Республикам мақтанышым тәрбие_сағаты_қмж


Апта дәйек сөзі

««Отанды сүю – отбасынан басталады

»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Республика мақтанышым»

Құндылық

«Тәуелсіздік және Отаншылдық»

Қауіпсіздік сабағы 10 мин

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Өлең оқу

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене,

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?.

Отан сенің ата-анаң,

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ: Менің Отаным Қазақстан

  • Мұғалімнің кіріспе сөзі:
  • Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.

Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің

халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

-Бұл біздің рәміздеріміз...

- Бұл біздің егемендігміздің нышандары...

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

- Өз елін сүйетін адамды кім дейміз?

2.Тақырыпты ашу «Мен патриотпын»

«Синквейн»әдісі

 Кім?Патриот

 Қандай?Аса өнегелі, жауапты

 Не істейді?Еңбектенеді, жасайды, күреседі, Өз Отанын сүйеді,

Синоним Азамат

Суреттер көрмесі(суреттер арқылы тақырыпты ашу)

  • Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің?

Патриот – Отанын, елін,халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.

Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

Тірек-сызбалар

Кесте

ҚБ парағы

Сабақтың соңы

Оқушыларға қауіпсіздік ережесін үйрету:

  • Темекі шегуге қызықпа!Оны бір шеккен адам үйреніп алады да кейін қоя алмайды.Темекі өкпені шірітеді!
  • Арақ ішкенге қызықпа!Арақ алдымен адамның миын улайды,адам өз әрекеттерін бақылай алмайды.Түрлі қылмыстарға барады.Арақ ішкі құрылысты,бауырды,бүйректі құртады.
  • Нашақор адам ең жаман адам.Ол тікелей қылмысқа барады.Өмірін құртады.Өзін-өзі улайды,терісі шіріп,іриді.

Осы зиянды әдеттерден аулақ бол!

А4, конспект

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 8 САБАҚ. «АТА-АНАЛАРМЕН ҚҰПИЯ СӨЗ»

 Сабақтың мақсаты: төтенше жағдайда балаларға қауіпсіздік ережесін сақтауды үйрету.

Сабақ барысы

  •  Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй қалыптастыру (1-2 мин).
  •  Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы.

 Күн сайын таңертең адам үйден шығып, қоршаған ортамен араласады, кездейсоқ қиын жағдайлар, апаттар болуы мүмкін. Бұл қиындықтар «Төтенше жағдайлар» деп аталады. Төтенше жағдай бұл адамның қиын және жағымсыз жағдайларға ұшырауын білдіреді.

  •  Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

Тіршілік қауіпсіздік негіздері туралы, қауіпсіздік туралы мақал-мәтелдер.

Сақтықта қорлық жоқ

Қауіп аяқ астында

Үйдегі, көшедегі, табиғаттағы қауіпсіздік.

 Тапсырма: 3 минут ішінде қауіпті жағдайларда қауіпсіздік ережелерін мүмкіндігінше көбірек еске түсіріңіз: үйде, көшеде, табиғатта… Болжалды жауап нұсқалары:

Қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.

Сіріңкелермен ойнамаңыз.

Тоқ көзінен ажыратарда сымынан тартпаңыз.

Бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз.

Мұз үстінде жүрмеңіз.

Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіңіз.

Таныс емес саңырауқұлақтарды, жидектерді жеуге болмайды.

Жолдың үстінде ойнамаңыз.

Жолда жүру ережесін сақтаңыз.

Бейтаныс заттарды алып, үйге әкелмеңіз.

Досыңызға барғанда, ата-анаңызға хабарлаңыз.

Дәрі-дәрмектерден абай болыңыз.

Терезеден шықпаңыз.

Лифтіге бейтаныс адамдармен кірмеңіз. Даладағы тоқ сымдарын қолыңызбен ұстамаңыз.

  • Тақырыпқа кіріспе. Әңгіме

 Біздің ең маңызды міндетіміз – өзімізге және айналамыздағы адамдарға жауапкершілікпен қарау, қауіптерді болжай және тани білу, жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау. Қауіп бізді барлық жерде күтеді: жолда, аулада, үйдің кіреберісінде тіпті біз болатын кез келген жерде. Ата-анаңызбен бірге арнайы «құпия сөз» ойлап табыңыз. Бұл сөз құпия, оны ешкім білмеуі керек (тек қауіпті жағдайларда қолдану керек). «Қауіп», «қиындық» және т.б. деген сөздер болмау керек – шабуылдаушы сіздің ата-анаңызға сигнал жіберіп жатқаныңызды білмеуі керек. Егер бұл сөз тіркесі болса, өте қолайлы. Мысалы, «Жасыл шарф».

  • Білімді бастапқы игеру және түсінгендерін тексеру. Біздің сынып үшін «құпия сөз» ойлап табыңыз. 6.Сабақты бекіту. Өзіндік жұмыс «Әдеби викторина» байқауы.

 Жетекші: Сіз көптеген ертегілерді білесіз. Бірақ, қазір сіз өмір қауіпсіздігі негіздерін бұзу, қайғылы салдарға әкеп соқтырған ертегілерді еске түсіріп, себебін түсіндіруіңіз керек.

1. «Бауырсақ», «Пиноккионың шытырман оқиғалары», «Қызыл телпек»

– бейтаныс дамдарға шамадан тыс сенім

    • «Қасқыр мен жеті бала» – бөтен адамдарға есікті ашпаңыз.
    • «Ұр тоқпақ», «Қаздар-аққулар» – үлкендерге мойынсұныңыз.
    • «Ұйқыдағы ару» – үшкір заттардан абай болыңыз.
    • «Қар ханшайымы» – алда келе жатқан көлікке жабысуға болмайды.
    • «Мысық үйі» – отпен ойнауға болмайды.
    • Қорытынды

Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLo

cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу