Сая МОЛДАЙЫП | Бір күй бар
Өре!
Бұл - архаизмге (көнерген) айналып бара жатқан сөз бе деп қалам. Өренің лексикалық бір мағынасы – құрт-ірімшік жаятын зат та, екіншісі адамның ақыл-ой деңгейі, яғни адамды адам ететін ингредиент. Деңгей, өре дегеннің мағынасы кең, жауабы көп. Өре – дүниетаным, пайым-парасатың, жаңағы айтқан ақыл-ойың. Осы өрені көтеріп отырмаса, адам шіркіннің төмендей берері хақ.
Өрені көтеретін, әлбетте, кітап, өнердің сан алуан түрі (театр, көркемөнер, музыка, қолөнері, т.с.с), кәсіби ісің, ақпараттың алуан түрі, т.б. Осы ретте қазіргі замандастардың өресі қай деңгейде, жалпы өремізді көтеруге қызмет ететіндердің өздерінің өресі қай деңгейде деген сауал туындайды.
Бір сөз бар: «Кітапты өртеуден де жаман қиянат – оны оқымау» деген.
Енді осыны өзімізден сұрап көрейік, біз әдеби кітап оқып жүрміз бе?
Бұл тұрғыда өреңіз қалай?
«Поэзия! Менімен егіз бе едің?» деп жазған Мұқағали. Ол – ақын.
Өлеңмен бір туған. Өшпейтін дүние қалдырып кетті.
Сіз осы Мұқағалиды оқисыз ба?
Адам жанын сәулеттендіретін поэзиямен қалайсыз?
Музыка! О, бұл жайлы айтар әңгіме таңды таңға ұрсаңыз да таусылмайды. Бірақ, біздің өреміз тойшыл әндерді тыңдап, қызықтаудан аса алмай қалды ма екен деп ойлаймын. «Қызыл өрік» (әлде бөрік), ана жақта жоқ-жоқ, мына жақта жоқ-жоқ, қайдасың сен... секілді әндермен қазіргі ұрпақ «қанаттанып» келеді.
Осындай әнсымақтар тыңдаушының өресін қай деңгейге көтерер екен?
Театр ше?
Сахнадағы бүгінгі қойылымдар өрені көтеруге жарап тұр ма?
Ой сала ма?
Әлде кешегі, бүгінгі күнкөріс, тұрмысты «жырлаған» дүние ме?
Театрға барып тұрасыз ба?
Не ойладыңыз?
Не түйдіңіз?
Жалпы, кез келген өнер туындысы адамға ой салып, ой салуы былай тұрсын, өресін, деңгейін көтеруі тиіс деген ойдамын. Ол тіпті археология, фольклор, көне дүние яки жаңалықты өнер болсын, көріп, тамашалаушының өресін биіктету керек. Қазір күрделі дүние (кино, музыка, спектакль, көркемөнер) – жанрдан гөрі тез ұғып, тез қабылданатын (сосын тез ұмытылатын) көбік сериалдар мен жеңіл-желпі ән-әуендерге деген ықылас басым түсіп бара жатқандай.
Классикалық туынды, музыка, спектакль, әйгілі қаламгерлердің қалың-қалың томдарынан гөрі жеңіл оқылатын, езу тартқызатын дүниелер әлдеқайда тартымды көрінеді. Қызыл-жасыл жылтырақ, жеңілтек әуен салтанат құрып тұр. Кешеден бізге дәулескер күйшілердің, әншілер, бишілердің, әйгілі суретшілердің мұралары қалды.
Бүгін соларды зерттеп, үйреніп, орындап, жазып... күнелтіп келеміз.
Ертеңгі, арғы күнгі буынға бүгінгі бізден не қалар екен?
«Қызыл өрік» (әлде бөрік) пе?
Ана жақта жоқ-жоқ, мына жақта жоқ-жоқ дегендер ме?
«Жатқан – адаспайды, жүрмеген құламайды». Бір жерден осыны оқып едім. Жақсыны іздеу керек. Адассақ та, қателессек те, құласақ та, дауға іліксек те. Мол мұрамыз болуы тиіс.
Бүгінгі күннен! Ертеңге!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?