«Тәуелсіздік жетістіктері»


Сынып сағаттары

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Тәуелсіздік жетістіктері»

Сынып сағатының

мақсаты:

-Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 30 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті

  • Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру

Бағалау критерийлері:

  • Елін,жерін сүюге,туғантарихын білуге,құрмет көрсетуге деген саналы көзқарас қалыптасады;

Сынып сағатының түрі:

-танымдық сабақ

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Сынып жетекшісі –

Құрметті оқушылар! Баршаңызды бүгінгі 1-қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын.

Бүгінгі тәрбие сабағымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! 

Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне, содан бері 30 жыл.

Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады.

- Шәкірттерім, қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Білім алуға сендер үшін мүмкіндік мол. Сендер көп уақытарыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесіңдер, көңілді мерекелерді асыға күтесіңдер.

- Сендерге қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсыңдар?

Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі биылғы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесі.

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

«Ой ашар» сұрақ – жауап әдісі.– Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?– Біздің Отанымыз -….– Біз қай ұлтпыз?– Қандай Республикамыз?– Біздің ана тіліміз қандай тіл?– Елбасымыз кім?– Балалар, біз қандай елміз?– Қай жылы тәуелсіздік алдық?– Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?– Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.( әнұран, көк байрақ, елтаңба)

Презентация «Тәуелсіздік жетістіктері» таныстырылады.

Бекіту.

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. (хор)

Кері байланыс.

Не білдім? Не үйрендім?

«Жақсы тілек» оқушылар тілектерін білдіреді.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Тәуелсіз еліммен мақтанамын»

Сынып сағатының

мақсаты:

- Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

-Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Сынып сағатының міндеті

-Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

  • Елін,жерін сүюге,туғантарихын білуге,құрмет көрсетуге деген саналы көзқарас қалыптасады;

Сынып сағатының түрі:

-Жүйелеу және білімді жалпылау сабағы.

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Интерактивті тақта, сабақ презентациясы, кестелер, тесттер, 

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Сынып жетекшісі –

Мен өз сабағымды Елбасымыздың сөзімен бастағым келеді: «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіпбрендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Мен бұл жолдарды мақтана оқып: «Мен тәуелсіз елдің азаматымын деп мақтанамын, бірақ мен осы тәуелсіз ел азаматы ретінде не істей аламын?» – деген сұрақ көкейімде тұрады. Рухани жаңғыру мақаласымен де танысып қуана мақұлдаймын бәрі де біздерді қуаттандыра жарқын болашаққа жетелеп тұр. Ал мен сол болашаққа қалай қадам басамын? Ендеше әрбір ел азаматы елбасымыздың жылдағы жасап отырған жолдауын бірауыздан қолдап аз да болса, қолдау көрсете білуі керек.

Міне, балалар, сіздерге айтарым сіздер де еліміздің елдігін танып,елбасымыз ұсынып отырған бағытпен алға жылжып, өз білімдеріңізді іс-тәжірибеде көрсете білсеңіздер, нұр үстіне нұр болар еді.

1. Еліміздің нышандары туралы не білеміз?

2. ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?

3. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер?

4. Гимннің тарихы туралы не білеміз?

Т – білдіреді теңдікті,

Ә — әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

«Сөзжұмбақ»  шешу.

Аспан болсаң, көтерілер іргемін                                                                                                       

Шалқар болсаң,құятын бір жүлгемін.                                                                                                     

Мен дайынмын, ашылмаса бір кенің                                                                                                      

О,туған ел, тағдырыңмен біргемін,-деп жерлесіміз Қадір Жүсіп жырлағандай,   менің балауса көңілім де, жұдырықтай жүрегім де «Елім, халқым, жерім» деп соғады.  Мен сан ғасыр бойы аты ауыздықпен су ішкен, етігімен қан кешкен батырлардың, аузы дуалы шешендердің, топ бастаған көсемдердің сара жолын жалғастырар тәуелсіз елдің ертеңімін! Мен үшін тәуелсіздік сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін, елімізді қатарға қосып,әлемдік қауымға ендіргені үшін қымбат!Ата-тарихымызды, ана тілімізді қаз-қаз тұрғызып «Қазақ»  деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін қымбат!   «Отан»,«Елім»,«Жерім» деп жүрегімді соқтырып, ата-жұртымды сүйдіргені үшін қымбат! Мен тәуелсіз егемен елдің ертеңімін, ал тәуелсіздік біздің жарқын болашағымыздың кепілі болмақ.   

Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім

Самғап жүрсек бостандықта, биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.                                                                                           

Кері байланыс.

Не білдім? Не үйрендім?

«Жалғасын тап» оқушылар өз ойларын жеткізеді тірек сызба арқылы

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Тілім менің тірлігімнің айғағы»

Сынып сағатының

мақсаты:

- Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.

- Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы   қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына  көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сынып сағатының міндеті

- ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

Бағалау критерийлері:

Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйені айта алатын, еркін сөйлейтін тұлға қалыптастыру

Сынып сағатының түрі:

-эссе

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Тіл туралы жазылған нақыл сөздер, кітап көрмесі, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би суреттері.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Мұғалім:     Бүгін біздің осылай  мерекелі  кешке жиналып отырғанымыз-Алланың бізге берген ұлы бақытының арқасы. Ол бақыт-бейбітшілік, ол бақыт-тәуелсіздік. Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер басты қаруымыз-туған тіл. Ананың бал сүті мен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық,- деп өткізгелі отырған «Тілім менің-тірлігімнің айғағы”  атты эссе жазу күні.

Шаттық шеңберіОқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:Ана тілім - ұраным,Ана тілім - құралым.Ана тілім болмаса,Болмас еді жыр - әнім.Ана тілім - елдігім,Ана тілім - ерлігім.Ана тілім болмаса,Бүтінделмес кемдігім...

    1989ж. Алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халқымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында ана тілімізге деген құрмет артты. Иә, қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Оны мойындап, мәртебесін көтеру-бізге міндет, ұрпаққа парыз!

 

Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Олар өз тілдерінде сөйлеп, өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін сақтай білген. 

1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады)2. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)3. Тіл қылыштан... (өткір)4. Басқа пәле... (тілден)5. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ)6. Жақсы байқап сөйлер, жаман.. (шайқап сөйлер)7. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

ЭССЕТілім меніңТілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс.

Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.

Кері байланыс.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Зиянды әдеттен аулақ бол»

Сынып сағатының

мақсаты:

- темекі мен ішімдіктің зиянын оқушыларға түсіндіру;

- қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу

Сынып сағатының міндеті

- осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,студенттердің ой-пікірін ортаға салу.

Бағалау критерийлері:

Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.

Сынып сағатының түрі:

-пікіралмасу

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

 қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, ұлағатты сөздер.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Шаттық шеңбері.Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.(Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады) 

Сұрақ қою.“Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?Салауатты өмір салты не үшін керек?“Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер./Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады./Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып,мұғалімнің қорытынды сөзі: 

Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

Бәйге ойыны

1.Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек? 2.Темекіні тастауға болама?

1.Ішімдік суықта тондырмайды дейді.Оның қаншалықты шындығы бар? 2.Ішімдік тамаққа тәбетті ашып,асқазанның қорытылуына көмектеседі ме?

1.Есірткінің алдында адам сонша дәрменсіз бе?Неге тез беріледі? 2.Адамның нашақор екенін сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:Дұрыс тамақтану.Қоршаған орта тазалығы.Дене шынықтыру.Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.Зиянды заттарды қабылдамау.Жеке бастың тазалығын сақтау.Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.Эмоциялардың оң болуы.

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Мен сендерге сенемін ! Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер. Бұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек.

Кері байланыс.

- Ендеше, балалар бүгін не туралы білдік?Жүректен – жүрекке кластастарыңа жақсы тілектерді сыйға тартайық.-Деніңіз сау болсын!-Күн сізбен бірге болсын!-Жаныңыз сұлу болсын!-Таза су сізге күш қуат берсін!

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Жүз жасаған бәйтерек»

Сынып сағатының

мақсаты:

-  Ақын өмірімен таныстыру және шығармашылық жұмыстарымен танысу

Сынып сағатының міндеті

- Жамбыл Жабаевтың өлең жырларын түсінуге оны мәнерлеп оқи білуге, сүюге тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сынып сағатының түрі:

- сұрақ - жауап түсіндіруВенн диаграммасы, ИНСЕРТ әдісі, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

 а) Жамбыл Жабаевтың портретіә) Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынабайланысты кезеңдерге арналған көркем суреттерб) « Жамбыл» тірек - сызбасы

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

. -Балалар барлығымыз тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып көңіл күйімізді көтеріп алайықшы.

-Бүгінгі тәрбие сағатымыз Жамбыл Жабаев жүз жасаған бәйтерек.

Яғни Жамбыл Жабаев атамыз жайлы.Биылығы жылы атамыздың туғанына 180жыл.Ендеше барлығымыз назарымызды сиқырлы тақтаға аударайықшы.

Жамбыл Жабаев атамыз 1846 жылы

ақпан айында қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданының бөктерінде дүниеге келген. Әкесі -Жапа

мықты жауынгер адам болса, анасы Ұлдан мінезі байсалды , ауылға сыйлы, өлең шығара білетін ,

әдемі дауысты әнші екен.Жамбыл кішкентай кезінен өте алғыр бала болып өседі.

Балалар ендеше атамыз жайлы бейнероликке назар аударайықшы.

Бейнеролик:«Жамбыл ата өмірбаяны.»

  «Өміріаңыз, өзіабыз» 

Жамбыл атамыздың өмірінен алынған тағылымды деректер, суреттер, фотосуреттер бойынша зерттеу жұмыстарын жасайды, өлеңдерінің шығу тарихы жайлы баяндайды (ақынның танымал адамдармен қандай қарым-қатынаста болғандығын  әңгімелейді).

   «Жамбылайтыскер ақын» 

Айтыс өнері туралы, түрлері жайлы мағлұмат бере отырып, Жамбыл атамыздың  суырып салма ақын екендігін дәлелдеп, Құлмамбет ақынмен айтысын талдайды.

«Батаменен ер көгерер»     

Бата деген не? Оның қандай түрлері бар?  Ж.Жабаев өмірінде батаның рөлі қандай?

   «Сұхбат» 

Берілген сұрақтар бойынша аудиторияда, аудиториядан тыс жерлерде сұхбат алады.

а). — Жамбыл Жабаев шығармаларында кеңестік көзқарас көп жырланған,  оны бәріміз білеміз, дегенмен, егемендік алғаннан кейін де оқып жатырмыз. Сонда оның өміршеңдігін қайдан, неден көреміз?

— Жамбыл шығармаларындағы кезеңдік сипатқа көзқарасыңыз қандай?

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Кері байланыс.

1. Не білдік? 2. Не білгіміз келеді? Суреттер көрсетіледі. Ұлттық мәдени- рухани байлықты дамыту. Ұлттық мәдени-рухани байлықты дамыту барысында мына біздер мен сіздер жұмыла ат салысайық. 

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Семей ядролық полигонының жабылуына-30 жыл»

Сынып сағатының

мақсаты:

-   Оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. Қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру. Семей полигонын жабуға күш салған Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев, Х. Матаев, Н. Сабильянов, М. Аймақов сынды қоғам қайраткерлерімен таныстыру, олардың өнегелі өмірлерін үлгі ету.

Сынып сағатының міндеті

- Өз ата-мекенін сүюге тәрбиелеу. Өз еліне, өз туған жеріне сүйіспеншілігін сақтай отырып оның табиғатын, табиғат байлықтарын қорғауға ұмтылдыру. Мәнерлеп оқуға, сахналық өнерге баулу.

Бағалау критерийлері:

Жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі - күн, су, ауа жайлы және олардың денсаулыққа пайдасын, пайдалану жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың жоғары деңгейде қабылдауын, логикалық ой қорытуын дамыту.

Сынып сағатының түрі:

-дөңгелек үстел

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

 1. Интерактивті тақта материалдары2. Эмблема: Экология және балалар3. Ядролық жарылыстар - видео фильмдер, ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың суреттері - слайдтар.4. Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев т. б. суреттері мен кітаптары.5. Ұлы адамдар сөзінен цитаталар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

. ХХ ғасырдың 40 жылдарында Америка Құрама Штаттары атом бомбасын жасап шығарды. Бірінші атом бомбасы 1945 жылы Тынық мұхиттағы Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталды. Бірнеше секундтардан кейін атом жарылыс жүздеген мың адамдардың өмірін қиды. Мыңдаған радиоактивті сәулеге шалдыққан және мүгедек адамдар пайда болды.

Семей полигоны.Адамзатқа үлкен қайғы - қасірет пен апат әкелетін - ядролық қару. Кеңестер Одағында жасалынған ядролық қаруды сынайтын алаң қазақ жеріндегі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысына қарасты) Семей полигоны болды. Полигонда 40 жыл бойы 470 рет ядролық қару сынақтан өткен. Атом бомбасы сыналған аумақта: жерде, ауада, суда, топырақта радиоактивті заттардың мөлшерінің артуы байқалған. Семей ядролық полигондағы сынақ қуаты байқалған. Семей ядролық полигондағы сынақ қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2, 5 есеге асып түскен.

«Сандар сөйлейді»1. Арал теңізінің көлемі -2. Теңіз табанынан атмосфераға жылына қанша тонна тұзды шаң - тозаң ұшады -3. Қай жылы Қапшағай су қоймасы салынды -4. Балқаш көлі батыстан шығысқа қарай неше км - ге созылған -5. Арал теңізінде балықтың неше түрі есепке алынған -«Кім шапшаң?» ойыны1.«Арал теңізі» деп тұңғыш атаған кім?2. Арал теңізі Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?3. Арал теңізінің негізгі балық түрлерін ата:4. Арал теңізі деңгейінің күрт төмендеуіне не себеп болды?

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Географиялық диктант1. 1989 жылы... тің, «...»экологиялық қозғалысы құрылды.2. Полигонда... жыл ішінде... рет ядролық қару сынақтан өткен.

«Тәрбие - тал бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау - әрбір адамның міндеті. Ендеше, табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуларыңа тілектеспін.

Кері байланыс.

Сабақтан қандай мәлімет алдым?

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Әлемнің жеті кереметі»

Сынып сағатының

мақсаты:

- Әлемнің мәдени-тарихи мұрасы-әлемнің жеті кереметімен таныстыру.

Сынып сағатының міндеті

Даңқы әлемге жайылған сәулет ескерткіштерімен таныстыру.Бұл кереметтердің бәрі адам қолынан шыққандығын,яғни адамның ақыл-ойының дамып,қол шеберлігінен туындаған әлемдік құндылықтардың маңызын ұғындыру.

Бағалау критерийлері:

- Оқушы санасына тарихи құнды ескерткіш- терді сақтау керектігін ұғындыру арқылы саналы ұрпақ қалыптасады.

Сынып сағатының түрі:

-фотокөрме

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

«Әлемнің жеті кереметі»суреттер,слайдтар

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру

Салеметсіздерме оқушылар ,ұстаздар,ата-аналар.Бүгінгі «Әлемнің жеті кереметі »атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы туралы не білеміз?

Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан?

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес. Кереметтер туралы қысқаша айтып кетейік.«Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдайы атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті деген санға табынды.

Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана.

« Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі.

1. Жеті жарғы

Жеті ғаламшар

Жеті ғашықтар жұбын табу

Жеті күн аптада

Жеті қазына

Жеті жұт

Жеті ата

Жеті жетім

Жеті жетекші

Жеті жоқ

Жетісудың жеті өзені

Әлемнің жеті кереметі

Қазақстанның жеті кереметі

Әлемнің жаңа жеті кереметі

Ұлы Қытай қорғаны

Колизей

Мачу- Пикчу

Петра

Тадж - Махал

Христос Мүсіні

Чичен - Ица

Қазақстанның жеті кереметі

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Тайқазан

Айша бибі мазары

4. Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер.

5. Алтын адам

6. Домбыра

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Оқушылармен пікірсайыс өткізу

Мұндай зәулім құрылысты бір адам тұрғыза ала ма?

Ақпараттар нені дәлелдейді?

Кері байланыс.

Кілт беріледі.Сыр сандық ашылады,оқушыларға «Әлемнің жеті кереметі» туралы кітап және сыйлықтар таратылады.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Кибергигена, киберқауіпсіздік»

Сынып сағатының

мақсаты:

оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру:

Сынып сағатының міндеті

Киберқауіпсіздік — құпиялылық, тұтастық және қол жетімділіктің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын процес. 

Бағалау критерийлері:

- Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрі:

-презентация, миға шабуыл, фишбоун, топпен жұмыс, постер қорғау.

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

презентация, бояу қарындаштар, А3 формат қағаздар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Психологиялық дайындық

Күн жылуын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі  нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым

күндеріңіз сәтті өтсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Жайғасып отырсаңыздар, енді тәрбие сағатымызда әрі қарай жалғастырайық.Оқушылар тақтаға наза ауадрыңыздар «галамтор» сөзін естігенде қандай сөздер ойларыңызға келеді? Тақтаға шығып бір-бірден жазып шыға қойыңыздар.

Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор. Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады.

Постер қорғау

І топ. Ғаламтордың пайдасы.

ІІ топ. Ғаламтордың зияны.

Жарайсыңдар, галамтордың пайдасы мен зияны туралы көп мәлімет жинақтадыңдар деп ойлаймын. Енді сіздерге сұрақ:

Өзіңнің компьютерге тәуелді болғаныңды байқай аласың ба?

Қандай белгілер арқылы байқар едің?

Компьютерге тәуелді болу белгілері:

Тамақты, шайды компьютер алдында ішесің.

Сабақты компьютердің алдында орындайсың.

Компьютердің алдында түнімен отырасың.

Сабаққа бармай компьютермен ойнағың кеп тұрады.

Үйге келген бойдан компьютердің алдына отырасың.

Бір сәтке компьютерің бұзылып қалса көңілің түсіп, не іспен айналысарыңды білмей ашуланасың.

Компьютермен жұмыс істеуге тиым салған адамға қарсы шығып, ренжіп ашуланасың.

Міне осындай белгілерді өз бойларыңнан байқасаңдар өзіңнің компьютерге тәуелді болғаныңды байқауға болады?

Топпен жұмыс

І топ. “Интернет”сөзіне бес жолды өлең.

ІІ топ. “Компьютер”сөзіне бес жолды өлең.

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Бүгінгі тәрбие сабағымызда «Киберқауіпсіздік »туралы көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер.

Интернет әлеміҚызығы мол әдемі.Компьютердей құралдыМеңгердік ау біз енді.Интернет құралғыҮйретеді жаңаны.Өркениетті ел болыпЖаңалықта табады.-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Кері байланыс: «Алақан». – Мына алақанның әрбір саусағына өздеріңіздің бүгінге тәрбие сағатында көңіл күйлеріңізді, алған әсерлеріңізді жазыңыздарда кілеймен жапсырыңыздар.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Қазақтың ұлттық ойындары мен ұлттық тағамдары»

Сынып сағатының

мақсаты:

Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру.

Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Сынып сағатының міндеті

1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.2.

Бағалау критерийлері:

Сын тұрғысынан ойлау қалыптасады, оқушылар қазақ халықының ұлттық тағамдарын насихаттаудың түрлі жолдарын біледі.

Сынып сағатының түрі:

-аралас

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

асық, қазақ ұлттық киімдер

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Шын жүректен» әдісі. Оқушылар жүрекшені ұстап, бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектерін айтады. 

Халқымыздың тарихы – мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қай-қайсысы да адамға,соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі-ұлттық ойындар.

Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. 

. «Қызығушылықты ояту» кезеңіа) Тақырып бойынша бес жолды өлең құру «Санквейн» «Ұлттық тағамдар»Не?Қандай?Не істеді?ТүйінСинонимб). Өз ойларымен бөлісу.«Қазақтың ұлттық тағамдары» видеоролик тамашалау.4. «Ойталқы» кезеңіа) Бұл қандай тағам? Диалог құру

Ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары.

Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшлігі «Ақ боран» ойынымен басталады.Найрыз мейрамында бұл ойындар екіжақтың тартысы арқылы ойналып,қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.

. Сергіту сәті

Би «Қара жорға»

Асықтардын түстеріне орысша тоқталып кетейік балалар

Қызыл – красный

Көк – синий

Жасыл – зеленый

Күлгін қызыл – розовый

Асықты ойнамас бұрын саусақтарымызды ойынға дайындап алайық

Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін, Болып шықты оң саусақ.

4. Шеңберде асық ойнау

Шеңбер сызып аламыз, асықты ортасына тізіп қоямыз. Қанша бала ойнаса сонша асық тіземіз. 4 бала ойнасақ 4 сақа болады. Әр баланын сақасы әртүрлі түспен боялады. Рет ретімен сосын ойнаймыз.

Жарайсындар!

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттау мен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамытуларымыз керек.

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»

Сынып сағатының

мақсаты:

оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.

Сынып сағатының міндеті

-Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға,

бұзақылық істерге бармауға,адами бойларындағы қасиеттерді

сақтауға,әдепті де,тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрі:

- жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Презентациялар

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Сынып жетекшілер оқушылармен амандасады. ( оқушылар екі топқа бөлініп отырады)

«Балалық шақ – зорлық, зомбылықсыз» атты тәрбие сағатымызды бастайық

«Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. Бүгін біздің мақсатымыз ешбір адамға: бала болсын , әйел адам болсын , зорлық-зомбылық жасалмайтын ел «Бейбітшіл ел - Қазақстан» атты елдің моделін құрып шығару.

Ассоциация әдісі бойынша бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа?

( күн суреті) әр топтан бір адам қорғайды.

1-топБіз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

2-топМен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.

Әңгіме «Жетім бала» (қазіргі біздің өмірімізде қатыгез адамдар бар, адамды аяушылық деген жоқ екенін байқауға болады)

Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).

Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Кері байланыс.

Білімді ұрпақел ертеңі. (Сұрақ – жауап айдары.)

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

Экология және біз

Сынып сағатының

мақсаты:

- Жердің ластануына әсер ететін факторларды анықтау арқылы табиғатқа қамқорлық көрсетуге деген саналы көзқарас қалыптастыру арқылы қоғамдық орындарда өзін ұстай білу мәдениетіне баулу.

Сынып сағатының міндеті

  • Табиғатқа қамқорлық жасауға дайын болуға үйрету;
  • Қоғамдық орындарда өзін ұстай білу мәдениетіне баулу.

Бағалау критерийлері:

  • Жердің ластануына әсер ететін факторларды анықтау арқылы табиғатқа қамқорлық көрсетуге деген саналы көзқарас қалыптасады;
  • Қоғамдық орындарда өзін ұстай білу мәдениетін меңгереді.

Сынып сағатының түрі:

Балалар антикафесі (anticafe)

Антикафе (сонымен қатар бос кеңістік, тайм-клуб, тайм-кафе) — әлеуметтік бағыттағы қоғамдық мекемелердің бір түрі, негізгі сипаттамасы-ең алдымен уақытты төлеу, оның құнына ойын-сауық және іс-шаралар кіреді.

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Кесте, бейнематериал, флипчарт т.б.

Функциональдық

сауаттылық:

Тұрмыстық сауаттылық

(оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі)

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Сынып жетекшісі алдын ала сынып бөлмесін кафе үлгісінде (парталардың топтың үлгісі) дайындап қояды. Бұл жерде «үстел» үстін әдемі гүл салынған құмырамен немесе интерьерлік заттармен әсемдеу ұсынылады.

Сынып белсенділері даяшы ретінде қызмет атқаруын үйлестіру сынып сағатының әсерлі өтуіне жағдай туғызады. «Даяшылар» қонақтардың кафеге өтіп, орналасуына ілтипат көрсетеді.

Сынып жетекші (бұл жерде кафе иесі):

  • Антикафе (сонымен қатар бос кеңістік, тайм-клуб, тайм-кафе)

— әлеуметтік бағыттағы қоғамдық мекемелердің бір түрі, негізгі сипаттамасы-ең алдымен уақытты төлеу, оның құнына ойын-сауық және іс-шаралар кіреді. Құрметтілерім, бүгінгі біздің анти-кафемізде «Табиғат - біздің ортақ үйіміз» тақырыбында әңгімелесіп, табиғаттың ғажайып суреттеріне марқаятын боламыз.

Тапсырма №1

«Табиғаттыаялайықадамзат!»ертегісініңбейнематериалын тамашала.Бейнематериал желісіне сәйкес сұрақтарға жауап бер.

Сұрақтар:

    • Ортақ үйіміздің ластануына не әсер етті?
    • Бейнематериалда табиғатқа қамқорлықтың қандай түрлері көрсетілген?

Бейнематериал сілтемесі: https://youtu.be/Br6NbzxTi6g Дискриптор:

    • Бейнематериалды түсініп қарайды;

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

  • Бейнематериалмазмұнынасәйкесберілгенсұрақтарға жауап береді.

Тапсырма №2

Бейнематериал мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер айт. Өзіңе ұнаған мақалдың мазмұнын өз ойыңмен түсіндір.

Көмекке келер жеделхат

Жер - таусылмайтын қазына. Жер-ырыстың кіндігі,

Еңбек - ырыстың қазығы. Жер тағдыры - ел тағдыры. Жер бауыры - жазық.

Сұлулық жерден өніп, көктен жауады. Жері байдың елі бай.

