Тәрбие сағат тақырыбы: Наурыз мейрамы Тәрбие сағат мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурызмерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Кіріспе: Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурызмейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың....
Тәрбие сағат тақырыбы: Наурыз - жыл басы Тәрбие сағат мақсаты: Қазақтың мейрамдары - Наурызмейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу; Көрнекілік: нақыл сөздер, суреттер, ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар,магнитофон,шарлар,гүлдер;
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурызмейрамықұтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты. Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр.....