Ғабиден Қожахмет | Келіншек

  Ғабиден Қожахмет | Келіншек


Күйеуінің қолы тиіп кеткен еді. Бұрынғы сезіммен қосылып тұрмысқа шыққан көңілінде содан кейін оған деген пайда болған өкпе ме, реніш пе, әйтеуір, бірдеңе бұрынғы оған арналған жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімімен бірге ішкі сарайында бірін-бірі жеңе алмай, итжығыс түсіп, алмасып келді де отырды.

- Айдын, әу, Айдын! Мына көйлекті киіп көрші! Саған алып едім! Қане! Дұрыс алған екем ғой! Мә, керемет жарасып тұр екен! Тура бір көйлектің жарнамасындағы жігіттердей болдың да қалдың! (Осы кезде ұрғаны есіне түсіп кетіп, ішінен). Қолың сынғыр, қолың сынғыр. Мені ұрған қолың сынып қалмайды-ау сенің. Қолың сынып, көйлектің жеңі салбырап тұрса, жақсы болар еді.

- Айдын, әу, Айдын! Ертең Жұмабектер қарындасын ұзатқалы жатқан жоқ па? Осы көйлекті сол кезде киіп барасың ғой! Жарасымды болып барғаның өзіңе жақсы ғой! (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Сені кім шақырғалы жатыр соған?! Тек мен жүргесін шығар қасыңда.

- Айдын, әу, Айдын! Ертең Жұмабектің үйіне барғанда, ой, інішектер шығады ғой алдыңнан. "Айеке, ассалаумаликум! Айеке, ассалаумаликум!" - деп. Сыйлағаны ғой енді. Інішектер, қайтсін, аға деп сыйлап тұрады ғой. (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Сені қайбір сыйлайын деп, сыйлап жатыр дейсің солар? Елу грамм ішкеннен кейін: "Інішек, не, әлдеқандай болып қалдың ба?! Бағана неге амандаспайсың ағаңа?!" - деп отырғызбайсың ғой сен.

- Айдын, әу, Айдын! Ертең туған күнің екенін өзің ұмытып қалған жоқсың ба?! Мен кішкене дайындық жасап алайыншы. Әуелі, мына жерді жинап алайын. Сайдын, папаға баршы! Жүгіріп папаға бар! Айдын, өзіңе шақыршы Сайдынды. (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Топас сол! Сайдын деген аттың біздің тілімізде не мән-мағынасы бар десе, түсінетін бе еді бұл? Бұған тек өзінің атына ұйқасып тұрса, болды, әйтеуір!

- Айдын, әу, Айдын! Осы Сайдынды қыздар айтады ғой: "Мә, папасынан аумай қалған-ау! Қалай ұқсап қалған, иә!" - деп. (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Саған ит ұқсасын. Саған көшедегі иттің ұқсап тұрғаны жақсы еді!

- Айдын, әу, Айдын! Ертең алдымен Қайдын мен Пайдын келіп құттықтайтын шығар? Сол екі қайным бауырмал осы! Жылдағы әдеттері ғой, құлқын сәріден келіп: "Ассалаумағалейкум, Айдын аға! Ассалаумағалейкум, Айдын аға!", "Туған күніңіз құтты болсын, Айдын аға!" - деп өздері кіріп құттықтап кететіндері. (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Құдай сақтасын, қалай қойған аттар десейші? Айдынын Айдын дейік, ал! Қайдын, Пайдын деген сөздердің бізше не мағынасы бар? Бұларға, әйтеуір, ұйқасы келе берсе, болды екен ғой.

- Айдын, әу, Айдын! Осы Қайдын үйленгісі келіп жүр-ау деймін? Негізі, үйленгісі келеді. Ашып айтпайды сөзін. Сонда да сеземін ғой. Жеңге емеспін бе енді. Бірақ біздің Қайдын қызға өте қатты қарайды ғой, қатты сынайды қыздарды. (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Соған кім тигелі жатыр осы? Өзіне қарап алсыншы, әуелі. Мен сияқты соры қайнаған біреу тиейін деп тұрған шығар?

- Айдын, әу, Айдын! Бірақ мен де Қайдынға айтамын ғой: "Дұрыстап қарап ал, жаным. Өмірде бір-ақ рет үйленесің. Қазір неше түрлі қыздар бар. Күйесін жаға алмай тұрған қыздар да бар", - деп айтып отырамын. Жеңге болғасын, жаным ашиды ғой енді. (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Қайдынның өзі күйесін жағып жібермесе десейші, әуелі. Қайдынды көрсе, қыздар қырық шақырымнан айналып қашып жүретін шығар?

- Айдын, әу, Айдын! Осы сен Пайдынның ән айтатынына назар аударасың ба? Біздің Пайдын әнді керемет айтады ғой! Даусы керемет бірақ! Қыздарға да айтып отырамын ғой, менің Пайдын деген әнші қайным бар деп. Қыздар да айтады, өзін бір тыңдап көретін екен, әр нәрсенің де бір сәті болады ғой деп. (Ұрғаны есіне түсіп кетіп). Осыларға өнер қайдан қонып жүр десейші? Өнер деген де қонбайтын жерге келіп қона береді екен ғой өзі. Мынаусының түрі болса, мынау.

- Сайдын! Папаңның мойнына мініп алшы! Папаның мойнына мініп ал! Теп сосын өкшеңмен. Өкпесінің тұсынан тепші. (Ішінен). Мә, өзім тепкендей рақаттанып қалдым ғой. Мына байғұс мәз соған, баласының тепкеніне. Менің не ойлап отырғанымды білмейді.

(Өзіне-өзі). Қой! Маған не болған осы?! Бір рет қолы тиіп кетті екен деп, сонша өкпелегенім несі? Мына байғұстың ойында ештеңе жоқ. Мәз болып отыр. Қой, одан да кешірімшіл болайын.

(Күйеуіне жайдары қалыпта қарап). Айдын, әу, Айдын! Алдымен жұрттың бәрінен бұрын туған күніңмен өзім құттықтап қояйыншы! Туған күніңмен, жаным! (Сүйеді).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?