Ұстаздар күніне арналған 10 Құттықтау Тілек


Құрметті ұстаздар! Кеіп жеткен ұстаздар күні құтты болсын!

Құрметті ұстаздар! Кеіп жеткен ұстаздар күні құтты болсын!

 

Ұстаздардың құтты болсын мейрамы,
Білім берген, тәрбиелеп біздерді.
Ұстаздардың күні құтты болсын деп,
Құттықтаймыз ұстаздарым сіздерді.

Саулығыңыз мықты болып ұстаздар,
Амандықта болыңыздар әрқашан.
Күлімдесін жүздеріңіз қуанып,
Тәнті болып өздеріңе барша жан.

Жайнаңыздар ұстаздардың күнінде,
Бар қуаныш ұстаздарым орналып.
Үн қосамыз мерекеде бүгінгі,
Тойлансын деп бұл мереке жалғанып.




Ұстаздардың мейрамы,
Құтты болсын ұстаздар.
Өздеріңмен өтуде,
Қуанышта қыс-жаздар.

Амандықты тілейміз,
Мықты болып денсаулық.
Бақыт, байлық бәрі бар,
Мықты болса денсаулық.

Ұстаздардың күні бұл,
Бар жақсыны сыйласын.
Бар әлемнің байлығын,
Мол бақытын жинасын.




Білім берер ұстазым,
Құтты болсын мерекең.
Саулығыңыз мықты боп,
Арта берсін берекең.

Жаратқаным жар болып,
Қуанышын сыйласын.
Нұрлы атар таң болып,
Бар жақсысын жинасын.

Арта берсін абырой,
Еңбегіңіз жанданып.
Ұстаздардың күнінде,
Біз жүрейік ән салып




Білім берер ұстазым,
Құтты болсын мерекең.
Еңбегіңіз жанданып,
Арта берсін берекең.

Шын жүрекпен тілеймін,
Күлімдесін жүзің деп.
Әрқашанда ұстазым,
Қылам сізге мен құрмет.

Ұстаздардың күнінде,
Қуана бер шаттана.
Аман болшы ұстазым,
Әрбір күннен бақ таба...




Болдыңыз сынып жетекші,
Білім беріп біздерге.
Ұстаздардың күнімен,
Құттықтаймыз біздер де.

Сынып жетекші ұстазым,
Мықты болсын саулығың.
Қуаныңыз шаттана,
Жоққа айналып бар мұңың.

Ұстаздардың күнінде,
Мерекені тойлаңыз.
Күндей болып күлімдеп,
Жарқыраңыз, жайнаңыз.




Құтты болсын мерекең,
Сынып жетекші ұстазым.
Өзіңменен өтуде,
Қуанышта қыс-жазым.

Білім беріп, тербетіп,
Арнап жүрсіз жақсыны.
Мерекемен құттықтап,
Тілеймін бар жақсыны.

Әр мереке сыйласын,
Қуанышын, шаттығын.
Солмасыншы, жандансын,
Бұлбұлы бар бақ гүлің..




Сынып жетекші ұстазым,
Күлімдей түс, болшы аман.
Жаратқаным Тәңірден,
Бар жақсыны сұранам.

Мерекеңіз бүгінгі,
Құтты болсын ұстазым.
Сауоығыңыз әрқашан,
Мықты болсын ұстазым.

Еңбегіңіз ақталып,
Кенеліңіз шаттыққа.
Биіктерден көрініп,
Жетіңіз сіз бақытқа.




Директор ағай мектептің,
Құтты болсын мерекең.
Ұстаздардың күнінде,
Ән-жырыммен тербетем.

Өзіңіз мектеп басшысы,
Ақ тілекті арнаймыз.
Ұстаздардың күнімен,
Құттықтауды жалғаймыз.

Шаршамаңыз талмаңыз,
Мерекеде жыл сайын.
Жалғай берсін мектепте,
Мерекелер күн сайын.




Құтты болсын мереке,
Ұстазым, мектеп басшысы.
Ұстаздардың күнінде,
Орналсын күннің жақсысы.

Гүл жайнаңыз ұстазым,
Ұжымдастар алдында.
Ұстаз күні тойлансын,
Әндете мектеп алдында.

Мерейіңіз үстем боп,
Еңбегіңіз жансын тек.
Әр күн сайын жүріңіз,
Шаттана сіз күлімдеп.




Директоры мектептің,
Құтты болсын мереке.
Ұжымдастар ішінде,
Артсын сый мен береке.

Ұстаздардың күнімен,
Құттықтаймыз біз сізді.
Бар жақсыны тілейміз,
Шын жүрекпен біз ізгі.

Басшысы сіз мектептің,
Еңбегіңіз жансын тек.
Ұжымдастар ішінде,
Бар жақсылық болсын тек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу