Сәлемдесу тренингі «Тоқта! де» Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты ,Білімдік бар биікке шығар сатыЕң алғаш басталады осы адамнан,Сүйеді сондықтан да жақын жатты Мұғалімнің құттықтау сөзі: Ұлағатты ұстаздар!Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Баршаңыз-дың отбасыңызға амандық ,бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстартілейміз! Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Тақтадағы бейне бойынша бір бірімен сәлемдеседі Психологиялық ахуал орнату «Антижалқаулық» әдісі Оқушылардың сабаққа деген ынтасын оята отырып, қима қағаздарды таратып шығу Тақырып ашу. «Сөзжұмбақ»
Көп нүктенiң орнына қажеттi сөздердi қойып, мақал-мәтелдердi дұрыс оқы 1. Оқу – бiлiм …2. Қына тасқа бiтедi, Бiлiм … бiтедi.3. … өнерi бiлiнбес Бәйгеге түсiп жарыспай.4. … – тозбайтын тон, Бiлiм – таусылмайтын кен.5. Оқу инемен құдық … «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» | Ұстаз туралы бейнеролик! Сөйлемді жалғастыр... Менің ұстазым… Ол бізге … түсіндіреді, … айтады. Әрқашан … киінеді. Ұстаздың сөзін … тыңдаймыз. Ұстаз кім—ол зергер,дәрігер,қайраткер.Ойында оның ел болашағы сайрап тұр.Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған.Ертеңгі ғалым,президент,не маман,Ғарышкер де,қаламгер де,әртіс теМұғалімге де нарық салып салмақтыМойымайтын дархан тұлғаҰстаз ғана емес пе? Сондықтан да ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.Құрметпен өздеріңізге арналған әнімізді қабыл алыңыздар! Ән «Ұстаз!» «Білгім келеді...» айдары,ұстазға сұрақ Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім—мектептің жүрегі»-- деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіптіарман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз! Оқушылардың «тақпақ айту» айдары Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. Ұстазыңды түсінген сен тереңнен, Бар әлемге еңбегімен еленген. Сенің бағың өрге қарай өрлесе, Ол да бірге қуанышқа кенелген. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, Қасиеті бас иелік мәңгілік! Данышпан да, дана да оқып сенен, Атақ-даңқын асырды бар әлемнен. “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! Күллі өмірін жеткіншекке арнаған Мұғалімді ардақтайды барша жан Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы, Жемісі оның жердің жүзін шарлаған Бала десе ойламайды өз қамын Көрсем дейді күнге де кол созғанын Шәкірттерін өзінен де озғанын. Қорытынды. Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,Арайлап ата берсін таң күліп.Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып, Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік - дей келе ұстаздарға арналған гүлшоқтарымызды табыстайық!
Хор: «Мұғалім ол біздің» |