Тілек айту заңдары

Тілек айту заңдары

Мерекелерде не туған күн кештерінде тілек айту тамаша дәстүрлердің бірі екенін жақсы білеміз. Алайда тілекті дұрыс әрі қысқа, жүрекке жететіндей етіп айту кез келгеннің қолынан келе бермейді. Себебі, бірі — көпшілік ортада қысылып, ашылып сөйлей алмайды, ал кейбірі — ортада өзін дұрыс ұстай алмай не сөздерін шатастырып ыңғайсыз жағдайға қалып жатады. Осы орайда сізге тілек айтудың кейбір ережелерін ұсынамыз.


1. Қысылмаңыз

Дастархан басында көпшіліктің көңіл-күйі көтеріңкі, жүрегі қуанышқа толы болады. Сондықтан сіздің міндетіңіз – жақсы көңіл-күймен жақсы тілек білдіру. Ең бастысы, барлығы шынайы болуы тиіс. Тілек айту – көпшілік алдына шығып сұхбат беріп, баяндама оқу емес, өз сезіміңізді жеткізу.


2. Орныңыздан тұрып сөйлеңіз

Тілек білдірер алдында міндетті түрде орныңыздан тұрыңыз. Бұл бас қосып отырған көпшілікке көрсеткен сыйластығыңыз. Оған қоса, бұл әрекетпен өзгелер назарын өзіңізге аудартасыз. Көп адамның назары сізді ыңғайсыздандыруы мүмкін, бірақ бұл сізді ешкім тыңдамағанға қарағанда әлдеқайда жақсы.

3. Іштей дайын болыңыз

Тілек айту алдында ойыңызды, айтатын сөзіңізді жүйелеп алыңыз. «Бір нәрсе ойлап табармын» деген ойдан аулақ болыңыз.

4. Бастаңыз...

Дайын тост-тілектер үлгісін көріп алыңыз. Тақырыптарына сәйкес жаттап алсаңыз да болады. Алайда үлгілерді оқығаннан кейін өз сөзіңізбен айтуға тырысыңыз. Қызықты анекдоттар  немесе өткен бір қызықты ортақ естеліктер арқылы да жап-жақсы  тілек айтуға болады.

5. Отырысты нақты анықтай біліңіз

Кейбір дайын үлгілер өзіңіз отырған отырысқа қатысты болмай қалуы да мүмкін. Сондықтан бұл үлгілерді бөліп алған жөн: дос-жарандар, құрбы-құрдастар жиналатын еркін отырыс және қандай да бір үлгіні ұстануға болатын салтанатты шара немесе барлығы да емін-еркін келетін той деп бөліп алыңыз.

6. Айтар сөзіңізге екпін қойыңыз

Тілектің дұрыс, мәнді айтылуына кейбір сөйлемдер мен сөздерге екпінді нақты қоя білу әсер етеді. Қажетті сөздерді дауыс ырғағыңыз бен тоныңызды өзгерте отырып ерекшелеп айтыңыз.  Қалыпты, бір ырғақпен сөйлеуге қарағанда,  қажетті сөзге екпін түсіріп айту әсерлі шығады.

7. Қысқа да нұсқа

Тілек айту барысында ұзақ сөйлеудің қажеті шамалы. 1-3 минут  тілек білдірсеңіз жетіп жатыр.

8. Өз қалпыңызда болыңыз

Кештің «гүлі» болуға тырыспаңыз, имиджіңізді бұзып аласыз. Өз қалпыңызда тілек білдірсеңіз әлдеқайда мәнерлі шығады. 

9. Уақыт таңдай біліңіз

Отырыстың алғашқы жартысында тілек білдіріп қалуға тырысыңыз. Себебі белгілі бір себептермен кеш соңына дейін болмайтындарын айтып, көпшілік сұранып жатады немесе отырыстың екінші жартысында түрлі жағдайлар орын алуы да мүмкін.

10. Шынайы тілек білдіріңіз

Сіз керемет тілек айтқаныңызбен, ол ниетіңізбен сәйкес келмесе, айтқан тілегіңіз жүректен емес, ауыздан ғана шығып жатқаны көрініп тұрады. Сондықтан жүректен шыққан сөз жүрекке жететінін  ұмытпағайсыз.

дереккөз


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: Тілек айту