Дискриптор:

  • Бейнематериал мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдер айтады;
  •  Мақал-мәтелдерден ұнаған біреуінің мазмұнына түсінік береді. Кері байланыс: «Есептесу рәсімі» әдісімен кері байланыс орнату. Бұл әдіс арқылы оқушылар кафенің ақысына төлеген алтын уақытының пайдалы жағы мен пайдасыз болғандығын айтып өтеді.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Бала құқығы-адам құқығы»

Сынып сағатының

мақсаты:

Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

Сынып сағатының міндеті

Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

Сынып сағатының түрі:

-сұрақ жауап

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы, интерактивті тақта.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Мұғалімнің Заң туралы кіріспе сөзі.

Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән - ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.

Тренинг «қол соғыңыздар, егер …» ойыны«Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ЗаңыЗаң сөздікшесіБалаларды қорғауға арналған халықаралық күндер«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы»«Өз құқығыңды біл!». Баланың құқықтары мен міндеттері«Менің құқығым» тренинг«Ой жалғау»«Кім тапқыр?»Тренинг «Ассоциация»

«Не істеуге болмайды?»- Үлкендердің алдынан кесіп ………..- Кішкене баланы …………- Қыз баланы …………..- Сабақтан ………………………- Сыныпта …………………….- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….«Не істеу керек?»- Үлкен кісіні …………………………(сыйлау керек)- Үлкеннің ……………………………(тілін алу керек)- Үлкендерге …………………………(сәлем беру керек)- Кішілерге …………………………………(қамқорлық жасау керек)- Аналарды, апаларды ……………(сыйлау керек)- Оқу құралдарын ………………………(күтіп ұстау керек)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

ҚорытындыАта Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше сабағымыздың соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.

ҮндеуЖас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Тиым сөздер,ырымдарды біліп жүрейік»

Сынып сағатының

мақсаты:

Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру.

Сынып сағатының міндеті

Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

Рухани жан дүниесін дамыту.

Сынып сағатының түрі:

-Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

қазақтың ырым - тыйым сөздері кітапшасы, ырым - тыйым сөздер.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Кіріспе әңгіме. Мұғалімнің түсіндіруі. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, әйел адамға т. б.

Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады.

Оқушыларға арналған сұрақтар

1.Үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты

2.Ұлттық киімдерге қатысты ырым – тыйымдар

3.Іс - әрекетке байланысты тыйымдар

4.Қыз балаға қатысты тыйымдар.

Бір сөзбен айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Хадық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе - бұлар жаман әдеттер. Ертеде кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін таянып жоқтау айтқан.2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген. Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді - ырымдарды ұмытпай бір - бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Денсаулық ең басты қажеттілік»

Сынып сағатының

мақсаты:

Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.

Сынып сағатының міндеті

Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері:

Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрі:

Ойталқы,сұрақ-жауап

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?Оқушылар: Денсаулық- Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірібақытты.Денсаулық -- тамақ----------------- күш----------------- тазалық- Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.

Сұрақ - жауап әдісі.• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?

Оқушылар диалогы.1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?Бұл әдет туралы ақын С. ҚалиевМикробтар қаскүнем,Көрмесем де білемін.Ішер кезде асты мен,Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?

 "Дені саудың - жаны сау" қимыл-қозғалыс ойындарыДенсаулық- ол шынықанБарлық дене мүшесі:Ден саулық- ол тыныққанЖүйке тамыр жүйесі.Денсаулық – ол  күлуің,Көңіл күйің жадырай.Денсаулық- ол жүруің,Ешбір жерің ауырмай.Болсаң да әлі қаршадай,Ойнау үшін шаршамай,Оқу үшін мектепте,Ашу үшін тәбетті,Құру үшін сен сауықКерек мықты денсаулық.

Сара Алпысқызы Назарбаеваның мынадай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Балалық шағымның аспаны»

Сынып сағатының

мақсаты:

Оқушыларды жан-жақтылыққа, көптілділікке тәрбиелеу. Өзін-өзі тануға, бағалай білуге, басқара білуге тәрбиелей отырып, эстетикалық, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беру.

Сынып сағатының міндеті

 дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі дамыту

стратегиялары.

Бағалау критерийлері:

-Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, жеткен жетістіктеріндегі атқарған қызметтерін, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, әр азаматтың еліміздің дамуына өз үлестерін қосу.

Сынып сағатының түрі:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, ойын, сурет салу, жарыс

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

 «Бақытты балалық шақ», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Балаң

жаман болса, көрінгеннің мазағы», «Білімдінің алды жарық, білімсіздің күні ғаріп», «Ақыл - дария, ой - теңіз» нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, минусовкалар, кітаптар, балалардың шығармашылық көрмесі, оқушылардың жұмыс папкалары, ата-аналар үшін сұрақтар жазылған қалташалар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің  тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын! Тәрбие сағаты мынадай кезеңдерден тұрады:Кезеңмен таныстыру.

I-кезең. «Менің балалық шағымның аспаны»

II-кезең. «Біздің тұңғыш Президентіміз»

III-кезең. «Жырым саған арналады, Елбасы»

 –кезең «Менің балалық шағымның аспаны»

Сұрақ-жауап жүргізу:

-Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)

— Біздің елордамыз қай қала? (Астана)

Сөзжұмбақ шешу.

Қыстың бірінші айы \желтоқсан\

Мемлекеттік Рәміздеріміздің бірі \Әнұран\

Көмір шығатын кен орны, қазақстанның ірі қалаларының бірі \Қарағанды\

Елордамыз қай қала? \Астана\

Қазақстанда шығатын ең басты қазба байлығы, қоймалжың, сұйық зат. \мұнай\

Ащы және тұщы судан тұратын Қазақстанның ірі көдлдерінің бірі \Балқаш\

Еліміздің бұрыңғы астанасы, \Алматы\

Қазақстанның ең суық жері \Атбасар\

Қазақстанның мемлекеттік Рәміздерінің бірі Әнұранның авторы \Жұмекен\

(жауабы: Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері)

— Біздің елбасымыз кім?

Мұғалім: — Ендеше, балалар, Біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі кейіпкері – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайлы өз білетінімізді ортаға салайық. Сонымен елбасымыздың балалық шағына саяхат жасайық!.

Елбасының балалық шағына саяхат.

Оқушылар елбасымыз жайлы қандай мәліметтер білеміз? (Оқушылар елбасының балалық шағы жайлы мәліметтер айтады) :

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

–кезең  «Біздің тұңғыш Президентіміз»

Көрініс көрсету;

Мұғалім: Балалар, үйге мен сендерге шығармашылық тапсырма берген едім. Иә, кім ойлап, не алып келді екен? Қане, балалар, шығыңдаршы, өз ойларыңды жеткізіңдер.

— Мен шықсам бола ма?

— Иә, шыға ғой Сұлтан.

— Мен бүгін өз ойымнан мынаны жасап келдім. Мұның атын мен әлі қойған жоқпын. Бірақ, осындай ғимарат болса екен деген ой келді де, ағашқа ұқсас діңі бар, тармақтала жан-жаққа таралған бұталары бар, төбесінде алтын жұмыртқасы бар ғимарат көз алдымнан кетпей қойды. Содан сой, осындай  әлемде жоқ ғимараттар біздің елімізде болса екен деп ойладым. Бүгін мен жәй жобасын жасадым. Келешекте осы ғимаратты шындыққа айналдырғым келеді.

-Осы айтқаның періштенің құлағына шалынып, еліміздің төрінен келешекте осындай ғимараттар орын ала берсін. Осы бетіңнен тайма. Жарайсың, отыра ғой!

Мұғалім: Елбасының асқақ армандары мен жетістіктері, міне, осы күндерден басталды.

Топтастыру;

–Негізгі кейіпкерімізге мінездеме беріп көрейік. Елбасымыз қандай адам?

Ақылды, білімді, қайсар, қайратты, мәдениетті, өнегелі, тәрбиелі, жігерлі, батыл, ақын, сауатты, аңшы, спортпен шұғылданады, т.б.

Елбасы жайлы мәлімет.

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Елбасымыз басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Өйткені, елімізді басқарар білімді басшымыз барда, қой аузына бозтоғай жұмыртқалаған осындай керемет заманда өмір сүріп жатқан біздің қандай арманымыз бар? Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Еліміз дамыған елдер қатарынан көрініп, елбасымыз қолға алған стратегиялардың арқасында мемлекетіміз қарқында дамып, өркендеп келеді. Мұның бәрі елбасымыздың арқасында. Елбасымызды құрметтеп, қолда барда алтынның қадірін білейік, ағайын! – дей отырып,

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Өз жеріңді танып біл»

Сынып сағатының

мақсаты:

Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" ұлттық идеясын болашақ ұрпақтың санасына сіңіру, оқушылар бойында патриоттық рухты дамытып, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін, танымдық белсенділігін арттыру.

Сынып сағатының міндеті

оқушылардың ана тілінде еркін, таза, әдеби тілде көркем сөйлеу мәдениетін, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

Бағалау критерийлері:

балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.Туған жерін көркейтуге , еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрі:

сұрақ-жауап, өлеңдер оқу

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

 нақыл сөздер жазылған плакаттар, 

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.

Мақал-мәтелдер айтқызу оқушыларға

1.Туған жерге туың тік.

2.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

3.Акқу көлін аңсайды,Адам туған жерін аңсайды. 4.Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне.

5.Пәлен жерде пайда бар,    өз жеріңдей қайда бар?6.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. 7.Туған жердің торғайы: тұрымтайдай көрінер, құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.

8.Туған жер — тұғырың, Туған ел — Қыдырың.

9. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 

10. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен Туған елдің түтіні де тәтті екен.

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

«Кім тапқыр?»

1. Алматы қаласының қазіргі елтаңбасында не бейнеленген?

ü Артқы көріністе тау шыңдары бейнеленген, гүл тістеген барыста 8 аудан бейнеленген.

2. Әуезов ауданының негізі қай жылы қаланды?

ü 1972 жылы

3. 1972 жылы салынған, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте спорттық кешенін атаңыз?

ü Медеу

4. Алматы маңында, Іле Алатауының жанында орналасқан тау шаңғылық курорты қалай аталады?

Шымбұлақ

5. 2017 жылы 28-ші қысқы Универсиада жарыстары өткен спроттық кешендерді ата.

Алматы Арена

Халық Арена

Атлетикалық қалашық

“Медеу” мұз айдыны

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы

“Шымбұлақ” тау-шаңғы курорты

“Сұңқар” халықаралық трамплиндер кешені

“Алатау” шаңғы және биатлон кешені

«Табаған» ойын-сауық кешен

Айналайын!Атамекен, Ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен!- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай туған жеріміз, атамекеніміз біз үшін әрдайым ыстық.Өз жерімізді әрқашан қастерлейік, сүйейік, болашағына үлес қосайық.

Кері байланыс. Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Оқушылар бойындағы бейәлеуметтік мінез»

Сынып сағатының

мақсаты:

оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту;

мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті

жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.

Бағалау критерийлері:

оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейеді;

мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата алады;

Сынып сағатының түрі:

сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, кім жылдам, автор орындығы, сын

тұрғысынан ойлауды дамыту.

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

 слайдтар, қанатты сөздер, бейнежазба, үнтаспа

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

«Есімдер аллитерациясы»Нұсқау:Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып,өзіңіздің мінезіңіз туралы айтып кету керек.

Оқушылар мен ақылды–Ақнұрмын.Ақкөңілмін,тез ашуланам.

Топтастыру

2 түсті стикерлерді бір-бірден таңдап,бірдей түстілер бір топ болады.

Оқушылар стикерлердің түстеріне қарай 2 топқа бөлінеді.

«Ой қозғау» әдісі

«Ата ана мен бала» бейне жазбадан көрсетемін.

Жетелеуші сұрақтары:

Мына бейне жазбадан не байқадыңдар?

Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

Оқушылар бейне бойынша өз ойлаын ортаға салады.

Постер қорғау

«Жақсы адам», « жаман адам» қасиеттер жиынтығынан постер қорғау

Оқушылар берілген тақырыпшалар бойынша постер қорғайды

Іскерлік ойын – «Өзімді бағалаймын»

Таратылған парақтарды толтыруЖағымды қасиеттерім , Жағымсыз қасиеттерімСіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазамыз.1.Қандай қасиетеріңізді көп жаздыңыздар?2.Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?3.Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?4.Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болады.

Оқушылар өз бойларында бар жақсы және жаман қасиеттерін парақшаға жазады.

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Қорытынды

Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнеге тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.

Кері байланыс:

Өзіңе пайдалы мәлімет ала алдың ба?

Қандай әсер алдың?

Тақырыбы: «Өрттің пайда болу себептері»

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының тақырыбы:

«Өрттің пайда болу себептері»

Сынып сағатының мақсаты:

Өрт қаупі кезіндегі ең алғашқы қауіпсіздік ережелерін тұрмыстық

жағдайларда ескеруге машықтандыру.

Сынып сағатының міндеті:

  • Табиғатта болатын өрт қаупі кезіндегі ең алғашқы қауіпсіздік ережелерін ескеруге үйрету;
  • Өрт қаупі төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру

Бағалау критерийлері:

  • Өрт қаупі кезіндегі ең алғашқы қауіпсіздік ережелерін тұрмыстық жағдайларда ескереді.
  • Өмірдің өзгермелі жағдайында өздерін қорғай алады.

Сынып сағатының түрі:

Open Space

 Ашықкеңістіктехнологиясы-жиналыстарды,конференцияларды, корпоративтік көшпелі іс-шараларды, қоғамдастықтардың симпозиумдары

мен кездесулерін өткізу әдістемесі...Бұл жерде сынып сағатының ашық алаңдағы көрінісі ретінді.

Игерілетін дағды:

Айтылым

Ресурстар:

Флипчарттар,маркерлер,пазлдар,көрнектісуреттер,алғашқы

көмектің құралдары

Функциональдық

сауаттылық:

Жедел жағдаяттар кезіндегі сауаттылық

(оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты)

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Сынып жетекші алдын ала шара орынын таза ауадағы кеңістікте дайындап қояды. Бұл жердегі көрнекіліктерді қолдану оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай (1,2,3,4-сыныптар) өзгертіліп алынуы мүмкін.

Сынып жетекшісі оқушыларды өз қажетіне қарай топтарға бөледі.

Сынып жетекші: - От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды.Десек те, мына бейнебаянға назар аударсақ, оттың зиянды жағын да көреміз.(Оқушылар назарына гаджеттен ( топ санына қарай гаджет саны тең болуы тиіс) «Отпен ойнама, балақай!» бейнематериалы ұсынылады.) Тапсырма № 1

Бейнебаян мазмұны бойынша өрттің шығу себебін анықта және бейнебаян кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің дұрыстығына көңіл аудар.

Бейнебаян сілтемесіhttps://youtu.be/6V3tSWZCptc

Тапсырма №2

«Пазлдағы жасырынған ой» ойыны

Түрлі-түсті суреттердің қиындыларын (Пазл) жасырылған жерлерден тауып, құрастыру. Суреттер мазмұнын келесі топқа іс-қимыл жасап көрсет, қарсы топ ойды анықтап айтады және өз ойларымен толықтырады.

Тапсырма №3

«Сұрақтар жаңбыры» ойыны

Таза ауадағы қоржын ішіне жасырынған сұрақтарды таңдап, шешімін, шығу жолдарын топ ішінде талқылайды.

Сұрақтар:

-Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған? (себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)

-Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет?

(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)

-Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?

Соңы (бекіту)

(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта, багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)

-Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма? ( Болмайды. Себебі, сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне әкеледі).

-Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?

(электр қосқышты, разетканы пайдаланған кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде газдың жарылысы болады).

-Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?

(өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды).

Кері байланыс «Бэкроним» әдісі бойынша «Өрттен сақтан!» сөзінен сөздер құрау, ол сөздер бүгінгі айтылған ойдың нәтижесіндей болуы шарт.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

««Менің «мен» дегенім не?» және «Мен өзімді білемін бе?»»

Сынып сағатының мақсаты:

Сұрақтар қою арқылы жауап берушілердің ойларын бір ортаға

жинай отырып, өзінің «мені» арқылы өзін өзі тәрбиелеуге баулу

Сынып сағатының міндеті:

Жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке адамдар арасында пікірлесуді сыни ойлау стратегиялары арқылы

жүргізу.

Бағалау критерийлері:

Ортақ сауалға жауап беруге дағдыландыру;

Сауалдар қайшылығында өз пікірінде қалу және оны аргументті дәлелдей алуды меңгерту.

Сынып сағатының түрі:

Сократтық әдіс

Сократтық әдіс — жеке адамдар арасындағы өзара сәйкескен аргументті пікірлесу болып, ол сауал қоюды және сауалға жауап беруді негіз етіп сыни ойлауға ынталандырады, идеялар мен сол идеяларға таған болған

түбірлі жорамалдарды алып шығады.

Игерілетін дағды:

Айтылым

Ресурстар:

Флипчарттар, маркерлер, көрнекті суреттер, микрафон, т.б.

Функциональдық сауаттылық:

Тұрмыстық сауаттылық

Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Сынып жетекшісі сынып оқушыларын бір-бірін көретіндей етіп, дөңгелете отырғызады. Сынып ішінде жайлы әуен ойнап тұрады немесе мультимедиялық құрылғыда табиғат туралы жайлы бейнематериал қосулы болады.

Сынып жетекші әр адамның өзіндік мені туралы оқушыларға түсіндіріп өтеді, қажетіне қарай ғылыми негіздер, ғылыми пікірлер айтуына болады.

«Атмосфера орнату» әдісі арқылы сынып жетекші «Өмірде ең керекті білік пен дағды – қоғамда қарым- қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табыса білу деп ойлайсыздар ма?» сұрағын ортаға тастау арқылы оқушылардың өзара сәйкескен аргументті пікірлесуін ұйымдастырады. Тапсырма №1

«Өзіммен - өзім» тәсілі. Әдемі табиғат аясы көрсетіліп, музыка ойнап тұрады. Оқушыларға берілетін тапсырма сөйлемді әрі қарай жалғастыру. Мен бос кезімде...

Мен лицей президенті болсам... Мен лицейді бітірген соң...

Мен міндетті түрдежасаймын.

Тапсырма №2

«Әңгімелесетін әріптестер (Сыныптастар)» әдісі бойынша «Сократтық әдісті» жалғастыру.Пікірлердің әр алуандығына сәйкес сынып жетекші кереғар сұрақтар қойып, оқушылардың өз ойларын басқалардың ойымен алмастыруға бейімделуін қалыптастырады және нақты жорамалдармен түйіндейді.

Кері байланыс «Бір ауыз сөз» әдісімен бекіту.

Оқушылар бүгінгі сынып сағатында нені білгендігін бір ған сөйлеммен тұжырымдайды.

Немесе «Жан» мөлтексериялын тамашалау ұсынылады.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының тақырыбы:

Біздің қауіпсіздігіміздің ережелері

Сынып сағатының мақсаты:

Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерінАКТ құралдарын сауатты қолдануарқылы

меңгеруге машықтандыру.

Сынып сағатының міндеті:

  • Өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
  • Берілген әдіс арқылы тез, нақты сөйлей білуге дағдыландыру.

Бағалау критерийлері:

  • АКТ –ны сауатты қолдана алады.
  • Нақты әрі тез түсіндіруді меңгереді.

Сынып сағатының түрі:

Pecha-kucha

Игерілетін дағды:

Айтылым

Ресурстар:

Мультимедиялық құрылғы, сусындар, тәтті тоқаштар т.б.

Функциональдық сауаттылық:

Компьютерлік сауаттылық

Оқушылардың қатысымдық ақпараттық проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігі

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Сынып бөлмесі еркін форматты Pecha-kucha өткізуге бағышталып безендіріледі. Сынып жетекші Pecha-kucha бойынша толық түсіндіріп өтеді.

🗣Pecha — kucha (ペチャクク) жапон тілінен аударғанда "мылжың" деген мағынаға ие.

Pecha - kucha әдісін 2003 жылы Токиода тұратын австриялықтар Марк Дитхам мен Астрид Клейн ойлап тапты. Бұл технологияның алғашқы басқосуы 2003 жылдың ақпан айында Токиодағы SuperDeluxe барында өтті. Бастапқыда басқосу жас дизайнерлермен танысу, идеялармен алмасу және жобаларды көпшілікке ұсыну үшін бірреттік іс-шара ретінде ойластырылған еді. Кейін отырыстың өткізілу барысы қатысушыларға ұнап, адамдар "печа-куча" кешін жиі өткізуді сұрай бастайды. Осылайша, ақпан айында ғана ойлап табылған кеш 31 наурыз күні 71 отырысын өткізеді. Мұнда көрсетілетін презентациялар 20 суреттен тұрады, әрі олардың әрқайсысы 20 секунд қана көрсетілуі тиіс.Жиын модераторы 7 минут ішінде презентацияны түсіндіріп, сүйемелдеуге міндетті. Осы 7 минут аралығында (нақтырақ айтқанда 6 минут 40 секунд) кез келген тақырыпта пікір алмасуға рұқсат. Тақырып таңдауда ешқандай шектеу жоқ.

«Миға шабуыл» әдісі

  • «Қауіпсіздік» дегенді қалай түсінесің?
  • Қауіпсіздік ережелері не үшін қажет?

Сынып жетекші өзі дайындаған слайдтары бойынша тақырып аясында жұмысын таныстырады.

Кері байланыс «Бір сөйлеммен түйінде» әдісі арқылы бекіту.

    • Қауіпсіздік ережелерін сақтау қаншалықты маңызды?
    • Қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары қандай болуы мүмкін?
    • Өзің қауіпсіздік ережелерін қаншалықты сақтайсың?

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

Өзіңнің ішкі әлеміңмен тепе-теңдікте қалай өмір сүруге болады? Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің желісі бойынша

Сынып сағатының мақсаты:

Берілген тақырып аясында шынайы өмір шындығын шығармадағы

кейіпкер бейнесімен байланыстыра талдау арқылы өзін өзі қабылдай алуды саналы меңгерту

Сынып сағатының міндеттері:

Жеке тұлғаның ішкі дүниесі - адамның психикалық шындықтары, адамның саналы рухани өмірінің ерекшеліктері туралы кестемен жұмыс

жасату арқылы оқушылардың өзін өзі қабылдауын меңгерту.

Бағалау критерийлері:

  • Берілгентақырыпаясындашынайыөміршындығын кейіпкер бейнесімен салыстырады.
  • Талдаубарысындаөзінөзіқабылдайалудысаналы меңгереді.

Сынып сағатының түрі:

Bookwill

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Флипчарттар,маркерлер,көрнектісуреттер,микрафон,

мультимедиялық құрылғы т.б.

Функциональдық сауаттылық:

Тұрмыстық сауаттылық

Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Bookwill-кітап сөрелерінің жинағы. Сынып іші кітапхана немесе кітап дүкені сияқты безендірілген. Сынып жетекші-кітапханашы Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің желісін түсіндіріп өтеді.

«Кері ой қозғау» әдісі бойынша төмендегі сұрақтар оқушылар назарына ұсынылады:

  • Ләйләнің өміріндегі ең басты қиындық не деп ойлайсыздар?
  • Қатира апасының көрсеткен қорлығы жауапсыз қалды ма?

Тапсырма №1

«Кейіпкерлерге мінездеме» әдісі бойынша кестені толтыр. Кестенің екінші нұсқасын өзіңе қарата толтырып көр.

«Кейіпкерлерге мінездеме»

«Өзіме мінездеме»

Тапсырма№2

Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі бойынша абстрактілі сурет сал. Өз суретіңді шынайы өмірмен байланыстыра түсіндір.

Кері байланыс«Кішкентай адам» әдісімен бекіту.

-Бас, қандай мағлұмат алдың?

-Жүрек, саған ұнады ма,ұнамады ма?

-Қол, бүгінгі сабақта не істей алдың?

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының тақырыбы:

"Қайырымды көршіме рахмет!"

Сынып сағатының мақсаты:

Баланың бойына рухани-адамгершілікқасиеттерді ұялату арқылы адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Сынып сағатының міндеті:

-Мейірімділіктің, қайырымдылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

-Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

Бағалау критерийлері:

-Қонақ бөлме қонағымен сұқбат жүргізу барысында адамдық асыл

қасиеттерді игереді.

Сынып сағатының

түрі:

Қонақ бөлме

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Флипчарттар,маркерлер,көрнектісуреттер,микрафон,

мультимедиялық құрылғы т.б.

Функциональдық сауаттылық:

Тұрмыстық сауаттылық

Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Сынып іші «Қонақ күтетін бөлмеге» сәйкес безендірілген. Ортада қонаққа ыңғайлы отыру үшін жұмсақ кресло (диван) қойылған. Сынып жетекшісі жергілікті жерге танымал, мейірімді, қамқорлық жасаумен аты шыққан тұлғаны сыныпқа таныстырады.

Кеш жүргізушісі(сынып жетекші): - Жақсы сөз айту,жақсылық жасау- әрбір адамның міндеті. Әрине,жылдың әр күні мейірімді, қайырымды болуғатырысуымызкерек.Алайда,көпжағдайдаалғысайтуды ұмытып,немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз.Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар-олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоцияларсыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту-адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері-адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. (Қонақпен сұқбат жүргізіледі) Тапсырма №1

«Ашық микрафон» әдісімен ортаға оқушылар шығып, өздерінің алғыс айтқысы келетін адамдарын атайды, және не үшін алғыс айтқысы келетіндіктеріне тоқталады.

Тапсырма №2

«Қайырымды көршіме, рахмет!» ойыны бойынша ортаға ерікті шыққан 5 оқушы өздерінің алғыстарын телефон арқылы (видеобайланыс)көршісіне айтады.

