1 Наурыз - Алғыс айту күні (Адал еңбек, алғысым ұстазыма!)

 1 Наурыз - Алғыс айту күні (Адал еңбек, алғысым ұстазыма!)

Тәрбие сағат тақырыбы: Адал еңбек, алғысым ұстазыма!
Тәрбие сағат мақсаты: Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың еңбегін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер.
Жүрісі:
Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтау.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Адал еңбек, алғысым ұстазыма» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық дей отырып қадірлі ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерді шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, бағыт – бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз. Дендеріңе саулық, қажымас қайрат, отбасыңызға береке мен шаттық тілейміз. Келесі сөз кезегі оқушыларда.

1 - оқушы: Армысыздар ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған - ұлағатты ұстаздар. Мерекелеріңіз құтты болсын!
2 - оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
3 - оқушы: Мұғалімдік ең құрметті мамандық.
Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.
Ұстаздардан адамзатқа таралған.
Мол мейірім ізгілік пен адалды.

4 - оқушы: Бар тәлімін беріп елдің жанына.
Бір кездері қырауланар шашы да
Ұстаз адам ұстаз болып қалады.
Қол соқтырып заман менен ғасыр

5 - оқушы: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген
Айтыңдаршы адам бар ма өмірде.
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген

6 - оқушы: Ұстаз, ұстаз қасиетті есімің.
Құттықтайды барша халық осы күн
Өзің берген біліміңе қандырып.
Талай ұлан шәкірттерді өсірдің

7 - оқушы: Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер
Жеңісті жерге екпеген, елге еккендер
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп
Зердесін болашақтың зерлеткендер.

8 - оқушы: Ұстаздар қандай ғажап халықсыңдар
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыңдар
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ән: Анадай асыл мектебім.

Ендігі кезекті ұстаздарға арналған нақыл сөздерге берейік.

9 - оқушы: Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
10 - оқушы: Жақсы мұраттың артынан су ереді. Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді.
11 - оқушы: Ұстазға қарап шәкірт өседі. Шәкіртсіз ғалым – тұл.
12 - оқушы: Атпаз көрген ат таныр. Ұстаз көрген хат таныр.
13 - оқушы: Ұстаз талантты болса, Шәкірт талапты болады.
14 - оқушы: Ұстаз - ұрпақ мақтанышы. Ұстаз болу жүректің асылдығы.
15 - оқушы: Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді. Білімді жан тас камалды күйретеді.
16 - оқушы: Жарасады сыпайылық балаға. Ұстазыңа одырайып қарама.

Ән: Мұғалім – ол біздің.
Енді оқушылар жұмбақ шешейік.

1. Білім дәнін тереді.
Балаға тілім береді. ( ұстаз )

2. Білімнің жолбасшысы.
Шәкірттің қолбасшысы. (Ұстаз)

3. Оқу – білім бағдары.
Заманның бағбаны. (ұстаз)

Олай болса жекелеген ұстаздарға арнау айтылады.

1. Келешекті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге көп өзінде
Өсиет мол сөзінде
Көп шәкірттің досындай
Нұрсәуле апай осындай.

2. Ақыл кеңес көп қой онда ұққанға
Ардың туын асқақ ұстап шықты алға
Ана тілін ардақтауды үйреткен
Мың рахмет Сағыныш апайға.

3. Білім өнер бәріне бар талабы.
Әрқашанда ашық – жарқын қабағы.
Қапия апайдың жаутаңдаған жанары
Мәңгі есімізде қалады.

4. Көңілің болсын ақ қардай.
Жарқырап көзді тартқандай
Ел – жұртың сізді ардақтап
Жүре беріңіз Нұрсұлу апай.

5. Сүйікті біздің Клара апайымыз
Ақжарқын сіздің мінезіңіз Күлімдеген көздеріңіз
Нұрланады жүзіңіз.

6. Білім берген, дәріс берген,
Жас ұрпаққа талмастан
Әрбір жастың Гүлсім апай
Көңіл сырын дәл басқан.

7. Күнім деген күлімдеген
Қамқор болған ұстазым
Жаны жайсаң жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын
Ұмытпаймыз, ардақтаймыз,
Гүлзия апай сізді біз.

8. Біздер әлі өтелмеген парызбыз.
Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз
Аттары да аталмаған ұстаздар
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз.

Ән: Сәлем саған мектебім.
Мұғалім: Келешекке алтын бақ.
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқырап
Ұстаз атты ұлы есім - дей отырып оқушылардың сіздерге арнаған сұрақтары бар екен, оған көңіл бөлейік.

1. Сіздерді шын жүрегімізбен құттықтай отырып, бізді қызықтыратын мына сұрақтарға жауап алсақ па деп едік.
Нұрсәуле апайға: Мектептегі бар баланың мінезі, қылығы ерекше қасиеті сізді ренжітеді, қуантады, шаттандырады. Сіз үйде демалғанда шәкірттеріңіз қай қырынан көз алдыңызға елестейді. Ренжіткен сәті ме, қуантқан кезі ме?

Қапия апайға: Сіздің көп жылдық қызметіңізде қызықты оқиғасымен есіңізде сақталып қалған шәкірттеріңіз бар ма? Болса сол туралы әңгімелеп берсеңіз.
Сағыныш апайға: Сізде кішкене шәкірт болып мектеп табалдырығынан аттадыңыз. Шәкірттік шақтың қызықты кезінен әңгімелеп берсеңіз.
Сіздерге көп рахмет айта отырып мына әнді арнаймыз.

Ән: Жарқын жүзді ұстазым.
17 - оқушы: Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда.
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма
Гүлің болып төгілдім асқарыңа
Біз дегенде ұмытып бас қамын да
Қас қағымға қасыңнан тастадың ба...
18 - оқушы: Ертіп кеттің елемей қиындықты.
Асқарына ғылымның бастадың да,
Қолым жетіп шын бақыт ұшпағына.
Аялы алақаныңнан ұшқанымда
Кім боп қайда жүрсем де қасымдасың.
Адал еңбек алғысым ұстазыма.
19 - оқушы: Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңе шығармашылық табыс тілейміз. Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер.

Мұғалім: Дария судың ағыны.
Құрметтеген шәкіртті,
Сыйымызға риза болыңыздар
Мұғалімдер қауымы.

Осымен «Адал енбек, алғысым ұстазыма» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?