Әйел адамға туған күнге 15 тілек


Құрметті оқырмандар! Әйелдерімізге арналған туған күнге тілектер 15 нұсқасы жарияланды. Әйел адамға және әйеліңізге арнап осы құттықтау тілектерді жаттап алып құттықтауыңызға болады.

Әйел адамға туған күнге тілек

 

Әйел — ана, әйел — пана адамға, бар жақсыны тілейміз әйел — адамға! Көктемдей құлпыратын, айналамызды гүл қылатын, хош иісті баурап алатын мінезі бар бүгінгі туған күні иесі.....! Сізді жеке меншік мерекеңіз — туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Арманның аяулысын, бақыттың баяндысын тілеймін! Жаңа жасыңыз қуаныш пен шаттығын бере берсін! Әйел бақытын тілеймін!




Шаңырақтың ұйытқысы болып отырған адал жар, аяулы ана әдемі әйел адамдарды баурап алатын қылығы бар, таза тұнық, мөп-мөлдір ой, санасы бар, адамдарға панасы бар бүгінгі жеке меншік мерекенің иесі......! Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Денсаулығыңыз мықты, көңіл күйіңіз күшті болсын! Гүл көктемдей құлпыра беріңіз! Аспаныңыз ашық болып, өмір жолыңыз сәттілікке толы болсын!




Әйел деген әрбір үйдің иесі, әйел деген өмірдің мәні мен сәні. Шаңырақтың шаттығы мен бақыты. Сондай шаңырақтың қуанышы болып отырған үйіміздің гүлі, балаларымның анасы, өмірімнің данасы, көңілімнің падишасы болып отырған менің сүйікті жарым, әйелімді бүгінгі келіп жеткен туған күнімен құттықтаймын! Көңіліңнің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңа батпасын! Денсаулығың мықты болып, көктемдей құлпырып, жаздай жайнап, ортамызда күліп ойнап жүре бер! Ғұмырлы бол! Өмір жасың ұзақ болсын!




Жаны нәзік жан ізгі, жадырайтын,
Бар жақсыны тілейтін отбасына.
Жанұяның ұйытқысы әйел—ана,
Мың жұмысты байлаған арқасына.

Сол бір жанның бүгінгі туған күні,
Құтты болсын, көңілі түспесін еш.
Бар жақсыны тілеймін шын жүректен,
Жамандықты көрмесін өмірде еш.

Құтты болсын туған күн, мерекесі,
Арта берсін қуаныш, бақыты көп.
Жаратқаным жар болып әрқашанда,
Қуанышқа тола берсін уақыты көп.




Туған күніңмен! Келіп жеткен жаңа жасың әлемнің есігін айқара ашып, қуаныш пен шаттықты сыйлай берсін! Биік белестерді бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің көктемі әрқашанда жайқалып, гүлдей берсін! Өмірің мәнді де сәнді болсын! Тау суындай таусылмас қайрат, сыр суындай сарқылмас жігер, әйел бақытын тілеймін! Көңіліңнің аспаның мұң шалмасын! Барлық жақсылықтар таба берсін жалғасын демекпін!




Туылған күнің құтты болсын! Бір үйдің ұйытқысы болып отырған, ерекше жансың! Аяулы анасың, асыл жарсың! Саған бүгінгі туған күніңде бар жақсылықты тілей отырып, арманның аяулысын бақыттың баяндысын, гүлдей жайқалған ғұмыр тілеймін! Өмір жасың ұзақ болсын! Көктемдей құлпырып, жаздай жайнай бер! Алтын күздей жарқырап, қыстай денсаулығың мықты болсын! Көңіл күйің күшті болсын! Арайлы атқан таңдарың шуақты, әрбір ішер асың қуатты болсын! Жақсылықтар легі саған қарай жүрген жүрісінен жаңылмасын!




Құтты болсын, бүгін туған күніңіз! Отбасымыздың шаттығы сіз, бақыты сіз! Бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Гүлдей тербелген өміріңіз бар жақсысын сізге сыйлай берсін! Өмірдің барлық ғажайыптары тек сіз үшін болсын! Аспаныңыз ашық, жамандықтар сізден қашық болсын! Көлдей көтеріңкі көңіл күй тілеймін таусылмайтын, өзендей өміріңіз болсын сарқылмайтын. Жарық болсын айлы түн қуанышты, жұлдызыңыз үнемі жарқылдайтын!




Құттықтаймын бүгін туған күніңмен,
Қуаныштар кетпесінші жүзіңнен!
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын!
Тілеймін саған әйел бақытын тек,
Шад-шадыман көңілің асып-толсын!

Бұл өмірдің сындары байқалмасын!
Сен жайлы өсек адамдар айта алмасын!
Ғұмырлы бол, Жаратқаным жар болып,
Жүрші аман, ортамызда бар болып!

Жаңа жастың сезіп бал мен қаймағын,
Туған күнді қызықты қып тойлағын!
Тамыр жайып жайқалсын гүл көктемің,
Орындалып арман, мақсат, ойларың!




Туған күнің құтты болсын бүгінгі! Саған өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Әр жыл сайын гүл көктемдей құлпырып, жаздай жайнай бер! Аңсаған армандарыңа жетуіңе, діттеген мақсаттарыңды бағындыруңа тілектеспін! Ана бақыты мен, әйел бақытын тілеймін! Бақытты бол! Өмір жасың ұзақ болсын! Жаңа жасың қуанышы мен шаттығын саған сыйлай берсін! Ғұмырлы бол! Өмірің мәнді де сәнді болсын! Көтеріңкі көңіл күй тілеймін! Аман бол, бақытты бол!




Құттықтаймын бүгінгі туылған күніңмен! Жаның жадырасын! Өмірің көктемдей жайқала берсін! Жаздай жайнап, алтын күздей жарқырай берсін! Қайғы-мұңың болмасын! Жаратқаным қолдасын!. Армандарың орындалып, мақсаттарыңа қол жеткізе бер! Тау суындай сарқылмас өмір, көтеріңкі көңіл тілеймін! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Жаңа жасың жаңаша жақсы жаңалықтарға толы болсын! Қуаныш пен шаттықтың молы болсын! Әйел бақытын тілеймін! Ең бақытты ана атана бер!




Бүгінгі туған күнің құтты болсын! Саған өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін бақ-береке! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Аяулы ана, адал жар, өмірдегі ең бақытты әйел атана бер! Бақытың мен шаттығың ортаймасын! Өмірдің қиындығы байқалмасын! Ашық болсын өміріңнің жолдары! Арайланып атып әрбір таңдары! Көңіліңнің аспанын мұң шалмасын! Бар жақсыны тілеймін! Жаратқаным жар болып, бар жақсылығын снн үшін деп жібере берсін! Гүл көктемдей құлпыра бер! Бақытың баянды болсын!




Жеке меншік мерекең құтты болсын! Арайлы атар таңдарың шуақты, қызарып батар күндерің қуанышқа толы болсын! Әйел бақытын тілеймін!. Ең бақытты ана атана бер! Көңіліңнің шаттығы ортаймасын! Өмір жасың ұзақ болсын! Жаратқаным жар болып, сені бәле-жәледен қорғай берсін! Бір өзіңді қолдай берсін! Өмір жолың ашық болып, басқан әр қадамың оңынан болсын! Ырыс, несібең молынан болсын!




Жаратқаным жар болсын! Бүгінгі туылған күніңізбен құттықтаймын! Көктемдей құлпырып, жаздай жайнап ортамызда аман-есен жүріңіз! Сізге әлемдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Өмір жасыңыз ұзақ болсын! Аспаныңыз ашық болып, жолыңыз болсын! Әдемі әйел бақытын тілеймін! Әлемдегі ең бақытты ана атаныңыз! Бақытыңыз баянды, өміріңіз мәнді де сәнді болсын! Басыңыздан бақ таймасын!




Құтты болсын бүгін туған күніңіз,
Ортамызда аман есен жүріңіз.
Тілеймін сізге бақыт пенен береке,
Сәтті болсын деп мен әрбір күніңіз!

Қанатыңыз талмасыншы лайым,
Жар боп сізге Жаратқаным, Құдайым!
Тілеймін мен сізге Әйел бақытын,
Жарқырасын деп мен дәйім күн, айың!

Тағы да мен тілеймін ана бақытын,
Қуанышқа толсын деп бар уақытың!
Аман болсын отбасыңыз лайым,
Еселеніп әр күн сайын бақытың!




Туған күнің құтты болсын, тілерім! Отбасыңыз аман болсын, бала шағаңыз! Жүзіңізден күлкі кетпесін! Арайлы атар таңыңыз қуанта берсін, қызарып батар күндеріңіз шаттығына бөлей берсін! Көктемдей құлпырып, жаздай жайнап ортамызда күліп ойнап жүре беріңіз! Сізге Әйел бақытын тілеймін! Өмір жасыңыз ұзақ болсын! Бақытыңыз баянды болсын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу