесі, Асқар таусың,
Өзіңменен жайқалар бақша бау- шын.
Құдай қосқан қосағым, асыл жарым,
Бұл өмірде ең керемет, супер жансың.

Амандықта ортамызда жүрші жаным,
Бслдарымның әкесі, сенсің бағым.
Отыз бес жас бар жақсысын сыйлай берсін,
Жүрегімнің иесі, сүйген жарым.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу