Дос, достық туралы тақпақтар
Достық туралы тақпақтар жинағы
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
досты көп табамыз
Қашан да, қайда да,
достар бір-біріне сенімді боламыз!
бірге ойнаймыз,күлеміз.
Бірге балық аулаймыз
міне,біздер қандаймыз!
Достық деген бар арман
Доссыз болу,бұл жаман
Досың болса ,бар бақыт!
Ережеп Зере
Адал дос туралы тақпақ
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің
2 «A» сынып оқушысы: Зинедденов Дияс
Сынып жетекшісі: Лукпанова Лайлим Сериковна
Адалдықты білетін
Жан достықты түсінетін
Болады тек бір адам
Түсінсен тек сен ғана
Адал досты көздессең,
Досынды іздесең
Адал досын көп болса
Болады досын тенімен.
Шын достық туралы тақпақ
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің
2 «A» сынып оқушысы: Серік Асылзада
Сынып жетекшісі: Лукпанова Лайлим Сериковна
Қиналғанда қасынан,
Табылатын шын достық,
Ешкімге сырды айтпаса,
Әрине ол шын достық.
Қуанышты қайғымен,
Бөлісетін адам бар,
Қасындағы досында,
Мәңгілікке табылар,
Қуанғанда сенімен,
Бөлісетін досын бар,
Мұнайғанда тағы да,
Қолдаушың досын бар.
Достар
№1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі
6-сынып оқушысы: Андреев Самат
Жетекшісі: ҚР-ның жас ақыны Гүлсана Тилеубекова Анарбекқызы
Доспен әр кез көңілді,
Жақсы достар сатпайды.
Адал болсаң достарға,
Сонда досың қаптайды.
Мұңайсаң да қасыңда,
Қуансаң да қасыңда.
Жақсы достан ешқашан,
Сырларыңды жасырма.
Керек затты береді,
Айтқан сөзге көнеді.
Жығылып қалсаң байқамай,
Барлық жасын төгеді.
Доспен бірге ойнайсың,
Доспен ойнап тоймайсың.
Өзіңнің жақын досыңнан,
Артық досты таппайсың.
Артық ойды ойласаң,
Адал досты таппасаң.
Үмітіңді үзбей жүр,
Мұңайсаңда күліп жүр.
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Белқопа орта мектебінің
3 сынып оқушысы: Асан Қайсар Абзалұлы
Бастауыш класс мұғалімі: Сегизбаева Гульбадан Нурлановна
Достық біздің әніміз,
Достық біздің сәніміз.
Аққуды атпайық,
Достықты сатпайық.
Досым екеуміз сабаққа барайық,
Досым екеуміз сабақтан қайтайық.
Досым екеуміз оқуды бітіріп,
Айрылмас дос болайық.
Шын достық
Бердібай Гүлнұр Сұлтанбекқызы
ОҚО,Мақтарал ауданы, Игілік ауылы,
"Т.Аубакиров ЖОМ" 2 "Ә" сынып оқушысы.
Сынып жетекшісі: Полатова А.Ж.
Көз екеу, қас екеу,
Екеу және аяқ та.
Қол екеу, құлақ екеу,
Жүрек жалғыз бірақ та.
Сол жүрекпен достықты,
Мәңгі адал, шын сақта!
ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
"Т.Аубакиров атындағы ЖОМ"
2 "Ә" сынып оқушысы: Бекмуратова Ұлмекен Боташқызы
Сынып жетекшісі: Полатова Айгуль Жамантаевна
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту қып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Атырау облысы, Атырау қаласы
Амангелді атындағы орта мектебі КММ-сінің
2 сынып оқушысы Орынбасарова Дильназдың шығармашылық жұмысы
Сынып жетекшісі: Курмангалиева Динара Нурлыгаиновна
Күнде бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірімізге –біріміз
Көмектесіп жүреміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?