Антон Чехов | Ұйқының мең зеңі
Округтік соттың залында сот мәжілісі болып жатыр. Айыпкерлер отыратын жерде ақша жегені және жалғандық жасағаны үшін айыпталған шаршаған кескінді, орта жастағы біреу отыр. Төсі қабысып қалған ап-арық хатшы сылбыр жіңішке дауыспен айыптау актісін оқып тұр. Ол нүкте, үтір дегендеріңді білмейді, бір сарынмен оқып құрғандықтан даусы араның ызыңы немесе бұлақтың сылдыры сияқты естіледі. Мұндай дауыс тыңдаған адамды қиялға шомдырады, өткен күндерін есіне түсіреді немесе ұйықтатады... Соттар, присяжныйлар мен сотқа жиналған халық іштері пысып, бұртиып отыр... Зал іші тым-тырыс. Анда-санда сот дәлізінен біреулердің саспай аттаған дабыры құлаққа шалынады немесе есінеп отырған присяжный ақырын ғана жұдырығына жөтеліп қояды...
Бұйра шашты қорғаушы жағын таянып, жайбарақат қалғып отыр. Хатшының ызыңының әсерімен оның ой жүйесі ыдырап, бет-бетімен кетті.
"Мына сот приставының мұрыны не деген ұзын өзі, - деп ойлады ол жұмылып бара жатқан көзін әрең ашып. - Ақылы жүзінен көрініп тұрған осындай адамның ажарын табиғат неге бұзды екен! Егер адамдардың мұрындары ұзындау, мысалы, екі-үш сажындай болса, онда жұрт сыйыса алмас еді-ау, үйлерді кеңірек етіп салуға тура келер еді-ау...".
Қорғаушы, бөгелек шаққан жылқыдай, басын бір шұлғып тастап, ойын жалғастыра түсті.
"Үйде не болып жатыр екен? Бұл мезгілде әйелім де, енем де, балалар да үйде болушы еді... Балалар Колька мен Зинка, қазір менің кабинетімде шығар - ау... Колька креслода түрегеліп тұрып, төсін үстелдің ернеуіне тіреп, менің қағаздарыма сурет салып жатқан болар. Міне, ол сүйір тұмсық аттың суретін салды, көздің орнына нүкте қойды, қолын созып тұрған адам суретін, қисайған үй суретін салды; Зинка да сол жерде, ағасының салған суретін көргісі келіп мойнын созып тұр...
— Папамның суретін салшы! — дейді ол.
Әне Колька менің суретімді салуға кірісті. Адам суретін салып қойған, соған қара сақал жасаса болғаны - суретім дайын болады да қояды. Одан кейін Колька заңдар жинағынан сурет іздеуге кіріседі, ал Зина үстел үстіндегі заттарға емін-еркін тиісе бастайды. Көзіне қоңырау түссе - оны, әлбетте, шылдырлату керек; сиясауыт көрінсе - оған бармағын батырып алу керек, ал үстелдің суырмасы бекітулі болмаса - оның да ішін ақтарып көру керек. Аяғында екеуіне де, өздерін үндістерміз деген, ал үстелдің асты тасалануға ең бір қолайлы орын деген ой келеді. Содан кейін үстелдің астына кіріп алып үстелдегі шам немесе ваза құлап түскенге дейін шыңғыра шуласып, азан-қазан болады да жатады... Оһ!.. Ал осы мезгілде шешелері қонақ бөлмеде маң-маң басып, үшінші баласын көтеріп жүрген шығар... Онысы жылайды, жылайды келіп... дамыл таппай жылайды!"
