Отбасылық альбомның кейіпкері
«Отбасылық альбомның кейіпкері» (соғыстың ызғары маңдайына тиген отбасы мүшелері туралы әңіме)
Осыдан 70 жыл бұрын дүние жүзі тарихындағы ең сұрапыл қантөгіс соғыс аяқталды. Бұл мейрамды бұрынғы Кеңес Одағына 15 одақтас соғысы – халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Адамзат тарихында үлкенді - кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымды, құрбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жан түршігерлігі – екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жылдары бізден бірте - бірте алыстаған сайын оған деген көзқарас та өзгеріп келеді. Жаңа кезеңнің бір қасиеті - баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың соңы қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым Ұлы Отан соғысының тарихында да тікелей, әрі толығымен қатысты. Осы күндері әр Қазақстандық, әр жанұя, барлық халық естен шығармас - 1945 жылғы 9 мамырды жадында сақтап өмір сүріп келеді.
Ананы баласынан, баланы әкесінен айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен ел өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен ғаламат соғыстың жеңіспен аяқталғанына - 70 жыл толды. Фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Бас көтерер ел ұландары арын да, жанын да жеңіске арнады. Қазақстандықтар алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да, басқалармен қатар Брест қорғанын қорғағандардың қатарында да бар еді. Мыңдаған кеңес жауынгері мен офицерлерінің табандылығы мен ерлігіне қарамастан соғыс алғашқыда қайғылы жағдайда өрістеді. соғыстың алғашқы айларында ауыр жеңіліске ұшырауымыздың себебі көп еді. Біріншіден, 12 мемлекетті басып алған және 14 одақтасы болған жаудың күші басым еді. Алайда 1941 жылғы жеңілістің себебі, жаудың күші ғана емес, сонымен бірге кеңес басшылығының есебінен жаңылуынан болды. КСРО соғысқа одақтастарсыз кірді. Соғыс қимылдарының басталуына дейін армия қатары толықтырылып, қайта құрылып, қаруландырылмаған болатын. Оның жауынгерлік даярлық дәрежесі мен тәртібі 1937 – 1938 жылдардағы жазалаудан кейін төмен еді. Осының бәрінің салдарынан Кеңес әскерлері бірсыпыра жеңілістерге, адам күші мен техникасы жағынан көп шығынға ұшырады.
Ел басына қиын - қыстау күн туған Ұлы Отан соғысының отты жылдарында көп ұлтты совет халқы мен жеке бас тағдырын ойлап, бас сауғаламады. Бәрінің мақсаты – қасиетті жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап, жеңіс күнін жақындату болды. Партияның шақыруымен бүкіл еліміз өз жұмысын соғыс жағдайына лайықтап, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен жауды жеңу жолына бағындырды. Әйелдер мен балалар еңбек майданында аянбай еңбек етті. Қазақ халқының жүз мыңдаған ұлдар мен қыздары Отан соғысы майданында еліміздің баксқа ұлт өкілдерімен бірге неміс фашистерін талқандау ұрыстарында шайқасып жүргенде тылдағы қыз - келіншек, аналарымыз ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Біздің алдымызда қиындықты жеңе білген, ар – намысты биік ұстаған аға - ұрпақ өкілдері бар, олар бізге - өнеге. Отан үшін өмірін қиған ерлеріміздің ерлігі бүгінгі жас ұрпақ есінен шығармақ емес. Өткеніміз ұмытылмақ емес.
«Ауылына қарап, азаматын таны» дей ме қазақ?! Ерлігі үлгі болар аталарымыздың бірі – Мүсали Мұқаш. Ол кісінің кіші ұлы – Ермек аға, біздің үй арасында үй жоқ көршіміз. Біз олармен жақын туыстан артық араласамыз. Ермек аға әкесінің соғыста болғанын кішкене кезімде айтқан болатын. Сол әңгіме жадымда қалып, қайдан есіме түскенін қайдам, кейіннен Мұқаш ата туралы толығырақ білгім келіп, атаның естеліктері туралы сұрадым. Менің қызығушылығымды оятқысы келді ме, Ермек аға маған ол кісінің ескі фото альбомы мен жұлым - жұлымы шыққан бір бума ескі қағаздарды қолыма ұстатты. Үйге асыға жетіп, ақтара бастадым. Орысша жазылыпты.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Источник: bilimdiler.kz
Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?