Баубек Бұлқышев | Тыңда Кавказ
Кавказ, сен менің алдымда тұрсың. Сенің асқар шының көз алдымнан кетпейді. Мен сені окопта жатып көріп отырмын. Жүрегіңнің қалай соққаны маған естіліп тұр. Сенің басыңа қауіп төнгенін, сенің жауға зығырданың қайнағанын сеземін мен.
Кавказ, немістер саған қарай ентелеуде. Парнасқа да оқ, атқан олар, сенін шыңына да оқ атқысы келеді. Немістер Гомердің ұрпақтарын атып-асып, тірі қалғандарын аштан қыруда, олар неміс айуандарынан қорлық керуде. Элладаның атам замандағы тасы гректің жас қыздарының көзінен аққан жасына боялды. Грек қыздарын фашистер. күң етті. Тыңдаңыздаршы, грузин, армян, азербайжан, осетин, қыздары, ардақты апа-қарындастарым! Егер Кавказға өте қалса, сіздердің бастарыңызға да сол түнекті орнатпақшы ол сұмдар.
Тыңдаңыздар, Шығыс пен Кавказдың ұлдары, менің бауырларым! Отанымыздың қасиетті асқар белі — Қазбек пен Эльбрустың алтын шынын қайтып қана неміс оғына талқандатқызарсың? Бостандық, сүйгіш, көп ұлтты, тәкаппар Кавказды қайтып қана фашистердің құлдық ойнағы етерсің?
Кавказ! Шота Руставелидің туған жері, Пушкин мен Лермонтов жанындай сүйген жер, Совет Одағының мақтаны, сеңі қалайша сүймессің, қалайша сені мақтаныш етпессің? Мен қазақпын, мен сенен алыс жерде туып-өскем, бірақ сен үшін елуге де, сені қорғап қалуға да бармын, енді біздің ұран осылай болуға тиіс, достарым!
Біз қашанда Кавказды сүйгенбіз. Оның ішіндегі сән-салтанатты республикаларға насихат етуді сүйген жанбыз.
Менің достарым, жерлестерім, қымбатты қазақ жігіттері! Біз сіздермен тізе қосып майданда, Белоруссияда, Москвада, Ленинград маңында жауға қарсы соғыстық. Біз бұл ұрыстарда жаман атақ, алғамыз жоқ, жаман соғысқанымыз жоқ. Жолдастарымыз: украиндар, белорустар, орыстар бізге жақсы баға берді. Қазір Кавказ тағдыры шешілетін кезде де, біз мынаны есте тұтуымыз керек: мұнда біздің әрқайсымыз ерекше табанды болуға тиіспіз.
Харьков маңында соғысып жүрген қазақ жігіттері жаудан құтқарылған Украина жерін құшып сүйгенін газеттен оқығаным бар. Біз бұл хабарды бір украин жігітімен отырып оқыдық. Онымен құшақтасып тұрып сүйістік, жыластық та. Біз — ат жалын тартып мінген адамбыз, біз — жауынгерміз. Жау қаншама қорлық көрсетсе де бізді жылата алмас еді. Бірақ бұл жерде жыладық — біздің халықтардың достығының соншама күшті екеніне сүйсініп жыладық. Сонда қанша тар жолғы тайғақ кешу кездессе де жауды жеңіп шыққанша күресуге, жауды жеңіп шығуға ант еттік.
Міне, қазір жаңа кезең, ауыр сын үстіндеміз. Оңтүстіктен келіп жатқан хабарларды біз күн сайын жауға зығырданымыз қайнап оқимыз. Сонда өзімізге берген сертіміз мынау: қайда жүрсең де, қай майданда болсаң да сен немісті атуға тиіссің, немісті қыруға тиіссін, немісті жоюға тиіссің. Біздің Оңтүстікті, біздің Кавказды қорғап жатқандарға бұл сенің көмегің болады.
Біз ауыр ұрыс жүргізудеміз. Біз жаралы жермен жүріп келеміз. Бірақ бұл жаралы жер саптан шыққан жоқ, ол өзінің халқына қызмет ете береді. Бүл соғыста ол не көрмеді дейсің! Бірақ мен жүрген жолдарымның бәрінде де мойымаған жерді керем: жау оғынан бұтағы сынған сонау ағаш, сонда да ол қайта бүрленді, неміс бомбасынан ойылған сонау ойпаң — ол да суға толды. Біз оған жуынып жүрміз. .
Шіркін, қайыспас мықты, мейірімді, жомарт, туған жер, біздің ана! Біз сенін үстіңде тудық, сенің үстіңде өстік, сенін үстіңде өлсек те арман жоқ. Туған жер, егер біз сен үшін өліп кетсек, қамықпа, қайғыланба, кайта өзіңнің адал ұлдарыңмен, солардың батырлығымен мақтан:
Ұшқары ойламау керек. «Қалаларымызды қиратқанмен де өздері сау қалған жоқ. Мыңдаған солдаттарынан, жүздеген танктері мен самолеттерінен айрылды ғой», — деп жұбанатын адам — ойсыз адам. Енді олай деуге болмайды, олай ойлауға болмайды. Енді фрицтің өміріне бір метр де жер бермеуіміз керек... Біз оларды тегіс қыруымыз керек, біздің кесім осы болсын.
Немістерді Кавказға қоя беруге біздің хақымыз жоқ. Оны тарих кешпес те еді. Мен Шығысты жақсы білемін. Ғ.л аузында өлең-жыр болған меймандос, алтын Шығыс жауға қаһарлы да, рақымсыз да бола біледі. Шығыста күн күледі. Батыста жылайды. Бірақ Шығыстан көтерілген күн қатулана да біледі. Мен езім Шығыс ұлымын, Кавказ ұлдары менің бауырым, сырласым. Қазір орыс, грузин Кавказдың тағдыры үшін қан төгіс ұрыста жүр.
Ленин жастары советтің әрбір сүйем жері ұшы қандай табандылықпен күрескенін болашақ ұрпақ білер болсын, шырқат, Кавказ, таудың ерлік маршын! Біз сені қорғаймыз, Қызыл Армия жауынгерлеріне ұрпақтарымыз риза болып мақтанарлықтай етіп қорғаймыз. Осы ерлік жыр мәңгі жырлана берсін, болашақтың жас адамдары Кавказға саяхатқа келгенде, оның алдынан сүр шинельді батырдың — Кавказды ерлікпен қорғаған жауынгерлердің тұлғасы тұратын болсын!
Батыс майдан, 1942, июль.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?