«Минуттық шешім» әдісімен кері байланыс жүргізу.

(Оқушылар тарау кезінде оқылған аса маңызды тармақтарды (пайдалы, мағынасы бар) анықтайды.)

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

Жастарарасындағықосалқымәдениет.Жастарбейресми қауымдастықтарының ерекшелігі.

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларға Жастар және мәдениет туралы жағдаяттар ұсына отырып, өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

Тақырып аясында ұсынылған жағдаяттарды талқылауда ортақ пікірге келуге машықтандыру;

Кез-келгенортадаөзінмәдениеттіұстаудыңерекшеліктерін меңгерту.

Бағалау критерийлері:

  • Ұсынылған жағдаяттарды талқылауда өзіндік пікірін қорғай біледі.
  • Өмірдің түрлі жағдайында қиындықтан шығудың жолын табуға талпынады.

Сынып сағатының

түрі:

«The world cafe» (әлемдік кафе)

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Флипчарттар, маркерлер, пазлдар, көрнекті суреттер

Функциональдық

сауаттылық:

Жедел жағдаяттар кезіндегі сауаттылық

Оқушылардың әлеуметтік мәдени дамуының өлшемі

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Сынып жетекшісі алдын ала сынып бөлмесін кафе үлгісінде (парталардың топтың үлгісі) дайындап қояды. Бұл жерде «үстел» үстінөзге елдердің кафелеріндегідей етіп безендіру (суреттерін ілу)немесе қбырғаны интерьерлік заттармен әсемдеу ұсынылады. Сынып белсенділері даяшы ретінде қызмет атқаруын үйлестіру сынып сағатының әсерлі өтуіне жағдай туғызады. «Даяшылар» қонақтардың кафеге өтіп, орналасуына ілтипат көрсетеді.

Сынып жетекші (фасилитатор) ортаға сұрақтар жазылған қағаздарды жолдайды.

  • Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?
  • Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіздер?
  • Қазіргі жастардың талғамдары қандай?

Тапсырма №1

«Жағдаяттар тасқыны» әдісі бойынша ұсынылған жағдаяттарды топ ішінде, сынып ішінде талқылау, пікірлерден постерлер қорғау.(немесе

«Тілші микрафоны» әдісі арқылы сұқбат жүргізу)

Тапсырма №2

«Әйнек арқылы сөйлесу» әдісі бойынша оқушылар жұптаса отырып, өздеріне берілген жағдаятты бір-біріне ортада дыбыс естілмейтін әйнек тұрғандай ымдап, көрсетіп, түсіндіруі керек. Бұл жерде ескерілетін мәселе жастардың арасындағы өзара түсінушілік қасиеттің мәдениетке әсері.

«Кері байланыс бутерброды» әдісімен бекіту.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

Компьютерлік ойындар – шынайы өмірден алыстау немесе таным белсенділігін дамыту

Сынып сағатының мақсаты:

Мектеп оқушыларына компьютердің денсаулыққа әсері және компьютерлік ойындардың зияны туралы саналы ұғындыру, білімдерін нығайту және компьютедің зиянымен пайдасын ажырата білуге

тәрбиелеу.

Сынып сағаттарының міндеті:

  • Компьютердіңзияныменпайдасытуралытолықой қалыптастыру;
  • Өз ойларын тиянақты айта білуге, бір-бірін тыңдай білуге

машықтандыру.

Бағалау критерийлері:

-Компьютердіңденсаулыққазияндыжақтарынсаналы ұғынып, оның пайдасы мен зяинды жақтарының ара-жігін

ажырата алады.

Сынып сағатының түрі:

Теле-көпір

Игерілетін дағды:

Айтылым

Ресурстар:

Ғаламтор, мультимедиялық құрылғы, слайдтар, микрафон

Функциональдық сауаттылық:

Компьютерлік сауаттылық

Оқушылардың білім, білік дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Теле-көпірге алдын ала жоспарлы түрде байланысқа шығатын қатысушылар шақырылады (мысалы, блогерлікпен танымал болған тұлғалар, компьютер ойындарының «құрбаны» болған адамдар, компьютер арқылы өз кәсібін дамытып отырған жандар болуы мүмкін. Кейбір жағдайда оқушылардың ата-аналарын да қатыстыруға болады). Қатысушылармен экранда еркін пікірлесу үшін бөлме ішінде барлық ұйымдастыру шаралары жасалынып, керекті құралдармен жабдықталады.

Жүргізушішарамақсатынайтып,кездесугеқатысушыларды таныстырып өтеді.

Экраннан компьютердің зиянды жақтары мен пайдалы жақтарын сипаттайтын бейнематериал көрсетіледі.

Бейнематериал сілтемесіhttps://youtu.be/DN1QrtoK3Jc

Бұл кезеңде екі жақ арасында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, пікірлер талқыланады.

Үлгі сұрақтар:

  • Компьютердің айқын артықшылықтарына қарамастан, оның адам денсаулығына теріс әсері туралы белгілі.Осы орайда, компьютермен жұмыс кезінде ең басты ескеретін мәселе қандай болмақ?
  • Компьютерге еркінен тыс тәуелді болып "байланудан" сақтану жолдары қандай?
  • Компьютердегі жұмысты регламенттеудің артықшықытары қандай болмақ?
  • Компьютердің «құлағында ойнайтын керекті маман болудың» жолдары қандай? Ең негізгі деген қандай программаларды білген дұрыс?

Кері байланысты «Мен саған, сен маған» әдісімен жүргізу, теле-көпірді қорытындылау. (Бұл жерде оқушылардың ата-аналары қатысқан

жағдайда «Отбасылық құндылықтар» сәйкестендіру кестесін қолдануға болады)

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

Адамгершілік шуағы сөнбесін

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушылардың бойына қазіргі кезде адамзатты толғандырып отырған өткір мәселелердің рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;

Сынып сағатының міндеті:

Оқушылардың қоршаған ортаға,айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және ізгі қасиеттерді түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту;

Бағалау критерийлері:

Оқушыларды ұлттық тәрбиеде үлкенге құрмет,кішіге қамқор,қайырымдылық,мейірімділік,ізеттілік,әдептілік пен кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сынып сағатының

түрі:

сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жауап,іздендіру.

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

АКТ,үнтаспа,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер, қима қағаздар,суреттер.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

І.Қызығушылығын ояту

1.Психологиялық ахуал: ( суреттер бала күліп тұр, ренжіген бала, жылап отырған бала, соғыс, дауыл, су тасқыны т.с.с )

-Балалар, экраннан өздеріңе ұнамаған суреттерді алып тастайық.

-Енді осындай жақсы көңіл күймен тәрбие сағатымызды бастаймыз.

2.Топқа бөлу. 4 топқа бөлінеді. ( Мейірімділік ,қарапайымдылық,имандылық,білімді)

(Ой қозғау)

(Слайдта жүрек суреті мен дыбыс)

-Балалар,бұл естіп тұрғандарың не деп ойлайсындар?

-Жүрек.

-Жүрек соғып тұр деген не ?

-Тіршіліктің бар екендігінің белгісі.

-Бұл өмірде адамдардың жүрегі кім үшін соғады?

-Ең жақын адамдар үшін.

-Біздің жүрегіміз неге толы болу керек?

-Мейірімділік,адалдық,еңбекқорлық,имандылық т.б жақсы қасиеттерге толы болу керек.

-Осы айтылған сөздерді бір сөзбен не деп айтуға болады?

-Адамгершілік.

Мұғалім: -Олай болса,бүгінгі тәрбие сағатымызды «Адамгершілік шуағы сөнбесін» тақырыбында ой өрбітеміз.

АКТ-дан( суреттер апаға көмектескен, жолдан өтуіне, құстың сынған қанатын орап жатыр,жоғалған балаға көмектесіп тұр, зағип адамды,коляска да отырған адамға көмек,т.с .с) көрсету.

-Ең алдымен суреттерді көріңдер де ойланып «Адамгершілік»деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Мағынаны тану.

Енді осы ойымызды одан әрі өрбіту үшін “Жақсылық жасау ,бәріміздің қолымыздан келеді” бейнефильмді көрейік.

Әр топқа шығармашылық тапсырма беріледі. Топтарға шығармашылық тапсырма:

1-топ. “Қуаныш сыйла бір жанға” сахналық көрініс.

2-топ. Бейнефильмді талдау

3-топ. Мені толғандырған бір ой.

