Үйлену тойында үлкендер өсиеті

үлкендер өсиеті, өсиет, үйлену той, мұсылманша тілек, жас жұбайлар, ата, апа, әже

СӨЗ СОҢЫНДА ҮЛКЕНДЕРДЕН ӨСИЕТ:

Міне, бүгін қоғамымызға тағы бір жас отбасы келіп қосылды. Отан - отбасынан басталса,  қоғам - екі жастың жараса көтерген шаңырағынан құрылатыны мәлім. 
   Қарақтарым, үйленіп, үй болдыңдар. Қиналсаң  жасып кетпеуіңе себепкер болып, дем беретін – жалғыз жан-жарың. Қандай жағдайда да әйел күйеуіне, күйеуі әйеліне сүйенеді. Енді қуанышты да, қайғыны да бөлісіп, ортақтасып, өмірлік жарыңның әр уақытта қасынан табылуды мақсат тұтыңдар. 
    Өмірлік серігім деп бас қосқан жарыңды сыйлап, күте білу, оның артық-кем мінезін түсініп,  кешірімді болу – кішірейгендік емес, әдептілік, білімділік, кісілік. Себебі, ерлі-зайыптылар – бүтіннің жартысы. Жан-жарыңды сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның. Тату отбасының жолдас-жораларының арасында беделі жоғары, басы сыйлы болады. Ендеше, жақсы жардың жанын жаралап, көңілін қалдыратын мінезден аулақ болыңдар.   Ұшқан ұяларыңды, аялап өсірген ата-аналарыңды ұмытып кетпеңдер. Сендер де  ертең солардай үлкен қара шаңырақтың иесі болып, түтін түтететіндеріңді  есте сақтаңдар. 
«Бұтағы көп ағашқа құс қонады», - дейді. Ендеше, дос-жарандарыңның, ағайын-туыстарыңның алдында қадірлерің төмендемесін. Бақ-дәулеттерің, құт-берекелерің бастарыңнан жайылған дастархандарыңнан, тіккен отауларыңнан қашпасын! 

Бір ғұлама: «Үйлену дегеніміз – екі адамның бір-біріне қарап отыруы емес, екеуінің бір бағытқа қарауы» депті. Демек, бұл – екі адамның мақсат- мүддесі мен өмірлік ұстанымдарының бірігуі деген сөз.  Олай болса, балаларың үбірлі-шүбірлі, отауларың дүбірлі болсын, айналайындар!


Қажетті сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу