Әңгімелер

Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.

Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.

Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.

ОРМАНДАҒЫ АЩЫ ҮН

1941 жылдың күзгі мизам шуағы елескен тымырсық мезгілі. Шөп қурап басы тұқылдана салбырағанымен төңіректегі тоғай өңін бере қоймаған. Белоруссия майданы 2-ші соққы әскер девизиясының 5 -ші полк жаяу әскерін бөліп белгісіз қалың жынысты орман алаңқайына қазықтай қадады. Полк құрамында кеңес үкіметінің жығындағы әмбе нәсілдің түр-түрлісі құжынаған. Соғысты көзбен емес , құлақпен естіген 1500 дей кәрі -жасы аралас сарбаздар иық тіресіп етіктеріне шалынып жүргендері бір айдың жүзі . Төбедегі көкті гүрілдей тіле ұшқан жойғыш ұшақтың гүрілі демесең , майдан....

Әңгімелер
Толық

Әзіл-оспақты, қалжың, күлкілі

Алыстағы ауылға газеттен тілші келіп, шопаннан:
- Айтыңызшы, бір қой қанша жүн береді? - деп сұрайды.
- Қайсысы, ақ қой ма, әлде қара қой ма? - дейді шопан.
- Мысалы, қара қой?
- Ә-ә, қара қой 3 келі жүн береді.
-  Ал ақ қой ше?
- Ол да 3 келі.
- Әр қойдан қанша....

Әңгімелер
Толық

Ленинмен және Сталинмен келіссөз жүргізген

Елiмiздiң ертеңi, ұлттың болашағы үшiн бойындағы бар күш-жiгерiн сарқа жұмсап, өз өмiрiн құрбан еткен Алаш азаматтары қаншама. Саяси қуғын-сүргiнге ұшырап, адам төзгiсiз азаптарды көрiп, ақыры атылып кеткен ардақтылардың бiрi Жаһанша Досмұхамедов едi.

Әңгімелер
Толық

Мен жылтырақ тағатын қатын емеспін

Оспан батырды да Сталин кезінде өз жағына тартуға тырысып, қауіпсіздік министрлігінің барлау қызметінің басшысы генерал Ланфанг, кеңесшісі Греднев, Ішкі Істер министрінің кеңесшісі генерал Пахомов пен Моңғолиядағы Сәвет елшісі Ивановтарға батырмен байланысуды тапсырған. Осындай мақсатпен олар....

Әңгімелер
Толық

Қияли

Оның қияли түгі де жоқ, ауылдың көп адамдарының бірі ғана. Бірақ қиялилау екені де рас, жұрттың бəрі айтып жүр.
«Əдейі күлдіру үшін істейді» деп, ол жігіттің барған сайын ел аузынан тастамайтын қылжақбас атанып бара жатқанын қызғанатындар да табылатын. Басқаларды білмеймін, əйтеуір, өзім қара жолдың шетіндегі қос бөлмелі ағаш үйге көзім түскенде, сол алқам-салқам қорасы бар, жұпыны баспананың маңында жыбыр-жыбыр....

Әңгімелер
Толық

Махаббатсыз дүние бос

Махаббат туралы талай ақын мен жазушылар жазатынның бәрін жазып тауысқан секілді. Бұл тақырыпқа келгенде Абай атамыздың «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деген сөзі есіме түседі. Меніңше махаббат деген «сүйемін» деген сөзбен, бірге болып, үйленумен анықталмайды, шектелмейді. Ол ғашықтықтан да, сүюден де артығырақ, ауқымдырақ ұғым. Адам махаббатты сезіне білу үшін ең біріншіден ол Жаратушыға оған өмір бергені үшін, адамзатқа табиғатты мінсіз етіп жатарқанын бағалап, соған шүкіршілік ете білу арқылы, анасына алпыс екі тамыры иіп, түн ұйқысын төрт бөліп, осы күнге дейін жеткізгені үшін оны сыйлау арқылы сезіне алады.
Адал махаббат, пәк махаббат тек қана Жаратушыға....

Әңгімелер
Толық

Ұзақ уақыт бойы хабарласпаған досқа арнау

Достым, сен алаңдама, сенің маған хабарласпай қоюыңа, менің саған хабарласпай қоюыма біздегі достық сезімнің өзгеруі кінәлі емес, қайта біздің өмір сүру ортамыздың өзгергені себеп болды. Тек қана біздің бір кездері дос болғанымыз есімізден көтеріліп кетпесе екен деп тілеймін! Біз үнемі бір-біріміздің жанымызда жүре бермейміз, қазір тіпті СМС жазу деген атымен жоғалған. Әр кім өз басындағы қуанышы мен қайғысын бірінші болып сенімен бөлісуге....

Әңгімелер
Толық

Өлейін десем ақшам жоқ


“Өлем” деп ойладым. Өлгенде, бекерден бекер өле салмайсың ғой, "просто' қатынымның “жұрттың өзіңдей еркектері” деген сөзі өтіп кетті да. Өзім пәтер жалдап тұрамын, айлығым жер алып, үй салуға жетпейді, қарыз деген шаш етектен...

Әңгімелер
Толық

Жеті шелпек туралы құпияны білесіз бе?

Бүгін де «Апа, апатай» деп оянған Айсәуленің жағдайы бәрімізді алаңдата бастады. 4 күннен бері жылап оянатынды шығарды. Алғашында балалармен күндізгі тартысы түсіне кіретін болар, шошынып қалған шығар деп мән бермедік. Жұбанған соң ашылып ештеме де айтпайды.


  Осы мәселемен дәрігерден де кеңес сұрадым, қажетті ем-домын қабылдадық. Ауладағы достарымен де қарым-қатынасы жақсы. Олармен тату-тәтті ойнайды. Отбасылық....

Әңгімелер
Толық