әдеп және әдет


«Әдеп және әдет»

2024-2025 оқу жылы

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы №5

«Әдеп және әдет»

Мақсаттары

Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Бүгінгі 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткелі отырған «Әдептілік және адамгершілік»

атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздің тәрбие сағатымызға ұстаздарымыз және де қонақтар қатысып отыр. «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» деп бабаларымыз айтып кеткен екен, олай болса барша қонақтарымызбен амандасып алайық! Сәлемдесе отырып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны:

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Отаныңның баласы бол!

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Әжеңнің шуағы бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

–Өнерлі бол!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Ұстаздар, білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегендеріңіз үшін рахмет!

Мұғалім:

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралатындығына сенім білдіремін!

-Енді, бүгін біздің жиналу себебіміз-мектебімізге еліміздің шалғай Шығысындағы Әдептілік қаласында тұратын Адамгершілік атамыздан хат келді. Хатты оқып берейін:

-Қымбатты, Қосарал орта мектебі! Менің қаламда әдепті балалар арасында сайыс өткелі жатыр! Сол сайысқа қатысуға бәрінен де әдепті, тәрбиелі, тәртіпті оқушыларыңызды шақырамын! –депті.

 - Әдептіліктің тағы бір бастауы – ол Имандылық. Имандылық адамның күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.

 - Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.

 

 

 

 

 - Иманы берік адам-Отанын ешқашан сатпайды. Отанға адалдық-Имандылықтың белгісі.

презентация

Сабақтың ортасы

-Ұқыптының тоны тозбас

............................................

(ұқыпсыздың ісі оңбас)

-Әдептілік белгісі

..............................

(Иіліп сәлем бергені)

-Сәлем түзелмей,

............................

(Әлем түзелмейді)

-Аға әдепті болса

................................ (іні әдепті)

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар

........................................................

(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

-Ана әдепті болса

...............................

(қызы әдепті)

Оқушылар жалғастырады

Адам болам десеңіз.

Бес асыл іс бес дұшпан іс

Талап Өсек

Еңбек Өтірік

Терең ой Мақтаншақ

Қанағат Еріншек

Рахым Мал шашпақ

  • Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы.

  • Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.

  • Имансыздың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік болмайды.
  • Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп...

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп

  • Адалдық-өмірден қымбат.
  • Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,

Анық төмен болмай ма хайуаннан!

Ынсап, рақым, ар-ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағанннан.

  • Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
  • Қарапайымдылық - жасыл алқап,

Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.

  • Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі.
  • Жақсы кісі көрінер жыл құсындай

Жаман адам балтаның ұңғысындай

  • Жаман адам өзі бола алмайды,

Болғанды көре алмайды.

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Оқушылар Әдептілік адамгершілік тақырыбында постер қорғайды

-Оқушылар тыйым сөздерді рет-ретімен айтып шығады.

  • Дастарқанды, тамақты баспа.
  • Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
  • Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
  • Үй айнала жүгірме.
  • Малды, ыдысты, тамақты теппе.
  • Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
  • Босағаны керме, құшақтама.
  • Табалдырықты баспа, отырма.
  • Үйді сабама, малды басқа сабама.
  • Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
  • Адамға пышақ, мылтық кезенбе

презентация



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу