Бәріде_ана бір өзіңнен_басталады
Бекітемін.
Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | ||
Күні: . | ||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | Бәрі де Ана бір өзіңнен басталады... | |
Құндылық | ||
Мақсаттары | Ана мен баланың махаббатының адам өміріндегі маңызы; -Балалардың мейірімділік, сүйіспеншілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; -өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту; Сыныпты шарлармен безендіріп, қабырға газеттерін, нақыл сөздер жазылған плакаттарды көрнекілік ретінде пайдалану. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Сабақтың басы | Құрметті асыл аналар, қыздар , ұстаздар! Бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің аналарымыз да бәйшешектей қиындыққа төзімді. Аналар көктемгі гүл мерекесі құтты болсын! Сөздерді ең аяулы Жақсы көріп жаттадым. Енді білдім оларды , Кімнің ойлап тапқанын. «Күнім, жаным» дегенді, «Құлыншағым» дегенді, «Ботақаным» дегенді, «Айналайын» дегенді, «Толған айым» дегенді, | "Анашым қартаймашы" Ол саған бәрінен де қымбат. Сен үшін ол - жақының, досың ұстазың. Сондықтан да сен бір - ақ адамды білесің. Ол - ана!Олай болса ана туралы мақал - мәтелайтайық.Мен макал – мәтелдің басын айтамын,ары қарай оқушылар жалғастырады 1. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.3. Ердің анасы - елдің анасы.4. Ағайын алтау - ана біреу.5. Ана жақсылығын ауырсаң білесің.6. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы 7. Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.8. Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң дақарызынан құтыла алмайсың. 9. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. 10.Ананың алақаны балаға айдынды қоныс. Енді аналарымызды ортаға шақырып «Сиқырлы сандық» ойынын ұсынамыз.Ойынның шарты: ортаға 3 ана баласымен шығады. Сандықтың ішінде жүректерде тапсырмалар болады. Әр ана баласымен бірге жұп құрайды, кезекпен – кезек жауап береді (тілек айту, еркелету сөздері,өлең айту, мимика арқылы көрсету,...) | |
Сабақтың ортасы | Аналарға сұрақтар:1. Балаңызға әкесі тәртіп шарасын қолданса, сіз араға түсесіз бе?2. Ананың ақ сүтін ақтау дегенді қалай түсіндіресіз?3."Батамен ел көгереді " деген сөз бар. Бата берудің мәнісі неде деп ойлайсыз? Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын, Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым. Өзің мына сыйға берген өмірде. Ақ сүтіңді ақтап өту арманым. Барша ана, құтты болсын мерекеңіз! Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан.Сенің барлық қылығыңды кешіреді ,аяйды.
Ана-тіршіліктің гүлі ,отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан Халқына Жолдауында ана мен бала жағдайын жақсарту мәселесін көтеруі аналар алдындағы перзенттік борышы деп білеміз. Өмірде анаға деген сағыныш. Оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас сірә. Осы сәтте ана мен бала арасындағы естен кетпес сәттер естеріңізде болар. | Сондықтан анамыздың еңбегін бағалап, арасында қолымыз тисе көмек беріп отыру артық болмас. Күннің шуақты сәулесіндей , ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін қымбат ендеше ана мен бала арасындағы сабақтастықты қазіргі жауаптарынан біле аламыз. Сіздерге сұрақ қоямын жауап сіздерден болады. «бірінші аналар жауап береді.» 2.Қоғам қайраткерлері аналардан кімдерді білесіздер? 3. Қыз балаға лайық мамандық атаңыз? 4. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыздарды білесіздер ме? 5. Балаларыңыдың ішінде ең еркесі ең тәттісі қайсысы деп айтар едіңіздер? 1.Өз аналарыңыздың көңілін қалдырып , өкінген кездеріңіз бар ма?ендеше Бұл жалған дүниеде жоқты бар, ашты тоқ ететін, ол-ана .жайлы бір үзік сыр | |
Сабақтың соңы | «Әйелдер адамды бесігінен баулиды,. Өмірдің ірге тасы солардың қолдарымен қаланады» деген екен бір ғұлама әркез ананың жүрегі ауырмасын, баланың көңілі қалмасын деп сүйіспеншілік ойынын ойнайық. Шеңберге тұрамыз, музыка аяқталғанша бір- бірлеріңіздің беттеріңізден сүйесіздер. Соңында қалған жеңімпаз анықталады. Бүгінгі тәрбие сағатымның мақсаты : Ана жайлы ұлағатты сөздер арқылы ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру; ананы сүю арқылы елі- жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана еңбегін бағалауға үйрету Ер бала мен қыз бала арасындағы татулықты нығайту болатын міне менің ойымша осы мақсатыма жеттім деп және бұл мақсат әрі қарай жандана береді деп сенемін. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?