file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Білім күніне тақпақтар


Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

 

 

Әлемдегі барша жұрт,
Бас иеді білімге.
Білім күнін қарсы алдық,
Қыркүйектің бірінде.

 

 

Білім күні, біл мұны –

Ойға сәуле шашады.

Баршамызға бұл күні,

Мектеп есік ашады.

 

 

Сергіп бойың, ой-санаң,

Үш ай жазда демалып.

Сен келесің қайтадан,

Мектебіңе оралып.

 

 

Туған Ана тілің де,

Қасиетті дінің де,

Көкейіңе ұялар,

Құштар болсаң білімге.

 

 

Өмірдің бейбіт бағы бұл,

Асудан асып асқарлы

Мінекей, биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.

 

 

Мектеп – қамқор анамыз

Оқып білім аламыз,

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз!

 

Білім күні – мереке,

Ән салсамда әдемі.

Туған тілім – береке,

Сөз арнасам кәделі!

 

 

Кел балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық,

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенін алдынан

Іздемей –ақ табылар.

 

 

Білім менің ертеңім

Өсу үшін өркенім

Жүзем оқу айдынында

Жайып білім желкенін.

 

 

Жаңа киім үстімде,

Мақтанғымда келеді.

Білім тойы үстінде,

Шаттанғымда келеді!

 

 

Қыркүйектің бірінде

Кеудем толы дірілге

Құлақ түйем елеңдеп

«Бақша» бір күнге

 

 

Шаттанайық, күлейік,

Бүгін білім күнінде.

Сабақ оқып жүрейік,

Ерінбей біз күніге.

 

 

 

 

Білімді болсын әр бала,

Мектепте оқып сабағын.

Жақсылыққа бастасын,

Сәтті қып әрбір қадамын.

 

 

Бақша біздің үйіміз,

Бізге білім беретін.

Ұстаз ана екінші,

Бізді жақсы көретін.

 

 

Мектеп алды баратын,

Балабақша қандайды.

Балаларды ойнатып,

Ең жақсыны таңдайды.

 

 

Ақылын ал атаның,

Біл ақылың артарын!

Білім, ғылым жиғаның–

Атса оқумен əр таңың.

Ізденбеген оңбайды,

Ізденсең ел қолдайды.

Ешкімге де Ешқашан

Білім артық болмайды!

 

 

Бір дегенің – білім,

Білім – жарық күнің.

Екі дегенің – еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

Үш дегенің – үміт,

Үмітсіз жоқ жігіт.

Төрт дегенің – талап,

Талмайтұғын қанат.

Бес дегенің – бірлік,

Бірліксіз жоқ тірлік.

Алты дегенің – арман,

Атар таңың алдан.

Жеті дегенің – жігер,

Жетер жерін білер.

Сегіз дегенің – сенім,

Сүйенішің сенің.

Тоғыз дегенің – талғам,

Тура жолды салған.

Он дегенің – Отан,

Отанды сүй, ботам.

 

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу