8 наурыз анаға тілек. Анашым 8 наурыз құтты болсын
Құрметті оқырмандар! Осы мақалада әйелдер күніне арнап 8 наурыз туралы анаға жылы сөздер, тілектер мен құттықтаулар жарияланды.
Сүйікті анама!
Жақсы сөз — жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері балбұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын көңілден құттықтаймыз.
Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері — отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.
Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.
Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Міне, 8 Наурыз — халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Мейрам! Маған басқа мейрамдардың бәрі осы ғажайып мейрамнан шашыраған ұшқындар ғана, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері ғана сияқты көрінеді. Осындай керемет мейрам күні барлық әйелдерге зор денсаулық, баянды махаббат, жанұяларыңызға бақыт тілеймін!
— Ең күшті нәрсе не? — десе,
— Әйелдің әмірі! — дер едім.
— Әйелдердің барлығын
— Жердегі Тәңірі! — дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын — әйел, ұлтын көбейтетін — әйел, ұрпақты ұластыратын — әйел, еркекті Ер ететін — әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі — әйел. Махаббаттың асыл нұры — әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті — әйел махаббаты.
8 наурыз — біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Азаматтың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары бен жүректерінің мәрттігі сөнбесін! Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде махаббат, денсаулық, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік тілейміз!
Көктемгі күннің көзіңдей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі — 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы 8 наурызы да келіп жетті. Осынау көктем мерекесі күнімен ардақты апалар мен аяулы қарындастарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырысты береке, баянды бақыт тілеймін!
Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі — 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Әйелдер, Сіздер — адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар! Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!
Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?