"Копеловтің, Ачкасовтың, Зимаковскийдің және Чикинаның банкідегі шоттары бойынша пайыздары берілмеген, - дейді хатшының ызыңы, - ал 1425 сом 41 тиын 1883 жылдың қалдығына қосылып жазылған..." "Бәлкім, үйдегілер түскі тамақтарын ішіп жатқан да болар - ау! - дегенге жетті енді қорғаушының ойы. – Үстел басында енем, әйелім Надя, балдызым Вася, балалар отырған шығар... Енем, әдетінше, топас жүзі осы үйдің бар шаруасын ойлағансып, менменсіп отырады. Надя арық, аздап жүдейін деген, бірақ әлі де бетінің өңі аппақ, жұп - жұқа, үстел басына біреу зорлап әкеліп отырғызғандай ренжулі; ешнәрсе жемейді, ауырып отырған адам сияқты. Шешесіндей, бұл да бірдеңенің жайын ойлап отырғандай. Әйтпегенде ше! Балалар да, ас үй де, ерінің көйлек-көншегі де, қонақтар да, ішікке түскен күйе де, пианино тарту да - бәрі де соның мойнында! Міндеті сонша көп болар ма, жұмысы сонша аз болар ма! Надя да, шешесі де түк істемейді. Ал енді екеуі еріккеннен гүлге су құйса немесе ас пісіруші әйелмен ұрсыса қалса, онда екі күнге дейін шаршап, ыңырси ыңылдап: тозақ қой бұл деседі... Әйелімнің інісі Вася тыныш қана тамағын жеп, тұнжырап үндемей отыр, өйткені ол бүгін латын тілінен бірлік баға алып қайтқан. Өзі жуас, тіл алғыш, жақсы бала, ал енді етік, шалбар, кітап дегендеріңді шыдатпайды, бір бәле... Кішкене балалар тым ерке. Не бұрыш әпер дейді, не бір біріне шағынады, әлсін-әлі қасықтарын түсіріп алады. Тіпті, солары ойыңа түсіп кеткенде бар ғой, басың айналып қоя береді! Әйелім мен енем өздерін өте сыпайы ұстайды... Үстел үстіне шынтағын қою, пышақ алғанда уыстап ұстау, тамақты пышақпен жеу, асты адамның сол жағынан әкелмей, оң жағынан әкеліп беру дегендерің оларда, құдай сақтасын, болмайды. Тамақ біткеннің бәрінен, тіпті бұршақ қосқан ветчинадан да, пудра мен мәмпәси иісі шығып тұрады. Тамақтарының бәрі де дәмсіз, тым шырын татиды, аз болады... бойдақ кезімде жеп үйреніп қалған жақсы щи мен ботқа дегендерді, тіпті,
көрмейсің. Енем мен әйелім ылғи французша сөйлеседі, ал мен туралы сөз болғанда, енем орысша сөйлей бастайды, өйткені мен сияқты көні қалың, мейірімсіз, ұяты жоқ, дөрекі адам жайында әсем француз тілінде сөйлеу, оның ойынша, тіпті лайықсыз...
— Мишель байғұс ашығып қалған шығар-ау, — дейді әйелім. — Азанда нансыз бір стақан ғана шай ішіп, сотқа асығып кетіп қалып еді...
— Уайымдамай-ақ қой, шырағым! — дейді оған енем, кекете сөйлеп. Ондай адам ашығушы ма еді! Ендігі бес барып шыққан шығар - ау. Сотта өздеріне буфет ашыпты ғой, бес минут өткен сайын олар председательге үзіліс жасауға болмас па екен деп өтініш жасайтын көрінеді.
Түскі астан кейін енем мен әйелім шығынды азайту жайын ойластыра бастайды... Ауызша есептеп, жазып есептеп, аяғында ақшаны тым көп жұмсаймыз дегенге келіп тоқтайды. Содан ас пісіруші әйелді шақырып алып, онымен бірге отырып есептейді, оны кінәлайды, бес тиынға бола ұрыс-керіс шығып кетеді... Жылайды, бірін-бірі тілдейді... Одан кейін үй ішін жинастыруға кіріседі, жиһаздарды ығыстырады,- осының бәрі де істейтін іс жоқтығының әлегі".
"Коллеждік асессор Черепков, - деп ызыңдайды хатшы, - өзінің жауабында оған 811 нөмірлі квитанция жіберілгенін, бірақ 46 сом 2 тиынды алмағанын және мұны сол кезде мәлімдегенін айтады...".
"Осындай жағдайлардың бәрін ойлап, ақылға салып, салмақтай келгенде, - дейді қорғаушы өз қиялына бойлап, - бәріне қолды бір-ақ сілтеп, құрып кетсінші дейсің... Ұзақ күнге осы жалықтыратын былықтың ішінде қалжырап, есін танып, басың айналып шыққан соң амалсыздан жаныңды ең болмаса бір минут рақатқа бөлегің келеді. Сонсоң Наташаға кетесің немесе ақшаң бола қалса, сығандарға барасың да, әлгінің бәрін ұмытасың... адал шыным, бәрін де ұмытасың! Сайтаннан басқа ешкім таба алмайтын, қаланың ту сыртында, жеке кабинетте, софа үстінде шалқайып жатасың, азиаттар ән салады, билейді, шуласады, сол кезде әлгі тартымды, ызғарлы, құтырынған сыған қызы Глашаның даусы бүкіл іші-бауырыңды елжіретіп алып бара жатқанын сезінесің... Ой, Глаша-ай! Сүйкімді, әсем, сұлу Глаша-ай! Тістері қандай әдемі, көзі...
Хатшы баяғы бір қалыппен әлі ызыңдап тұр... Қорғаушының көз алдындағылардың бәрі сағымданып, тербеле бастады. Соттар мен присяжныйлар ғайып болды, залдағы жұрт бұлдырап қана көрінеді, үйдің төбесі біресе төмен түсіп, біресе жоғары көтеріліп тұр... Қорғаушының ойы да сағымданып барып үзіліп қалды... Надя, енесі, сот приставының қоңқиған мұрыны, айыпкер, Глаша, - бәрі де бұлдырап, шыркөбелек айналып, әлдеқайда алыстап барады, алыстап барады...
— Жақсы-ақ... — дейді қорғаушы ұйықтап бара жатып сыбырлап. — Өте жақсы... Софаның үстінде жатасың, төңірегің сондай жайлы... жылы... Глаша ән салады....
— Қорғаушы мырза, — деді бір ащы дауыс.
"Өте жақсы.... жылы... Енең де жоқ, әйелің де жоқ... пудра иісі аңқып тұрған сорпа да жоқ... сүйкімді, әсем Глаша....".
— Қорғаушы мырза!- деген әлгі ащы дауыс қайта шықты. Қорғаушы селк етіп, көзін ашып алды. Тап қарсы алдында сыған қызы Глашаның мөлдір қара көзі ұшқын атып, шырын еріндерінде күлкі ойнап, қоңырқай сұлу жүзі жымиып күліп тұр. Ұйқысын аша алмай, есін жыя алмай отырған қорғаушы мұның не түс, не елес екенін ұға алмай, жаймен орнынан көтеріліп, сыған қызына аузын ашып қарап қалды.
Сол кезде председатель:
— Қорғаушы мырза, куә әйелге беретін сұрақтарыңыз жоқ па? — деді.
— Айтқандай... иә! Бұл куә екен-ау әлі!... Жо... жоқ... сұрағым жоқ. Ешқандай сұрағым жоқ.
Қорғаушы басын бір сілкіп тастап, енді ғана ұйқысын ашты. Шынында да, алдында тұрған Глаша екені, оның мұнда куә ретінде шақырылғаны енді ғана есіне түсті.
— Айтқандай, кешірерсіз, кейбір сұрап алатын мәселелерім бар екен, - деді ол даусын көтере. Содан кейін Глашаға бұрылып. — Сіз Кузьмичевтің сығандар хорында істейсіз ғой, мынаны айтыңызшы, осы отырған айыпкер сіздің мейрамханаға жиі барып ішуші ме еді? Хош - ш... Ал мынадай бір жағдай есіңізде жоқ па: өз шығынын ылғи өзі төлеуші ме еді, әлде кейде бұл үшін басқа біреулер де төлеуші ме еді? Рақмет сізге... жетті.
Осыдан соң ол екі стақан су ішіп алғаннан кейін ұйқының мең-зеңінен мүлде айығып кетті.
Аударған Ғ. Ахмедов

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?