Ауғанстан ақиқаты

 Ауғанстан ақиқаты

ШҚО, Аягөз қаласы,
«№ 5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
информатика пәні мұғалімі Муратканова Перизат Муратовна



Тәрбие сағаттың тақырыбы: Ауғанстан ақиқаты.
Тәрбие сағаттың мақсаты: Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру және сол соғысқа қатысқан ардагерлерімен таныстыру.
Тәрбие сағаттың Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды келешекте әскери, азаматтық борышын адал өтеуге, өз халқына, өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу
Тәрбие сағаттың түрі: Дәстүрлі
Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Отан, ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер, слайдтар

Тәрбие сағаттың барысы:
І бөлім. Деректеме «Ауғанстан ақиқаты»

ІІ бөлім. “Өлең – сөздің патшасы
Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі
Қырық бірдің отты жылы көнергенде
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы
Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда
Он сегіз – жирмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.

Бауырым, сен де соған барып қайттың
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын !
Дәулетбек Қалышкенұлы

ІІІ бөлім. «От кешкен Ауғанстан ардагерлері» Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлер туралы деректемелер

ІV бөлім. “Сөздің көркі - мақал” мақал-мәтел жарысы (Отан, ерлік, батырлық
туралы мақал-мәтелдер)

“Әлия”
әні:С. Бәйтереков
өлені: Б. Тәжібаев
V бөлім. «Он сегізінде от кешкендер» Ауғанстан соғысына қатысқан
ардагерлер туралы деректемелер

VІ бөлім. “Ойлан тап” жұмбақ жарысы.

1. Белі бүкір, алысқа түкір. (мылтық)
2. Жылт-жылт еткен, жырғадан өткен. (мылтық оғы)
3. Тиіп кетсе тырс етіп қақ жарылған,
Бар тетігі адамзатқа бағынған
Мерт қылады жақын келген нәрсені
Қастық қылса, жаудың жайы табылған. (бомба)
4. Сырты ағашпен қабатталған
Ілініп бір бөлшегі салақтаған,
Асылды ішіндегі алсаң тартып
Тіліндей сұр жыланның, жалақтаған. (қылыш)
5. Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сүйтсе де бірде танып кідірмейді
Күні-түні барады тынбай жүріп
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмей (өмір)
6. Өмір-өмір, өмірден
Жаққан оты көмірден
Шыңрау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден. (оқ, мылтық)

VІІ бөлім. «Ардагер сыры» Ауғанстан соғысына қатысқан
ардагерлер туралы деректемелер.

VІІІ бөлім. Тақырып бойынша тапсырмалар орындау.
Тапсырма1.
Сендер мына тапсырмада таңбалардың орнына әріптерді қойып жасырылған сөйлемді табыңдар:
+ >“ + < § ] + < § o“ x § x
← ↑ → ↑ v x # x % o # “+ <.
Таңбалар:
+- а, |- і, #- л, (- е, @- к, *- з, =- ұ, v- ж,
x- ы, o- о, ~- р, % - б, $- ш, →- 7, {- м,
]- т, §- с, ¶- қ, - у, “- ғ , ↓- 5,
↑- 9 , ?- ң, ←-1.

Тапсырма 2.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріп құрақ құрау керек:
1. Ауған соғысына қатысқан қандай ардагерлерді білесіздер?
2. Ауғанстан соғысы қай жылы және қай күні болған?
3. Бұл соғыс неше жылға созылды?
4. 1979 жылы келісім шартты бұза отырып кім басып кірді?

Тапсырма 3.
Сендер мына тапсырмада нүктелердің орнына керек сөзді қойып, мақал-мәтелдің мағынасын ашыңдар.
а) Ердің аты...шығады.
ә) Ер игісі...жүгін көтереді.
б) Досыңның досы дос,
Жауының...одан да жақсы дос.
в) Батыр...дәулеті,
Балқұрақ...сәулеті.
г) Ер жігіт...үшін туады,
...үшін өледі.

Атамекен
әні: Е. Хасанғалиев
өлені: Қ. Мырзалиев



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?