Шаттық шеңбері. Арманы бар бір ғана, Талабы зор баламын. Шынығумен шыңдала, Тез-ақ өсіп, толамын. Жұлдыздарды жағалай, Айға барып қонамын. Тұңғыш Тоқтар ағадай, Мен ғарышкер боламын. Жаңа тақырып. Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ю. Гагарин тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 55 жыл уақыт өтті. Олай болса мына суреттермен топқа бөлінеміз.1.Тоқтар Әубәкіров2.Талғат Мусабаев3.Айдын Айымбетов Бүгін біз ғарышқа саяхат жасайтын боламыз. Мағынаны тану. Ол үшін әуелі бейнебаян тамашалайық. Күн жүйесінің планеталары -Олай болса оқушылар бізде осы аспан әлеміндегі 9 планетаны аралап көрейік. Ол үшін әр планетаның тапсырмаларын орындайтын боламыз Сөзжұмбақ шешу. Т А Л Ғ А Т Т О Қ Т А Р Ю Р И Й Б А Й Қ О Ң Ы Р Ш О Л П А Н Л А Й К А З Е Р Т Т Е У Б А Т Ы Р 1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды Аспан денелері туралы мақал - мәтелдер 1.Таразы туса , таң суиды. Сүмбіле туса су суиды .2.Ай жарқырап күн болмас , өтірік жарқырап шын болмас .3.Ашылатын күн айқұлақтанып батады .4.Айдың шалқалап туғаны - боран - шашынның болғаны .5.Үркер суға түссе құт, жер ге түссе жұт болады .6. Жұлдыз жиі болса ,күн ашық болады .7. Адассаң темір қазыққа қара .8.Күн қораланса ,күрегіңді ,ай қораланса аяғыңды сайла .9.Құйрықты жұлдыз көрінсе ,құт кетеді.10.Тірліктің жемісі күнде , тамыры жерде .11. Айдың жарығы төңірегіне түседі ,өзіне түспеиді .12.Үркер жерге түспеи жер қызбайды . Сергіту сәті.
Шығармашылық жұмыс. Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек. Дәл қазір өз ойларыңның қиялдарыңның кеңісіне сапар шегіп көріңдер. Эссе «Егер мен ғарышкер болсам» Қорытынды. Викториналық сұрақтар.
|