Мектебім - мейірім мекені


Тәрбие сағатының тақырыбы тақырыбы «Мектебім мейірім мекенім»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні: 01.09.2023

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Мектебім мейірім мекенім»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі

       Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.

Тыныштық сәті 

Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.  Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен  ізгілікке толы  әлемге саяхат жасаймыз.

       Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда  достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл жердегі тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады.   Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге  қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда.  Ал енді балалар осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз.  Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.

         

Ой шақыру:

Балалар, осы көрініс арқылы жан-дүниемізде қандай өзгерістерді сезіндік?

Бұл сиқырлы әлемнен  біз қандай нұрды алып келдік?

Мейірімділік деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

«Қайырымдылық», «жанашырлық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер? 

Мұғалім сөзі:

Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қазіргі заманда байыған адамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. 

   Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы  бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы   іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

       Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. 

« Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.

Ойын   «Күн көзін  бұлттан  ашу»

 1-ші  бұлттың  тапсырмасы:  Мәтінмен жұмыс

«Қайырымды бала » мәтінін оқып, талдау.

     Мирас мектептен үйіне келіп   әкесіне сабағын тыңдатты.Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып   балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап, беті –қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..

 

1. Мәтін мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау. 

Сұрақтарға жауап беру.

Баланың қайырымдылығы неде ? 

Өзің   Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу.

 

2-ші  бұлттың  тапсырмасы : 

Дәйексөз

  Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.

3-ші  бұлттың  тапсырмасы

Видео роликті көріп, өз ойларын айтып, әңгімелеу.

 

4-ші  бұлттың  тапсырмасы.

Топтық жұмыс

1-топ  Қайрымдылыққа кластер құру

2-топ  Ең мейірімді жан  кім деп ойлайсың?- өз ойын жеткізіп айту.

3-топ  Мен  қоршаған ортаға қандай қайырымдылық жасай аламын?

 

      Мінеки, балалар, сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді.

     Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы   шуағымен аялап, ғасырдан –ғасырға жеткізуде адам баласы бір-бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір    сүрері анық. Бір - бірімзді қадірлей білуіміз керек. 

Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды.

  Жүректен - жүрекке

    Күн 

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы   мейірім,

Мен үшін жоқ   уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым    

Бәріміз нұрлы күн секілді қоршаған ортамызға , достарымызға, барша әлемге жақсы тілегімізді арнайық.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу