40 жасқа құттықтау, тілек
Құрметті оқырмандар! Осы мақалада қырық жасқа арналған туған күнге құттықтау мен тілектер және 40 жасқа туған күн деген өлең тілектер жарияланды. Сіздерге ұнайды деп үміттенеміз....
40 жастың бағында Қыдыр қонып, бақ дарып отырған жандарға өмірдің тек қана жақсылығын тілейміз. Бал күндерге толы жақсы күндерде ағайынның ортасында гүл – гүл жайнап, аман – есен жүре беріңіз.
Қарындасым ай дидарлы жаны жайсаң,
Мен өзіңе шын жүректен айтам тілек.
Құтты болсын қырық жас мерейтойың,
Бар жақсысын арнайды мендік жүрек.
Көңіліңді кірбің мұң шалмасын еш,
Қанаттарың қарындасым талмасын еш.
Жаздай жаның жайнасын, жадырасын,
Қиындыққа кезікпей өмірде еш.
Қырық жасың тербесін бұл жаныңды,
Нұрлы етіп, шуақты қып әр таңыңды.
Қуаныш пен шаттығың ортаймасын,
Алла өзі құлпыртып гүл бағыңды.
Ай мен нұрдан жаралған, жаны жайсаң,
Жан сіңілім құтты болсын туған күнің.
Қырық жасың есіктен еніп отыр,
Қуанатын, шаттанатын күнің бүгін.
Абыройың асқақтасын, мерейің бұл,
Жас қосылып жан сіңілім жасыңа бұл.
Бар жақсысын сыйлай берсін бұл мерейтой,
Жақсы жандар жиналып қасыңа бұл.
Шад шадыман көңілің ортаймасын,
Қиындығы өмірдің байқалмасын.
Аман болып отбасың, ошақ қасың,
Шаңырақтың шаттығы шайқалмасын.
Қажетті сілтемелер:
- Туған күнге тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым құттықтау
- 40 жасқа туған күнге тілектер жинағы
- 30 жасқа тілектер
- 50 жасқа туған күнге тілектер
- Туған күнге 12 керемет тілектер топтамасы
Жан бауырым қырық жасың есік ашты,
Құтты болсын бүгінгі мерейтойың.
Қамал алар шаққа келдің жан бауырым,
Ұласа берсін қуаныш, тойға тойың.
Бар жақсыны тілеймін, бар бақытты,
Шаттықты етіп өткізе бер бар уақытты.
Жүзіңнен күлкі кетпесін жаным інім,
Алла сыйлап өзіңе бар жақұтты.
Денсаулығың мықты болсын, шаршамағын,
Жадырасын, жайнасын жаздай жаның.
Алтын күздің ақ самалы тербеп жанды,
Жан бауырым әрқашанда жансын бағың.
Жан дүниеңді құлпыртып, жырлы етемін.
Бар жақсысын сыйласын мерейтойың,
Көктемдейін құлпырған гүлді етегін.
Жанарыңыз күлімдесін, шаршамаңыз,
Өзіңіз деп жан әпке ән саламыз.
Адал жүрек, мейірімді көңіліңіз,
Білесіз ғой жан әпке баршаға аңыз.
Деніңіз сау болын әпке, жымиыңыз,
Амандықты тілейді бұл үйіңіз.
Қуанышта, шаттықта үн қатсын тек,
Биіктіктен құламай бұл күйіңіз.
Құтты болсын жан аға туған күнің.
Қырық жасты еңсердіңіз Алла жар боп,
Шығып аға бұл күні шаттықта үнің.
Бар жақсыны тілеймін өзіңізге,
Орындалсын арманыңыз, мақсатыңыз.
Жайма шуақ көңіліңіз жайнасын тек,
Биіктерден естіліп жақсы атыңыз.
Жастан жасқа жетіңіз амандықта,
Шад шадыман көңіліңіз болып нұрлы.
Бақыт, шаттық тілеймін ағатайым,
«Қуанышпен өткер» деп әрбір күнді.
