8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш сынып | Ана - өмірдің гүлі)

 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш сынып | Ана - өмірдің гүлі)

Жанар Ибраева Жеңісқызы,
Астана қаласы,
№ 68 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі
Тәрбие сағат мақсаты:
1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Тәрбие сағат барысы:
«Қара жорға» биімен басталады
Жүргізуші:
- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
1. Оқушы: Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
2. Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытгы балалар!
3. Оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Ән: «Аналар алтын»

Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында отетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз.
Жүргізуші: олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік
Сайыс шарттары.
1. Таныстыру
2. Мақалды жалғастыр
3. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.
4. «Шешеге қарап-қыз өсер». -қолөнер сайысы

Жүргізуші:
Ак көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалыкпай,
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын,
Сайлап алсақ жөн болар. –
Әділқазылар:
1.
2.
3.
4. Оқушы: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік эр қадамды.
5.Оқушы: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
6.Оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар-намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.
Жүргізуші:
Енді сайысымызды бастайық.
Өнер қуып аналар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.
1.
2.
3.
1-ші жүргізуші:
Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.
Мақалдарды жалғастырыңдар.
1. Ауылдан асқан байлық,
________ қымбат қазына жоқ. /кітап/
2. Талапсыз жас,
Қанатсыз_________. /құс/
3. ________ қылығымен көркем. /қыз/
1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/
2. _______ көңілі балада. /ананың/
3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/
1)Жақсы сөз . /жарым ырыс/
2)Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/
3)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ /
1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./
2. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. /
3. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йкыдан маза кетеді. /
1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /
2. Екі аяқтыда бажа тату, . / төрт аяқтыда бота тату./
3. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./
1. Өле жегенше, /бөле же./
2. Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./
3. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты.
Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тагы да құтты болсын!
Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы.
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп «Алатау» әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: келесі сайыс түрі Әр түрлі жағдайаттардан шешім таба білу
(аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.)
Аналарға арналған:
1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп эртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?
2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармаганыңызды қалай түсіндіресіз?
3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?
Қыздарға арналған
1. Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінэлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?
2.Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?
3.Ата-аналар жиналысыболатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата-анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?
7 окушы: Анам менің аялап, әлдилеген
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған
Анашым алдыңызда қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан қарыздармын
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаулаған шам-шырағы
Жүргізуші:
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыз бен кыздарымыз қолөнер сайысында ою ойып, онымен таныстырулары керек
8. Оқушы:
Ана дейміз бэріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.
8. Оқушы:
Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
8. Оқушы: Сан мың шэкірт өзіңнен тэлім алды.
Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын.
Еске алғандай таң сайын эн ұранды.
8. Оқушы: Рая апай басшылардың бірі ғой,
Басшылардың ішіндегі гүлі ғой
Мектебімнің жақсы атанып жүргені
Осы апайдың арқасында біліп қой
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Әділ қазы алқасы,
Әділден берсін багасын.
Жеңіске жеткен қыздардың
Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.
Номинациялар:
1.Биязы ана
2. Мейірімді ана
3. Парасатты ана
Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
12. оқушы: Ана деген адамға Атамекен.
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен
Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз
13 оқушы: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: 8 наурыз тәрбие сағаты, бастауыш сынып тәрбие сағаты 8 наурыз, ашық тәрбие сағаты 8 наурыз бастауыш сынып, тәрбие сағаттары бастауыш класс 8 наурыз, тәрбие сағаттары бастауыш сынып 8 наурыз, 8 наурыз аналар мерекесі ашық тәрбие сағаты, тәрбие сағаты 8 наурыз аналар мерекесі, тәрбие сағаттары 8 наурыз, тәрбие сағат 8 наурыз, открытый урок на казахском языке 8 марта, 8 наурыз тәрбие сағат, Ана гүл, ана өмір шуағы, аналар мерекесі туралы тәрбие сағаты, 8 наурыз аналар мерекесі туралы тәрбие сағаты, сценарий на казахском языке скачать бесплатно, Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Сыйынар ем Ана деген тәңірге), Қазақша сценарий, 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Сыйынар ем Ана деген тәңірге), Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні, 8 наурыз сценарий қазақша, 8 наурыз мерекесіне сценарий қазақша, 8 наурыз аналар мерекесіне сценарий, 8 наурыз аналар мерекесіне арналған сценарий, 8 наурыз мерекесі сценарий, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні сценарий скачать, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні сценарий мектеп балабақша, сценарий праздника 8 марта на казахском языке, 8 наурызга сценарий, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні сценарий, 8 наурызға арналған тәрбие сағаты, 8 наурызга арналган сценарий, 8 наурыз арналган тарбие сагаты