теңге-ұлттық ақшамыз
Бөлім: | Сынып сағаты | |
Педагогтің аты-жөні | БАПАНОВА ДАРИҒА ТАСТАЙБЕКҚЫЗЫ | |
Күні: | 17/11/2021 | |
Сынып:5 ә | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | «Теңге – ұлттық ақшамыз» | |
Сабақтың мақсаты | Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | Өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат алады. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек танысады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басы 5 минут | Ой шақыру: Жұмбақ шешу Әлемнің тынысы Байлықтың белгісі Ол не? -... (ақша, теңге) Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар жауаптарын ұсынады: | Мадақтау «Бас бармақ» әдісі | Мұғалім презентациясы суреттер |
Негізгі бөлім | Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын қыруар адам тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен байланыста болады. Сұрақтарға жауап бер:
- Төл теңгеміздің туған күні? - Ақша сақтайтын мекеме? - Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? - Теңгеде кім бейнеленген? - Теңге немен безендірілген? Мақал – сөз мәйегі. 1.Теңге .......... өсер, Жылқы құлыннан өсер. 2. ......... кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады. 3. Ақша болса – ......... сорпа қайнайды. 4. Ақша ашпайтын ........ жоқ. 5. Ақшада ....... жоқ. 6. Ар-намысы ..... адамның ақшасы аз болады. | Дискрипторлар: Сұрақтарға жауап береді; | Екі жұлдыз, бір тілек | https://youtu.be/Tweiyu-B4NE |
Соңы 5 минут | Еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 30 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпын.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін.
| Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | рефлексия жасау; | А4, конспект |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?