Ғабиден Қожахмет | Өлең
- Қабырға газетіне өлең жазшы, - деді бірде бұған қыздар. - Бірінші мамыр мерекесіне арнап шығаруымыз керек.
Мектеп қабырғасында жүргенде де, осында келгелі де, өлең жазу дегенді былай қойғанда, қалам ұстай қояйыншы деген ой арман-мақсатында да болып көрмеген еді. Бұлардан бірінші курста шығарма жұмысын алғаны бар. Бар болғаны бір-ақ рет. Сол жолы өздерінен шығарма жұмысын алған ағайы:
- Сен осы әңгіме жазбайсың ба? - деді.
Бұл жазбайтындығын айтты.
- Шығарма жұмысыңа қарап отырып, әңгіме жазатын бала шығар деп ойлап едім.
Оқуын бітіріп мектепке мұғалім болып кеткен жылының екінші жылында мұның 1456 жылды негізге ала отырып, Қазақ хандығының 540 жылдығына арнап өзі қызығушылығымен жазған дәптеріне көпшілік те қызығушылық танытып, жұмыла жүріп мәдениет Үйінің сахнасына қойып шыққаны бар. Осы шарадан кейін екі ай өткенде, бірде мектеп директоры педсоветтің үстінде 8 наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шараның жұмыстарына байланысты үш адамның бірі ретінде бұған да жұмыс жүктеді. Педсовет 8 наурыз мерекесіне байланысты екі жұмысты бағдарлаған еді. Бірі - сахнада өтілетін "Қыз сыны" байқауы, екіншісі - нәзік жанды ұстаз апайлардың құрметіне арналған дастарқан мәзіріне орайластырылып өткізілетін мерекелік іс-шара. Бірақ өзіне тапсырылған осы екі іс-шараның да бағдарламасын бұл жазбайтын болды. Өзіне әу баста тапсырылған жұмысты жазбайтын болғаннан кейін, енді бұл 8 наурыз мерекесіне байланысты қайтсе де басқа бір дүние жазсам деген ойда болды. Сондағы діттеген ойы осы мерекеге орай өлең жазып көрсем деген ой еді. Параққа қазақ аруларының құрметіне арналып жазылған өлеңі түсті. Өткендегі дәптердегі дүниені осындай жұмыстарда тәжірибе жинап қалған мәдениет қызметкері болып істейтін жігіт: "Мынау сценарий ғой. Мұны сахнаға өзім дайындап шығарамын", - деп, әрі қарай көпшілік болып қаумаласып алып кеткен еді. Енді парақтағы дүниені мұғалима әріптесіне алып бармақ болды. Себебі бұл мұғалима әріптесі үнемі мектептегі іс-шараларға атсалысып жүретін, соларды тұрақты түрде жүргізетін және көркемдеп жатқа өлең оқитын ұстаз еді.
Әріптесі өлеңді оқып тұрды. Сонан соң: "Жақсы болды ғой, мен өзім ертең жүргізгелі тұрған "Қыз сыны" байқауының ортасында көркемсөз ретінде оқуға өлең іздегелі тұр едім. Енді мен мына өлеңді оқимын", - деді.
Ертеңіне әріптесі "Қыз сыны" байқауының ортасында мұның өлеңін өзінің өлең оқитын мәнерімен көркемдеп оқып тұрды. Көп ұзамай өлеңі аудандық газеттің бетінде жарық көрді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?