Отан

 Отан

Сынып сағат мақсаты: Оқушылардың Отан, ел туралы түсініктерін молайту, тиянақты, нақты жауап беруге үйрете отырып, ойын ауызша айта білуге дағдыландыру, Отанын сүюге, тілді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сынып сағат көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, кітап көрмесі, оқушылар салған суреттер.

Сынып сағат барысы: 1- жүргізуші. Республика күні – көп ұлтты Қазақстан халқының мемлекеттік мерекесі. Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси дамуының келешегіне айқын жол ашқан 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы Декларация екені баршамызға белгілі. Бұл мемлекет ретінде өз алдына отау тіккен республикамыздың мәртебесін асқақтатқан бүкіл әлем алдында « Қазақстан » деген ел бар екенін паш еткен тарихымыздағы тұңғыш құжат.

2- жүргізуші. Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған Қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді.

1- жүргізуші. Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет, сондықтан оның өз әнұраны, туы, елтаңбасы бар.

Әнұраным – жан ұраным.
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.

Бақыт, бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны!



Әнұран орындалады.



2- жүргізуші.

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1- жүргізуші.

Қазақ аты береке, бірлік дер ем,
Қазақ осы бірлікті тірлік деген,
Сахараға бүгінде шықты Қазақ,
Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен.

2- жүргізуші. Оқушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды.



1- жүргізуші. Ойын « күн шұғыласы ». Үш топқа тапсырма беріледі.

1 –топ. Қазақстанның қалалары.

2 – топ. Қазақстанның байлығы.

3 – топ. Қазақстан.



1- жүргізуші. « Бәйге » ойыны. Әр топқа кезектесіп сұрақтар қойылады.

1. Қазақстан Республикасының рәміздері мен авторлары туралы не білесіңдер?

2. Н.Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды?

3. Алғашқы Қазақ ғарышкері кім және ол ғарышқа қашан самғады?

4. Төл теңгеміз дүниеге қашан келді?

5. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?

6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

7. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі астаналарын атаңдар?

8. 1992 жылы 4 маусымда қандай оқиға болды?

9. Талғат Мұсабаев кім, ол туралы не білесіңдер?

10. « Тәуелсіздік » монументі қашан ашылды?

11. Қазақстан қандай мемлекет?

12. Қазақстанда қай тіл мемлекеттік тіл?

13. Қазақстан қандай ұйымға мүше болды, қай жылы?

14. Қазақстанда неше облыс бар?

15. Қазақстанның төл мерекелерін атаңдар.

2- жүргізуші. Ойын « Тапқырлар ». Отан, ел, жер туралы мақал – мәтелдер жарысы.

1- жүргізуші. « Өнерлі өрге жүзер. » Әр топ өз өнерін көрсетеді.

2- жүргізуші. Оқушылар өздері салған суреттерін таныстырып қорғайды.


1- жүргізуші.

Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер!

2- жүргізуші.

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір Қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді « 25 қазан – Республика күнімен » құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, құшақтарыңызға гүл сыйлаймыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?