Туған күнге арналған тост


1) Туған  күніңізбен деп тост көтеремін 
 
 
Туған күніңізбен!  Өмір жасыңыз  ұзақ болсын  деп,  көңіліңіздің күйі көтеріңкі болсын деп,  басыңызға бақыт құсы қонсын деп,  денсаулығыңыз мықты болсын деп,  сізде бәрі күшті  болсын деп тост көтеремін!  
 
2) Туған күніңмен деп тост көтеремін 
 
Бүгінгі келіп жеткен туылған күніңмен құттықтаймын!  Әрбір күнің қуанышқа толы болсын деп,  отбасың мен жақындарың аман болсын деп,  денсаулығың мықты болсын деп,  ғұмырың ұзақ болсын  деп,  жүзіңнен күлкі кетпесін деп,  бар жақсылық жаныңды тербесін деп сен үшін осы тосты көтеремін!  
 
3) Тост көтеремін туған күніңе
 
Бұл өмірде зат есімдер мен сын есімдердің әдемі тіркестері өте көп,  сол әдемі  сөздерді саған қарай бағыттап,  бір екі ауыз сөзбен тост көтеремін!  Бақытты бол!  Сол үшін тост көтеремін!  
    Бақытты бол,  шаттықты бол деп, 
    Тілеймін  саған тек ашық жол деп. 
    Көтеремін осы  бір  тостты, 
    Болсыншы дәйім әр ісің оң деп... 
4) Сен үшін деп тост көтеремін 
 
Туған күніңізбен!  Сен үшін деп тост көтеремін,  әрбір ісің оң болсыншы деп, көңілде күйің зор болсыншы деп,  өмір жасың ұзақ болсыншы,  Жаратқаным жар болып мен деп.  Аман болсыншы  отбасың сенің,  қиындықтар болмасын деймін.  Жастан жасқа жете бер аман,  сол үшін мен тост көтеремін!  Сен үшін мен тост көтеремін!  
 
5) Тост көтеремін сен үшін 
 
Тост көтеремін сен үшін,  өмір жасың ұзақ болсын,  денсаулығың мықты болсын!  Көңіліңде мұң болмасын!  Ғұмырлы бол деп тост көтеремін.  Жаңа жасың бақ сыйласын,  қуанышы көп сәт сыйласын. Сол үшін мен тост көтеремін, қиындықтар болмасын деп,  Жаратқаным қолдасын деп!  Сол үшін мен тост көтеремін, сен үшін деп тост көтеремін!  
 
6) Бақытты бол  деп тост көтеремін 
 
Туған күніңмен!  Бақытты бол деп,  шаттықты бол деп, жүзіңнен күлкі кетпесін деп,  бар жақсылық өзіңе қарай беттесін деп,  қиындықтар болмасын деп,  жаратқаным қолдасын деп, денсаулығың мықты болсын деп,  көңіл күйің күшті болсын деп, сен үшін деп тост көтеремін, сол үшін деп тост көтеремін!  Туған күнің құтты болсын деп!  
 
7) Ғұмырлы бол деп тост көтеремін 
 
Ғұмырлы бол деп тост көтеремін,  аспаның ашық болсын  деп,  қиындықтар сенен қашық болсын деп.  Отбасың аман болсын деп,  артсын абырой  бағаң деп сол үшін мен тост көтеремін,  жастан жасқа аман жет деп,  асулардан қиынсыз өт деп.  Армандарың орындалсын деп,  күлімдей түс, бағың жансын деп сен үшін деп тост көтеремін, сол үшін деп тост көтеремін, туған күнің құтты болсын деп!  
 
8) Қуана түс,  шаттана түс деп, сен үшін деп тост көтеремін 
 
Қуана түс шаттана түс деп,  сен үшін деп тост көтеремін!  Бақыттың базарында бол деп,  Қызырдың назарында  бол деп, сол үшін деп мен тост көтеремін, жүзіңнен күлкі кетпесін деп,  жақсы күн айналып өтпесін деп,  мақсатыңа  жете бер деп,  асулардан өте бер деп сен үшін мен тост көтеремін, бақытың баянды болсын деп,  сексен тоқсан,  жүзге сен тол деп сол үшін мен тост көтеремін, туған күнің құтты болсын деп!  
 
 
9) Сен үшін деп тост көтеремін, аман бол деп
 
Сен үшін деп тост көтеремін, аман бол деп.  Туылған  күнің құтты болсын деп,  басыңа бақыт қонсын деп,  ашық болсын аспаның деп,  жайнай берсін жас жаның деп сен үшін деп тост көтеремін,  сол үшін деп тост көтеремін!  Армандарың орындалсын деп,  жүзің жайнап,  бағың жансын деп... 
 
10) Аспаның ашық болсын деп тост көтеремін 
 
Аспаның ашық болсын деп тост көтеремін!  Туған күніңмен құттықтаймын!  Қиындықтар болмасын деп,  бар жақсылық орнасын деп,  арайлана жарқырай бер деп,  ағын судай арқырай бер деп,  отбасың аман болсын деп,  денсаулығың мықты болсын деп,  көңіл күйің күшті болсын деп сол үшін мен тост көтеремін!  Жаратқаным жар болсын деп!   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу