Жолдар жолдар

 Жолдар жолдар

Адам жүрген, сан із бар,
Төрт түлікке жайлы-ау жол.
Кең көсіліп, көп жүрген,
Мұның аты айдау жол.

***

Тарам-тарам жолменен,
Барғың келсе үш белге.
Бағдарыңды дұрыс тап,
Айырық жолға түскенде.

***

Шөп тиелген көп арба,
Әне, кетіп барады,
Дөңгелекпен тапталған,
Арба жолы қалады.

***

Аңғар, аңғар аңғарлар,
Аңғарға да бір жол бар.
Аспа жолмен жүре ғой,
Кездессе егер сан жолдар.

***

Тау жотасы, қыраттарда,
Қиын, бірақ жақын жол
Асу жолдан асу үшін,
Жүрек жұтқан батыл бол!

***

Көк жүзінде алақай,
Ұшақ ұшып барады!
Артынан оның көрінбей,
Әуе жолы қалады.

***

Сайрап жатқан кең жолда,
Көңілдерге жел бітер
Даңғыл жолмен зулайды.
Алуан түрлі көліктер.

***

Қыр үстінде жол жатыр,
Жалғыз адам жүретін.
Жал жол дейді үлкендер
Жол атауын білетін.

***

Жол сырын да ұғатын
Біз ұғымтал баламыз.
Атау беріп аң жолына.
Жым жол деген бабамыз.

***

Күзер жол мен күрең жол,
Кең даңғылдың атауы.
Түсіне алсаң егер де,
Әр жолда сыр жатады.

***

Бастау жол бар негізгі,
Сапар шексең жүресің.
Күре жол деп аталар,
Енді атауын білесің.

***

Сапарлаған адамдар,
Алыс жолдан қашар ма?
Сар жол деген бабамыз,
Қашық жолды қашан да.

***

Зулап, зырлап пойыздар,
Адам тасып, жүк тасып.
Темір жолмен барады,
Белді басып, қыр асып.

***

Бармақ болсаң ауылға,
Ең жақындау жолменен.
Төте жолмен тура тарт,
Асып ана белдерден.

Балапаным, балдырған,
Күтіп әне тұр сені,
Талай жолдар әлі алда.
Сапар шексең, алтыным
Жолың болсын әмәнда!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 238



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Көпеев Нұрдәулет
    2 + 0 -
    Дұрыс әрекет істей біл.
    Кіші пейіл, мейірімді Бола біл
    Тәкәпарлық іс істеме
    Жақсылыққа ере біл
    1. Қанат Мұралбек
      Қанат Мұралбек 02.02.2022 18:55
      0 + 1 -
      Наны ішіп алып жаздың ба

Ілмектер: тақпақ Жолдар жолдар балаларға казакша такпак детские стихи стихи для детей на казахском, өлең Жолдар жолдар балаларға казакша олен детские стихи стихи для детей на казахском, казакша Жолдар жолдар такпак балаларга такпактар, балаларға Жолдар жолдар қазақша тақпақ тақпақтар, тақпақ балаларға казакша такпак детские стихи стихи для детей на казахском, казакша олен балаларга олендер, балаларға қазақша өлең өлеңдер, детские стихи стихи для детей на казахском, өлең балаларға казакша олен детские стихи стихи для детей на казахском, стихи для детей на казахском, детские стихи на казахском