Қабыл болсын, Ораза!


1) Қабыл болсын, Ораза!

Құрметті мұсылмандар! Ұстаған Оразаңыз қабыл болсын! Қасиетті айдағы тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Оразаңыз қабыл боп,
Қадамыңыз оң болсын!
Жаратқаным жар болып,
Несібеңіз мол болсын!

Оразаңыз қабыл боп,
Жадырасын жаныңыз!
Алла жар боп әрдайым,
Жана берсін бағыңыз!

Оразаңыз қабыл боп,
Алға қадам басыңыз!
Ниетіңіз оң болып,
Асулардан асыңыз!


2) Оразаның күнінде

Жаны жайсаң, көңілі дархан Қазағым! Ұстаған Оразаңыз қабыл болсын! Жүздеріңіз күлімдеп, жандарыңыз жадырай түссін! Оразаның күнінде жасаған дұға тілектеріңіз, ниеттеріңіз қабыл болсын! Бар жақсылықты тілеймін!

Оразаның күнінде,
Қиындықтар болмасын!
Жаратқаным жар болып,
Қуаныштар орнасын!

Оразаның күнінде,
Қанатыңыз талмасын!
Шаттығыңыз молайып,
Таба берсін жалғасын!

Оразаның күнінде,
Қабыл болсын тілегің!
Алла сізге жар болсын,
Бар жақсыны тіледім!


3) Қабыл болсын Оразаңыз ұстаған жан!

Қасиетті Рамазан айындағы қабыл болсын Оразаңыз ұстаған жан! Ниетіңіз қабыл болсын, тілегіңіз орындалсын! Арайлы атар таң қуанышы мен шаттығын сыйлай берсін! Бар жақсыны Жаратқаным сіздерге деп жинай берсін! Ниеттеріңіз қабыл болсын, мұраттарыңыз асыл болсын!

Қабыл болсын Оразаңыз ұстаған жан,
Ниетіңіз, дұғаңыз қабыл болып!
Деніңіз сау, отбасы аман болсын,
Шаңыраққа шаттық пен бақыт толып!


4) Қабыл болсын Оразаңыз ұстаған!

Ардақты да мейірімді Мұсылман қауым! Ұстаған оразаңыз қабыл болсын! Аспандарыңыз ашық, қиындықтар сіздерден қашық болсын! Жаратқаным жар болып, көңілдеріңіз жадырай, өмірлеріңіз жайнай түссін! Қасиетті айда әрбір жасаған дұғаларыңыз қабыл болсын!

Қабыл болсын Оразаңыз ұстаған,
Үйіңізде жаманшылық болмасын!
Ниетіңіз қабыл болып лайым,
Шаңырақта бар жақсылық орнасын!


5) Оразаңыз қабыл боп!

Құрметті жамағат, мұсылмандар! Ұстаған оразаңыз қабыл болсын! Үйіңізден ырыс пен ынтымақ, бақ-береке кетпесін! Жаратқан иеміз жар болып, ниеттеріңіз қабыл болсын! Әрбір Ораза ұстаған жанға Аллахым жар болсын! Көңілдеріңіз шаттана, әрбір күннен бақ таба жандарыңыз жадырасын!

Оразаңыз қабыл боп,
Амандықта болыңыз!
Әр күн сайын жандана,
Толған айдай толыңыз!

Оразаңыз қабыл боп,
Жоғалмасын сәніңіз!
Жаратқаным жар болып,
Шырайлы атсын таңыңыз!

Оразаңыз қабыл боп,
Жана берсін бағыңыз!
Ниетіңіз қабыл боп,
Жұлдыздайын жаныңыз!


6) Қабыл болсын Оразаңыз Аташым!

Үйіміздің балығы мен қазынасы жан аташым, Рамазан айындағы ұстаған оразаңыз қабыл болсын! Дұға тілектеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын! Саулығыңыз мықты болып, ғұмырыңыз ұзақ болсын, Аташым!

Қабыл болсын Оразаңыз Аташым,
Әр жыл сайын қайта айналып келетін!
Қабыл болсын дұғаңыз бен батаңыз,
Жанымызға қуат болып енетін!


7) Қабыл болсын Оразаңыз Әжетай!

Қабыл болсын Оразаңыз Әжетай! Рамазан айындағы үстаған Оразаңыз қабыл болып, ғұмырыңыз ұзақ болсын! Аспаныңыз ашық болып, көңіліңіз жадырасын, Әжетай! Жаратқаным жар болып, ортамызда бар болып әрбір Оразаға аман-есен жете беріңіз Әже!

Қабыл болсын Оразаңыз Әжетай,
Көңіліңіз шад-шадыман күйге еніп!
Қабыл болсын ниетіңіз, дұғаңыз,
Жаныңызға қуанышты күй беріп!


8) Қабыл болсын Оразаңыз, Әкетай!

Айлардың сұлтаны болып табылатын Рамазан айындағы ұстаған оразаңыз қабыл болсын, Әкетай! Алла Тағала жасаған дұғаларыңыз бен тілектеріңізді қабыл етсін! Оразадан Оразаға аман-есен жете беріңіз, Әкетай!

Қабыл болсын Оразаңыз, Әкетай,
Бар жақсыны өзіңізге тілеймін!
Ниетіңіз қабыл болып, дұғаңыз,
Ортамызда аман-есен жүр деймін!


9) Қабыл болсын Оразаңыз Анашым!

Жан Анашым, асылым! Рамазан айындағы ұстаған оразаңыз қабыл болсын! Көңіліңіз көтеріліп, жаныңыз жадырасын! Қасиетті ай сізге бап жақсылығын сыйлай берсін! Денсаулық пен амандық тілеймін, Анашым!

Құтты болсын Оразаңыз, Анашым,
Сәресі ішіп, Рамазанда ұстаған!
Жадырасын жаздай жайнап жаныңыз,
Жан Анашым көп боп сізді құптар жан!


10) Қабыл болсын Оразаңыз, ағайын!

Қадірменді ағайындар, ұстаған оразаңыз қабыл болсын! Ниеттеріңіз асыл, дұғаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын! Ортамыздан Ораза айына аман-есен жете беріңіздер! Жандарыңыз жадырап, сауапты істеріңіз көп болсын!

Қабыл болсын Оразаңыз ағайын,
Сауапты істер сіз жасаған көп болып!
Отбасында бар жақсылық орнасын,
Алаңдатар уайымыңыз жоқ болып!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Ғазиза
    Оқырман Ғазиза 17.05.2021 17:13
    1 + 4 -
    Қазақстан тарихы тоқсан жаза
  2. Оқырман азамат
    Оқырман азамат 15.04.2021 09:51
    4 + 1 -
    шелек өңірі бойынша кесте жоқ па сонда?