Үзілген жіпті әрқашанда жалғайтын.
Бауырым бар жан досым, туғанымдай,
Қозғалса да дүние шайқалмайтын.
Сол досымның туған күні бүгін міні,
Қырық жасқа толып жатыр, құтты болсын.
Ал бауырым, жан досым айтарым сол,
Отбасыңда қуаныш, шаттық толсын.
«Қырық жаста қамал бұзар» дейді қазақ,
Қамал бұзар шақ келді, болғын озат.
Бар әлемнің жақсылығын тілеймін мен,
Өмір сүргін бауырым балдай ғажап..
Өмірдің ащы-тұщысын бірге көрген,
Жан құрбым-ау өтіп жатыр өмір күйбең.
Құтты болсын туған күнің асыл құрбым,
Шаттығы мен қуанышын саған үйген.
Бар жақсысын сыйласын гүлді көктем,
Көп боп құрбым күндерің бақытты еткен.
Жеке меншік мерекең құтты болсын,
Араға жыл сап қайтадан келіп жеткен.
Қырық жасқа жан құрбым аяқ бастың,
Отыз тоғыз жылды артта қалдырып сен.
Аман болып отбасың, жақындарың,
Бақытты бол жан құрбым өмірде сен.
Қырық жас, қамал алар жас та келді,
Қырық жаспен ортаға бақыт та енді.
Қуанышты жалғап тағы қуанышқа,
Алла саған мінекей шаттық берді
Жандүниеңді қайғы-мұң шалмасын еш,
Орнай берсін қашанда бақытты кеш.
Жастан жасқа денің сау боп жете бергін,
Қиындықты көрмей сен өмірде еш.
Аман болсын отбасың, жақындарың,
Самал желдей бұл жаныңды тербейтін.
Жақындарың, туыстарың аман болсын,
Жамандыққа, қиянатқа жол бермейтін.
Таң күліп,
Жұлдыз жанып пейіліңе,
Халықтың кірдің, сірә, сеніміне.
Бұл күні салауатты жігіт көрем,
Басылған жастық шақтың желігі де.
Жеңгеміз жүр көшіңді өрге сүйреп,
Келеді тірлігіңнің керуені боп.
Жаныңда құлындарың шапқылап жүр,
Ойлағын бір құдайдың бергені деп.
Тойыңа сыйлас көңіл дос келді ме,
Қырық жасың құтты болсын,
Қош келді де.
Мерейің үстем болып,
Жүзге келгін!
Қайтесің
Тоқсандыда,
Сексенді де?!
Кезің жоқ-ау кісі көңілін қайтарған,
Мінезіңе дос пейілі марқайған.
Қызыл гүлсін ел сүйсініп қызығар,
Бәйтерексің жапырағы жайқалған.
Үміт отын балаларға жағасың,
Құлындарын әлпештеген анасың.
Жарың үшін бәйек болдың күні-түн,
Жүрек пенен жүрек тауып жарасым.
Әрі сырлас, әрі доссың, құрассың,
Арман қуасың аялдамай қырға ассын.
Немере сүй, шөбере сүй, гүл жайна,
Шаңырағыңның ұйытқысы бол, қымбаттым.
Жарың жүрсін ажарыңа сұқтанып,
Шаттығыңа бола берсін жұрт қарық.
Жұмыр жердің бар бақытын тілеймін,
Достық туын аласартпай ұста нық!
Мен қуансам қуанатын шаттанып,
Жетістікке жетсем жүрер мақтанып.
Асыл анам қырық жасқа толды міне.
Қырық жастың еліне бұл аттанып.
Құтты болсын анашым, туған күнің,
Бар жақсыны тілейді гүлің бүгін.
Қуанышың, шаттығың ортаймасын,
Тамырымен тереңдеп өмір гүлің.
Ақ жаулықты асыл анам, алтын анам,
Қырық жасың жақсысын сыйлай берсін,
Алла өзі амандық, саулық беріп,
Бар әлемнің ғажайыбын жинай берсін.
Қарап көріңіз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?