Көлік және байланыс қызметкерлері күні

Көлік және байланыс қызметкерлері күні

Бұл мерекелі күні еліміздің дамуы мен гүлденуіне көлік саласы қызметкерлерінің сүбелі үлес қосып жүргендігін атап өткен ләзім. Осыған орай, министрліктің бір топ қызметкерлері министрдің құрмет грамоталарымен, алғысхаттарымен марапатталды. Алдағы уақытта бекітілген бағдарламаларды орындау жөнінде ірі және маңызды міндеттер тұр. Мен біздің Отанымыздың Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы көлік саласы қызметкерлерінің алдына қойылған барлық міндеттердің абыройлы орындалатындығына сенімдімін.
А. Бектұров


Қажетті сілтемелер:



Қымбатты достар!

Баршаңызды Көлік қызметкерлерінің мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт және еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Қарағанды облысының әкімі
Б.ӘБДІШЕВ
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Н.ДУЛАТБЕКОВ


Қымбатты достар!

Сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да қоғамымызды нығайтып, облысымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қоса береді деген сенімдеміз.
Баршаңызға мықты денсаулық пен баянды бақыт, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілейміз.
Қарағанды облысының әкімі
Б.ӘБДІШЕВ
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Н.ДУЛАТБЕКОВ


Құрметті облыс тұрғындары!

Тамыз айының бірінші жексенбісінде көлік және байланыс қызметкерлерінің көп санды отряды өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.
Бүгінде қоғам өмірін осы салаларсыз елестету қиын. Олардың маңызы бүгінгі күндері, елімізде Мемлекет басшысының экономиканы үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөнінде алға қойған міндеттерін жүзеге асыру белсенді іске асырылып жатқан кезде арта түсті.
Осы міндеттерді шешуде теміржол көлігі ерекше орын алады. Теміржолшылардың көптеген ұрпақтарының қажырлы еңбегі арқасында Қарағанды тасымалдау бөлімшесі электрдің күшінпайдаланатын, тасымалдау процесі автоматтандырылған жүйемен басқарылатын заманауи магистральға айналды.
Өңірдің өндірістік құрылымы мен экономикасында автомобиль көлігі аса маңызды буын болып қала береді, ол тұрақты және тоқтаусыз жұмыс істеп, кәсіпорындар мен халықты жолаушы және жүк тасымалымен қамтамасыз етуде.
Өздерінің күнделікті қызметінде байланысшылар да телекоммуникация жүйесін жетідіру мен тиімділігін арттыру, экономика мен өңір тұрғындарының байланыс қызметіне өскелең сұраныстарын қамтамасыз ету үшін резервтерді үнемі іздестіруде.
Барлық көлік және байланыс қызметкерлеріне олардың еселі еңбегі мен мамандығына берілгендігі үшін алғыс айтамыз. Осы саланың еңбеккерлері қол жеткенге тоқмейілсімей, табыстары арта түседі, алдарында тұрған міндеттерді шешуде инновациялық көзқарастарды сақтайды деген сенімдеміз.
Құрметті достар!

Сіздерді Көлік және байланыс қызметкерлер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге және өздеріңіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт және игілік, жаңа еңбек табыстарын тілейміз.
Қарағанды облысының әкімі
Серік Ахметов
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Бейсембай Жұмабеков


Құрметтi көлiк саласының қызметкерлерi!

Баршаңызды көлiк саласы қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiмен құттықтаймын!
Жол-көлiк инфрақұрылымын дамыту Елбасымыздың 5 институционалдық реформасындағы басты бағыттардың бiрi.
Сапалы көлiк байланысының халықтың тұрмысын жақсартудағы рөлi ерекше.
Бүгiнде елiмiзде жол, әуе, темiржол қатынасын дамыту бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл саладағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, көрсетiлетiн қызметтi сапалы ету жолындағы сiздердiң ерен еңбектерiңiзге алғысымызды бiлдiремiз.

Қымбатты достар!

Баршаңызды Көлiк қызметкерлерiнiң мерейлi мерекесiмен шын жүректен құттықтаймыз. Сiздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт және еңбектерiңiзге табыс тiлеймiз.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Е.Х. Сұлтанов


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?