Сәлемдесу. Жұмыс ережесін келісу - Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
- Уақытты үнемдейміз!
- Нақты,дәл жауап береміз!
- Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысамыз. Отан қорғаған батырлардың құрметіне бір минут үнсіздік сақтау. Әнұран орындау.
Шаттық шеңбері. Ұлы жеңіс күніне арналған "Үздік бейнеролик" Ән «Бейбіт күн тілегі» «Тақпақтар» айдары Оқушылар жеңіс майталмандарына арнаған тақпақтарын орындайды. Тастар көкке атылды,Жамылды жер тұмандыОрман шулап, тау құлап,Өрт ішінде қалды бақ.Жиырма сегіз батырды,Жиырма сегіз қыранды,Жеңе алмады жау бірақЖеңе алмады жау бірақ.Оқ астынан зулағанЖау жеңілді ақыры,Туған жермен бір болып.Атты бейбіт таң күліп. Жауынгер біздің саңлақтар,Жауды жеңген солдаттар.Ардақты Отан – ел үшін,Бақытты туған жер үшін. Оқ борады күні - түнЖатты жерді от қарып.Алға қарай ұмтылды,Батыр қазақ оқты алып. Б.Момышұлы Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы.. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшылық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Сергіту сәті. «Ел қорғауға әзірміз әні» Жеңіс күнінің батыр қыздары жайлы бейнероликті тамашалаңыздар. Әлия, Маншүк апалар, Отан үшін жан берген. Батырлары қазақтың, Шуақты атар таң берген. Бауыржандай қайратты, Аталардың ізіміз. Әлия, Мәншүк апаның, Жарқын бейне жүзіміз. Әлиядай, Мәншүктей, Батылдары қазақтың. Жеңіс күнін аңсаған, Болсыншы деп ғажап күн. Қорытынды. 1941 - 1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Миллиондаған адамның өмірі мен қолға тиген 1945 - жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата - әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданда өздерінің жас жанын қиып, жаумен шайқаста ерлік көрсеткен ата - апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз. Оларды әрқашан жадымызда ұстаймыз. «Роза Рымбаева – Әлия» әні. |