ІV.Танымдық ойын: «Адамгершілік шуағы сөнбесін» (Жанып турған балауыз шамды тезірек бір -біріне беру)

-Міне балалар,әр адамның көңілі,әр адамның өмірі осы жанған балауыз шам деп есептесек,қасымыздағы жақындарымызды ренжітіп алмау үлкен жауапкершілікті,үлкен жақсылық пен қамқорлықты қажет етеді.Бір жерден мүлт кетсек адам көңіліне қаяу түседі.Сол себепті де сен деп соққан жүректі аялай білу керек.

V. Постер құру

«Кері байланыс «Менің де қолымнан қайырымдылық жасау келеді» деген жазуы бар плакатқа қатысушылар қолдары бастырылған түрлі түсті қағазға, өз ойларын жазып қояды

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

Қыздарға қырық өнерде аз

Сынып сағатының мақсаты:

қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

Бұрынғы салт - дәстүрді жаңғырта отырып, қазіргі таңдағы қыздарға қазақ халқының тәрбие маңызын, ақыл кеңесін түсіндіру.

Бағалау критерийлері:

қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

«Қыз - елдің көркі» газеті, суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер. Проектор.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл - жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар», т.б.

Халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.

Оқушыларға тапсырмалар беріледі.

1. Бүйіріңді таянба2. Үлкеннің алдын кеспе3. Табалдырықта тұрма4. Өзің су ішкен құдыққа түкірме5. Жағыңды таянба1. Қайта кірер есігіңді қатты жаппа2. Қайын жұртыңның атын айтпа3. Келін болсаң, орамалды басыңнан тастама4. Табалдырықта отырма5. Тізеңді құшақтама6. Екі елі аузыңа төрт елі қақпақ

Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

Ибалы ұл, инабатты қыз

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушылар адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп,өмір заңдылықтарын білу

Сынып сағатының міндеті:

– оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата білуге үйрету;

-оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге баулу;

Бағалау критерийлері:

-. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және рухани білімін байыту

-ойын еркін,дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;

Сынып сағатының

түрі:

Әңгіме сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

нақыл сөздер,маркер, ватман ,интерактивті тақта, видео ;

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

(Музыка ойнап тұрады.)

Орнымыздан қол ұстасып тұрайық

Бір-бірімізгі жылы жүзбен қарайық,

Бізге келсін нұр іздеген қуаныш.

Бүгінгі күнге бір-бірімізге сәттілік тілейік

Балалар,мен осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар оқушыларымды көргеніме өте қуаныштымын.

Әр топқа сөз қиындысын таратамын. Топта «Ибалы ұл,инабатты қыз-өмір көркі» сөйлемді құрастырады. Ұлағатты сөздің мағынасын ашу

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады.Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке,қадірлі отағасы,елді қорғайтын ер,батыр,би,ақын,ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке,қайсарлыққа,кешірімді болуына,өнерге,білімге,салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала-қазақта шаңырақ иесі,ер-азамат ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.

Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі,алдын кесіп өтпеуі,үлкен тұрып кішінің,әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ халқы қыздарын «үйдің құты,ауылдың көркі,береке-бірлік пен татулықтың ұйытқысы» деп ерекше құрметтеп,аялап,ардақтаудың арқасында,қазақ халқында ақыл-парасатымен ел билеп,ру-тайпа басқарған көсем,шешен,би,аты аңызға айналған батыр,әулие аналар,ел жұрты аттарын қадір тұтқан қасиетті,киелі әжелер көп болған.

ІІ. Мағынаны тану 7 минут топтарға тапсырма

Қыздарға Ұл баланың тәрбиесі қандай болу керек

Ұлдарға Қыз баланың тәрбиесі қандай болу керек тақырыпта постер құру

Қорғауға әр топқа 2 минут уақыт беріледі.

ІІІ. Ойланайық пікірлесейік. 4 минут

Ұлдарға сұрақ:

Қыздың көркі деп нені түсінесің? (ең бірінші мінезі,әдептілігі,әрине сыртқы келбеті)

Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?

Қызға қандай қылық жараспайды?

Қыздарға арнап мақал айт.(Қыз өссе елдің көркі. Таудың көркі тас,қыздың көркі шаш. Қызға қырық жерден тыю. Анаға қарап қыз өсер)

Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды?

Қыздарға сұрақ:

Ұлдарға қандай қылық жараспайды? (бұзақылық,сотқарлығы,кісіні сыйламайтыны)

Ұлдарға арнап мақал айт.

Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды?

Атадан жақсы ұл туса,елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

VІ. Видеоны көру және талқылау

V. Жағдаяттарды талдау

І топ 1.Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады.Сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты.Самал жылап жіберді.

-Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.

2 топ Әлия жүгіріп келе жатқанда Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте берді.Ыза болған Алия Ғалымды итеріп жіберді де, өзіңе де осы керек деді

Әлия мен Ғалымның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар едіңдер?

3 топ .Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма берді. Бірақ оқушылар бір-біріне сілтеді . Қыздар бүгін ұлдар жуады, ал ұлдар қыздар жуады деп таласты. Сонда Сұлтан: -Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?!Мен бұл тапсырманы орындай алмаймын. – деді.

-Сұлтанның орнында болсаңдар , сендер не істеген болар едіңдер?

Сонымен балалар,бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік?

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Ұлттық тәрбие ұлт болашағы»

Сынып сағатының мақсаты:

Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

1)Ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен дінін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

 Білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

         Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр.

Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. .

Ұлттық тәрбие:

1.      «Отбасындағы ұлттық тәрбие»

2.      «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»,

3.     «Мектептегі ұлттық тәрбие»    деп бөліп талқыланады.

Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ  жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.

Кері байланыс: «Адасқан әріптер» оқушылардың жеке-жеке ойы тыңдалады.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Отбасы тәрбие бастауы»

Сынып сағатының мақсаты:

Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.

Бағалау критерийлері:

Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,баяндамалар, плакаттар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Топқа бөліну: «Әке», «Ана», «Бала», сөздері арқылы топқа бөлу

Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

ІІ. Миға шабуыл (сұрақ - жауап)

Оқушыларға:

1. Отбасы құрамына кімдер кіреді?

2. Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсініктеме беур?

3. Ұл мен қыздар жасына қарай қалай аталады?

4. Отбасының негізгі міндетін атқаратын кімдер?

5. «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Отбасының ұйытқысы кім?

7. Отбасының басшысы кім?

ІІ. Ассоцация құру: ( Әке, Ана, Бала )

Оқушыларға сұрақ: 3 топқа кеспе қағаз беріледі.

1. Отбасы бақыты деген ол?

2. Білім алуға сендерге жауапты кім деп ойлайсыңдар?

3. Бақыт дегеніміз не?

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.

ҮІ. Бейне ролик көрсетіледі. Оз ойларын айтады.

V. Постармен жұмыс: Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру.

Сүйіспеншілік сипаты. Отбасының бақыты үшін не керек? деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк алмаға жазып, ал отбасы жағдайын бұзатын ойларыңызды сары алмаға жазып ілулі тұрған алма ағашына апарып жапсырыңыз.

Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі.

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының

тақырыбы:

«Отбасы тәрбие бастауы»

Сынып сағатының мақсаты:

Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру.Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Сынып сағатының міндеті:

Баланың жан - жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата - анасын, жора - жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.

Бағалау критерийлері:

Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.

Сынып сағатының

түрі:

Тәрбие сағаты

Игерілетін дағды:

Айтылым, жазылым

Ресурстар:

Үлестірмелі кестелер, даналық сөздер, компьютер,баяндамалар, плакаттар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

Алғашқы сөз (кезең)

Ортаңғы кезең Тапсырмалар легі

Соңы (бекіту)

Топқа бөліну: «Әке», «Ана», «Бала», сөздері арқылы топқа бөлу

Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

ІІ. Миға шабуыл (сұрақ - жауап)

Оқушыларға:

1. Отбасы құрамына кімдер кіреді?

2. Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсініктеме беур?

3. Ұл мен қыздар жасына қарай қалай аталады?

4. Отбасының негізгі міндетін атқаратын кімдер?

5. «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Отбасының ұйытқысы кім?

7. Отбасының басшысы кім?

ІІ. Ассоцация құру: ( Әке, Ана, Бала )

Оқушыларға сұрақ: 3 топқа кеспе қағаз беріледі.

1. Отбасы бақыты деген ол?

2. Білім алуға сендерге жауапты кім деп ойлайсыңдар?

3. Бақыт дегеніміз не?

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.

ҮІ. Бейне ролик көрсетіледі. Оз ойларын айтады.

V. Постармен жұмыс: Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру.

Сүйіспеншілік сипаты. Отбасының бақыты үшін не керек? деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк алмаға жазып, ал отбасы жағдайын бұзатын ойларыңызды сары алмаға жазып ілулі тұрған алма ағашына апарып жапсырыңыз.

Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу