Мен жылтырақ тағатын қатын емеспін


Оспан батырды да Сталин кезінде өз жағына тартуға тырысып, қауіпсіздік министрлігінің барлау қызметінің басшысы генерал Ланфанг, кеңесшісі Греднев, Ішкі Істер министрінің кеңесшісі генерал Пахомов пен Моңғолиядағы Сәвет елшісі Ивановтарға батырмен байланысуды тапсырған. Осындай мақсатпен олар Оспан мен Моңғол елінің басшысы Чойбалсынды 1944 жылғы қазан айының 5-і күні шекара маңында арнайы жолықтырады. Кездесуде Кремльдің агенттері Моңғолияның атынан Оспанға біраз қару-жарақ беріп, ең жоғарғы награда «Қызыл Ту» орденін қолына ұстатады.


Алтын секілді салмақты нәрсені олай-бұлай ұстап көрген батыр: - Мынаны біздің жақта теңге дейді, мұны қатындар шылауышына тағады, мен жылтырақ тағатын қатын емеспін,- деп пеш түбінде тезек көсеп отырған әйелге: - Мә, Бәтіш қарағым, мынаны сен ала ғой,- деп лақтырып жіберіпті. Келесі жылы көтерілісшілер Алтай аймағын гоминданнан азат етіп, Үш аймақ үкіметі құрылады. Осы үкіметтің басшысы генерал-лейтенант Ысқақбек Мононов та Алтайға келіп, Ошыңға сол кездің ең жоғарғы атағы «Азаттық» орденін береді. Батыр тағы да мырс етіп күліп: «Теңге-моншақты біздің елде тек қыз-келіншектер тағады» деп оны да әйеліне лақтыра салыпты...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. менменменмен
    менменменмен 24.02.2021 17:19
    0 + 1 -
    рггаг от г рот при нмұқашев асқар ангел комб б ақжол ақмола көрді валют

Ілмектер: жылтырық, әйел