Жолда жүру тәрбие сағат


Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету.Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бағдаршамның суреті, әр түрлі жол белгілерінің суреттері.Барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Жұмбақ. Көзін ашып жұмадыБағыт сілтеп тұрады. / бағдаршам/Оқушылар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері оқылады.Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,Деп тұрғандай:«Адамдарға жол ашық!»Кезек ашып, жұмғанында үш көзіңҚалт жібермей, орында дәл, тос өзін.2. Қызыл көзі жанғанда,Сары көзі жанғанда,Сақ абай бол барынша.Жасыл жарық жол ашық,Жүгіре бер бел асып.Бас аяқты ойлап,Бол ұқыпты жолдаТоппен жұмыс. Әр топқа сұрақтар беріледі. сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?6 сұрақ. Ата - аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?Бағдаршам ойыны:

Барлық оқушы айнала билеп жүреді. Қызыл жанғанда тоқтап қалады. Жасыл жанғанда билеп жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп, екі қолын жайып тұра қалады. Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады.Ән: Біз жолаушы баламыз.Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.Топтарға тапсырмалар беру.

Әр топ өздеріне берілген мәтінмен танысып, әуелі жұпта, содан соң топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді. Жол белгілерінің суреттерін көрсету.1. Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.2. Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.3. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.4. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте тұр. Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді білдіреді.Тротуарда жүру тәртібі. Жеке жүрсең:1.Тротуардың оң жағын ала жүр.2.Жүгірме,асықпай адымда.3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің бірінен жәрдем сұра.8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.Топпен бірге жүрсең:1.Қатардан шықпа.2.Алысып, ойнама.3.Жүгірме, секірме, итеріспе.4.Шуылдама.5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.Жол жиегіЖол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.ҚоршауларАса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда, мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топ- талған тұстарында жанына қойылады. Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақана бұзу-шылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмай- тынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргі-зуші аса қиын жағдайға тап болады.

Ой толғанысЖол ережесіне байланысты жұмбақ, өлеңдер құрастыру.Қорытынды

МАИ емтиханы. ( Интербелсенді тақтамен жұмыс)1.Жүргіншілер деген кім?А) машина жүргізетін адамдар  В) көшеде жаяу жүрген адамдар  С) белгілер

2. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?А) болады В) болмайды С) білмеймін

3.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан

4. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиісА) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен

5. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?А) 10 В) 12 С) 14

6. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері

7. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?А) сары В) жасыл С) қызыл

Сабақтың тақырыбы: Жол белгілері және таңбалары.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін пысықтау.Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.Оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, бағдаршам.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Реттеуші деген кім?Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те атайды.

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері

басымдылық белгілері

тыйым салу белгілері

міндеттеу белгілері

ақпараттық-көрсеткіш белгілері

қызмет көрсету белгілері

Қосымша тақтайшалар.

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.\

Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.

Жұмбақ жасыру.1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,Бақылаған үш көзі бар бірақ та(Бағдаршам)Кейін реттеушінің орнына бағдаршам пайда болды.Бағдаршам қалай пайда болды?Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды.Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті қызыл, жасыл электр бағдаршам болды.Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста болды.Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды.Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда. Олай болса балардың бағдаршам туралы тыңдайықҚызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,Қалт тоқтай қал табанда.Сары жарық: Сары шамы жағылса,Сақ абай бол барынша!Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық,Зымырай бер бел асып.Қазір жаяу жүргіншілерге де арналған бағдаршам бар. Бірақ әзірге біздің қаламызда орнатылмаған. Бірақ біз үлкен қалалардан көре аламыз. Мысалы: Ақтау қаласында т. бОлай болса бүгінгі сабағымызда реттеуші туралы білдік.- Енді осы реттеушінің әрбір қиылысы бізге, көліктерге айтылған ескертпелер екен.Практикалық кезең.Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды.Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады.Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек.Тапсырма.1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай?2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек?3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады?4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну керек?Есіңде болсын!Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт.Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт.Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт.Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу керек.Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүруге ережелерін білетінің, туралы куәландырылған қағазың болуы тиіс.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады. (сұрақ)Жол бойында 14 жасқа толған балаларға ғана болады.(жауап)Жол бойына коньки, шаңғы доп теппе.Көліктің артына жармаспа.Қалтарыстан шыға келме, өміріңе қауіпті.Жаға жолмен ғана жүруге болады, машина жолымен жүруші болма.Жол көлік оқиғасын кезінде полиция бөліміне хабарлас.Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсет.Жол белгілерін ажырата білген жөн.Қорытынды. Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.

3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта. 

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.

   Шаттық шеңберіне тұру.

   Бағдаршам түстеріне байланысты топтарға бөлу.

ІІ. Кіріспе бөлімі:

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, жолда жүру ережелеріне байланысты болмақ.

Олай болса,  «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»  атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Балалар, Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

- Қалай ойлайсыңдар, жолда жүру ережесі деген не?- Жолда жүру ережесі қайткенде бұзылады?- Жол тәртібі бұзылса не болатыны туралы білесіңдер ме?- Ол үшін не істеуіміз керек?

 ІІІ. Негізгі бөлім:

  1.   Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың

       -  жол бойында қалай болса солай жүріп,

       -  доп қуалайтыны,

       -  ролик тебетіні,

       - жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,

       -  қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады екен.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүруережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.

Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

- Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.

2. Жұмбақтар шешу:

1. Ала таяқ ұстаған,Жол тәртібін нұсқаған.Өміріңді  күзеткен,  Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,Адам тасып аялайды. (Автобус)               

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда  да, құлақ та,Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,Ала-алмайсың бір үзім.Табыңдаршы, балалар,Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)  

3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің  қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік  жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сахналық көрініс: «Қасқыр мен Қоян»

Қоян:- Ой, Қасқыр саған не болған?Қасқыр:- Ештеңе болған жоқ.- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?- Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп...- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?- Иә- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?- Баратын жеріме тез жетейін деп...- Тез жетейін  деп өзіңе не болғанын көрдің бе?- Көрдім- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой.- Ал егер асығып тұрсам ше?- Қаншалықты асығып тұрсаң да,  жол ережесін сақтау керек.- Жол ережесін?- Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек.- Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?- Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады.- Қоян,  жол ережесі деген не ол?- Ал сен оның не екенін білмейсің бе?- Жоқ. Ендеше « Бір дерек» айдарын көрейік. Сонда жол ережесін білетін боласың.

Бейнеролик тамашалау.

 IV.  Қорытындылау

1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.

  Ал енді сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен, көрейік.

  - Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

  - Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің  ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)

  - Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)

2. Топтық тапсырма: Балалар, бүгінгі сабақтан не ұқтық, алдарыңдағы параққа жазып не сурет салуға болады.

Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.

Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,Көше деген мың ирек.Қиындыққа әйтсе де,Үйренесің біртіндеп.Барар жерге асықпа,Бәйге алмайсың бұрын кеп, деп сабағымызды аяқтаймыз.

V. Кері байланыс

Оқушылардың сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы білдіруі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу