Әзіл-оспақты, қалжың, күлкілі
Алыстағы ауылға газеттен тілші келіп, шопаннан:
- Айтыңызшы, бір қой қанша жүн береді? - деп сұрайды.
- Қайсысы, ақ қой ма, әлде қара қой ма? - дейді шопан.
- Мысалы, қара қой?
- Ә-ә, қара қой 3 келі жүн береді.
- Ал ақ қой ше?
- Ол да 3 келі.
- Әр қойдан қанша сүт саууға болады?
- Қайсысынан, ағынан ба, әлде қарасынан ба?
- Ағынан, болсын?
- Ә-ә, ағынан 2 литр саууға болады?
- Ал, қарасынан ше?
- Одан да 2 литр.
- Әр қой тәулігінен қанша шөп жейді?
- Қайсысы, қарасы ма, әлде ағы ма?
- мысалыға, қарасы?
- 5 келі.
- Ал, ағы?
- Ағы да 5 келі.
- Егер сойса, әр қойдан қанша е шығады?
- Қайсысының, ағынан ба, әлде қарасынан ба?
- Тілшінің төзімі таусылып:
- Ал, айталық, ағынан? - деп айғайлайды.
- Е-е, ағынан ба? Одан 15-20 келі ет.
- Қарасынан ше?
- Одан да 15-20 келі...
Тілші қатты ашуланады:
- Сіз не басты қатырып отырсыз? Сонда ақ қой мен қара қойдың арасында қандай айырмашлық бар?
- Қара қойлар - менікі, дейді шопан жайбарақат.
- Ал, ақ қойлар ше? - деп тілші жынданып кетердей бақырады.
- Ақ қойлар да менікі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?