Диплом алған адамға тілектер, құттықтаулар
Дипломға тілек
Диплом құтты болсын, әпкетайым. Осы еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Әлі бұдан да биік белестерге жете беріңіз. Әкеңіз бен анаңыз сізбен әрқашан да мақтана берсін! Жақсы көрем сізді )
Жаным, дипломың құтты болсын! Мамандығыңмен еңбек етіп, жемісін көр! Ұзағынан болсын қуанышымыз.
Арман-мақсатыңа жет!
Дипломың құтты болсын! Мамандығыңмен еңбек етіп,жемісін көр! Білікті маман иесі бол!
Қызыл дипломға тілек, құттықтау
***** балам дипломың құтты болсын.Ата - ана, бауырларыңмен бірге қызықты өмір сүріп дипломыңның жемісін көр.
Папа-мамаң құттықтайды.
Мирас айналайын , еңбек жолына алған жолдама қағазың құтты болсын ! Қызыл диплом , жарайсың ! Деніңе саулық тілеймін ,елдің азаматы болуыңа тілекшіміз .Жарайсың !
Түлектің сөзі
Біз осы оқу орнына елдің түкпір-түкпірінен жиналдық. Білім нәрімен сусындап, жаңа достар таптық. Бір-бірімізді қолдап, қиын сәттерде кеңес бердік. Университеттің бізге берген құнды тәжірибесі болашақта тірек болмақ. Бізге білім беріп, өмір сабақтарын үйреткен ұстаздарға рахмет айтамыз. Құрдастарым, дипломдарыңыз құтты болсын!
Ата-ана тілегі:
– Жаным, балапандарым, біз сендердің әр қуаныштарың үшін бір жасап қаламыз. Біз сендерің әр жеңістерің үшін балаша қуанамыз. Өйткені, сендердің біздің үмітімізді қашанда ақтауға күш-жігерлерің мен білім-танымдарың жетеріне сенеміз! Болашақтарың жарқын, дипломдарың құтты болсын! Сәт сапар!
Академик құттықтау сөзі:
Құрметті түлектер! Сендердің төрт жыл бойы Еуразия ұлттық университетінен алған білімдерің өмірлік азық. Көкке самғай беріңдер! Жүрген жерлеріңде Еуразия ұлттық университетінің мерейін асқақтатып жүріңдер. Университет үшін мерейді асқақтату – ЕҰУ берген білімнің жемісі мен жеңісін көрсету.
Ата-ана құттықтауы:
– Құрметті түлектер, айналайын алтындарым! Сендер, міне, өмірлеріңде әлі де көп кездесетін қиын-қиын белестердің бірінен аттап, болашаққа сәтті қадам бастыңдар. Еңбек жолына бастаған осы қадамдарыңа құт қонсын! Сендер тайға мініп шапқанда үйде отырып тақымдарын қысып, уайымға салынған ата-аналарыңның үмітін әлі де ақтап, олардың алдындағы өмірлік парыздарыңды ұмытпаңдар, балаларым!
Құрметті түлектер! Сендердің төрт жыл бойы Еуразия ұлттық университетінен алған білімдерің өмірлік азық. Көкке самғай беріңдер! Жүрген жерлеріңде Еуразия ұлттық университетінің мерейін асқақтатып жүріңдер. Университет үшін мерейді асқақтату – ЕҰУ берген білімнің жемісі мен жеңісін көрсету.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?